ҚР мен ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық саладағы ынтымақтастығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ.НЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ
1.1. ЕҚЫК/ЕҚЫҰ.ның қалыптасу тарихы, қызметі, маңызы ... ... ... ... ... .10
1.2. Әскери.саяси саладағы ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
1.3. Лаңкестікпен күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28

ІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ.НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
2.1. Экологиялық ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
2.2. Экономикалық ынтымақтастық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43

ІІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
3.1. Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы мәдени, діни және этникаралық төзімділік бойынша өзара әрекеттері ... ... ... ... ... .51
3.2. ҚР және ДИАҚБ/ЕҚЫҰ арасындағы демократиялық реформаларды жүргізу бойынша ынтымақтастығы ... ... ... ... ... ... .52
3.3. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ.дағы төрағалығының басымдықтары және оның алғашқы қорытындылары ... ... ... ... .62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..67
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..70

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Халықаралық қатынастар факультеті

Аймақтану және әлемдік экономика кафедрасы

Бітіру жұмысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ЕҚЫҰ АРАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Орындаған 4-курс студенті _________________ Доллин Д.М.

Ғылыми жетекші _________________ Бюжеева Б.З.

т.ғ.к., доцент

Норма бақылаушы _________________Садықова Р.О.

оқытушы

Кафедра меңгерушісінің

рұқсатымен қорғауға жіберілді _________________Макашева К.Н.

т.ғ.д., доцент

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ

1.1. ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның қалыптасу тарихы, қызметі,
маңызы ... ... ... ... ... .10
1.2. Әскери-саяси саладағы
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..20
1.3. Лаңкестікпен
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...28

ІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЛАДАҒЫ
ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

2.1. Экологиялық
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..39
2.2. Экономикалық
ынтымақтастық ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
3

ІІІ ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ АРАСЫНДАҒЫ ГУМАНИТАРЛЫҚ САЛАДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ

3.1. Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы мәдени, діни және этникаралық
төзімділік бойынша өзара
әрекеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .51
3.2. ҚР және ДИАҚБЕҚЫҰ арасындағы демократиялық реформаларды жүргізу
бойынша
ынтымақтастығы ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...52
3.3. Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ-дағы төрағалығының басымдықтары
және оның алғашқы
қорытындылары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 67

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .70

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасының сыртқы саяси қызметін
зерттеу аясында Қазақстанның халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын
зерттеудің үлкен маңызы бар. Көптеген халықаралық қауіпсіздік
құрылымдарымен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты дамыту Қазақстан
Республикасы сыртқы саясатының көпвекторлық бағытына және оның ұлттық
қауіпсіздігін күшейту мүдделеріне сәйкес келеді. Қазақстан 1992 жылдың
басында байланыс орнатқан Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы
еуропалық қауіпсіздік құрылымдарының ішінде ерекше орын алады.

ЕҚЫҰ Біріккен ұлттар ұйымы Жарғысының VІІI тарауына сәйкес аймақтық
ұйым түрінде құрылып, өз мүше-мемлекеттер аймағындағы қақтығыстарды ерте
ескерту, алдын алу, реттеу және постқақтығыстық қайта қалпына келтіру
мәселелерімен айналысады.

ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттері арасындағы шын ынтымақтастықты дамыту және
тереңдетуге шақырады. Нақ осы мақсат Ұйымның барлық қызметінің негізінде
жатыр және оның әрбір әрекетінің сипатына үлкен әсер етеді. Ал әскери-
саяси, адами және экономико-экологиялық өлшемдердегі қауіпсіздікті
қамтамасыз ету барлық мүше-мемлекеттердің тығыз ынтымақтастығы негізінде
жүргізілуі керек.

ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси өлшемі аясындағы қызметі Қазақстан үшін ерекше
маңызға ие. Әскери саладағы ЕҚЫҰ-ның басты мақсаты мүше-мемлекеттер
арасындағы ашықтықты күшейтіп, ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Қазақстан нақты жобаларды іске асырумен қатар, бұл өлшем аясында
нормативтік негізді кеңейту аса маңызды деп есептейді.

Қазақстан мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықта экономикалық және
экологиялық өлшемдер салаларында, соның ішінде трансшекаралық су қорларын
саналы түрде және келісімділік негізінде басқаруға ерекше назар
аударылады.

ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастықты дамыту Қазақстан Республикасы сыртқы
саясатының басты мүдделерінің бір болды және келешекте де болмақ. ЕҚЫҰ-ның
адами өлшем саласындағы негізгі институттармен құрылымдық диалог орнату
Қазақстандағы демократиялық жаңартулар, азаматтық қоғамды құру және де заң
үстемдігін орнату үшін өте маңызды болып табылады.

Қазақстан Республикасының Парламентінің жоғары палатасының төрағасы
Қ.Тоқаевтың ойы бойынша, ЕҚЫҰ-ның мәртебесін көтеру, құрлықтағы саяси
тұрақтылықты сақтау бойынша мүмкіндіктерін кеңейту, барлық, яғни
гуманитарлық, экономикалық, экологиялық, әскери-саяси бағыттардағы
потенциалын жоғарылату Қазақстан Республикасының ұзақ уақытқа белгіленген
міндеттері болып табылады [67, С.316-317].

Сандық, құрылымдық және функционалдық жағынан кеңейе бастағаннан кейін,
ЕҚЫҰ өзінің бас басымдықтары етіп жаңадан демократиялық даму және нарықтық
экономика жолына түскен мемлекеттерге ұйым стандарттарына қарай жаңартулар
жасауға көмектесу деп белгіледі. Гуманитарлық өлшем саласында функционалдық
және құрылымдық кеңейтулер көбірек орын алып, ол өз кезегінде ХХ ғ. соңында
ЕҚЫҰ-ның басты ерекшелігі және де басқа халықаралық ұйымдардан айырмашылығы
болып табылатын тегіс қамтушы қауіпсіздік тұжырымдамасының теңсіздігіне
әкелді. Бұл орайда, екі жақтың арасындағы ынтымақтастықты зерттеу жаңа
маңызға ие болуда, себебі ол Ұйымның құрылымындағы және іс жүзіндегі
қызметінің өзгерістерін анықтауға мүмкіндік береді.

Зерттеу нысаны Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастық
болып табылады.

Зерттеу пәні Қазақстан Республикасы мен құрамына 50-ден астам мемлекет
кіргізетін ірі аймақтық қауіпсіздік құрылымы ЕҚЫҰ арасындағы
ынтымақтастықтың қалыптасу және даму тарихы болып табылады.

Жұмыстың мақсаты ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы
ынтымақтастықтың қалыптасуы мен даму тарихын жан-жақты зерттеу, сараптау
болып есептеледі.

