Салық және оның мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы рөлі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.Тарау.Салық және оның мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастырудағы рөлі
1.1 Салық салудың дамуы мен корпоративтік табыс салығының мәні ... ...6
1.2 Салықтардың түрлері,қызметтері және негізгі принциптері ... ... ... ... ..15
1.3 Корпоративтік табысына салық салу ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2.Тарау.Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің салық түсімдері есебінен
қалыптасуын талдау
2.1 Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджетіндегі 2004.2006 жылдардағы салықтар түсімдерінің динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 ЖШС Ақсу.дың ұйымдастыру.экономикалық мінездемесі ... ... ... ... ..39
2.3 ЖШС Ақсу.дың корпоративтік табыс салығын есептеу, төлеу мерзімі және төлеу тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

3.Тарау.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 ЖШС Ақсу.дың корпоративтік табыс салық салуды жетілдіру ... ... ...49
3.2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру ... ... ... ... ... .55

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1-Тарау.Салық және оның мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін
қалыптастырудағы рөлі
1.1 Салық салудың дамуы мен корпоративтік табыс салығының мәні ... ...6
1.2 Салықтардың түрлері,қызметтері және негізгі
принциптері ... ... ... ... ..15
1.3 Корпоративтік табысына салық салу
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 23

2-Тарау.Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің салық түсімдері есебінен
қалыптасуын талдау
2.1 Қазақстан Республиканың мемлекеттік бюджетіндегі 2004-2006 жылдардағы
салықтар түсімдерінің динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ...28
2.2 ЖШС Ақсу-дың ұйымдастыру-экономикалық мінездемесі ... ... ... ... ..39
2.3 ЖШС Ақсу-дың корпоративтік табыс салығын есептеу, төлеу мерзімі және
төлеу
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .44

3-Тарау.Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін жетілдіру жолдары
3.1 ЖШС Ақсу-дың корпоративтік табыс салық салуды жетілдіру ... ... ...49
3.2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... .55

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізім

КІРІСПЕ

Салықтар кез-келген елдерде мемлекеттің қоғамдық-экономикалық құрылысы
мен саяси іс-бағытына қарамстан ұлттық мемлекеттік кірістердің негізгі көзі
болып табылады.Барлық елдерде мемлекеттік шығындар мен салық салу
мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді.Нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерде
салықтар мемлекеттік және муниципалдық табыстарды басты рол атқарады,
экономиканы бақарудың күшті негізгі құралы болып табылады.Әсіресе олар
ғылыми-техникалық пргрессті жеделдетуге, антиинфляциялық және құрылымдық
саясатты жүзеге асыруда белсенді кызмет атқарады.Сондықтан мемлекет алдында
салық механизімін жетілдіру өте қажетті мәселеге айналған.
Салықтар өз қызметін жүзеге асыруда мемлекет экономикасына өз ықпалын
тигізеді,яғни салықтық реттеу механизмы жүзеге асырылады.Салықтық реттеудің
ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету болып табылады.
Салықтық реттеудің механизмдері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана
қоймайды.Сонымен қатар ақша және баға саясаты,шетелдік инвесторларға
ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге
асырады.Макродеңгейде салықтық реттеу экономиканы реттеу болып табылса, ал
микро деңгейде шаруашылық қызметті реттеу құралы болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бүкіл дамыған мемлекеттердегі салықтық
реттеу – несие-қаржылық реттеумен бірігіп отырып нарықтық экономиканы
жүргізудің аса тиімді формасы болып табылады.Ол нарықтық қатынастардың
қалыптасуы арқылы мемлекеттік экономикаға тигізетін әсерін реттеп отырады.
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық
процестерге белсенді түрде қатысады.Салықтар есебінен жиналған ақшалай
қаржылар мемлекетке әлеуметтік саясат жүргізуге мүмкіндік береді, соның
ішінде өзінің өмір сүру деңгейін минимальды деңгейде қамтамсыз ете алатын
халық топтарына материалдық көмек көрсету мүмкіндігін туғызады.
Кез келген мемлекет өзінің қаржылық базасы болғанда ғана өмір сүре
алады ,басқаша айтқанда, өзінің аппаратын ұстауға және өзінің функцияларын
орындау процесінде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда
ғана өмір сүреді.
Салық жүйесі – экономиканы рефрмалаудағы маңызды мәселе. Ол
Қазақстанның экономикалық жағдайының құрамдас бөлігі. Қазіргі кезде
салықтар қоғамның алдында тұрған маңызды мәселелерді шешуге бағытталған
реформаның кешкнді жүйесінің бөлігі болып табылады.
Салық саясатының негізін құруда, оның мәні көптеген факторлар мен
жағдайларда есепке алып отыруды қажет етіледі.
- салық саясаты республикалық және жергілікті бюджеттің кіріс
бөлігінің толық түсуін қамтамасыз етуі керек.
- Аудару ставкасы минималды болуы қажет, өйткені ол экономиканың
дамуын ынталандырады, салық салу механизмі максималды және
қарапайым болуы қажет; салықтарды төлеу үшін психологиялық қалау
болу керек.
Салық жүйесінің кемшіліктеріне салық заңдарын қабылдау алдында назар
аудару қажет. Бұл көп мөлшердегі субъектілердің жалпы сомасының кірісі
салық төлемдерін бюджетке төлеуге мәжбүрлі болып отыр. Ең көп тартымды
бөлігі коммерциялық салалар болып отыр, өйткені мұнда қаржы айналымының
жылдамдықпен қамтамасыз ету мумкіншілігі көп. Бірақ бұл жерде тұрақсыз
қаржы – несие жағдайында салықтар, бонкротқа ұшырау мүмкіншіліктерін
жоғарылатады, кәсіпорындағы көлеңкелі экономикаға итермелейді. Осылайша
салық жүйесі көлеңкелі операциялардың өсуінің негізі болып табылады.
Нәтижесінде жоспарланған бюджет түсімдері уақтылы және толық жиналмайды. Әр
кәсіпорын жетекшісі және кәсіпкерлік алдында таңдау тұрады: Олар салықтарды
төлеп, өздерін банкротқа душар ету немесе барлығын жояды және өмір сүруді
жалғастырады.
Көлеңкелі операцияларда, оған қатысушылар арақатынасы, әсіресе
шиеленіскен жағдайларда заңсыз әдістер мен жүзеге асады, бұл ұйымдақан
қылмыстық дамуы үшін қоректену ортасы болып табылады.Қазіргі уақытта бұл
қиыншылықтар қоғам үшін қатерлі әлеуметтік базасын күнделікті өсуіне
спираль тектес баға өсімі ықпал етіп отыр. Сонымен қатар, ол
макроэкономикалық келеңсіз жағдайлар және салық саясаты кемшіліктерінің
нәтижесі. Сондықтанда салық саясаты рефомасының жағдайы жақсару үшін
экономикалық қиыншылықтарының өзектілігін шешуге көмектесетін көп жұмыстар
атқару қажет.
Салықтар экономикалық жүргізуші субъектілер мен халық табысының
қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ
шаруашылық жүргізуші субъектілер мемлекет үлесіне жинақтап, жинақтаудың
қарылық қатынастарын көрсетеді.
Салық жүйесін мемлекет пен және заңды тұлғалар арасындағы қаржы
қатынастарының жиынтығы, салықтар мен алымдар, салық салу әдістері мен
тәсілдері, салық заңдары мен салыққа қатысты актілер, салық салу органдары
мен салық қызметі жиынтығы құрайды.
Салық жүйесі мемлекет қаржы көздерін қалыптастырудың ең негізгі
құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта саяси - әлеуметтік шаралардың
толығымен іске асуына мүмкіндік жасайды.

1. САЛЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ
РӨЛІ.
1.1 Салық салудың дамуы мен корпоративік табыс салығының мәні
Кез келген мемлекет өзінің аппараттын ұстауға және өз қызметтерін
ақтаруға қажетті шығындарын жабатын жеке қаржылық базазсы болған жағдайда
ғана өмір сүре алады. Алайда мемлекеттік қызмет басқа қызметіне жатады,
ал акша материалдық өндіріс аясының өнімі болып табылады. Басқа сөзбен
айтқанда нақты мемлекеттік қызметкердің де, жалпы мемлекет аппаратының
қызметі де сөзсіз қоғамдық пайдалы сиппатта болғанымен құнның көрінісі
болып табылатын өнімді, яғни ақшаны жасамайды. Осыған байланысты мемлекет
оны басқа жақтан іздейді. Мемлектттің ақшаны табуы мемлекеттің қызмет
етуін қамтамасыз ететін ақша қаражатының шоғырлануы және мемлекеттің
ақша қорларын құру деп аталатын қаржылық қызметінің мәнін құрайды.
Мелекет өзіне ақша қаражаттарын түрлі тәсілдермен табады. Кейбір кезде
өзінің меншігін мемлекетке өз еркімен беру әдісін қолданады. Оның
классикалық әдісі мемлекеттік қарыз. Басқа жағдайда мемелкеттің ақшаны
табуы ықтималды (мәжбүрлеу) алу жолымен жүреді. Оның классикалық үлгісі –
салық болып табылады.
Белгілі қаржыгер П.П. Гензель бұл туралы ерте заманда – ақ өндіріп
алудың түрлі қадастры мен тәсілдері, салық салудың техникалық әдістері
белгілі болғандығын атап көрсеткен. Ал, қазіргі ғалым М.Т. Оспанов екі
мыңжылдыққа созылған христиан және мұсылман діндерінің қатал заңдары
қазіргі салық салудың бастапқы нысанының орнына жүргендігін айтқан.
Салық дегеніміз - өкілетті орган реттінде мемлекет бір жақты
бекітетін, құқықтық нысанда болатын, мемлекеттің табысының құрамына
кіретін, қайтарымсыздық; эквивалентсіздік, тұрақтылық сипатқа ие және
анықталған көлемде, белгілі бір мерзімде төленетін, төленуі мемлекеттің
күштеу шараларымен қамтамасыз етілетін міндетті ақшалай және натуралды
төлем.1:5. Салық мемлекеттің пайда болуы кезінен бастап қоғамдығы
экономикалық қатынастардың ең звеносы болып есептеледі. Мемлекеттің
құрылғы нысанының дамуы мен өзгеруі әрқашан салық жүйесінің қайта
құрылуымен бірге жүреді. Қазіргі өркениетті қоғамда салық – мемлекет
табысының негізгі нысаны бұл қаржылық қызметінен басқа салық механизімі
мемлекеттің қоғамдық өндірісіне, оның динамикасына және құрылымына, ҒТП-
ке,экономикалық ықпал ету үшін қолданылады.
Салықтың іс - әрекеттегі мәнінің көріну тәсілі салықтың атқаратын
қызметтері болып табылады. Салықтың атқаратын қызметтері табысты құндық
бөлу мен қайта бөлу құралы ретінде берілген экономикалық категорияның
қоғамдық тағайындалу қалай жүзеге асырылатынын көрсетеді. Салықтың бес
қызметін бөліп көрсетуге болады: фискалды, бөлу, реттеу, бақылау және
ынталандыру.
Фискалды қызметі – мемлекеттің орталық қаржылық қорларына (бюджет)
салық төлеушілерден қаражатты алу арқылы жүргізеді.
Салықтың бөлу қызметі – бөлу қатынастарының ерекше орталықтандырылған
құралы ретінде салықтың мәнін көрсетеді.
Салықтың реттеу қызметі – мемлекет елдің шаруашылық өмірін
ұйымдастыруға белсенді қатысқаннан бастап жүзеге асырыла келе жатыр. Бұл
қызмет салық механизімі арқылы салық саясатының нақты мақсаттарына жетуге
бағыттылған.
Ынталандырушы қызметі – қоғам алдында зор еңбегі бар азаматтардың
жекелеген категорияларына салықтың ерекше тәртібін қарастырады (соғыс
ардагерлеріне және т.б.).
Салық салу әдісі – салық салынатын базаның өсуіне байланысты салық
ставкасының өзгеру тәртібі. Салық салу ставкасы мынандай түрлерге
бөлінеді: тұрлаулы ақшалай соммада, салық төлеушілер салық салынатын
базадан бірдей үлесте салық төлейтін пайыздық түрі, прогрессивті – салық
салынатын базаның өсуіне баланысты салық ставкасының өсуі, регрессивті
салық салу, тең салық салу.
Салықтың атқаратын қызметтеріне байланысты салықтар мен міндетті
төлемдерді топтастыруға болады. Олар 1 – кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Салықтың жіктелу белгілері

Белгілері Салық түрі Қысқаша сипаттамасы
Мемлекет пен субъектінің Тікелей -салық төлеушінің табысына
өзара қарым – қатынасына және мүлкіне тікелей
байланысты салынатын салық
Жанама -бағаға не тарифке
орнатылатын үстеме, салық
төлеушінің мүлкіне не
табысына байланыссыз
Төлем нысанына байланысты Натуралды -келісім – шартпен
анықталатын мөлшерде
өндірілетін өнім үлесі
түріндегі салық
Ақшалай -ақшалай (күндік) нысанда
төленуі
Субъект бойынша Заңды тұлға -корпоративті табыс салығы
төлейтін салық
Жеке тұлға төлейтін -жеке табыс салығы
салық
Территориялық деңгейіне Жалпы мемлекеттік -мемлект табысы болып
байланысты саналатын салық
Жергілікті -жергілікті бюджет
табысының көзі болып
табылатын және әкімшіліктік
территориялық құрылғына
байланысты
Жалпы бекітілген -сәйкес деңгейдегі бюджетке
жалпы ақша қоры ретінде
есепке алынады
Пайдалану сипатына Мақсатты салық -бюджеттен тыс мақсатты
байланысты қорларға аударылып,
бюджетте бөлек көрсетіледі
Нығайтылған -заң түрінде белгілі бір
( бекітілген) бюджеттің табысының көзі
ретінде бекітілген салық
Бюджеттік реттеу құралы Реттеуші -жыл сайын бюджетті бекіту
ретінде кезінде жоғары тұрған
бюджеттен төменгі
деңгейдегі бюджетке
теңдестіру үшін берілетін
салық
Айлықтық -мемлекет қатан бекіткен
көлемде әрбір салық
төлеушіден ұсталатын салық
Үстау әдісі бойынша Үлесттірмелі -жалпы сомасы бекітіліп,
кейін осы соманы әр
терриорияға бөледі.

