Несиелерді рәсімдеу ақпараттық басқару жүйесін құру



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ 8

1 ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕНІҢ АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕСІН ТҰРҒЫЗУДЫ НЕГІЗДЕУ 11
1.1 «БТА Ипотека» акционерлік қоғамының сипаттамасы және басқару жүйесінің болуы 11
1.2 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 22
1.3 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің құрылымына талаптар 23
1.4 Кіріс және шығыс ақпараты 27

2 «НЕСИЕЛЕРДІ РӘСІМДЕУ» АБЖ ҚҰРУ 30
2.1 Мәліметтердің логикалық моделін таңдау 30
2.2 АБЖ жүзеге асыру үшін құралдарды таңдау 36
2.3 Программалық қамтамасыздандыруды сипаттау 40
2.4 Интерфейс сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері 47

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ 56
3.1 Қосымшаны әзірлеумен байланысты шығындарды есептеу 56
3.2 Программалық қамтамасыздықты енгізу шығынын есептеу 57
3.3 Программалық қамтамасыз етуді енгізгеннен кейінгі шығын 58

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ 61
4.1 Еңбек шарттарының сипаттамасы 61
4.2 Өндірістік санитария мен гигиена 61
4.3 Жұмыс орнына эргономикалық талап қою 64
4.4 Еңбек режимі 68
4.5 Есептеу техника зертханасында қауіпсіздік техникасы ережелері 69
4.6 Ақпараттық қауіпсіздік және қорғау 71
4.7 Есептеу орталығындағы микроклиматтың санитарлық ережелері
мен талаптары 74

ҚОРЫТЫНДЫ 77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 79
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б
КІРІСПЕ

Есептеу техникаларының дамуы компьютерлер мен Программалық қамтамасыз етілудің жетілуіне алып келді. Ақпараттың орасан зор ағымдарын құруға қабілетті программалар пайда болуда. Сондай программалардың көмегімен ақпараттық жүйелер құрылымдалады.
Алғашқыда ЭЕМ ақпаратты жинақтау мен сақтау үшін жергілікті массивтер (немесе файлдар) қолданылды, және әрбір шешілуі тиіс функционалды тапсырмалардың әрқайсысы үшін алғашқы және соңғы ақпараттың өзіндік файлдары құрылады. Бұл көп ретте мәліметтерді қайталауға алып келіп, олардың жаңартылымын күрделендіре түсті, өзара байланысты, күрделі тапсырмалардың шешімін табуды қиындатады.
ЭЕМ программалық қамтамасыз етілуі дамытыла келгенде шешілетін тапсырмалардың бір бүтін кешені бойынша өзара байланысты мәліметтерді жинақтау, сақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін жетекші жүйелерді жасау идеялары пайда бола бастады. Мәселен, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептеуді автоматтандыру. Бұл идеялар мәліметтер базасын басқару жүйелерінде көрініс тапты (ДББЖ). ДББЖ жергілікті емес, мәліметтер базасы деп аталатын, өзара байланысты ақпараттар құрылымымен байланысқа түседі. Жеке компьютерлер пайда бола бастағаннан бастап ДББЖ кестелік ақпаратты өңдеудің ең танымал әдісі болып табылады. Олар ақпараттың үлкен көлемін өңдеуде мәліметтер банкін жобалауда басты құрал ретінде көрінеді.
Аталған уақытта ақпарат кәсіпорынның өзге ресурстары арасында алғашқы орынға шығады. Бұл еңбек, материалды және қаржы ресурстарын үнемдеу қажеттілігінен туындаған.
Кәсіпорынның пайда көлемін жоғарылату, қызметкерлер жұмысы тиімділігін арттыру, басқарудың оптималды жүйесін құру мәселелері кез келген басшыны толғандырады. Беймәлімдік пен қатер жағдайында шешім қабылдау қаржы-өндірістік әрекеттің әртүрлі аспектілерін үнемі бақылауда ұстауға мәжбүр етеді. Бұл әрекет әралуан ақпараттар жинақталған құжаттардың бірқатарына көрсетілген. Сауатты түрде құрылған және жүйеленген ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынды тиімді басқарудың кепілдігі болып табылады. Керісінше, нақты мәліметтердің болмауы дұрыс бағытталмаған басқаруға әкеліп, соның нәтижесінде аса күрделі шығындарға әкеледі.
Әртүрлі тапсырмаларды орындау біртіндеп Қазақстан кәсіпорындарына тән үлгі болып бара жатыр. Шынында да қатаң бәсекелестік шарттарында кәсіпорындар бизнес тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін үнемі іздеп отыруы керек және автоматтандыру жүйелері бұл ретте алдыңғы орындардың бірін алады.
Дипломық жұмыс тақырыбының өзектілігі ең алдымен басқару процестерін автоматтандыру қажеттілігінен келіп туындаған. Кез келген кәсіпорында ақша құралдары мен бизнес процестерін автоматтандыру үшін арнайы ақпараттық жүйені құру қажет. «Тұран Әлем Банк» АҚ үшін қазіргі уақытта кәсіпорынның несиелік әрекеттерін есепке алу процестерін автоматтандыру мәселесі алдыңғы қатарлы саналып отыр. Мәсіметтердің үлкен көлемі, несиелерді рәсімдеу мен бақылау кезіндегі ақпаратты алу мен құру жылдамдығы мен дәлдігі осы бағыттағы басқару тапсырмаларын тиімді орындауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің жаслымдалуын талап етеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде «Тұран Әлем Банк» АҚ таңдалып алынды. Зерттеу пәні – кәсіпорынның несиелік әрекетін басқаруы. Жұмыстың мақсаты «Тұран Әлем Банк» АҚ берілген несиелерді есепке алу мен бақылауды автоматтандыру.
Қаржы ұйымдарының несиелеу бөлімінің жұмысы жалға алушылар мен берліген құралдарға қатысты орасан көп ақпараттарды қамтиды. Дәстүрлі түрде ақпарат қағаз құралдарында сақталады. Осы кезде жалға алушылардың төлемдері мен несиелік тарихы бойынша ақпарат жинақтау мен есеп берулерді құрылымдағанда қажетті мәліметтерді тез арада алу қиынға соғады. «Тұран Әлем Банк» АҚ несиелерді есепке алу үшін «1С: Предприятие» негізіндегі ақпараттық жүйе қолданылады, оның негізгі кемшіліктері қатарында есептеулерді автоматты түрде есептеулерде модульдің болмауы мен жүйенің алпауыттылығы болып табылады. Оның құрамына бухгалтерлік, кадрлық және қоймалық есептеулер, несиелер, ипотекалық жалға алулар мен лизингтер жатады.
Дипломды жазуда әдістемелік негіз болып ақша құралдарын есепке алуды жетілдіру, экономикалық ақпаратты құрудың автоматтандырылған жүйелерін жасау мен енгізу мәселелері бойынша мамандардың практикалық мақалаларындағы есептеуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формалары мен әдістері алынды.
Құрылып жатқан ақпараттық жүйе келесі негізгі тапсырмаларды орындауы керек:
 түскен өтініштердің есебін жүргізу;
 несиелік комитет шешімдері мен орындалған келісім шарттар туралы мәліметтер беру;
 белгілі бір кезеңдегі берілген ақша құралдары туралы ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;
 несиені төлеу сызбасының автоматты салынуын қамтамасыз ету;
 келіп түскен ақша құралдарын бақылауды қамтамасыз ету.
Заманауи ақпараттық жүйенің енгізілуі келесі берілуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: қолмен даярлауды толықтай алып тастап, құжаттарды даярлайтын, есептерді рәсімдеу мен дайындауға жауап беретін қызметкерлердің санын азайту. Жүйе сол секілді сарапшылар мен жетекшілерді есептерді өз бетімен дайындап, пайда болған қажеттіліктің негізінде сұраныстар жасауға қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Басқарудың жалпы мәдениетін жоғарылатудан басқа ақпараттық жүйе «Тұран Әлем Банк» АҚ потенциальды одақтастар, салымшылар мен аудиторлармен қарым қатынастарды құруда көмектеседі. Несиелік ресурстарды ұстаушылар үшін салымдар белгілі бір дәрежеде кәсіпорындағы жағдайды анықтауға мүмкіндік беріп, дәлме дәл қаржылық және сараптамалық есеп берушілікті анықтайтын технологияларға шығындалғаны пайдалы екендігі белгілі. Ақпараттық жүйенің болуы потенциалды салымшылар алдындағы компания дәрежесін айтарлықтай ұлғайтады, ашық шаруашылық етуші субъект ретінде қызмет атқаруына оң әсер етеді, оның басқарушы тәжірибесі халықаралық талаптарға сәйкес келеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Экономикадағы ақпарат жүйелері: оқу құралы / Н. Б. Бралиева, Қ. С. Байшоланова, Н. Л. Гагарина. - Алматы, 2001. - 92 б.
2. Бизнестегі ақпарат жүйелері: Оқу құралы / Н. Б. Бралиева, Қ. С. Байшоланова, Н. Л. Гагарина. - Алматы, 1994. - 106 б.
3. Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы: оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2002. - 184 с.
4. Информационные системы в экономике: Под ред. Г.А. Титоренко. — М.: ЮНИТИ, 2003.
5. Автоматизированные информационные технологии в банковской деятельности: Учеб. пособие / Под ред. ГА. Титоренко. — М.: Финстатинформ, 1997.
6. Экономикадағы ақпараттық жүйелер. Оқу құралы. Н.Б. Бралиева, Қ.С. Байшоланова, Н.Л. Гагарина — Алматы, 2001.
7. Автоматизированные информационные технологии в налоговой и бюджетной системах: Учеб. пособие / Под ред. ГА Титоренко. — М.: ЮНИТИ, 2003.
8. Андреев В.Д. Внутренний аудит. — М. : Финансы и статистика, 2003.
9. Бакаев А.А., Гриценко В.И., Козлов Д.Н. Методы организации и обработки баз знаний – Киев: Наукова думка, 1993.
10. Возневич Э. Освой самостоятельно Delphi: Полное руководство для самостоятельного обучения – М.: Бином, 1996.
11. Дарахвелидзе П.Г., Марков Е.П. Программирование в Delphi 7. Часть 1 – BHV-Санкт-Петербург, 2010.
12. Джексон Г. Проектирование реляционных баз данных для использования с микро-ЭВМ – М.: Финансы и статистика, 1991.
13. Климова Л. Delphi 7. Основы программирования. Решение типовых задач. Самоучитель (2-е издание) – Кудиц: Образ, 2005.
14. Кобевник В.Ф. Охрана труда – Киев: Вища школа, 1990.
15. Кокорева Л.В., Перевозчикова О.Л. Диалоговые системы и представление знаний – М.: 1995.
16. Навакатикян А.О., Кальнищ В.В. Охрана труда пользователей компьютерных видеодисплейных терминалов – Киев: 1997.
17. Павлов С.П., Губонина З.И. Охрана труда в приборостроении – М.: 1986.
18. Тихонов В.И., Юшин И.Ф. Электронные архивы и электронный документооборот – Отеч. Архивы, 1999.
19. Цветков В.Д. Системно-структурное моделирование и автоматизация проектирования – Минск: Наука и техника, 1992.
20. Шумаков П.В., Фаронов В.В. Delphi 5. Руководство разработчика баз данных – М.: Нолидж, 2000.
21. А.Ө.Биярова “Экономикалық кибернетика”. Оқу құралы. Алматы, 2001.
22. Лесничая О.В. Автоматизация ипотеки – проблемы и решения http://www.1c-niisau.ru/about/np/automation_mortgage/
23. “Автоматизированные информационные технологии в экономике”. Учебник под общей ред. И.Т. Трубилина.
24. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. “Кәсіпорын экономикасы” Алматы 2003 ж.
25. Бралиева Н.Б., Куличихин А.А. “Информационные аспекты создания и функционирования автоматизированных информационных систем”.
26. А.Ө.Биярова, Қ.С.Иманбаев. Экономикадағы ақпараттық жүйелер. Оқу құралы. Алматы, 2011.
27. Г.А. Титоренко Информационные системы в экономике [Электронный учебник].- Москва. – 2008. – С. 463
28. http://depositfiles.com/files/oqsura4rj
29. http://www.booksgid.com/business/323-.html

