Информация, информатика



Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі, орта мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді, оның мақсатын, мазмұнын оқыту тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте қаланады, яғни әрбір окушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті дамиды, жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, отырған пәнге деген қызығушылығына арттырады, өзіне.өзі сенімді, жан.жақты дамыған оқушыны, тәрбиелейді. Сондай.ақ өмірге бейімделгіш компьютерлік мәдениетті, компьютерлік білімді ұрпақ дайындайды.
Қазіргі жастар қай мамандықты, қай кәсіпті таңдаса да бәрібір компьютермен кездесері ақиқат, сондықтан олар компьютерлік білімнің келешек қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орнын айқын түсінуі тиіс. Сөйтіп, олар компьютерлік біліммен қарулануы тиіс.
Бүгінгі күндері оқу орындарының әр түрлері пайда болды. Атап айтқанда: колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектеп және жоғары оқу орындары, тереңдетіліп оқытылатын пәндер бойынша кәсіптік сыныптар көптеп ашылғандығы белгілі. Осы аталған оқу орындарының ішінде компьютерлік білімнің алатын өзіндік орны бар. Сондықтан оны оқу әдістеріне де жаңаша талаптар қойылады. Соның ішінде оқушылардың өзіндік табиғи жеке қабілеттеріне баса назар аударылады. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты және де білім жүйелерінің толық компьютереленуіне орай ғалымдар, әдіскерлер мен мұғалімдер жаңа талапқа сай қыруар жұмыстар атқарып жүр. Информатика бойынша қазақ мектептеріне, жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік стандарт (Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандартын педагогика ғылымдарының докторы, профессор Д.Рахымбек, аға оқытушылар Н.Мадияров, Ә.Беркутов және т.б. жасады. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 10.06.2002 жылғы №460 бұйрығымен бекітілген және таратылған), типтік бағдарламалар жасалынды.
Сондай.ақ Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісінің жаңа сатыға көтеруді, сабақ өту әдіс.тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр . Бұл иниоратика мұғалімдерінен әдістемесін жаңарта түсді қажет.Инворматикадан жаңа бөлімдер, жаңа бағдарламалар еңгізіліп, информатикадан берілетін информация көлемі ұлғайғандықтан информатика пәні мұғаліммен, оқытушысынан арнайы дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Әрі, аз уақыт ішінде керекті білімді беру мұғалім міндеті.
Міне, мұғалімнің алдында тұрған күрделі міндеттің қоғамға лайық техника тілін меңгерген шәкірт дайындау.Ал,бұл мәселенің дұрыс шешілуі Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде

КІРІСПЕ

Еліміздегі экономикалық және әлеуметтік қатынастардың өркендеуі, орта
мектеп білім беру жүйесін жетілдіруді, оның мақсатын, мазмұнын оқыту
тәсілін және компьютерлік технологиямен оқу үрдісін ұйымдастыру шараларын
түбегейлі өзгертуді талап етеді.
Өмір талабы адамның біліміне, оны күнделікті тұрмыста қолдана алу
мүмкіндігіне ие болу мәселесін қамтып отыр. Білім негізі мектепте
қаланады, яғни әрбір окушының мектеп қабырғасында жүріп ойлау қабілеті
дамиды, жаңа білімді алу қажеттілігін туындатады, отырған пәнге деген
қызығушылығына арттырады, өзіне-өзі сенімді, жан-жақты дамыған оқушыны,
тәрбиелейді. Сондай-ақ өмірге бейімделгіш компьютерлік мәдениетті,
компьютерлік білімді ұрпақ дайындайды.
Қазіргі жастар қай мамандықты, қай кәсіпті таңдаса да бәрібір
компьютермен кездесері ақиқат, сондықтан олар компьютерлік білімнің келешек
қоғамдағы ролін, ғылымдағы алар орнын айқын түсінуі тиіс. Сөйтіп, олар
компьютерлік біліммен қарулануы тиіс.
Бүгінгі күндері оқу орындарының әр түрлері пайда болды. Атап айтқанда:
колледж, лицей, гимназия, жеке меншік мектеп және жоғары оқу орындары,
тереңдетіліп оқытылатын пәндер бойынша кәсіптік сыныптар көптеп ашылғандығы
белгілі. Осы аталған оқу орындарының ішінде компьютерлік білімнің алатын
өзіндік орны бар. Сондықтан оны оқу әдістеріне де жаңаша талаптар қойылады.
Соның ішінде оқушылардың өзіндік табиғи жеке қабілеттеріне баса назар
аударылады. Соңғы жылдары ғылым мен техниканың қарыштап дамуына байланысты
және де білім жүйелерінің толық компьютереленуіне орай ғалымдар, әдіскерлер
мен мұғалімдер жаңа талапқа сай қыруар жұмыстар атқарып жүр. Информатика
бойынша қазақ мектептеріне, жоғары оқу орындарына арналған мемлекеттік
стандарт (Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім берудің
мемлекеттік стандартын педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Д.Рахымбек, аға оқытушылар Н.Мадияров, Ә.Беркутов және т.б. жасады.
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 10.06.2002 жылғы
№460 бұйрығымен бекітілген және таратылған), типтік бағдарламалар
жасалынды.
Сондай-ақ Республикамызда болып жатқан өзгерістер халыққа білім
беру жүйесінің барлық буындарында білім мен тәрбие беру ісінің жаңа сатыға
көтеруді, сабақ өту әдіс-тәсілдерін жетілдіруді талап етіп отыр . Бұл
иниоратика мұғалімдерінен әдістемесін жаңарта түсді қажет.Инворматикадан
жаңа бөлімдер, жаңа бағдарламалар еңгізіліп, информатикадан берілетін
информация көлемі ұлғайғандықтан информатика пәні мұғаліммен,
оқытушысынан арнайы дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Әрі, аз уақыт
ішінде керекті білімді беру мұғалім міндеті.
Міне, мұғалімнің алдында тұрған күрделі міндеттің қоғамға лайық
техника тілін меңгерген шәкірт дайындау.Ал,бұл мәселенің дұрыс шешілуі
Қазақстандағы мектеп информатика пәнін оқыту әдістемесін кешенді түрде
тұтастай қарастыра отырып ,оның қалыптасу және даму тарихын тереңірек
зертттеуді керек етеді. Болашақ информатика мұғалімі информатиканы оқытудың
жалпы зандылықтарын, мақсаттары мен мазмұнын,әдістемелік зерттеуді,
оқытудың әртүрлі әдіс-тәсілдерін қолдана білуді, педагогика ғылымы мен озат
тәжірибе жетістіктерін мектеп тәжірибесіне батыл енгізу тәсілдерін жоғары
оқу орнында жүріп игеруі тиіс. БІРІККЕН ҰЛТАР ҰЙЫМЫ ХХІ ғасырды-
АҚПАРАТТАНДЫРУ ғасыры деп атағандығы белгілі. Осыған орай 2001 жылдың 12-
13 қазан күндері ел ордамыз-АСТАНА қаласында Қазақстанды ақпараттандыру
–ХХІ ғасырға жасалған қадам деген тақырыпта үлкен ғылыми форум болып өтті.
Бұл форумда информатиканы оқыту әдістемесін жетілдіру керектігіне ерекше
назар аудару қажет делінген.
Міне, бүгінгі студент, ертеңгі мұғалімнің педагогикалық білімі мен
кәсіби шеберлігін қалыптастыруда Информатиканы оқыту әдістемесі ерекше
орын алады. Бұл пәннің негізгі мақсаттарының, міндеттерінің бірі – оларды
ағартушылық қызметке дайындау және педагогикалық іскерлігін шыңдау.
Авторлар бұл кітапта оқытудың жалпы әдістемесі мен дербес әдістемесін
толық қарастырған.
Атап айтқанда: Кіріспе бөлімі, санау жүйелері, компьютердің шығу және
даму тарихы, компьютер құрылысы, оның қосымша құрылғыларының қызметі,
информацияның компьютерде өрнектелінуі, MS DOS операциялық жүйесі, Norton
Commander программасы, бағдарламалаық қамтамасыздандыру, WINDOWS
программасы, WORD – мәтіндік редакторы, PAINT – графиктік редакторы, EXCEL
– электрондық кестесі, Access – берілгендер базасын басқару жүйесі,
архивтеуші программалар, компьютерлік вирустар, бүкіл әлемдік интернет
желісі, алгоритм және бағдарламалау тілдері, т.б. бөлімдер оқыту
әдістемелері келтірілген.
Тәуелсіз Қазақ елінде информатиканы оқыту әдістемесі бойынша ана
тіліміздегі оқулықтар жоқтың қасы. Бұл кітап мектеп мұғалімдері мен жоғары
оқу орындары оқытушыларының сұранысын қанағаттандырады деген ойдамыз.
Кітапта авторлардың көп жылдық іс-тәжірибесі мен озат мұғалімдердің іс-
тәжірибелері, университетте осы пәнді оқыту үшін жазылған лекциялық,
практикалық, лабораториялық материалдар пайдалынылды.

ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ИНФОРМАЦИЯ, ИНФОРМАТИКА,
МЕКТЕП ИНФОРМАТИКА КУРСЫ ТАРИХЫ
Информатиканы оқыту әдістемесі ең алдымен ғылым мен техниканың дамуына
тікелей байланысты. Сондықтн да инфрматиканы оқыту әдістемесінің мазмұны
мен даму барысын дұрыс түсіну үшін
1) Информатика, информация терминініе,
2) Компьютердің шығу және даму тарихына тоқталайық.
Информация – қоршаған ортадан алған қандай да бір мәліметтер жинағы.
Информатика – компьютер арқылы информацияны жинау, сақтау, түрлендіру,
тасымалдау және оны пайдалану заңдылықтары мен тәсілдерін зерттейтін жаңа
ғылыми пән. Информаиканы оқытудың маңыздылығы бұл ғылымның тек ЭЕМ-дерді
пайдалану мүмкіндіктері мен олардың жұмыс істеу принциптерін түсіндіріп
қана қоймай, қоғамдық өмірде және адамдар арасында информацияны кеңінен
қолдану заңдары мен тәсілдері туралы мәліметтер беретіні болып табылады.
Компьютердің даму тарихын айтар болсақ, ол негізінен 5 буыннан өтті.
1-буын 1946-1960 жылдар
2-буын 1960-1964 жылдар
3-буын 1964-1970
4-буын 1970-1980
5-буын 1980-нен бастап қазіргі уақыттар ралығы

Орта мектепте информатика курсын оқыту

Орта мектепте информатика курсын оқыту мәселелері 1950 жылдары
Жаңасібір қаласының бірқатар мектептерінде А.П.Ершов және оның
қызметкерлері бағдарламалауды оқытты.
1960 жылдары Мәскеудің математикалық мектептерінде бағдарламашыларды
дайындады.
1970 жылдары Мәскеу, Ленинград, Жаңасібір қалаларында компьютермен
жұмыс істейтін мамандарды дайындады.
1970 жылдардың соңына қарай микроЭЕМ-дердің жаппай шығарыла бастауына
сәйкес А.П.Ершов, Г.А.Звеногородский, Ю.А.Первин мектеп информатика курсы
тұжырымдамасын жасады.
Рапира тілі бағдарламалау жүйесін Г.А.Звеногородский жасады.
1982 жылы КСРО Министрлігі шешімімен мектеп оқу үрдісіне калькуляторды
қолдану енгізілді.
1984 жылы кәсіптік және жалпы білім беретін мектептердің реформасының
негізгі бағыттары белгіленді.
1985 жылы Информатика және есептеуіш техника негіздері пәні
бағдарламасы түзілді.
1985-1986 жылдары А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, Я.Э.Гольц,
М.П.Лапчик және т.б. алғашқы информатика оқулығы шықты.
1985 ж. 1-ші қыркүйектен бастап, мектептерде жаппай информатика
негіздерін оқыту басталды.
1985 ж. жаңа оқу жоспары бойынша педагогикалық институттарда
информатика мұғалімін даярлау басталды.
1986 ж. Информатика и образование журналы шыға бастады.
1986 ж. Информатика оқулығына байқау жарияланды.
1987 ж. информатиканы оқыту әдістемесінен М.П.Лапчиктің кітабы жарық
көрді.
Байқау негізінде информатикадан А.П.Ершов, А.Г.Кушниренко,
В.Г.Житомирский, В.А.Кайманның юасқаруымен авторлар ұжымы алғашқы буын оқу
құралдарын дайындады.
1994 жылы информатика курсы 8-9 сыныптарға көшірілді. Қазақстан
мектептерінде информатика курсын оқытудың мемлекеттік стандартының оқу
бағдарламасы 1998 жылы жазылып, оқу процесіне енгізілген болатын. Онда
информатика курсын оқытуды екі кезеңге бөліп қарастырды. 1-кезең 7-9
кластар үшін, ал 2-кезең 10-11 кластар үшін еді.
Орта мектептердегі информатика курсын жүргізу, оны оқыту әдістерін
жетілдіре түсу мына мәселелерге байланысты болды:
1) Ғылымның компьютерленуінің өсуі;
2) Компьютерленген өндірістерде жұмыс істеуге қабілетті жоғарыбілікті
жұмысшылар мен мамандарды даярлау;
3) Басқару орындарының компьютерленуі ;
4) Компьютерлік қоғамға лайықты болу және ЭЕМ-ді тұрмыста қолдана білу;
5) Компьютер арқылы дүниежүзілік желілермен байланыс жасап, информация
алу;
6) Білім беру жүйесін компьютерлендіру.
Мектепке информатика пәнінің енгізілуіне орай мұғалімдерді қайта
даярлау мен жоғары оқу орындарын бітіруші студенттерін дайындау
жедел түрде қолға алынды.
Ал, 1985 жылы информатика пәні мұғалімін жүйелі түрде дайындаудың
жаңа оқу жоспары жасалынды. Сөйтіп, информатиканы оқыту әдістемесі
жаңа пән ретінде 1987-1988 оқу жылдарында педагогикалық институттарға
енгізілді. Сол уақыттарда информатика пәнін оқытуға еш әзірлік
болмаған еді, тек баяндама, мақала, пікір сайыс ретінде ғана
қарастырылды.
Мектептерде есептеуіш техниканың программалық қамтамасыздандыру
бумаларының жеткіліксіздігінен және жоғары оқу орындарында өтілетін
программалау курсына дайындық ретінде, тек есепті шешу алгоритмін құру
әдістерін тақтада шығарып көрсетумен ғана шектелді. Содан кейін келесі
мәселелер қаралды:
1) Мектеп информатика курсын оқыту мақсаты анықталды;
2) Компьютермен жұмыс істеу деңгейі белгіленді;
3) Информатиканы оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық принцип
нақтыланды;
4) Компьютерлік сауаттылық, информациялық технология түсініктері жасалды;
5) Жеке адамның жүйелі түрде қолдануы негізінде оқушылардың пәнге деген
тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ашылды;
6) Информатикада қолданылатын дәстүрлі және жаңа дидактикалық құралдар
қарастырылды;
7) Компьютерлік сабақты оқытудың ұйымдастырылған формасының жүйесі
жасалды;
8) ЭЕМ-де жұмыс істейтін оқушының ойлау қызметі әдістері мен оқытудың
әдістері талданды.
Сонымен, тәжірибелі мұғалімнің информатиканы және оны оқытуды жүйелі
түрде жүргізбегенінен едәуір қиындықтар туатындығы белгілі болды. Бұл
мәселені шешудің бір жолы – мектепте компьютерлік білім беру жүйесін жасау
және оны жаңартып отыру болып табылады.
Информатиканың негізгі бір ерекшелігі компьютерде жұмыс істеу үшін
алгоритмді, бағдарламаны, нұсқауларды терең білу талап етіледі. Бұл талапты
орындау үшін әрбір пайдаланушы өз ісіне ұқыптылықпен қарай бастайды,
өйткені қайбір нұсқауды ЭЕМ-ге қате енгізетін болса, онда компьютер
экранында қате жібердіңіз деген сәйкес хабарлама шығады. Міне, осындай
қателікті екінші қайтара болдырмас үшін пайдаланушы (студент немесе оқушы
т.б.) үнемі ізденіс үстінде жүреді.
Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мазмұны, әдісі, түрі және оқыту
құралы жүйесін қарастырады. Бұл курсты оқу нәтижесінде болашақ мұғалім
компьютерленген мектепте, университетте толық түрде жұмыс істей алатын
дәрежеде болуы тиіс. Ол үшін мына мәселелер қажет:
1) Барлық білім беру, дамыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша мектеп
информатика курсын оқыту мақсаттарын түсініп оны менгеруі;
2) Мектеп информатика курсының мәні мен орнын анықтай алуы;
3) Курс мазмұнын менгеру, ол үшін бар оқулықтарды информатика
бағдарламасы бойынша оқып шығу;
4) Мазмұнын түсіну, оларды қолдана алу;
5) Курсты оқыту құралдарын, оқытудың жаңа әдістерін менгеру, оқушылардың
ойлау қызметін басқара білу;
6) Сабақты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын меңгеру ;
7) Информатиканы пәнаралық байланысын түсіне білу, оны қолдана білу;
8) Информатиканы оқыту үрдісін таладй білуге үйрену, оны бағдарламалық
және техникалық қамтамасыздандыруын қолдана алу мен өңдей білу;
9) Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дамыту және оны бекіте
алу;
10) Компьютердің көрнекілік құрал ретіндегі рөлін қолдана алу, графикалық
мүмкіндігін терең меңгеру;
Информатикаға қатысты жаңа білім аймақтарын оқып үйрену; компьютерлік
технологияны қолдану дағдыларын қалыптастыру; арнайы әдістер көмегімен
оқушылардың қабілеттерін ояту және оны дамыту. ЭЕМ-мен тығыз байланыста
бола отырып, информатиканы оқыту әдістемесі адамның компьютерді меңгеру
тәжірибелерін шыңдай отырып, білім беруді компьютерлендіруді іске асыру
болып табылады.

