Ми қабықтары Перифериялық жүйке жүйесі



1. Ми қабықтары.
2. Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары.
3. Мидың қандануы
4. Торлы қабық
5. Перифериялық жүйке жүйесі.
6. 12 жұп бас ми жүйкелері
7. 31 жұп жұлын жүйкелері өрімдері

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

1. Ми қабықтары.

2. Мидың қатты қабығының өсінділері мен
қойнаулары.

3. Мидың қандануы

4. Торлы қабық

5. Перифериялық жүйке жүйесі.

6. 12 жұп бас ми жүйкелері

7. 31 жұп жұлын жүйкелері өрімдері

Ми қабықтары.Мидың қатты қабығының өсінділері мен қойнаулары.
Мидың қандануы.

Бас мидың 3 қабығы бар:Ми қабықтары дәнекер тінді (қабықтардан)
жапырақшалардан түзілген,үлкен шүйде тесігінің тұсында жұлынның қабығына
жалғасады.Сыртқы қатты қабық,ортаңғы торлы қабық ішкі мимен бірігіп
орналасқан жұмсақ (тамырлы) қабық деп аталады.
Мидың қатты қабығы dura mater тығыз,мықты және құрамында коллагенді
және эластикалық талшықтан тұрады.Қатты қабық ми сауытының сүйектерімен
тығыз байланыспайды.Ми сауыты негізінде қатты қабық сүйекке жақсы
бекиді,әсіресе сүйектер бір-бірімен байланысатын жерлерде және бас ми
жүйкелері ми сауытынан шығатын тесіктер тұсында.
Қатты қабық кейбір жерлерінде екі жапырақшаға бөлінеді,ішкі жапырақшалары
ойыстар жасайды,осы жерлерде қатты қабық қойнаулары пайда
болады.Қойнауларда веналық қан орналасады,мидан вена тамырлары арқылы
келеді.Қатты қабықтың ең ірі өсіндісі үлкен мидың орағы.Үлкен ми орағы
сүйелді денеге дейін орналасып ми сыңарларын бөліп тұрады.Ми орағының
негізінде жоғарғы сагитальды қойнау,бос бөлігінде төменгі сагитальды
қойнау орналасады.
Мишық шатыры мишықты ми сыңарларынан бөліп тұрады.Мишық орағы екі мишық
сыңарларының арасында орналасқан.Ершік диафрагмасы көлденең
орналасады.диафрагма астында гипофиз безі орналасады.Диафрагмада орналасқан
тесік арқылы гипоталамуспен байланысады.
Қатты ми қабығының қойнаулары.
Қатты қабықтың екі жапырақшаға бөлінуінің нәтижесінде қойнаулар пайда
болады,қойнаулардағы веналық қан ішкі мойындырық венасына құйылады.
Қойнау түрлері:
1.Жоғарғы сагитальды қойнау тор сүйегінің әтеш айдарынан шүйде сүйегінің
ішкі дөңесіне дейін созылып жатады.Алдыңғы бөлігі мұрын қуысының венасымен
анастомоз жасайды,артқы бөлігі көлденең қойнауға қосылады.
2.Төменгі сагитальды қойнау жоғарғы қойнау жоғарғы қойнаудан кіші,орақтан
төмен жатады.Артқы бөлігі тік қайнауға қосылады.
3.Тік қойнау-осы қайнауға үлкен ми венасы қосылады,артқы бөлігі көлденең
қойнауға қосылады.
4.Көлденең қойнау-жоғарғы сагитальды,шүйде және тік қойнаулардың қосылатын
орны қойнаулар қосылысы деп аталады Көлденең қойнау сигма тәрізді қойнауға
қосылады.
5.Шүйде қойнауы мишық орағының астында орналасады.Үлкен шүйде тесігінің
тұсында екіге бөлініп сигма тәрізді қойнауға қосылады.
6.Сигма тәрізді қойнау жұп S – тәрізді пішінді.Мойындырық тесігінің тұсында
ішкі мойындырық венасына қосылады.
7.Үңгірлі қойнау ми сауытының негізінде түрік ершігінің
бүйірінде орналасады.
8.Сына - төбе қойнауы жұп,сына сүйегінің кіші қанаты тұсында орналасады.
9.Жоғарғы және төменгі тас қойнауы жұп самай сүйегі пирамидасының жоғарғы
және төменгі жиегінде орналасады.Шүйде сүйегінің негізінің тұсында майда
веналармен байланысады базиллярлы өрім түзіледі.Қатты қабық қойнаулары
бастың сыртқы веналарымен эмиссар веналары арқылы байланысады,диплоэлалық
веналар арқылы бас сүйегінің беткей веналарымен байланысады.
Торлы қабық – arachnoidea encephali жұқа,мөлдір қабық.Жұмсақ қабық
торлы қабық асты кеңістік арқылы бөлініп тұрады,бұл кеңістікке жұлын ми
сұйықтығы бар.Торлы қабық асты кеңістік және кең ми сайларының тұсында
әртүрлі көлемді торлы қабық асты цистерна пайда болады.
Ірі цистерналар:
1.Мишық – ми цистернасы- сопақша ми мен мишық арасында орналасқан.
2.Үлкен мидың латеральды ойысының цистернасы үлкен ми сыңарларының
бүйір ойыстарында орналасқан.
3.Қиылысу цистернасы – көру қиылысының алдында орналасауы.
4.Аяқшалар арасындағы цистерна артқы тесікті зат астында орналасады.Торлы
қабық асты кеңістік үлкен шүйде тесігі тұсында жұлынның торлы қабық асты
кеңістігімен жалғасады.Жұлын ми сұйықтығы ми қарыншаларының тамырлы
өрімінде пайда болады.Бүйір қарыншалардың оң және сол қарынша аралық тесік
арқылы жұлын ми сұйықтығы ІІІ қарыншаға,суағар арқылы ІҮ қарыншаға
өтеді.Қатты қабық қойнаулары тұсында торлы қабықтан өсінділер-торлы қабық
грануляциялары пайда болады.Бұл өсінділер веналық қойнауларға
ашылады.Грануляциялар жұлын ми сұйықтығын веналық жүйемен байланыстырады.
Жұмсақ ми қабықтары pia mater encephali ең ішкі ми қабығы.Мидың сыртқы
бетіне тығыз жанасып орналасады.Болбыр дәнекер тінінен түзілген,қан
тамырларына өте бай.Жұқа ми қабығы кейбір жерлерде ми қарыншаларына
өтіп,тамырлы өрім құрайды,өрімде жұлын ми сұйықтығы пайда болады.

