Қаржы рыногы туралы ұғым



Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттар мен бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл ең алдымен дербес эконмикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөнідегі операцмяларда жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтық институттарының, мемелекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа рыноктармен етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие рыногы түрінде де іс-әрекет етеді.
Экономикалық әдебиеттерда және шаруашылық практикада қаржы рыногы ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыногтарын қоса отырып кеңінен түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категориялярына бара-бар категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүние жүзілік практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез кезген түрі меншіктің титулдары болып табылатын ақша мен немесе бағалы қағаздар мен, басқа құжаттар мен ортақтастырылуы мүмкін.


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
Қаржы рыногы туралы ұғым

Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттар мен
бірге қаржы рыногының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы рыногы бұрын
соңды болған емес.
Қаржы рыногы – бұл ең алдымен дербес эконмикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөнідегі операцмяларда жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтық институттарының, мемелекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
рыноктармен етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы рыногы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдаланудың ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар рыногы, сондай-ақ несие
рыногы түрінде де іс-әрекет етеді.
Экономикалық әдебиеттерда және шаруашылық практикада қаржы рыногы
ұғымы ақша, валюта, кредит, капитал рыногтарын қоса отырып кеңінен
түсіндіріледі. Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категориялярына бара-бар
категория ретінде қарастыратын практикамен, негізінен дүние жүзілік
практикамен байланысты, өйткені экономикалық ресурстардың кез кезген түрі
меншіктің титулдары болып табылатын ақша мен немесе бағалы қағаздар мен,
басқа құжаттар мен ортақтастырылуы мүмкін.

Ақша рыногы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз төлем
қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының рыногы.
Кредит рыногы – несие бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты.
Ақша мен кредит рыногтары, әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Капитал рыногында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы рыногында сатып алу - сатудың объектілері айрықшалықты
тауарлар – ақша және бағалы қағаздар болып табылады.
Қаржы рыногында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастарда болып табылатын бағалы қағаздар рыногы маңызды
орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы
қағаздардың айналысыемн байланысты болғандықтан оны қор рыногы деп те
атайды. Қор рыногы термині бастапқыда бағалы қағаздармен мәміле
жасалынатын және ресімделінетін мекеменің – қор биржасынң атымен
байланысты.
Рыноктың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы рыногының жұмыс
істеу шарттарын айшақтайды. Оған мыналар жатады:
1. реттелінген тауар рыногының болуы, яғни кез келген түрлердегі және
арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетілер бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімділігі.
2. ұлттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру: бұған
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым бойынша эмиссияға бақылау жатады.

3. кредит рыногының жандандырылуы, оның толық коммерциалануы, яғни
кредит ресурстарын еркін рынакқа орналастыру, кредит ресурстарының
қозғалысы орталық банктің пайыздық есептік мөлшерлемесін,
коммерциялық банктердің міндетті резервтерінің нормасын, ашық ақша
рыногында операциялар жүргізуді белгілеу арқылы реттелінеді.
Кез келген субъектінің қаржы ресурстарына қажеттілігі және оны
қанағаттандырудың нақты көздері мен тура келмеуі қаржы рыногының жұмыс
істеуінің объективті алғышарты болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
1. бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы
материалдық өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының
– меншіктің барлық нысандары кәсіпорындарының, соның ішінде
мемлекттік сектордың да кең дербестігі.
2. қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтан қаржыландырудың,
қаражаттарды кәсіпорындар арсында ішкі ведомстволық қайта
бөлудің азаюы.
3. шаруашылық жүргізуші субектілер мен халықтық бағалы қағаздарға
және басқа активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының
өсуі.
4. бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату республикалық, сондай – ақ жергілікті бюджеттердің
тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Қаржы рыногының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта
бөлу есебінен ұдайы өндіріс процессіне ықпал етумен ғана айқындалып
қоймайды. Оның жұмыс істеуі әкімшіл-әміршіл экономикаға сатылас әдістің
орнына деігейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта бөлуге мүмкіндік
береді. Деңгейлік қозғалыс кезінде шаруашылық жүргізуші субъектілер
арасында қарды ресурстарын өтеусіз қайта бөлу түрінде төте байланыстар іс-
әрекет етеді. Бұл қаражаттарды маңызды сфералар мен объектілерге жедел
аудару есебінен кәсіпорындардың, салалардың және жалпы экономиканың
қаржылық жағдайын тұрақтандырады.
Қаржы рыногының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылыған
жабу үшін Үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды, рынокта еркін жүретін,
бағасы сұраным мен ұсыным арқылы анықталатын құнды қағаздар шығарады.
Экономикалық реформа процессінде қаржы рыногының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономиканың дағдарысын тударатын және оның инфляциясымен
қосарланатын қарама-қайшылықтарға және қиыншылықтарға кезігеді.
Инфляция бағалы қағаздарға айтарлықтай шектеу жасайды – олар қысқа
мерзімді немесе құны жоғалмай жеңіл өтетіндей болуы тиіс. Бағаның үнемі
өсіп отырған жағдайында инвесторлар қаражаттарды өтімі аз бағалы қағаздарға
ұзақ мерзімге салуға бармайды. Инфляция кезінд ұзақ мерзімді инвестициялар
үшін жылжымайтын дүние – мүлікке, тауарларға еркін айырбасталымды бағалы
қағаздарға жұмсау неғұрлым тартымды болып табылады.
Қаржы рыногының жұмыс істеуінің маңызды факторы сонымен қатар саяси
тұрақтылық болып табылады, ал бағалы қағаздардың айналысы бірқатар елдердің
экономикалық кеңістігін қамтуы мүмкін. ТМД елдерінің саяси болмыстары не
ол, не бұл кәсіпорындарының рентабельділігіне қатысты ұзақ мерзімді
болжамның мүмкіндігін жоққа шығарады және солар болған соң бағалы
қағаздарды сатып алу ықыласын шектейді.
Қаржы рыногының жандануы корпоративтік бағалы қағаздарды-
экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының акциялары мен облигацияларын
шығару және олардың айналысын жандандыру кезінде мүмкін. Қазақстанда соңғы
уақытқа дейін қаржы рыногының бұл сегменті жақсы дамымады. Бұл жалпы
экономикалық әлеуетті тежейді.
Инвестициялық институттар, қор биржалары, биржадан тыс сауда, депозит
мекемелері түріндегі құрамды элементтерді кіріктіретін ұлттық қор жүйесін
қалыртастыру бір мезгілде басқа нарықтық құрылымдардың, ең алдымен әр түрлі
тұрпаттағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуымен, бқл жүйенің қызметін
мемлекеттің экономикадағы оң құрылым жасаушы ролі кезіндегі сенімді
заңнамалық қамтамасыз еті жағдайында жүргізілуі тиіс.

1. Бағалы қағаздар рыногы және оның түрлері.

Жоғарыда баяндалғандардан туындағандай, бағалы қағаздар рыногы –
шаруашылық жүргізуші субъектілерінің мемлекет шығарған бағалы қағаздардың
сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл
рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе, инвестициялық
процесстерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған
осы рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және өзге де
активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процессіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
рыногы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы рынокта бағалы
қағаздардың бастапғы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады, қайталама рынокта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмиссиялық және
рыногтық бағасы болады. Қайталама рынок екі бөліктен тұрады.
Ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда – саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық
бағалы қағаздар мен өзге қаржы құралдарының айналыс сферасы және
ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар рыногы- бағалы қағаздар айналысының
бағалы қағаздар мен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда-саттықты
ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның
қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.
Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда
операцияларды жүзеге асыратын бірыңғай орталық жоқ, мәмілілірді олардың
офмстарында диллерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған рынокте
операциялар шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы рыноктарын басқа критерийлер бойынша ажыратады:
✓ бағалы қағаздардың түрлері бойынша:
акциялар,
облигациялар және тағы басқа рыногы.
