Күрделі қаржының есебі



КҮРДЕЛІ ҚАРЖЫНЫҢ ЕСЕБІ

1. Күрделі қаржы және оның есебінің міндеттері
2. Күрделі қаржы есебі
3. Материалдық шығындар есебі
4. Монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу шығындарының есебі
5. Негізгі құралдардың құнын өсірмейтін шығындардың есебі

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
КҮРДЕЛІ ҚАРЖЫНЫҢ ЕСЕБІ

1. Күрделі қаржы және оның есебінің міндеттері
2. Күрделі қаржы есебі
3. Материалдық шығындар есебі
4. Монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу шығындарының есебі
5. Негізгі құралдардың құнын өсірмейтін шығындардың есебі

Күрделі қаржы қаржы дегеніміз негізгі қорларды толықтыруға және жаңартуға кеткен шығындар болып табылады. Күрделі қаржы есебінің міндеттері болып мыналар саналады:
- түрлері және есептелетін объектілер бойынша барлық жұмсалған күрделі қаржыны уақытында, толық және дұрыс есепте көрсету;
- күрделі қаржының орындалуына, өндірістік қуаттар мен негізгі құралдар объектісінің іске қосылуына бақылауды қамтамасыз ету;
- іске қосылатын негізгі құралдар объектісінің мүліктік құндарын дұрыс анықтау және есепте көрсету.
Есепте күрделі қаржы мыналарға жіктеледі:
- өндірістік құрылымның бағыты бойынша;
- технологиялық құрылымы бойынша ;
- бағыты бойынша;
- халық шаруашылығының салалары бойынша;
- өндірістік жұмыстардың тәсілі бойынша.
Өндірістік құрылымның бағыты бойынша күрделі қаржылар жаңа құрылысқа, кеңейтуге, қалпына келтіруге, техникалық жарақтандыруға, қызметтегі ұйымдардың қуаттарын күтіп-ұстауға бөлінеді.
Жаңа құрылысқа жаңадан құрылған кәсіпорынның негізгі, көмекші немесе қосалқы өндіріс бағытындағы ғимараттар мен құрылыс жайлардың, сонымен қатар пайдалануға берілгеннен кейін жаңа өндірістік қуаттарды шығару мақсатында жаңа орындарда жеке баланспен қызмет ететін филиалдар мен бөлек өндірістер объектілерінің құрылыс кешендері жатқызылады.
Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды кеңейту деп қызмет істеп тұрған ұйымдарда қосымша өндірістер, сонымен қатар осы кәспорынның аумағында немесе оған жақын жерде қосымша не болмаса жаңа өндірістік қуаттарды шығару үшін негізгі, көмекші немесе қызмет көрсетуші өндіріс объектілері мен цехтарды салу және ұлғайтуды айтамыз.
Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды қалпына келтіру деп ғылыми-техникалық прогресстің негізінде қол жеткізген өндірістің жетістіктері мен оның техникалық-экономикалық жоғарылауына байланысты қызмет істеп тұрған цехтар мен негізгі және көмекші өндірістің объектілерін қайта құруды айтамыз. Бұл негізгі өндіріс мақсатындағы ғимараттар мен құрылыс-жайларды кеңетпей жүзеге асырылады.
Қалпына келтіру кезінде:
- ең алдыменен технологиялық сатылар арасындағы үйлесімсіздіктің ескіруіне байланысты кәсіпорынның өндірістік қуаттары ұлғайтылады;
- аз қалдықты немесе қылдықсыз технологияларды ендіру және икемді өндірісті қадыптастыру;
- жұмыс орындарының санын қысқарту;
- еңбек өнімділігін жоғарылату;
- өндірістің материал сыйымдылығын және өнімнің өзіндік құнын төмендету;
- қор қайтарымын және ұйымның басқа да техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жоғарылату жұмыстары қамтамасыз етілуі қажет.