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Несиелерді рәсімдеу ақпараттық басқару жүйесін құру

5B070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

АҢДАТПА

Осы дипломдық жоба Несилерді рәсімдеу ақпараттық басқару жүйесін құру тақырыбына арналған.
Дипломдық жұмыста банк қызметкерлерінің жұмысын жеңілдету және уақытын үнемдеуі үшін Delphi 7.0 арқылы несиелерді рәсімдеу ақпараттық басқарудың автоматтандырылған жүйесі құрылды және оған экономикалық талдау жасалған, алынған нәтижелердi оқу процесiнде қолдану зерттеу жұмысының мәндiлiгiн аша түседi.
Жұмыс 73 беттен, 14 суреттен, 19 бетті қамтитын қосымшадан, 29 қолданылған әдебиеттер мен интернет көздері тізімінен тұрады.

АННОТАЦИЯ

Данный дипломный проект посвящен на тему Иформационная система управления кредитованием в среде объектного программирования Delphi.
Для улучшение эффективности работы сотрудников банка и экономии времени создан автоматизированная информационная система управления кредитованием с помощью Delphi 7.0. Применение полученного результата в учебном процессе раскрывает значимость работы.
Работа состоит из 73 страниц, 14 рисунков, приложения из 19 страниц, списка использованной литературы и интернет источников, содержащих 29 наименований.

ANNOTATION

This thesis project is dedicated to the theme "Information Systems Management lending" in object-oriented programming environment Delphi.
To improve the efficiency of the employees of the bank and time-saving set up an automated information management system lending by Delphi 7.0. The use of this result in the learning process reveals the importance of the work.
Work consists of 73 pages, 14 drawings, exhibits consisting of 19 pages, list of the used literature contains 29 names.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 8

1 Ипотекалық несиенің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу 11
1.1 БТА Ипотека акционерлік қоғамының сипаттамасы және басқару жүйесінің болуы 11
1.2 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты 22
1.3 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің құрылымына талаптар 23
1.4 Кіріс және шығыс ақпараты 27

2 Несиелерді рәсімдеу АБЖ құру 30
2.1 Мәліметтердің логикалық моделін таңдау 30
2.2 АБЖ жүзеге асыру үшін құралдарды таңдау 36
2.3 Программалық қамтамасыздандыруды сипаттау 40
2.4 Интерфейс сипаттамасы мен жұмыс істеу принциптері 47

3 Экономикалық негіздеме 56
3.1 Қосымшаны әзірлеумен байланысты шығындарды есептеу 56
3.2 Программалық қамтамасыздықты енгізу шығынын есептеу 57
3.3 Программалық қамтамасыз етуді енгізгеннен кейінгі шығын 58

4 Еңбекті қорғау 61
4.1 Еңбек шарттарының сипаттамасы 61
4.2 Өндірістік санитария мен гигиена 61
4.3 Жұмыс орнына эргономикалық талап қою 64
4.4 Еңбек режимі 68
4.5 Есептеу техника зертханасында қауіпсіздік техникасы ережелері 69
4.6 Ақпараттық қауіпсіздік және қорғау 71
4.7 Есептеу орталығындағы микроклиматтың санитарлық ережелері
мен талаптары 74

ҚОРЫТЫНДЫ 77
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 79
ҚОСЫМША А
ҚОСЫМША Б

