Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат



ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ 3
КІРІСПЕ 4

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1 Ақпараттық технологиялардың дамуы 15
1.2 Әлемдік саясат шеңберіндегі Интернет кеңістігі
1.3 Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық 33

2 ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Бүгінгі таңдағы әлемдік саясаттағы ақпараттық текетірес
2.2 ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық ақпараттық қарама.қайшылықтар
2.3 Мемлекетаралық деңгейдегі жоғары технологиялық қылмыспен күрес қағидасы 48
2.4 Қазақстандағы саяси үрдістер және ақпараттық қоғам 56

ҚОРЫТЫНДЫ 65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Халықаралық қатынастар
және Қазақстан Республикасының
сыртқы саясаты кафедрасы

Ақпараттық технологиялар және әлемдік саясат
(дипломдық жұмыс)

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ
3

КІРІСПЕ
4

1 ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР
1.1 Ақпараттық технологиялардың дамуы
15
1.2 Әлемдік саясат шеңберіндегі Интернет кеңістігі
23 1.3
Ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық ынтымақтастық 33

2 ҚАУІПСІЗДІК МӘСЕЛЕСІ
2.1 Бүгінгі таңдағы әлемдік саясаттағы ақпараттық текетірес
41

2.2 ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басындағы экономикалық ақпараттық
қарама-қайшылықтар
45
2.3 Мемлекетаралық деңгейдегі жоғары
технологиялық қылмыспен күрес қағидасы

48
2.4 Қазақстандағы саяси үрдістер және ақпараттық қоғам
56

ҚОРЫТЫНДЫ
65

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
67

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ

АТ – ақпараттық технологиялар
АКТ – ақпараттық коммуникациялық технологиялар
ҒАҚ – ғаламдық ақпараттық қоғам
ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
ХЭО – Халықаралық электробайланыс одағы
ҒАИ – ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым
АҚЖДК – Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі бүкіләлемдік
кездесу
БАҚ – бұқаралық ақпарат құралдары
ОАР – Оңтүстік Африка Республикасы
ХАҚ – халықаралық ақпараттық қауіпсіздік
BBS – Британдық хабарлау корпорациясы
CNN – Кабельдік жаңалықтар желісі
ҰАСМ – Ұлттық ақпараттық супермагистралі
ҰАИ – Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым
ҰИҚ – Ұлттық инновациялық қор
ТОБЖ – талшықты-оптикалық байланыс желісі

