Мектепте халық педагогикасын пайдаланудың теориялық негіздері



МАЗМҰНЫ:


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І тарау. Мектепте халық педагогикасын
пайдаланудың теориялық негіздері
1.1. Халық педагогикасы туралы ұғым, оның мәні және
мазмұны.. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.2. Халық педагогикасының оқушыларды оқытудағы және
тәрбиелеудегі мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ тарау. Халық педагогикасын оқыту процесінде
қолданылудың жолдары
2.1. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2.2. Ана тілі сабақтарында халық педагогикасын озық
мұраларын қолданудың әдіс .тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..50
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І тарау. Мектепте халық педагогикасын
пайдаланудың теориялық негіздері
1. Халық педагогикасы туралы ұғым, оның мәні және
мазмұны..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...6
2. Халық педагогикасының оқушыларды оқытудағы және
тәрбиелеудегі
мүмкіншіліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...12
ІІ тарау. Халық педагогикасын оқыту процесінде
қолданылудың жолдары
2.1. Оқыту үрдісінде халық педагогикасын
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ..25
2.2. Ана тілі сабақтарында халық педагогикасын озық
мұраларын қолданудың әдіс
–тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .41
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ...52

КІРІСПЕ
Мектептерде ғылыми педагогикаға сүйенген оқыту және тәрбиелеу процесі
жүргізілуде. Сонымен бірге осы жүйеде халықтық педагогиканың озық мұралары
да қолдануда. К.Қожахметованың пікірінше халық педагогикасының
материалдарын мектептің қазіргі оқу-тәрбие процесінде қолдануда тұтастық
принцип бойынша жүзеге асырылуға тиісті, әр түрлі пәндер бойынша
сабақтарда, сыныптан және мектептен тыс жұмыста, отбасы
тәрбиесінде.17:13
Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтың педагогиканы тәлім
–тәрбиенің түп қазынасы айналдыру –ата –ананың да, мектеп ұйымының да басты
борышы.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар –ожданы мол болып өссін деп армандайды.
Халық тәжірибесінде тәрбиенің көптеген түрлері бар: ақыл-ой, өнерге
баулу және эстетикалық тәрбие, отаншылдық және дене тәрбиесі, адамгершілік,
жыныстық-гигиеналық тәрбие т.б.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылыми зерттеулер халық
педагогикасының материалдарын оқыту-тәрбиелеу процесінде жүйелі және
кешенді пайдалану қажеттігін көрсетіп отыр.
Бастауыш мектептің оқыту үрдісінде халық педагогикасының бай мұралары
оқу пәндерінің бағдарламасына енгізіліп, ана тілі сабақтарында халық
шығармашылығының ауызша үлгілерін (мақал-мәтел, жұмбақ, аңыздар, жырлар
т.б.) мұғалімдер қолдануда.
Белгілі педагогика классиктерінің өздері де халқының тәлімгерлік
тәжірибесінен үйреніп, оны зерттеулеріне арқау болса, бұл мәселелерге қазақ
ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев т.б. үлкен мән берген.
Бүгінде К.Болеев, Қ.Жарықбаев, К.Қожахметова, С.Калиев т.б. көптеген
қазақ зерттеушілері осы дәстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын,
оның ауыз әдебиеті мен ақын-жыраулар поэзиясындағы көріністерін, орта ғасыр
ойшылдарының педагогикалық ой-пікірлерін жан-жақты қарастырылып келеді.
Осындай жетістіктеріміз болса да педагогикалық әдебиетте, баспасөзде
жазылып, мектеп тәжірибесінен көрініс беріп, жүрген талғамсыздық,
сынаржақтық, ұраншылдық, мәселенің ішкі мазмұнына емес, сыртқы көрінісіне
әуестенушілік секілді келенсіз құбылыстар бой көрсетуде. Осы айтылғандар
бастауыш мектептің ана тілі сабақтарында халық педагогикасын қолдануда да
көрінісін табуда. Біраз мұғалімдер ана тілі сабақтарында халық
педагогикасын қолдануда теориялық және практикалық жағынан даяр болмай, өз
жұмыстарында кемшілік жіберуде. Бүгінгі таңда бастауыш мектепте халық
педагогикасының қолданудың әдістемесін жетілдіу өзекті проблемаға айналып
отыр.
Осы айтылғандардың барлығы біздің дипломдық жұмысымыздың
көкейтестілігін анықтап, зерттеу тақырыбын Ана тілі сабақтарында кіші
мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесінде халық педагогикасын
қолдану деп тұжырымдауға негіз болды.
Зерттеу обьектісі: бастауыш мектепте жүргізілетін Ұлттық тәлім
–тәрбие жұмысы.
Зерттеу пәні: оқыту процесінде халық педагогикасының озық
үлгілерін ендіру үлгісі.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектептің ана тілі сабақтарында халық
педагогикасын қолданудың жолдарын қарастыру.
Зерттеудің міндеттері:
- халық педагогикасының теориялық негіздерін қарастыру;
- кіші мектеп жасындағы оқушыларды ана тілі сабақтарында тәрбиелеуде халық
педагогикасының мүмкіндіктерін айқындау;
- ана тілі сабақтарында халық педагогикасының мұраларын қолданудың жолдарын
қарастыру.
Әдіснамалық негізі - диалектикалық пәл сапа. Халық педагогикасын
оқыту процесіне енгізуде сол ілімнің табиғат пен адамның , қоғамдық орта
мен және тұлғаның тұтастығы, ғылым мен білімнің , тәрбиенің дамуы туралы
заңдылықтары есепке алынады.
Зерттеудің деректі көздері: философтардың, психологтардың,
педагогтардың халық педагогикасы туралы еңбектері, Білім және ғылым
министрлігінің құжаттары, тұжырымдамалары, бағдарламалары, мұғалімдердің іс-
тәжірибелері.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерге талдау жасау, бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу жоспарларын
қарастыру, әңгіме, байқау, бақылау, мұғалімдердің іс-тәжірибелерін зерттеу.

Зерттеу базасы : Бітік жалпы білім беретін орта мектебі

І – ТАРАУ. МЕКТЕПТЕ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ, ОНЫҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАЗМҰНЫ
Қазіргі уақытта бүкіл тарихи, мәдени адамгершілік, рухани құндылық
-тарымыз жаңа заман тұрғысынан қайта бағаланып отыр. Сонымен қатар төл
мәдниетіміз, салтымыз, дәстүріміз, тіліміз, ұлттық намысымыз, табиғи
ортамыз, ұлттық мәдениетіміз бекіп, жаңғырып, дамып келе жатырған кезінде
әр халықтың ұлттық өзгешелігін, ерекшелігін зерттеп біліп, тауып, шешіп
қамту керек деген талапты жүзеге асыру әбден қажет.
Уақыт талабымен өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық
дәстүрлері бұл күнде отбасы, мектеп тәжірибесінен лайықты орын ала бастады.