Осы мақсатқа жету барысында мынандай міндеттер қойылды:
― ЕҚЫК даму процесі мен оның институционалдық негізін қарастыру;
― ЕҚЫҰ-ның тегіс қамтушы қауіпсіздік тұжырымдамасы мен оның негізгі
компоненттерін зерттеу;
― Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықтың
қалыптасу процесін қарастыру;
― ЕҚЫҰ-ның адами өлшем саласындағы институттарының Қазақстан
Республикасындағы қызметіне баға беру;
― Қазақстан Республикасындағы экономикалық және экологиялық сипаттағы
мәселелердің шешімін табуға ЕҚЫҰ мүмкіндіктерін көрсету;
― ҚР мен ЕҚЫҰ арасындағы әскери-саяси өлшем саласындағы ынтымақтастықты
зерттеу;
― ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасының әскери-саяси, экономикалық,
экологиялық және гуманитарлық өлшем салаларындағы ынтымақтастықтың келешек
даму жолын көрсету;
— Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерге қол қою арқылы
өзіне алған міндеттемелерді орындау бойынша іс-шараларын таныстыру.
Бітіру жұмысының хронологиялық шеңбері 1992 ж. Қазақстан Республикасы
бұл халықаралық ұйымға мүше болып кіргеннен бастап қазіргі таңға дейінгі
ауқымды қамтиды.
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысындағы міндеттерді
орындау үшін келесі топтарға біріктіруге болатын кең ауқымды дерек көздері
пайдаланылды.
Деректердің бірінші тобын Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР
Президентінің Жарлығы, сонымен қатар республиканың нормативтік-құқықтық
актілері, мемлекеттік бағдарламалары құрайды. Мемлекеттің Ата заңы
гуманитарлық өлшем саласындағы жұмыс барысында Қазақстан өз азаматтарының
барлық құқықтары мен бостандықтарын қорғайтынын көрсету мақсатында
қолданылған [1-9].
Деректердің екінші тобын екіжақты және көпжақты сипаттағы дипломатиялық
құжаттар, мысалы ДИАҚБЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы
Меморандум және әскери-саяси өлшем саласындағы бірқатар құжаттар құрайды
[].
Деректердің үшінші тобына мемлекетіміздің саяси қайраткерлерінің
сөйлеген сөздері, мәлімдемелері және сұхбаттары кіргізіледі. ҚР Президенті
мен сыртқы істер министрлігі өкілдерінің сөйлеген сөздері Қазақстанның ЕҚЫҰ-
мен ынтымақтастығын дамытудағы ұстанымдарын көрсетіп, болашақ бағыттарын
айқындауға тұжырымдық негіз болды [12-19].
Деректердің төртінші тобын ЕҚЫҰ-ның негізін қалаушы құжаттар құрайды.
1999 жылы Стамбул саммитіндегі қол қойылған құжаттар осы кезге дейін ең
жоғары деңгейде қабылданған ең соңғысы болып табылады [20-22].
Бұл топқа жалпы сипаттағы құжаттармен қатар, қауіпсіздіктің әр
өлшеміндегі жасалған келісімдер кіргізілген. Әскери-саяси салада бірқатар
маңызды құжаттар қабылданған. Экономикалық және экологиялық саладағы
бастысы 2003 жылы қабылданған Стратегия-құжат болып табылады. ЕҚЫҰ-ның
гуманитарлық өлшем саласындағы басты жетістіктері 1990-1991 жылдары
қабылданған Мәскеу, Копенгаген құжаттары болып есептеледі. Одан басқа, бұл
топқа ЕҚЫҰ сыртқы істер министрлерінің кеңесінің жыл сайынғы қабылданған
құжаттары жатқызылған [22-32].
ЕҚЫҰ құрылымдарының есеп берулері, сонымен қатар, шолушы
конференциялардың материалдары, анықтама және баспасөз парақтары
деректердің бесіншіі тобын құрайды [33-38].
Деректердің алтыншы тобын зерттеу жұмысының тақырыбына тікелей
байланысты мәселелерді қамтушы бұқаралық ақпарат құралдарының, мерзімдік
басылымдардың және ақпарат агенттіктерінің материалдары, интернет-ресурстар
құрайды [39-43].
Жоғарыда көрсетілген дерек көздері дипломдық жұмысты жазу үшін деректік
негізді құрады. Бұл деректерді қарастыру қойылған мәселенің жан-жақты
зерттеліп, мақсаттары мен міндеттерінің ашылуына толықтай көмектесті.
Тақырыптың ғылыми зерттелу деңгейі. ЕҚЫКЕҚЫҰ процесі әрқашан
зерттеушілердің ерекше бақылауында болған. Халықаралық және аймақтық
қауіпсіздік мәселелерін зерттеу аясында еуропалық қауіпсіздік жүйесін
қамтамасыз етуде басты назар ЕҚЫКЕҚЫҰ-ға аударылған болатын. Кеңес
шақырылған уақыттан бастап қауіпсіздіктің дәстүрлі түрлерін ғана емес,
сонымен қатар гуманитарлық, экономикалық және экологиялық сипаттағы
мәселелерді қарастырған болатын. Жоғарыда аталғандардың бәрі көптеген
зерттеулерге арқау болды. Сонда да ЕҚЫҰ миссияларының жұмысы және мүше-
мемлекеттердің ЕҚЫҰ-мен қарым-қатынас орнату формалары толығымен
зерттелмеген.
ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның халықаралық және аймақтық қауіпсіздік жүйесіндегі рөлін
түсіндіру мақсатында көптеген батысеуропалық және американдық
зерттеушілердің жұмыстары қарастырылған [44].
ЕҚЫҰ мүше-мемлекеттерінің мүдделері және Ұйымның мүмкіншіліктерінің әрі
қарай дамуы Kurt P.Tudyka [45], F.Cameron [46] сияқты зерттеушілердің
жұмысында қарастырылған. Авторлардың айтуы бойынша, ЕҚЫҰ шеңберіндегі шешім
қабылдау процесіне Еуропалық Одақ, АҚШ және Ресей Федерациясы көбірек әсер
етеді.
ЕҚЫК-тің кеңею процесі, құрылымдық жаңарулар Ст.Крофт, Дж.Редмонд,
Дж.Риса, М.Веббер секілді британдық зерттеушілердің еңбектерінде
қарастырылған [47].
ЕҚЫҰ зерттеулерінің көп бөлігін Женева халықаралық зерттеулер институты
Халықаралық ұйымдарды зерттеу бағдарламасы аясында жасаған болатын [48].
ЕҚЫҰ-ның әскери-саяси саладағы қауіпсіздігі және Тәртіп кодексінің іске
асырылуы Нидерландылық “Clingendael” халықаралық қатынастар институты
еңбектерінде қарастырылады [49].
ЕҚЫҰ-ның қазіргі қызметі Хельсинки монитор журналында ашылып
жазылады. Бұл журнал адам құқықтары бойынша Хельсинки Федерациясы және
Нидерландылық Хельсинки Комитеті секілді үкіметтік емес ұйымдардың
қолдауымен шығарылады [50].
Таңдалған тақырыпты зерттеу кезінде ЕҚЫҰ жоғары лауазымды тұлғаларының
еңбектері қарастырылған болатын [51]. 1999-2001 жылдары ЕҚЫҰ-ның Орталық
Азия мемлекеттеріне байланысты саясатын жүргізуге тағайындалған Төрағаның
жеке өкілі-елшісі В.Хойнктың жұмысы ерекше назар аударуға тұрарлық [52].
Орталық Азиямен байланыс бойынша ЕҚЫҰ Бюросы қызметінің қалыптасуы мен
дамуы Бюро қызметкері Т.Доренвендт (T.Dorenwendt) жұмысында зерттеледі
[53].
ЕҚЫҰ-ның Орталық Азияға байланысты аймақтық стратегиясын жасап шығару
дағдарыстардың алдын алу бойынша Халықаралық топ сияқты өте белгілі
халықаралық үкіметтік емес ұйымның жұмыстарында зерттеледі. ЕҚЫҰ бұл
аймақтағы өз қызметін функционалдық өзгеріске түсірмесе, оның жұмысы өте
тиімсіз болады деп ойлайды бұл ұйым [54].
ЕҚЫҰ-ның жаңа мүше-мемлекеттердің ұлттық саясатына әсер етуінің өсуі
Д.Тренин, Э.Ремакль, Э.Барбе, Н.Саинз [55] секілді ресейлік және батыстық
авторлардың біріккен зерттеуінде орын алады. Авторлар ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның Балтық
елдері, Грузия, Молдова, Тәжікстан, Таулы Қарабах, Украина және Чечнядағы
саясатын қарастырады. ТМД елдерінің ЕҚЫҰ-дағы рөлі туралы зерттеу
А.Загорский [56], О.Быковтың [57] кітаптарында жазылған.
Жалпы, ЕҚЫҰ-ның құрылуы, онымен әрекеттесуші ұйымдар, жалпы
қауіпсіздік бойынша С.Крылов [58], М.Горбачев [59], И.Плугатарев [60],
А.Макаренко [61] және А.Загорскийлердің [62] жұмыстарында кездестіруге
болады. Сонымен қатар, В.Найденко, Л.Губанов, Е.Петровалардың [63] біріккен
жұмысында әлемдегі, соның ішінде ЕҚЫҰ кеңістігіндегі экономикалық-
экологиялық мәселелер туралы жазылған.
