Салықтық бақылау және Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі маңызы



Мазмұны:
КІРІСПЕ

1. Қазақстан Республикасның слақ жүйесіндегі салық бақылау жұмысын ұйымдастырудың экономикалық мәні.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылаудың мәні
Салықтық бақылау түрлері, салықтық тексерулер және оларды жүргізу тіртібі мен ұйымдастыру
Салықтық бақылаудағы шетел тәжірибесі

2. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылау әдістері мен талдау
2.1. Салықтық бақылауды жүргізуді талдау
2.2. Салықтық бақылау әдістері
2.3. Салықтың есептелу, уақытылы болу және толық төлену дұрыстығын тексеру
2.4. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептеу әдісі

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Салықтық бақылау және Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі маңызы

Мазмұны:

КІРІСПЕ

1. Қазақстан Республикасның слақ жүйесіндегі салық бақылау жұмысын
ұйымдастырудың экономикалық мәні.
Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылаудың мәні
Салықтық бақылау түрлері, салықтық тексерулер және оларды жүргізу тіртібі
мен ұйымдастыру
Салықтық бақылаудағы шетел тәжірибесі

2. Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылау әдістері
мен талдау
2.1. Салықтық бақылауды жүргізуді талдау
2.2. Салықтық бақылау әдістері
2.3. Салықтың есептелу, уақытылы болу және толық төлену дұрыстығын
тексеру
2.4. Өсімпұлдарды, айыппұлдарды есептеу әдісі

3.
3.1. Мерзімінде орындалмаған салықтық міндеттемелерін қамтамасыз ету
тәртібі

Қорытынды

КІРІСПЕ
Салық түсімдерінің арқасында өмір сүретін мемлекет, бюджетке ақша
қаражатының толық және дұрыс түсуін қадағалайды. Осы тапсырманың орындалуын
әрдайым мемлекет тарапынан қадағалап, бақылау жасап отыру керек. Осындай
мемлекеттік бақылауды басқару механизімі тарапынан қаралады. Соның
арқасында салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың ең жақсы ұйымдастырылған
түрі болып келеді.
Салық бақылауы келесі көрсеткіштерімен бейнеленеді:
1) Салық бақылауы мемлекеттік бақылаудың бір түрі болады. Яғни салық
заңдамасының нормативтік актілерде көрсетілген бақылауды мемлекеттік
уәкілетті органмен жүзеге асырылады.
2) Салық бақылауы - қаржы бақылауы ретінде қаралады.
3) Салық бақылауы - мемлекеттік бақылаудың арнайы бір түрі болып
табылады, яғни салық бақылауын жүзеге асыруға құқығы бар органдар
қарастырады.

Салық бақылауының келесі элеметтері бар:
1. нені тексеру керек - ол бақылаудың субъектісін айқындайды.
2. Кімді тексереді - бақылаудың объектісін;
3. Не тексеріледі - бақылаудың затын;
4. Не үшін тексеріледі - бақылаудың мақсаты;
5. Қалай тексеріледі - бақылаудың әдісін.

Салық бақылаудың субъектісі болып салық бақылау жүзеге асыру құқы бар
мемлекеттің салық қызметі органдары табылады.
Салық бақылаудың объектісі болып салық заңдамасында салық міндеттемелері
жүктелген тұлғалар.
Салық бақылаудың заты болып тексеруші салық заңдамасында көрсетілген
міндеттемелерінің дұрыс орындалуын қадағалау.
Салық бақылаудың мақсаты болып:
1. салық заңдамасындағы бұзушылық факторларын анықтау;
2. кінәлі тұлғаларды анықтау және белгіленген заңды міндеттемелерге
айыптау. (привлекать)
3. салық заңдамасының бұзушылықтарын жою.
4. Жетіспейтін сомасын өндіріп алу түрінде мемлекеттің материалды
қызығушылықтарын қорғау.
5. Салық заңдамасының бұзушылықтарын хабарлау.
Салық бақылаудың әдісі болып оларды жүзеге асыруда нақты іс әрекеттер
табылады.

Көптеген негіздер бойынша салық бақылауы келесі классификациялауға болады:
• Жүзеге асырылу нысаны (формасы) бойынша:
1) непосредственный (тікелей)
2) опосредованный (жанама)
тікелей салық бақылауы ол салық объектінің өзінде, тексеруші салық
есептілігіне қатысты бастапқы құжаттарды тексеру мен талдаумен мінезделеді.

Опосредованный (жанама) салық бақылауы ол салық субъектісі мен салық
объектісі тікелей контактқа (жанасу) түспей жанама түрде мінездемеледі
және тексерушілер тек салық органдарына тапсырылған салық есептілігімен
жұмыс істейді.
• Жүзеге асырылу уақыты бойынша:
1) болжамды (предварительный)
2) ағымдағы (текущий)
3) жалғасы (последующий).
• Салық бақылауының ішкі және сыртқы мінездемесі бар:
Ішкі бақылау - ұйымның ішкі жүйесінде бақылаудың субъектісі мен объектісі
бір түйін болып табылса.
Сыртқы бақылау - ол бір-бірімен бағынышты емес субъектілер арасындағы
қатынас (Салық комитеті салық төлеушіні тексереді).

