Қазақстан Республикасындағы монополиялардың іс әрекетін мемлекеттік реттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ.ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономиканы монополияға қарсы саясат арқылы
реттеудің жалпы түсінігі және мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.2 Монополиялардың ұлттық экономикадағы
артықшылығы, кемшіліктері және ролі ... ...
1.3 Шетелдердегі монополияға қарсы саясат ерекшеліктері ... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТІГІ ІС.ӘРЕКЕТТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2.2 Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі қызметінің нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...





3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1
Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...



3.2
Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы жүргізілетін шаралар жүйесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... .





ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 70 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

1 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК
НЕГІЗДЕРІ

1.1Нарықтық экономиканы монополияға қарсы саясат арқылы
реттеудің жалпы түсінігі және мәні
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..
6
1.2Монополиялардың ұлттық экономикадағы 18
артықшылығы, кемшіліктері және ролі ... ...
1.3Шетелдердегі монополияға қарсы саясат ерекшеліктері 25
... ... ... ...

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАНЫҢ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ АГЕНТІГІ
ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ
2.1Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің
жалпы сипаттамасы
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
41
2.2Қазақстан Республикасы табиғи монополияларды реттеу агенттігі
қызметінің
нәтижелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .

53


3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН
МЕМЛЕКЕТТІК ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІН ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ӘДІСТЕРІН
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1Қазақстан Республикасындағы бәсекелестікті жетілдіру жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..



3.2Қазақстан Республикасындағы монополияға қарсы жүргізілетін
шаралар жүйесін жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... .
78

83
ҚОРТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 90
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
93


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі.Парасатты монополияға қарсы саясат тек елдің ішкі
экономикалық процестерін ғана емес, сыртқы байланыстарды жүйеге келтірудің
бірден бір жолы. Осы мәселе әсіресе, жаһандану үрдісіне байланысты әлемдік
деңгейде жиі көтеріліп отыр. Қазақстан Республикасы жедел дамуды алға
мақсат етіп отырған уақытта монополияға қарсы ішкі және сыртқы саясатты
дамытудың рөлі күннен күнге артып келеді. Әлемдік деңгейде бәсекелестікті
арттырудың жолдарын көрсететін, нарық қатынастарын реттейтін шаралардың бір
қатары осы монополияға қарсы саясат арқылы жүзеге асырылып отырады.
Монополияға қарсы күрес саясаты басқарушы билік институттарының экономиканы
реттеушілік қызметін көрсететін маңызды сала. Командалық, этатистік
экономикадан нарықтық экономикаға өту деңгейі мемлекеттің монополияға қарсы
саясатын қалыптастырумен қатар жүргізілді.
Монополияға қарсы саясат нарықтағы субъектілердің шаруашылық
әрекеттерін бәсекеге негіздей отырып, оларға біркелкі нарық жағдайларын
тудыруға, сонымен қатар нарықтағы монополистердің үстемдік жағдайын асыра
пайдалануға тосқауыл қоюға және табиғи монополиялар салаларындағы және
реттелетін нарықтардағы қызметті реттеуге, сондай-ақ тұтынушылардың, табиғи
монополиялар субъектілерінің және реттелетін нарықтар субъектілерінің
мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуге бағытталатын мемлекеттік шаралардың
жиынтығы.
Монополияға қарсы саясат нақты экономикалық үрдістер мен
саясат факторлардың ықпалдасуы, араласуы, біріне бірінің тәуелді болуының
органикалық қоспасы ретті сипатқа ие болады. Монополияға қарсы саясаттың
экономикалық негізі, әлеуметтік мақсаттар мен саяси әрекеттердің мән-
мағынасы осы айтылған құбылыстарға байланысты анықталатындығы даусыз.
Нарықтық қатынастар қалыптасып, дамудың индустриялық кезеңіне
түскен Қазақстан Республикасы үшін жан жақты қамтылған монополияға қарсы
саясаттың саяси – құқықтық негізін қалыптастыру маңызды мәселе. Монополияға
қарсы саясат пен бәсеке саясаты Қазақстан Республикасының экономикасын
қабілеттілігін арттырудың нақты жолы болып саналады. Бiз бұған ел
экономикасының бәсекелестiк қабiлетiн арттыру арқылы қол жеткiземiз. Бұл
елiмiздi дамытудың 2010 жылға дейiнгi жоспарында көрсетілген.
Тұтынушыларды қорғау институттары мен құқықтық нормалар жүйесін құру
және шағын және орта өндірушілерді экономикалық және ұйымдастырушылық
шектеулер мен ынталандыруларды белгілеу арқылы монополиялардан қорғауға
бағытталған мемлекеттік органдардың іс - әрекеттері монополияға қарсы іс -
әрекеттер деп аталады [1]. Қазақстанның 2030 жылға дейінгі стратегиялық
даму бағдарламасында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі
болуы керектігін айтқан. Меншік құқықтарын рәсімдеуге, бәсекелес рынок пен
монополияға қарсы күресті реттеудің сенімді құралдарын құруға бағытталған
құқықтық және нормативтік база жасауды аяқтау көзделіп отырғандығын атап
көрсеткен [2].
Мемлекеттік билік органдары тиімді саясатты іске асыра отырып, қоғамды
оның кері әсерінен сақтауға және экономиканың динамикалық дамуына ықпалын
тигізуі тиіс. Қоғам мүддесін қорғауды басты мақсат ететін мемлекеттің
монополияға қарсы саясаты монополистердің ұсынатын қызмет түрлерінің сапасы
мен бағасын қадағалауға бағытталады. Үкiмет ырықтандыру мен табиғи
монополиялар салаларын: телекоммуникацияларды, электр энергетикасы мен
темiр жолдарды қайта құрылымдау бағытындағы жұмысты жандандыруы керек. Бұл
салалар бәсеке үшiн айқын әрi ашық болуға тиiс, ал халық болса,
көрсетiлетiн қызмет сапасының жақсарып, бағаның төмендегенiн сезiнуге тиiс
[3.]. Монополиямен күрес саясатының мемлекеттік басқару органдарының
ұйымдастыратын шараларының барлығы тұтынушылар мен қоғам мүддесіне сай
келуі тиіс. Қоғам мүшелері монополияға қарсы саясаттың нәтижесіне баға
беріп, оның ары қарай дамуына белсенді үлес қосуын жандандыру да маңызды
міндеттердің бірі болып саналады.
Қазақстан Республикасының Президенті 2005 жылға Қазақстан халқына
арналған жолдауында біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті
елдердің қатарынан лайықты орын алу деп атап көрсетті [4]. Монополияға
қарсы заңнаманы реформалау арқылы, отандық және шетелдік жаңа
компаниялардың экономиканың секторларына кіруі үшін тартымды және ашық
жағдайлар туғызу арқылы бәсекелестікті арттыру керектігі Қазақстан
Республикасының Президенті 2006 жылға Қазақстан халқына арналған жолдауында
да айтқан болатын [5]. Шетел тәжірибесі ел экономикасының бәсекеге
қабілеттілігін арттыру осы елдегі монополияға қарсы саясатты дұрыс жолға
қойылуына тікелей байланысты екендігін дәлелдеп отыр.
Тақырыпты зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан
Республикасының монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесіне
және оларды жүзеге асыру әдістерінің негізін қалыптастыру ерекшеліктеріне
талдау жасау дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты болып табылады. Сонымен
қатар осы шараларды жүзеге асырушы саяси институттарының қоғамда алатын
рөлін анықтауды да мақсат етеді. Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей
міндеттерді анықтайды:
монополияға қарсы жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесін және оларды
жүзеге асыру әдістерінің жалпы теориялық негізін зерттеу;
экономикасы дамыған елдер мен Тәуелсіз Мемлекттер достастығы
елдеріндегі монополияға қарсы саясатының тарихы мен даму барысын саралау;
- монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шаралар жүйесін жүзеге
асырудағы мемлекеттік билік институттарының рөлін анықтау;
- монополияға қарсы бағытталған мемлекеттік шараларды жүзеге асыру
барысында қоғам мүшелерінің мүдделерінің қорғалу деңгейін көрсету;
- мемлекеттің монополияға қарсы саясатының жаһандану процесіне
байланысты келешектегі негізгі бағыттарын анықтау.
Зерттеудің нысаны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
жүргізілетін мемлекеттік шаралар жүйесі және оларды жүзеге асыру әдістері.
Зерттеу пәні. Монополияға қарсы саясатты жүзеге атқарушы
мемлекеттік институттар мен нарық субъектілерінің монополияға қарсы
саясатты жүзеге асырудағы іс -әрекеттері мен өзара байланысы;
Зерттеудің әдіс-тәсілдері Қазақстан Республикасының монополияға қарсы
саясатының қалыптасу ерекшеліктерін зерттеуде институционалдық, жүйелілік,
құрылымдық-функционалдық, статистикалық және салыстырмалы сараптау
әдістерін қолдандық.
Тақырыптың зерттеу көздері. Тақырыптың зерттеу көздеріне негіз
болған теориялық және фактілерге негізделген ғылыми зерттеулер. Дипломдық
жұмыста көбіне нормативтік актілер мен басқа да ресми құжаттар
пайдаланылды.
Монополияға қарсы саясат монополияға қарсы заңдар жүйесі арқылы жүзеге
асырылады. Монополияға қарсы заңнама мемлекеттің бәсеке мен монополия
арасында тепетеңдікті ұстап тұратын, нарықтағы ойын ережесін ресми түрде
белгілейтін құрал ретіндегі заңдар жинағы. Монополизм мен бәсеке қатар
жүретін құбылыс екендігі белгілі. Бәсеке түсінігіне әр зерттеулерде әр
түрлі анықтама беріледі. Біз солардың бірнешеуіне талдау жасайық.

