Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі спорт өнері



Тип работы:  Материал
Бесплатно:  Антиплагиат
Объем: 67 страниц
В избранное:   
Қазіргі қазақстандық мәдениеттегі спорт өнері

Кіріспе

На рубеже ХХ и ХХ1 века происходит закладка методологических, ценностных, гуманистических основ будущего физической культуры и спорта, приобретающих все более междисциплинарный характер. Анализ этот имеет по отношению к совокупности сфер гуманитарного знания сквозной характер, поскольку он не только делает необходимым активное использование общетеоретических положений философии, этики, социологии, культурологии, но и выступает как конкретная попытка междисциплинарного синтеза знаний, полученных, в результате в разных областях гуманитарного знания.
Физическая культура и спорт выступает составной частью общей культуры человечества, они являются реальностью современного общества, значимость которых постоянно растет. Формируется более широкий философско-культурологический взгляд на них. Несмотря на ряд, безусловно, программных признаков своего развития в ХХ веке физическая культура не стала потребностью большинства людей, на крайне низком уровне функционирует в основных сферах жизнедеятельности человека и общества, не давая ему запаса прочности в виде здоровья, функциональной подготовленности, психической устойчивости и эмоциональной удовлетворенности.
Объективная же тенденция изменения характера и содержания труда уже сегодня (и особенно в будущем) требует приложения всей совокупности человеческих сил и способностей: физических, эмоциональных, психических, интеллектуальных. В связи с этим важно осознание человеком и обществом всего богатства такого социального явления, как физическая культура, несущего в себе большой культурный потенциал. Это обуславливает необходимость обратить самое пристальное внимание на теоретико-методологические основы физической культуры, качественно новая стадия осмысления которой связывается, прежде всего, с ее влиянием на духовную сферу человека.
При этом важно понимание человека как целостности, так как представления о его разобщенности на отдельные независимые части ошибочны и иллюзорны. Несомненно, в решении этих вопросов определенная роль отводится данным теории культуры, культуры в целом, дающим возможность систематизировать, интегрировать разрозненные гуманитарные знания различных дисциплин о человеке и обществе.
В программе стратегического развития Республики Казахстан до 2050 года Президент Н.А. Назарбаев отметил, что одним из приоритетных направлений развития Республики Казахстан должно быть расширение работы по укреплению здоровья населения.
Научная новизна работы заключается в разработке теоретико-методологических основ формирования физической культуры и спорта. Исходя из методологических установок обоснован комплекс вопросов, связанных с раскрытием существенных, содержательных аспектов сферы физической культуры и спорта. Дана общая характеристика теоретико -методологических предпосылок исследования данной проблемы. Показано, что развитие знаний о физической культуре человека есть методологическая основа понимания ее многогранной и интегративно -духовной физической сущности, формирования ее теоретических основ. Определены основные этапы эволюционного процесса, включающее в себя развитие игры.
В единой концепции обобщен ряд частных подходов к пониманию физической культуры и спорта, показано их место в системе культурных ценностей. Выявлены некоторые закономерности функционирования и развития физической культуры. Теоретическое значение исследования заключается в разработке концепции формирования интегративно одухотворенной физической культуры, основывающейся на понимании биосоциокультурной сущности человека, учете детерминированного характера ее связей с общей культурой. В результате этого созданы методологические предпосылки для дальнейшего совершенствования теоретических и научно -методологических основ физической культуры, повышения эффективности ее функционирования в реальной практике.
Практическое значение работы связано с тем, что многие ее аспекты могут выступать в качестве методологической основы для дальнейших теоретических и конкретно -практических исследований в сфере физической культуры и спорта, способствуя, тем самым, более эффективному формированию потребности в ней у занимающихся, более полной реализации ими ее в сфере своих сущностных сил. Полученные материалы, связанные с ее культуросообразным ее осмыслением, могут быть экстраполированы на сферу образования, труда, досуга, позволяя повысить качество и эффективность их функционирования
Работа содержит материал, который может содействовать научному обоснованию методов руководства и управления физической культурой и спортом, разработке эффективных средств массовой пропаганды и агитации в ее сфере.
Среди работ, имеющих непосредственное отношение к теме диссертации, следует выделить прежде всего те, в которых анализируются философско-культурологические проблемы развития физической культуры и спорта, рассмотрены проблемы телесности, агонистики (А.И.Арнольдов, В.И.Давидович, В.И.Столяров,
Не менее важное значение в философской и социокультурной точки зрения имеют подходы, сформулированные применительно к физической культуре как общественному явлению, как фактору воспитания личности (Н.А.Пономарев, Н.Н. Визитей). В них рассматриваются вопросы методологии исследования физической культуры и спорта, взаимосвязи ее с культурой, взаимоотношение биологического и социального, телесного и духовного в человеке, осмысление сущности физической культуры и спорта в личностном и общественном плане.
Нельзя также не отметить работы, публикации, раскрывающие специфику прикладного анализа сферы физической культуры (
В аспекте биологического обоснования применения средств физической культуры и спорта, формирования здорового образа жизни были использованы труды Н.А.Амосова, Ж.Бозтаева,
Исходя из вышеизложенного и состояния научной разработанности проблемы, в диссертации ставится цель раскрыть содержание физической культуры и спорта как социокультурного феномена, показать роль игры, агонистики в развитии физической культуры и спорта, телесности
Реализация поставленной цели осуществляется посредством постановки и решения следующих исследовательских задач:
-показа места и роли физической культуры и спорта как фактора социального развития личности, как элемента ее индивидуальной культуры.
-осмыслить значение исследований социально-биологической проблемы для понимания сущности человека;
Методологический аппарат исследования:
Для решения задач исследования в работе используется метод теоретического анализа и обобщения. Ретроспективный взгляд и анализ прошлого физической культуры и спорта на основе понимания структуры ее настоящего проводился с помощью метода актуализации. При раскрытии содержания и сущности физической культуры и спорта как части общей культуры применялся метод аналогии и сопоставления.
Достоверность исследования обеспечена благодаря методам исследования, адекватным целям и задачам диссертационной работы, анализу достижений различных наук в области исследования проблемы, применению результатов личного опыта и опыта коллег по развитию физкультурно-спортивной деятельности.

