Оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін тәрбиелеу- патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы



Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман,
қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу. білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана. қабілетінде, түсінік. талғамында, мінез. құлқында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан.
жақты өнегелі тәрбие беру. қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің
қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. «Отан. от басынан басталады» дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі. Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт. дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат
болып қалыптасуын қамтамасыз ету. бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады.
Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ . ұлттық сана. сезімі оянған,
адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар. ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.
Осы мақсатты іске асыруда «Қазақстан Республикасындағы білім беру
мекемелерінің 2006 .2011жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006. 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» және Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006. 2011 жылдарға арналған «Тәрбие» кешенді аймақтық бағдарламасын басшылыққа аламыз. Бұл бағдар.ламаларда саналы таңдау жасайтын және Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне, жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен көрінетін азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілік негізге ие, солай бола тұра өзгермелі жағдайларға

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы:
ОҚУШЫЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРГЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ СЕЗІМІН ТӘРБИЕЛЕУ-
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ БАСТАПҚЫ ҚАДАМЫ.

Сейтенова Анар Газизовна.
Қаратерек жалпы орта білім беретін
мектептің математика пәнінің мұғалімі
www.yandex.ru

Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік ұстайды. Сондықтан қай заман,
қай қоғамда болсын адамзат баласы жас ұрпақ тәрбиесіне зор мән берген.
Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу- білім
және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да
тәрбиелі ұрпаққа байланысты. Толық жетіліп қалыптасқан ұлттың сана-
қабілетінде, түсінік- талғамында, мінез- құлқында, өзіне тән ерекшелік
менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген.
Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына
жан-
жақты өнегелі тәрбие беру- қоғамымыздың алға қойып отырған басты
мақсаттарының бірі.
Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің
қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді.
Отан- от басынан басталады дейді халық даналығы. Демек, бала тәрбиесі-
Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз
халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре
отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі.
Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат

болып қалыптасуын қамтамасыз ету- бүгінгі таңда ең басты мақсат болып
табылады.

Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ - ұлттық сана- сезімі оянған,
адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті,
парасатты, ар- ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз
елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс.
Осы мақсатты іске асыруда Қазақстан Республикасындағы білім беру
мекемелерінің 2006 –2011жылдарға арналған тәрбие жұмысының кешенді
бағдарламасы, Қазақстан Республикасының азаматтарына патриоттық тәрбие
берудің 2006- 2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы және
Павлодар облысының білім беру ұйымдарында 2006- 2011 жылдарға арналған
Тәрбие кешенді аймақтық бағдарламасын басшылыққа аламыз. Бұл бағдар-
ламаларда саналы таңдау жасайтын және Отан, қоғам, өз отбасы игілігіне,
жеке басына бағытталған дербес шешім қабылдай алу қабілетінен көрінетін
азаматты тәрбиелеуді, берік адамгершілік негізге ие, солай бола тұра
өзгермелі жағдайларға бейімделуге қабілетті және жаңа идеяларға зерек,
үнемі жетіліп отыратын тұлғаны қалыптастыруды көздейді.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі,
өнегелі тәрбие беру- қазіргі міндеттердің бірі. Имандылық, ізгілік, адамгер-
шілік, елжандылық және де толып жатқан кісілік қасиеттер мектеп
қабырғасында қалыптасады.
Мектептегі өскелең ұрпақтар- болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің
көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын
дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай,
интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар,
тәуелсіздігіміздің тірегі- білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты
мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтары-
мыздың көп болуы әбден керек- ақ... Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан- 2030 Жолдауынның Қазақстан мұраты деп аталатын бөлімінде:
... біздің балаларымыз бен немерелеріміз бабаларының игі дәстүрін сақтай
отырып қазіргі заманғы нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр
болады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі
сыйлы өз елінің патриоттары болады деп үміт артып отыр 5. 176 б.

