Экономикалық даму



Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3


1 Экономикалық дамудың циклдық теориялары ... ... ... ... ... ..5
1.1 Циклдік ауытқу . экономиканың жалпыға ортақ дамуының формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Экономикалық цикл теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15


2 Экономикалық цикл факторлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.1 Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Мультипликатор . акселератор өзара әрекет ету тұжырымдамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22


3 Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1 Циклдік дамудың өзіндік ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.2 Циклге қарсы мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28


Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Кіріспе

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде оның төрт фазасы ауысады.
Экономикалық цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы, мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен айқындалады.Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс көлемінің кенеттен төмендеуі.
Қазіргі нарықтық маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік және коммерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды. Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі. Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданғанда, онда айырбас процесі Т-А-Т екі қарама – қарсы актіге үзіледі:
1) сату Т-А болса,
2) сатып алу А-Т болмақ.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың үзіліссіз тербелуі осы нарықтағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыну аясында да ұсыныс масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден, бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Әкімбеков.С, Баймұхамедова.А.С. «Экономикалық теория»
Алматы: 2005 ж., 256-бет
2. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты.
3. Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 10 том, 563-бет
4. Дүйсенбиев. Ш. К. «XXI ғасырға кандай экономика мен кіреміз»
Алматы: 2001 ж., 96-бет
5. Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық.- Алматы: Жеті жарғы, 2008 ж., 952-бет
6. Киселева Е.А. «Макроэкономика» Москва: 2005 ж.
7. Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан – 2030»
8. Шеденов Ө.Қ. Сағындықов Е.Н. Комягин Б.И. Жүнісов Б.А. Байжомартов У.С. «Жалпы экономикалық теория» Ақтөбе, «А-Полиграфия», 2004 ж., 487-бет
9. Тоқсейітов Р.Қ. Экономикалық сөздік- анықтамалық // Қарағанды : 2006 ж.,84-бет
10. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы : 2002 ж., 352 бет
11. Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория.Астана: 2006 ж., 36-бет
12. "Экономикалық теория негіздері" Санат,Алматы: 2005 ж., 476-бет
13. "Қазақстан экономикасын тұрақтандыру және нарыққа өту бағдарламасы"
Алматы: 2001 ж., 5-бет
14. А.Б.Темірбекова, Қ.С.Байшоланова, Ж.Ж.Бектұрсынова "Экономикалық теория негіздері" Алматы, 2008 ж.
15. Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011 ж.,185-бет

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 3

1 Экономикалық дамудың циклдық теориялары ... ... ... ... ... ..5
1.1 Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының
формасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..5
1.2 Экономикалық цикл
теориялары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12
1.3 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...15

2 Экономикалық цикл факторлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 20
2.1 Экономикалық циклдің ішкі және сыртқы факторлар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 20
2.2 Мультипликатор – акселератор өзара әрекет ету
тұжырымдамасы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 22

3 Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...27
3.1 Циклдік дамудың өзіндік
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..27
3.2 Циклге қарсы мемлекеттік
реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .28

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .32
Қолданылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..35