1. Спорт - ойындық мәдени форма ретінде

0.1. Ойын - адамның болмыс стратегиясы

Ұлттық спорт ойындары жөнiнде сөз қозғамас бұрын алдымен жалпы Ойын дегенiмiз не? деген сұраққа жауап iздеп және оны зерттеп, ол жайында пiкiр айтып, тұжырым жасаған ғалымдар мен ойшылдардың еңбектерiне тоқталғанды жөн көрiп отырмыз. Өйткенi, кез келген нәрсенiң шығу тегi мен қалыптасу жолдары болатыны тарихтан белгiлi. Сол сияқты ойын тарихының да өзiндiк құпиялары жетерлiк. Ойлап қарасақ, ойын деген сөз айтуға оңай болғанымен оның түп мағынасы өте күрделi, әрi сан қырлы ұғым. Ойын - бұл тек көңiл көтеру де, ләззаттану да, ересек өмiрге жаттығу да, бәс тiгудегi құмарлану да, тылсым шабыт та емес. Ол - адамның болмыстық стратегиясы, яғни әмбебап құбылысқа жатады және адамдық қарым-қатынастарды мүмкiн етедi [1, 172 б.]. Сондықтан оны нақты ережемен түсiндiру мүмкiн емес. Бұны ұғу үшiн философия, әлеуметтану, мәдениеттану, жантану, педагогика, математика, информатика ғылымдарына жүгiнуге тура келедi. Егер, мысалы, психология мен физиология жануарлар, балалар, ересектер ойындар салыстыра отырып, оларға феноменологиялық түсiндiрме берсе, онда математикалық ойын теориясы конфликтер теориясы негiзiнде таңдау стратегиясына үлкен көңiл бөледi. Ойын жайындағы еңбектердi қарастыру барысында бұған деген ойшылдар көзқарасының өзi сан алуан болғанын, ойынның әрi түрлi аспектiлерде қарастырылғанын байқаймыз [2, 34 б.]. Соның нәтижесiнде ойын мәселесiнiң теориялық сипатта шешiмiнiң көптүрлiлiгiн аңғарамыз. Бұл түсiнiктi де, өйткенi жалғыз рационалдық парадигма мен тәндiк бастауларды елемеуге сүйенген классикалық философияда ойын феноменi ғылыми талдаудың объектісi бола алмады. Ең бастысы -- ойын онтологиясына классикалық ғылым мен философия назар аудармады. Бұл тек классикалық емес философияда жүзеге асты. Осы жөнiнде елiмiзде жарияланған мәдени-философиялық сөздiкте мынадай түсiндiрме берiледi:
ОЙЫН, о й ы н т е о р и я с ы - дәлел-дәйегi нәтижесiнде емес, процестiң өзiнде болатын, қимыл-әрекет түрi. Оның мәдениет пен оның жекелеген формаларының пайда болуы және жұмыс iстеуiнiң негiзi ретiндегi теориясы ХХ ғ. Х. Ортега-и-Гассет, Й. Хейзинга, Е. Финк, Г. Гадамер және басқа мәдениеттанушылардың әртүрлi концепцияларынан пайда болды. Голланд ғалымы Й. Хейзинга ежелгiден қазiргi кезеңге дейiнгi мәдени шығарм.-ты ойын деп қарастырады. Ол Канттан басталып, Шиллер т.б. жалғастырған өнер генезисiн спонтанды, ешқандай да мақсаттан тәуелсiз, мүддесi жоқ қызмет ретiнде О-нан тарата пайымдау дәстүрiне сүйенедi. Мәдени даму барысында қоғам пайда ұғымын меңгерген мәдениеттiң еркiн рухы жоғалып, ойын элементi екiншi қатарға жылжиды. Ортега-и-Гассет көпшiлiк мәдениетiне негiзi -- О-ға элитарлық мәдениеттi қарсы қояды. Шығарм.-тың еркiн рухы, қиял ұшқырлығы, сырттай бақылаушылық шын өнердiң О. өлшемдерiне үндес сипаттары. Финк мәдениеттiң пайда болуын О-мен байланыстырылады, себебi О. болмаса адам баласы өсiмдiк тектес болар едi. Адам үшiн О. бәрiн де қамтитындықтан О. адамды табиғаттан жоғары дәрежеге көтередi де, мәдениет феноменi пайда болады. Гадамер тарих пен мәдениеттi тiл стихиясындағы ерекше О. ретiнде талдады: бұл ретте адам өзi қиялынан тудыратын рөлден гөрi басқаша рөлде болады [3, 196-197 бб.].
Ойын туралы алғашқы философиялық концепциялар Ежелгi Грекияда қалыптаса бастады. Онда ойын адамның материалдық қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған утилитарлық әрекетке жатпайды, оның нысанасы көңiл күй көтерiңкiлiгi болып табылады делiндi. Платон ойыннан көңiл көтерушiлiкпен бiрге оқыту тәсiлiн де байқап, оны екi бағытқа бөлiп көрсетедi: бiрi -- гимнастикалық шеберлiк, яғни, дененi толық жетiлдiру болса, екiншiсi -- мусикалық шеберлiк, жанның дамуы. Гимнастикалық шеберлiктiң өзiн ол билеу және күрес деп екiге бөледi. Философтың айтуынша, билеу -- айбындылық пен игiлiктi сақтап денеге денсаулық, жылдамдық және сұлулық бередi. Ал күрестi талқылау барысында ол бәсекелестiк көңiл көтерушiлiкке айналмауы тиiс. Себебi онда қорқыныштың бейнесi бар дей отырып, рухтың кiмде бар, кiмде жоқ екендiгi осы жағдайда көрiнедi дейдi. Осы айтқандарымен қатар ол бүкiл ел азаматтарының бiр-бiрiмен сайысқа түсуi керектiгiн яғни, тас лақтыру мен садақ ату, ән-күй, жаяу және ат жарыстарын ұйымдастыруды ұсынады.
Платон ойынның жарыс аспектiсiн ғана емес, мемлекеттiк заңдарға да әсер ететiнiн көредi. Оның ойынша егер де адамдар қалыптасқан ойындарды ойнап, қалыптасқан ережелермен жүрсе, олардан рахат алса онда мемлекеттiң заңдары да мүлтiксiз орындалады. Ал егер жастар бұған көнбей, ойын қалпын өзгерткiсi келiп жаңа қызықтар iздесе -- мемлекетке одан қатерлi нәрсе жоқ. Ғұлама пiкiрлерiнiң түйiнi бойынша өзiн-өзi жетiлдiрудiң мусикалық тәрбиеден басқа жақсы жолы жоқ. Ән-күй жолы құдайлар көрсеткен ең жақсы ойын жолы деген ойшыл ойынға: "бүкiл әлем, жаратылыс ойын тәрiздi ұйымдастырылып басқарылады -деп жалпы ұғым бередi (4, 282-283 бб.).