Халықтық педагогика, этнопедагогика мәселелерін этнография,
этнопсихо логия, педагогика ілімдерімен қатар этнолоогия, шығыстану,
этнолингвистика ғылымдарымен де тығыз байланысты. Со себепті халық
педагогикасының бұлақ бастауы-көне наным-сенімдердің тәрбиелік сипаты басты
назарға алынды. Оның асыл арналарын қоғамдық сананың түрлері мен
категориялары арқылы жүйелеудің маңызы зор. Қоғамдық дамудың алғашқы
сатыларында тәрбиелік ой-сана көне-наным-сенімдермен аралас көрінеді. Оны
ғылым тілінде халық педагогикасының синкреттік (толық дамыған жағдайы)
белгісі деп атаймыз. Халықтың тәлімгерлік тәжірибесі өзінің синкреттік
белгілеріне қарай екі салаға жіктеледі. Олар: идеологиялық және жанрлық
синкретизм. (20 14)
Мұның алғашқысы тәрбиелік ой-сананың мифтік ұғымдардан ажырамай,
рулық-пайпалық деңгейдегі көрінісін білдірсе, келесі түрі оның көне ұғымдар
-дан бөлініп, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ырым, кәде, жол-жаралығы т.б.
жанрлық салаларға жіктеле бастағанын байқатады.
Түркі тайпаларының сол ұғымдары саралана келіп былайша жіктеледі:
1. Халықтың тәлімгерлік-тәжірибесінің қоғамдық сананың мифологиялық
сатысындағы көріністері.
2. Тарихи (реалдық сатысындағы деңгейі).
Қоғамдық сананың даму кезеңдерін негізгі екі салаға бөліп қарастыру
арқылы түрлі мифтік ұғымдарды жіктеу, саралау мүмкіндіктері туады. Мұндағы
алғашқы сатыға мифологиялық, космогониялық, демонологиялық ұғымдар, ал
екіншісіне тотемдік, анимистік т.б. нанымдар жатқызылады. Бұл мәселелерді
Э.Б.Тайлер, Дж.Фрэнер, Мэри Бойс, Н.А.Алексеев, С.А.Токарев, мифология
мектебінің көрнекті өкілдері – Кун, Шверц, Миллер басқа да ғалымдар
әлеуметтік-пәлсапалық тұрғыдан зерттеген.
Көне наным-сенімдердің қазақ халқының тұрмыс-тіршілігі мен фольклор
мұраларындағы көріністері В.Родлов, Г.Потанин, Ш.Уалиханов, Ә.Марғұлан,
Ә.Қоңыратбаев, С.Қасқабасов т.б. еңбектерінде, ал тарихи – этнографиялық,
әлеуметтік-пәлсапалық мәселелері Қ.Шүлембаев, С.Адатаев, Р.Мұстафина т.б.
зерттеулерінде сөз болған.
Көне түркі жазбаларының бірі – Күлтегін. Онда ежелгі түркі тайпала-
рының мифтік ұғымдарының бірі – Ұмай ана бейнесі көрінген. Әйел тәңірісі
Ұмай әйел мен нәрестелер тірі ғана емес, сонымен қатар тайпа батырларына
айырықша рух беріп, жеңістерге жетелейтін құдіретті күш.
Бұл тұста Ұмай ана кейіпіндегі мифтік бейненің тәрбиенің тәрбиелік
сипаты да байқалады. Ежелгі түркі тайпаларынан қазақ халқының кейінгі
тұрмыс-тіршілігіне өткен мифтік, космогониялық, демоногониялық ұғымдар оғыз-
қыпшақ дәуірлерінде туған оғызнама, Қорқыт ата кітабы басқа да
мұралардан көрініс тапқан. Енді бір үлгілері бүгінгі рухани өрісімізге
жаңарған мағынадан еніп, қасиетті таным, ырым, әдет, қанатты сөздер түрінде
бой көрсетті. Педагогикалық тұрғыдан келсек, осы ұғымдардың адамның ойлау,
сөйлеу, әрекет жасау, тіршілікке бейімделу, күресу, қорғану қабілеттерін,
сана сезімін жетілдіріп, рухани шыңдалуына себепші болғаны байқалады.
Қоғамдық сананың тарихи сатысындағы тәрбиелік ұғымдардың маңызы да
елеулі. Түркі тайпаларының тотемдік және шамандық нанымдары қоғамдық
сананың осы кезеңінде туып қалыптасқан. Оның іздері қазақ халқының кейінгі
тұрмыс-тіршілігінен де көрініс тапқан. Мысалы, балаға ат қою, жыл қайтару,
мүшел, жер-су, күнтізбе, төрт-түлік пірлері, ата-баба дәстүрлерін ардақтау,
құда түсу, қалыңдық айттыру, үйлену, той жасау, қонақ күту, өлген адамды
жерлеу, жоқтау, бата беру, т.б. салттары, түрлі сөз тіркестері мен қанатты
сөздер, толып жатырған ырым, ұғым, әдет, кәде, жоралғылар соның айғағы.
Заманның талабына сай соңғы уақытта халық педагогикасына байланысты
зерттеулер көбеюде. Соларға сүйене отырып Халық педагогика -сы,
Этнопедагогика атауларын қарастырайық. Педагогикалық әдебиетте халық
тәрбиесі, халық педагогикасы және этнопедагогика ұғымда -рына, олардың
арақатынасына байланысты көптеген пікірлер бар. Жергілікті педагог – ғалым
Н.Дәулетовтың пікірінше Халық тәрбиесі, Халық педагогикасы,
Этнопедагогика деген ұғымдар осы кезге дейін өзіндік ғылыми түсінігі
сараланып, нақтыланбай келеді.
Н.Дәулетов халықтық тәрбиені белгілі бір ұлттың жеке адамға, соның
ішінде балаға тәрбиелік ықпал етуінің тарихи қалыптасқан жүйесі деп
түсінеді (9). Академик Г.Н.Волковтың пікірінше халық педагогикасына
қарағанда халық тәрбиесі әлдеқайда біртекті. Халық педагогикасымен халық
тәрбиесінің арасын да, тәрбиелеу өрісіндегі иедя мен шындықтың арасында
педагогикалық ой мен педагогикалық практикасының арасында тікелей бір
мағыналы сәйкестік жоқ.
Осыдан келіп шығатын қорытынды Халық тәрбиесі – бұл педагогика -лық
практика, тәрбиелеу өрісіндегі өмір, шындық, ал халық педагогикасы – бұл
халық білімінде жүзеге асқан иедя, педагогикалық ой (6).
Ал, халық педагогикасымен қатар этнопедагогика дейтін де ұғым
бар. Осы екеуінің арақатынасы қандай бұлар синоним ұғымдар ма, әлде қайсысы
білім қайсысы ғылым, әлде басқаша ма деген сауалдар туындайды.
Еліміздің белгілі педагог – ғалымы Қ.Жарықбаев академик Г.Н.Волков
-тың осы екі ұғымының ара жігін анықтап көрсеткен ойларын қостайды (12).