Кіріспе

Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде
оның төрт фазасы ауысады.
Экономикалық цикл өндірістің, инфляцияның және жұмыспен қамтылу
деңгейінің өзгеруі. Циклдік өзгерістер автономды инвестициялардың азаюы,
мультипликатор әсерінің әлсіреуі, ақша жиыны көлемінің өзгеруі, негізгі
қорлардың жаңаруы, т.б. себептерге байланысты.
Қазіргі нарықтық өндіріс бір қалыпты әрі үзіліссіз еместігімен
айқындалады.Өндірістің экономикалық өсуі және бір қалыптылығы үнемі оның
құлдырауымен қосақтасып отырады. Экономикалық дағдарыс – бұл өндіріс
көлемінің кенеттен төмендеуі.
Қазіргі нарықтық маркетингтік зерттеулерді фирма, корпорациялардың
кеңінен қолданғандығына қарамастан, олардың ешқайсысы өзінің өндірістік
және коммерциялық қызметінің барлық салдарын дәл есептей алмайды.
Біріншіден, бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендігі белгілі.
Қай кезде ақша айналым құралы ретінде қолданғанда, онда айырбас процесі
Т-А-Т екі қарама – қарсы актіге үзіледі:
1) сату Т-А болса,
2) сатып алу А-Т болмақ.
Екіншіден, бағалы қағаздардың тауар нарықтарындағы бағалардың
үзіліссіз тербелуі осы нарықтағы сұраным мен ұсыным арасындағы
диспропорцияның тұрақты пайда болуын байқатады. Егер осы диспропорциялар
ұзақ сипатқа ие болса, онда өндіріс пен тұтыну аясында да ұсыныс
масштабының сұранымға өзгеруіне алып келеді.
Үшіншіден, бұл капиталдың артық қорлануы. Өндірістің ұлғаюы төлем
сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келеді. Сондықтан да экономикалық
дағдарыстарды әдетте, артық өндіру дағдарысы деп те атайды.
Жоғарыда айтылған мәселелерден экономикалық циклдің мазмұны көрінеді.
Осы себептерге сәйкес бұл тақырыпта, осы курстық жұмыс бойынша жалпылама
мынадай мәселелер қарастырылады:
- Экономикалық дамудың циклдік теориялары.
- Экономикалық цикл факторлар жүйесі.
- Қазіргі циклдік дамудың ерекшеліктері.
Бұл тақырыпты таңдап алудың негізгі себебі, экономиклық циклдің дамуын,
пайда болу себептерін, формалары мен факторларын, ауытқуға қарсы
мемлекеттік шараларды ашып көрсету. Әрбір экономист экономикалық циклға
байланысты негізгі мәселелерді білуі тиіс.
Сонымен бірге, бұл курстық жұмысты жазу барысында түрлі оқулықтар,
журнал мақалалары, статистикалық жинақтар қолданылды.