Антикалық ойшылдар ойынды адам мен космос арасындағы гармониялық үндестiк идеясы ретiнде қарастырса, Платон: өмiрдiң жалғыз дұрыс жолы -- ойынды, би билеудi құдайдың берген сыйы деп бағалайды. Осыдан барып адамға мейрам не үшiн қажет деген сұрақ туындайды. Платон мейрамның адамның қоғамдық өмiрiндегi әлеуметтiк маңызын көрсетедi. Расында да Апполонға, Дионис пен Музаға бағынышты ойындардың табиғи мусикалық формасы осы мерекелердiң негiзiнде жатыр. Ойындар мейрамды қызықты көрiнiс пен рухани энергияның туындауына, адам көңiл-күйiнiң көтерiлуiне бағыттайды.
Ал Аристотель болса өзiнiң Никомах этикасының атты еңбегiнде ойын аспектiсiн: Бақыт дегенiмiз, ойын-сауықпен көңiл көтеру емес. Мақсат көңiл көтеру болса да, адам өмiр бақи жұмыс iстеп бүкiл қиыншылықтарды көңiл көтеруге жету үшiн жеңу керек[5, 280 б.]. деп түсiндiредi. Ойын ол үшiн психофизиологиялық катарсис, рухани және физиологиялық күштiң қалыптасу құралы болып табылады. Немiстiң ұлы ғалымы И. Кант рухтың физикалық мәдениетiн қарастыра отырып, ойын элементiндегi жан мәдениетiнiң қалыптасуына айрықша көңiл бөледi. Ойшыл оны рухтың физикалық мәдениетi, яғни, еркiн ойын және жұмыс деп екi формаға бөлiп көрсетедi. И. Кант еркiн ойын түсiнiгiн эстетикаға алғаш кiргiзгендердiң бiрi [6, 564 б.].
Осындай еңбектердiң iшiндегi бiздi ерекше қызықтырып, көңiлiмiздi аударғаны -- нидерланд ғалымы, тарихшы-философ Йохан Хейзинганың концепциялары. Оның Орта ғасырдың күзi, Ойын ойнайтын адам тақырыбындағы шығармалары мәдениет тарихына үңiлдiредi. ХХ ғасырдың 30-жылдарында ол мәдениеттi түсiндiруде ойын концепциясын тұңғыш ұсынды. Мәдениеттiң архаизмдiк қоғамнан бүгiнгi батыстық қоғамға дейiнгi әртүрлi формасының ойындық жағын өңдей отырып Й. Хейзинга ойынның адамзат дамуында мәдениет факторы болғанын анықтайды. Сонымен бiрге ол адам қоғамы пайда болуы кезеңiндегi ойын формаларын талдап, оларға тән қуаныш пен әдемiлiктi белгiлейдi дей отырып: Адам денесiндегi сұлулық қозғалысы ойында көрiнедi. Жоғары дамыған ойын формаларында ритм мен үндесушiлiк бар дейдi [7, 18 б.].
Ойын - мағынаға толы функция. Ойын өмiрге өзiндiк бiр рең, сипат берiп тұрады, өмiрдегi әрекеттерге мән-мағына бередi. Әрбiр ойын бiр нәрсенi бiр мағынаны бiлдiредi. Ойынды рух деп атау дұрыс емес болар, ал оны белгiлi бiр мақсатқа (жеңiске, табысқа) бағындырылғанын, соған бағытталған деп түсiну қажет шығар. Ол даналық пен ақымақтық дизъюнкциясынан тыс дейдi Й. Хейзинга, Өткен күндер көлеңкесiнде деген еңбегiнде [ү, 173 б.]. Ойынды нақтылы бiр рационалды әдiс, тәсiлдермен түсiндiруге болмайды, себебi ондай әдiс, тәсiлдер ойын құбылысын тек қана ақыл-парасаттың шеңберiнде ғана қарастыра алады. Ал шындығында ойын табиғатын рационалды жолмен түсiндiру мүмкiн емес, өйткенi ойын адам мәнiнiң тереңiнде, тұңғиығында жатыр. Ойын ақыл-парасаттық сипатта болмайды, ол адам болмысының иррационалды қабатымен де байланысты. Ойын элементiн мәдениеттен iздесек, онда мәдениет құбылысының ойындық сипаттарға толы екенiне бiздiң көзiмiз жетедi. Мәдениеттегi ойын элементi алдын ала белгiленген мөлшерде көрiнедi. "Ойын мәдениеттен бұрын қалыптасқанымен, бiрақ та ойын мәдениеттiң даму кезеңдерiнiң барлығында дерлiк кездеседi, оларға нәр берiп тұрады. Адам күнделiктi тұрмысында, тiршiлiгiде ойынмен кездеседi. Ойын нақтылы өмiрден, күйбең тiршiлiктен дараланып, өзгешеленiп тұрады, ойын олардан асқақ, биiкте тұрады. Ойын iс-әрекеттiк форма ретiнде көрiнiс бередi, сол iс-әрекет формасы нақтылы бiр мағынаға ие болып, әлеуметтiк функция ретiнде белгiнедi, - дейдi Й. Хейзинга [7, 27 б.]
Ойынды күлкiге ұқсату, онымен салыстыру дұрыс емес болар. Күлкi ол шаттық, қуанышпен байланысты. Ойын күлкi де, шаттық та емес, оның табиғаты өзгеше. Ойын ең алдымен еркiндiкке, бостандыққа негiзделедi. Ойын шын мәнiндегi еркiндiктiң өзi болып табыладың. Ойын күнделiктi өмiрмен салыстыру қате болар, ойын одан басқаша, одан бөлек. Ойын шектiлiк, тұйық сипатқа ие. Ойын кеңiстiктiң белгiлi бiр нүктесiнде және алдын ала нақтыланған уақыттың аясында ғана жүзеге аса алады. Ойынның ағымы мен мағынасы оның өзiнiң iшкi табиғатында. Ойынның басты сипаты оның ойналатындығында, яғни белгiлi бiр уақытта басталып, келiсiлген уақыттан соң тәмәмдалады. Ойын ойналғаннан кейiн сол бойда мәдени форма ретiнде бекiтiледi. Ойын бiр рет ойналып, рухани құндылық ретiнде есте қалып, кез-келген уақытта қайта ойнала алады [8, 283 б.]. Қайталанушылық ойынның маңызды қасиеттерiнiң бiрi. Ойынды әзiл-қалжыңмен де салыстыру негiзсiз болар, себебi әзiл-қалжың ылғи да аңғалдықпен, ақымақтықпен байланысты. Сонымен бiрге, ойынды даналықпен, парасатпен салыстыру, олардың ойынмен ұқсас белгiлерiн iздеудiң еш нәтиже бермейтiндiгi ешкiмдi таңғалдыра қоймас. Ойын күнделiктi өмiрден орны мен ұзақтығынын арқасында дараланады, өзгешеленiп тұрады.