Соның ішінде ең негізгісі тікелей және жанама салықтар. Тікелей салық
мүліктен түсетін табысқа тікелей салынады. Ол өз кезегінде нақты және жеке
болып бөлінеді.
Жанама салықтарға келетін болсақ, ол тауарларды сатып алу және қызмет
көрсету үрдісінде ұсталып, олардың бағаларына қосылады. Мынадай турлері бар
акциз, қосылған кұн салығы (ҚҚС), кеден бажы, фискалды монопльді салық.
4;6.
Қазақстан Республикасында (ҚР) 2006 жылдан бастап күшіне енген Салық
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Заңына ( Салық
кодексі, 12.06.2005 жылы № 209 – Президент жарлығымен қабылданған) сәйкес
пен төлемдердің мынандай түрлері қарастырылған:
Корпоративті табыс салығы. Корпоративті табыс салығын (КТС) ҚР
көздерінен табыс алатын заңды тұлға – резиденттер, ҚР көздерінен табыс
алатын заңды түлға – резидент еместер, арнаулы салық режимін қолданушы
заңды түлғалар төлейді. Бұл салықты төлемейтіндерге мыналар жатады: ҚР
Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), мемлекеттік мекемелер. Салық салу объектісі: салық
салынатын табыс, төлем көзіне салық салынатын табыс, ҚР территориясында
тұрақты мекеме арқылы өз қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды
тұлғаның таза табысы болып табылады, КТС бойынша декларацияны (арнаулы
салық режимін қолданушылардан басқасы) есепті жылдан кейінгі жылдың 31 -
науырызына дейін тапсыруы керек. КТС туралы мәлімет толығырақ 2 – кестеде
берілген.

Кесте 2

Корпоративті табыс салығы бойынша ескі және қазіргі қолданыстағы
ережелерді салыстыру

№ Салық төлеушінің салық 24.04.95 ж. 12.06.05 ж.
жүктемесіне әсер ететін №2235 № 209 ІІ
көрсеткіш Салық...туралы Салық кодексі
Заңы
1 Заңды тұлғаның табысына Занды тұлғадан Корпоративті табыс
салық салудың аталуы алынатын табыс салығы
салығы
2 Жиынтық жылдык табыс Оң бағамдық айырма Оң бағамдық айырма
қосылмайды қосылады
3 Шегерімдер Теріс бағамдық Теріс бағамдық айырма
айырма қосылмайды қосылады
4 Тіркелген активтердін Амортизацияның Амортизацияның
амортизациясы қосымша нормасы қосымша нормасы деген
деген түсінік бар түсінік жоқ, бірақ
екі есе норма деген
бар.
5 Негізгі қорларды қайта Индексті қолдану Ондай бап жоқ
бағалау арқылы есептелген
қайта бағалау
сомасына 15% табыс
салығы салынады
6 Заңды тұлғаның табысына 30% 30%
салықтың ставкасы
7 Арнаулы экономикалық 20% Ондай түсінік жоқ
салықтың ставкасы

