Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I ТАРАУ Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің
ұғымы, жүйесі

1.1 Қылмыстық сот іс жүргізү принципінің ұғымы,
мәні, мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1.2 Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 10
1.3 Сот билігінін ұйымдастыру және сот қызметін
атқару принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16

II ТАРАУ Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру принциптерінің арасында алатын орны мен мәні

2.1 Істерді алқалы түрде қарау принципінің түсінігі
және оның маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2.2 Істерді алқалы түрде қарау принципінің басқа
принциптермен арақатынасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..54
БИБЛИОГРАФИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3

I ТАРАУ Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің
ұғымы, жүйесі

1.1 Қылмыстық сот іс жүргізү принципінің ұғымы,
мәні,
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 6
1.2 Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... 1 0
1.3 Сот билігінін ұйымдастыру және сот қызметін
атқару
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 16

II ТАРАУ Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру
принциптерінің арасында алатын орны мен мәні

2.1 Істерді алқалы түрде қарау принципінің түсінігі
және оның
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .21
2.2 Істерді алқалы түрде қарау принципінің басқа
принциптермен арақатынасы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .54
БИБЛИОГРАФИЯ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

Кіріспе

Біз казір шынайы демократиялық, құқықтық және тәуелсіз мемлекет құруға
бағытталған іс-шаралар қоғамымызға дендеп енген кезеңде өмір сүріп отырмыз.

Қазақстан құқықтық саясатты одан әрі бекітуде қылмысқа қапысыз
тосқауыл қою мен іс жүргізуге қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық
іс жүргізу кодексінде көзделген принциптердің маңыздылығы ең негізгі рөл
атқарады.
1998 жылы күшіне енген Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу
кодексі демократиялық, құқықтық- мемлекетке тән сипаттарды өмірге енгізді.
Республикамызда қалыптасқан әділетті сот ісін жүргізу сот жүйесінің
арқа сүйер негізі осы принциптер болып табылады.
Ғылымда қылмыстық процес принциптері түрліше түсініледі. Қылмыстық
сот ісін жүргізу принциптерін түсіндірмес бұрын, ең алдымен, принцип
ұғымының жай –жапсарын ашу қажет секілді. Сөздіктерге жүгінсек принцип –
теорияның негізгі бастау қағидасы; жетекші идея, мінез-құлықтық, іс-
әрекеттің негізгі ережесі немесе принцип кез келген құрлыстың негізгі
ерекшелігі деген анықтамалар берілген.
Принцип ұғымының мәнін зерделеуді кең әлуметтік тұрғыда қарастыру
керек сияқты.
Сонымен қылмыстық процесс принциптері – мемлекеттік және қоғамдық
құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заң мен орнықтырылған,
мемлекеттік органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық істерді
қозғау, тергеу, қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін
айқындайтын бастапқы ережелер, сондай ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін
мемлекет қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен
міндеттерге жетуге бағыттайтын ережелер болып табылады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері ҚР Конституциясында, Қылмыстық
іс жүргізу заңында, халықаралық нормативтік актлерде бекітілеген. Жалпы
қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін сот қызметінің сатыларына
байланысты жіктеуге болады. Осы топтауға сәйкес, сот қызметінің және оны
ұйымдастырудың принциптерін ажыратып бөлек шығаруға болады. Біздің
зерттеуіміздің объектісі осы принциптердің бірі. Бұл принцип алқалы түрде
істі қарау. Бұл принциптің мазмұны – қылмыстық істерді бас сот отырысы
кезінде және қайта қарау сатыларында бірнеше судьяның қатысуымен қарау. Бұл
принцип, бүгінгі күні бір қатар өзгерістерге ұшырап отыр. Егер осы күнге
дейін, қылмыстық істер, сотта, жеке немесе судьялар алқасынан тұратын сот
құрамымен қаралған болса, бүгінгі күні сот заседательдері институты
енгізіліп жатыр. Істі сот заседательдерінің қатысуымен қарау, алқалы түрде
іс қарау түріне келеді, бірақ, алқалы түрде істі қарау, сот құрамында
кәсіби дайындығы бар судьяларды талап етеді. Осының барлығы бұл тақырыптың
өзектілігін анықтайды. Осы принциптің қалыптасуы көптеген практикалық
мәселелерді шешер еді.
Сот қызметін жүзеге асыру принциптері, соның ішінде, алқалы түрде
қылмыстық істі қарау принципі, сот қызметінің кепілдігі болып табылады.
Зерттеудің объектісі – сот қызметін және оны ұйымдастыруды реттейтін
принциптерді, соның ішінде алқалы түрде істі қарау принципін, бекіткен
қылмыстық іс жүргізу заңнамасы, осы тақырыпқа байланысты теоретикалық
зерттеулер, тәжрибе;
Зерттеудің пәні – сот қызметін және оның ұйымдастырылуын, принциптер
арқылы реттеу барысында пайда болатын қатынастар;
Тақырыптың актуалдығы немесе өзектілігі осы тақырыптың теориялық,
практикалық мәселелерімен байланысты. Бұл принциптің нақты реттелмеуі,
көптеген заң тұрғысынан шешілмеген сұрақтармен байланысты. Бұл сұрақтар осы
принципті зерттеуді және оны қалыптастыру механизмін ұсынуды талап етеді.
Тақырыптың тәжрибелік маңызы - өзекті мәселелердің заңи, теориялық,
тәжрибелік тұрғысынан шешілуі оның тәжрибеде дұрыс қалыптасуына әкеліп
соғады.
Диплом жұмысының мақсаттары:
- қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің ұғымын, мазмұнын, жүйесін
зерттеу;
- сот қызметін және сот билігін атқару принциптеріне мінездеме беру;
- істерді алқалы түрде қарау принципінің мазмұнын ашу, өзекті мәселелерін
анықтау, оларды шешу жолдарын ұсыну;
- істерді алқалы түрде қарау принципінің басқа принциптермен арақатынасын
анықтау.
Диплом жұмысын жазу барысында қазақстандық және ресейлік заңгер-
ғалымдардың зерттеулерін қолдандық. Атап айтқанда, К.А.Мамидің,
К.Х.Халиковтың, М.С.Строговичтің, Б.Х.Толеубекованың, Ш.Шариповтың,
Т.Айтмухамбетовтың, В.М.Савицкиййдің т.б.

