Тұлғаның өтірік айту мотиві



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І АДАМНЫҢ ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ МОТИВАЦИЯСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
1.1 «Тұлға», «жалған сөйлеу», «мотив» ұғымдарына жалпы шолу
1.2 Бала тәрбиесіндегі өтірік айту мәселесін алдын алу
1.3 Өтірікті ажырату бойынша психологиялық тәжірибе

ІІ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ МОТИВІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы
2.2 Тұлғаның жалған сөйлеуін анықтауға тәжірибелік техникалар


ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаның өтірік айту мотиві
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І АДАМНЫҢ ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ МОТИВАЦИЯСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
0.1 Тұлға, жалған сөйлеу, мотив ұғымдарына жалпы шолу
0.2 Бала тәрбиесіндегі өтірік айту мәселесін алдын алу
0.3 Өтірікті ажырату бойынша психологиялық тәжірибе

ІІ ТҰЛҒАНЫҢ ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ МОТИВІН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫ ЗЕРТТЕУ
2.1 Зерттеу пәні, міндеті, мақсаты, болжамы
2.2 Тұлғаның жалған сөйлеуін анықтауға тәжірибелік техникалар

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Халық ішінде бір жақсы сөз бар: ешқашан ешқашан деп айтпа. Өмір бізге ешнәрсенің кесіп айтуға келмейтінін үйретті. Кездейсоқтық дегеніміздің заңдылық екенін, заңдылық дегеніміздің кездейсоқтық болып шығатынын да көрсетті. Осы заңдылықтар мен кездейсоқтықтардың арасында жүріп адам бір күні өзінің өтірік айта алатынын да білді. Кездейсоқ білді. Бірақ ол заңдылық еді. Ең ұлы өтіріктер Мен ешқашан өтірік айтпаймын дегеннен басталатын секілді. Ешқашан өтірік айтпау деген әрқашан шындықты айту дегенді білдірмесе керек.
Қазақ хал - қы өтірікті қаншалықты ай - та - ды? Қазақта өтірікшіні мынадай ұғымдармен береді: суайт, бөспе, судыр, алдампаз, сужұқ - пас т.б. Сондай-ақ Өтірік өрге жүз - бес, Өтірікшінің куәсі қа - сын - да, Өтірікті шындай, шын - - ды құдай ұрғандай..., Өті - ріктің құйрығы бір тұтам се - кіл - ді мақал-мәтелдермен ай - қын - дайды. Осыдан байқағаны - мыздай, қазаққа аңғал өтірік тән секілді. Алдампаз кейіп - кер - лері өз өтірігіне өзі алданып қа - латын мысалдар бек көп. Бы - лайша айтқанда, біз көбіне өз - гені алдадық деп, өзімізді алдап отырамыз.
2008 жылы белгілі бір халық - аралық компания әлемнің 19 елін - де жүргізген сауалнама нә - тижесін ұсынды. Сондағы ұйға - рым бойынша, адамдар өткен онжылдықтарға қарағанда қазір өті - рікті ерекше көп айтатын бо - лып шыққан. Онымен қоймай, өтірік айтуда ерлер әйелдерден аспаса, кем түспейді екен. Мұ - ны немен түсіндіруге болар еді? Әр дәуір, кезеңдер бір идеямен немесе пәлсафалық ұғыммен ашылып, анықталып отырады. Үміт дәуірі, Сенім дәуірі, Кек дәуі - рі деген секілді. Бұл ұйға - рым - ға сүйенсек, алда жалған - дық дәуірі келе жатқан сыңай - лы. Адамдар барлық құнды - лық - тардан бас тартып, алдам - шы, өтпелі идеяларға бой ұруы мүм - кін. Оған негізгі себеп са - наға берік орнай бастаған Ақыр - заманның жақындап қалуы туралы түсінік десек қа - телесе қоймаспыз. Сондықтан да адамдар тек бүгінмен өмір сүруге дағдылануда. Ертең - абст - ракция, Бүгін - утопия. Бүгін өтірік айту өмір сүрудің тә - сіліне айналып үлгерген. Кәрі шындықтардан жап-жас өті - ріктер сүйкімді. Өмірдің шын - ды - ғын, өлімнің шындығын, зама - нақырдың шындығын, ғаламдық жылынудың шын - дығын, жердегі биоқорлардың таусылу шындығын білу жалпы алғанда адамға қажет пе? Адам он - сыз да оны біледі. Ал адам ба - ласының табиғат алдындағы жеңімпаздығы, өлімді де жеңе - тіні, биоқорды басқа ға - лам - шарлардан алуға болатыны ту - ралы әдемі өтіріктер өмір сүруге деген құштарлықты оятады. Дегенмен әркімнің қандай шын - дықты болмасын білуге хақысы бар. Тіпті жазылмас дертке шалдыққандардың өзі қанша өмірі қалғанын білуге құқылы. Бірақ кейде белгілі бір шындықтарды білмей-ақ қой - ған жақсы. Өмір тыныш болады.