Й. Хейзинга бойынша, ойынның ойналатын белгiлi бiр орны бар. Әрбiр ойын күнi бұрын белгiленген кеңiстiктегi нүктеде өтедi. Сол кеңiстiктегi орын алдын ала дайындалуы немесе ойдан шығарылуы мүмкiн. Арена, ойын үстелi, сиқырлы шеңбер, сахна, ғибадатхана, киноэкран, сот залы осылардың бәрi форма мен функциясы бойынша ойынның кеңiстiкте ойналатын орны болып табылады. Аталмыш орындар таңдалған, бөлiнiп алынған, дараланған, шектелген, аластатылған территориялар ретiнде есептеледi [7, 28 б.]. Бұл бiздiң дүниемiздiң iшiндегi ерекше ережесi, тәртiбi бар уақытша әлем ретiнде сипатталады. Ойын кеңiстiгiнiң iшiнде тек қана ойынға ғана тән тәртiп бар. Ойын тәртiптi орнатып қана қоймайды, ал сол тәртiпке ойынның өзi негiзделедi. Осы аласапыранға толы, жетiлмеген адамдар дүниесiнде ойын уақытша тәртiптi орнатады. Ойын тәртiбi қасиеттi. Ойын тәртiбiнен болмашы ғана ауытқу оған кедергi келтiрiп, ойынның өзiндiк құндылығына қол сұққандай болады. Ойынның басты екi қасиетi бар, ол ырғақ пен үйлесiм. Осындай пiкiрдi Ортега-и-Гассет те қолдайды: Ойынның бiр ерекше белгiсi адамды ынта-жiгерде ұстайды. Ойынның мұндай белгiсi адам бойында сенiмсiздiк пен үмiттi тудырады. Бұл белгi жалғыз немесе дара ойналатын ойындарға тән. Ал спорттық жарыстарда ол шырқау шегiне жетедi [9, 230-263 бб.].
Әрбiр ойынның өз ережелерi бар. Сол ережелер уақытша сипаттағы ойын әлемiнде тәртiптi анықтайды. Ойын ережелерiне күмәнданудың өзi сырт көзге оғаш көрiнедi. Егер де ойыншылар ойын ережесiн ұстанудан бас тартса, сол бойда ойын әлемi күйрейдi. Ойын ережесiн ойыншылардың бiреуi бұзып, басым түсуге тырысса, онда оны жеңiс деп есептемейдi. Төрешiнiң ысқырығы бiздi ойын әлемiнен жұлып алғандай әсер қалдырады. Төрешiнiң бiр ғана ысқырығы ойын әлемiнiң тағдырын шешiп бередi, - дейдi Й. Хейзинга [7, 30 б.]. Ойын функция ретiндегi өзiнiң жоғарғы мәнiнде екi аспектiде көрiнедi. Ойын - бұл бiр нәрсе үшiн күрес және сол күрескен нәрсеңдi басқаларға көрсете алу. Бұл екi аспектi көп жағдайда бiрiгiп кетедi. Ойын үшiн кеңiстiктiң маңызын алдында атап өттiк. Мұндай талап магияда, табынуда, сот iсiн жүргiзуде де қойылады. Мұнда кеңiстiк пен уақыт мағынасынан да терең мән жатыр. Әрбiр салт, рәсiм, құпия ордендерге қабылдау, сиқырлау ең алдымен кеңiстiктегi орынды анықтаудан басталады. Ал ондай болса, сол қасиеттi орындардың стадионнан, тенис кортынан, ипподромнан қандай айырмашылығы бар. Мұнан бiз ойынның салт-жоралғылармен ұқсастығын байқаймыз. Бiз осындай ұқсастықты қабылдай отырып, салт-жоралғылардың негiзiнде ойын кеңiстiгi жатқанымен келiсемiз.
Ойын - адам өмiрiнiң құралы. Ойнаушы Адам нақтылы заттық дүниеден рәмiздiк әлемге ауысып кетедi. Бұл сипатта бүкiл таңбаларды ойын деп қарастыруға болады. Бала ойнағанда үлкендер әлемiнiң моделiн қайталап оны таңбалар арқылы меңгергiсi келедi. Ойында дүние реальды және шартты болып екiге бөлiнедi. Тән мен рух жарысында ұту адамда жоғары ләззат сезiмдерiн туғызады. Ойын мәдениетi адамның өз тәнi мен рухының жетiлгендiгiнен ләззат алуымен шектелмейдi. Қазiргi мәдениеттануда ойын спорт пен өнердi ғана қамтымайтын әмбебапты адамдық болмыс ретiнде қарастырылады.
Й. Хейзинга көзқарастарына қайтып келейiк. Ойынның нәтижесi объективтi дерек ретiнде ешқандай маңызы жоқ, себебi ойынға қатысушы тараптардың бiреуiнiң жеңуi ешкiмдi таңғалдырмайды. Ойынның нәтижесi тек қана ойыншылар мен көрермендер үшiн маңызды. Ойындағы доптың нысанаға дәл тиюi материалды нәтиже болмағанымен идеалды мәнге, қасиетке ие, яғни ойында жол жүрiп, не қол жүрiп, бiр сөзбен айтқанда сәттiлiк болды деп есептеледi [7, 63 б.]. Ойын ұғымы ұту, ұтыс ұғымдарымен тығыз байланысты. Ұту бұл ойын нәтижесiнен жоғары көрсеткiштерге жету. Ал бұл жоғарылық адамға асқақтық елесiн бередi. Сонымен бiрге ойында ұтып алудың арқасында ойыншы атақ, даңқ, құрметке ие болады. Бұл атақ пен құрмет жеңген топ үшiн өте маңызды. Ойындағы ең басты мақсат пен мүдде жеңiске жету. Сол жеңiс арқылы басқалармен салыстырғанда бiрiншi болу, олардың алдында мықтылығынды көрсету. Триумф - бұл көпшiлiктiң алдында толық жеңiске жету, сол арқылы өз биiктiгiндi басқаларға дәлелдеу. Адамдар ойынға ең алдымен жеңу үшiн қатысады. Ал жеңiс адамға ләззат пен қанағат беретiнi белгiлi. Ал сол жеңiске жетуге ынталандыру үшiн бәс тiгiледi. Бәс материалды жағынан құнды немесе рәмiздiк болуы, тiптi ол идеалды қасиеттерге ие болуы мүмкiн. Бәс алтын кубок, ханның қызы, ойыншының өмiрi т.б. сипатта кездеседi. Ал сыйлық бұл рәмiздiк зат. Оны ойын кеңiстiгiнде нақтылы бiр жерге қояды. Сыйлық материалды жағынан құнды нәрсе немесе белгiлi бiр көлемдегi ақша ұсынылады. Ойыншылар сыйлық үшiн ойнайды және ол үшiн маңдай терiн төгiп еңбектенедi. Ойындағы сәттiлiк, құштарлық, тәуекел элементтерi бiр қызығы экономикаға да тән болады. Атап айтқанда бизнестегi тәуекел, кездейсоқ жағдай, сенiмсiздiк оны ойындық әрекетке ұқсаттырады. Адамдар рулеткада және биржада ойнайды. Бiрiншi жағдайда адамдар оның ойын екенiн бiледi, жеңiлген жағдайда ол жеңiлiс онша ауыр сезiлмейдi, ал екiншi жағдайда адамдар оның ойын екенiне келiспейдi, жеңiлiс мұнда өте ауыр қабылданатыны белгiлi. Сатып алу мен сату iскерлiк өмiрдiң ажырамас бөлiгi болып табылады. Биржадағы ұтысты көпшiлiк кездейсоқтық деп есептейдi. Шынында да биржада кездейсоқтық жағдайлар көптеп кездеседi.