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісінің елеулі
ерекшеліктерінің бірі қоғам өмірінде жаңа ақпараттық технологияларды
пайдалану қарқынының өсуі болып отыр. Ғаламдық экономика мен саясаттың
дамуында бүгінде көбінесе материалдық өндіріс емес, жаңа ақпараттық
дәуірдің басталуы шешуші рөл атқарады. Компьютерлер мен бағдарламалық
жабдықтау, коммуникация құралдары, ұялы байланыс, ғаламдық компьютерлік
жүйе -Интернет және т.б. қолданумен байланысты жаңа технологияларды жаппай
енгізу ХХғ. 80-90-шы жылдары басталды. Дәл осы уақытта әлемдік саясат пен
экономика түбегейлі өзгерістерге ұшырайды, жаңа саяси әлемдік тәртіптің
негізі қаланады және жаһанданудың жаңа кезеңі басталады[1].
Адамзат қоғамының өркендеуі үшін материалдық, энергетикалық, ақпараттық
ресурстар мен құралдар қажет. Қазіргі кезең – ақпараттық ағынның бұрын
соңды болмаған күшеюімен сипатталатын уақыт. Бұл экономикаға да, әлеуметтік
салаға да қатысты. Соңғы онжылдықта көпшілік тіпті индустриалды қоғамнан
ақпараттық қоғамға өту туралы айта бастады. Өндірістің әдістері,
адамдардың көзқарасы, мемлекетаралық қатынастар ауысып жатыр. Ақпарат,
ақпараттандыру, ақпараттық технология, ақпараттық төңкеріс секілді
ұғымдар жиі қолданылуда. Ақпараттық төңкерістің қазіргі заманғы халықаралық
қатынастарға ықпалы жөніндегі мәселе теориялық та, практикалық тұрғыдан да
маңызды бола түсті. Кеңінен қолданыла бастаған ақпараттық технологиялар
миллиондаған адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігін түбегейлі өзгертуде.
Олар әлемдегі даму деңгейі әр түрлі елдердің ішкі саясатына ғана емес, осы
елдердің өзара қарым-қатынасына, халықаралық ұйымдардың, қоғамдық
қозғалыстар мен қаржылық топтардың, қылмыскерлік ұйымдар мен жекелеген
адамдардың әлемдік жүйедегі рөліне де елеулі өзгерістер алып келуде.
Қазір ақпараттық технологиялар проблемасы бүкіл әлем үшін өте өзекті
болып отыр. Ғылыми-техникалық прогресстің барлық бағытында онан әрі
өркендеу ресурстары нақ осында шоғырланған. Дамыған мемлекеттердің
қаржылық, басқару жүйелері ақпараттық технологияларды жетілдіру мен
пайдалану проблемасына көбірек көңіл бөле отырып, қайта құрылуда.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар адамзат іс-әрекетінің барлық
салаларына еніп, қазіргі заманғы ғаламдық шаруашылық жүйенің қалыптасуына
зор үлес қосып, еңбектің бөлінуінің шын мәнінде жаһандық масштабқа өтуіне
мүмкіндік берді. Жоғарғы технологиялардың арқасында бүкіл әлемде әр түрлі
тауарлар мен қызметтерді шығару, комплектациялау мен іске асыру жұмыстары
үйлестіріледі. Яғни ақпараттық технологиялар қоғам өмірінің ажырамас
бөлігіне айналып отыр.
Бүгінде ақпарат сөзі шынымен-ақ сиқырлы мәнге айналғанына, ал
заманауи ақпараттық технологиялардың әлемдік экономикалық және
технологиялық дамуының нағыз қозғаушы күші болғанына ешкім күмән келтіре
алмас. Коммуникация мен ақпаратты өңдеу саласындағы жаңалықтар мен
өнертапқыштықтың мультипликативтік тиімділігі тоқтаусыз көрініс тауып
жатыр. Тарихтан ақпараттық төңкеріс деп толық сеніммен айта алатын осындай
құбылыстардың бірнеше мысалын алуға болады.
Әлемдік ашық желілердің, мәселен Интернеттің даму тәжірибесі ақпаратты
өңдеу құралдары мен жүйелерінің өркендеуінде жаңа дәуірдің басталғанын
көрсетіп отыр. Мұндай желіні пайдаланушы өзін-өзі бірыңғай ақпараттық
қауымдастықтың ажырамас бөлігі ретінде қабылдап, өзгелерге де солай
көрінеді. Нақ осы жағдай адамзатқа физикалық, психологиялық және әлеуметтік
аман-саулығына желілік ақпараттық төңкерістен туындаған жаңа қатерлерді
мұқият талдауды талап етеді.
Ақпараттық дамудың жаһандық сипаты, трансұлттық телекоммуникациялық
инфрақұрылымның қалыптасуы мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
қатысты көптеген әрі күрделі проблемаларды туындатып отыр. Олардың
көпшілігін тек жан-жақты халықаралық ынтымақтастық, келіссөздерге келуге
табанды түрде итермелеу, ұсыныстарды дәйекті түрде қою жолымен қауіп-қатер
көздерін халықаралық бақылауға алу арқылы шешуге болады. Халықаралық
келіссөздердің соңы қоғам өміріндегі ақпараттық салада қылмыскерлік
мақсатқа жету үшін жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық
технологияларды, ақпараттық-психологиялық ықпал ету құралдарын қолданудан
туындайтын барлық қауіп-қатерлер бойынша кең көлемді халықаралық-құқықтық
келісімдермен аяқталуы керек.
Ақпараттық ресурстарды қорғау проблемасы жаңалық емес – ертеде-ақ
мемлекеттер, коммерциялық және қоғамдық ұйымдар, жеке адамдар ақпаратты
жинады, сақтады және ұрлаудан, жоюдан қорғады, ал өзгелер осы ақпаратты
ұрлап кетуге немесе жойып жіберуге тырысты. Ал бүгінде магниттік және
оптикалық тасығышта сақталатын ақпарат көлемінің ұлғаюы, компьютерлік
жүйелер мен пайдаланушылар санының күрт өсуі, желіде айналып жатқан
ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігін жеңілдету осы ақпаратты ұрлау немесе
жойып жіберу ықтималдығын арттыра түседі.
Қазіргі таңда ақпараттық ресурстарды, оның ішінде жеке адамдардың да,
қорғау проблемасының маңызы мынадай факторлар жиынтығымен анықталады:
- ақпараттық жекелей қол жеткізуді қамтамасыз ете алатын
әлемдік және ұлттық ашық компьютерлік желілер мен жаңа
ақпараттық-коммуникациялық технрологиялардың дамуы;
- ақпараттық ресурстардың басым көпшілік бөлігін қағаздан
электрондық тасығыштарға аудару және оны түрлі ақпараттық
жүйелерге (мәліметтер базалары мен банкілер, оптикалық
дискілер, т.б.) шоғырландыру;
- әлеуметтік-мәдени және жеке тұлғалық дамуға қызмет ететін
жинақталған немесе жасалып жатқан ақпараттар бағасының
жоғарылауы;
- ашық, тіпті қорғалған жүйелерге қосылған компьютерлерге
кіру үшін қылмыскерлікпен пайдалануға мүмкіндік беретін
ақпараттық технологияларды жасау мен үнемі жетілдіру.
Ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың қарқынды дамуы әлемнің
саяси үрдісіне әрқалай әсер етеді. Олар жеке адамдар, кәсіби топтар
арасындағы өзара әрекеттестікке кең көлемді мүмкіндіктер ашады,
мемлекетаралық шекараларды одан әрі айқындап, бүкіл әлемге ақпарат таратуды
қамтамасыз етеді. Ал бұл өз кезегінде әлемнің демократизациялануына,
авторитаризм мен изоляционизмді шектеп, экономикалық даму қарқынын
тездетеді.[2]
Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы іс жүзінде көптеген өнеркәсіптік
мемлекеттердің экономикалық дамуының маңызды факторының біріне айналып
отыр. Жоғарғы технологиялар өнеркәсіптің негізгі салаларының, қызмет және
т.б. салаларының өнімділігін жылдам артуын қамтамасыз етеді. Бірқатар
мәліметтер бойынша электоронды маркетинг пен менеджменттің арқасында
өнімнің өзіндік құны дамыған мемлекеттерде 10-12 пайызға төмендесе, кейбір
әлемдік алпауыт компаниялардың бағалауынша өнімділік 30-40 пайызға артқан.
Ал, сонымен қатар артта қалған мемлекеттер (дамушы мемлекеттермен қатар,
ақпараттық технологияларды дамыту мәселесімен шындап айналыспайтын
мемлекеттер) біртіндеп жаңа технологиялар саласындағы көшбасшыларға
тәуелді болып келе жатыр.
Ақпараттық технологияларды дамыту мен қолдану Қазақстан үшін де басым
бағыттардаң бірі болып отыр. Елімізде ақпараттық технологияларды жетілдіру
экономикалық даму үрдістерімізге, экономикалық жағдайымызға тікелей
байланысты. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына
Жолдауында көрсетілген Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті алдыңғы
қатарлы елу елдерінің қатарына кіру мақсатын орындау ақпараттық жүйелерді
жаңғыртуды, жаңа қоғамдық-саяси шындыққа бейімдеуді қажет етеді.
Ақпараттандырудың стратегиялық маңыздылығын айта келе, Президент
Н.Назарбаев аймақтық IT-орталық сияқты ақпараттық технологиялар паркін,
телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытудың, электрондық үкімет жүйесін
енгізудің маңыздылығын ерекше атап өтті.[3]
Тақырыптың өзектілігі осы саладағы кешенді зерттеу жұмыстарының
жеткіліксіздігінен туындап, оның мақсаттары мен міндеттерін анықтауға негіз
болды.
Жұмыстың мақсаты – ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы әлемдік
саясатқа ықпалын ашып көрсету.
Бұл мақсатқа жеті үшін зерттеу барысында мынадай міндеттеріді жүзеге
асыру қажет:
- ақпараттар, ақпараттық жүйелер, ақпараттық төңкеріс және
ақпараттық қоғам түсініктерін қарастыру;
- ақпараттық технологиялардың даму ерекшеліктерін, олардың
экономикаға, мәдениет пен қоғамдық қатынастарға ықпалына
талдау жасау;
- ақпараттық технологиялардың мемлекетаралық, халықаралық
қатынастардағы рөлін, сондай-ақ жетекші мемлекеттердің
ақпараттық төңкеріске үн қатуға деген талпынысын
қарастыру;
- Интернеттің әлемдік саясаттағы рөлін зерттеу;
- ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін қарастыру;
- Қазақстандағы ақпараттық технологиялардың даму
ерекшеліктерін жан-жақты талдау.
Жұмыстың жазылу барысында әр түрлі деректер көзі пайдаланылды.
Қазіргі кезеңдегі ақпараттық технологиялардың рөлі мен орнын анықтауда
2000ж. Үлкен сегіздік саммитінде қабылданған Жаһандық ақпараттық қоғамның
Окинава хартиясы негіз болды[4]. Окинава хартиясында ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар XXI ғасырдағы қоғамның қалыптасуына әсер
ететін ең маңызды факторлардың бірі болып табылады деп көрсетілді. Сандық
технологиялардың мүмкіндіктерін толыққанды пайдалану үшін Хартия іс-
әрекеттің негізгі бағыттарын анықтайды және ақпараттық-коммуникациялық
жүйелерді жасауда жекеменшік сектордың маңызда рөлін мойындайды. Сонымен
қатар сандық теңсіздік мәселелері көтеріліп, мемлекет ішінде және
мемлекеттер арасында бұл теңсіздікті жоюда көпжақты ынтымақтастық қажет
екендігі ерекше айтылады.
Ақпараттандыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды
пайдаланумен байланысты проблемаларды қарастырғанда БҰҰ шеңберінде
қабылданған құжаттар негізгі дерек көздері болып табылады. БҰҰ Бас
Ассамблеясының ақпараттық қауіпсіздікке байланысты қарарларының маңызы зор.
Атап айтсақ: Халықаралық ақпараттық қауіпсіздікке қатысты принциптері
атты №5370 қарары[5], Ақпараттық технологияларды қылмыскерлікпен
пайдалануға қарсы күрес атты №5563 және №56121 қарарлары[6],
Киберқауіпсіздіктің жаһандық мәдениетін қалыптастыру туралы №57239
қарары[7].
Жұмыстың жазылу барысында БҰҰ Бас Ассамблеясының №56183 қарары
негізінде шақырылған Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі
бүкіләлемдік кездесудің қорытынды құжаттары пайдаланылды[8]. 2003ж.
Женевада өткен АҚЖДК нәтижесінде екі негізгі құжат – Принциптер
декларациясы[9] мен Іс-әрекеттер жоспары[10] қабылданды. Ақпараттық қоғам
қалыптастыру – жаһанның жаңа мыңжылдықтағы мақсаты атты Принциптер
декларациясында ақпараттық қоғам құрудың ортақ принциптері анықталды,
ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың мүмкіншіліктерін Мыңжылдық
декларациясында көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін пайдалануды мақсат
етіп қояды. Декларацияның ортақ концепциясы мен негізгі принциптері Іс-
әрекеттер жоспарында нақты іс-қимылдарға айналады. Құжатта 2015ж. дейін
әлемнің барлық елдерінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларға қосылу
мен еркін қол жеткізуді қамтамасыз ету көзделген.
Сонымен қатар Женевада Азаматтық қоғам декларациясы қабылданды[11].
Бұл декларацияда адам, оның білім алуы мен әл-ауқаты, ақпарат пен
ақпараттық техникаға еркін қол жеткізу, жалпы мәдени ілгерілеуге жету
құқығы ақпараттық қоғам қалыптастырудың өзегі болуы қажет деп көрсетілген.
АҚЖДК екінші кездесуінде Ақпараттық қоғамға арналған Тунис бағдарламасы
қабылданды[12]. Бағдарламада сандық теңсіздікті жою мақсатында қаржылық
механизмдерді, Интернетті пайдалануды басқару және онымен байланысты
мәселелерді шешу, сонымен қатар Женевада, Тунисте қабылданған шешімдерді
орындау және осы бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыру мәселесі көтерілген.
Тунисте қабылданған келесі құжат – Тунис міндеттемесінде барлық мемлекеттер
АҚЖДК міндеттемелеріне берік екендіктерін қайта мәлімдеді[13].
АҚЖДК дайындық барысында өткізілген аймақтық және ішкіаймақтық
конференциялардың құжаттары да тақырыпты зерттеуге елеулі үлес қосты.
Бүкілевропалық аймақтық конференцияда қабылданған Бухарест декларациясы
ақпараттық қоғам құрудағы негізгі принциптер мен стратегияларды және
басымдылықтарды белгіледі[14], яғни мынадай негізгі басымдылықтарды
анықтады: электрондық мемлекеттік басқару, электрондық коммерция,
электрондық қоғам және электрондық білім алу.
Азиялық-Тынық мұхиттық аймақтық конференциясының Токио декларациясында
дамушы мемлекеттерге, сандық теңсіздікті жою мәселелеріне ерекше көңіл
бөлінді[15].
Бішкек-Мәскеу конференцияларының қорытынды құжаттары: Бірінші Бішкек-
Мәскеу конференциясының Мәскеу декларациясы ТМД елдерінің АҚЖДК-ғы ортақ
ұстанымын бейнелейтін негізгі құжат болып табылды[16]. Декларацияда
мемлекеттер ақпараттық қоғам құру адамзат дамуының өзекті бағыттарының
біріне айналғандығын мойындай отырып, ақпараттық қоғамның мәдени және
лингвистикалық әртүрлілігінің сақталғандығы жөн деп көрсетті. Екінші Бішкек-
Мәскеу конференциясында қабылданған Бішкек резолюциясында сандық
технологиялар саласындағы білімді қоғам құру мақсаты қойылды[17].
Европалық Кеңес 2001ж. Киберқылмыскерлік жөніндегі конвенция
қабылдады[18]. Конвенция компьютерлік технологиялар саласындағы
қылмыскерлікпен күрес саласындағы алғашқы халықаралық-құқықтық құжат болып
табылады. 2002ж. Интернет арқылы расизм мен ксенофобияға үндейтін ақпарат
таратумен күрес жөніндегі Конвенцияға қосымша Хаттама қабылданды[19].
Дүниежүзілік Сауда Ұйымы (ДСҰ) шеңберінде 1996ж. қабылданған
Ақпараттық технологиялар секторының өнімдерін сату жөніндегі министрлер
Декларациясында ақпараттық технология өнімдерін шектеусіз сатудың
принциптері бекітілді[20].
БҰҰ басшылығымен 1998ж. Финляндияда өткен Телекоммуникация мәселелері
бойынша үкіметаралық конференцияда Апат салдарын жеңілдету және көмек
көрсету үшін телекоммуникациялық ресурстарды ұсыну жөніндегі Тампере
конвенциясы қабылданды[21]. Конвенция табиғи және техногендік апаттардың
салдарын жою барысында қазіргі заманғы байланыс құралдарын пайдалануды
жеңілдетеді.
Қазақстан Республикасының ақпараттық саясаты мен ақпараттық
қауіпсіздігіне байланысты нормативтік-құқықтық құжатттар мен актілер,
сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелер мен ақпараттық
технологиялардың даму мәселелері бойынша мақсаттық бағдарламалары,
материалдары мен мәліметтері диплом жұмысының деректемелік негізі болды.
Атап айтсақ, ҚР Ақпараттандыру туралы заңы[22], ҚР Президентінің
Қазақстанда біріңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру туралы[23],
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі концепциясы туралы[24],
2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасында ғарыштық іс-әрекетті дамыту
туралы[25], Арнайы экономикалық өңір Ақпараттық технологиялар паркін
құру туралы[26] жарғылары, ҚР Үкіметінің Біріңғай ақпараттық кеңістік
тұжырымдамасы және оны жүзеге асыру туралы Қаулысы[27], 2005-2007 жылдары
Қазақстан Республикасында электрондық үкімет құрудың мемлекеттік
бағдарламасы[28], Қазақстан Республикасының ұлттық ақпараттық
инфрақұрылымын құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы[29], Қазақстан
Республикасында ақпараттық теңсіздікті төмендетудің 2007-2009 жылдарға
