Халықаралық экономикалық ұйымдардың қызметі және халықаралық экономикалық жүйесіндегі ролі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.4

1. Халықаралық экономикалық ұймдар және Дүниежүзілік банк тобы
1.1. Халықаралық экономикалық ұйымдардың құрылу тарихы және қазіргі уақыттағы қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5.9
1.2. Дүниежүзілік банк тобының ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... ... ... 9.17
1.3. Дүниежүзілік банк тобының жұмыс жүргізу ағымы ... ... ... ... ...17.20

2. Дүниежүзілік банк тобының мемлекеттер мен аудандардағы іс.әрекеттері
2.1. Мүше.мемлекеттер және оларды классификациялау, топтастыру 21.24
2.2. Дүниежүзілік банк тобының аймақтары мен мемлекеттеріндегі проблемалар және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24.31

3. Дүниежүзілік банк тобының Қазақстандағы іс.әрекеттері
3.1. Қазақстандағы Дүниежүзілік банк тобы және оның іс.әрекеттері 31.35
3.2. Дүниежүзілік банктың Қазақстандағы қызметтері ... ... ... ... ... ..35.38
3.3. Дүниежүзілік банк тобының Қазақстанмен Серіктестік Стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38.42

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43.45
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...47.50

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1. Халықаралық экономикалық ұймдар және Дүниежүзілік банк тобы
1.1. Халықаралық экономикалық ұйымдардың құрылу тарихы және қазіргі
уақыттағы
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .5-9
1.2. Дүниежүзілік банк тобының
ұйымдастырылуы ... ... ... ... ... . ... ...9-17
1.3. Дүниежүзілік банк тобының жұмыс жүргізу
ағымы ... ... ... ... ...17-20

2. Дүниежүзілік банк тобының мемлекеттер мен аудандардағы іс-әрекеттері
2.1. Мүше-мемлекеттер және оларды классификациялау,
топтастыру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .21 -24
2.2. Дүниежүзілік банк тобының аймақтары мен мемлекеттеріндегі
проблемалар және оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24-31

3. Дүниежүзілік банк тобының Қазақстандағы іс-әрекеттері
3.1. Қазақстандағы Дүниежүзілік банк тобы және оның іс-
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 31-35
3.2. Дүниежүзілік банктың Қазақстандағы
қызметтері ... ... ... ... ... ..35- 38
3.3. Дүниежүзілік банк тобының Қазақстанмен Серіктестік
Стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 38- 42

Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .43-45

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..46

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .47 -50

Кіріспе
Халықаралық ұйымдардың негізгі пайда болу мақсаты, өзара ауызбіршілік
табу болып табылды. Кейбір Халықаралық ұйымдардың жұмысы ұзаққа созылған
жоқ, кейбіреулері әлі күнге дейін жұмыс істеп келе жатыр. Бұл ұймдар
болмаса әлемдегі даму деңгейі өспейтін еді, сондықтан өзімнің 1 бөлімінің 1
тарауын осы халықаралық ұйымдардық құрылу тарихына, олардың түрлеріне,
қызметтеріне арнадым. Соңында мен Дүниежүзілік банк тобын халықаралық ұйым
ретінде қарастырдым. Себебі менің диплом жұмысым халықаралық ұйымдардың
бірі Дүниежүзілік банк тобы мысалында қарастырылып отыр және қалған
бөлімдер мен тарауларда тек Дүниежүзілік банк тобының атқаратын жұмыстары,
қызметтері, мақсаттары, нәтижелері, ролі туралы жазылған.
1 бөлімнің 2 тарауында Дүниежүзілік банк тобының ұйымдастырылу жүйсі
туралы жазылған. Дүниежүзілік банк тобының ұйымдастырылу жүйесі өте күрдері
неше түрлі департаменттар, кеңестер және т.б, бұған жеке тоқтау міндетті.
Дүниежүзілік банк және Дүниежүзілік банк тобы деген түсініктердің
айырмашылығы, Дүниежүзілік банк тобының 5 ұйымы, басқарылу жүиесі туралы
жазылған, ол Халықаралық даму және қайта құру банкі, Халықаралық даму
ассоциациясы, Қалықаралық қаржы корпорациясы, Инвестициялық кепіл
бойынша көпжақтық агентік, Инвестициялық қақтығыстарды реттеу бойынша
халықаралық орталық.
3 тарауда Дүниежүзілік банк тобының атқаратын жұмысы және іс-
әрекеттері туралы жазылған. Бұл тарауда 5 ұйымның әр қайсысының ерекше
атқаратын жұмысы, ол жұмыстың мақсаттары мен нәтижелері туралы жазылған.
Себебі бұл бес ұйым бір-бірімен тығыз байланысты немесе бір-біріне тәуелді
деп айтуға болады. Ұйымдар әр-түрлі жұмыс атқаратын болса да, жету мақсаты
бір, ол әлемдегі кемшіліктерді жою, даму процессін жетілдіру, кедей
мемлекеттер мен халықтарға сол жағдайдан өтуге көмек көрсетеді. Пайызсыз
несие мен 30 жалға берілетін қарыздары бар. Бұл кедей мемлекеттердің
дамуына ықпал етіп, алға басуына қолдау көрсетеді.
Дипломдық жұмысымның 2 бөлімі, Дүниежүзілік банк тобының мүшелігі
туралы, қалай кіріп,шығатын туралы 1 тарауында жазылған. Себібі банктің
мүше-мемлекеті болу үшін, мемлекет жағынан іс-шаралар жүргізілу керек,
онымен осы бөлімнің 1 тарауында танысуға болады. Дүниежүзілік банк тобының
түсінігіндегі кедей, дамушы және дамыған мемлекеттердің айырмашылық туралы
жазылған. Келесі тарауында аймақтар мен мемлекеттердегі ролі, іс-әрекрттері
туралы жазылған. Одан басқа болашақта дамуға арналға бағдарламалар,
жоспарлар, стратегиялар туралы жазылған. Бұл тарауда көптеген мәліметтер
бар, сол аймақтардың мүмкіншіліктері туралы және қандай іс-шаралар жүргізу
қажет екендігі туралы жазылған.
3 бөлім Дүниежүзілік банк тобының Қазақстандағы іс-әрекеттері деп
аталады. Бұл бөлімде Дүниежүзілік банк тобының Қазақстандағы жобалары,
Қазақстандағы қызметттері туралы, Қазақстанмен серіктестік стратегиясы
және еліміздің перспективалары туралы жазылған. Осы бөлімнің 1 тарауында
Қазақстанның Дүниежүзілік банкке кіруі туралы, қарым-қатынастары туралы
жазылған. 2 тарауында Дүниежүзілік банк тобының Қазақстандағы мақсаттары
мен қызметтері туралы жазылған. 3 тарауында Жаңадан іске қосылған
Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен Серіктестік Стратегиясы туралы
жазылған. Сол тарауда қысқаша Қазақстанның болашақ перспективалары туралы
жазылған.
Бұл тақылыптың қазіргі уақыттағы маңыздылығы. Әр-бір елдің мақсаты
дамып, өркендеу, сондай-ақ біздің мақсатымыз да сол болып табылыды. Бұл
мақматқа жету үшін үкімет нешетүрлі жолдар, тәсілдер іздейді. Дүниежүзілік
банк Қазақстан үшін, еліміздің дамуы үшін осы жолдардың бірі болып
табылыды. Дүниежүзілік банк кеңес беру қызметін көрсетіп, бағдарламаларды,
жоспарларды, стратегияларды іске асуруды қолдайды. Дүниежүзілік банктің
Қазақстанға қатыста бірінші стратегиясы мемлекетке жәрдем ету стратегиясын
жүргізген, бірақ Қазақстандағы жақсы өзгерістерге байланысты жаңа
Дүниежүзілік банктің Қазақстанмен Серіктестік Стратегиясы іске қосылды.
Дүниежүзілік банк тобының санауы бойанша Қазақстан бәсекелестікке
қабілеттілігі бар мемлекет. Осыған қоса еліміздегі басқа да дамуға
байланыста стратегиялары бар және Совет Одағының ыдырауынан кейін тез
қалпына келіп, тез өрлеген мемлекеттердің бірі болмаса мемлекет ол
Қазақстан болып саналды.
Бұл тақырыптың актуалдылығы ең бірінші қазіргі Қазақстанға даму
бірінші орында тұр. Дүниежүзілік банк даму саласында біз үшін маңызды
серіктес ұйым болып табылады. Бұндай даму мәселесі әр қайсымыздың
назарында жетекті орын алып отыр. Өзімнің Дипломдық жұмысымда тек
Қазақстандағы тәжірибелер ғана емес, әлемдегі іс-әрекеттер көрсетілген,
сондықтан басқа дамыған мемлекеттердің қателіктерін жібермей, дамыған
мемлекеттерді арасына кіру мақсатына сол мемлекеттерге қарағанда тез жетуге
болады деген ойдамын.