Күнделікті өміріміздегі өтір - ік - терге қатысты қарапайым ғана мысалдар келтірелік. Екі адам өзара әңгімелесіп отыр делік. Біріншісі: Айтшы, осы айт - қа - ным өтірік пе?, екіншісі: Жоқ, өтірік емес; Рас па? Рас; Мұнда негізгі басымдық көңілге қарауда. Екінші адам іштей келіспей тұруы мүмкін, бірақ дәл содан дүние төңкеріліп кет - песін білгендіктен, бәріне ма - құл. Екеуінің кез келгені бір-біріне Сізді көргеніме қуа - ныштымын!, О, құлпырып кетіпсіз, Мен сізді көп ой - лаймын, Сіздей адамдар си - рек туады ғой дейді. Осы төр - кіндес тағы да басқа көптеген көңіл үшін айтылатын сөздерді толық шындық дей алмайсыз. Кезекті сөздер.
Адамдар өтірікті өзгені немесе өзін қорғау үшін, шындықты мойындаудан қо - рыққанда немесе істің ың - ғайында қажет деп таппағанда, сөзін өткізу үшін, жауап - кер - шіліктен бас тартқанда, жа - задан, жәбірлеуден өзін ара - ша - лау үшін, өзгенің мүддесін я өмі - рін сақтап қалу үшін, мем - лекет ішіндегі я бір әулет ішін - дегі үйлесімді ұстау үшін, тағы да басқа себептермен айтады. Зиян - сыз, кінәсіз, яғни отба - сының беріктігін сақтайтын, кісіні ажалдан алып қалатын өті - ріктер дінде де жоққа шы - ғарылмайды. Ал жас балалардың өтірік айтуын қазіргі заман пси - хологтары өтірік деген ұғым - мен анықтауға қарсылық біл - діріп отыр. Өйткені бала нақ - тылық пен елестетілетін дү - ниелердің аражігін толық біл - мейді. Сондықтан да оның өті - рігі - күнәсіз.
Бірақ үлкен адам - ның, көп жағдайда ата-ана - сының балаға өтірік айтуы, шын - дықты жасыруы оң нәтиже бе - ре бермейді. Ол тіпті бара-ба - ра патологиялық алдамшы - лық - қа дейін жеткізуі мүмкін. Ба - ланың жан-дүниесін зерттеуші мамандар балаға сұрақ қойған - ның өзінде ол өтірікке сұра - нып тұратындай болмауын қа - да - ғалауды өтінеді. Мысалы сұ - рақ Ойыншықтарыңды жина - дың ба? дегенге қарағанда Ойын - шықтарыңды жина - ма - ғаныңды байқадым деген се - кілді болуын талап етеді.
Калифорния универси - те - тінің ғалымдары патологиялық (өтірік айтпаса тұра алмайтын жә - не өз өтірігіне өзі сенетін) өті - рікшілердің миының жай адам - дар миыннан өзгеше еке - нін байқаған. Олардың миында жүйке жасушасының негізгі элементі - нейрондардың (сұр зат) көлемі кішірейіп, керісінше ақ заттың (жүйке талшық - та - ры - ның) ұлғайғанын анықтаған.
Демек, адамдардың шындықты немесе өтірікті айтуы - мидағы ақ және сұр заттардың ойыны, күресі. Қайсысы басым түссе, адам соған қарай ыңғайланады. Сонымен, адамдар неге өтірік айтады? Оған бір ғана жауап бар секілді: адамдар шындықты қорғау үшін өтірік айтады. Түсінікті ұғыммен айтқанда - өмір сүру үшін. Ал өмір бүгінмен өлшенген кезде, ол да бала қия - лындағыдай өтірікке айналады. Бір күндік өмірді сүру үшін ай - тыл - ған өтірік ертеңгі келген күн - мен әшкереленеді. Бұдан шы - ғатыны, өтірік - шындықты ашушы құбылыс.

І АДАМНЫҢ ЖАЛҒАН СӨЙЛЕУ МОТИВАЦИЯСЫН ТЕОРИЯЛЫҚ ТАЛДАУ
0.4 Тұлға, жалған сөйлеу, мотив ұғымдарына жалпы шолу

Тұлға - жеке адамның өзіндік адамгершілік, әлеуметтік, психология қырларын ашып, адамды саналы іс-әрекет иесі және қоғам мүшесі ретінде жан-жақты сипаттайтын ұғым. Aдамның әлеуметтік қасиеттерішң жиынтығы, қоғамдық даму жемісі мен белсенді қызмет ету мен қарым-қатынас орнату арқылы жеке адамды әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізудің жемісі.