I ТАРАУ Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің
ұғымы, жүйесі
1. Қылмыстық сот ісін жүргізу принципінің ұғымы, мәні, мазмұны.
Принцип (латынның principum-негіз, бастам) - әлдебір теорияның,
ілімнің негізгі, бастапқы жағдайы, басшылық идея, негізгі қызмет ережесі
деген мағыналарды береді.
Принцип ұғымы түсініктемесінің үш - жай-жапсары бар:
▪ философиялық;
▪ затты қолданбалы;
▪ теориялық-құқықтық;
Принцип ұғымының философиялық жай-жапсары мынада: жалпы таным негізіне
немесе әлдебір білім саласы негізіне алынған, заңдылықты айқындайтын және
білдіретін әдеттегі нәрселер теория жүзінде талдап қорытылады.
Принцип ұғымының затты-қолданбалы жай-жапсары – осы қызмет өзіне сай
келуге тиісті негізгі, жалпы талапты білдіреді.
Принциптің теориялық-құқықтық маңызы-тиісті құбылыс мәнінің талданған,
объективті орын алып отырған ақиқатты және онда қолданылатын заңдылықтарды
бейнелейтін көрінісі.
Сонымен, принцип ұғымы түсініктемесінің барлық жай-жапсарының
ұқсастықтары көп, олардың ең елеулілері мыналар:
▪ принцип ұғымы тек негіз қалаушыларға жатқызылуы мүмкін
категорияларға ғана қолданылады;
▪ принцип ұғымы жалпы негізгі ережелердің объективті ақиқатынан
дерексіздендірілуі мүмкін;
▪ принцип ұғымы құбылыстардың мәнін білдіретін үйреншікті
теориялық талдаумен байланысты;
Осы айтылғандарға байланысты Ф.Энгельстің мына бір пікірі ден қоярлық:
Принциптер табиғатқа және адамзат тарихына қолданылмайды, солардан
дерексіздендіріледі: табиғат пен адамзат принци птерге лайықталмайды,
керісінше, принциптер табиғат пен тарихқа қаншалықты сәйкес келсе,
соншалықты ғана дұрыс болады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тұжырымдау үшін оларға
қойылатын талаптарды білу маңызды.
Қандайда болсын ережелерді қылмыстық сот ісін жүргізу құқығы
принциптерінің категориясына жатқызу үшін, олар мына талаптарға сай келуге
тиіс:
1) олар сот органдарының ұйымдастырылуы мен қызметінде негізгі, бастапқы
сәттерді айқындап, олардан өз кезегінде, жеке-дара сипатты ережелер
туындайды;
2) принциптердің өздерінде адамдардың ерік берілген немесе міндетті іс-
қылықтарының барлық жақтары және құқықтық норманың барлық элементтері
(болжам, диспозиция, санкция) тұжырымдалуға тиіс емес;
3) негіз қалаушы айқындамаларға еркін мақмұн беруге болмайды, өйткені
олар қылмыстық сот ісін жүргізу заңдылықтарымен және ішкі логикасымен
объективті түрде байланысты;
4) принциптер категориясына жатқызылған ережелер объективті және
субъективті негіздерді бірдей дәрежеде ұштастыруға тиіс (мазмұн
объективті, заң сөзінің нысаны субъективті);
5) принцип ережелерінің мәніне орнықтылық, тұрақтылық тән болуға тиіс
(құқық нормалары өзгертіледі, заңдар ауыстырылады, ал принциптер
сақталады);
6) өктем, әмірлі сипатта болуы тиіс;
7) қылмыстық іс-жүргізу құқығы жүйесінде басым жағдайда болуға тиіс.
Сонымен, қылмыстық сот ісін жүргізу пинциптері – қоғамдық және
мемлекеттік құрылыстан туындаған және қолданылып жүрген заңмен
орнықтырылған, сот органдар ұйымдастырылуының мәнін және олардың қылмыстық
істерді қарау және нақтылай шешу жөніндегі қызметінің мәнін айқындайтын
бастапқы ережелер, сондай-ақ қылмыстық іс жүргізу қызметін мемлекет
қылмыстық сот ісін жүргізушінің алдына қойған мақсаттар мен міндеттерге
жетуге бағыттайтын ережелер:
Ғылымда қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері түрліше түсіндіріледі.
Ең айқын үш – бағыт бар.
- бірінші бағыт өкілдері (Савицкий М.Я., Томин В.Т.) принциптер, жалпы
басшылық идеялар бола отырып, идеялар күйінде қалуға тиіс деп санайды; олар
құқық тұрғысынан нақтылауды қажет етпейді, өйткені құқық жүйелерінің
түгелдей бәрінде кездеседі. Принциптер – дүниетаным элементтері...
Қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы басшылық идеясы, бірде-бір
нормативтік актіде әлі тікелей тұжырымдалмаса да, кеңестік қылмыстық сот
ісін жүргізу принципі болып қалады... Принциптерді жасайтын ғылым...[1]
- екінші бағыт үшін (М.Л. Якуб, Н.Н. Полянский) принциптер ретінде тек заң
мен баянды етілген...сот органдарының қызметін айқындайтын жалпы және
бастапқы ережелердің танылуы тән.[2]
- Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің қазіргі ұғымына бәрінен де
жақын тұрған үшінші бағыт. (П.С. Элькинд, М.С. Строговин, М.А. Чельцов,
И.В. Тыричев) Ол бағытты қолдаушылардың пікірі бойынша, принциптерге тек
құқықта орнықтырылған басшылық идеяларын ғана жатқызылады.
Біздің ойымызша, үшінші бағыт қылмыстық іс жүргізу құқығы дамуының
қазіргі деңгейіне барынша толық сай келеді. Бұл бағыттың артықшылығын мына
дәлелдерден көруге болады:
1) қылмыстық сот ісін жүргізу қызметін тек заңдарда көрсетілген негіздер
мен нысандарда ғана жүзеге асыруға болады, демек, бұл қызмет өздеріне
негізделген негізгі ережелер заңда тиянақталуға тиіс;
2) ешқандай идеялар қылмыстық сот ісін жүргізу қызметі мен құқық
қатынастарын таза күйінде реттей алмайды;
3) егер принциптер тек мемлекеттік (анықтау,тергеу,прокуратура және сот)
органдар қызметінің негізін айқындайтын болса,онда сот төрелігінің
мақсаттары мен міндеттері елеулі түрде бұрмаланады,өйткені өзге
қатысушылар (айпталушы, жәбірленуші және т,б) мүдделерінің процесс
онша елеулі маңызы болмайды.
ҚІЖК 9-бабына сәйкес қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің мәні
мынада: оларды бұзу, оның сипаты мен мәніне қарай, іс бойынша болған іс
жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында шығарылған
шешімдерді бұзуға не осы тұрғыда жиналған материалдарды дәлелдеу күші жоқ
деп тануға әкеліп соқтырады.
Сөйтіп, принциптер мәнінің ауқымды түсініктемесі мынадай:
1) қылмыстық сот ісін жүргізу қызметінде принциптер орталық, басты орын
алады;
2) олар өзара тығыз және үйлесімді байланысты, бастапқы, негізгі нормалар
болып табылады.
3) принциптер құқықтық нұсқамалар ретінде қалыптасады және нормативті
сипатта болады;
4) олар қылмыстық сот ісін жүргізудің мақсатын, оның табиғаты мен жүйесін
түсінудің кілті болып табылады;
5) принциптер қылмыстық сот ісін жүргізудің негізгі бағыттарын, даму
перспективаларын айқындайды;
6) олар қолданылып жүрген заңдарды өзгерту мен толықтыруға байланысты
ұсыныстардың негізделген анықтай кезіндегі басты өлшемдер болып
табылады;
7) принциптер құқық қалыптастыру қызметінде әлеуметтік бағдарлар
функциясын атқарады;
8) принциптер қылмыстық сот ісін жүргізу нормаларының дұрыс
түсіндірілуіне жәрдемдеседі.
Қолданылып жүрген ҚІЖК – де принцип ұғымы мүлдем берілмеген, алайда
екінші тарау принциптерге арналған. Бұрын қолданылып келген ҚІЖК-де тіпті
принцип терминінің болмауы қылмыстық іс жүргізу құқығы принциптерінің,
соның ішінде сот ісін жүргізу принциптерінің мәнін түрліше талқылау үшін
негіз болды деп ойлаймыз.
Заңның ортақ арқауынан осы принциптерді зерттеушілер логикалық жолмен
айқындады. Логикалық қателіктер түрлі ұғымдардың (принциптердің, сот
процесінің жалпы жағдайларының және т.б) араласуына әкепліп соқты. Бұл
кемшілік біздіңше, ҚІЖК-ге қылмыстық сот ісін жүргізу принциптеріне
арналған жеке тарау енгізу жолымен түзелді. ҚІЖК-де принциптерді
орнықтырудың құқықтық негізі Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-
бабы болды, онда қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері нақты реттелген.

