Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері



Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1.2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2.4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20.30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.
Күн дақтарының астындағы температура күшті магнит өрісінің әсерінен 6000 нан 4500К. ге дейін төмендейді. Зерттеушілер бұдан 700 млн жыл бұрын Күн белсенділігінің 11 жылдық циклінің байқалғанын анықтады. Күннің 11 жылдық циклі Жердің биосферадағы, атмосфера, гидросфера, литосферадағы түрлі құбылыстармен байланысты. Бұл кезеңділік планетадағы болған құрғақшылық пен су тасқынымен сәйкес келеді.
Күн мен Жер арасындағы байланыстарды зерттеушілер соңғы онжылдықтардағы алынған мәліметтерді талдай отырып, Жер планетамыз магнит өрістері арқылы өткенде бұл өрістердің оған әсер ететінін анықтады. Совет геофизигі А.И.Оль бірінші болып бұл кезде планетада түрлі құбылыстар байқалатынын көрсетті. Жер магнит өрісінің бір секторынан екіншісіне екі тәулік ішінде өтеді. Жердің магнитосферасы бұл кезде біршама өзгерістерге ұшырайды. Мамандар дәл осы кезеңдерде метеорологиялық факторлар . атмосфераның турбуленттілігі, найзағайлар саны ұлғайып, атмосфералық қысымның өзгеретінін, т.б. байқалатынын анықтады. Мысалы, америкалық зерттеуші Р.Марксон 1969 жылы Жер екі сектордың арасындағы шекарадан өткенде, найзағайдың көбейетінін көрсеткен. 1974 жылы Дж. Уилконс өзінің әріптестерімен бірге, сол сияқты 1977 жылы С.Хейнес пен И. Хамви Жердің жасанды серіктерінің мәліметтері негізінде жоғарыда айтылған кезеңде атмосферада бұлттардың азаятынын байқаған.
Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді.
Жарқылдың көлемі 1 млрд мегатонна ядролық жарылыс мөлшеріне тең болады. Пайда болған электромагнитті сәулелер Жер орбитасына 8 минут 20 секундта, ал жоғары энергетикалық плазма бөлшектері . 1.2 тәулікте жетеді. Бұл сәулелердің екеуі де Жердің магнитосферасына әсер етіп, түрлі геофизикалық құбылыстарды туғызады: магнитті желдер, геоэлектрлік өрістердің өзгерістері, атмосфералық қысымның ауытқулары және т.б.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері

Магнитті дауылдар күн сәулелері ағысы әсерінен пайда болады. Күннің де Жер
сияқты магнит өрісі бар. Күннің бетінде магнит өрісінің орташа көрсеткіші 1-
2 эрстед, яғни Жер өрісінен 2-4 есе жоғары. Күннің магнит өрісінің қуаты 20-
30 эрстед, кейде 3000 эрстедке дейін жетеді. Магниттік өрістің мұндай
жоғары қуаты оның сәуле шығару қабілетін төмендетеді.

Күн дақтарының астындағы температура күшті магнит өрісінің әсерінен 6000
нан 4500К- ге дейін төмендейді. Зерттеушілер бұдан 700 млн жыл бұрын Күн
белсенділігінің 11 жылдық циклінің байқалғанын анықтады. Күннің 11 жылдық
циклі Жердің биосферадағы, атмосфера, гидросфера, литосферадағы түрлі
құбылыстармен байланысты. Бұл кезеңділік планетадағы болған құрғақшылық пен
су тасқынымен сәйкес келеді.

