Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптерінің даму проблемалары



Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары

1. Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 . 2014 жылдарға арналған бағдарлама
2.1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
2.2. Электр энергиясын өндiру секторы
2.3. Электр энергиясын беру секторы
2.4. Электрмен жабдықтау секторы
2.5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
2.6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
2.7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
3. Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
4. Қазақстандық қамту
4.1. Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
4.2. Жел энергетикасы
4.3. Гидроэнергетика
4.4. Күн энергетикасы
5. Электр энергетикасы нарығы
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Факультеті: ЭжБЖМ
Кафедрасы: экономика

СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары

Мамандығы: экономика
Тобы: ЭК11К

Алматы 2012 жыл
Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары

1. Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда
2. Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
2.1. Электр энергетикасы саласының құрылымы
2.2. Электр энергиясын өндiру секторы
2.3. Электр энергиясын беру секторы
2.4. Электрмен жабдықтау секторы
2.5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет
2.6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы
2.7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар
3. Электр энергетикасы саласындағы бәсекелестiктi дамыту
4. Қазақстандық қамту
4.1. Жаңартылатын энергия көздерiн теңгерiмге тарту
4.2. Жел энергетикасы
4.3. Гидроэнергетика
4.4. Күн энергетикасы
5. Электр энергетикасы нарығы

ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе

Қоғам дамыған сайын энергия тұтыну қажеттігі қарқындап өсе түседі. Әсіресе электр энергиясының орны ерекше, себебі энергияның басқа түрлерімен салыстырғандағы, оның бірнеше артықшылықтары электр энергиясын өте аз шығынмен энергияның кез келген басқа түріне оңай айналдыруға және оны алыс қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Электр энергиясы айнымалы токтың индукдиялық генераторларынан әр түрлі электр станцияларында өндіріледі. Электр станциялары көмір мен мұнай қорларының жанында (жылу электр станциялары) немесе өзен-сулардың бойында (су электр станциялары) тұрғызылады. Жылу электр стандияларында отынның (мысалы, көмірдің) жылу энергиясы электр энергиясына түрленеді. Жоғары қысымда қызған бу ағыны бу турбинасының роторын айналдырады, сонда онымен бір оське орнатылған генератордың роторы да айналады. Су электр станцияларында судың механикалық энергиясы электр энергиясына түрленеді. Өзенді бөгеп, платинамен суды биікке көтереді. Биіктен гидравликалық турбинаның қалақшаларына құлаған су ағыны оныгенератордың роторымен қоса айналдырады.
Қазіргі кезде өндірілетін электр энергиясының біраз бөлігі атом электр станцияларында өндіріледі. Мұнда ауыр ядролардың тізбекті реакциясы кезінде бөлінген атомның ішкі энергиясы электр энергиясына түрленеді.
Қазақстан Республика ЖҰӨ ең жоғарғы көрсеткіштерінің бірін өзінің отынэнергетикалық қорларымен, су ресурстарымен иеленгенімен өзінің электр энергиясына осы қорлардың тек 1% ғана қолданады, бұл, яғни энергетика кешенінің артта қалуына тең келеді.
Қазіргі таңда электр энергиясын Қазақстан Республикасы шет елдерден импорттайды, ал ол Қазақстанның өзінде электр энергия аз өндірілетіндігінің анық айғағы, неліктен осы Қазақстан көп мөлшерде электр энергиясын өндірмейді, неліктен ондай өнеркәсіп қанатын жайған жоқ деген сауалға жауаптар негізгі бөлімде түсіндіріліп, себептері мен болашақта қандай іс-әрекеттер орындалмақ екендігі, қандай мемлекеттік іс-шаралар жүзеге асырылатындығы туралы мағлұматтар келтірілген және талқыланған.