1.2 Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесі.

Жүйе, мәлім болып отырғандай, бір-бірімен қатынаста және байланыста
болатын элемиенттердің белгілі бір тұтастық бірлік құрайтын жиынтығы.
Жүйе категориясынсыз қылмыстық іс жүргізу құқығын көз алдыңа аяқталған
тұтас сала ретінде елестету мүмкін емес.
Қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясында принциптерді тұжырымдауға,
түсіндіруге байланысты мәселелерді зерттеп дайындауға екі тенденция тән
болды. Бір жағынан – принциптер ретінде тануға ұсынылған ережелер тым
ұлғайтылды. Екінші жағынан – осы ережелер шеңбері орынсыз таратылды. Екі
тенденция да тұйыққа апарып тірейді. Осы қайшылықты жүйе құрайтын факторлар
табылған жағдайда ғана жоюға болады. Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері
– ең алдымен өзара байланысты элементтер жүйесі. Аталған элементтердің мәні
мен орны жүйе құрайтын факторлар негізінде елеулі ықтималдықпен анықталады.

Принциптерге қатысты жүйе құрайтын факторлар ретінде мыналар алынған:
1) принциптерді мақсаттар мен міндеттер ортақтығының байланыстыруы;
2) ішкі қайшылықтардың жоқтығы;
3) объективті және субъективті бастамалар бірлігі;
4) өзара байланыстылық және дербес те, бірге де бір мезгілде ықпал жасау
ерекшелігі;
5) принциптерді қылмыстық сот ісін жүргізу мақсаттары мен міндеттерін
жетуге бағдарлау.
Даулы факторлар қатарына принциптерді деңгейлерге саралау туралы
мәселенің шешімі жатады. Атап айтқанда, А.С. Кобликов, А.М. Ларин, Ю.И.
Стецовский Конституцияда баянды етілген барлық принциптер конституциялық
деңгейге, ал басқа құқық көздерінде баянды етілген өзге принциптер
конституциялық емес деңгейге жатады және жеке қолданбалы сипатта болады деп
санайды.
Т.Н. Добровольская, П.С. Элькинд сияқты зерттеушілер принциптерді
конституциялық және конституциялық емес деңгейлерге бөлу принцип ұғымының
мазмұнына жалпы қайшы келетіні туралы көзқарасты негіздеген.[3] Мыналар:
а) қылмыстық іс жүргізудің барлық принциптерінің бірдей дәрежеде маңызды
деп танылуы;
ә) субъективті негіздердің принциптерге түрліше ықпал етуіне байланысты
олардың түрлі дәрежеде маңызды деп танылуы осы мәселенің шешіміне
байланысты.
Принциптер категориясының мәніне жасалған талдау қылмыстық іс
жүргізудің барлық принциптерінің бірдей дәрежеде маңызды деп танылуы
қылмыстық іс жүргізу құқығы теориясының қазіргі жетістіктерінде неғұрлым
толық сай келеді деуге мүмкіндік береді.
Сөйтіп, қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін конституциялық емес
деңгейлерге бөлудің өзі қате, сондай-ақ әдістемелік сипаттағы бірқатар
жасалған қорытындылар жасауға әкеліп соғады.
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерін тең шамалы және тең маңызды деп
тану керек екенінің мынадай дәлелдері бар:
1. Барлық заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына,
конституциялық және конституциялық емес деңгейге бөлу олардың
(принциптердің) нақты құқық көзінде орналастырылуы тұрғысынан ғана
дұрыс: егер принцип Қазақстан Республикасының Конституциясында
немесе конституциялық заңды орнықтырылған болса, ол конституциялық
принциптерге жатады; барлық өзге құқық көздерінде орнықтыру оны
өзінен өзі конституциялық емес принциптерге жатқызады. Бірақ мұндай
көзқарас механистілік және құқық қисынына қайшы келеді. Мән-маңыз
тұрғысынан алғанда принциптердің конституциялық емес принциптерге
бөлінуі олардың заңды (конституциялық) және заңсыз (конституциялық
емес) болып саралануын білдіреді.
Осыған байланысты Т.Н. Добровольскаяның пікірі өте орынды сияқты: Егер
қылмыстық сот ісін жүргізу принциптері бір-бірімен байланысты болып, өзара
әсер ететін болса, қылмыстық процестің демократиялық мәнін анықтау мен
қылмыстық істер бойынша сот ісін нақты жүзеге асыруда заңдылықты нығайту
үшін олардың бәрі бірдей маңызды, сондықтан қай заң актісінде (КСРО
Конституциясында ма, әлде салалық заңда ма) орнықтырылғанына қарамастан
оларды категорияларға бөлуге болмайды. Қылмыстық процесс принциптерін...
конституциялық және конституциялық емес деп бөлу теория тұрғысынан да,
практика тұрғысынан да дұрыс емес.[4]
2. Принциптерді конституциялық және конституциялық емес деп бөлудің
механистік жолы принциптердің маңыздылау маңызы аздау, басты және
екінші дәрежелі деп бөлінуіне өзінен өзі әкеліп соғады.
Принциптердің маңыздылық дәрежесі бойынша саралануы олардың
қамтамасыз ету құралдарының да тиімділеу және тиімділігі кемдеу деп
бөлінуіне әкеліп соғуы мүмкін, оның қылмыстық сот ісін жүргізуде
заңдылық талаптарын сақтауға байланысты елеулі зардаптары болуы
ықтимал. Сонымен қатар принцип ұғымының негіз қалаушы, түйінді
деген мәнінің өзін саралау кезінде құқықтық реттеу механизіміндегі
міндетті элемент ролін емес, жай ғана тілек ролін атқарады.
Т.Н. Добровольская бұл жөнінде былай деп жазды: Бұл принциптер жүйесін
өзара байланысты және маңызы бірдей, бір қатарда тұрған ережелердің
біртұтас тізбегі деп тану жүйе құрайтын факторлардың барлық талаптарына
сай келеді және принциптерді институттық категория ретінде көрсетеді.[5]
