Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі



Аудиторлық тексеріс жарнамалық жұмыс немесе қызметтердің орындалудеректерін растайтын барлық бастапқы құжаттардан басталуы керек.
Салық заңнамасымен құжатты расталған шығындар астарынан Қазақстан Республикасы заңнамаларына сәйкес ресімделген, құжаттармен расталған шығындар түсіндіріледі.
Бухгалтерлік заңнамаға сәйкес ұйым өткізген барлық шаруашылық операциялары растаушы құжаттармен ресімделуі тиіс. Бұл құжаттар бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын бастапқы есеп құжаттары қызметін атқарады. Бастапқы есептік құжаттар егер бастапқы есеп құжаттарының тұрпатты формасы альбомына жататын форма бойынша жасақталған болса ғана, есепке қабылданады (Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу бойынша ереженің 12 және 13 тармақтары). Бастапқы есеп құжаттамаларының тұрпатты формалары альбомында көрсетілген бланкі форматтары ұсынылған болып табылады және өзгертіле алады. Жарнама шығындарын қарапайым іс-әрекеттер түрі бойынша шығындар ретінде тану үшін жарнамалық жұмыс немесе қызметтерді орындау деректерін растайтын бастапқы құжаттар болу керек. Олар төмендегіше бола алады:
- жарнамалық қызмет көрсету туралы шарт;
- жарнамалық қызмет бағаларын келісу хаттамасы;
- белгіленген тәртіпте ресімделген сыртқы жарнама құралдарын және ақпараттарды орнату құқығын беретін құжаттама (сыртқы жарнама орнату құқығы туралы куәлік, жарнамалық орын паспорты, бекітілген дизайн-жоба);
- жарнама таратушы мен жарнама беруші қол қойған орындалған жұмысты (көрсетілген қызмет) тапсыру-қабылдау акті;

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жарнамалық шығындарға аудит жүргізудің негізгі кезеңдері мен әдістемесі

Аудиторлық тексеріс жарнамалық жұмыс немесе қызметтердің
орындалудеректерін растайтын барлық бастапқы құжаттардан басталуы керек.
Салық заңнамасымен құжатты расталған шығындар астарынан Қазақстан
Республикасы заңнамаларына сәйкес ресімделген, құжаттармен расталған
шығындар түсіндіріледі.
Бухгалтерлік заңнамаға сәйкес ұйым өткізген барлық шаруашылық
операциялары растаушы құжаттармен ресімделуі тиіс. Бұл құжаттар
бухгалтерлік есеп жүргізуге негіз болатын бастапқы есеп құжаттары қызметін
атқарады. Бастапқы есептік құжаттар егер бастапқы есеп құжаттарының
тұрпатты формасы альбомына жататын форма бойынша жасақталған болса ғана,
есепке қабылданады (Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік есеп және
бухгалтерлік есеп-қисап жүргізу бойынша ереженің 12 және 13 тармақтары).
Бастапқы есеп құжаттамаларының тұрпатты формалары альбомында көрсетілген
бланкі форматтары ұсынылған болып табылады және өзгертіле алады. Жарнама
шығындарын қарапайым іс-әрекеттер түрі бойынша шығындар ретінде тану үшін
жарнамалық жұмыс немесе қызметтерді орындау деректерін растайтын бастапқы
құжаттар болу керек. Олар төмендегіше бола алады:
- жарнамалық қызмет көрсету туралы шарт;
- жарнамалық қызмет бағаларын келісу хаттамасы;
- белгіленген тәртіпте ресімделген сыртқы жарнама құралдарын және
ақпараттарды орнату құқығын беретін құжаттама (сыртқы жарнама орнату
құқығы туралы куәлік, жарнамалық орын паспорты, бекітілген дизайн-
жоба);
- жарнама таратушы мен жарнама беруші қол қойған орындалған жұмысты
(көрсетілген қызмет) тапсыру-қабылдау акті;
- ҚР Үкіметі қаулысымен бекітілген алынған және ұсынылған шот-
фактураларды, қосымша құн салығы бойынша есептеуде сатып алу және сату
кітаптарын есепке алу журналын жүргізу ережесінің талаптарына сай
ресімделген жарнамалық қызметті орындаушы ұсынған шот-фактура;
- жарнамалық қызметтерге төлем төлеуді растайтын құжаттар (төлем, кіріс
ордерінің қиындысы);
- талап-жөнелтпе құжат (ф.М –11) және материалдарды сыртқа шығару
жөнелтпе құжаты (ф.М-15);
- материалдардың орнын ауыстыруды реттейтін заборлы карта форма N М-
8)
- ішкі орын ауыстыру және тауарларды беруге унифицияланған форма және
жөнелтпе құжат (унифицияланған форма N ТОРГ-13);
- есептік-төлемдік ведомость (унифицияланған форма N Т-49);
- жарнамалық мақсатта тауарларды (дайын өнімдер) есептен шығару туралы
акті;
- тауарлардың бағасын түсіру жөніндегі акті;
- қосымша құн салығы бойынша декларация;
- бухгалтерлік есептік анықтамалар және басқа да құжаттар.
Сондай-ақ жарнамалық хабарландырулар жарияланған бұқаралық
ақпарат құралдарында басылған экземплярларды, жарнама жазылған аудио-,
бейне кассеттер, радио немесе теледидар бойынша жіберілген жарнамалық
хабарлардың күні, уақыты, ұзақтығы көрсетілген эфирлік анықтамаларды және
жарнамалардың нақты таратылғаны жөнінде басқа да куәліктер тексерілуі тиіс.
Өйткені Жарнама туралы Заңның 21 бабына сәйкес, жарнама беруші, жарнама
өндіруші және жарнама таратушылар жарнамалық мазмұндағы материалдарды
немесе олардың көшірмелерін, жыл бойында және соңғы таратылуға дейін
енгізілген өзгертулерін қоса сақтаулары керек.
Жарнама шығындарына аудиторлық тексеру жүргізудің басты
міндеттерінің бірі табысқа салық салу мақсатында жарнама шығындарының
нормаланған көлемін есептеудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бұл
бухгалтерлік заңнамада жарнама және жарнамалық қызметке анықтамалар
жоқтығынан қиынға соқтырады. Бухгалтерлік есепте жарнама шығындары өнімнің
(жұмыс, қызмет) өзіндік құнында жүргізілген шығындардың толық сомасымен
есеке алынады, сол сияқты салықтық заңнамаларда да жарнама анықтамасы жоқ,
алайда салық салу мақсатында қабылданатын кейбір түрлері белгіленген.
2002 жылға дейін табысқа салық салу мақсатында жарнамалық шығындар
нормаланды. Норматив көлемі ҚР Қаржы министрлігінің бұйрығымен белгіленді
және өнімді сатудан түсетін пайда көлеміне байланысты болып, қосымша құн
салығы да қосылды.
Барлық жарнамалық шығындарды екі түрге бөліп қараған жөн:
- салық салуда толық көлемде есептелетін шығындар;
- салық салуда табыстың 1 пайызы шегінде есептелетін шығындар.
Ұйымның нормаланбаған жарнама шығындарына мыналар жатады:
- бұқаралық ақпарат құралдары арқылы (баспадан шығарылған
хабарландырулар, радио және теледидар арқылы хабарлар беру) және
телекоммуникациялық желілер (интернет желісі) таратылған жарнамалық
шаралар шығындары;
- жарықтық және басқа да сыртқы жарнамалар шығындары, жарнамалық
қабырғалар мен жарнамалық қалқандар дайындауға кеткен шығындар;
- көрмелерге, жәрмеңкелерге қатысу, сөрелерді, сату-көрмелерін, үлгілер
бөлмесі мен көрсету залдарын безендіру, ұйым орындайтын және көрсететін
жұмыстар мен қызметтер туралы ақпараттардан тұратын брошюралар мен
каталогтарды дайындауға, көрмеге шығарғанда өздерінің бастапқы
сапаларын толықтай немесе жартылай жоғалтқан тауарлардың бағасын
түсіруге кеткен шығындар.