Оқушы қажеттілігі

Информатика пәнін оқытуда дидактиканың бірізділік принципі, мазмұнның
баяндалу реті толық сақталынады.
Сабақта қажеттілік болмаған жағдайда, оқуға деген қызығушылық та
болмайтындығы белгілі. Қажеттіліктің негізгі мынадай түрлері бар: биогендік
қажеттілік, психофизиологиялық қажеттілік, әлеуметтік қажеттілік; жоғары
қажеттілік. Осыларға тоқталып өтелік.
Биогендік қажеттілік. Оқушылар компьютерде жұмыс істей отырып, еріксіз
түрде өзінің ақпараттарын сақтау қажеттігі туындайды. Мысалы компьютердің
ішкі жадысында өз есімімен каталог ашып, өз файлдарын сақтап қояды.
Оқушыларға белгілі бір компьютерде отыру тапсырылады, яғни оқушының
өз жұмыс орны болады. Бұ лоның техникаға ұқыпты қарауға деген
жауапкершілігін арттырады. Сондай-ақ вирустардан қорғаудағы ролі ерекше.
Іздеу және бағыт алу қажеттілігі. Іздеу қажеттілігі қауіпсіз және еркін
түрде қоршаған ортаны танып білуінде. Мысалы, нәрестенің өзі айналадағысын
ұстап, көріп танитындығы сияқты, компьютерлік түймелердің қызметімен оқушы
еркін отырып танысқаны дұрыс. Ол үшін оған ана түймені баспа, не мына
түймені баспа деп шектемеу керек. Мұғалім алдын-ала программалар мен
берілгендерді, қажетті информациялардыоқушының кездейсоқ жойыпжіберуінен
қорғап қоюы қажет. Қажеттіліктің мұңдай іздеу түрі оқушыға қызық көрінуі
мүмкін. Мысалы,ол жаңа бір мәтіндік редакторға енген соң ешбір көмексіз өз
бетінше іздей отырып, оның басқару нұсқаларын табуға тырысады.
Бағыт алу қажеттілігі. Бұл оқушының қайбір бағдарламада жұмыс істеп
отырғанында белгілі бір бағыт алуы, не ойында модель құруы. Көп жағдайда
таныс емес бағдарламада жұмыс істеп отырғанда техникалық ақау немесе т.б.
пайда болса, олар не істерін білмей тапырақтап қалуы мүмкін.
Психофизиологиялық қажеттілік. Компьютерде істелген жұмыс нәтижесінен
ляззат алу жолдары көп: күрделі есепті өз бетінше шығару, ойында жеңімпаз
болу, экрандағы әдемі бейнеленген ою-өрнек салынған әдемі көрінетін
жұмыстар т.б.
Әлеуметтік қажеттілік. Өзіндік тұжырымдаушы. Бұл да қажеттілік.
Компьютерлік әлем оқушы үшін жаңалық ашуға талпындырады. Бірақ,
компьютерлік хакерлікке жол берілмеуі тиіс, өйткені мұндай іс-әрекеттер
қоғамға едәуір зиян тигізеді. Сол себепті, мұғалім вирусты жасау,
фанатизм т.с.с. заң орындары арқылы жауапқа тартылатындығын ескерту
керек.
Жоғары қажеттіліктер. Эстетика және ЭЕМ. Информатикада эстетикалық
қажеттілік кең ұғым. өйткені бұл қажеттілік экрандағыны көру, құру және
қабылдау арқылы іске асады.
Дайындық және жеңіп шығу. Ерік.
Жеңіп шығуға деген қажеттілік ерікпен, тәрбиелеу мен олардың
дайындығымен тығыз байланысты. Жеңіл берілген тапсырма қызық емес, ал
күрделісі – түсініксіз. әрине мұндай жағдайда бұрынғы меңгерген білімге
арқа сүйеу керек.
Шығармашылықтағы – жоғары қажеттілік.
Информатикадағы шығармашылыққа жеткізетін негізгі жол – елестету мен
логикаға қатысты тапсырмаларды көп берген жөн. В.А.Каймин Графика
тақырыбын оқытқанда мұғалім оқушыларға үй салу үшін оларға неше қабат,
терезесі нешеу, есігі нешеу және т.с.с нәтижесінде қай оқушының ойлау
фантазиясықаншалықты дәрежеде екендігін, өзіндік жұмыс жасай алу қабілетін
және ебдейліктерін анықтауға болады, дейді.
Информатика көптүрлілік, пәнішілік, байланыс молдылығымен сипатталады.
Оқыту күрделенгенде білімді меңгеру мен үйрену үшін жалпы дидактикалық
бірізділік принципіне қосымша қайталау түрін қолдану керек.

