Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау



Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен (табиғи және антропогендік) ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті. Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23 мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор ) ластағыш заттардың 1/6 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.

Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
Облыстың ауа бассейні екі түрлі жолмен (табиғи және антропогендік)
ластанады. Күшті шаңды борандар мен Маңғыстау жеріндегі тұздардың болуы
ауада шаң және тұз түйіршіктері мен тозаңдарының болуын тұрақты етеді.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір
автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс
бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын объектілердің саны 7 мыңнан
асады, бірақ олардың басын көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады,
олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады.
Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп объектілері Ақтау, Жаңа Өзен
қалаларының кәсіп орындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау
қаласында осындай 26 кәсіпорын бар. 1980-87 жылдары облыс бойынша ластағыш
заттардың мөлшері жан басына шаққанда 793кг-нан 948кг-ға, яғни 20%-ке өсті.
Оның 90%-і мұнай кәсіпшіліктеріне тиесілі. “ Маңғыстау мұнай “ өндірістік
бірлестігі бойынша 110-120 мың т ластағыш заттар шығарылды, ал Қазақ газ
өңдеу заводында осындай көрсеткіш 23 мың т жетеді.
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ( ПГМК- Каскор )
ластағыш заттардың 16 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық
шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс
жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна
ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Мәселен, “ Маңғыстаумұнай “ бірлестігінің газ құбырларында 1987 жылы жүз
миллион метр аса газ ( оның жартысы Бозащыда) бостан бос жағып жіберілді.
Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте
мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және
радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін
ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. 70-жылдары
АЭС-тың пайдалану мерзімі бітуге таяу.
Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3
рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға әсте болмайды.
Атмосфераның лсатауын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш
қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық
қондырғы бар.
Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі
заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа
деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.
Өлке экологиясы, оны игеру қиыншылықтары.
ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін
проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану,
айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен
қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта
қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б- осының бәрі
жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар
адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр.
Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің
әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған
проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, “кіші” проблемаларды
оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-
бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады.
Адамзаттың барлық ғаламдық проблемаларын бір ғана жағынан, адам қоғамы
мен табиғат арасындағы байланыс жағынан қарастыруға әбден болады.Адамзаттың
іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен
энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Атмосфераның құрылысы
Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары және экологиялары
Биосфераның ғаламдық экологиялық проблемалары: Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы. Экологиялық жағдайлар мен экологиялық дағдарыс
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Биосфералық қорықтар
Қышқылдық жаңбыр
Атмосфераның ластаушы көздері
«Биоэкология» пәнінің ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер