Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

І Тарау Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми.теориялық негіздері Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1.3. Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру моделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .53

ІІ Тарау Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары
2.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 63
2.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік жұмыс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .81

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .90
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...92

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 102 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Ө. А. Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру

6 М010300 – Педагогика және психология

Педагогика және психология ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
магистрлік диссертация

Жезқазған - 2010
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4

І Тарау Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары
арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру педагогикалық мәселе
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
1.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудағы өлкетану жұмыстарының
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
1.3. Мектептің өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
моделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

ІІ Тарау Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары
2.1 Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 6 3
2.2 Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік
жұмыс ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...81

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .90
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 92

Кіріспе.

Зерттеудің көкейкестілігі. Дүниежүзілік қауымдастықтың қазіргі
кезеңдегі дамуында адам мен табиғат арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы
экологиялық мәселелерді шешу жолын іздестіруді талап етеді. Адамзаттың
жаһандық дағдарысы жер шарының экологиялық үйлесімділігінің жеке бөліктері
болып табылатын аймақтық деңгейдегі мәселелерден туындап отыр. Бұл жағдайда
антропогенді өркениеттің қоршаған табиғи ортамен тиімді ара-қатынасын
ұйымдастыруға бағытталған барлық әлеуметтік институттарын жұмылдыру қажет.
Ел Президенті Қазақстан-2030 бағдарламасында табиғат жағдайының
қиын кезеңде тұрғанын нақты атап өтіп, ... экологиялық нашар ахуал бүгінде
адам өлімінің жиырма пайызына себеп болып отыр. Қоршаған ортаны
ластаушыларға берік тосқауыл қойылу қажет,-деген болатын. Бұл мәселенің
тиімді шешілуі мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру арқылы
олардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру барысында мүмкін болатыны анық
[1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ... білім беру жүйесі
міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы бар жеке адамды
тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне
қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы
көзқарасын қалыптастыру атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз
білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру
мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған
жерінің табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар
рөлі зор екені даусыз [2].
Қазіргі таңдағы қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық
дамуындағы жаңару процестері – өткен тарихымыз бен мәдени мұраларымызды
қайта қарауды, рухани құндылықтарымызды саралап, оны мектептің оқу-тәрбие
процесіне ендіру арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға
қолайлы жағдайлар жасалып отыр. Экологиялық мәдениетті халық педагогикасы
арқылы қалыптастыруда өлкетану жұмыстарының мүмкіндіктері бар. Өлкетану
жұмыстары оқушылардың қоршаған табиғи құбылыстары мен заттары туралы,
олардың өзара байланыс заңдылықтары туралы түсініктерін қалыптастыруға
көмектесіп, өмірге деген қызығушылықтарын арттырады. Өлкетану материалдары
қоршаған ортаға тікелей бақылау жасауға мүмкіндік береді. Ол туған өлке
табиғатын, оның байлықтарын, даму заңдылықтарын, жергілікті жердің халқы
мен шаруашылық түрлерін және олардың байланыстарын ұғынуға көмектеседі. Оқу-
тәрбие процесінде халық педагогикасының құралдарын өлкетану жұмысында
пайдалану арқылы оқушылар тек нақты білім мен ұғымды меңгеріп қана қоймай,
дүниенің біртұтастығы мен әртүрлілігі, дамудың үздіксіздігі, өзара байланыс
пен әрекеттестік, дүниенің нақты заттар мен құбылыстардан тұратындығын
танып, олардың дүниетанымдық көзқарастары кеңейеді.
Өскелең ұрпақтың мәдениетін қалыптастыра отырып, жаңа заманның
көкірегі ояу, ұлттық сана-сезімі жоғары саналы азаматын тәрбиелеу ұзақ әрі
күрделі процесс болып табылады. Сондықтан бұл мәселе бүгінгі таңда өткір
қойылып, өз шешімін табуды қажет етіп отыр. Аталмыш мәселені шешуде
көптеген ғалымдар өз үлестерін қосқан.
Қазақ халқының біртуар данышпандары А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин
[4], Ш.Уалиханов [5], Ш.Құдайбердиев [6], А.Байтұрсынов [7] еңбектерінде
табиғат пен адам өмірінің тіршілігін ажырамайтын, бөліп қарастыруға
келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-
жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-процесін жетілдіру, мектепке кәсіби білігі
жоғары мамандарды даярлау мәселелері қазақстандық көрнекті ғалымдардың
Қ.Ж.Аганина[8], Б.Р.Айтмамбетова [9], А.А.Бейсенбаева [10], Р.М.Қоянбаев
[11], К.Қ.Құнантаева [12], Ж.Ы.Намазбаева [13], И.Н.Нұғыманов [14],
Ш.Т.Таубаева [15], Э.И.Шыныбекова [16], т.б.еңбектеріне арқау болды.
Жас ұрпаққа тәрбие беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын
пайдаланудың әдіснамалық негіздері Қ. Бөлеев [17], Р. Қ. Дүйсембінова [18],
С. Қалиев [19], К. Ж. Қожахметова [20], Ж.Ж.Наурызбай [21], Ә.Табылдиев
[22], С.А.Ұзақбаева [23], қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова [24],
С.Қ.Әбілдина [25], Ш.М.Мұхтарова [26], Қ.А.Сарбасова [27], т.б ғылыми
зерттеулерінде қарастырылды.
1970-жылдарда зерттеу әдіскерлерінің көңілі, әсіресе, табиғат қорғау
мен экологиялық түсініктердің қалыптасуы жайындағы сұрақтарды қарастыруға,
оқушылардың биоэкологиялық білім игеруге бағытталады (Я.И.Габаев [28],
С.Д.Дерябо [29], Т.В.Кучер [30], В.Г.Иоганзен [31], Э.А.Тұрдықұлов [32]
т.б.)
Адамның қоршаған ортамен байланысы А.Н.Захлебныйдың [33],
И.Д.Зверевтің [34], И.Т.Суравегинаның [35] және т.б. зерттеулерінде көрініс
тапса, табиғатты тәрбие факторы ретінде М.Верзилин [36] т.б. дәлелденген.
Экологиялық білім мәселесін мәдениеттану ғылымы тұрғысынан
Э.В.Гирусов [37], Ж.Тлепов [38] және т.б.ғалымдар зерттеген.
Экологиялық мәдениет пен оның қалыптасу процесі Б.Т.Лихачев [39],
Д.А.Урсул [40], және т.б. зерттеулерінде әдіснамалық тұрғыдан негізделсе,
болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың жолдары,
Г.А.Иванов [41], И.П.Сафронов [42] және т.б. ғалымдар еңбектерінде ғылыми-
практикалық тұрғыда шешімін тапқан.
Экологиялық тәрбие берудің педагогикалық алғы шарттары Г.Сәбденәлиева
[43], Ф.Н.Жұмабекова [44], А.Е.Манкеш [45], А.Есгенисова [46] еңбектерінде
қарастырылған.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда (И.К.Исламова),
оқушыларының агроэкологиялық мәдениетін қалыптастыруда (Ш.М.Абеуова),
ауызекі шығармашылық арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
(Ж.Р.Жексембаева) т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде экологиялық білім
мен тәрбие беру процесі барысында жан-жақты талданып, нақтылай түсті.
Дегенмен, педагогикалық, психологиялық және ғылыми-әдістемелік
әдебиеттерді, арнайы зерттеулерді талдаудың нәтижесі бүгінгі күнге дейін
өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға болатындығы назардан тыс
қалып келгендігін көрсетеді.
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өлкетану жұмыстары
барысында қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану мүмкіндіктері мен
олардың мектептің оқу-тәрбие процесінде өз деңгейінде толығымен
пайдаланылмауы арасындағы және өлкетану жұмыстарында қазақ халық
педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру қажеттілігі мен бұл мәселенің педагогикалық теория мен
практикада жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықтар анық
байқалады. Сондықтан табиғатты қорғау негізінде оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың бір жолы қазақ халық педагогикасы құралдарын
өлкетану жұмыстарында пайдалануды қамтамасыздандыратын әдістеме дайындау,
педагогикадағы жалпы теориялық бағыттағы зерттеулерді кеңейту және
тереңдету қажеттілігін қарастыру біздің зерттеу мәселемізді айқындауға және
тақырыпты Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру деп таңдауымызға болады.