Г.Н.Волковтың пікірінше халық педагогикасы дегеніміз әр этностың
отбасылық тәрбиесінің жиынтығы, ол әлі ғылыми жүйеге нақты түспеген, атау-
лары мен принциптері анықталмаған ілім білімдерінің қарапайым саласы (5).
Қ.Жарықбаевтың пікірінше халық педагогикасы - бұл тәлім-тәрбиелік
ғылымының алғашқы баспалдағы, ол тәрбие туралы ілім-білімдердің, ой-
пікірлердің жиынтығы (13).
Ол жеке өз алдына ғылым бола алмайды, өйткені оның өрісі тар, әрі
теориялық астары жоқтың қасы, ол қарапайым тәжірибенің деңгейінде тұрған
фенолмены. Ал этнопедагогика болса – бұл ғылыми педагогиканың жеке бір
саласы, мұның өзіндік ғылыми атаулары, белгілі принциптері бар.
Қ.Жарықбаев халық педагогикасы ұғымының синонимдестеріне халықтық
тәрбие, халық тәлімі, қазақ тағылымы, ұлттық тәлім-тәрбие т.б. осы
тәріздес ұғымдарды салыстырып пайдалануға қарсы. Оның пікірінше халық
педагогикасын жоғарыда келтірген ұғымдардың баламасы деу қате. Бұларда
өзіндік мағынасы бар. Тәрбие ұғымының қолданылу аясы тәлім, тығылым
ұғымдарынан әлдеқайда ауқымды, яғни логика ғылымының тілімен айтсақ тәрбие
кең мағыналы текті ұғым да, ал қалғандары одан мән-мағынасы бар түрлі
сипаттағы ұғымдар.
Қ.Жарықбаев халық педагогикасы деп оңды-солды айта да, жаза да
бермей этнопедагогика ұғымына қарай бой ұрғанды абзал деп есептейді (12).

Енді педагогикалық әдебиетте халық педагогикасы этнопедагогика
ұғымына қандай анықтама берілгенін қарастырайық.
Халық педагогикасына академик А.Э.Измайлов мынандай анықтама береді:
Халық педагогикасы – ұрпақтан-ұрпаққа көбінесе ауызша түрде жалғасып келе
жатырған халықтың тарихи және әлеуметтік тәжірибесі жемісінің жинақта лып
және іс жүзіндегі тексерілген білімінің, мағлұматтың, дағдылардың жиын
тығы. Халық педагогикасының ескерткіштері халық ертегілерінде, аңыздарына,
жырларында мақал-мәтелдерінде сақталып, ұлттық салттары дәстүрлері
арқылы өзіндік көрінісін беріп отыр.
Ал, халық педагогикасын зерттеуде орасан зор үлес қосқан ғалым-
педагог
Г.Н.Волков халық педагогикасы ұғымына мынадай анықтама береді халық
педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салттарында, әдет-ғұрыптарында,
ырымдарында, балалардың ойындары мен ойыншықтарында мәңгі сақталып қалған
білім, педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынты ғы. Бұл
әдетте, ауызша таралады. Халық педагогикасы– халыққа қажет қасиет -терді
қалыптастыру үшін пайдаланатын педагогикалық мақсатының, міндеттері нің,
мазмұнының әдіс-құралдарының, тәсілдерінің жиынтығы мен өзара байланысы
(5; ).
Халық педагогикасы ұғымымен бірге этнопедагогика ұғымы да бар.
Бұл ұғымды педагогикалық әдебиетке ең бірінші болып академик Г.Н.Волков
енгізді. Этнопедагогика – халықтың жасөспірім тәрбиелеу тәжірибесі тура
-лы, олардың педагогикалық көзқарастары туралы, тұрмыс, отбасы, ру, тайпа,
ұлт педагогикасы туралы ғылым. Этникалық педагогика тарихи жағдайда
қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді зерттейді (5; ). Сөйтіп, егер
халық педагогикасы тәжірибеге және оны баяндауға қатысты болса, ал этнопе
-дагогика теориялық ойлаудың, ғылымның өрісіне қатынасты болады.
Қазақ халқының педагогикасының тереңінен тамыр тартқан арналарын
зерттеген Қ.Жарықбаев этнопедагогиканы ұлттар мен ұлыстардың ұрпақтан-
ұрпаққа беріліп отырған тәлімгерлік тәжірибесін зерттейтін ғылым ретінде
таныса, С.Қалиев халық педагогиасы деп сол халықтардың ғасырлар бойы
жинақтаған ұрпақ тәрбиесі жөніндегі ой-пікір, білім, тәжірибелердің
жиынтығын айтады.
К.Қожахметова этникалық деген ұғымды тәрбиелеу және оқыту саласында
дәстүр, тіл этникалық сана-сезім ерекшелігінде материалданған,
этноерекшеліктерге, белгілерге зейін қою деп есептейді (19, 162).
Қазақ этникалық педагогикасы дегенде қазақ этносының нақты
этноерекшелік жағдайының өмір сүруіне тарихи қалыптасқан, қазақ этникалық
тәрбиесінің ерекшелігін зерттейтін саланы түсінеді. Келесі тарауда қазақ
этнопедагогикасының мәселесі қарастырылады.
- Педагогикалық әдебиетте халық педагогикасының ерекшеліктері
айқындалған;
- Халық педагогикасы ғылыми педагогикадан бұрын ежелгі дәстүрде қалыптасып
халықпен бірге жанасып келеді;
- Ертеде қалыптасқан сөз шеберлігі бәрінен бұрын халықтың көркемөнер
шығармаларында-ертегілерінде, аңыздарында, жырларында, мақал-мәтелдерінде
іске асқан;
- Халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ерекшеліктері мен заңдылықтарының
қалыптасуына ықпал жасаған.
- Халық педагогикасы бүгінгі күні ғылыми зерттеудің тек қана объектісі
емес, сонымен қатар ол педагогикалық теорияны, әсіресе, отбасындағы
тәрбиенің дамуына әсері зор.
- Халық педагогикасының негізін халықтық аңғырт – реалистік, стихиялық-
материалистік философияның көзқарастары қалайды.
Халық көзқарасында атеизм элементтерінің бар екені соның дәлелі.
- Ортаның тәрбиеге ықпалы туралы халықтың өз көзқарасы болған, ол тұқым
қуалаушылыққа сенбеген.
- Халық балалардың психологиялық ерекшеліктерін өте жақсы зерттеп білген.
- Халық педагогикасында нақты заңдар мен жүйеленген білім, ғылыми ұғымдар
жоқ. Халық даналығының терминологиясында жергілікті диалектілер, ырым-
жоралар таңба болып қалған.
- Халық педагогикасының шығармашылық негізі – оның ұжымдылығы: фольклор,
халықтық тәрбие туралы нақыл сөздері жеке адамның емес бүкіл халықтың
ұжымдық шығармашылығы;
- Өнермен, тәжірибемен тығыз байланысты;
- Қоғам педагогикалық мәдениетінің ең асылын өзіне сіңірген: Үлкенді
сыйлау, қонақжайлық, кішіпейілділік т.б.