Еуропалық қауіпсіздік бойынша тұжырымдық сипатта Қ.Тоқаев [64-68],
Е.Идрисов [69] сияқты бірқатар қазақстандық дипломаттардың жұмысы жазылған
болатын. Белгілі дипломат және саясаткер Қ.Тоқаевтың монографиялары және
мақалалары Қазақстанның сыртқы саясатының өзекті мәселелеріне арналған.
Автор Қазақстанның сыртқы саясатының бастауларында тұрған, сондықтан оның
екі жақты ынтымақтастықтың сараптауы үлкен ғылыми-практикалық қызығушылық
тудырады.
Қазақстанның ЕҚЫҰ шеңберіндегі сыртқы саяси қызметінің жалпы сараптауы
К.Абусеитов [70-72], С.Турсунов [73-75], Е.Қазыханов [76] секілді
ғалымдардың жұмысында жасалған. Абусеитовтың ойынша, Қазақстан
Республикасының ЕҚЫҰ қызметіне қатысуы аймақтағы бейбітшілік пен
қауіпсіздікті қолдаушы сыртқы саясаттың басты бағыттарын қалыптастыруға
мүмкіншілік береді.
ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін
сараптаған Қазақстандық зерттеушілердің ішінде У.Касенов [77], С.Кушкумбаев
[78], М.Лаумуллин [79], С.Акимбеков [80], Р.Бурнашев [81], Е.Пастуховтардың
[82] ерекше бөліп қарастыруға болады.
Қазақстанда ЕҚЫҰ-ын ғылыми мағынада зерттеудің басталуы ЕҚЫҰ-ның 25
жылдығы, сонымен қатар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде
ЕҚЫҰ: Еуропалық қауіпсіздік хартиясы атты конференциядан орын алды.
Еуропалық қауіпсіздік құрылымдарының қызметін сараптауда Ж.У.Ибрашев[83],
Г.Б.Хан[84], К.И.Байзакова[85], М.Ш.Губайдуллина [86], Л.Р.Каратаева [87],
К.Н.Макашева [88], И.А.Черных[89] сияқты зерттеушілердің еңбектері өте
қатты қызығушылық тудырады. БҰҰ, ЕҚЫҰ халықаралық құжаттарында адам
құқықтарын қорғауды қалыптастырудың дипломатиялық аспектілері Б.З.
Бюжееваның [90] еңбегінде жақсы қарастырылған.
ЕҚЫҰ-ның ТМД елдеріндегі дауларды мен қақтығыстық жағдайларды шешуіне
саяси сараптау Ж.Жабинаның [91] диссертациялық зерттеуінде жасалған.
Отандық тарихи ғылымда ЕҚЫҰ мен Қазақстан Республикасы арасындағы
ынтымақтастықтың дамуы нақты зерттеудің пәні болмаған. Қазақстанның ЕҚЫҰ-
дағы саясатын күшейту, ЕҚЫҰ-ның экономикалық және экологиялық сипаттағы
мәселелерін шешудегі рөлі, сонымен қатар Ұйымның аймақтық қауіпсіздікті
қамтамасыз етудегі рөлі толығымен зерттелмеген болып табылады.
Бітіру жұмысының әдістемелік негізі.
Бұл дипломдық жұмыстың жазылуы барысында бақылау, құжаттарды қарастыру,
жүйелік, құрылымдық-функционалдық, мәселелік-хронологиялық және сараптау
сияқты жалпығылыми әдістер қолданылды, бірақ бұлардың арасындағы
айырмашылық шартты болып табылады. Тарихи-саяси сараптау Қазақстан
Республикасының ЕҚЫҰ-мен әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және
гуманитарлық өлшем саласындағы ынтымақтастығының қалыптасуы және даму
процесін түсінуге көмектеседі. ЕҚЫҰ-ның үш өлшемі және практикалық
қызметіне салыстыру әдісін қолдану арқылы ЕҚЫҰ-ның тегіс қамтушы
қауіпсіздік тұжырымдамасындағы географиялық және функционалдық теңсіздігін
байқауға болады. Ал жүйелік тәсіл мәселені бірлігінде және тұтастығында
қарастыруға мүмкіндік береді.
Зерттеу жұмысының қолданыстық маңыздылығы оның өзектілігі мен
қолданбалы сипатымен тікелей байланысты. Зерттеу жұмысының материалдары ҚР
сыртқы саясатын зерттеушілерге, Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы
ынтымақтастығына қызығушылық танытқан мамандарға маңызы зор. Сонымен қатар,
зерттеу жұмысының негізгі жағдайларын халықаралық қатынастар, аймақтану
мамандықтарының оқу процесінде, жоғары оқу орындарында оқу курстарын
жасауда пайдалануға болады.
Қорғалуға ұсынылатын тұжырымдамалар:
1. ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның эволюциясының тарихи-саяси сараптауы қырғи-қабақ
соғысы кезінде дипломатиялық форум сипатында қызмет еткен ЕҚЫК 1990 ж.
кейінгі институционалдық, функционалдық және сан жағынан кеңейгеннен кейін
әскери-саяси, экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемдер
саласында жұмыс істеуге бағытталған аймақтық құрылым болып қалыптасты.
Берілген үш өлшем ЕҚЫҰ-ның тегіс қамтушы қауіпсіздік тұжырымдамасын
құрайды. Бұл тұжырымдаманы орындау барысында көптеген сәтсіздікке
жолыққанмен, ЕҚЫҰ қазіргі уақытта өз қызмет ету аймағында консультация
жүргізу, шешім қабылдау және ынтымақтастық үшін кең өкілеттікті ұйым болып
табылады.
2. ЕҚЫК-тің өзге қауіпсіздік құрылымдарынан ерекшелігі превентивтік
сипаттағы кооперативтік ынтымақтастық тұжырымдамасына негізделген
жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін құрғандығында болып табылады. Алайда,
ЕҚЫКЕҚЫҰ-тың даму процесінен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бұндай
саясаты әлсіз екендігі көрінді. Қазіргі таңда ЕҚЫҰ-ның рөлі аймақтық
қауіпсіздікті қамтамасыз етуде өте аз екендігі белгілі.
3. 1990 ж. Орталық Азия аймағы ЕҚЫҰ-ның қызмет ету аймағындағы
басымдықтарының бірі болып анықталады. Орталық Азия ЕҚЫҰ үшін үлкен маңызы
бар, себебі бұл аймақсыз ЕҚЫҰ тек оңтүстік-шығыс Еуропада қызмет ететін
аймақ болып табылады. Алайда Орталық Азия аймағының басымдылығы оның
Орталықтарының аймақтағы бюджетінің өсуіне алып келмеді, сонымен қатар бұл
аймаққа байланысты ұзақ уақытқы аймақтық стратегия құралмаған.
4. Хельсинки Қорытынды Актісіне қол қойылғаннан кейін Батыс
мемлекеттері демократизация және либерализация мәселелері бойынша шығыс
елдеріне, кейінірек жаңа қосылған мемлекеттерге, соның ішінде Орталық Азия
мемлекеттеріне қысым жасауға ЕҚЫК потенциалын толығымен қолданды. Алайда,
ЕҚЫҰ-ның кеңес мемлекеттеріндегі адами өлшем саласын іске асырудағы қалпы
мен тәсілдері белгілі бір жағдайларда оның негізгі қағидаларын, соның
ішінде өзара түсінушілік және мемлекеттердің өзара теңдігі қағидаларына
бұзған болатын.
5. ЕҚЫҰ өзінің саясатын өткізгіші ретінде Алматыда, кейінірек Астанада
ЕҚЫҰ Орталығының ашылуымен Ұйым өз қызмет ету ауқымын кеңейтті. Астанадағы
ЕҚЫҰ Орталығы үкіметтік құрылымдар, Орталық Сайлау Комиссиясымен ғана емес,
саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, әр түрлі қозғалыстармен тығыз
қарым-қатынастар орнатқан. Мемлекетаралық ынтымақтастыққа жол ашуға
негізделген ЕҚЫҰ Қазақстанның ішкі саяси өмірінің белсенді қатысушысына
айналды. ЕҚЫҰ Орталығы өз мандатынан тыс міндеттерді атқара бастағаннан
кейін Қазақстан Республикасы ЕҚЫҰ-ның алаңдық қызметін реформалауды
ұсынатын мемлекеттер тобына қатыса бастады.
6. Қазақстан Республикасы мен ЕҚЫҰ арасындағы ынтымақтастықты зерттеу
барысында Қазақстан үшін ЕҚЫҰ-мен жұмысындағы басшылыққа алуға болатын
басымдықтар анықтау бойынша ұсыныстар жасалған. ЕҚЫҰ-ның мүмкіншіліктеріне
нақты баға беріп, оларды барлық мүше-мемлекеттер пайдасына қолдану керек,
соның ішінде Қазақстан Республикасының мүдделеріне жауап беретін
экономикалық және экологиялық өлшем салаларындағы ЕҚЫҰ қызметінің дамуына
Ұйынның потенциалын толықтай пайдалану қажет. ЕҚЫҰ әрі қарай дамуы бойынша
өзінің аймақтағы саясатын өзгерту керек.
Бітіру жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімі үш
тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І ТАРАУ ҚР МЕН ЕҚЫҰ-НЫҢ ҚАУІПСІЗДІК САЛАСЫНДАҒЫ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ
1.1. ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның қалыптасу тарихы, қызметі, маңызы

