Инновациялық экономиканың теориялық негіздері



ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ТАРАУЛАРЫ

1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктері

1.3 Инновациялық экономиканың ғылыми.технологиялық әлеуеті

1.4 Инновациялық экономика . Қазақстан дамуының стратегиялық бағыты
ҚОРЫТЫНДЫ

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
КІРІСПЕ
1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ ТАРАУЛАРЫ

1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

1.2 Қазақстан Республикасында инновациялық қызметті дамыту
ерекшеліктері

1.3 Инновациялық экономиканың ғылыми–технологиялық әлеуеті

1.4 Инновациялық экономика – Қазақстан дамуының стратегиялық
бағыты
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары
технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін
көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы
өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық
өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын
индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен
инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның
басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған
құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты
бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда
көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің
инновациялық-индустриялық дамуын қалыптастыру және экономиканың нақты,
түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015
жылдарға арналған стратегиясы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық
инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған
бағдарламасы, ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру
мақсатында 2006 жылы ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы
Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық
инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге
Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу
алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі
басталып кетті [1-7, 17].
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет
тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере
бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының
алғашқы кезеңі аяқталып (2003-2007 ж.ж.), нәтижесінде даму институттары
және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті
жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың
тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған
инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның
толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған
елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам
капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім,
қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның
мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына
қарап айқындайды.
Бәсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қамтамасыз ету
еліміздің негізгі ұстанымдарының біріне жатады. Ашық нарықтың басты
талабының бірі әрбір тұтынушының нақты қажеттілігін қанағаттандыру деп
білсек, онда осы талапқа сай экономика құрылымын жасақтау басты міндет
болып қала бермек. Нарықтың үдемелі және өзгермелі сұранысын тез
қанағаттандыру инновациялық әдістерді пайдаланумен ғана жүзеге асатыны
белгілі. Сондықтан да, ұлттық экономиканың жедел және тұрақты дамуы
еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық инфрақұрылымның нәтижелі
жұмыс істеуіне тікелей тәуелді деуге толық негіз бар. Осыған орай, 2010
жылы Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының
2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы әзірленді.
Инновациялық инфрақұрылымды дамыту бағытында инновациялық әлеуеті мен
өзіндік даму үлгісі қалыптасқан елдердің қолдануға тиімді тәжірибелері мен
озық үлгілерін, олардың ғылыми сыйымды әрі жоғары технологиялы инновациялық
өнімдерді шығарудағы жетістіктерін пайымдай отырып, еліміздің ұлттық
инновациялық инфрақұрылымын дамытудың экономикалық механизміндегі негізгі
тетіктер ретінде жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру, инфрақұрылым
шеңберіндегі элементтердің белсенділігін арттыру, оларды мемлекеттің
қоғамдық, өндірістік, әлеуметтік, ғылыми және басқа да істеріне тығыз
араластыру, бір-бірімен өзара үйлесімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ
ғылыми-техникалық әлеуеттің мүмкіндіктерін пайдалану және оларды елдің
барлық салаларында сынауға және қолданысқа енгізуге мүмкіндік жасау
қажеттілігі туындайды.
Экономиканың жаңа, сапалы жағдайға көшуi барысында инновациялық
мүмкiндiктерi маңызды деңгейі көтерiлдi. Инновациялық экономиканы қайта
ұйымдастыруға ғылыми сыйымдылықты өндiрiстi тек дамытуға мүмкiндiк бередi.
Бұл көрсеткiштер экономикалық өсудi қамтамасыз етудің маңызды факторы болып
табылады.
Бiздің елiмiз үшiн экономикада инновациялық процестi мүмкiндiк қолдау
бойынша дамыған елдердің тәжiрибелерiн шығармашылық түрде қолдану маңызды
болып табылады. Ол инновациялық қызметтің отандық даму жүйесiн iске асыруға
мүмкiндiк бередi. Бұл сұрақтарды зерттеу маңыздылығы – ғылыми-техникалық
инновациялық саясатты аумақтық басқару органдарын құру арқылы жүзеге
асырғанда арта түседi.
Инновациялық қызмет мәселелерiн теориялық зерттеуге үлкен назар
аудару, Қазақстан экономикасының әлемдiк шаруашылыққа мәртебелi енуi
бойынша маңызды жұмыстар атқарылу қажетттiлiгiне тiкелей байланысты.
Көптеген салалардың артта қалуы инновациялық сипаттағы кәсiпкерлiк
қызметтің артта қалып дамымауына байланысты болып табылады. Сонымен қатар
осы инновациялық қызмет саласын дамытуда инвестициялық тарту маңызды
мәселелердің бiрi болып табылады.
Жоғарыда айтылғанның бәрi ҚР инновациялық-инвестициялық мәселенің
теориялық және практикалық мәнiн, яғни бұл ғылыми зерттеу жұмыстарының
маныздылығын анықтайды. Қазіргi таңда көптеген әлеуметтiк-экономикалық
мәселелердi шешуде инновациялық қызмет өнiмiн тиiмдi пайдалану маңызды
болып табылады. Бұл жалпы елдің инновациялық мүмкiндiктердің дамуын
қамтамасыз етедi.

1 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мəні, түрлері, инфрақұрылымы

Инновация ұғымын экономикалық теорияға өткен ғасырдың 30– жылдарында
Й.Шумпетер енгізді. Қазіргі кезде көптеген əдебиеттерде инновацияға əртүрлі
анықтамалар берілген:
инновация дегеніміз жаңа идеяларды түрлендіруге байланысты қызмет түрі
немесе рынокқа енгізілген жетілдірілген өнім;
инновация – практикалық қызметте пайдаланылған жаңа немесе
жетілдірілген технологиялық үрдіс;
инновация – əлеуметтік қызметтерге жаңа тəсіл.
Жалпы алғанда инновация дегеніміз – əкелетін ғылыми–техникалық,
ұйымдастырушылық, қаржылық жəне коммерциялық іс–шаралар кешенін болжайды.
Шет елдік зерттеушілер Э.Дж.Долан, Я.Корани, П.Хейне, П.Ф.Друкер,
Н.Г.Менкью, Г.Хоскинг, Й.Шумпетер, В.Леонтьев жəне т.б. өндірістік
сферадағы кəсіпкерліктің инновациялық сипатын бейнелейтін экономикалық
қатынастардың қазіргі заманғы теориясын дамытты [22, 23-25, 43, 79].
Алайда бұл ғалымдардың еңбектерінің басым бөлігі жалпы ғылымдық
сипатта жазылған немесе мəселенің жеке тұстарын ғана шешуге арналған.
Қазіргі уақытта инновациялық өнімді тиімді жасап, ұтымды пайдалану
қатынастарын сапалы түрде қарастырылмайынша елдегі аса маңызды
əлеуметтік–экономикалық міндеттерді шешу мүмкін еместігін түсіну енді
жеткілікті емес. Ал бұл өзіне тəн арнайы мамандырылған қызмет субъектілері,
инфрақұрылым институтттары, өзіндік нарықтық қатынастары бар елдің барлық
инновациялық потенциалының дамуын талап етеді.
Индустриалды–инновациялық қызметтердің өндірістің тиімділігі мен
өнімнің бəсеке қабілеттілігін арттырудың пəрменді тəсіліне айналуы
инновация сферасындағы меншік қатынастарын жүзеге асыру, инновациялық
үрдістерді мемлекеттік реттеуде жетілдіру мəселелеріне дұрыс қарауды талап
етеді.