1. Экономикалық дамудың циклдық теориялары

1.1 Циклдік ауытқу – экономиканың жалпыға ортақ дамуының
формасы
Экономикалык даму бір бағыттағы ғана мақсат процесс болып саналмайды,
оған тек алға жылжу ғана емес, кейін шегіну де тән. Оның болжап білуге
болмайтын сипаты мен экономиканың жұмбақ сыры және мәңгілік кұпиясы,
міне, осында. Капиталистік экономиканы қалыптастырудан бастап, қолайлы
экономикалық ортадан қолайсыз экономикалық ортаға дейінгі экономикалық хал
– ахуалдың өзгеру процестері заңдылыққа айналды және экономика барған
сайын циклді сипатқа ие болуда, яғни оның дамуы, циклді, белгілі бір
сатылар бойынша өтеді. Дағдарыс - экономикалық циклдің сипатты сатысы
(фаза) болып саналады.
Экономикалык дамудың циклдік себептері:
1) тауарлы өндіріс - экономиканы алдын-ала байыпты түрде болжап білудің
мүмкін еместігі;
2) экономикалық субъектілер мүдделерінің көптігі, сондықтан да
нарықтық экономиканы алдын-ала болжап білудің мүмкін еместігі,
тәжірибедегі олардың тепе-теңсіздігі;
бәсекелестік – экономика ішіндегі объективті өзгерістерді тұрақты
қозғаушы;
өндіріс мүмкіндіктерінің объективті қарама қайшылықтары (шектелген
ресурстар мен қоғамның қажеттілік арақатынасы).
Дамудың циклділігі қоғамдық таңдауда экономикалық драма, қоғамдық
баламалық, қоғамдық шығындарға әкеледі.
Циклдік дамудың бірінші себебі, тіпті экономиканың шектен тыс
құлдырауына әкеледі. Мәселен, тауарлы үлгідегі экономика алғашқы беттен-ақ
өзін болашақта болуы мүмкін дағдарысқа даярлайды: себебі, ақшамен ортақ (Т
- А- Т) тауарлы қарапайым қозғалысы, ең алдымен кеңістікте және уақыт
аралығында шашыранды түрде болады. Бір тауарды сату басқа тауарды міндетті
түрде сатып алуы негіз болып саналмайды.
Мұндай ахуалдың көп рет қайталануы дағдарысқа алып келуі мүмкін. Әрі
қарай, төлем қызметін ақшамен атқаруда осыған ұқсас қауіпті туғызады. Бұл
функция тауарларды несиеге сату, соған байланысты борыштарды мерзімінде
төлемеді деп болжайды. Егер сатып алушы, вексель арқылы уақытында төлемесе,
онда ақша ала алмаған сатушы өндірісті одан әрі қарай жалғастыра алмайды,
сондай-ақ өзінің кредиторымен де есептесе алмайды, сондықтан олардың
өндірісі де тоқтайды. Мұндай болуы мүмкін дағдарыс алғышарттары, нарықтық
экономиканы объективті болжап білуге болмайтын, ондағы субъективті
экономикалық мүдделердің көптігі мен әр бағыттары туындайды.
Жекелеген экономикалық субъектілердің өз пайдаларына қол жеткізу
процесі, басқаның және ортақ пайданы ескерудің қажеттілігімен қарама-
қайшылықты байланыста болады, сондықтан әртүрлі субъективті экономикалық
тәртіп, жоғары экономикалык конъюнктура оның баяулауына, тіпті төмендеуіне
әкеледі.
Егер, циклдің бірінші себебі жалпы экономикалық сипатқа ие болса,
екінші – субъективті, ал қалған 3 себептерін прогресті анықтаушы,
стратегиялық деп шартты түрде белгілеуге болады. Өйткені олар:
қажеттіліктерді таңдау, ресурстарды бөлу, нарық бәсекесі шеңберінде
ресурстарды пайдалануды өзгерту, экономиканы прогрессивті дамытушы болып
саналады, экономикалық мүмкіндіктер мен өндіріс нәтижелерін жаңа деңгейге
көтереді.
Экономикалык циклдер теориясы, халық шаруашылығының қозғалысын
түсіндіретін экономикалық өсу теориясына, сонымен қатар экономикалық