1 МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ САЯСАТТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ-
ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1.1 Нарықтық экономиканы монополияға қарсы саясат арқылы
реттеудің жалпы түсінігі және мәні

Қоғамның жедел дамуы технологиялық инновацияларды тек материалдық
игіліктерді өндіруде ғана емес, тұтыну процесінде де кеңінен қолдануға
итермелейді. Бүгінгі күні адамдардың тұрмыс - тіршілігіне қолданылатын
тауар мен қызмет түрлерінің сан алуан болуы, олардың қолдануға жылдам, әрі
ыңғайлы болуы заман талабы. Қоғам неғұрлым жедел дамыса, адамдардың
соғұрлым талап тілектері өсіп отыруы заңдылық. Электр, байланыс, транспорт,
жылу жүйесі тағы да басқа халық тұтынатын тауарлар түрі күн санап өсіп
келеді. Ал өндірушілер тұтынушының күнделікті осы қызмет түрлеріне
зәрулігін пайдалана отырып өз мақсаттарына жетеді. Өндірушінің басты
мақсаты - орасан пайда табу. Осы құбылысты, өндірушімен тұтынушы арасындағы
өзара байланысты реттеу үшін мемлекет экономикаға араласуы тиіс. Қоғам
талаптары мен сұраныстарын қалыптастыру мақсатында нарық алаңында болатын
түрлі іс - әрекеттерді бір жүйеге келтіру- өндірушіге де, тұтынушыға да
тиімді. Тауар өндірушілер нарықтағы үлес - салмақтарын өсіру үшін таза
жарыс, бәсеке қатынастарын бұза отырып, түрлі амалдарға баруы мүмкін.
Осындай келеңсіз нарық кемшіліктерін реттеу үшін көптеген елдер монополияға
қарсы заңнамалар арқылы парасатты саясат жүргізеді. Нарықты экономиканы
реттеу саясаты көпжақты, көпбағытты, аса күрделі құбылыс. Оның бір бағыты -
 монополияға қарсы саясатты қалыптастыру. Нарықтық қатынастар шаруашылықты
жүргізушілер объектілердің өзін - өзі басқаруына, еркіндігіне
негізделгенімен реттеуге жатпайтын құбылыс емес. Нарықтық экономика
субъектілері үнемі өз капиталын көбейтуге, байлығын үстемелеуге,
бәсекелестікке қабілетін көтеруге ұмтылуда болады. Сондықтан олар үшін
мемлекеттік мүдде, жалпыхалықтық әл-ауқатты жақсарту мәселелері екінші
кезекте тұрады. Кәсіпкер топтардың экономикалық эгоизмін тежейтін,
жалпымемлекеттік даму талаптарымен үйлестіретін мемлекет заңдары мен
салықтары екені белгілі. Монополияға қарсы саясат мемлекет пен халықтың
ортақ мүдделерін іске асыратын заңдар жүйесін орындатуды мақсат тұтады.
Монополияға қарсы саясаттың маңыздылығын анықтаудан бұрын
монополизмнің пайда болуы себептерін қарастырайық.
Алғаш рет американ экономисі Дж.Бейн еңбегінде монополияның пайда
болуының объективті себептері айқындалған. Әдетте монополизмнің пайда
болуына мемлекет тарапынан нарыққа жаңадан енушілерге қойылатын шектеулер
әсер етеді. Мемлекет кейбір шаруашылық істерін тек шектеулі кәсіпорындарға
жүктейді. Олардың қатарына қоғамды су, электр жарығы, байланыспен
қамтамасыз ету сияқты қоғамға аса қажетті қызмет түрлерін көрсетуші
кәсіпорындар жатады. Монополистік қызмет әрине табиғи ресурстарды өндіру,
өңдеу істерімен тікелей байланысты. Мемлекеттік билік органдары бұндай
жұмыстарды атқару құқығын тек біраз ғана кәсіпорындарға береді.
Содан кейін монополизмнің пайда болуына лицензия мен патент
септігін тигізеді. Нарықта кейбір тауар сату мен қызмет түрлерін тұтынушыға
ұсыну тек санаулы фирмалардың еншісінде болуы тиіс немесе тек бір автор өз
өнімін өзі сатуға құқылы. Монополизмнің шығуының тағы бір себебі нарықта
дара тұрған, өндіріс көлемі аса ірі кәсіпорындардың болуы. Осындай
кәсіпорындар тек ірі көлемді тауар өндіреді, олардан жұмсалатын шығын
мөлшерін ұсақ кәсіпорындар көтере алмауы әбден мүмкін. Бұл монополистік
құбылыс көбіне машина жасау сияқты ірі өндірістік кәсіпорын болуы мүмкін.
Бәсеке жарысынан жеңіп шыққан ірі кәсіпорындар да монополистік жағдайда
болады. Олардың монополистік жағдайы әр елдің белгіленген нарықтағы үлесіне
байланысты анықталады. Кейбір кезде жосықсыз бәсекенің салдары монополизмді
туындатады. Ірі фирмалар жаңадан нарыққа енген субъектілерді жою мақсатымен
оларға тиімсіз шарттар қою арқылы немесе оларды біріктіріп, қосып алу
сияқты заңсыз жолдармен монополистік қызметке ие болады. Кез келген
монополистік қызмет мемлекеттің бақылауында болады. Демек, мемлекет нарықты
реттеу мақсатында монополияға қарсы саясат жүргізуге мүдделі.
Сонымен мемлекеттің монополияға қарсы жүргізілетін шаралары
экономиканың монополизациялануын болдырмауға бағытталған, тұтынушы -
 қарапайым көпшіліктің мүдделерін қорғайтын, кәсіпкерлік пен,
бәсекелестікті және шаруашылық белсенділікті арттыруға бағытталған шаралар
жүйесі болып табылады [5]. Осы бағыттағы барлық мемлекеттік саяси
шешімдерді жүзеге асырушы мемлекеттік билік органы монополиямен күрес
жүргізуші орган болып табылады. Бұл орган әр елде әр түрлі аталады.
Қазақстанда Агенттік, басқа елдерде Қызмет, Департамент т.б аталады. Кейбір
елдерде Сауда Министрлігі осы саясатты жүргізуші басты орган болып
есептеледі.
Монополияға қарсы саясат жүргізуші орган жосықсыз бәсекені,
монополистік қызметті алдын алу, тыю және шектеуге және тауар нарығын
дамытуға бағытталған мемелекеттік іс - шараларды жүзеге асыратын арнайы
мемлекеттік орган [6].
Монополияға қарсы саясат монополияға қарсы заңдар жүйесі арқылы
жүзеге асырылады. Монополияға қарсы заңнама мемлекеттің бәсеке мен
монополия арасында тепетеңдікті ұстап тұратын, нарықтағы ойын ережесін
ресми түрде белгілейтін құрал ретіндегі заңдар жинағы. Монополизм мен
бәсеке қатар жүретін құбылыс екендігі белгілі. Бәсеке түсінігіне әр