Қазақстан Республикасының индустриалды–инновациялық потенциалының
орнын, рөлін, қызметін ғылыми–тəжірибелік тұрғыдан талдау инновациялық
қызметттің сан қырлы мəселелерін зерттеудің танымдық маңызын арттырып қана
қоймайды, сондай–ақ дəстүрлі салалық талдауды жалпы ұлттық жəне аймақтық
тұрғыдан толықтыра түседі.
Шағын инновациялық бизнес мəселелері жақсы зерттелген шет елдерде оны
қолдаудың бірқатар тиімді бағдарламалары бар. Алайда шетелдік тəжірибені
қазақстандық болмысқа дəлме–дəл тікелей көшіру мүмкін емес жəне ол шет
елдегідей тез жəне оң нəтиже бере алмайды. Осы мақсатта экономикалық
құралдарды отандық жағдайға бейімдеу үшін өтпелі ғылыми–зерттеу жүйесінің
қалыптасу кезеңінде шағын инновациялық кəсіпкерліктің айрықша секторын
жан–жақты зерттеу қажет.
Экономикалық əдебиеттерде инновацияның көптеген түрлерінен
технологиялық жəне технологиялық емес инновацияларға айрықша көңіл
бөлінеді. Əлеуметтік жаңалықтар, басқару формалары мен əдістерінде болатын
өзгерістер мен тағы басқаларды техникалық емес инновацияға жатқызамыз. Ал
технологиялық инновация – жаңа немесе жақсартылған тауарлар мен техникалық
үрдістерді əзірлеу мен енгізу болып табылады.
Инновацияны жаңалықтардан айыра білу тиіс, өйткені бұл екеуі мүлдем
əртүрлі ұғым. Жаңалық – бұл тек идея немесе жаңа технологиялық үрдіс пен
жаңа өнімнің жобасы. Алайда ол нарыққа жетпегенше инновация болмайды.
Нарықтық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6–8%–ы жаңа тауарға немесе
үрдіске айналады.
Ч.Фрименнің жіктеуінше, технологиялық инновациялар өнімдік жəне
үрдістік инновацияларға айналуы мүмкін. Өнімдік инновация дегеніміз –
жаңа материалдар мен жартылай фабрикаттарды пайдалана отырып, жаңа өнім
алу немесе технологиялық жаңа жəне технологиялық жетілдірілген өнімдерді
əзірлеу жəне енгізу болып табылады. Ал үрдістік инновацияға технологиялық
жаңа немесе өнімдерді табыстау əдістерін қоса технологиялық едəуір
жетілдірілген өндірістік əдістерді əзірлеу жəне енгізу кіреді. Мұндай
инновациялар жаңа өндірістік жабдықты, өндірістік үрдісті ұйымдастырудың
жаңа əдістерін немесе олардың жиынтықтарын пайдалануда, сондай–ақ
зерттеулер мен əзірлемелер нəтижелерін пайдалануда негізделуі мүмкін.
Əдетте мұндай инновациялар өндірістің тиімділігін арттыруға немесе
кəсіпорындарда бар өнімдерді табыстауға бағытталған, бірақ сондай–ақ
кəдімгі өндірістік тəсілдерді пайдалана отырып өндіруге немесе жеткізуге
келмейтін технологиялық жаңа немесе жетілдірілген өнімдерді өндіруге немесе
жеткізуге арналуы мүмкін. Өнеркəсіпте технологиялық инновацияға мынадай
өзгерістер жатпайды: өнімдердегі (түсінде, сəнінде жəне т.б.) эстетикалық
өзгерістер; оның конструкциялық орындалуын өзгеріссіз қалдыратын, осы
немесе басқа өнімнің параметріне, құрамына, құнына жеткілікті елеулі əсер
етпейтін елеусіз техникалық немесе өнімнің сыртқы өзгерісі, сондай–ақ оған
енетін материалдар мен компоненттер.
Сонымен қатар инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету
сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кəсіпорын ішіндегі
инновация деп бөлінеді.
Салааралық ішіндегі инновация – екі немесе одан да көп сала
арасындағы байланыстың нəтижесінен пайда болған инновация. Салаішілік
инновация – белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кəсіпорын ішіндегі
инновация – кəсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кəсіпорын
жұмысының сапасына тиімді əсер ететін фактор.
Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді
[79]:
1. Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа
бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді.
Олар күрделі ғылыми зерттеулерді жəне аса ірі сомадағы капитал салымдарын
қажет етеді.
2. Жақсартылған инновациялар. Мұндай инновациялар нарықта бір
тауарлар мен қызметтердің белгілі бір қасиеттерін немесе параметрлерін
жетілдіруге бағытталған.
3. Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар əлемдік тəжірибеден
өткен жəне екі немесе одан да көп саланың жиынтығынан немесе бірлесуінен
қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады.
4. Радикалды инновация. Мұндай инновациялар қоғамда жаңа салалардың
немесе ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді [31].
Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бəсекелестік болып
табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз-түрлі дəрежеде
технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:
жаңа (қайта енгізілген) – радикалдық өнімдік инновация;
жетілдірілген бұйымдар;
жаңа немесе өндірістің елеулі жетілдірілген əдістерінде құрылған
бұйымдар – өзге де инновациялық өнімдер [3].
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің өмірге келу процесін 7
элементке жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату процесін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін
арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын
төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тəсілдерді
қолданылады. Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін–өзі өтеген инновациялық
өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа ауыстыру
қажеттілігі туындайды.
Қазіргі кезеңде әлемдік экономикалық жүйенің қарқынды дамуы ғылымды
қажетсінетін өнімдер мен оны өндіретін технологияларды тиімді құру және
пайдалануға байланысты. Ол үшін негізделген ғылыми–зерттеулер жүргізу қажет
және олардың нәтижелерін шұғыл түрде өндіріске енгізу үлкен жетістік.
Сонымен, ғылымда жаңа технологиялық бағыттар пайда болады. Осылардың бәрін
дұрыс бағытқа салу, тиімді пайдаланып нақтылы нәтижеге жету үшін арнайы
инфрақұрылым қажет.
Әдетте инновациялық инфрақұрылымның мынадай жүйелік буындарын бөліп
көрсетуге болады:
өндірісті–технологиялық: технопарктер, инновациялы–технологиялық
орталықтар, бизнес–инкубаторлар және т.б.;
қаржылық: қорлардың әртүрлі типтері–бюджеттік, венчурлік,
қамсыздандыру, инвестициялық;
ақпараттық: орталық–талдау, статистикалық, ақпараттық және т.б.;
кадрлық: дайындау, қайта дайындау, оқу мекемелері (әсіресе
инновациялық менеджмент саласынан), технологиялық аудит, маркетинг және
т.б.
Бәсекеге қабілеттілік мәселелерін шешу үшін Қазақстанда көп деңгейлі
инновациялық инфрақұрылымның қалыптасуы қарастырылған. Оған мыналар жатады:
білім-инновациялық кешендер – жоғары оқу орындары, ғылыми–зерттеу
институттары, ғылыми орталықтар, оқытатын компаниялар. Бұлардың бәрі
білікті кадрлар дайындау мен жаңа ой–пікірлер ұсынады;
бизнес-технологиялық кешендер – жаңа ғылыми пікірлерді өндіріске
енгізу мен жаңа тауарларды әзірлеумен айналысады;
қолдаушы кешендер.
Инновациялық қызметті қолдау және қаржыландыру, маркетинг, көрме
жұмыстары, интеллектуалды меншіктерді қорғау мәселелерімен шұғылданатын
құрылымдар кіреді.
Инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру үшін жоғарыда келтірілген
жағдайлар міндетті түрде қажет. Олардың барлығының жиынтығы аймақтық
инновация жүйесін құрайды.
Инновациялық үрдістерге мынадай ерекшеліктер тән:
әрдеңгейдегі қатысушылардың болуы;
қатысушылардың қызығушылықтарының жүйелілігі және келісімділігі;
шығындар мен нәтиже арасында уақыттық, кеңістік, құндылық бөлшек
болуы;
болжамдық сипат;
экономикалық және әлеуметтік мән.
Инновациялық үрдістерде қатысушылар ретінде макро-, мезо- және
микродеңгейлерде әртүрлі экономикалық субъектілер бар: мемлекет;
корпоративтік құрылымдар; кәсіпорындар; академиялық; салалық; ғылыми
зерттеу орындары.
Инновациялық инфрақұрылымның субъектілерінің жұмысы бас кезінде
инновациялық кәсіпорындардың қызметіне тиісті жағдай жасау, жоғары
технологиялар және оларды өндіріс аясында іс жүзінде пайдалану.
Қазақстан республикасының экономикасына байланысты технопарктердің үш
үлгісін пайдалану орынды: ұлттық технопарктер; аймақтық инновациялық
орталықтар; жоғары технологиялық аумақтар.
Ұлттық технопарктер республикалық бюджеттің қаржысына құрылады.
Олардың ерекшіліктері болып мыналар саналады:
ғылыми–зерттеу мекеменің негізінде белгілі мамандандыруды құру;
нақтылы ғылыми бағыттарды дамыту;
отандық ғылыми жетістіктерді пайдалану;
жаңадан өндірілген өнімдердің күрделі дәрежелігі.
Ұлттық технопарктерді құру мақсаты отандық ғылыми–техникалық әуелетті
толық пайдаланып өз аясына тарту.
Аймақтық инновациялық орталықтардың инфрақұрылымның элементі ретінде
ерекшеліктері төмендегідей:
бір инновациялық орталықтың шеңберінде әртүрлі ғылыми бағыттарды
дамыту;
орталықтарды жеке аймақтық ғылыми–зерттеу кешенінің негізінде құру;
қызмет нысанасы жеке аймақтық ресурстары мен қажеттілігіне сүйенеді.
Қазақстанда жоғары технологиялық аумақтарды құрудың алдынғы себептері:
ұтымды географиялық орналасуы;
өндірістік инфрақұрылымының жеткілікті деңгейде дамуы;
бай минералдық ресурстардың барлығы;
экономикалық және саясаттық тұрақтылық.
Ұлттық инновациялық жүйенің дамуы барлық компоненттердің болғанын
қажет етеді.
Инновациялық жүйеге бірнеше инфрақұрылымдар кіреді:
мемлекеттік ғылыми ұйымдар – ұлттық ғылыми орталықтар, ғылыми-зерттеу
институттары, жоғары оқу орындары, жобалау институттары;
ұлттық компаниялар, күрделі кәсіпорындар жанындағы ғылыми ұйымдар;
меншік ғылыми–зертту және жобалау институттары;
ғылыми зерттеулермен айналысатын шағын және орта кәсіпкерлік;
ғылыми кадрлар және жеке өнертапқыштар;
материалдық–техникалық база.
Тиімді инновациялық жұмыс мүмкін егерде мынадай функциялар атқарылса:
көпдеңгейлі инновациялық инфрақұрылым (өндірістік, ақпараттық, білім
беру) инновациялық қызметті іске асыру үшін тиісті жағдай жасалса;
қаржылық инфрақұрылым инновациялық жүйенің негізгі элементерін
қаржыландырумен қамтамасыз етілсе.
Сонымен инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық
инкубаторлар жəне инновациялық орталықтар.
Технопарктер дегеніміз – ғылымды, білімді жəне өндірісті
территориялық жағынан біріктірудің капиталистік елдердегі жаңа, бірақ
қазірдің өзінде кеңінен таралған тиімді нысаны, ол ғылыми–техникалық
талдамалардың жəне жаңа технологияның өндірісіне жедел енгізілуіне
септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық – эксперименттік
базасы құрылған жəне білікті кадрлар жоғары дəрежеде шоғырланған жағдайда
жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық жəне өндірістік бөлімшелердің
бірлестігі болып табылады.
Технологиялық инкубатор – ғылыми ұйымдардың, инновациялық
кəсіпорындардың, жоғары оқу орындары жəне шағын кəсіпкерлік субъектілерінің
əлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді.
Инновациялық орталық – конструкторлық–технологиялық жаңалықтарды
жетілдіру мен өндірістерді дайындауға, бəсекеге қабілетті ғылымды
қажетсінетін өнімдерді жəне жоғары технологияларды əзірлеу кезінде
инновациялық кəсіпорындарды өндірістік–технологиялық қолдауға жəне бұл
құрылымдардың ғылыми–техникалық əзірленімдерді жəне маркетингті, жарнамалық
жəне көрме қызметін, патенттік – лицензиялық жұмысты жəне интеллектуалдық
меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті жəне шетелдік нарықтарға ғылымды
қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар [5].
Сонымен инновация – инновациялық үрдістерді ғана емес, тауарларды
өткізу нарықтарын маркетингтік зерттеу, сонымен қатар ақпараттық,
консалтингтік, əлеуметтік жəне басқа қызметтерге деген жаңа зерттеудің
нəтижелерін енгізетін техникалық, технологиялық жəне ұйымдық жаңалықтарды
құрастыру мен тəжірибелік меңгеру сферасы.
Инновациялар бірігіп инновациялық жүйені құрайды. Инновациялық жүйе əр
алуан қатынастардың – фирмалардың, жаңа білім жасаушылардың технологиялық
жəне аналитикалық орталықтардың кешенді үлгісі. Осы орайда зерттеудің
негізін қалаушы ретінде өткен ғасырдың 80–ші жылдарының соңында жаңа
заманға сай білімдерді жасауға, сақтауға, таратуға, оларды халық тұтынатын
жаңа технологияларға, өнімдерге, қызметтерге түрлендіруге қатысушы
экономикалық субъектілер мен қоғамдық ұйымдардың күрделі жүйесі ретінде
инновациялық жүйе ұғымын енгізуші ретінде К.Фридманды айтуға болады.
Лундвал мен Нельсонның классикалық анықтамаларына сəйкес инновациялар
дегеніміз – бір–бірімен көптеген күрделі байланыстар арқылы біріккен жүйе
болып табылады [79].
Инновациялық қызметті басқару жүйелерін, тиімді құрылымдар мен
институционалдық формаларды əзірлеу мен дамыту, оларды мемлекеттік қолдау
Қазақстанның əлемдік нарыққа өту, ғылымды қажетсінетін тауарларды өндіру
мен өткізудің негізгі шарты болып табылады. Алайда ҚР–ның Индустриялық –
инновациялық дамуының 2003-2015 жырдарға арналған стратегиясында [17]
қазіргі кезде инновациялық инфрақұрылым субъектілері қажетті деңгейде
жұмыстарын атқармайтыны жəне Ұлттық инновациялық жүйенің (ҰИЖ) қатысушылары
үшін керекті қызметті көрсетпейтініне баса назар аударылып отыр.
Бұл жерде ең негізгі кемшілік – инновациялық инфрақұрылымда
жүйеліліктің жəне негізгі элементтерінің құрылымдығының болмауы.