Тұлға психологияда өзінің өмір жолын белгілей алатын, қайталанбас даралық ерекшелігін сезінетін субъект. Тұлға адам ұғымынан гөрі нақты мағынаға ие. Өйткені адам тұлғалық сипатты иелену үшін өз "менін" өзге "меннен" ажыратып, есейіп, өз бетінше дербес әрекет ету мүмкіндігін ашуы керек. Яғни, белгілі бір мәнді іспен айналысатын, азды-көпті білімі, өмірлік тәжірибесі, дүниетанымы мен сенімі бар адамды тұлға деп атайды. Қазақ ұғымында бала мұндай азаматтық атқа бозбалалық шақта ие бола бастайтынын "Он үште отау иесі" деген мақалдан көруге болады. Халықта өзінің өнегелі істерімен, имандылығымен ерекшеленген адамды ерекше қастерлеп, кісілігі бар тұлға дейді. Тұлға бойындағы адамгершіліктің көрінісі ар-ұятқа кір келтірмеуінен, намысын жоғары ұстауынан байқалады.
Тұлға философиялық тұрғыда адамды "адам" ретінде тануға, яғни оның рухани-адамгершілік, ділдік, мәдени қырларына баса назар аударумен пайымдалады. Психология тұлғаның өзіне тән күш-жігерін, мінез-құлқын,психо-физиология ерекшеліктерін зерттейді. Социологияда тұлға қоғам мүшесі ретінде қарастырылып, оның әлеум. қырлары, саналы қоғамдық әрекеті жан-жақты зерттеледі. Қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласының қай-қайсында болсын адам орталық мәселе болғандықтан олар тұлға ұғымын ортақ қолданып, әрқайсысы әр қырынан зерттеп-таниды және осы ғылым салаларының зерттеу нәтижелерінің өзара ықпалдастығы мен бір-біріне әсері бар. Әр ғылым саласы тұлға сөзіне өзіне тән танымдық-ұғымдық мағына сыйғызады.
Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады. Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсеңді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.
Жалған сөйлеу - адам мінезіндегі нашар қасиет. Өтірікшілік әрекеті шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмалауға бағытталады. Өтірік айту өтірікшіге ғана емес, оны тыңдайтындарға да опық жегізеді. Өтірікші адам жалған сөзімен айналасын абыржытып, елге іріткі салуы мүмкін. Шәкерім "өтіріктен тілін тия алмаған адам арамдықтан ындынын тия алмас", С.Сараи "өтірік сөз - жарақат сияқты, жазылса да, орны қалады" деп өтірікшіліктің қоғамға зиянды құбылыс екендігін атап көрсеткен.
Тілеген мақсатына жету үшін, қоршаған адамдар алдында өзін мадақтау үшін не жағымсыз жағдайдан құтылу үшін саналы түрде шындықты бұрмалау өтірікшілік болып табылады. Өтірікшілік тұлғаның өзін ұстауының қалыпты жағдайына айналып тұлғаның көрсеткіші болады. Балалар өтірікшілік дифференциясы мен оның нақты көрінісін бағалау осы құбылыстың пайда болу себептері мен салдарларын дұрыс түсінген жағдайда ғана мүмкін болады.
Өтірік -- шын мәніндегі жағдайды әдейі бұрмадауға саятын қарым-қатынас феномені. Өтірік көбіне дереу тексерілуі қиын не мүмкін емес сөздік хабарламалардың мазмұнында білінеді не көрініс табады. Өтірік сөздік қарекеттің реципенттерді шатастыру мақсатын көздейтін, ұғына отырып жасалған өнім болып табылады. Әдетте Өтірік нақты бір жағдаяттарда жекелей не әлеуметтік артықшылықтарға ие болуға тырысудан туындайды.
Оған тән сипат индивид өзінің өтірігін орнықсыз және уақытша бірдеңе деп ұғынбай бағамдайды; осыдан да бастапқыда оған жаңа қуаттамаларды көптеп ойлап табуға тырысушылық, ал кейіннен ол туралы мүлдем ештеңе демеуге бейімділік интенциясы қабаттасады. Әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан өтірік әр уақытга құрал болып көрінетін болса, психопотология саласында ол айналасындағыларды алдап шатастыру процесінің өзінен қанағаттанарлық сезімге бөленіп, көңілі толатын мифоман -- психопаттардың мақсаты болып көрініс береді.