зерттеулерде әр түрлі анықтама беріледі. Біз солардың бірнешеуіне талдау
жасайық.
Социология энциклопедиясында бәсеке - әр жақтың қарама - қарсы
формадағы үстемдік етуші билік институттары мен моральдық – құқықтық
нормаларды қолдана отырып жүргізілетін жарысы немесе бір саладағы күресі.
Экономика саласында бәсекенің мақсаты - топтық немесе жеке пайда табу
немесе шикізат ресурстарына, материалдық игіліктерге және тауар өткізу
нарығына қол жеткізу деген түсінік беріледі [7]. Демек, заңға негізделген
жеке саладағы бірнеше топтың жарысы, қазіргі күні біз бәсекенің дәл осы
бағытын байқай аламыз. Тек нарықта ғана емес, қоғам өмірінің барлық
саласына бәсекенің енуі оның дамуының жаңа сатысына көтерілуі деп түсіну
қажет.
Бәсеке саясаты - нарық субъектілеріне нарық пен қоғамның алдындағы
құқығы мен міндеттерін түсіндіруге бағытталған насихаттау сияқты шаралар
жиынтығы. Ресей зерттеушісі И.Князева монополияға қарағанда бәсеке саясаты
кең ауқымды түсінік деген тұжырым жасайды. Нарықтағы субъектілердің,
әсіресе монополистердің іс – қимылында кездесетін нарық заңдарының бұзылу
фактілерінің алдын алу олармен күресуден тиімдірек екендігі сөзсіз.
Бәсекенің қоғамға тиімді екендігі баршаға мәлім, ал өндіруші мен
сатушыларға да бәсекенің тиімділігін насихаттау, оларды адал бәсеке
шарттарына бейімдеу маңызды шаралардың бірі болуы тиіс.
Бәсеке саясаты - ең алдымен ережелер жүйесін қалыптастыру, сонымен
бірге осы ережелерді өмірде іске асыратын механизмдердің болуы [8].
Нарықтағы ойын тәртібін нарық субъектілері мен қоғам мүшелерінің мүдделерін
ұштастыра отырып қалыптастыру, оларды жүзеге асыру, сол арқылы нарықты
реттеу монополияға қарсы саясаттың нақты механизмі болмақ.
Экономикалық бәсеке - пайда табу мақсатында тұтынушының ықыласы
үшін немесе тұтынушының доллары үшін нарықта болатын экономикалық
агенттер арасындағы жарыс. Бәсеке нарық механизмінің маңызды элементі,
бірақ оның сипаты мен формасы әр нарықта әр түрлі, әр нарық жағдайында әр
түрлі болып келеді [9]. Қалыптасқан түсінік бойынша бәсеке капиталистік
өндірістің жүйесі процестерін реттеп отыратын механизм, қоғам мүддесі үшін
емес, тек өз пайдасы үшін болатын жарыс. Әрине бәсеке қоғамның ескі
формациясын жойып, екінші даму сатысына өтуге өз үлесін қосып отырады.
Монополистік капитализм дәуірінде бәсекенің сипаты басқаша. Өзара жарыса,
нарықтан үлесті көбірек алуды мақсат ете отырып, нарық субъектілері
қоғамның алға жылжуына, ғылым жетістіктерді қолдануға ынталанғандығы
тарихтан белгілі.
Барлық өркениетті елдердегі экономиканы мемлекеттік реттеу
жүйесінің міндетті элементі - тауар мен қызмет түрлерін көрсету нарығында
бәсекеге қолайлы жағдай туғызу.
Монополияға қарсы реттеу - құқықтық актілер мен сот практикасы
арқылы ірі бір ғана жабдықтаушы жағынан болатын тауар өткізу, баға
тағайындау, олигополия мен картелдік сөз байласу ( жолдастық фирмаларға
қатысу үшін ірі корпорациясына шексіз көп бөліп беру, монополиялық
құрылымдарды тура қайта құру) сияқты монополиялық биліктің мүмкіндіктерін
шектеу. Монополияға қарсы реттеу саясаты – заңдылыққа негізделген,
белгіленген ереже бойынша жүргізілетін нақты бағыттағы мемлекеттік іс. Бұл
тауар нарығында бәсекені қорғау және нарықтық қатынастардың нәтижелігін
мақсат ететін экономикалық саясат.
Заңдар мен салық, бақылау жүргізу арқылы мемлекеттің экономикаға
араласуға мәжбүр болады. Монополия – бәсеке қатынастары нарықтық
қатынастар дамыған елдердің экономикалық саясатының басты бағытына айналу
заңды құбылыс. Әр түрлі тарихи кезеңдерде әр түрлі елдерде мемлекет бұл
мәселені балама түрде шешіп отырды. ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың
басында АҚШ- тың экономикалық саясатында бәсекені сақтау –баламалық
таңдаудың басы болды. Бұл құбылыс нарық экономикасының сапалық белгісі
ретінде түрлі өзгеріске ұшырағанына қарамастан кейіннен де сақталды. Басқа
елдерінде картель, синдикат сияқты рұқсат етілген монополияның формаларын
дамыту орын алады.
Табиғи монополия – көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың)
белгілі бір түрін өндіру мен ұсынудың технологиялық ерекшеліктеріне
байланысты көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) осы түріне
сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекелестік жағдай жасау мүмкін болмайтын
немесе экономикалық жағынан тиімсіз болатын көрсетілетін қызметтер
(тауарлар, жұмыстар) нарығының жай-күйі. Бұл салаларға мемлекет тарапынан
ерекше жағдайлар жасалады. Мемлекет қолайлы жағдайлардың өтемі ретінде осы
фирмалардың монополиялық билікті асыра пайдаланбауы үшін олардың жұмысын
бақылауды өз құқығында қалдырады. Табиғи монополиялар қоғам өміріне өте
қажетті салаларды қамтығандықтан мемлекет оның қызметіне патерналистік
қамқорлық саясатын жүргізуге мүдделі. Бұл мүдделілік табиғи монополиялар
туралы заңдар арқылы көрінеді. Табиғи монополиялардың болуы адамдардың
күнделікті қалыпты өмір сүру қажеттіліктерін орындау талаптарынан
туындайды. Сол себепті, табиғи монополиялардың ойдағыдай қызмет етуіне
көмектесу саясаты елдің әлеуметтік саясатының басымдылығына да байланысты
іске асып жатады.
Қоғамда тұтынушыларды сумен, электр жарығымен т.с.с қамтамасыз
ететін фирмаларадың бірнеше болуы өте қолайсыз болар еді. Нарықта бірнеше
коммуналдық қызмет көрсетуші фирмалардың болуы баға бәсекесінің күшеюіне
әкеледі, ол әлсіз қарсыластардың банкроттыққа ұшырауына, ал аман
қалғандарының бірігуін тудырады. Дамып келе жатқан таза монополия бұрынғы