динамика теориясына жатады. Егер өсу теориясы ұзақ мерзімдік өсу факторлары
мен жағдайларын зерттейтін болса, онда цикл теориясы уақыт бойынша
экономикалық белсенділіктің өзгеру себептерін зерттейді.
Экономикалық цикл табиғаты осы уакытқа дейін ең даулы және ең аз
зерттелген проблемалардың бірі болып саналады. Осы проблемалармен
айналысатын зерттеушілерді, қоғамдық өмірдегі циклді кезеңді мойындамайтын,
сол сияқты экономикалық циклда теңіз ағысы сияқты тұрақты деп мойындайтынын
бөлуге болады. Бірінші бағыттың өкілдері (неоклассиктер) циклдік
экономикалық жүйегс кездейсоқ әсер етудің (серпіліс немесе әлсіреу)
салалары деп санайды.
Екінші бағыттың өкіддері циклді өзіндік үлгідегі әлемнің бөлінбейтін
"атомы" ретінде қарастырады. Олардың түсінігінде цикл бұл – материалдық
әлемнің айрықша әмбебап және абсолютті құрылымы. Циклдің құрылымын,
өзара қарама - қарсы әрекет етуші және өзара байланысты екі материалдық
объект құрайды.
Ең қарапайым анықтамада цикл, сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі
көрінетін кезеңнің шарықтауы мен нарық конъюнктурасының төмен түсуін
(падение) сипаттайды. Цикл өсудің құлдыраумен алмасқан кезіндегі,
экономиканың үздіксіз ауытқуы болып саналады.
Циклдің басты қасиеті – бұл ұлттық өнімнің (табыстың) ауытқуы. Циклдер
теориясында табыстардың өзгеруінің үш түрі бар:
1.Тұрақты өсу;
2.Өсудің біркелкі еместігі;
3.Ауытқу (экономиканың ауытқуы түріндегі даму).
Өсу ретінде (табыстар, ЖҰӨ, капитал жұмсау , тұтыну және т.б.) тұрақты
немесе біркелкі емес даму түсіндіріледі.
Ауытқу ретінде өсу мен құлдырауды кезеңінің алмасуы түсіндіріледі.
Құлдырау осыған орай көрсеткіштердің жоққа шығарушылық динамикасын
сипаттайды. Бұдан, ауытқушылықтың қанша түрі бар, сонша цикл да болады
деген қорытынды шығады Мәселен, толқындардың қарқын циклі, капитал жұмсау,
инновация, өнеркәсіптік және т.б. цикл да өмір сүреді.
Дегенмен, экономиканың неғұрлым маңызды агрегат екендігін білдіретін
циклдер де бар. Олардың ішінде - бірнеше жылғы үрдістерді білдіруші немесе
әлденеше ондаған жылдарда (50-70 жыл) қамту, Кондратьев толқындары қалыпты
- 8-10жылдық және шағын циклда немесе 2-3 жылдық Кичи циклдері; маусымдық -
жарты жылдық ; қысқа мерзімді салалық және т.б. цикл.
Экономика теориясы циклдік себебінің үш түрін бөліп көрсетеді:
1)Экономикалық жүйеге салыстырмалы сыртқы цикл - кұбылыс;
2)Жалпы экономикаға тән ішкі цикл - құбылыс;
3)Бір сатыдан екінші сатыға өту кезіндегі берік және кездейсоқ
құбылыстардың, ішкі және сыртқы факторларының жиынтық цикл себептері.
Қазіргі уақытта зерттеушілер, сыртқы (экзогенді) факторлар бұл
циклдердің бастапқы серпінін туғызушы, ал ішкі (эндогенді) себептер бұл
серпіндерді сатылық ауытқушылыққа айналдырады деп болжайды.
Экзогенді (экономикадан тыс) себеп циклдер ішінде ғылыми -техникалық
жаңалық ашу, жаңа жер байлығын ашу, көшіп - қону, халық динамика, соғыс
және басқадай циклдер бар. Эндогенді себептер ішінен батыс зерттеушілерінің
көпшілігі байлыққа деген сұраныс ауытқуларын көрсетеді. Сондықтан,
циклдер проблемаларына негізгі назар аударушы ретінде мультипликатор -
акселератор тетіктері қойылады. Осыдан шығара отырып, циклдерде екі сатыны
көрсетілу шыңы мен ең төмен кұлдырауының екі нүктесі болатынын ерекшелеп
көрсетуге болады.

