Антикалық әдебиет:түрлі жанрлық салаларының қалыптасуы



Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия және Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик – (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көз қарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
«Көне», «қадам заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V – ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталады.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, сурешілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт береді. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид,
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А.А.Тахо-Годи «Античная литература». Москва – 1986 г.

2. Анненский И.Ф. «Античная трагедия». Санкт-Петербург – 1906 г.

3. Радциг С.И. «История древне греческой литературы». МГУ, Москва – 1959 г.

4. Тронский И.М. «История античной литературы». Санкт-Петербург – 1957 г.

5. Хрестоматия : «Античная литература». Москва – 1973 г.

6. Т.Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева. «Мәдениеттану». Алматы – 2001ж.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Антикалық әдебиет: түрлі жанрлық салаларының қалыптасуы

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия және Рим мәдениетінің
әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик – (көне, ежелгі) деген ұғым.
Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-
гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп
төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін антиквус деген
латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның
барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының
және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көз қарастарының қалыптасуына елеулі
ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық,
шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим
сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени
туындылары – көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай,
мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Көне, қадам заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз
елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан
бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он
бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V – ғасырда
Рим империясының құлауымен аяқталады.
Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени
құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің
ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі
Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның
барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, сурешілеріне, жазушыларына,
композиторларына сарқылмас шалқар шабыт береді. Көне мәдениеттің жарқын
беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон,
Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.
Грекиялық әдебиет сөздерінің беретін мағынасынан біз грек халқының
бүкіл әдебиетін, оның грек тілінде жазылғандығын бірден-ақ ұғынамыз.
Грекиялық әдебиет саласындағы шығармалардың ерекшелігі олар бүкіл кезеңді,
яғни ежелгі I мың жылдықтардан бастап қазіргі біздің қазірге дейінгі
күндерімізді қамтиды. Осындай мыңдаған жылдар мен ұзақ ғасырлар ішінде грек
халқының тарихи өмір сүру жағдайлары мен тілдері сан рет өзгеріске ұшырап
жатса да, олар ең бастысы өздерінің ұлы тарихтарымен қазіргі ұлттық
бірліктерін қазіргі біздің заманымызға дейін сақтап келген.
Грекия әдебиетін осындай үлкен ауқымда түсінгендіктен оны қарастыруда
ғалымдар тобы грекия әдебиетін төрт кезеңге бөліп қарастырады:
1. Антикалық кезең. Бұл кезеңде құл иеленушілік жоғарғы аристократтар
қоғамы болған. Бұл кезең біздің заманымызға дейінгі X – IХ ғасырлар
арасында басталып, біздің заманымыздың IV ғасырлар аралығын қамтиды.
Антикалық кезеңге құл иеленушілік қоғамнан басқа феодалдық қоғам болған.
Бұл қоғам негізінен жоғарыда айтылған құл иеленушілк қоғамды алмастырды.
Бұл қоғам, біздің заманымыздың IV ғасырымен VI ғасырлар аралығын қамтыды.
2. Византиялық кезең. Бұл кезең негізінен антикалық кезеңнің жалғасы
болып табылады, яғни феодалдық қоғамнан кейін Византиялық империяға ауысып,