Перифериялық жүйке жүйесі.
12 жұп бас ми жүйкелері.

Перифериялық жүйке жүйесі бас ми мен жұлыннан бөлек жататын жүйке
жүйесінің бір бөлігі.Орталық жүйке жүйесі перифериялық жүйке жүйесі арқылы
барлық жүйелерді,аппараттарды,мүшелер мен тіндерді
жүйкелендіреді.Перифериялық жүйке жүйесіне
(sistema nervosum periphericus)ми және жұлын жүйкелері,ми
мен жұлын жүйкелерінің сезімтал түйіндері және вегетативтік
жүйке жүйесі жатады.Жүйке жасушаларының өсінділерінен
жүйке талшықтарының шоғыры түзіледі,бұл жүйкелердің денесі ми мен жұлынды
және шеткі жүйкелердің түйінінде орналасады.Жүйке және оның
талшықтары,болбыр дәнекер тінімен-эпиневрит қоршалған,ол
коллаген,эластикалық талшықтан түзілген эпиневриде май жасушалары,қан
және лимфа тамырлары мен жүйкеге бай.Эпиневрий жүйке талшықтарының шоғыры
орналасады,ол периневрий қабығымен қоршалған.Әрбір жүйке талшығы дәнекер
тінінен тұратын эндонвриймен қоршалған.Жүйкелер ұзындығы,жуандығы бойынша
әркелкі болады.Ұзын жүйкелер қол-аяқта орналасады.Ең ұзын ми жүйкесі Х жұп
кезбе жүйкесі.Үлкен диаметрлі жүйке
жүйке діңгегі,олардан шығатын жүйкелер тармақтар деп аталады.Жүйке қан
тамырларымен жақсы жабдықталған.Шеткі жүйке жүйесін түзетін жүйке
талшықтары орталыққа бағытталған және орталықтан бағытталған болып 2-ге
бөлінеді.Орталыққа бағытталған талшықтар жүйке импульсын орталық жүйке
жүйесіне жеткізеді.Бұлар сезімтал (афферентті,әкелуші) талшықтар.Орталықтан
бағытталған талшықтар орталық жүйке жүйесінен орындаушы мүшеге
жеткізеді.Бұлар эфферентті талшықтар.Мүше құрылысына байланысты эфферентті
жүйке талшықтары қозғаушы (бұлшық ет тінін),секреторлық (безді
жүйкелендіреді) және трофикалық тіндегі зат алмасу процесін қамтамасыз
етеді.Соматикалық талшықтар денені соманы,вегетативті ішкі мүшелер мен
тамырларды жүйкелендіреді.Орталық жүйке жүйесінен таралатын орнына
байланысты жүйке тармақтары бас ми craniales мидан басталады және жұлын
ми spinales жұлыннан басталады.Тері (беткей) және
бұлшық ет (терең) жүйкелері болып бөлінеді.Беткей жүйке талшықтары теріасты
май қабатында орналасады,беткей ет талшықтары беткей бұлшық ет арасында
орналасады.Тері жүйкелерінің жанында қан,лимфатамырлары болмайды,оның
құрамында сезімтал жүйке талшықтары болады.Беткей ет талшықтары тамыр-жүйке
шоғырының құрамына кіреді,оның құрамында қозғалтқыш,сезімтал және
вегетативті жүйке талшықтары болады.Жүйке қозғалтқыш,сезімтал және аралас
болып бөлінеді.Қозғаушы жүйке motorius жүйке жасушаларының денесі
жұлынның алдыңғы мүйізшесінде және бас ми жүйкелерінің қозғалтқыш
ядроларында орналасады.Сезімтал жүйке
n.sensorius бас ми және жұлын жүйкелерінің сезімтал түйіндерінде
орналасады.Адам денесіндегі жүйкенің көп бөлігі аралас жүйке болып
табылады.
Аралас жүйке n.mixtus құрамында сезімтал және қозғаушы жүйке
талшықтары.Вегетативті жүйке және тармақтары жұлынның бүйір мүйізшесінде
орналасқан жүйке жасушаларының өсіндісінен және бас ми жүйкелерінен
вегетативтік тармағынан түзіледі.