Отандық ғылымда инновациялық инфрақұрылымның экономиканың дамуына əсер
ету деңгейін зерттеу жөніндегі материалдар тапшы. Негізінен көптеген
зерттеушілер келесі жағдайларды түсіндіре алмайды: ҰИЖ–нің құрылуына жəне
тұрақтануына қандай факторлар жағымды əсер етеді, ал қандайлары жағымсыз
əсер етеді. ҚР–ның 2006 жылдың 23 наурызындағы №135–ІІІ–ҚР3 Инновациялық
қызметті мемлекеттік қолдау туралы
Заңының 15 бабына сəйкес инновациялық инфрақұрылым дегеніміз – ҚР
инновациялық қызметінің маманданған субъектілерінің өзара іс–əрекет жүйесі
[17]. Инфрақұрылым ұғымын [латынның infra– асты, structura – құрылым]
ғалымдар өткен ғасырдың 40–шы жылдарында қолданыла бастады, яғни ол нарық
субъектілерінің тиімді жұмыс жасауына қолайлы орта туғызу дегенді
білдіреді. Заңда көрсетілгендей, инновациялық қызметтің мамандандырылған
субъектілері – технологиялық бизнес–инкубатор, технологиялық парк,
инновациялық қор.
Инновациялық жүйені қалыптастырудың бастапқы сатысында инновациялық
кəсіпкерлікті дамытуда мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі елімізде
технологиялық бизнес–инкубаторлар жүйесін құру болып табылады.
Технологиялық бизнес–инкубатор өз бетінше дербес бірлік ретінде,
сондай–ақ технопарктің бөлігі ретінде жұмыс істей алады. Яғни
технологиялық бизнес– инкубатор дегеніміз – инновацияларды құру, қорғау
құжаттарын алуға өтініштерді рəсімдеу жəне инновациялық жобаны дайындау
үшін жеке жəне заңды тұлғаларға ұйымдық-құқықтық ақпараттың жəне өзге де
қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Инновациялық қор – инновациялық жобалар мен инфрақұрылымдарды жəне
инновацияның қызмет көрсету сферасында қаржыландыру арқылы инновациялық
қызметтің дамуына көмектесетін заңды тұлға.
Сонымен қатар ҚР-ның 09.07.2001 №225-2 Ғылым туралы Заңының 1
бабында [12] инновацияның келесі мамандандырылған субъектілеріне анықтама
берілген:
Технопарк дегеніміз – негізгі қызметі инновациялық жобаларды іске
асыру үшін қажетті жұмыстар мен қызметтерді ұсыну болып табылатын біртұтас
материалдық – техникалық кешенге меншік құқығы бар заңды тұлға.
Технопарктер əлемдік тəжірибеге сəйкес 3 түрге бөлінеді:
американдық;
жапондық;
аралас.
Технополис – бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін
технопарктер, инкубаторлар жəне құрылымдар кешені. Яғни, басқаша айтқанда,
технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған жəне сол аймақтың
өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми
өндірістік кешенді білдіреді.
ҚР-ның Индустриялық–инновациялық стратегиясында мамандандырылған
субъектілердің өзгеше тізімі берілген:
ұлттық технологиялық парктер;
аймақтық технологиялық парктер;
технологиялық бизнес–инкубаторлар;
ғылыми қалашықтар.
Инновациялық инфрақұрылым 8 элементтен тұрады (сурет 1.1). Олардың
ең маңыздысы қаржы инфрақұрылымы болып тыбылыды. Өз алдына қаржы
инфрақұрылымы келесі элементтерден тұрады:
мемлекеттік даму институттары;
венчурлық қорлар;
кəсіпорындар;
жеке кəсіпкерлер;
екінші деңгейдегі банктер.
Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге
қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық
инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық
беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің
тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне
инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік
нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге
талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен
стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын
дамыту өзекті мәселе болып отыр.

Сурет 1.1 – Инновациялық инфрақұрылым элементтері

Әлемдік экономиканың қарқындап дамуы – адами және интеллектуалдық
ресурстардың нәтижелі еңбегінің жемісі екені белгілі. Қазіргі заман
талабына сай дамыған елдерде тиімді әзірлемелер жүйесі және түрлі қызмет
сфераларына жаңа технологиялық шешімдерді енгізуге негізделген инновациялық
экономикаға өту үрдісі байқалады. Сонымен бірге, табиғи ресурстардың
молдығын пайдалану маңызды болған дәуір өтіп барады, оның орнына
экономиканың технологиялық тұрғыдан дамуын тездету, үдету мақсатында тиімді
тетіктерді қолдану мүмкіншілігі үлкен мәнге ие болып отыр. Арзан, сапасы
төмен еңбекке негізделген өндіріс кезеңі аяқталуда. Дәл қазіргі қоғам –
адамның интеллектуалдық ресурстарына, оның инновацияларды қабылдауы мен
жүзеге асыру қабілетіне негізделген қоғам болып қалыптасуда.
Өнеркәсібі жан–жақты дамыған елдер индустриялдық әлеуеті қалыптасқан
топқа кіреді. Дәл осы топ құрамына кірудің арнайы ережемен белгілемеген
шарттары да бар. Солардың қатарына, өнеркәсіптік өнімнің жылдан-жылға
артуы, тек оның көлемінің ғана емес, сапалық және ассортименттік құрамының
да көбейуі, шикізаттық сектордың жалпы экономикадағы үлесінің қысқаруы
сияқты және басқа да көрсеткіштер бойынша нәтижелі болу жатады. Мұның
барлығы да инновациялық инфрақұрылымды қалыптастыру мәселесіне жете мән
беріп, оны мемлекеттің арнайы стратегиялық мақсаттарының бірі етіп
белгілеуді міндеттейді.
Инновациялық инфрақұрылым – ғылыми идеяның өндірісте қолдау тауып,
нақты өнім, қызмет, жұмыс түрінде көрініс табуына дейінгі барлық кезеңдерді
қамтитын іс-шаралардың жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын, қажетті жұмыстар
мен қызметтерді орындайтын ұйымдар жиынтығынан тұрады.
Инновациялық инфрақұрылымның негізгі міндеті инновациялық өнім
өндірумен (қызмет көрсетумен, жұмыс орындаумен) айналысатын кәсіпорындарға
қолдау көрсету деп топшыласақ, онда инновациялық инфрақұрылымды
қалыптастыру мемлекеттің техникалық, технологиялық, экономикалық, қаржы,
әлеуметтік жағдайын жақсартып қана қоймай, сонымен бірге оның әлемдік
экономикадағы тұғырын көтеруге де, сыртқы нарықтарға шығып, ондағы өзінің
орнын табуға немесе иеленуге де мүмкіндік жасайды деген байламға келуге
болады.
Инновациялық инфрақұрылымның экономикалық маңызы елдің экономикалық
даму стратегиясын айқындаумен, қосылған құны жоғары өнімдер өндірумен,
шағын инновациялық кәсіпкерлікті жандандырумен және басқалармен анықталады
(сурет 1.2).
Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылымының қазіргі жағдайы
әрине республиканың экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне
байланысты. Олардың қатарына әлемдік нарықтағы көмірсутек шикізатына
бағаның күрт өсуі, қара және түсті металл өнімдеріне деген жоғары сұраныс,
осыған байланысты қаржылық және коммерциялық кәсіпкерліктің қанат жаюы,
еліміздегі табиғи ресурстарды игеруге қатысы бар халықаралық байланыстардың
нығаюы сынды факторларды жатқызуға болады. Әйтсе де, бұл ерекшеліктер әлі
де болса ұлттық экономиканың біржақты дамып отырғанын көрсетеді. Өйткені
тек шикізатқа ғана бағытталған экономиканың белгілі бір кезеңде құлдырау
қаупі жоғары болатыны белгілі. Бұның салдарын қазіргі кезде орын алған
әлемдік қаржы дағдарысынан да байқау қиын емес.
Зерттеу барысында біз елдегі инновациялық инфрақұрылым оның
субъектілерінің өзара байланысқан түрде тиімді жұмыс жасауына және ғылыми-
зерттеу жұмыстарын жүргізушілерге кешенді қызмет көрсететін ұйым ретінде
қалыптасуына жеткілікті деңгейде ықпал ете алмай отырғандығын анықтадық.
Атап айтқанда:
инновациялық инфрақұрылым элементтерінің жұмысындағы тәжірибенің
аздығы. Бәрімізге белгілі – тәжірибе тек іс барысында шыңдалады, ал
инновациялық орта мен инновациялық нарықтың қалыптаспауы инфрақұрылым
элементтерінің жетілуіне қол байлау болып отыр;
инновациялық әлеуеті бар аймақтардың географиялық алшақтығы, осыған
сәйкес оларды түгел қамту мүмкіндігінің болмауы. Қазақстан Республикасы
территориясында орналасқан елді–мекендердің бір–бірінен қашық орналасуы
олардың арасындағы экономикалық, шаруашылық, ғылыми, өндірістік
байланыстарды қарқынды түрде жүруіне қолайлы жағдай туғыза бермейді.
Сондай–ақ, еліміздегі өңірлер мен өнеркәсіп салаларының біркелкі дамымауы
да инновациялық инфрақұрылым элементтерін кешенді дамытуға мүмкіндік
бермеуде;
жеке сипаттағы инновациялық белсенділіктің тым төмендігі және
өндірістік сипаты жоқ салалардағы (сауда–саттық, қызмет көрсету, қаржылық
сектор, т.б.) табыстылықтың жоғары болуы. Бұл құбылысты экономистер
экономиканың біржақты дамуы деп атап жүр. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек,
көптеген инновациялардың пайда болуы мемлекеттік емес ұйымдар мен
орталықтардың, өндірістердің ықпалынан және белсенділігінен туындайды.
Яғни, инновацияның пайда болуына мүдделі топтар белсенділік танытуы тиіс.
Ал ұлттық экономикада мұнай–газ, металлургия, отын–энергетика, құрылыс
сынды салалардың шектен тыс жоғары табыстылықты қамтамасыз етуі басқа
салалардың дамуына үлкен тосқауыл болып отырғаны жасырын емес;
инновацияға бейімді салалар туралы ақпараттың аздығы. Әдетте, көптеген
дамыған елдерде инновацияға қызығушылығы бар тұлғалар үшін мемлекет
инновациялық сипаттағы ақпараттарды таратып, олар үшін жасалған қолайлы
жағдайларды туралы кеңестер беру орталықтарын құрады. Айта кету керек,
Қазақстан Республикасында да елдің инновациялық белсенділігін арттыруға,
инновациялық қызметтер көрсетуге жауапты ұйым бар – ол ҚР Ұлттық
инновациялық қоры.
Әйтсе де, бұл қордың қазіргі кезде инновация саласының шын жанашыры
болып отырғаны шамалы. Көбіне инновациялық жобаларды қаржыландырумен
айналысып отырған бұл қор инновацияларға қатысты басқа да ақпараттарды
таратуға, олар туралы кеңестер беруге, ғалымдардың қызығушылығын оятуға
деген талпыныстары әлі күнге байқалмайды;
елімізде инновациялық нарықтың қалыптаспауы. Басқаша айтқанда, ішкі
нарықта инновацияларды дайындайтын және оларды тұтынатын мүдделі топтардың
және осы бағытта қызмет көрсететін ұйымдар мен орталықтар жүйесінің
дамымауы. Қазіргі кезде еліміздегі инновациялық инфрақұрылым элементтері
нақты өндіріспен байланыс жасамай–ақ өздерінің қызметтерін жетілдіргісі
келеді. Ал өндіріске икемі жоқ инновациялардың сұранысқа ие болуы да
екіталай.
Осы айтылғандарды ескеретін болсақ, онда инновациялық инфрақұрылымның
ұлттық экономика үшін тиімділігін қалыптастыратын және нәтижелі жұмыс
жасайтын тетігін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Біздің пікірімізше, Қазақстан Республикасының ұлттық инновациялық
инфрақұрылымын ел аумағында инновациялық қызметті жүзеге асыратын
мамандандырылған субъектілердің ғана емес, сонымен бірге инновациялық
қызметтің жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын ұйымдардың өзара байланысқан
жүйесі ретінде қарастырған жоқ (сурет 1.3).
Соңғы кездері Қазақстан Республикасының инновациялық даму моделінің
өміршеңдігіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде ұлттық
инновациялық даму моделінің басқа елдердің модельдерінен көшірілгені,
сондықтан да оның еліміздің экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық
ерекшеліктеріне дөп келмейтіні жиі алға тартылады.

Қазақстан Республикасында уақыт талабына сай, біздің экономикамыздың
ерекшеліктеріне жауап беретін, ұлттық әл-ауқатымызды өркендетуге мықты
серпін беретін өзіндік инновациялық даму моделі әлі де қалыптаспаған. Біз
көбіне Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Жапония сынды
мемлекеттердің инновациялық даму үлгілерін алып, сол мемлекеттерге тән
ерекшеліктерді еліміздің дамуына пайдалануға ұмтылудамыз. Ал мұндай
тәжірибенің жемісті және нәтижелі болуы екіталай. Ғылыми тұжырымымызды
нақтырақ сипаттау үшін біз әлемнің озық көптеген елдеріне тән инновациялық
даму моделі мен оның Қазақстандағы қалыптасу алғышарттарын 1–кестеде
келтірдік.
Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикадағы орны мен маңызын
анықтау үшін оның мамандандырылған субъектілерінің қазіргі жағдайы мен
инновациялық белсенділіктері ғылыми тұрғыда бағаланды.
Технологиялық парктер - өнертапқыштарға арнайы маманданған қызмет
түрлерін көрсету аясында инновацияларды ойлап табуға және оларды ендіруге
арналған сервистік және өндірістік база болып есептеледі. Технопарктерде
жаңа әзірлемелерді және қазіргі құрал-жабдықтар өндірісін құру мен игеру
бойынша тапсырыстарды орындайтын серпінді технологиялары бар кәсіпорындар
орналасуы тиіс.
Елімізде 2009 жылға дейінгі кезеңде ұлттық және өңірлік үлгідегі оннан
астам технопарктер құрылып, тіркеуден өткен. Соңғы жылдары өңірлік
технопарктерден Алматы аймақтық технопаркі, Орал қаласындағы Алгоритм
технопаркі, UniScienTech Қарағанды аймақтық технопаркі, Өскемен
қаласындағы Алтай аймақтық ғылыми–технологиялық паркі, Ақтөбе
қаласындағы Ақтөбе аймақтық индустриалды–технологиялық паркі, Қызылорда
қаласындағы Қызылорда технологиялық паркі жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктері құрылды. Бұл қатарға жоғары оқу орындарының аумағында
ұйымдастырылған технопарктерді де (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық
университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті,
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті)
жатқызуға болады. Ал ұлттық технопарктердің қатарына Алматыдағы Alatau IT
City Management ақпараттық технологиялар паркі, Ұлттық индустриалды мұнай-
химия технопаркі (Атырау қаласы), Тоқамақ ядролық технологиялар
технопаркі (Курчатов қаласы), Ғарыштық мониторинг технопаркі (Приозерск
қаласы), Прогресс биотехнология технопаркі (Степногорск қаласы) кіреді.