Принциптерді конституциялық және конституциялық емес деп бөлу
анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарында конституциялық
принциптердің бұзылуына жол бермеу және конституциялық емес принциптерді
елемеуге болатыны туралы қате пікір қалыптастырып, олардың құқық қолдану
қызметіде тәртіп бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
3. Құқық көздерінің Қазақстан Республикасының Конституциясы және
салалық заңдар деңгейіндегі ара қатынасы мынадай: Конституцияның
негізгі ережелері, соның ішінде қылмыстық сот ісін жүргізу
принциптері деп тура аталғандары салалық құқықта егжей-тегжелі
реттелген, сол арқылы құқық қатынастарына қатысушылар құқықтары
сақталуының кепілдіктерін күшейте түседі. Бұл ара қатынасты
қылмыстық іс жүргізу принциптерінің жүйесіне де қолдануға болады.
4. ҚІЖК 9-бабында принциптердің кез-келгенін бұзу іс бойынша болған іс
жүргізуді жарамсыз деп тануға, мұндай іс жүргізудің барысында
шығарылған шешімдерді бұзуға не жиналған материалдарды дәлелдеу күші
жоқ тануға әкеліп соқтыратыны туралы ереженің орнықтырылуы Қылмыстық
сот ісін жүргізу принциптерін маңызы бірдей деп тану керек екенінің
тағы да бір айқын дәлелі болып табылады.
Сонымен, қылмыстық процесс принциптерінің жүйесі қылмыстық іс жүргізу
құқығы жүйесінің шеңберіндегі тең шамалы және тең маңызды, негізгі, түйінді
ережелердің жіктелуі деп емес, ал олардың өзара байланыста, өзара қатынаста
болуы деп түсіндірілуге тиіс.
Іс жүргізу нысаны жөнінде принциптер үш топқа бөлінуі мүмкін:
1) сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптарды
білдіруші принциптер;
2) сот ісін жүргізу тәртібіне, оның нысандарына қатысты талаптар мен
тікелей тергеу және сот қызметіне қатысты талаптарды ұштастыратын
принциптер;
3) тікелей тергеу және сот қызметіне, оның мазмұнына қатысты талаптарды
білдіруші принциптер.
Қандай да болсын топқа қатысты екеніне қарамастан оның қылмыстық іс
жүргізу құқығының кез келген көзінде орнықтырылуы мүмкін, оның өзі олардың
Қазақстан Республикасының Конституциясы мен конституциялық заңдарына сәйкес
келуі жөніндегі талапқа қайшы келмейді.
Сонымен бірге принциптерді топтарға бөлінуі шартты сипатта болып отыр.
Гәп бірқатар принциптердің шектес екі топқа бірдей қатысты екенінде.
Әдебиетте өзге бөліністер бар (мысалы, принциптерді сот құрылысына және сот
ісін жүргізуге бөлу).
Қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің маңыздылығы олардың Қазақстан
Республикасының Конституциясында орнықтырылуымен айқындалады. Мәселен
Конституцияның 77-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық процесте мына
принциптер орын алады:
▪ кінәсіздік презумпциясы;
▪ нақты бір қылмыс үшін қайтадан жаза қолдануға тыйым салынады;
▪ әркімнің соттағы сөз бостандығы;
▪ дәлелдеу ауыртпалығын айыпталушыға жүктеуге тыйым салынады;
▪ куә иммунитеті;
▪ адамның кінәлі екендігі жөніндегі кез келген күдікті
айыпталушының пайдасына құрастыру;
▪ дәлелдер алудың заңдылығы;
▪ қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға тыйым салу.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 4-тармағында атап
көрсетілгендей, Конституцияда белгіленген сот төрелігі принциптері
Республиканың барлық соттары мен судьялары үшін ортақ және біртұтас болып
табылады.
Процесс негіздері қылмыстық сот ісін жүргізудің жоғарыда аталған
принциптерімен шектелмейтінін мойындау қажет. Қазақстан Республикасы
Конституциясының, конституциялық заңдардың, салалық құқықтық актілердің
кейбір ережелерінің мәнінен қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің
жүйесі әлдеқайда қомақты да ауқымды екенін көруге болады. Қазақстан
Республикасының Конституциясында баянды етілген принциптер жүйесі қылмыстық
сот ісін жүргізудің мақсаттары мен міндеттерін ескере дәйектелгендіктен
ҚІЖК-де мынадай жүйе құрушы элементтермен берілген:
▪ заңдылық;
▪ сот әділдігін тек соттың ғана жүзеге асыруы;
▪ адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы
қорғау;
▪ жеке адамның абыройы мен қадір-қасиетін қорғау;
▪ адамның жеке басына тиіспеушілік;
▪ қылмыстық істер бойынша іс жүргізу кезінде азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау;
▪ адамның жеке өміріне қол сұқпаушылық; хат жазысудың, телефон
арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де
хабарлардың
құпиясы;
▪ меншікке қол сұқпаушылық;
▪ кінәсіздік презумпциясы;
▪ қайта соттауға және қылмыстық ізге түсуге жол берілмеуі;
▪ сот әділдігін заң мен сот алдындағы теңдік негіздерінде жүзеге
асыру;
▪ судьялардың тәуелсіздігі;
▪ сот ісін жүргізуді тараптардың бәсекелестігі мен тең құқықтылығы
негізінде жүзеге асыру;
▪ істің мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу;
▪ дәлелдемелерді ішкі сезім бойынша бағалау;
▪ сезіктінің, айыпталушының қорғануға құқығын қамтамасыз ету;
▪ куәлік айғақтар беру міндетінен босату;
▪ білікті заң көмегіне құқықты қамтамасыз ету;
▪ жариялылық;
▪ қылмыстық сот ісін жүргізу тілі;
▪ іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы.