Ойынның көрермендердiң шартты түрде екi топқа бөлуге болады. Бiрiншiлерi ойынға қызықпайтын, оған құлқы жоқ, енжар көрермендер. Ал, екiншiлерi, керiсiнше, ойындағы күйдi қабылдап алып, белсендi көрермендерге айналады. Ойын алуан түрлi iс-әрекеттердiң iшiнде өзiндiк, дара сипатқа ие. Кейде көрермендер ойынды тек қана бақылап қана қоймай, оған белсендi түрде араласады. Бұл ойынның ойын-сауыққа негiзделген түрлерiнде кездеседi. Мұндай ойын түрлерiнде ойыншылар ойын әлемiнiң iшiнде, ал көрермендер болса сол әлемнiң алдында әрекет етедi. Ойыншылар бұл жағдайда процеске қатысушы, ал көрермендер соның куәгерлерi болады. Мұндай ойын түрлерi, әдетте, мейрамдарда, мерекелерде ойналады.
Ойын этикадан гөрi эстетикалық сфераға жақын. Эстетика тарихында өнердiң iшкi табиғатына тән ойын элементi көп уақыттан берi зерттелуде. Қазiргi таңда ойын бастауларының үстем ететiн өнердегi стильдер мен бағыттардың әр түрлi аспектiлерiнде зерттеулер жүргiзiлдi. Ойын бұл еркiн iс-әрекет, мұнда күштеу жоқ. Ойын өз негiзiнде ашық, ол суырып салмалыққа, парадокске, күтпеген жәйттерге толы. Ойын қоршаған ортаның автоматизмiне, реттеушiлiгiне қарсы бағытталған ойын көбiне бiр iстi жүзеге асыру жолында алдын ала қабiлеттердi жаттықтыру функциясын атқарады, ұстамдылыққа үйретедi. Ойынның адам үшiн компенсаторлық жағы маңызды, себебi адамға өмiрде жоқ нәрсенi ойын ғана бере алады. Сондықтан да ойын күнделiктi өмiрден алшақ тұрады, арасында қашықтық бар.
Ойынның алдын ала жасалған композициясы оны әдемi де сұлу ғылып көрсетедi. Ойынның тұрпайы түрлерiнiң өзiне де нәзiктiк, ырғақ, үйлесiм тән. Адам тәнiнiң қозғалысының сұлулығы ойында толық жүзеге асады. Осыдан ойынның жаңа сапасы шығады, ол көрiнiс сәтi. Ойнаушы адамды ойын ылға да баурап, байлап тастайды. Мұнан ойынның адам мәнiндегi терең мәнi шығады. Шиллердiң, есептеуiнше, адам тек қана толық мәндегi адам болғанда ғана ойнай алады. Немiс ойшылы бұл пiкiрiмен адамның көрiнiске деген имманенттi қажеттiгiн көрсеттi [10, 260-265 бб.]. Ойын шынайы өмiрден жоғары тұруы тиiс және эмоцианалды тұрғыдан қанық, бай болуы тиiс. Ойын жағдайы өз мәнiнде ылғи да амбиваленттi. Онда сенiм мен күмән бiрлiгi, байсалдылық пен әзiлдiң байланысы орнайды. Көптеген әдебиеттерде зерттеушiлер өнер мен ойынның байланысын қарастырғанда өнердегi ойындық бастаулардың қаншалықты жоғары болатындығын зерттейдi. Көптеген зерттеушiлердiң пiкiрiнше, ойындық бастаудың жоғары түрлерi поэзия, музыка және би. Ал көркемсурет пен мүсiндеуде ойындық сипат анағұрлым аз көрiнедi.
Адамның ойындық iс-әрекетiн зерттеуде үлкен мүмкiндiктi демалысты өткiзу (бос уақыт, демалыс) саласы бередi. Оның көркемдiк формалары адам еркiнiң шығуына кең жол ашады. Соның арқасында оның көркемдiк салалары бiз үшiн ерекше сапаға ие мәдениеттiң бiр бөлiгi ретiнде көрiнедi. Демалудың негiзгi мақсаты өмiрдiң бiр тектiлiгiнiнен құтылып, сезiм мен сезiнудiң жаңа белестерiне көтерiлу болып табылады. Әр алуан мәдениеттердегi адамдардың демалысын немесе бос уақытын өткiзу түрлерiн зерттегенде кейбiр түсiнiксiз жәйттер кездеседi. Демалудың кейбiр түрлерi сырт көзге керегi, қажетi жоқ сияқты көрiнедi. Демалудың жаңа формаларының жүзеге асуы қоғамдағы түрлi тиымдарды бұзуға әкеп соғады, оларға қайшы келедi. Қазiргi таңда әр түрлi мәдениеттердегi демалу саласының инстинктпен және эротикамен байланыстарын ұлғайтуға деген талпынысын байқауға болады. Соның себебiнен бұл салада ойындық, экспериментальдық iс-әрекеттер айқын көрiнiс бередi.
Ендi ойын феноменiнiң мәндiк белгiлерiн бөлiп көрсетiп, кейбiр қорытындылар келтiрейiк:
1. Ойын - әмбебап құбылыс және ол адам болмысы стратегиясының бiрiне жатады.
2. Ойын - табиғи қажеттiлiк пен мәжбүр етуден гөрi бiрiншi кезекте адамның еркiн әрекетiмен байланысты, ол - адам азаттығы.
3. Ойын күнделiктi күйбең тiршiлiктiң аумағынан шығуға ұмтылады, ол оны қасиеттендiредi және салтанатты етедi.