Юстинианның (527ж – 565ж) билік етуіндегі қоғамдық таптар болып табылады.
Бірақ кейіннен Константинополды Түріктер империясы жаулап алады.
3. Түріктер үстемдігі. Жоғарыда айтып кеткеніміздей 1453 жылдан бастап
түріктер Константинополды жаулап 1829 жылға дейін өз үстемдіктерін
жүргізді.
4. Жаңа грециялық кезең. Түріктер үстемдігінен босатылғаннан кейін,
Грекияның сол күндерден бастап қазірге дейінгі күндері.
Осы төрт кезеңдердің ішіндегі дүние жүзіндегі мәдениет және әдебиет
салаларына ең маңыздысы болып – антикалық кезең болып табылады. Грекиялық
әдебиет тарихын зерттеу барысында бұл салада көптеген ғалымдар еңбек
сіңіріп, көптеген кітаптар шығарды.
Антикалық кезең тарихы негізінен грекиялық әдебиетпен тығыз байланысты.
Оның өте қызықты, құнды көркем шығармалармен бай болуы ғана емес, сонымен
қатар оның бүкіл еуропа әдебиетіне тигізген әсерінен бізге үлкен
қызығушылық туғызады.
Бүкіл еуропа мәдениеті осы антикалық кезең арқылы өзінің бастауын
алған. Біздің қоғамдық түсініктеріміз, ойлау жүйеміз, тіліміз, көркемдік
образдар және тағы да көптеген қырларымыз антикалық мәдениет арқылы жетіліп
бізге жетті. Ал антикалық мәдениетсіз мұның бәрі де түсініксіз болар еді.
Жаңа еуропа тарихында антикалық мәдениет идеал мен антикалық форманы
әдебиет және өнерге, араластыру процессі де өтті. Бұл арқылы еуропада
көптеген жаңа дәуірлердің қалыптасуын сипаттай алады. Мысалы, Италиядағы
класицийзм дәуіріне (XVII –XVIIIғ.ғ) , 1789 жылғы Франция революциясына
көптеп сипаттама бере алады. Мұнымен қоса антикалық мәдениет арқылы ұлы
жазушылар өздерінің шығармаларына көптеген маңызды тақырыптарда ойлар
қозғап, көркем образдарды да қағаз бетіне түсіре алды. Мысалы, Данте,
Петрарка, Микельанджело, Шекспир, Мильтон, Байрон, Рабле, Расин, Молвер,
Вальтер, Эразм Ротердамский, Рейхлин, Лессин, Гете, Шиллер және т.б.
Грек әдебиетінің тарихи тұрғыдан қарастыруда оны да төрт кезеңге бөліп
қарастырған:
1. Бастапқы кезең. Бұл кезең б.з.д. ІІ мың жылдықтар мен І мың
жылдықтарды қатиды. Бұл кезеңнің басында фольклор әдебиеті қалыптаса
бастады.
2. Эллиндік немесе классикалық әдебиет кезеңі. Бұл кезеңде (б.з.д. IX –
IV ғ.ғ.) тәуелсіз мемлекеттер мен қалалардың өсіп өркендеу процессі болды.
Сонымен қатар әдебиет саласында үш жанр қалыптасты. Олар: лирика, эпос
және драма.
3. Эллиндік немесе элленизм кезеңі. Б.з.д. ІІІ – І ғ.ғ. аралығында
монархиялық халық шығармашылығы қалыптасты.
4. Императорлық немесе Римдік элленизм кезеңі. Рим үстемдігінің (І –
Vғ.ғ.) және антикалық қауымның феодалдық қауымға ауысуы. Ескі салт-
дәстүрлер қолданылмай жаңа христиандық – византикалық дәстүрлер пайда
болды.
Бұл кезеңдердің ішінен грек әдебиеті үшін ең маңызды болып саналатын
кезең бұл екінші эллиндік немесе классикалық кезең болып табылады. Бұл
кезеңге Гомер, Пиндар, Эсхил, Софокл, Эврипид, Аристофон, Платон,
Аристотель, Демосфен, Менандр секілді ұлы ғұламалардың шығармалары жатады.
Ең бастысы бұл кезеңде дүние жүзілік әдебиет саласында әдебиеттің түрлі
жанрлық бағыттары анықталған.
Драма жанрының қалыптасуы.
Драма – бұл сөзді грек тілінен аударсақ қимыл деген мағынаны береді.
Грек әдебиетінің саласында драманың үш түрі кездеседі: 1.Трагедия 2.Комедия
3.Сатиралық драма. Сатиралық драма көбіне жеке бір өзінше дербес ретінде
қойылмайды, оны трагедиялық трилогиялардың қорытындысы ретінде қоятын.
Комедия сөзін грек тілінен аударғанда көңілді отырыс, өлең, шу, көңілді
көтеріп қыдыру деген мағыналарды береді. Грекиялық әдебиет жанрындағы драма
саласы крито-мекен дәуірінде (б.з.д. ІІ мың жылдықтың екінші жартысы)
өзіндік ерекшеліктерімен байқала бастаған. Бірақ, өзіндік көркем әдебиет
туындысының дербес саласы ретінде тек қана б.з.д. VI ғасырда трагедия мен
комедияның формасы ретінде қалыптасты. Бірақ оның Грекияда ерекше болып
қалыптасуына бірден-бір себепкер болған шаттық құдайы Дионис еді. Диониске
табыну Грекияның шет аймақтарында да, мысалы: солтүстігіндегі Фракиндер,
шығысындағы – Кіші Азия, оңтүстігіндегі Крит аралы сияқты елді мекендерге
де кеңінен тарады. Бұл кезең б.з.д. VII – VІ ғасырларды қамтиды.
Бұл сол кездегі гректердің Ұлы Диониске арнаған мейрамдарында, оған