Егер салық салудың принциптеріне сүйенсек және салық, салық салу
экономикалық категорияларының мазмұнына мән беретін болсақ, онда салық
салу жүйесінің қызметтік белгіленуі тұтасымен оның барлық тәжірибелік
нысандарына таратылуы қажет. Бірақ салық концепциясын өңдеп, нақты салық
нысандарын таңдағанда мына басты мақсат – салық төлеушілер және территория
арасындағы фискалды, реттеу жүктемелерін тең түрде жіктеу керектігін естен
шығармау керек. Басқаша айтқанда тікелей және жанама салықтар топтарының
арасында мүмкіндігінше ең жоғарғы теңдікте белгілеу қажет. Біз жанама
салықтар фискалды мақсатта, ал тікелей салықтар ынталандырушы мақсатта
қолданылатынын менгердік. Одан бұрын әрбір салықты фискалды және реттеу
қызметтері салыстырмалы түрде тең болатындай қамтамасыз етіліп
ұйымдастырылуы керек.
Сонымен бірге – бюджеттік табыстар мен бюджеттен төленетін әлеуметтік
төлемдердің мөлшерін талдау үшін қажет. Бюджеттің табысы мен шығысының
арасалмағы бюджеттік қатынастардың жағдайын емес салық құрылысына кеткен
шығындар; салық төлеушінің қайтарымсыз негізде берген мүліктің ( жұмыс,
қызмет) құны.
Декларацяны, бухгалтерлік есеп беруді және балансты дайындағанда
табысты, шегерімді шынайы түрде көрсету керек. Бұл көрсеткіштер бюджет
алдындағы міндеттемелердің орындалуын көрсетеді және кәсіпорынның төлем
жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, күмәнді талаптар келесі
құжаттар болған жағдайда ғана шегерімге жатқызылады: шот фактура; шот –
хабарлама; тауарлы – материалдық құндылықтарды алуға сенімхат; күмәнді
талаптарды шегерімге жатқызу кезінде заңды тұлғалар арасында жасалған
салыстырып тексеру актісі. 10;4б.
Қазіргі кезде куәлік негізінде жұмыс істейтін заңды тұлға және тұлға
төлем көзіне салық салынатын табыс салығы мен тоқсандық есеп – айрысуларын
тапсыруы міндетті.11;12.
Мемлекетің өз мүддесі үшін жалпы ішкі өнімнің белгілі бір бөлігін
міндетті жарна есебінде алуы салықтың мәнін құрайды.
Салық дегеніміз бұл арнайы салық заңдылығының негізінде заңды және жеке
тұлғалардан мемлекетпен алынатын міндетті жеке – қайтарымсыз сипаттағы ақша
төлемдері.
Салық мемлекеттің пайда болғанынан бері коғамдағы экономикалық
қатынастардың қажетті буыны болып табылады. Мемелкеттік құрылыс нысанының
өзгеруі мен дамуы әр уақытта салық жүйесінің қайта құрылуымен бірге
жүреді. Қазіргі заманғы өркениетті қоғамда салық – мемлекет кірісінің
негізгі нысаны. Бұл қаржылық функциядан басқа салық механизмі мемлкеттің
қоғамдық өндірісіне, оның өзгерісі мен құрылымына, ғылыми – техникалық
прогрестің жағдайына экономикалық ықпал ету үшін қолданылады.
Салықтар адам өркениеті қалыптасқанда пайда болған. Салық жүйесі
мемлекетпен бірге пайда болып дамып келеді. Мемлекеттік ұйымдастырудың
алғашқы сатыларында салық салудың ретінде құрбан етуді есептеуге болады.
Оны ерікті негізде болды деп есептеуге болмайды.
Құрбандық ету заңда жазылмаған еді, сол себепті ол міндетті төлемге
айналды. Пайыздық мөлшерлемесі анықтлаған еді. Моисейдің бес кітабында
... жер тұқымы мен ағаштың жемісінен шыққан жердегі әрбір ондық Алла
тағалаға тиеселі. Осылайша, салықтың алғашқы мөлшерлемесі барлық табыстың
10% құрайды.
Мемлектің дамуына байланысты элиталы ондық пайда болды, ол шіркеу мен
князьдар мүддесі үшін жиналды. Бұл көптеген жылдар бойы Ежелгі Египеттен
орта ғасырдағы Европаға дейін болды. Б.э.д. 7-6 ғасырларда Ежелгі Грецияда
байлар мемлекет негізін құрай отырып, табысқа салық енгізді, оның мөлшері
табыстың оннан бір не жиырмадан бір бөлігі болды. Бұл жалдамалы әскер
ұстауға, мемлекетке корған, шіркеулер, жолдар салуға, кедейлерге ақша
беруге шығындалды.
Сол уақытта ежелгі әлемде салық салуға қарсы тұрулар болды. Мысалы
Афинада ерікті азамат салық төлемеуімен ерекшелінді. Ал ерікті түрде төлеу
басқа жағдай еді. Алайда ірі шығындар қажет болғанда кеңес не қаланың
халық жиналысы табыстан пайыздық аударымдар бекітетін болған.
Ежелгі Римдегі салық жүйесінің дамуына назар аударайық. Алғашқыда
мемлекет Рим қаласынан құралды. Бейбітшілік кезде салық болмады. Қаланы
басқаруда шығындар аз болды, сайланған магистрлер қайтарымсыз сипатта жұмыс
жасады, кейде тіпті өз қаражаттарын жұмсады, бұл өте игі іс еді. Шығынның
басым бөлігін қоғамдық ғимараттар құрлысы алды. Мұндай шығындарды әдетте
қоғамдық жерлерді арендаға бергеннен түскен табыс жауып отыратын.
Салық сомасын анықтау әрбір бес жыл сайын сайланған цезорлармен
белгіленетін. Рим тұрғындары цензорларға өздерінің мүліктік жағдайлары мен
жанұялары жайлы өтініш жазатын.
Б.з.д. 4-3 ғасырларда Рим мемелекеті дамып көршілес қалаларды басып
алып, үлкейе түсті. Салық жүйесіне де өзгерістер ене бастады. Коллонияларда
коммуналдық (жергілікті) салықтар мен повинностер енгізіле бастады.
Римдегідей онда да салық мөлшері тұрғындар жанұясы мен табыс деңгейіне
байланысты еді. Рим азаматтары мемлекеттік және жергілікті салық төледі.
Рим империяға айнала бастады, оның құрамына провинциялар кірді. Тұрғындар
салық төлеулері керек болды, бұл олардың тәуелділік жағдайын көрсетті.
Бірыңғай салық жүйесі болмады. Рим легиондарына қуатты күш көрсеткен жерлер
мен қалалар жаулап алынғаннан кейін жоғары салық төледі. Сонымен қатар Рим
әкімшілігі жергілікті жердегі тұрғындарға арналған салық жуйесін қолданды.
Тек қана түсіп жатқан қаражаттардың бағыттары мен қолданулары өзгеріп
отырды.
Ұзақ уақыт бойы Рим провинцияларында салықты профессионалды түрде
бекітіп, жинайтын мемлекеттік қаржылық органдар болмады. Рим әкімшілігі
откупщиктердің көмегіне сүйенді, олардың қызметтері қажетті дәрежеде
қадағаланбады. Нәтижесі ретінде коррупция, билікті қолдану, содан кейін
экономикалық дағдарысқа алып келді, ол б.з.д 1 ғасырда шарықтап кетті. Рим
провинцияларындағы табыстың негізгі көзі жер салығы болды. Орташа
алғандағы оның мөлшері жерден алынған табыстың оннан бір бөлігін құрады.
Сондай-ақ басқа да мүлікке салық салынды: козғалмайтын мүлік, инвентарь,
бағалы заттар.
Тікелей салықтардан басқа Рим империясында жанама салықтар болған.
Осылайша біз салықтардың бөлінісі ежелден белгілі екенін көріп отырмыз.
Мұндай бөліністің критерийі болып салық ауыртпалығын тұтынушыларға
салудың теориялық мүмкіндігінің болуында. Осы критерий бойынша тікелей
салықтың соңғы төлеушісі болып мүлігі бар, табыс табатын адам есептелінеді,
ал жанама салық төлеушісі болып тұтынушы табылады, салық бағаға үстеме
ретінде қосылады. 2,56
Салық бұл – біржақты тәртіп бойынша және сәйкес құқықтық нысанда
мемлекетпен құзыретті орган тұрпатында мемлекет кірісіне салық объектісімен
белгілі бір мерзімде, белгілі бір мөлшерде, қайтарымсыз, эквивалентсіз,
тұрақты сипаттағы әрі мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етілетін
міндетті ақшалай не натуралды төлем.
Салық жүйесі сәйкес заңдылық негізінде негізделеді, ол бойынша салықтың
құрылуы мен салық салынудың нақты әдістерін бекітеді, яғни салықтың нақты
элементтерін анықтайды:
- салық субъектісі – заң бойынша салық төлеуі тиіс тұлға;
- салық носителі – фактілі жағдайда салық төлеуші адам;
- салық объектісі – салық есептелінетін табыс немесе мүлік;
- салық мөлшерлемесі – салық салу бірлігіне бекітілетін салық мөлшері.
Қатаң, пропорционалды, регрессивті салық мөлшерлемелерін бөліп
көрсетуге болады.
Қатаң мөлшерлемелер табыс деңгейіне тәуелсіз түрде салық салу бірлігіне
абсолютті сомада бекітіледі.
Пропорционалды мөлшерлемелер салық объектісі мөлшерінің
дифференциациясын есепке алмай – ақ салық объектісіне бірдей пайыздық
қатынаста есептеледі.
Прогресситвті - табыс жоғарылаған сайын прогрессивті салықтың орташа
мөлшерлемесі де жоғарылайды. Салық салудың прогрессивті мөлшерлемесінде
салық төлеуші тек қана табыстың үлкен абсолюттік сомасын төлеп қоймайды,
сондай - ақ оның үлкен үлесін де төлейді.
Регерессивті – табыс жғарылаған сайын регрессивті салықтың орташа
мөлшерлемесі төмендейді. Регрессивті салық үлкен абсолютті сома әкеле
алады, сондай - ақ табыс өскен кезде салықтың абсолютті мөлшерінің өсуіне
әкелмеуі мүмкін.
Жалпы алғанда прогрессивті салықтар табысы көп тұлғаларға
ауыртпашылықтар әкелсе, регрессивті салықтар көбіне табысы аз заңды және
жеке тұлғаларға ауыр тиеді.
Салықтар келесі жолдармен алынады:
- кадастрлік – мұнда салық объектісі белгілі бір ерекшелік бойынша
топқа дифференциалданған. Бұл топтар тізімі мен ерекшіліктер арнайы
анықтамаларға енгізіледі. Әрбір топ үшін салықтың жеке мөлшерлемесі
бекітілген. Мұндай әдіс ерекшелігі: салық көлемі объектінің табыстылығынан
тәуелсіз. Мұндай салыққа мысал ретінде көлік құралдары иелеріне салынатын
салықты атауға болады. Салық көлік жүре ме жүрмей ме, оған тәуелсіз түрде
көлік құралының қуаттылығына сәйкес бекітілген мөлшерлеме бойынша
декларацияға сай есептелінеді. Декларация – бұл төлеушінің табысы мен одан
алынатын салық есеп – айырысуы көрсетілетін құжат. Бұл әдістің ерекшелігі
салықтың табыс алатын тұлғамен табыс алғанда төленуінде;
- көзі бойынша – бұл салық табыс төлейтін тұлғамен төленеді. Сондықтан
салық табыс алынбай тұрып төленеді, табыс алушы ақшасын салық сомасына
кемітілген мөлшерде алады.
Салық жүйесінің екі түрін бөліп көрсетуге болады: шедулярлы және
глобалды.
Шедурлярлы салық жүйесінде салық төлеушымен алынатын барлық табыс
бөліктерге –шедулярдерге бөлінеді. Осы әрбір бөлікке ерекше жолмен салық
салынады. Әр түрлі шедулярдерге жоғарыда көрсетілген түрлі мөлшерлемелер,
жеңілдіктер, т.б. салық элементтері бекітілуі мүмкін.
Глобалды салық жүйесінде заңды жеке тұлғалардың барлық табысына бірдей
салық салынады. Мұндай жүйе салықты есептеу мен кәсіпкерлер үшін қаржылық
нәтижені жоспарлауды жеңілдетеді.