1.Қазақстан Республикасның слақ жүйесіндегі салық бақылау жұмысын
ұйымдастырудың экономикалық мәні.
1.1.Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі салықтық бақылаудың мәні

Бақылау мәселесі экономика ғылымында бірінші жоспарда тұр, яғни, өте
актуалды мәселе болып отыр. Бақылау мәселесін зерттеген көптеген
авторлардың көзқарастары бақылаудың-басқарудың құрамдас бөлігі екендігін,
оның кез – келген дәрежеде біліктіліксіз басқару мүмкін еместігін айтуда
түйісіп отыр, және де басқарылушы жүйе неғұрлым көпжақты және кәсіби болса,
соғұрлым бақылау да күрделі болуы тиіс. Кеңестік дәуірдің салық – қаржы
әдебиеттерінде бақылау мемлекеттік және қоғамдық өмірдің рәміздерінің бірі
ретінде, экономиканың дұрыс дамуының маңызды жағдайы ретінде қарастырылды.
Бақылаудың жан – жақты қажеттілігі, оның түрлері мен жүзігі асырылу
әдістері көрсетіліп отырды. Әсірісе мемлекеттік бақылау түрлері оның ішінде
мемлекеттік қаржы бақылауы терең зерттелді. Емлекеттік саяси, экономикалық
және әлеуметтік қайта құрулар сәйкес шешімдер мен ережелермен бекітіледі.
Олардың орындалуынсыз қоғам алға қойған мақсаттарына: экономикалық өсімге,
қаржы тұрақтылығына, азаматтардың өмір мүру деңгейінің көтерілге, олардың
қаіпсіздігіне және тағы сол сияқтыларға қол жеткізе алмайды. Біздің
ойымызша, бақылау дегеніміз кері байланыстың бір түрі бола отырып, сол
сәтте басқару шешімдерінің орындалуына катализатор бола алады. Бақарылу
объектісі туралы қажетті ақпаратты алып, оны талдау арқылы оған шаралар
қолдануға, яғни, жағдайды түзетуге бағытталған нормативтік актілермен
басқару шешімдерін қабылдауөажеттігі туралы шешімді қабылдауға болады. Ал
салықтық бақылау дегенде салық заңдылықтарының: Салық кодексі, және заңдық
нормативтік актілерді т.б. орындалуын бақылауды түсіне қажет. Негізгі
заңның бұзылмауын қадағалау – ол Заңның әрбір саласына қатысты жалпы
мемлекеттің міндеті. Құқықтық нормативтік актілерді шығарып және оның
орындалуын бақылауды жүзеге асыра отырып, мемлекет қоғамдық саяси жүйенің
субъектісі ретінде әрекет етеді. Сол арқылы мемлекеттік бақылау заң мен
тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді. Сол жағынан салық заңдылықтарының
сақатлуын бақылау басқа салдардан ешбір айырмашылығы жоқ. Сонымен қатар
салық заңдарын бақылау, мемлекеттің табысы болып табылатын салықтың түсуін
қамтамасыз ету құралы екендігін көрмеу мүмкін емес. Яғни, бұл дегеніміз
салықтық бақылаудың негізінде мемлекеттің материалдық қызығушылығы жатыр.
Басқаша айтар болсақ, егер бақа жағдайларда қоғамдақ қатынастарды реттей
отырып, мемлекет оған қатыспайтын болса, онда салықтық құқықтық қатынаста
мемлекет әрі реттей тұрып, оған қатынасады. Мұның барлығы басқа мемлекеттік
бақылау түрлерінен салықтық бақылаулың өз алдына ерекше жүгі бар екендігің
бөліп көрсетеді. Біздің ойымызша қорыта айтар болсақ, салықтық бақылау
мемлекеттік бақылаудың барынша жақсылап ұйымдастырылған түрінің бірі болып
табылады. Мысалы: салықтық бақылаудың ұйымдастырылуын экологиялық және
санитарлық сияқты бақылаулармен салыстыруға болмайды. Мұндағы мемлекеттің
материалдық қызығушылығы салықтық бақылаудың барлық аймағына қатысты
болады, яғни төленбеген салықтың салдары басқа экономикалық, әлеуметтік
сияқты салаларға да әсерін тигізеді. Қазіргі таңдағы экономистер салықтық
бақылауға төмендегіше белгілермен сипаттамалар береді.: Біріншіден,
салықтық мемлекеттік бақылаудың бір түрі болып табылады. Яғни, оны
мемлкеттің бақылау қызметін атқарушы мемлекеттік орган жүзеге асырады.
Сонымен бірге бұл мемлекеттік орган біржақты мемлекеттің органы ретінде
бөлініп, сол берілген функцияны атқарушы мүмкіндігіне ие. Екіншіден,
салықтық бақылау қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады. Қаржылық
бақылауға Худяков А.И.: бұл мемлекеттік және қоғамдық органдардың
орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорларының қалыптасуы, бөлінуі мен
қолданылуы процестерін тексеруге негізделген іс-әрекеті, деп анықтама
береді 2. Оны жүргізу барысында мекемелер мен кәсіпорындардың және
азаматтардың ақша қорларын заңды және мақсатты пайдалануын тексереді. Сол
арқылы экономика дамуына және халық жағдайын жақсартуға тиімді қолданылуын
қадағалайды. Салық бақылауын жүзеге асыру барысында мемлекеттің қаржылық іс-
әрекетіне бағытталған, ақша қорларын құруға кететін, осы мемлекеттің қаржы
жүйесінің құрамына кіретін табыстарды жинау болып табылады. Үшіншіден,
салықтық бақылау мемлекеттік бақылаудың арнайыланған түріне жатады. Бұл
бірінші кезекте салықтық бақылауды тек арнайы өкілетті орган ғана жүзеге
асыра алатындығынан көруге болады. Оның үстіне мемлекетіміз салықтық
бақылауды жүзеге асыруды тек арнайы орган жүзеге асыратындай еткен.