Негізгі бөлім

Қазақстан Республикасында электр тоғын өндіру өнеркәсіптің даму проблемалары
Қазақстанның энергетика жүйесі - электр энергиясы мен қуатын өндіру және электрмен жабдықтау жүйесі; ұлттық экономиканың өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымындағы маңызды сала әрі өнеркәсіптің басқа салаларын дамытудың басты базасы. Қазақстанда электр энергиясы келесідей жолдармен алынады: жылу электр станцияларында отын жылуын түрлендіру арқылы, судың инерциялық құлау күшін генераторлар көмегімен электр энергиясына түрлендіру арқылы, атом электр станцияларында, ауыр тізбекті радиациясы кезінде бөлінген энергияны сақтап қалу сияқты жолдармен алынады.
Қазіргі кезде Қазақстан электр энергиясын өндіруге қарағанда 2 есе көп тұтынатыны белгілі және көптеп энергияны көршілес жақын жақтағы мемлекеттерден импорттаймыз.
Кеңестiк билiк дәуiрiне дейiнгi кезеңде өндiргiш күштердiң даму деңгейi төмен болуы себептi оның энергетикалық базасы Қазақстанда тым кенже қалды. Деректер бойынша, қазақ жерiнде барлық электр ст-лардың қуаты 2,5 мың кВтсағ-тан аспаған, оларда жылына 1,3 млн. кВтсағ электр қуаты өндiрiлген. Кен кәсiпорындарына қызмет көрсету үшiн ұсақ локомобильдi немесе екi тактiлi мұнай электр станциялары қолданылған. Успенск сияқты кенiштiң барлық электр қуаты 32 кВт болған, ал Спасск з-тында 455 кВт-тан аспаған. Тек 6 қалада ғана қуаты шағын қалалық электр ст. болған. Қарағанды алабындағы таскөмiр кенiшiнен алғаш көмiр өндiру 1856 ж. басталғанымен Қазақстанда отын өнеркәсiбi де нашар дамыды. 1917 жылға Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде мұнда 1182 мың т көмiр өндiрiлдi. Ленгiр қоңыр көмiр кенiшiн (1869 жылдан), Екiбастұз тас көмiр кенiшiн (1898 жылдан) және басқа кенiштердi қосқанда Қазақстанда төңкерiске дейiнгi 67 жылда 1,6 млн. т көмiр өндiрiлген. 1900 -- 18 ж. Ембi мұнай кенiшiнен 1377 т мұнай, соның iшiнде Доссор кенiшiнде (1911 жылдан) 1332 т мұнай өндiрiлген. Кеңестiк дәуiрдiң бас кезiнде қабылданған ГОЭЛРО жоспарының (1920) елдi электрлендiрудегi экономикалық және саяси мәнi зор болды. Бұл жоспардың Қазақстанға да тiкелей қатысы бар. Онда Сiбiр т. ж. бойындағы iрi сауда-өнеркәсiп орталықтарының қатарында Петропавлды, Ертiс өзендерінiң бойындағы Павлодар ауданын бiрiншi кезекте, ал Дала өлкесiн екiншi кезекте электрлендiру, Павлодарда қуаты 15 мың кВт электр станцияларын салу межеленген. Осы жоспарға сай 1925 ж. Қарсақбай электр станциясының құрылысы басталып, 1928 ж. мұнда мыс қорыту зауыты iске қосылды. Осы жылы Жоғарғы Харуиз СЭС-i пайдалануға берiлiп, соның негiзiнде Риддер қорғасын зауытыты iске қосылды.
1925 -- 26 ж. Доссорда мұнайдың 41,2%-ы, Мақатта 87,8%-ы электр қуатын қолдана отырып өндiрiлдi. Осы жылдары мұнай оқпандарын бұрғылау және мұнайды барлау үшiн КСРО-да тұңғыш рет электр қуаты қолданылды. Қазақстандағы отын-энергетикалық қорларды iздестiру жұмыстарының нәтижесiнде көмiр мен мұнайдың iрi кенiштерi табылды. Қазбалы отын қорлары бойынша Қазақстан Кеңес Одағында екiншi орынға шықты. Жалпы электр станциялары қуатының артуына, электр қуатының өндiрiлуiне, экономиканы электрлендiру деңгейiне жасалған талдау негiзiнде кеңестiк дәуiрдегi Қазақстан электр энергетикасының даму жолын негiзгi үш кезеңге бөлуге болады: бiрiншi кезең 1918 -- 45 жылдарды қамтиды, бұл кезеңде сол уақыттың өлшемi бойынша iрi электр станциялары салынып, алғашқы энергетикалық тораптар пайда болды. Екiншi кезеңде (1946 -- 58 ж.) аймақтық электр станцияларында электр қуатын бiр орталықтан өндiру күрт артты, алғашқы энергетикалық жүйелер құрылды. Үшiншi кезеңде (1959 -- 90 ж.) республиканың энергетикалық базасы жедел қарқынмен дамып, аймақтық энергетикалық жүйе қалыптасты. Сөйтiп, Қазақстан өзiнiң электр қуаты жөнiндегi мұқтаждарын толық қамтамасыз ететiн әрi оны өзге елдерге шығаратын ахуалға жеттi. Бұл кезеңде Алматыда, Қарағандыда, Петропавлда, Жамбылда, Шымкентте, Павлодарда iрi аймақтық су электр станциялары (АСЭС) салынды. Ертiс өзендерінде Өскемен және Бұқтарма су электр станциялары (СЭС), Iледе Қапшағай СЭС-i жұмыс iстедi. Аса iрi Ақсу АСЭС-ы Екiбастұз кенiшiнiң арзан көмiрiн пайдаланды.