1.2. Салықтардың түрлері, қызметтері және салық салудың негізгі
принциптері.

Салықтар түрлері бойынша өте көп және тармақталған жиынтықты құрайды.
Олардың түрлерін қысқартып азайту әлі де болса мүмкін емес болып отыр.
Үкімет үшін бір үлкен салық орнына бірнеше ұсақ салық жинаған қолайлы
шығар, осы жағдайда ғана ол халық үшін ауыртпашылық тудырмайды.
Салық салудың тәжірибиесінде салықтың бірнеше түрі қолданылады. Төлем
құралы бойынша тікелей және жанама салықты бөледі. Тікелей салық салу
субъектісі бір уақытта оны төлеушісі болып табылатын салық түрі, яғни салық
ауыртпашылығын салық субъектісінің өзі алады. Ол салықтың заңды және
фактілік төлеушісі болады, бұл жерде салық төлемін төлеу салық төлеуші
мүлігінің нақты азаюына әкеледі.
Жанама салық – салық салу субъектісі салық ауыртпашылығын салықтың
нақты төлеушісі болып табылатын басқа тұлғаға аударатын салық түрі.
Салықтардың тікелей және жанама болып бөлінуінің критерий болып түпкі
салық төлеушіні анықтау табылады. Егер салықтың түпкі төлеушісі болып салық
салынған мүлік пен табыстың иесі болса, онда салық тікелей салық болады.
Жанама салықтың түпкі төлеушісі тауар тұынушысы болады, оған салық үстеме
арқылы ауысады. Қазакстан Республикасының Салықтар және бюджетке төленетін
басқа да міндетті төлемдер ( Салық кодексі) 59 бабының 2 тармағында
салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді делінген, әрі келесідегідей
анықтама берілген. Тікелей салықтар нақты және жеке болып бөлінеді.
Нақты салықтар – мүлікке салық.
Жеке салықтар салық төлеушінің фактілік төлем қабілеттілігін ескеруге
көмектеседі, себебі салық төлеудің көзі салық төлеушінің алатын ақшасы.
Нақты салықтар жинаған кезде мемлекетті салық төлеушінің салық төлеуге
ақшаны қайдан алатындығы мәселесі мазаландырмайды. Бірақ та нақты салықты
бақылау оңай, себебі мысалы егер салық салу объектісі ретінде жылжымайтын
мүлікті алсақ, онда оны тығып қоя алмайсың.
Нақты салыққа Қақазқстан Республикасының салық заңнамасы бойынша
мүлікке салық, көлік салығы және жер салығы жатады.
Жеке салықтарға табыс салығы мен белгілі бір деңгейде жер қойнауын
пайдаланушылар үшін салықтар мен арнайы төлемдер кіреді.
Салықты төлеу нысанына байланысты салықтар натуралды және ақшалай
болып бөлінеді.
Жоғарыда көрсетілгендей салық төлеудің басым нысаны ретінде ақшалай
нысаны шығады. Осылайша Салық кодексі салықты төлеудің натуралды нысанын
қабылдайды, яғни жер қойнауын пайдаланушылар салықты жер қойнауын
пайдалануға байланысты котрактімен анықталатын мөлшерде өндірілетін өнімнің
үлесі түрінде төлейді.
Барлық салықтар Конституция мен Қазақстан Республикасының салық
заңнамасына сәйкес тек қана орталық орган Парламентпен бекітілінеді, тек
белгілі бір жағдайларда ғана Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді,
ол кезде екінші критерий анықтаушы ретінде шығады.2,17.
Бюджеттік реттеу құралы ретінде салықтар бекітілген және реттеуші
болып бөлінеді.
Бекітілген салықтар – бұл заңға сәйкес бюджеттің бір түрі бойынша
оның кіріс көзі болып бекітілген салық түрі.
Реттеуші салықтар – бұл жыл сайын бюджет бекітілер кезде жоғары
тұрған бюджеттен төмендегі бюджетке соңғының баланстылығын қамтамасыз
етілуі үшін берілетін салық түрі.
Осылайша, жоғары тұрған бюджет үшін бекітілген салық жергілікті
бюджет үшін реттеуші болып табылады. Нәтижесінде республикалық бюджет
кірісі тек қана бекітілген салық көздерінен құралса, жергілікті бюджет
кірісі осы бюджеттерге бекітілген салықтар мен реттеуші салықтардан
құралады.
Салықтардың бекітілген болып бөлінуі Салықтар туралы қаулысымен
көрсетілген. Ол бойынша жалпы мемлекеттік салық республикалық бюджеттің
кіріс көзі болып табылады және бір уақытта жергілікті бюджет үшін реттеуші
салық болады, ал жергілікті бюджеттің кіріс көзі болады, алайда жоғарыдағы
жергілікті бюджеттің бекітілген кірісі төмендегі жергілікті бюджет үшін
реттеуші бола алады.
Салықтар қолданылу аясына байланысты жалпы және мақсаты болуы
мүмкін.
Жалпы салықтар сәйкес бюджетке сәйкес территорияның жалпы ақша қоры
ретінде түседі және бюджеттің орындалуы кезінде белгілі бір шараларға
міндетті түрде қолдануынсыз пайдаланылады.
Мақсатты салықтар әдетте бюджеттен тыс мақсатты қорларға немесе
бюджетте жеке жолмен көрсеттіледі.
Мақсатты салықтарды сипаттай отырып, психологиялық көзқарас
тұрғысынан алғанда салық төлеуші салықты үлкен дайындықпен төлейді,
екіншіден бұл салықтар нақты мемлекеттік органға неғұрлым көп тәуелсіздік
беру үшін енгізілуі мүмкін, үшіншіден салықтың максатты сипаты шығынның
қажеттілігі табыстың алынуымен байланысты болуы мүмкін.
Салық қызметі бұл оның мәнінің шындықтағы көрінісі, оның
қасиеттерінің көріну әдісі. Салық қызметі беріліп отырған экономикалық
категорияның табысты құндық бөлу қайта бөлу құралы ретіндегі қоғамдық
тағайындалуы қалай жүзеге асатындығын көрсетеді. Салықтар келесі
қызметтерді атқарады:
Фискалдық саясат мәні мемлекеттік шығындарды қаржыландыруда.
Фискалдық қызмет көмегімен салықтардың басты қоғамдық тағайындалуы жүзеге
асады, мемлекеттің өз қызметін атқаруы үшін қажет, бюджет жүйесі мен
бюджеттен тыс қорларда аккумуляланатын мемлекеттің қаржы ресурстарының
форсированиясы. Мемлекеттік бюджет кірісін тұрақты және орталықтанған
негізде салық жинау арқылы қалыптастыру мемлекетті ірі экономикалдық
субъектіге айналдырды. Реттеуші рөлі – экономиканы мемлкеттік реттеу
қызметі. Реттеуші рөлді Үкіметпен таңдап алынған салық салу жүйесінің өзі
ойнайды. Мемлекеттің реттеуінсіз тиімді қызмет ететін нарықтық экономиканы
елестету мүмкін емес. Қандай әдіспен, қандай жолмен реттелетіндігі ол басқа
мәселе. Бұл жерде түрлі варианттар бар бірақ олар қандай болса да реттеу
жүйесіндегі басты орынды салықтар иеленеді. Нарық экономикасының дамуы
қаржы – экономикалық әдістермен реттеледі, яғни салық салудың икемді
жүйесін қолдану, қарыз капиталы пен пайыздық мөлшерлемені өзгерту және
бюджеттен капитал салымдары мен дотацияларды бөлу арқылы реттеу. Мемлект
салық мөлшерлемелерін, жеңілдіктер мен штрафтарды маневрлеу, салық салу
шарттарын өзгерту және бір салықты енгізіп, біруін алып тастау арқылы
қоғам үшін маңызды актуальды мәселелерді шешуге ықпал ететін өндірістер мен
белгілі бір салалардың тез дамуына жағдайлар жасайды.
Салық жүйесінің бөлу қызметі салықтың бағаман, табыспен, пайызбен,
акциялардың курсының өзгеруімен және т.б. өзара күрделі әрекеттерде көрініс
табады. Салықтар ұлттық табысты, заңды және жеке тұлғалардың табыстарын
бөлу мен қайта бөлудің маңызды құралы ретінде шығады. Салықтың бөлу қызметі