✓ эмитентттер бойынша:
кәсіпорындардың бағалы қағаздар рыногы,
мемлекеттің бағалы қағаздар рыногы.
✓ аумақтық критерий бойынша:
ұлттық
халықаралық
аумақтық
✓ мезгілдер бойынша:
қысқа мерзімді
орташа мерзімді
ұзақ мерзімді
✓ мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалық
форвардтық
✓ салалық критерий бойынша.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдік экономикасында жалған
емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуы мен объективті түрде алдын-
ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар
рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр
түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауды мәмілелерін
жасай алады.
Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының
бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан
басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан таза қор
биржасы- Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995жылдың 21
сәуірінде Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы Қазақстан
Республикасының заңы бекітілді. Қазақстан бағалы қағаздар рыногын құқықтық
реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы
қағаздарды қалыптастырудың және дамудың бағдарламасы әзірленеді Қазақстан
Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттық жинақ облигацияларын шығару,
айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар әзірленіп бекітілді. 1997
жылдың басынынан Қазақыстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды
реттейтін үш заң қабылданды, олар: Бағалы қағаздар рыногы туралы, Бағалы
қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу туралы, Қазақстан
Республикасындағы инвестициалық қорлар туралы заңдар. Қазақстанның қаржы
рыныгын мемлекеттік реттеу жүйесінің тиімділігін арттыру және онда
қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында Призидентің жарлығымен
Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комииссиясы
таратылып, оның функциялары мен өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық
банкісіне беріледі. 2003 жылы шілдеде Бағалы қағаздар рыногы туралы
Қазақстан Республикасы заңынаң қабылдануы қор рыногында қалыптасқан
қатынастарды одан әрі дамыту қажеттігінен туды. Бұл заңның қызмет аясы
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республикасының заңы (2003 жылғы
мамырдың 13) қабылданғаннан кейін қаржы рыногының қызмет ететін сферасы
болып отырған бағалы қағаздар рыногының толыққанды жұмыс істеуіне кең жол
ашылып отыр.
Бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы 6 жылдай уақытты алды және қазіргі
уақытта оның мынадай құрылымы қалыптасып отыр:
Бастапқы рынок
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар рыногы:
бастапқы орналастыру секторы;
сатып алу, сату секторы;
корпорациялық облигациялар рыногы;
акциялар рыногы:
МЕБҚ-мен жасалынатын репо-операциялар секторы;
мемлекеттік бағалы қағаздар секторы:
МБҚ- ны саып алу, сату секторы;
МБК-мен жасалатын репо-операциялар секторы;
Қайталама рынок
Қор биржасы
Биражадан тыс бағалы қағаздар рыногының баға белгілеу ұйымы
Басқа да сауда- саттықты ұйымдастырушы.

Бағалы қағаздар – иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір
ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар.
Бағалы қағаздардың бір ерекшелігі ретінде оның мүліктік сипатын айтуға
болады. Яғни бағалы қағаздар міндетті түрде оның ұстаушысының қалайда бір
мүлікке құқылы екендігін куәландыратын белгілі бір жазбалар мен басқа да
белгілеулердің жиынтығы. Бұл белгілі бір тауар немесе нақты акция сомасын
алуға мүміндік береді.
Бағалы қағаздар нарық шаруышылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсай
және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құралы ролін атқарады.
Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере
отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық
байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар
түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе
өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы қағаздар ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән
онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар рыныгы болуы тиіс. Алайда бағалы
қағаздар рыногында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені
бағалы қағаздар- бұл тек меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар,
бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар рыногының оқшаулануы тап олардың
осы қасиетімен айқындалады және рынок бағалы қағаздарды бір иеленушінің
басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады.
Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағазсыз бағалы қағаздар
болып бөлінеді.
Құжатсыз бағалы қағаздың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз
нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар
рыногының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен
эмиссиалық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет
етеді.