1990 ж. КСРО экономикасының құлдырауы қарсаңында республика электр станцияларының қуаты 18 млн. кВт-тан асты, ал Қазақстанның жалпы электр энергиясын тұтынуы 104,8 млрд. кВтсағатты құрады, оның 87,4 кВтсағаты меншiктi электр станцияларында өндiрiлдi. 1990 ж республикада 131,5 млн. т көмiр, 25,5 млн. т мұнай мен газ конденсаты және 6,8 млрд. м3 газ өндiрiлдi. Өндiрiлген көмiр мен мұнайдың едәуiр бөлiгi республикадан тысқары шығарылды. 1990 ж. басқа елдерге 10 млн. т кокстелетiн және 46,6 млн. т энергетикалық көмiр (42,9%), 21 млн. т мұнай мен газ конденсаты (82,4%) шығарылды. Республиканың отын балансындағы газдың үлесi 15% болды. 1990 ж. республиканың ұлттық табысындағы үлестi энергия сыйымд. 1 сомға шаққанда 4,01 кг болды, мұның өзi өзге одақтас республикалармен салыстырғанда 28%-ға көп. Қ. э. ж. 1991 жылдан дағдарысты жағдайды бастан кешiрдi. Республиканың қолданыстағы энергетикалық қуаты 1990 жылдың басында 17000 мВт-қа жуық болса, 1998 ж. ортасына қарай бұл қуат 10000 мВт-қа дейiн қысқарды. 2000 жылдың қорытындысы бойынша электр қуатын тұтыну көрсеткiшi 8560 мВт-қа дейiн төмендедi. Қазақстан энергия өндiрушi қуаттардың тапшылығы және артық электр қуаты бар аймақтардан оны жеткiзе алатын электр желiсiнiң жоқтығы себептi оңт. және батыс аймақтар үшiн электр қуатын сырттан алды.
ҚР Үкiметi 1996 ж. электр энергетикасының қуат өндiрушi және электр тораптары активтерiне мемлекеттік монополияны реформалау, сөйтiп электр қуатының бәсекелi рыногiн жасау қажеттiгi туралы шешiм қабылдады. Осы мақсатта электр энергетикасын құрылымдық жағынан қайта құрудың үкiметтiк бағдарламасы әзiрлендi. Бұл бағдарламаны iске асыру электр энергетикасының бәсекелi бөлiгiн (электр қуатын өндiру және оны тұтыну) табиғи монополистерден ажыратып алу (электр энергиясын беру және бөлу) қамтамасыз етiлдi. Iрi электр станциялары (МАЭС) инвесторларға сатылды, ал аймақтық жылу электр станциялары (ЖЭО) жергiлiктi басқару органдарының меншiгiне берiлдi. 1120, 500 және 220 кВ кернеулi негiзгi тораптардың активтерi негiзiнде Электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания ("КЕGOC" ААҚ), 110 -- 35, 6 -- 10 және 0,4 кВ кернеулi аймақтық электр тораптары негiзiнде бөлу электр тораптық акцион. компаниялары (АЭК АҚ) құрылды. Бұл саланы одан әрi дамытудың 1997 -- 2000 жылдарға арналған бағдарламасында электр қуаты рыногiн ұйымдастырудың мынадай үлгiлерi көзделдi: ақырғы тұтынушыға жеткiзiлетiн электр қуатының бағасы бойынша бәсеке; бiрыңғай электр қуаты рыногiнiң екi деңгейде (көтерме сауда және бөлшек сауда) болуы; электр қуатымен сауда жасауды ұйымдастыру; рынок субъектiлерiнiң аймақаралық ("КЕGOC" ААҚ), аймақтық және жергiлiктi (БЭК-тер) деңгейдегi тораптар бойынша электр қуатын тарату және бөлу қызметтерiн көрсету жөнiнде шарттар жасасу.
Осы үлгiнiң енгiзiлуi екi жақты мерзiмдi келiсiмшарттар рыногiн құруға мүмкiндiк бердi. Бiр орталықтан диспетчерлiк басқару жүйесi қайта құрылды, ол электр қуатын бәсекелi (электр қуатын өндiру мен тұтыну) және монополиялы (электр қуатын тарату және бөлу) бөлiктерiнiң бөлiнiсi жағдайында жұмыс iстеуге бейiмделдi, сондай-ақ, электр қуатының сапалық көрсеткiштерi, атап айтқанда, электр тогының жиiлiгi жақсартылды. Электр энергетикасы секторын реформалау бағдарламасын дәйектiлiкпен iске асыру нәтижесiнде 2000 жылдан бастап оң өзгерiстерге қол жеткiзiлдi: екi жақты мерзiмдiк (форвардтық) келiсiмшарттар рыногi құрылып, жұмыс iстей бастады. Қазақстанның электр энергетикасы секторының бастапқы экспорттық әлеуетi 2001 жылдың басында 500 -- 1000 мВт деп бағаланды. Мыс., Екiбастұз АЭС компаниясы 2001 жылдан Ресейге (Омбы қ-ның маңына) 300 мВт электр қуатын экспортқа шығара бастады. 2030 ж-ға дейiн электр энергетикасын дамыту бағдарламасы шеңберiнде Қазақстанның электр энергетикасы жөнiнен тәуелсiздiгiн қамтамасыз етудiң 2005 жылға дейiнгi жоспары әзiрлендi.
Нарықтық экономика жағдайында электр энергетикасы секторындағы табиғи монополияның барлық құрылымдары уәкiлеттi орган (Энергетика және табиғи ресурстар мин.) тарапынан мемлекеттік бақылауға алынған. Электр қуатын тарату және бөлу жөнiндегi тарифтердi ҚР-ның Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi агенттiгi реттеп отырады. 2000 ж. 1 сәуiрде Тарифтер жөнiндегi бөлiмшеаралық комиссия "КЕGOC" ААҚ-ның аймақаралық деңгейдегi электр тораптары бойынша электр қуатын тарату жөнiндегi қызмет көрсетуiне арналған тарифтi есептеудiң жаңа әдiстемесiн қолданысқа енгiздi.