ЖҰӨ

Сурет 1. Экономикалық цикл

В – құлдырау, А- құлдыраудың ең төменгі нүктесі, В1- ең жоғарғы
көтерілу.
Құлдырау белгілері - қорларды жою, өндірістік инвестицияларды қысқарту,
еңбекке деген сұраныстың төмендеуі, пайданың күрт азайып кетуі, несиелік
сұраныстың қысқаруы және т.б. Көтерілу белгілсрі - керісінше кұбылыстар
болып саналады.
Көптеген экономист-теоретиктер себептерін ұсыныс пен сұраныс
жылжымалы, өйткені, соның нәтижесінде, олардың балансында автоматизм жоқ
болса да, экономика тепе-теңдік нүктесінен шығып кетеді деп санайды.
Табыстың қарқынды ауытқу себептерін капитал жұмсаудағы өзгерістерден
(ауытқулар) іздеу керек, оның үстіне капитал жұмсаудың әр түрлі типтері
табысқа түрліше әсер етеді. Сөйтіп, тұтыну және инвестициялық сұраныс,
циклді құрауда шешуші маңызға ие болады. Экономика теориясы, цикл табиғатын
бағалауда да бірыңғай емес.
Өнеркәсібі дамыған елдердегі экономикалық даму циклді сипатта: құлдырау,
өрлеу, қаржылық дағдарыс, жандану, қайта құлдырау, қайта жандану және т.б.
Осы фазалар спираль тәрізді тәртіппен жүреді, прогрессивті қозғалыс.
Циклділік экономиканың теңдік жағдайынан ауытқуы. Ауытқудың үш түрі болады:
1.Товарлар мен қызметтер ұсынысының сұраныстан ауытқуы қысқа және ұзаққа
созылуы мүмкін;
2. Құрал жабдықтарға сұраныстың өзгеруіне байланысты ауытқу;
3.Бір технологиялық өндіру әдісінен екіншісіне көшумен байланысты ауытқу.
Сыртқы (экзогенді) факторларға экономикалық жүйеден тыс факторлар, яғни
халық санының өсуі немесе кемуі, технологияның толық өзгерісі, саяси
өзгерістер т.б. жатады. Ішкі (эндогенді) факторларға жүйе ішіндегі: тұтыну,
инвестиция, үкімет қызметі т.б. кіреді.
Экономикалық цикл – бұл дағдарыстар арасындағы мерзім және осы кезде
оның төрт фазасы ауысады.
Дағдарыс тауарлардың артық өндірілуі, несиенің азаюы және процентінің
жоғарылауы арқылы көрінеді. Бұл жағдай пайданы азайтады және өндірісті
төмендетеді. Кәсіпорындардың банкрот болуына әкеледі. Қысқаша айтқанда
дағдарыстың сипаттамасы келесідей:
1.Артық өндіріс себебінен өндірістің көлемі қысқарады, банктер мен
кәсіпорындар банкротқа ұшырайды;
2.Жалақы төмендейді, жұмыссыздық өседі;
3.Бағалы қағаздар нарығы құлдырайды, акция курстары төмендейді;
4.Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Дағдарыс тоқыраумен алмасады. Бұл сатыда өндіріс төмендеуін қояды,
бірақ өспейді.
Тоқырау фазасының сипаттамасы:
- Өндірістің құлдырауы мен бағалардың төмендеуі тоқырау жағдайында болады.
- Жұмыссыздық жоғары деңгейде болады.
- Ақшаға сұраныс төмендейді, пайыз мөлшерлі жалақысы азаяды, сөйтіп
өндірістің салаларын ұлғайтуға жағдай жасалады.
Жандану фазасының сипаттамасы:
1. Дағдарыстан аман қалған кәсіпорындар негізгі капиталдарын жаңартып,
өндірісті ұлғайтуға кіріседі. Өндірілген тауарлар көлемі мен сапасы
жағынан өндіріс дағдарысының алдындағы дәрежеге жетеді.
2. Инвестициялар өседі.
3. Бағалар көтеріледі, себебі сұраныс өседі.
4. Жұмыссыздықтың деңгейі қысқара бастайды.
5. Ақшаға сұраныс өседі, пайыз мөлшерлі жалақысы өседі.
Өрлеу фазасының сипаттамасы:
1. Өндірістің көлемі дағдарыс алдындағы дәрежеден артады.
2. Жұмыссыздық деңгейі маңызды түрде қысқарады.
3. Тауарлардың бағасы өседі.
4. Қарыз капиталының ұсынысы өседі.
5. Несиеге сұраныс өседі. Сөйтіп шаруашылық жаңа дағдарысқа қарай қадам
басады.
Өндірістің құлдырауы мен қатар инфляция болып тұрған жағдайды стагфляция
деп атайды. Қазір экономиканың монополистік секторы, мемлекеттің қолдауына
сүйеніп, бағаны бұрынғы дәрежеде ұстап қалғаны мен қатар, оны өсіреді.
Қазіргі цикл туралы ілім Самуэльсон мен Хикстің іскерлік циклі ілімімен
байланысты. Онда экономикалық цикл ұлттық кіріс пен тұтыну және капитал
жинағының өзара әсері ретінде қарастырылады. Бұл байланыс тұрақты және
мультипликатор мен акселератормен сипатталады. Мультипликатор капитал
салымы өсімінен ұлттық кірістің қаншаға өсетіндігін өлшейді. Акселератор
салым өсімінің ұлттық кіріс өсіміне тәуелділігін өлшейтін көрсеткіш.
Цикл ЖҰӨ өсімінің қарқыны, сауда көлемі, баға деңгейі, жұмыссыздық деңгейі
сияқты экономикалық белсенділіктің әртүрлі көрсеткіштерінің тербелісінің
жиынтығы.