Жалған, жалғандық -- белгілі бір іс-әрекет немесе құбылыс мәнінің шындықтан алшақтатылып, бұрмаланған көрінісі, ақиқатқа қарама-қарсы ұғым. Адам баласының ақиқатты тану жолындағы шындыққа сай келмейтін, бірақ ақиқатқа баланатын (шын деп қабылданған) адасуы тәрізді жалғандық та қоғамдық сананың жемісі. Діни сана тұрғысынан алғанда, ақиқат немесе шындық әлемді реттеуші абс. күш (Құдай) болса, жалған -- адамды Құдайдың әміріне қарсы шығаратын және осы ақиқатты тану жолынан тайдыратын зұлым күш. Құранда: "Іс біткен заман (ахиретте) шайтан: Расында Алла сендерге шындықты уәде етті. Сондай-ақ, мен де сендерге уәде бердім, бірақ мен сендерді алдадым. Негізінде сендерді (жалған жолға) шақырғаннан басқа өктемшілігім жоқ еді", -- дейді (14:22). Жалған айту басқа адамды алдау немесе оған зиян келтіру, я өзгелердің алдында басымдылыққа қол жеткізу ниетінен туындаған жағдайда этикалық тұрғыдан өрескелдік болып саналады. Алайда ислам дінінде жақсылыққа себеп болған жалған сөз айыпқа саналмайды. Мұхаммед (ғ.с.) хадистерінде үш жағдайда ғана жалған айтуға болады делінеді, олар: соғыста (жауға), адамдардың арасын жарастыруда және ерлі-зайыптыларды татуластыруда. Дұрыс ниеттен туған жалған сөз туралы Шәкерім ақын былай дейді: "Түзу жолға бастаған жалған артық, Бұзықтыққа сеп болған мұндай шыннан". Сонымен қатар, жалған ұғымы қазақ дүниетанымында ислам дін іліміндегі өмір мен өлім, фәни мен бақи мәселесіне байланысты "мәңгілік" ұғымына қарсы мәнде қолданылады. Мұнда адамның қамшы сабындай қысқа, шолақ өмірі өткінші жалған, ол нағыз ақиқат өмірге -- " о дүние -- мәңгілікке" апарар жол ғана. Өмір мен өлім мәселесі қазақ ғақлиятты ой кешу үрдісінде әр кезеңде әркелкі сипатталынса да, бәрінің тоғысар тұсы -- "дүние жалған" болып келеді. "Мынау жалған дүние, кімдерден кейін қалмаған!" (Шалкиіз, 15 -- 16 ғасырлар) "Жігіттер, жалған дүние бізден қалар, бір күні ажал келіп жаныңды алар" (Шал Құлекеұлы, 18 -- 19 ғасырлар)
"Қайғы емес қаза, болмаймын наза, ноқталы басқа бір өлім" (Шәкерім, 19 -- 20 ғасырлар) деген секілді өмірдің өтпелі кебіне мойынсұнған өлең жолдары тіршіліктің шектеулі мерзімін "дүние жалған" ұғымына сыйғызды.
Мотив (италиян тілінде motіvo - мелодия (әуен), тақырып) - 1) шағын музыкалық құрылым, үзінді. Өзіндік көркемдік сипатқа ие, бір әуендік тақырып, интонация. 1 - 2 тактіге немесе бірнеше ноталар құрамына сиып кететін мотив негізінен мелодияның болмысын анықтайды. Ауыспалы мағынада мотив әуен яки тақырып деген түсінікте қолданылады. 2) Мотив (латын тілінде moveo - қозғаушы, итермелеуші) - адамды белгілі бір іс-әрекетке бастайтын ішкі субъективті себеп, оның қажеттіктері мен мүдделерін білдіруге бағытталған саналы, мақсатқа сәйкес әрекет. Пиғыл, ынта, мақсат ұғымдарымен үндес. Мотивті жүзеге асыру тұлғалық әрекетке бағыт береді. Табиғи және қоғамдық ортаның талаптары адамның мотивтерін жүзеге асыру кезінде ерік-жігер жұмылдыруды қажет етеді. Тұлғаның іс-әрекеттеріне, қылықтары мен пиғылдарына баға беру үшін оның мотивтерін айқындау керек. Мотивтің мәнін, құрылымы мен маңызын зерттеумен психология, заң, этика ғылымдары шұғылданады.
Мотив (түрткi) -- адамның бағыттылығына ықпал етiп, оны итермелеп отыратындай себептер мен күштер.
Адамды әрекетке келтіруші күш-қажетсіну. Болмысты бейнелеудің жоғары формаларьша ие адамды әрекетке келтіруші нысандар - саналы түзілген бейне не елес, ой не түсінік, идея немесе ізгі мүрат күйінде өрнектелуі мүмкін.
