Компьютерлік химия



I. Кіріспе
II. Кванттық химия
III. Жасанды химиялық интеллект
IV. Компьютерлік химияның болашағы
V. Пайдаланылған сілтемелер

Пән: Химия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Реферат

Тақырыбы:Компьютерлік химия

Орындаған:Байқоңырова Г.
Тексерген:Бажықова Н.

Алматы, 2013

Жоспар:

I. Кіріспе
II. Кванттық химия
III. Жасанды химиялық интеллект
IV. Компьютерлік химияның болашағы
V. Пайдаланылған сілтемелер

Кіріспе
Бүгінгі таңда біз нақты ғылымдарда болып жатқан революцияның
куәгерлері болып отырмыз. Бұл революция ғылымдардың барлық салаларында:
эксперементалды да, теориялық та салаларына компьютерлердің енуімен
байланысты. Бұл үрдіс соңғы он жылдарда ерекше үдемелі өтіп жатыр. Себебі
тез әсер ететін компьютерлердің өндірісі ұлғайды және барлық дерлік
зерттеушілердің күшті компьютерлермен жұмыс істеу мүмкіндігі ұлғайды. Нақты
ғылымдарға компьютерлерді енгізудің маңызды нәтижесі – осы ғылымдарда жаңа
бағыттардың пайда болуы. Осылайша физикада эксперименталды және теориялық
физика мен қатар жаңа компьютерлік физика, ал химияда компьютерлік химия
пайда болды. Егер соңғы кездерге дейін білім алудың екі әдісі болса – не
эксперимент қою арқылы ,не теорияны қуру арқылы, бүгін жаңа компьютерді
қолданатын үшінші әдістің пайда болуы туралы айтуға болады.
Компьютерлік химия пәні компьютерді қолдана отырып, газтектес,
сұйық, қатты фазадағы молекулалар, атомдар, радикалдар, иондардың
физикалық және химиялық қасиеттерін зерттеумен айналысады. Қазіргі кезде
бұл мәселелерді компьютер көмегімен шешудің тәжірибесі бар.

Кванттық химия
Компьютерлік кванттық химия компьютерлік химияның ең көп
дамыған тармағы болып табылады. Кванттық химиктер өз зерттеу жұмыстарында
компьютерлерді алғаш қолданғандардың бірі болды. Соған орай, қазіргі кезде
кванттық химиктер програмисттердің жоғары квалификациясына ие болып отыр,
ал квантты – химиялы программалар ғылыми – техникалық программалардің
ядерлі физика программалар, ғарыш аппараттарының траекторияларын есептеуге
арналған программаларымен бір қатарда тұратын ең қиындарының бірі болып
табылады.
Шредигер теңдеуі 50 жылдан астам уақыт белгілі болғанымен ,
аналитикалық тұрғыда бұл теңдеуді тек ең қарапайым жағдайлар үшін: сутегі
атомы мен Н2 молекулалық ионы ушін жазуға мумкін болды. Сол себептен
кванттық химияда компьютерлерді қолданудың қажеттігі туды. Квантты –
химиялық есептеулердегі жетістігі Шредингер теңдеуін шешу кезінде бір қатар
жуықтауларды қолданумен байланысты. Соған қарамастан, күрделілігі жоғары
атомдар мен молекулалар үшін алынатын жуықталған теңдеулерді тек компьютер
көмегімен шешуге болады. Кванттық химияда мейлінше жүйелі эмпирикалық
емес ( немесе ab initio) әдістер болып табылады. Бұл терминді атомдар мен
молекулалар үшін Шредингер теңдеуінің шешімінің жуықталған әдістерінің
жынтығы деп түсінуге болады. ab initio латын термині басынан бастап
дегенді білдіреді. ab initio барлық тілдерде бұл есептеу әдістерін
белгілеу үшін кең қолданыс тапты, себебі ab initio әдістері тек
фундаменталды физикалық тұрақтылардан ( жарық жылдамдығы, Планк тұрақтысы,
ядролар мен электрондардың массалары мен зарядтары ) басқа ешқандай
қосымша эксперименталды берілгендерді ( иондалу потенциалы, атомдалу
энергиясы, т.б. ) қажет етпейді және физикалық тұрғыдан ақталған
жуықтауларды енгізу арқылы Шредингер теңдеуінің негізінде алынған.

Жасанды химиялық интеллект
Компьютерлерді кең қолдануға байланысты компьютер адаммен
дәстүрлі түрде интеллектуалды болып саналған салаларда бәсекеге түсе алады
деген ой пайда болды. Химияда жасанды химиялық интелекттің пайда болуы
туралы айтуға болатн екі саласын бөлуге болады. Біріншіден бұл
эксперименталды спектроскопиялық берілгендердің негізінде молекуланың
құрылымын айқындаумен байланысты мәселелер. Екіншіден күрделі органикалық
молекулалардың синтезі стратегиясын әзірлеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Химияны оқытуда компьютерді қолдану
Компьютерлік технологияларды қолданудың артықшылықтары
Ақпаратты тасымалдау құралы
«Жалпы және бейорганикалық химияны оқытудың заманауи технологиялары мен әдістері»
Химия сабақтарында ақпараттық технологияларды қолдану
Ғасырлар белесіндегі химия құрылымы
Виртуалды зертханалардың оқу процесінде жиі қолданылатын дәлелдер
Компьютерлік презентациялық материалдарды қолдануы және электронды құралдарды дайындау мәселелері
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЖӘНЕ ЭЛЕКТРОНДЫ ҚҰРАЛДАРДЫ ДАЙЫНДАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Оқыту мен білім беру процесіндегіақпараттық технологияларды қолднудың теориялық негіздері
Пәндер