Қызмет істеп тұрған кәсіпорынды техникалық жарақтандыру деп - ескірген және физикалық тозған құрылғыларды жаңаларымен, өнімділігі жоғарыларымен ауыстыру, сонымен қатар жаңа технологиялар мен механизацяиларды ендіру, өндірісті автоматтандыруды айтамыз.
Қызмет істеп тұрған кәсіпорынның қуаттарын күтіп-ұстау - өндірістік қызмет процесі кезінде істен шығып қалған негізгі құралдарды жаңаларымен үздіксіз ауыстырып отыруды білдіреді.
Технолгиялық құрылымы бойынша күрделі қаржы төмендегі жұмыстар мен шығындардың құндарынан қалыптасады:
- барлық құрылыс жұмыстарының түрлерінен;
- құрылығларды монтаждау бойынша жұмыстардан;
- құрылыс сметасында қаралған (монтаждауды қажет ететін және қажет етпейтін) құрылғыларға шығындардан;
- құрылыс сметасына қосылатын шаруашылық құрылығалары мен мүліктеріне шығындардан;
- басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардан.
Құрылыс жұмыстарына тұрақты және уақытша (титулдық) ғимараттар мен құрылыс-жайларды салу, кеңейту (ұлғайту), қалпына келтіру бойынша жұмыстар, құрылғылар астындағы негіздерді, ірге тастарды, тіреуіш тетіктерін салу, орнату бойынша жұмыстар, құрылыс алаңдарын көгалдандыру, жақсарту, сонымен қатар қалалар мен ауылдарға көпжылғы көшеттер отырғызу, ирригацияландыру, кептіру, терең қазу жұмыстары, құбырлар мен құдықтарды салу, сондай-ақ тау жұмыстары (ұйымның пайдалануға беру шығыстарының есебінен жүргізілетін күрделі емес сипаттағы жұмыстардан басқалары), құрылыс жұмыстарын қысқы мезгілде орындауға байланысты жұмысшылардың қосымша еңбек ақылары және таулы жерлерде жүргізілетін жұмыстарға байланысты қосымша жұмсалған шығындар жатады.
Құрылығыларды монтаждау бойынша жұмыстарға өндірістік, энергетикалық және көтергіш-транспорттық құрылығларды жинақтауға және орнатуға жұмсалған шығындар, сонымен қатар қысқы мезгілде құрылығыларды монтаждауға байланысты қосымша шығындар жатады.
Құрал-саймандар мен жабдықтар бойынша шығындарға құрылыс сметасына қосылған бақылау-өлшеу, автоматтандыру және байланыс құралдарының құны, құрылыс сметасына қосылған құрылысы жүргізіліп жатырған кәсіпорынның немесе объектінің алғашқы кешені болып саналатын өндірістік құрал-саймандар мен жабдықтардың құны жатады.
Құрал-жабдықтар шығындарына құрылыс сметасымен қарастырылған тозы жеткен және ескірілгендерді ауыстыру үшін технологиялық, энергетикалық, көтергіш-транспорттық және басқа да құрылғылардың құндары, құрылысты жүргізушінің күрделі қаржысы есебінен қаржыландырылатын стандарттық емес құрылғыларды дайындау үшін жұмыс сызбаларын жасау бойынша жұмыстардың құны (дайындалған жұмыстың құны үшін төлемнен бөлек), стандарттық емес құрылғылардың (оны жобалау құнын қоса) және қазандық-көмекші құрылығлардың құны жатады.
Стандарттық емес құрылғыларға құрылыс жобасындағы ерекше техникалық және қайталанбайтын міндеттерді шешу үшін бірлестіктердің немесе құрылыс ұйымның арнайы тапсырмасы бойынша жобалау-конструкторлық (кескіндеу) ұйымдарының сызбаларының негізінде дайындалған және құрылыс сметасында бекітілген қүрылғылар жатады.