- Рухани мәдениеттің басқа салаларындағыдай халық педагогикасы өзі де
әсерленуге және өзі ықпал жасауға бейім.
- Халықтың көптеген шығармаларында ұлттық шекарадан аттап
1.2. ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫ ОҚЫТУДАҒЫ ЖӘНЕ ТӘРБИЕДЕГІ
МҮМКІНШІЛІКТЕРІ
Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа,
адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың
құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы.
Оқушылардың мектептегі ана тілін оқып-үйрену әрекеті жасампаздық сипатқа
ие: Қазақ тілі пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық
мәдениетті, моральды, дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу машығында
оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқып-үйрену
барысында оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды меңгереді, ақыл-ойы,
сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.
Ана тілі сабақтарында көркем шығарма бөлімінде ауыз әдебиеті кеңінен
берілген. Ауыз әдебиетінің мынадай үлгілері 4 сыныпта берілген:
- ертегілер. хайуанаттар жайындағы және қиял-ғажайып ертегілері;
- аңыз әңгімелер: Тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр, Асан қайғы, Қорқыт
баба сияқты аңыз кейіпкерлері жайындағы және басқа тақырыптағы аңыздар;
- шешендік сөздер мен билер сөздері: аты әйгілі билер мен шешендердің
ұлағатты сөздері: Бөлтірік, Жиренше т.б. шешендер; Төле би, Әйтеке би,
Қазыбек би т.б. туралы;
- әр түрлі тақырыптағы мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, жұмбақ-жаңылтпаштар;
- айтыс өлеңдері: Бала мен шалдың айтысы, Қыз бала мен ұл баланың
айтысы сияқты балалар айтысының, жан-жануарлар айтысынан үзінділер;

- жырлар: батырлар жырларынан үзінділер;
- өзге халықтардың ертегілері әлемдік ертегілердің озық үлгілері.
Ана тілі сабақтарында халық педагогикасының мұралары әр түрлі дидактика
лық мақсатта қолданылады. Мысалы мына ертегінің мәтініне жоспар құрыңдар
деген тапсырма оқушыларға беріледі.Ертегінің аты Түлкі мен ешкі. Бір
түлкі жүгіріп келе жатып, абайсызда бір терең апанға түсіп кетіпті. Шыға
алмай тұрғанда, бір ешкі су іздеп жүріп, әлгі апанға кез болып, түлкіні
көреді.
- Ей, түлкі батыр, не қылып тұрсың? – дейді.
- Ой, не қыласың, жаным жәй тауыр тұр.
Қырда әрі сусап, әрі ыстықтап өліп едім, апанның іші әрі салқын, әрі
түбінде тұп-тұнық суы бар екен, - депті. Мұны естіп ешкі: Мен де
салқындайын, әрі су ішейін, - деп ойлап, секіріп апанға түсіпті. Сонда
түлкі ешкінің үстіне мініп, оның мүйізіне шығып, ырғып далаға шығып, жөніне
кетіпті. Өтірікке алданба, басын бәлеге душар болар - деген осыдан
қалыпты.
Ана тілінің бағдарламасында ертегілерге біраз орын берілген. Ертегі –
бұл халық ауыз екі шығармашылығының бір тармағына жататын, аладан балаға
ауызша берілетін, халықтың аңсаған арман қиялынан туған шығарма. Мұғалім
ертегі элементтері арқылы бала сезіміне жол табады.
Оқушы дайындығы деңгейін тексеруге арналған тапсырмалардың ішінде
ертегі, аңыз, шешендік сөз, мақал т.б. қолданылады.
Оқу және тіл дамытуда мынадай тапсырмалар берілген.
№1. Берілген мәтін шығарма жанрының қай түріне жатады?
Дұрыс жауапқа + белгісін қой.
Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам шығып:
- Беймезгіл жүрген түйе көздеріне түспеді ме? - деп сұрайды.
- Түйенің он көзі соқыр ма еді? – дейді.
Жолаушы:
- Иә, - деп басын изеді...
- ертегі
- әңгіме
- аңыз.
№2. Төмендегі мәтін шығарманың қай түріне жатады?
- Бір бала бар –
Атаға жете туады.
Бір бала бар –
Кері кете туады!
- мақал
- өлең
- шешендік сөз.
№3. Төменгі мәтінді жанрына қарай ажырат.
Дұрыс жауапқа + белгісін қой.
Өткен заманда бір бай болыпты, ол бір перзентке зар болыпты, зарыға жүріп
перзентті болыпты. Бай бір күні жылқысын суара қолге түссе, көлдің ішінде
бір қып-қызыл өкпе жүзіп жүр екен. Байдың айдап келген жылқылары көлдегі
жүзіп жүрген өкпеден үркіп, суға жоламайды...
- әңгіме
- ертегі
- аңыз.
№4. Төмендегі нақыл сөздердің қайсысы мақал, қайсысы мәтел?
Мақалға + белгісін қой.
1. Ақыл – сөзде
Мейір – көзде.
2. Арзанның сорпасы татымас.
№5. Төменгі жұмбақтың басты ерекшелігін тап.
Дұрыс жауапқа + белгісін қой.
Қолы жоқ сурет салады,
Тісі жоқ – тістеп алады. Аяз
- аз сөзді, көп мағыналы
- ақыл-өсиетті сөздер.
Республикамыздың егемендік алуы, тілімізге мемлекеттік статустың
берілуі ұлт мектептеріндегі халық тәрбие жүйесін, тарихын, рухани дәстүрін,
мәдениетін, адамгершілік қазынаны ғылыми жүйеге келтіріп, оны ұрпақ
тәрбиесіне орынды пайдалануды кеңінен насихаттайтын, жан-жақты, тиянақты
жүзеге асыру қолға алынып келеді.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе, ғылыми зерттеулер халық
педагогикасының материалдарын оқыту-тәрбиелеу процесінде жүйелі және
кешенді пайдалану қажеттігін көрсетіп отыр. Осы арада халық педагогикасының
материалдарын тұтастай қолдану принципі, яғни әртүрлі пәндердегі
сабақтарда, сабақтан тыс және мектептен тыс жұмыста, отбасындағы тәрбиеде
қолдану туралы әңгіме болып отыр. Оқушыларды халықтың мәдениетіне тарту,
араластыру жүйелік бірізділік және сабақтастық; халық педагогикасының озық
дәстүрлерін педагогикалық ғылымның қазіргі жетістіктерімен ұштастыру;
ұлттық психологияны, ұлттық мінез ерешелігімен есепке алу; қазақ халық
педагогикасында жыныстық ролдерді саралау ерекшелігі принциптері есепке
алынуға тиіс.
Оқыту процесінде халық педагогикасының бай мұрасын пайдалануға толық
мүмкіншіліктер бар. Мектептің оқу піндерінің мазмұнына халық жинаған бай
информацияны мынадай бағыттар бойынша ене алады:
1. Оқу пәндерінің бағдарламасына тікелей енгізу.