шығындарды жауып, нарықтағы жаңа жағдайдан орасан көп пайда көреді. Себебі,
нарықта үстемдік ете отырып, өз тауарлары мен қызмет түрлеріне жоғарғы баға
қояды. Сондықтан мемлекет өз тұрғындарының ортақ мүддесін қорғау мақсатында
жеке кәсіп иесінің пайда табуға құлшынысын қажетті деңгейде тежеу саясатын
жүргізіп отырады.
Қоғамды осындай келеңсіз көріністерден қорғау үшін үкімет тек бір
мекемеге тұрғындарды сумен, электр энергиясымен, табиғи газбен байланыспен
қамтамасыз етуіне жеңілдік жасайды. Оның есесіне үкімет монополистің
жұмысын толық бақылап, оның тауар мен қызмет түрлеріне белгіліген бағасын
үнемі реттеп отырады. Нәтижесінде реттелетін немесе мемлекет
ұйымдастырылған монополия қалыптасады. Оның ісі тұтынушыларға тиімді болу
үшін өндірісте өнімнің өзіндік құнын азайтуға бағытталады [10]. Мемлекеттің
реттеушілік және тежеу жасау қызметі кәсіпкерлікті шектемейтін дәрежеде
болғаны маңызды. Оның мақсаты -жалпымемлекеттік және жалпыұлттық мүдде
болуы шарт.
Әр мемлекетте бақылау жүргізудің түрлі әдістері қолданылады. Соның
біріне нарыққа кіру үшін арнайы патент пен лицензия сияқты келісілген
кедергілер қою жатады.
Лицензиялау саясаты - кейбір салаларға нарық субъектілерінің
кіруін үкімет тарапынан лицензия беру арқылы шектейді. Мемлекеттің
лицензиясынсыз кейбір істермен айналысуға болмайды. Мысалы, радиостанциялар
мен телекомпаниялар, нотариус, аудитор, банк жұмыстарына, кейбір аңның
түрлерін аулауға, спирт тауарларын өндіру мен сатуға лицензия беріледі.
Бұндай лицензиялар белгілі бір салаға кіремін деушілерге тосқауыл қояды,
осылай монополистер туындауы мүмкін [11].
Монополистердің пайда болуының бір себебі - патент. Патент - жаңа тауар
өндіріушілерге, технология жасаушылар мен өнер иелеріне өз өнімдірін
сатуға беріледі. Патенттердің мәні жаңа тауар өндірушілерді,
өнертапқыштарды, технологиялық процесс жасаушыларды үнемі ынталандырып,
патент арқылы авторлардың пайда табуына кепілдік береді. Сонымен қатар,
патент оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде нарықта монополист болуын
қамтамасыз етеді. Монополиялық үстемдік мемлекеттің парасатты саясатынсыз
дәл осындай келеңсіз көріністерге әкелуі мүмкін. Көбіне монополияның
нарыққа тигізетін қиянаттары заңнаманың жетілмеу салдарынан болатынын
тәжірибеден белгілі. Бағаға монополиялық билік басқа жолдармен кетуі қаупі
бар, өйткені билік мықты төзімділікке ие. Үлкен билік міндетті түрде
бюрократталануға ұласады және көп жағдайда тұтынушылардың немесе нарықтық
экономика даму талаптарына қайшы келеді. Нарықта бәсекеге қолайлы жағдай
туғызуда монополияға қарсы заңнамалар мен монополияға қарсы саясат
жүргізуші органдарың дұрыс саясаты шешуші рөл ойнайды. Монополияға қарсы
заңнаманың орындалуы әкімшілік, сот арқылы немесе аралас түрде
қадағаланады.
Мемлекеттік билік органдары бір жағынан патент арқылы монополист
болуға рұқсат етсе, екінші жағынан олардың баға тағайындау немесе басқа да
нарық субъектілерімен қарым қатынасына қадағалау жүргізіп отырады. Соның
кесірінен нағыз кәсіпқой қызметкерлердің, өнертапқыштар мен жаңа идеялар
авторларының шығармашылық мүмкіндіктерінің фирмалардың, компаниялардың өнім
өндіру қызмет көрсету жұмысына әкелетін пайдасы тым мардымсыз. Сондықтан
ғылыми негізделген патенттеу саясатын жасаудың маңызы арта түсуде. Осы
мәселенің шешімі экономикалық дамуға тікелей байланысты екендігін ел
Президенті Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты
Қазақстан халқына жолдауында айтып өтті.
Қазақстанда авторлық құқық пен сауда белгісін қорғаудың қатаң
кепілі ретінде беделін нығайту бізге экономиканың жаңа секторларын белсенді
түрде дамытып, әр жан-жақты етуге мүмкіндік береді .
Монополиялық қызметтің алдын алу шараларына тауар нарығының
ерекшелігіне байланысты кейбір шаруашылық субъектілерінің нарықтық билігін
монополияландыруға жол бермеуге бағытталған монополияға қарсы мемлекеттік
билік органының экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралалары
жатады.
Монополияға қарсы заңдылық - нарықтағы өзін-өзі реттеу механизмдерін
монополиядан қорғау мен бәсекені қолдау мақсатында көптеген экономикасы
дамыған елдерде қабылданған заңдар жиынтығы. Мемлекеттің монополияға қарсы
саясаты осы заңдарды нарық субъектілеріне орындату болып табылады. Біздің
елімізде толыққанды бәсекенің жандануына монополистердің нарықтағы
билігінің күштілігі мен монополияға қарсы заңдылықтардың толық жетілмеуі,
мемлекеттің нарықты реттеушілік қызметінің әлсіздігі әсерін тигізеді.
Қазіргі қалыптасқан жағдайларда экономиканың монополиялануының
дәрежесінің жоғарғы болуы, монополиялық реттеудің қиындығы, бәсекені қорғау
мен дамыту, жасырын немесе ашық түрде картелдердің құрылуының алдын алу аса
өзекті мәселе болып отыр.
Осы процестерде бәсекелі қатынастардың кепілі ретінде басты рөл
мемлекетке беріледі. Монополияға қарсы саясатты жалпы мемлекеттік даму
қажеттілігі мен мүдделеріне негізделген мемлекеттің кешенді шаралары
құрайды. Осы шараларға сәйкес азаматтар бәсекелі нарықта тауарлар мен
қызмет түрлерімен еркін алмаса алатындай мүмкіндікке ие бола алады.
Монополияға қарсы саясатты жүзеге асыруда төмендегідей мақсаттар
көптеген елдердің монополизмді реттеу тәжірибесінде көзделеді:
1) ел территориясында экономикалық кеңістік пен бірлестікті
қамтамасыз ету;
2) нарықта үстемдік етуші кәсіпорындардың жұмыс тәртібін,
ережелерін белгілеу;
3) фирмалардың экономикалық шоғырлануы мен бірігулерін қадағалау,