Бас ми жүйкелері.
Бас мидың сабақшасынан шығатын жүйкелер бас ми жүйкелері деп аталады.Адамда
12 жұп бас ми жүйкелері бар,олар рим цифрасымен белгіленеді.
Иіс сезу жүйкесі n.olfactori бас ми жүйкелерінің І жұбы.Мұрын қуысының
кілегейлі қабағында иіс сезу аймағында орналасқан иіс сезу жасушаларының
орталық өсінділерінен пайда болады.Жіңішке 15-20 иіс сезу жүйкелері тор
сүйегінің тесігінен өтіп,иіс сезу жуашығына жалғасады.
Көру жүйкесі n.opticus (ІІ жұп).Көз алмасының торлы қабығының соқыр дақ
тұсынан басталады.Көру жүйкесінің каналы арқылы ми сауытына өтіп,ми
негізінде қиылыс жасап-хиазма chiasma opticum әрі қарай көру жолына
жалғасады.Көз қимыл жүйкесі ІІІ жұп n.oculomotorius аралас жүйке қозғалтқыш
және вегетативті ядролардан басталады.Ми негізінен көпірдің алдыңғы жағынан
шығып,жоғарғы көз саңылауы арқылы көз шарасына өтеді.Жоғарғы тармақтары
қозғалтқыш жүйке,жоғарғы қабақты көтеретін және жоғарғы тік бұлшық етті
жүйкелендіреді.Төменгі тармағы-аралас,төменгі және медиальды тік бұлшық
етті,төменгі қиғаш бұлшық етті жүйкелендіретін тармағы қозғалтқыш,ал
вегетативті тармағы түйін алды парасимпатикалық талшықтан түзілген.
Шығыр жүйкесі ІҮ жұп n.trocchlearis
қозғалтқыш жүйке ядролары орталық мида орналасқан көз шарасының жоғарғы
саңылауы арқылы көз шарасына өтіп,көз алмасының жоғарғы қиғаш бұлшық етін
жүйкелендіреді.
Үшкіл жүйке Ү n.trigeminus аралас жүйке.Қозғалтқыш ядролары
көпірде,сезімтал талшықтары ортаңғы ми ядроларына бағытталады.Бет
терісін,маңдай және самай бөлігін,мұрын қуысының кілегейлі қабығын,ауыз
қуысын,шайнау бұлшық еттерін жүйкелендіреді.Үшкіл жүйке ми негізіне 2
түбірмен шығады (сезімтал және қозғалтқыш).
Самай сүйегінің пирамида бөлігінің алдында үшкіл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұлын құрылысы. Сұр зат. Ақ зат. Рефлекторлық доға. Жұлын-ми нервтерінің тармақтары. Вегетативті нерв жүйесінің бөліктері
Жүйке жүйесі туралы түсінік
Иттің құтырық ауруының патологоанатомиялық өзгерістері мен диагностикасы
Артқы аяқтың массажы
Құтыру - зооантропонозды ауру
Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Ми қыртысы, оның қабаттары
Жұлын-ми сұйықтығының циркуляциясы туралы ақпарат
Қорғасын қосындыларынан улану
Көз алмасының ішкі қабығы - торлы қабық
Листериоз ауруының сипаттамасы
Пәндер