Салықтық бақылайдың арнайылылығын оның төртінші қырын – функционалдығы кез
– келген салықтық міндеттері бар заңды және жеке тұлғалардың олардың меншік
түрлеріне, ұйымдастыру құқықтық формасына және айналысатын іс түріне
қарамай кез келгені оның объектісі бола алтындығын көруге болады.Кейбір
салық – қаржы, экономикалық әдебиеттерінде: салықтық бақылаудың өздігінен
айтарлықтай күрделі ұйымдық жүйе болып табылатындықтан және төмендегіше
элементтерден: а) бақылау субъектісі; б) бақылау объектісі; в) бақылау
тақырыбы мен пәні; г) бақылау мақсаты; д) бақылауды жүзеге асыру
әдістерінен тұратындығын білеміз. Салықтық бақылаудың субъектісі дегеніміз
мемлекеттің салық қызметі, яғни , тек салықтық тексеру жүргізуге құқығы бар
орган – салық комитеті. Салық бақылауының объектісі болып, салық
заңдылықтары бойынша заңды міндеттемелер жүктелген тұлғалар. (*О финансовом
контроле А. И. Худяков. Фин.право РК, 1995. А.с. 189.) табылады. Оларға
төменгі негізгі топтарға жатқызуға болады: 1) салық төлеушілер; 2) салық
агенттері; 3) банктер; 4) салық төлеуші туралы ақпараттары бар тұлғалар.
Салықтық бақылаудың тақырыбы дегеніміз тексерілушінің салық заңдары, Салық
кодексі, заңдық нормативтік актілер және де ресми құжаттар бойынша атқаруға
тиіс, орындайға тиіс міндеттері.Салық бақылаушының мақсаты:1) салық
заңдарын бұзушылық фактілерді немесе салықтық құқықтық қатынастарда
қатысушының өз міндетін сапасыз орындалғанын анықтау; 2) айыптыларды
анықтау және оларды заңда бекітілген жауапкершілікке тарту; 3) салық заңын
бұзушылықты жою; 4) қарыздарды өндіру бойынша шаралар қолдану түріндегі
мемлекеттің материалдық пацдасын қорғау; 5) салық заңын бұзушылықтардың
алдын алу. Соңғы мақсат бойынша айтар болсақ салықтық тексеру барысында
тіпті заң бұзушылық болмағанның өзінде де салық төлеуші өзі де салықтық
міндеттемелердің орындалуын мұқият қадағалап отыратын болады. Салықтық
бақылауды әр түрлі аспектілерде: ұйымдастыру, әдістемелік, техникалық
жағынан қарастыруға болады. Салықтық бақылаудың әдістемесіне келер болсақ
бұл дегеніміз нақты жүзеге асырылатын әдістер мен айлалар. Салықтық
бақылауды әр түрлі негіздерін құрай төмендегіше жіктеуге болады. Салықтық
бақылауды жүзеге асыру формасы бойынша: 1)тікелей бақылау; 2) сырттай
бақылау деп бөлуге болады. 1) Тікелей салық бақылауына біріншіден тексеру
бақылау объектісінде өтетіндігінен, екіншіден тексеруші тұлға алғашқы
құжаттармен, салықтық есепке қатысты құжаттарды тексеруін талдау
жасайтындығымен сипаттауға болады. Бұл салық бақылауына құжаттық тексеру
рейдтік тексеру, хронометраждық тексеруді жатқызуға болады. 2) Сырттай
салық бақылауды: біріншіден бақылау субъектісі мен объектісі тексеру
жүргізу кезінде байланысқа түспеуі мүмкін, яғни сырттай тексеру жүргізіле
беретіндігінен сипатталады. Яғни тексеруші негізін есептіліктермен жұмывс
істейді. Бұл салықтық бақылауға камералдық тексеруді жатқызуға болады.
Салықтық бақылау ішкі және сыртқы сипатта болады. Ішкі бақылау түрі –
бақылау субъектісі мен бақылау объектісі бір ұйымдық жүйенің бөлімдері
болған жағдайда жүргізіледі. Мысалы, Министрлік өзіне қатысты
ведомстволарды өз салық міндеттемелерін, заңдылықтырын қалай орындап
жатқандығын тексереді. Сыртқы бақылау өзіне қарасты емес субъектілерге
қатысты жүзеге асырылады. Мұндай бақылау салық комитеті органдарының
тексеруіне тән. Салықтық бақылаудың ішкі бақылау түрі қажет екендігі
күмәнсіз: әрбір салық төлеуші өзінің алықтық міндеттемелерін толық және дер
кезінде орындауға ұмтылуы керек. Бірақ бұл бақылауды ішкі бақылау
мемлекеттік бақылау деп айтуға да болмайды – мұнда салық төлеуші өзін - өзі
бақылайды. Сондықтан ішкі шаруашылық бақылау қажет бола тұрса да, оның
салық тәртібін жақсартуға әсері бар болса да, оны салықтық бақылауға
жатқызуға болмайды. Салықтық бақылау тек салықтық қатынастырға ғана билеуші
және бағынушы моделі түрінде жүзеге асырылып отырады, мұнда бақылаушы
мемлекеттік, яғни, мемлекет өкілеттік берген салық органы болып табылады
3. Салықтық бақылау негізінен үкім орындаушы органының іс-әрекеті арқылы,
ал нақтылай айтқанда – мемлекеттік салық органы арқылы ғана іске
асырылады1. Бірақ құқық қрғау органдары да салықтық бақылау жасай
алатындығын айтпауға болмайды, тек салық органының қатысуымен. Салық
жүйесінің тиімді болуы экономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік
береді. Салық жүйесінің тиімділігін арттыру үшін бірінші кезекте салықтық
бақылауды жетілдіру қажет екендігі түсінікті. Яғни, салық органы жұмысында
салық бақылауын ұйымдастыру жоладын тұрақты түрде дамытып, әрқашан жаңа
әдістер ізденіп отыруы арқасында мәселелерді шешудің нақты жлдарын
анықтаса, салықтық бақылауға оң әсерін тигізер еді.

