Үш жас дағдарысының ерекшеліктері



Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I тарау: ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Үш жастың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2Үш жас дағдарысының белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.3 Үш жастағы дағдарыстың кезеңінде жеке тұлға болуын анықтайтын
қарым.қатынастың дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті

Теориялық және қолданбалы психология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Үш жас дағдарысының ерекшеліктері

Орындаған: ПКО 201 топ студенті
Медеуова Диана

Ғылыми жетекшісі: психология магистрі
Қуанжанова Қ.Т.

Ақтөбе-2012ж.
Мазмұны:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I тарау: ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Үш жастың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Үш жас дағдарысының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.3 Үш жастағы дағдарыстың кезеңінде жеке тұлға болуын анықтайтын
қарым-қатынастың дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Әдебиеттер тізімі: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Үш жас шамасында баланың ес, қабылдау, елес және зейіні адамдық қасиеттерге ие бола бастайды. Бірақ ең бастысы осы жаста бала айтарлықтай мінез-құлықтық, интеллектуалдық және жеке тұлғалық дамуына әсер ету қабілеттілігіне ие бола болады. Мұндағы мәселе түсіну қабілеттігі және адамдармен қарым-қатынас тілін белсенді қолдану болып келеді. Ересектермен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасаудың арқасында бала ерте балалық шақта өзінің мінез-құлықтық және психологиялық қасиеттерімен адамға, мерзімнің соңында - тұлғаға айналады. Танымдық процестердің дамуы және сөйлеу балаға жедел түрде білім алуға, адамдық мінез-құлықтың нормалары мен формаларын игеруге көмектеседі.
Дәл сол ерте жаста бала адам әлемінде барлығының өз атауы болатын тамаша айғақты өзі үшін алғаш рет ашады. Осы жылдың ішінде баланың іс жүзінде игерген сөйлеу арқылы ол заттық және рухани мәдениеттің маңызды жетістіктеріне тікелей рұқсат алады. Сезім мүшелерінің көмегіне қарағанда, ересектермен сөйлесу арқылы ол қоршаған әлемі туралы 10 есе көп мәлімет жинақтайды. Сөйлеу бала үшін қарым-қатынастың ауыстырылмас тәсілі ғана емес, сонымен қатар ойлаудың дамуында және мінез-құлқын өзіндік реттеуде маңызды рөлді ойнайды. Ерте жастық шақтың соңынан қоршаған адамдарға ғана емес, сонымен қатар өзіне бағытталған сөйлеу балаға жеке тәртібін және жеке психикалық процестерін меңгеруге, оларды белгілі бір дәрежеде реттеуге мүмкіндік береді. Сөйлеусіз шындықты адамдық қабылдау да, адамдық зейіні де, естің дамуы да, мүлтiксiз интеллектте мүмкін болмас еді. Сөйлеудің арқасында ересек пен баланың арасында іскерлік серіктестік туындайды, саналы және мақсатқа бағытталған үйрету мен тәрбие мүмкін болады.
Үш жас дағдарысы ата-аналарды жиі жағымсыз жағдайға қалдыратын, балалық шақтың бірде бір жарқын көрінісі. Сіздің сәбиіңіз кеше ғана сүйкімді де айтқанды тыңдайтын болатын, ал сіз болсаңыз ұйқысыз түндерден демала бастап, аналық немесе әкелік қуанышыңызды енді ғана сезіне бергеніңізде сіздің алдыңызда жаңа белес - баланы ауыстырып тастағандай болып көрінеді. Ол қылқыңдайды, қырсығады, тіпті, онымен бұрын жай ғана сұрап немесе не істеу керектігін көрсету жеткілікті болған жағдайлармен келісу қиынға соғады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: баланың онтогенетикалық дамуындағы үш жас дағдарысын қарастыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
1. Үш жастағы баланың жалпы дамуын: үш жас дағдарысының ерекшеліктері мен белгілерін қарастыру.