Инвестициалық (капиталдық) бағалы қағаздар – капиталды жұмсаудың
объектісі болып табылатын бағалы қағаздар.
Инвестициалық емес бағалы қағаздар – бұл тауар немесе басқа рыногтарда
ақшалай есеп – қисаптарға қызмет көрсететін бағалы қағаздар.
Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік
тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және
басқа факторларды ескере отырып қор бағлы қағаздары үш топқа бөлінеді:
мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар- бұл мемлекеттік ішкі борыштың нысаны,
эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы
қағаздардың арасында көп тарағаны қазынашылық вексельдер мен
міндеттеремелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.
Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдорының
борашқорлық міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпоративтік және жекеше қаржы
институттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып
кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен
акциялары қызмет етеді.
Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға
акциялар, облигациялар, вексельдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне
заттық құқықтарды, меншік құқытарын бекітіп беретін тауарлай бағалы
қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк
кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиет хат,
лотерея билееттері, сақтық полюстері жатпайды.
1930 жылғы Женева конвенциясына сәйкес вексель бағалы қағаздарға
жатпайды, бірақ басқа жағынан, ақша сатып алу – сату процесстеріне
тартылғандықтан, вексельді шартты түрде бағалы қағазадарға жатқызуға
болады. Вексель – қарызгер несиелерге берілетін және несиелерге
қарызгенрден белгіленген мерзімге вексельде көрсетілген соманы талап етуіне
даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша
борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны ғана емес, сондай-ақ
бұл коммерциялық кредиттің нысаны: өнім немесе қызметтер үшін вексельмен
есепетесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп
айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі
әріптес вексельде көрсетілген сомада және мезгілге оған коммерциялық кредит
береді дегенді білдіреді.
Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып
шектеулі мезгілге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұлар
облигациялар, банк сертификаттары, вексельдер және басқалары. Иеленушілік
бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқақығын береді. Бұлар акциялар,
варанттар, коносаменттер және басқалары.
Қазіргі дүниежүзілік практикада өмір сүретін бағалы қағаздар негізгі
және туында болып бөлінеді.
Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда туынды бағалы қағаздар осы
бағалы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарда куәландыратын
бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, форвардтар,
опциондар, варанттар, своптар, споттар, депозитарлық куәліктер, жазылыс
құқықтары және басқалары жатады.
Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады. Қазіргі
кезе Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және
басқа бағалы қағаздар жүр.
Акция- акционерлік қоғам шығаратын жән бағалы қағаздың түрі мен
санатына байланысты дивидент алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам
таратылған жағдайда оның қалған мүлкінің бір бөлігін акционерлердің алу
құқығын куәландыратын бағалы қағаз.
Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың
акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады.
Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылмайды. Бұл
қызметкерлердің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз
кәсіпорнының немесе басқа кәсіпорындардың мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Облигация – ұстаушысына оның белгіленген құнының тіркелген пайызы
түрінде тыбас түсіретін бағалы қағаз. Мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз
шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме:
жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның
нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны не өзге де мүліктік құқықты
алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны – облигация құнының ол
шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен
көрсетілетін сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай-ақ облигацияны
өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп
олардың иелері мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар арасындағы
қарыз қатынастарын растайды.
Мемлекеттің бағалы қағаздармен жасалатын операциялардың инвесторлар
үшін тағы бір тартымды түрі – мемлекеттік қасқа мерзімді қазынашылық
міндеттемелерді (МЕҚҚАМ) сатып алу - сату операциясы болып табылады.
Мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕОҚАВМ)
Қазақстан Республикасының эмиссиялық мемлекеттік бағалы қағаздары болып
табылады, республикалық бюджеттің ағымдағы тапшылығын қаржыландыру
мақсатында Үкіметтің атынан Қаржы министрлігі шығарады және бағалы
қағаздар рыногында еркін айналыста болады.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сондай—ақ МЕОКАМ, МЕАКАМ,НСО, АВМЕКАМ,
МЕКАВМ жатады.