олардың ісінің бәсеке шарттарына зиянсыз болуын қамтамасыз ету;
4) монополияға қарсы органның басқа да билік органдармен өзара
байланысының дербес болуы;
5) жосықсыз бәсекенің алдын алу, тыю шаралары арқылы бәсекені
жандандыру.
Қорыта айтқанда, нарықтық экономикалық жүйенің негізі еркін
кәсіпкерлік екендігі Қазақстандағы нарықты қалыптастыру тәжірибесінде тағы
да байқалды. Нарықта субъектілердің үлесі әркелкі, басқа субъектілермен
қоса монополистердің болуы да қажеттілік. Монополизм құбылысы нарық
шарттарын бұзуы әбден мүмкін. Монополияның туындауына байланысты
ресурстардың дұрыс бөлінбеуі мен бағаның орынсыз өсуінің белес алатыны
тәжірибеден белгілі. Нарықтық бәсеке жағдайында күшті кәсіпкерлік, не
болмаса финанстық топ басқа топтарды ығыстырып сол салада өзі билік құруға,
неғұрлым мол табыс табуға ұмтылыста болады. Монополистердің пайда табуға
ұмтылысының кері әсері тек нарық қатынастарымен шектелмейді. Демек, осындай
жағдайда қоғам мемлекеттің реттеушілік функциясын қажет етеді.
Монополияға қарсы саясат қазіргі экономикалық саясаттың маңызды
құрамдас бөлігі болып табылатындығы анық. Оның қызметі тұтынушыларға
қалыпты бағада тауар мен қызмет түрлерін ұсынуға және өндірушілерге
бәсекеге сәйкес өз тауарларын сатуына мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге,
зерттеуімізде ұлттық ерекшеліктеріне байланысты әр елдерде монополияға
қарсы саясат әр түрлі болып қалыптасатынын байқадық. Тарихи себептерге
байланысты батыс елдерінің монополияға қарсы саясаттың даму барысында
тәжірибесі мол. Қазақстан Республикасында қазір монополия мәселесін
реттеудегі мемлекеттің міндеті - монополияның ұтымды нарық субъектісі
ретінде қалыптастыру, сол арқылы экономиканы елеулі дәрежеге көтеру.
Сонымен қатар, үкіметтің нақты мақсаты - нарықта тұтынушыларды жоғары
сапалы тауар мен қызмет түрлерімен қамтамасыз ететін және олардың
ассортиментін сұранысқа байланысты өзгертіп отыратын кәсіпорындардың болуын
қамтамасыз ету.
Қазақстандағы монополияға қарсы мемлекеттік шаралар жүйесі
қазіргі таңда өз тәжірибесін жинақтай отырып, дамып келеді. Осы бағытта
шетел тәжірибесін тиімді пайдалана отырып, бұл шараларды одан әрі
жетілдіруге болады. Монополияға қарсы саясаттың реформалануы отандық
экономикаға үлкен әсерін тигізеді. Отандық экономика қарқынды дамитын
болса, әрине, халықтың тұрмыс - тіршілігі одан әрі жақсара түседі.
Адамзаттың қалыпты өмір сүруі үшін қажетті материалдық игіліктерді
өндірудің сан алуан түрлері заман өзгерген сайын күрделеніп отырады.
Адамдардың рухани - материалдық зәруліктері мен қажеттіліктерін қамтамасыз
ету барысында қоғам мүшелері түрлі рөлдерді ойнайды, басқарушы элита
шаруашылық қатынастарын қалыптастырады. Саяси экономикалық ойда әлеуметтік -
 экономикалық үрдістер деп аталатын бұл құбылыс бірнеше ғасырлар бойы
көптеген саяси ойшылдарды толғандырып келді. Шаруашылық пен саясаттың
қарым - қатынасын алғашқы болып зерттеген Ежелгі Грек ұлы ойшылы
Аристотельден бастап, қазіргі заман саясаткерлерін толғандыратын бұл мәселе
әлі де толық шешімін тапқан жоқ. Себебі, осы мәселе жалғастығын тауып
зерттеле беретін феномен. Уақыт озған сайын, экономикалық үрдістердің
техникалық жетістіктермен толықтырылуына және қоғамда осы процестерге
қатысушы адамдардың рөлдерінің әр түрлілігіне байланысты бұл үрдістерді
үкімет тарапынан саяси реттеудің қажеттілігі туды. Мемлекеттің экономикалық
үрдістерге араласу дәрежесі саяси реттеушілік рөлі, өз алдына үлкен және
күрделі мәселе. Экономикалық үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу немесе
оларға толық бақылау жасау, нарықтық қатынастардың өзін өзі реттеуін
ынталандыру, немесе аралас реттеу саясаттары әр елдің даму басымдылықтарына
байланысты қолданылады. Мемлекеттік реттеу саласы ел экономикасына
адекватты болуға ұмтылады. Монополиялық қызметті реттеу саясаты ұзақ уақыт
бойы зерттеушілер назарында болды. Монополиялық реттеу саясатының
ерекшеліктері А.Маршалл, К.Маркс, Дж.Робинсон , А.Смит, А.Хайек,
Э.Чемберлин, И.Шумпетер сияқты зерттеушілердің еңбектерінде көрсетілген.
Көптеген зерттеушілерден байқағанымыздай монополиялық құбылысты,
өнімдерге монополиялық баға тағайындау сияқты монополиялық қызметті зерттеу
тәжірибесі ХIХ ғасырдың аяғынан бастап іске асырыла бастаған. Ал
монополияға қарсы реттеуді теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеу өткен
ғасырдың 1920-1930 жылдарында ғана ғалымдардың назарына іліккен.
Дүниежүзінде қолданылып жүрген монополиялық саясаттың бағыттары сөзсіз
саяси - экономикалық теориялық тұжырымдарға негізделеді.
Өндірісті ұйымдастыру теориясында монополиялық қызметті реттеу
мәселесін шешудің екі әдісі қалыптасқан - Гарвард және Чикага мектептері.
Гарвард мектебінің парадигмасының негізі - құрылым (нарық) - іс-қимыл
(фирмалардың) – нәтиже (олардың шаруашылық істерінің) ("structure – conduct
- performance") парадигмасы. Чикага мектебінің өкілдері бұл жайында
басқалай көзқарас ұстайды: Олардың ойынша нарықтағы сатушылардың шоғырлануы
мен олардың монополиялық билік деңгейі арасында қатаң байланыс жоқ.
Монополиялық билікті ұстап тұру фирманың пайдасынан бөлінетін шығындарды
қажет етеді, экономикалық пайдасы көп болғанда ғана салада аз ғана
сатушылардың болуын ұстау мүмкін болады. Құрылым – қимыл - нәтиже
парадигмасы нарықтың айқын сипаттарын көрсете алмайды. Қазіргі өндірісті
ұйымдастыру теориясы фирманың нарықтық билігін, оның көлемін, салдарын,
