Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру



Жоспар

І Кіріспе
1.1 Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Үкім шығару
2.2 Айыптау қорытындысы
2.3 Хабарландыру

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірлігі

СӨЖ
Тақырыбы: Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру

Орындаған:______________

Тексерген:_______________

Алматы 2013 ж
Жоспар

І Кіріспе

1.1 Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру

ІІ Негізгі бөлім

2.1 Үкім шығару

2.2 Айыптау қорытындысы

2.3 Хабарландыру

ІІІ Қорытынды бөлім

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Қылмыстық іс жүргізу құжаттарын толтыру

Қылмыстық іс жүргізудің ұғымы. Қылмыстық іс жүргізудің маңызы және
міндеттері. Қылмыстық іс жүргізу заңы. Қылмыстық іс жүргізудің қағидалары.
Қылмыстық іс жүргізудің субъектілері.
Қылмыстық іс жүргізудегі дәлелдеу теориясы. Қылмыстық істер бойынша
дәлелдеу пәні.
Дәлелдемелердің ұғымы. Дәлелдемелердің жіберілуі және артықшылығы.
Дәлелдеу заты мен шегінің ара-қатынасы. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы
тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс жүргізудегі мәжбүрлеу шаралары. Бұлтартпау шаралары.
Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік сұрақтар. Қылмыстық іс жүргізудегі
азаматтық талап.
Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу. Қылмыстық істі қозғау.
Алдын ала тергеудің жалпы шарттары. Тергеу іс-әрекеттері. Жауап алу.
Беттестіру. Тергеудегі тексеру. Тану үшін ұсыну. Тінту және алу. Почта-
телеграф корреспонденциясын алу. Тергеу эксперименті. Сараптама жүргізу.
Айыпталушының, куәнің, жәбірленушінің жауабын оқиға орнында нақтылау.
Азаматтық талапты және мүлікті тәркілеуді қамтамасыз ету барысындағы
тергеушінің және анықтауды жүзеге асырушы тұлғаның іс-әрекеттері.
Мүлікке тыйым салу.
Айыптау қорытындысы.
Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану туралы сұрақты қарау
үшін істі сотқа жіберу.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу. Қылмыстық істердің тергелу
реттілігі. Басты сот талқылауы. Үкім. Заңды күшіне енбеген соттың үкімдері
мен қаулыларын қайта қарау..
Заңды күшіне енбеген сот шешімдеріне аппеляциялық шағым.
Сот шешімдерінің орындалуы.
Қадағалау сатысында іс жүргізу.
Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізу. Қылмыстық іс
жүргізу барысында артықшылықтар мен иммунитеттерді иелік ететін тұлғалардың
істер бойынша жүргізудің ерекшеліктері.

Үкім шығару

Қазақстан Республикасының атынан үкiм шығару
Қазақстан Республикасындағы соттар Қазақстан Республикасының атынан үкiм
шығарады.

Үкiмнiң заңдылығы мен негiздiлiгi
1. Сот үкiмi заңды және негiздi болуға тиiс.
2. Егер үкiм заңның барлық талаптары сақтала отырып және заң негiзiнде
шығарылса, ол заңды болып танылады.
3. Егер үкiм сот отырысында сотқа ұсынылған дәлелдемелердi жан-жақты
және объективтi зерттеу

Үкім шығару құпиясы
1. Істі қараған судья үкімді оған қандай да болсын ықпал ету мүмкіндігін
болғызбайтын жағдайда шығарады. Үкім шығару кезінде өзге тұлғалардың, оның
ішінде запастағы судьяның болуына жол берілмейді.
2. Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде судья кеңесу
бөлмесінен шығып демалу үшін үзіліс жасауға құқылы.
3. Үкім жарияланғанға дейін судья іс бойынша шешімді айқындайтын өз
пікірі мен пайымдауын жария етуге құқылы емес.
 
Соттың үкiм шығару кезiнде шешетiн мәселелерi
1. Сот үкiм шығару кезiнде кеңесу бөлмесiнде мынадай мәселелердi шешедi:

1) жасалуына сотталушы айыпталып отырған әрекеттiң орын алғаны
дәлелдендi ме;
2) бұл әрекет қылмыс болып табыла ма және ол нақ қандай қылмыстық заңда
көзделген (бабы, бөлiгi, тармағы);
3) сотталушының бұл әрекеттi жасағаны дәлелдендi ме;
4) сотталушы бұл қылмыстың жасалуына кiнәлi ме;
5) оның жауаптылығы мен айыбын жеңiлдететiн немесе ауырлататын мән-
жайлар бар ма;
6) сотталушы жасаған қылмысы үшiн жазаға тартылуға тиiс пе;
7) сотталушыға қандай жаза тағайындалуға тиiс;
8) жаза тағайындамай үкiм шығару үшiн немесе жазада босатуға не
қылмыстық жазаны өтеудi Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң екiншi
бөлiгiнде көзделген жағдайларда кейiнге қалдыру туралы негiздер бар ма;
9) бас бостандығынан айыруға сотталушы түзеу немесе тәрбие беру
мекемесiнің қандай түрi мен режимдегiсiнде жазасын өтеуге тиiс;
10) азаматтық талап-арызды қанағаттандыруға жата ма, кiмнiң пайдасына
және қандай мөлшерде, сондай-ақ егер азаматтық талап берiлмесе, мүлiктiк
зиян өтелуге жата ма;
11) азаматтық талап-арызды немесе ықтимал тәркiлеудi қамтамасыз ету үшiн
тыйым салынған мүлiктi не iстеу керек;
12) заттай дәлелдемелердi не iстеу керек;
13) iс жүргiзу шығыстары кiмге, қандай мөлшерде жүктелуге тиiс;
14) сот сотталушының құрметтi, әскери, арнайы немесе өзге атағынан,
сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан,
мемлекеттiк наградаларынан айыруға (айыру туралы Қазақстан Республикасының
Президентiне ұсыныс енгiзуге) тиiс пе;
15) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң көзделген жағдайларда
медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы;
16) қылмысты жасауға әсер ететiн мән-жайлардың болуы туралы;
17) сотталушыға қатысты бұлтартпау шарасы туралы;
18) бұрынғы үкiм бойынша шартты сотталудың күшiн жою немесе оны сақтау
туралы.
 
 Үкiмдердiң түрлерi

Сот үкiмi айыптаушы немесе ақтаушы болуы мүмкiн.

Айыптау үкiмi

1. Айыптау үкiмi сотталушыны қылмыс жасауға кiнәлi деп тану туралы сот
шешiмiнен тұрады.
2. Айыптау үкiмi:

1) сотталушы өтеуге тиiс қылмыстық жаза тағайындала отырып;
2) адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып;
3) қылмыстық жаза тағайындала және оны өтеуден босата отырып;
4) қылмыстық жаза тағайындалмай;
5) қылмыстық жазаны өтеу кейiнге қалдырыла отырып шығарылады.
3. Айыптау үкiмi болжауларға негiзделуге тиiс емес және сот талқылауы
барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кiнәсi соттың зерттеген
дәлелдемелерiнiң жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады.
4. Сотталушы өтеуге тиiс жазаны тағайындаумен айыптау үкiмiн шығара
отырып, сот оның түрiн, мөлшерiн, режимiн және мерзiмдi өтеудi есептеудiң
басталуын дәл айқындауы қажет.
5. Сот, егер осы қылмыс үшiн адамды қылмыстық жауаптылыққа тартудың
ескiру мерзiмi өтiп кетсе, сондай-ақ осы Кодекстiң бiрiншi бөлiгiнде
көзделген жағдайларда айыптау үкiмiн адамды қылмыстық жауаптылықтан босата
отырып, шығарады.
6. Сот, егер үкiм шығару кезiнде:
1) сотталушыға осы үкiммен тағайындалған жазаны қолданудан босататын
кешiрiм актiсi шығарылған;
2) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiң белгiленген алдын ала
қамауды есептеу ережелерiн ескере отырып, осы iс бойынша сотталушының
қамауда болу уақыты сот тағайындаған жазаны қамтыған жағдайларда, айыптау
үкiмiн жазаны тағайындап және одан босата отырып шығарады.
7. Егер оны шығару кезiнде сотталушы қайтыс болса, сот iстi тоқтатады
немесе тараптардың өтiнiшi бойынша айыптау үкiмiн жазаны тағайындамай
шығарады.
8. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнiңекiншi бөлiгiнде көзделген
жағдайларда сот айыптау үкiмiн қылмыстық жазаны өтеудi кейiнге қалдыра
отырып шығарады.

Үкiмдi жариялау

1. Төрағалық етуші үкімге қол қойғаннан кейін сот отырысының залына
оралып, үкімді жариялайды. Сот отырысы залындағы қатысушылардың бәрі,
төрағалық етушінің өзін қоса алғанда, үкімді түрегеп тұрып тыңдайды.
2. Егер үкiм сотталушы (ақталушы) бiлмейтiн тiлде оқылса, онда аудармашы
үкiм жарияланысымен немесе iлеспе түрде оны сотталушының ана тiлiне немесе
ол бiлетiн басқа тiлге дауыстап аударуға тиiс.
3. Төрағалық етушi сотталушыға (ақталушыға), процестiң басқа да
қатысушыларына үкiмге шағым жасаудың тәртiбi мен мерзiмiн, сот отырысының
хаттамасымен танысу және оған ескертулер жасау құқығын, сондай-ақ iстi
апелляциялық қарауға қатысу туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi.
Ақталушыға оның заңсыз ұстаумен, айыпкер ретiнде тартумен, бұлтартпау
шараларын қолданумен, сотқа заңсыз тартумен келтiрiлген зиянның орнын
толтыруға деген құқығы, сондай-ақ осы құқықты жүзеге асыру тәртiбi
түсiндiрiлуге тиiс.
4. Егер сотталушы ерекше жаза түрi - өлiм жазасына кесiлген болса,
төрағалық етушi оған кешiрiм жасау туралы өтiнiш беру құқығын түсiндiредi.