2. Ұрпақтан ұрпаққа беріліп жүрген мәдени-этнографиялық мұраны таңдап
енгізу (әдебиет, өнер, тұрмыс, салт-дәстүр, имандылық, саз, ойындар
т.б.).
3. Халық творчествосының ауызша және қолданатын үлгілерін (мақал-мәтел,
жұмбақ, аңыздар, жырлар т.б.).
Ұлттық педагогиканы насихаттау балаларға жалпы білім беретін
мектептер мен балабақшалардан басталуы керек. Сондықтан Ы.Алтынсарин
атындағы педагогикалық ғылыми зерттеу институтының жанынан құрылған арнаулы
топтың мүшелері мектептерге арналған Өнер және әдеп (ҮІ-ҮІІ сыныптарға),
Қазақ халқының салт-дәстүрлері (ҮІІІ-ІХ сыныптарға), Ұлттық мәдениет
тарихы (Х-ХІ сыныптарға) факультативтік курстардың бағдарламаларын ұсынды.
Сонымен қатар, халық педагогикасын тәрбие сағаттарында да, сабақта да
пайдаланады.
Үлкендерді сыйлаушылық этикалық нормалары, тыйымдары, ұсыныстары:
- Үлкендердің алдын кесіп өшпей, үлкенге жол беру;
- Үлкендердің сөзін мүмкіндігінше бөлмеу;
- Үлкендер бар жерде қатты шуламау керек;
- Дастарханда, қоғамдық орындарда, транспортта, т.б. құрметті орын береді;
- Үлкендермен ақылдасып, олардың пікірімен бағалайды, санасады.
Кіші жастан бастап бала тәрбиелеуде халықтың құрылымдарын және әдістерін
қолдану керек:
- баланы еңбекке қатыстыру және үйрету;
- халықтың мейрамдарына, салт –дәстүріне қатыстыру;
- сөзбен сендіру;
- батамен, оң тілектен қатынас жасау;
- ақыл – кеңестер беру;
- күшпен емес,жазалаумен емес, сөзбен иландыру білу іскерлігі.
Этномәдени дәстүрлерді және халық этикетін оқыту, тәрбие процесінде
қолдануда мынадай кемшіліктер бар:
- мектеп пен ата –ананың жеткіліксіз байланысы, бұүдан олардың жұмыстарда
үйлесімдік болмай жатады;
- халық педагогикалық дәстүрлерді қолдануда жүйелілік жетіспей жатады;
- мұғалімнің өздері халық педагогикасын толық меңгермеген.
Өнер және әдеп пәнінің негізгі мақсаты – оқушыларға ұлттық өнер мен
әдеп жайында жүйелі білім беру; өнердің сан алуан салаларының ішкі мазмұнын
ашып көрсету; баланың жеке қабілетімен дарынын ояту, жетілдіру,
шығармашылыққа іскерлікке үйрету, халқымыздың ізгі қасиеттерін баланың
бойына сіңіріп, имандық мінез-құлқын қалыптастыру. Қазақ халқының салт-
дәстүрлері курсының негізгі мақсаты оқушылардың жасын ескере отырып,
халқымыздың ұлттық ерекшеліктерін, психологиясын дүниетанымын, ойын тұрмыс-
тіршілігін, салт-дәстүрлерін оқушылардың санасына сіңіру арқылы қазақ
халқының ұрпақ тәрбиелеудегі, әулет жалғастырудағы өмір тәжірибесінен
мәлімет беру.
Қазақтың халықтық педагогика тарихы факультативтік курстың негізгі
мақсаты – халқымыздың педагогикалық ой-пікірлерімен таныстыру, сол арқылы
бүгінгі жастарды елін, жерін, ұлттық мәдениетін сүйетін арлы намысқор,
парасатты азаматтарын тәрбиелеу.
Сондай-ақ ХҮІІІ-ХІХ ғасырлар арасында Қазақстан даласында болып,
қазақ халқының салт-санасы, әдет-ғұрпы, тұрмыс-тіршілігі, әдебиеті мен
мәдениетін зерттеген басқа елдің саясатшы ғалымдардың еңбектеріндегі
халықтық педагогика үрдісінен мағлұмат беру көздеген. Ұлттық мәдениет
тарихы пәнінің мақсаты-оқушыларға қазақ халқының бай тарихынан (әдебиет,
сәулет, бейнелеу, қолданбалы өнерлері, спорт ойындары, ән-күй, тәлім-тәрбие
тарихы т.б.) алғашқы жүйелі мәлімет беру оқушы жастардың ұлттық санасының
азаматтығының негіздерін қалыптастыру.
Республикамызда Елім-ай ән-күй бағдарламасының өмірге енуі
жастарымызды эстетикалық-адамгершілік негізде тәрбиелеуге зор мүмкіндік
туғызды. Бұл бағдарлама ән-күй сабақтарының көптеген жаңаша мазмұн формасын
өмірге әкелді. Туған өнерінен шеттеп қалған жас ұрпақты рухани асыл
қазынасымен қайта қарастырған.
Елім-ай бағдарламасының негізгі мұраты – оқушыларға ұлттық тәрбие
беру, өз халқының тарихын, мәдениетін, салт-сана, дәстүрін игеруге
мүмкіндік туғызу. Бағдарламаның көркемдік-концепциялық мәні – бұл төл
мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді терең түсінетін парасатты, иманды
азаматтарды тәрбиелеу. Елім-ай бағдарламасы шығармашылық алқасының
жетекшісі профессор М.Балтабаевтың пікірінше, басты мақсаты – халқымыздың
әдет-ғұрпын, салт-санасын жан-тәнімен түсінген, терең иманды қазақ
азаматтарының қатарынмолайту. Ол үшін ғасырлар бойы жасалған ән-күй, жыр-
термелеріміздің ою-өрнектен, би-қимылдарының, мақал-мәтелдерді қайта түлеп,
өмірге әкелді.
Мектебіміздің биология пәндерінің мұғалімдері Н.О.Алпысбаева,
Г.А.Қадырова биология сабақтарында халық педагогикасының білімдерін қалай
пайдаланатынын қарастырдық. Олардың жұмыс тәжірибесін зерттеу ғасырлар бойы
қалыптасқан қазақ ұлтының дәстүр мен әдет-ғұрыптар тізбегін жас буын жанына
біртіндеп сіңіруді оқыту пәндерін былай пайдалануға болатынын көрсетті:
- өсімдіктану пәнінде: Гүлді өсімдіктердің көп түрлігі тақырыбында
ұлтымыздың жеті түрлі дәрімен емдеу әдеті, бұл өсімдіктердің аттары,
құрамы, формацевтикалық дәлелдеулер арқылы түсіндіріледі, ал, өсімдіктердің
табиғаттағы, адам өміріндегі, халық шаруашылығындағы маңызы тақырыбы
өткенде Өсімдік ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті қару-
жарақ, малыңа өріс, өзіңе қоныс деген халықданалығын негізге ала отырып
қазіргі ғылыми және халықтық медицинаның жетістіктері, дәрілік өсімдіктер
және олардың маңызы туралы мәліметтер берілді:
- жануартану пәнінде: Мал шаруашылығы тақырыбында ұлттық асқа (ет)
бесбармақ аталуына тоқталу, табақтың түрлері, табақ тарту дәстүрі және
тәрбиелік маңызына тоқталу.