Зерттеудің мақсаты: өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін
теориялық тұрғыдан негіздеп, құрастыру.
Зерттеудің нысаны: оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
процесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер өлкетану жұмыстарында қазақ халық
педагогикасы құралдары экологиялық бағытта пайдаланылса, онда оқушылардың
экологиялық мәдениетінің қалыптасуы нәтижелі және тиімді болады, себебі бұл
жағдайда игерілген экологиялық білімдер, біліктер және дағдылар ұлттық
құндылықтармен бірлікте, тұтастықта қалыптасады.
Жетекші идея: жалпы білім беретін орта мектеп оқушыларының өлкетану
жұмыстары барысында қолданған қазақ халық педагогикасының құралдары олардың
экологиялық мәдениетін қалыптастыра отырып, туған жерінің табиғатына аялы
көзқарас пен атамекенге деген сүйіспеншілік рухында тәрбиеленуге негіз
болады.
Зерттеу міндеттері:
- өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздерін
анықтау:
- оқушылардың экологиялық мәдениетін өлкетану жұмыстары арқылы
қалыптастырудың моделін құрастыру:
- өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін құрастыру;
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі: Адам мен қоршаған ортаның өзара
қатынасы туралы философиялық ілімдер, қазақ халық педагогикасы мен
этнопедагогика сабақтастығы туралы тұжырымдамалар, таным теориясы, жеке
тұлғаның іс-әрекет теориясы, педагогикалық-психологиялық ой-пікірлер,
экологиялық білім беру мен тәрбие туралы тұжырымдамалар.
Зерттеу жұмысының әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық,
әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау жасау,
өлкетану бойынша бағдарламаларды, оқулықтарды, жеке әдістемелік құралдарды
талдау, мектептердің алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелік жұмыстарын
қорыту, зерттеу бойынша арнайы сауал-сұрақ, әңгіме, бақылау жүргізу,
шығарма жаздыру, пікір алысу, педагогикалық модельдеу.
Зерттеу көздері: педагогика, философия ғылымдары классиктерінің
еңбектері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми құжаттары (заңдар,
қаулылар, бағдарламалар, актілер, тұжырымдамалар, т.б) жалпыға міндетті
білім берудің мемлекеттік стандарттары, оқу бағдарламалары, оқулықтар және
жалпы білім беретін мектептердегі мұғалімдердің тәжірибелері.
Зерттеудің негізгі кезеңдері.
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбы бойынша философиялық, ғылыми-
педагогикалық, оқу-әдістемелік жұмыстарға талдау жасалынды, зерттеудің
теориялық негізі анықталды.
Екінші кезеңде өлкетану жұмыстары барысында қазақ халық педагогикасы
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі
құрастырылып, арнайы жұмыстар жүргізілді.
Үшінші кезеңде тәжірибелік жұмыстың нәтижелері математикалық тұрғыдан
өңделіп, алынған педагогикалық диагностикалық мәліметтер талданды,
ұсыныстар жасалды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы:
Жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесіне пайдаланылды:
Дәрілік өсімдіктер, оларды қорғау және тиімді емге қолдану атты жазғы
өлкетану экспедициясының бағдарламасы; Табиғаттың тарылтпайық тынысын, пәк
табиғат жүректің ән-жырысың атты оқу-танымдық экологиялық – мәдени
апталықтар бағдарламасы мен өткізу-іс-шаралары; Табиғатым-тағдырым атты
экологиялық олимпиада бағдарламасы және әдістемелік нұсқауы.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
- өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері;
- педагогикалық процесті ұйымдастыру формаларынан құралатын
өлкетану жұмыстары барысындағы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың моделі;
- өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың өлшемдері мен
көрсеткіштері;
Зерттеу базасы: Жезқазған қаласының №6 Кәсіби лицейі
Зерттеу жұмысының дәлелділігі мен негізділігі: зерттеу нәтижелері
әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік негіздерге сүйеніп айқындалған
теориялық дәйектілігімен, кешенді әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, зерттеу
жұмысының ғылыми аппаратқа сәйкестілігімен, өлкетану жұмыстарында қазақ
халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру мақсатында пайдаланылған әдіс-тәсілдердің дұрыстығымен
қамтамасыз етілді.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу мен іс-тәжірибесіне енгізу.
Ғылыми зерттеу жұмысының мазмұны Халықаралық ІХ және Х Байқоңыров
оқулары материалдарының жинағында жарық көрді.
Магистрлік диссертацияның құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздерінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде тақырыптың көкейкестілігі анықталады, зерттеу
жұмысының мақсаты, міндеті, зерттеудің нысаны, пәні сипатталады.
Диссертацияның әдіснамалық негізі, болжамы, әдістері, ғылыми жаңалығы,
теориялық-практикалық маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын қағидалар
қарастырылады.
Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері деген бірінші тарауда оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру педагогикалық мәселе ретінде философиялық, психологиялық,
педагогикалық ғылыми еңбектерге талдау жасалып, өлкетану жұмыстарында қазақ
халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудағы орны мен ерекшіліктерінің маңызы айқындалады, мектептің
өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың
экологиялық мәдениетін қалыптастырудың теориялық моделі жасалынады.
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жолдары мен құралдары
атты тарау аясында өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары
арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесі айқындалады,
өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары арқылы
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша тәжірибелік
жұмыстардың нәтижелері баяндалады.
Қорытындыда өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының
құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бойынша
тұжырымдар мен ұсыныстар беріледі.

1. Қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы өлкетану жұмыстарында
оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың ғылыми-теориялық
негіздері

1. Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасының құралдары
арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
педагогикалық мәселе ретінде

Табиғат пен қоғам, адам арасындағы қарым-қатынастар қайшылықсыз,
әрдайым үйлесімді деп қарауға болмайды. Олардың арасында барған сайын ішкі
қайшылықтар көбейіп отырады. Бұл қайшылықтардың қайнар көзі қоғам мен
табиғат дамуларының бір-біріне қарама-қарсы екі тенденциясында жатыр.
Біріншіден, қоғам мен оның өндіргіш күштері дамыған сайын адамның табиғатқа
үстемдігі арта түседі, ал екіншіден, бұл екеуінің арасында үйлесімділік
туып, барған сайын шиеленісе береді. Табиғат құбылыстарының алуан
түрлілігіне қарамастан, олардың бәрі өзара байланыста, қарым-қатынаста,
яғни біртұтас бірлікте. Сол себепті де, егер адам табиғат құбылыстарының
бір саласына әсер етіп, оны өзгертуге әрекет етсе, онда ол сонымен іштей
байланысты басқа жақтарының тынышын бұзуы мүмкін.
Сондықтан, табиғат қорларына құнтты болу, бүлінгендерін қалпына
келтіріп отыру, оларды тиімді пайдалану, ауаға, жерге, суға өсімдіктер мен
жануарлар дүниесіне қамқорлықты күшейту барлық азаматтардың борышы мен
абыройлы міндеті болып саналады.
Теңіздің тұнық болуы – бұлақтардан дегендей табиғатты қорғау,
қалпына келтіру мәселелерін ақылмен, білгірлікпен және ұтымды жолмен
жүргізудің өзіміз үшін де, келесі ұрпақтар үшін де маңызы зор екенін
балалардың, жасөспірімдердің санасына салып, экологиялық мәдениетін,
тәрбиені бесіктен бастау керектігі бүгінгі күннің өмір талабы.
Қоршаған ортаны қорғау деген ұғымға табиғат байлықтарын сақтау, ұтымды
пайдалану, қалпына келтіріп отыру туралы ортаның зиянды қалдықтарымен,
тіршілік үшін қауіпті заттармен ластанбауын қамтамасыз ету жөнінде
қабылданған мемелекеттік заңдар, қаулылар, құқық қорғау ұйымдарының
ережелері мен нұсқаулары, нормативтік актілер жиынтығы, халықаралық және
мемлекетаралық келісімдер, конвенциялар кіреді.
БҰҰ-ның Рио-де-Жанейрода (1992) қоршаған орта және даму туралы
Конференциясының және Орхусс конвенциясының (1998) шешімдері, Қазақстан
Республикасының (1995) Конституциясы [47], Қазақстан Республикасының 2030
жылға дейінгі Стратегиясы [1], Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны
қорғау туралы заңы [48], Қазақстан Республикасы Білім туралы заңы [2],
Қазақстан Республикасының (2003) экологиялық білім беру тұжырымдамасы [49].
Аталған мемлекеттік ресми құжаттардың қарастыратын ортақ мәселесі болашақ
ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық
және әлеуметтік негіздерін белгілейді және экологиялық жүйелерге зиянды
әсерін болғызбауға, биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты
ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Экология өрісіндегі алғашқы Халықаралық ғылыми бағдарлама –
Халықаралық биологиялық бағдарлама 60-жылдарда пайда болып жүзеге асырылды.
Ол адамзаттың білім беру жүйесіндегі оқу процесінде экологиялық тәрбие
элементтерін белсенді ендіруге бағытталып, адамзаттың жан-жақты дамуына
ықпал етті. Ол адамзаттың ғылыми, қоғамдық қауіптің таяу арада қалпына
келмейтін ресурстарды тұтынумен мүмкін болатын шектеулердің жойылуына
жақындап келе жатқанын ұғынуына байланысты, барлық білім берудің оқу
процесінде экологиялық тәрбие элементтерін енгізуді жөн көрді. Экологиялық
жай-күйдің ғаламдық, аймақтық және жергілікті қырларын бір-бірімен ашып
көрсету үйренушінің сезімін, сондай-ақ парасатын қозғалысқа келтіруге,
ғылыми ой қорытып, нақты әрекет жасауға, қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік
беретін ол жеке тұлға мәдениеті.
Жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасу мәселесі терең және
ғылыми дәлелденуі мақсатында басты түсініктерінің анықтамасын беруді қажет
етеді. Адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы да ерекше маңызға ие.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында жалпы
білім беретін мектептің экологиялық білім беруге байланысты іс-әрекет
бағдарламасы мен тұжырымдамасында анықталған болатын.
Экологиялық білім беру деп жеке адамның ғылыми білімдер жүйесімен
практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау, қызмет істеуге байланысты бағдар
алатын игіліктерін қоршаған әлеуметтік-табиғи ортаға жауапкершілікті
қалыптастыратын, үздіксіз білім беру, тәрбие беру, дамытудың үздіксіз
процесі деп көрсетілген.
Ал Қазақстан Республикасының Білім беру заңында Экологиялық тәрбие
алған экологиялық білімдер негізінде қоршаған ортаға ұқыпты қарауы мен
табиғат байлықтарын ұтымды пайдалану-деп анықтама берілген [2]. Ал, бұл
болса, оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастырып, олардың
бойына елге, жерге деген сүйіспеншілікті ұялату болап табылады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және
тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын
қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілігін қарайтын құндылықты, мінез-
құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету. Аталмыш негізгі ресми құжаттардағы
экологиялық білім беру туралы мәселелер назардан тыс қалмағаны
байқалғанымен, ол бір, екі адамның атқаратын ісі емес екені, бұл бүкіл
дүниежүзілік ғаламдық мақсат, міндеттерді бірігіп атқаруды көздейді.
Экологиялық білім беру және тәрбие беру тұжырымдамасының қажеттігі бұған
дейінгі аралықта Қазақстанның орнықты дамуын қамтамасыз ететін көптеген
пікірталастардағы өзекті мәселелердің бірі болып жүргені белгілі. Атап
айтатын болсақ:
Ғылыми ілімнің тереңдеп, кеңеюіне байланысты адам мен табиғат туралы
дамудың тенденциялары барлық ғылыми деректерді жеке дара зерттеп аша
алмайтындықтан басқа ғылымдардың теориялық қағидаларына сүйенеді. Осыған
орай педагогика ғылымы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
мәселелерін зерттеуде экология, мәдениеттану ғылымдарының негізгі ұғымдары
мен түсініктеріне жүгінеді. Ең алғаш Экология деген сөзді ғылымға
бірінші болып енгізген (1866) белгілі табиғат зерттеушісі, дәрігер, аса