Компьютерлік сауаттылық, компьютерлік білімділік, ақпараттық
мәдениет

Дидактида оқыту мақсаты білім беру мен тәрбиелеу, дамытудың бірлігі
ретінде қарастырылады. Информатика ғылымы практикаға, яғни компьютерлік
қоғамға тән маман дайындау мәселесіне ерекше назар аударады.
Жалпы білім берудің негізі – оқушылардың ғылыми дүниетанымдық
көзқарасын қалыптастыру; компьютердің мүмкіндіктерін, оның қолдану
аймақтарын білу болып табылады.
Оқушылар мыналарды білуі керек:
1) компьютер жұмыс принциптерін түсіну;
2) бағдарламалаушы қызметінің маңызын ұғыну;
3) ақпарат түрлері және оларды өңдеу тәсілдері жөніндегі білімі;
4) алгоритм туралы түсінік;
5) ойлауды автоматтандыру мүмкіндіктері жайлы білім.
Бұл білімдердің жалпы ғылымилық мәні ерекше, өйткені әлемнің ғылыми
келбетін қалыптастырады. Оқушылардың өзінің ойлау қабілетіне, деңгейіне
бақылау жүргізіп, компьютерде мен не істегім келді – не істедім –
нәтижеде не шықты және неге бұлай? деген сұраққа жауап беретін болады.
Сонымен бірге компьютер оқушыларға өз ойын іске асыруға мүмкіндік береді.
Мектеп, жоғары оқу орнын т.б. білім беруді жүйелеу үшін:
1) компьютер көмегімен оқытудың бағдарламалық жүйесін жасау керек;
2) мектеп пен университетте берілетін компьютерлік-пәндік байланыс
жүйесін жасау қажет;
3) пәнді оқытуды компьютерді көрнекі құрал ретінде қолданудың кешендік
жүйесін жасау тиіс;
Компьютерлік сауаттылыққа ЭЕМ-де есептеу жүргізу, оқу, жазу, сурет
салу, ақпаратты іздей білу т.б. жатады. Жоғары сауаттылық белгісі ретінде
компьютерде өз бетінше жұмыс істей білу және оны тиімді қолдану болып
табылады.
Қазіргі кезде сауаттылық мағынасын кеңейтетін жүйелік сауаттылық
термині қолданылады. Бұны компьютерлік білімділік деп атаған орынды. Оның
негізгі белгілері:
1) басқа мамандық иесі болған күнде де, компьютерлік кітаптарды,
әдебиеттерді үзбей оқу;
2) соңғы жаңа бағдарламалар мен компьютерлік мүмкіндік туралы кең
мағлұматқа ие болу;
3) жұмыс істеу үшін нақты бағдарламалық құралдардың сапасы жөнінде
жеткілікті білім қорына негізделген жеке пікір айта білетіндей
қабілетті болу керегі және т.б.
Мектеп осы аталған мәселерді жүзеге асыруы тиіс.
Ақпараттық мәдениет. Ақпараттық мәдениет қоғам дамуы мен жеке тұлғаның
ойлау деңгейіне тығыз байланыста қарастырылады. Бұл ең алдымен компьютерді
қолдану этикасы:
1) басқаның ақпаратын өшірмеу деген сөз;
2) басқаның бағдарламалары мен берілгендерін рұқсатсыз пайдаланбау;
3) басқаның жасаған бағдарламасын иемденбеу;
4) компьютерде жұмыс істеуді үйрену;
5) компьютердің жадысындағы ескі файлдармен көшірмелерін уақтылы жою,
жадыны босату;
6) эстетикалық мәдениет – компьютердің экрандық мүмкіндігін толық
пайдалана отырып, график, кесте, т.с.с. жұмыстарды өте көрнекті
түрде орындау.
Демек, практикалық білім беру компьютерлік сауаттылықты
қалыптастырады; жалпы білім беру мен ойлау қабілетін дамыту компьтерлікке
білімділкке байланысты, ал тәрбиелеу мақсаты ақпараттық мәдениетті
қалыптастыруға септігін тигізеді.
Сондықтан да жоғарыда келтірілген компьютерлік оқытудың үш бағытын
іске асыру мұғалімнің оснын басшылыққа ала отырып, қажырлы еңбек етуін
қажет етеді.

Компьютермен жұмыс істеу деңгейлері

Оқу мақсатын анықтау үшін, адамның компьютермен жұмыс істеу
деңгейлерін қарастырайық.
Белсенділігі төмен қолданушы. ЭЕМ-де тікелей жұмыс істемей-ақ оның
мүмкіндіктерін, қызметін пайдаланады. Мысалы, ЭЕМ көмегімен әуе билеттерін,
айлық жалақысын т.б. алады. Компьютер жайлы мәліметті ақпарат құралдары
арқылы біледі. ЭЕМ-мен жұмыс істеп дағдыланбаған.
Белсенді қолданушы. Дайын бағдарламалармен жұмыс істейді, яғни
берілгендер базасын толтырады, электрондық кестеде берілгендерді
редакторлайды т.с.с. Ол компьютерге мәтін енгізу және сурет салу,
информацияны іздеу сияқты іс-әрекеттерді орындай алады. Көпке дейін
бағдарламалушы қызметін қажет етпейді.
Бағдарламалаушы қолданушы. Дайын бағдарламаға өзіне қажетті өзгерістер
енгізе алады. Атап ,айтқанда функция графигін салу, кеңістіктік фигураны
бейнелеу үшін дайын бағдарламаға өзінің формуласын енгізеді. Сондай-ақ
электрондық кестеде кейбір есеп бағдарламаларын құрады, жайын бағдарлама
болмаған жағдайда өзі жасайды. Дайын бағдарламалық құралдарды қажет уақытта
дұрыс таңдап, нәтижеге жете алады.
Бағдарламалушы. Ол жоғары деңгейлі тілдер ен, берілгендер басқару
жүйесі тілдерімен, электрондық кестелермен жұмыс істейді. Дайын
бағдарламаларды нақты қолдануды біледі. Сондай-ақ берілгендер базасы,
электрондық кесте сияқты бағдарламаларды қолданушы мұқтаждығын өтейтіндей
жағдайға келтіре алады. Мұғалім де өзі оқытатын бөлімде дайын қабықтарды
қолданатын болса, онда мұғалімді де осы топқа енгізуге болады.
Аса бағдарламалаушы. Бұл қолданушылар және т.б. үшін бағдарламалар
жасайды. Жоғары деңгейлі Паскаль, СИ т.с.с. тілдермен жұмыс істейді.
Жүйелік бағдарламалаушы алдыңғы деңгейдегі келтірілген жұмыстардың
барлығының тиімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен, мектеп информатика курсын оқыту барысында қазіргі заман
талабына лайық, дайын бағдарламалармен жұмыс істей алатын, яғни оны өзінің
күнделікті қызметіне пайдалана алатын – параметрлі қолданушы дайындауымыз
қажет. Дегенмен, үш мыңыншы жылдық мамандарын дайындауды осы айтылған
деңгейліктерді бағытқа ұстай отырып, бірте-бірте іске асыруымыз қажет.