- Тәнтану пәнінде: Жас баланың өсуі және гигиенасы тақырыбында қазақтың
шілдехана тойы, бесікке салу рәсімі, сәбиді қырқынан шығару дәстүріне
тоқталу, бесіктің құрылысы, оның сәбидің физиологиялық дамуындағы маңызы
және гигиеналық ережелеріне сәйкестігін кеңінен көрсету. Бұлшық ет пен
қаңқаның құрылысы және атқаратын қызметінің өзара байланысы тақырыбында
діни әдет оразаның бұлшық ет пен сүйек ауруларынан сақтанудағы маңызы, Азия
танушы В.В.Крегердің еңбектері, ашығу методикасы оның бұлшық еттің дұрыс
қалыптасуындағы маңызы көрсетілді. Үлкен ми сыңарлары тақырыбында
қазақтың баланың басынан ұрма, отырған баланы тосын ұстап алма деген
тәрбиелік сөздері және осы ұғамдардың биологиялық маңызы, бұған академик
В.В.Северецтің ғылыми дәлелдемелерінен түсіндіріледі.
- тіршілік тану пәнінде қолдан сұрыптау тақырыбында қазақтың қолдан
байырғы төрт түлік малда ұстауы және оларды атауы, шақыруы, төлдерінің аты,
жастарына қарай аталуы, санасыз қолдан сұрыптау және биологиялық
заңдылықтармен сәйкестігі түсіндіріледі. Жыныс гигиенасы тақырыбында
қазақтың құда болу әдеті, жеті атасынан бергі жағында құда бола алмауы, боз
бие сойылып жасалынатын той, ұлттық экзогамиялықнеке қатынастары
түсіндіріледі.
Педагогикалық әдебиеттерде биология, география пәнін оқыту барысында
халық педагогикасының асыл мұрасын пайдалану жолдары көрсетілген.
Адам табиғаттың сұлулығына халық педагогикасының асыл мұралары болып
саналатын салиқалы сөздерден өнегелі, өсиеттерден ақиқаты мол аңыз-
әңгімелерден даналық нанымдардан әрі ақын-жыраулардың жыр жолдарынан
қанығады. Табиғат сұлулығын сақтап, одан ләззат ала білу әр азаматтың
экологиялық мәдениеттілігінің басты көрсеткішіне айналуы тиіс. Әдеміліктің
сырын ашу география пәнінің мұғілімі арқылы жүзеге асары сөзсіз. Ол өз
шәкірттерін табиғат негіздерімен қаруландырып қоймай, оның әсемдігін
көрсетуге мүмкіншілігі бар.
Мысалы, 8-сыныпта Қазақстанның климаты тақыбырын оқу барысында Абай
Құнанбаевтың Көктем, Күз, Жаз, Қыс деген өлеңдерін алып пайдалануға
болады, мұнда қазақтың табиғаты әсерлі де әсем суреттелген.
6-сыныпта табиғатты қорғау тақырыбын өткенде төмендегі мысалдарды
пайдалануға болады. Халық өзі қастерлеген жерді Әулие-бұлақ, Әулие-ағаш
деп айтып, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған. Ал қарылғаш, аққу,
ұлар т.б. жануарларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің
иесі деп ұясын бұзуға, балапан жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат
етпеген.
Халық арасында табиғатқа жанашырлық ниетін аңғартатын аңыз,
әңгімелерде көптеп кездеседі. 8-сыныпта Табиғат жағдайлары мен табиғат
ресурстары тақырыбын оқу барысында халық ұғымында табиғат деген сөз жер-
ана, туған жер, атамекен сөздері түрінде көбірек айталады. Осыған орай
халық арасында нақыл даналық сөздер жиі кездеседі. Мысалға Жері байдың елі
бай, Күте білсең жер жомарт Жер – байлықтың сөзі т.б. Бұл арада
табиғаттың бар байлығы жермен тікелей байланысты, содан ғана нәр алады.
Сондықтан да бұл ғылымдағы табиғат құбылыстары, және байлықтары бір-бірімен
өзара байланысты, бір-біріне тәуелді деген ұғымды білдіреді.
Халқымыздың ерекше қастерлеп, ғасырлар бойы аялап, қамқорлық жасап
келген табиғат байлығының бірі – бұл өсімдік әлемі.
Өсімдік ішсе тамақ, кисе киім, саялы баспана, күнделікті қару-жарағы,
малына өріс, өзіне қоныс болған. Осыған орай өсімдікті аялағандығы, көзінің
қарашығындай қорғай білгендігі жөнінде де үлгі боларлық асыл мұралар халық
арасында кеңінен таралған. Бағбан болсаң бақ өсір, балама деп тағы өсір,
Бір ағаш кессең он ағаш отырғыз, Атаңнан мал қалғанша тал қалсын т.б.
Арманымен – ер сұлу, орманымен – жер сұлу.
Әртүрлі оқу пәндерін оқытқанда экологияға байланысты халық даналығын
пайдалануға болады. Көшпенділер тәрбиесінде табиғатты аялап, сақтауға көп-
көңіл бөлінген. Ата-бабамыз табиғат, жан-жануарлардың өсіп-өнуіне тікелей
байланысты өсиет сөзді ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған. Атақты Әл-Фараби,
Қадырғали, Жалайыр, Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Яссауи халықтық
тәлім-тәрбие, оның ішінде экология саласында өшпес із қалдырған.
Көшпенділер философы атанған Асан қайғының, Қорқыт атаның табиғат
тыныс тіршілігі туралы айтқандарының тәлім-тәрбиелік маңызы зор.
Халқымыздың тұрмыс-тіршілігі мал шаруашылығымен тығыз байланысты
болғандықтан, табиғатпен етене араласып, оны қорғай білген. Бұлақ көрсең
көзін аш, Судыңда да сұрауы бар дейтін халық нақылдары осыған дәлл.
Қазақтың әр нақыл сөзінде тіршілік, олар өсіп-өну ұғымы терең
философиялық негізінде тұжырымдалған. Ұрпақ тәрбиелеудің этникалық
жоралғылары сақталған: отқа су құйма, түкірме, күл баспа, шамды үрлеп
сөндірме, көкті жұлма, аққуды атпа, малды теппе, малдың басынан ұрма, ақты
төкпе, ақ төгілген жерді баспа, малға теріс мінбе, киімді терім киме,
ауылға қарай атпен шауып келме, күн шыққан соң ұйықтама, аяғыңды
айқастырма, есікті керме т.б. тиым салу ғұрыптары бар.