арналған бағдарламасы[30], Қазақстан Республикасының 2003 - 2005 жылдарға
арналған индустриалды-инновациялық даму Стратегиясы[31], Қазақстан
Республикасының ақпараттық кеңістіктегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру
концепциясы[32] және т.б.
Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың 1997-2006
жылдар аралығындағы дамуын толық сипаттайтын БҰҰ Даму бағдарламасының
Қазақстандағы ақпараттық коммуникациялық технологиялардың статусы атты
екі бөлімнен тұратын есебі де жұмысты жазуда құнды мәліметтер берді[33].
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ақпараттық технологиялардың түрлі
аспектлерін зерттеу қазіргі заманғы шетелдік және отандық саяси ғылымның
ерекше көңіл аударатын нысаны болып табылады.
Адамзаттың таусылмас ресурсына айналған ақпараттың рөлі туралы академик
Р.Ф.Абдеев[34] өз еңбектерінде қазіргі қоғамда ақпарат ең елеулі және
маңызды тауарға, ал ақпараттық қызмет экономиканың көсбасшысына айналуда
және ақпараттық өркениетке өткен дамыған мемлекеттердің тәжірибесін ескере
отырып, құқықтық демократиялық мемлекет бес сақина принципі бойынша
құрылуы қажет деп санайды. Яғни, мемлекеттің экономикалық гүлденуі мен
әлеуметтік-мәдени тұрғыдан ілгерілеуі тек бес тәуелсіз биліктің өзара
әрекеттестігі нәтижесінде ғана мүмкін: заң шығарушы, атқарушы, сот билігі,
ақпарат билігі және ақыл-ой билігі, ал соңғы екеуі басқалардан басым тұруы
қажет
Соңғы жылдарғы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын ақпараттық
төңкеріс деп атаған Д.Г.Балуев[35] өз еңбектерінде ақпаратқа анықтама
беріп, ақпараттық төңкеріс нәтижесінде мемлекеттің рөлінің өзгеретіндігін
ескертеді. Оның пікірінше ақпараттық революцияның салдарының бірі –
иерархиялық құрылымдардың рөлінің төмендеуі, сонымен қатар ақпараттық
технологиялардың халықаралық қақтығыстардың жаңа түрлерін тудыруы.
Халықаралық қатынастар жүйесін зерттей келе, профессор М.М.Лебедева[36]
әлемнің жаңа құрылымының қалыптасу үрдісінің негізгі факторларының бірі
жаңа технологиялар деп түсіндіреді, бұл үрдіс мемлекеттік шекаралардың
ашықтығынан, әлімдік саясат акторларының арасындағы өзара әрекеттестіктің
артуынан және бір мезгілде ақпаратты жинау мен өңдеу мүмкіндігі күш пен
биліктің жаңа қайнар көзіне айналуына байланысты әлемнің сандық теңсіздік
түріндегі қайта жіктелуінен, ішкі және сыртқы саясаттың арасындағы
шекараның жойылуынан көрінеді.
Ғалымдар Д.Н.Песковтың[37], О.В.Мозолинаның[38], Е.А.Роговскийдің[39]
еңбектері ғаламдық компьютерлік жүйе Интернеттің қоғамдағы саси үрдістерге
ықпалын зерттеуге арналған. А.В.Чугунов[40] осы тақырыпта жазылған
диссертациясында қазіргі заманғы жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы
аясындағы саяси коммуникацияны талдай келе, 90-шы жылдардан бастап билік
пен басқару құрылымдарының қызметінің негізгі бағыттары туралы мәліметтер
беру жүйесінде ең елеулі орынды Интернет алатындығын көрсетеді.
Ақпараттық технологиялардың дамуы сонымен қатар жаңа қауіп-қатерлерді
туғызады, яғни ақпараттық текетірес, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері,
компьютер саласындағы қылмыстар және т.б. Ақпараттық текетірестер қазіргі
халықаралық қатынастардың аксиомасына айналып, мемлекеттердің өз
мақсаттарына жетудің өте тиімді әрі көп қаржы мен адам ресурстарын қажет
етпейтін құралына айналды. Профессор Д.Ю.Щвец[41] өз еңбектерінде бүгінгі
күні ақпараттық текетірес – бұл мемлекеттер арасындағы қақтығыстың негізгі
түрі екендігін айта келе, ХХI ғасырда өзінің тиімділігіне байланысты
ақпараттық текетірестер халықаралық қатынастарға ықпал етудің негізгі
құралы ретінде пайдаланылады деген қорытынды жасайды.
Саясаттану ғылымдарының докторы И.Н.Панарин[42] дипломатия тарихының
кейбір аспектлеріне тоқталып отырып, ақпараттық текетірес пен дипломатия
арасындағы өзара байланысты көрсетуге тырысады. Халықаралық қатынастардағы
ақпараттың рөліне Ю.Кашлевтың де еңбектері арналған[43].
Ақпараттық қару мен ақпараттық ықпал ету мәселелеріне Г.Почепцовтың[44]
еңбектерінде терең талдау жасалады. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздікке
байланысты А.Зуевтың [45], Е.А.Роговскийдың[46], Г.Л.Смолянның[47],
В.Голубевтың[48], И.Тимофееваның[49], М.Мухановтың[50] мақалаларын атап
өткен жөн.
Шетелдік ғалымдардың ішінен А.Малликтің[51] еңбектерінде ақпараттық
технологиялардың халықаралық қатынастарға ықпалы, онымен байланысты
қауіпсіздік мәселелеріне талдау жасалады. Х.Рейнхолд[52] виртуалды
қауымдастыққа, оның ерекшеліктеріне және саясаттағы рөліне баға береді.
Ақпараттандыру мен ақпараттық қоғам мәселелерін зерттеуге қазақстандық
ғалымдар да зор үлес қосты. Саясаттану ғылымдарының докторы
С.Х.Барлыбаеваның[53] Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ақпараттық қоғамның даму
тарихы мәселелеріне арналған докторлық диссертациясы қорғалды және бірнеше
монографиялар мен ғылыми мақалалары жарық көрді. Сонымен қатар, оның
Әлемдегі және Қазақстандағы ақпараттық қоғамның дамуы атты кітабында
ақпараттық қоғамға талдау жасалып, мемлекеттің халықаралық аренада алатын
орны оның ақпараттық-технологиялық даму деңгейіне байланысты анықталады деп
көрсетілген[54].
Саясаттану ғылымдарының докторы Г.Ж.Ибраеваның[55]. бұқаралық
ақпараттың қоғамның саяси өміріндегі орны мен қызметіне арналған еңбектерін
ерекше атап өткен жөн. Оның қазақстандық ақпараттық жүйенің қалыптасуы мен
оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі бірнеше мақалалары баспасөзде
жарияланды. Cаяси құрылымындағы бұқаралық ақпарат құралдарына арналған
кітабында Қазақстанда бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту, коммуникация
құралдарын жетілдіру мәселелеріне көп көңіл бөлінеді
Қазақстанның ақпараттық саясатына байланысты Е.К.Алияровтың[56]
еңбектері де ерекше назар аударады. Ғалымның жұмысты жазу барысында дерек
көзі болған диссертациялық зерттеуінде Қазақстанның ақпараттық саясатының
қалыптасуына талдау жасалып, электрондық үкімет сияқты жаңа
технологияларды енгізу мен ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне баға
берілген.
Сонымен қатар, ақпараттық технологиялардың әр түрлі аспектлері
Р.Балгиннің[57], Т.А.Дмитриенконың[58], Б.Есенжолованың[59], т.б.
мақалаларында қарастырылған.
Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісі аясындағы ақпараттандыру мәселесінің
өзектілігіне қарамастан, отандық ғылымда ақпараттық технологиялардың саяси
үрдістердегі алатын орны мен ықпалын жүйелі түрде қарастыратын әдебиеттер
өте аз.
Жұмыс барысында дәстүрлі ақпарат көздерімен қатар Интернет
материалдары, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ресми Web-
сайттары, ресейлік және қазақстандық ақпараттық қоғам желілері
пайдаланылды.
Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі ретінде салыстырмалы
әдіспен үйлестірілген жүйелік тәсіл, сонымен қатар статистикалық
мәліметтерді сараптау және ғаламдық ақпараттық технологиялардың дамуына
қатысты халықаралық қауымдастықтың, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің
және Қазақстанның саясатын сипаттайтын ресми құжаттарды талдау әдісі
алынды. Зерттеудің теориялық негізінің елеулі компонентін отандық және
шетелдік белгілі саясаттанушылардың, халықаралық қатынастар бойынша
мамандардың қазіргі заманғы саясаттану ғылымының өзекті мәселелері, сонымен
қатар әлемдік дамудың жаһандану дәуірінде туындайтын жаңа міндеттері
мазмұндалатын еңбектері құрайды.
Жұмыстың құрылымы оның мазмұнына, зерттеу аспектісіне, мақсаты мен
міндеттеріне негізделген. Ол кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНДЕГІ АҚПАРАТТЫҚ
ТЕХНОЛОГИЯЛАР