2. Балалардың үш жас кезеңіндегі жеке тұлғалық жаңа түзілістерін зерттеу.
Зерттеу болжамы:
Зерттеу жұмысының пәні:
Зерттеу объектісі: 3 жастағы балалар.
Курстық жұмыстың әдістемелік негізі болып Л.С. Выготский, М. И.Лисина, Н. Н.Авдеева еңбектері мен көзқарастары.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы 1 тараудан, қорытындыдан пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Тақырыптың теориялық негізінің мазмұнын ашуға бағытталған.

I тарау. ҮШ ЖАСТАҒЫ БАЛАНЫҢ ДАМУЫ ТУРАЛЫ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ

2.1 Үш жастың ерекшеліктері
Сәбилік кезде басталған заттық және ойын іс-әрекетінің даму процесі ерте жаста қалай жүретінін өзіне елестету үшін, өмірлік іс-әрекет түрлері мәліметтерінің көмегімен сипатталатын түсінік жүйесін кеңейту керек. Біз одан әрі қабылдайтын шындықты өзінде өзгертуге және жаңартуға деген талпынысы бар баланың осындай іс-әрекетін нәтижелі деп атаймыз. Мұндай іс-әрекет баланың тек қана қабылдау, еліктеу секілді шындықты қайталау рөлін орындаудан басқа барлық әрекетінің жиынтығын құрайды. Бұған қарағанда біз репродуктивті деп қабылданатын шындықты субъектінің оны өзгертуге және жаңартуға деген талпынысы жоқ, біздің сезім мүшелерімізбен берілген күйінде елестетуге талпынысы бар әрекетті атаймыз.
Үш жастарда бала, өзінің дүниеге дәрменсіз күйде, жеке өмірге бейімделмегеніне қарамастан, барлық қатынастарда алғашқы белгілі даралық белгілері бар адам болып келеді. Ол дамыған психикалық процестерге, қол және аяқ қозғалысының қалыптасқан жүйесіне, оның өмірінде көптеген функцияларды атқаратын жеткілікті және алуантүрлі сөз қорына ие болады. Бұл уақытта бала адамдармен өзара қарым-қатынастың көптеген нормаларын меңгереді.
Кейбір зерттеушілердің мәліметтері бойынша, үш жас шамасында баладан ішкі эмоционалды өмірдің көріністерін, мінезінің белгілі бір ерекшеліктерінің барын, іс-әрекеттің әртүрлі түрлеріне деген қабілеттілікті, қарым-қатынастың әлеуметтік қажеттілігін, жетістіктерге, мақұлдауда, тәуелсіздікке, лидерлікке жету көріністерін байқауға болады.
Осындай жалпы танымдық, қозғалыстық, мотивациялы-еріктік, эмоционалды-реттеушілік және басқа аумақтық жетістіктерімен бала үш жастық шекараға жетеді. Бірақ оның дамуындағы жетістіктері маңызды болып көрінеді, бірақ нағыз тұлға болмастан бұрын, балаға әлі де үлкен өмірлік жолдан өту керек.

2.2 Үш жас дағдарысының белгілері

Үш жастағы дағдарысты қарастыруға себебін тигізетін үш түрлі көзқарас бар. Біріншіден, бұл дағдарыс баланың өтпелі кезеніне байланысты.
Өйткені бала психологиясында бұл кезеңде жаңа-құрылымдар мен саналы ерекшеліктер пайда болады. Бала психикасының дамуындағы дағдарыстын пайда болуын оның жақын арадағы даму аймағына қатысты қасиеттерді өзгеру заңдылығымен ұштасты түрде іздестіру керек болады.