4. Ойынның өзiндiк шектелген кеңiстiгi мен уақыт жүйесi бар.
5. Ойын жетiлген ереже бойынша жүзеге асырылады және ол эстетикалық мағынаға ие болуы қажет.
6. Ойын белгiлi бiр қызығушылықты, адамның рухани және тәндiк күштерiнiң жұмылдырылуын, табандылықты, дәйектiлiктi, бәсекелестiктi, үмiт пен қуанышты қажет етедi.
7. Ойында бейресми мақсаттық топтар құрастырылады, оларға өзiндiк салт-дәстүрлер мен рәсiмдер тән.
Л.Кун өзiнiң Дене мәдениетiнің жалпы тарихы деген монографиясында Египеттiң дәстүрiн мысалға келтiредi. Керемет нәрсенi анықтаған египеттiктер ол туралы қасиеттi мейрамдарда ғана жариялаған [11,7 б.]. Ал басқа уақытта ешбiр жанға жаңа нәрсе енгiзуге рұқсат етпеген. Антикалық философиялық жүйе мейрамдарға мемлекеттi күшейтетiн феномен ретiнде қараған. Аристотель болса, мейрам табиғатын түсiну, сұраққа жауап беру секiлдi қиын дейдi. Сонымен мейрам мен ойын тән мәдениетiне тiкелей арқаланады.
Агондық ойындардың ең көп тараған түрi - спорттық жарыстар. Спорттың негiзгi ерекшелiгi бiр адамның басқалардан кереметтiгiн айқындауға бағытталады. Жарыста жеңiстiң құндылығы арта түседi. Бұл туралы Д.М. Комский: Ойынға белгiленген ережелер жүйесi бар барлық жарыс түрлерi кiредi [12, 78 б.] десе Ж. Паскаль: Жеңiске деген үмiт ойыншылар күшiн ұстайды. Ойынның қызықтылығы қорытындының белгiсiздiгiне де байланысты болады. Бұл белгiсiздiк адамдарды конфликтiлi жағдайларға итермелейдi, ойынға тек ойыншы ретiнде қатыспай көрермен ретiнде қатысуға болады [13, 13 б.] деген пiкiр айтады. Спортта ылғи да табысқа жету адамның өзiне деген сыншыл қатынасын жояды. Спорттың маңызды құбылыстарының бiрi -- жарысқа қатысатындармен бiрге оны телеарналардан көрiп, радиодан тыңдайтын адамдарды да тәрбиелеу.
Спорттық ойын шындық, сұлулық, үндестiк өмiр секiлдi әмбебап нәрсе. Бұған дәлелдi бiз А. Гуревичтiң, Х. Ортега-и-Гассета мен И. Хейзинганың еңбектерiнен табамыз. Ойынның күрделi және көп құбылысты мазмұнын адамның алуан түрлi белсендiлiгiмен байланыстыра түсiну мүмкiншiлiгiн Хейзинга ашып бердi: Ойын ережелерiнде оның рухани элементi, материализациясы жүредi де, ол өз кезегiнде ойыншылардың әрекетiнен көрiнедi. Ережеге бағынбайтын ойыншы ойынды бұзушы боп есептеледi Яғни, ойынды шын тәртiппен ойнау керек. Бiз спорт -- бұл ойын дегенде көп нәрсенiң байыбына бармаймыз. Себебi, ойын түсiнiгiнiң өзi белгiлi бiр нақтылықты қажет етедi дейдi. Сонымен бiрге ғалымның Ойын концепциясында: Ойын деген ең бiрiншi еркiн қызмет-деп те көрсетiледi.
Қалай болғанда да еңбекке жарамды ересек адам үшiн ойын -- функция. Ол белгiлi бiр уақыт пен кеңiстiкте ойналып, мәдени форма боп тұрақтанады. Ойналған соң рухани туынды ретiнде есте қалып дәстүрге айналады. Кез келген ойын қайталанады. Бұл қайталама ойынның белгiлi бiр қасиетi - жаттығу болып табылады. Ойын әлемi ақиқат, рас нәрсе. Оған кiрген кезде шарттың бәрiн есте ұстап орындау қажет. Ойын сондай-ақ спектакль сияқты ашық сценаның терезесiнен көрiнген әлем елесi, адам әрекетiнiң әдiсi мен формасы. Оның сценарийiн жазатын да адам.
Ойын онтологиясы мен феноменологиясына талдау бергеннен кейiн, негiзгi зерттеу объектiмiз - қазақтың ұлттық ойындарын мәдени феномен ретiнде қарастыру осы бөлiмшенiң басты нысанына жатады. Ұлттық ойын өзiнiң әмбебап құрылымы мен функцияларын сақтай отырып, этномәдениет аясында төлтума бiтiмдерге ие болады. Қазақ ұлттық ойындары номадтық өмiр салтында қалыптасқаны белгiлi.
Көшпелiлер өмiрi табиғатпен кiндiктес болғандықтан, оның тiршiлiгi мен көңiл көтеруi де тiкелей табиғатпен үйлесiмдiлiк арқылы жүзеге асады. Олардың еңбек құралы - алдындағы малы. Соның жайын ойлап үнемi көшiп отырған. Көшпелiлердiң рухани өмiрi мен дүниетанымы кездейсоқ ұғымдардың жиынтық тiзбегi емес. Ол бiртұтас мұраттық үрдiс ретiндегi мәдени құбылыс.
Қазақ халқының ежелден қалыптасқан, түп тамыры тереңнен тартылған төлтума мәдениетi бар, ол мәдениеттiң өзiндiк даму жолы, талай ғасырлар бойғы өз тарихы бар. Сонау ерте заманда-ақ өзiне тән мәдениетi, әлемдiк келiсiммен тығыз байланыса дамыған қоғамы, өзiндiк жазбасы, ерекше экономикасы, салт-дәстүрi, өнерi, сан-салалы ойындары Қазақ топырағында өркен жайған. Осынау орасан зор кең байтақ ұлы Даланы мекендеген қазақ халқы өзiнiң екi жағындағы екi державаның оқымысты зиялыларының назарын үнемi аударып келген, әлi де аударуда. Бұған мысалды көптеп келтiруге болады.
