Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қолдану



Мазмұны
Реферат
Кіріспе

1 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
1.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісі
1.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы бөлімінің нормаларында қолданылуы

2.1 Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қолдану
2.2 Қылмыстық заңның кері күшін шын өкінуіне байланысты қолдану
2.3 Қылмыстық заңның кері күшін жәбірленушімен татуласуына байланысты қолдану
2.4 Қылмыстық заңның кері күшін жағдайдың өзгеруіне байланысты қолдану

3 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің нормаларында қолдану

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер және нормативті.актілер

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Реферат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1 Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.1 Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи
аспектісі
1.2 Қылмыстық заңның кері күшінің Қылмыстық кодексі Жалпы
бөлімінің нормаларында қолданылуы
2.1 Қылмыстық заңның кері күшін ескіру мерзімінің өтуіне
байланысты қолдану
2.2 Қылмыстық заңның кері күшін шын өкінуіне байланысты қолдану
2.3 Қылмыстық заңның кері күшін жәбірленушімен татуласуына
байланысты қолдану
2.4 Қылмыстық заңның кері күшін жағдайдың өзгеруіне байланысты
қолдану
3 Қылмыстық заңның кері күшін Қылмыстық кодекстің Ерекше
бөлімінің нормаларында қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 23
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
Қолданылған әдебиеттер және нормативті-актілер ... ... ... ... ... 32

Реферат

Бітіру жұмысы кіріспеден, 3 тараудан, 5 тараушадан, қорытынды бөлімнен
және қолданылатын әдебиеттер және нормативті актілерден тұрады.
Бітіру жұмысында қолданылған түйінді сөздер: преюдиция, әкімшілік
преюдициясы, аралық заң, арнайы норма т.б.

Кіріспе

Бұл бітіру жұмысы қылмыстық құқықтағы өзекті тақырыптардың біріне
арналған. Қылмыстық заңның негізгі ұғымдарын, белгілерін, қылмыстық заңның
кері күшін, кері күштің ҚР ҚК Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында
қолдануға арналған.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін жариялаумен бірге елімізде
саяси, экономикалық және әлеуметтік салаларда түбегейлі өзгерістер жүруде.
Жалпы халықтық референдум арқылы Қазақстан Республикасының Жаңа
Конституциясы қабылданды[1].
Мемлекет басшысы Н. Назарбаев 18 ақпан 2005жылы Қазақстан халқына
жолдауында былай деп айтты: біздің Конституциямыз әлемде демократиялық
қоғамның негізгі міндеттеріне сәйкес келеді және мойындалады,- деді.[2]
Конституциялық ережелерге және қағидаларға сүйене отырып жұмыс істеп
тұрған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі өзіне қылмыстық заңның
уақытта және кеңістікте қолданылатын бірқатар ережелерін қосады. Осы ҚР ҚК
бірінші рет іс-әрекеттің жасалу уақыты болып зардаптың туындау уақытына
қарамастан қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасау уақыты саналады деп көрсеткен.
Сонымен бірге 1959ж. ҚазССР Қылмыстық кодексі алғаш рет неғұрлым қатал
заңның кері күші болмайды десе, ҚР ҚК сәйкес сотталынған адамның жағдайын
нашарлататын жағдайға немесе заңға кері күш болады дейді, соның ішінде
жазаны өтеген немесе жазаны өтеп болған, бірақ соттылығы бар адамға
қолданылады.
Сонымен жоғарыда айтылған мән-жайлар бітіру жұмысының өзектілігін
дәлелдеп тұр. Бітіру жұмысында отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері
пайдаланылды. Қылмыстық құқықтың бірден бір қайнар көзі ретінде Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексін танимыз. Сондықтан да қылмыстық заңның
кері күшінің ұғымын, қағидаларын білу маңызды.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және жеңілдету қылмыстық заңнамада
көптеген іс-әрекеттерді қамтиды, оның ішінде қоғамға қауіпті іс-әрекетті
қамтиды, тарылту қылмыстық құқықтың Жалпы және Ерекше бөлімі нормаларында
қолдануға жол беріледі.
Қылмыстық жауаптылықты тарылту және азайту барлық қылмыстарға қатысты
қолданылмайды, әсіресе ауыр қылмыстық әрекеттерге заңнаманы әлсірету.
Қылмыстық жаза тек сот үкімімен қолданылады:
1) қылмыстық жауаптылық және жазаға тек нақты іс-әрекеттер жасаған
жағдайда қолданылады;
2) олар тек объективті қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер үшін ғана
жауапкершілікке тартылуы мүмкін;
3) осы іс-әрекеттер қылмыстық заңмен көзделінген;
4) қылмысты жасаған тұлғалар ғана жауаптылыққа тартылады, осы іс-
әрекеттерді қасақана немесе абайсызда жасаған адамдар жауаптылыққа
тартылады.
Жауапкершілік әр кездері заңның қатал шеңберімен шектеледі, нақтырақ
айтқанда қылмыс жасауды көздеген санкция шеңберінде қаралады.
Адам санасының фотолистік буржуазиялық концепциясын жоққа шығаратын
концепциялар батыс елдеріне тән қылмыстық заң кінәлі емес тұлғалардың, есі
дұрыс еместердің, жасөспірімдердің қасақаналық және абайсыздығы болмауы
барысындағы жауапкершілікті жоққа шығарады. Адам іс-әрекетін осылай түсіну
жазаның мазмұнын түсінуге мүмкіндік береді.
Жазадан қашып құтылмайтындық әр ақыл есі дұрыс адам, қылмыс жасауға
кінәлі деп табылмаған жағдайда, қоғамға қауіпті зардап келтірмейтін тұлға
қылмыстық жазаға міндетті түрде сотталуы тиіс деп ұғынуымыз қажет емес.
Қылмыстық заңнаманың ережесі қылмыстық жауаптылық қоғам және мемлекет
мүддесіне сәйкес қалыптастырылған, барлық азаматтарды басқадай шаралармен
шектеу мүмкін емес.
Мемлекеттің табыиғатына сәйкес демократияны одан әрі дамыту және
жетілдіру үшін, тұрақты түрде заңнама, соның ішінде қылмыстық заңнама
жетілдірілуі тиіс. Осы мәселелерді әзірлеу қылымыстық заңның мәселелері
монографиялық зерттеу және әзірлеу мәселесін болжайды.