1.3. Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы.

Бағалы қағаздардың эмиссиясы - бұл жарғылық капиталды калыптастыру
немесе қарыз қаражатын тарту мақсатымен бағалы қағаздар шығару және
орналастыру. Бағалы қағаздарды жекешелердің және мемлекеттің шығаруы
мүмкін.
Бағалы қағаздарды айналысқа шығару – эмиссия – бұл бағалы қағаздарды
олардың бастапқы иелеріне - инвесторларға, яғни заңи тұлғаларға және
азаматтарға сату.
Бағалы қағаздардың эмиссиясы:
1. Акционерлік қоғам құрған кезде және акцияларды онаң
құрылтайшылары арасында орналастырған кезде.
2. Акциялар шығару жолымен акционерлік қоғамның бастапқы жарғылық
капиталының мөлшерін көбейткен кезде.
3. Облигациялар және басқа борыштық міндеттемелер шығару жолымен
мемлекет, заңи тұлғалар, жргілікті билік органдары қарыз
қаражаттарын тартқан кезде жүзеге асырылады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар - бұл бір эмиссия шегінде біртекті
белгілерімен реквизиттері болатын, осы эммиссияүшін бірыңғай жағдайлар
негізінде орналастырылатын және айналысқа түсетін бағалы қағаздар. Олар
мемлекеттік және мемлекеттік емес эммиссиялық бағалы қағаздар болып
бөлінеді.
Мемлекеттік эммиссиялық бағалы қағаз қарыз алушы Қазақстан
Республикасының Үкіметі жергілікті атқарушы орган немесе Ұлттық банк
болатын қарыз алуға қатысы жөнінен ұстаушының құқықтарының куәландыратын
эмиссиялық бағалы қағаз болып табылады. Мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы
қағаз - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес эмиссиялық деп
танылған, мемлекеттік емес ұйымдар шығаратын акциалар, облигациалар және
өзге де бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздардың эммиссиясы бағалы қағаздардың бастапқы рыногында
жүзеге асырылады. Онда бағалы қағаздарды шығару және бастапқы орналастыру
процестерінде, бір жағынан эмитенттердің немесе олардың тапсыруы бойынша
бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушысының және екінші жағынан
инвесторлар арасындағы қатынастар қалыптасады.
Бағалы қағаздардың бастапқы рыногы көбінесе Мемлекеттік бағалы
қағаздардың (МБҚ) шығарылымен сипатталады. Ішкі мемлекеттік борыштың
шегінде мемлекеттік бюджетті инфляциясыз қаржыландыруды қамтамасыз ету
мақсатында Қаржы министірлігі Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер мен
ұлттық жинақ ақша облигациаларын шығарады. 1994 жылдың бірінші жартысында
Қаржы министірлігінің бағалы қағаздарының шығарылымы басталады.
Алғашқы мемлекеттік бағалы қағаздар үш айлық қазынашылық міндеттемелер –
МЕККАМ болды. Алғашқы алты айда олар бойынша аукциондар өткізудің
мерзімдері тұрақсыз, шамамен айына 1 рет болды, жыл соныңа қарай олар апта
сайын жүргізіле бастады. Қазіргі кезде Қаржы министірлігінің МБҚ-ларын
орналастыру жөнінде аукциондар аптасына 2-3 рет өткізіледі.
1998 жылы қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша бюджет тапшылығын
жабуға Үкіметке Ұлттық банк беретін кредиттер доғарылған болатын және
Ұлттық банк алдындағы бүкіл үкіметтік борыш арнаулы он жылдық
облигацияларға – МЕАКАМ- ға қайта ресімделді.
МБҚ рыногының қолдау үшін Қаржы министірлігі қысқа мерзімді валюталық
бағалы қағаздарды шығара бастады, сондай-ақ арнаулы валюталық
облигацияларды - АВМЕКАМ –ды жүзеге асырды.