дарынды неміс биологы ғалымы Э. Геккель. Ол да ғылымға көптеген жаңа
сөздер, ұғымдар қосты. Экология термині гректің ойкос – үй, тұрақ, мекен
және логос – ғылым деген сөзінен шыққан. Тұрақ - мекен туралы ғылым деген
мағынаны білдіреді. Яғни, тірі организмдердің бір-бірімен қарым-
қатынасының байланысын айнала қоршаған ортасымен, тұрағы немесе мекенімен
байланыстыра отырып зерттейтін ғылым [50].
Ал, қазақ кеңес энциклопедия сөздігінде мынадай анықтама беріледі:
Экология өсімдіктер мен жан – жануар организмдерінің қарым - қатынасы мен
олардың құрылу қоғамдастығының өзара және қоршаған ортамен байланысы [51].
Экология-биология ғылымының бір саласы ретінде қалыптасып дамыған. Экология
ғылымының қалыптасуын Ә. Бейсенова, А. Сасакова, Т. Есполов, Ж.
Шілдебаевтың еңбектерінде негізгі 3 кезеңге бөліп қарастыруға болатынын
айтады. Олар:
Бірінші кезең, биоэкологиялық зерттеулердің жаппай сипат кезеңі. Бұл
кезең XVIII ғасырдың аяқ шенін қамтиды. Екінші кезең, экология ғылымының
жеке ғылым ретінде қалыптасу және даму кезеңі. ХІХ ғасырдың басы мен ХХ
ғасырдың 70 - 80 жылдарын қамтиды. Үшінші кезең, экология ғылымының өрлеу
кезеңі [50].
Қоршаған ортаның қандай дәрежеде сақталуы, сол ортада өмір сүрген
адамзаттың да бет-бейнесін ашып отырады. Жиырмасыншы ғасырдың 60-жылдарының
аяғынан бастап Табиғатты қорғау шаралары, одан кейін 70 -жылдардың соңы
мен 80 - жылдарда экологиялық білім мен тәрбие беру ұғымына ауысты.
Қазіргі уақытта экология сөзінің мәні мен биологиялық сипатта ғана қалып
қоймай, бұл ұғымның биологиялық жағы адам өмірінің физиологиялық,
экологиялық және технологиялық, педагогикалық аспектілерін бірлікте
қарастырғанда кең мазмұнға ие болды.
Экология ғылымдар жүйесіндегі орны этноэкология, адам экологиясы,
нооэкология, ғаламдық экология т.б. салаларында көрінеді. Ауыл экологиясы –
ауыл, село, қала тұрғындары мен дүниежүзі халықтарының сандық және
халықаралық қарым-қатынастарды үйлестіру, көпшілікке үздіксіз экологиялық
білім мен тәрбие беру, экологиялық мәдениет, этика, моральдық жағынан
парасаттандыру, адамдардың экологиялық құқын қорғау және этноэкологиялық
проблемаларды жан-жақты зерттеу болып табылады. Ғаламдық экология – табиғи
және табиғи іс-әрекетінен туындайтын биосфера шегіндегі, тіптен күн
жүйесіндегі әлемдік өзгерістер мен құбылыстарды зерттейді. Нооэкология –
адам, табиғат, қоғам арасындағы адами, әлеуметтік, экономикалық және
экологиялық жағдайларды, қарым-қатынастарды бір-бірімен үйлестіре зерттей
отырып, одан туындайтын проблемаларды адамның парасатты ақыл-ойымен шешуді
қамтамасыз етеді.
Авторлар экология ғылымына неғұрлым дәл және қысқа тұжырымдама беруде
бірін – бірі толықтыра отырып, бұл ғылымға толық анықтаманы Э. Геккель
берді: Экология деп табиғат экономикасына қатысты барлық білімдерді-
жануардың оны қоршаған органикалық және органикалық емес ортамен әсіресе
оның өзімен тікелей немесе жанама қатынасын жануарлар мен өсімдіктердің
өзара ынтымақтастық немесе қастастық әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеу
деп түсінеміз. [50].
Қазақстандық ғалымдардың да бұл салаға қосып жатқан үлестері,
зерттеулері аз емес, дегенмен де бұл сала – зерттелуі бітпейтін, анықтауы
таусылмайтын, күнбе-күн жаңадан талап қоя білетін мәселе. Қазіргі кезде
көптеген ғалымдардың қолданып жүрген, нақтылаған анықтама мынау, экология
– қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру
жағдайларын, олардың өзара қатынасын табиғи ортамен байланыстарын
зерттейтін ғылым [50].
Классикалық педагогикада табиғаттың әсем көріністері арқылы жас
ұрпақтарды тәрбиелеу А.Құнанбаев [3], Ы.Алтынсарин [4], Ш.Уалиханов [5],
шығармаларында табиғат пен адам өмірін ажырамайтын біртұтас дүние ретінде
қарастырылған. Табиғат құбылыстарының өзгеріп отыруы заңдылық екенін айта
келіп, табиғатқа сипаттамалар беріп, болашақтың бұрын-соңды болмаған жаңа
дәстүрдің туып орнығуына жол салды.
Оқушылардың қоршаған ортаға саналы көзқарасын қалыптастыру арқылы жан-
жақты тәлім-тәрбие беру, оқу-тәрбие процесін жетілдіру, мектепке кәсіби
білім-білікті жоғары мамандарды даярлау мәселелері Қазақстандық көрнекті
ғалымдардың Қ.Ж.Аганина [8], Б.Р.Айтманбетова [9], А.А.Бейсенбаева [10],
Қ.Қ. Жанпейісова [52], Қ.М.Кертаева [53], Р.М.Қоянбаев [11],
К.Қ.Құнантаева [12], Ж.Ы.Намазбаева [13], Г.Қ.Нұрғалиева [14],
И.Н.Нұғыманов [15], Т.С.Сабыров [54], Ш.Т.Таубаева [16], Е.К.Төлемісов
[55], Э.И.Шыныбекова [17], т.б.еңбектеріне арқау болды.
Қ.Ж. Аганина оқушыларға экономикалық білім берудің дидактикалық
негіздерін қарастыра келіп, экономика мен экологияның сабақтастытығын,
жалпы білім беру мектептерінің оқыту процесінде балаларға экономикалық
негізгі ұғымдарды, түсініктерді, қағидаларды білу және оны өмірде қолдану
қажеттігі туралы баяндайды. Б.Әбдікәрімұлы Кәсіптік білім берудің теориясы
мен практикасы, қазіргі кезде қоғамның әлеуметтік, экономикалық даму
кезеңінде қоғамға білімді, білікті маман даярлау күн тәртібіндегі басты
мәселе екені, оларды жан-жақты дамытып, қалыптастыру өмірде өз орнын таба
білуге жоғары мектептің орнын ерекше атап өтеді [56]. Жас ұрпаққа тәрбие
беруде құндылығы шексіз халық педагогикасын пайдаланудың әдіснамалық
негіздері Қ.Бөлеев [17], Р.Қ.Дүйсембінова [18], С.Қалиев [19],
К.Ж.Қожахметова [20], Ж.Ж.Наурызбай [21], Ә.Табылдиев [22], С.А.Ұзақбаева
[23], қолданбалы салалары Р.М.Айтжанова [24], С.Қ.Әбілдина [25],
Ш.М.Мұхтарова [26], Қ.А.Сарбасова [27], Л.С.Сырымбетова [57] т.б ғылыми
зерттеулерінде қарастырылды.
Қ.Бөлеев қазақтың ұлттық мектебінің қажеттігі , оқушыларға ұлттық
тәрбие беруді жақсарту, мектеп мұғалімдерін және болашақ мұғалімдерді
ұлттық тәрбиеге дайындау проблемасы ағартушы педагогтарының және ғалым
педагогтарының этнопедагогикалық еңбектерінің мазмұндық талдауын арқау
еткен [17]. Қ.Дүйсенбінова қазақ этнопедагоикасын мектептің оқу тәрбие
процесіне ендіру тұжырымдамасын құрып, мектеп практикасына қазақ
этнопедагогикасын білім беру сатыларына қарай ендіру жүйесін жасады. Мектеп-
озық тәжірибенің жинақталуы мен таратылуының алғашқы торабы, мұнда ғылыми
жетістіктер, мұғалімдердің тәжірибесі, олардың шығармашылығы мен еңбек ету
мәдениеті көрнекті байқалатыны жөнінде баяндайды [18].