Әділсоттылықты жүзеге асыру барысында соттар заңды басшылыққа алуы
тиіс. Қылмыстық іс бойынша әділсоттылықты жүзеге асыру үшін қоғамға
қауіпті, кейде ауыр зардаптарды қоғамның мүддесіне сәйкес қорғайды.
Қылмыстық заңның ұғымы және маңызы, осы заңдардың түрі және құрылысы,
ұғымы, қылмыстық құқық норманың мазмұны және маңызы мемлекеттік қылмыстық
заңнаманың өзара қатынасы, кеңестік қылмыстық заңнаманың әрекеті, қылмыстық
заңды талқылау және басқа да мәселелер айтылады.
Осы мәселелердің біразы жұмыстарда, еңбектерде қаралған. Осы аталған
мәселелерге баса назар аудару сот тәжірибесінде, әсіресе қылмыстық заңның
кері күшіне байланысты мәселеде айтылады. Сот органдарының әртүрлі
деңгейінде сот қателіктерін түзеу мәселесі осы қылмыстық заңның кері
күшінің әрекетіне байланысты шешілуде және қаралуда. Сондықтан осы мәселе
қылмыстық құқықтағы өзекті тақырып ретінде бітіру жұмысын таңдауға себеп
болды.

1. Қылмыстық заңның кері күші қағидасының дамуының тарихи аспектісі

Қылмыстық заңның уақытта қолданылу мәселесі қылмыстық заңның кері
күшінің әрекет ету мәселесі ретінде пайда болды және дамыды. Осы қағиданың
өмір сүруі жөнінде Цицеронның сөздерінде айтылады. Бірақ та осы кезеңде
қалыптасқан құқыққа деген көзқарастар процесс ретінде, жаңа заң аяқталмаған
істерге қолданылуы жатпайтындығы анықталды, шешілетін қатынастардың пайда
болу уақытысына қарамастан өндірістегі барлық істерге қолданылды. Рим
империясының кезеңінен бастап Феодосий І 393 жылғы Конституцияда қылмыстық
заңның қағидасын белгілейді. Одан кейін әйгілі император Феодосия ІІ(440ж.)
атымен аталған Феодосиандық норма пайда болды, онда барлық заң тек
келешектегі уақыт үшін әрекет етеді деп көрсетті, егер тек заң шығарушы
оған тікелей кері күшін енгізген жағдайда. Одан кейін осы ережелер
Юстинианның кодексіне енді.[3]
Орта ғасырларда адам (құдайдың құлы ретінде қабылданды, ол еш талассыз
билікке бағынуға тиіс болды. Қылмыскерлер өзіне белгілі бір заңды
қолданылуын талап етуге құқығы болмады, сондықтан да сот әділсоттылықты
жүзеге асыруда заңды басшылыққа алмады, шіркеумен талқылану жолымен
қалыптасқан діни сенім-нанымды басшылыққа алды. Қылмыстық заңның уақытына
байланысты күшіне деген басқа да көзқарастар тек ХVІІ ғасырларда пайда бола
бастады.
Ағылшын буржуазиялық революциясы кезеңінде Дж.Лильберн Англияның
негізгі құқықтары және еріктері деп аталатын пэмфлеттерінде былай деп
жазды: сот әрекетін жасау кезеңінде өмір сүрген заң негізінде ешкім де
сотталған бола алмайды. Қылмыстық заңдар және олардың уақытының әрекеті
жөнінде Чезаре Беккария өзінің Қылмыстар және жазалар жөніндегі еңбегінде
неғұрлым нақты жазылды, онда қандай болмасын қоғамдық игіліктің мазмұнына
байланысты заңмен көзделген жазадан аспайтын белгілеуге құқылы емес,
деді.[4]
Орыс криминалисі А.Д.Градовский былай деп жазды: Азамат елдің жұмыс
істеп тұрған заңнамаларында тиым салынған және тиым салынбаған шараларды
көруге құқылы, олармен жасалынған бір де бір іс-әрекет қылмыс болып
саналмайды ex post Fast, яғни осыны жасағаннан кейін.[5]
ХVІІ ғасырдың аяғында ХІХ басында құқықтың классикалық мектебінің
шеңберінде бір-бірінен бағыты бойынша ерекшеленген үш негізгі мектеп
бөлініп шықты. Бірінші бағыттың өкілдері философтар (И.Кант, Ф.Гегель)
өзінің көзқарастарын заң логикасынан туындайтын құқықтың қағидасына
негіздеді, осыған байланысты қандай болмасын заңның кері күшін жоққа
шығарды. Екінші бағыттың жақтастары (Н.С.Таганцев, К.Биндинг), керісінше
неғұрлым жеңіл және соғұрлым қатал заңға кері күшке ие болу үшін ерекше
кедергіні көрмеді. Үшінші бағыттың жақтастары (Л.С.Белогриц –Котляровский,
К. Малышев, И.А. Неклюдов және т.б). осы заңның келіп түскендігін қолдану
үшін, кінәлі үшін неғұрлым қолайлы заңның кері жасаудың уақытын қолдануды
сұрады.
Қылмыстық заңның кері күші қағидасының дамуының кеңестік тарихи 1917
жылғы оқиғалардан көрсеткеніндей ескі және жаңа заңдардың коллизиясы
кеңестік билікпен төңкерістік ар және төңкерістік құқықтық сананың
қылмыстық заңдарының мазмұнының қатынастарына байланысты шешілді. М.И. Блум
және А.А.Телленің атап көрсеткеніндей жаңа төңкерістік заңнама қоғамдық
өмірдің барлық саласына жылдам ене бастады. Ол заңдардың кері қағидасымен
шектеле алмады, әсіресе қылмыстық құқық саласында.[6]
Қылмыстық заңның кері күші қағидасының бірінші рет заңмен бекітілуі
1922 жылғы қылмыстық-іс жүргізу кодексінде көрініс тапты.
Мың тоғыз жүз жиырма екі және мың тоғыз жүз жиырма алтыншы жылғы
қылмыстық кодекстер мың тоғыз жүз жиырма төртінші жылғы Кеңестер Одағы
және одақтас республикалардың қылмыстық заңнамаларының негізгі бастаулары
секілді қылмыстық заңның уақыттағы әрекетінің күші сияқты мазмұнының
нормасы болмады. Осыған байланысты назарға алынатын бірінші акті ретінде
1926 жылғы ВЦИК-тің Қаулысы танылады, онда Жаңадан қабылданған қылмыстық
заңның кері күшінің мәселелері нақты реттелінген.[7]
М.И. Блумның мәліметінше 30 жылдардың басына дейін және 1958ж.