1. Халықаралық экономикалық ұйымдар және Дүниежүзілік банк тобы

1.1. Халықаралық экономикалық ұйымдардың құрылу тарихы және қазіргі
уақыттағы қызметі.
Халықаралық ұйымдар бұрыннан болған және олар қоғамның дамуына қарай
алға басқан.
Біздің заманымызға дейінгі VI ғасырда байырғы Грециада ең алғашқы
халықаралық ұжымдар пайда болған, әр-түрлі қала одақтар, қауымдар немесе
діни-саяси одақ тайпалары және қалалар. Осындай ұжымдар болашақтағы
халықаралық ұйымдардың бейнесі болып келетін. Көптеген ғалымдар халықаралық
ұйымдарды әділетті ерекшелеген, сол кезеңдегі одақтар Грек мемлекеттерін
жақындастырып, тұйықтануды жұмсартқан.
Халықаралық ұйымдардың дамуындағы келесі кезең, ол халықаралық
экономикалық және кедендік қауымдардың пайда болуы. Осы одақтардың ең
алғашқыларының бірі Ганзейлік сауда ұйымы, ол бүткіл Солтүстік Германияны
ортағасырлық варварлық қалпынан шығарды. Бұл ұйым XVI ғасырда хатталынып,
оны басқарған Любек.
XIX ғасырда Германиялық кедендік одағы құрылды. Осы одаққа кірген
барлық мемлекеттер бір заңға бағынды, ол шеттен әкелу, шетке апару және
транзиттік тауарға байланысты болды. Барлық кедендік баж салықтар бәріне
жалпы болып қабылданып, халықтың көлеміне байланысты мүшелер арасында
үйлестірілді.
Ғалымдардың санауы бойынша ең алғашқа халықаралық ұйым ол Орталық
коммиссия, 1831 жылы құрылған.
XIX ғасырдың екінші жартысында жер өлшеуге арналған халықаралық
ұйымдар пайда болды. 1865 жылы Дүниежүзілік телеграф одағы, 1874 жылы
Дүниежүзілік почта одағы, 1875 жылы Халықаралық өлшемдер мен салмақтар
бюросы, Халықаралық және көркем меншіктерді қорғайтын Халықаралық одақ және
т.б пайда болды. Сол уақытта мемлекеттер арасындағы қызыметтестік кең
дамыды.
Халықаралық ұйымдар үшін келесі бір маңызды кезең, I Дүниежүзілік
соғыстан кейінгі кезең. Мемлекеттер бейбітшілік пен халықаралық қорғанысты
ұстайтын халықаралық ұйымдарды құра бастады.
1919 жылы Ұлттар Лигасы ұйымдастырылды. Ұлттар Лигасының негізгі
бөлімдері, Лиганың барлық мүшелерінің жиналысы, кеңес және тұрақты
хатшылық. Бұл ұйымның негізгі мақсаты бейбітшілікті ұстау және соғысты
болдырмау. Ұлттар Лигасының жарғысында бейбітшілікті ұстау үшін әр-түрлі
тиімді әрекеттер қарастырылған. Жарғыда ұлттық қару-жарақтың ең аз көлемде
болу керектігі айтылған, бұл ұлттық қорғанысты қамтамас етуге керек.
Мамандардың айтуы бойынша, Ұлттар Лигасы өз міндетін орындай алмады:
бейбітшілікті сақтап қалу мен халықаралық қақтығыстарды реттеу. Лига
мүшелер арасындағы пайда болған жанжалдар, мүшелердің міндеттемелерді
орындамауына әкелді. Олар II Дүниежүзілік соғыстан сақтай алмады, Қытайды
Жапониядан, Эфиопиа мен Испанианы Италиадан, Австралиа мен Чехословакианы
германиадан сақтай алмады. 1946 жылы 18 сәуірде Ұлттар Лигасы жұмысын
тоқтатты[1].
Осымен халықаралық ұйымдардың құрылуы кезеңнен кезеңге дамыды. Бірте-
бірте мемлекеттер, өмірдің әр-түрлі салаларында халықаралық
қызыметтестіктің қажеттігін түсінді.
Қазіргі уақытта халықаралық ұйымдар өткен ғасырға қарағанда көбірек
және халықаралық қатынастарда олардың ролі өте маңызды. Халықаралық ұйымдар
мемлекетаралық қатынастарды негізгі ұйымдастырушы.
Халықаралық ұйым дегеніміз – халықаралық құқық пен халықаралық
келісімшарт негізінде, саяси, экономикалық, мәдени, ғылыми-техникалық,
құқықтық және т.б салалардағы қызыметтестікті ұстауға негізделген
мемлекеттердің ұжымдасуы.
Халықаралық ұйымдардың қызыметтері көп және мүше-мемлекеттердің
қойған мақсатына тәуелді. Халықаралық ұйымдардың негізгі қызымет топтары:
1. Қолғабыс – халықаралық конфиренция өткізу, деректі, статистикалық
хабарды жинап, талдау, статистика мен зерттеулерді публикациалау
және тарату, көпжақтық және 2 жақтық талқылаулар өткізу үшін
хатшылықпен қамтамас ету.
2. Байқау – ұйымның ресми пікірін белгілі бір мәселеге байланысты,
тұжырымдау мен елден өткізу қолғабыс мүмкіндігі, бұл қоғамдық ой-
пікірінің пайда болуының тәсілі болып саналады және мемлекеттің
экономикалық саясатына ықпал етеді.
3. Көздеу – байқаудың қатаң түрі, әрдайым мемлекеттердің экономикалық
қалпы туралы хабар беру және экономикалық даму қарқынына байланысты
кеңестерді тыңдау.
4. Реттеу – халықаралық ережелер мен зорлау механизімінің іске асыру
арқылы, мемлекеттердің халықаралық қоғамдастықтың кеңесін орындайды.
Халықаралық экономиканың кейбір салаларында, байқау мен реттеуге
жауап беретін халықаралық ұйымдар арасында, негізгі қызыметтік топтарды
бөліп шығаруға болады:
Кеңес беруші мемлекеттер топтары – мемлекеттердің экономикалық
саясатын тұрақты үйлестіру миханизмі, әдетте тұрақты халықаралық ұйымға
хатталанбаған.
Әмбебап халықаралық ұйымдар - әлемдегі көпшілік мемлекеттерді
біріктіріп, халықаралық экономикалық қатынастардың нақты түрін реттейді.
Қазіргі халықаралық ұйымдар 2 негізгі түрге бөлінеді: үкіметаралық
және үкіметтік емес ұйымдар. Екеуініңде, өмірдің барлық салаларында маңызы
зор, бірақ өздерінің айрықша ерекшеліктері мен белгілері бар.
Кез келген халықаралық ұйымның кем дегенде 6 белгісі болуы керек:
Біріншіден, олар халықаралық құқыққа сәйкес құрылады. Бұл өте маңызды белгі
және шешуші мағынаны білдіреді. Кез келген үкіметтік ұйым заң тарапынан
құрылуы міндет, себебі басқа мемлекеттердің қызығушылығына қысымшылық
көрсетпеу керек.
Кез келген халықаралық ұйым, халықаралық келісімшарт негізінде
құрылады (конвенция, келісімшарт, трактат, протокол т.б).
Осындай келісімшарттың жақтары егеменді мемлекеттер, бірақ қазіргі уақытта
халықаралық ұйымдарға үкіметаралық ұйымдар да кіретін болды.
Халықаралық ұйымдардың құрылу мақсаты, көптеген салаларда мемлекеттер
күштерін біріктіру: саяси (ОБСЕ), әскери (НАТО), экономикалық (Дүниежүзілік
банк тобы), валюта-қаржылық (Халықаралық валюталық қор) және т.б. Бірақ
Біріккен ұлттар ұйымы барлық салаларды бақылау міндет, мүше-мемлекеттер
арасында делдалдың жұмысын атқарады.
Халықаралық ұйымда сәйкес ұйымдастырушы жүйесінің бар болуы өте
маңызды. Үкіметаралық ұйымдардың штаб-пәтері бар, оның мүшелері егеменді
мемлекеттердің өкілдері мен қосымша органдар.
Келесі бір халықаралық ұйымның маңызды белгісі ол, құқық пен
міндеттердің бар болуы. Халықаралық ұйым өзінің өкілеттілігінен жоғары
жұмыс істей алмайды.
Халықаралық ұйымдардың өз бетінше құқықтары мен міндеттері бар, ол
мүше мемлекеттердің еркіндігінен басқа өзінің автономдық еркіндігі бар.