Ата-бабаларымыздың көшпелi өмiрiнiң этникалық ерекшелiгiн ең алғаш Чжан Цянь суреттеп жазып берген [14, 14-18 бб.]. Мұнда қазақ халқының айналысқан кәсiбi, тамағы, киiмi, баспанасы, рәсiм, ойындары жайлы деректерге талдау жасалған. Ғасырлар қатпарларына көз салмай-ақ берiден бастасақ, белгiлi орыс ғалымы Лев Николаевич Гумилевтi еске алсақ тажетiп жатыр. Ол қазақ жерiн ұлы Дала деп өз атымен атап, ғұндар, Қиял патшалығын iздеу, Көне түрiктер деген үш томдық еңбек жазып, бүкiл түрiктердiң, оның iшiнде қазақтардың көп ғасырлық тарихын түптеп қазып, тәптiштеп жазып, өлмес, өшпес еңбектерiн мәңгiлiк етiп артына қалдырды.
Осы сияқты халқымыздың түп төркiнi, адамзат тарихындағы өз орны, туған жұртымыздың әлемдiк ұлы мәдениетке қосқан үлесi жайлы жазылған үлкендi-кiшiлi ғылыми туындылар жарық көрдi. Қанша заманнан берi қазақ мәдениетi сан зерттеуге түстi. Әйтсе де, мәдени мұраның көптiгi, мағынасының тереңдiгi олардың толық игерiлуiне әлi де болса мүмкiндiк бермей отыр. Сондай мәдени мұраларымыздың бiрi -- бiз тақырып етiп алып отырған ұлттық ойындар.
Ойын типологиясында бұл феноменнiң әмбебап және ұлттық болып бөлiнетiндiгi туралы атап өткенбiз. Мәселе көптеген халықтарға ортақ ойындар туралы ғана болып отырған жоқ. Ең бастысы - этникалық сипаттағы кез келген ойын мәдениеттiң өзгеруiне байланысты тек сыртқы формасын ғана емес, сонымен бiрге өзiнiң мағынасы мен функцияларын да өзгертiп отырды. Леви-Стростың мифтерге қатысты пiкiрiн ойыңға қатысты былай тұжырымдауға болады: барлық халықтардың ұлттық ойындарды әмбебап құрылымдық бiтiмдердi аңғаруға болады. Ұлттық ойындар өзiнiң тарихи формаларында мынадай сатылардан өттi: салттық рәсiм - рәсiм-ойын -- ойын-рәсiм -- салт қалдықтары бар ойын -- ойын.
Жоғарыдағы жiктеудiң нақтылы көрiнiсi ретiнде, мысалы, көкпарды (көк бөрi) алайық. Кезiнде С.П. Толстов атап өткендей, бұл ойынның түп негiзiнде малды жыртқыштардан қорғауға бағытталған магиялық рәсiм мен фратриялардың төтемдiк жануарға иелiк етуге бағытталған ойыны жатыр. Сонымен қоса бұл ойында жауынгерлiк және есею инициациялары анық көрiнiс табады. Дәл осындай үрдiстердi бiз жаугершiлiк заманындағы жекпе-жектi, ру-тайпалар арасында қақтығыстарды бiлдiретiн барымтаны, кейiн рәсiмдiк ойынға айналған ер сайысын және қазiргi агонистикалық ойындарды салыстыра отырып, бөлiп көрсетуге болады. Қаншама көненiң алдында бас игенiмiзбен, өркениеттену барысында (бұл әсiресе дүниежүзiлiк дiндер ықпалымен қарқынды жүрдi) әдеттер мен мiңездердiң жұмсарғанын да көре аламыз. Айталық ежелгi сайыстар қарсыластардың бiрiнiң құрбан болуымен аяқталып отырса, жаңа уақытта сайыстың спорттық және тәрбиелiк функциялары бiрiншi орынға шығады. Рәсiмнен ойынға ауысудың, ойындағы мәдени-этикалық құндылықтардың нығаюының және жаңа мәдени ортада ескi ойындардың ұмытылуының бiр мысалы ретiнде исламдық талаптармен қамтылып үлгiрмеген түрiк халықтарының эротикалық ойындарын алуға болады. Қазiр оларды елдiң көпшiлiгi бiлмегенiмен кезiнде бұл ойындар кең таралған.
Рәсiмнiң ойынға айналуы мен соңғының мәдени болмысының өзгеруiнiң айқын бiр көрiнiсiне қазақ-қырғыздар арасында ХХ ғасырдың басына дейiн сақталып келген және ас беру дәстүрiнiң бiр элементi болған Түйе шешу рәсiмi жатады. Бұл салттық ойын, Г.П. Снесареваның пiкiрi бойынша, басқа да осы сияқты феномендердей архаикалық тотемдiк реинкарнацияны бiлдiрсе, екiншi жағынан ол өнiмдiлiк пен жасампаздық магиясына жатады. Басқаша айтқанда, осындай эротикалық ойын-рәсiмдер көптеген халықтарда кездеседi, яғни ол өнiмдiлiк идеясының рәмiздiк бейнесiне жатады. Сол себептi бұл ойынды қазiргi әсiре сексуалдық тұрғысынан табиғи ұятсыздық пен әдепсiздiк деп бағалаған дұрыс емес. Түйе шешу рәсiмiнен сол себептен арсыздық немесе анайылықты емес, керiсiнше ас кезiнде тiршiлiктi жалғастыру қажеттiлiгi идеясын көрген дұрыс. Басқаша айтқанда, Түйе шешу ойыны оргия емес, ал өмiр тойының бiр сәтi, көшпелiлердiң дионисийлiк мәдениетiнiң көрiнiсi. Ойынның қысқаша суреттемесiн берейiк. Түйе шешу ойыны әдетте үлкен ас кезiнде атқарылған. Атан түйеге сый артылып, оны кендiр арқанмен қазыққа әбден матап, байлап қояды. Кейбiр деректерде тыр жалаңаш, кейбiреулерiнде - жартылай жалаңаш, екi қолы байлаулы әйел, ереже бойынша тiстерiмен түйенi шешуге тырысады. Пиғылы жүзеге асқанда ол түйенi де, оған артылған жүктi де өзiне алады. Бұл рәсiм-ойынды бiршама алыс қашықтықта отырған көрермендер күлкi астында тамашалап отырады. Г. Симаковтың деректерiнде қырғыздарда бұл ойынға айғыр рөлiн ойнайтын еркекпен, бие рөлiн ойнайтын әйел бiрдей қатысады екен [15, 120 б.]. Бұл ойын туралы деректердi белгiлi суретшi Н.Г. Хлудовтың Бәс тiгiлген той атты, елiмiздiң Мемлекеттiк музейiнде сақтаулы туындысынан, қазақ және қырғыз халықтарының арасында жүргiзiлген этнографиялық зерттеулерден кездестiре аламыз.
Түйе шешу ойынын бiз экзотика мен тұрпайылық мысалы ретiнде келтiрген жоқпыз. Бұл ойынды зерделеуден мынадай тұжырымдарға жетуге болады:
1. Түйе шешу ойыны өнiмдiлiк рәмiзiн бiлдiредi және тарих барысында көңiл көтеру ойынына айналады.