Қылмыстық заңнама негіздері күшіне енгенге дейін Кеңестік заң шығарушы
неғұрлым қатал қылмыстық заңның кері қағидасын ұстанды.[8]
Жаза 1997жылғы ҚР қылмыстық кодексінде әлеуметтік әділеттікті,
сотталушыны түзеуді және жаңа қылмыстарды жасаудан сақтандыру мақсатында
соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде
қарастырылады (38статья).
Бұдан да нақтырақ 1922 және 1926 жылғы ҚК-де нақтырақ айтылған еді. Мың
тоғыз жүз жиырма екінші жылғы ҚК өзінің міндеті ретінде мемлекеттің
еңбеккерлерін тек қылмыстардан ғана емес, сондай-ақ қоғамға қауіпті
элементтерден де қорғауды мақсат етіп қойды, бұл қорғау жазаны қолданумен
бірге, сондай-ақ басқа да әлеуметтік қорғау шараларын қолданумен жүзеге
асырылды (5 статья). Мың тоғыз жүз жиырма бесінші жылғы ҚК жаза – терминін
қолданбаса да, қылмыскерлерден басқа, қылмыстық ортамен немесе басқа да іс-
әрекет осымен байланысты қауіптілік келтіретіндерге әлеуметтік қорғау
шарасын қолдануды тікелей айтты (7 статья). КСРО және одақтас
республикалардың қылмыстық заңнамаларының (1924ж.) Негізгі бастауларының 22
статьясында айтылғанындай, жер аудару және (высылко) оларды соттық
жауапкершілікке тартуға қарамастан, сондай-ақ сотпен ақталған жағдай да,
әлеуметтік қоғамға қауіпті деп танылып, тұлғаларға қолданылады.
Түбегейлі сипаттағы маңызды өзгерістер 1958 жылы болды, онда КСРО Одағы
және одақтас республикалар сот өндірісі қылмыстық негіздері және қылмыстық
заңнама негіздері, одан кейін (59-60 жылдары) республикамен қылмыстық және
қылмыстық іс жүргізу кодекстері қабылданды.
Жаңа қылмыстық заңнама бірқатар демократиялық қағидаларды бекітті. Ол
анықтағанындай, мысалы, қылмыстық жауаптылыққа және жазаға тек қылмыс
жасады деп, кінәлі деп танылғандар тартылады (1959ж. ҚазССР ҚК 3 статья).
Сонымен бірге өзінің қылмыстық ортамен байланысы бар әлеуметтік қауіпті
қылмыс жасамаған адамдарға қатысты жазаны қолдануға тиым салынды. Осы
статьяда мыналар, ешкім де қылмыс жасады деп кінәлі деп танылмайтындығы,
сондай-ақ заңға сәйкес соттың үкімінсіз ешкім де қылмыстық жауаптылыққа
тартылмайтындығы айтылған.
Қылмыстық кодексі күшіне енгізу жөніндегі ҚР заңының 7 статьясында
былай деп жазылды: Аса қауіпті рецидивист деп танылатын тұлғалар ҚазССР
ҚК 23-1 статьясы бойынша бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын ерекше
режимдегі түзеу колониясында өтейді. Бұл мынаны білдіреді: ҚазССР ҚК
әрекеті кезінде аса қауіпті рецидивист деп танылғандар және ҚР ҚК күшіне
енген кезде, ерекше режим колониясында, егер жасаған қылмыстары ерекше
қауіпті рецидив деп танылмаса да осы колонияларда қалдырылады. Осы жағдайда
заңшығарушы неғұрлым жеңіл заңға кері күшті жүргізуді, сондай-ақ қатал
заңға кері күшті жүргізу. Құқықтық мемлекет қағидасы – заңдылық қағидасын
өрескел бұзу болып танылады.[9]
Қылмыстық заңның кері күші қағидасы дамуының тарихи аспектісін қарау
қылмыстық заңнаманы өркениет және ізгілік жолымен дамытудың белгілі бір
заңдылықтары деп тануға мүмкіндік береді.
Осындай заңдылықтардан әртүрлі тарихи кезеңдерде кері шегінуге
қарамастан қылмыстық заңның кері күшінің ережесі, біздің көзқарасымызға ҚР
ҚК бекітілген және қылмыстық құқықтағы әділеттілік қағидасына толықтай
жауап береді.
Қоғамдық қатынастарды дамыту және нығайтудыа заңнамалардың орны зор,
соның ішінде қылмыстық құқықтық. Қылмыстық заңды басшылыққа ала отырып,
қылмыскерлермен, сондай-ақ қоғамға қауіпті элементтермен күресе отырып,
кінәліге қылмыстық жаза шарасын қолданады.
Қылмыстық – құқықтық нормалардың ерекшелігі мынада, олар әділсоттылықты
жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік билік органдарымен қолданылады. Осы
жағынан қылмыстық құқық нормасының басқа да құқық салаларын қолдану
жағдайынан ерекшелігі бар. Оның келесідей ерекшелігі ретінде, тиісті
құқықтық ерекше актілерінің көмегімен нақты өмірлік жағдайларға қолданылуы
мүмкін. Қылмыстық құқық нормаларын қолдану анықтама, тергеу, прокуратура
және сот органдарынан үлкен шығармашылық күшті, терең қоғамдық-саяси және
құқықтық дайындықты, қылмыстылықпен күресуде істі білу және тәжірибені
терең игеруді талап етеді. Сот қызметін сипаттай отыра А.Я. Вышинский былай
деп атап өтті, белгілі бір дәрежеде жол берілмейтіндігі көзқарасын біле
отыра, сот қызметіне заңшығарушы сипат береді. Судъя өзінің алдында тұрған
сот процесіндегі міндеттердің барлығын шеше алмайды. Заң формуласы
әрқашанда толық, жалпы, типтік сипатқа ие. Заң – бұл нақты өмірлік жағдайға
қолданылатын қағида. Бұл ереже қылмыстылықпен күрес жүргізетін мемлекеттік
билік органдарына қатысты дұрыс қарастырылмаған.