Психологияда мотив түсінігіне келесідей анықтама беріледі: мотив - бұл адам санасында қаланып, оны белгілі бір қажеттілікті қанатағаттандыру үшін әрекетке итермелеуші себеп күш. Ал кең мәнінде мотив - шындыққа сай заңдылық ретінде ықпал жасап, объектив қажеттілік түрінде корінетін болмыс. Ал мотивтік әрекет қылық пен іс-әрекетті психикалық реттеудің ерекше түрі (Р. Г. Агеева). Қорыта айтканда, адамның, әрқандай қылық-әрекеті оның мотивтік себеп күштеріне байланысты.
Сонымен, адамның қалаған іс-әрекетінің негізінде оны осы іс-әрекетке ынталандырушы мотив жатыр. Бірақ адамда туындаушы және оны іс-әрекетке ойыстырушы қандай да бір мотив көзделген нақты әрекетін шектелмейді, оның нәтижесіне жетумен адам келесі әрекетке ұмтылады, іс-әрекет барысында мотив өзгеруі мүмкін және керісінше, бір тұрақты мотив аясында бірнеше әрекет бірін-бірі ауыстырып баруы да орынды. Мотив дамуы мен басталган іс-әрекет арасында қайшылық та туындайды. Кейде мотив іс-әрекет жобасынан бұрын қалыптасады, ал кейде кешеуілдейді, осыған байлапысты әрекет нәтижесі де әр түрлі болады.
Жоғарыда аталғандардың корытындысы: мотив құрамы іс-әрекеттің бір бөлігі емес, жеке адамның мотивтік-кажетсіну аймағы деп аталатын күрделі жүйенің ажыратылмас бірлігі. Мотивтік-қажетсіну аймағы жеке адамның өмір бойы қалыптасып, дамып баруы барша түрткілерінің жиынтығын аңдатады. Тұтастай бұл аймақ қозғалмалы, өмірлік жағдайларға байланысты түрленіп, дамуда болады. Солай да болса, кей мотивтер біршама тұрақты, басымдау келіп, адам өмірінің бағыт-бағдар өзегіне айналады.
Мотивтердің қайдан және қалай пайда болатыны жөніндегі мәселе психологиядағы басты проблемалардан. Мысалы, А.Маслоу мотивтердің негізін бірінен-бірі деңгейі 1 бойынша жоғарылай түскен қажетсінулер тобы деп біледі, олар биологиялық қажетсіну, қорғаныс қажетсінуі, сыйластық, абырой қажеттігі мен ең жоғары қажетсінулер: өз мүмкіндіктерін ашып, оларды жүзеге асырады.

0.2 Бала тәрбиесіндегі өтірік айту мәселесін алдын алу

Енді қайттім?! Балам өтірік айта бастады... Бұл -- бала тәрбиесінде ағаттық жіберіп алған барлық ата-ананың бармақ тістеп, бас қатырып айтар сөзі. Баланың өтірік сөйлей бастауы оған ата-анасы тарапынан дұрыс көңіл бөлінбеуінен болатын құбылыс екендігі даусыз. Бірақ тым жас балалардың өтірік айтуын мамандар өтірік деген ұғыммен шатастыруға болмайтынын айтады. Себебі бала қиялы мен нақты топшылаған ойының ара-жігін ажырата алмайды.
Десе де, бірден бәтуа жасауға асықпай, алдымен психологтардың сараптамасы бойынша баланы өтірік айтуға итермелейтін нендей нәрселер екеніне көз жүгіртіп көрсек, 5-7 жастағы балалар өтірікті: 1) ата-анасының алдында істеген ісіне ақталу үшін; 2) өзіне көңіл аударту үшін; 3) мақтау есіту үшін; 4) достарының алдында мақтану үшін айтатын болса; 8-14 жас арасындағы балалар жалған сөйлеуге: 1) еңбекке дұрыс баулылмағандықтан, арты еріншектікке, оның соңы бітпеген жұмысының жауапкершілігінен құтылу үшін; 2) ата-анасы онымен ашық сөйлеспегендіктен одан сыр жасыру үшін; 3) тым қатал ата-ананың жазасынан құтылу үшін мәжбүр болады екен. Бұлар бейресми талдаулар. Дегенмен жаны бар. Талайларды сан соқтыратын алаяқтар мен арамзалар, бөспе мен сужұқпастар, жылпостар мен жалаңаяқ ұрылар осы балалардан шықпасына кім кепіл? Баланы -- жастан деген аталы сөз бекер айтылмаған, ендеше, бұл дерттен қалай құтылмақ керек? Әрине, әр адам, әр бала өз болмысымен, өз мінез-құлқымен ерекше. Оны өтіріктен тыйып, адалдыққа баулудың нақты әрі қатып қалған қағидасын ешкім жасап бере алмасы анық. Әйтсе де, жолдарын қарастырып көрсек...