2. Осы ойын ас кезiнде адам қайтыс болғанымен, өмiрдiң жалғаса беретiнiн көрсетуге бағытталған.
3. Ойын элементтерi рәмiздiк мағынаға толы: түйе - түрiк халықтарында тотемдiк жануарға жатады және тернарлық әлем құрылымын бiлдiредi (Ш. Уәлиханов қазақтың ақ түйенiң қарыны жарылған күн деген сөзтiркесiн келтiредi), қазылған шұңқыр мен оған қағылған қазық, шым-шытырақ байланған жiп - ер-әйел дихотомиясын көрсетедi, жалаңаш әйел - жаңа туылған нәрестемен теңестiрiледi.
4. Ойын Орталық Азияда пуритандық ислам талаптарымен бiртiңдеп ас рәсiмдерiнен ығыстырылып шығарылған.
5. Түйе шешу ойыны қазiргi бұқаралық мәдениеттегi пайдакүнемдiк пен шәпсiқұмарлыққа негiзделген эротикамен, порногрфия және жезөкшелiкпен үш қайнаса да, сорпасы қосылмайды.
Бұл жерде исламның әдептiк-мәдени функциясының маңыздылығын атап өткен жөн. Арабтардағы қыз баланы өлтiруге қарсы бағытталған ислам шаралары сияқты, мұсылмандық сананың нығаюы көшпелiлер үшiн де өркениеттiлiк мағынаға ие болды.
Мұсылман дiнiнiң әсерiне байланысты қазақ халқы өмiрiнiң ұйымдасуына үлкен реттiлiк пен неғұрлым жетiк этикалық принциптер тән бола бастайды. Ислам Қазақстан аумағында аполлондық бастама ретiнде көрiндi және дүниеге, жеке дара бағытта әрбiр адамға неғұрлым рационалды қатынас пен қанағат сезiмiне аса зор мән берудi үгiттейдi. Ислам дiнiнiң басты рөлi адамдық өзара қарым-қатынастар үндестiгi мен адамдарды өздерiнiң қасиеттiлiгi мен құдiреттiлiгiне көздерiн жеткiзуге алып келу болып табылады. Бұл аспектiде дiн мәдениеттiң бастапқы қайнар көзi мен оның қорғайтын күшiне айналады. Ислам жекеленген адамға әсер етуге тырысады, осылайша тұлғаланудың аполлондық принципiн дүниеге әкелуiмен ислам адамдар өмiрiн реттейдi, сонымен қатар дiни-этикалық жазбалар тiзiмдемесi - шариғатты қалыптастырды. Бұл өнеге жазбалары бойынша инабатты мұсылманның ең маңызды қасиеттiнiң бiрi - қанағат сезiмiн бiлуi. Құран бойынша алтын орталықты ұстану қажет. Сондай-ақ, ислам аполлонизм секiлдi, адамды өлiм алдындағы қорқыныштан құтқарады.
Халқымыздың ұлттық ойындары жайлы бiрен-саран әдебиеттер жазылғанымен, оның қыр-сырын, ұрпақ тәрбиесiнде алатын орны мен рәмiздiк ерекшелiктерiн ашып көрсететiн еңбектер жоқтың қасы болғандықтан бiз ежелден келе жатқан ұлт ойындарын зерттей отырып, ондағы қазақтың ойы мен асыл арманы, тұңғиық сыры, көрегендiгi туралы ой қозғауға барынша тырыстық. Әлем мәдениетiндегi ойын мен агоностика ғалымдар арасында үлкен қызығушылық тудырған. Адам мәдениетi, еңбек, әскери қызмет салт-дәстүр мен нормалар тәндiк мәдениетте айқындалған. Мал шаруашылығымен айналысқан Қазақстан тайпаларында кезiнде стадион немесе жүзуге арналған бассейндердiң болмағаны белгiлi. Ол заманның халқы жүзу мен жүгiрудi, тағы басқа дене шынықтыру жаттығуларын қоршаған орта жағдайында-ақ үйренген. Модельденген көрiнiс қазақтардың санасында салт-дәстүр болып табылады. Себебi, мәдениеттегi ұлттық бастаманың негiзi салт-дәстүрмен тығыз байланысты. Демек, мәдени салт-дәстүр өткендi ұмыттырмайтын естелiк ретiнде қайталана отырып өзiнше бағдарлама құрады. Онда қоғамдағы әрбiр өзгерiстер туралы мәлiметтер берiледi. Көптеген салт-дәстүрлер мыңдаған жылдар бойғы мерекелердiң аясында туып, сақталып қалған. Ұлттық мерекелерде ұлт байлығы көрiну арқылы халықтың өмiрi берiледi. Этнографтар мен тарихшылар, саясаткерлер халқымыздың ойындарын жинап, ұлттық нақыш жасап, халық сөзiнiң түпнұсқасын, тiлiнiң ерекшелiгiн, оның формасы мен мазмұнын терең түсiндiрген. Солардың бiрi А. Гумбольдт көшпендi қазақтардың өмiрiн, салт-дәстүрiн былайша суреттейдi: ...Ауылда өткiзген уақытымды өмiрiмнiң ең бақытты кезеңi деп санаймын, себебi, көшпендi халықтың бiзге деген қонақжайлылығы мен олардың ойын-сауықтары ешқашан да ойдан кетпейтiн көрiнiстер[17, 41-55 бб.].
Ұлт ойындарының шығуы мен қалыптасуы тарихтың өте ... продолжение

Вы можете абсолютно на бесплатной основе полностью просмотреть эту работу через наше приложение.
Похожие работы
Философские и лингвистические аспекты русской литературы и культуры: от Достоевского до постмодернизма
STEM білімді енгізу бойынша ұсынымдар
ЖАҢАЛЫҚТЫ ЕНГІЗУ ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ОБЪЕКТІСІ РЕТІНДЕ
«COMPLETE-SERVICE» туристік фирмасы
Теория и практика устойчивого развития туризма и государственного управления туристской деятельностью в Республике Казахстан
Инвестиции как Драйвер Экономического Роста: Теория и Практика Формирования Эффективной Инвестиционной Политики на Предприятии
Қаржы менеджментінің анықтамасы
Принципы равенства полов: приоритетные аспекты и факторы, влияющие на гендерное неравенство в обществе
Совершенствование управления человеческими ресурсами на предприятии (на примере горнодобывающих предприятий Северного Казахстана)
Структура и функционирование финансово-промышленных групп в США и Германии: особенности корпоративного управления и интеграции
Дисциплины