Сонымен бірге, қылмыстық заңды қолдану процесі өзінің звеноларында осы
іс бойынша нақты фактілерді және жайларды анықтап болғаннан кейін әрқашанда
қылмыстарды саралауға және жазаны анықтауға мән берілмейді. Бірқатар
жағдайларда бұл қылмыстық заңды қолдану процесі, қылмыстық заңды дұрыс
қолданудың негізгі алғышарты болып іс бойынша тергеу, прокуратура және сот
органдларымен объективті шынайылықты анықтау. Қылмыстық іс бойынша тергеу
және сот талқылауы процесінде объективті шынайылықты анықтау қажеттілігі,
қылмыстық сот негіздерінің баптарында көрініс тапқан.
Сот қызметі ең алдымен іс бойынша шынайылықты бағыттауға арналған.
“Материалда шынайылық ұғымы” – М.С. Строговичтің пікірінше, қылмыстық іс
бойынша мән-жайлар фактілерді анықтауға жатады, осы фактілерді саралау
жасалған қылмыс үшін жазаны анықтауға мүмкіндік береді. Қылмыстарды саралау
және жазаны анықтау шынайы фактіге сәйкес белгіленген фактіні анықтау, яғни
іс бойынша материалды шынайылықты анықтау негізі болып танылады. Осымен
келісе отырып, қылмыс жасаған адамға жаза шарасын таңдай оырып, анықтауға
мүмкіндік береді.
Бірінші жағдайда соттың қылмыстық іс бойынша шынайылықты анықтауға
бағытталған. Соттың қызметі ғылыми негізді анықтауға бағытталған,
көрсетіліп жатқан фактілердің сыртқы жағын анықтауға мүмкіндік береді. Тек
осындай мәселені қою құқықтық саралау бөлігіндегі сот-прокурор органдары
жұмысының сапасына талапты күшейтеді. Қылмыстық іс бойынша қарастырылып
жатқан фактіні қараудағы құқықтық мәнінің маңызын анықтау міндетті түрде
субъективизимге салып келеді және қылмыстық заңды дұрыс қолдану үшін
қолайлы жағдай туындатады.
Құқықтық факті сот талқылауының пәні болады немесе болмайтындығына
қарамастан объективті шынайылықтың бір бөлшегі болып танылады. Қылмысты тек
құқықтық ұғым ретінде қарастыруымыз керек. Қылмысты жасаған кеззден
бастап, оны жасаған адам қылмыстылықпен күресу жүктелген белгілі бір
органдармен бірге белгілі бір қатыста болды. Осы қатынастардан қылмыстық-
құқықтық қатынас туындайды, бір жағынан жасалынған қылмыс үшін қылмыстық
жауапкершілік, екінші жағынан қылмыстылықпен күресуге уәкілетті мемлекет
органдарының міндеті. Соттың осы танымдық қызметі әрқашанда осы факті
бойынша құқықтық белгілерді анықтауға және қолданылатын құқықтық норманың
шынайы ұғымын түсінуге, яғни заңды талқылау жатады.
Қылмыстық құқық бойынша қылмыстық жауаптылықтың қажетті негізі болып
жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңмен көзделген тұлғаның қылмыс құрамында
болуы танылады. Нақты қылмыс құрамдарын анықтай отыра, заңшығарушы осы
қылмыс құрамының жиынтығын құрайтын тиісті элементтерді көздейді.
Әділсоттылық органдарының қызметін дұрыс деп айтуға сөз жоқ. Онда
танымның объективтік заңдылықтарына және қылмыстық істің барлық мән-
жайларын бағалаудағы нысанамен байланысты. Құқықтық саралау процесінің
бағалау түсінігінің қателігі мынадан көрінеді, осыны түсіну қылмыстық іс
бойынша шынайылықты анықтап бағалауға мүмкіндік береді. Осы бағалау кезінде
процестің өзіне дербес сипат береді. Сонымен бірге қоғамдық-саяси және
құқықтық маңыздылығы фактісін анықтау біріңғай сараланады. Осы процестің
мазмұны - шынайылықты анықтау, мәлім нәрседен мәлім емес нәрсеге ауысу,
нысаны бойынша заңды қолданылатын фактілерді, оқиғаларды және осы іс
бойынша мән-жайларды анықтау. Бағалау негізінде қылмыстылықпен күресудегі
қоғамның тәжірибесі жатыр. Сотпен анықталған шынайылықтың мазмұны болып
қылмыстық іс бойынша оны қорғауға негіз болып табылатын қоғамдық-саяси және
құқықтық саралау жатады. Сот шынайы мазмұны мәселесін шешу негізінен
мемлекеттің стартегиялық міндеттеріне сәйкес келеді, шынайылық әрқашанда
жан-жақты, ол шынайылық және олардың өзара қатынасының жиынтығыныан
құралады. Ешқашанда жекелеген тұрмыс (зат, құбылыс) идеяның бір жағы
(шынайылығы) екендігін ұмытпауымыз қажет. Соттың фактіні және процессті
анықтау процесі оның құқықтық мәні әрқашанда әртүрлі. Сот қызметінің әр
звеносының өзінің ерекшелігі бар. Құқықтық белгілердің фактісін нақты
анықтау үшін оны саралау қылмыстық заңның кері күшін анықтауда маңызы зор.

1. Қылмыстық заңының кері күшінің қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің
нормаларында қолданылуы

Қылмыстық заңының кері күші деп оның күшіне енуіне дейін жасалған жаңа
қылмыстық заңның тарауын түсінеміз. Қылмыстық заңның кері күшінің басқа
құқық салаларына қарағанда, әсіресе қылмыстық- іс жүргізу заңдарына,
азаматтық құқық саласына қатысты заңдарға қарағанда өзіне тән ерекшеліктері
бар.
Қылмыстық заңның кері күшінің жалпы қағидасы ҚР ҚК бойында нақты
көрсетілген.
Жаза іс-әрекетін белгілейтін немесе жазаны күшейтетін заңның кері күші
болмайды. Бұрынғы жұмыс істеп тұрған 1958 ж. заңнама Негіздеріне қарағанда,
қылмыстық заңның кері күшінің ұғымын анықтады және неғұрлым қатал заңның
кері күші болмайды деді. М.А.Чельцовтың жазуынша неғұрлым жеңіл немесе
неғұрлым қатал заңдардың кері күші жөніндегі мәселе туындамайды, әр заң іс-
жүргізу барысын жақсартуға материалды шынайылыққа жетуді қамтамасыз етуге
бағытталған, сондықтан жаңа заңды қлдану ешкімнің құқығын шектемейді.