Халық мұндай құбылыстарды күнделікті өмірге керекті өте қажет тәрбие
құралы етіп, сол арқылы жеке адамның іс-әрекетіне, мінез-құлқына дұрыс
бағыт сілтеп отырған.
Табиғатты қорғау, оның сыйын ұқыптылықпен пайдалану, осы жолда
болашақ ұрпақтың қамын ойлау әрбір адал ниетті адамның борышы болуға тиіс.
Аққуды атпа, Көкті жұлма осындай нақты ұғымдар мен нанамдарды әр адам
іске асырып, өз отбасы арқылы тәлім-тәрбие алып отырған. Жалғыз ағаш өскен
жерді қадірлеген, шүберек іліп пір тұтқан. Ыстық бұлақтар мен көлдерді
қастерлеген, қорғаған. Сулы жер – нулы жер, Жас шыбықты сындырма т.б.
тіршілік тынысына байланысты көптеген нақыл сөздер қалдырған ата-
бабаларымыз. Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде қазақ халқының мұрасын
күнделікті өмірде пайдалану қажет. Ұлттық негізді айшықтайтын экологиялық
білімді қоғамдық – саяси, география, табиғаттану, биология пәндерінде
енгізіп-оқыту, оқу процесінде, сыныптан тыс жұмыс кезінде экологиялық
тәрбие бер мәселесін жүйелі түрде жүргізу, конференция, кештер, сынып
сағаттарында халық педагогикасының әңгіме етіліп отырған салада ғасырлар
бойы қалыптасқан асыл мұрасын мейлінше пайдаланған дұрыс. Жоғарыда айтылған
бірінші бағыт бойынша 9-сыныптың Қазақ әдебиеті оқулығына тұрмыс-салт
жырлары, мақал-мәтел, жұмбақтар, ертегілер, аңыз-әңгімелер, батырлар жыры,
лиро-эпос жырлары айтыстар енгізілді.
Дегенмен де бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінде оқытылып
жүрген фольклор мұраларының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын тереңдетіп,
түрлендіріп, жаңа қырынан танытып көрсету қажеттігін педагог-ғалымдар,
мұғалімдер айтып та, жазып та жүр.
Осы орайда мұғалімдер жоғары сынып оқушыларына фольклор
туындыларын тарихи – этнографиялық еңбектер және жазба ескерткіштерімен
байланыстыра қалай оқытатынын зерттеді.
К.Ушинскийдің әрбір түсінікпен ұғымының психикалық негізінде
салыстыру мен баламалау жатады деген пікіріне сүйенер болсақ қазақ тілі мен
әдебиеті пәндерінде фольклор туындыларын көне дәуірдің аталы сөздері,
қорқыт жырлары мен ырымдары, тыйым сөздермен салыстырмалы түрде оқытып
тәрбиелеудің маңызы зор.
Сол арқылы тақырыбы зор өрісін кеңейту, мазмұнына терең бойлау,
оқушының ұғымын жетілдіріп таным белсенділігін арттыру дүниетанымын
қалыптастыру мүмкіншілігі бар. Орал қаласының №43 орта мектебінде оғыз-
қыпшақ дәуірінің туындысы болып саналатын Қорқыт ата кітабын қалай
пайдаланатынын анықтадық. Мектеп практикасында қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі мына тұрғыда пайдаланады:
- 7 сыныптың қазақ тілі сабағында Сан есім тақырыбы бойынша грамматикалық
текст ретінде.
- 8 сыныптың тарих оқулығында оғыздардың саяси бірлестігі тақырыбы
бойынша тарих пен әдебиет пәндерінің оқу материалдарын қорқыт жырлары
негізінде интеграциялау барысында.
- 9 сыныптың әдебиет пәнінде Алпамыс батыр жырын Қорқыт жырындағы Байбөрі
баласы Бейрек оқиғасымен салыстырып оқытуда. Бүгінгі мектептерде білім
мазмұны мен оқыту әдебиеттерін интеграциялау мәселесіне тиісті орын
алуда. Бұл процесте жүзеге асыруға халық тағылымдарының да қосар үлесі
мол.
Т.К.Оспанов, И.В.Баранова сияқты зерттеушілер интеграциялап оқытудың
әдістемелік негізі ретінде дүниенің материалдық бірлігін таныта отырып
білім мен тәрбие беру десе, К.Жүнісова білім мазмұнын тілдік негізде
интеграциялау арқылы баланың дүниетанымын кеңейту, ойлау қабілеті мен
сөйлеу мәдениетін көтеру мүмкіншіліктерін атап көрсеткен.
Осы тұжырымдар басшылыққа алынып оғыздар саяси бірлестігі
тақырыбы бойынша 8 сыныптағы тарих сабағы қорқыт жырлары негізінде
әдебиет пәнінің мазмұны шын интеграциялауға құрылды.
Бұл сабақта оғыз-қыпшақ тайпаларының тарихы мен тұрмыс-тіршілігі,
мәдениеті, саяси және рухани өнері сөз болумен қатар қорқыттың батырларға
берген ақ тілек батасы нақыл, өсиет сөздер пайдаланады.
Сабақты қорыту мақсатында мынадай сұрақтар төңірегінде жүргізіледі:
1. Оғыз-қыпшақ ұлысының тайпалық құрамы?
2. Олар қандай жерлерді мекен еткен?
Қандай кәсіппен айналысқан?
3. Қорқыт ата кітабында қай дәуірдің оқиғалары суреттелген?
9-сыныптың әдебиет сабағында Алпамыс батыр жырын Қорқыт ата
кітабындағы Байбөрі баласы Бейрек оқиғасымен салыстырып оқытудың да
танымдық сипаты елеулі. Оны мына кестеден көруге болады:
Сюжеттен ұқсастықтар
Алпамыс жыры Қорқыт ата кітабы
Байбөрінің перзент аңсау Қамбөрінің перзент аңсау
Алпамыстың дүниеге келуі Бәмсі Бейректің дүниеге келуі
Байбөрі мен Бейсарының құда болуыҚамбөрі мен Байбіжанның құда
болуы
Алпамыстың Гүлбаршынға үйленуі Бәмсі Бейректің Бәну шешекке
үйленуі
Алпамыстың ұзақ мерзім жау Бәмсі Бейреутің 16 жыл тұтқында
қолында болуы болуы
Ұлтанқұлдың зорлықпен Жартамақтың Бәну шешекке
Гүлбаршынға қосылмақ болуы зорлықпен үйленбек болуы.
Батырдың, елін, ата-анасын, Бәмсі Бейректің елін,
Гүлбаршынды азат ету. туған-туыстарын, Бәну шешекті
азат ету.