1.2 Экономикалық цикл теориялары

Көптеген экономистердің экономикалық циклдерді түсіндіре алатындай
теория жасау жолындағы талпыныстары табыссыз аяқталды. Еркін бәсекелестік
жағдайындағы экономика циклдерін түсіндірудің неғұрлым түсінікті түрі
К.Маркс берген индустриялық қоғамның макроэкономикасы мен ұдайы өндіріске
жасаған талдауы болды. "Капиталистік ұдайы өндіріс циклі" маркстік
талдауында, олардың қозғалысы мен циклдің басына қайта оралудың жалғастығы
мен төрт сатыдан (фазадан) өтуі беріледі. Дағдарыс, тоқырау, жандану,
өркендеу - сатылары (фаза) циклдер болып саналады.

Дағдарыс - жиынтық сұраныс, тауар ұсыныстарының артып кетуін
сипаттайды, оның экономикалық зардаптары: тауарларды қалыпты өткізудің
күрделілігі мен мүмкін еместігі; бағаның төмен түсуі; тауарға ұсыныстың
азаюы; табыстардың кемуі; жұмыссыздардың күрт көбеюі; банкроттық. Дағдарыс
соңында сұраныс пен ұсыныс "күшпен" тепе-тендікке келтіріледі және ұдайы
өндіріс тоқырау сатысына (фазаға) өтеді.
Тоқырау - өндірістің құлдырауы тоқталатын және оның өсуіне алғышарттар
жасалатын экономиканың өтпелі жай-күйі болып саналады. Тоқырау кезінде баға
мен еңбекақы ең төменгі денгейде болады; өндіріс шығындары да сондай
төменгі деңгейді көрсетеді; капиталдың бір бөлігі жинақталып, екіншісінде
инвестиция, еркін ақша капиталы пайда болады; өндірістік капиталдый негізгі
бөлігін жаңарту мүмкіндігі жүзеге асырылады. Негізгі капиталды жанарту,
бұрын да және қазір де циклдер алмасу материалдық негізін кұрайды. Соның
әсерінен тоқырау жандану, жандану өркендеу, өркендеу кайтадан дагдарысқа
түсу процестері болады.
Капиталдың жаңартылатын бөлігінде жандану пайда болу кезіндегі
сұраныстың өсуі, жиынтық сұраныстың өсуіне әкеледі, сол себептен де жандану
өндіріс аукымының кеңеюіне; жұмыспен қамтылу, пайданың артуына; дағдарысқа
дейінгі деңгейге қайта оралуға; өнеркәсіптегі өркендеу сатысына (фазаға)
өтуге әсерін тигізеді.
Көтерілу деңгейін пайда мен жұмыспен қамтылушылық жоғары сипаттайды,
өндірістің жаңа технологиялық деңгейі ақыр соңында тағы да капиталдардың
артық шамадан тыс қанығумен, тауарлардың артық өндірілген мүмкіндіктерімен
ұдайы өндірістің бір циклі аяқталып, екіншісі басталады.
Тауарлардың артық өндірілуі, негізгі капиталдың артық жинақталуы
көрініс береді. Өсіп отырған тауар ұсынысы нарықта тағы да шектеулі төлем
қабілеті бар ұссыныспен бетпе-бет келеді, соның нәтижесінде тағы да
дағдарыс пайда болады.
Еркін бәсекелестік, капитализм жағдайындағы өндірістің циклділігі
маркстік талдау бойынша әлеуметтік көзқарастармен шектелген болатын. Олар
дағдарысты туғызушы негізгі жағдайларды, өндірістің қоғамдық сипаты мен
оның нәтижелерін жеке меншіктік капиталистік форма мен өзіне сіңіру
арасындағы тұрақты қарама - қайшылық ретінде негіздеген. Индустрия коғамның
субъектілер позициясын жалдамалы жұмыс күші тұрғысынан қарастыра отырып,
К.Маркс циклдер себептері де жұмыс күшіне тұрақты түрде екпін түсірді.
Сондай-ақ Маркстік дәстүрде өсіп-жетілген саяси экономика, тауарлар
өндірістің экономикалық ұйымдарындағы ішкі өзгерістерді байқамауға тырысты.
Индустриялық коғам орнына келген жаңа қоғам бітіспес қайшылықты, маңызсыз
негіздер, яғни жаңа экономикалық формаға алып кетті, сондықтан да , негізгі
- бітіспес қайшылықты әлеуметтік астар - экономикалық цикл табиғатын толық
түсіндіре алмады. К.Маркстен басқа, А. Шпитгоф, М. Туган -Барановский, Т.
Веблен, Дж. Кларк , Дж. Кейнс, М.Миллер, И.Шумпетер және басқа көптеген аса
көрнекті зерттеушілердің еңбектері экономикалык циклдерді зерттеуге
арналған.
Үш циклдік схема, яғни экономикадағы ауытқушылық процестер теориясын
айрықша атап керсетуге болады. Бұл циклдарды 50 жыл, 10 жыл , 3 жыл және 4
айлық ұзақтыққа созылатын циклдер ретінде ашқан Н.Кондратьевтің,
К.Жуглердің және Джо Китчиннің есімдерімен аталған.

Кесте 1. Экономикалық циклдардың типтері
Экономикалық Ұзақтылығы Себептері, ерекшеліктері
циклдің типтері
1. Дж.Китчиннің қысқа 2-4 жыл Алтынның әлемдік қорының
толқындары тербелісі ЖҰӨ-нің,
инфляцияның,
жұмысбастылықтың тербелісіне
әкеледі.
2. К.Жуглярдың орташа 10 жыл Ақша айналысындағы
толқындары өзгерістер, кердиттік
жүйенің мәселелері ЖҰӨ-нің
тербелісіне инфляцияға,
жұмыссыздыққа әкеледі.
3. Кузнецтің циклдары 18-25 жыл Экономикалық циклардың
себептері күрделі құрылыспен
байланысты
4. Н.Д.Кондратьевтің ұзын 40-60 жыл Басты қозғаушы күш –
толқындары технологиялық өндірістегі
технологиялық базаның
радикалды өзгеруі мен оның
құрылымдық қайта құрылуы.
5. Форрестердің циклдары 200 жыл Энергия куаты мен
материалдарға байланысты.
6. Тоффлердің циклдары 1000-2000 ж. Цивилизацияның дамуымен,
олардың жоғалуымен немесе
жаңа сатымен байланысты.