Үш жастағы дағдарысты тек теориялық схемамен қарастыруга болмайды. Біз іс жүзіндегі тиісті материалдарды талдаудан бастауымыз керек, мұндай материалдарды түсіндіруде ұсынылған теорияға сүйену қажет. Үш жастағы дағдарыстын мән-жайын ашып көрсету үшін балаңың дамуындағы сыртқы және ішкі жағдайларды қарастыру қажет. Бұл мәселенің түйінді жері баланың үш жаста дағдарысқа ұшырау себептері нендей жағдайларға байланысты болады және оның қалыпты жағдайдан ауытқуына әсер етуші фактор қандай? деген мәселенің мәнін айқындап көрсетуді талап етеді.
Қасарысу
Осы мәселенің мәнін ашып көрсетуде біріншіден, дағдарыс баланың бойындағы мұндай жағымсыз қылықтарын оның тіл алмай, қасарысуынан айыра білу қажет. Баланың жағымсыз қылықтары ересектердің қойған талаптары мен айтқандарының бәріне қарсы шығады. Алайда баланың бір нәрсені істеуге зауқы болмаса мұның бәрі жағымсыз қылықтары мен қарсылық керсетуін (мысалы, ол ойнап жүргеңде оған жатып ұйықта десе, ол бірден тесегіне жатып ұйықтамайды), мұның бәрін дағдарыс кезенінің көріністері деп санауға болмайды. Бала барынша өзінің ойындағысын істегісі келеді. Бірақ оған тыйым салынады. Бұл жайттардың бәрін қисық-қынырлық қылық, жағымсыз мінез деуге болмайды. Осындай жағдайда баланың ересектер талабына қарсы әрекеті оның өзі ұнатқан іспен шұғылданғысы келетінін көрсетеді.
Баланың үлкендердің талабына қарсылық білдіріп, ондай ұсыныстарын орындамай қырсығуы оның өзіндік ойы мен тілегін іске асыруға ұмтылуын көрсетеді. Мұндай қылық бала әрекетіндегі өзіңдік санасындағы өзгерісті, оның сапа жағынан жаңа сатыға көтерілгенін көрсетеді. Дағдарыстың көрінісі баланың ісіне, осындай қылықтарынан айқын байқалады. Егер баладан басқа бір нәрсені істеуді өтініп сұраса, оңда ол бұл жағдай өзінін көңіліне қонымды болғандықтан қарсылықсыз орындайды.
Бір клиникада байқаған мынадай мінез-құлықты мысал етіп келтіруге болады. Үш жастағы дағдарыс кезеңі созылып кеткен 4 жасар қыз бала өзін балалар мәселесін талқылайтын конференцияға ертіп баруды өтінеді. Қыз оған баруға жинала бастайды. Мен қызды жүре ғой деп шақырдым. Бірақ оны мен шақырғандықтан, ол тіпті барғысы келмей калды. Ол барынша қарсыласып бақты. Оңда бері келе ғой, - деп едім, оған да келмеді. Оны өзімен өзін қалдырғанда, ол жылай бастады. Оны ертпегеніме өкпеледі. Бұл орайда оның қасарысып айтқанға көнбеуінен ызаланып булығып ренжу пайда болды. Ол өзінің барғысы келгенімен, оған жүр деп айтқан сөз ұнамай, қарсылық білдірді.
Баланың бойын ашу-ыза кернегенде әмірлі дауыспен айтқан сөз де оған әсер етпейтінін байқатты. Бірсыпыра авторлар мұндай жайттарды көркемдеп жазды. Мысалы, ересек адам сәбиге келіп әмірлі үнмен: Мына көйлектің түсі қара десе, ол қарсылық көрсетіп, бұл. көйлектің түсі ақ дейді. Қасарысу оған айтылған сөздердің мәніне қарамастан керісінше істеуге кесірлену дағдарыстың нақтылы көрінісі.