Мүше мемлекеттер қойған мақсаттарды өз бетінше шешуге құқығы бар. Сонымен,
жоғарыда жазылған белгілер бар болса, онда үкіметаралық ұйым болып
саналады.
Қазіргі уақытта үкіметтік емес ұйымдар да бар, үкіметтік емес ұйымдар
болу себебі, олар келісімшарт негізде емес ұжымдалған. Бұндай ұйымдар кем
дегенде бір мемлекетке танылып, екі мемлекетте іс-әрекетін жүргізу қажет.
Ұйымдар құруша акт негізінде ұйымдастырылады, қазіргі уақытта осындай
ұйымдар 8000-ға жуық саналуда[2].
Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар қазіргі уақыттағы халықаралық
қатынастарда белсенді роль атқарады. Кейбір салаларда осындай ұйымдар
жетекші орын алып келе жатыр. Халықаралық үкіметаралық пен үкіметтік емес
ұйымдардың арасындағы айырмашылығына қарамастан, бір-бірімен жақын қарым-
қатынаста. Халықаралық ұйымдардың кез-келген түрі өзінің іс-әрекеттер
шеңберіндегі көптеген мәселелерді шешетіндей танылған. Саяси, экономикалық,
әскери және басқа салалардағы мәселелерді шешу үшін жыл сайын 1000-ға жуық
конференциялар өткізіледі. Мамандардың болжауы бойынша, XXI ғасырдың екінші
жартысында жылына 5000 конференциялар өткізіледі. Кез-келген конференцияның
белгілі мақсаттары мен тапсырмалары болады. Көбінесе халықаралық
қатынастардағы белгілі бір аймақта, үкіметаралық конференцциялар
халықаралық келісімшарттарға зерттеме жасап, қабылдауға актілерді түюге,
ұстанымдарды жинауға шақырылады.
Халықаралық ұйымның құрылуы, мәселелердің шешімінің маңыздылығына
байланысты, мәселелердің маңыздылығын, мемлекеттердің өздері шешеді. Бұдан
халықаралық ұйымдардың сұраптауы анықталады. Осы мәселелрді шешудің
бағыттары, үкіметаралық немесе үкіметтік емес ұйым деген деңгейін табады.
Халықаралық ұйымдардың пайда болу кезінен қарастырып, олардың
ұстанымдарын түсініп, халықаралық ұйымдардың келісімшарт және заң
ережесінде негізделген, белгілі бір жүйе болып табылатынын байқау қажет.
Мемлекетаралық барлық қатынастарды, халықаралық ұйым арқылы
реттелінеді. Бұл халықаралық ұйымдар қоғамның даму баспалдағына қарай пайда
бола бастады.
Мемлекеттер пайда болды, мемлекеттердің жүйесі пайда болды, олармен
ішкі және сыртқы қызыметтерін іске асыруы, халықаралық құқық пен
халықаралық қатынастардың пайда болуына әкелді. Халықаралық ұйымдар жүйесі
арасында жетекші орын алып отыр, әрқайсысы егемендіктің иегері. Мемлекеттер
өзара келісім арқылы, халықаралық құқық құрып, әр түрлі үкіметаралық
ұйымдарды құрайды. Халықаралық жүйенің қызыметі мемлекеттерге тәуелді,
себебі мемлекеттер барлық пайда боған халықаралық ұйымдарда аз емес күштің
иегері, ұйымның құрылуы арқылы халықаралық міндеттемелердің сақтау мен
орындауын қамтамасыз етеді. Халықаралық ұйымдарды құру арқылы саяси,
эконоикалық, ғылыми-техникалық, мәдени қатынастар реттелінеді. Халықаралық
ұйымдардың бар болуы, белгілі бір жанжалдарды шешуге кепіл береді, себебі
мемлекеттер арақатынастарында белгілі мінгез-құлық ережелері бар.
Халықаралық ұйымдардың құрылу негізі, еркін келісімдер мен егеменді
мемлекеттердің еркі. Белгілі бір халықаралық ұйымның құрылуына келісім
білдіру, ол халықаралық келісімшартты түю деген мағынаны білдіреді.
Мәселелерді шешу барысында, келісіп алған жақтар, еркін және тең құқықтық
негізінде, заңды есепке алып, мүмкін шешімді таңдайды.Бұл негізде
халықаралық ұйымдарда құрылады, басқаша айтқанда, барлық қатысушылардың
теңқұқықтық өкілеттік ұстанымы ретінде.
Адамзат дамуының ерекшелігі, ол техникалық прогресстің тұрақты
жетілдірілуі, шаруашылық және мәдени өмірдің өсуі, осыдан халықаралық
қатынастардың да деңгейі жоғарлайды. Сондай-ақ халықаралық мәселелерді
шешудегі қажеттілік сезіледі, әскери күштер арқылы емес, халықаралық
ұйымдарды құру арқылы. Халықаралық ұйымдардың ролінің жоғарлауы,
мемлекеттер үшін белгілі бір кепіл, таластарды шешуде де, әскери жанжалдан
сақтауда да. Халықаралық ұйымдардың бар болуы және құрылуы, адамзатты
жақындастырып, өркениеттің тез дамуына себеп болады. Қазіргі уақытта,
халықаралық қатынастарда тек техникалық прогресс қана емес, сондай-ақ
біздің жеріміздің экологиялық мәселелрі шешілуде. Халықаралық деңгейде
шешуі, адамзаттың бірігіп болашақты ойлауы.
Осынай болашақтың жақсы болуын тілейтін тағы бір халықаралық ұйым,
Дүниежүзілік банк тобы болып табылады. 1944 жылы Европадағы соғыстан кейін,
қайта қалпына келу мақсатымен құрылған ұйым, уақыт өте Дүниежүзілік банк
тобы дамуға бағытталған ең үлкен жәрдем етуші ұйым болды. Банк тобының
қазіргі мақсаты – кедейшілікпен күрес жүргізіп, адамдарға өз күшімен
мәселелерді шешуге көмектесу. Дүниежүзілік банк тобы 5 ұйым болса,
Дүниежүзілік банк – “Халықаралық даму және қайта құру банкі” мен
“Халықаралық даму ассоцияциясы”.
Дүниежүзілік банк тобын құрайтын 5ұйым:
1. Халықаралық даму және қайта құру банкі.
Кіріс деңгейі орташа және төмен, бірақ несие төлеу мүмкіншілігі бар
мемлекеттерге қарыз береді.
2. Халықаралық даму ассоцияциясы.
Әлемдегі ең кедей мемлекеттердің үкіметтеріне пайызсыз несие береді.
3. Халықаралық қаржы корпорациясы
Тек дамушы елдердің жеке секторларына несие береді.
4. Инвестициялық кепіл бойынша көпжақтық агенттігі
Дамушы елдердегі қаржы салымшыларға, коммерциялық емес шығындар
тәуекелдеріне байланысты кепіл береді.
5. Инвестициялық қақтығыстарды реттеу бойынша халықаралық
орталық.
Халықаралық реттеу миханизмдері мен қаржы салымдарының сұранысын
арбитражды шешуге мүмкіншілік береді.
Осы 5 ұйым арқылы, Дүниежүзілік банк тобы 100-ден астам мемлекеттерде
жұмыстарын жүргізіп, қаржыландыру бағдарламалары мен өмір сүру деңгейін
көтеруге арналған жобаларды іске асырып, кедейшіліктің ең ауыр түрін жою
жолында.
Жеке сектордан дамушы елдерге таза қаржы түсімдердің азаюына
байланысты сңғы жылдары Дүниежүзілік банк тобы халықаралық қаржы әлемінде
осы ролі күрт өсті. (№1 Cурет)
Мүше-мемлекеттер, банк тобын басқарады. Вашингтондағы штаб-пәтерінде
өкілдері бар. Дүниежүзілік банк тобы көмекті неше түрлі тәсілдермен
көрсетеді: қарыз, несие ден бастап, қайтарымсыз кеңес пен техникалық
көмекке дейін. Жеке секторға көмек корсетуде, Банк тобының іс-әрекеттері
көптеген серіктестер күшімен, мемлекеттік ұйымдармен, үкіметтік емес
ұйымдармен, басқа көптеген ұйымдармен басқарылады[3].
Осы ұйымды дипломдық жұмысымның тақырыбы ретінде таңдап,
Дүниежүзілік банк тобы туралы дәлірек келесі бөлімшелер мен болімдерде
жазамын.