сонымен бірге монополияға қарсы саясаттың мазмұны мен нәтижесін зерттейді.
Сондықтан бұл теория монополияға қарсы саясаттың нақты саналған теориясы
болып саналады [30].
Соңғы уақытта монополистік үстемдік қатынастарының экономикалық
теориясы жүйелі түрде қалыптаса бастады деуге әбден болады. Қазіргі
монополияға қарсы реттеу саясатын жүргізу монополияның неоклассикалық
теориясына және жетілген бәсеке теориясына негізделген. Неоклассикалық
монополия теориясы жетілген бәсеке теориясына негізделген. Ал, жетілген
бәсеке теориясы бойынша нарық толыққанды нарықтық сипаттарға ие болғанда
ғана, нарықта көптеген сатушылар мен сатып алушылар болады. Олардың
әрқайсысы нарықтың аз ғана бөлігіне бақылау жасайды. Нарықтың әрбір
субъектісі толық ақпараттарға ие болады. Нарықтағы тауардың бағасы мен
өндірілген тауар мөлшері анықталады және олар үкіметтің реттеушілік қызметі
арқылы нарық субъектілеріне белгілі болады . Монополияға қарсы күрес
тәжірибесі монополияға қарсы саясаттың бәсеке саясатымен тығыз байланысты
екендігін көрсетті. Монополиялық қызметті реттеу саясатын жүзеге асыру
бәсекені қолдау, қорғау сияқты шаралармен қатар жүргізіліп отырды. Бәсеке
саясаты мен монополиямен күресу саясатының дәстүрлі әдістерінің түпкі
мақсаты қоғам мүшелерінің материалдық әл – қуатын көтеру, тұрмыс -
тіршілігін жақсарту. Кейбір авторлар бәсекені дамыту саясатында монополияны
реттеу осы мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қолданылады деген пікір
айтады. Келесі топ ғалымдар бәсеке саясаты монополиялық қызметті реттеу
саясатынан кеңірек құбылыс деп есептейді. Нарық экономикасында бәсекенің
классикалық концепциясының негізін қалаушы А.Смит пікірі маңызды. Смитің
теориясына сәйкес, еркін нарық - ұлттың тұрмыс - тіршілгін арттыратын жол
[12]. А.Смиттің "Халықтар байлығының табиғаты мен себептері туралы" атты
еңбегінің "Ақшаның шығуы мен қолдануы туралы" деп аталатын IV бөлімінде
еңбек бөлінісінің нәтижесінде адам өз еңбегімен тапқан өнімдері оның өзін
толық қанағаттандырмайды. Сондықтан ол басқа адамдардың өздерінен артылатын
еңбек өнімдеріне айырбастайды деген тұжырымдар жасайды. Содан барып әр
адам айырбаспен өмір сүреді. Кейбір есеппен ол саудагерге айналады, ал
қоғам сауда одағына айналады [32]. Қоғам сауда одағына айналатын болса,
әрине бұл қатынастарды реттеп отыратын құралдың немесе белгілі тәртіптегі
жүйенің қажеттігі туындайды. Нарықтың еркін болуы бәсекенің табиғи даму
дәрежесімен тікелей байланысты. Нарықтағы еркін - бәсеке жүйесінің
артықшылықтарын кембридж мектебінің негізін қалаушы А.Маршалл да нақтылап
берді. Маршалл еңбектерінде еркін бәсекелестік қоғам ұйымдастырудың ерекше
құралы ретінде сипатталады. Маршалл ол еркін өндіріс пен еркін кәсіпкерлік
формасында жүзеге асады деп есептейді. Экономикалық бостандық барлығына да
тиімді: өндіруші пайда табады, тұтынушы тұтыну артықшылығын көреді. Еркін
кәсіпкерлік ғалымның еңбектерінде еңбектің дұрыс бөлінісіне және
экономиканың жоғарғы нәтижелігіне әкеледі деп түсіндіріледі. Қоғамдағы
экономикалық үрдістердің еркін болуына басқарушы билік кепілдік беруі
қажет. Абсолюттік еркіндікті осы құбылыстың ретсіз болуы ретінде
түсінбеуіміз керек. Нарықтық экономикада абсолюттік еркіндік тұтыныстың
талап - тілектерімен, экологиялық қауіппен, әлеуметтік топтар мүдделерімен
шектеулі. Саяси билік нарықты ұйымдастыруға, реттеуге осы басымдылықтар
тұрғысынан ғана араласа алады. Қоғам тапшылығын қамтамасыз ету барысында
бұл жайлар белгілі бір жүйемен, ортақ мүддеге сай болуы керек. Осы ортақ
мүдденің іске асуына мемлекеттік билік қана ықпал ете алады. Экономикалық
үрдістерді реттеуде жеке меншік иелерінің тек пайда табуды көздемей, қоғам
тапшылығын адал бәсекеге негіздей отырып қамтамасыз етуін үкімет тарапынан
қадағалаудың теориялық негіздері белгілі экономистердің еңбектерінде
зерттелген. Қай елде болмасын нарықты реттеуде ең алдымен монополия,
үстемдік жағдай, бәсекені шектеу, табиғи монополия сияқты негізгі ұғымдарға
анықтама беруден басталады. Мысалы, Й.Шумпетер өзінің Капитализм,
социализм, демократия атты еңбегінің Монополистік практика атты 8
бөлімінде монополия -"жалғыз сатушы" деп анықтама береді. Демек,
монополист деген кез - келген сипаты бойынша (сыртқы қорабы, сауда орнының
орналасуы және қызмет көрсету әдісі) және басқалардың сататын тауарларынан
ерекшеленетін тауар сатушы адам. Сөз тауарға деген сұраныс қисығының не
өздерінің іс-қимылдарынан, не басқа фирмалардың іс - қимылынының
реакциясына байланыссыз болатын жалғыз ғана сатушы туралы болып отыр деп
түсіндіреді. Йозеф Шумпетер мен оның жақтаушылары мол билікке ие ірі
фирмалардың болуы экономикада дұрыс құбылыс екендігін және олар тапқан
монополиялық пайдасын монополиялық билікті ұстап қалу үшін зерттеу
жұмыстарына жұмсап, техникалық өзгерістерді жылдамдатуы мүмкін екендігін
айтады . Зерттеу жұмыстарымен айналыса отырып, олар қоғамға да өздеріне де
пайдасын келтіреді. Бірақ, монополиялардың техникалық прогресті жетілдіруде
үлкен рөл ойнайтынына сенімді дәлелдер жоқ, монополиялар өздерінің
пайдасына зиян келтіретін болса, техникалық прогресті дамытуды тежеуі де
мүмкін [36]. Нарықта өзіндік рөлі бар, пайдасы мен үлесі басқа фирмалардан
көбірек, тауар мен қызмет түрлері олардын өзгеше, немесе дәл сондай
тауарларды басқа фирмалар өндірмейтін, сондықтан нарықты билеп, баға
саясатын өз бетінше реттейтін фирмаларды монополист деп атайды. Ал,
