Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері



Сұраныс және оның факторлары. Сұраныс заңы
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен фоның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады.
Q — қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін көруге болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, Р2 дейін төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с.с.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы төмендеген сайын, сатып алушылар саны көбейе береді, сұраныс жоғарылайды.
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының кері тәуелділігі ұсыныс заңы деп аталады. Суреттегі қисық сызықты сұраныс қисығы дейді.
Сұраныс қисығы — сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Қисық сызық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол заңды былай деп қорытындылауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс болады. Бұл тәуелділікті басқаша да қортындылауға болады, егер нарыққа қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Сұраныс және оның факторлары. Сұраныс заңы
Сұраныс дегеніміз белгі бір бағамен сатып алушылардың төлем қабілетіне
байланысты нарықтағы тауарлар мен қызметтер саны.
Нарықтық баға мен фоның сұранысқа ие санының арасында белгілі бір
арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып алушылардың саны
азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен, керісінше баға төмен болған сайын сатып
алушылар саны мен сатылып алынған тауарлар саны көп болады. (График түрінде
1- сурет).

1-сурет. Сұраныс қисығы.

Q — қисығын экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бұған
бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін
көруге болады. Егер Р1 бағада сұраныс көлемі Q1 болса, Р2 дейін
төмендегенде сұраныс көлемі Q2 дейін өседі және с.с.
Суретте көрсеткендей тауардың бағасы төмендеген сайын, сатып алушылар
саны көбейе береді, сұраныс жоғарылайды.
Баға мен сұраныс көлемінің байланысының кері тәуелділігі ұсыныс заңы
деп аталады. Суреттегі қисық сызықты сұраныс қисығы дейді.
Сұраныс қисығы — сатып алушылардың әртүрлі бағамен қанша тауар мен
басқа да игіліктерді сатып ала алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді.
Қисық сызық сұраныстың біртіндеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді, ал ол
заңды былай деп қорытындылауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы өссе
(ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс
болады. Бұл тәуелділікті басқаша да қортындылауға болады, егер нарыққа
қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның
себептері төмендегіше: олар бәрінен бұрын сатып алушылардың табыстарының
шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай адамдар гана
сатып алса, баганың төмендеуі, біріншіден, нарыққа жаңа сатып алушыларды
әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны қосымша
сатып алуға итермелейді.
Біз осыған дейін сұранысқа тек бағаның тигізетін әсерін айттық. Осыған
байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің маңызы зор.
Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол тауарға
қажеттіліктің көрінісі ретінде өзгермейді. Егер, әрбір бағада (жоғары,
төмен) сатып алушылар осы тауарды көптен сатып алатын болса, сұраныстың
ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде сусындар мен
балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда d1 қисығымен қозғалмаймыз,
өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады d2 (2-сурет).

2-сурет. Сұраныс қызметі.

Сұраныстың бұл қызметін - сұраныс қызметі (функция) деп атайды. Сұраныс
қызметі (функция) - сұранысты оған әсер ететін әртүрлі факторларға
тәуелділігіне байланысты анықтайтын қызметі.
Сұранысқа бағадан да басқа әсер ететін факторлары бар. Олар:
а) тұтынушылар табысының мөлшері мен динамикасының өзгеруі;
б) тұтыншылар талғамының өзгеруі;
в) нарық мөлшері;
г) бағалық және тапшылық күту;
д) алмастыратын және толықтырушы тауарлардың болуы, т.с.с.
Осы факторлардың бәрінің қызметі сұранысқа әсер етіп оны құрайды.
Qd = f(P,І, Z, W, Psub, Pcom, N, B) бұл жерде:
Qd - сұраным;
Р-баға;
І-табыс;
Z -талғам;
W -күту;
Psub - алмастырушы тауар бағасы;
Pcom - аралас тауарлардың бағасы;
N - сатып алушылар саны;
В - басқа да факторлар.
Жоғарыдағы аталған факторлар жеке сұраныс қисығын оңға немесе солға
жылжуын қамтамасыз етеді.
Сұраным икемділігі (эластичность).
Икемділік ұғымы тауарға сұраным оның құнына тәуелділігімен
байланыстылығында, тәуелділікті айқындау үшін коэффициент икемділігін
пайдаланамыз. Коэффициент икемділігі сұранылып отырған тауардың пайыз
мөлшерінің өзгеруі мен баға ауытқуының мөлшерінің қатынасымен анықталады.