Отан- бұл сөз адамның ең қымбатты, терең және күшті сезімін білдіреді.
Отанға деген сүйіспеншілік, Отан үшін барлық қиындыққа дайын болу, қоғамның
дамуын да рухтандыратын қайнар бұлақ. Патриотизм- ғасырлар бойы
жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот
болу мүмкін емес. Біздің ата- бабаларымыз Отанын сондай сүйіп, оны барлық
жаулардан қорғап, бүгінгі ұрпаққа сый ретінде ұсынды десек болардай.
Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде
өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен өзі не
болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ
мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның,
отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі
қоғамдық ой- пікірлердің әсер етуімен қалыптасады.
Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты- Қазақстан Республикасының
жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын: Әнұранын, Туын,
Елтаңбасын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері. Еліміздің
Конституциясын бұлжытпай орындау, мемлекеттік нышандарға құрметпен қарап
орындау, құқықтық- саяси және этикалық әдет- ғұрып мәдениетін тәрбие беруді
оқушы бойына сіңіруді қалыптастырады.
Мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің негізгі міндеттері
төмендегілер болуы тиіс:
- Қазақстан Республикасының Коституциясын, мемлекеттік рәміздерін
(Елтаңба, Әнұран, Туы) құрметтеуге тәрбиелеу;
- Жас ұрпақты қазақстандық патриотизм мен интернационализм рухында
тәрбиелеу;
- Адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке тәрбиелеу, туған жерге, Отанға
деген сүйіспеншілік пен халықтар достығын құрметтеуге тәрбиелеу
- Оқушылар бойында мінез- құлықтың белгілі бір сипаттарын қалыптастыру
және олардың өздерінің де бір біріне, отбасына, басқа адамдарға,
мемлекетке, Отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен
ережелерін дарыту.
- Мемлекетіміздің ұлттық тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін білу;
- Өз өлкесінің мәдени құндылықтарын, тарихын, оның дамуына үлес қосқан
адамдардың өмірі мен қызметін білу;
- Мектепте өз өлкесінің (облыс, аудан, ауыл , мектеп) тарихын насихатау
мақсатында мұражай жұмыстарын жандандыру.
- Оқушылар арасында мемлекет пен заңдарға зор құрметпен қарау сезімдерін
қалыптастыру;
- Мемлекет пен құқық жайлы білімдерді меңгерту.
- Құқық білімінің алғашқы негіздеріне сай мектеп Жарғысына, оқушылардың
мінез –құлық ережелерін енгізу;
- Құқықтық жаппай оқуды оқу – тәрбие үрдісіне енгізу;
- Оқушылардың мінез- құлықтарымен жүріс – тұрыстарын заң талабына сай
қалыптастырып, адамгершілікті әдет – ғұрыпқа тәрбиелеу
- Азаматтық белсенділігін қалыптастырып, заңды және тәртіпті бұзушылыққа
қарсы күресу.
- Оқушылардың өзін- өзі тәрбилеуіне басшылық жасау .
Әр мектепте оқушыларға азаматтық және әлеуметтік жауапкершілікті
арттыраттыратын, патриоттық тәрбие беретін іс- шаралар жоспарлы түрде болуы
тиіс Слайд 1.
Сонымен қатар оқушылармен тәуелсіз еліміздің жаңа Конституциясы мен
мемлекеттік нышандарын оқыту кезеңдерінде адамдардың құқықтарға заңды түрде
баянды ету, өз елінің толыққанды азаматы азаматы екендігін, олардың алған
құқықтық білімдерін қолдану тұрақты өмірлік принциппен идеялық- сенім
бағытында тәрбиелеу- мектеп мұғалімдерінің басты міндеті.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің бастапқы қадамы- ол
оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрмет сезімін ояту болып
табылады. Әр елдің тәуелсіз ел, мемлекет екенін білдіретін ең басты үш
белгісі бар. Олар: Елтаңба, Туы және Әнұраны. Өз еліне ғана тән мұндай
белгілері жоқ мемлекет дербес, тәуелсіз бола алмайды. Осы мемлекеттік
белгілер Қазақстан Республикасы тәуелсіз деп жарияланысымен көп ұзамай 1992
жылы қабылданды. Мемлекеттік белгілерде Республикамыздағы ел- жұрттың,
алдымен тұрғын халықтың төл тарихының ұшқындары мен мемлекеттің, барлық
халықтың мүддесіне сай келетін бейбітшілікке деген ұмтылысы бейнеленген.
Сонымен қатар әлемдік өркениетке қол созған ақ пейіліміз аңғарылған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасының негізі-
шаңырақ. Шаңырақ- мемлекеттің түп- негізі- отбасының бейнесі. Шаңырақ- Күн
шеңбері. Айналған Күн шеңберінің қозғалыстағы суреті тәріздес. Шаңырақ-
киіз үйдің күмбезі көшпелі түркілер үшін үйдің, ошақтың, отбасының бейнесі.
Тұлпар- дала дүлділі, ер- азаматтың сәйгүлігі, желдей ескен жүйрік аты,
жеңіске деген жасымас жігердің, қажымас қайраттың, мұқалмас қажырдың,
тәуелсіздікке, бостандыққа ұмтылған құлшыныстың бейнесі. Қанатты тұлпар-
қазақ поэзиясында кең тараған бейне. Ол ұшқыр арманның, самғаған таңғажайып
жасампаздық қиялдың, талмас талаптың, асыл мұраттың, жақсылыққа
құштарлықтың кейпі. Қанатты тұлпар Уақыт пен Кеңістікті біріктіреді. Ол-
өлмес өмірдің бейнесі. Бір шаңырақтың астында тату- тәтті өмір сүретін
Қазақстан халқының өсіп- өркендеуін, раухани байлығын, сан сырлы, алуан
қырлы бет- бейнесін паш етеді. Бес бұрыш жұлдыз елтаңбаның тәжі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Патриоттық тәрбиенің маңызы
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері туралы ақпарат
Бастауыш сынып оқушыларын патриоттыққа тәрбиелеудің ерекшелектері
Қазақстандық патриотизмнің қалыптасу тарихы мен даму жолдары
Балалардың мемлекеттік символдарға когнитивтік қатынасын тәрбиелеу
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Әдебиеттік оқу сабағында ұлтжандылық сезімін қалыптасыру
Патриотизм - санаға біртіндеп қалыптасатын, тынымсыз тәрбиенің нәтижесінде орнығатын ұлы сезім
Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін қалыптастыру мәселелері
Пәндер