Электр энергетикасы секторындағы реформаларды тереңдетудiң 2000 жылдан басталған кезектi кезеңi Республиканың электр қуатының көтерме сауда рыногiн жетiлдiру тұжырымдамасына негiзделдi. Бұл тұжырымдамаға сәйкес электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторы құрылды, оған электр қуатын өндiру мен тұтыну процестерiн нарықтық жолмен басқару мiндетi жүктелген.
ҚР-ның электр энергетикасы секторын қайта құру негiзiнде электр энергетикасы нысандары түрлi меншiк иелерiнiң қолына көштi: iрi электр станциялары шет елдiк компанияларға тиесiлi, кернеуi 220 және одан жоғары кВ электр тораптарын басқару, диспетчерлеу, т.б. мәселелердi шешу мiндеттерi электр тораптарын басқару жөнiндегi қазақстандық компания -- KEGOC-қа жүктелдi; кернеуi 110 және одан төмен кВ электр тораптары бұрынғы энергетика жүйесi шеңберiнде таратушы электр компанияларының басқаруында; электр қуатын өндiрушiлерден сатып алу және оны тұтынушыларға сату мiндетi Электр қуаты рыногiнiң қазақстандық операторына жүктелген.
Қазақстанда қазiр энергетика өнiмнiң 23-сiне жуығы ЖЭС-терде, қалған бөлiгi энергиясын СЭС-терде өндiрiледi. Қазақстанның батыс аймағында энергетикалық шикiзат көзi мұнай мен табиғи газ болғандықтан сұйық, газ тәрiздi және аралас типтi отынмен жұмыс iстейтiн ст-лар дамытылған. Шығыс және оңт. аймақтарда әзiрге су қуатынан басқа меншiктi энергетикалық көздерi жоқ. Осыған байланысты оларда ядр. отын, тасымал мұнай, газ, көмiр пайдаланылады. Электр қуатын тұтынудың есептiк деңгейлерiне жасалған талдау 1990 жылдан бастап он жылдық кезеңде электр тұтыну көлемi жалпы респ. және солт., бат. аймақтар бойынша 2 есе дерлiк, ал оңт. аймақ бойынша 3 есе дерлiк кемiгенiн көрсетедi.
Соңғы 2 -- 3 жылда электр энергиясын тұтынудың азаю қарқынының баяулағаны байқалды, ал батыс аймақта ол өсе бастады. 2000 жылдың алғашқы жартысында республикада 27,4 млрд. кВтсағ электр қуаты тұтынылған, мұның өзi 1999 жылдың осы кезеңiмен салыстырғанда 7,2%-ға көп. Электр қуатын өндiру мен тұтыну көлемiнiң өсуi негiзiнен Бат. және Солт. аймақтарда (Павлодар-Екiбастұз өңiрiнде) байқалды. Қазақстанның Оңт. аймағында (Алматы, Оңт. Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда обл-тары) жеткiлiктi бастапқы энергетикалық қор жоқ болғандықтан оның электр энергетикасы тасып әкелiнетiн көмiрге, сырттан әкелiнетiн газ бен мазутке негiзделген. Бұл аймақтағы электр қуатының негiзгi көздерi -- Жамбыл МАЭС-i, Шымкент ЖЭО-1, Алматы ЖЭО, Қапшағай СЭС-i. Мұндағы тапшылық Солт. Қазақстанның ОЭС-ы, 220 -- 500 кВ электр тораптары бойынша Орта Азия республикаларынан әкелiнетiн электр қуаты есебiнен өтеледi.
2000 ж. 15 маусымнан бастап Қазақстанның Бiрыңғай энергетикалық жүйесiнiң (БЭЖ) Солт. бөлiгiнде Ресейдiң БЭЖ-iмен қатарласқан жұмыс қалпына келтiрiлдi, ал 2000 ж. қыркүйектен Қазақстанның БЭЖ-i Ресей мен Орт. Азияның энергетикалық жүйесiмен қатарлас жұмысқа көшiрiлдi. Қазiр Қазақстанның барлық облыстарында аймақтық электр тораптары компанияларымен қатар көптеген делдалдар (трейдерлер) тұтынушыларды электр қуатымен жабдықтайды. Қазақстанның электр тораптарының қазiргi құрылымында 1150, 500 және 220 кВ-тық кернеулi жоғары класты жүйе құраушы негiзгi тораптардың ұз. тиiсiнше 1423 км, 5470 км және 17900 км. Аймақтық және жергiлiктi тораптардың көрсеткiштерi мынадай: 110 кВ -- 42000 км, 35 кВ -- 61500 км, 6 -- 10 кВ -- 199400 км және 0,4 кВ -- 115500 км.
Республика экономиканың отын-энергетикалық қорының қажеттiгiн анықтау кезiнде өнеркәсiптiң түрлi салалары мен әлеуметтік аяда қуат үнемдейтiн 100-ге жуық технологиялар мен шаралар ескерiлдi.
Қазақстан өзендерiнiң су энергетикалық әлеуетi 200 млрд. кВтсағ, ал пайдалануға экономикалық тиiмдi су-энергия қоры 23 -- 27 млрд. кВтсағ деп бағаланды. Қазiргi кезде гидравликалық энергияның экономикалық әлеуетiн пайдаға асыру деңгейi небәрi 20%-ды құрайды. Жел қуатын пайдалану, үшiн Жоңғар қақпасы ауданында (100 -- 110 млрд. кВтсағ), Маңғыстау тауларында (100 -- 140 млрд. кВтсағ), т.б. аудандарда қолайлы жағдайлар бар. Оңт. Қазақстан, Алматы облыстарының аумағында негiзiнен жылытуға және ыстық сумен қамтамасыз етуге жарамды геотермиялы су қорлары анықталды. Жер асты суын пайдалану жылына 1 млн. т шартты отын үнемдеуге мүмкiндiк бередi. Республикада күн энергиясы мен биомассаның да белгiлi бiр әлеуетi бар. Энергияның мұндай әдеттен тыс көздерiнiң тех. әлеуетi 13 млрд. кВтсағатқа бағаланып отыр, соның iшiнде жылына 5000 -- 6000 сағатты қамтамасыз ететiн кепiлдi қуат -- 380 мВт. Энергия өндiрiмi 1,9 -- 2,3 млрд. кВтсағ.

