Adobe photoshop редакторы туралы жалпы түсінік



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 ADOBE PHOTOSHOP РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 1.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Құрал.саймандар тақтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Adobe Photoshop программасының стандартты палитралары ... ... ... ... ...24
1.4 Құжаттармен жүргізілетін амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
2.1 Мәтіндік әсерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
2.2 Қағаздан қар бүршігін жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35
2.3 Фотосуретті суретке айналдыру 38
2.4 Ескі фотосурет әсерін орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...39
2.5 Адамды басқа кеңістікке ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.6 Штрих.код құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .47
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 ADOBE PHOTOSHOP РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 1.1 Adobe
Photoshop редакторы және оның
интерфейсі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..5

1.2 Құрал-саймандар
тақтасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .10

1.3 Adobe Photoshop программасының стандартты
палитралары ... ... ... ... ...24

1.4 Құжаттармен жүргізілетін
амалдар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

2 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

2.1 Мәтіндік
әсерлер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..30

2.2 Қағаздан қар бүршігін
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
35

2.3 Фотосуретті суретке айналдыру 38

2.4 Ескі фотосурет әсерін
орындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..39

2.5 Адамды басқа кеңістікке
ауыстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41

2.6 Штрих-код
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .45

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 47

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .48

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың күрт дамуы сабақты өткізудің
жаңа тәсілін, яғни қашықтықтан оқытуды енгізуге мүмкіндік беріп отыр. Ол
біріншіден, оқып үйренушіге уақытты үнемдеуге және оқып үйренетін орынды
таңдауға, екіншіден, қандай да бір себептермен дәстүрлі түрде оқып білім
ала алмайтындарға өз бетімен білім алуға, үшіншіден, жаңа ақпараттық
технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді, төртіншіден, оқуға кететін
шығынды әлдеқайда азайтады.
Оқытушы бағдарламалардың және электрондық оқулықтардың бүгінгі таңда
оқу үрдісіне енгізілуі білімгерлерді өз бетімен және қашықтықтан білім
алуға жетелейді, колледждерде компьютерлік графика мүмкіндіктерін оқыту
әдістемесі бұл тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты объектілі-бағытталған Delphi бағдарламалау
тілінің және Snagit мультимедиялық бағдарламасының көмегімен компьютерлік
графика бағдарламаларының бірі AdobePhotoshop графикалық редакторы бойынша
оқытушы бағдарлама құру, сонымен қатар лабораториялық жұмыстарды
орындаудың әдістемесін жасау. Мақсатқа жету үшін келесі міндеттер
анықталды:
• графикалық редактор туралы арнайы оқулықтарды қарастыру және оқып
үйрену;
• AdobePhotoshop графикалық редакторында жұмыс істеу мүмкіндіктерін
жетілдіру және анықтау, лабораториялық жұмыстарды даярлау;
• AdobePhotoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және
электрондық оқулықты жасау ісіне қойылатын талаптарды анықтау,
Photoshop редакторы бойынша оқытушы бағдарлама және электрондық
оқулық даярлау.
Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Бірінші бөлімде AdobePhotoshop редакторының интерфейсіне, құрал-
саймандар тақтасына, палитралар тақтасының түрлеріне сипаттама беріледі,
сонымен қатар редактордың түстік модельдері, құжаттармен жүргізілетін
амалдар қарастырылған.
Екінші бөлімде AdobePhotoshop редакторын оқып үйренуге арналған
лабораториялық жұмыстардың әдістемелік нұсқаулары берілген.
Қорытындыда курстық жұмысты дайындау үрдісіндегі орындалған маңызды
әрекеттер, жұмыстың жалпы нәтижелері, оны қолданудың ерекшеліктері мен
тиімділігі баяндалған.
Қосымшада оқытушы бағдарламаның программа коды берілген.

1 ADOBE PHOTOSHOP РЕДАКТОРЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1 Adobe Photoshop редакторы және оның интерфейсі

Дербес компьютердің пайда болуы көптеген мамандықтарды өзгертті. Баспа
ісінде үлкен төңкеріс болды. Компьютерлер жеткілікті дәрежеде мықты болып
және сапалы шығару құрылғылары пайда болғаннан кейін жариялау (публикация)
істерін автоматтандыратын программалар дами бастады. Олар үстел–үстілік
баспасөз жүйелері (DTP – Desktop Publishing). Бұл салада көп жылдар бойы
Adobe Systems Inc компаниясы көшбасшы болды. Ол беттерді сипаттау тілі
PostScript-тің программалық және аппараттық интерпретаторларын жүзеге
асырады. PostScript тілі бейнені шығарудың жоғары сапалы құрылғыларын
пайдаланады. Photoshop, Illustrator, Frame Maker, InDesign, Acrobat және
т.б. қазіргі заманғы баспасөздің программалық қамсыздандыруының тамаша және
мықты жиынтығын құрады. Adobe компаниясы уақыт талабына және компьютердің
дамуына қарай баспасөз программаларының дестесін үнемі жаңартып отырады.
Adobe Photoshop программасы графикалық редакторлар арасында өзінің кең
мүмкіндігі, жоғары тиімділігі және жұмыс жылдамдығы арқасында көшбасшы
болып табылады. Программа бейнені жөндеу, баспаға шығару мүмкіндіктеріне
ие. Программа Web-дизайн және электрондық жариялауларда кеңінен
қолданылады. Adobe Photoshop редакторы растрлық графиканы (bitmapped
images) жөндеуге және құруға арналған. Программа фотосуреттер және
коллаждар, соның ішінде слайд және мультипликация, Web-беттер үшін
бейнелермен, кинокадрлармен жұмыс істеуге арналған [1].
Photoshop программасын жүктеу бірнеше әдіспен орындалады.
1-әдіс. Жұмыс үстелінің тапсырмалар тақтасында орналасқан Пуск
(Start) батырмасын шертіп ашылған мәзірден Программы (Programs), одан кейін
Adobe Photoshop командасын таңдау керек.

1.1-сурет. Adobe Photoshop программасын жүктеу

2-әдіс. Windows-тың Проводник терезесінде Adobe бумасын, содан кейін
онда Photoshop бумасын таңдап онда Photoshop белгісіне екі рет шерту
керек.

1.2-сурет. Photoshop бумасының көмегімен программаны жүктеу

3-әдіс (ең тез және ыңғайлы). Photoshop үшін жарлық құру қажет. Ол
үшін Adobe бумасында орналасқан Photoshop бумасын ашып, Photoshop
таңбашасына барып тышқанның сол жақ батырмасын басып тышқан батырмасын
жібермей жұмыс үстеліне апару керек. Photoshop программасы жұмыс
үстеліндегі жарлықты шерту арқылы жүктеледі.
Интерфейс элементтері. Программаны жүктегеннен кейін экранда Photoshop
программасының негізгі терезесі пайда болады. Программа интерфейсінің көп
элементтері стандартты, әр қосымшада тақырып жолы (1), мәзір жолы (2),
опциялар тақтасы (3), құрал-саймандар тақтасы (4), палитралар (5), қалып-
күй жолағы (6) болады. Программа терезесінде тақырыбы бар бейне құжатының
терезесі орналасқан (7). Программа терезесінің тақырыбы (8) батырмасына
шерткенде келесі командалары бар жүйелік мәзір ашылады: Қалпына келтіру
(Restore), Орын ауыстыру (Move), Өлшем (Size), Бүктеу (Minimize), Қайта ашу
(Развернуть) (Maximize), Жабу (Close). Құжат терезесінің (9) тақырып
батырмасына шерткенде Келесі (Next) командасымен толықтырылған жүйелік
мәзір ашылады. Келесі командасы бірнеше құжат ашық болған кезде басқа
құжатты белсенді ету үшін қолданылады. Жүйелік мәзірдің Бүктеу, Қайта
ашуҚалпына келтіру, Жабу командалары да программа (1) және құжат (7)
тақырыбының оң жақ бөлігінде батырмалар түрінде келтірілген. Егер программа
тақырыбында Бүктеу (10) батырмасына шертсе программа терезесі бүктеледі де
тақырыптар тақтасында Adobe Photoshop батырмасы пайда болады. Тақырыптар
тақтасында орналасқан Adobe Photoshop батырмасына шерткенде терезенің
бұрынғы өлшемі қалпына келеді. Егер құжат тақырыбының Бүктеу (11)
батырмасына шертсе, онда құжат терезесі бүктеледі және программа
терезесінің сол жақ төменгі бұрышына орналасады. Егер Қалпына келтіру (12)
батырмасына шертсе, құжат терезесінің бұрынғы өлшемі қалпына келеді.
Программа (12) және құжат (13) тақырыбының Қайта ашу батырмасының көмегімен
терезе өлшемін максимумға дейін үлкейтуге болады (мұнда Қайта ашу батырмасы
Қалпына келтіру батырмасына айналады). Қалпына келтіру батырмасына шертсе
терезе бұрынғы өлшемге ие болады. Программа, құжат немесе палитралар
терезесін жабу қажет болса, Жабу батырмасын шерту қажет [2].

1.3-сурет. Adobe Photoshop программасының терезесі

Қалып-күй жолағы. Қалып-күй жолағының (6) сол жақ бөлігінде бейне
масштабының мәні бар өріс орналасқан, бұл өрісті қажетті параметрларды
енгізе отырып өзгертуге болады. Жұмыс тобы (Workgroup) батырмасына
шерткенде бірнеше қолданушылардың бірге жұмыс істеуі үшін қажетті
командалар тізімі ашылады. Үшбұрыш белгілі батырманы шерткенде келесі
командалардан тұратын қалып-күй жолағының мәзірі ашылады:
▪ Document Sizes (Құжат өлшемдері);
▪ Document Profile (Құжат профилі);
▪ Document Dimensions (Құжат өлшемдері);
▪ Scratch Sizes (Жад көлемі);
▪ Efficiency (Тиімділігі);
▪ Timing (Уақыт);
▪ Current Tool (Ағымдағы құрал).
Егер қандай да бір команда жанында жалауша орнатса, онда қалып-күй
жолағының өрісінде осы командаға сәйкес ақпарат шығарылады.

1.4-сурет. Ашылған мәзірлі қалып-күй жолағы

Document Sizes (Құжат өлшемдері) командасына жалауша орнатсақ, қалып-
күй жолағының өрісінде қаттамасыз (бірінші сан) белсенді құжат файлының
көлемі және бірнеше қаттамалы (екінші сан) файл көлемі көрсетіледі.
Document Profile (Құжат профилі) командасын таңдағанда құжаттың түстік
профилінің бейнесін аламыз. Document Dimensions (Құжат өлшемдері)
командасының көмегімен EditPreferencesUnits&RulersRulers
(ЖөндеуОрнатуларБірліктер және сызғыштарСызғыштар)
командасымен орнатылған өлшем бірліктері бейнеленеді. Scratch Sizes (Жад
көлемі) командасы ашық құжатпен алынған жад көлемі және бос жедел жады
көлемі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Efficiency (Тиімділігі)
командасын таңдағанда жедел жадыны пайдаланудың тиімділігі бейнеленеді.
Көп жағдайда беттегі бейне өлшемін білу қажет болады. Ол үшін тышқан
меңзерін қалып-күй жолағында ұстап, тышқанның сол жақ батырмасын басып оны
ұстап тұру керек. Бейне өлшемдері, арналар саны, режим және рұқсаттар
туралы мәліметтерді алу үшін тышқан меңзерін қалып-күй жолағына орнатып,
алдын-ала Alt пернесін басып тұрып тышқанның сол жақ батырмасын басу
керек [10].
Программа мәзірі. Программа мәзірі бейнені және құжатты басқару
функцияларының жақындығы бойынша бұтақ тәрізді байланысқан командалар тобын
құрайды. Мәзір командаларының негізгі топтарының тізімі:
▪ File (Файл). Файлдық амалдар: көшіру, файлды ашу және жабу,
импорт және экспорт. Мұнда бейнені енгізу құрылғыларынан алу,
басқа қосымшаларға өту, автоматтандыру және құжатты баспаға
шығару алдында тексеру командалары сонымен қатар, Photoshop
браузері бейне каталогтарын қарау терезесін шақыру командалары да
орналасқан.
▪ Edit (Жөндеу). Жөндеу командалары: қию, көшіру, өлшемдерді
өзгерту, барлық бейнені немесе оның жеке бөліктерін бұрмалау. Осы
топта, сонымен қатар оюларды (узоры), қылқалам және фигураларды
анықтау командалары, буферді тазалау командалары және
программаның барлық орнатулары бар.
▪ Image (Бейне). Бейнеге әсер ету үшін арналған командалар:
реңдік және түстік түзеу, бейне типін өзгерту, қию, фоннан
үзінділерді қию және т.с.с.
▪ Layer (Қабат). Бейне қабаттарын басқару командалары: өшіру,
көшіру және т.с.с.
▪ Select (Ерекшелеу). Ерекшелеуге және ерекшеленген аймақпен
жұмыс істеу үшін арналған командалар.
▪ Filter (Сүзгіш). Бейнелерді арнайы өңдеу үшін арналған
командалар. Мұнда міндетті түрде Photoshop жиынтығының сүзгіштері
болады және қосымша орнатылған сүзгіштер болуы мүмкін.
▪ View (Түр). Жұмыс бетінің сыртқы түрін басқару құралдары:
масштаб және бейнелеудің түстік моделі, бағыттағыштар, сызғыштар
және т.б.
▪ Window (Терезе). Программаның негізгі терезесінде жұмыс ортасын
ұйымдастыру құралдары – бұл мәзір командалары палитра және құжат
терезелерін басқарады.
▪ Help (Көмек). Анықтамалық ақпаратты, программа бойынша көмек
алуға, көмек көрсетудің онлайндық қызметіне рұқсат алуға арналған
командалар [12].

1.2 Құрал-саймандар тақтасы

Adobe Photoshop программасының негізгі тақталарының бірі – Toolbox
(Құрал-саймандар тақтасы). Бейнені өңдеу әр түрлі тәсілдерден тұрады,
олардың әрқайсысы үшін ерекше құрал-сайман бар. Барлық құрал-саймандар
орналасқан Toolbox тақтасы әрқашан экранда тұруы керек. Үнсіз жағдайда ол
негізгі терезенің сол жағында орналасқан. Тақтадағы әр құрал-сайманға
белгісі бар батырма сәйкес келеді. Ұқсас құралдар топқа біріктірілген.
Тақтада топтың бір ғана құралы көрініп тұрады, ал қалғандары жасырын
болады. Photoshop программасының құрал-саймандар тақтасының ерекшелігі
балама құралдардың бар болуы. Жасырын балама құралдардан тұратын батырмалар
кішкентай қара үшбұрыш белгімен белгіленген. Егер мұндай батырмаға тышқан
меңзерін бірнеше секунд ұстап тұрса, жасырын құралдың батырмалары бар
қалқымалы тақта пайда болады. Топтың қажет құралына шерткенде ол көрінетін
болады, ал алдыңғысы жасырынады. Toolbox тақтасының төменгі жағында
белсенді түстерді басқару батырмалары, үлкейту режимдерінің және
программаның негізгі терезесінің қайта-қосқыштары орналасқан. Түстік
тіктөртбұрыштар: фондық және жұмыс түстерінің үлгілері. Жұмыс түсінің
үлгісі жоғарғы тіктөртбұрышта орналасқан. Дәл осы түске бояу және сурет
салу құралын қолданғандағы бейне нүктелері ие болады. Фондық түс нүктелерге
бейне үзінділерін өшіргеннен кейін меншіктеледі. Фондық және жұмыс түсін
туынды түрде анықтауға болады. Үнсіз жағдайда – бұл қара және ақ түстер.
Үлгілердің орындарын ауыстыру үшін оң жақтағы екі түс тіктөртбұрыштарының
арасындағы бүктелген екіжақты бағыттағышты қолданады. Кез-келген уақытта
үнсіз жағдайда түстерге сол жақты белгімен қайтуға болады [4].

1.5-сурет. Құрал-саймандар тақтасы

Құрал-саймандар тақтасы сызуға, сурет салуға, өшіруге арналған және
бейнелермен орындалатын басқа да амалдардан тұрады. Барлық құрал-
саймандарды шартты түрде төртке бөлуге болады:
• Ерекшелеу құрал-саймандары;
• Сурет салу құрал-саймандары;
• Жиектермен, градиентті бояулармен және фигуралармен жұмысқа арналған
құрал-саймандар;
• Бейнені қарауға арналған құрал-саймандар.
I. Тақтаның бірінші тобын объектілермен жұмысқа арналған құрал-
саймандар құрайды, олар: Ерекшелеу, Орын ауыстыру, Лассо, Сиқырлы таяқша,
Қию, Үзінді сияқты құрал-саймандар.
Бейне үзінділерін ерекшелеудің бірнеше әдістері бар. Ол үшін келесі
құрал-саймандарды қолдануға болады: Marquee (Ерекшелеу), Lasso (Лассо)
немесе Magic Wand (Сиқырлы таяқша). Бұл құрал-саймандар бейне аймақтарын әр
түрлі әдістермен ерекшелеуге мүмкіндік береді, себебі ерекшелеу мақсаттары
әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, белгілі бір пішіндегі фигураны бейнеден қиып
алу немесе түсін өзгерту үшін суреттегі аспанды толығымен ерекшелеу қажет
болады. Photoshop-тың ерекшелеуші құрал-саймандары іс-әрекеттердің толық
еркіндігін ұсынады, яғни бейнені толығымен және оның жеке пиксельдерін
ерекшелеуге мүмкіндік береді.

1. Marquee (Ерекшелеу) құралын тышқанмен шерту арқылы немесе
пернетақтадан М пернесін басу арқылы белсенді етуге болады.

Бұл топтың балама құралдарына:
▪ Rectangle Marquee (Тікбұрышты ерекшелеу);
▪ Elliptical Marquee (Эллипстік ерекшелеу);
▪ Single Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу);
▪ Single Column Marquee (Бір бағанды ерекшелеу) жатады.

1.6-сурет. Ерекшелеу құралының түрлері

Rectangle Marquee (Тікбұрышты ерекшелеу) және Elliptical Marquee
(Эллипстік ерекшелеу) құрал-саймандарының батырмалары құрал-саймандар
тақтасының сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан. Elliptical Marquee
(Эллипстік ерекшелеу) құралын таңдау үшін Rectangle Marquee құралына шертіп
ашылған мәзірден Elliptical Marquee құралын таңдау қажет. Осылайша Single
Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу) және Single Column Marquee (Бір бағанды
ерекшелеу) құралдары да таңдалынады. Егер Rectangle Marquee құралы
ерекшеленген болса, Elliptical Marquee құралына өту үшін Shift+M
батырмалар комбинациясы қолданылады. Бірнеше аймақтарды ерекшелегенде
Shift пернесін басып тұру қажет. Shift пернесі дұрыс пішіндегі
төртбұрыш немесе шеңберді ерекшелегенде қажет. Меңзерді қозғалту кезінде
Shift пернесін басып тұрса ерекшеленетін аймаққа дұрыс пішін береді.
Ерекшеленген аймақ ішінде орналасқан қандай да бір үзіндінің белгілеуін
алып тастау үшін бұл үзіндіні Alt пернесін басып тұрып ерекшелеу
құралымен қоршау қажет. Single Row Marquee (Бір жолды ерекшелеу) және
Single Column Marquee (Бір бағанды ерекшелеу) құралдары ені бір пиксельге
тең горизонталь және вертикаль жолақтарды ерекшелейді [6].
2. Move (Орын ауыстыру) құралы.

1.7-сурет. Орын ауыстыру құралы

Тышқанмен шерту арқылы немесе пернетақтадан V пернесін басу арқылы
Move (Орын ауыстыру) құралын қосуға болады. Жұмысты бастамас бұрын, Marquee
(Ерекшелеу) құралы арқылы анықталған бейнені ерекшелеу керек. Содан
ерекшеленген аймақтың ішіне меңзерді қойып, тышқанның батырмасын басып оны
бейнеден тыс жерге орын ауыстырады. Егер ерекшеленген аймақтың орнын
ауыстыру орындалмаса, онда жылжыту кезінде Shift пернесін басып тұру
керек. Бұл ерекшеленген аймақты тігінен жылжытады (көлдеңнең және 45°
бұрышпен). Тышқанның батырмасын, содан кейін Shift пернесін жіберу керек
[5].
3. Lasso (Лассо) құралын тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан L
пернесін басу арқылы қосуға болады. Туынды пішін аймағын ерекшелеуге Lasso
тобының құралдары арналған:
▪ Lasso (Лассо);
▪ Polygonal Lasso (Көпбұрышты лассо);
▪ Magnetic Lasso (Магниттік лассо).

1.8-сурет. Лассо тобының құралдары

Lasso құралы. Дұрыс емес пішінді аймақты ерекшелеу үшін Lasso (Лассо)
құралы қолданылады. Marquee құралы сияқты Lasso құралымен Shift пернесін
басып тұрып бірнеше аймақтарды ерекшелеуге болады. Lasso құралының
көмегімен аймақты нақты белгілеудің себебі, тышқан меңзерінің баяу қозғалуы
болып табылады. Бұл құрал иректі пішінді аймақтарды ерекшелеу үшін арналған
және де ол екі нұсқада қолданылады. Бірінші нұсқа: кең тәртіпте шекараның
ерекшеленген аймағын тышқан арқылы салу (Pensil (Қарындаш) құралымен
салғандай). Тышқанның батырмасын басып және күңгірт әйнек фотоаппарат
шекарасын айналдырып өткізу арқылы бастапқы және соңғы нүктелерді қосуға
болады, ал осыдан кейін тышқанның батырмасын жіберу қажет. Сөйтіп,
программа автоматты түрде онша түзу емес сызықты жабық пішінде біріктіреді.
Екінші нұсқа: Select (Ерекшелеу) мәзірін ашып және None (Ештеңе
ерекшеленбеген) бұйрығын орындап, Alt пернесін басып, құралдың меңзерін
күңгірт әйнектің астыңғы бұрышының сол жағына келтіріп және тышқанмен
шертіп, меңзерді астыңғы бұрыштың оң жағына келтіріп, тағы да тышқанмен
шерту керек. Alt пернесін жібермей, қажетті нүктелерді тышқанмен шертіп,
барлық қисықтарды және шығыныңқылықтарды жинақты түрде айналып шығу
қажет. Alt пернесін жіберсе, соңғы нүкте автоматты түрде бастапқы
нүктемен қосылады. Енді тузу сызық жақсы шығады [11].