КІРІСПЕ

Есептеу техникаларының дамуы компьютерлер мен Программалық қамтамасыз етілудің жетілуіне алып келді. Ақпараттың орасан зор ағымдарын құруға қабілетті программалар пайда болуда. Сондай программалардың көмегімен ақпараттық жүйелер құрылымдалады.
Алғашқыда ЭЕМ ақпаратты жинақтау мен сақтау үшін жергілікті массивтер (немесе файлдар) қолданылды, және әрбір шешілуі тиіс функционалды тапсырмалардың әрқайсысы үшін алғашқы және соңғы ақпараттың өзіндік файлдары құрылады. Бұл көп ретте мәліметтерді қайталауға алып келіп, олардың жаңартылымын күрделендіре түсті, өзара байланысты, күрделі тапсырмалардың шешімін табуды қиындатады.
ЭЕМ программалық қамтамасыз етілуі дамытыла келгенде шешілетін тапсырмалардың бір бүтін кешені бойынша өзара байланысты мәліметтерді жинақтау, сақтау және жаңартуға мүмкіндік беретін жетекші жүйелерді жасау идеялары пайда бола бастады. Мәселен, кәсіпорындағы бухгалтерлік есептеуді автоматтандыру. Бұл идеялар мәліметтер базасын басқару жүйелерінде көрініс тапты (ДББЖ). ДББЖ жергілікті емес, мәліметтер базасы деп аталатын, өзара байланысты ақпараттар құрылымымен байланысқа түседі. Жеке компьютерлер пайда бола бастағаннан бастап ДББЖ кестелік ақпаратты өңдеудің ең танымал әдісі болып табылады. Олар ақпараттың үлкен көлемін өңдеуде мәліметтер банкін жобалауда басты құрал ретінде көрінеді.
Аталған уақытта ақпарат кәсіпорынның өзге ресурстары арасында алғашқы орынға шығады. Бұл еңбек, материалды және қаржы ресурстарын үнемдеу қажеттілігінен туындаған.
Кәсіпорынның пайда көлемін жоғарылату, қызметкерлер жұмысы тиімділігін арттыру, басқарудың оптималды жүйесін құру мәселелері кез келген басшыны толғандырады. Беймәлімдік пен қатер жағдайында шешім қабылдау қаржы-өндірістік әрекеттің әртүрлі аспектілерін үнемі бақылауда ұстауға мәжбүр етеді. Бұл әрекет әралуан ақпараттар жинақталған құжаттардың бірқатарына көрсетілген. Сауатты түрде құрылған және жүйеленген ол белгілі бір дәрежеде кәсіпорынды тиімді басқарудың кепілдігі болып табылады. Керісінше, нақты мәліметтердің болмауы дұрыс бағытталмаған басқаруға әкеліп, соның нәтижесінде аса күрделі шығындарға әкеледі.
Әртүрлі тапсырмаларды орындау біртіндеп Қазақстан кәсіпорындарына тән үлгі болып бара жатыр. Шынында да қатаң бәсекелестік шарттарында кәсіпорындар бизнес тиімділігін арттыру мүмкіндіктерін үнемі іздеп отыруы керек және автоматтандыру жүйелері бұл ретте алдыңғы орындардың бірін алады.
Дипломық жұмыс тақырыбының өзектілігі ең алдымен басқару процестерін автоматтандыру қажеттілігінен келіп туындаған. Кез келген кәсіпорында ақша құралдары мен бизнес процестерін автоматтандыру үшін арнайы ақпараттық жүйені құру қажет. Тұран Әлем Банк АҚ үшін қазіргі уақытта кәсіпорынның несиелік әрекеттерін есепке алу процестерін автоматтандыру мәселесі алдыңғы қатарлы саналып отыр. Мәсіметтердің үлкен көлемі, несиелерді рәсімдеу мен бақылау кезіндегі ақпаратты алу мен құру жылдамдығы мен дәлдігі осы бағыттағы басқару тапсырмаларын тиімді орындауға мүмкіндік беретін ақпараттық жүйенің жаслымдалуын талап етеді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны ретінде Тұран Әлем Банк АҚ таңдалып алынды. Зерттеу пәні - кәсіпорынның несиелік әрекетін басқаруы. Жұмыстың мақсаты Тұран Әлем Банк АҚ берілген несиелерді есепке алу мен бақылауды автоматтандыру.
Қаржы ұйымдарының несиелеу бөлімінің жұмысы жалға алушылар мен берліген құралдарға қатысты орасан көп ақпараттарды қамтиды. Дәстүрлі түрде ақпарат қағаз құралдарында сақталады. Осы кезде жалға алушылардың төлемдері мен несиелік тарихы бойынша ақпарат жинақтау мен есеп берулерді құрылымдағанда қажетті мәліметтерді тез арада алу қиынға соғады. Тұран Әлем Банк АҚ несиелерді есепке алу үшін 1С: Предприятие негізіндегі ақпараттық жүйе қолданылады, оның негізгі кемшіліктері қатарында есептеулерді автоматты түрде есептеулерде модульдің болмауы мен жүйенің алпауыттылығы болып табылады. Оның құрамына бухгалтерлік, кадрлық және қоймалық есептеулер, несиелер, ипотекалық жалға алулар мен лизингтер жатады.
Дипломды жазуда әдістемелік негіз болып ақша құралдарын есепке алуды жетілдіру, экономикалық ақпаратты құрудың автоматтандырылған жүйелерін жасау мен енгізу мәселелері бойынша мамандардың практикалық мақалаларындағы есептеуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формалары мен әдістері алынды.
Құрылып жатқан ақпараттық жүйе келесі негізгі тапсырмаларды орындауы керек:
түскен өтініштердің есебін жүргізу;
несиелік комитет шешімдері мен орындалған келісім шарттар туралы мәліметтер беру;
белгілі бір кезеңдегі берілген ақша құралдары туралы ақпараттың берілуін қамтамасыз ету;
несиені төлеу сызбасының автоматты салынуын қамтамасыз ету;
келіп түскен ақша құралдарын бақылауды қамтамасыз ету.
Заманауи ақпараттық жүйенің енгізілуі келесі берілуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді: қолмен даярлауды толықтай алып тастап, құжаттарды даярлайтын, есептерді рәсімдеу мен дайындауға жауап беретін қызметкерлердің санын азайту. Жүйе сол секілді сарапшылар мен жетекшілерді есептерді өз бетімен дайындап, пайда болған қажеттіліктің негізінде сұраныстар жасауға қажетті құралдармен қамтамасыз етеді.
Басқарудың жалпы мәдениетін жоғарылатудан басқа ақпараттық жүйе Тұран Әлем Банк АҚ потенциальды одақтастар, салымшылар мен аудиторлармен қарым қатынастарды құруда көмектеседі. Несиелік ресурстарды ұстаушылар үшін салымдар белгілі бір дәрежеде кәсіпорындағы жағдайды анықтауға мүмкіндік беріп, дәлме дәл қаржылық және сараптамалық есеп берушілікті анықтайтын технологияларға шығындалғаны пайдалы екендігі белгілі. Ақпараттық жүйенің болуы потенциалды салымшылар алдындағы компания дәрежесін айтарлықтай ұлғайтады, ашық шаруашылық етуші субъект ретінде қызмет атқаруына оң әсер етеді, оның басқарушы тәжірибесі халықаралық талаптарға сәйкес келеді.

1 Ипотекалық несиенің ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
1.1 БТА Ипотека акционерлік қоғамының сипаттамасы және басқару жүйесінің болуы