табыну салттары өте таңғаларлықтай болған. Сол кездегі табынушылыққа
қатысушылар өздерін Дионистің деп санаған, сөйтіп оларды Дионистің екінші
аты Вакхаға сәйкес вакхантшылар деп атаған. Дионис табиғи және қоғамдық
процесстердің, көркемдік шығармаларының туындыларының қорытындысы
болғандықтан, ол әр тірі адамның бойында болады деп есептелінген. Бұл ойлар
сол кездегі әдебиет саласындағы драма жанрының қалыптасып, өсіп-өркендеуіне
өзінің үлкен септігін тигізді. Дионистік қуанышпен шаттық мейрамдары сол
кездегі адамдардың арасындағы қоғамдық жолмен қалыптасқан шекараларды
бұзды. Қоғамдағы қарапайым шаруалармен жоғарғы аристократтар қауымы
Дионистк сенімде бірдей дәрежеде деп танылды. Осы себептен де Дионис
алғашқы аристократтық Олимптегі құдайлармен теке-тіреске түсіп, оларды тез
жеңе білді. Осыдан кейін Дионис Ұлы Зевс құдайының ұлы деп танылып, Олимпте
өзінің лайықты орнын алды.
Б.з.д. VI билеушілер Диониске деген табынушылық сенімдерін өздерінің
мемлекеттерінде де орнатып, басшылыққа алды. Мысалыға, афиндік тиран
Писистрат өзіндік демократиялық және антиаристократтық саясатты ұстанып,
Афинада Ұлы Дионистер мейрамын орнатып, ең бастысы осы Писистраттың өзі
билік еткен уақытта Афинада алғашқы сахналық трагедия қойылымын қояды. Ал
Сикион қаласында билік еткен екінші тиран Клисфенде Дионис мейрамын
жергілікті Адраст батырының мейрамының алдында тойлаған. Диониске
табынушылық грекиялық классикалық трагедияға дейінгі жолы өте ауыр және
ұзақ болды. Бірақ бұл жол қаншалықты ауыр болса да, бұл жол Грекияда
жүріліп, грекиялық әдебиет кезеңі секілді өз мәресіне тез-ақ жетті.
Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы – грек
театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүние
жүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид және
Аристофонның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.
Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе,
ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл
мағынасында трагедия ешкілер әні деген мағына береді. Афиныда Дионис
құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі -
трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек
трагедияларының басты мақсаты мен мазмұны – халықтың өз теңдігі мен
әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан саласына арналған.
Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелікмәні болды.
Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазарту) деп аталатын ұғымы кеңінен
көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш
драматургтердің есімімен тығыз байланысты. Адамзат мәселесі, адамның
тағдыры, әділеттілік пен игілік және т.б. мәселелер осы бір даналар
назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының,
өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.
Бұл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы
грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз тәрбиешісіне айналды, грек
жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастыры.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ашылып алынған грек және рим
театрлары бүгінгі заманға дейін сақталған. Б.з.д. IV ғасырдың аяғынан
бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театрлар басты.
Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған
атақты театры Афины тұрғындардың үлкен өнер ордасына айналды. Театр
қойылымдары – діни мейрамдардың бір саласы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік әдеби сынның эстетикасы
Көркем әдебиеттің табиғаты, ерекшелігі және мәндері.Әдебиет теориясындағы әдеби шығарма, орта және автор мәселелері. Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы туралы ақпарат
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясы
Эстетикалық, әдеби ой-пікірлердің тууы, даму тарихы мен кезеңдері. Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиет теориясындағы ғылыми ағымдар
Классицизм дегеніміз не?
Мысал жанрының тарихы
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
Эстетикалық әдеби ой-пікірлердің туу, даму тарихы мен кезеңдері
Шешендік өнердің тарихы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Пәндер