МБҚ рыногының дамуы сандық өсумен ғана емес, сонымен бірге терең сапалы
өзерістерге де ұшырады. Мемлекеттік бағалы қағаздар спектірінң кеңеюі
қағаздардың жаңа түрлерімен де, сонымен бірге бағалы қағаздардың айналыс
мерзімдерінің артуымен де қосарланып отырды.
Мемлекеттік бағалы қағаздардан басқа бастапқы рынокта мемлекеттік емес
(корпорациялық және басқа) бағалы қағаздар айналысқа шығарылады.
Корпорациялық бағалы қағаздар нағыз пайдалы, бірақ сонымен бірге қауіпті
болып табылады, оларға кәсіпорындар мен компаниялардың акциялары жатады.
Корпорациялық бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы белгілі бір дәрежеде
1996 жылы жарияланған Көгілдір фишкалар бағдарламасымен байланысты.
Қайталама рыноктың жұмыс істеуі ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелерімен және Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарымен
жасалынған мәмілелер көлемінің өсуімен сипатталады. Қайталама рыноктың
жандануы нақтылы уақыт режимінде өздерінің офистерінде бастапқы дилердің
жұмыс мүмкіндігін қамтамасыз ететін биржадан тыс жұмыс істейтін
бағдарламаны іске енгізумен байланысты болғанын атап өткен жөн.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағазды шығарудың, оларды тіркеудің,
орналастырудың, айналысқа жіберудің және өтеудің талаптары мен тәртібі
және эмиссия көлемі арнаулы заңдармен реттелініп, белгіленеді. Мемлекеттік
бағалы қағаздарға ұлттық бірдейлендіру номерлерін беру тәртібі уәкілетті
органның нормативтік құқықтар актісімен белгіленеді.
Мемлекеттік эмиссиялық емес бағалы қағаздар эмиссиясы бағалы қағаздар
шығару туралы эмитенттің шешім қабылдануын, уәкілетті органда бағалы
қағаздар эмиссиясын тіркеуді, инвесторлар үшін эмиссия проспектісінде
болатын ақпараттарды ашуды, бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды,
бағалы қағаздарды орналастыру қорытындылары туралы есепті табыс етуді
қамтиды.
Ашық орналастыруды жүзеге асыратын акционерлік қоғамдардың акциялары
эмиссияланатын мемклекеттік тіркеудің, сондай-ақ акцияларды шығару және
орналастыру қорытындысы туралы есеп беру рәсімі мен тәртібін уәкілетті
орган белгілейді.
Акционерлік қоғамдардың - банктердің және банк операцияларының
жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың, бағалы қағаздар рыногының
әуесқой қатысушыларының, бағалы қағаздар саудасын ұйымдастырушылардың,
инвестициялық қорлардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының, зейнетақы
активтерін басқару жөніндегі ұйымдардың Орталық депозиттердің акцияларының
барлық эмиссиялары міндетті мемлекеттік тіркеуге жатады.
Эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттандырылған және құжатсыздандырылған
нысандарда шығарылуы мүмкін. Бағалы қағаздар шығарудың құжаттандырылған
нысаны – бағалы қағаздарда мүліктік құқықтар бағалы қағаздар ұстаушылардың
тізімінде тіркелетін шығару нысаны. Эмиссиялық бағалы қағаздарда шығару
нысанын мемлекеттік тіркеуге табыс етілген құжаттарға тиісті өзгерістер
енгізе отырып, эмитенттің жоғарғы басқару органының шешімі бойынша эмитент
өзгертуі мүмкін.
Құжаттандырылған нысанда шығарылған бағалы қағаздар иелерінің құқықтары
осы бағалы қағазды көрсетуі арқылы расталады. Құжатсыздандырылған насанда
шығарылған бағалы қағаздар меншік иелерінің құқықтарын тіркеушілер немесе
нақты ұстаушылар растайды. Иелерінің талап етуі бойынша бағалы қағаздарда
тіркеуші немесе нақты ұстаушы оларға бағалы қағаздар өздерінің құқықтарын
растайтын құжаттар беруге міндетті
Бағалы қағаздармен мәмілелілер ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған
бағалы қағаздар рыногында – қайталама рыногта жасалады. Бағалы қағаздарды
сатып алу- сату шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша ноториалдық
куаландыруға тиіс.