Ақпараттық кеңістігі болып саналатын ақпараттық объектілер жиынтығынан тұратын әр ақпараттық жүйенің пәндік саласы болады. Дипломдық жұмыста ипотекалық несиелеудің ақпараттық жүйесін дамыту қарастырылады.
Дүние жүзінде, соның ішінде кейінгі кездері Қазақстанда да ипотекалық несие банктің қызметін жан-жақты дамытуда. Кейбір дамыған елдерде несиеге берудің бұл түрі 13 бөлікті құрайды. Бұл мәселенің көлеміне келсек, мысалы, Америка Құрама Штатында нарықтық несиенің сыйымдылығы триллион доллармен бағаланады, ал бізде (доллармен есептегенде) ең жоғарғы көрсеткіш 10-100 миллион болады.
Тұрғын үй ипотекалық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы оның ұзақ мерзімге берілуінде (15 жылға дейінгі мерзімді бағдарламалар жұмыс істейді, ал перспективалары 25 жылға дейін), осындай уақыт ішінде иемделінген пәтерлер банктің бөлген қаржысынан 2 есеге дейін көтерілуі мүмкін. Нарықтық экономиканың негізгі мақсатының бірі - халыққорын инвестициялап, нақты сектор экономикасына айналдыру. Ипотека халықтың жинаған қорын әрі қарай дамытуға үлкен үлес қосады және инвесторлардың қаражаттануына, әсіресе тұрғын үйлердің салынуына, сонымен қатар шаруашылық саласының дамуында да маңызы зор.
Қазақстандағы ипотекалық несиенің тәжірибелік көрсеткіші бойынша, ипотеканың қарызға берілуі кем дегенде төрт мәртебелі мультипликативті әсерді, яғни несиенің әрбір теңгесі халық қаржысының шаруашылық айналымына 4 теңгеге дейін артып отырады. Сондықтан, ипотеканың арқасында үлкен қаржылық мәселелерді шешуге болады, яғни халықтың қолында сақталынған шетел валюталары және республикамыздың мемлекеттік бюджетімен салыстыруын жалғастырады.
Бір уақыттарда, комерциялық банктерге сенімдерін арттырып, яғни банктен несие алушы азаматтар заң бойынша сол жерде өз депозиттерін және есептеу бөлімін аштыруға болады. Халықты ақша қаражатымен қамтамасыз ететін ипотекалық банктер, мекемелер, қаржы мәселесін банктерге және құрылыс индустриялық кәсіпорындарға қайта бөліп беріп отырады.
Қазіргі уақытта тұрғын үй ипотекалық несиесі мемлекеттің негізгі саясатының біріне айналып отыр.
2000 жылдың желтоқсан айының аяғында құрылған қазақтың ипотекалық компаниясы - ҚИК жабық акционерлік қоғамы барлық бүгінгі банктерді қаржы жағынан қамтамасыз етіп отыр. Қазіргі уақытта ҚИК жабық акционерлік қоғамының жалғыз акционері Қазақстан Ұлттық Банкі болып отыр. Компания екінші дәрежедегі банктер - Казкоммерцбанк, Банк Центркредит, Альянс банк, БТА ипотека, Нұрбанк партнерлері арқылы жұмыс істейді. Қазіргі кезде ҚИК жабық акционерлік қоғамы заң шығарушы базаларға және нормативтенген ипотекалық несиені қалыпқа келтіруге ерекше үлес қосып отыр.
Бүгінде банктің ипотекалық несиелерін алу мүмкіндіктерін шектейтін елеулі кедергілердің бірі пайыздық үстемелер болып табылады. Практика көрсеткендей, халыққа несие беруді бұқаралық сипатқа айналдыруға мүмкіндік беретін ставкалар валютамаен есептегенде жылдық 10 пайыздан аспауға тиіс. Алайда банкілерге сырттан тартылған ресурстар әдетте қымбат. Бұл жағдайда Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық Банкі елеулі рөл атқаруға тиіс.
Нақ осы Ұлттық Банктің қолынан ғана ипотекалық несиелеу бойынша үстемелерді төмендету үшін жағдайлар жасау келеді. Мұндай жағдайларға несие беруді қамтамасыз етуді бағалау өлшемінің өзгерісі, резервтердің көлемін өзгерту, міндетті резервтер қорына ақша аударудың нормасын кеміту жатады.
Алайда қаржы нарығының құрылымын ұзақ мерзімде ресурстардың үлесін ұлғайтуға қарай түбегейлі өзгерту, шығарылған және орналастырылған ипотекалық бағалы қағаздар нарығын дамыту арқасында болуы мүмкін. ҚИК жабық акционерлік қоғамы 2002 жылдың күзінде бірінші ипотекалық облигациялар эмиссиясын ойдағыдай шығарды.
2002 жылдың 18 - қарашасында 3 миллион теңге тұратын облигациялардың бірінші шығарылуын БанкЦентркредит консорциумы мен КИБ Ассет Менеджмент жауапкершілігі шектелген серіктестіктің активтерін басқару жөніндегі брокерлік - диллерлік компаниясы сатып алды.
Өткен ғасырдың 90-жылдарының бас кезінде Қазақстан Республикасында ипотеканы дамытудың алғашқы қадамдары жасалды. 1991 жылы Кепілдік туралы, Инвестициялық қызмет туралы, Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы, Қарым-қатынастар туралы заңдар қабылданды, олар ипотекалық несиелеуді дамыту үшін бастапқы құқықтық база құрды. 1993 жылы Мемлекеттік жаңа тұрғын үй саясатының бағдарламасы және оны жүзеге асыру механизмдері туралы заң қабылданды. Бағдарлама мемлекеттің тұрғын үй саясаты саласындағы бірқатар аса маңызды қадамдар жасауын көздеді.
Ипотекалық қаржыландыру төмендегідей механизмге негізделген:
oo банк өзіне мөлшерлеме, мерзім, қосымша қызмет көрсетулерді қосады;
oo клиенттің төлем қабілетін бағалау және несиенің ең көп кол жететін сомасы анықталады.
Клиенттің төлем қабілеті ай сайынғы төлем сомасы және төлем мөлшеріне байланысты, отбасының ай сайынғы таза жиынтық табысының 35 пайызынан 60 пайызына дейінгі аралықта болуы тиіс.
Отбасының жалпы ең аз шығыны, коммуналдық төлемдерді, басқа да шығындарды қосқанда табыстың 90 пайызына дейін болуы тиіс.
Несие бойынша қамтамасыз етуді бағалау кепілдік сома мен активтердің міндеттемелерге арақатынасымен анықталады. Несие беру түрлері үшін 50 пайызға дейін жол беріледі.
Жер учаскесі бар сатып алынатын немесе жөнделетін тұрғын үй немесе жылжымайтын мүлік несиені алуда кепілдік бола алады.
Кепілдік өтімділігі бойынша бірқатар талаптар (кепілдің жағдайы, оның нарықтық бағасы) бар. Осы талаптарды және жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесін ескере отырып, объектінің кепілдік құнын анықтауға болады. Несие беру кезіндегі компенсациялық факторлардың ең негізгілерінің бірі несиенің қамтамасыз етілуі болып табылады. Есептеулер кезінде көрнекілік пен қолайлылық үшін екі көрсеткіш - К3 және LTV пайдаланылады. Олар несие беру кезінде несиені қамтамасыз етуді сипаттай алады.
К3 - клиенттің материалдық активтері мен оның міндеттемелері жиынтығының арақатынасын сипаттайтын коэффициент.
Клиенттің активтері мыналар:
oo жылжымайтын (тұрғын үй және коммерциялық жай) оның ішінде алынған;
oo заңды тұлғалардың - жұмыс берушілердің кепілдіктері;
oo коммерциялық (кәсіпкерлік) тәуекелдерді сақтандыру;
oo автомашина;
oo ақша, депозиттер, банктердегі алымдар;
oo бағалы қағаздар;
oo меншікке жататын өзге де жылжымайтын заттар және мүлік.
Басқа банкілердің алдындағы міндеттемелерде ағымдағы отбасы шығынындағы ай сайынғы төлемі бойынша шығындар ескеріледі. Мұндай қарыз бойынша негізгі қарыз қалдығы кепілдік коэффициенттерінің арақатынасына әсер етпейді. Өйткені ол әдетте басқа кепілдікпен қамтамасыз етілген. Несиені жабу үшін төлем төлеуде қиындықтар туған жағдайда өндіріп алу үшін бірінші кезекте кепілдікті қамтамасыз етуге үміт артады.
LTV - кепілдікті қамтамасыз ету мен клиенттің міндеттемелері арақатынасын сипаттайтын коэффициент.
Бұл коэффициентті анықтаған кезде тек несие беруші мекеменің пайдасындағы активтер есептелінеді, яғни сатып алынатын тұрғын үй, жылжымайтын мүлік түріндегі қосымша кепілдік, жұмыс берушінің және депозит кепілдігі жатады.
Ипотекалық қаржыландыру кезінде жылжымайтын мүлік негізінен қамтамасыз етіледі. Бұл жағдайда кепілдік құнының көлеміне ықпал ететін факторларға және сатып алынатын нысанға қойылатын талаптарды қарастыру қажет.
Жылжымайтын мүліктің аса маңызды сипаттамасы оның өтімділігі болып табылады. Өтімділік көптеген факторларға:
oo жылжымайтын мүліктің орналасқан ауданына;
oo жалпы (тұратын) ауданына;
oo қаланбаған қабырғасының материалын;
oo құрылыстың салынған жылына;
oo жоспарлау типі;
oo үйдің және пәтердіңқабатына;
oo үйдегі пәтердің орналасуына (мәселен, ол үйдің бұрыш жағында болуы мүмкін);
oo қосымша жақсартылғанына байланысты.
Үйдіңқабырғасы бойынша - каркасты-қамысты, шпалды, кірпіштен салынған үйлер. Осы күнгі кірпішті және панелді үйлермен салыстырғанда, сейсмикалық беріктігі шектелген 1950 жылдан кейін тұрғызылған тозығы жеткен үйлер.
Орналасқан ауданы бойынша - қала аумағынан тыс (Алматы құрылысының бас жоспарына сай болашағы зор, дамыған аудандарды қосқанда) және алыстағы аудандар, атап айтқанда, Тұрар Рысқұлов даңғылының төменгі жағындағы, Дружба жолының батысындағы, Медеу ауданындағы Горький демалыс бағының сыртындағы аудандар. Тау бөктеріндегі аудандарда жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін және үй салуға рұқсат қағаз алу үшін таңдау кезінде тау етегі жерінің көшу қаупі, аймақтың сейсмикалығы ескерілуі қажет.
Үйдің құнын елеулі түрде арттыратын факторлар:
oo қабырғаның кірпіш материалынан болуы;
oo Көне орталық, Самал, Көктем және басқа таңдаулы аудандарда орналасуы;
oo пәтердің орналасқан қабаты;
oo пәтердің, үйдің орталық бөлігінде (бұрышта емес) болуы;
oo лоджия, балкон, гараждардың болуы.
Барлық факторларды ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалау әдістемесі бар. Тәуелсіз бағалаушы мүлікті бағалау әдісін пайдаланып, шектеулерді ескере отырып, жылжымайтын мүлікті бағалауды іске асырады. Объект жићазымен, тұрмыстық техникасымен және басқа мүлкімен қоса сатып алынған жағдайда, бұл заттар жылжымайтын мүліктің сыртқы түрі, тұтастығы бұзылмай алынуы мүмкін. Алайда бұл факторлар есепке қабылданбайды. Коммерциялық жылжымайтын мүлік құрал-жабдығымен, жићазымен, тұрмыстық техникасымен, не дайын бизнесімен сатып алынған кезде бұл факторлар да ескерілмейді. Коммерциялық жылжымайтын мүліктің профилін немесе осы нысанда жүзеге асырылатын қызметтің түрі бойынша немесе жеңіл ауыстыру мүмкіндігінің себебі бойынша тікелей сатып алынған аудан бағаланады.
Кепілдеменің кепілдік құнын анықтау үшін бағалаудыңүш әдісі бар:
oo сатылатын заттарды тікелей салыстыру әдісі;
oo шығындық әдіс;
oo табыстық әдіс.
Жер учаскесінің құны құрылыстың орналасқан жеріне, жер бедеріне байланысты анықталады. Мүліктіңқұнын барынша төмендетілген өтімділік бойынша шектеулерге, бастапқы талаптарға баса назар аудару қажет.
Осының салдарынан Алматы қаласы бойынша оларды қабылдау мүмкіндіктері шектелуі мүмкін.
Банк тарапынан несие бойынша есептеулердің тұрақтылығына келтірілген жағдайда банкке қарыздар адамның міндеттемелеріне қамту ретінде банкке қосымша кепілдік ұсынылады. Қосымша кепілдікті пайдалану кезінде бағалау әдеттегіндей жылжымайтын мүліктің нарықтық құны бойынша жүргізіледі, бірақ нысананың кепілдік құны нарыққұнынан 30 пайызға төмен болады. Бұл банк тәуекелділігін елеулі түрге келтіреді, өтімділігін арттырады, өйткені мүліктің өз құнының 23-не сату әрі тез, әрі оңай. Несиені талдау және рәсімдеу кезінде қосымша кепілдік құны нарықбағасының 70 пайыз түрінде қабылданады, нақ осы баға кепілдік шартында, бағалау туралы есепте көрсетіледі.
Қосымша кепілдікті тіркеу үшін қажетті құжаттар:
1) нысананы құқықтық анықтау құжаттары;
2) үйдің жоспары;
3) үйдің қарызы жоқ екендігі туралы анықтама;
4) жұбайының, отбасының кәмелетке толған мүшелерінің кепілдікке қою жөніндегі нотариалдық келісім қағаздары;
5) қамқорлық етуші органдардың (кәмелетке толмаған балалардың болу жағдайынды) келісімі.
Жеке адамдардың кепілдік беруі кепілдікті қамтамасыз ету болып табылмайды, клиенттің қосымша активі деп есептелінеді. Бұл кепілдік берушінің, қарыз алушының несие бойынша қарызын өтеуге қатысуы міндеттемесі.
Тұрғын үйді сатып алу кезіндегі міндетті шарт оның міндетті төлемдері бойынша қарызының бар-жоғын тексеру болып табылады. Қандай да бір қиғаштар табылған жағдайда оларды түзету үшін шаралар қолданылады. Ипотекалыққаржыландырудың тағы бір шарты-жылжымайтын мүлік құнының 15-тен 70 пайызына дейінгі мөлшерде бастапқы жарнасын төлеу болып табылады.
Біріншіден, бұл сатып алушының шын ниетін растау. Екіншіден, бұл несиеніңқайтарымдылығы шотындағы тәуекелділікті азайту. Үшіншіден, бұл қаржыны пайдаланғаны үшін банкінің жалпы сый ақысы мен ай сайынғы төлемінің ең төменгі деңгейі.
Ипотекалық қаржыландырудың қажетті шарты сатып алынған жылжымайтын мүлік пен қарыз алушының өмірін сақтандыру болып табылады. Сақтандыру оқиғасы немесе қарыз алушы еңбек ету қабілетін жоғалтқан жағдайда сақтандыру компаниясы күллі қарызын өтейді, ал мүлік не қалдырған өсиеті бойынша, не тікелей мұрагерлеріне беріледі. Банк несие беруге келісім бергеннен кейін тұрғын үй тексеріліп, сақтандыру жасалып, қарыз алушының бастапқы жарнасы салынғаннан кейін жылжымайтын мүлікті сатып алу-сату мәселесі рәсімделеді. Сол күні банк бастапқы жарнаға несие сомасын қосады және сатып алушыға нысананың толыққұнын төлейді. Бұдан әрі жылжымайтын мүлік сатып алушының атына рәсімделеді, ол ай сайын несиені теңүлеспен өтейді. Бұл төлемге банктің алатын сый ақысы және ағымдағы қарыз бойынша төлем кіреді. Біздіңқұқығымызда кепілдік беру институты біраздан бері тәуелсіздік алып, біртіндеп экономикамыз даму жолына түскен жылдарда бұл институт екінші рет өмірге қайта келді. Кешгі жоспарлы экономикалық жағдайында коммерциялық несие беру болмаған заманда кепілдік беру тиісінше дами алмады. Сондықтан кіші ҚСРО кезеңінде кепілдік болды, алайда шын мәнінде аз болды.
90-жылдардың бірінші жартысында реформалардың басталуымен бірге жағдай түбегейлі өзгерді. Нарыққатынастарының дамуы баламасыз құқықтық базасыз мүмкін емес. Осыған байланысты міндеттемелік құқықтар, оның ішінде міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің рөлі едәуір артады. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері деп несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудыңқосымша кепілдіктерін орнату жолымен қарыз алушылардың тиісті міндеттемелерінің орындалуын ынталандыратын мүліктік сипаттағы, заңмен немесе келісім шартпен көзделген арнайы шаралар деп түсінеміз.
Жылжымайтын мүлік кепілдігі (ипотека) несиені қамтамасыз етудің анағұрлым кең таралған түрі болып табылады. Бұл жылжымайтын мүліктің ақшаға айналу қабілетімен, жоғары бағалылығымен, ұзақ уақыт тұтынуға болатындығымен байланысты негізгі регламент ететін құжат заңды күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 23-желтоқсанында шыққан Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы жарлығы болды. Азаматтық кодексте қамтамасыз етудің бұл түріне 299-328-баптар арналған. Бір тараптан, кепілдік-әмбебап қамтамасыз ету, басқа тараптан, өндірісті алу үшін процедура, конституцияның (6-бап, 1-тармағы) баптарында әрбір азамат жекеменшікке ие болу керектігі 13-бап, 1- тармақта соттың тәртібімен өз құқықтарын қорғауға құқылы екендігі, 25-бапта тұрғын үйге қол сұғылмайтындығы жазылған. Ипотеканы рәсімдеу кезінде кепілдік шартын жасау міндетті шарт болып табылады. Кепілдік туралы шарт тараптардың міндеттері мен құқықтарын туғызады. Міндеттемені орындау мерзімі туғанға дейін, жылжымайтын мүлік кепілдік берушуніңқолында қалып отырған жағдайда кепілдік ұстаушы кепілдік затының сақталуы үшін қажетті шараларды қолдануға кепілдік беруден талап етуге құқылы. Нысананың (объектінің) тозуын анықтау:
Жалпы тозу сомасы мынаған тең:
U3= Uтаб+ Uфунк+ Uсыртқы, (1.1)
мұндағы:
Uтаб - табиғи тозу сомасы;
Uфунк - функционалды тозу сомасы;
Uсыртқы - сыртқы тозу сомасы.
Функционалды тозу көлемді жоспарлы немесе конструктивтік шешімнің осы заманғы стандарттарға сәйкес келмеуі ретінде анықталады, басқа сөзбен айтқанда, функционалды тозу бағаланған объектінің уақыт рухына сай келмеуін білдіреді. Сәйкес келмеудің себебі бір нәрсенің жетіспеушілігі, не артық болушылығы. функционалды тозуды жою үшін қайта құру қажет, бұл үшін қаржы керек. Сыртқы тозу сыртқы ортаныңәсерінен болады. Олар мыналар: нарық жағдайы, қоршаған инфрақұрылымның өзгеруі, сейсмикалық және экологиялық жағдай [1].
Объектінің бағасын табыс тәсілімен анықтауға болады. Олар мыналар:
1) Oбъектіні пайдалану кезінде кіріс көзі ретінде клиенттер қаралады (коммерциялық жылжымайтын мүлік, келесі жалға беру үшін тұрғын үйді сатып алу).
2) Объектілерді салу, қайта салу не жөндеу кезінде олар кіріс көзі ретінде пайдаланылуы мүмкін.
3) Бағалауға басқа кірістерді пайдалану үшін ақпараттың жеткіліксіздігі сезіледі. Бұл әдістің принципі белгілі бір мерзімге жалға беру жағдайында жылжымайтын мүліктің мүмкін болатын өзін-өзі ақтау есеп арқылы құнын анықтауға әкеліп салды. Күллі әдісті есепке ала отырып, бағалаушы объектінің бағасын анықтағаннан кейін нәтижелерді үйлестіре жүргізеді, объектінің бағасына біржолата түзетулер енгізіп, объектінің бағалау құнын шығарады.
Мүлік кепілдігі кезінде қамтамасыз ету кепілдігін дұрыс және нақты бағалау аса маңызды сәт болып табылыды. Шартты түрде жылжымайтын мүлік төрт топқа бөлінеді:
1) құны АҚШ-тың 50 мың долларына дейінгі тұрғын үй жылжымайтын мүлкі;
2) құны АҚШ-тың 50 мың долларынан астам тұрғын үй жылжымайтын мүлкі;
3) құны АҚШ-тың 50 мың долларына дейінгі коммерциялық жылжымайтын мүлкі;
4) құны АҚШ-тың 50 мың долларына астам коммерциялық жылжымайтын мүлкі;
Әртүрлі әдіспен объект бағаларын есептеу спецификасы, кейбір жағдайларда бағаға әсер ететін әртүрлі коэффициентті пайдалану нысаны мақсат бойынша болуды туғызып отыр. Шамамен алғанда құны 50 мың долларынан астам объектіні бағалау кезінде барынша дәл неғұрлым еңбекті көп қажет ететін әдістерді пайдалану қажет. Бағалауды қарау кезінде құқықтық тұрғыдан ешқандай сезім туғызбайтын құжаттар қабылданады.
Бағалаудың негізгі принциптері:
1) Пайдалылық принципі - жылжымайтын мүлік объектісі меншік иесініңқажеттілігін қанағаттандырған сайын, соғұрлым оның пайдалылығы, құндылығы арта түседі;
2) Орын ауыстыру принципі - пайдалылығы немесе табыстылығы бойынша біртекті жылжымайтын мүлік объектілер нысанын анықтау кезінде бағасы қымбат емес объектілер жоғары сұраныспен пайдаланылуы мүмкін.
3) Күту принципі (негізінде коммерциялық жылжымайтын мүлік үшін қолданады) - жылжымайтын объектіні пайдаланудан әлеуетті меншік иесі қандай табыс немесе қандай пайда күтуді анықтайды.
4) Үлес принципі - объектінің құнын анықтау үшін, әрбір фактордың, оның аса маңызды элементтерінің үлесін анықтап, объектінің құны мен пайдалылығын қалыптастыру қажет.
5) Тепе-теңдік принципі - әрбір жер пайдалану типі үшін, белгілі бір объективтіліктің компоненттері қажет, олардың оңтайлы бірігуі жылжымайтын мүліктің ең жоғарғы құнын қамтамасыз етеді.
6) Сұраныс пен ұсыныс принципі - бұл жылжымайтын мүлік бағасы сұраныс пен ұсыныстыңөзара іс-қимыл нәтижесінде өзгеретінін білдіреді.
7) Сәйкестік принципі - архитектуралық біркелкіліктің парасатты деңгейі және жер пайдаланудың ортақ сипаты бар жерде жылжымайтын мүлік объектісінің құны жоғары болады [2].
БТА Ипотека акционерлік қоғамының компаниясы бірінші 100 пайыздық жеке меншік компания болып табылады және де ипотека нарығында екі жылдан астам жұмыс істеуде. Қазіргі уақытта компания үш ірі және арнайы ипотекалық компаниялардың бірі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің қарызға беру операцияларын жүргізуге болатын лицензияға ие. Компания Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің банктік заңдамаларында көрсетілген операцияларды теңгемен жүргізуге 2001 жылы 20 желтоқсанда №27 құжатын алған. Ол лицензия келесі операцияларды жүргізуге құқығын береді:
1) Банктік операцияларды теңгемен жүргізу:
қарыз операциялары: ақылы, тездетілген және қайтарымды шарттарға сәйкес несиелерді ақшалы формада беру;
сенімділік (трасталық) операциялар: Қазақстан Ипотекалық компания жабық акционерлік қоғамы - кепілдік берушінің тапсырысы мен мүддесі бойынша, ақшалар мен бағалы қағаздарды басқару.
2) Факторингтік операциялар жүргізу: төлей алмау тәуекелдігін ескере отырып, сатып алушыдан тауарлардыңқұнын төлеу құқықтарын алу.
Қазіргі кезде БТА Ипотека акционерлік қоғамының жарғылық капиталының көлемі 01.01.2002 жылдың көрсеткіші бойынша, 40 миллион теңгені құрайды, яғни 100 теңге номиналындағы 400000 жай акциялары. БТА Ипотека акционерлік қоғамы ТұранАлем Секьюритиз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің дочернее компаниясының бірі болып табылады. ТұранАлем Секьюритиз жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы 28 миллион теңгені құрайды.
Компанияның жалпы қызметіне сипаттама беретін болсақ, ол екі бағытта жүреді:
- тұрғын үй мүлкін несиелеу;
- коммерциялық мүлікті несиелеу.
Төменде бұл қызмет түрлеріне толығырақ тоқталып кетсек деймін. Компания өз қызметін ипотекалық несиелеуде, яғни тұрғын үй мүлкін (пәтер, жер учаскесімен бірге жеке үйлер) сатып алуға, жөндеуге немесе салуда көрсетеді. Компанияның клиенттері мен жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар бола алады. Соңғы жағдайда бұл категорияға тек жұмысшыларына баспана алатын заңды тұлғалар ғана жатады. Қазақстанда табысты қызметті жүргізу үшін, компания клиенттеріне коммерциялық мүлікті сатып алу, жөндеу және салуға несие береді. Клиенттері кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке және заңды тұлғалар бола алады. Коммерциялық және тұрғын үй қарызы компанияның меншік немесе қарыздық, яғни ТұранАлемБанкінен немесе басқа да қаржылық мекемелердіңқаражатынан алынады. Жалпы компания қызметін қаржыландыратын амалдарды алатын болсақ, олар:
- қор нарығында ипотекалық облигацияларды тарату;
- ссудалық капитал - ТұранАлемБанк банкаралық нарығынан несие қаражаттарын қарызға алу;
- акционерленген капитализация - ТұранАлем Секьюритиз қатысушы партнерлерді тарту;
- пұлдарды қалыптастыру және ипотекалық куәліктерге ЕББР және Темірбанк кепілдеме беру;
- БТА, ҚИК шарттарына байланысты несиелерді сату және ҚИК талаптарын беру құқықтарын ҚИК-тен сатылған несиелер баланстан шығарылады, бірақ несиені толықөтемегенше шартты түрде қалады.
БТА Ипотека акционерлік қоғамы Қазақстан Республдикасының ипотекалық несиелеудің нарығындағы еңүлкен операторының бірі болып табылады. Әр түрлі бағалауға сәйкес, компания қызметінің нәтижесіне қарасақ, беріліп жатқан тұрғын үй ипотекалық несиелеудің 30-40 пайызын құрайды екен. БТА Ипотека акционерлік қоғамы аймақтық дамуға ерекше көңіл бөледі. Компанияның даму стратегиясының ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Қазіргі кезде Алматыда басты офисі қызмет көрсетеді, ал компанияның елшіліктері Астана, Атырау, Қостанай, Көкшетау, Павлодар, Петропавл, Орал, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Тараз, Қарағанды, Шымкент қалаларында. Жақын уақытта компания мемлекеттің барлық басты аймақтарында өзінің елшіліктерін ашуды жоспарлап отыр.
Компания жүйелі және тереңдетілген мониторинг, аймақтық маркетингтік зерттеулер жүргізеді. Осы жылы компания аймақтық желіні көбейтуді жоспарлауда.
Жоғарыда айтып кеткендей, БТА Ипотека акционерлік қоғамының басты қызметтерінің бірі ипотекалық несиелеу болғандықтан, несиені беру шарттарына кесте түрінде тоқталып кетсек.
Несиелік портфельге мониторинг жасау:
oo несиелік портфельге мониторинг жасау тәуекелділікті минималдау және портфельдің жоғарғы сапасын сақтаудың келесі кезеңі болып табылады. Мониторинг құқықтық бөліммен есеп және талдау ретінде іске асырылады. Бөлім төлеуден жалтаратын клиенттерді тауып, ақпараттық құқықтық бөлімге бағыттайды. Ол өз алдына клиенттермен жұмыс жасайды;
oo несиелік портфельге мониторинг жасаумен қатар компания портфельді мерзімдік түгендеуге тексеру жүргізеді және тәуекелділікке кіретін топтағы несиелерді жояды;
oo тәуекелділікке кіретін топтағы несиелер риэлторлармен басты қарыздың қалдық құнымен жүзеге асырылады. Компания несие қаражатын қайтарады, сонымен қатар жеке несие портфелі жоғарғы өтімділік сақтап қалады.