1. ҚР Салық және тағы да басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы
Кодексі. 2001 ж. (бүгінгі күнге дейінгі толықтырулар мен оөгерістер).
2. А. И. Худяков, Г.М. Бродский. Теория налогооблажения. Алматы 2002 жыл.
Изд. Норма-К
3. Бухгалтер бюллетені. №17. 2004 жыл.

1.2.Салықтық бақылау түрлері, салықтық тексерулер және оларды жүргізу
тіртібі мен ұйымдастыру
Салық бақылаудың түрлері.
Салық бақылауы - салық қызметі органдарының салық заңдарының
орындалуын, ЖЗҚ-на міндетті зейнетақы жарналарының, мемлекеттік әлеуметтік
сақтандыру қорларына әлеуметтік аударымдардың толық және уақытылы
аударылуын бақылауы.
Салық бақылауы тек салық заңдамасындамасын орындалуын, МЗЖ-на уақытылы
және толық аударылуын ғана тексеріп қоймайды, сонымен қатар, басқа да
міндетті төлемдердің дұрыс және толық төленуін, ҚР заңдамасындағы
бұзылушылықтарды жоюды бақылап қадағалап отырады.
Салық бақылауының міндеті мен тапсырмалары әр түрлі болады. Соның
ішінде негізгі мақсаты - мемлекеттің кіріс бөліміне табысты енгізу, ҚР
заңдамасының бұзылушылықтарын жою, салықты төлемеуді болдырмау.
Салық бақылауы:
1) салық төлеушілерді тіркеу есебі;
2) салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді
есепке алу;
3) бюджетке түсімдері есепке алу;
4) ҚҚС төлеушілерді есепке алу;
5) Салық тексерістері;
6) Камералдық бақылау:
7) Салық төлеушілердің қаржы-шаруашылық қызметі мониторингі;
8) Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану ережелері;
9) Акцизделетін тауарлардың кейбір түрлерін таңбалау және акциздік
постыларды белгілеу;
10) Мемлекет мешігіне аударылған мүлікте есепке алу, бағалау және
сату тәртібін сақтауды тексеру;
11) Уәкілетті органдарға бақылау жасау нысандарында жүзеге
асырылады.
Жоғарыда көрсетілген салық бақылауы нысандарын бақылау тек салық
қызметі органдары жүзеге асырылады.
Салық органдары – ол облыстар бойынша, Астана және Алматы қалалары
бойынша және райондағы қалалардағы салық комитеттері, районаралық салық
комитеттері.

Салық тексерулері

Салық тексеруі - Қазақстан Республикасы салық заңдамасының
орындалуын салық қызметі органдары жүзеге асыратын тексеру түрі.
Салық төлеушілер қызметін мемлекеттік бақылауда негізгі әдісі болып
салық тексерісі табылады. Ұйғарымда көрсетілген салық қызметі органдарының
лауазымды адамдары, осы Кодекске сәйкес тексеруді жүргізуге тартылатын өзге
де адамдар мен салық төлеуші салық тексерулеріне қатысушылар болып
табылады.
Салық төлеушілері салық тексерісінен өтеді, өйткені осы бақылаудың
түрі мемлекет тарапынан жүзеге асырылады.
Салық қызметі органдары салық кезеңі өткеннен кейін 5 жыл ішіндегі
есептелінген салық сомаларын қарауға немесе есептеуге құқылы, ол салық
кодексінде айқын көрсетілген. Сонымен, салық төлеуілер қызметінің 5
күнтізбелік жылдан көп емес кезеңді тексере алады.
Салық қызметі органдары салық тексерістері кезінде келесі жағдайларды
ұстану керек:
Тексерістің мерзімділігін
Тексеру мерзідігін
Нұсқаманы (предписания) белгіленген нысанда толтыру
Нұсқамада көрсетілген тексерудің мерзімін бұзбау
Салық тексеру актісін беру
Өсімпұлдар, айыппұлдар, салық және басқа да міндетті
төлемдер сомасын есептеу туралы хабарламаларды беру
Салық заңдамасындағы бұзушылықтарды жою хабарлдамасын беру
Алға қойылған мәселелер бойынша маман қорытынды жасайды,
ол салықтық тексеру әдісіне қоса беріледі.
Салық тексерулерін салық қызметі органдары ғана жүзеге асырады.
Салық төлеушінің мынадай жағдайларда, егер:
Нұсқама белгіленген тәртіппен тапсырылмаса не рәсімделмеген болса;
Нұсқамада көрсетілген тексеру мерзімдері әлі басталмаған немесе өтіп
кеткен болса;
Бұл адамдар нұсқамада көрсетілмеген болса;
Тексерілетін салық кезеңіне қатысы жоқ құжаттамалар сұратылса, салық
органдарының лауазымды адамдарын салық тексеруін жүргізу үшін аумаққа
немесе үй-жайға жібермеуге құқығы бар.
Салық кодексінде салық тексерулерінің мынадай түрлерге қатаң бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтік тексеру;

хорнометраждық тексеру;

Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және
уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері
бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында
аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының
салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі
туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.
Рейдтік тексеруді салық қызметі органдары жекелеген салық төлеушілерге
қатысты олардың Қазақстан Республикасы заңдарының жекелеген талаптарын,
атап айтқанда:
1) салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
2) фискалдық жады бар бақылау- касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензияның, біржолғы талонның және өзге де рұқсат ету құжаттарының
болуы;
4) салық қызметі органдарының құзыретінде болатын акцизделетін тауарлардың
жекелеген түрлерін және қызмет түрлерін лицензиялау ережелерін және өндіру,
сақтау мен өткізу шарттарын орындау мәселелері бойынша жүргізіледі.
Хронометраждық зерттеуді салық органдары салық төлеушінің нақты
кірісін және кіріс алуға байланысты нақты шығындарды анықтау мақсатымен
жүргізеді. Хронометраждық зерттеу уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен
тәртіппен жүргізіледі.
Салық тексеруін жүргізу, Қазақстан Республикасының заң актілерінде
белгіленген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушінің қызметін тоқтатпауға
тиіс.
Салық органы заңды тұлғаның өзіне салық тексеруінің жүргізілуіне
қарамастан заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелерін тексеруге құқылы.

Камералдық бақылау.
Камералды бақылауды жүргізу тәртібі

Камералдық бақылау – салық төлекушілер берген салық есептелігін және
басқа да құжаттарды зерделеу мен талдау негізінде тікелей салық органы
жүзеге асырылуын бақылау.
Камералдық бақылау тікелей салық органының орналасқан жері бойынша
жүзеге асырылады.
Камералдық бақылау салық есептілігінің толық тексерілуін салық
есептілігіне қатысты бағаналар мен қатарлардың дұрыс толтырылуын, салық
ставкаларының дұрыс таңдауын және қолдануын шағын бизнес субьектілері үшін
көзделген шарттарды, сондай-ақ есептік көрсеткіштердің арифметикалық
өлшемдерінің жүзеге асырылуын енгізеді.
Камералдық бақылаудың мақсаты – КТС, әлеуметтік салық, ҚҚС бойынша
есепті декларацияның өзара байланысын жүргізу, жергілікті салықтың
декларациясын жүргізу және құжаттық тексеріс кезінде көрсетілген
мәліметтерді қолдану үшін жүргізілуін белгілеу міндетті шарт камералдық
бақылаудың салық төлеушінің барлық жеке шоты бойынша басылымның тексеріс
кезеңі дұрыс орындалуы болып табылады.
Камералдық бақылаудың нәтижесі болып акт немесе анықтама табылады.
Егер де салық есептілігін толтырған жағдайда қателіктер табылған
болса, мәліметтер арасында қайшылықтар, сондай-ақ шағын бизнес субьектілері
үшін көзделген шарттарды асыра пайдаланған кезде, салық төлеушіге
камералдық бақылау нәтижесі бойынша жалпыға бірдей белгіленген тәртіпке
көшуі үшін хабарлама жібереді.
Осындай жағдайда салық бұзушылықтары анықталған күннен 2 жұмыс күннің
ішінде салық қызметі органдары салық төлеушіге бұзушылықты жою туралы
хабарламаны жіберу керек.
Камералдық бақылау нәтижесі бойынша хабарламаны салық төлеуші
берілген күннен 10 жұмыс күн ішінде орындауы тиіс.
Бұндай камералдық бақылау әдісімен салық төлеушілер көп ұшырасады,
соның нәтижесінде қателіктерден сақтануға, сондай-ақ құжаттық тексерістен
өтетін салық төлеушіні анықтауға мүмкіндік береді.

Рейдтік тексерісті жүргізуді ұйымдастыру.

Рейдтік тексеріс – салық қызметі органдары жекелеген салық
төлеушілерге қатысты олардың ҚР-сы заңдарының жекелеген талаптары, атап
айтқанда:
1) салық төлеушілердің салық органдарында тіркеу есебіне қойылуы;
2) фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданудың дұрыстығы;
3) лицензия, біржолғы талонның және өзге де рұқсат құжаттарының
болуы.
4) Акцизделетін өнімдерді өндіру, сақтау және сату ережесін сақтауы
талаптарын орындалуы мәселелері бойынша жүргізеді.

Рейдтік тексеріс бірнеше салық төлеушілердің (мысалы, салық
тексерістердің орналасуы бойынша бір көшеде немесе түнгі клубтарда, бірнеше
тексерістердің жүргізілді, күрделі магазиншағынаудандар және т.б).
Сондықтан салық төлеушілердің тізімдемесін нұсқамаға кіргізу үшін өте көп.
Салық төлеушілердің рейдтік тексеріс жүргізу барысында толық атауы және
салық төлеушінің тіркеу нөмірін (РНН) нұсқамаға жазбауға салық органдарға
құқық берілген, бірақ сол тексерілуге жататын территориядағы және сондай
нұсқамада қарастырылатын сұрақтар шегінде.
Салық тексерулерін жүргізудің мерзімділігі салық кодексінде 534-
бабында, рейдтік тексеріс бойынша таратылмайды. Салық органдары рейдтік
тексерісті міндетті түрде жүргізуге құқысы бар, яғни салық төлеушінің
бастапқы тексерісі қашан және қай жағдайында қарамастан.
Рейдтік тексеріс салық төлеушіге нұсқама берілген кез салық тексеруін
жүргізудің басталуы болып есептеледі. 537-баптың 4-тармағына сәйкес рейдтік
тексеру жүргізілген кезде салық төлеушіге танысу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы
көрсетіледі және оған танысқаны туралы белгі, яғни қол қояды, сонымен
қатар, оның көшірмесі салық төлеушіге беріледі.
Салық бұзушылылықтарды анықтау жұмысы тұрақты, жүйелілік
(систематизированный) мінезді және мобильдік қарау топтармен (МҚТ)
(мобильными группами наблюдения МГН) жүзеге асырылады. Аталған топтар
салық комитетінің арнайы бөлінген қызметкерлерді айқындайды, салық қызметі
органдарының символданған автокөлігімен қамтамасызданған.
Салық органдарына маңызды мәселесі болып табылатын ол – рейдтік
тексерістің нәтижесі. Рейдтік тексерісінің нәтижесінде салық тексерісінің
актісі толтырылады. Егер салық тексерісінде нәтижелері бойынша бұзушылықтар
анықталса, онда салық қызметі органдары салық төлеушіге хабарлама жібереді,
сонымен қатар, әкімшілік жауапкершілікке тарту шаралары қолданады.

Фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолдану

сұрақтары бойынша рейдтік тексерісті қолдану тәртібі.

Фискалық жады бар бақылау-касса машиналарын тексеріске кіріспес бұрын
БКМ-ң түсінігіне тоқталайық.
ҚР аумағында сауда операцияларын жүзеге асыру кезінде немесе қолма-қол
ақша, банктік төлем карточкалары, чектер арқылы қызмет көрсеткенде ақшалай
есеп айырысу міндетті түрде фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарын
қолдану және бақылау чегін беру арқылы жүргізілінеді.
Бірақ:
- жеке кәсіпкер біржолғы талон негізінде немесе патент негізінде
жүзеге асырылатын;
- егер салық төлеуші жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткен
кезден бері 6 ай өтпеген болса;
- егер салық төлеуші квитанцияларды, билеттерді, талондарды, почта
төлемі берілген немесе құзыретті мемлекеттік орган енгізген
қорытынды негізінде уәкілетті мемлекеттік оргн бекіткен нысандар
бойынша чектерге теңестірілген басқа да қатаң есептілік құжаттарын
бере отырып, халыққа қызмет көрсетуіне қатысты ақшалай есеп
айырысуларына қолданылмайды.
- Адвокаттардың ақшалай есеп айырсуларына қолданылмайды.
Фискалдық жады бар БКМ қолану кезінде талаптар:
• Фискалдық жады бар БКМ тіреу карточкасын беру;
• Техникалық қызмет көрсетуге ФЖ бар БКМ қою жүзеге асырылады;
• ФЖ бар БКМ – ң чегін беруге жүзеге асырылады;
• ФЖ бар БКМ-на салық органдарының енуі қамтамасыз етіледі.
Алғашқы кезеңде мобильдік топ қызметкерлер сыртынан бақылайды. Мұнда
салық төлеушінің фискалдық жады бар бақылау-касса машиналары жоқ не
қолданбайтын субъектілерді анықтайды. Осы этапа бақылау-касса машиналарын
тексермейді, ал тек қана визуалды бақылауда бұзушылықтардың мінездемелерін
және сол бойынша ақпарат жиналады.
Жиналған ақпаратты талдау мақсатында белгіленген салық төлеушілердің
тобы анықталады. Содан кейін, бақылау-касса машиналарын дұрыс қодану сұрағы
бойынша рейдтік тексеріс өтеді.
Қазіргі уақытта салық қызметкерлері (контрольных закупов) сатып алу
бақылауын жасамайды, олар тек басқа адамдар сатып алу жолын қадағалап
отырады. Салық комитеті қызметкерлерінің көз алдында салық төлеуші жай
сатып алушыға ақырғы есеп бергеннен кейін ғана, олар өздерінің қызмет
куәлігін көрсетеді.
Содан кейін салық төлеушіден келесі құжаттарды сұралынады:
• Шағын бизнес субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу куәлігін;
• Фискалдық жады бар бақылау – касса машиналарының қлдануға есептік
карточкасын;
• Ақша қаражатының қозғалу есебінің кітабын;
• Жұмыскерлермен жасалған келісім-шартын.
Осыдан кейін, кассадан ақша алынады, яғни тексеріс уақытында түскен
ақша жазылынып алынады. Бірақ, бұл қаражатты салық төлеуші өзі санап, ал
салық комитетінің қызметкерлері дұрыс саналуын қарап отырады.
Келесі жол болып БКМ бойынша Z-есебінің чегі печатетіледі. Ол чекте
тексеріске дейін түскен ақша сомасы көрсетіледі.
Келесі этап болып тексеріс кезінде, Z-есебін кассадан ақшаны алған
кездегі сомасымен салыстыру табылады. Осы кезде есеп пен касса сомасы тең
болу керек.
Барлық анықталған келіспеушіліктер мен бұзушылықтар рейдтік тексеріс
актісінде көрсетілу керек. БКМ қолданған жауапты тұлғада салық тексерісі
кезінде заңдылық бұзушылықтар болса, әр бұзушылықтарға жазбаша түрде
түсініктеме алынады.
Егер бұзушылықтар анықталатын болса, онда салық төлеушіге әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істі қарастыру жері, мерзімі және мезгілі туралы
хабарлану керек.