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) құрамына 56
мемлекет, олардың ішінде барлық еуропалық мемлекеттер, Америка Құрама
Штаттары (АҚШ), Канада, Орталық Азия аймағы мемлекеттері және Кавказ
мемлекеттері кіретін аймақтық мемлекетаралық саяси ұйым болып табылады.
Ұйым Жерорта теңізі аймағы және Азиядағы мемлекеттер, Алжир, Мысыр,
Израиль, Иордания, Марокко, Тунис, Ауғанстан, Моңғолия, Корея Республикасы,
Таиланд және Жапониямен әріптестік қарым-қатынастар дамыту үстінде. Ең жас
ұйымдардың бірі болып табылатын ЕҚЫҰ-ның өзіндік қалыптасу тарихы 1973 жылы
3 шілдеде Хельсинкиде өткен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық
кеңесінің ашылуымен басталады. Бұл кеңес тағы екі жыл бойы Женевада
жалғасып, 1975 жылы 1 тамызда Хельсинкиде Еуропа мен Американың 35
мемлекеті қол қойған Қорытынды Актімен бітеді.
Сонымен, қазіргі кезге дейін жалғасып келе жатқан жалпыеуропалық
қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына бастау салынды. Жалпы, оның қалыптасуына
алғышарттар өткен ғасырдың 60-70 жж. биполярлық әлемдік жүйенің екі тобының
арасындағы текетірестік жағдайынан пайда болды. Ал бәрін тегіс қамтитын
қауіпсіздік жүйесінің идеясы Еуропадағы ұзақ уақыттық соғыстардың нәтижесі
ретінде пайда болды. Қазіргі жалпыеуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз
етудегі кейбір ережелер 1814—1815 жж. өткен Вена конгресінде талқыланған
болатын. Бұл ойлар 1815 жылы құрылған Қасиетті Одақтың қызметі арқылы
жүзеге асты [92].
Қауіпсіздік жүйесінің қалыптасуына тағы бір қадам жасалып, 1919 жылы
Ұлттар Лигасы құрылды. Бұл ұйым алғашқы болып халықаралық қатынастардағы
либерализм және бостандық қағидаларын ұсынып, құпия келісімдерден бас тарту
мен ашықтыққа, қарама-қайшылықтарды бейбіт жолдармен шешуге шақырды, бірақ
та агрессорды тоқтатудың нақты механизмдері болмағандығы және Екінші
дүниежүзілік соғыстың басталуы Ұлттар Лигасының тарауына әкеліп соқты [93].
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі көптеген адамдық және материалдық
шығын бейбітшілікті қамтамасыз ететін нақты механизм құру мақсатын алға
шығарды. Бұл идея 1945 жылы Жарғысы қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымының
құрылуына себеп болды. Оның қалыптасуына Ұлттар Лигасының көптеген
қағидалары қабылданды. Нәтижесінде, әмбебап халықаралық ұйым құрылып,
ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің негізі салынды [58].
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Кеңесті (ЕҚЫҚ)
жинау туралы ойлар оның құрылуына дейінгі уақытта да айтылып келген
болатын. Алғашқылардың бірі болып КСРО Варшава шарты ұйымы (ВШҰ) құрылмас
бұрын 1954 жылдың басында Берлинде өткен АҚШ, КСРО, Ұлыбритания, Франция
сыртқы істер министрлерінің жиналысында ұжымдық келісім негізінде
Еуропадағы қауіпсіздік жүйесін құруды ұсынған болатын. Бұл ұсыныс бойынша,
бұл шарттың мүшесі болып қоғамдық құрылысына қарамай, Келісімнің пунктеріне
келісетін әр қалаушы еуропалық мемлекет атала алатын болды. Алайда, екі
Германияның болуы, 1961 жылы Берлин дуалының құрылысы және блоктар
арасындағы текетірес бұл ойдың жүзеге асуына кедергі болды. 1966 жылы
Бухаресте КСРО бастаған Варшава шарты мемлекеттері жиналып, еуропалық
қауіпсіздікке байланысты ұсынысын қайта тастады. 1969 жылы Бухарест
декларациясына қол қойған социалистік мемлекеттер Жалпыеуропалық Кеңесті
нақты ұйымдастыру үшін іс-қимылдарды талқылауға Будапеште жиналды. 1970
жылы Римде өздерінің кезекті жиынын өткізіп жатқан Солтүстік Атлантикалық
Шарт ұйымы (НАТО) мемлекеттері келісім білдірді, бірақ та келесідей шарттар
қойды: АҚШ келіссөздердің толық құқылы мүшесі болу, Берлиннің құқықтық
мәртебесінің расталу, Еуропадағы ядролық емес қаруландырудың мәселелерін
және адам құқықтары сферасын міндетті түрде талқылау қажеттіліктері.
1970 жылдары еуропалық мемлекеттер арасында Кеңеске дайындалу жөнінде
жиындар жиі орын алып, бірнеше көпжақты келісімдерге қол жеткізілді,
мысалы, Берлин жөніндегі төртжақты кеңес, күшті қолданудан бас тарту және
Германия Федеративтік Республикасы (ГФР), Германия Демократиялық
Республикасы (ГДР), Польша, Чехословакия және КСРО арасындағы шекараның
мызғымастығын растау жөніндегі Келісім.
1972 жылы мамыр айында АҚШ пен КСРО жетекшілерінің арасында жоғары
деңгейде өткен стратегиялық қаруландыруды қысқарту (СҚҚ-1) жөніндегі
келіссөздер екі жақтың арасындағы қарама-қайшылықтың жылығанын көрсетіп,
Хельсинкиде еуропалық қауіпсіздік бойынша жаңа кездесулерді бастауға
ықпалын тигізді.
1972 жылы қарашадан 1973 жылы маусымға дейін Жалпыеуропалық Кеңеске
даярлық бойынша көпжақты кеңес алмасу болды. 32 еуропалық мемлекет, АҚШ
және Канаданың өкілдері алдағы үлкен көлемді Кеңесті ұйымдастыру жұмыстары,
ағымдағы мәселелер, қатысушылар құрамы, өту орны мен уақыты, процедуралық
сұрақтары, сонымен қатар шығындарды қаржыландыру мәселелері бойынша келісе
алды.
Барлық ұсыныстар консенсуспен қабылданып, алдағы Кеңес 3 кезеңнен
тұратын болып шешілді: бірінші кезеңде сыртқы істер министрлері арасында
болып, жалпы қауіпсіздік пен ынтымақтастық мәселелері талқыға салынып,
келісіледі, екінші кезеңде әр елдің өз делегаты кіретін бірнеше комиссиялар
Кеңестің соңғы құжатының пунктерін қарастырады, ал үшінші кезеңде осы
құжаттарға қол қою рәсімі өтеді.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесінің Қорытынды Актісі
ұзақ уақыт бойы жалғасқан келіссөздердің нәтижесі болып, Екінші
дүниежүзілік соғыстың саяси және территориялық шешімдерін бекітті. Ол
Еуропаның соғыстан кейінгі тарихының жаңа кезеңіне бастау болып,
жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру жолында маңызды қадам
болды.
Хельсинки Қорытынды Актісіне 1975 жылы 1 тамыз күні Австрия, Бельгия,
Болгария, Венгрия, ГДР, ГФР, Греция, Дания, Ирландия, Исландия, Испания,
Италия, Канада, Кипр, Лихтенштейн, Люксембург, Мальта, Монако, Нидерланды,
Норвегия, Польша, Португалия, Румыния, Сан-Марино, Әулие Престол, Біріккен
Корольдік, АҚШ, КСРО, Түркия, Финляндия, Франция, Чехословакия, Швейцария,
Швеция и Югославия Жоғары өкілдіктерінің қатысуымен қол қойылды [20].
ЕҚЫҰ-ның құрылуы, шынында да Шығыс пен Батысты жақындастыруда ерекше
рөл атқарды. Бұған бір-біріне қарама-қарсы екі саяси жүйе де үлкен жетістік
деп қарады, өз тараптарынан баға берді. Мысалы, КСРО мұны кеңестік