Кесте 1 - Несиені беру шарттары көрсетілген*
Клиент
Жеке немесе заңды тұлға - резидент 60 жастан жоғары болмау керек. 60 жастан жоғары болсанесие алуға компаниядан рұқсат алуы керек.
Жеке тұлға - резидент емес билігі бар органдарда тіркелуі қажет және де мүлікті алу үшін тұрғын үй департаментінен рұқсат алуы қажет.
Заңды тұлға - Қазақстан Республикасының заңына сәйкес республика территориясында орналасқан және тіркелген кәсіпорындар несие алуға құқылы
Валюта
Теңге, доллар
Қаржыны беру
Қолма қол және қолма қол емес
Несиені төлеу реті
Ай сайынғы төлемдер келесі формуламен есептеледі:
Ай сайынғы төленетін сома = кредит*i1-(1+i)-п дәрежесі,
Мұндағы i - сыйақы мөлшерлемесі; п - периодтар мөлшері
Мақсаты, територия және объект
Қаржыландыру көп қабатты үйлерден пәтерлерді 1 немесе 2 нарықтан сатып алу, жаңа үйді салу, жөндеу жұмыстарына беріледі. Объект тек Қазақстан Республикасының территориясында болу қажет
Клиентке қойылатын міндетті талаптар
1 төлемді төлеу үшін меншік қаражатының болуы;
тұрақты табыс көзінің болуы;
мүлік түріндегі қосымша кепілдіктің болуы;
жұмыс берушінің кепілдігінің болуы;
ақша қаражаты және екінші дәрежелі банктегі депонирленген қаражатының болуы;
қажет жағдайда үшінші тұлғаның кепілдігінің болуы.
Сақтандыру
Өмірде клиенттің жұмысқа жарамдылық қабілетін анықтау және мүлікті сақтандыру қызметі клиенттің өз қаражатынан қаржыландырады
* [8]