Курсты оқыту барысындағы ақпараттық құралдар

Оқулық. Егер информатика оқулығы машинаға тәуелділік жағын қарастырған
болса, онда ол дербес компьютердің бағдарламалық құралдарын қамсыздандыру
мәселелері және олармен жұмыс істеуге арналған нұсқаулар жөніндегі
мазмұнмен беріледі. Бірақ оқулықта бағдарламамен сұхбаттық түрде жұмыс
істеу әрекеті емес, ол бағдарламаларды басқару, қолдану жөнінде мәліметтер
жазылады. Информатика оқулығы оқушылардың білімін жүйелеу, нақты білімдерін
жалпылау мәселелерін қамтиды. Оқулық құрылымы білімді бекіту қызметін де
атқарады.
Нұсқау. Оқулықтан ЭЕМ-ге жұмыс істеуге өту үшін арнайы дайындалған
нұсқаулар беріледі.
Алғашқы сабақтарда әрбір оқушыны жеке-жеке компьютер алдына отырғызып,
олармен жұмыс істеу мұғалімге ауыр соғуы мүмкін немесе көбінесе мұғалім
әрқайсысына барып түсіндіріп, көрсетіп болғанша едәуір уақытты талап етеді,
яғни мұғалім физикалық үлгере алмауы да мүмкін. Сондықтан, өтілетін
тақырыпқа байланысты бұйрықтарды орындау барысын егжей-тегжейлі алдын-ала
кезең-кезеңге бөліп, нұсқаулар тізбегін жасаған дұрыс. Мұндай дайын
нұсқаулар оқушының тез түсініп, оны ЭЕМ-ге өз бетінше енгізуіне үлкен
жәрдем етеді. Нұсқауларды дискетке немесе қағазға жазған жөн. Дегенмен,
қағаздағысы өте пайдалы, өйткені оқушы алдындағы нұсқауға қарап жұмысын
жалғастыра алады. Нұсқауды дайындағанда жұмыс мақсатын да көрсету керек.
Сондай-ақ нұсқау мүмкіндігінше бір не екі бетке жазылуы тиіс. Нұсқауда
ұғымға тоқталмай, бірден іс-әрекетті орындау кезеңдері беріледі. Арнайы
компьютерлік және техникалық жазғыштар ролін педагог атқарады, өйткені бұл
да бірқатар әдістерді білуді керек етеді.
Нұсқау үш бағаннан тұрады: 1-ші бағанда экран көрінісі, 2-ші бағанда
орындалған бұйрық, 3-ші бағанда атқарылатын іс-әрекет мағынасы жазылады.
Плакат. Кабинет қабырғасындағы плакаттарға: техника қауіпсіздігі
ережелері, операциялық жүйе бұйрықтары, файлдардың есімін жазу ережелері
мен үлгілері, түймелер қызметі, ЭЕМ құрылысы, санау жүйелері және т.б.
күрделі де маңызды мәліметтер жазылуы тиіс, өйткені бұлар оқушылардың үнемі
көз алдында тұрып, еріксіз түрде жатталып, (көру→қабылдау→түсінік) түсінік
пайда болады. Бұл материалды өтем дегенше оқушы есінде әбден сіңіріледі.
Ауыспалы плакаттарда міндетті түрде сабақ тақырыбына қажетті
материалдар, мәліметтер беріледі. Мысалы, редактордағы түймелер қызметі
немесе санау жүйесі және т.б.
Оқу киносы мен теледидар. Компьютер шыққалы бері оқу киносының
динамикалық көрнекі құрал ретіндегі ролі төмендеп кетті, өйткені ЭЕМ
оқушыға оқу барысында өтіліп жатқан үрдіске қатысуға мүмкіндік береді. Егер
бейне және компьютерлік техниканы қосып пайдаланар болсақ, онда жақсы
нәтижеге жетер едік. Мұғалім жұмыс экрандағыны оқушыларға үлкен теледидар
экраны көмегімен көрнекі етіп көрсетуге болады. Сөйтіп, мұғалім жаңа
тақырып үлгісін оқушыларға экран арқылы түсіндіре алады.
Теледидар. Сабақтың тиімді де әсерлі өтілгендігі оқушылардың ақыл-ой
дамуынан, ойлаудың формалары мен ережелерін меңгеруінен, компьютерлік
мәдениетті дағдыларын игеруінен, эмоциялық сферасының баюынан, идеялары мен
талап-тілектерінің дұрыс қалыптасуында көрінеді.
Бұл жолда өз тәжірибелеріңізден мысалдар келтірелік. Мәселен, жас
жеткіншіктерді оқыту мен тәрбиелеуде интернет желісі мен теледидардың орны
ерекше.
Сондықтан да оқушылардың танымдық қызметін басқару үшін оларды
теледидардан нені көретіндігін сұрағанда, олар компьюбум хабарын көреміз
деп жауап берген болатын. Біз осы оқу телехабардың бағдардамасын апталық
оқу жоспарға енгіздік. Бұл әдістің ұтымдылығ хабар барысында ең маңызды
мәселелерді телеэкраннан көріп, қысқаша конспект жазып отырады. Хабар
аяқталған соң бірлесіп талдадық, түсінбеген сұрақтарына жауап бердік.
Сонымен оқушылар информатика және оның одан әрі дамуының негізіг бағыттары
бойынша білімдерін үнемі тереңдетіп отырды.
Мұндай жеке тапсырмалар оқушының өз қабілетін ашуға, еңбегінің
нәтижесін көріп, терең білім алуға, оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын
арттыра түседі.
Осындаай жұмыстардың нәтижесінде интернет желісі, телехабар, баспа
құралдары және т.б. материалдар арқылы оқушылар жоспар құруға,
конспектілеуге, өз ойын жинақтауға, әңгімелей алуға дағдыланып, реферат
жазуға үйренеді.
Сондай-ақ телеэкран арқылы олар компьютерлік орталықтарға телесаяхат
жасайды.
Мультимедия. Оқу үрдісінде ақпаратты экранда бейнелеудің түрлі
формаларын: график, қозғалыс, мәтін, дыбысты қолдану мультимедия идеясын
туғызды. Оның көмегі арқылы оқытушы бағдарламаларды пайдалануды жүзеге
асыруға болады. Мысалы, математиканы, ағылшын тілін, не информатиканы
оқытуда мұғалім компьютер ролін атқарады.
Жоғарыда келтірілген құралдардың әрқайсысының өзінің оқу үрдісінде
қолданылатын ерекшеліктері мен орындары, функциялары бар. Енді оларды
біріктіріп, кешен жасап қолдансақ, онда жұмысымыз өнімді де тиімді,
нәтижелі болмақ.
Кәдімгі информатика оқулығы білімді жалпылауды, ойлау үрдісін
реттеуде, материалды сапалы меңгеруде компьютерсіз не оған дейін қолданылуы
мүмкін. Арнайы дайындалған нұсқаулар, оқушының ЭЕМ-мен өздігінше жұмыс
істеуіне бағыт беріп, мұғалім жұмысын едәуір жеңілдетеді. Барлық ұғымдар,
түсініктер оқулықта беріледі. Плакатқа жазылған ақпарат (формула, бұйрық
және т.б.) еріксіз есте сақтауға арналған. Транспаранттар мұғалімнің сабақ
өту кезінде тікелей тақырыпқа қатысты қолданылады. Оқу киносы ЭЕМ-де
динамикалық қозғалыс жасауда қолданылады. Үлкен экранды теледидар ЭЕМ
экранына қарағанда жаппай түсіндіру барысында көрнекі құрал орнын
толтырады. Ал мультимедия құралы бұл құралдардың мүмкіндігін кеңейтіп
интеграциялай түседі.
Өздік таным компьютерлік өзінің қызметін ойлау арқылы рефлексті түрде
қалыптасады.
Қызмет тәсілдерін тәжірибелеу. Бұл тәсіл нұсқау, мұғалімнің қызметін
үлгі ретінде көруі бойынша қалыптасады. Бірақ компьютер әлемінің үнемі
жаңарып отыратындығын, оқушының өзінің ізденушілік белсенділігін ескеру
керек. Информатикадағы тәжірибе ескеретіндіктен, тәжірибені мектепте, одан
кейін де шыңдап отыру керек.
Шығармашылық қызмет тәжірибесі. Шығармашылық қызмет тәжірибесі
проблемалық жағдайларды шешу, операциялық жүйені меңгеру, модельдеу арқылы
қалыптасады.
Эмоциялық қатынас тәжірибесі. Эмоциялық қатынас тәжірибесі оқушылардың
бір-бірімен, мұғаліммен сөйлесу арқылы қарым-қатынас жасау нәтижесінде
пайда болады және беріледі.
Оқыту барысында жуапкершілікке тәрбиелеуге болады. Информатика және
дәчтүрлі оқыту әдістері.
Сөздік әдіс.
Информатиканы оқытуда сөз, таңба жаңа сапаға ие болады. Компьютерлік
мәтін, бұл өзгермелі, жаңарып отыратын және басқарылатыг сөз.
Көрнекілік әдіс. Оқушының мұғалім және басқаларының компьтердегі
қызметін бақылауы информатикада пәндік әдіс болып табылады. Соның негізгі
түрлерін қарастырайық:
1. Иллюстрация. Информатикада барлығын компьютер экранында иллюстрациялап
көрсетуге болады. әсіресе көрінбейтін нәрсені иллюстрациялаған жөн.
2. Демонстрация. Мұғалім ЭЕМ-дегі қызметін оқушыларға үлгі ретінде
демонстрациялап көрсете алады.
Компьютерлік демонстрацияның маңызды ерекшелігі – бұл динамикалық және
көрнекі бейнелерді басқара білу. Дегенмен де, компьютерлік демонстрацияны
да өз орнымен пайдаланған дұрыс.
3. Практикалық әдістер. Информатика білімнің үш қайнарын біріктіреді. Олар:
сөз, бақылау және қызмет. Мысалы нұсқауларды оқып отырып (сөз) және
мұғалім мен компьютер іс-әрекетін бақылап (пәндік әдіс) оқушы
компьютердегі практикалық қызметін (іс-әрекетін) бастайды. Мұнда бұл
әдістер бірін-бірі толықтырады.