1.2. Дүниежүзілік банк тобының ұйымдастырылуы.
Дүниежүзілік банк тобының әр қасысында өздерінің келісімшарт баптары
мен ұйымдастыру құжаттары бар. Бұл құжатта ұйымның мақсаттары, жүйесі,
механизмі, іс-әрекеттері заңды түрде бекітілген. Осы құжаттар арқылы
басқарманы іске асырады.
Банк тобының 5 ұйымы мүше-мемлекеттердің жекеменшігі болып табылады.
Мүше-мемлекеттердің саны ұйымға байланысты әр түрлі. Халықаралық даму және
қайта құру банкінде 184 мемлекет болса, Қаржы салымдық таластар бойынша
халықаралық орталықта 139мүше, 2003 жылдың мамыр айындағы көрсеткіш
бойынша.
Практикада Дүниежүзілік банк тобы жұмысын, Басқару кеңесі және
орындаушы директорлер арқылы жүргізеді. Бұл органдар ұйымның ең маңызды
стратегияларының шешімін қабылдайды. Келесі кестеде Дүниежүзілік банк
тобының ең жлғарғы органнан, бағынушы органға дейін көрсетілген.

Мүше-мемлекеттердің Дүниедүзілік банк
тобымен қатынастары
Мүше-мемлекеттер

Басқару кеңесі

Орындаушы директорлер

Президент

Дүниежүзілік банк тобының басқармасы мен
қызметкерлері

Басқару кеңесі Банк тобының іс-әрекеттерін қадағалайды. Мүше-
мемлекеттердің Банк тобында өздерінің өкілдері бар, көбінесе олар мемлекет
министорлері. Халықаралық даму және қайта құру банкі, Халықаралық қаржы
корпорациясы мен Халықаралық даму ассоцияциясына бір басқару кеңесі жұмыс
істесе, Инвестициялық кепіл бойынша көпжақтық агентігі үшін бөлек кеңес
істейді. Ал МЦУИС жұмысын басқаратын - әкімшілік кеңесі. Егер үкімет басқа
өкіл белгілемесе, Банктағы басқарушысы қызымет орны бойынша кімшілік
кеңесіне кіреді.
Дүниежүзілік банк тобының Басқару кеңесі мен Халықаралық валюта қоры
жылына бір рет жиналыс өткізеді, оны жылдық жиналыс деп атайды. Жыл
арасында мүше-мемлекеттер үкіметтері арқылы өздерінің пікірлерін орындаушы
директорлер арқылы білдіреді.
Дүниежүзілік банк тобының жалпы басқаруын орындаушы директорлер
кеңесі атқарады. Кеңестің меңгеруші орнын Дүниежүзілік банк тобының
президенті алады, орындаушы директорлер Банк тобының Вашингтондағы штаб-
пәтерінде орналасқан. Барлық Банк тобының операцияларына қатысты және
несиелер мен қарыздарды бекітудегі стретегиялық шешімдерге жауап беретін,
орындаушы директорлер. орындаушы директор Банк тобының іс-әрекеттерін
бақылау үшін аптасына 2 рет жиналады. Сондай-ақ әр бір орындаушы директор
бір немесе бірнеше тұрақты коммитеттерге кіреді. Тұрақты комитеттер ол:
Аудит, Бюджет, Кадірлер, Даму тиімділігін бағалау комитеті және орындаушы
директірлердің әкімшілік және басқару сұрақтарына байланысты комитет.
ХДҚҚБ-де 24 орындаушы директолер бар. АҚШ, Жапония, Германия,
Франция, Ұлыбритания осы 5 акционеодің әр қайсысы бір орындаушы директорын
белгілейді. Басқа мемлекеттер топтарға бөлініп, топ немесе мемлекет өзінің
орындаушы директорын сайлайды. Топтарға бөлінуін мемлекеттер өздері шешеді.
Кейбір мемлекеттер мысалы: Қытай, Рессей Федерациясы және Сауд Аравиясы бір
топ болса, бұл топ бір мемлекеттен ғана орындаушы директорын сайлайды.
ХДА мен ХҚК-ның келісімшарт баптары бойынша, ХДҚҚБ-ның орындаушы
директорлер деңгейінде ХДА мен ХҚК-ның директорлер кеңесінің жұмысын
атқарады. ИККА-нің бөлек директорлер кеңесі бар, ол да 24 мүшеден тұрады.
Кеңестер шешімдерді консенсус негізінде қабылдайды, бірақ кейбір орындаушы
директорлердің дауыстары акцияларының көлеміне байланысты қабылданады.
Кестеде көрсетілгендей келесі басқарушылардың бірі ол – Президент.
Президент орындаушы директорлерімен сайланады және Банк тобының 5 ұйымының
президенттік міндеттерін атқарады. Келісімшарт баптарында президенттің
азаматтығы туралы жазылмаған, бірақ тұрақталған дәстүр бойынша оны АҚШ-тың
орындаушы директоры таңдап. сайлауға шығарады. Бірінші сайланатын уақыт
мерзімі 5 жыл, ал 2-ші уақыт мерзімі 5 немесе одан аз жылға сайлануы
мүмкін. Қазіргі уақытта Дүниежүзілік банк тобының президенті Джеймс Д.
Вульфенсон болып табылады. 1995 жылы бірінші рет 5 жылдық мерзімге
сайланды. 2005 жылы үшінші рет сайланып, президент міндеттерін атқаруда.
Банк бөлімшелері президенке бағынады, президент арқылы орындаушы
директорлерге, бірақ Дүниежүзілік банк Операцияларының іс-әрекеттерін
бағалайтын департаменті орындаушы директорлерге бағынады. Президент көздеу
қызметтерінің жартсын бұйрық беруші директорлеріне тапсырады.
Дүниежүзілік банкті (ХДҚҚБ мен ХДА) басқаруда 5 бұйрық беруші
директолер көмектеседі. Бұйрық беруші директорлер бірнеше ұйымдық
бірліктерді бақылайды. Бұйрық беоуші директорлердің бірі, ХҚК-ның вице-
президенті болып табылады. Дүниежүзілік банктық көптеген жоғары орындағы
отырған қызметкерлер бұйрық беруші директорлерге емес, тікелей президентке
бағынады. Олардың арасында заңгер мен Банктің бас экономисті. ИККА-нің вице-
президенті мен МЦУИС-тың бас хатшысы президентке бағынады.
Дүниежүзілік банк тобының 5 ұйымы:
Дүниежүзілік банк тобын құрайтын ұйымдар, дамудың әр түрлі
тәсілдерінде маманданады, кедейшілікті азайту мақсатына жету үшін бірігіп
жұмыс істейді. Дүниежүзілік банк және Банк термині тек ХДҚҚБ мен ХДА-не
қатысты, ал Дүниежүзілік банк тобы немесе Банк тобы, барлық 5 ұйымды
қамтиды.