1.3 Сот билігінін ұйымдастыру және сот қызметін атқару принциптері

Қылмыстық іс жүргізу принциптерінің ішінен сот билігін атқару мен
ұыймдастыру принциптерін бөліп шығару жағдайлары да кездеседі. Көп
ғалымдардың пікірі бойынша іс жүргізу принциптері бір бірімен тығыз
байланысты, сондықтан қандай да бір саланың принциптерін ажырату өте киын.
ҚР Конституциясы мен Қылмыстық іс жүргізу заңында бекітілген принциптер
қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларына бірдей қатысты. Осыған қоса
негізгі принциптер ретінде тек қана Конституцияда және Қылмыстық іс жүргізу
заңында бекітілген принциптер аталады, себебі олар нақты аталған немесе
жарияланған. Біздің пікіріміз бойынша, бір қатар принциптер нақты
жарияланбаса да, нормаларды зерттеу барысында олардың бар екендігі туралы
қорытынды жасауға болады.
Сот билігінін ұйымдастыру және сот қызметін атқару принциптеріне
келетін болсақ, К.А.Мами, сот билігінің ұйымдастырушылық-құқықтық
принциптері деген ұғымды ұсынған. Оның пікірі бойынша, сот билігінің
ұйымдастырушылық-құқықтық принциптері деген сот билігін жүзеге асыру және
сот органдарының жүйесін ұйымдастырудың Конституциясы және ҚР соттар және
судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңда бекітілген негізгі
бастамалар.[6]
Сот билігінің бір қатар негізгі принциптері халықаралық құқықта
бекітілген. Мысалы, БҰҰ VII Конгрессы, сот органдарының тәуелсіздігіне және
сот билігін БҰҰ қатысушы мемлекеттерде ұйымдастыруға байланысты негізгі
принциптер бекіткен. Оларға келесі принциптер жатады:
- сот органдары тәуелсіздігінің кепілдігі және оның Конституция мен
мемлекет заңдарында бекітілуі;
- сотқа берілген істерді заңмен фактлер негізінде, қандай да бір
шектеулерсіз, құқыққы қайшы ықпалсыз, қандай да бір тұлғалардың
араласуысыз, шешу;
- сот әділдігіне құқыққа қайшы, санкцияланбаған араласуға, заңсыз сот
шешімдерін қайта қарауға тиым салу;
- әр бір адамның жалпы соттарда және трибуналдарда ісінің қаралуын талап
ету құқығы;
- әділ сот өндірісін жүргізу;
- соттарға өз функцияларын атқару үшін, қажетті құралдар беру.
Бұл принциптер ҚР Конституциясы мен заңдарында орын тапқан, соттар
өз қызметін атқару барысында оларға негізделеді. Бірақ бұл принциптерді
қандай да бір жүйеге келтіруге байланысты іс-әрекеттер жасалмаған.
К.А.Мамидің пікірі бойынша, сот өндірісі және сот қызметінің
принциптерін екі топқа бөлуге болады:
Бірінші топ – сот жүйесін ұйымдастырудың принциптері;
Екінші топ – сот өндірісін, қызметін жүзеге асырудың принциптері.
Бірінші топқа келесі принциптерді жатқызған:
- сот әділдігін тек қана заңмен бекітілген соттармен атқару,
- судьялардың тәуелсіздігі, тотенше соттарды құруға тйым салу, сот
жүйесінің біртұтастығы;
- сот әділдігін атқаруға халық өкілдерін тарту немесе сот билігін жүзеге
асыруда кәсіби және кәсіби емес бастамаларды қолдану;
- инстанциялық принципті қолдану немесе сот шешімдерін жоғары тұрған
сотқа шағымдану;
- сот билігін іс жүргізудің төрт түрі арқылы жүзеге асыру.
Екінші топқа келесі принциптерді жатқызған:
- жариялық, сот отырысының ашық түрде өткізілуі;
- процестің бәсекелестігі және тұлғалардың теңқұқықтығы;
- заңмен бекітілген жағдайларды қоспағанда, қылмыстық істерді сырттай
қарауға тйым салу; судьяның заңмен байланысты болуы, процеске алқа
мүшелерінің қатысуы.
Сот әділдігін реттеу және сот қызметін ұйымдастыру принциптерін,
басқа да бекітілген принциптерден ажырату, қылмыстық іс жүргізу құқығында
даулар туғызған.
Мысалы, К.Х.Халиковтың пікірі бойынша, сот қызметін және оның
ұйымдастырылуын реттейтін принциптерді, олардың бір біріне бағынысшылығы
және байланысы, барлық принциптердің бір қатар негізгі принциптерге
бағынатындығы тұрғысынан қарастыруға болады. Негізгі, өздеріне басқа да
принциптерді бағындыратын, олардың арақатынасын реттейтін принциптерге –
демократизм, заңдылық, объективті ақиқатты анықтау және заңды дұрыс қолдану
принциптері жатады.[7]
Осы принциптердің басқа принциптер мен байланысына сәйкес, оларды
топтастыруға болады.
Демократизм принципіне жақын тұрған принциптер: тұлғаның заң мен
соттың алдында тең құқықтылығы, сот жүйесінің бір тұтастығы, сот
өндірісінің ашық түрде жүргізілуі, әр бір тұлғаның сотта тындалуға
құқығының болуы, іс жүргізу тілі, соттың алқалығы, тағы да басқа осындай
принциптер.
Заңдылық принципіне жақын тұрған принциптерге келесі принциптер
жатады: сот әділдігінң тек қана сотпен атқарылуы, судьяның тәуелсіздігі
және тек қана сотқа бағынуы, қылмыстық заңды ұқсастығына сәйкес қолдануға
тиым салу, бір құқықбұзушылық үшін, тұлғаның екі рет әкімшілік және
қылмыстық жауаптылыққа тартылмауы.
Ақиқатты анықтауды қамтамасыз ету принциптеріне келесі принциптер
жақын тұр: істі толық, жан-жақты және объективті зерттеу; бәсекелестік,
кінәсіздік презумпциясы, сот отырысы барысында тараптардың тең
құқықтұлығы.
Жоғары айтылған пікірмен келісу қажет, барлық принциптер бір
бірімен байланысты және олардың мазмұнына, қарастырылып отырған қызмет
түріне сәйкес біреуі жоғары, екіншісі төмен тұруы мүмкін.
Мысалы, О.А.Шварц, сот әділдігін тек қана сотпен атқару принципін
болек қоя отырып, қалған принциптерді әділдік сот отырысына құқығы
элементтері ретінде үш топқа бөлген. Өз пікірін, Азаматтың жеке және саяси
құқықтары туралы пакттің нормаларына негізделеді.
Бұл құқық, оның ойынша, келесі үш әлементтерден тұрады.
1) сот әділдігіне қол жеткізу құқығы (сот арқылы қорғануға құқығы, істің
сотта қаралуын талап етуге құқығы);
2) сотты ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар (сот билігінің
функционалдық және институционалдық тәуелсіздігі);
3) сот отырысын өткізудің процессуалдық кепілдіктері (жариялық,
бәсекелестік).
Берілген жүктеулердің барлығы, сот ісін жүргізу қағидаларын
Конституция және Қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген қағидалардан
ажыратып бөлек қарастыруға мүмкіндік бар екендігін көрсетеді. Сонымен
қатар, қылмыстық іс жүргізу саласын реттейтін осы екі нормативтік
құжаттардан басқа да құжаттарда көрсетілген, халықаралық актлерден
туындайтын, іс жүргізудің негізгі ережелері бола алатын принциптер қандай
да бір іс жүргізу саласының немесе сатысының принциптері бола алатындығы
күмән туғызбайды.
Ал, егер алқалы түрде істерді қарау принципіне тоқталатын болсақ, ол
принцип келесіге негізделеді: сот әділдігін бірнеше мүшеден тұратын,
бірігіп шешім қабылдайтын және қабылданған шешім үшін жауаптылық атқаратын
сот алқасы жүзеге асырады. Алқалы түрде істі қараумен қатар, жеке түрде
істі қарау принципі де бекітілген. Жеке түрде істі қарау бір адамнан
тұратын сотпен шешімнің қабылдануын көздейді.
Бірінші инстанциядағы соттарда іс жеке түрде қаралады, жалғыз бір
ескерілетін жағдай – жасалған қылмыс үшін өлім жазасының қолданылуы мүмкін
болған жағдайда, іс сот алқасымен қаралады.