Шумпетер экономикалык жүйеде үш циклдің өзара байланысы мен өзара
тәуелділігі көрінеді деп санаған.
Самуэльсон өзінің "Экономика" кітабында экономикалық өмірдің барлық
саласы үшін және нарықтық экономикалық елдер үшін, экономикалық циклді
ортақ белгілер ретінде анықтайды. Қазіргі заманғы экономистердің басым
көпшілігі экономикалық циклдің объективті сипатын мойындай отырып, циклдің
сипатына, оның ұзақтығына, әлеуметтік - экономикалық зардаптарына әсер
етуші осы құбылыстың ішкі және сыртқы факторларын талдау арқылы зерттеп
-үйренуді ұсынады.
Қазіргі заманғы білімдер циклдің табиғи негізін көбірек
"технологиялық" себептермен сипаттайды. Бірінші кезекке циклдің себепті -
салдарына байланысы емес, оның қоғам үшін тигізетін неғұрлым аз
зардаптарының тәсілдерін алға қояды. Осы позиция тұрғысынан, қазіргі
экономиканың "бейнесі" өрлеу мен құлдыраудың кезектесуі ретінде көрінеді
және бұл істер белсенділік деңгейіндегі тұрақты көрсетулер мен кұлдырау
циклі деп аталады. Қазір, циклдің ұзын толқынды сипаттамалары "өркендеу"
мен "тоқырау" шегініп, жаңа жол тауып, қысқа толқын "буырқаныс", "қысқару",
"құлдырау", "көтерілу" циклы деп аталады.