австралиялық Хайектің теориясы бұл монополиямен күрес жүргізетін
мемлекеттік билік органдарының болуының аса қажеті жоқ, нарық өзін өзі
реттеуі тиіс деген түсінікке жақын келеді. Хайек адамдардың бостандығын
барлығынан да биік қояды. Мемлекет тарапынан ешқандай араласу, мәжбүрлеу
болмау керек деген ой Хайекте басымды. Мемлекеттің нарық үрдістеріне
араласуының артық, оған негіз жоқ деп санайтын американдық ғалымдардың бірі
Чемберлин. Нарықтағы болып жатқанның бәрі ірі фирмалардың жасырын келісімі
емес, нарықтағы қалыпты жағдайлардың дамуы, және оларға тосқауыл қою –
нарықтың қалыпты жайынан ауытқу. Монополия нарық жүйесінің қалыпты сипаты
деп тұжырым жасайды [13].
Ресейлік зерттеушісі Н.М.Розанова монополиялық реттеудің теориялық
зерттелуінің дамуын бірнеше кезеңдерге бөледі. Алғашқы кезеңде жетілген
бәсеке моделі қалыптасады. Бұл кезеңде бәсеке нарығының толық сипаты өмірге
келеді. Еркін бәсеке мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаты деген ұғым
басыңқы ұғым болады. Соған орай, монополия бәсекеге қарсы, бәсекені
шектейді, тежейді деген тұжырым қалыптасады. Келесі кезеңде бәсеке мен
монополияның тығыз байланысты екендігін түсіну процесі пайда болады.
Монополиялық бәсеке ұғымы туындайды. Оған сәйкес әр құрылымға әр салаға
монополияның да, бәсекенің де сипаттары тән болады. Сонымен бірге
мемлекеттік билік монополияның жағымды жақтарын да түсіне бастайды.
Біртіндеп мүлде жаңа көзқарас - жұмыс істейтін бәсеке мен жарыс нарығының
концепциясы пайда болды. Баға мен сату көлемі сияқты бәсеке нәтижелеріне
бәсекеден тыс және бәсекесіз жетуге болады деген концепция дами бастады.
Қазіргі бәсеке туралы көзқарас бәсеке концепциясынан гөрі фирмалардың
нарықтағы өзара араласы деген кең түсінікке дәл келеді. Фирмалардың
нарықта емін еркін араласуы үшін бәсеке процесінің де бәсеке нәтижесінің де
маңызы бірдей.
Таза бәсеке идеясына негізделген жаңа концепия бойынша қазіргі
монополияға қарсы саясат жүзеге асырылады. Экономикалық шоғырлану ұғымы
үнемі монополияны білдірмейді. Жаңа дамып келе жатқан елдердегі
экономикалық көзқарастар мен теориялық тұжырымдамалар монополияға басқаша
қарауға итермелейді. Заман талабына сәйкес ең бастысы бәсеке негізінде
фирмалардың ісінің нәтижелі болуы, осы концепцияның жаһандану үрдістері
барысында рөлі үлкен болмақ. Ал, А.Маршалл өзінің Экономикалық ғылым
принциптері атты басты еңбегінің Монополиялар теориясы атты 14 бөлімінде
картелдердің ісіне басқаша түсінік береді. ...Жанжақты қамтитын картелдер
жүйесі барлық прогресті тежейді деп шамалауға болады, бірақ дәл солай
жетілген бәсекенің жететін жетістіктеріне аздаған қоғамдық және жеке шығын
жұмсау арқылы ол да жете алады деп болжауға да болады. Сондықтан біздің
аргументтеріміз мемлекеттің жалпы монополияға қарсы реттеуіне қарсы
бағытталмайды. Эмоционалдықтан өзгеше рационалды түрде мемлекеттік реттеу
өте бапты міндет болып есептеледі. .
Нарықта монополиялардың болуы заңды құбылыс. Бәсеке ірі және ұсақ
кәсіпорындар арасындағы жай күрестен алып монополиялар арасындағы жойқын
күреске айналады. Бәсеке монополияны тудыратынын ең алғаш К.Маркс ашқан .
Практикалық өмірден біз бәсекені ғана емес, монополияны да және олардың
антогонизмін де табамыз, сонымен қатар олардың синтезін де көреміз, ол
формула емес, ол қозғалыс, монополия бәсекені тудырады, бәсеке монополияны
тудырады. Монополия өзара бәсекелеседі, бәсекелестер монополистерге
айналады. Үнемі бәсеке күресінде болатындығының арқасында монополия
қалыпында тұруы мүмкін. Осы синтезді білдіреді. Бәсеке қай уақытта болсын
үкімет тарапынан қолдау тауып, экономикалық жетістіктерге жеткізсе,
монополия кей уақыттарда экономикалық даму процестеріне тосқауыл қояды.
А.Смит бәсекенің қас жауы деп монополияны оған қарама қарсы қояды. А.Смит
қоғамның дамуын тежейтін, нарықтың табиғи дамуына кері әсер ететін
факторларға мемлекеттік араласуды да жатқызады. Монополия...жақсы
басқарудың үлкен жауы деп жазған А.Смит. А.Маршалл еңбектерінде де осындай
көзқарас бар, монополия бәсекенің қарама - қарсы түсінігі, ол қоғамның
тұрмыс - тіршілігін төмендетуі мүмкін деген ойлар айтылады. Мемлекеттік
араласудың бір ғана мүмкін формасы - монополиямен күресу деп көрсетеді
А.Смит. Смиттің еңбегінде монополияға қарсы саясаттың алғашқы
түсініктемелері бар екендігін ғалымдар дәлелдеген.
Неоклассикалық экономикалық теория мен марксизм арасындағы көзге
көрінеліктей өзара келімісі бар аз ғана салаларының бірі – монополия
мәселесі. Неоклассикалық теорияда монополия мемлекеттің белсенді түрде
араласатын мәселесі болып табылады, себебі монополия өз өнімдерінің бағасын
жасанды түрде өсіреді, өндірістің тиімсіз құрылымдарына әкеліп соқтырады.
Негізгі жау тұтынушылардың тұрмыс - тіршілігі төмендеуі мен монополизация
әсерінен ресурстар дұрыс бөлінбеуі болып саналады. Ал, марксизм бағаның
өсуіне және монополияның аса жоғарғы пайдасына қатты назар аударады,
негізгі жау табысты бөлудегі теңсіздіктің шиеленісуі мен монополистердің
саяси ықпалының өсуі болып табылады [42]. Нарық қатынастарын реттеуде
неоклассикалық және марксизм теорияларының тұжырымдарын ескере отырып,
мемлекеттік билік монополизмнің жауларының алдын алу шараларын орындап
отыруы маңызды. Әсіресе монополизмде қаржының шоғырлануы саяси тұрғыдан
қауіпті екендігі белгілі. Мемлекет монополистік құбылыстардың саяси ықпалын
төмендетіп отыратын саясат мемлекеттің қауіпсіздігін сақтаудағы бір жолы.