Дүниежүзілік банк: ХДҚҚБ мен ХДА
Дүниежүзілік банк несие, кеңес беру, техникалық көмек арқылы,
кедейшілікті азайту мен өмір деңгейін көтеру мақсаты мен көптеген
бағдарламаларға көмегін көрсетеді. Бұл жұмысты екі ұйым бөліп алады, ХДҚҚБ
дамушы мемлекеттер мен кедей, бірақ несие төлей алатын қабілеті бар
мемлекеттер мен жұмыс істеп, ХДА әлемдегі тек өте кедей мемлекеттерге
жәрдем көрсетеді.
ХДҚҚБ мен ХДА-нің атқарылатын жұмысы бірегей негізінде іске
асырылады. Дүниежүзілік банктың жалпы штаб-пәтері мен тұрақты бір топ
мамандар, олар бір басшылыққа бағынып, жобаны бағалау барысында бір
үлгіқалыпты қабылдайды. Кейбір мемлекеттер екі ұйымнан да қарыз алады. Бір
ХДА-не кіру үшін, біріншіден ХДҚҚБ-ның мүшесі болып, кіруі керек.
Банк, мүшелеріне байланысты қажеттілікке көп назар аударады.
- денсаулық сақтау мен білім беру арқылы халыққа қаржы салу
- әлеуметтік дамудағы мәселелерге көңіл аудару
- тиімді және ашық сапалы қызымет беру үшін, үкімет күшін нығайту
- қоршаған ортаны сақтау
- жеке бизнестің дамуына көмектесу
- қаржы салымдар мен ұзақмерзімді жоспарларға негізделген , тұрақты
макроэкономикалық жағдайды тудыруға қал салу.
Банк, алдына қойған мақсатына жетуде, басты рольді, кедейшілікті
азайтуға бағытталған тиімді жоспарлар мен несиелер алып отыр. Банк,
халықаралық қоғамдастықта, дамушы елдердің кедейшілікті қысқартуға
бағытталған жоспарларды құруға артықшылығы болуы керек деген, ортақ
пікірдің қалыптасуына қоғабысты.
ХҚК мен Банк бірігіп, мемлекеттерге жеке қаржы салымдарды қызықтыру
мен ұстап қалдыруға негізгі ережелерді күшейтуде көмектеседі. Банк тобының
көмегімен, несие және кеңес беру арқылы, үкімет жалпы экономиканың қайта
құрылуын іске асырып, банк жүйесін күшейтеді. Халық қорларына,
инфраструктураға, қоршаған ортаны сақтауға санаған қаржы салымдары, жеке
қаржы салымдардың тартымдылығы мен өнімділігін көтеруіне жәрдем етеді.
Халықаралық даму және қайта құру банкі (ХДҚҚБ):
ХДҚҚБ 1945 жылы құрылған, Дүниежүзілік банк тобының ең ескі ұйымы
болып табылады. Дүниежүзілік банк десе, көбісі тек ХДҚҚБ-ін ойлайды, мүше-
мемлекеттердің саны ең көп, мақсаттары мен тапсырмалары кең, Банк тобының
штаб-пәтерінде ең көп қызметкерлер саны жұмыс істейді. ХДҚҚБ-ін құрған
кезде, ең алғаш мақсаты. Европаны II Дүниежүзілік соғыстан кейін қалпына
келтіру болған. Орташа табысы бар және несие төлей алатын кедей
мемлекеттерге қарыз, кепіл және кеңес беріп, сол мемлекеттердің дамуында
маңызды роль алуда ХДҚҚБ сол мемлекеттерге тиімді шарт бойынша капиталға
есік ашып капитыл нарығына қарағанда үлкен көлемде, ұзақ мерзімге және
тұрақты негізде. Жалпы МБРР:
- әлеуметтік және халық қабілеттілігін арттыруға арналған ұзақ
мерзімді қаржы салымдарды қолдайды, бұл салаларда жеке несие
берушілер қаржыландырмайды.
- дағдарыс кезінде, қарыз алушылардың қаржылық тұрақтылығын ұстауға
көмектеседі
- қаржы салымдарға қалыпты жағдай жасап, жеке капиталдың белсенділігін
жоғарлатады
- өмір деңгейін көтеруге қажеттілігі бар мемлекеттерге қаржылық көмек
көрсетеді
ХДҚҚБ-ның негізгі қаражат көзі, Әледік қаржы нарығы болып табылады.
ХДҚҚБ – бұл ААА деңгейлі қаржы несие ұйым, (жоғары халықаралық несие
деңгей), бұндай деңгейдің өзінің ерекшеліктері бар. Оның акционерлері,
егеменді мемлекеттер болып табылады. Қарыз алушы мүше-мемлекеттер, оның іс-
әрекеттерінің ұстанымдарын анықтауына қатысады. ХДҚҚБ-і қарызымен бірге
көптеген қызметтер көрсетеді, несиелік қызметтерден басқа, қаражаты тиімді
пайдалануға бағытталған қызметтер бар. Коммерциялық банктың мақсаты
максималды табыс болса, ХДҚҚБ-кі даму.
ХДҚҚБ-ның қарыз алушылары, жеке капитал нарығына есігі ашық орта
деңгейлі мемлекеттер. Кейбір мемлекеттер табыстың төмен деңгейінің
арқасында ХДА-нан да қарыз алуға құқығы бар, ол мемлекеттер бәрі бір несие
төлеу қабілеті болған соң ХДҚҚБ-нан да ала алады. Бұндай мемлекеттерді
“аралас” қарыз алушылар деп атайды.
Мемлекеттерге қарыз беруді тоқтату мәселесі, мемлекеттің табысы орта
деңгейден жоғары болса қарастырылады, бонктің классификациясы бойынша ХДҚҚБ-
тың мақсаты максималды табыс болмаса да, 1948 жылдан бастап оның жеке
пайдасы бар. Бұл табыс дамудың қаржыландыруға, капитал нарығында қарызды
төмен пайызбен беруге мүмкіншілік береді. Мемлекетке берілетін дауыс құқығы
мен жарнаның көлеміне қарап мемлекеттің экономикалық даму деңгейін
анықтайды.
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА):
II Дүниежүзілік соғыстан кейін Европаны қайта қалпына келтіруді
бітіріп, банк дамуша мемлекеттерге назарын аударды. Біраздан соң кедей
дамушы мемлекеттер, банк шарты бойынша даму мақсатына арналған қарыздарды
төлей алмайтыны анықталады, сондықтан мүше-мемлекеттер тобы ХДА ұйымын
құруға шешім қабылдайды. Бұл ұйым кедей мемлекеттерге жеңіл шартпен қарыз
беретін болды. ХДА-на банк ұйымының мінезінкелтіру мақсатында, ХДА
Дүниежүзілік банктың жартысы болу міндет деп шешті. ХДА өзінің жұмысын 1960
жылы бастады, 164 мүше-мемлекет кірген, қарыз көлемінің жиынтығы 135млн АҚШ
долл.
ХДА әлемнің кедей мемлекеттеріне 0 пайыздық және 35-40 жыл мерзіміне
несие береді, осыған қоса арасында 10 жылдық жеңілдік уақыты береді. Бұл
қарызды жиі жеңілдетілген қарыз ретінде қарастырады. ХДА-ның несиелері
адамзат капиталының өсуіне, материалды инфраструктураның өсуіне
көмектеседі. ХДА-ның мақсаты мемлекетаралық және мемлекет ішіндегі
сәйкессіздікті жою, әсіресе бастауыш білім беруді жалпы денсаулық сақтауды,
канал жүргізүін сумен жабдықтауды жақсарту. (№1 Кесте) Үш
жылда бір рет донор мемлекеттер Ассоциацияның қаражаттарын толықтыру
мәселесімен жиналыс өткізеді. ХДА құрылу кезінен барлық салымдардың көлемі
109 млрд.АҚШ долл құрайды. Қосымша қаражаттар, алдында берілген
несиелердің қайтарылуымен толықтырылып, ХДҚҚБ-нің таза пайдасынан түседі.
Донор мемлекеттер жиналысты пайдаланып ХДА-ның болашақ іс-әрекеттерін
талқылайды. 2001 жылы бірінші рет бұл жиналысқа донор мемлекеттерге қоса
қарыз алушы мемлекеттер де қатысты. Әр 3 жылдық айналымды санмен
белгілейді, мысалы: 2003-2005 қаржы жж. несиелендіру айналымы ХДА-ң 13-ші
толықтырылуы немесе ХДА-13.
ХДА, табысы төмен мемлекеттерге несиені жан басына шаққанда 875АҚШ
долл дейін береді (2004ж) және ХДҚҚБ-нан қарыз алу құқығынан айырады.
Қазіргі уақытта ХДА-нан қарыз алуға құқығы бар мемлекеттерге 2,5млрд адам
тұрады, бұл дамушы мемлекеттердің халқының тең жартысын құрайды. Көпшілігі
күніне 2АҚШ долл немесе одан да аз ақшаға тұрады, дәлірек қарасақ 10
адамның 4-уі күніне 1АҚШ долл өмір сүреді, жалпы санағанда олардың саны
1,1млрд. адам. ХДҚҚБ туралы жазып кеттім, кейбір мемлекеттердің табысы
төмедігіне байланысты ХДА-нан несие алуға құқығы бар, бірақ өзінің несие
төлеу қабілеті бар болғандықтан ХДҚҚБ-нан қарыз алуға құқығы болады.
Осындай “аралас” мемлекеттердің мысалы Индия және Инданезия болып табылады.
ХДА-нан несие алу құқығы дегеніміз – қаржыландыру алдында, қаржы
салымдары үшінкедей мемлекеттерге едәуір қаражаттарға есік ашу, өтпелі
кезең экономиканың өсуіне байланысты мемлекеттер, ХДА-нан қаражаттарын
алуға мүмкіншілігін жоғарлатады. Қарыз қайтарудан түсетін төлемдерді, ХДА-ы
басқа кедей мемлекеттерге қарызға беріледі. өткен жылдары 20 мемлекеттен
астам экономиканың дамуына байланысты, ХДА-нан несие алу құқығын алды,
олардың арасында Араб мемлекеті Египет, Коста-Рика, Тайланд, Турция, Чили.