Ал, Б.А. Галкин болса, осы уақытқа жасалған жаңа заңның күшіне енуі тек
кейбір азаматтардың қылмыс жасаған уақытқа дейінгі әрекеті ретінде ғана
емес жаңа заңмен қарастырылады, осы жағдайда бұрынғы заңда басталған осы
құқықтың жалпы ережесін сақтай отырып жалғасады.[10]
Заңшығарушымен берілген заңды талқылау заңның шынайы мағынасын жалпы
міндетті анықтауды білдіреді. Тиісінше, осы заңды талқылау кез келген
жағдайда қылмыстық заңды қолдану жағдайында күші болады, нақтырақ айтқанда,
қылмыстық заңды талқылау мазмұны бар актіні шығару барысында жасалса.[11]
КСРО Жоғарғы Соты Пленумы және одақтас республикалар Жоғарғы Соты
Пленумы түсіндірмелерінде берілген қылмыстық заңды талқылау, заңды дұрыс
түсіну мазмұнында және жаңа норманы құрамайтын ретінде осы түсіндіру
шығарылғанға дейін жасалған іс-әрекеттерге қатысты қолданылады.
Бірақ та заңның жалпы нормасы нееғұрлым қатал заңның кері күшіне жол
бермегендіктен, осындай күшке ие болу тек заңға байланысты, осы жөнінде
жаңа қылмыстық заңда немесе арнайы нормативті актіде айтылуы тиіс.
Кеңестік қылмыстық заңнама тарихында жаңа неғұрлым қатал қылмыстық
заңнамаға кері күшін беру тек сирек жағдайларда кездесті. Мысалы, 19
октябрь 1922ж. ВЦИК-тің декретімен 1922ж. РКФСР ҚК 114 статьясына кері күш
берілді. Осыған байланысты В.И.Лениннің нұсқауы бойынша парақорлықпен
күресуге байланысты осы қылмыс үшін жаза елеулі түрде күшейтілген.
“РСФСР Қылмыстық кодексін күшіне енгізу жөніндегі” ВЦИК-тің 1922ж. 24
май Қаулысымен анықталғанындай, осы іс-әрекет күшіне енгізілгенге дейін
соттық тәртіппен қаралмаған Қылмыстық кодекстегі барлық іс-әрекеттерге
қатысты қолданылады.[12]
Бұл қаулы 1917-1922ж. кезеңінде қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қандай
болмасын іс-әрекеттің жазаланбаушылығын анықтауды білдірмейді. РКФСР ҚК
көзделген барлық іс-әрекеттер, егер олар ҚК күшіне енгенге дейін жасалса,
өмір сүріп тұрған заңдардың негізінде және қалыптасқан сот тәжірибесіне
сәйкес қылмыстық жазаға тартылады. Мың тоғыз жүз жиырма екінші жылғы РСФСР
ҚК бойынша мүмкіндікті жазаға қаарғанда жаза неғұрлым қатал болмады, осылар
бұрынғы жұмыс істеп тұрған қылмыстық заңнама бойынша қолданылуы мүкін еді.
Неғұрлым қатал заңның кері күші жекелеген заңдарда арнайы нұсқау
жолымен тек жазаны күшейту үшін тарады. Бұл жерде шектеу қылмыстық және
қатал жазаланатын белсенді іс-әрекеттерге немесе жұмысшы табына және
төңкерістік қозғалысқа қарсы немесе патшалық құрылыс кезеңіндегі жауапты
немесе құпия қызметке қатысты танылды.
Осы ауыр іс-әрекеттер Кеңестер билігінің бірінші күнінен бастап, қатал
жазаланды. Мысалы, 1918ж. Революциялық Трибуналдың үкімі бойынша азғырушы
Малиновский ату жазасына кесілді.[13]
Аталған қылмыстар 1922ж. РСФСР ҚК 67 стаьясы бойынша, одан кейін 1927ж.
мемлекеттік қылмыстар жөніндегі Ережелердің 13 статьясы бойынша жазланды.
Заңның осы статьяларының кері күшіне нұсқау аталған статьяларға царизм
кезінде жасалған іс-әрекеттерді еске салу жолымен көрініс тапқан.
Қайтадан немесе жауаптылықты күшейтуді белгілейтін барлық қылмыстық
заңдарға қатысты, егер кері күші жөнінде ескерту болмаса, сот тәжірибесі
осындай іс-әрекетті сөзсіз жоққа шығарды.
КСРО Жоғарғы Соты 1960ж. РСФСР ҚК 108 статьясы 2 бөлігі бойынша
қасақана ауыр дене жарақатын келтіретіндігі үшін кінәліні соттауды дұрыс
емес деп тапты, өйткені қылмыс 1926 ж. РСФСР ҚК-нің әрекеті бойынша
жасалған, жаңа ҚК 108 статьясы 1926ж. РСФСР ҚК 142 статьясы 2 бөлігімен
салыстырғандағы қылмыс үшін жазаны күшейтеді.[14]
Егер жаңа қылмыстық заң бұрын қылмыс жасағандарға қатысты қылмыстық
жазаны күшейтсе немесе белгілесе немесе осы бойынша сотты болса немесе
әкімшілік жазаға тартылса, онда жаңа заңды күшіне енгізгеннен кейін орын
алған жағдайлар ескерілуі мүмкін.[15]
РСФСР ҚК 154 статьясы 3 бөлігі бойынша 285 июль 1962ж. РСФСР Заңының
редакциясында бұрын алыпсатарлықпен айналысқан адамның ұсақ алыпсатарлықпен
айналысуы жазаланады, осы заң шағарылғанға дейін ҚК 154 статьясы 3 бөлігі
бойынша ұсақ алыпсатарлықты қайтадан жасаған тұлға жауаптылыққа тартылады.
Алыпсатарлық (ұсақ емес) үшін соттылығы бар тұлға 1962ж. 25 июльдегі шыққан
заңға дейін, ұсақ алыпсатарлықты жасаса, РСФСР ҚК 154 статьясы 3 бөлігі
бойынша жауаптылыққа тартылды.