дипломатияның зор жеңісі десе, Батыс Қорытынды актіге гуманитарлық
мәселелердің енгізілуін үлкен жетістік деп бағалады. Америкалық танымал
дипломат әрі саяси қайраткер Г.Киссинджер Хельсинки Қорытынды актісі
туралы: “Хельсинкиде соғыстан кейінгі кезеңде алғаш рет адам құқығы мен
фундаментальдық бостандық мәселелері Шығыс пен Батыс арасындағы
келіссөздердің және үнқатысудың тақырыбы болып танылды” деп жазған екен.
Қорытынды Актіге Еуропадағы қауіпсіздіктің тұтастығы қағидасы негізінде
он қағида енгізілді, бұл бойынша мүше-мемлекеттер бір-бірімен өздерінің
саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйе, сонымен қатар олардың өлшемі,
географиялық орналасуы және экономикалық даму деңгейіне қарамастан
толыққанды қарым-қатынастар орнатуға міндеттенді. Құжатта бірден осы он
қағида бастапқы маңыздылыққа ие екені айтылып, әр түрлі ойлар тумас үшін әр
қағида толығымен түсіндіріліп жазылды.
Хельсинкилік он қағиданың үлкен тарихи маңызы болды, себебі олар қырғи-
қабақ соғысы кезіндегі қарама-қайшылықты бәсеңдетуге көмектесті және
мемлекетаралық қатынастарға нақты сфералар айқындап беріп, ұзақ уақыттық
ынтымақтастың негізін салып берді. Құжатта бұл сфералар үш "себетке"
бөлініп, яғни қауіпсіздіктің үш өлшемі берілді.
Бірінші себетте әскери қауіпсіздік туралы айтылып, Қорытынды Актіде
ерекше "Сенімді күшейту шаралары және қауіпсіздік пен қарусыздандырудың
кейбір аспектілері бойынша Құжат" қабылданды. Ол, негізінен, қате
түсіністіктің салдары болатын, сонымен қатар ақпараттың дұрыс және
уақытында жеткізілмеуінен туындайтын қарулы қақтығыстың қаупін азайтуға
бағытталған. Екінші себетте экономика, ғылым, техника және қоршаған орта
жөніндегі ынтымақтастың мәселелері айқындалған. Жалпы қызығушылықты
тудыратын сауда, іскерлік қатынастар, экономикалық пен коммерциялық ақпарат
алмасу, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық жобаларды іске асыруға көп
көңіл бөлінген. Мүше-мемлекеттердегі азаматтар арасындағы байланыстарды
жақсарту гуманитарлық мәселелердің шешілуіне әкелді, олар өз кезегінде
үшінші себетте орын алды
Хельсинки Қорытынды Актісінің басты ерекшелігі болып оның тек
декларативті келбетті ұстануы есептеледі, яғни бұл құжаттың оны
орындамайтын мемлекеттерге қарсы ешқандай заңды тұрғыда күштеу механизмі
жоқ.
Қорытынды Актіге қол қойылу жалпыеуропалық қауіпсіздік жүйесін құру
жолында үлкен қадам болғанымен, КСРО мен оның батыстық қарсыластары
арасындағы көптеген қарама-қайшылықтар ЕҚЫК-тің бастапқы уақытта жұмысының
тиімділігіне өзінің теріс әсерін тигізді. ЕҚЫК еуропалық қауіпсіздік
жүйесін қалыптастыратын нақты механизм емес, көбінесе бұқаралық
дипломатияның құралы болып есептелді.
ЕҚЫК-тің әлсіздігі әскери, саяси қауіпсіздіктерді қамтамасыз етуде ғана
емес, сонымен қатар мүше-мемлекеттердің үлкен масштабты ынтымақтастыққа
көшуге дайын еместігінде көрінді. Кеңес мүшелерінің арасындағы сенімнің
азшылығы енді бар назарды нағыз шешімін табуға керекті мәселелерге аудармай
тастады, ал олар өз кезегінде уақыт өте келе өте үлкен дағдарыстарға әкеліп
соқтырды.
Кеңес мүшелерінің Қорытынды Актімен бекітілген міндеттемелерді жүзеге
асыру үшін келешек қадамдарды қабылдауы айтарлықтай маңызды болды. Бір
жағынан, бұл көпжақты кеңес алмасудың жалғасуына қызығушылықтың бар екенін
көрсетті, ал екінші жағынан, күмәнділік пен сенімсіздік тараптардың бір-
бірін бақылауға және бір-біріне айып тағуға итермеледі.
1980 жж. халықаралық аренада кең жайылған идеологиялық күрес жағдайында
басталған Хельсинки үдерісінің тоқтатылуы мүмкін еді. Әлеуметтік жүйелердің
әр түрлілігі сақталып, ол жаңа кеңістіктегі қарама-қайшылықтың жалғасуына
негіз болды. Қорытынды Актінің ережелеріне байланысты келесі кездесуді 1977
ж. Белградта өткізуге шешім қабылданып, Хельсинкиде Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің жұмысы жалғастырылды. Бұл жиынның
дайындық және өткізу кезеңдерінде, яғни 1977 ж. 4 қазаннан 1978 ж. 9 наурыз
аралығында Хельсинки актісінің уағдаластықтарының талдауы жайында қызу
пікір таластар орын алды. Кеңес бұл құжаттың ережелерінің іске асыруын
саралап, ынтымақтастықтың дамуындағы келешек қадамдарды ойлап шығару керек
болды.
Кеңестік дипломаттар әскери-саяси шиеленістің бәсеңдеуін айта келе,
экономикалық байланыстарды дамыту қажеттілігін алға тартса, батыс
дипломаттары басты назарды социалистік мемлекеттердегі адам құқықтарының
бұзылуына салып, бұл елдердің конституцияларына өзгерістер енгізу
керектігін баса айтты. Белград кездесуінде нақтылы нәтижелерге қол
жеткізілмесе де, социалистік конституциялардың халықаралық нормаларға
сәйкессіздігі жөніндегі сын Варшава шарты мемлекеттерінің басты заңдарын
қайта қарастырып, жаңаларын қабылдауға әкелді.
1980-1983 жж. өткен Мадрид кездесуі ЕҚЫК тарихындағы ең конфронтациялық
кеңес болып жазылды. Ол кездесу кеңес-американ қатынастарының тез ушығуы,
Польшадағы қауырттылықтың күшеюі және кеңес әскерлерінің Ауғанстанға
кіргізілуі уақытында өткізілген болатын. Екі қарсыласушы жақ та диалогтың
жалғасуын қалады, сондықтан ЕҚЫК шеңберіндегі жиындар социалистік және
капиалистік елдер үшін маңызды мәселелер бойынша тұрақты кеңес алмасулар
құралына айналды [23].
Мадрид кездесулерімен қатар 1981-1983 жж. үзіліспен Вена және Женевада
КСРО мен АҚШ арасында орта қашықтықтағы зымырандық-ядролық құралдар, қарулы
күштерді өзара қысқарту мен Орталық Еуропадағы қаруландыруды азайту,
Еуропадағы ядролық қаруландыруды шек қою, стратегиялық қаруландыруды
қысқарту және шек қою бойынша келіссөздер өтіп жатты. Бірақ олардың
қарқындылығына қарамастан, олар ешқандай қорытынды шығармай, нәтижесінде
Мадридтік кездесудің құжатында батыс елдерінің көпшілігі мен Кеңес Одағының
көзқарасындағы бөлектену туралы жазылды.
Мадрид кездесуінің шешіміне байланысты Еуропада соғыс басталу
мүмкіншілігін жою үшін 1984 жылы қаңтар айында Стокгольмде Еуропадағы сенім
шараларын іздеу бойынша конференция өткізілмек болды. Енді босаңсып
өткізіліп жатқан Стокгольм конференциясының барысы КСРО-дағы басшылықтың
өзгеруіне байланысты аса нәтижелі болып, тараптар 1986 жылы қорытынды
құжатты қабылдады. Ол бойынша жақтар Қорытынды Актіде жазылған сенім
шараларын, яғни әскери қызмет жайында алдын-ала ескерту, әскери іс-
шараларға шетел бақылаушыларын шақырту, әскери сипаттағы ақпараттармен