Кейбір мемлекеттер ХДА-ға қаражат салып, ХДҚҚБ-нан қарыз алуды
жалғастырады.
Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК):
Халықаралық қаржы корпорациясы жеке сектор арқылы экономиканың
дамуына жәрдем етеді. ХҚК-сы 1956 жылы құрылған, 175 мүше-мемлекет кірген,
міндеттемелер портфелінде 21,6 млн.АҚШ долл. Іскер серіктестермен
қызыметтестікте, ХҚК-сы дамушы мемлекеттердің тұрақты жеке кәсіпорындарына,
үкімет кепілісіз, қаржы салады. Бизнесті осындай тікелей несиелендіру, ХҚК-
ны Дүниежүзілік банктан ажыратады. Келісімшарт баптарына байланысты ХДҚҚБ
мен ХДА-сы тек мүше-мемлекеттердің үкіметтеріне қаражат берсе, ХҚК-сы осы
шектеулерді толықтыру үшін құрылды.
ХҚК-сы акционерлік капиталды қаржыландырып, өзінің мемлекеттеріне
ұзақ мерзімді қарыз, қарызға кепіл тәуекелді реттеуге арналған құрал беруі
және кеңес беру қызметін көрсетеді. ХҚК-сы дамушы мемлекеттердің жеке
секторында жобаларды іске асыруда ең үлкен көпжақтық несиелендіру және
акционерлік капиталды қаржыландырудың көзі болып табылады. Оның іс-
әрекеттері ауданда және мемлекеттердегі капитал көздеріне шектеулері бар
кәсіпорындарға бағытталған бағдарламалары, ХҚК қатысуысыз өте тәуекелді
комерциялық қаржы салушылар болып саналатын нарықтарға бағытталған.
Бірлескен басқару, қоршаған ортаны сақтау, әлеуметтік даму, салалардағы ХҚК-
сы қаржыландырылған жобаларға көмек көрсетуді жалғастырады және іскер
үкіметтерге кеңес беріп, техникалық көмек көрсетеді.
Жобаларды қаржыландыруда ХҚК-сы мүше-мемлекеттердің кәсіпорындарына
әр түрлі қаржы құралдары мен қызметтерді ұсынады, мысалы:
- әлемдік және ұлттық валютада ұзақ мерзімді қарыздар береді
- акционерлік капиталға қаржы салады
- квази-капиталға құралдар ұсынады
- синдицированый займы
- тәуекелді басқаруды ұсынады
- делдалдық қаржыландыру
ХҚК-сы қызметтері үшін нарық бағалары негізінде төлемдер алады.
Сондықтан ол әр кәсіпорынның келешегін мұқиат талдайды. ХҚК-дан қарыз алу
құқығы бар болуы үшін, жоба қаржы салымшылар үшін болашағы бар болуы керек,
мемлекет үшін экономикаға пайдлы болу керек. ХҚК-сы экономиканың кез келген
салаларын қаржыландырады, мысалы: өнеркәсіпті өңдеу, инфрастрктура, туризм,
денсаулық сақтау, білім беру салалары және қаржы қызметтері. Жаңа
жобалардың көбісі қаржы қызметтеріне бағытталған; құрылып келе жатқан
лизинг нарықтарына қаржы салу, сақтандыру, ипотека, студенттік қарыздар,
жергілікті банктер үшін несие тізімдері, осындай жергілікті банктер,
кәсіпорындардың орта және кіші бизнесін дамуына микроқаржыландыру жасайды.
ХҚК-сы біріншіден, жеке секторларды қаржыландыруына қарамастан, оның
мемлекеттің қатысы бар кәсіпорындарды қаржыландырады, бірақ оның
капиталында жеке сектор болу керек және оның іс-әрекеттері коммерциялық
негізінде болуы міндет. Олардың жергілікті жекеменшіктегі кәсіпорындарды
бірлескен шетелдік және жергілікті кәсіпорындарды қаржыландыруға құқығы
бар.
Жеке сектордағы қаржы салушылар несие берушілердің қатысуы үшін, ХҚК-
сы өзінің қарыздар көлемімен акционерлік капитал қаржыландыруын шектейді,
бөлек жобаларға беру бойынша. Жаңа жобаларға байланысты бұл шектеу 25%,
жобаның жалпы шығындары бойынша немесе айрықша жағдайларда 35% дейін, бұл
кішігірім жобалар бойынша. Кеңеюге байланысты жобалар үшін ХҚК-сы 50%-ға
дейін беру мүмкін, бірақ оның қаржы салымдары 25%-дан көп болмауы керек.
Сонымен ХҚКқаржыландыруы 1$ болса, қаржы салушылар мен несие берушілер 5$
көп салады.
ХҚК-ның қаржы салымдарының көлемі 1 ден 100млн.АҚШ долл-ға дейін. ХҚК-
ның қаражаттары тұрақты капитал айналымы ретінде немесе ХДҚҚБ мүше-
мемлекеттердегі негізгі қорларды сатып алудағы ішкі немесе сыртқы шығындары
ретінде болуы мүмкін. ХҚК-сы коммерциялық негізде жұмыс істейтін болған
соң, оның мақсаты табыс болып табылады. Құрылу күнінен бастап жыл сайын
операциялар бойынша пайда алады.
Инвестициялық кепіл бойынша көпжақтық агенттігі (ИККА):
ИККА, дамушы елдерге шетелдік қаржы салымдардың түсуіне қолғабысады,
шетелдік қаржы салымшыларға коммерциялық емес тәуекелдерге байланысты
шығындар бойынша кепіл береді, мысалы: экспроприяция, конвертталмаған
валюта, трансферттерге шектеулер, әскери іс-әрекеттер және азаматтық
шайқастар немесе келісімшартты орындамау. ИККА 1968 жылы құрылған, 163
мемлекеттер мүше болып кіреді, барлық берілген кепілдердің көлемі 10,34
млрд.долл. ИККА тағы технкалық көмек көрсетеді, мемлекеттердің қаржы
салымдық мүмкіншіліктер туралы хабар таратады. Қажет болса Агенттік қаржы
салымға байланысты таластарды реттеу қызметін көрсетеді.
ИККА төрт негізгі ұстанымдармен басқарылады:
- Барлық назар клиенттерге: Қаржы салушылар, несие берушілер және
укіметтерді күту, олар жеке кәсіпорындарға жәрдем ету мен шетелдік
қаржы салымдарға қоғабысу арқылы мемлекеттерді қабылдайды
- Қызметтестікке қызықтыру: Қызметті кеңейту үшін басқа да сақтандыру
кәсіпорындармен, мемлекеттік мекемелермен, халықаралық ұйымдармен
жұмыс істеу.
- Дамуға арналған салымдарды ынталандыру: Дамушы экономикадағы
халықтың өмір сүру жағдайын жақсартуға талпыну, ол мемлекеттік
қабылдаған мақсаттары, бизнестің ақылды ұстанымдары, қоршаған ортаны
сақтау мен элеуметтік орта арқылы жақсартуын бастайды.
- Қаржы тұрақтылығымен қамтамасыз ету: Жаңашыл сақтандыру мен сенімді
тәуекел басқарма арқылы даму мақсаттарын және қаржы саясатының
тапсырмаларын ойластыру
Дүниежүзілік банкының барлық мүше-мемлекеттері ИККА-нің де мүшесі
бола алады. Агенттіктің 1млрд.АҚШ долл негізгі капиталы бар. 1999 жылдың
наурызында ИККА-ң Басқару кеңесі, капиталдың 850млн.АҚШ долл көбету туралы
қарар қабылдады. Тағы 150млн.АҚШ долл Агенттіктің Дүниежүзілік банктан
қайтарымды капитал алды.
Инвестициялық қақтығыстарды реттеу бойынша халықаралық орталық:
ИҚРХО, шетелдік қаржы салымдарды ынталандыруға қолғабысады. Ол
арбитражды таластарды реттеуде, халықаралық механизмдер қолданып,
мемлекеттер мен шетелдік қаржы салымшылар арасында сенімді қарым-қатынасты
орнатады. Көптеген халықаралық келісімшарттарда ИҚРХО арбитражды орган
ретінде белгіленеді.
Ұйым арбитражды заңнамалар мен шетелдік қаржы салымдар туралы
заңнамалар саласында зерттеулер мен баспа жұмысын іске асырды.
ИҚРХО, мемлекеттер мен басқа елдің азаматтары арасындағы қаржы
салымдық таластарды реттеу үшін, Конвенция бойынша құрылған. ИҚРХО
Конвенциясы 1966 жылы күшіне енді. ИҚРХО-тың 139 мүше-мемлекеті бар, жалпы
жалпы тіркелген істердің саны 103. Орталықта әкімшілік кеңесі мен Хатшылық
бар. Әкімшілік кеңестің меңгерушісі, Дүниежүзілік банктың президенті. Жыл
сайын Әкімшілік кеңестің жиналысы, Банк тобы мен Халықаралық Валюта
Қорымен өткізіледі.
ИҚРХО - өз бетінше халықаралық ұйым, бірақ Дүниежүзілік банкпен тығыз
байланысты. Орталықтың барлық мүшелері Банктың да мүшелері болып табылады.
ИҚРХО хатшылығын шығындарын Банк бюджетінен қаржыландырылады.
ИҚРХО 3 түрлі қызмет көрсетеді:
- мүше-мемлекеттер мен басқа мүше-мемлекеттердің азаматтары болып
саналатын қаржы салымшылар қайшылықтырды реттеу механизімдері. МЦУИС-
ті қайшылықтарды реттеу немесе таластарды арбитражды шешуді сұрау
тек ерікті негізде.
- МЦУИС Конвенциясының шектеулерінен тыс шығатын шетелдік азаматтар
мен мемлекеттер арасындағы кейбір сот шешулердің түрлері. Бұндай
мемлекет немесе мемлекеттің азаматы таластың 1 жағы болып және МЦУИС-
ң мүшесі болып табылатын жағдайды атайды.
- Жеке арбитражды шешімдер үшін 3-ші деңгейлі сот[4].