Жетістіктері:
oo БТА Ипотека компаниясының ең табысты да көрнекті дамуы несиелік портфельдің экспансиясының динамикасы болып табылады: 500 миллион теңге сомаға ипотекалық облигацияларды сату, тарату және листинг В компаниясына ендіру;
oo ЕБРР жағынан компанияныңқаржылыққызметіне несиелеу туралы жобаны жасау және оны қарқынды түрде жүзеге асыру;
oo ЕБРР жағынан тексеру несиелеу көлемін әрі де кеңейту жөнінде жобаны дайындау және ЕБРР капиталын жарғылық капиталға ендіру;
oo Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығының 20-25 пайызын сақтап қалу және нарықтағы алдыңғы қатарлы компанияның бірі болу.
Дамудың басты бағыттары:
oo бағалы қағаздар нарығында ипотекалық облигацияларды әлі де тарату. Компания көктемде 1 млрд. теңгеге ипотекалық облигация шығаруды жоспарлап отыр;
oo шетелдік инвесторларды компанияның жарғылық капиталына тарту:
oo несиелік экспансияны өсіру мақсатында тартылған қордың көлемін көбейту және соған байланысты халыққа деген несиелік мөлшерлемені азайту.
Қызметті қаржыландырудың амалдары:
oo ссуданың капиталы БТА банк аралық нарығынан несие қаражаттарын қарызға алу;
oo қор нарығында ипотекалық облигацияларды тарату;
oo акционерленген капитализация - қатысушы партнерлерді ТұранАлем Секьюритиз қатысушы партнерлерді тарту;
oo пұлдарды қалыптастыру және ипотекалық куәліктерге ЕББР және Темірбанк кепілдеме беру;
oo БТА, ҚИК шарттарына байланысты несиелерді сату және ҚИК талаптарын беру құқықтарын ҚИК-тен сатылған несиелер баланстан шығарылады, бірақ несиені толықөтемегенше шартты түрде қалады. Клиент тарапынан несие өтелмей қалатын болса, қайта сатып алу міндеттесі жүзеге асырылады.
ЦентрАудит жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстандағы ірі аудиторлық компания болып саналады, ол БТА Ипотека акционерлік қоғамына 2001жылы және 2002 жылы аудит жүргізді. 2003-2004 жылдары компанияныңқаржылық аудитін жүргізу үшін БТА Ипотека акционерлік қоғамы Е+4 компаниясының көмегін пайдалануды жоспарлауда.
Нарықта негізгі операторлар болып табылатын келесі несиелік кәсіпорындар:
1) Казкоммерцбанк 2000 жылдың көктемінде программаны дамытты;
2) Лариба банк - 1995 жылдан бастап программаны дамытты;
3) Астана - финанс - 1999 жылдан бастап программаны дамытты;
4) ҚИК - 2001 жылдың тамызынан бастап жұмыс істеуде;
5) БТА ипотека - 2001 жылдың басында программаны дамытты.
БТА Ипотека акционерлік қоғамы несиелеу нарығында жетекшілердің бірі болып табылады. Бұл ипотекалық несиелеу нарығындағы экспоненциалды өсу компоненттерінің активтері мен пассивтерінің өсуінде көрінеді. Компанияның активтері мен пассивтерінің өзгеруі компанияның даму үрдісінде екенін көрсетеді.
1.2 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің тағайындалуы және мақсаты