1. Ақпараттық технологиялардың дамуы

Соңғы он жылдықтардағы ғылыми-технологиялық жетістіктер экономикалық
даму динамикасын, халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін, мемлекеттердің
әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін, ұлттық қауіпсіздігін және
әлемдік экономикаға тең дәрежеде интеграциялану дәрежесін өзгертуде.
Дамыған мемлекеттер экономикалық дамудың жаңа сатысына өтіп, ғылыми
білім мен тиімді ұлттық инновациялық жүйеге негізделген экономиканы құруға
кірісті. Бүгінгі күні ЖІӨ өсуі көп жағдайда ғылыми білімге, технология,
қызмет, өндірістік және технологиялық құрал-жабдықтар мен жүйелерге,
олардың жоғары біліктілігіне байланысты екендігі анық көрінуде. Білімге
негізделген экономика әлдеқашан әлемде өндірістің негізгі факторына
айналды. Алдыңғы қатарлы мемлекеттерде энерготасымалдаушылар емес,
керісінше ғылыми шешімі бар жаңа немесе жетілдірілген технологиялар,
өнімдер, құрал-жабдықтар ЖІӨ 70-тен 85%-ға дейін өсімін береді.
Ғылыми және ғылыми-технологиялық өнімдердің әлемдік нарығы – қатаң
бәсекелестіктің нарығы болып табылады, ал ғылыми-технологиялық сала мен
іргелі білім дамыған мемлекеттердің геосаяси мүдделерін жүзеге асыруының
маңызды факторына айналды. Бүгінгі күні мемлекеттің халықаралық аренадағы
статусы оның ғылыми-технологиялық және интеллектуалдық күш-қуатымен,
ғаламдық ақпараттық қауымдастыққа интеграцялану деңгейімен анықталады.
Жалпы әлемдік ақпараттық кеңістіктің қалыптасу механизмін іске қосқан
ғылыми-техникалық ілгерілеудің басым бағыттарындағы жетістіктер, сонымен
қатар әлемдік экономикалық байланыстардың тереңдеуі және
диверсификациялануы мемлекеттердің өзара тәуелділігіне ғаламдық сипат бере
отырып, одан да тұрақты әлемдік тәртіп орнатуға алғышарттар жасайды.
Жалпыға ортақ тұрақтылық пен бейбітшілікті нығайтуға, оған төнетін
қауіптермен күресуге, соның ішінде жаңа қауіп-қатерлерге қарсы тұратын
ғаламдық жүйені құруды қолдауға бағытталған халықаралық ғылыми
ынтымақтастықтың рөлі өсті.
Қазіргі жағдайдағы ғылым, жоғарғы технология, ақпараттық-
телекоммуникация салалары халықаралық саясаттың дербес құрамдас бөлігіне,
оның басым бағытына айналуда.
XX ғасырдың соңы жаңа ақпараттық-коммуникациялық технологияларының
белгісі аясында өтті. Бұл орайда Қ.К.Тоқаевтың Ғаламдану жағдайындағы
Қазақстанның сыртқы саясаты кітабында ғаламдану үрдісінің сәтті дамуы
ақпараттық ағымның, капитал, тауар мен адамдардың еркін қозғалуымен
сипатталатын қазіргі заман техникасы мен байланыс құралдарының
жетістіктерінің арқасында мүмкін болғандығы айрықша айтылған[60].
Мыңдаған жылдар бойы билік пен әлеуметтік басқару технологиясы
өзгеріске ұшырап отырды. Қазіргі заманғы бұқаралық байланыс құралдары жаңа
мүмкіндіктер туғыза отырып, ақпаратты саяси мақсатта пайдаланудың
тиімділігін бірнеше есе күшейтті, XX ғ. саяси қатынастар мен әлеуметтік
басқару әдістерінде нағыз революцияға алып келді. Әлемдік саясатта
ақпараттық фактордың рөлі өсуде. Жаппай компьютерлендіру, жаңа ақпараттық
технологиялардың енгізілуі мен дамытылуы білім беру, бизнес, өнеркәсіптік
өндіріс, ғылыми зерттеулер саласында және әлеуметтік өмірде айтарлықтай
жетістікке әкелді.
Ақпарат өркениеттің жаңа даму дәуіріне, яғни сол ақпараттық ресурсты
қарқынды игеру дәуіріне енген адамзаттың ғаламдық таусылмас құралына
айналды. Бүгінгі күні ақпараттың басым бөлігі электрондық сенсорлармен
жиналған мәліметтердің өнімі болып табылады. Электрондық байланыс
құралдары уақытылы ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін аймақты кеңейтті,
мәліметтерді өңдеуді қамтамасыз ететін бағдарламалар қарқынды дамыды.
Мәліметтерді жинау, өңдеудегі сапалық өзгерістер мен ол ақпаратты тарату
ақпараттық революцияның негізін құрайды. Кеңінен қолданылып келе жатқан
жаңа ақпараттық технологиялар өмірдің барлық салаларына қандай
өзгерістерге алып келетіндігін түсіну үшін мынадай сандарды мысалға
келтіру жеткілікті. Күн сайын әлемде компьютер мен телекоммуникацялық
желілер арқылы шамамен триллион доллар айналымда жүреді. Микроэлектроника
саласындағы революцияның нәтижесінде бірнеше жылдар ішінде еңбек
өнімділігі миллион есеге көбейді.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Ю.Б.Кашлев қоғамның жаңа
ақпараттық технологиялармен толығу үрдісінің негізі ең алдымен әлемдегі
білімнің тез дамуында жатыр деп есептейді. Адамзаттың білім деңгейі XX ғ.
70-ші жылдары 10 жылда бір рет, 80-ші жылдары 5 жылда бір рет екі
еселенсе, 90-шы жылдардың аяғына қарай жыл сайын екі еселеніп отырған[61].
Ақпарат өркениет тарихында әрқашан маңызды рөл атқарды. Адамзат өз
дамуында бірнеше ақпараттық революциядан өтті:
- біріншісі жазудың пайда болуымен байланысты;
- екіншісі – кітап бастырушылық. XV ғ. И.Гутенбергтің баспа
станогын ойлап табуы басылымдардың көбеюіне алып келді. XVI ғ.
аяғында алғашқы газеттер пайда болды.
- үшіншісі электр қуатын ойлап табуға байланысты, соның
арқасында телеграф, телефон, радио пайда болды. 1847 жылы
телеграф дүниеге келді. Ақпарат алмасу әдісін өзгерткен
технологиялық жаңалық – телефон. 1870 жылы 10 наурызда
А.Беллдың патенттелген аппараты алғашқы дара ақпараттық-
коммуникациялық технология болып табылады. 1895ж. А.Поповтың
радионы ойлап табуы үлкен қашықтықта адамдардың санасына жаппай
ақпараттық әсер етудің бастамасы болды.
- төртіншісі есептеуіш техниканы ойлап табу мен жеке
компьютердің пайда болуы, байланыс және телекоммуникация
жүйелерінің жасалуымен байланысты. Ақпаратты электронды түрде
жинау және жеткізу мүмкін болды, ақпаратты жасау және өңдеу
жылдамдады, компьютер жадында шексіз көлемдегі ақпараттар
сақталып отырды.
Қазіргі кезде адамзат трансшекаралық, ғаламдық ақпараттық желілердің
қалыптасуы және дамуымен байланысты бесінші ақпараттық революцияны бастан
кешіруде. Бұл революцияның ең көрнекті жемісі – Интернет. Осы кезеңде
бағдарламалық-техникалық құралдар, байланыс және телекоммуникациялық
жабдықтар, мәліметтер базасы ортақ ақпараттық кеңістікке интеграцияланады,
онда әлемнің барлық мемлекеттерінің азаматтары мен ұйымдары өзара белсенді
қарым-қатынас жасайды. Адамзат дамуының осы сатысында ақпараттық қоғам
құру басталады.
Ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялар және олардың негізінде
жүретін ғаламдық ақпараттандыру үрдісі қазіргі әлемді түбегейлі өзгертеді,
адамзат қоғамының дамуының постиндустриалды сатысынан ақпараттық даму
сатысына өтуіне бастама болады. Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялардың техникалық ерекшеліктері мен тұтынушылық мүмкіндіктері
саяси деңгейде халықаралық өмірде қалыптасқан стереотиптерді қайта
бағалауға мүмкіндік береді, мемлекеттерді ұлттық басымдылықтарды және
сыртқы саяси бағдарларды, өзара әрекеттестіктің түрлері мен бағыттарын
таңдауға жаңаша қарауға мәжбүрлейді.
АКТ-ның ең елеулі және өзіндік қасиеті – оның трансшекаралылығы,
мемлекетаралық тосқауылдардан өтуі және нәтижесінде ғаламдық деңгейдегі
әсер етуі. Осыған байланысты Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың
тағы бір ерекшелігі оны жаппай пайдалану мүмкіндігі. Бұл құқықтық
шектеулерге қарамастан ғаламның кез келген географиялық аймағына еркін
кіруге мүмкіндік береді.
Халықаралық саяси өмірдің өзгерісіне алып келетін АКТ-ның келесі