тек табыстың бөлінуіне ғана емес, сондай – ақ капитал ең инвестициялық
ресурстардың бөлінуіне ықпал етеді. Салық жүйесінің ынталандырушы қызметі
маңызды, бірақ та қиын икеделетін қызметі болып табылады. Басқа қызметтері
сияқты ынталандырушы қызмет те салық механизімінің арнайы нысандары мен
элементтері, жеңілдіктер жүйесі, салық саясаты мен салық механизімінің
шектеуші және тыйым салушы мөлшерлемелері мен басқа да құралдары арқылы
көрінеді.
Салықтардың бақылаушы қызметі өз кезегінде қорғаушы қызмет ретінде
шығады. Ол мемлекет пен кәсіпорынның салықтық қатынастарын және мемлекеттік
биліктің әрекеттілігі мен жүзеге асуын қамтамасыз етеді. Салықтың бақылаушы
қызметінсіз басқа қызметтер жүзеге аса алмайды.
Бақылаушы қызмет заң мен құқыққа сүйене отырып, тек қана мемлекеттік
билік пен заңға бағыну, мәжбүрлеу негізінде жүзеге асуы мүмкін. Мемлекттік
биліктің әлсіреуі салық жүйесінің бақылау қызметінің әлсіреуіне алып
келеді. Және керісінше, салықтың бақылаушы қызметінің әлсіреуі мемлекеттік
биліктің әлсіреуін білдіреді. Сәйкесінше, егер салықтың бақылаушы қызметі
әлсіз болса, онда жалпы салық жүйесінің тиімділігі төмендейді.
Әлеуметтік қызметі – жеке әлеуметтік топтардың табыстыры арасындағы
қатынасты әлеуметтік теңдікте ұстап тұру олардың арасындағы теңсіздікті
басу.
Салықтың әлеуметтік қызметі салықтың механизмі болып табылатын
салық жеңілдіктері мен механизмдерінен көрініс табылады.
Салық қызметтері өзара тығыз байланысты. Бюджетке салық
түсімдерінің қөбеюі, яғни фискалдық саясаттың жүзеге асуы салықтың реттеуші
қызметін жүзеге асыру үшін материалдық мумкіндік береді. Сол уақытта
экономикалық реттеу нәтижесінде алынған өндірістің жедел дамуы мен
табысының өсуі мемлекетке неғұрлым көп құрал алуға мүмкіндік береді.
Салықтардың көмегімен қызметтердің белгілі бір түрлерін дамытуға не
токтатуға, өндіріс салаларының дамуын бағыттауға, кәсіпкерлердің
экономикалық белсенділігіне ықпал етуге болады. Осылайша өнеркәсіптің
салалары мен жеке кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін беру олардың дамуы мен
көтерілуін ынталандырады. Жеңілдіктер бере отырып, мемлекет маңызды
мәселелерді шешеді. Мысалы, жаңа техниканы енгізуге жатқан пайданың бір
бөлігіне салық салмай - ақ мемлкет техникалық прогресске қолдау көрсетеді.
Ал, қайырымдылық қызметіне жұмсалған пайданың бір бөлігіне салық
салмай – ақ мемлекет қәсіпорынды әлеуметтік мәселелерді шешуге тартады.
Салық салу – бұл табысты жеке, заңды тұлғалар мен мемлекет
арасында бөлу жүйесі, ал салық болса қоғамдық қажеттіліктерді қанағатандыру
мақсатында заң негізінде заңды және жеке тұлғалардан мемлекетпен алынатын
бюджетке түсетін міндетті төлемдер.
Салықтар табыс табатын жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттің қаржы
ресурстарын қалыптастыруға қатысу міндетін білдіреді. Салықтар қайта бөлу
құралы бола отырып, бөлу жүйесіндегі бұзылуларды реттеуге және қызметтің
түрлі нысандарының дамуында адамдарды ынталандыруы тиіс. Сондықтан салықтар
казіргі кезеңде мемлекеттің қаржы саясатының маңызды буыны болып отыр.
Салық салудың басты принциптері - бір қалыптылық пен анықтылық.
Бірінші принцип мәні: заңды және жеке тұлғалар мемлекттен алатын
табыстарына пропорционалды түрде салық төлеулері тиіс. Логикалық түрде
ойласақ, үкіметпен ұсынылған тауарлар мен қызметтерден үлкен
қанағаттанушылыққа ие болғандар осы тауарлар мен қызметтер өндірісін
қаржыландыруға қажет салықты төлеулері қажет. Қоғамдық игіліктердің біраз
бөлігі осы принцип негізінде қаржыландырылады. Мысалы, бензинге салық
әдетте автокөлік жолдарын салуға және жөндеу үшін салынады. Осылайша жақсы
жолды пайдаланушылар осы жолдардың жөнделуі мен салынуына кететін
шығындарды төлейді.
Алайда бұл принциптің жалпы қолданылуы белгілі бір қиындықтар
туғызады. Мысалы, әрбір салық төлеуші мемлекетің қорғанысқа, білімге,
денсаулыққа жұмсаған шығынынан қандай көлемде пайда табатындығын есептеу
мүмкін емес. Мысалы айтып кеткен автокөлік жолдарын қаржыландыруды бір
қарағанда бағалауға болатын болса, енді осы пайданы бағалау қиын екендігін
көреміз. Автокөлік иелері сапалы жолдардан бірдей пайда көрмейді. Сондай –
ақ көліктері жоқ адамдар да пайда көреді. Кәсіпкерлер болса, жақсы
жолдардың болуымен байланысты нарықтың кеңеюінен ұтады. Осы пинципке
сүйенсек, онда мысалы жұмыссыздарды, әлеуметттік аз қамтылған адамдарды
алатын жәрдемақыларын қаржыландыру үшін оларға да салық салу керек.
Екінші принцип салықтың алынатын табыс көлемінен тәуелділігін
көрсетеді, яғни жоғары табыс табатын жеке және заңды тұлғалар үлкен салық
төлейді және керісінше.
Бұл принциптің рационалдылығының мәні мынада: қымбат тауар алуға
кеткен шығынға салынған салық пен бірінші қажеттілік тауарларына кеткен
шығынға салынған салық арасында айырмашылықтың болуында. 500 000 теңге
алатын тұлғадан айына 50 000 теңге алу дегеніміз адамды өмір сүру көзінен
және мүмкіндігінен айыру деген сөз емес. Сонымен қатар бұл тиімділікті
айына 5 000 теңге алатын адамнан 500 теңге алғанмен салыстыруға болады ма?
Соңғы жағдайдағы адамның жағдай біріншімен салыстырғанда өте қиын. Мәселе
мынада, тұтынушылар біз әрқашан рационалды әрекет етеміз, ең алдымен
бірінші қажеттіліктегі тауарларды сатып аламыз, сосын аса қажет емес
тауарларды сатып алуға көшеміз.
Беріліп отырған принцип әділетті және рационалды болып табылады.
Алайда әр біреудің салық төлеу мүмкіндігін өлшеудің ғылыми негізі жоқ.
Үкіметтің салық саясаты саяси партиялардың көзқарасына тәуелді түрде,
мемлекеттің әлеуметтік – экономикалық мәніне сай құрылады.
Салық төлемдері мәніне терең үңілу үшін салық салудың негізгі
принциптеріне көңіл бөлген жөн. Экономикалық көзқарас тұрғысынан сапа кез
– келген салық жүйесінде қажет деп Дж. Милль көрсеткен. А. Смит салық
салудың негізгі төрт принципін көрсеткен, ол классикалық принциптер болып
табылады.
- мемлекет тұрғындары әрқайсысы өз жағдайына қарай үкіметтің шығынын
жабуға қатысуы керек. Бұл жағдайдың сақталмауы салық салудың теңдігіне не
теңсіздігіне әкеледі;
- әрбір адам төлейтін салық анықталған болуы керек. Салық сомасы, оның
төлену уақыты мен төленетін жері белгіленген болуы керек;
- әрбір салық төлеуші үшін қолайлы уақытта және қолайлы әдіспен алынуы
тиіс;
- салық төлеушінің қалтасынан шығатын салық мемлекет кассасына түсетін
сомадан мүмкіндігінше аз болуы керек.
Адам Смит принциптері өте қарапайым және аса үлкен
түсіндірушілікті қажет етпейді, олар салық саясатының аксиомаларына
айналды. Қазір олар толықтырылған.