Ақпараттық жүйе (АЖ) - бұл қолданушылардың талаптары бойынша ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беруге арналған жүйе. Ақпараттық жүйе программалыққұралдар кешенін тікелей шешетін есептерді қамтиды.
Қазіргі кезде ақпараттық жүйенің пайдалану аймағына, жасалу тәсілдеріне, техникалық базасына, байланысты қолдау аппаратына тәуелсіз мақсаты болып толық, шынайы және уақтылы ақпаратты беру табылады.
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің жасалу мақсаты әрбір клиент бойынша қаржылық ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу, іздеу және беруді автоматтандыру болып табылады.
Экономикалық ақпараттық жүйесін жасаудың негізгі мақсатына сәйкес ақпараттық жүйенің мәселелері болып келесілер табылады:
1) жұмыстың жеделдігі және ипотекалық несиелеу бөлімі қызметкерлерінің еңбегініңөнімділігі;
2) берілетін деректердің шынайылығы;
3) клиент сұранысы бойынша филиалдар туралы деректерді алу жеделдігі;
4) берілетін ақпараттың сенімділігі мен қорғалуы бойынша талаптар кешенін орындау.
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің тағайындалуы болып қаржылық, атап айтқанда есептер, қалдықтар және корпоративті клиенттердің операциялары жөніндегі ақпараттыңқалыптасуы, бақылануы, беруін иелерінің талаптары бойынша жұмыстарды автоматтандыру.
Жүйенің функционалды және ақпараттыққұрылымы әрі қарай дамытуға және қосымша есептер кешенін қосуға ашық болуы керек.
Қолданушы үшін жүйе ыңғайлы, достық интерфейске және санкцияланбаған әрекеттерден қорғауға ие болуы керек.
Компьютермен жұмыс кезіндегі достық интерфейс қызметкерлер жұмысыныңөнімділігі мен сапасын ұлғайтуға мүмкіндік береді.
Несиелеу бөлімінде жұмысшылардың жұмыс орнын автоматты түрде құру немесе ақпаратты пайдалану және эксплуатацияға дербес компьютерді енгізу Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесін өңдеудің тағайындалуы болып табылады. Бұл құжаттыққағазды қысқартады және дұрыстығын бақылауға кеткен қосымша шығындарды жояды.
Ақпараттық жүйенің функционалдық жіне ақпараттыққұрылымыныңәрі қарай дамуы ашық түрде болуы керек және қосымша кешендік есептерді қосады.
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесін эксплуатациялау шешімі бойынша жүйе модернизациясы қаралады: жаңа мәліметтер базасын қосу мүмкіндігі; программалық модульді ақпараттық жүйеге енгізу мүмкіндігі [3].
1.3 Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің құрылымына талаптар

Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің есептер тізімі:
oo енгізу және редакциялау;
oo борышқорларды қарап шығу;
oo есеп беру;
oo икемдеу.
Есептердің өзара байланыс схемасы 1-суретте көрсетілген.

борышқорларды қарап шығу

икемдеу
есеп беру

енгізу және редакциялау



Сурет 1. - Есептердің өзара байланыс сұлбасы
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесінің қорларына талаптар
Ақпараттық жүйеніңқұрылымы - бұл ақпараттық жүйенің элементтері мен ішкі жүйелерінің өзара байланыстарының ішкі кеңістіктегі уақытша тұрақты бір тәртіппен құрылуының арқасында, сол ішкі жүйелердің функционалдық міндетінің анықтала түсуі және олардың сыртқы ортамаен байланысы.
Ақпараттық ресурстар дегеніміз бір фирмаға құндылық және материалдық ресурстар болып табылатын мәліметтер жиынтығын айтамыз, оған ішкі жадыда сақталатын негізгі көмекші мәліметтер массиві және кіру қүжаттары жатады.
Ақпараттық жүйе ресурстарына келесі талаптар қойылады: ұйымдастырумен жабдықтауға қойылатын талаптар, математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар, программалық жабдықтауға қойылатын талаптар, техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар, ақпаратпен жабдықтауға қойылатын талаптар.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы. Жұмыс істеу жағдайына ақпараттық жүйе персоналыныңқызмет етуін регламентациялау, ұйымдастырумен жабдықтау құжаттар жиынтығына кіргізуі керек:
oo басқару құрылымыныңұйымдастырылуы;
oo қызмет инструкциясы;
oo жеке шарт;
oo техникалық тапсырмалардың тізімі;
oo операторға нұсқау;
oo АЖ функциясының орындалуын бейнелеу.
Есептерді шығару үшін ұйымдастырумен жабдықтау АЖ - ны функцияландандыру және енгізу үшін келесі талаптарға жауап беру керек:
oo есеп шығару процесінде пайдаланушылар мен техникалыққұралдардың бір-бірімен өзара әрекетте болуы;
oo авторластырылған мамандарға есеп шығаруға кіруді қаматамасыз ету;
oo сенімді және нақты болуы;
oo қолайлы және көрнекі болуы.
Сонымен қатар келесі сұрақтардың шығарылуын қарастыру:
oo пайдаланушылар инструкциясы негізінде персоналды оқытуға ұйымдастыру;
oo автоматтандырылған объектіні енгізуге жауаптыларды енгізу.
Математикалық жабдықтау - ақпаратты өңдеудің алгоритмініңүлгісі
және математикалықәдістердің жиынтығы. Ипотекалық несиелеу математикалық жабдықтауының ақпараттық жүйесі нақты есептерді шығару үшін программаларды өңдеу мүмкіндігін қамтамасыз ету. Математикалық жабдықтаудың АЖ - н кіргізу керек:
1) типтік және өндірілген методикалар, жинау алгоритмі және ақпаратты өңдеу (ЭЕМ - на мәліметтерді енгізу, шынайылықты басқару және т.б.);
2) алгоритмдерді іздеу және мәліметтерді сұрыптау.
Математикалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесінің негізгі талаптары келесілер болып табылады:
3) математикалықәдістер мен алгоритмдерді қолдану;
4) шешімнің тұтастылығын және бір мағыналығын қамтамасыз ету;
5) программалау тілінде есеп шешімінің алгоритмдерін бейнелеуге максималды қолдану мүмкіндігі;
6) есептердің функционалды өзара байланысын қамтамасыз ету.
Техникалық жабдықтау - бұл ақпараттық жүйені жұмыс істетуде қолданылатын техникалық жабдықтар жиынтығы. Ақпараттық технологиялардың негізгі этаптарына сәйкес барлық техникалыққұралдарды келесі функционалдық топтарға бөлуге болады:
oo ақпаратты дайындау, жинау және тіркеу құралдары;
oo ақпаратты тапсыру құралдары;
oo ақпаратты өңдеу құралдары;
oo ақпаратты беру құралдары.
Техникалық жабдықтаудың ақпараттық жүйесі келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
oo ақпараттық есептерді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-ғы шағын және орта бизнесті несиелендіру
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
«Банк Центр Кредит» АҚ-ның мысалы негізінде Қазақстанда шағын және орта бизнесті несиелендіруді ұйымдастыруды жетілдіру
Тұрғын үй несиелендіру саясаты, қазіргі жағдайы және даму болашағы
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасындағы шаруашылық субьектілерін несиелендіруді талдау («сика» ақ мысалында)
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті несиелендіру жүйесінің теориялық және тәжірибелік негіздерін жетілдіру
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу мәселелерін талдау
Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі
Несие операцияларын басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу ( казкоммерцбанк материалдары негізінде )
Пәндер