1.9-сурет. Lasso құралының көмегімен ерекшелеу

Polygonal Lasso құралы. Polygonal Lasso (Көпбұрышты лассо) құралы
Lasso құралы сияқты қолданылады, бірақ ерекшеленген аймақтарды көпбұрыштар
түрінде құруға мүмкіндік береді. Бұл күрделі пішіндегі аймақтарды
ерекшелеуді жеңілдетеді. Lasso құралымен түзулер жүргізбей-ақ, Polygonal
Lasso құралымен қажет нүктелерге шерту қажет, ал Photoshop автоматты түрде
осы нүктелерді түзулермен байланыстырады.
Magnetic Lasso құралы. Бұл құрал басқаларына қарағанда жиі
қолданылады. Егер объектіні айқын шекаралармен ерекшелеу қажет болса осы
құралды қолдану қажет. Объект шеттері байланысқан пиксельдер сәйкестігі
негізінде анықталатындықтан, Magnetic Lasso құралы бейненің фондық бөлігіне
қатысты сәйкестігі дұрыс емес пішінді объектілерді ерекшелеу үшін
қолданылады. Құралдың параметрларын баптау үшін Tool Options тақтасы
қолданылады. Width (Ені) параметрі программа шекараның бар болуын жекешелей
(идентифицирлей) алу үшін құрал меңзері объект шетіне қаншалықты жақын
орналасатынын анықтайды. Edge contrast (Шекара сәйкестігі) параметрі
олардың арасында шекара жүргізу үшін пиксельдер түсі бойынша бір-бірінен
қаншалықты ерекшеленуі керектігін анықтайды. Frequency (Жиілік) параметрі
байланыс нүктелері бір-бірінен қандай қашықтықта орнатылатынын анықтайды
[4].
4. Magic Wand (Сиқырлы таяқша) құралы.

1.10-сурет. Сиқырлы таяқша құралы

Тышқанмен шерту арқылы немесе пернетақтадан W пернесін басып Magic
Wand (Сиқырлы таяқша) құралын қосуға болады. Magic Wand (Сиқырлы таяқша)
құралы ерекшелеу құралдарының біріне жатады, бұл құралдың "сиқырлылығы"
бейнелердің үзінділерін түстің әр түрлі пиксельдерінің сәйкес келуі бойынша
ерекшелейді. Бұл құрал үшін бірдей түсті аймақтарды ерекшелеу қолайлы
жағдай болып табылады. Сонымен қатар түстік аралықтың қарастыру
мүмкіншілігі де анықталған. Аралықты орнатып және кез-келген пиксельге
шертсе, анықталған аралыққа түсетін, ерекшеленген түсті аймақты алуға
болады. Magic Wand құралы орналасуы бойынша емес, түстік мәндері негізінде
бейне пиксельдерін ерекшелеуге мүмкіндік береді. Бұл алдыңғы орында
орналасқан объектілерді толығымен бөлуге мүмкіндік береді. Басқа ерекшелеу
құрал-саймандары сияқты Magic Wand құралы Shift пернесін басып тұрғанда
бейненің қосымша үзінділерін ерекшелеуге және оларды бір жалпы ерекшеленген
аймаққа біріктіруге мүмкіндік береді. Бір аймаққа белгіленетін пиксельдер
реңдері қаншалықты ерекшеленетіні Magic Wand құралын таңдағанда Tool
Options тақтасында бейнеленетін Tolerance (Рұқсат) парметрінің мәніне
тәуелді. Tolerance параметрінің мәні көп болса, Magic Wand құралымен
ерекшеленетін пиксельдер реңдері күштірек ерекшеленеді. Tool Options
тақтасында параметрларды өзгерткенде, суретте көрсетілген түстің барлық
пиксельдері немесе тек бір-біріне қосылатындары ғана ерекшелену керектігін
анықтауға болады. Magic Wand құралы көбіне бір түске боялған объектілерді
белгілеу үшін қолданылады [7].
5. Crop (Қию) құралы.

1.11-сурет. Қию құралы

Бейнелермен, фотосуреттермен жұмыс істегенде кейде керек емес
қиықтарды алып тастау қажет болады. Бұл жағдайда Crop құралын пайдалануға
болады. Құралды ташқанмен шертіп немесе пернетақтадан C пернесін басып
белсенді етуге болады. Кадрды қию өлшемдері қолмен немесе параметрларын
орнату арқылы жүзеге асады.
6. Slice (Үзінді) құралы. Slice құралын әдеттегідей тышқанмен шертіп,
сонымен қатар пернетақтадан K пернесін басып қосуға болады. Бұл топта
қолданылатын құралдар түрлері келесі:
▪ Slice (Үзінді);
▪ Slice Select (Үзіндіні таңдау).