Әйтсе де, еліміздегі инновациялық белсенділіктің төмен болуы
технопарктердің санының өспеуіне және құрылғандарының жұмыс
белсенділіктерінің қарқын алмауына себеп болып отыр.
Мәселен, көптеген аймақтық технопарктер инновациялық жобалардың
болмауынан осы бағыттағы жұмыстарды жүзеге асырумен емес, қарапайым
дәстүрлі өндірістік жобаларды орындаумен шектеліп жүр. Оған ғылыммен
айналысуға талпынысы жоғары білікті маман кадрлардың тапшылығы,
технопарктерді дамытуға жеке сектор тарапынан жұмсалатын қаражаттың
жеткіліксіз деңгейі, венчурлық қорлардың белсенділігінің төмендігі, отандық
жоғары оқу орындарының жанында ғылыми–зерттеулермен айналысатын
технопарктер санының тым аз болуы, жаңа технологиялық әзірлемелер нарығының
конъюнктурасы жайлы ақпараттың болмауы, қызметі шикізатты өңдеуге
бағытталған технопарктердің қалыптаспауы сияқты мәселелер кері ықпал етуде.
Қазіргі уақытта бұл мәселелердің барлығы да өзінің ғылыми шешімдерін табуды
қажет етіп отыр.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 50-ден астам бизнес–инкубатор қызмет етуде.
Алайда, олардың көбі инновациялық сипаты жоқ, тек кәсіпкерлік ортаға икемді
шағын кәсіпорындарды дайындаумен және оларға қызмет көрсетумен айналысуда,
яғни еліміздегі технологиялық бизнес–инкубаторлар өзінің мақсатты
жұмыстарымен шұғылдана алмай отыр. ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау туралы Заңына сәйкес, олар – инновацияны құру, қорғау құжаттарын
алуға өтінімдерді рәсімдеу және инновациялық жобаны дайындау үшін жеке және
заңды тұлғаларға құқықтық, ұйымдық, ақпараттық және өзге де қызметтер ұсыну
жөніндегі іс–шараны жүзеге асырушы заңды тұлға болып табылады:
технологиялық бизнес–инкубаторларды қалыптастыратын және дамытатын
бірден-бір орта – еліміздегі технопарктердің аздығы;
бизнес-инкубаторлармен көрсетілетін қызметтердің шектеулі болуы;
технологиялық бизнес–инкубаторлардың тиімді дамуына жағдай жасайтын
инновациялық кәсіпкерлік ортасының болмауы;
қаржыландырудың жеткіліксіздігі және осы аталған мәселелерді шешудің
ғылыми негізделген тетіктерінің қалыптаспауы, т.б.
Инновациялық инфрақұрылымның құрылымы келесідей:
инновациялық дамудың мемлекеттік институттары;
технологиялық бизнес–инкубаторлар;
ғылыми қалашықтар;
инновациялық – технологиялық қалашықтар;
технологиялар трансферті орталығы (жоғарғы оқу орындары, салалық
ғылыми-зерттеу институттары, оқу орталықтары, мамандандырылған
консалтингтік кəсіпорындар);
инновациялық кəсіпорындар;
инновациялық қызметпен айналысатын жеке кəсіпкерлер;
венчурлық қорлар;
инновациялық жобаларды қаржыландыратын банктер;
ақпараттық инфрақұрылым;
мамандандырылған көрмелер.
Дүние жүзінде жаһандану үрдісінің күрделенуіне байланысты бәсекеге
қабілетті экономиканы қалыптастыруда әрбір мемлекет өзінің ұлттық
инновациялық жүйесі мен инновациялық инфрақұрылымынын дамытуға басымдық
беріп отыр. Өйткені ұлттық экономикасы қалыптасқан және дамыған елдердің
тәжірибелеріне сүйенсек, олардың жеткен жоғары жетістіктеріне
инновациялық инфрақұрылымның оңды әсер еткенін байқаймыз. Олардың әлемдік
нарықтағы үлесі де қомақты. Сондықтан да, дамыған елдердің қатарына кіруге
талпыныс білдіріп отырған Қазақстанның өзінің мүмкіндіктері мен
стратегиялық мақсаттарына сай ұлттық инновациялық жүйесі мен инфрақұрылымын
дамыту өзекті мәселе болып отыр.
Атап айтқанда:
Технологиялар трансферті орталығының негізгі міндеті – ғылыми -
техникалық нəтижелерді тездету, шағын инновациялық кəсіпорындарды құруға
көмектесу.
Технологиялар трансферті орталығына Республикадағы Қазына тұрақты
даму қоры негізінде құрылған Инжиниринг жəне технологиялар трансферті
акционерлік қоғамының қызметі мысал бола алады. Оның мақсаты – ҚР-дағы
инновациялық қызмет пен белсенділікті арттыру. Ол ҚР экономикасының 23
саласын қамтиды. Олардың ішінде:
ақпараттық технологиялар (ICT);
өмір туралы ғылымдардың технологиясы ( Life Sciences Technology);
нанотехнологиялар мен жаңа материалдар;
көмірсутек саласының технологиялары;
энергияның жаңартылған жолдарының технологиясы.
Сонымен инновация дегеніміз – өндірісті жəне қоғамды басқарудың түрлі
салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан тиімді жəне əлеуметтік,
экологиялық жағынан маңызды болып табылатын, сондай–ақ зияткерлік меншік
объектісі ретінде танылған ғылыми жəне ғылыми–техникалық қызметтің
нəтижесі.
Өнеркәсіп пен экономиканың басқа да салаларының бәсекеге қабілетті
көп жағдайда өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым жағдайына тәуелді.
Ақпарат, телекоммуникация және көлік инфрақұрылымының барабар сапасы
болмайынша тиімді экономикалық даму мүмкін емес. Инфрақұрылымның осы
элементтерінің әлемдік деңгейге сәйкестігінің өзі-ақ қазіргі заманғы
әлемдегі елдердің бәсекелестік қабілетінің маңызды факторы болып табылады.
Ғаламданудың үдей түcyi мен ғаламдық бәсекелестіктің күшейе түсуі
жағдайында шаруашылық субъектілердің әлемдік рыноктың тегеурініне дер
кезінде әрі тәсменді жауап әрекеті қабілеті іскерлік табыстың негізі
болып табылады.
Елде дамыған ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымның болуы
ұлттық экономиканың өсуінің, қоғамның іскерлік және зияткерлік
белсенділігінің артуының басты факторларының бipi болып табылады, ол
халықаралық қоғамдастықтағы елдің беделін айғақтайды. Бүгінгі күні
бизнестің бipдe-бip түpi өздерінің құрылымдық бөлімшелері арасында да
сондай-ақ сыртқы әлеммен де байланыстың сапалы жүйесі болмайынша дами
алмайды.
Көлік-коммуникация кешені салаларын дамыту оларды дамытудың
бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылуы тиic.
Электр энергетикасында өткізілген реформалардың нәтижесінде
тұтытынушылардың, электр энергиясын жеткізушілерді еркін таңдауы,
субъектілердің электр желілеріне еркін және кем қойылмай қол жеткізуіне
негізделген электр энергиясы мен қуаттың бәсекелес көтерме рыногы ойдағыдай
жұмыс iстеуде.