II ТАРАУ Істерді алқалы түрде қарау принципінің сот қызметін ұйымдастыру
принциптерінің арасында алатын орны мен мәні
2.1 Істерді алқалы түрде қарау принципінің түсінігі және оның маңызы

Жоғарыда айтылғандай алқалы түрде істерді қарау принципі келесіге
негізделеді: сот әділдігін бірнеше мүшеден тұратын, бірігіп шешім
қабылдайтын және қабылданған шешім үшін жауаптылық атқаратын сот алқасы
жүзеге асырады.
Бұл принцип ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексының сот құрамын
реттейтін 58 бабынан туындайды. Бұл бапта қылмыстық істер бірінші
инстанциядағы соттарда бір судьямен жеке түрде немесе үш судьядан тұратын
алқамен қаралады деп айтылған. Сот әділдігін сот алқасынан тұратын сотпен
атқару кезінде, оның біреуі төрағалық етуші болып табылады.
Жасалған қылмыс үшін өлім жазасы қолданылуы мүмкін болған жағдайда,
бірінші инстанциядағы сот істі міндетті түрде сот алқасымен қарауға тиіс.
Басқа істер жеке түрде, бір судьямен қаралады. Аппеляциялық, қадағалау
тәртібінде және жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша істі қарау ең кемінде үш
судьяның қатысуымен қаралуға тиісті.
Бұл қағида, сот өндірісін жүзеге асырудың тағы да бір принципімен
байланысты. Бұл принцип істі қарау барысында кәсіби және кәсіби емес
бастамаларды біріктіру.
Істің жеке түрде немесе алқалы түрде қаралуы, кәсіптік негізде
қаралу болып табылады. Сот құрамы – тек қана судьялардан тұрады. Олардың
істі қарау және шешудегі ролі өте маңызды. Бір қатар ғылыми жұмыстарда,
судьяның негізгі роліне, олардың арнайы білімдеріне, тәжрибесіне, жоғары
лауазымды жағдайына қажетті көңіл аударылмайды.[8] Бұл көзғарасты дұрыс деп
есептеуге болмайды. Заң нормаларын дұрыс қолдану үшін, оны жақсы білу
қажет.
Сот алқасының құрамындағы судьялар іс бойынша барлық сұрақтарды
шешу барысында тең құқылы және тәуелсіз. Іс, сот құрамымен немесе алқалы
түрде қаралған кезде, барлық іске қатысып отырған судьялар тәуелсіз және
тең құқылы болғанменен, олардың барлығы бір уақытта істі қарауды
ұйымдастыра алмайды. Сонымен қатар, сот қызметіндегі тәртіптікті қамтамасыз
ету, істің тез уақытта қаралуын ұйымдастыру үшін, соттың атынан бір қатар
іс әрекеттерді төрағалық етушінің атқаруы қажет.
Осыған байланысты, заң, төрағалық етушіге көптеген процессуалдық іс
әрекеттерді жүктейді, оған жеке судья ретінде берілген өкілеттіктерді
есептемегенде.
Төрағалық етуші сот отырысын басқарады (ҚІЖК 314-бабы). Бұл
міндетті, ол тек қана істі сотта қарау кезінде емес, қылмыстық сот ісін
жүргізудің барлық сатыларында жүзеге асырады. Атап айтқанда, бас сот
отырысын тағайындау барысында; үкімді орындаумен байланысты құқықтық
сұрақтарды шешу кезінде; бірінші инстанциядағы сот шешімдерінің заңдылығы
мен негізділігін аппеляциялық инстанцияда тексеру барысында; заңды күшіне
енген сот актлерінің заңдылығы мен негізділігін қадағалау сотының
отырыстарында тексеру кезінде.
Сонымен, төрағалық етуші, сот отырысын басқарады және осы отырысқа
байланысты барлық басқару қызметін түрлі сот инстанцияларында жалғастырады.
Төрағалық етушімен, сот процесының кез келген сатысында атқарылатын
жалпы маңызды іс әрекеттеріне келесі жатады:
- сот қызметінің, оның бөліктерінің, бөлек тергеу іс-әрекеттерінің
басталуы мен аяқталун жариялау;
- сот жұмысына қажетті жағдай жасауға байланысты іс-әрекеттерді
жүзеге асыру туралы нұсқау беру;
- жеке өзіне берілген құзыреттерді атқару;
- процессуалдық қызметті реттеу;
- сот талқылауы барысында процеске қатысушылардың іс-әрекеттерін
басқару;
- іске қатысты еместі мән-жайларды шеттету;
- сот талқылауы барысында және кеңесу бөлмесінде судьялардың отырысын
басқару.
Төрағалық етушінің процессуалдық өкілеттіктері жалпы соттың алдында,
жеке сот отырысының алдында қойылған мақсаттармен байланысты болады.
Сонымен қатар тағы да бір олардың көлемін анықтайтын жағдай, істің жеке
және алқалы түрде қаралуы. Егер іс жеке түрде қаралып отырған болса, онда
шешім шығару барысында ешқандай қиыншылықтар болмайды, ал егер алқалы түрде
қаралып отырылған болса, барлық іске қатысқан судьялардың іс-әрекеттерін
реттеу қажеттілігі туады.
Сондықтан, төрағалық етуші іс-әрекеттерінің ерекшілігі сот процесының
түрлі сатыларында атқарылатын қызметімен байланысты.
Бас сот талқылау сатысында, істі сот отырысында қарау кезінде,
төрағалық етуші келесі өкілеттіктерді жүзеге асырады:
1) келесіні жариялайды:
- бас сот отырысының ашылуы туралы (331-бабы);
- сот құрамы туралы (337-бабы);
- сот тергеуіне көшу туралы (345-бабы);
- сот отырысының жалғастырылуы туралы (359-бабы);
- сот тергеуінің аяқталғаны туралы (362-бабы);
- сот жаррыссөздеріне көшу туралы (364-бабы);
- сот жаррыссөздерінің аяқталғаны туралы (365-бабы);
- сотталушының соңғы сөзі туралы (365-бабы);
- соттың немесе судьяның үкім шығару үшін құпия бөлмесіне кетуі туралы
(367-бабы);
- іс бойынша сот отырысының аяқталғаны туралы және т.б.
2) Мынадай нұсқауларды береді:
- сот отырысы хатшысына – сот талқылауына қатысушы тұлғалардың келуі
және келмеген жағдайда оның себептері туралы баяндауға;
- сотталушыға – сотталушылар арасында орын алуға, ол қамауда болған
жағдайда-оны кіргізуге, сот шешімі негізінде қажетті жағдайда қамауға
алуға, сот отырысы залынан шығаруға, қамаудан босатуға;
- куәларға – куәлар бөлмесіне шығып кетуге, жауап беру үшін сот отырысы
залына кіруге, жалған жауап берген үшін жауаптылықтын түсіндірілгені