1.12-сурет. Үзінді құралының түрлері

II. Тақтаның екінші тобында сурет салу үшін арналған дәстүрлі Қалпына
келтіруші қылқаламЖамауТүсті ауыстыру, ҚарындашҚылқалам, ӨшіргішФонды
өшіргішСиқырлы өшіргіш, ШтампКлондаушы штамп, Тарихи қылқаламОюлы
қылқалам, ЖууҚанықтылықСаусақ, ГрадиентБояу,
ЖарықтандыруҚараңғылауМақта сияқты құрал-саймандар бар.
Сурет салу құрал-саймандары тобына Brush (Қылқалам), Pencil
(Қарындаш) және Rubber Stamp (Штамп) сияқты құралдар кіреді. Pencil және
Brush құралдары үшін қалыңдығын және иілу бұрышын беруге болады. Құрал-
саймандар тақтасында олар бір батырмада орналасқан. Параметрлар тақтасында
қылқаламды аэрографқа айналдыратын батырма бар, сонымен қатар бояуды шашуды
күшейтетін айналу жолағы орналасқан. Rubber Stamp құралы пішіні таңдалынған
қылқалам пішініне сәйкес келетін бейненің үзіндісін көшіреді және оны
тышқанмен әрбір шерткенде қояды. Eraser (Өшіргіш) құралымен бейне
үзінділерін өшіруге болады. Өшіргіш пішіні тіктөртбұрышты (Block) болады,
сонымен қатар Pencil немесе Brush құралдары қылқаламдарымен сәйкес болуы
мүмкін. Әдеттегі өшіргішке қосымша екі арнайы өшіргіштер бар: Background
Eraser (Фонды өшіргіш) және Magic Eraser (Сиқырлы өшіргіш). Олар фонды және
таңдалынған түсті автоматты түрде өшіру үшін қолданылады. Суретті өңдеуге
арналған келесі үш арнайы құрал-саймандар сурет салу құрал-саймандарының
тобына жатады: белгішесі медициналық бинт тәрізді Healing Brush (Қалпына
келтіруші қылқалам), белгішесі жамау тәрізді Patch (Жамау), Color
Replacement (Түсті ауыстыру). Бейненің кішкентай үзінділерімен жұмыс
істегенде Rubber Stamp-қа қарағанда Healing Brush-ты қолданған дұрыс,
себебі ол суреттің басқа үзінділеріне әсер етпей, ұсақ нүктелерді,
әжімдерді, сызаттарды өшіреді. Patch құралының көмегімен үлкен аймақтарды
ерекшелеуге және оны фондық суретпен араластыруға болады. Color Replacement
құралы жеке түстерді басқа реңмен ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл құрал,
мысалы көздің түсін өзгерткенде ыңғайлы. History Brush (Тарихи қылқалам)
құралы History палитрасымен бірге бейнеге енгізілген өзгерістерді таңдамалы
түрде кері қайтаруға және қайталауға мүмкіндік береді. Art History Brush
(Оюлы тарихи қылқалам) құралы сурет салудың әртүрлі стильдерін қолдануға
мүмкіндік береді. Gradient (Градиент) құралы градиенттік фондық бояуларды
орындауға қолданылады. Осы батырмада орналасқан Paint Bucket (Бояу) құралы
ерекшеленген аймақтарды бояуға мүкіндік береді. Бейне түсінің
интенсивтілігін араластыруға, жууға және өзгертуге арналған құрал-
саймандар: Smudge (Саусақ), Blur (Жуу), Sharpen (Қанықтылық), сонымен қатар
Dodge (Жарықтандыру), Burn (Қараңғылау) және Sponge (Мақта) [3].
1. Healing Brush (Қалпына келтіруші қылқалам)Patсh (Жамау)Color
Replacement (Түсті ауыстыру) құралдарын тышқанмен шертіп немесе
пернетақтадан J пернесін басу арқылы қосуға болады.

1.13-сурет. Қалпына келтіруші қылқаламЖамауТүсті ауыстыру құралдары

Healing Brush (Қалпына келтіруші қылқалам) құралы Clone Stamp құралына
ұқсас келеді, бірақ көшірілетін бейне немесе бейне бөлігі ол көшірілетін
орындағы жарық және түс негізінде автоматты түрде түзеледі. Patсh (Жамау)
құралы бейненің ерекшеленген аймақ өлшеміне тең бейнені көшіруге немесе
оюды қоюға мүмкіндік береді.
2. Pencil (Қарындаш)Brushes (Қылқалам) құралдарын тышқанмен шертіп
немесе пернетақтадан B пернесін басып белсенді етуге болады.

1.14-сурет. ҚарындашҚылқалам құралдары

Қандай да болмасын сурет салушы құралды қолданғанда, әрдайым Brushes
(Қылқаламдар) құралдар тобы қажет болады. Show Brushes (Қылқаламдарды
көрсету) бұйрығын орындағанда, Brushes (Қылқаламдар) палитрасы дөңгелек
пішінді әр түрлі өлшемді қылқаламдар тобын ұсынады. Ал, одан кейін
Paintbrush (Қылқалам) құралын таңдап, меңзерді жұмыс аймағына қойып,
тышқанның батырмасын басу арқылы құралмен жұмыс жасауға болады.
Қылқаламдардың қажетті түрін ойдан істеуге болады. Алдымен мына бір
жағдайды еске алу керек, жаңа қылқаламды үш жолмен алуға болады.
Біріншіден, бар қылқаламды модификациялау арқылы. Екіншіден, жаңа
қылқаламды жасау, үшіншіден, суреттің қылқалам ретінде үзіндісін анықтау
арқылы. Pencil (Қарындаш) құралы қатты шекаралы ерікті сызықтарды салу үшін
арналған. Pencil (Қарындаш) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе
пернетақтадан В пернесін басу арқылы қосуға болады. Палитрадағы Options
(Параметрлар) қатарынан Fade (Қамтамасыз ету) амалын қосып, мән беру керек.
Бұл жолда 1-ден 999-ға дейінгі аралықтағы мәндерді қоюға болады [2].
Airbrush (Аэрограф) құралы. Airbrush (Аэрограф) құралы шашыратқыш
кұрыл болып табылады. Ол түске дәлдік бермейді, яғни нақты шекарасыз түс
береді. Airbrush (Аэрограф) құралын құрал-саймандар тақтасынан немесе
пернетақтадан А пернесін басып қосуға болады. Brushes (Қылқаламдар)
палитрасында керекті жұмсақ қылқаламды таңдауға болады, сонымен қатар
лайықты параметрларды орнату қажет.
3. Rubber Stamp (Штамп)Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралдарын
тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан S пернесін басып қосуға болады.