Қазақстан Республикасының электр энергиясын өндіруді жоғарлату қолға алынуда

Елімізде электр энергиясын өндіру көлемі 2015-ші жылға таман 127 млрд. кВтсағ. болады деп Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев айтқан болатын.
Яғни, тұтынудың артуына орай, елімізде электр энергиясын өндіру көлемі 2015-ші жылға таман 68 пайызға өсіп, 127 млрд. кВтсағ. құрайды. Бұл туралы қыркүйектің 7-сі күні Үкімет отырысында Энергетика және минералдық ресурстар министрі Сауат Мыңбаев айтты.
Бұл болжау еліміздегі төрт - Батыс, Ақтөбе облысы, Солтүстік және Оңтүстік сынды энергетикалық зоналар бойынша жасалғанын айтқан С.Мыңбаев, 2015-ші жылға таман батыс зонасында электр қуатын тұтыну 17 млрд. кВтсағ. дейін артатынын, ал оңтүстік зонада 26 млрд. кВтсағ. жететінін айтты. Алайда, оңтүстік зонаның өз ішіндегі энергокөздерде электр қуатын өндіру 19 млрд. кВтсағ. құрайды. Яғни, бүгінгі таңдағыдай сол кезде де оңтүстікте электр энергиясының тапшылығы сақталатын болады, деді министр.
Оның айтуынша, оңтүстік өңірге қажетті 19 млрд. кВтсағ. электр қуатының 5 млрд. кВтсағ. Балқаш жылу электр стасасында, 4 млрд.
кВтсағ. жаңғыртылуы тиіс Жамбыл ГРЭС-нен өндіру көзделіп отыр. Осылайша, оңтүстіктегі электр қуатына деген тапшылықты жабу
Солтүстік Қазақстаннан 6 млрд. кВтсағ. электр қуатын жеткізу арқылы жабылмақ.
Бұл өсім Солтүстік-Оңтүстік электр жүйесінің екінші желісін пайдалануға беру арқылы қамтамасыз етілмек. Сонымен қатар, Орталық Азия елдерінен аса көп мөлшерде емес электр қуаты импортталатын болады, деді С. Мыңбаев.
Оның айтуынша, осы болжанған деңгейге қол жеткізу үшін қазіргі электр стансаларын жаңғыртып, жаңаларының құрылысын салудан бөлек, ірі көлемде инвестиция тарту қажет. Бұл есептерге уақыт өте келе түзетулер енгізіліп, мерзімдері өзгеруі, жобаларды жүзеге асырудың уақыты, тіпті стансалар тізбесі өзгеруі мүмкін. Дейтұрғанмен біз перспективаны көріп отырғанымыз абзал, деді министр.
Бір сөзбен айтқанда, 2015-ші жылға таман елімізде электр қуатына сұраныс артады, сонымен бірге оны өндіру көлемі де ұлғаяды, деп толықтырды сөзін С. Мыңбаев.

Қазақстан Республикасында электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