Салық салудың қазіргі принциптері:

- салық мөлшерлемесінің деңгейі салық төлеушінің мүмкіндігін есепке
алуы керек, яғни табысы деңгейіне қарай. Табыстан салық прогрессивті болуы
керек. Бұл принцип әрқашан сақталмайды. Көптеген елдерде кейбір салықтар
пропоционалды есептелінеді;
- табысқа салынатын салық бір ретті сипатта болуы қажет. Табысқа не
капиталға көп ретті салық салу мүмкін емес. Осы принциптің жүзеге асуының
мысалы ретінде дамушы елдердегі айналымға салынатын салықтың қосымша құн
салығымен алмастырылуын айтуға болады. Айналымға салық өспелі қисық жүзеге
асса, қосымша құн салығында өндірілген өнімге тұтынғанға дейін бір – ақ рет
салық салынады;
- салық төлеу міндеттілігі;
- салық төлеу жүйесі мен процедурасы салық жинаушы мекемелер мен салық
төлеушілер үшін түсінікті, анық, қолайлы және үнемді болу керек;
- салық жүйесі өзгермелі қоғамдық – саяси қажеттілітерге икемді және
жеңіл бейімделгіш болуы қажет;
- салық жүйесі өндірілген ЖІӨ - нің қайта бөлінуін қамтамасыз ету керек
және мемлекетік экономикалық саясаттың тиімді құралына айналуы керек
14.21.

1.3. Корпоративтік табысына салық салу ерекшеліктері

Салық салу жүйесінде ең маңызды орынды табыс пен өзара байланысты
салық және бухгалтерлік есептің айқын ұйымдастырылуы алады. Жалпы табысты
мынадай түрлерге бөлуге болады: заңды тұлғаның табысы ( резидент және
резидент емес); жеке тұлғаның табысы. Бүгінде заңды тұлғалардың табысы
әртүрлі, Қазақстандағы табыс 3 кестеде берілген.