Халқымыздың тәлімгерлік тәжірибесінен кең орын алған тәрбие
құралдарының бірі – ырымдар мен тыйым сөздерді тіл - әдебиет сабағында
пайдаланудың маңызы зор. Ырымдар мен тиым сөздердің тәрбиелік маңызын 7
сыныптағы Етістіктің бұйрық райы тақырыбына құрылған әдістемілік үлгіден
көруге болады. Олар мынадай бағытта құралған: а) үлкен адамның жолын кеспе,
б) адамды айналма, в) кемтар адамға күлме, г) адамға қарап түкірме, д)
жаман сөз айтпа. Оқушылар сабақтың барысында жоғарыда берілген тиым
сөздерді дәптерлеріне жазып алуы керек.
Алдыңғы қатарлы тәжірибеде халық тағылымдарын игеруде компьютердің
дидактикалық мүмкіншіліктерін пайдалану мәселелері де ескерілуде. Мысалы,
орта мектептің гуманитарлық пәндерін оқытуға арналған бірқатар машиналық
бағдарламалары ұсынылуда. Олар ұлттық мазмұнға құрылған лингвистикалық
этюдтер, ситуациялық жаттығулар, ойын түрінде жазылған дидактикалық
материалдар. Компьютердің көмегімен жүргізілетін мұндай сабақтарда оқушылар
ойнай отырып, ойлайды, ойында меңгеру үстінде сөздің мағынасын ұғып, тілдік
материалдарды игереді. Ойын ситуациялары арқылы оқушылардың зейіні, есте
сақтау қабілеті артады. Компьютер балаға бақылау жасайды, сын ескертпелер
айтады, дұрыс жауабын ескеріп, қателігін де назардан тыс қалдырмайды. Әрбір
сабақтың соңында оқушының білімі, берген жауабы бойынша бағаланады.

іі ТАРАУ халық педагогикасын оқыту процесінде қолданудың жолдары
2.1. Оқыту үрдіісінде халық педагогикасын пайдалану
Дүниеге ғылыми көзқарастың қалыптасуы ұзақ және күрделі үрдіс, оның
барасында жеке көзқарастар мен сенім жүйесі дамиды, жеке адамның әрекет
жасауына бағыт береді. Ерте балалық шақтың балаларда қоршаған болмысқа
дұрыс түсінікті тәрбиелеу, оларды табиғат құбылыстарымен таныстыру қажет.
Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады. Дегенмен, отбасы, балабақша
және мектептің жұмысы балада болмысқа деген белсенді танымдық қатынасты
оятуға бағытталуы керек.
Болмысқа танымдық қатынасты ояту және тәрбиелеудің бір жолы - өмірді
тікелей бақылаудан басқа, танымдық әдебиеттерде жатыр, әсіресе, халық
ауызекі шығармашылығының үлгергендігі. Бұған дәлел ретінде С.Ұзақбаеваның
еңбектерін алуға болады. Оның пайымдауынша қазақ халқының шығармашылығында,
әсіресе эпостар мен ертегілерде жекелеген құбылыстар фантастикалық
бейнелермен әсірелеп көрсетілгенімен, шын мәнінде олардың мазмұны объектілі
болмыстың көрінісі болып табылады.
Бүгінгі күні оқытуда қойылып отырған талаптардың бірі - өмір шындығын
балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде
балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін
дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, қызығуын
арттыру. Ендеше оқу материалдарын сабақ мазмұнына сай етіп, оларды енгізу
–балалардың алған білімін толықтырып, жан-жақты дамуына ықпал етпек.
Егер халық ертегілеріне педагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын
болсақ, мұның жеке тұлғаға танымдық әсері жоғары. Өйткені, онда табиғи
құбылыстардың және адам өмірінің алуан түрлі қырлары, сыртқы көріністері
адамның ішкі психологиялық жан-дүниесіне теңеп бейнелеу шебер берілген.
Айта кету керек, халық педагогикасының асыл мұралары бастауыш
мектептің білім мазмұнында өзінің орнын алуда.
2002 жылы “Атамұра” баспасынан бастауыш мектептің 2 – сыныбына жаңа
буын оқулықтары қайта басылып шықты. Қазір мектеп оқушылары “Ана тілі”
оқулықтарының жетілдірілген нұсқасын қолдарына алды:
-балаларға арналған тақпақ, санамақ, мазақтау, өтірік өлең, т.б.
- төрт түлік жырлары: төрт түлік туралы өлеңдер, мал, жан –жануарлар
айтысы, т.б.
- ертегілер: хайуанаттар жайындағы ертегілер
- аңыз әңгімелер : тазша бала, Алдар көсе, Қожанасыр туралы, т.б.
- шешендік сөздер: әйгілі билер мен шешендік сөздері
- жұмбақтар мен жаңылтпаштар: әр түрлі тақырыптағы
- орыс халқының ертегілері: хайуанаттар жайындағы
- өзге халықтардың ертегілері: хайуанаттар жайындағы
төмендегі жетілдірілген “Ана тілі” оқулығы бойынша “Асыл сөз”
бөлімінің күнтізбелік жоспарының үлгісі беріліп отыр.
№ Күнтізбелік жоспардың тақырыптары
ІІ . Асыл сөз
1. Бөбектің тілегі
2. Шопан атаға 1
3. Түйе
4. Сиыр 1
5. Қожанасыр мен Алдаркөсе
6. Үш сом
7. Кімнің баласы? 1
8. Бала Жиренше 1
9. Күй құдіреті. 1
10. Мазмұндама 1
11. Мақал –мәтелдер , жаңылтпаштар 1
12. Жұмбақтар 1
13. Тазша бала. өтірік өлең. 1
14. Кедейлік неден?
15. Жақсы жігіт белгісі. 1
16. Ананың арқасы.
17. Қазыбектің Төле бимен кездесуі
18. Не қымбат? 1
19. Әйтеке бидің айтқаны.
20. Жігіттің жақсысы 1
21. Шығарма 1
22. Байлық пен ақыл (ертегі) 1
23. Ұр тоқпақ (ертегі) 1
24. Жақсылық пен жамандық (ертегі) 2
25 Бөлімді қайталау 1

Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық
шығармашылығы болғандықтан, оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша
үздік кейіпкер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеялық-көркем
қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып
үйрену жолдары, әдіс-амалдары бар. Мәселен, ертегілерді алатын болсақ, ол
ел аузында ғасырлар бойы сақталып, айтылып, әңгімеленіп келеді. Ал осы
ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып,
ұстамдылыққа үйренеді, адамгершілік қасиеттерге ие болады, әсемдікті
түсінуге мүмкіндік алады.
Балалардың әсемділікті сезініп, түсініп, оған қызыға білу олардың
өмірді ерте тануына көмектеседі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептің оқу – тәрбие ісінде халық педагогикасын пайдалану
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Педагогика мен этнопедагогиканың арақатынасы
Мектептің педагогикалық кеңесі
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Болашақ мұғалімдердің қыз баласын тәрбиелеуде даярлау мәселесі
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда этнопедагогика элементтерін сабақта қолдану
Мектеп оқушыларын адамгершілік құндылықтар негізінде әлеуметтендіру факторлары
Этнопедагогика пәнінен дәрістер кешені
Пәндер