Жағымсыз әрекеттің тіл алмаудан екі түрлі айырмашылығы бар. Біріншіден, бұл жерде өзге адамдармен әлеуметтік қатынас жасау манызды орын алады. Бұл ретте балалар айтқанды істеп, оны жақтыру орындалатын әрекет маңызына емес, өзге адамдармен қатынас жасау ниеттілігіне байланысты. Жағымсыздык мінез-құлық әлеуметтік сипаттағы әрекет, бұл орайда балаға қойылған талап мазмұны емес, оның мәні адамға бағытталған. Екінші ерекшелік - баланың өзінің ашу-ызасына деген жаңаша қатынасы. Ол ашу-ыза әсерімен әрекет етпей, өзінің. көңіл-күйіне керісінше әрекет жасауға ұмтылады. Ашу-ызарға бой билету мен әрекеттену үш жастағы балаға тән мінез ерекшелігі. Көптеген зерттеу нәтижелері баланың сәбилік кезеңінде оның ашу-ызасы мен іс-әрекеті бірігіп кететінін көрсетеді. Мектепке дейінгі жаста басқа адамдарға қатысты әрекет те пайда болып, ол өзге жағдайларға қатысты ашу-ызадан туындайды. Егер баланың қарсылығы белгілі бір жағдайға байланысты болса, онда оны баланың жағымсыз қылығы деп санауға болмайды. Мұндай ретте жағымсыздык әрекет дәл сол кездегі оқиғаға байланыссыз жағдайда көрініс табады.
Қырсығу
Үш жастағы дағдарыстың екінші көрінісі - қырсығу. Жағымсыздық қырсығудан өзгеше қылық. Қырсығудың өзін қасарысудан ажырата білу керек. Мысалы, бала бір нәрсенің орындалуын өзінше талап етіп қасарысып тұрып алады. Бұл қырсықтану емес, бұл үш жастағы дағдарысқа дейін де кездеседі. Мысалы, бала бір затты иемденгісі келеді, бірақ оны бірден ала алмайды. Ол бұл заттың өзінікі болуына қасарысумен қол жеткізеді. Қырсықтану дегеніміз, сәбиге бір зат оған аса қажет болғандықтан қасарыса қалмайды, ол затты сұрағаны үшін ғана қасарысады. Ол өз талабының орындалуын тілейді. Айталык, сәбиді ауладан үйге шақырдық дейік, ол көнбейді, бірақ біз оның үйге кіру керектігін дәлелдеп, үгітгейміз, ол дәлелді түсінгенімен, бәрібір үйге кірмейді. Сәбидің қырсықтану себебі өзінің бастапқы шешіміне байланысты болады. Тек осы жағдай ғана қырсықтануға жатады. Қырсықтануды кәдімгі қасарысудан ерекшелейтін екі сәт бар. Оның бірі - жағымсыз қылыққа ұқсастығы, оның себепке қатысы бар. Егер бала дәл қазір қажет етіп тұрған нәрсесін қасарысып сұраса, бұл қасарысу болмайды. Мысалы, ол шанамен сырғанауды ұнатады, сондықтан да күні бойы аулада жүргісі келеді.
Екінші сәт. Егер жағымсыздыққа әлеуметтік сипат тән болса, яғни бала ересектердің айтқанына керісінше әрекет жасайтын болса, қасарысу сипаты болғаны. Баланың ызасы өзгермелі болады деп айтуға болмайды. Баланың дағдарысқа ұшырау кезеңіне дейін оның өзіне деген ниет-қылығының себептерін қалайша болатындығына көз жеткізуіміз керек.
Қыңырлық
Үшінші сәт - баланың қыңырлық кезеңі.
Бала мінезіндегі ерекшеліктің алғашқылардан айырмашылығы қандай? Қыңырлык жеке бастын ерекшелігі емес. Жағымсыз қылықтар баланың қандай да болсын ересектерге қарсы бағытталған әрекеттері. Ал қыңырлық бала тәрбиесінің қалпына қарсы, өмір салтына қарсы бағытталады, ол ой қойшы! деген баланың өзіне тән риза болмауын білдіреді, сәби өзіне ұсынылғанның, істегеннің бәріне жауап береді. Бұл жерде қырсықтық белгі адамға қатысты емес, 3 жасқа дейін қалыптасқан барлық өмір салтына қарсы. Бұрын ол қызыққан ойыншықтарды ұсыну қалпына қатысты. Қырсықтықтын қасарысудан айырмашьшығы сол, ол қалайда өзіндік қажетін орындауға табандылық көрсетуі.