Бағдарламаның мақсаты, злектр энергетикасы саласын тиiмдi дамыту жолымен экономиканың орнықты және теңгерiмдi өсуiн қамтамасыз ету.
Мiндеттерi келесідей: шоғырландырушы қуаттардың қолданыстағыларын жаңғырту, қайта жаңарту және жаңаларын салу, электр желiлiк объектiлердi салу, жаңғырту, қайта жаңарту, көмiр саласын дамыту, электр энергиясы нарығының құрылымын жетiлдiру, теңгерiмге жаңартылатын энергия көздерiн тарту. Iске асыру мерзiмi 2010-2014 жылдар аралығы болып табылады.
Нысаналы индикаторлары 1. Тұтыну болжамы 96,8 млрд. кВтс кезiнде электр энергиясын өндiрудi 2014 жылы 97,9 млрд. кВтс жеткiзу. 2. Көмiр өндiру көлемiн 2014 жылға қарай 123млн. тоннаға дейiн қамтамасыз ету. 3. 2014 жылы жалпы электр тұтыну көлемiндегi жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану үлесi 1 %- дан астамды құрайды.
Қаржыландыру Республикалық бюджет және ұлттық компаниялар көздерi мен мемлекет қатысатын ұйымдардың қаражатын көлемi қоса алғанда, кәсiпорындардың, ұйымдардың қаражаты.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасын дамыту жөнiндегi 2010 -- 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi -- Бағдарлама) тұжырымдамалық сипатқа ие және Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспары мен Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыратын стратегияның негiз құраушы бөлiгiнiң бiрi ретiнде әзiрлендi.
Электр энергетикасы базалық салалардың бiрi бола отырып, кез келген мемлекеттiң экономикалық, әлеуметтiк саласында маңызды рөл атқарады. Сондықтан электр энергетикасы Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының бiрi ретiнде айқындалып, жаңа тиiмдiлiгi жоғары технологиялар мен елдiң жалпы iшкi өнiмiндегi (бұдан әрi - ЖIӨ) энергия қажетсiнудi тұрақты төмендету базасында электр энергетикасының орнықты дамуы кезiнде энергетика - экономика - табиғат - қоғам серпiндi теңдестiрiлген жүйе ретiнде қарастырылады.
Экономиканы әртараптандыру мен өнеркәсiптiң шикiзаттық емес салаларын және ауыл шаруашылығын дамытуға күш салынып жатыр. Әлемнiң барынша бәсекеге қабiлеттi 50 елiнiң қатарына кiру мiндетi қойылған.
Қазақстанның бiрыңғай электр энергетикалық жүйесi Ресейдiң БЭЭЖ-мен және Орталық Азияның бiрiккен энергетикалық жүйесiмен (БЭЖ) қосарлас жұмыс iстейдi.
Қазақстанның БЭЭЖ үш шартты аумаққа бөлiнген:
Солтүстiк (Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстары).
Оңтүстiк (Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан облыстары);
Батыс (Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары).
Қазақстан бойынша барынша жоғарғы энергия тұтыну 1990 жылы тiркелдi (104,7 млрд. кВт.сағ). Одан кейiн 1999 жылы 50 млрд. кВт. сағ. дейiн энергия тұтынудың төмендеуi орын алды. 2000 - 2008 жылдар арасында электр тұтынудың шамамен орташа есеппен жылына 5% серпiнмен тұрақты өсуi байқалды.
2010 жылғы 1 қаңтарда Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт. құрады. 2009 жылы 135,2 МВт жаңа өндiрушi қуаттар iске қосылды, оның iшiнде:
Ақтөбе облысында қуаты 33,8 МВт болатын СНПС-Ақтөбемұнайгаз АҚ-ның Жаңажол ГТЭС-сi пайдалануға берiлдi.
Қарағанды облысында Қазақмыс Корпорациясы ЖШС-тiң қуаты 55МВт болатын К-55-90 типiндегi № 1 бу турбинасы пайдалануға берiлдi.
Қарағанды облысында Балқаш ЖЭО № 1, 2 турбиналарының қуаттары нақтыланды (30 МВт ұлғайтылды).
Алматы облысында қуаты 4,4 МВт Қаратал ГЭС-3 iске қосылды.
Павлодар облысында Екiбастұз ЖЭО-да Р-12-3,40,5 типтi қуаттылығы 12 МВт бу турбинасы пайдалануға берiлдi.

1. Электр энергетикасы саласының құрылымы

Қазақстан Республикасының бiрыңғай электр энергетикасы жүйесi (ҚР БЭЭЖ) республика тұтынушыларын сенiмдi де сапалы энергиямен қамтамасыз ететiн электр станцияларының, электр беру желiлерiнiң және қосалқы станцияларының жиынтығын бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мына секторларды қамтиды:
электр энергиясын өндiру;
электр энергиясын беру;
электр энергиясымен жабдықтау;
электр энергиясын тұтыну;
электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет.

2. Электр энергиясын өндiру секторы

2010 жылғы 1 қаңтарға Қазақстандағы электр энергиясын өндiрудi әртүрлi меншiк нысанындағы, құрамына 63 электр станциялары кiретiн 40 энергия өндiрушi ұйым жүзеге асырады. Қазақстанның электр станцияларының жалпы белгiленген қуаты 19 127,9 МВт, қолдағы қуаты - 14 821,0 МВт құрайды.
Электр станциялары ұлттық электр станциясына, өнеркәсiптiк, өңiрлiк мақсаттағы және кәсiпорындарды жылумен қамтамасыз ететiн электр станцияларына бөлiнедi.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларына Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығында тұтынушыларға электр энергиясын өндiретiн және сататын мына iрi жылу электр станциялары жатады:
Екiбастұз ГРЭС-1;
Екiбастұз ГРЭС-2 станциясы;
Еуразиялық Энергетикалық Корпорациясы (Ақсу ГРЭС-i);
Жамбыл ГРЭС-i,
сондай-ақ ҚР БЭЖ жүктеме кестесiн реттеу үшiн және қосымша пайдаланылатын жоғары қуатты гидроэлектр станциялары:
Қазмырыш АҚ-тың Бұқтырма ГЭК-i,
Өскемен ГЭС,
Шүлбi ГЭС.
Өнеркәсiптiк мақсаттағы электр станцияларға мұнай-газ секторының өз қажеттiлiктерiн өтеуге бағытталған ГТЭС, электр және жылу энергиясын аралас өндiретiн ЖЭО жатады, олар iрi өнеркәсiптiк кәсiпорындар мен жақын орналасқан елдi мекендердi электрмен және жылумен қамтамасыз етедi:
Теңiзшевройл ЖШС-тың ГТЭС;
Петро Қазақстан Құмкөл Рессорсиз АҚ-ның Құмкөл ГТЭС;
Қарашығанақ Петроллеум Оперейтинг Компании Б.В компаниясының ГТЭС;
Қарағанды-Жылу ЖШС-тың ЖЭО-3;
Арселор Миттал Темiртау АҚ-ның ЖЭЦ-2; БАС ЖЭО
Рудный ЖЭО (ССТӨБ АҚ);
Қазақмыс Корпорациясы ЖШС-тiң Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО;
Қазақстан Алюминийi АҚ-ның Павлодар ЖЭО-1;
Шымкент ЖЭО-1, 2 (Оңтүстiкполиметалл АҚ) және басқалары.
Өңiрлiк маңызы бар электр станциялары - бұл өңiрлiк электр желiлiк компаниялары мен энергия беру компаниялары РҚАылы электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын аумақтарға кiрiктiрiлген, сондай-ақ жақын орналасқан қалаларды жылумен қамтамасыз ететiн ЖЭО.