Басқа да күрделі жұмыстар мен шығындардың құрамына:
- күрделі қаржы есебінен жүргізілетін жоблау-ізденіс жұиыстары, сондай-ақ жобалу ұйымдарының авторлық қадағалауға шығындары;
- құрылысы жүріп жатырған кәсіпорынның дирекциясын ұстау және техникалық қадағалау шығындары (бір тапсырыс берушінің күрделі құрылыс басқармасы аппараттарын ұстау шығындарын қоса);
- жұмысшыларды жинақтауды ұйымдастыру бойынша шығындар, құрылыс сметасында қарастырылған құрылысы жүретін кәсіпорнның жұмысшыларын пайдалануға дайындау шығындары, арнайы шоттар арқылы төленетін және құрылс жұмыстарының бірліктік бағаларына қосылмайтын әртүрлі үстеме ақылар мен жеңілдіктерге шығындар;
- жер учаскілерін дайындау шығындары;
- тұрғындардың жеке меншік пайдалану құқығындағы үйлер мен құрылыстарды алу (жою) бойынша төленетін ақшалай өтемақылар;
- жойылатын ғимараттар мен құрылыс-жайлардан тұрғындарды және ұйымдарды көшіру шығындары;
- тапсырыс беруші иеленушіге оның жойылатын ғимараттары мен құрылыс - жайлары үшін төленетін ақшалай өтемақылар;
- ауылшаруашылығы өндірісінің жойылуына байланысты жер иеленушілердің шеккен зияндарын орын толтыру мақсатындағы төленетін ақшалай өтемақылар;
- құрылыс үшін алынған несиелер бойынша пайыздар;
- 3 шақырым қашықтықтан асатын құрылыс орындарына құрылыс-монтаж ұйымының жұмысшыларын жеткізу және қайтадан әкелу шыығндары;
- объектілер мен қуаттарды іске қосқаны үшін сыйақылар.
Мақсаты бойынша күрделі қаржы есепте өндірістік мақсаттағы (құрылысы аяқталған соң объекті материалдық өндіріс сферасында, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік және байланыс саласында қызмет ететін) жүргізуге арналған күрделі қаржы және өндірістік емес мақсаттағы (тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, денсаулық сақтау мекемелері, әлеуметтік қамсыздандыру және білім-ағарту және т.б. мақсаттағы) объектілердің құрылысын жүргізуге арналған болып екіге бөлінеді.
Халық шаруашылығы саласы бойынша күрделі қаржы өнеркәсіптік және ауылшаруашылығы мақсатындағы, құрылыс, транспорт, денсаулық сақтау, білім-ағарту салаларындағы болып бөлінеді.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірістік тәсілі бойынша күрделі қаржы, атап өткеніміздей мердігерлік және шаруашылықтық әдіспен жүргізілетін болып бөленді.
Ұйымның күрделі қаржысы объектілер, құрылстар және іске қосылу кешендері бойынша жоспарланады.
Құрылыс деп құны жиынтық сметада анықталған және құрылысы бір немесе бірнеше құрылыс алаңдарында, бір жобамен орындалатын құрылыс объектілерінің (ғимараттар мен құрылыс-жайлардың) жиынтығын атайды.
Құрылыс объектілері болып салынып жатырған әрбір ғиматтар мен құрылыс-жайлар және оларға жататын құрылымдар мен коммуникациялар (су құбырлары, электрмен жабдықтау, канализация) және бөлек жобасы мен сметасы жасалатын қосалқы және аула құрылғылары саналады.
Арнайы бөлек объектілердің (тұратын бөлмелер мен ғылыми қалашықтардың) құрылыс жүргізу кезінде сыртқы және көмекші құрылыс-жайлар құрылыстың құрамына енетін бөлек құрылыс объектісі болып есептеледі.
Іске қосу кешені құрылысы жүріп жатырған кәсіпорынның құрамдас бөлігі болып табылатын және жобады қарастырлылған объектінің салынуын қамтамасыз ететін объектілердің (немесе негізгі пайдалану бағытының бөлігі) жиынтығын түсіндіреді.
Барлық күрделі құрылыс объектіні салып жатырған ұйымның келісімі бойынша бекітілген жобалар мен сметаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Жобалар сызбалар мен техникалық-экономикалық негіздемелерден, түсініктеме хаттамалардан және басқа да құжаттардан тұратын құжаттамалардың тізімі болып саналады. Сметада құрылысы жүретін объектінің, құрылыстың, іске қосу кешенінің құны есептелінеді.
Құрылыс сметасы объектінің құрылысын жүргізетін негізгі құжат болып саналады. Онымен күрделі қаржының көлемі анықталады. Сметада шығындардың құрылымы, құрылыс-монтаж жұмыстары, құрылғыларды, құрал-саймандары сатып алу шыығндары, сонымен қатар жобалу-ізденіс және тағы басқа да жұмыстар көрсетіледі.
Құрылыстағы смета объектінің келісім құнын анықтауда бағыттаушы негіз болып табылады.
Құрылыс-монтаж ұйымының келісімі бойынша барлық объектілердің тізімі, жұмыстың басталу және аяқталу уақыты, келесі жылға көшкен аяқталмаған құрылыстың көлемі көрсетілген титулдық тізім бекітіледі. Титулдық тізімде өндірістік (зауыт, цехтар) және өнідірістік емес (тұрғын үй, балалар мекемесі т.с.с) құрылыс бөлек көрсетіледі.

10.2 Күрделі қаржы есебі
Күрделі қаржы есебі құрылыс жобасы мен сметасы жасалған, құрылысты жүргізуге қажетті ақша қаражаттары бар салушылармен (тапсырыс берушілермен) жүргізіледі. Сондықтан, әрбір құрылыс оны жүрігзудің тәртібіне байланыссыз (мердігерлік немесе шаруашылықтық әдіс бойынша) барлық орындалған күрделі жұмыстарды есепке алуы қажет.
Ұйымның күрделі құрылысы оның негізгі қызметінен бөлек, жеке күрделі қаржы балансында немесе ұйымның негізгі қызметінің балансында (2930 Аяқталмаған құрылыс шоты) есептелінеді.
Мұндай жағдайда, талдамалық есепте құрылыс жұмыстарына шығындар; құрылығыларды монтаждау жұмыстары; қазу жұмыстары; монтаждауға берілген құрылғылар; монтаждауды қажет етпейтін құрылғылар және шаруашылықтық құрал-саймандар; жұмыс және өнім малын сатып алу; жобалу-ізденіс жұмыстары; басқа да күрделі жұмыстар мен шығындар есебі бөлек жүргізіледі.
Құрылыс-монтаж жұмыстарын шаруашлыықтық әдіспен жүргізу кезінде өндіріс шығындары есебі мен өнімнің өзіндік құнын калькуляцилау салушылармен (тапсырыс берушілермен) мердігерлік ұйымдардағы сияқты мынадай шығын баптары бойынша ұйымдастырылады: Материалдар; Жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары; Құрылыс машиналарын мен механизмдерін пайдалану шығындары және Үстеме шығыстар.
Шаруашылық әдіспен құрылысты жүргізуші барлық нақты шығындарын жоғарыда аталған шығын баптары бойынша объектіні пайдалануға беруге дейін 2930 Аяқталмаған құрылыс шотында есепке алады.
Күрделі құрылысты мердігерлік әдіспен жүргізу кезінде мердігерлердегі өндірістік шығындар есебі объектіні тапсырыс берушіге тапсырғанға дейін оның негізгі қызмет балансындағы аяқталмаған құрылыс құрамында есепке алынады.
Егер орындалған жұмыстар үшін мердігер мен тапсырыс беруші арасындағы есеп айырысулар ай сайын жүргізілетін болса, онда тапсырыс беруші мердігер берген Орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құндары жөніндегі анықтамаға (№3 үлгідегі) сәйкес мердігермен орындалған жұмыстардың сметалық құнын 2930 Аяқталмаған құрылыс шотының дебеті және 3310 Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу шотының кредиті бойынша көрсетеді.