Кәсіби қатысушылар ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногында мәмілерді өз
атынан немесе клиенттің атынан, өз есебінен немесе клиенттің есебінен
бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату арқылы жасайды. Бағалы қағаздардың
ұйымдастырылмаған рыногында жасалатын мәмілелерді инвесторлардың өздері де,
бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының қызметін пайдалана отырып
та жүзеге асыруы мүмкін.
Бағалы қағаздар рыногының субъектілері жеке және институционалдық
инвесторлар, эмитенттер, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары,
сауда саттықты ұйымдастырушылар және өзін-өзі реттейтін ұйымдар болып
табылады.
Инвесторлар - өз қаражаттарын бағалы қағаздарға салуды- инвестицияны
жүзеге асыратын жеке немесе заңи тұлғалар; инвесторлар құрамында бағалы
қағаздар портфелін қалыптастыру үшін өздері тартқан қаржыны пайдаланушы
субъектілер болып табылатын институттық инвесторларға – инвестициалық
қорларға, инвестициалық банктерге, мемлекеттік емес зейнетақы қорларына,
сақтандыру компаниаларына және қызметінің сипатына қарай айтарлықтай ақша
қаражаттары жинақталатын басқа арнаулы арналым қоларына маңызды орын
беріледі.
Эмитенттер - қолданылып жүрген заңдарға сәйкес эмиссиалық бағалы қағаздар
шығаруды жүзеге асыратын заңи тұлғаларға.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары - өз қызметін акционерлік
қоғамның ұйымдық - құқықтық нысанында жүзеге асыратын және бағалы қағаздар
рыногында лицензиасы бар заңи тұлғалар.
Бағалы қағаздар рыногының өзін -өзі реттейтін ұйымы- бағалы қағаздар
рыногында өз қызметінің бірыңғай ережелері мен стандарттарын белгілеу
мақсатымен қауымдастық нысанында бағалы қағаздар рыногының кәсіби
қатысушылары құрған заңи тұлға.
Бағалы қағаздар рыногының бірсыпыра қатысушыларын инвестициялық
иституттар, яғни бұл инвесторлармен делдалдар ретінде болатын заңи
тұлғалар, соның ішінде инвестициялық қорлар, инвестициялық компаниялар,
коммерциалық банктер, қаржы брокерлері, инвестициялық консультанттар
құрайды.
Бағалы қағаздар рыногында ивестицияалық қорлар өзгеше жағдайда болады.
Олар инвесторлардың ақшасын жұмылдыру және оларды қор атынан бағалы
қағаздарға, сондай – ақ банк шоттарына және салымдарға жұмсау мақсатымен
акциалар шығарады; сонымен бірге мұндай жұмсаумен байланысты барлық
тәуекелдіктер, бүкіл табыстар мен зияндар осы қор иелерінің есебіне
жатқызылады және олар қор акцияларының ағымдағы бағасын өзгерту есебінен
іске асырылады.
Инвестициялық қор қызметін айқындайтын құжат инвестициялық мағұлымдама
болып табылады. Ол инвестициялаудың мақсаттарын, стратегиасын, бағыттарын,
инвестициялық қор қызметінің бағалы қағаздар портфелін әртараптандырудың
нормаландырудың анықтайды.
Акционерлік қоғамның жарғысы қоғамның заңи тұлға ретіндегі құқықтық
мәртебесін айқындайтын құжат болып табылады. Қоғамның жарғылық капиталының
ең төменгі мөлшері тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50
мың еселенген мөлшерінде болады.
Акционерлік қоғамды басқарудың жоғары органы акционерлердің жалпы
жиналысы, басқару органы- директорлардың кеңесі , атқарушы орган- алқалы
орган немесе атауы қоғамның жарғысында белгілененетін атқарушы орган
қызметін жеке-дара жүзеге асыратын тұлға болып табылады.