1.15-сурет. ШтампКлондаушы штамп құралдары

Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралы бейненің жеке элементтерін
көшіруге және оны сол бейнеге немесе басқа құжатқа орналастыруға мүмкіндік
береді. Stamp (Штамп) құралының Clone Stamp (Клондаушы штамп) құралынан
ерекшелігі оюлар жиынтығын қамтитын модель өрісінің бар болуы. Бейненің
зақымдалған жерлерін Rubber Stamp (Штамп) құралымен түзетуге болады. Егер
меңзерді бейнеге әкеп қойсақ, ол кішкентай штамп пішінін алады [10].
4. Eraser (Өшіргіш)Background Eraser (Фонды өшіргіш)Magic Eraser
(Сиқырлы өшіргіш) құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе
пернетақтадан E пернесін басу арқылы қосуға болады. Өшіргіш құралы
бейнені фондық түске дейін өшіреді. Фонды өшіру құралы фондық түсті
өшіреді. Бұл құрал көмегімен түс реңдері бойынша жақын және ұқсас бейне
бөліктерін ерекшелеп және өшіруге болады.

1.16-сурет. ӨшіргішФонды өшіргішСиқырлы өшіргіш құралдары

5. History Brush (Тарихи қылқалам)Art History Brush (Оюлы қылқалам)
құралдарын құрал-саймандар тақтасына шертіп немесе пернетақтадан Y
пернесін басу арқылы қосуға болады [1].

1.17-сурет. Тарихи қылқаламОюлы қылқалам құралдары

6. Gradient (Градиент)Paint Bucket (Бояу) құралдарын құрал-саймандар
тақтасына шертіп немесе пернетақтадан G пернесін басып қосуға болады. Осы
құралдар көмегімен бейнені немесе ерекшеленген аймақты бояуға болады.

1.18-сурет. ГрадиентБояу құралдары

7. Blur (Жуу)Sharpen (Қанықтылық)Smudge (Саусақ) құралдарын
әдеттегідей немесе пернетақтадан R пернесін басып белсенді етуге болады.
Blur (Жуу) құралы түстерді жуады және бейне қанықтылығын төмендетеді.
Sharpen (Қанықтылық) құралы бейне қанықтылығын жоғарылатады. Smudge
(Саусақ) құралы араластыру (растушевка) әсерін береді.

1.19-сурет. ЖууҚанықтылықСаусақ құралдары

8. Dodge (Жарықтандыру)Burn (Қараңғылау)Sponge (Мақта) құралдарын
құрал-саймандар тақтасына тышқанмен шертіп немесе пернетақтадан O
пернесін басып қосуға болады. Dodge (Жарықтандыру) және Burn (Қараңғылау)
құралдары бейненің ақшыл жерлерін қаралату үшін және қаралау жерлерін
ақшылдату үшін керек. Dodge (Жарықтандыру)Burn (Қараңғылау)Spоnge (Мақта)
құралдарының қажетін құрал-саймандар тақтасынан қосу керек. Spоnge (Мақта)
құралы мақталар жинағын ұсынады, оны фотосуретшілер фотоқағазын баспаға
шығарар кезінде қолданады. Мақта құралы түстер қанықтылығын әлсіздендіреді
немесе жоғарлатады [12].

1.20-сурет. ЖарықтандыруҚараңғылауМақта құралдары

III. Тақтаның үшінші тобын Жолды таңдауТура таңдау (А),
Мәтінмен жұмыс (Т), ҚарындашЕркін қаламІліну нүктесіІліну нүктесін
өшіруІліну нүктесін түрлендіру (Р), ТіктөртбұрышДөңгелектенген
тіктөртбұрыш ЭллипсПолигонТүзуҚолданушы пішіні (U) сияқты құрал-
саймандар құрайды.
Туре (Мәтін) құралы Т әрпі бейнеленген батырма. Path (Жиек) жиек
салатын (түзу немесе фигура) қауырсын. Түзу немесе фигура салынғаннан кейін
осы құралдар көмегімен жиектің кез-келген үзіндісін белгілеп және оның
пішінін өзгертуге болады. Path тобының құрал-саймандарын ерекшелеу, сонымен
қатар сурет салу құрал-саймандары ретінде қолдануға болады. Shape (Фигура)
тобының құрал-саймандары боялған, сонымен қатар мөлдір фигураларды, соның
ішінде көпбұрыштар, эллипстер, арнайы пішіндегі фигураларды ұсынады. Line
(Түзу) құралы да осы топтың жиынына жатады. Ол түзулерді салуға мүмкіндік
береді, ал Shift пернесін қолданғанда бұл түзулер 45° немесе 90° бұрышпен
автоматты түрде салынады [12].

1.21-сурет. Жолды таңдауТура таңдау құралдары

1.22-сурет. Мәтінмен жұмысқа арналған құралдар

1.23-сурет. ҚарындашЕркін қаламІліну нүктесіІліну нүктесін
өшіруІліну нүктесін түрлендіру құралдары

1.24-сурет. ТіктөртбұрышДөңгелектенген
тіктөртбұрышЭллипсПолигонТүзу Қолданушы пішіні құралдары