Қазақ этнопедагогикасы материалдарына (халық шығырмашылығы салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрып, ырым-жоралары, даналық ой-пікірлер мен
көзқарастары, идеялары, халық ілімдері мен идеологиялық іс - әрекет
тәжірибесі) мазмұндық сипаттама беріп, олардың атқаратын міндеттері
танымдық, тәрбиелік, дамытушылық, коммуникативтик, әлеуметтендіру,
ақпараттық функцияларын мектептің оқу тәрбие процесінде жүзеге асыру
мақсатындағы еңбектері бүгінгі күні құнды болып саналады. Қ.Жарықбаев, С.
Қалиев қазақ халық педагогикасы қазақ этнопедагогикасы салалары бойынша
теориялық негіздері мен практикалық мәнділігі жоғары ғылыми әдістемелік
тұстары, қазіргі кезде өте жоғары бағаланып жүрген еңбектердің бірі қорғау
тақырыптарда әдістемелік зерттеулер мен практикалық тәжірибелер туралы
қарастырылды. К.Ж.Қожахметова алғаш рет қазақ этнопедагогикасының теориялық
әдіснамалық негізін қалап, жоғары мектеп студенттерінің этнопедагогикалық
білім беру тұжырымдасын жасады. Қазақ этнопедагогикасының әдістері, түрі,
құралы, мазмұнының мәнін анықтады. Қазақ этнопедагогикасының құрылымдық
моделін құрды [20]. Ж.Ж.Наурызбай мәдени-этникалық білім беру педагогикалық
теориясы, мәдени-этникалық білім беру: педагогикалық тәжірибе. Мәдени-
этникалық білім беру: өмірге ендіру механизмі, этникалық мүддені жүзеге
асырудың жайы, мәдени этникалық білім беру және педагогика ғылымының
міндеттері, ұлттық тәлім - тәрбиенің ғылыми әдістемелік негізін қарастырды.
С.А.Ұзақбаева қазақ халық педагогикасында эстетикалық тәрбие беру туралы
құнды еңбек жазды. Қазақ халқының ұлттық мәдениетіне негізделген
оқушылардың эстетикалық тәрбие тұжырымдамасын жасады. С.Қ.Әбілдина Халық
қазынасының тәлімдік тағылымы, Казақ халқының ауызекі шығармашылығы
арқылы бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуге болашақ
мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру туралы қарастырса, Ш.М.Мұхтарова
Жоғары оқу орнының оқу тәрбие процесінде студенттердің ұлттық сана
сезімін қалыптастыру туралы ғылыми жаңалығы, Қ.А.Сарбасованың қазақ
этнопедагогикасы материалдарын математиканы оқыту әдістемесінде пайдалану
жөнінде еңбектері бар.
Сол сияқты экологияның білім мен тәрбие беру проблемасын шешуде
Республикада Ә.Бейсенова [58], Қ.Н.Сарыбеков [59], Д.Н.Сарыбеков [60],
Ж.Б.Шілдебаева [61], т.б ғалымдар ғылыми жұмысты орындау барысында жас
өспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие саласында көптеген ғылыми
зерттеулер жүргізген.
60-70 жылдары оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеу идеясының пайда
болу, қалыптасу кезеңі етек алады.
А.Н.Захлебный [33], И.Д.Зверев [34], П.В.Иванов [62], экологиянық
білім мен тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын қалыптастырды, мазмұнын
анықтады. Яғни оқыту мен тәрбиені ұштастыру негізінде тартымды нәтиже
берілетіні анықталды.
Теориялық және ғылыми ізденуде зерттеу мәселесіне сай жазылған
еңбектер мен ғылыми зерттеу жұмыстарын көптеп кездестірдік. Әрбір қоғамда
материалдық-экономикалық формасының алмасуымен одан туындайтын оқыту мен
тәрбиенің мәні, мазмұны, жүйесі өзгеріп отыратыны белгілі, олай болса,
адамзатты тұтас педагогикалық процеске жетелейтін мәдениет, ол ғылымның әр
саласында көрініс табады. Өлкетану жұмыстарында экологиялық білім беру
ретінде мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастырудағы қазақ
халық педагогикасы материалдарын пайдалануда олардың қоршаған ортамен
байланысының әр түрлі әрекеттеріндегі педогогикалық процесті айтуға болады.
Мектеп оқушыларына экологиялық білім беруде өлкетану түрінде қарау
жалпы негізде мойындалған болып саналады.Оны іске асыру әдіс-тәсілдерінің
көптеген түрлеріне отандық және шетелдік мамандар тілге тиек еткен.
Өлкетануды танып-білуге ұстанған бағыт 70-жылдары экологиялық білім беру
мәселесін шешуге мүмкіндік берді және мектепте экологиялық білім беруді
дамытты.
Өлке дегеніміз аймақтық көлемдегі жер ол әкімшілік түрде болады.
(облыс, республика, өлке) [63]. Мектептегі экологиялық өлке тануда бұл
түсінік экологиялық проблемалардың локальді және аймақтық деңгейін қамтиды
және олардың арасындағы әрекеттестікті талап етеді. Әкімшілік шегінде
ғылыми зерттеулер жүргізіледі және табиғатты пайдалану бойынша нақты
бетбұрыстар қабылданады, ол мектептегі экологиялық білім беруге қажетті
ақпараттар береді. Жергілікті- ол адамның өзі өмір сүріп жатқан жері және
табиғатпен әрекеттесу орны. Жергілікті оқыту ортасы ретінде қолданылуы
мүмкін, яғни оқушылардың тәжірибелік жұмысы болып табылатын ізденістік
жұмыстар жүргізу орны болып табылады.
Өлкетану термині алғаш рет 1914 жылы тарихшы-әдіскер В.Я.Уланов және
Сібірлік мұғалім-географ В.Н.Мальков қолданды [64].
Өлкетану – елдің бір бөлігі, қаланың, ауылдың, басқа да поселкенің
тұрғылықты жердің тұрғындары үшін туған өлке болып табылатын территорияны
жан-жақты оқып үйренуі.
Мектептегі өлкетану – мектептегі оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу
міндеттерімен сәйкес келетін оқу процесінде, сабақ және сабақтан тыс
жұмыста оқушылардың туған өлкесін жүйелі, жан-жақты тануы [65]. Мектеп
өлкетануы теориясының дамуын И.В.Ивановтың Краеведение и системы учебной и
воспитательной работы средней общеобразовательной школы атты докторлық
диссертациясы және Педагогические основы школьного краеведение деген
1966 жылғы монографиясы үлкен үлес қосты.
Өлкетану – белгілі бір өңірдің табиғатын, халқын, шаруашырығын,
тарихын, мәдениетін зерттеумен шұғылданатын ғылым мен мәдениет саласы.
Кешенді өлке осылардың бәрін бір-бірімен байланыста қарастырады, салалық
өлкетану географиялық, тарихи, этнография, топоним т.б. болып бөлінеді.
Өлкетанудың негізгі міндеті - өлке жөнінде түрлі ақпараттар, материалдық
ескерткіш үлгілерін т.б. мәліметтер жинақтау [64]. Өлкетану - мұғалімнің
басшылығымен оқушылардың туған өлкесінің (мектеп алаңы, ауыл, аудан, қала,
облыс, өлке, Қазақстан) табиғи, әлеуметтік, экономикалық және тарихи
жағдайларын жан–жақты зерттеуі. Осы арқылы оқу мен тәрбиенің өмірмен,
қоршаған дүниемен тығыз байланыста қарастырудан туады [62].
Өлкетану ұғымын түсіндіруде көптеген авторлар оның белгілі бір
территория туралы мағлұмат жинау ғана емес, сонымен қоса бір факторлардың
екінші факторларға әсерін анықтау, яғни сол жердегі өмірдің және табиғаттың
кешенді көрінісін беру екенін дәлелдеуге ұмтылады.
Өлкетану жұмыстарын мектептің экологиялық жүйесінің негізі мен
бірізділігі нақты іс-әрекеттер барысында іске асыруды қамтиды. Аталған
жұмыстарды жүргізу, яғни мектептегі экологиялық өлкетану ретінде пәнаралық
педагогикалық процесс, қазақ халық педагогикасы құралдарын пайдалану,
оқушылардың бұрынғы және бүгінгі күнгі экожүйемен танысуға бағытталған
әрекеттерінің бірлігін ұйымдастыру, аймақтық проблемалармен байланысты
жергілікті экологиялық өлке проблемаларын анықтау, оларды шешудің жолдары
мен оқушыларға оны жетілдіруге болатын шешімдері мен жолдарын іздестіруден
тұрады.
Өлкетану жұмыстары педагогикалық феномен ретінде екі педагогикалық
саланың тоғысында тұр: мектептегі өлкетану және оқушыларға экологиялық
білім беру. Сондықтан, бір жағынан, экологиялық бағыттағы өлкетану мектеп
балаларының экологиялық білім алу компоненті болса, екінші жағынан, ол
мектепте өлкетану жұмысын жүргізудің бір бағыты, сондықтан оның өзіндік
ерекшелігі аталған саладағы білімге тән терминдерде көрсетілген.
Өлкетанудың мектеп оқушыларына экологиялық білім берудің негізі
(факторы) ретіндегі рөлін қарастыру барысында екі мәселе анықталады:
1. ғылыми-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мектепте
өлкетанудың және экологиялық білім беруді талдауының алғы шарты;
1. өлкенің экологиясы, оның ішінде: өлке, жергілікті жер;
2. өлкетану, өлкетану принципі, өлкетану жұмысы, өлкетану
жұмыстары байланыстарының бірнеше түсініктері негізін анықтау.
Мектептегі экологиялық өлкетану проблемасын қарастырудың әдістемелік
негізіне кеңестік уақыттағы экологиялық проблема мен тұрақты даму
ерекшеліктері жатады.
Ғаламдық экологиялық жағдай мәселелеріне арналған зерттеулерде
қазіргі заманғы қоғам мен табиғаттың өзара әрекеттестігінің ерекшелігі
сарапталады. Оларға мыналар кіреді:
а) антропогенді әсер ету орны болып жер шарының барлық саласы-қатты,
газдық, су, биотоптық, ғарыштық салалары саналады; ә) экологиялық қарама-
қайшылықтар барлық жер шарын қамтиды; б) адамзат әрекеті әлемдік көлемдегі
көптеген табиғат тепе – теңдігіне әсер етеді.
Аталған проблемаларды жер бетінің экологиялық дағдарысқа қатыстылығын,
жекелеген аймақтардың экологиялық жағдайларын теріске шығарудың қажеттігі
жоқ, алайда осы мәселелерді сөз ете отырып негізгі проблемаларды анықтап
алу мақсаты туындайды:
- қоғам мен табиғат – бір жүйе элементтері, адамзат қоғамы – табиғаттың
даму нәтижесі;
- жүйедегі сабақтастарушы звено ретінде табиғатты пайдалану жүйесі
байланыстырушы болып табылады, мұның ішіне өндіру және пайдалану да кіреді,
табиғатты пайдалану процесі табиғат компоненттерін қайта өңдеумен
байланысты, адамдарға қажетті тағамдарды қолдану және көп немесе аз көлемде
қалдықтар шығарумен байланысты, осының барлығы қоршаған ортаны өзгертеді;
- биологиялық қорды көп алу және оны өзгертуді арттыру, табиғи жүйені
жасанды және техногенді жүйемен алмастыру өмір сүрудің түрлілігін азайтады,
экологиялық жүйенің күрделілігін кемітеді;
- қандай да бір табиғи ортаның тұрақтылығы көбіне оның күрделілігіне
байланысты, сондықтан табиғи ортаның өзгеруі теріс ықпал, оның ішінде
адам мен оның денсаулығына зардаптар әкелуі мүмкін.
Адамзаттың проблемасы болып табылатын экологиялық проблемалар әр
деңгейде қарастырылады. Әр автор ғаламшарлық, аймақтық, ұлттық мемлекеттік,
локальді және жергілікті деңгейлерді көрсетеді. Аталған мәселенің аумақтық-
уақытша ерекшеліктері бұл мәселені қарастыру жолының ерекшелігінен
көрінеді. Жергілікті деңгей локальды деңгейішілік болады. Ұлттық деген
термин халықаралық деп есептелінеді және ол проблема көбінесе мемлекет
тарапынан өзара әрекеттесу арқылы шешіледі. Бұл жерде де мемлекеттік
терминін көптеген көпұлтты мемлекет тұрғысында қолдануға болады.
- локальды (жергілікті және оның маңайы)
- аймақтық (облыс, республика, өлке, елдің аймағы)
- ғаламшарлық (жер шары, биосфера, оның белгілі бөлігі)
Осы орайда тағы бір ерекшелікті атап өткен жөн. Экологиялық таяу арада
мәселені шешудің практикалық қадамы локальды деңгейде алдын алады, бірақ
жоспарлау барысында жоғары деңгейдегі өзекті проблеманы түсініп, біліп
алуды қажет етеді.
Өлкетанудың арақатынастарын айыру үшін мына түсініктерді ара жігін ашып
алуымыз қажет: өлке, аймақ, жергілікті жер, ландшпфт, өлкетану.
Педагогикалық жұмыстарда кең мағынада мына терминдер көп қолданылады:
экологиялық өлкетану, экологиялық білім беруде өлкетану принциптері,
экологиялық өлкетану тұрғысынан келу, экология-өлкетану іс-әрекеті,
экологиялық білім беруде аймақтық тұрғыда қарастыру. Аталған терминдердің
мазмұнын түпкілікті ашуға белгілі дерек көздердің жоқтығы себеп болды, көп
жағдайда синоним ретінде қолданылады. Педагогика негізін дерекнамалар мен
әдебиеттерді оқып үйрену бойынша мектеп өлкетануы және оқушыларға
экологиялық білім беруде аталмыш түсініктердің мағынасын ашуға мүмкіндік
берді.
Осыдан келіп өлке, кіші Отан табиғатын қорғайтын тәрбиелі, тәртіпті,
мәдениетті тұлғаны дамытып, қалыптастырып алу міндеті жүктеледі. Сол
себепті біз мәдениет дегеніміз не? және мәдениеттанудың қандай сұраққа
жауап беретінін талдау қажеттігі туындайды.
Мәдениеттану сөздігінде мәдениетке мынадай анықтама беріледі: Мәдениет
адамдардың әлеуметтік болмысты сақтау мен жаңарту жөніндегі қызметі және
осы қызметтің жемістері мен нәтижелері [65].
Философиялық сөздікте мәдениет- адамзаттың болмыс пен сананың барлық
салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылық қызметі, бұл қызмет
адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға
бағытталатыны көрсетілген [66]. Философиялық энциклопедиялық сөздікте
мәдениет ұғымы қайта өңдеу, тәрбиелеу, білім беру; материалдық және
рухани еңбектің нәтижесінде мекемелер мен әлеуметтік нормалар жүйесінде,
рухани құндылықтарда, адамның табиғатқа, бір-біріне және өзіне деген
қатынастарының жиынтығында көрініс беретін амал-жолы ретінде сипатталған
[67].
Мәдениет-ағартушылық, білімділік, тәрбиелік деген анықтама орыс тілі
сөздігінде берілген [68]. Педагогикалық тұрғыдан мәдениет адамдардың
бірлесе ғылыми, моральдық-әлеуметтік, көркем және техникалық құндылықтар
жасаудағы қарым-қатынастар жиынтығы.
Мәдениет түсініктемесіне екі аспекті кіреді: материалдық және рухани.
Материалдық мәдениетке адам қаншалықты тұрмыста пайдалана алатын еңбек
құралдары (киім-кешек, жиһаз, ыдыс-аяқ) жатады. Рухани мәдениет
–адамгершілік саласында, шығармашылық өмірде, ғылымда, ізгілік аймағында
адам іс-әрекеттерінің нәтижелер жиынтығы.
Мәдениеттілік - әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі.
Ұлттық мәдениетті қастерлеу-мәдениеттіліктің белгісі. Әдеп сақтау, әдеппен
сөйлеу, көрегенділік белгісі, жан тазалығы, тән тазалығы мәдениеттілік
болып табылады [69]. Мәдениет ұғымына берілген анықтамалардың қай-қайсысын
алып қарастырсақ, адам баласының адам болып дүниеге келгенінен бастап өмір
бойғы азығы екені, оқу-тәрбие барысында небір құндылықтарды оқушылардың
бойына сіңіру, жан-жақты тұлғаны қалыптастыру, осы мәдениеттілікке
байланысты білім, ғылым меңгерту болып табылады.
Ғалым Ж.Ж.Наурызбаев: Көп мәдениет иесіне тән ерекшелік географиялық
сана болуы тиіс. Шын мәнісінде мәдинетті адам болу үшін планеталық,
ғаламдық, экологиялық саналар денгейіне самғаумен бірге кіндік кескен жер,
туған өлке, Отан, өз шаңырағын қастерлеу сезімімен қатар тыныстау парыз.
Географиялық сана елтану, этнография, экология пәндері арқылы да дариды.
Аталған пәндер этнос пен мәдениет проблемаларымен өрістес болғандықтан,
мәдени этникалық оқыту мен тәлім тәрбие ісінде ерекше маңызға ие. Бұл -
ғылым мен білім берудің мәдениет экологиясы, адам экологиясы, рухани дүние
экологиясы, имандылық экологиясы секілді жаңа бағыттары туралы әңгіменің
басы ғана - дейді [21].
Зерттеуші ғалымдардың педогогикалық ой-пікірлері, мәселен, Э.С. Маркарян
бойынша оның ішінде мәдениет табиғаттың адам үшін мәнділігін жоймайды, оған
деген қарым-қатынасын да жоққа шығармайды керісінше адамның табиғатпен
байланысының ерекше формасы болып табылады. Мәдениет ең алдымен тарихи даму
процесінде оның белгілі бір баспалдағына мейілінше айғақталатын адамның
табиғатқа деген қарым–қатынасы туралы ой түйеді.
Экологиялық мәдениет табиғи қоршаған ортамен қарым- қатынастағы адам
тіршілігінің мұра болып қалатын таза тұрмыс қалпына, тұрақты әлеуметтік,
экономикалық дамуына, елдің және ер адамның экологиялық білім мен тәрбиесі
деңгейі байланысты қаланады.
Э.В.Гирусовтың айтуынша экологиялық мәдениет- қоғамның материалдық және
рухани құндылықтардың бірлігі сондай-ақ, табиғи ортаны сақтауға бағытталған
әрекеттердің бірлігі [37]. Сөйтіп, мәдениеттің мәнін адамның өзіндік
материалдық және рухани қажеттілікке жетелейтін іс-әрекетке байланысты
туындайтын өнім деуге болады.
Жоғарыда көрсетілгендей, экологиялық проблеманы шешуде білім
жеткіліксіз, сондықтан да жеке тұлғада адам мен табиғаттың үйлесімді қарым-
қатынасын қамтамасыз ететін экологиялық мәдениет білімді белсенділікке,
нақты іс-әрекетке бағыттайтын құрал қызметін атқарады.
Осыған байланысты жиырмасыншы ғасырдың екінші жартысында экологиялық
мәдениетке тәрбиелеу қажеттігі айқындалады. Ол, бір жағынан орта
мектептерде экологиялық білімнің енгізілуіне, ал, екінші жағынан
экологиялық дағдарыстың тереңдеп қоршаған ортадағы үйлесімділіктің
бұзылуына байланысты болады.
Мәдениет экологиясы терминін ең алғаш рет академик Д.С. Лихачев
1980 жылы ұсынды. Оның пікірінше, адамгершілік факторынан құралған адам
тіршілігінің объективі негізгі-мұраларды сақтау, сол себепті мәдениет
экологиясын адамгершілік экологиясы ретінде қарастырады. Мәдениет
экологиясының заңдарын сақтамаған жағдайда ол-қоғамның адамгершілік ,
рухани жағынанқұлдырауына әкеліп соқтыратындығын ескертеді [39].
Табиғат пен адам арасындағы өзара қатынастың өздеріне тән мінез-құлық
ережелері бар. Д.С. Лихачев әлеуметтік екі мәдениеттің қарым- қатынасын
қарастырады. екі мәдениет-тарихи дамудың, жемісі, оның ішінде адам
мәдениеті табиғаттың ықпалымен дамыса, ал табиғат адам мәдениетімен тығыз
байланысты,-дейді [39].
Экологиялық мәдениеттің анықтамасын И.П. Сафронов толықтыра түсті . Ол
экологиялық мәдениетті рухани құндылықтарды, әлеуметтік институттардың
барлық түрлерінің жүйесін және белгілі бір әлеуметтік бірліктің
шеңберіндегі табиғатты танып білумен , меңгерумен және жаңартумен тікелей
байланысты адам іс әрекетінің нәтижесін көрсететін, адам, қоғам мен
табиғат арасындағы қарым-қатынастардың сипаты мен саналық деңгейін
білдіретін жалпы мәдениеттің арнайы бөлігі ретінде анықтады [42]. Біздің
ойымызша, экологиялық мәдениет салыстырмалы жаңа ұғым, ол дүниежүзілік
мәдениеттің маңызды кезеңі және құрамды бөлігі деп түсінуге болады. Бұл
жағдайда экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы экологиялық
қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды
қамтамасыз ету қажеттігін түсіндірумен тығыз байланысты екенін көрсетеді.
Ғалымдар А.Н.Захлебный [33], И.Д.Зверев [34], И.Т. Суравегина [35]
экологиялық білім мен тәрбиенің міндеті - табиғатты қорғаудың қоғамдық
қажеттілігін тұлғаның ішкі қажеттілігі мен қызығушылығына толығымен
өзгерту деп көрсетеді. Осыған байланысты табиғатты қорғаудың қоғамдық
қажеттілігін ұғынуды экологиялық білім, сана-сезім, сенім, іс-әрекет
деңгейінде жүргізіп, олардың өзара байланыстылығын жүзеге асыру қажет
екендігін дәлелдеді. Отандық ғалым К.И.Исламқызының өз зерттеуінде
Экологиялық мәдениет қоғамның табиғи ортамен ғана емес, әлеуметтік
тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттайтын, барлық рухани өмір
мен істе көрініс табатын адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі және
табиғаттың құндалығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық
саналылықпен, экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік
қарым–қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше қасиеті деген анықтама берді
[70].
Экологиялық мәдениет –жалпы мәдениеттің ажырамас бөлігі ретінде
табиғат қорғауға, табиғат ресурстарын үнемді пайдалануға, табиғат
байлықтарын қалпына келтіруге байланысты жеке тұлғаның экологиялық білімі,
іскерліктері, көзқарастары, сенімнің және табиғи ортаға практикалық іс
әрекетінің жиынтығы,-деп Ж.Р.Жексембаева еңбегінде арқау етеді [71].
Ғалымдардың педагогикалық ой-пікірлері бойынша, экологиялық мәдениет
-жалпы дүниежүзілік мәдени дамуының құрамдас бөлігі және кезеңі болашақта
адамзаттың дамуына игі әсер ететіні өткір, терең өмірдегі барлық жалпы
маңызды экологиялық проблемалармен сипатталады. Бұл анықтамада ерекше
назар аударатын тұс – экологиялық мәдениеттің жеке ұлттық немесе
ұлтаралық деңгейде емес, бүкіл дүниежүзілік деңгейдегі адамзатқа әсер
ететін проблемалар қатарында сипатталуында.
Сөйтіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетін қалыптастыруда адам мен
табиғаттың экологиялық байланысының екі жолы көрінеді, олардың
физиологиялық және психологиялық байланысты адам денсаулығына әсер етеді.
Бұл байланыстың бұзылуы соңынан физиологиялық және психологиялық
үрдістерінің тепе-теңдік биоритімдік өзара қатынастардың бұзылуына әкеп
соғады да, осыдан адам мен табиғаттың өзара байланысы бұзылады. Олардың
қайта жаңғыртылуы табиғаттың бірыңғай аурасын қалпына келтіреді, психикалық
және физиологиялық жүйеге әкеледі. Рухани адамгершілік –эстетикалық
байланыстар адамның рухани жай күйіне әсер етеді.
Мақсатқа лайықтылық, табиғатқа сәйкестік, үндестік және әсемдік
адамдар үшін адамгершілік –эстетикалық қанағаттануы және тазаруы болып
табылады.
Осы екі байланыс жолдары тұлға қалыптасуының физиологиялық, рухани,
адамгершілік эстетикалық салауаттану функцияларын атқарады.
Негізгі мәселені анықтау барысында табиғат экологиясы түсінігінің
анықтамасын қарастыруымыз керек. Осы анықтаманы біз экологияның жеке саласы
ретінде түсінеміз табиғат обьектілері өнімдерін зиянсыз өңдеу, ағзаның,
құбылыстардың процесс пен айналымдарын, үйлесімді байланыс заңдылықтарын,
тәуелділіктерін, тәуелсіздіктерін, өзара білімділіктерінің, қосылыстарының
нұқсансыз функция атқаруы мен қамтамасыз етушілік табиғаттан толық құнды
даму мен тіршілік етуін қамтиды.
Табиғат экологиясы әлеуметтік экологиядан айырмашылығы бар
сала әлеуметтік экология мәнін анықтаған. Бұл - адамзат қауымдастығы мен
қоршаған географиялық-кеңістік аралықтарындағы қатынастарын, әлеумет пен
мәдени орта, тікелей және жанама кәсіби іс-әрекет ықпалы қоршаған орта
құрылымы мен антропогенді экологиялық факторлардың ықпалы, әсіресе
ландшафтардың урбанизациялануы денсаулығын зерттейтін ғылым деген анықтама
береді [50]. Сонымен табиғат және әлеуметтік экология тепе-теңдікті ұстау
табиғатты және адамды қорғауды жүзеге асыру тек қана қамқорлық ретінде
қарастырмау керек, құтқару жаңару, жалғыз таза ортаның кеңеюі, адамға
пайдалы ауа, су, өсімдік жан-жануар әлемі, озон қабаты, әлемдік мұхит,
қанағатты радиациялық фон, азаматтарды әлеуметтік, құқықтық қорғау,
бейбітшілік сияқты құндылықтарды қайта жаңарту бағытында да анықтайды.
Осыған байланысты экология үшін адам алдымен өз-өзіне қарау, күш-
қуат жинау, саналы экологиялық бағыт пен тәртіп орнату болып табылады. Егер
де жас кезінен бастап адамның экологиялық мәдениетін калыптастырса, тек
сонда ғана осының бәрі нақты іске асырылады. Экологиялық мәдениет
компоненттерінің бірі болып экоорталық типтің экологиялық санасы болып
табылады. Осындай экологиялық сана типінің сипаты: экологиялық сәйкестікке
мақсаттылық бағыттылық, адам мен табиғатарасындағы қарама-қайшылықтың
болмауы. Табиғат обьектілерінің толық құқықтығы, субьектілерді лайықты
қабылдауы, адаммен өзара қарым-қатынас партнері, табиғат пен прагматикалық
және прагматикалық емес әрекеттесу теңдігі.
Экологиялық мәдениет компоненттерінің бірі болып саналатын экоорталық
типінің бірі-сана. Жан-жақты мәдениетті тұлға тарихи санамен қатар айқын
географиялық санамен, ғаламдық, экологиялық санамен, сонымен бірге туған
өлке, кіші Отан, туған жер, шаңырақ санасымен қарулануға тиіс,-деп
көрсетілген [21]. Жан-жақты дамыған жеке тұлғаның бойындағы бөлінбес бір
құрылым - экологиялық мәдениет, ол неғұрлым кең түсінік, ол-бірнеше
маңызды, әрі өзара байланысқан экологиялық жауапкершілік және экологиялық
сенім арқылы қалыптасқан.
Табиғатпен қарым-қатынас барысында және экологиялық білім алу
нәтижесінде адам бойында жеке ғылыми экологиялық сана қалыптасқан [72].
Экологиялық сананы психиканың білім мен нақты бір құндылықты
елестетумен байланысты күнделікті өзін-өзі ұстау мен қоршаған ортамен
әрекеттесу барысында оны қорғаумен байланысты эмоционалдық белгілердің
аспектісі ретінде қарауға болады.
Экологиялық сана – адамның табиғатпен әлеуметтік міндетті шешпес
бұрын оның артықшылығын сақтау арқылы әрекеттесуінің үздіксіз байланысы
[37].
Демек, экологиялық сана – қалыптасу үстіндегі қоғамдық сананың
формасы, оған қоғамдық тұрмыстың экологиялық көрініс беретін идеялар,
теория мен қөзқарастар, сенім, эмоция мен қызығушылықтар бірлігі кіреді,
атап айтқанда - адам мен табиғаттың ортасының нақты саясатын, қоғам-
табиғат жүйесіндегі оптималды жүйеге жетуге бағытталған кешенді реттеу
принциптерін қамтитын және өзін-өзі ұстауды көрсететін қоғам мен табиғат
саясаты кіреді.
Экологиялық сана экологиялық заңдардың негізі, экологиялық заңдарды
тануды, табиғат-қоғам жүйесіндегі табиғи және әлеуметтік заңдардың
сәйкессіздігі ретіндегі қарама-қайшылықтар себебін түсінуді, ғаламдық
экологиялық апатты тануды және одан туындайтын эколгиялық дағдарысты,
экологиялық интегративті үйлесетін және қоршаған ортаға өзіне қарағандай
қарауды қалыптастыратын мақсатты түрде әрекет ету түрін таңдайды.
Экологиялық санаға экологиялық білім: жануарлар әлемі мен өсімдіктер
әлемінде болып жатқан фактілер, мәліметтер, қорытындылар өзара іс
әрекеттерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Қазақстанда үздіксіз экологиялық білім беруде этноэкологияның орыны
Орта оқу орындарында география пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру
Мектептерде география мен өлкетануды байланыстыра оқыту негіздері
Экология ғылымының басқа салалармен байланысы
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Биология сабағында және сабақтан тыс кезде экологиялық құзыреттілікті қалыптастыру мәселелері
Бастауыш сыныптарда қолданылатын тәрбие технологиялары
Пәндер