1.3. Дүниежүзілік банк тобының жұмыс жүргізу ағымы.
Сектор және іс-әрекеттер бойынша стратегиялар. Кедейшілікті азайту,
ВИЧСПИД-пен күрес, қоршаған ортаны сақтау, қоғамның ортақталындырылған
үкіметке қатысын кеңейту сияқты аспектілерден секторлық стратегиялар мен іс-
әрекеттер құрылады. Банк тобының саясатында керекті бағыттардың ролі мен
өзектігін бағалаудан басқа, сол стратегияның сектордағы болашақ іс-
әрекеттерін анықтайды. Үш жылда бір рет, қызыққан мемлекеттер
стратегияларды қайта қарастырады.
Кешенді даму стратегиясы немесе КДС, мемлекеттер өздері басты рольда
болып, кедейшілікті азайту мен даму аумағындағы саясат ұстанымдарын
анықтайды. КДС, барлық даму аспектілерінің бір-біріне тәуелділігін
ерекшелейді: әлеуметтік, экологиялық, экономикалық, және қаржылық. Бұл
стратегия көптеген өткен бағдарламалардың кемшіліктерін дұрстауға
бағытталған.
Кешенді даму страдегиясы көбінесе осыларға бағытталған:
- Даму және даму тапсырмаларын анықтауда мемлекет алғашқы роль алатын
глобальді ұзақмерзімді стратегияға.
- Даму аумағындағы мемлекет бойынша стратегиясын іске асырудағы
мемлекеттер, донор ұйымдар, азаматтық қоғам, жеке сектор және басқа
да қызыққан жақтар арасындағы серіктестес арақатынасты орнатуға.
- Кедейшілікті азайту практикасында, жетістіктерді жақсартуды
қамтамасыз ететін даму қортындысын тазарту ашықтығына бьағытталған..
КДС – бұл типтік үлгі емес, барлық мемлекеттерде бірдей
қолданатындай, әлемдегі даму аумағындағы күштің тиімділігін көтеретін
бизнес жүргізудің жаңа реттемесі[5].
Кедейшілікті қысқарту стратегиясы КДС-да орнатылған, белгілі бір жаңа
кіріспенің қортындысы болып табылады. Бұрын донор ұйымдар мемлекеттерге
қолданатын типтік жоспартарынан айырмашылығы, мемлекет кедейшілікті
қысқартуға арналған стратегияны өздері тағайындайды. Кедейшілікті қысқарту
бойынша дайын құжаттар немесе ПРСП кейін Дүниежүзілік банктың несие беру
негізі болып табылады.
ПРСП – жыл сайын жаңартылатын құжат, оны мемлекет Банк және ХВҚ-мен
бірігіп дайындайды. ПРСП-да макроэкономикалық, жүйелік және әлеуметтік-
саяси ұстанымдар бар. Үш жылдық бағдарлама арқылы кедейшілікті қысқарту мен
экономикалық өсуді тездетуге қатысты мемлекет жоспарларының мінездемелері
бар[6].
Мемлекетке қолғабысу стратегиясы. Дүниежүзілік банк тобы өзінің
клиент мемлекеттердің әр қайсысына мемлекетке қолғабысу стратегиясын
дайындайды. МҚС – ХДҚҚБ мен ХДА қарыз алушыларына Банк тобы көмек
көрсетеді, орындаушы директорлер кеңесі стратегияларды қайта қарастыру
барысында ең негізгі біріктіретін түйін болып табылады. Белгілі бір
мемлекеттің артықшылықтарын алдыңғы портфельдің орындауын және несие төлеу
қабілетін бағалап, МҚС деңгейін, қаржы жүйесін және Банк көрсететін
техникалық көмекті анықтайды.
Саясат ұстанымдары және жұмыс істеу барысы. Дүниежүзілік банк тобы
саясат ұстанымдарын және жұмыс істеу барысын анықтаған олар экономикалық,
қаржылық, әлеуметтік және экологиялық маңызды операцияларына қолғабысуын
қамтамачыз етеді. Әр операция осыны сапа, бірегейлік, сәйкес тапсырмалар,
Банк тобының стратегиялық мақсаттарымен пайдалану керек.
Бұл саяси ұстанымдар және жұмыс істеу барысы, әсіресе қорғаныспен
қамтамасыз ету, ол әйелдерге, қоршаған ортаға, жергілікті халыққа және т.б
қатысты проблемалар операциялық басқармада тіркелген. Олар беуітуден кейін
құрылу барысында кең талдау мен сақтау бақылауға алынады.
Операциялық саясат және мемлекеттік қызмет бойынша вице-президенттер
департаменті, саясат ұстанымдарына байланысты операцияларды басқарады.
Тақырыптық вице-президенттер байланыс департаменті, саяси ұстанымдардың
сақталу мен жұмыс барысында жауап береді.
Дүниежүзілік банк тобының қаржысы. ХДҚҚБ мен ХДА-сының қаржыландыру
мен несиелендіру. Дүниежүзілік банк өздерінің бағдарламаларына даму
аумағында ақшалай қаражаттарды қызықтырады,бұндай жағдай ХДА-сы бай мүше-
мемлекеттердің үкіметтерінен салымдар алады.
ХДҚҚБ жыл сайын несие қаражаттарының жартысын алып отыр, ол барлық
қаражаттарын қаржы нарықтарында қызықтырады. ХДҚҚБ зейнет қорларға,
сақтандыру кәсіпорындарына, корпорацияларға, басқа банк пен жеке тұлғаларға
ААА-деңгейлі облигацияларды сатады. ХДҚҚБ өзінің қарыз алушыларынан пайыз
төлемдерін, сол қаражаттарды алу үшін кеткен шығындарды өтейтінін
көрсетеді. Несие төлеу мерзімі 15-20 жыл және 3-5 жыл жеңілдік береді.
Мемлекет Банкқа кірер кезде 5%-дан аз ХДҚҚБ-ң қаражатын төлейді. Мүше-
мемлекеттердің үкіметтері акцияларды сатып алады, олардың саны экономикалық
даму деңгейіне қарап анықталады, бірақ бұл акциялардың бағасынан көп емес
бөлігі төмендейді. Қалған төленбеген бөлігі қажетті кезге дейін
қалдырылады. Бұндай жағдай, Банктың шығындары болып, несие алушыларына
төлей алмайтын жағдайға жоспарланған, бірақ бұндай жағдай болған емес.
ХДА көмекті өте кедей мемлекеттерге, пайызсыз несие арқылы көрсетеді,
олар ХДА несиелері деп аталады. Бұндай кредиттерге Банктың несиелендіру
көлемінен ¼ бөлігі келеді. Қарыз алушыларда қарыздың 1% көлемінде
комиссионныйлар алынады, әкімшілік шығындарды өтеу үшін несие төлеу мерзімі
30-40 жыл және 10 жыл жеңілдік береді.
ХДА-ң қаражаттарының құрылуын, 3 жыл сайын толықтыруын ойластыратын
40 мемлекет. Донор мемлекеттердің ішінде Франция, Германия, Жапония,
Ұлыбритания, АҚШ сияқты мемлекеттер ғана емес, дамушы мемлекеттерде кіреді,
олар Ботсвана, Бразилия, Венгрия, Корей Республикасы, Рессей Федерациясы,
Турция. Кейбіреулері кезінде ХДА-ң қарыз алушылары болған. ХДА-ң қаржы
басқару жұмысы ХДҚҚБ-де сияқты жүргізіледі. ХДҚҚБ сияқты, ХДА-ң да
кредиттері дефолтқа ұшырайды.
ХҚК мен ИККА-ң акционерлік капиталы бар, олар мүше-мемлекеттердің
ағымдағы салымдарынан құралады, олардың дауыстары акцияларына
пропорционалды.
ХҚК қаржы беріп, акцияларға қаражаттан салады. Инвестициядағы акция
мен квазиакциялар қаржыландыруы сол инвестиция бойынша капитал және
үйлестірілген пайда арқылы төленеді.
ИККА-ң акционерлік капиталынан басқа, кейбір операцияларының
шығындарын Дүниежүзілік банктан алады. ИККА қызметі үшін комиссиондық
төлемдер алады.
Инвестициялық қақтығыстарды реттеу бойынша халықаралық орталықтың
(ИҚРХО) хатшылығының операциялық шығындарын Дүниежүзілік банк бюджетінен
төленеді, кейбір соттарда қатысушы жақтар өздері төлейді.
Трасттық қорлар – Банк тобы мен донорлар арасындағы қаржылық
келісімшарт, бұл келісімшарт арқылы донор Дүниежүзізілік банкқа дамумен
байланысты белгілі бір іс-әрекет үшін қаражат сенеді.
Дүниежүзілік банктағы трасттық қорлардың саны мен доллорлық қосындысы
соңғы жылдары күрт өсті, бүгінгі күні 850-ден астам трасттық қорлар жұмыс
істейді, 1 жылдағы төлем деңгейі 1 млрд.АҚШ.долл.
ХҚК-сы трасттық компанияларды, әр түрлі жобаларға байланысты
техникалық көмек көрсетуде пайдаланады[7].