Электр энергетикасын одан әрі реформалау рыноктағы өзгерістерді
тереңдетуге, электр қуатының биржа саудасын жасау мен дамытуға, электр
қуаты саласындағы қызмет көрсетулер арнасын кеңейтуге бағытталады.
Өткізілетін реформаларды қолдау мен саланың одан әрі дамуы үшін,
қуатты өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындардың құрал-жабдыктарын
жаңарту үшін инвестициялардың өcyiн қамтамасыз ету кажет.
Электр желілері компаниялары үшін инвестицияларды тартуды ынталандыру
мақсатында табиғи монополия субъектілерінің орташа кезеңдегі мерзімге
қызмет көрсетулеріне, инвестициялардың қорғалуы мен нормативтерден тыс
шығындарды қысқартуға олардың бағытталуын қамтамасыз ету үшін жағдай
жасауға мүмкіндік беретін жаңадан прогрессивті тәсілдерін енгізу қажет.
Тарифтерді белгілеудің жаңа тәсілдерін icкe асыру тарифтердің өcyiнe
әкеледі, осыған байланысты, халықтың табысы аз бөлігін қолдау шараларын бip
мезгілде қолдану қажет.
Бұдан өзге, электр қуатын тарату көлемінің өcyiнің негізгі өлшемінің,
бipi болып табылатын электр энергиясын тарату жөніндегі қызметтеріне
белгіленген тарифтерге азайту коэффициенттерін беру арқылы тарифтерді
белгілеудің икемді әдістерін енгізу қажет.
Азайту коэффициенттерін енгізу отандық тауар өндірушілер мен
республиканың экспортқа бағытталған кәсіпорындары өнімінің бәсекеге
қабілетін қолдауға мүмкіндік береді.
Электр және жылу энергиясына тарифтерді реттеу саясатын жүргізу
кезінде мынадай факторлар ескерілетін болады:
- электр энергиясының төмен тарифтері экономиканың маңызды
міндеттерінің бірі - дамыған елдерден 3-4 есе жоғары болып тұрған өнімнің
энергияны қажетсінуін азайтуға ыкпал етпейді. Арзан ресурстарды ешкім
үнемдемейді;
- бүгін бюджет бip жағынан төмен тарифтер есебінен табиғи
монополистердің қызмет көрсетулеріне бюджеттік ұйымдардың жұмсайтын
шығыстарын арзандатудан пайда көріп отырғанын, сонымен қатар ол салықтарды
толығымен алмайтынын талдау көрсетіп отыр. Сол себептен, электр қуатына
тарифтерді едәуір көтеру қажет. Бұл қадам кәсіпорындарды өнімге энергияның
жұмсалуын төмендету жолымен жүруге мәжбүрлейді, оларды жаңартылуына
қозғау болады.
Тарифтердің өсуі бірқатар тұтыну тауарларының бағаларын және тұрғын-үй
коммуналдық қызмет көрсетулерге тарифтердің өcyiнe, халықтың соған орай
шығыстарының өсуіне әкелетіні сөзсіз. Сондықтан халыктың табысы төмен
бөлігін қолдау шараларын бiр мезгілде қолдану қажеттілігі туындайды. Мұны
күнкөрістің төменгі деңгейін, ең төменгі жалақы мен зейнетақыны көтеру
арқылы немесе халықтың ең кедей бөлігіне атаулы қаржылай көмек көрсету
арқылы жасауға болады.
Сонымен, табиғи монополистердің қызмет көрсетулеріне, атап айтқанда
электрқуатына тарифтердің өcyi табиғи монополистердің ғана емес, бүкіл
ұлттық экономика тұрғысынан алғанда болмай қоймайды әpi өзін-өзі ақтайды.
Осымен бip мезгілде бұл компаниялардың өндіріс шығындарыньң құрамы мен
көлемінің негізділігіне де мониторинг қажет.
Ақпараттық технологиялар (AT) саласындағы негізгі міндет ашық
жүйелердің тұжырымдамасы негізінде әлемдік қоғамдастық icкe асыратын
ғаламдық ақпараттық инфрақұрылымның бipбөлігі (Global Information
Infrastructure - Gil) ретінде ҰАИ-ды (ұлттық ақпараттық инфрақұрылым)
біртіндеп дамыту, сондай-ақ бағдарламалық өнімдерді және софт-
технологияларды дамытуды ынталандыру болып табылады.
АТ-ны дамыту кезінде компьютер жабдықтарына бағаның темендетілуіне
opaй негізгі пайда компьютер жабдығының өндірісінде емес, пайдаланушылар
шығындарының тұрақты eciмi болатын – бағдарламалық құралдар, қызметтер мен
консультациялар секторында шоғырланатынын ескеру қажет.
AT саласындағы қызметтерге ғаламдық сұраным болжаммен 1997 жылғы
327млрд. АҚШ долларына қарағанда 2008 жылға қарай 1 трлн. АҚШ долларына
жетеді. Қазақстанда қолдануға болатын AT секторы экономиканың аса манызды
салаларында нығаюы тиіс. Бұлай болмаған жағдайда осы саланың eөнімі
импорттың маңызды бөлігі болып қала бepyi мүмкін. Бұдан басқа, тұтас
aлғaндa ұлттық экономика салаларында сапалы өзгерістердің қозғаушысы бола
отырып, AT елдің телекоммуникацияларын дамытуда айқындаушы рөл аткарады. AT
саласындағы мемлекеттік саясат:
- ҰАИ-ды дамытуға ықпал ететін ашық және тұрақты нормативтік- құқықтық
базалар мен стандарттарды жacayғa;
- халықтың, шаруашылық субъектілерінің, қоғамдық ұйымдардың және
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдарының, ҰАИ-ғa жан-
жақты қол жеткізуін қамтамасыз етуге;
- мемлекеттік органдар порталдарын жасауды, мемлекеттік деректер
базасы мен құжат айналымы рәсімдерін қоса алғанда, электрондық үкіметті
әзірлеп, енгізуге;
- ақпараттандырудың мемлекеттік құралдары мен жүйелерін стандарттауға,
сәйкестендіруге және cepтификаттауға;
- ішкі және сыртқы әлемдік рыноктардың жаңа мүмкіндіктерін барынша
пaйдaлaнyғa мүмкіндік беретін электрондық сауда-саттықты толық ауқымда
енгізуге жәрдемдесуге;
- мемлекеттік сатып алу саласында электрондық аукциондар мен тендерлер
тетігін енгізуге;
- халыктың білім деңгейін электрондық оқу мекемелері мен
кітапханаларды құруды қолдау есебінен көтеруге;
- бaғдарламалық құралдар мен софт-технологиялардың ұлттық
индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауға бағытталуы тиіс.
Бәскелес іpi перспективалы салалардың бipi ретінде телекоммуникациялар
саласында индустриялық-инновациялық саясат отандық бизнес пен халықтың
барынша қол жеткізуіне және неғұрлым алдыңғы қатардағы байланыс
құралдарының дамуына жәрдемдесуге бағытталуы тиіс.
Қазақстан әлемде болып жатқан телекоммуникациялар өзгерістерінен тыс
қала алмайды. Қазіргі кезде әлемде жаңа телекоммуникациялық
технологияларды: мобильді телефондар үшін жаңа, көп дүркінді кеңейтілген
мүмкіндіктер беретін кең диапазонды байланыстары сияқты, Интернет пен
мәліметтер беру, сондай-ақ, мобильді телефондардың үшінші буын
технологиясын жеделдете дамыту мен енгізу жүріп жатыр.