өзара алмасу және т.б. қайта мақұлдады. Кеңестік басшылық батыс
әріптестерінің талаптарына саналы түрде көніп, бұл әрекетімен өздерінің
жаңа саяси ойлау бағытын ұстанатынын көрсетті. [25].
ЕҚЫК шеңберіндегі келесі кездесу 1986 жылы қазан айында Венада өткен
болатын. Кеңес гуманитарлық өлшемді ағымдағы мәселеге қойды. КСРО үшін
бұл жиын нағыз сын уақыты болады, себебі бұнда кеңес үкіметінің жаңа саяси
ойлаудың негізінде батыс әріптестерімен қатынастар орнатуға ниеті іс
жүзінде тексеріске түсті. Бұл тұрғыда Кеңес Одағының ішкі саясатына құқық
жағынан әсер ете алатын жалғыз құрал ЕҚЫК шеңберінде жасалған
уағдаластықтар болды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі
қарсыласушы тараптар үшін аса маңызды халықаралық форум атанды. 1989 жылы
қаңтар айында ЕҚЫК-тің Венадағы кездесуі аяқталды. Қорытынды құжатта мүше-
мемлекеттер әскери-саяси және экономикалық сипаттағы ережелерден басқа
өздерінде қабылданатын заңдарды халықаралық құқық бойынша міндеттемелермен,
сонымен қатар қағидалар Декларациясымен және т.б. ЕҚЫК бойынша
міндеттемлермен сәйкестендіруге келісті. Бұл құжатқа қол қою арқылы КСРО
өздерінде қабылданатын заңдарға байланысты халықаралық құқықтың басымдылық
қағидасымен ресми келісетінін көрсетті. Осылайша Кеңес Одағында еуропалық
стандарттардың кең етек жаюына және фундаменталды құндылықтар мен өзіндік
бостандықтар туралы түсініктердің қалыптасуына мүмкіншілік берілді.
Құқық қорғау тақырыптамасы кейінгі өткен ЕҚЫК-тің адами өлшем бойынша
Париж (1989), Копенгаген (1990), Мәскеу (1991) кеңестерінде де талқылаудың
басты тақырыбына айналды.
ЕҚЫК қызметінің бірінші кезеңіне талдау бере отыра, Қорытынды Актінің
қағидалары мен ЕҚЫК механизмі қырғи-қабақ соғысы кезіндегі шиеленісті
бәсеңдетуге көмектесіп, ал хельсинкилік он қағида келіссөздерді
жалғастыруға негіз болып, мемлекетаралық және мемлекеттердің ішкі
саясатында тәртіп нормаларының кодексін жасап шығарды, сонымен қатар ұзақ
уақыттық ынтымақтастық бағдарламасының негізін қалады деп нық сеніммен
айтуға болады.
Іс жүзінде көпжақтылық элементтері байқап көрілді. Кеңес мемлекетаралық
қатынастардың өрісін кеңейтіп, адам құқықтары мен қоршаған ортаны қорғау
деген маңызды жаңа ынтымақтастық салаларын қосты. ЕҚЫК көпжақты сенім
шараларын күшейту арқылы әскери шиеленісті бәсеңдетті, нақтырақ айтатын
болсақ, Еуропада қарулану және әскери қызметті тексеріске салу мүмкін
болды.
Жалпы, 1980-1990 жылдардың аралығында Еуропадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық кеңесі Еуропа аймағындағы жағдайды тұрақтандыруға,
жалпыеуропалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше үлес қосты. Танымал
саясаткерлер мен сарапшылардың Еуропада “қырғи-қабақ соғысқа” нүкте
қойылуын осы халықаралық беделді ұйымның нәтижелі қызметімен байланыстыруы
сондықтан.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық Кеңесі қызметінің екінші
кезеңі өткен ғасырдың 90-шы жылдарына жатады. 1980-1990 жж. Еуропада қырғи-
қабақ соғысы дәуірі мен биполярлық әлем аяқталғанын көрсеткен үлкен
масштабты саяси өзгерістер орын алды. Оларға Орталық және Шығыс Еуропадағы
саяси режимдердің ауысуы, Германияның бірігуі, Варшава келісімі ұйымының
қызметін тоқтатуы, Кеңес Одағы мен Югославияның ыдырауын жатқызуға болады.
Әлемдегі күштердің саяси орналасуының өзгеруі посткеңестік кеңістікте
қауіпсіздік саласындағы вакуумды толтыру үшін жаңа құрылымдар қалыптастыру
қажеттілігін айқын көрсетті.
1990 ж. қазан айында Парижде өткен НАТО және Варшава шарты ұйымы
мемлекеттерінің кездесуінде Еуропадағы әдеттегі қарулы күштер туралы шартқа
(ЕӘҚКШ) қол қойылды. Бұл құжаттың мақсаты мүше-мемлекеттердің әдеттегі
шабуылдық қаруландыруын сан жағынан шектеу және олардың нақты географиялық
аудандардағы негізделу регламентациясын белгілеу болды. НАТО мен ВШҰ
жағынан қаруландырудың жалпы санын теңестіру басты міндеттердің бірі болды
[21].
ЕӘҚКШ-қа қол қойылу еуропалық елдердің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз
ету саясаты өзгеріске ұшырап, енді ол шабуылдық қорғаныс концепциясынан
емес, керісінше оның саналы жеткіліктілігі концепциясына сүйенді, себебі
КСРО-ның Еуропадағы қарсыластарын шошытатын бұрынғы қарулары енді жоқ
болатын.
Оқиғалар өте тез дами бастады. ЕӘҚКШ-ға қол қойылу ЕҚЫК басшыларына
Еуропада ынтымақтастықтың жаңа жолдарын іздеу жасалатын жаңа кездесулер
ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Париждегі саммит 1990 жылы қараша айында
шақырылып, Кеңес аясындағы алғашқы жоспарланбаған іс-шара болып
есептелді, себебі Вена кездесуінің шешімі бойынша келесі жиын 1992 жылы
Хельсинкиде өту керек болды. Осы саммитте “Жаңа Еуропаға арналған Париж
Хартиясы” қабылданып, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің
мақсаттары мен міндеттері белгіленді. Көп тарапты бұл құжатта “қырғи-қабақ
соғыстың” қорытындысы шығарылып, Еуропа құрлығына қатысты Шығыс пен Батыс
арасындағы қатынастардың жаңа заманы басталғандығы жария етілді. Кеңесті
институтқа айналдыру туралы шешім қабылданып, Сыртқы істер министрлерінің
кеңесі, Тұрақты кеңес, Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі
форум, Парламенттік Ассамблея, Қазіргі төраға институты, Хатшылық,
Демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро құрылды.
Хартияда, әсіресе, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше
назар аударылған. Мысалы, қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздігін, егеменді
теңдігін немесе аумақтық тұтастығын бұзатын іс-әрекеттерден демократиялық
институттарды қорғау ісінде ынтымақтасуға ниетті екендігі көрсетілген.
Бұған сырттан қысым көрсетуді, мәжбүрлеуді және астыртын қызметті қамтитын
әрекеттер жататындығы, сондай-ақ лаңкестік қылмыстарды жою мақсатында
екіжақты және көпжақты ынтымақтастықта бірлесіп күш жұмылдыруға бел
буатындары аталған. Хартияның тағы бір маңызды тармағы ─ орын алған
дауларды бейбіт жолмен реттеуге шақырғандығы. “...Туындауы мүмкін кез
келген дауларды бейбіт жолмен реттеудің тетіктерін халықаралық құқыққа
сәйкес белгілейміз, – деп көрсетілген Хартияда. – Тиісінше біз осы саладағы
ынтымақтастықтың жаңа нысандарын, атап айтқанда, үшінші тарапты міндетті
түрде тартуды қоса алғанда, дауларды бейбіт жолмен реттеу әдістерінің
жиынтығын іздестіруге міндеттейміз” [21].
Париж саммитінен кейін ЕҚЫК әлі де пікір алысу алаңы болып қалып,