Информатика сабағы құрылымы.
Жаңа білімді қабылдау сабағын жоспарлағанда сабақ құрылымын былай
белгілеуге болады:
1) Үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың тірек білімдерін еске түсіру,
жаңғырту;
2) Жаңа тақырыпты оның мақсатын, сабақтың міндеттерін баяндау және
оқушылардың оқу әрекетіне ынтасын, ықыласын туғызу;
3) Оқушылардың жаңа білімін алғашқы түсінуін, оқу материалының өзара
байланысына зер салуын, ойлануын ұйымдастыру;
4) Қабылданған білімді жинақтау, бір жүйеге келтіру;
5) Сабақтың қорытындысын шығару, үй тапсырмасын беру;

Информатикадағы теория мен практика.
Информатикада теория мен практика ұғымы жалпы ғылыми категориялармен
қатар жүреді. Теория – бұл компьютерлік әлемді түсіндіру, оның болашағын
болжау құралы, ал практика – теорияны тексеру, орындау құралы. Мысалы,
лекция сабағында Берілгендер базасын басқару жүйесі туралы теориялық
мәселелері баяндалса, практикада оқушылар теориялық меңгерген білімдерін
тексереді. Семинар сабағында алгоритм құрып, алынатын нәтиже болжамы
жасалуы мүмкін, лабораториялық сабақта алгоритмнің орындалуы тексеріледі.
Нақты теориялық әдіспен компьютер көмегінсіз алгоритмнің дұрыстығы
дәлелденеді.

Информатика кабинетінің жабдықталуы

Информатика кабинетінің жабдықталуы. Барлық есептеуіш техника
құралдары информатика кабинетінде орналасқан. Білім беруді жаппай
компьютерлендіруге байланысты кабинет келесі қызметтерді атқарады:
1) Информатика курсы оқыту бағдарламасына сәйкес компьютерлік
кабинетте жүргізіледі;
2) Оқу қызметінің факультативтік курстары, үйірмелер және т.б. қосымша
түрлері осы кабинетте өткізіледі;
3) Оқушылардың есептеуіш техникаға қатысты өндірістік жұмыстарын
жүргізу;
4) Басқа пәндерді компьютерлендіріп сабақ өту;
5) Оқу орындарын басқаруды компьютерлендіру.
Бүгінгі күндері компьютер кабинетінде локальдық желімен байланысқан 9-
15 оқушыға арналған жұмыс орны және мұғалімге арналған бір жұмыс орны болу
керек.
Оқушылардың компьютерлеріне қарағанда мұғалімнің жұмыс орнындағы
компьютерде диск ұяшық, принтер тұруы тиіс. Қосымша сызба салғыш, ізкескіш,
модем және маус құрылғысы болады.
Жұмыс үстелдерін орналастыру үлгісі:
а) жағдайда оқушының жұмыс орны П тәрізді етіп, яғни қабырғаны жағалай
орналастырылған. Оқушылар бір-біріне кедергі жасамайды, алаңдамайды.
Мұғалім оқушылардың мониторын, іс-әрекетінтолық бақылай алады. Бұл
зертханалық жұмысқа арналған, лекция өткізуге қолайсыз.
ә) мұнда лекция өтуге де, зертханалық жұмыс орындауға да қолайлы етіп
орналастырылған.

Тазалық-гигиеналық нормалары. Оқушылар жас ерекшелігіне орай, компьютерде
жұмыс істеу уақыты белгіленген: 5 сынып үшін – 15 минут, 6-8 сыныптар үшін
– 20 минут, 8-9 сыныптар үшін – 25 минут, 10-11 сыныптар үшін – 30 минут. 5-
9 сыныптар үшін күніне бір сабақтан артық болмайды, ал 10-11 сыныптар
күніне екі реттен артық сабақ болмауы тиіс.көз шарашаған уақытта әр 20-25
минуттан соң жаттығулар жасалады. 10-11 сыныптарда сабақ арасында үзіліс
болуы қажет.
Кабинет терезесі солтүстік, солтүстік-шығысына қарағаны жөн. Суықтан
және ыстықтан қорғалуы тиіс немесе күн қағар құрылығ болуы керек. Күн
сәулесі монитор экранына немесе күн қағар құрылғыболуы керек. Күн сәулесі
монитор экранына немесе көру аймағына тікелей түспеуі керек. Қабырға суық
түспен боялады. Перде түсі қабырға түсімен үйлесім табуы тиіс. Экран оқушы
көзі деңгейінде немесе одан сәл төменірек болғаны дұрыс. Экранға қарау
бұрышы-45◦-тан кем емес, ал көзбен экран ара қашықтығы 60-70с. Монитордағы
таңба биіктігі 3-4 мм кем болмауы керек. Экран фоны көмескі жасыл түсті, ал
таңбалар ақ (немесе ақшыл фонда қара таңба) болғаны жөн. Бірмезгілде 7
түстен артық қолдануға болмайды. Оқушының жұмыс үстелі үшін 6 м² аудан, ал
оқушы жұмыс үстелі 10-нан асқан жағдайда, зертханалық бөлме ауданы 18 м²
болуы керек. Монитордың сәулеленуден қорғайтын экраны болуы тиіс. Әрбір
сағат сайын бөлмені желдеткен жөн. Бөлме температурасы 18-22 ºС,
ылғалдылығы 52-65%. Күнделікті тазалық жасалып, ылғандандырылуы керек.
Оқушылар сөмкесі арнайы орын болады. Дыбыс вибрациясы 40 ДБ болуы қажет.
Мектеп директорының бұйрығымен информатика пәні мұғалімі кабинет
меңгерушісі болып тағайындалады. Ол есептеуіш техника және т.б. құрал-
жабдықтардың сақталуына жауап береді. Жалпы бұл кабинетте сигналдық қорғау
жүйелері жүргізілуі тиіс. Жұмыс соңында оны іске қосып кету керек.
Техника қауіпсіздігі және т.б. ережелер қатаң сақталынуы тиіс.
Электр тогы болмаған жағдайда пайдалану үшін мұғалім үйден алдын-ала
өтілетін сабақ жоспарын, материалдарын дайындап келуі керек.
Кабинеттегі бағдарламалық құрамы. Компьютер сыныбы пайдалануға берілген соң
бірнеше рет бағдарламалық құралдармен жабдықталуы тиіс. Компьютер зауыттан
шыққан кезде-ақ оның ішінде бірқатар қажетті бағдарламалар болады. Олар ЭЕМ-
нің алғашқы рет жүктеліп, өзін-өзі тексеруіне арналған, яғни компьютерді
ток көзіне қосқан соң, оның ішіндегі арнайы файлдар арқылы бағдарлама
оқылып, компьютер жүктелінеді. Сөйтіп, ішкі және сыртқы құрылғыларының
жұмыстарын тексеруден өткізеді.

Жұмыс үстелдерін және жабдықтарын орналастыру талаптары:
1) оқушылардың, мұғалімнің, құрал-жабдықтардың қауіпсіздігі;
2) оқушыларға ыңғайлы болуы;
3) мұғалімнің сабақты жүргізуі үшін жұмыс үстелі басқаруға, бақылауға,
оқыту түрлерін іске асыру ыңғайлы түрде жүргізілуі қажет;
4) компьютерді жөндеуге ыңғайлы болу керек;
5) бөлме ішін тиімді пайдалану.