“Бұзақылық үшін жауаптылықты күшейту жөніндегі” КСРО Жоғарғы Кеңесі
Президиум 26 июль 1966ж. 9 статьясы 1 бөлігіне сәйкес ұсақ бұзақылығы үшін,
осындай іс-әрекетті жасаған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылады, егер
оған жыл ішінде ұсақ бұзақылығы үшін әкімшілік әсер ету қолданылса.
Бұрынғы жұмыс істеп тұрған 1960ж. редакциясындағы РСФСР ҚК 206 статьясы
ұсақ бұзақылық жасаған тұлға егер оған жыл ішінде ұсақ бұзақылығы үшін
қоғамдық немесе әкімшілік жаза шарасы қолданылса қылмыстық жауапкершілікке
тартылды.
Егер 26 июльлде 1966ж. Жарлық шығарылғаннан кейін жыл ішінде тұлғамен
ұсақ бұзақылық жасалса, осыған дейін және Жарлық шығарылғанғадейін
бұзақылық үшін әкімшілік әсер ету шараларына тартылса, ол Жарлықтың 9
статьясы 1 бөлігі бойынша санкция өзгеріссіз қалдырылған жағдайда
жауаптылыққа тартылды. Бірақ 26 июльдегі Жарлық ұсақ бұзақылық үшін
жазаланатын қылмыстық жаза үшін жазаны күшейтті. КСРО Жоғарғы Соты Пленумы
1966ж. 3 декабрьдегі Жарлығының 9 статьясы 1 бөлігі бойынша ұсақ бұзақылығы
үшін жауаптылыққа тартылады, деді, егер олар Жарлық шығарылғаннан кейін
ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса және қайтадан ұсақ
бұзақылық жасаса.[16]
Соттың үкімі бойынша тұлғаны аса қауіпті рецидивист деп таныған
жағдайда сот (РСФСР ҚК 24 ст. 1к ескертпесіндегі) жаңа ҚК күшін
енгізілгенге дейінгі орын алған соттылықты ескереді (заңның өзінде
көзделген жағдайлардан басқа), соттың үкімі бойынша қауіпті рецидивист деп
тану осы ескертпеде көзделген жаңа іс-әрекетті жасау барысында мүмкін, жаңа
ҚК күшіне енгеннен кейін қылмыстық ескертпесінде нақты көрсетілген.
Қазақстан Республикасы ҚК бабының 1 бөлігіне сәйкес қылмыстық іс-
әрекетті жоққа шығаратын қылмыстық заңның кері күші болады. ҚР ҚК ҚазССР-
нің ҚК-де көзделген 80-нен астам қылмыстарды қылмыстардан алып тастады. Іс-
әрекетті толықтай қылмыс емес әрекет еткен жағдайда заңның кері күшін
көрсету қиындық тудырмайды. Мысалы, ҚР ҚК шетелдік валютамен заңсыз
операция жасағандығы үшін ҚазССР ҚК 210 статьясы, жыныстық ауруды емдеуден
жалтарғандығы және басқа адамға жыныстық ауруды жұқтырғандығы үшін 100
статья, өз еркімен еркекпен еркектің жыныстық қатынас жасағандығы үшін
жауаптылықты алып тастады.
Осыған байланысты жаңа ҚК осындай әрекеттерді қайталап жасағандығы үшін
қылмыстық жауаптылық ретінде әкімшілік преюдициядан бас тартты, ҚазССР ҚК
166 статьясы -3, 1бөлігіндегі (бензин немесе басқа да жанар-жағар
материалдарын заңсыз босатқандығы үшін), 166 статья-2 (сауда ережесін
бұзу), 164 статья (жеке еңбек қызметінің тиым салынған түрлерімен
айналысу), 199 статья-3 (еңбекпен түзеу мекемелерінде, тергеу изоляторында,
тәрбиелеу – еңбектік профилакторияларында ұсталып жатқан адамдарға тиым
салынған заттарды заңсыз беру), 181 статья (әскери міндетінің әскери
тіркеуден жалтаруы), 180 статья-2 (әкімшілік қадағалаудың ережесін өрескел
бұзу), 201 статья-2 (құмар ойындарды ұйымдастыру), 204 статья-1 (каратэге
заңсыз үйрету), 209 статья-1(заңсыз фармацевтикалық қызмет), 209 статья-2
(медициналық мақсаттағы дәрілік, диагностикалық, профилактикалық және
косметикалық құралдарды, бұйымдарды және техникаларды, емдік-
профилактикалық тұтынудағы, тағамдық қоспа, азық-түлік өнімдері өндірісі,
сатып алу және өткізу ережесін бұзу), 211-213 статья (қолдан жасалынған
күшейтілген спирттік ішімдіктерді және оларды дайындау үшін аппараттарды
дайындау, өткізу және сақтау), 212 статья-(спирттік ішімдіктерді саудалау
құқығын бұзу) және басқаларын толықтай қылмыстық іс-әрекеттерден алып
тастады. Әкімшілік преюдицияны ҚК-н алып тастаудың негізі болып, әкімшілік
құқық бұзушылықтың құқықтық табиғаты оны қайталап жасағаннан өзгермейді, ол
әкімшілік құқықбұзушылық болып қала береді.
Сонымен бірге кейбір жағдайларда ҚР ҚК әкімшілік преюдицияның болуы
барысында бұрын қылмыстық жаза көзделген іс-әрекеттер үшін жауаптылықты
сақтап, әкімшілік преюдицияны шығарып тастап, заңшығарушы оның қоғамға
қауіптілік дәрежесін көтеріп, жаңа қосымша белгілерді қосты. Мысалы, ҚР ҚК
221 бабы (азаматтың салық төлеуден жалтаруы – ҚазССР ҚК 81 статьясы)
төленбеген салықтың ірі мөлшерінің белгісі енгізілді. Ірі мөлшер бес жүз
айлық есептік көрсеткішті құрайды. Әкімшілік преюдициядан бас тарта отырып
және қоғамдық қауіпті іс-әрекетті көтеретін жаңа белгілерді қоса отырып,
заңшығарушы заңсыз кәсіпкерлік үшін (ҚазССР ҚК 165 статья, ҚР ҚК 190 бап);
заңсыз аңшылық (ҚазССР ҚК 163 статья, ҚР ҚК 288 бап); жануарларға
қатігездікпен қарау (ҚазССР ҚК 200 статья-2, ҚР ҚК 276 бап) үшін
жауаптылықты сақтап қалды.