3. Электр энергиясын беру секторы

Қазақстан Республикасының электр желiлерi электр энергиясын беруге және (немесе) таратуға арналған кернеуi 10-1150 кВ болатын қосалқы станциялар, бөлу құрылғылары мен оларды өзара байланыстыратын электр беру желiлерiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының БЭЭЖ-де жүйе құраушы желiсi рөлiн ұлттық электр желiсi атқарады, ол республиканың өңiрлерi мен шектес мемлекеттердiң (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерi арасындағы электрлiк байланысты, сондай-ақ электр станцияларының электр энгергиясын берудi және оны көтерме тұтынушыларға таратуды қамтамасыз етедi. Қосалқы станциялар, тарату құрылғылары, өңiраралық және (немесе) мемлекетаралық электр беру желiлерi мен ҰЭЖ құрамына кiретiн кернеуi 220 В және одан жоғары электр станцияларының электр энергиясын берудi жүзеге асыратын электр беру желiлерi KEGOC АҚ Қазақстандық электр желiлерiн басқару компаниясының теңгерiмiнде. 220 кВ және одан төмен кернеулi өңiрлiк тораптар бойынша диспетчерлеудi және басқаруды 21 өңiрлiк электр желiлiк компаниялары жүзеге асырады.

4. Электрмен жабдықтау секторы

Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының электрмен жабдықтау секторы энергиямен жабдықтау ұйымдарынан (бұдан әрi - ЭЖҰ) тұрады, олар электр энергиясын энергия өндiрушi ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта сатып алып, оны одан әрi түпкiлiктi тұтынушыларға сатуды жүзеге асырады. Республикада барлығы 45 ЭЖҰ жұмыс iстейдi.

5. Электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет

Энергия объектiлерiнiң, жекелеген энергия қондырғыларының құрылысы мен iске қосу жөнiндегi қызметтер және электр энергетикасы нарығы субъектiлерi үшiн мамандандырылған жөндеу қызметтерiн көрсету қызметiн құрылыс-монтаждау ұйымдары мен мамандандырылған жөндеу кәсiпорындары жүзеге асырады.
Өндiру және тұтынушыларды энергиямен жабдықтау үшiн жаңа тиiмдi энергия үнемдеушi және экологиялық таза технологияларын енгiзу проблемасын шешуiмен ғылыми-зерттеу және жобалау-зерттеу институттары айналысады.
Энергия өндiретiн ұйымдар да, электр желiлiк компаниялар мен тұтынушылар да (Қазақстан Республикасында электр энергиясы мен қуаттың көтерме нарығына қатысушылар) Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығының мүшелерi болып табылады.
Қауымдастықтың негiзгi мiндеттерi:
қызметi электр энергетикасы саласымен тiкелей немесе өзге де түрде байланысты болатын барлық ұйымдарға қолдау көрсету;
электр энергетикасы саласына қатысты мемлекеттiк бағдарламаларды, заңдар мен нормативтiк актiлердi әзiрлеуге қатысу;
мүшелерiнiң мүдделерi Қазақстан Республикасының атқару, сот және басқа да мемлекеттiк органдарының шешiмдерiне тәуелдi болған жағдайларда олардың атынан сөз алу және қорғау.
Қазақстанның электр қуатының резервтер пулы мекемесiн (бұдан әрi - ЭҚРПУЛ) Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерi құрған, оның негiзгi мақсаты шарттық негiзде тұтынушы-құрылтайшыларды өндiрушi қуаттардың немесе Қазақстан Республикасының электр беру желiлерi iстен шыққан жағдайда үздiксiз энергиямен қамтамасыз етуге арналған қуаттар резервiн ұсыну.
ЭҚРПУЛ қатысушылары мыналар болып табылады:
өндiрушi компаниялар;
ҰЭК;
KEGOC АҚ
көтерме тұтынушылар.

6. Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығы

Электр энергиясының нарығы екi деңгейден: электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтарынан, жылу энергиясы нарығы бiр деңгейден - бөлшек нарықтан тұрады.
Қазақстан Республикасының электр энергиясының көтерме нарығының функционалдық құрылымы мыналарды қамтиды:
нарық қатысушыларының арасында жасалатын екi жақты шарттар негiзiнде жұмыс iстейтiн электр энергиясын сатудың орталықсыздандырылған нарығы, олардың негiзiнде электр энергиясына арналған шарттық баға айқындалады;
электр энергиясын сатудың орталықтандырылған нарығы, онда электр энергиясын сатып алу - сатудың қысқа мерзiмдi (спот-сауда-саттық), орта мерзiмдi (апта, ай) және ұзақ мерзiмдi (тоқсан, жыл) мәмiлелерi жүзеге асырылады;
нақты уақыт режимiнде электр энергиясын өндiру-тұтынудың нақты және шарттық шамалары арасындағы операциялық тәулiкте пайда болатын сағаттық теңгерiмсiздiктердi нақты және кейiннен қаржылық реттеу мақсатында қызмет ететiн теңгерiмдеушi нарық, Қазақстанның БЭЭЖ-де қажеттi қуаттар резервтерi қалыптасқанға дейiн бұл нарықтың жұмысы имитациялық режимде жүредi;
жүйелiк және көмекшi қызметтер нарығы, онда ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн белгiленген мемлекеттiк стандарттармен қамтамасыз ету және электр энергиясы сапасы үшiн ҚР БЭЭЖ-дiң Жүйелiк операторы жүйелiк қызмет көрсетудi және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығының субъектiлерiнен көмекшi қызметтер сатып алуды жүзеге асырады.
Қуаты 1 МВт төмен электр энергиясын тұтынушылар мен оларға бәсекелестiк жағдайда электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын энергиямен қамтамасыз ететiн компаниялар электр энергиясының бөлшек нарығының қатысушылары болып табылады.