техникалық сипаттамасы – оның шапшаңдығы, шағындығы және әмбебаптылығы.
Бұл бір жағынан оның пайдалану аумағын кеңейтсе, екінші жағынан оны табуды
қиындатады.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың маңызды ерекшелігі –
бейбіт және әскери мақсатта кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін қосалқы
немесе тек азаматтық саладағы технологиялары. Сондықтан оларды енгізу
мемлекеттің күш-қуатының күшеюіне, сонымен қатар оның ақпараттық-
электрондық ықпалдан қорғануға әлсіз болуына алып келеді.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың тұтынушыға (экономикалық
және технологиялық) ашық болуы, олардың қажеттілігі, кең таралуы өте
маңызы. Мұның барлығы АКТ пайдаланудың бұқарашылдығына алып келеді, ал ол
өз кезегінде әлеуметтік және саяси үрдістердің қалыптасуына, осы салаларда
шешім қабылдауға ықпалын тигізеді.
Ақпараттық революция нәтижесінде халықаралық қатынастар тез өзгеріске
ұшырады. Мамандар бұл өзгерістерді мынадай бағыттарға бөледі. Ең алдымен
ұлттық егемендікті қамтамасыз етудің дәстүрлі тұжырымдамасын қайта
қарастыруды қажет етеді. Біріншіден, бұл дамушы әлемде жеке және заңды
тұлғалар, сонымен қатар мемлекеттік құрылымдар арасындағы АКТ негізіндегі
ақпараттық қызмет көрсетудің жаңа түрлері өз үкіметіне толықтай
бағынбауымен байланысты. Екіншіден, мемлекеттер арасындағы ақпараттық
қатынастар тәжірибесі оны халықаралық құқықтық реттеуден әлдеқайда артта
қалып келеді.
Ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі де жаңа
мәнге ие болуда. Мемлекеттердің ақпараттық ресурстары сонымен қатар
қастандық жасау обьектісіне, ақпараттық теке-тірестердегі қуатты күшке
айналуда. АКТ арқылы дамыған мемлекеттердің әскери қуатының өсуі ғаламдық
және аймақтық күш тепе-теңдігінің өзгерісіне, дәстүрлі және жаңа
қалыптасып келе жатқан күш орталықтары арасындағы шиеленіске, тіресудің
жаңа өрісіне алып келеді. Қазіргі халықаралық қатынастар тәжірибесі
көрсеткендей, ақпараттық құралдарды пайдалану қазіргі кездегі қарулы
қақтығыстарда күрес тәсілдерінің біріне айналды.
Әлемдік қауымдастықтың жұмылуын қажет ететін жаңа трансұлттық қауіп –
бұл халықаралық ақпараттық және киберқылмыс. Ақпараттық және бағдарламалық
өнімдер, телекоммуникациялық қызмет негізгі тауарға, әлемдік экономикалық
дамудың үдеткішіне айналып отыр. Сонымен қатар, байланыс пен ақпарат
адамдарды сырттай басқару құралы болып отыр.
Адам құқықтары мәселесінде байланыс, қатынас, ақпаратқа қол жеткізу
еркіндігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, адамдарды жеке өміріне қол
сұғушылықтан, бейақпараттан, жүйке жүйесіне зақым келтіруден қорғау қажет.
Ақыл-ойдың сыртқа кету мәселесі де асқынып, жаппай етек алуда.
Ақпараттандыру үрдісі нәтижесінде байқалған техникалық және
ұйымдастырушылық мүмкіндіктер ұлттың ақыл-ой байлығын айламен және
формалды түрде заңды жолмен иемденіп алуға мүмкіндік береді. Бұл ретте
қазіргі халықаралық қатынастардың өзекті қажеттіліктерінің бірі ретінде
парасат меншігі, мәдени құндылық, ұлттық игілік түсініктерін қайта
қарастыру және оларды қорғау мәселелері туындайды.
Ақпараттандыру халықаралық қатынастар жүйесінде ақпараттық-
коммуникациялық мүдделер төңірегінде топтасқан халықаралық альянстардың
құрылуына алып келді. Белгілі бір ақпараттық технологияларға баршаның қол
жеткізуін қамтамасыз ету мен әлемде ортақ ақпараттық-коммуникациялық
саясатты жүргізуді мақсат етіп қойған мұндай бірлестіктер сонымен қатар
жаңа типтегі картельдер мен бүркемелі саяси одақтардың ролін атқарады.
Мұндай альянстар жеке ұлттық ақпараттық-коммуникациялық жүйелер негізінде,
мысалы, навигация саласындағы американдық GPS, ресейлік ГЛОНАСС,
жоспарланып отырған европалық Галилео, немесе аймақтық халықаралық
телекоммуникациялық ұйымдар негізінде құрылады.
АТ дамуы қоғамның саяси өмірінде елеулі өзгерістерге алып келеді,
азаматтардың сан алуан ақпаратқа қол жеткізуіне, билік пен азаматтық
құрылымдар арасында диалог жүргізуге мүмкіндік береді.
Ақпараттық саланың дамуы арқылы әлемдік экономиканың құрылымы
өзгереді, нарықтың ауқымы, даму динамикасы, оның бәсекелестігі артады,
бизнестің жаңа түрлері пайда болады. Әсіресе, электронды сауда дамуда.
ЮНКТАД мәліметтері бойынша 2000ж. Интернет арқылы сауда жасау 354,9 млрд.
долл. жетсе, 2001ж. 615,3 млрд. долл. құраған[62]. Мұндай электрондық
бизнестің трансшекаралық сипатына орай жаңа проблемалар туындауда. Мысалы,
трансакцияларға салық салу.
Интернет ғаламдық ақпараттық қоғамның қалыптасуына түрткі болды. АКТ-
ның дамуы жеке мемлекеттердің экономикалық өсуіне, олардың әлемдік
интеграциялық үрдістерге, қалыптасып келе жатқан ортақ ақпараттық
кеңістікке қосылуына жағдай жасайды. Бұл ретте әр мемлекет үшін ұлттық
ақпараттық инфрақұрылымды дамыту мен ҒАҚ құруға қатысудың маңызы зор.
Бірақ әлемдік қауымдастықтың алдында тұрған тағы бір мәселе сандық
теңсіздік, яғни қоғам мен мемлекеттердің АКТ арқылы әр-түрлі ақпарат пен
қызметті иеленушілерге және ондай мүмкіндіктері жоқтарға бөлінуі.
Ақпаратқа қол жеткізудегі теңсіздік дамыған және дамушы мемлекеттер
арасында, сонымен қатар бір мемлекеттің өз ішіндегі әр түрлі әлеуметтік
топтар арасындағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени теңсіздіктің басқа
түрлеріне алып келеді.
Болашақ әлемдік ақпараттық-коммуникациялық жүйенің негізі ретіндегі
ұлттық ақпараттық қоғам құрудың алғашқы қадамын 1993ж. америкалықтар
жасады. 1994ж. Халықаралық электробайланыс одағының Буэнос-Айрестегі
Өкілетті конференциясында АҚШ вице-президенті А.Гор алғаш рет халықаралық
деңгейде ғаламдақ ақпараттық инфрақұрылым (ҒАИ) құру идеясын ұсынды.
1995ж. ақпанында Үлкен жетілік мемлекеттері Брюссельде ҒАҚ құру
мәселесі бойынша министрлер деңгейінде конференция өткізді. 1996ж.
Мидрандада (ОАР) Ақпараттық қоғам және даму атты үкіметаралық
конференциясы өтті. Оған жетілік мемлекеттерімен қоса, Ресей, Австралия,
Израиль және 30 дамушы елдер, оның ішінде Қытай, Үндістан мемлекеттері де
қатысқан болатын.
Үлкен сегіздік басшылары 2000ж. Окинавада Жаһандық ақпараттық қоғам
хартиясын қабылдады. Онда әлемдегі барлық адамдардың ақпараттық
технологияларға тең дәрежеде қол жеткізуі және сандық теңсіздікті (ағыл.
digital divide) қысқарту ҒАҚ басты принципі деп анықталған[63]. Ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар Хартияда көрсетілген бірін-бірі толықтыратын
саяси, экономикалық және әлеуметтік мақсаттарға жетудің құралы ретінде
қарастырылады. Сонымен қатар, Хартияда мынадай жаңа идеялар ұсынылды:
адамдарға инвестиция жұмсау; ашық және жауапты басқару; сан-алуан
мәдениетті дамыту; мемлекеттік және жеке сектор арасындағы тиімді
серіктестік; дамыған және дамушы мемлекеттер, азаматтық қоғам мен
халықаралық ұйымдар арасындағы ынтымақтастық, т.б. Хартия іс жүзінде ҒАҚ
құрудың бастапқы бағдарламалық құжатына айналды.
Мидранда конференциясынан кейін БҰҰ және ХЭО бірігіп, Ақпараттық қоғам
мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі бүкіләлемдік кездесу (АҚЖДК)
ұйымдастыруды ұсынды. Бұл идея ХЭО Өкілетті конференциясында (Миннеаполис,
АҚШ, 1998ж.) қолдау тапты. 2001ж. ХЭО Кеңесі АҚЖДК алғашқы кезеңін 2003ж.
10-12 желтоқсанында Женевада, екіншісін 2005ж. Тунисте өткізу туралы шешім
қабылдады.