Қaзipгi кезде қазақстандық телекоммуникациялық компаниялар
шетелдік және халықаралық спутник компанияларынан спутник ресурстарын
жалға aлyғa мәжбүр. Сондықтан елдің күллі аумағында теледидар хабарларын
тарату үшін жағдай жасауға, шалғай және аз қоныстанған аудандармен байланыс
мүмкіндігін жacayғa, байланыс арналарының қуаттылғын әртараптандыру мен
кеңейтуге кемектесетін ғарыштық байланыс әлеуетін пайдалану қажет.
Сондай-ақ жер үсті телефон желілерін цифрлауды және жылдам дамытуды,
талшықтық оптикалық байланыс желісінің құрылысын жалғастыру қажет. Ұлттық
телекоммуникациялық
желінің тиімділігін арттыру бәсекелестікті ынталандыру мен сектордың
нарықтық жағдайға толығымен өтуіне жәрдемдесетін болады.
Көлік саласындағы басты міндет көлік инфрақұрылымын дамыту факторын
шектейтін жағдайларды болдырмау мақсатында елдің жедел экономикалық дамуына
сәйкес жүктер мен жолаушылар ағынын кеңейту мен жетілдіруді қамтамасыз ету
болып табылады. Елдің көлік әлеуетін барынша дамыту басқа да маңызды
міндет болып табылады.
Қазақстанның aумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды дамытудың басты
артықшылығы - бұл арақашықтықты айтарлықтай қысқарту. Тасымалдаудың ең
жақсы жағдайларында теңіз жолымен жүктерді жеткізу мерзімі Берлиннен қытай
порты Ляньюнгаға дейін 20 күнді құрайды, ал темір жол бұл уақытты 11
тәулікке дейін қысқартады, тасымалдау арақашықтығын екі есеге азайтады.
Экономикалық процестердің ғаламдануы барлық мемлекеттердің,
субъектілердің әлемдік көлік коммуникацияларына қол жеткізуіне қамтамасыз
ету, ел арасындағы өзара тиімді сауда үшін халықаралық көлік дәліздерін
ұйымдастыру қажетігін негіздейді. Қазақстанның тасымалдың қалыптасқан әpi
түзілген жүйесіне өзіндік орны бар буын ретінде кipy айрықша маңызды.
Қазақстан арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздері желісін дамытудың
қазіргі тұжырымдамасы үш басым бағытқа негізделеді:
- Ресей, Еуропа және Балтық елдері;
- Қытай, Жапония және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері;
- Орта Азия және Кавказ, Иран және Түркия республикалары.
Әpбip aтaлғaн бағыттың жер үсті және су магистралі кешенін қамтитын
халықаралық көлік дәліздері бар. Олар қазіргі заманғы техникамен
жарақталған және халықаралық транзиттік тасымалдаулардың шоғырлануына
арналған.
Қазақстанның аумағы арқылы 6 темір жол, б автомобиль және 72 әуе
дәліздері өтеді. Елді Тынық мұхит жағалауынан бастау алып, Еуропаның
түпкіріне кететін Транс-Азия-Еуропальқ талшықты-оптикалық желілер байланысы
кесіп өтеді. Оңтүстіктен солтүстікке бағытталған цифрлық магистраль оны
Tpaнссібір оптикалық желілеріне қосып отыр.
Елдің көлік-коммуникация жүйесіндегі ерекше орын алатын халықаралық
көлік дәліздерінде орналасқан екі торабы: елдің шығысындағы - Достық
темір жол өткелі мен батысындағы - Ақтау теңіз сауда порты.
Көлік кешенін дамытудың мақсаты сыртқы рынокқа отандық экспорттық
тауарларды тиімді жеткізу мен оны пaйдaлaнyшылapғa кең ауқымдағы көлік
қызметтерінің жиынтығын керсету.
Саланы дамытудың басым бағыттары тиімді әрі технологиялық жaңapтылғaн
көлік кешенін құру, транзиттік әлеуетті icкe асыру болып табылады.
2015 жылға дейінгі кезеңде көлік жүйесін елдің қажетіне сай келетін
жағдайға келтіру жөнінде жұмыс жалғастырылуы тиіc. Ол өзіне:
жаңа темір жол желілерінің құрылысын қоса aлғaндa, темір жол тораптарының
конфигурациясын жетілдіруді, жылжымалы құрамның өндірісіне және жөндеуге
арналған өнеркәсіп базасын дамытуды, темір жол тарифтік жүйесін
жетілдіруді;
мұнай мен газды тасымалдайтын жаңа экспорттық құбыр жолдары жобаларымен
жұмысты, жұмыс icтеп тұрған құбыр жүйесін кеңейтуді, пaйдaлaнyғa беру 2010
жылдан кейінгі кезеңге жоспарланған жаңа магистральдық экспорттық мұнай
жолдарын тартуды;
автожолдар желісін салу, кеңейту және қайта жаңарту;
Бәсекелес ортаны ынталандыруды қоса aлғaндa, авиациялық
тасымалдауларды және шетелдік инвестицияларды белсенді тартуды; шетелдік
мемлекеттермен көліктік ынтымақтастық туралы келісімдер жасасуды қоса
aлғaндa, көліктік тасымалдауларды тарту және халықаралық көлік дәліздерін;
мультимодальды көлік жүйелерін; Каспий теңізіндегі теңіз көлігі мен өзен
көлігін дамытуды қамтиды.
Teмip жолының ұлттық желісі елдің барлық аумағын дерлік қамти отырып,
дамыту мен оңтайландыруды қажет етеді Сол себептен де елдің солтүстігі мен
батысын жалғастырар Алтынсарин-Хромтау тармағының құрылысы басталды.
Қазақстандағы Достық станциясы Қытайдағы Алашанькоу станциясы сияқты
Трансазия және Еуроазия магистральдарының өзекті буыны болып табылады.
Осыны ескере отырып, Қазақстан оны қайта жаңартуға және дамытуға үлкен мән
беріп отыр. Таяудағы жылдары станциялардың қуатын ұлғайту жөніндегі
кешенді шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Республиканың автожол кешені Қазақстанның өңірлері арасындағы,
сондай-ақ мемлекетаралық қатынастардағы түрлі көлік түрлері мен тауар
қoзғaлыcы құралдары арасындағы байланыстырушы буын бола отырып,
мемлекеттің өмір-тіршілігінде маңызды рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы үшін жүктер мен жолаушылардың басым бөлігін
тасымалдауда автомобиль жолдары үлкен маңызға ие. Сондықтан транзиттік
жүктерді тарту мақсатын халықаралық жүктерді және жолаушыларды
тасымалдауды ұйымдастыруда жаңа тexнологияларды енгізу, халықаралық
автомобиль дәліздерінің сервистік инфрақұрылымын дамыту және жол
қатынастары желісін жетілдіру қажет.
Республиканың әуе кеңістігі арќылы бағыттардың трансазия жүйесі әуе
трассаларың желісі өтеді. Республика арқылы өтетін транзиттік ағындардың
негізгі бағыттары Еуропадан Оңтүстік- Шығыс Азия елдеріне өтетін болып
табылады. Қазақстанның әуе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҰИЖ - Ұлттық инновациялық жүйелер
Ауыл шаруашылығының инновациялық әлеуетінің қаржылық тиімділігін талдау
Инновациялық және инвестициялық қызметтер
Кәсіпкерлік және үй экономикасы
Қазақстан өнеркәсібінің инновациясы
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Индустриалды даму
Инновацияның арттыру жолдары
ҚР өнеркәсібінде инновациялық процестерді дамыту
Кәсіпкерлік қызметтегі инновацияны басқару
Пәндер