Буржуазиялық сипаттағы тәрбиеде қырсықтық үш жастағы бала бойындағы дағдарыстың негізгі белгісі болып саналады, Өйткені бұрын әулетте еркелетіп өсірілген бала енді айналасындағы адамдармен қатынасы дөрекілене бастайды. Баланың бойында енді назарылық білдіру пайда болып, оған бұрынғы жасалған әрекеттерге жасырын түрде қарсы шығып, өзінің риза еместігін білдіреді.
Енді төртінші ерекшелік - өзіндік ерік немесе өзімшілдік мінез деп аталады. Бұл баланың дербестік бағытын көрсетеді. Енді бала бәрін өзі істегісі келеді.
Екінші кезектегі белгілер
Талданып отырған дағдарыс түрлерінін бұдан басқаша үш түрі бар деп жүр, бірақ олардың қосымша ғана маңызы бар. Оның біріншісі - қарсылық көрсету. Баланың мінез-құлқындағы бірқатар көріністердің бәрі қарсыласу сипатында болады. Оның мінез-құлқы өзгелерге қарсыласу ерекшеліктермен көрініс беріп, өз маңыңдағылармен ұрысьш, таласып, үнемі ренжісу жағдайында болып көрінеді. Баланың ата-анасымен қақтығысы әдетке айналды. Осыған орай баланың өзі елеусіз қалады. Мысалы, бұрын тату болған отбасыда бала өз анасына сен ақымақсың дейді. Біреулер осы тақырыпқа сәйкес отбасының ренішін суреттеп жазды.
Бала өз ойыншықтарын да бағаламауға тырысады, оларды ұстағысы келмейді, онын сөздерінде балағаттау мен кемсіту сөздері пайда болады. Мұңдай сөздер орынсыз айтылады. Бұлардан басқа тағы да екі жақты ерекшелік болатынын атап айту керек. Үйдегі жалғыз бала болғандықтан оның талап-тілектерінің бәрі орындалып, ол нағыз өзінің өктемдігін жүргізуге тырысып бағады. Бұл көрініс әр түрлі отбасыда түрліше болып келетіні байқалады. Жалғыз ғана баласы бар отбасында өктемдік етуге ұмтылушылық кездеседі. Оңдай бала маңындағы адамдарға айтқанын істеп, айдауына жүргізгісі келеді. Ондай баланың шешесі үйден шықпауға тиіс, бала талабы бойынша шешесі бөлмеде болуға тиіс. Ол талап еткеннің бәрін оған алып беру керек. Ол ұсынған тағамды жемейді, өзі сүйген тамақты ғана ішеді. Бала айналасындағы адамдарға билік жүргізу үшін неше алуан тәсілдерді табады. Ол барлық талаптары орындалған жағдайда өзгелердің, бәріне әмірші болғысы келеді. Ал кейбір отбасыда мұндай сипат қызғаншақтық деп те аталады. Өзінен жасы кіші не үлкен баланы қызғанатын болады.
Міне үш жастағы баланың бойында жиі кездесетін мінез нышандары осындай. Бұл ерекшелікгердің бәрі бала тәрбиесіне байланысты пайда болып отыратын қасиеттер. Бұл жайттар барлық зерттеушілердің назарына іліккен мәселелер.
Осы ерекшеліктер бала тәрбиесін қиын етіп көрсетеді. Бұрын тәрбиесі онша қиын болмаған бала енді ересектер үшін асырауы қиындай түседі. Бала қысқа мерзім арасында күрт өзгереді деген түсінікте боласың. Бұрын мәпелеп жүрген қуыршағын енді қыңыр, тентек, қасарысқан, жексұрын, қызғаншақ әрі өзімшіл тіршілік иесіне айналады. Сөйтіп оның отбасыдағы бүкіл болмыс-бітімі күрт өзгереді.