Хрономераждық зерттеу

Хронометраждық зерттеу – (хроно – уақыт (время), метр - өлшеу
(измерять) салық органдарымен нақты кірісін және кіріс алуға байланысты
нақты шығындарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Хрономераждық зерттеуді жүргізудің негізі салық органдарымен шығарылған
нұсқама болып табылады.
Хрономераждық зерттеу мынадай жағдайларда жүргізіле алады:
1. кешенді және тақырыптық тексеру барысында;
2. салық төлеушінің өтініші бойынша;
3. салық органдарының шешімі бойынша.

Хрономерраждық зерттеуді жүргізер алдында салық төлеушіге салық қызметі
органының лауазымды тұлғасы қызметтік куәлігін көрсетуге міндетті және
хрономераждық зерттеуді жүргізу үшін нұсқаманың тұпнұсқасы табыс етіледі.
Нұсқаманың көшірмесіне салық төлеуші (салық агенті) нұсқамамен танысқаны
және оны алғаны туралы белгі қояды. Салық тексерулерін жүзеге асыру
кезеңінде тексерілетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне салық
төлеушінің өзгерістер мен толықтырулар енгізуіне жол берілмейді. Сонымен
қатар, хрономераждық зерттеу барысында салық төлеуші тауарлардың
(көрсетілген қызметтердің) бағасын өсу жағына түзетулер енгізбеу керек.
Талас сұрақтарды тудырмас мақсатында хрономераждық зерттеуді жүргізуде
салық төлеушінің өзі немесе оның уәкілетті өкілі СК 14-бабында белгіленген
тәртіпте әрекет ететін.
Хронометраждық зерттеуді жүргізу мерзімі 7 күннен кем емес және СК 535
бабында белгіленген мерзімнен аспауы керек. Хрономераждық зерттеуді жүргізу
мерзімі салық қызметі органының бірінші басшысымен немесе оның
орынбасарымен белгіленеді. Белгіленген мерзімге демалыс күндері мен мейрам
күндері де тіркелуі мүмкін. Егер тексерілетін салық төлеуші белгіленген
мерзімдерде қызметін жүзеге асыратын болса, сонымен қатар тексеру жұмыс
тәртібінен тыс жүргізілуі мүмкін (вне зависимости от времени суток).
Хронометраждық зерттеу 1жылына 4 реттен кем емес жүргізілуі тиіс.
Хронометраждық зерттеу бойынша сұрақтар өз бетімен (самостоятельно) салық
қызметі органдарымен анықталады. Сонымен қатар міндетті түрде тексерілуі
тиіс:
1. салық салу объектісі мен (немесе) салық салуға байланысты
объектілер;
2. салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектілерге
қатысты қолма-қол ақша, ақша құжаттары, бухгалтерлік кітап, смета,
бағалы қағаздар, декларациялар, есеп-қисап және басқа да құжаттар;
3. табыс алу үшін қолданылатын кез келген салық салу объектілері мен
салық салуға байланысты объектілер. Керек жағдайда салық қызметі
органы салық төлеушінің тауарлы-материалдық құндылықтарын тексеруге
құқығы бар;
4. фискалдық жады бар бақылау-касса машиналарының фискалдық есебі
(отчет).

Тексеруші салық төлеушіден зерттеуге керек келесі бухгалтерлік
құжаттарды талап етеді:
- бас кітап немесе айналым баллансы;
- банкілік және кассалық құжаттар;
- жалдамшы жұмыскерлердің еңбек келісімдерін;
- еңбек ақы бюойынша төлем-есеп ведомості
- жеке кәсікердің табыс есебі кітабын;
- кассир-операционисттің кітапшасын, ақша қаражаты есебінің
кітапшасын, жұқа чектер есебінің кітапшасын.

Хронометраждық зерттеуді жүргізу барысында салық қызметі органының
лауазымды тұлғалары зерттеуден алынған мәліметтерді хронометраждық-бақылау
картасына күнделікті толық және нақты түсуін бақылау керек. Әр салық салу
объектісіне және салық салуға байланысты объектіге сонымен қатар әр табыс
көзіне бөлек хрономераждық – бақылау картасы құрылады. Ол келесі
мәліметтерден тұрады:
1) салық төлеушінің атауы, тіркеу нөмірі және қызмет түрі;
2) зерттеу жүргізілген күні;
3) салық салу объектінің орналасқан жері;
4) хронометраждық зерттеудің басталғанжәне аяқталған уақыты;
5) салық салу объектісі және өндірілген тауар (көрсетілген қызмет)
құны;
6) зерттелген салықсалу мәліметтері;
7) зерттеудің қорытындысы;
8) күн басына және күн аяғына кассалық-бақылау машиналарының
көрсеткіштері;
9) басқа да мәліметтер.
Күн сайын тексеру аяқталған күн бойынша салық салу объектісі мен салық
салуға байланысты объектілер, сонымен қатар табыс алу көздері бойынша еркін
кесте құралтырылады.
Хронометжардық – бақылау картасы мен еркін кестеге салық қызметі
органның лауазымды тұлғасы мен салық төлеуші қол қояды.
Хронометраждық зерттеудің аяғында күнделікті өгей кестенің негізінде әр
салық салу объектісі тексерілген кезең бойынша алынған табыстар мен нақты
кеткен шығыстардың нәтижесіне шығады. Анықталған орташа мәліметтер
негізінде салықтексерісіне дейінге іс жүзіндегі табыстармен табыс алуға
байланысты есептелген шығыстар және төленуге тиісті салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдердің салық төлеушімен байланысты олардың
толықтылығы анықталады.
Хронометраждық зерттеу аяқталған соң акт құрастырылады.
Онда мыналар көрсетіледі:
1) нұсқманың нөмірі мен күні, хронометраждық зерттеуді жүргізілген
орны, акт жасалған күні;
2) хронометраждық зерттеуді жүзеге асырған салық қызметі органының
лауазымды тұлғаларының толық аты-жөні, қызметі;
3) салық төлеушінің толық атауы немесе аты-жөні;
4) салық төлеушінің орналасқан жері, банктік деректемелері, сондай-ақ
оның тіркеу нөмірі;
5) салық төлеушінің салық есептілігі мен бухгалтерлік есептілікті,
салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуін
қамтамасыз ететін жауапты басшысы мен адамдарының тегі, аты,
әкесінің аты;
6) алдыңғы жүргізілген тексеру мен бұрын анықталған салық заңдарын
бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы мәліметтерді;
7) тексерілетін салық кезеңін және тексеру жүргізу үшін слық төлеуші
табыс еткен құжаттар туралы жалпы мәліметтерді;
8) хронометраждық зерттеудің нәтижесі.