әскери күшті қолдану мәселесінде ешқандай өкілеттілігі болмады. Кеңестегі
маңызды шешімдер даулы мәселелерді шешуді қиындатқан консенсус минус бір
дауыс формуласымен қабылданған болатын. Еуропа үшін жағдай күрт өзгерген
кезде ЕҚЫК 1991 жылы жазда Югославияда басталған қарулы қақтығыстың
болдырмауын және реттелуін алдын ала алмады.
Балқандағы дағдарыс мәселесін талқылау үшін Берлинде жиналған ЕҚЫК мүше-
мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Югославиядағы жағдай туралы жылпос
сипаттағы мәлімдеме жасап, төтенше жағдайларды реттеу үшін кеңес алмасудың
жаңа механизмін ойлап шығарды. Берлиндік механизмді Кеңестің мүше-
мемлекеттерінің әр қайсысы қосымша он екі әріптесінің, яғни мүше-
мемлекеттердің қолдауымен қарсыласушы мемлекет хельсинкилік қағидаларды
бұзған кезде оған қарсы қолдана алатын болды [90]. Бұл реттеу құралының
ешқандай күші болмағанын оны ешқандай мемлекет іс жүзінде қолданбағанынан
көруге болады.
1992 жылы Хельсинкиде ЕҚЫК-тің мүше-мемлекеттерінің жоғары деңгейдегі
кездесуі Еуропадағы қарулы қақтығыстармен жалғасын тауып жатқан саяси
трансформацияларға алаңдаушылық білдірді. Бұл кездесуде қабылданған
Өзгеріс уақытының қауіптері құжаты ЕҚЫК-тің саяси диалог форумынан әскери-
саяси тұрақтылықты сақтаушы аймақаралық ұйымға айналуына бастау болды. ЕҚЫК
бітімгершілік операциялар сияқты шараларды жасауға мүмкіндік алғаннан кейін
шын мағынасында қақтығыстарды ертерек ескерту мен алдын алу,
постқақтығыстық қалпына келтіру мәселелері туралы ойлана бастады. 1992 жылы
24 наурызда ЕҚЫК-тің қамқорлығымен ашық аспан жөніндегі Келісімге қол
қойылып, ол жай қарулануды бақылау саласындағы келісімдер жиынтығын
толтырды.
1992 жылы желтоқсан айында Стокгольмде өткен сыртқы істер
министрлерінің кеңесінде (СІМК) әлдеқашан бастау алған Кеңесті қайта құру
процесі жалғастырылды. Бұл жиында ЕҚЫК-тің Бас Хатшысы қызметі
тағайындалып, Жоғары Лауазымды Тұлғалардың Комитетінің (ЖЛТК) веналық
тобының жұмысы басталды; оның аясында ЕҚЫК қызметінің ағымдағы мәселелері
жөнінде талқылау болды [24].
ЕҚЫК-тің тиімділігін жоғарылату және оның мүмкіншіліктерінің дұрыс
ағысқа түсірілу мәселелері 1993 жылы желтоқсан айында өткен сыртқы істер
министрлерінің жиынында басты тақырып болды. Бұл жиында ЕҚЫК-тің құрылымдық
жағынан күшею жөнінде бірқатар шешімдер қабылданып, оның ішінде Тұрақты
комитет құру және ЕҚЫК-ке халықаралық құқықтық субъективтілік беру
мәселелері талқыланды.
1994 жылы желтоқсан айында Будапеште ЕҚЫК мемлекеттер басшылары
саммитіне дайындық кезінде ЕҚЫК кеңістігіндегі өзгерістерді бейбіт шеңберде
ұстау үшін барлық шараларды қолдану қажеттілігі туралы уағдаластық жасалды.
Будапешт саммитінде қатысушы мемлекеттер Еуропада қауіпсіздіктің ортақ
кеңістігін қалыптастырудағы Кеңес рөлінің күрт артуын ескере келіп, Кеңесті
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына айналдыруға мүмкіндік
береді деп таныды. Сөйтіп, Кеңес 1995 жылдан бастап қазіргі атауымен атала
бастады. Ал біздің еліміз үшін бұл саммиттің маңыздылығы қандай дегенге
келсек, саммитте ядролық үш держава – Ресей, АҚШ және Ұлыбритания
Қазақстанның қауіпсіздік кепілдіктері туралы меморандумға қол қойды.
Меморандумда аталған мемлекеттер Қазақстанның тәуелсіздігі мен егемендігін
құрмет тұтатындығы, күш қолдану саясатын пайдаланудан бас тартатындығы
көрсетілген. Будапешт саммитінің біздің еліміз үшін маңыздылығы осында
жатыр.
Қазіргі кезде ЕҚЫҰ-ны алмастыратын немесе оған балама бола алатын
қандайда бір құрылым жоқ. Ұйым бүгінде халықаралық лаңкестіктің алдын алып,
қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бар мүмкіндікті пайдалану арқылы
ынтымақтастықтың жаңа үлгісін іздестіруде.
ЕҚЫҰ қызметі жағынан ерекше мәртебеге ие. Оның өзіндік себебі бар.
Мысалы, Ұйым заңдық сипаттағы емес, саяси тұрғыда шешім шығарады. Екінші
жағынан, Ұйымның тұрақты органдары, штаб-пәтері мен мекемелері, штаты мен
қаржы ресурстары бар. Солай бола тұрса да, оның шешімдері мен
міндеттемелерінің көпшілігі заңдық тілде ресімделмеген. Айталық, 1975 жылғы
Қорытынды актінің өзі, сондай-ақ ЕҚЫКЕҚЫҰ-ның кеңестері мен кездесулерінде
қабылданған құжаттар да заңдық мағынада халықаралық шарттар деп табылмайды.
Ұйымның құжаттары халықаралық құқық және оның қағидаттарын құрушы дерек
көздер болып табылады.
Жоғарыда атап өткеніміздей, Ұйымда қабылданған құжаттар негізінен саяси
сипатты көздейтіндіктен, ондағы міндеттемелерді орындамағандарды сот
жауапкершілігіне тартуға болмайды. Оның Еуропалық конвенциядан немесе
Халықаралық пактілерден айырмашылығы осында жатыр. Бірақ, ЕҚЫҰ-ның Женевада
Арбитраж және бітімдестіру жөніндегі соты жұмыс істейді. Ұйымға қатысушы
мемлекеттер өздері қол қойған Конвенцияға сәйкес Арбитраждық трибуналдың
немесе Бітімдес­тіру комиссиясының аясында даулы мәселелерді шешуді аталған
сот қарауына ұсына алады.
ЕҚЫҰ міндеттемелерінің заңдық күші болмағанымен, ол Ұйым қызметінің
тиімділігін әлсіретіп отырған жоқ. Өйткені, тиісті құжаттар жоғары саяси
деңгейдегі келісімдер нәтижесі бойынша қабылданады. Сондықтан олар
халықаралық құқықтық шарттар сияқты ерекше маңызды болып табылады. Ал ЕҚЫҰ-
да шешім консенсус бойынша қабылданады. Яғни, белгілі өзекті мәселеге
байланысты барлығы келісімін беруі қажет. Бір мемлекет қарсы болса, шешім
қабылданбайды.
Ал шешім жобаларына қатысты ұсыныстар қалай ұсынылады деген мәселеге
келсек, оны ЕҚЫҰ-ның төрағасы, Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
жөніндегі форумның басшысы, сондай-ақ қатысушы мемлекеттер және мемлекеттер
тобы да ұсына алады. Ұсыныстар жазбаша түрде негізінен Тұрақты кеңестің
төрағасына жолданады және ол қатысушы мемлекеттердің барлығына сол мезетте
таратылады. Егер қатысушы қандайда бір елдің шешім жобасына байланысты
ерекше ұсыныс-пікірі болса, ол ресми түрде қабылданады және тіркеледі.
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының құрылымы ауқымды әрі
қызмет аясы аса кең. Ал Ұйым құрылымындағы ең жоғары орган Ұйымға қатысушы
елдердің мемлекеттері мен үкіметтері басшыларының Кеңесі болып табылады.
Мемлекеттер мен үкіметтер басшыларының жоғары деңгейде өтетін кеңесте ЕҚЫҰ
аймақтарындағы жағдайларға баға беріліп, Ұйым қызметінің жаңа да негізгі
бағыттары айқындалады. Ал Ұйымға қатысушы елдер Кеңесінің соңғы саммиті