Күн мен Жер арасындағы байланыстарды зерттеушілер соңғы онжылдықтардағы
алынған мәліметтерді талдай отырып, Жер планетамыз магнит өрістері арқылы
өткенде бұл өрістердің оған әсер ететінін анықтады. Совет геофизигі А.И.Оль
бірінші болып бұл кезде планетада түрлі құбылыстар байқалатынын көрсетті.
Жер магнит өрісінің бір секторынан екіншісіне екі тәулік ішінде өтеді.
Жердің магнитосферасы бұл кезде біршама өзгерістерге ұшырайды. Мамандар дәл
осы кезеңдерде метеорологиялық факторлар – атмосфераның турбуленттілігі,
найзағайлар саны ұлғайып, атмосфералық қысымның өзгеретінін, т.б.
байқалатынын анықтады. Мысалы, америкалық зерттеуші Р.Марксон 1969 жылы Жер
екі сектордың арасындағы шекарадан өткенде, найзағайдың көбейетінін
көрсеткен. 1974 жылы Дж. Уилконс өзінің әріптестерімен бірге, сол сияқты
1977 жылы С.Хейнес пен И. Хамви Жердің жасанды серіктерінің мәліметтері
негізінде жоғарыда айтылған кезеңде атмосферада бұлттардың азаятынын
байқаған.

Күн белсенділігінің күшеюі, не әлсіреуі кезінде Күнде отты жарқылдар пайда
болады. Бұл кезде электромагнитті сәулелер мен энергияның зарядталған
бөлшектері түрінде 102 джоульге дейін энергия бөлінеді.

Жарқылдың көлемі 1 млрд мегатонна ядролық жарылыс мөлшеріне тең болады.
Пайда болған электромагнитті сәулелер Жер орбитасына 8 минут 20 секундта,
ал жоғары энергетикалық плазма бөлшектері – 1-2 тәулікте жетеді. Бұл
сәулелердің екеуі де Жердің магнитосферасына әсер етіп, түрлі геофизикалық
құбылыстарды туғызады: магнитті желдер, геоэлектрлік өрістердің
өзгерістері, атмосфералық қысымның ауытқулары және т.б. Бұл құбылыстардың
барлығы жер сілкінулер мен вулкандардың атқылау белсенділігіне әсер етеді.

Магниттік дауылдар жарқылдың жердің ионосферасына және магнитосферасына
әсер еткенде және планетаның магниттік секторларды асып өткенде де пай да
болады.

Жоғарыда айтылғаннан адамның және биосфераның даму үрдісі әр кезде ғарыштық
және жерлік сипаттағы әртүрлі өзгерістер арқылы бұзылып отырған. Эволюция
үрдісіне әртүрлі факторлардың әсер еткендігі жайлы көптеген дәлелдер әлі де
пайда болып, табылуда. Адамның және биосфераның эволюциясының проблемасы
Жер және Ғарыш жайлы ғылымдардың синтезі кезеңіне өтуде.

ҚОРЫТЫНДЫ

Жер планетасы бұдан 4,7 млрд жыл бұрын қалыптасып, оның эволюциясының
алғашқы кезеңі атмосфера, гидросфера, литосфераның абиогенді физико-
химиялық қалыптасуы мен олардың арасындағы қатынастардың қарқындауы арқылы
болды. Вулкандар әсерінен жүретін геологиялық және геохимиялық үрідстер
нәтижесінде азот пен көміртегі оксидтері бөлініп шығып, сутегі, метан,
аммиак және су буларынан тұратын атмосфераны қалыптастырды.

Биота 4,7 млрд жыл бұрын қалыптаса бастады және Жердің географиялық
қабықшасының эволюциясында үлкен роль атқарды. Биота қоршаған ортаға
бейімделіп қана қоймай, сонымен бірге орта жағдайларын өзіне қолайлы
бағытта өзгертті де. Жер эволюциясының алғашқы 4 млрд жылында биота
литосфера, гидросфера мен атмосфераға айтарлықтай өзгеріс енгізетін фактор
бола қойған жоқ. Жер эволюциясының екінші кезеңі прокариоттардың - бір
клеткалы ядросыз организмдердің, 3,3 млрд жыл бұрын қарапайым көкжасыл
балдырлардың пайда болуымен сипатталады. Алайда, биотикалық фактор әлі де
Жердің құрылымдық-структуралық белсенді компоненті болған жоқ еді.