туралы қолхат беруді, жауап бергеннен кейін сот отырысы залында
көрсетілген орынды алуға, сот отырысы залынан шығып кетуге байланысты;
- сарапшыларға – сараптама өткізуге кірісу, оның қорытындысын жариялау
туралы, жалған қорытынды берген үшін және себепсіз қорытынды беруден
бас тартқаны үшін жауаптылықтын түсіндірілгені туралы қолхат беруді,
сот отырысы залында көрсетілген орынды алуға;
- т.б
3) Жеке өзі келесі процессуалдық іс әрекеттерді атқарады:
- сотталушының жеке басын және қажетті құжаттардың уақытында тапсырылуын
анықтайды;
- куәнің жеке басын және сотталушы мен жәбірленушіге қатыстылығын
анықтайды;
- сот талқылауына қатысушы тұлғаларға: аудармашығы, сотталушыға,
жәбірленушіге, азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге, сарапшыға,
маманға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді;
- тараптарға қарсылық жариялау құқығын түсіндіреді және оның жариялануын
анықтайды (338-бабы);
- тұлғалардың өтініштерін анықтайды, сот тергеуі аяқталған кезде- сот
тергеуін толықтыруға байланысты ұсыныстарын анықтайды
- айыптау қорытындысын жариялайды, алдын ала тергеу жүргізілмеген
жағдайда – жәбірленушінің арызын.
- сотталушыға тағылған айыптың мәнін түсіндіреді және оның айыпқа
көзғарасын анықтайды (345-346,393 баптың 4 бөлігі);
- хаттамалар мен басқа да құжаттарды жариялайды;
- сот үкімін және қаулыларын жариялайды;
- үкімге шағымдану тәртібін және мерзімін түсіндіреді.
4) Процессуалдық қызметті келесі тәртіпте реттейді:
- өтініштер және басқа да ұсыныстар жасауға мүмкіндік береді;
- сотталушыға тағылған айып бойынша оның көзқарасын анықтайды.
5) Процеске қатысушы тұлғалардың процессуалдық іс-әрекеттерін басқарады:
- сотталушы, жәбірленуші, куә және сарапшыдан жауап алу барысында;
- тексеру, беттестру және басқа да тергеу іс-әрекеттерін жүзеге асыру
барысында.
6) Сот отырысынан барлық заңмен тиым салынған және іске қатысты емес
жағдайларды шеттетеді:
- іске қатысы жоқ немесе тиым салынған нысанда қойылған сұрақтарға
қарсылық білдіреді;
- егер тараптар өз арыздарында, сөздерінде қаралып отырған істің шегінен
шығатын болса, оларды тоқтатады;
- т.б.
7) Сот отырысының тәртібін қадағалайды:
- сот кірген кезде тұрып құрметтеуді, процеске қатысушы тұлғалардың өз
көрсетулерін тұрып беруді;
- он алты жасқа толмаған тұлғалардың, егер олар айыпталушы, жәбірленуші
және куә болмаған жағдайда, сот отырысына қатыстырылмауын;
- сот отырысы барысында тәртіптің сақталуын.
8) Істің сұрақтарын шешу барысында судьялардың кеңесін басқарады;
- сот отырысы барысында басқа да судьялардың пікірін анықтайды және соны
ескере отырып сот шешімін дайындайды;
- кеңесу бөлмесінде сотпен шешілетін сұрақтарды талқылауға қояды,
талқылауды басқарады, қорытындылайды, сотпен қабылданған шешімді
дайындайды және оның дұрыс рәсімделуін бақылайды;
- кеңесу бөлмесінде құпиялықтың сақталуын қамтамасыз ету шараларын
қабылдайды.
Төрағалық етушінің сот отырысын басқаруға байланысты қызметі бүкіл сот
құрамының қолдауымен ғана жүзеге асырылады, себебі алқалы түрде іс қарау
кезінде төрағалық етуші өз атынан емес, алқа атынан қызмет атқарады.
Төрағалық етуші, өзіне берілген өкілеттіктерді және жеке процессуалдық іс-
әрекеттерді жүзеге асыра алмайды, егер оған сот құрамының басқа да мүшелері
қарсы болса. Егер төрағалық етушімен басқа да судьялардың арасында қарама-
қайшылық пайда болса, сұрақ сот құрамымен дауыс беру арқылы шешіледі.
Сот құрамының әр бір мүшесі, сот отырысының қызметіне белсенді қатыса
алады:
- қажетті болған жағдайда, сот отырысын жүргізу және тәртіптікті
бақылауға байланысты төрағалық етушіге көмек көрсетеді;
- сотталушы, жәбірленуші, куәлар, сарапшыдан жауап алуға, тексеру,
беттестру және басқа да тергеу іс-әрекеттеріне қатысады.
Сот алқасының кез келген судьясы жауап алу барысында сұрақ қоюға, сот
тергеуі кезінде қандай да бір тергеу іс әрекеттерін өткізу жөнінде ұсыныс
жасауға құқылы. Төрағалық етуші қарсылық білдірген жағдайда сұрақ
қарастырылмауы мүмкін, ал ұсынысты жүзеге асырмау тек қана оны жасаған
тұлғаның келісімімен ғана орындалады. Төрағалық етуші мен сот құрамының
судьясының арасында қарама-қайшылық пайда болған жағдайда, барлық сұрақтар
дауы берумен шешіледі.
Сот талқылауын жүзеге асыру барысында пайда болған сұрақтардың барлығы
дауыс беру арқылы сот құрамымен шешіледі. Сот отырысында істі шешу кезінде,
сот толық құрамымен келесі сұрақтарды шешеді:
- процеске қатысушының біреуі келмеген жағдайда, оның қатысуысыз істі
қарау мүмкіндігі туралы;
- процессуалдық мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
- сот құрамына, жеке судьяға және басқа да процеске қатысушы тұлғаларға
жарияланған қарсылықтар туралы;
- процеске қатысушы тұлғалармен жасалған өтініштер туралы;
- сот тергеуі тәртібі туралы;
- сот талқылауы барысында ұсынылған құжаттарды іске тігу туралы;
- қайталама және қосымша сараптаманы тағайындау туралы;
- қылмыс оқиғасы жерін және сотқа жеткізілмейтін заттық дәлелдемелерді
тексеру туралы;
- жаңа айып бойынша қылмыстық істі қозғау туралы (183-баптың 4-бөлігі,
303-баптың 1-бөлігі);
- жаңа тұлғаға қатысты қылмыстық істі қозғау туралы (183-баптың 4-
бөлігі, 323-баптың 1-бөлігі);
Қылмыстық істі қосымша тергеу жүргізу үшін қайтару; жаңа айып бойынша
немесе жаңа тұлғаға қатысты қылмыстық істі қозғау; қылмыстық істі қысқарту;