ҚазССР Қылмыстық кодексімен заңның кері күші қылмыстылық және
жазаланушылық іс-әрекетіне тарады. Бірақ та 1965ж. А.А.Тилле әділетті түрде
былай атап өтті жазаны жеңілдететін заңдар жөнінде емес, неғұрлым жеңіл
заңдар немесе қолайлы заңдар жөнінде айту неғұрлым дұрыс деді, бұл жерде
кінәлінің жағдайы ҚК Жалпы бөліміне қатысты заңның жеңілдеу жолымен
жеңілдетіледі,- деді.[17]
Осыған тағы мынаны қосуға болады, тұлғаның жауаптылығының жеңілдеуі
немесе күшеюі қылмыс құрамының жеңілдетілген немесе ауырлатылған мән-
жайларының өзгеру жолымен де жүзеге асырылуы мүмкін.
Жаңа қылмыстық кодексте жәбірленуші мен қылмыстың арнайы субъектісін
сипаттайтын басқа да белгілер қолданылған, заң шығарушы мысалы, жаңа туған
сәбиді анасының өлтіруі жауаптылығын (ҚР ҚК 197 бап) жеңілдетті және
кәмелетке толмағанды қылмыс жасауға тартқандығы үшін жауаптылықты күшейтті
(ҚР ҚК 131 бабы) немесе басқа да қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасау (ҚР ҚК
132 бабы); ата-анасы, педагог немесе басқа да адамдармен, кәмелетке
толмағанды тәрбиелеуге байланысты заңмен өзге де жүктелген адамдар
жауаптылығы.
Қылмыстылық жауаптылықты күшейту немесе өзгерту қылмыстық субъективтік
жағын құрайтын белгілерді қылмыс құрамына қосу немесе шығару жолымен жүзеге
асырылады. Мысалы, ҚР ҚК 103 бабына денсаулыққа ауыр зиян келтірудің
белгісі ретінде кәсіби еңбек қабілеттілігін толықтай жоғалтуды қоса отырып,
заңшығарушы мынаны атап көрсетті, мұндай зардаптар кінәге енгізілуі мүмкін,
егер олар кінәлі үшін көрінеу түрде жасалса, яғни тікелей қасақаналықпен
жасалса, онда денсаулыққа ауыр зиян келтіру қатынасы басқа жағдайларда ҚК
103 бабына сәйкес тікелей және жанама қасақаналық нысанында да жасалады. ҚР
ҚК 103 бабы бойынша толық кәсіби еңбек қабілеттілігін жоғалту белгісі
бойынша жаңа ҚК күшіне енгеннен кейін жасаған жағдайда ғана қылмыстарды
саралау мүмкін.
Кей жағдайларда заңшығарушы нормаға сараланған құрамдарды қосу арқылы
жауаптылықты күшейтті. Мысалы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру қылмысы үшін
жауаптылықты күшейту үшін, осы нормаға сараланған белгілерді қосты, мысалы,
бұзақылық ниетпен, ұлттық, нәсілдік, діни, қызғаныш немесе кек алу
ниетінде, жәбірленушінің органдарын немесе тінін пайдалану мақсатында (ҚР
ҚК 103 бабы 2 бөлігі, ж, 3, и тармақтары, ҚазССР ҚК 93 статьясы).
Шындығында, бұл өзгерістер 1 қаңтар 1998 жыл қылмыс жасағандардың әрекетін
саралау үшін ескерілмеуі мүмкін.
Қазақ ССР-інің 4 қараша 1972 жылғы Жоғарғы Кеңесі Президиумының
Жарлығымен Қаз ССР ҚК-нің 7 статья 1 бөлігін (ауыр қылмыс ұғымы) енгізілді,
онда қоғамға қауіпті қасақана қылмыстар тізімі жас ауыр қылмыстарға
жатқызылғандығы көрсетілді және енгізілді.[18]
Қазақ ССР ҚК көрсетілген ережелерін ескере отырып, қылмыстық құқық
ғылыми барлық қылмыстарды төрт топқа топтастырды.
А) аса ауыр 10 жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айырылуға немесе
өлім жазасына қасақана қылмыстар үшін жазаланса.
Б) ауыр қылмыстар – 1 бөлігі аса ауыр қылмыстардан басқа ҚК 7 статьясы
– 1 бөлігі тізіміне енгізілгендер.
В) неғұрлым ауыр емес қылмыстар – ауыр қылмыстардың арасында, яғни 7
статья 1 бөлігіне енгізілген қылмыстар тізіміне енгізілген аралық жағдайда
тұрған қылмыстар және қоғамға үлкен қауіп келтірмейтін қылмыстарға
жатқызылған қылмыстар, мысалы, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ұрлау
барысында ірі шығын келтірумен және т.б. байланысты.
Г) үлкен қоғамдық қауіптілік келтірмейтін қылмыстар – бұл қасақана
немесе абайсызда ең төменгі қоғамдық қауіптілік дәрежесіндегі қылмыстар,
бас бостандығынан айырылуға, сондай-ақ неғұрлым жеңіл жазаға немесе бас
бостандығынан айырумен байланысты емес жазаланады.[19]
Ең алғаш рет ҚР ҚК көзделген қылмыстық іс-әрекетті жоққа шығаратын мән-
жайлар орынды тәуекел (35 бап) және бұйрықты немесе өнімді орындау (37
бап); Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру (34 бап-1) 1998ж. 1 қаңтарға
дейін жасалған қылмыстық істерді қарау барысында қолданылуы мүмкін.
Ұстау барысында зиян келтіру мәселесі ҚазССР ҚК бойынша 13 статьяға
(қажетті қорғану) қатысты шешілді. ҚР ҚК бұл институт 32 бапта
көрсетілген, оның кері күші бар, өйткені ұстау барысында ҚазССР ҚК 13
статьясында көзделген шабуыл жасаумен, зорлықпен, өмір үшін қауіп төнумен
байланысты шектелмейді.
ҚР ҚК 36 бабымен көзделген дене немесе психикалық зорлау қылмыстық іс-
әрекетті жоятын мән-жай ретінде, кері күші жоқ және 1 қаңтар 1998ж. жасаған
қылмыстық істерді қадағалау тәртібімен қарау үшін негіз болып табылады,
өйткені бұл мән-жай қылмыстық-құқықтық мағынада іс-әрекеттің болуы немесе
болмауы мәселесін шешу барысында бұрын ескерілді. ҚР ҚК 53 бабы жазаны
жеңілдетуші ретінде кері күші бар, өйткені 1 қаңтар 1998 жылы жасалған
қылмыстарға таралады.
ҚР ҚК 56 бабы ҚР ҚК 10 бабы 2 бөлігі сияқты маңызы шамалы және орташа
ауырлықтағы қылмысқа дайындалған әрекетті қылмыстық емес іс-әрекет деп
танылды, өйткені ол 1 қаңтар 1990 жылы жасалған қылмыстарға тарайды.
ҚР ҚК қылмыстық жауаптылықтан босатудың келесідей түрлері белгілі:
1) ескіру мерзімінің өтуіне байланысты (69 бап);
2) шын өкінуіне байланысты (65 бап);
3) жәбірленушімен татуласуына байланысты (67 бап);
4) жағдайдың өзгеруіне байланысты (68 бап).
1 ҚР ҚК 69 бабы (ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату) ҚазССР ҚК салыстырғанда қылмыс жасаған адамның
жағдайын кей жағдайда нашарлатады.
Мысалы, ҚазССР ҚК 43 статьясына сәйкес, ескіру уақыты үзіледі, егер де
осы бапта көзделген мерзім өткен уақытқа дейін адам қылмыс жасаса, онда екі
жылдан аспайтын мерзімге бас бостандығынан айыру үшін жаза тағайындалады.
Осы жағдайда ескіру мерзімін есептеу жаңа қылмыс жасаған кезден бастап
есептеледі. ҚР ҚК егер адам жаңа қылмыс жасаған жағдайда ескіру мерзімін
үзуден бас тартты, осы жағдайда әр қылмыс бойынша ескіру мерзімі дербес
есептеледі (ҚР ҚК 69 бабы, 4 бөлігі). Бұл новелланың кері күші бар, өйткені
1 қаңтар 19898 жылға дейін қылмыс жасағандарға таралады.
Ең алғаш рет ҚК жалпы бөлімінде маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы
қылымыстарды жасау барысында шын өкінуіне байланысты қылмыстық
жауаптылықтан босату көзделген – ҚР ҚК 1 бөлігі, осыны қолдану үшін тұлға
қылмыс жасап болған соң өз еркімен келуі қажет, қылмысты ашу үшін әсер ету
керек, келтірілген шығынды немесе басқа да жолмен қылмыстың нәтижесінде
келтірілген зиянды толтыру қажет.
Бұл бап жеңілдететін мән-жай ретінде кері күші бар. ҚК 65 бабы 1
бөлігінде көзделген шарттардың болуы барысында басқа санаттағы қылмыстарды
жасаған тұлғалар 65 бабы 3 бөлігіне сәйкес ҚК Ерекше бөлімі арнайы тиісті
баптарында көзделген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Егер
ҚазССР ҚК қараған мұндай ескерту ҚР ҚК бабында болса, онда оның да кері
күші болады.
ҚР ҚК 67 бабы өлім келтірумен немесе денсаулыққа ауыр зиян келтірумен
байланысты алғаш рет орташа ауырлықтағы қылмыс жасаса қылмыстық
жауаптылықтан босатуды көздейді, егер осы тұлға жәбірленушімен келіссе және
жәбірленушіге келтірілген зияндылығын толықтырылған жағдайда жүзеге
асырылады. Бұл бап ҚР ҚК 65 бабы 1 бөлігі сияқты 1998ж. 1 қаңтарға дейін
жасалған қылмыстар ісін қарау барысында 1-ші немесе 2-ші сатыдағы сотпен
ескеріледі, сондай-ақ қадағалау тәртібімен заңды күші бойынша
қарастырылады.
ҚР ҚК жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
институты қолданылады. Бірақ та ҚазССР ҚК 45 статьясы 1 бөлігіне сәйкес
жағдайдың өзгеруіне сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылса және қоғамға
қауіпті іс-әрекетті жасауға байланысты кез келген қылмысты жасауға
байланысты босатылса, ҚР ҚК 68 бабына сәйкес мұндай босату маңызы шамалы
немесе орташа ауырлықтағы қылмысты жасау барысында мүмкін болды, сонымен
бірге бұл қылмыс алғаш рет жасалып ҚазССР ҚК осындай шектеудің мазмұны
болмаса. Сонымен ҚР ҚК адамның жағдайын нашарлатады және сондықтан 687
баптың кері күші жоқ, яғни осы жағдайда 1 қаңтар 1998ж. жасалған қоғамға
қауіпті іс-әрекеттерді жасау барысында ҚазССР ҚК 45 бабы 1 бөлігін
басшылыққа алуы тиіс: Көрсетілген нұсқаулар, қылмыстық репрессияны азайта
отырып, қылмыстық құқықтағы ізгілік қағидасын жүзеге асыру болып
танылады.[20]
Жазадан босату шартсыз болуы мүмкін:
1)жазаны өтеуден айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты
жазаны өтеуден босату (ҚР ҚК 75 бабы);
2) әскери қызметшіні әскери қызметке жарамсыз болып қалуына байланысты
науқастығына қарай жазаны ары қарай өтеуден бостау (ҚР ҚК 73 бабы 4
бөлігі);
3) шартты мерзімінен бұрын жазаны өтеуден бостау (ҚР ҚК 70,84 баптары);
4) шартты соттау (ҚР ҚК 63, 64 баптары);
5) жүкті әйелдерге және жасөспірім балалары бар әйелдердің жазаны
өтеуін кейінге қалдыру (ҚР ҚК 72 бабы);
6) науқастығына байланысты жазаны өтеуден босату (ҚР ҚК 73, бабы).[21]
ҚР ҚК 70 бабы сотталушыға маңызы шамалы және орташа ауырлықтағы қылмыс
үшін тағайындалған жазаның 13 мерзімінен кем емес, ауыр қылмыс үшін 12
және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢНЫҢ КЕРІ КҮШІНІҢ ӘРЕКЕТ ЕТУІ
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Қылмыстық заңның уақытта және кеңістікте қолданылуы
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
Қылмыстық заңның кері күшінің ұғымы
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
Пәндер