10.2.1 Материалдық шығындар есебі
Тапсырыс беруші материалдары есебін мердігерлік құрылыс ұйымы сияқты 1350 Құрылыс материалдары және басқалары шотында жүргізеді. Шаруашылық әдіспен құрылыс жүргізу кезінде өндіріске материалдар тиісті үлгімен жасалған прорабтың немесе мастердің есебінің негізінде шығарылады. Мұндай жағдайда, 2930 Аяқталмаған құрылыс шоты дебеттеліп, 1350 Құрылыс материалдары және басқалары кредиттеледі.
Кейбір жағдайларда мердігерлік келісім шарт бойынша құрылысты материалдармен жабдықтау тапсырыс берушіге жүктеледі. Мұндай жағдайда, тапсырыс беруші мердігерге материалдарды жауапты сақтауға және олардың пайдалану мүкіндігіне қарай актінің немесе басқа да құжаттардың негізінде береді және берілген материалдарды 1350 Құрылыс материалдары және басқалары шотының кредитінен 2930 Аяқталмаған құрылыс шоты дебетіне есептен шығарады да, тиісті объектінің шығындарына Материалдар бабы бойынша қосады.
Егер мердігіерлік келісім шартта тапсырыс берушілердің материалдық ресурстармен жабдықтауы қарастырылмаған болса, онда мердігер материалдық қорлардың арнайы түрлерін тапсырыс берушілерден сатып алады және тапсырыс беруші материалдардың құнын сату шоты бойынша көрсетеді. Мұндай жағдайда жіберілген материалдардың құнына 1230 шоты дебеттеліп, 6280 және 3130 (ҚҚС) шоты кредиттеледі, сонымен қатар материалдардың өзіндік құнына 7470 шоты дебеттеледі.

10.2.2 Монтаждауды қажет ететін құрылғыларды сатып алу шығындарының есебі
Қоймаға қабылданған монтаждауды қажет ететін техногиялық, энергетикалық және өндірістік құрылғылар (шеберханалар мен тәжірибе құрылғылары мен зертханалар үшін құрылығларды қоса) №24 үлгідегі құрылғыларды қабылдау актісімен рәсімдейді және оларды нақты өзіндік құндары бойынша 1350 Құрылыс материалдары мен басқалары шотының дебетімен көрсетеді. Құрылғылардың нақты өзіндік құны жабдықтаушылардың бағалары бойынша құндарынан, тасымалдау бойынша көліктік шығндардан және дайындау-қойма шығындарынан тұрады. Көліктік және дайындау-қойма шығындары алдымнен материалдардың нақты өзіндік құндарынан ауытқудың жалпы сомаларымен материалдар есебі шотында есептелініп, ауытқуларды белгіленген бөлу тәртіптеріне сәйкес күрделі қаржы құрамына енетін монтаждауға берілген құрылғылардың құндарына пропорциналды бөлінеді.
Тапсырыс беруші мердігерге монтаждау үшін құрылғыларды акті бойынша (№25 үлгідегі) береді. Мердігер құрылғыларды монтаждауға дейін баланстан тыс есепке алады. Мердігер құрылғыларды монтаждаудан өткізу мүмкіндіктеріне қарай баланстан тыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кезең шығындарының есебі Мемлекеттік қаржы және мемлекеттік шығындар теориясы
Ұйымның есеп саясаты және қаржыландыру мәні
Тауардың экономикалық мазмұны
Қазақстан Республикасы инвестициялық іс – әрекетін бағалау
Қаржылық салымдар есебі
Геологиялық барлау жұмыстарына және пайдалы қазба кенорындарына өнеркәсіптік игеруге салынған инвестицияларының инвест жобаның тиімділігін бағалау
Инвестицияландыруға қатысу сипаты
ЖШС КӘСІПОРНЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКА ҚАРЖЫ АНАЛИЗІ ТИТАН НК
Менеджменттің тиімділігі
Корпорациялар қаржысының мазмұны және оларды ұйымдастыру
Пәндер