Хронометраждық зерттеу бойынша акт негізінде салық қызметі органдары
артық төленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің сомсын бюджеттен
салық төлеуші арнаулы салық режимінде қызметін патент бойынша жүзеге
асыратын шағын бизнес субъектілеріне қайтарылады. Салық төлеушіден кешенді
және тақырыптық құжаттық салық тексерулері және басқа да шаралар заңға
қайшы келмейтіндей хронометраждық зерттеудің қорытындылары пайдаланылады.
Салық төлеушінің хронометраждық зерттеу нәтижесі кешенді және
тақырыптық құжаттық салық тексеруін жүргізудің нәтижесінде салық және
бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген сомалары
тіркелген кезде саналады.
Хронометраждық зерттеу актісі 2 дана етіп жасалады және оған салық
тексеруін жүргізген салық қызметі органдарының лаузымды тұлғалары қол
қояды. Сонымен қатар ол салық тексеруі актілері мен хабарламаларын
тіркейтін арнаулы журналда тіркеледі. Актінің бір данасы салық төлеушіге
тапсырылады. Салық төлеуші актіні алған туралы белгі қоюға міндетті. Салық
қызметі органдары хронометраждық зерттеуді аяқтаған соң салық төлеушінің
тексерілетін есептілік кезеңін талдау жасап, басқа да салық есептілік
нысандармен салыстырып, жеке есеп шоты мен т.б. құжаттардан деректемелер
алып салық және басқа да міндетті төлемдерден кемшіліктер байқалатын
жағдайларда керек шаралар қолданады.

. Құжаттық тексерісті жүргізуді ұйымдастыру.

Салық тексеруі мынадай түрлерге бөлінеді:
1) құжаттық тексеру;
2) рейдтік тексеру;
3) хорнометраждық тексеру;
Құжаттық тексеріс – салықтық тексеріс түрлерінің маңызды және ең
қиынтарының бірі болып табылады.
Құжаттық тексеру мынадай түрлерге бөлінеді:
1) кешенді тексеру - салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын
тексеру;
2) тақырыптық тексеру - салық міндеттемесінің салықтың жекелеген түрлері
және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша орындалуын;
міндетті зейнет ақы жарналарын жинақтаушы зейнет ақы қорларына және
әлеуметтік аударымдарды Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына толық және
уақытылы ұстап қалуды және есептеуді;
банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге
асыратын ұйымдардың осы Кодексте белгіленген міндеттерді орындауын;
трансферттік бағаларды қолдану кезінде мемлекеттік бақылау мәселелері
бойынша;
акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерінің өндірілуі мен айналымын
мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша тексеру;
3) қарсы тексеру - егер салықты тексеруді жүргізу кезінде салық органында
аталған тұлғаларға байланысты салық төлеушілердің жүргізген операцияларының
салық есебінде дұрыс көрсетілуі туралы қосымша ақпарат алу қажеттігі
туындаған жағдайда үшінші бір тұлғаларға қатысты жүргізілетін тексеру.

Тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау.

Салықтық тексерістер салықтық қызмет ұйымдарымен тексеріс кестесінің
(жоспардың) негізінде жүзеге асырылады. Аталған кестені құру кезінде
тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау салықтық заңдамасының
негізінде әзірленген таңдау критериялары бойынша жүргізіледі.
Таңдау жолы:
- салық төлеуші ұсынған салықтық есептілікті талдау және камералды
тексерістері;
- салықтық есептіліктің белгілі-бір жолдары бойынша, салықтың түрлері
бойынша деректердің келісуін тексеру, олар салықтық заңдамаға сәйкес
салыстырылуы тиіс.
Қазіргі уақытта тексеріске жататын салық төлеушілерді таңдау
электрондық режимде жүргізіледі, яғни деректер базасы қалыптасады.
Деректер базасына әрбіз заңды тұлға бойынша мына сипаттамаларды
тапсыру қажет:
1) салық төлеуші туралы жалпы мәліметтер:
- кәсіпорындардың атауы және оның СТН-ны,
- салық төлеуші бақылауда тұрған салықтық комитеттерінің коды,
- салықтық тіркелу мерзімі, яғни салықтық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салықтық құқықтық нормалар
САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ МАЗМҰНЫ МЕН ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі жайында
Салық құқығының түсінігі және оның пәні. Салық құқығының жүйесі, қайнар көздері
Қаржы заңдарының жүйесі мен даму ерекшеліктері
Заңды тұлғалардан ұсталатын салық
Қазақстандағы салықтық бақылау
Салықтық бақылаудың классификациясы
Казакстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер
Салықтық бақылауды ұйымдастырудың теориялық аспектілері
Пәндер