Мектеп информатика оқулықтарына шолу

Мектеп информатика курсы А.П.Ершов, В.М.Монахованың Информатика және
есептеуіш техника негіздері атты оқулығы бойынша жүргізілді.
Авторлар көзқарасы. Информатика ақпаратты ЭЕМ көмегімен өңдейтін ғылым
ретінде қарастырылады. Оқытудың мақсаты алгоритм және компьютерлік
сауаттылықты қалыптастыру болды.
Оқулыққа шолу. Оқулық екі бөлімнен тұрады. 1-ші бөлімде алгоритм
анықтама беруден басталады. Оның мысалдары математикаға байланысты
құрылады. Алгоритмнің блок-сүлбесі берілген. Сондай-ақ шамалар ұғымы кең
түрде баяндалған. Соңында оқушылардың орындауына арналған тапсырмалар
келтіріледі. Ал 2-ші бөлімі 1-сін дамыта, толықтыра түседі. ЭЕМ құрылысы
жайында егжей-тегжейлі түсінік беріледі.
Машинаның жұмыс істеу принциптеріне, кодтарға тоқталады. Бейсик,Рапира
тілдері жөнінде мағлұматтар беріледі.
Бұл оқулық информатика туралыоқулықтарды жетілдіре түсуге,
мұғалімдердің айтарлық іс-тәжірибе жинауына септігін тигізеді. Осы
авторлардың мұғалімге арнап жазған Информатика және есептеуіш техника
негіздерін оқыту атты оқулығы қатар қолданылып, информатиканы оқыту
әдістемесін қалыптастыруда айрықша маңызға ие болады. Сабақ өтуге арналған
әдістемелік нұсқаумен бірге, информатиканы машинамен және машинасыз
(өйткені, мектептер ЭЕМ-мен аз қамтамасыз етілген еді) оқыту әдістері ашып
көрсетілген болатын. Бұдан кейін А.Г.Кушниренко, В.Г.Лебедевтің
зерттеушілер тобы А.П.Ершовтың информатиканы оқыту бағытын жалғастырып,
жетілдіре түсті.
Алғашқы оқулықты пайдалану іс-тәжірибелерін талдап, А.Г.Кушниренко,
В.Г.Лебедев, Р.А.Сверень Информатика және ЕТ негіздері оқулығын 1993 жылы
шығарды. Бұл оқулықта информатиканы оқытудың алғашқы кезеңінде де көрнекі
болу үшін Робот, сызбагер тәрізді графикалық түрін қолданылады. Онан
кейінгі оқулықтарда компьютерлік сауаттылық бағытталса, ал енді бір
авторлар ЭЕМ көмегімен есеп шығаруға үйрету керек делінеді. Ал,
Беллоруссияның алғашқы оқулықтарында модельдеуге басты назар аударылады,
яғни ЭЕМ арқылы объектілер мен құбылыстардың модельдерін құру керек деп
есептелінеді. Қазақстанда қазіргі кезде оқулық ретінде Министрлік бекіткен
авторлары: Балапанов, Бөрібаев Информатикадан 30-сабақ атты оқулығы кең
қолданысқа ие болып отыр. Өйткені аталған оқулықта Windows-95 бағдарламасы
мүмкіндіктерін, Word мәтіндік редакторы мен Paint графиктік редакторын,
Excel электрондық кестесін пайдалану, яғни қолданушылар деңгейін арттыру
мақсаты көзделген.
Егер оқулықтарды мазмұны бойынша салыстыратын болсақ, онда пәнді
оқыту, құралдарды таңдау жағынан бір-біріне жақын екендігін байқаймыз.
Көпшілігінде ақпарат, алгоритм, информатика, бағдарламалық
қамсыздандыру, алгоритмге арналған есептер, модельдеу, ақпаратты
іздеу, математикалық логика элементтері, тілдер т.б. ерекше мән беріледі.
Осы айтылғанның барлығы да информатиканың оқу пәні, ғылым, адам қызметінде
қолданудың ажырамас тізбегі немесе бүтіндігі мен беріктігі деуге саяды.
Өйткені, бұл үштікке ақпарат, алгоритм, ЭЕМ негізделген. Сондықтан да
оқушылардың танымдық қабілетін қалыптастыру мен дамытуға мұғалім бір
мезгілде бірнеше оқулықтарды пайдалануына болады. Ол оның іскерлігі мен
шеберлігіне, іс-тәжірибенің молдығына байланысты болмақ. Сондай-ақ бұл
оқулықтарды іске жарату үшін, олардың мазмұнын, күрделілік деңгейін анықтап
алып, жүйелі түрде сабақ өткізуі тиіс.
М.Медетбеков, Ә.Беркутов, Р.Медетбекова, Б.Бекзатов, Қ.Мамаевтың
Компьютерлік технология негіздері Шымкент, 1998 жылғы оқулығында
компьютерді практикалық жұмыс істеу ерекшеліктері қарастырылған. Атап
айтқанда, MS DOS операциялық жүйесінде, NORTON COMMANDER қабық
бағдарламасында, FOTON, Лексикон, CHIWREITER – мәтіндік редакторында,
Windows 3.1 бағдарламасы, WRITE, WORD – мәтіндік редакторлары мен
Paintbrush – графикалық редакторы және Excel – электрондық кестесінде,
архиваторлар мен антивирустар, электрондық пошта, Интернет желісінде жұмыс
істеу мүмкіндіктері толық қамтылған. Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін
тапсырмалар берілген. Жалпы, оқулық оқу бағдарламасы бойынша жазылған.
Қ.Әжібеков, Ә.Беркутов және т.б. Windows-9х программасын меңгерейік
Шымкент, 2002 жылғы оқулығында компьютерде Windows 3.1 бағдарламасы, WORD –
мәтіндік редакторы мен Paint – графикалық редакторы және Excel –
электрондық кестесінде жұмыс істеуге арналған құнды мәліметтер келтірілген.
Г.Жетпісбаева, Ә.Беркутовтың Информатика және есептеуіш техника
негіздерін оқыту әдістемесі оқулығы да ғылыми жағынан өте құнды болып
есептеледі.
Информатиканы бастауыш сыныптан бастап оқыту. Информатиканы бастауыш
сыныптан бастап оқыту мәселесі де жедел қолға алынып, мектеп өміріне еніп
те кетті.
Информатика сабақтарының дидактикалық ерекшеліктері
Сабақ - информатиканы оқытудың негізгі формасы, әдістері Информатика
сабақтарының дидактикалық ерекшеліктері. Информатика курсында
пайдаланылатын педагогиканың практикалық құралдарын топтау.
Информатика және есептеуіш техника курсын оқытуда оқушылардың білімі
мен ебдейліктеріне қойылатын талаптар. Информатиканы оқыту барысында
даралай және саралай оқыту әдістемесі.
Компьютерде есеп шығару ебдейліктері мен дағдыларын қалыптастыру
әдістемесі: есепті қою; математикалық нобай құру; алгоритм жасау; программа
жасау; есепті компьютерде орындау, нәтижені талдау.
Информатика және есептеуіш техника курсын оқытудағы талдау мен
синтездеу, пән аралық және пән ішілік байланыстарды жүзеге асыру.
Оқушылардың информатика бойынша білімдерін бағалау. Қорытынды
практикумды ұйымдастыру және компьютерде оқу-өндірістік есептерді бірлесіп
шешу әдістері, сондай-ақ адам қызметінің әр түрлі саласында компьютерді
қолданудың маңызы өсіп отырғанын түсінулері қажет. Осының барлығы
оқытушының жоғары білікті деңгейін қамтамасыз ету үшін ғана роль атқарып
қоймай, оның ары қарай оқуында және өз бетімен білімін үнемі жетілдіруде
компьютерлік білімін тереңдету керек.
Адамзат баласы ерте кезден-ақ санауды үйреніп, әртүрлі аспаптарды
қолданып, есептеуді жеңілдету үшін түрлі техникаларды жасап қазіргі дербес
компьютерлерді шығарып оны пайдалану әдістерін үйренгенше 4 буыннан
өткендігінің куәсі болып отырмыз.
Міне, осы ғасырдың басында орта мектептерде информатика курсын жүргізу,
оны оқыту әдістерін жетілдіре түсу мына мәселелерден туындағандығы айқын:
7) Ғылымның компьютерленуінің өсуі;
8) Компьютерленген өндірістерде жұмыс істеуге қабілетті жоғары
білікті жұмысшылар мен мамандарды даярлау;
9) Басқару орындарының компьютерленуі;
10) Компьютерлік қоғамға лайықты болу және ЭЕМ-ді тұрмыста
қолдана білу;
11)Компьютер арқылы дүниежүзілік желілер мен байланыс жасап,
информация алу;
12) Білім беру жүйесін компыотерлендіру.
Мектепке информатика пәнінің енгізілуіне орай мұғалімдерді айта даярлау
мен жоғары оқу орындарын бітіруші студенттерін дайындау жедел түрде қолға
алынды.
Ал, 1985 жылы информатика пәні мұғалімін жүйелі түрде дайындаудың
жаңа оқу жоспары жасалынды. Сөйтіп, Информатиканы оқыту
әдістемесі пән ретінде 1987-1988 оқу жылдарында педагогикалық
институттарға енгізілді. Сол уақыттарда информатика пәнін оқытуға еш
әзірлік болмаған еді, тек баяндама, мақала, пікір сайыс
ретінде ғана қарастырылды. Сондықтанда, информатиканы оқыту оны
өңдеумен әдісін жетілдірумен бірге жүргізілді. Мектептерде есептеуіш
техниканың программалық қамтамасыздандыру бумаларының
жеткіліксіздігінен және жоғары оқу орындарында өтілетін программалау
курсына дайындық ретінде, тек есепті шешу алгоритмін құру
әдістерін тақтада шығарып көрсетумен ғана шектелді. Содан кейін келесі
мәселелер қаралды:
Мектеп информатика курсын оқыту мақсаты анықталды;
Компыотермен жұмыс істеу деңгейі белгіленді;
Информатиканы оқытуда қолданылатын жалпы дидактикалық
бірінсептер нақтыланды;
12) Компьютерлік сауаттылық, информациялық
технология түсініктері жасалды;
13) Жеке адамның жүйелі түрде қолдануы негізінде оқушылардың
пәнге деген тұрақты қызығушылығын қалыптастыру тәсілдері ашылды;
14)Информатикада қолданылатын дәстүрлі және
жаңа
дидактикалық құралдар қарастырылды;
15)Компьютерлік сабақты оқытудың
ұйымдастырылған
формасының жүйесі жасалды;
16) Компыотерде жұмыс істейтін оқушының ойлау қызметі әдістері
мен оқытудың әдістері талданды.
Сонымен, тәжірибелі мұғалімнің информатиканы және оны оқытуды жүйелі
түрде жүргізбегендігінен едәуір қиындықтар туатындығы белгілі болды. Бұл
мәселені шешудің бір жолы - мектепте компыотерлік білім беру жүйесін жасау
және оны жаңартып отыру болып табылады.
Методологиялық негізі. Дидактика методологиясы мынадан көрініс
табады. Қазіргі және классикалық дидактика мен психология нәтижелері
информатика оқыту мәтінінде нақтылана түседі. Осыдан ИОӘ мен психология -
педагогикалық пәндердің өзара тығыз байланыста екендігін байқаймыз. Бұл
табиғи нәрсе, өйткені информатика оқыту әдістемесі өзінің методологиясы
бойынша педагогика ғылымына жақын.
Информатиканы бүтін, берік жүйе ретінде қарастырғандықтан, оның
кейбір түсініктері бірте - бірте ашылуда. Информатиканың пәнаралық және
басқа пәндер үшін маңызы зор. Өйикені ӘЕМ - ді әрі оқыту, әрі көрнекі
құрал ретінде математика сабағында: кеңістік фигураны экранда бейнелеу,
кеңістік түсінікті қалыптастыру, дамыту т.с.с. мәселелерін шешудегі ролі
ерекше болмақ.