IV. Тақтаның төртінші тобын Мәтіндік ескертпеДыбыстық аннотация,
ТамызғышТүстік таңдауӨлшеу, Қол, Лупа сияқты құрал-саймандар құрайды.
Бейнені қарау құрал-саймандарының тобына Hand (Қол) және Zoom
(Масштаб) құрал-саймандары жатады. Zoom құралының белгішесі үлкейтетін
әйнек тәрізді, ал Hand қол тәрізді. Zoom құралы бейне масштабын үлкейтуге
(ол үшін құралмен бейнені шерту қажет) немесе кішірейтуге (ол үшін Alt
пернесін басып тұрып құралмен бейнені шерту қажет) мүмкіндік береді. Hand
құралы көмегімен бейненің жұмыс істеуге және көруге қажет бөлігіне өтуге
болады. Hand құралы, сонымен қатар әртүрлі қаттамаларда орналасқан жазбалар
немесе объектілерді араластыруға мүмкіндік береді. Бұл топқа, сонымен
қатар Eyedropper (Тамызғыш), Color Sampler (Түстік таңдау) және Measure
(Өлшеу) құралдары жатады. Eyedropper құралы шерткен түсті таңдауға
мүмкіндік береді, осыдан кейін бұл түс белсенді болады және оны сурет салу
үшін қолдануға болады. Color Sampler құралымен кенепке (холст) шерткенде
таңдалынған нүктеге сілтейтін таңба қалады, ал осы нүкте түсі туралы барлық
ақпарат Info палитрасында бейнеленеді. Бір уақытта төрт таңбаға дейін
қойылады. Measure құралы бейне өлшемдерін және бұрыштарын өлшеу үшін
қолданылады. Бейненің екі нүктесін байланыстыратын түзу салса, Info
палитрасында осы екі нүкте арасындағы мәлімет бейнеленеді. Бұрышты өлшеу
үшін бірінші осы тектес өлшегіш түзуді құру қажет. Одан кейін тышқан
меңзерін оның бір соңына апару керек. Alt батырмасын басып тұрып, қажет
бұрыш шығатындай тышқан меңзерін жылжыту қажет. Егер компьютер микрофонмен
жабдықталған болса, онда суретке дыбыстық аннотацияларды қосуға болады.
Құжатты баспаға шығарғанда белгілер көрінбей қалады [9].
1. Notes (Мәтіндік ескертпе) Audio Annotation (Дыбыстық
аннотация) (N) құралдары көмегімен мәтін немесе дыбыс жазуға болады.

1.25-сурет. Мәтіндік ескертпеДыбыстық аннотация құралдары
2. Eyedropper (Тамызғыш)Color Sampler (Түстік таңдау)Measure (Өлшеу)
құралдарын жылдам қосу үшін I пернесін басу керек. Алғашқы екеуі түстерді
таңдау үшін арналған, ал соңғысы өлшегіш қызметін атқарады.

1.26-сурет. ТамызғышТүстік таңдауӨлшеу құралдары

3. Hand (Қол) құралы жүмыс үстеліне сыймаған бейненің орнын
ауыстырады. Құралды қосып, тышқан меңзерін жұмыс терезесіне апарғанда қол
пішінді болады. Тышқанның батырмасын басып, қолмен бірге меңзерді жылжыту
керек, сонда бейне жылжиды. Жұмыс терезесінің оң және сол жағында
орналасқан жолақтарды айналдыру арқылы бейнені жылжытуға болады. Hand (Қол)
құралының бір артықшылығы бар: оның көмегімен бейнені диагоналы бойынша
жылжытуға болады.

1.27-сурет. Қол құралы

4. Zoom (Масштаб) құралы. Экранда бейнені үлкейтетін немесе
кішірейтетін арнайы құрал. Бейненің ағымдағы масштабы құжат терезесінің
үстіңгі жағында көрінеді. Мысалы, 2:1 екі есе үлкейтілген, ал 1:2 екі есе
кішірейтілген. Zoom (Масштаб) құралын құрал-саймандар тақтасынан қосып,
меңзерді бейнеге қою керек. Ол сол бойдан қосу таңбалы лупа пішінін алады.
Қай үзінді үлкейтілген түрде қажет болса, сол үзіндінің ортасына меңзерді
әкеп қойып, тышқанмен шертсе болғаны. Ал 1:1 масштабы экранда суреттің
пикселі бейненің пикселіне сәйкес келуін білдіреді. Егер бейненің рұқсаты
көбірек болса, онда бейне кішірек рұқсатты құжатқа қарағанда 1:1
масштабында үлкенірек болып бейнеленеді. Бейнені кішірейту үшін сол құралды
қолдану керек. Бірақ оның функциясын өзгерту үшін Alt пернесін басу
керек. Лупадағы қосу таңбасы азайтуға ауысады. Бейненің масштабы 1:1 болу
үшін қанша рет керек болса, сонша рет шерту қажет. Осылай шерте берсе
лупада қосу таңбасы жойылады да, бейне үлкейтілмейді, яғни құрал өзінің
1:16 масштабына дейінгі шегіне жетеді. Осы жағдай кішірейту кезінде де
болады. Масштабтаудың тағы бір әдісі бар. Құралды қосқаннан кейін, өте
үлкен емес үзіндіні тышқанның батырмасын басып тұрып белгілеп, осыдан кейін
тышқанның батырмасын жіберу керек. Ал, егер де бейнені нақты бір санға
үлкейту (кішірейту) қажет болса, онда келесі әрекеттерді орындауға болады.
Window (Терезе) мәзірін ашып, бұйрықты орындап, диалогтық терезеде Zoom
Factor (Масштаб) құралы шыққаннан кейін, масштабтаудың бағытын анықтау
қажет: Magnification (Үлкейту) немесе Reduction (Кішірейту) [7].

1.28-сурет. Масштаб құралы

V. Құрал-саймандар тақтасында түспен жұмысқа арналған екі батырма
орналасқан: Foreground (Негізгі түс) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатикада Adobe Photoshop программалық оқыту құралын үйрету технологиясы
Adove Photoshop графикалық редакторын оқытуға әдістемелік нұсқаулар
Компьютерлік графика бағытының информатика пәнінде қамтылуы
Баспа өнiмдерiн дайындауда қолданылатын программалар
Adobe Photoshop – графикалық редакторы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы сыныптарда компьютерлік графика курсын оқыту мазмұны
«Adobe Photoshop» тақырыбына электрондық құрал
Файлдарды басқа форматта сақтау
Photoshop программасының сайманды палитралары
Adobe photoshop программасын үйрету
Пәндер