Осы айтылғанның бәрі Бағалы қағаздар рыногын дамыту бағдарламасында
міндетті түрде көрініс табуы тиіс. Бұл экономиканы дамытудың аса маңызды
міндеттерінің бірі.

1.4. Қор биржасы.

Бағалы қағаздармен сауда –саттықты қор биржасы, заңдарға сәйкес өзге де
ұйымдар ұйымдастырады.
Қор биржасы – акционерлік қоғамның ұйымдық – құқықтық нысанында құрылған,
осы сауда – саттықты ұйымдастырушының сауда жұйесін пайдалана отырып,
оларды тікелей жүргізу арқылы сауда – саттықты ұйымдық және техникалық
жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңи тұлға және акционерлік қоғам
нысанындағы өзін-өзі реттейтін коммерциалық емес ұйым. Қор биржасының
қызметі өзін-өзі өтеу қағидатына негізделеді және оның қызметінен түскен
кірістер биржаны материалдық – техникалық дамытуға пайдалынады.
Қор биржасы:
1) сауда жүйелерін пайдалану және қолдану;
2) қор биржасының тізіміне бағалы қағаздарды енгізуге жорамалданып
отырған немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ қор биржасында
айналысқа жіберілетін бағалы қағаздар мен өзге де қаржы қүралдарына талап
қою;
3) қор биржасында айналысқа жіберілген бағалы қағаздармен және өзге де
қаржы құралдарымен мәміле жасау мақсатында сауда жүйесіне кіркге өз
мүшелеріне мүмкіндік беру, осы қаржы құралдары бойынша тұрақты сауда-саттық
ұйымдастыру және өткізу, қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша есеп
айырылысуды ұйымдастыру және жүзеге асыру, не осындай есеп айырысуды жүзеге
асыру үшін қажет ақпаратты әзірлеу;
4) өз мүшелеріне ұйымдық, консультациялық , ақпараттық және өзге де
қызметтер көрсету;
5) бағалы қағаздар рыногы және өзге де қаржы құралдары мәселелері
бойынша талдамалық зерттеулер жүргізу;
6) банк заңнамасында белгіленген тәртіппен банк операцияларының жекелеген
түрлерін жүзеге асыру және қор биржасының ішкі құжаттарына көзделген өзге
де функцияларды жүзеге асырады.
Қор биржасы бағалы қағаздардың қайталама рыногының ұйымдастырушысы болап
табылады. Биржадан тыс рынок әдеттегідей, тек бағалы қағаздардың жаңа
шығарылымдарын қамтиды. Онда көбінесе облигациялар орналастырылады. Биржада
керісінше, бағалы қағаздардың ескі шығарылымдарының негізінен акционерлік
қоғамдардың акцияларның бағамы белгіленеді. Заңнамамен қор биржаларының ең
төмен жарғылық капиталы белгіленеді. Қор биржасы инвестициялық институттар
ретінде қызметпен айналыспайды, бірақ меншікті акциялар шығара алады және
сата алады, бұл оның мүшелері болуға құқық береді.
Қор биржасы заңнамаға сәйкес тіркелінеді және бағалы қағаздармен биржалық
қызмет жүргізуге Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясында лицензия
алады.
Бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары және заңдарға сәйкес бағалы
қағаздардан басқа өзге қаржы құралдарымен өзге мәмілелерді жүзеге асыру
құқығы бар өзге де заңи тұлғалар қор биржаларының мүшелері болып табылады.
Қор биржасында бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларының кемінде он
мүшесі болуы тиіс. Қор биржасының мәмілелерді жасау осы мүшелер үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздар және қаржы рыногы
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Нарық шаруашылығының негізгі түрлері
Қаржы рыногы және қор биржасы
Қаржы рыногы және қор биржасы туралы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Жалақы және жұмысбастылық: монопсония және еңбек одақтары
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы жұмысбастылық жағдайы
Пәндер