7. Электр энергиясы нарығындағы операторлар

ҚР БЭЭЖ-дiң жүйелiк операторы мынадай негiзгi функцияларды орындайды:
шартқа сәйкес Қазақстанның ҰЭЖ-i бойынша электр энергиясын беру жөнiндегi жүйелiк қызметтердi көрсетедi, оған техникалық қызмет көрсетудi және оны пайдалануға әзiрлiкте ұстауды қамтамасыз етедi;
ҚР БЭЭЖ жұмыс режимдерiне орталықтандырылған жедел-диспетчерлiк басқаруды жүзеге асыра отырып, техникалық диспетчерлеу бойынша жүйелiк қызметтер көрсетедi;
ҚР БЭЭЖ жұмысының сенiмдiлiгiн қамтамасыз етедi;
электр энергиясын өндiру-тұтынуын теңгерiмдеудi ұйымдастыру бойынша жүйелi қызметтер көрсетедi;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен электр энергиясының теңгерiмсiздiгiн қаржылық реттеудi жүзеге асырады;
энергия өндiрушi ұйымдар арасындағы қуат резервтерiнiң көлемiн, құрылымын, таралуын және Қазақстанның БЭЭЖ-де қуат резервтерiнiң пайдаланылуын айқындайды;
электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы мен жүйелiк және қосалқы қызметтер нарығының жұмыс iстеуiн ұйымдастыруды жүзеге асырады;
қосарлас жұмыс режимдерiн басқару және тұрақтылығын қамтамасыз бойынша шектес мемлекеттердiң энергия жүйелерiмен өзара әрекет етедi;
бiрыңғай ақпараттық жүйе, электр энергиясының коммерциялық есебiнiң автоматтандырылған жүйесiн жасау, электр энергиясының көтерме сауда нарығының барлық субъектiлерiн релелiк қорғау және аварияға қарсы автоматиканың ұштасқан құрылғыларын жасау бойынша техникалық және әдiстемелiк басшылықты жүзеге асырады;
электр энергиясы теңгерiмiнiң ұзақ мерзiмдi болжамын әзiрлеудi жүзеге асырады.
2008 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының электр энергиясының теңгерiмдеушi нарығы iске қосылады.
ҚР БЭЭЖ орталықтандырылған диспетчерлiк басқаруды Жүйелiк оператордың Ұлттық диспетчерлiк орталығы жүзеге асырады.
Субъектiлердiң электр энергиясы нарығына ашық кемсiтусiз қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және электр энергиясының ағымдағы нарықтық бағаның объективтi индикаторын қалыптастыру мақсатында электр энергиясының орталықтандырылған сауда нарығы жұмыс iстейдi.
Күштi және әлсiз жақтарды, бұл сала үшiн мүмкiндiктер мен қауiп-қатердi талдау
1. Күштi жақтары
Электр энергетикасы саласының күштi жақтарына мыналар жатады:
арзан көмiрдi пайдаланатын жылу электр станцияларында электр энергиясын өндiрудiң жоғары үлесi (2009 жылы жалпы өндiрiс көлемiнiң шамамен 74%-ы)
кернеуi 220-500-1150 кВ жүйе құрушы электр беру желiлерiнiң дамыған схемасы;
жедел диспетчерлiк басқарудың орталықтандырылған жүйесi;
жаңартылатын энергияның айтарлықтай әлеуетiнiң болуы (1,0 трлн.кВт.сағ жоғары);
Қазақстанның БЭЭЖ-нiң Орталық Азияның БЭЖ-мен және Ресейдiң БЭЖ-мен қосарлас жұмыс iстеуi;
электр энергиясының көтерме сауда - бөлшек сауда нарығының тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн нормативтiк-құқықтық база жасалды;
электр энергиясын экспорттау мүмкiндiгi және транзиттiк әлеуеттiң болуы;
отын-энергетика ресурстарының елеулi қорының болуы.
2. Әлсiз жақтары
Электр энергетикасы саласының әлсiз жақтарына:
өндiрушi жабдықтардың парктiк ресурсын айтарлықтай ендiру, бұл жұмыс iстеп тұрған электр станцияларының электр энергиясын өндiру мүмкiндiктерiн шектейдi (ұлттық маңызы бар ЖЭС ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайдың шығу тарихы
Атырау облысының экономикалық жағдайы
Өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігінің критерийлері мен факторлары
Қазақстан өнеркәсібіндегі бәсекеге қабілетті инновациялық жобаларды жүзеге асыру
Нанотехнология медиицна мен физикада
Нарықтық экономикалық саясаттағы Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы
Ертіс алабындағы өзен
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық ахуалдар жөнінде жалпы түсінік
Металл кешенінің даму тарихы
Мұнай мен газ туралы жалпы мәліметтер
Пәндер