Кесте 3
Табыс түрлері және оларға сипаттама
№ Табыс түрі Қысқаша сипаттама және есептеу тәртібі
1 Тауар өткізеден (жұмыс, ҚҚС пен акцизді коспандағы ( табысқа
қызмет көрсетуден) түзету енгізіледі) өткізілген тауардың
(жұмыс, қызмет) өзіндік құнын қосады.
2 Ғимаратты, құрылысты, Өсім ретінде, өткізілген актив (толық
амортизацияға жатпайтын тізімі СК 82 бапта көрсетілген) пен
активті өткізу кезіндегі баланстық құнның (сатылған айдың бірінші
өсімнен түскен табыс. күнімен баланста көрсетіледі Айырмасы
ретінде анықталады.
3 Міндеттемелерді есептен -кредитордың салық төлеушіден
шығарудан түскен табыс міндеттемесін есептен шығару;
-қуыну мерзімінің аяқталуы (күмәнді деп
табылған міндеттемеден басқасы);
-сот органдарының шешімі нәтижесінде
есептен шығарылған кредиторлық қарыздың
соммасына тең келеді.
4 Күмәнді талаптар бойынша Жылдық жиынтық табысқа қосылуға тиісті
табыс. пайда болуынан үш жыл мерзімінде
қанағаттандырылмаған кредиторлық қарыздың
пайда болуына байланысты бюджетпен өзара
есеп – айырысуға жататын ҚҚС – ты есепке
алмағанда.
5 Банктің провизиясының Қарыз алушының талабын оындаулығы
көлемін төмендетуден түскенпропорционалды соммаға есептелген қарыз
табыс. алушының банк алдындағы талабын орындауды
шегерімге жатқызылған провизия соммасы
қосылады.
6 Борышты талап етуге Негізгі қарыздың үстіне төленетін
кеңшілік жасаудан түскен сомманы қосқанда қарыз алушының негізгі
табыс. борышын төлеу соммасы мен
салық төлеушінің борышын өтеу құнының оң
айырмасы ретінде анықталады.
7 Есептен шыққан тіркелген Салық мерзімінде жаңадан келіп түскен
актив құнының баланстың тіркелген актив құны есепке алғандағы
ішкі тобының құынан асып есептен шыққан тіркелген актив құ нының
кетуінен түскен табыс. баланстың ішкі тобының құнынан асып
кетуінен түскен табыс.
8 Қазба кең ішінде болған Жер қойнауын пайдаланушылардың жылдық
салдарды жою қорына түскенжиынтық табысына енгізіледі, нақты
аударымдар соамсының нақты шығындар соммасы мен қазба кен ішінде
шығындар соммасынан асып болған салдарды жою қорына түскен
кетуінен түскен табыс. аударымдар соммасынның айырмасы ретінде
анықталады.
9 Бұрын шегерімге - бұрын шегерімге жатқызылған күмәнді
жатқызылған өтеу түрінде болып табылған және келесі салық
түскен табыс. мерзімінде өтелген талаптар;
-шығынды өтеуге бюджеттен қаражат алу;
- бұрын шегерімен жатқызылған шығынды
өтеуге алынған өтемақы;
- сақтандырушының бұрын шегерімге
жатқызылған, сақтанушыға келісім – шарт
мерзімінің аяқталуына байланысты берілген
сақтандыру сыйақысы.
10 Мүлікті (жұмыс, қызмет) Төменде көрсетілгеннен басқа қайырымсыз
қайтарымсыз түрде алынған алынған кез – келген мүлік, қызмет, жұмыс
табыс. жатады;
-жарғылық капиталға салым ретінде
салынған мүлік;
-мемлекеттік бюджетен алынған субсидия.

Табыстың әр түріне сипаттама бере отырып, ең негізгі көрсеткіш жылдық
көреміз. Оған ҚР-да немесе, шетелде резидент емес қазақстандық көзден
алынатын барлық табыс кіреді.
Жоғарыда көрсетілген табыстардан басқа жылдық жиынтық табысқа салық
төлеушінің мынандай табыстары кіреді: еңбекақы, зейнетақы түрінде кіретін
табыс; кәсіпкерлік қызметтен алатын табыс; жеке тұлғаның табысы бересі бола
табылған айыппұл, өсімпұл немесе санкциялары; мүлігін жалға беруден түскен
табыс: оң бағамдық айырма; әлеуметтік аяның объектілерін эксплуатациялау
кезінде алынған табыстың шығыстан жоғары болуы.
Төлем көзіне салық табысқа жататындар: ҚР – да көздерінен алынған
дивидент, ұтыс, табыс, сыйақы.
Барлық жағдайда табыстарды ЖЖТ құрамына қосқан кезде салық есебіне
қолданылатын әдіске сәйкес анықталған табыс алу фактісі маңызды.
Әртүрлі ставкамен салынатын табыс бойынша заңды тұлға әрқайсысына
бөлек – бөлек есеп жүргізіп, диклорацияның бекітілген нысаны бойынша осы
табыстар бойынша есеп айырсады.
Табысты бағалау субъектінің маңызды міндеті болып табылады. Осыған
байланысты жүргізілетін есеп айырсулар шығынды жаба алмау ықтималдығын
есепке ала отырып шынайы жүргізілуі керек. Сәйкесінше табыстың түрлері
есептік саясатында көрсетілуы керек.
Заңға сәйкес және шығынды растайтын сәйкес құжаттар болған жағдайда
нақты шығын шегерім деп аталады. Олар ЖЖТ – тан салық кезеңіне байланысты
шығарылады.
Шегерімге жатпайтындар: ЖЖТ алуға байланысты шығын; құрылысқа
тіркелген активті сатып алуға кеткен шығындар; мемлекеттік бюджетке
енгізіліге жататын айыппұл мен өсімпұлға жататын шығын. ҚР – дабекітілген
құқықтық – нормативтік актілерден тыс бекітілген басқа да міндетті
төлемдердің соммасы кәсіпкерлік қызметке қолданылмайтын объектілерді
ұстауға, құрылысына кеткен шығындар; салық төлеушінің қайтарымсыз негізде
берген мүліктің (жұмыс, қызмет) құны.
Диклорацияны, бухгалтерлік есеп беруді және балансты дайындағанда
табысты, шегерімді шынайы түрде көрсету керек. Бұл көрсеткіштер бюджет
алдындағы міндеттемелердің орындалуын көрсетеді және кәсіпорнынның төлем
жағдайын бағалауға мүмкіндік береді. Мысалы, күмәнді талаптар, келесі
құжаттар болған жағдайда ғана шегерімге жатқызылады: шот – фактура; шот -
хабарлама; тауарлы – материалды құнылықтарды алуға сенім хат; күмәнді
талаптарды шегерімге жатқызу кезінде заңды тұлғалар арасында жасалған
салыстырып тексеру актісі.
Казіргі кезде куәлік негізінде жұмыс істейтін заңды және жеке тұлға
төлем көзіне салық салынатын табыс салығы мен тоқсандық есеп айырысуларын
тапсыруы міндетті.

Кесте 4

Шегерімдер және оларға сипаттама

№ Шегерім түрлері Қысқаша сипаттама
1 Өтеу сомасын шегеру: а) екі жаққа кететін жолақысы,
а) қызметтік іс – сапар бойынша тұрғын үй ақысы, тәулігіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтардың экономикалық-қаржылық негіздері, даму жолдары
ШЕТЕЛ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ САЛЫҚТАРЫ
Салықтардың экономикалық мәнін ашып, олардың жергілікті бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлін айқындап, олардың бюджет кірісін қалыптастырудағы маңыздылығын арттыру бағыттары
Жергілікті салықтардың рөлі және жетілдіру жолдары
Бюджетке салықтардың түсудегі рөлі
Қазақстан Республикасындағы салықтық реттеу мәселелері
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЕРГЕ САЛЫҚ САЛУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бюджеттік кірістің жалпы мінездемесі
Салық жүйесінде әлеуметтік салықтың ролі
Корпорация табыс салығының мәні және бюджет кірісін қалыптастырудағы рөлі
Пәндер