Біз атап көрсеткен ерекшеліктер бала бойында пайда болып, оған деген ата-аналары мен өзіне туыс адамдарының да қарым-қатынасында елеулі өзгерістер болатынын аңғарамыз. Мұның бәрі, ең алдымен, отбасылық тәрбиеде оның жеке дара болғанын көрсетеді. Біздерде алуан түрлі мектепке дейінгі мекемелер бар. Ал жекелеген елдерде қайырымды тәрбиенің теріс формалары қолданылатын қоғамдык пана болу мекемелері де бар. Сайып келгенде баланы жас кезінен тәрбиелеудін кеңінен тараған түрі отбасылық жеке тәрбие болып табылады. Отбасылық тәрбиенің басты ерекшелігі - бала өздігінен ешнәрсеге ұрынып қалмай, саналы әрі әдепті болып өседі, - деп санаған.
Бала дамуының сәбилік кезеңінде елеусіз нәрсеге ашу шақырып, маңындағы адамдардың бәріне өз айтқанын істеткісі келеді. Соған орай үш жастағы дағдарыста екі жақты құбылыс пайда болады. Бала қиқарлық көрсетіп, ашу-ызасын шешесіне, ойыншықтарына ұрсып кию арқылы білдіреді. Баланың мұндай қьлықтарын екінші жағынан қарағанда оның өзімшілдік әрекеті мен дербестігін, белсенділігін көрсететін сияқты. Баланың бойында енді мен деген пайымы болып, өзгелер сол баланын ығына қарай есу керек. Мұндай ерекшеліктер баланын өзіне деген қатынасынын өзгергенін көрсетеді.
Жалпы алғанда, баланың мінез-құлқы мен әрекеттерінде пайда болып отыратын қылықтарынын бәрі оның өзіндік өскендігі мен айналасындағыларға тәуелсіз тіршілік етуге ұмтылуын білдіретін қасиетгер болып саналады. Мұндай ерекшеліктердің бәрін кейбір зерттеушілер бала дағдарысына тән касиет деп атайды. Дарвиннін мынадай пікірі бойынша: бала дүниеге келген сәттен бастап анасынан дене мүшесі ғана бөлінеді, бірақ ол анасынсыз тамақтана да, қозғала да алмайды. Дарвин мұны сәбидін биологиялық тұрғыдан дербес өмір сүре алмайтындығы (қалталы жануарларда морфологиялық бейімділігі бар қалтасы бар болады, оған туғаннан кейін төлі орналасады) жайында айтып отыр. Дарвин пікірін жалғастыра отырып, сәби жас кезінде биологиялық жағынан бөлектенеді, бірақ психологиялық жағынан өзін қоршаған адамдардан әлі де бөліне алмайды деуге болады. Берингер 3 жасар бала әлеуметтік жағынан маңындағы адамдардан бөліне алмайды және үш жастағы дағдарыс кезінде ол өзінше ешкімге тәуелсіз өздігінен тіршілік етуге бейімделу сатысына көтеріледі, - деп ойын тұжырымдайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі баланың дағдарысы
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Мектеп алды кезеңдегі дағдарыс
Психикалық дағдарыс
Нәрестенің психологиялық даму ерекшеліктері
Дағдарыстық күйлер және посттравмалық бұзылыстар туралы мәлімет
Баланы мектепке даярлаудың психологиялық ерекшеліктері
Қазақстан-Қырғызстан қарым-қатынасы мен бауырлас елде болған революция тақырыбын қазақ басылымдары қаншалықты шынайы, анық та, айқын жазатынына талдау жасау
Үш жасар баланың мінез-құлқы
Соғыстан кейінгі ирак жағдайы
Пәндер