 Айыптау қорытындысы
Тергеушiнiң айыптау қорытындысы кiрiспе, сипаттама-дәлелдеу және қарар
бөлiмдерiнен тұрады. Кiрiспе бөлiмде тергеушi айыптау қорытындысы жасалып
отырған айыпталушының (айыпталушылардың) тегiн, атын, әкесiнiң атын, оның
әрекеттерiне баға берiлiп отырған қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн,
тармағын) көрсетедi. Сипаттама-дәлелдеу бөлiмiнде, айыптаудың мәнiсi,
қылмыс жасалған орын мен уақыт, оның әдiстерi, себептерi, салдары мен басқа
да елеулi мән-жайлары, жәбiрленушi туралы мәлiметтер, айыпталушының кiнәсiн
растайтын дәлелдер; оның жауапкершiлiгiн жеңiлдететiн және ауырлататын мән-
жайлар; айыпталушы өзiн қорғау үшiн келтiрген дәлелдер және осы дәлелдердi
тексеру нәтижелерi баяндалады. Айыптау қорытындысы iстiң томына және бетiне
жасалған сiлтеменi қамтуға тиiс. Қарар бөлiмiнде айыпталушының жеке басы
туралы мәлiметтер келтiрiледi және осы қылмыс үшiн жауаптылықты көздейтiн
қылмыстық заңды (бабын, бөлiгiн, тармағын) көрсете отырып, тағылған айыптың
сипаты баяндалады. Айыптау қорытындысына оның жасалған орны мен күнiн
көрсетiп, тергеушi қол қояды. Айыптау қорытындысына сот отырысына
шақыртылуға тиiстi жәбiрленушiлердiң, куәлардың, сарапшылардың тiзiмi қоса
тiркеледi. Тiзiм екi бөлiктен - айыпталушы мен қорғаушы атаған адамдардың
тiзiмiнен (қорғаушы тiзiмi) және тергеушi жасаған тiзiмнен (айыптаушы
тiзiмi) тұруға тиiс. Сот отырысына шақыртылуға тиiстi адамдардың тiзiмiне
олардың мекен-жайы немесе тұрғылықты жерi және iстiң олардың айғақтары
немесе қорытындылары баяндалған беттерi көрсетiледi.
Осы Кодекстiң 100-бабында көзделген жағдайларда бұл тiзiмде сот отырысына
шақыртылуға тиiстi адамдардың бүркеншiк аттары ғана қамтылуға тиiс, олардың
мекен-жайы көрсетiлмейдi. Айыптау қорытындысына, сондай-ақ iстiң тиiстi
беттерi көрсетiле отырып, тергеу мерзiмдерi туралы, тұтқынға алу және үйде
қамауда болған уақыты көрсетiле отырып, қолданылған бұлтартпау шаралары
туралы, заттай дәлелдемелер туралы, азаматтық талап қою туралы, азаматтық
талапты қамтамасыз ету жөнiндегi қабылданған шаралар туралы және мүлiктi
ықтимал тәркiлеу туралы, iс жүргiзу шығыстары туралы анықтамалар қоса
тiркеледi.
Айыптау қорытындысымен келiп түскен iс бойынша
                прокурор шешетiн мәселелер
      Прокурор айыптау қорытындысымен келiп түскен қылмыстық iстi
зерделеуге және мыналарды:
      1) айыпталушыға таңылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығатын корреспонденциялар мен құжаттарды толтыру
Сот жүйесіндегі іс жүргізу
Сот шешімдерін орындау саласындағы қылмыстардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
Атқару құжаттарын қабылдау бойынша талаптар
Тергеушінің қызметі бойынша практикалық кәсіби дағдыларды қалыптастыру
Экономикалық қылмыстар және заңсыз банктік қызмет қылмысының жалпы түсінігі мен сипаттамасы
Зияткерлік меншік құқығын қорғаудың халықаралық жүйесін дамытудың теориялық мәселелері
Әділет органдарының біртұтас жүйесі
Кеден ісіне катысты қылмыстардың ұғымы мен түрлері, заңдылық сипаттамасы
Адвокатура және адвокаттық қызметтің түсінігі және ұйымдастыру қызметінің негізгі қағидалары
Пәндер