Нормаланбайтын шығындар тізімдемесі құпия (жабық) болады. Осы
тізімдемеге кірмейтін басқа жарнама шығындары, сондай-ақ жалпы жарнама
кампаниясын өткізу барысында жеңімпаздарға берілетін сыйлықтар сатып алу
(дайындау) шығындары, салық салуды жеңілдету мақсатында нормаланады. Бұл
шығындар нормасын салық салу кезінде түсімнің 1 пайызы көлемінде есепке
алуға болады. Сонымен қатар түсім сомасына ҚҚС мен сатуға салынатын салық
қосылмайды. Жарнамаға жұмсалатын нормативті шығындар, пайда сияқты, жыл
басынан бастап көбейтілетін нәтижемен есептеледі. Осы аталған тізімдемеге
сәйкес, нормаланатын (басқа да шығындар) жарнама шығындары қатарына
плакаттар, афишалар, жарнамалық хаттар, ашық хаттар, этикеткалар үлгілері
(эскиздері), түпнұсқалық және фирмалық пакеттер үлгілерін тікелей клиентке
ұсыну немесе пошта арқылы жіберу жобалау, шығару мен тарату шығындары
жатады.
Жарнама туралы Заңда көрсетілген анықтамаға сай келетін жарнамалық
қызметтің өзге түрлері,салық салу тиімділігін арттыру мақсатында жарнаманың
басқа түрлері топтамасына жатқызылады. Мысалы, егер жеке тұлға ұйыммен
келісіген келісім шарт негізінде телефондық байланыс арқылы жеке
тұлғаларға немесе көтерме саудамен айналысатын фирмаларға кәсіпорын мен
оның өндіретін өнімі туралы ақпарат беру қызметімен айналысатын болса, онда
бұл қызмет түрін жарнаманы тарату ретінде қарастырған жөн. Дегенмен де
визит карточкелері, сатып алушыларға берілетін дисконт карталары,
үнпарақтардағы мамандарды жұмысқа шақыру туралы хабарландырулар,
маңдайшадағы жазулар жарнама деп саналмайды, өйткені оларда фирма ұсынатын
тауарлар немесе қызмет түрлері туралы ақпарат көрсетілмейді, және тек
шектеулі тұлғалар топтарына арналған, ал жарнама – бұл көпшілікке арналады.
Салық Кодексіне сәйкес салық салу объектісі болып:
- ұйым немесе жеке кәсіпкер сатып алған жарнама қызметін (жұмысын)
жарнама берушінің экономикалық қызметінің мүддесін көздейтін коммерциялық
мақсаттағы жарнама қызметін (жұмысын), тауар (жұмыс, қызмет) және (немесе)
осы жарнамалық қызметті (жұмысты) сатып алушы туралы ақпараттарды
дайындау және тарату ;
- жарнама берушінің, жарнама өндірушіні тарта отырып, өз бетімен
дайындаған жарнама қызметі.
Дегенмен де ақпарат тарату дегеніміз оның, яғни бұқаралық ақпарат
көздері, каталогтар, прейскуранттар, анықтамалар, парақшалар, афишалар,
плакаттар, жарнама қалқаншалары,күнтізбелер, сәулелік үнпарақ (жүгірме жол
немесе сәулелік тіркелген жол) немесе өзге де жарнама тасымалдаушыларының
көмегімен ақпараттардың қозғалысы (ақпараттық әсер ету) арқылы
ақпараттардың таралуы.
Ақпарат тарату деп кей жағдайларда, хабарландырулар, ескертулер немесе
хабарламалар тарату да айтылады.
Салық төлеуші салық базасын өзіне көрсеткен жарнама қызметі (жұмысы)
құнына немесе осы тауар (жұмыс, қызмет) жарнамасымен байланысты қызметті
(жұмысты) өзі дайындаған жағдайда жұмсалған шығындар көлемін есептеу арықлы
анықтайды.
Жарнама қызметі үшін төленетін салық сомасы салық төлеушіге
қолданыстағы баға мен қосылған құн салығын есептемегендегі тарифтік
мөлшерлемесімен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындағы ағымдағы міндеттемелерді есепке алуды талдау
Жұмыстар мен қызметтер
Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі
Маркетингтік зерттеулер туралы мәлімет
Сатып алынған жартылай фабрикаттар
Кәсіпорынның қызметіндегі шығындар және оны азайту жолдарын жетілдіру
Туристік бизнестің бухгалтерлік есебі
Еңбекақының шығындар есебі
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Жарнамалық әрекетті бағалаудың теориялық негіздері
Пәндер