Арай Тілеуханова, психолог: -- Баланың өтірік айтуының әр түрлі себептері болуы мүмкін. Ондай себептер баланың сана-сезімінің дамуымен де, отбасылық әр түрлі жағдайлармен де байланысты. 7 жасқа дейінгі сәбилердің санасында қиял мен шындық қабат араласып, олар ненің шындық, ненің қиял екенін шатастырып жібереді. Егер сәби ата-анасымен өз ойынан шығарылған әңгімелерімен бөліссе, онда тұрған ештеңе жоқ. Қайта, ондай қиялдар баланың шығармашылығын дамытады. Бірақ, өкінішке орай, өтірік айтудың басқа да себептері болуы мүмкін. Балаға ата-анасының қамқорлығы, ықыласы жетпесе, бала өтірігі арқылы ата-анасының назарын өзіне аудартады. Бала өтірік айтқаннан кейін, ата-анасы сөгіп, зекіп ұрсады. Бізге, үлкендерге, оны түсіну қиын болса да, бала әке-шешесінің немқұрайлылықтарынан гөрі ұрысқанын көбірек қабылдайды, жан жүйесіне әсер етеді. Сәби үшін үлкендердің елемеушілігі - ең қайырымсыз жазалау!
Ал 10 жастан бастап баланың ылғи да өтірік айтуы терең талдауды қажет етеді. Бұл шақта бала күрделі даму кезеңінде болып табылады. Өзін-өзі төмен бағалап, ата-анасының көңілінен шықпадым деген сияқты қорқыныштар өтірік айтудың себебі болуы мүмкін. Көбінесе, бала диктатор әке-шешеден қалай қорғануын білмей, өтірік айтудан басқа амал таппайды.
Баланың өтірігін тыю үшін, ең бастысы, үлкен адамдар баласымен айтқан өтірігі үшін сөкпей, айыптамай сөйлесуі керек. Неге олай істеді екен, себебін ашусыз, кінәламай сұраған жөн. Өтірік айту сенім, махаббат, достық сияқты ұғымдарға қарама-қайшы екенін, адамдар арасында қарым-қатынас құруға зиян келтіретінін сабырлы түсіндіруі қажет.
Ахметова Балайна Теменқызы, Абай атындағы педа-гогикалық университеті, ұлттық тәрбие кафедрасының профессоры, педагог-ана, сарапшы:
-- Баланың өтірік айтуға бейімделуі ата-ананың ықпалымен болады. Ата-ана өзін баланың алдында өтірік сөйлеуден алшақ ұстауы керек. Егер бір жәйтке қатысты өз ойын айтпақшы болған баланы әке-шешесі ықыласпен тыңдаса, істейтін ісінің дұрыс-бұрыстығына кеңес берсе, онда бала әрдайым шындығын айтуға талпынады. Ал шындықты айтқалы тұрған балаға дүрсе қойып, оны қорқытып, бетін қайтарып тастаса, мұндай түсініспеушіліктен кейін бала өтірік айтуға мәжбүр болады. Ата-ана -- баланың идеалы. Егер баланың көзінше өтірік сөйлеп отырсаң, ешуақытта оған адал болудың әліппесін қайта үйрете алмайсың, бәрі кеш болады. Мысалы, ата-ана: балам, мен саған бір нәрсе беремін, -- десе немесе келген қоңырауларға қолдарын айқастырып, ишаратпен мені үйде жоқ дей салшы деген сияқты өтіріктерге өзі итермелесе, ата-ана баласының өтірік айтуына қапа болып, өкпелемесін. Өзіне өкпелесін. Ең қорқыныштысы -- мама, сені сұрайды, бар дейін бе, жоқ дейін бе? дегені. Ол барды бар деп, жоқты жоқ деп айтып үйренуі керек.
Адамзаттың асыл тәжі Пайғамбарымыз (с.а.с.) Егер біріңіз балаңызға уәде берген болса, уәдесін міндетті түрде орындасын деген. Яғни балаға айтылған бір сөзіңіз сол мезет ұмытылып кетеді деген пікірден аулақ болған жөн. Себебі баланың психологиясына өтірік сөйлеу мен құрғақ уәдені қалыпты жағдай етіп қабылдауына септігін тигізеді. Сондай-ақ, дана Абай атамыз да оныншы қара сөзінде: Әуелі балаңды өзің алдайсың: Әне, оны берем, міне мұны берем деп. Басында балаңды алдағаныңа бір мәз боласың. Соңыра балаң алдамшы болса, кімнен көресің? -- деп, ата-ана тәрбиесін күйініп сынға алған. Сәби деген таза тақта, не жазсаң соны оқисың, -- деп батыстық бір ғұлама айтқандай, расымен де, баланың құлағына сіңген сөз, оның сізден көрген-түйгені өзіңіздің алдыңыздан шығатыны бар. Айналып келгенде, баланың адал да шыншыл болуы, өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам екендігін құлағына құйып өсуі -- бәрі-бәрі ата-ананың өзіне кеп тіреледі. Сондықтан да, бала -- ата-ананың айнасы екенін ұмытпаған жөн, балаңды шыншылдыққа баулимын десең, алдымен өзің шыншыл бол деген мамандардың пікірін бала тәрбиесіндегі басты құрал етейік.