бұл жерде: - баға бойынша сұраныс икемділігі;
- сұраныс көлемінің өзгеруі, пайызы;
- баға өзгеруінің пайызы.
Сұраныс қисығының түрі тауар қажеттілігінің сипатына тәуелділігіне
байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты икемділігі төмен
тауарлар болады, оларға сұраныс бірқалыпты және икемділігі жоғары тауарлар
болады. Оларға сұраныс баға өзгергенде тез өзгеріп отырады. Мысалы: баға
1,0%-ға жоғарылағанда, сұраныс 1,0%-дан аса төмендесе, демек сұраныс икемді
(икемділік коэффициенті 1-ден жоғары). Егер бағаның өсуі 1,0%-дан жоғары
болғанда, сұраныстың төмендеуі 1,0%-ға тең болса, онда сұраныс бейтарап. Ал
баға 1,0%-ға ескенде, сұраныс 1,0%-дан төмендесе, онда сұраныс икемсіз
(икемділік койффициснті 0 мен 1 арасында).
Тауарға сұраныс тек өз бағасына ғана тәуелді емес, басқа тауарлардың да
баға деңгейіне тәуелді. Себебі нарыққа ауыстырылатын, толықтыратын тауарлар
да ұсынылады. Осы тауарлардың бағасының әсерін есептеу (ескеру) үшін қиылыс
икемділігінің коэффициенті пайдаланылады.
Қиылыс икемділігінің коэффициенті егер тұтынушылардың табысы мен баға
бұрынғысынша қалғанда, басқа тауарға (екінші) сұраным қанша пайызға
өзгергенін анықтау үшін қолданылады. Яғни тұтынушылар сұранысының
қабылдағыштығына қатысты.
(3-сурет) түрінде мынандай болады:

3-сурет. Сұраныс икемділігінің суреті.

Қиылыс икемділігі екі тауардан көрініс табады. Мысалы: "А" және "Б".
Формула түрінде:
Бұл жерде: - Б тауарының сұранысының келемінің өзгеруі;
- Б тауар сұранысының көлемі;
- А тауарының бағасының өзгеруі;
РА — А тауарының бағасы.

Қиылысқан икемділігінің сұранысы сатып алушылардың бағаның бір тауарға
қатты өзгеруіне байланысты, өз сұранысын екінші бір тауарға ауыстыру
тенденциясын көрсетеді. Егер , онда тауар бірін-бірі өзгертеді, ал
бірін-бірі толықтырады.
Бағаның икемсіздігі бағаның өзгеруіне байланысты сатылатын тауар
көлеміне көп өзгерістер енгізбейді. Икемсіз нарықта баға өзгерісінің
тиімділігі екі жағдайда көрінеді. Біріншіден, бағаның тез түсуінен
(төмендеу) пайданың белгілі бір белігі жоғалады. Екіншіден, баға
жоғарылағанда (өскенде) сатылатын тауар көлемі де пайда да бірден көбейеді.
Икемді нарықтын басты ерекшілігі жоғарғы баға бәсекесінің болуында,
бағадағы аздаған өзгерістер, сатылатын тауар көлеміне едәуір өзгерістер
енгізеді де жалпы пайда көлеміне өзгерістер жасайды. Сондықтан, бағаның
өсуі аз, көбіне қарамай икемді нарықта дұрыс шешім қабылдау үшін:
"сатылатын тауар көлемі - баға", "сатылатын тауар көлемі өзіндік құн",
"нарық сыйымдылығы - бағалардың қатынастарының сандық сипатын анықтауға"
байланысты зерттеулер жүргізу қажет.
Қазіргі экономикалық ілімде табыс бойынша сұраныс икемділіқ сұраныс
көрсеткішінде қолданылып жүр. Оны мына формуламен анықтайды.
Бұл жерде: ∆Q- сұраныс көлемінің өзгеруі;
Q - сұраныс көлемі;
∆l - табыс көлемінің өзгеруі;
l - табыс мөлшері.
Табыс бойынша сұраныс икемділігі сұранысқа ие тауарлар санының
тұтыншылар табысының өзгеру пайызына байланысты өзгеруін өлшеуге
мүмкіншілік туғызады. Сонымен қатар, табыс бойынша икемділік коэффициенті
қандай салалардың тез дамуына мүмкіншілігі бар, қай салалар өндірісін
азайтып, тоқырауды күтеді деген сияқты болжамдар жасауды жеңілдетеді.

Ұсыныс және оның факторлары. Ұсыныс заңы
Ұсыныс дегеніміз - тауар өндірушінің сатуға нарыққа шығарған тауар саны
(көлемі).
Нарықта тауар өндірушілердің жағдайы тұрақты және бірыңғай бола
алмайды. Себебі, оларда ұсынатын тауар массасы, өндіріс және еңбек
шығындары әртүрлі болады. Бірақ бэрі табыстарын көбейтуге тырысады, яғни
жоғарғы бағамен сатуға ұмтылады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты
өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы
тауардың нарығындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика
түрінде 4-суретте бейнеленген (жеткізілген тауарлар саны Q; бағаның
қазғалысы Р).
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан,
бағаның өсуі бұл сапаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші
жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар
жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті нығайтуға
мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы
туралы ғана екенін айтып отырмыз. Белгілі бір шекке дейін бағаның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Альфред Маршаллдың экономикалық оқуы
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері туралы ақпарат
Сұраным мен ұсыным заңы
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері. Қазақстан Республикасындағы жекешелендіру процесі
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Макроэкономикалық үлгілердегі сыртқы және ішкі өзгермелілер мен тәуекелдіктер қорының теориялық негіздері
Машиналы өндіріс
Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Пәндер