2. Дүниежүзілік банк тобының мемлекеттер мен аудандардағы іс-әрекеттері

2.1. Мүше-мемлекеттер және оларды классификациялау, топтастыру.
Дүниежүзілік банк тобын басқаратын мүше-мемлекеттер. ХДҚҚБ-а мүше
болып кіру үшін мемлекет алдымен Халықаралық Валюта қорына кіру міндет. ХДА-
на және ИККА-не мүше болып кіру үшін ХДҚҚБ-ң мүшелігі керек. Әр жағдайда
мүше-мемлекет ұйымның акцияларын саиып алады, сонда капитал мен несие
мүмкіншіліктің құрылуына қатысады. Бұл сызба капиталға қол кою деп
аталады. Мүше-мемлекеттер әр ұйымның құрушы құжатына да қол қояды: ХДҚҚБ-ң,
ХДА-ң, ХҚК-ң келісімшарт баптары мен ИККА-ң Конвециясы. ИҚШКО – мүше болу
үшін капиталға қол қояды, Конвенцияға да қол қояды.
Алдыңғы бөлімде жазылғандай, мүше-мемлекеттер Банк тобын өздерінің
өкілдері арқылы басқарады, ол Басқарушы кеңес және Орындаушы директорлер
кеңесі. Әр орындаушы директордың дауыс беру құқығы, мемлекет капиталына қол
кою бағасымен анықталады. Акционерлік ұйымның әр қайсысында – ХДҚҚБ, ХДА,
ХҚК және ИККА – ең көп дауысы бар орындаушы директор ол АҚШ-ң өкілі, екінші
орында Жапонияның орындаушы директоры.
Мүше-мемлекеттің кез-келген сәтте Банк тобынан шығуға құқығы бар, тек
сәйкес хабарлама беру қажет. Мүшелік 1 жылдан кейін де тоқтатылуы мүмкін,
бұндай мүше Дүниежүзілік банк тобы алдында міндеттемелерді орындамау
жағдайда шығарылады. Мемлекеттің ХВҚ-ң мүше болуы тоқтатылса, Дүниежүзілік
банк тобында да автоматты түрде тоқтатылады, тек кейбір жағдайларда
көпшіліктің шешімі бойынша ғана мүше болып қалуға рұқсат беріледі.
Мемлекеттің мүше болуы тоқтатылған кезде, келісімшарт бойынша оның
міндеттері бәрі бір қалады, мысалы, қарыз бен несие бойынша қызмет көрсету.

Мемлекеттерді классификацилау әдістері. Дүниежүзілік банк тобы
мемлекеттер арасындағы көрнекті айырмашылыққа қарайды.
Төмен, орта және жоғары деңгейлі табысы бар мелекеттер. Өзінің
аналитикалық және операциялық іс-әрекеттерінде Дүниежүзілік банк тобы
мемлекеттердің экономикасын төмен, орта және жоғары дегейлі табысы бар деп
бөледі. Бұл классификацияны көптеген егеменді емес ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық қатынастар жүйесіндегі БҰҰ болашағы
Халықаралық ұйымдар жайында
Шаруашылық қызмет аудиті
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Саясат тарихы туралы ақпарат
Бухгалтерлік есепті халықаралық стандарттау
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік қадағалау түрлері
Дүниежүзілік сауданың құрылымы мен түрлері
Халықаралық қауіпсіздік. Ықпалдасу
Пәндер