2001ж. желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы АҚЖДК шақыру туралы №56183
қарарын мақұлдады[64]. Кездесуді БҰҰ Бас Хатшылығының басшылығымен өткізу
көзделді, ал ХЭО-на оны дайындау тапсырылды. Кездесудің күн тәртібін
анықтау, оның қорытынды құжаттарының жобасын және процедуралық ережелерді
дайындау міндеті үкіметаралық Дайындық Комитетіне жүктелді. Саммитті
дайындау барысында БҰҰ тиісті комиссияларының бастамасымен өткізілген
аймақтық конференциялардың маңызы зор болды. Бұл конференциялар
аймақтардағы мемлекеттердің өз мүдделерін, қажеттіліктерін және
басымдылықтарын ескеретін ғаламдық ақпараттық қоғам құрудағы ұстанымдарын
анықтауы қажет еді. Салалық министрліктер деңгейінде өткен Бүкілевропалық
(Бухарест, 2002ж. 7-9 қарашасы) және Азиялық-Тынық мұхиттық (Токио, 2003ж.
13-15 қаңтары) аймақтық конференцияларға 47 мемлекеттің делегациялары,
сонымен қатар, халықаралық ұйымдардың, жекеменшік сектордың және азаматтық
қоғамның өкілдері қатысты. Бухарест пен Токиода қабылданған қорытынды
құжаттар Окинава хартиясының идеяларына негізделген. Бухарест декларациясы
ақпараттық қоғам құрудағы негізгі принциптер мен стратегияларды және
басымдылықтарды белгіледі[65], яғни электрондық мемлекеттік басқару,
электрондық коммерция, электрондық қоғам және электрондық білім алу. Токио
декларациясында ҒАҚ әлеуметтік аспектсіне, сандық теңсіздікті жою, дамушы
мемлекеттерге көмек көрсету мәселесіне ерекше көңіл бөлінген[66].
ТМД мемлекеттері бұл кездесудегі ортақ ұстанымдарын Бішкек-Мәскеу
(бірінші кезең - 2002ж. 9-11 қыркүйек, Бішкек, екінші кезең – 2002ж. 23-
24 қазан, Мәскеу) ішкіаймақтық конференциясында жасап шығарды.
Конференцияға Достастық мемлекеттерінің үкімет өкілдері, іскер топтар мен
ғалымдар, сонымен қатар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Олар ҒАҚ
негізінде адам, оның жеке мүдделері туралы, ақпараттық қоғамның мәдени
және лингвистикалық ерекшелігінің сақталуы, ішкіаймақтық географиялық
орналасу ерекшеліктерін ескеру, АКТ саласында ғылыми зерттеулерді
жалғастыру мен білікті мамандарды дайындау, инвестиция тарту шараларын
бірауыздан қолдады. Конференцияның қорытынды қарарының халықаралық
қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелеріне арналған бөлімдерінде ТМД
мемлекеттерімен қоса, ХЭО мүше елдерінің қатысуымен 2002ж. Марракеште
(Морокко) өткен Одақтың Өкілетті конференциясында мақұлданған тәсілдер
көрсетілген[67]. Екінші Бішкек-Мәскеу конференциясында қабылданған Бішкек
резолюциясында аймақта білімге негізделген экономиканы құру, жаңа жұмыс
орындарын ашу, ақпараттық қоғам ұсынған қызметтерге барлық азаматтардың
қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсаттары қойылды[68].
2003ж. 10-12 желтоқсанында Женевада өткен АҚЖДК ақпараттық қоғам
қалыптасуының әлемдік үрдісінің басымдылықтары мен принциптерін анықтады.
Кездесу барысында АҚЖДК Ақпараттық қоғам қалыптастыру - жаһанның жаңа
мыңжылдықтағы мақсаты атты Принциптер декларациясы қабылданды[69]. Онда
жаңа қалыптасып келе жатқан ақпараттық қоғамның алғышарты жасалды. Сонымен
қатар Женевада қолдау тапқан келесі құжат - Іс-әрекеттер жоспары баршаның
алдына ашық және әділетті ақпараттық қоғам концепциясын жүзеге асыруға
септігін тигізетін әрі мерзімі шектелген мақсаттар қойды[70]. Атап
айтқанда, 2015 жылға қарай барлық мемлекеттерді тегіс қамти алатын,
перспективалы және тұрақты ұлттық электронды стратегия дайындау қажет. Бұл
ретте жетекші рөл мемлекеттік басқару органдарына берілді. Жекеше сектор
мен азаматтық қоғам мемлекеттік басқару органдарымен бірлесе отырып,
ұлттық электрондық стратегияны жасауда маңызды кеңесші рөл атқаруы қажет
деп көрсетілді. Сонымен қатар, азаматтық қоғам АҚЖДК жұмысына өз үлесін
қосқан Азаматтық қоғам декларациясын қабылдады[71]. Декларацияда
ақпараттық қоғам құруда адам құқықтары мен еркіндіктеріне басты назар
аудару қажет екендігі айтылған.
Бүкіләлемдік Кездесудің құжаттарында ақпараттық қоғам қалыптастырудың
негізгі принциптерінің бірі ретінде ақпараттық және коммуникациялық
технологияларды пайдаланудағы сенім мен қауіпсіздікті нығайту ерекше
айтылды.
АҚЖДК Тунистегі кездесуі Интернетті басқару, қаржылық стратегия және
Женевада қабылданған Іс-әрекеттер жоспарын жүзеге асыру мәселелерін
қарастырды. Мұнда 2015ж. дейін әр мемлекет электрондық дамудың ұлттық
стратегиясын жасауға міндеттеме алды. Тунис кездесуі нәтижесінде екі
негізгі құжат қабылданды: Тунис міндеттемесінде[72] АКТ-ның әлемдегі
сандық теңсіздікті жоюдағы мәні, жаһандық ақпараттық қоғам құру
мақсатында тиімді ынтымақтастықтың қажеттілігі атап көрсетілді; Ақпараттық
қоғамға арналған Тунис бағдарламасында[73] саммиттің өзекті мәселелері
бойнша ережелер мен оларды орындаудың келесі іс-шаралары айқындалды.
Сонымен қатар, БҰҰ БА-на бұрын Бүкіләлемдік телекоммуникация күні
болып аталып жүрген 17 мамырды Бүкіләлемдік ақпараттық қоғам күні деп
жариялау ұсынылды.
Әлбетте әр ел ақпараттық қоғамды дамытуда өз жолын таңдайды, болашақ
қоғамды өзінше түсінеді. Алайда, елеулі айырмашылықтарына қарамастан,
кейбір елдерде жаңа саясатты іс жүзінде асырудың стратегиясы ұқсас. Бұл
ретте бұрын шешуші болған факторлар – территориясының көлемі, халық саны,
ЖІӨ көлемі, банк жүйесінің даму деңгейі, ұлттың тарихы мен саяси мүддесі
екінші шепке сырғытылды. Алғы шепке енді, саясаттанушы Е.Л.Вартанова атап
көрсеткендей, ақпараттық қоғамға көшу саясатының мынадай факторлары
қойылды[74]:
- трансұлттық корпарациялардың қызметі;
- мемлекеттің жетекші рөлі мен саяси еркі;
- ұлттық бизнестің ақпараттық, телекоммуникациялық өнеркәсіптегі
астамшылығы;
- ұлттық интелектуалдық күш-қуаты;
- медиа-инфрақұрылымының даму деңгейі;
- саяси және экономикалық элитаның әлеуметтік мақсаттарға
бағытталған ынтымақтастығы.
Қазіргі кезде жаңа АКТ қоғам өміріне енгізудің көшбасшылары да
анықталды. Олардың қатарына АҚШ, Финляндия, Ұлыбритания, Германия, Франция
және азиялық жолбарыстар - Сингапур, Оңтүстік Корея, Тайвань, Малайзия,
сондай-ақ Скандинавия елдері мен Австралия кіреді. Әлемдік ақпараттық
жетістіктер жөнінен (әр 1000 адамның АКТ-ға қол жетуі) АҚШ көшбасшы болып
отыр. Онан кейінгі орындарда Солтүстік Европа елдері – Финляндия,
Норвегия, Дания, Швеция келеді. Бұл елдер ескі БАҚ бойынша алдыңғы
орында жүрген Германияны 13-ші, Ұлыбританияны 14-ші, Жапонияны 16-шы,
Францияны 20-шы, Италияны 23-ші орынға ығыстырып шығарды.
АКТ енгізу мен пайдалануда Үндістан, Қытай, Малайзия, Бразилия,
Испания, яғни бұрын экономикалық жағынан дамыған мемлекеттердің қатарына
жатпаған елдер бай тәжірибе жинақтады. Ғалым Е.Л.Вартанова атап өткендей,
халықаралық ынтымақтастықтағы елеулі прогреске қарамастан, ақпраттық
қоғам бүгінде интернационалдық емес, ұлттық жобаға айналды[75]. Және де
жаңа ақпарат тек технологиялық емес ұлттық меншікке көше бастады. Әр
мемлекет бұл мәселені шешуде жеке-дара әдіс қолданып отырғанын нақты
тәжірибе көрсетті.
Мамандардың пікірінше мемлекеттің ақпараттық қоғам құруға дайындығы
оның ақпараттық тәуелдігінің деңгейімен және халықтың ақпаратты қабылдау,
жасау, беру, яғни ақпаратты басқару мүмкіншіліктерімен анықталады. Әлемдік
тәжірибе көрсеткендей, ақпараттық қоғам құруға дайын екендерін мәлімдейтін
мемлекеттер жаңа технологияларды шығарудың қуатты өнеркәсібіне ие болып
отыр.