1.2. Монополиялардың ұлттық экономикадағы артықшылығы, кемшіліктері және
ролі
Монополиялар, сонымен қатар бәсекелестiк, кемшiлiктермен өз артықшылығы
болады. Монополиялардың артықшылығына себепшiм орнықтылық және
жансебiлдiк болады, ал кемшiлiктер белсендi монополияға қарсы саясатты
мемлекеттi өткiзудi қажеттiлiктердi анықтайды.

1.3. Шетелдердегі монополияға қарсы саясат ерекшеліктері

Әлемдік практикада монополияға қарсы саясаттың қалыптасуына елдің ішкі
ахуалы және дүниежүзілік экономикалық, саяси жағдайлар әсер етіп отырды.
Ұдайы өндірістегі экономикалық дамуға байланысты монополияға қарсы
саясаттың мазмұны мен оның ережелерінің орындалу механизмдері де өзгеріп
отырды. Әр елде монополияға қарсы саясат осы елдің саяси, экономикалық және
әлеуметтік дамуына байланысты оны дамытудың өзіндік ерекшеліктеріне ие
болды. Ол әрине объективтік және субъективтік себептерге байланысты.
Әлемдік экономикалық коньюктура Қазақстанға да ықпалын тигізеді.
Монополиялық саясаттың қалыптасу тарихы бірнеше кезеңдерден тұрады.
Бұл саясаттың мақсат – міндеттері дамудың әр кезіндегі экономикалық
басымдылыққа тәуелді болғандығы белгілі. Бірталай елдің даму тарихына
сәйкес монополияға қарсы саясат бірде экономикалық саясаттың негізгі бағыты
саналып, енді бір кезеңдерде ол екінші кезектегі мәселе ретінде қаралды.
1980 -1990 жылдарда болып өткен экономикалық өзгерістер мемлекеттің
экономикаға араласу процесін тағы да анықтап берді, мемлекет қатаң түрде
осы қатынастарды реттеуден бас тартып, біртіндеп нарықтық күштердің тауар
мен қызмет түрлерін еркін түрде халыққа ұсынатын дәрежеге жетуіне ықпал
етті. Бірақ, мемлекеттің тек бақылаушы рөлінде болуы да дұрыс емес, дәл осы
жерде мемлекеттің кейбір шаруашылық субъектілерінің нарыққа кері әсерінің
алдын алушы немесе жалпы нарықтың халықтың тұрмыс - тіршілігіне тек қолайлы
болуын қамтамасыз етуші болуының маңызы арта түсті.
Қазіргі уақытта монополиямен күресу мен бәсекені дамыту саясаты
барлық елдерде дерлік қалыптасқан. Осы саясаттың мақсаттары мен міндеттері
бір-біріне ұқсас келгенімен, орындалу механизмдерінде едәуір өзгешеліктер
бар. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттің монополияға қарсы жүргізілетін
саясаттарының үш түрлі моделі бар: американдық, еуропалық және жапондық
моделдер. Жапон моделіне сәйкес, монополист компанияның ісінде жаңалық (ноу-
хау) болса, сол фирмаға біраз уақытқа нарықта монополист болуына рұқсат
етіледі. Ал, Америка Құрама Штаттарында өте қатаң заңнама, осыған
байланысты егер фирма монополист болса, оның нарықтағы қызметі үнемі
бақылауда болады [47]. Әлемдік тәжірибедегі монополияға қарсы саясат
үлгілері 2-ші суретте көрсетілген. Еуропалық моделде мемлекеттің ролі
басқаша, ТМД елдерінің көпшілігі монополистік қызметті реттеуде осы моделді
жақын санайды. Бірталай елдерде осы саясатты жүзеге асыруда АҚШ-та
қолданылған іс - шаралардың нәтижелігі мен озық тәжирібиесі әсер етті.
Америка Құрама Штаттарында монополияға қарсы заңнаманың негізгі тарихи
мақсаты экономикалық еркіндік пен нарықтағы бәсекені дамыту екендігін осы
саясаттың даму эволюциясы дәлелдеп отыр. 1890 жылдары Шерманның трестке
қарсы Заңы деп аталған монополизмге қарсы заң қабылданып, АҚШтың осы
бағыттағы мемлекеттік саясатының бастамасы жасалды. Бұл Заң жалпы
монополиялық қызметке тиым салды. Осы шара әрине қатаң түрдегі саяси шешім
болып есептелінеді.

Сурет 2 . Дүниежүзіндегі монополияға қарсы саясат үлгілері
Дерек көзі: www.regulator.kz

Дәл осы кезеңде АҚШ - та экономикалық үрдістерге саяси араласу
жолдарының осындай қатаң түрде болуының себептері де жеткілікті болатын.
Шаруашылық субъектілерінің белсенді түрде тауар өндіру мен қызмет түрлерін
ұсыну бәсекесі өте жылдам жетіліп, ірі - ірі субъектілердің дараланып
шығуына, олардың нарық бағасын келісіп қою нәтижесінде көптеген ұсақ
шаруашылық субъектілерінің банкротқа ұшырауы жиі кездесіп отырды. Сонымен
қатар ұсақ жекеменшік субъектілерінің нарыққа еркін еніп, өздігімен
шаруашылық істерін дамуына ірі фирмалар тарапынан қысым көрсетілетін
жайлары тым жиі кездесіп отырды. Шаруашылық субъектілері нарықты өзара
бөліске салып немесе бірігу процесстері де орын алды. АҚШ-та билік
институттары халықтың тұрмысына нарықтағы жағдайлардың кері әсерін сараптай
келе, монополист мекемелердің іс - қимылын мемлекет тарапынан қатаң түрде
реттеу қажеттілігі туралы үкіметтік ұсыныстарды қабылдады. Солардың
негізгісі трестке қарсы Шерман Заңы болды деп айттық. Осы Заңның
нәтижесінде баға жөнінде жасырын келісім жасаған фирмалар мен
бәсекелестердің нарықты бөліске салуы федералдық үкіметке қарсы жасалған
қылмыс деп саналынды. Шерман Заңы бойынша монополист фирмалардың ісінен
запа шеккен заңды басқа да тұлғалар заңды бұзушы фирмаларға айып беруге
құқылы болды. Соттың шешіміне байланысты заң бұзушы фирма таратылып немесе
сол заңсыз деп танылған іс - қимылдарына тиым салынған. Айыптың нәтижелігі
бас бостандығынан айырылу мен айып - пұл төлеумен де аяқталынатын [15].
Шерман Заңы бойынша корпорацияға 10 млн. АҚШ доллар есебінде, басқа
айыпталушыларға 350 000 АҚШ доллар есебінде айып - пұл салынуы мүмкін. Жеке
тұлға үш жыл бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Сонымен бірге Заң
монополистік қызметтен зиян шеккендердің шығындарын үш есе етіп қайтарып
беру жөнінде ұйғарым жасауды да ескерткен. Бірақ, үкіметтің осы Заңға
негізделген бастапқы сот тыңдалымдарынан – ақ, бұл Заңның әлі де толық
жетілдірілуді қажет ететіндігіне көздері жеткен еді. 1914 жылы қабылданған
Клейтон Заңы бастапқы шыққан Заңды толықтыруға бағытталған. Клейтон Заңының
негізгі ережелері төмендегідей болды:
1) Баға саясатындағы барлық кемсітушіліктер жойылды;
2) Мәжбүр ететін тауар түрлерін сату мен өткізуге шектеулік қойылады;
3) Құнды қағаздар нарығындағы корпорациялардың акцияларын сатып
алуының бәсекенің төмендеуіне әкелетін бірігулерге тиым салады;
4) Бірнеше кәсіпорындар мен фирмалардың директорлар кеңесінде
басқару қызметін қатар атқаруға тиым салынады;
Сонымен бірге Клейтон Заңының 4 Актісіне сәйкес жекеменшік немесе
бизнес иесінің зиян шеккендігін анықтайтын 2 шарты бар. Біріншіден, ол
өзінің зиян шеккендігін, екіншіден дәл трестке қарсы заңның бұзылғандығына
байланысты зиян шеккендігін тағы да дәлелдеуі тиіс. Дәлелі ретінде жауап
берушінің заңды бұзғанға дейінгі және одан кейінгі сату көлемі
салыстырылады. Сонымен қатар шағымданушының сату көлемі төмендемесе де
немесе өскен жағдайда да оның дәлелдеуге толық мүмкіндігі бар. Билік
субъектілері шағымданушының нарықтағы үлесінен айырылып қалу себебін де
анықтауға тырысады. Шағымданушы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополияға қарсы - заңдар және экономиканы реттеу
Монополия туралы
Монополияның мәнi, түсiнiгi және оның түрлерi
Монополия
Монополия пайдасын жанама реттеу
Монополияға қарсы заңдар
Қазақстан Республикасында монполияға қарсы реттеу және оның экономиканың тұрақты дамуындағы орны
Мемлекеттің экономикалық функциясы (қызметі)
Бәсекелестіктің дамуы және монополистік қызметтер
Салалық монополиялардың қызметін реттеуді жетілдіру
Пәндер