Сұрақ: Жас отбасылардың біріміз. Бес жасар балам өтірік айтатынды шығарып жүр. Әкесі де, мен де өтірік сөйлегеніне ұрысамыз. Бірақ, ол өтірік айтуын қоятын емес. Неліктен бала өтірік айтады? Осыны жан-жақты түсіндіріп, себептерін жазсаңыздар екен. Мүмкін, себебін білсек, баламыздың өтірік сөйлейтінін қойдыра алатын шығармыз.
Жауап: Баланың үлкендерге өтірік айтуы көбінесе ол балаға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейтіндіктен деп түсіндіреді мамандар. Бала ересектердің көңілінен шығу үшін және өзін қорғау үшін, тығырықтан шығу үшін де жалған сөйлеуге барады. Мұндай нәрсе ой-қиялы бай, яғни, ойынан шындық құрастырып шығарғысы келетін балаларда көп кездеседі. Әсіресе, 5-6 жас-тағы балалар қиялынан ғажайып оқиғалар, ертегілер ойлап табуға, қиялдауға бейім.
Есіңізде болсын! Егер балаңыз өтірік айта бастаса, оның ішкі жан-дүниесінде қандай да бір проблема болғаны.
Баласы өтірік айтқан жағдайда ата-аналар не істеуі, өздерін қалай ұстауы керек? Мысалы, балаңыздың өтірік айтқанын біліп тұрсыз, тіпті, дәлеліңіз де бар. Психологтар мұндай кезде онымен ақырын отырып, жайлап тілдескен жөн дейді. Психолог Алан Фромм балаңызға, әсіресе, мына сөздерді міндетті түрде айтып өтіңіз деп ескертеді. Балам, маған мұның қалай болғанын бастан-аяқ айтып берші. Мейлі, сен кінәлі болсаң да, жазаламай-ақ қояйын, тек менен ештеңе жасырма, егер сен бәрін айтып берсең, неліктен жаман қылыққа барғаныңның себебін тауып түсіндіріп беремін. Екінші рет қайталамайтын боласың!
Ешуақытта баланың теріс әрекетін көре сала оны қорқытып-үркітіп, жазалаймын деп шара қолдануға асықпаңыз. Оны одан бетер өтірік айтуға итермелейсіз. Сондықтан, баланың ішкі эмоциясы басылғанын күтіңіз. Төтеннен ашуға мініп, дөрекілік көрсететін болсаңыз, сізге сенбей өседі, іштей жау санап өсуі мүмкін. Бұл жерде балаға өтірік айтқызбаудың бірден-бір кепілі - сенімділік. Яғни, бала мен үлкен адам арасында сенім қалыптасуы керек.
Бала неліктен өтірік айтады? кітабының авторы, американ психологы Пол Экман бұл мәселені жеңу үшін баламен ашық әңгімелесу керек екенін айтады.
Балам, екеуміздің арамызда бір-бірімізге деген сенімнен артық ештеңе жоқ. Егер ұнамсыз қылықтар жасап қойсаң, маған оны айтудан қорықпа. Әрине, сен бәрін жасырып қалуыңа болады. Бірақ, шындықты айтуға батылдық танытсаң, мен сен үшін мақтанар едім. Балаға өтірік айтудың соңы неге апарып соқтыратынын мысалдармен түсіндіріп беріңіз. Ертең үйден тыс бөтен ортадағы адамдармен араласа бастаған шақта мұнан да үлкен мәселелер, жалған нәрселер, алдап-арбаулар балаңыздың алдынан кездесуі мүмкін ғой. Мысалы, қатарластары, құрбы-құрдастары, одан ересектері... оларға қалай сенуге болады? Қандай жағдайда сенбеуі керек? Өмірде кездесетін мысалдарды, оқиғаларды айтып беріңіз.
Әрине, біз балаларымыздың тәртіпті, әділ, өнегелі болғанын қалаймыз, мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін тіпті ең кішкентай деген мәселеге дейін әділ болуыңыз керек. Берген уәдеңізді орындай алмадыңыз ба, онда не себепті ондай болғанын айтып, балаға түсіндіруіңіз қажет және кешірім сұрау артықтық етпейді.