Үшінші кезең 1,9-2,0 млрд жыл бұрын, эукариоттар – бір клетаклы ядролы
организмдер пайда болған кезден басталады. Нәтижесінде 1,2-1,0 млрд жыл
бұрын мұхитта қарапайым көп клетаклы өсімдіктер мен жануарлар пайда бола
бастады. Төртінші кезеңде биотаның қарқындап дамуы Жердің географиялық
қабықшасы эволюциясының аса маңызды факторларының біріне айналды. Бұл соңғы
600 млн жылда өтті. Осы кезеңде биота фотосинтез арқылы Жердің көмірқышқыл
газды атмосферасын азотты-оттекті атмосфеарға айналдырып, атмосфераға
миллиондаған тонна молекулалық оттегі бөліп, озон қабатын қалыптастырып,
омыртқалы жануарлардың құрылыққа шығуына алғы шарттар жасады. Органикалық
әлемнің эволюциясының осы кезеңінде атмосфера фотосинтездің негізгі
компоненті – көмірқышқыл газына байытылып, ал оттегі мөлшері біршама
азайды. Палеозойдың көп бөлігінің барысында СО2 атмосферадағы
концентрациясы 0,1-0,4% болды. СО2 бұндай концентрациясында авторофты
өсімдіктердің көпшілігінің өнімділігі ең жоғарғы шегіне жетіп, түзілген
орасан зор биомасса түрлі өзгерістерге ұшырап, нәтижесінде жанғыш
органикалық пайдалы қазбалардың мол қоры түзілді. Бұнымен қатар автотрофты
өсімдіктердің массасы, онымен бірге Жер бетіндегі тірі организмдердің
массасы азайды. Бесінші кезең - Жерге бұдан 65 млн жыл бұрын диаметрі 9 км
алып аспан денесінің құлауы және экологиялық жағдайдың кенет өзгеруі
нәтижесінде жануарлардың көпшілігі, оның ішінде динозаврлар да қырылып, бұл
сүт қоректілердің дамуына себеп болды.

4,5-5 млн жыл бұрын адам тәрізді маймылдардан гоминидтер тұқымдастығының
ажырауы бесінші кезеңнің соңы болды. Адамның алғашқы қауымдық ата-тегі
табиғи құралдарды қолдан жасауды үйренді. Олар австралопитектерге жақын,
2,5 млн жыл бұрынғы ертедегі гоминидтер (Homo habіlіs - қабілетті адам) тас
дәуір –олдувай дәуірінің бізге белгілі мәдениетін жасаушылар болды. Алғашқы
палеолитте (шамамен 900-300 мың жыл бұрын) австралопитек- гоминидтер
біршама жетілген құралдар жасай бастап, архантроптардың (Homo erectus – тік
жүретін адм) ертедегі ашелл және шелл мәдениетін сақтаушылардың
қалыптасуына жағдай жасады.

Бесінші кезеңде 40-100 мың жыл бұрын антропогенез процесі қазіргі заманғы
адамның (Homo sapіens – саналы адам) физикалық типінің қалыптасуымен
аяқталды, ал бұдан соң 12-7 мың жыл бұрын алғашқы қауымдық қауымлық құрылым
аяқталып, құл иеленушілік қоғам қалыптасып, Жер дамуының антропогендік
кезеңі басталды: орман ағаштары кесіліп, өртеліп, мал және егін шаруашылығы
дами бастады.

Аса маңызды оқиғалардың хронологиясы

15 млрд жыл бұрын - Үлкен жарылыс.

3 минуттан кейін - Әлемнің заттық негізі түзілді (фотондар, нейтрино мен
антинейтрино сутегі, гелий және электрондар ядроларының қоспасымен).

Бірнеше жүз мың жылдан кейін – атомдар (жеңіл элементтердің) пайда болды.

14 - 12 млрд жыл бұрын - әртүрлі масштабтағы құрылымдардың
(галактикалардың) түзілуі.

10 млрд жыл бұрын – алғашқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера және адамзат
БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
Биосфера мен биота эволюциялары
Жаратылыстану концепциялары
Күн белсенділігі және биосфера
Атмосфера және климат
Адам, табиғат және климат
«Өмір тіршілік қауіпсіздігінің негіздері» пәні бойынша дәрістер
Жоғары оқу орындары мен орта және арнаулы мектептегі экология пәнін оқыту барысын зерттеу және әдістемелік жүйесін жасау
Атмосфераның ластануы мен ластаушы көздер: автомобильдер әсері
Пәндер