Оқытуды ұйымдастыру формалары

Лекция. Лекция терминінің екі мағынасы бар: бұл әрі форма, әрі әдіс.
Егер компьютер кабинеті жақсы жабдықталса, онда лекцияны осында өткізуге
болады. Мұғалім лекция оқиды, ал оқушылар конспект жазады.
Семинар. Семинар сабағында машинаға дайындық жүргізіледі. Оқушылар
алгоритм құрып үйренеді. Олардың компьютерге дейінгі дағдылары мен
ебдейліктерін қалыптастыру керек. Оқушылар семинарларда мынадай жұмыс
нәтижелерін тапсыруы тиіс:
Компьютерге енгізуге дайындаған алгоритм мәтіні;
Компьютернің көмегінсіз құрылған алгоритм орындау кестесі;
Бағдарламамен диалог жасау үлгісі;
Нұсқаудағы сұрақтарға жауап;
Өзінің не басқаның бағдарламасына нұсқау дайындау;
Өзінің не басқаның бағдарламасына түсініктеме беру;
Бағдарламаның орындалуы мен нәтижесіне түсініктеме беру;
Өтілген материалдар бойынша сұрақтарға жауап беру. Зертханалық жұмыс.
Зертханалық жұмыс компьютер сабағындағы ең негізгі оқыту формасы болып
табылады. Мұнда мұғалімге алдын - ала зертханалық жұмысқа арнайы дайындаған
нұсқаулары көмек береді. Сабақ басталарда оқушылардың әзірлігін тексеріп
алып, дайындықсыз компьютерге отыруға болмайтындығын ескерту керек.
Жеке практика сабағы. Жеке практика сабағында оқушыларға күрделілігі
мен деңгейі әртүрлі жеке тапсырма беріледі. Тапсырма ретінде жаңа
бағдарламаға нұсқау, түсініктеме жаздыруға болады.

Информатиканы оқыту әдістері

Информатикада ойлау қызметін арттырудағы бақылау және эксперимент;
анализ; синтез; индукция және т.б. әдіс түрлеріне аса маңыз беріледі.
Бақылау.
Бақылау зерттелетін объектілерді мақсатты және жүйелі түрде тікелей
қабылдау арқылы зерттейтін әдіс.
Бақылау - ақпарат алудың ең елеулі әдістерінің бірі.
Эксперимент.
Эксперимент - зерттеушінің тікелей белсенді араласуы арқылы зерттелетін
объектінің қасиеттерін анықтау мақсатындаәдейі арнап қажетті жағдайлар
туғыза отырып танып білу әдісі.
Салыстыру.
Салыстыру дегеніміз зерттелінетін объектілердің ұқсастықтары мен
айырмашылықтарын ойша тағайындау.
Анализ.
Анализ деп бүтінді ойша немесе практикалық түрде құрамды бөліктерге
бөліп, ол бөліктерді және олардың қасиеттері мен арақатыстарын жеке - жеке
қарастыру арқылы зерттейтін әдіс.
Синтез.
Синтез анализ арқылы бөлінген бөліктерді ойша немесе практикалық түрде
біріктіру.
Индукция.
Индукция дегеніміз объектілер класының бөліктері туралы білімдер
негізінде ол сынып туралы қорытынды жасау, яғни жекеден жалпыға өтудегі ой
қорыту.
Оқытудың үштік мақсаты - білім, дамыту және тәрбиелеу - жалпы
дидактикадан алынып информатикада бұл ұғым ашылып кеңейе түседі. Жалпы
дидактика информатика әдістемесін дидактикалық принциптер жүйесімен
қаруландырады.
Информатиканы оқыту әдістемесі курсы мазмұны, әдісі, түрі және оқыту
құралы жүйесін қарастырады. Бұл курсы оқу нәтижесінде болашақ мұғалім
компьютерленген мектепте, университетте толық түрде жұмыс істей алатын
дәрежеде болуы тиіс. Ол үшін мына мәселелер қажет:
11) Барлық үштік білім беру, дамыту, тәрбиелеу мәселелері бойынша
мектеп информатика курсын оқыту мақсаттарын түсініп оны меңгеруі;
12) Мектеп информатика курсының мәні мен орнын анықтай алуы.
13) Курс мазмұнын меңгеру, ол үшін бар оқулықтарды информатика
бағдарламасы бойынша оқып шығу;
14) Мазмұны бірінсіптерін түсіну, оларды қолдана алу;
15) Курсты оқыту құралдарын игеру, оқытудың жаңа әдістерін
меңгеру, оқушылардың ойлау қызметін басқара білу;
Сабақты ұйымдастырудың әр түрлі формаларын меңгеру;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информацияның объектіге бағдарланған ұғымын анықтау
Информация туралы түсініктер
Информатика пәнінің негізі ұғымы
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы ақпарат
Информация және информатика туралы мәлімет
Информация және информатика
Информатика
«информация"
Информатиканы оқыту әдістемесінің педагогикамен, психологиямен және информатика ғылымымен байланысы
Электронды есептеуіш машинасындағы информацияның түсінігі
Пәндер