1.2 Әлемдік саясат шеңберіндегі Интернет кеңістігі

Ғаламдық ақпараттық жүйе Интернет 1969ж. ARPANET ретінде пайда болды.
Ядролық соғыс болған жағдайда стратегиялық басқаруды қамтамасыз ету
мақсатында 60-шы жылдары АҚШ-та Болашақты жобалар агенттігі (Advanced
Research Project Agency – ARPA, кейіннен DARPA) құрылады. Агенттіктің ең
алғашқы жобаларының бірі компьютерлерді пайдалану арқылы командалық
орталықтарды басқарудың жаңа тұрақты архитектурасын жасап шығару болды.
1962ж. тамызда Массачусец технологиялық институтының ғалымы Дж.Ликлайдер
Галактикалық жүйе (Galactic network) концепциясын ұсынды, ал қазан
айында компьютерлік зерттеу тобы ДАРПАны басқарды. 1968ж. АҚШ ARPANET
деген атқа ие болған алғашқы компьютерлік жүйе құруға мүмкіндік алады.
1968ж. Интернеттің қазіргі жағдайына және жалпы қоғамға әсер еткен
оқиғаларға толы болды. Ол оқиғалар адам өмірінің әлеуметтік, технологиялық
және ғылым салаларын қамтыды. 1969ж. АҚШ-та ARPANET әскери жүйесі пайда
болады. Келесі оқиға Токиолық технологиялық институттың профессоры
Ю.Хаяшидың ғылымға ақпараттық қоғам түсінігін енгізуі болды. 1969ж.
Жапонияның Экономикалық жоспарлау агенттігі Жапондық ақпараттық қоғам:
тақырыптар және тәсілдер атты баяндамасын ұсынады. Бұл оқиғалар қазіргі
әлемде, соның ішінде әлемдік саясат пен халықаралық қатынастардағы
постмодернизмнің орнауына алып келетін тенденцияларды туғызады.
ARPANET жүйесі жылдам дамыды, 1972ж. ол арқылы алғашқы электронды
хат жіберілді, 1980-ші жылдары ARPANET технологиясы әскери саладан
азаматтық салаға өтті. АҚШ-тағы жеке компьютерлердің тез таралу уақытымен
тұспа-тұс келген бұл оқиға бүкіләлемге таралған алғашқы жүйе – Usenet
пайда болуына алып келді. Жүйе кең таралып, 1990 жылға қарай КСРО-ға
жетеді. Европада да мұндай компьютерлік жүйелердің жобалары болды. Бірақ
олар Usenet, FIDOnet, одан кейінгі Интернет сияқты кең қолданысқа ие
бола алмады. Кеңес Одағында да Интернет-технологияларды дамытуға талпыныс
жасалды. 1980-ші жылдардың аяғына қарай Экономикалық өзара көмек кеңесі
мемлекеттері үшін мұндай жүйе құру жұмыстары жүргізілді, алайда кеңестік
әкімшілік жүйедегі компьютерлік технологияларды қолдану шеңберінің тарлығы
КСРО ыдырағаннан кейін бұл жобаның назарсыз қалуына алып келді. 1990ж.
Демос кооперативінің жоғарғы деңгейлі домені SU тіркелді. 1991ж. тамыз
оқиғалары кезінде Демос каналдары арқылы АҚШ пен Европаға ресейлік
парламенттегі оқиғаларға байланысты мәліметтер беріліп отырды. Осылайша
Интернет алғаш рет әлемдік саясаттың факторына айналды.
1990-шы жылдардың басында www (world wide web) технологиясы және
алғашқы Mosaic графикалық браузер пайда болуымен Интернет толығымен
бүгінгі қалпына енді.
Қазіргі кезде Интернет біркелкі дамымаған, онда қандай да бір
басқарушы немесе бақылаушы орган жоқ, кез-келген хабарламаның жолы
кездейсоқ анықталады. Интернетте орналастырылған ақпаратқа автор да,
провайдер де жауап бермейді, сол сияқты жүйелік ақпараттық ресурстарға
заңсыз кіргені үшін де ешкім жауапқа тартылмайды. Өз ақпаратын қорғау
мәселесі әр пайдаланушының өз құзыретінде.
Ғаламдық компьютерлік жүйенің ерекшеліктеріне байланысты Интернетті
реттеудің құқықтық нормаларын жасап шығару халықаралық ақпараттық
қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда негізгі мақсат болып
табылады. Бұл мақсатқа жету бір мемлекеттің қолынан келмейді. Бұл мәселе,
бірнеше халықаралық ұйымдарда, мысалы, Европалық комиссия, ЮНЕСКО,
Халықаралық электробайланыс одағы, Африка бірлестік одағы, Аймақтық араб
ақпараттық технологиялар жүйесі, Азиялық-Тынық мұхиттық экономикалық кеңес
және т.б. ұйымдарда қаралып жатқанымен, әлі де шешімін таба алмай отыр.
Интернеттің әлемдік қауымдастыққа және қазіргі кездегі халықаралық
қатынастарға ықпалын сараптай отырып, әлеуметтік тұрғыдан алғанда
Интернет термині нені тұспалдайтынын анықтап алу қажет.
Интернет – бұл әлеуметтік, қоғамдық үрдістерге әсер ететін және оларға
белсенді қатысатын, сонымен қатар коммуникативті нормалар мен әлеуметтік
қатынастарды құрайтын жаңа коммуникация құралы. Интернет жұмысының
салдарының бірі виртуалды қауымдастықтың пайда болуы. Ол қауымдастықтың
мүшелері ерекше жаргон, коммуникациялық нормалар, ортақ құндылықтар мен
идеалдарға негізделген ұжымдық сәйкестікті сезінеді, олардың Интернетті
пайдалануға қатысты өз мүдделері бар және сол мүдделерін қорғауға дайын.
Интернет зерттеушісі Д.Десембер бұл ғаламдық жүйені техникалық
параметрлері тұрғысынан қарастырады: Интернет – бұл TCPIP протоколдары
арқылы ақпарат алмасатын кооперативті басқарылатын әлемдік компьютерлік
жүйелердің жиынтығы[76].
Австралиялық ғалым В.Труецшлер Интернеттің бірнеше ақпараттық-
коммуникациялық қызметін атап көрсетеді:
- Интернет – бұл таусылмайтын ақпарат көзі;
- Интернет демократияны іске асырудың жаңа тәсіліне айналуда;
- Интернет – бұл қуатты білім беру ресурсы.
Бүкіләлемдік жүйе жаңа ақпараттық-коммуникациялық қатынастар үшін
бірегей құрылым болып келеді. Профессор Е.Л.Вартанованың айтуынша Интернет
тарихы бұл тек технология мен коммуникация тарихы емес, сонымен қатар бұл
көптеген нақты мәселелерді шешу идеясы мен тәжірибесінде өзін-өзі
реттеудің даму тарихы, медиа тарихында басқалардан бұрын өз-өзін басқару
принципін жасай алды[77].
Интернеттің енгізілуімен жаңа ақпараттық орта пайда болды. Ол жаңа
бұқаралық ақпарат пен коммуникация құралына айналды. Интернеттің
ерекшелігі - онда ақпараттық кеңістік біріңғайланған, БАҚ трансшекаралық
сипатқа ие болуда, яғни кез-келген адам бүкіләлемдік жүйеге шексіз қол
жеткізе алады. Интернеттің тағы бір ерекшелігі, егер дәстүрлі бұқаралық
ақпарат құралдары өздері таратқан мәліметтерге жауап беретін болса,
Интернеттегі хабарламалар анонимді түрде таратылады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі халықаралық қатынастардағы ақпараттық қауіпсіздік мәселелері
Үдемелі иновациялық бағдарламадағы жаңа саясат
Үндістан экономикалық модернизациясының теориялық-концептуалды негіздері
Мемлекет саясатындағы ғылыми - техникалық саясаттың ролі
Ақпараттық қоғам және жаһандану
Ақпараттық технологиялар, интернет және саясат
Электрондық үкіметтің әлемдік тәжірибесі және оның Қазақстандағы қалыптасуы (салыстырмалы саяси талдау)
Қазақстан экономикасының басқаруын жетілдіру
Мемлекеттің инновациялық саясаты
«Уркер косметикс» парфюмерия – косметикалық фабрикасы қазіргі уақыттағы Қазақстандық ең негізгі косметика өнімдерін шығаратын кәсіпорнының өндірістік қазіргі ахуалын зерттеу
Пәндер