бұлтартпау шараларын тағайындау, өзгерту, алып тастау; сараптама
тағайындау; қарсылықтарды шешу сұрақтары сот құрамымен кеңесу бөлмесінде
жүзеге асырылуы міндетті. Қабылданған шешім, барлық сот құрамы мүшелерімен
қол қойылған, құжаттармен рәсімделеді. Сот талқылауы барысында пайда болған
басқа сұрақтар, сот тандауымен, судьялардың кеңесінен кейін, істі қарау
жерінде шешіледі, жұл жағдайда қабылданған шешім сот отырысының
хаттамасымен рәсімделеді; және кеңесу бөлмесінде шешіледі, бұл жағдайда,
бөлек қаулы шығарылады. Әр бір судья, сот талқылауы барысында пайда болған
сұрақты, кеңесу бөлмесінде талқылауды талап ете алады. К.Х.Халиковтың
пікірі бойынша, бұл талапқа басқа судьялар қарсы болмауға тиісті, себебі
қаралып отырған сұрақ бойынша судьяның жеке пікірін хаттамаға кіргізуге
қажеттілік пайда болуы мүмкін, ал ол жағдай, судьялардың кеңесу
құпиялығының ашылуына әкеліп соғады.[9] Сонымен қатар, кез келген сұрақ
бойынша судьяның қарсылығын кеңесу бөлмесінде нақты қарастыру қажет.
Жоғарыда аталғанмен қатар, кеңесу бөлмесінде, қорытынды процессуалдық
құжатта орын табатын сұрақтар қаралу қажет, егер бұл құжат сот құрамымен
қабылданатын болса.
Бас сот отырысын тағайындау сатысында – ҚІЖК-нің 300-бабында көзделген
сұрақтар, сот талқылау сатысында – қІЖК-нің 371-бабында көзделген сұрақтар.
Судьялар кеңесінің құпиялығы, барлық жағдайларда, сот қызметін
атқарудың негізгі процессуалдық кепілдігі болып табылуға тиісті. Бұл ереже,
сот тәуелсіздігін арттырудың, сыртқы ықпалдың қысқартылуының негізі болып
табылады. Сонымен қатар, соттың, оның қабылдаған шешімдерінің беделін
көтереді және істің түрлі сұрақтарын, сот құрамына кіретін барлық
судьялардың қатысуымен шешілуін қамтамасыз етеді.
Құқықтық тұрғыдан, кеңесу бөлмесінің құпиялығы – қылмыстық іс жүргізу
құқығының негізгі институттарының бірі. Бұл институттың негізгі мазмұны
болып келесі талап табылады – сот, іс бойынша барлық аса маңызды сұрақтарды
кеңесу бөлмесінде, сот құрамының қатысуымен қарауға міндетті. Осыған
байланысты, сот, осы институт арқылы, іске қандай-да бір араласудан
қорғалған. Тәжрибеде, соттың ісіне араласу, қандай- да бір ықпал жасау,
мемлекет органдарынан, жеке, лауазымды тұлғалардан, процеске қатысушылардан
және басқаларынанда туындауы мүмкін.
Сонымен қатар, кеңесу бөлмесінде сұрақтарды қарастыру, судьялардың
өздеріне үлкен ықпал жасайды. Қарастырылып отырған сұраққа байланысты,
біздің пікірімізше, бір қатар мәселелер бар. Бұл мәселелер соттың қызметін
ұйымдастырумен байланысты. Бүгінгі күні, барлық сот ғимраттарында,
жеткілікті сот залдары және кеңесу бөлмелері жоқ. Бір сотта, бір уақытта,
он, оданда жоғары қылмыстық істер қаралуы мүмкін, ал әр бір судьяны немесе
сот құрамын сот залы және кеңесу бөлмесімен қамтамасыз етуге мүмкіндіктер
жасалмаған. Сондықтан, өте көп жағдайда судьялар істі өз кабинетінде қарап,
сол жерде шешім қабылдайды. Ал бұл жағдай, іс жүргізудің көптеген
принциптерін бұзады. Бұл мәселе процессуалдық емес ұйымдастырушылық
тұрғыдан шешілуге тиісті.
Зерттеліп отырған институттың тағы да бір талабы, кеңесу бөлмесіндегі
талқылаудың өткізілуін, онық қорытындысын, айтылған пікірлерді жариялауға
тиым салу. Бұл талаптың сақталуы судьялардың тәуелсіздігі мен тең
құқықтылығын қамтамасыз етеді, сондықтан төрағалық етуші, сот құрамына,
кеңесу бөлмесінің құпиялығына байланысты қойылатын талаптарды және оларды
бұзған жағдайда пайда болатын жауаптылық туралы түсіндіруге міндетті. Сот,
кеңесу бөлмесінің құпиялығын тек қана укім шығару кезінде сақтауға міндетті
деген пікірлермен келіспеуге қиын.[10]
Бұл пікір келесіден тұындаған: судьялардың кеңесу құпиялығын бекітетін
норма, ҚР ҚІЖК-нің үкім шығару немесе қабылдауға байланысты тарауында
көзделген және осыған сәйкес тек қана үкім шығару кезінде жүзеге асырылады.
Сондықтан, бұл норманың осында орыналасуы, сот талқылауы барысында,
сұрақтарды кеңесу бөлмесінен тыс жерде қабылдауға жол береді. Ал, егер, сот
талқылауы кезінде қандай да бір сұрақ, сот алқасының мүшелері арасында
қарама-қайшылық туғызатын болса? Сот алқасы бұл сұрақты барлығының көзінше
шеше ме, немесе ол жөнінде шешімді төрағалық етуші қабылдай ма? Тәжрибеде,
барлық сұрақтар, іс жүргізу барысында қатысушы тұлғалардың көзінше шешіле
береді, соның ішінде бас сот отырысын тағайындау сұрақтары. Бұл жерде,
қылмыстық іс жүргізу заңына өзгерістер енгізу қажет: іс бойынша қаралып
отырған кез келген аса маңызды немесе қарама-қайшылық туғызған сұрақ, және
оны шешу судьялардың алдын ала талқылауын талап етсе, міндетті түрде кеңесу
бөлмесінде қаралуға тиісті. Сондықтан, ҚІЖК-нің 370-ші бабында көзделген
талаптар, сот талқылауы барысында, кез келген сұрақтарды шешуге қолданылуы
қажет. Бұл бапты сот отырысының негізгі шарттарының арасына орналастыруға
болар еді.
Кеңесу құпиялығының үкім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Сот билігі және әділ сот
Сотта істі қараудың жариялылығы
Қазақстан Республикасы конституциясындағы сот билігі және сотпен қорғану құқығы
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МЕРЗІМДЕР ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ СУБЪЕКТІЛЕРІ
Азаматтық іс жүргізудің қағидалары
Қылмыстық процесс принциптері
АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақстан Республикасының әкімшілік - іс жүргізу заңнамасы: жағдайы мен мәселелері
Пәндер