Әдетте ата-ананың балаға деген немқұрайлылығы, салқынқан-дылығы теріс мінездердің қалып-тасуына әкеліп соқтырады. Өзіңіз ойлаңызшы, өмірде алаяқтар, бетімен кеткен жүгенсіздер, қылмыскерлер қайдан шығады? Олардың тағдыр жолдарын талдап қарағанда балалық шағы дұрыс қалыптаспағаны белгілі болған. Әсіресе, баланың 4-5 жасындағы қылықтарына мән берген абзал. Көптеген ата-аналар бұған балалық деп қарайды. Басында балалар әке-шешесінің қатаң сөгісінен қорқып, өтірік сөйлей бастайды. Қалағанын алу үшін өтірік айту қауіпті. Тіпті, жалған сөйлеуді қару етіп алады. Сәтті басталған өтіріктер әрі қарай да баланың осылай көзқарасы бұрыс қалыптасуына жол ашады.
Сондықтан, отбасында бала қандай жағдайда өтірік айтады, соны анықтап алыңыз. Оның өтірік айтуының себебі не? Бәлкім, отбасындағы мүшелермен арадағы қарым-қатынастың дұрыс болмауынан, қатар-құрбыларының арасындағы қарым-қатынастың қиындауынан болар. Мұны біліп алған соң, енді жай өзгертуге тырысыңыз. Яғни, баланың өтірік сөйлеуіне итермелейтін жағдайларды болдыртпауға тырысыңыз.



0.3 Өтірікті ажырату бойынша психологиялық тәжірибе

Ал шындық дегеніміздің өзі не еді? Шындық туралы өтірік айтқаннан гөрі кейде өтірік туралы шындықты айтқан да жақсы. Шындық туралы шындық пен өтірік туралы өтіріктің арасалмағы шамалас екенін байқау қиын емес. Шындық туралы шындықты айтуға болады, бірақ өтірік туралы өтірік айтуға болмайды. Неге десеңіз, біреудің шын - дығы өзгеге өтірік, ал біреудің өті - рігі өзгенің шындығы. Жал - пыадамзаттық шындықтар жеке адамдық өтіріктерден құ - ралатын секілді. Өйткені та - рих - ты адамдар жазады. Кей өті - ріктердің туу дәуірі тым ескі, тым көне болғандықтан, оның туу себебі ұмытылып үлгер - ген - діктен оның салдары ең ұлы шын - дық секілді көріне береді.
Бай - қап көріңіз, мамандардың зер - ттеуінше ең бір шыншыл адам - ның өзі бір күнде төрт өті - рік - тен елу өтірікке дейін, ал әсі - лінде адам бір күнде екі жүз өті - рікке дейін айтады екен. Тіп - ті онысын өзі де байқамай қа - л - ады. Алпыс жыл өмір сүрген адам сексен сегіз мың өтірікті қол - дануы анық болып отыр. Сон - да тұтас бір халықтар өзінің өмір сүру кезеңінде қанша өті - рікке дейін айтуы мүмкін? Мә - селен, психологтардың пайым - дауынша, батыстықтар өтірікті көбірек айтады екен. Әрине, өті - рікті айтудың әртүрлі себеп - тері және өтіріктің түрлері бар. Платонша айтқанда Ізгі өтірік (Кінәратсыз мемлекетте билік қоғамның игілігі үшін ізгі өті - рік - ке баруы тиіс) яғни әр ал - уан адамдардың бір-бірімен түсі - ністігі үшін зиянсыз деп та - ны - лады. Батыс қана емес, шы - ғыс халықтары да ізгі өті - рік - ті ерек - - ше қолдана біледі. Ал ба - тыс - та ізгі өтірік айтудан бірін - ші орында итальяндықтар, со - дан кейін француздар, немістер, ағылшындар және тізім соңын - да голландықтар тұр.
2008 жылы белгілі бір халық - аралық компания әлемнің 19 елін - де жүргізген сауалнама нә - тижесін ұсынды. Сондағы ұйға - рым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Саяси тұлға психологиясы
Аддиктивті жүріс-тұрыспен психологиялық жұмыс
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мен тәрбиелеу мәселесі
Мұғалімнің бейвербальді қарым –қатынас құралдарын меңгеруі
Тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің рөлі
Утилитаризм және деонтологиялық теориялар (парыз теориялары)
Кәмелетке толмағандардың қылмыскерлігі - әлеуметтік мәселе ретінде
Контрактілі қызметтегі әскери қызметкерлердің кәсіби іс - әрекетінің жемісті болуына мінез акцентуациясының әсері
Тілдік норма - тілдік әдебиеттілігінің бір белгісі
Пәндер