1999 жылы Стамбул қаласында өткен болатын. Содан бері он жылдай уақыт өтті.
ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің мәжілістері мен отырыстарында
Кеңестің кезекті саммитін өткізу туралы талай мәрте ұсыныстар айтылған-ды.
ЕҚЫҰ-ның орталық директивалық органы – жыл сайын шақырылатын Сыртқы
істер министрлерінің кеңесі. Сыртқы саясат ведомстволары басшыларының
кеңесінде Ұйым аясындағы барлық мәселелер қарастырылып, жан-жақты
талқыланады. Талқыланған мәселелерге байланысты шешімдер қабылданады,
сондай-ақ төрағалардың әрқайсысының жұмыс қорытындылары шығарылады. Ұйымның
келесі директивалық органы – Тұрақты кеңес. Бұл құрылымның қызметі
негізінен саяси консультациялар өткізуге және ағымдағы шешімдерді
қабылдауға бағытталған. Кеңестің отырыстары тұрақты өтіп тұрады. Оның
отырыстары төтенше жағдайлар орын алған кезде, оны реттеу мақсатында
кезектен тыс шақырылуы мүмкін. Ал Тұрақты кеңес Вена қаласында орналасқан,
онда Ұйымға қатысушы мемлекеттердің тұрақты өкілдері де қызмет етеді.
ЕҚЫҰ-ның жедел қызметіне жалпы басшылық жасауды Қазіргі төраға жүзеге
асырады. Бұл қызмет функциясын мүше мемлекеттердің барлығы дауыс беруі
арқылы сайланған елдердің Сыртқы істер министрлері бір жылдан кезекпен
атқарады. Қазіргі төраға бұрынғы және келесі төрағалармен бірлесіп, ЕҚЫҰ-
ның “үштік” институтын құрады. Қазіргі төраға, сондай-ақ Ұйым аясында
өзінің жеке және арнайы өкілін тағайындап, оларды белгілі мәселелерге
бағыттауға құқылы.
Ұйымның басты лауазымды тұлғасы Бас хатшы болып табылады. Ол Сыртқы
істер министрлерінің кеңесінде үш жыл мерзімге сайланады және ЕҚЫҰ
Хатшылығын басқарады. Бас хатшының қызмет функциясына Ұйымның құрылымдары
мен операцияларына басшылық жасау кіреді. Бұл қызметке 2005 жылдың жазында
Марк Перрен де Бришамбо (Франция) сайланған еді. Тұрақты кеңес 2008 жылдың
маусымында оның өкілеттік мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.
ЕҚЫҰ Хатшылығына келсек, ол он бір бөлімшеден тұрады. Бас хатшының
кеңсесі, қаржы және басқару жөніндегі департамент, лаңкестікке қарсы
секция, жанжалдардың алдын алу орталығы, тағы басқалар. Ал Ұйымның
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі форум Ұйымға қатысушы
мемлекеттердің тұрақты өкілдерінен тұрады және онда апта сайын Ұйым
аймағындағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту шараларына арналған
отырыстар өткізіледі. Форум міндетіне, сондай-ақ қарусыздану мен сенім
шараларына бақылау жасау, орын алған жанжалдар қауіптілігін төмендету, тағы
басқа да проблемаларға қатысты келіссөздерді ұйымдастыру жатады.
Бұлардан бөлек Ұйымның экономикалық-экологиялық форумы, Демократиялық
институттар және адам құқығы жөніндегі бюросы, Парламенттік Ассамблея жұмыс
істейді. Парламенттік Ассамблея 1991 жылы құрылған, жылына бір мәрте бас
қосады. Хатшылығы Копенгаген қаласында. Ассамблеяның кезекті 17-ші сессиясы
2008 жылдың 29 маусымы мен 3 шілдесі аралығында Астанада өткен болатын. Осы
сессияда Парламенттік Ассамблеяның жаңа төрағасы болып Португалия өкілі
Ж.Соареш, ал төраға орынбасарының бірі болып ҚР Парламенті Сенатының
Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев сайланған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында жиі аталатын Демократиялық институттар
және адам құқығы жөніндегі бюро – атауы көрсетіп тұрғандай, адам құқығын
қамтамасыз етуге және демократияны дамытуға ықпал ету мәселелерімен
айналысады. Сонымен қатар, форум аясында кеңестер өткізуді және адами
өлшемдер саласындағы міндеттемелердің орындалуына байланысты сарапшылардың
кез­десулерін ұйымдастырады. Демократиялық институттардың дамытылуы, ЕҚЫҰ-
ға қатысушы мемлекеттерде өткізілген сайлаулар туралы ақпараттар алмасуды
қамтамасыз ету жайы да осы бюроның міндетіне жатады.
Бюроның қызмет аясы бұлармен шектеліп қалмайды. Бюро үкіметтік емес
ұйымдармен байланыс орнатушы орын ретінде саналып, Ұйым миссияларына
бағдарламаларды жүзеге асыру шаралары бойынша көмектер де көрсетеді. Бюро
демократияландыру, адам құқықтары, сайлау, толеранттылық жөніндегі
департаменттерден және Рома және Синти байланыс орнынан тұрады. Бюро
Варшавада орналасқан. Ал ЕҚЫҰ-ның Ұлттық азшылық істері жөніндегі Жоғарғы
Комиссары көрініс беруі ықтимал этникааралық келіспеушіліктерді жедел шешу
мәселелерімен айналысады. Штаб-пәтері Гаага қаласында.
ЕҚЫҰ-ның тағы бір ауқымды құрылымы – жанжалдардың алдын алып, нақты
бағыттар бойынша жұмыс істейтін ЕҚЫҰ-ның миссиясы. Қазіргі кезде Ұйымның
Балқан, Кавказ, Шығыс Еуропа және Орталық Азиядағы елдер аумақтарында 18
миссиясы жұмыс істеп жатыр. Ұйым миссиясының негізгі мақсаты – азаматтық
қоғам институттарының дамуына ықпал ете отырып, саяси үдерістерге қолдау
көрсету, мүдделі тараптармен сол жерде үнқатысу мен байланыстарды
орнықтыру. Сонымен бірге, Ұйым өкілдерін белгілі мәселелер бойынша дер
шағында хабардар етіп отыру. Ұйымның, сондай-ақ ЕҚЫҰ қағидаттарына
негізделген қатысушы мемлекеттерде БАҚ-тың еркіндігі мен тәуелсіздігін
жүзеге асыруға көмектесетін БАҚ еркіндігі жөніндегі өкілі де бар [41].
Беделді халықаралық ұйым – ЕҚЫҰ-ның құрылымдары және олардың міндеттері
осындай. Жасыратыны жоқ, соңғы жылдары Ұйымды реформалау жайында пікірлер
айтылып жүр. Тегін айтылмаса керек. Бәрін уақыт көрсетеді.

1.2. ҚР мен ЕҚЫҰ арасындағы әскери-саяси саладағы ынтымақтастық

Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ)
қарым-қатынасындағы басты мәселе болып аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз
ету мәселесі есептеледі.
ЕҚЫҰ өз қызмет ету уақыты бойы аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
саласында үлкен тәжірибе жинақтаған болатын. 1992 жылы ЕҚЫК мүше-
мемлекеттері ұйымның алдыңғы уақыттағы қауіпсіздік саласы мен
белсенділігінің басты бағыттарын анықтаған тегіс қамтушы қауіпсіздік
тұжырымдамасын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық
Халықаралық қауіпсіздік мәселесі
Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы туралы
Федерациясымен қарым - қатынастары
Қазақстан және Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
Қазақстан мен Өзбекстан экономикалық байланыстары
Азиядағы өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық төңірегіндегі мәселелер
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Солтүстік-атлант альянсы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ
Пәндер