1.3 Циклдың фазалары. Экономикалық көрсеткіштердің динамикасы
Өнеркәсіп циклының ең айрықша белгісі — дағдарыстың фазалары,
сатылары. Өнеркәсіп дағдарысының артық өндіруден айырмашылығы белгілі
тауарға, өндіріс өніміне деген сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігінің
бүзылуында жатыр.
Енді монополистік капитализмге дейінгі дәуірдегі өнеркәсіп
дағдарысының бүкіл бейнесін көрсетейік. Барлық өндірістік тауарларды өзіне
тартқан рынок белгілі бір уақытта лық толады, ал тауарлардың келуі
толастамайды, бірақ сұраныс азаяды да, соңында мүлдем тоқталады. Бүл
жайсыздық бүкіл рынокқа таралады. Сұраныс жоғалады, бірақ барлық жерде
тауарлар қоры бар, көптеген кәсіпорындар бүрынғыдай рынокқа тағы да жаңа
тауарларды женелтіп жатады. Бағалар күрт төмендей бастайды. Жағдайды түзету
үшін барлық күш-жігер жұмсалғанымен бәрібір нәтиже бермейді. Көптеген
кәсіпорындар бағаның күрт төмендеуіне төзе алмайды. Олардың тоқтап немесе
жабылып қалуы басталады. Алдымен банктік және несие беретін мекемелер
жойылады. Рынок шаруашылығы субъектілерінің бір-біріне деген сенімі де
кемиді.
Барлығы қолма-қол ақшамен есеп айырысуды талап етеді. Кеше ғана
күдік туғызбаған вексельдер бүгін жай, ешкімге керегі аз қағаз болып
қалады. Қарыз проценті өседі. Ең ірі кәсіпорындар күйзеліске ұшырап,
машиналар тоқтап, фабрикалар жабылады. Көшелерде көптеген жұмыссыздар
қаптап жүреді. Аштық басталып өзіне-өзі қол жұмсайтындар көбейеді. XIX
ғасырда болған дағдарыстар осындай қайғылы көрініске толы өтті. Алғашқы
дағдарыс 1825 жылы Англияда басталады. Содан кейін ол 1841 жылы АҚШ-та,
1847 жылы АҚШ, Англия мен Франция, Германияны қамтыды. 1857 жылғы дағдарыс
бірінші дүниежүзілік циклдық дағдарыс болып саналады. Одан кейін, ол 1873,
1882, 1990 жылдарда қайталанды. Әсіресе өзінің зардаптары жағынан жойқын
дағдарыстар 1900—1901 жылдары болды. Ол бір мезгілде Ресей мен АҚШ-та
басталып алдымен металлургия өнеркәсібін қамтыды. Американың металл рыногын
қиратқан дағдарыс әуелі Англия, содан кейін Еуропаны шарпыды. Алғаш тоқыма
өнеркәсібі тоқтады, іле-шала құрылыс, химия, машина, электр салалары жабыла
бастады. Көзді ашып-жұмғанша дағдарыс барлық еуропа елдерін жайлады.
Франция, Австралия, Германия, Италия, Бельгия, сөйтіп ол бүкіл дүниежүзілік
дағдарысқа ұласты.
Бағалардың күрт темендеуі мықты деген кәсіпорындарды банкротқа
ұшыратты, ал кәсіпорындардың күйзелісі өз кезегінде жүмыссыздардың санын
көбейтті.
Алайда XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы дағдарыстар сонымен қатар
одан шығудың жолын да тапты. Дағдарыстың тереңдеуі барысында бағалардың
бірте-бірте құлдырауы өнімді өткізудің мол мүмкіндігін жасады, болашақта
дағдарыстан шығудың ең басты жолдарын іздеуге түрткі болды. Бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейінгі дағдарыс дүркін-дүркін батыс елдері
экономикасын сілкілеп тұрды. Алайда оның сипаты 1929—1933 жылдарда басқа
еді.
АҚШ-та орын алған 1929 жылғы 29 қазандағы "қаралы бейсенбідегі"
орасан зор биржалық күйреу апатты дағдарыстың бастамасы болды. АҚПІ-та,
Германия, Англия экономикасында бұрын-соңды кездеспеген бағалардың
төмендеуі, пайданың күрт азаюы, тапшылық, валютаның құнсыздануы етек алды.
1929—1933 жылдардағы дағдарыстар көптеген елдер үкіметін ұлттық экономиканы
бұл апаттан алып шығатын әрекетке жұмылдырды. Әсіресе, АҚШ дағдарыстан
мемлекеттік іс-шаралар арқылы шығуға пәрменді қадам жасады. Оларға тоқтала
кетейік:
а) Мемлекеттік кепілдігі бар салымдар арқылы қарыз жүйесін сақтап
қалу;
б) Долларды 40%-ке құнсыздандыру жолымен қарыз ауыртпалығын
жеңілдету;
в) ауыл шаруашылығы өнімдері бағасын көтеру, ол үшін мемлекеттің
көмегімен қаржыландыру және өндірісті қысқарту;
г) монополиялардың құрылуын қолдау, күштеп картелдендіру;
д) коғамдық еңбекті ұйымдастыру арқылы жұмыссыздықпен күрес;
е) жалақыны реттеу.
Мемлекеттің экономиканы реттеу рөлінің күшеюі және дағдарысқа қарсы
реттеу шаралары өз нәтижесін берді. Міне жарты ғасыр бойы рыноктық
экономика 1900—1901 жылдардағы немесе 1929—1933 жылдардағы катализмге,
астаң-кестеңін шығарған күйзелістерге соқтырмай келеді. Алайда өнеркәсіптік
дағдарыстар 70-жылдардың ортасына дейін проценттік ставкаға, пайдаға,
өндіріс шығындары мен жалақыға әсерін тигізіп келді. Дағдарыс кезінде тек
ірі капиталы және үлкен қаржы-қаражаты бар кәсіпорындар ғана өндіріс
шығындарын азайту жолымен пайда тапты. Осымен байланысты ірі кәсіпорындар
дағдарыс жағдайында да жалпы пайда нормасының төмендеуін тоқтатып, болмаса
баяулатты. Орта және ұсақ кәсіпорындар, әсіресе жоғары өнімді құралдары мен
технологиясы бар ұйымдар экономикалық жағдайының нашарлауын тұрақтандыра
алмай, көбіне банкротқа ұшырады. Техникалық жағынан нашар кәсіпорындардың
ойсырап кедейленуі бүкіл өнеркәсіп үшін оң процесс, өйткені ол жалпы
өндіргіш күштер деңгейін көтеруге ықпал етті. Еңбек өнімділігінің жалпы
деңгейін кетерудін мақсаты — тауар құнын азайту мен пайда нормасының
төмендеуін тоқтату. Тоқырау фазасы — дағдарыстан кейін болады, ол ұзаққа
созылуы мүмкін. Өндіріс деңгейі тұрақты, бірақ дағдарыс алдындағы кезден
әлдеқайда төмен болады. Бірақ жұмыссыздық жоғары. Бірақ бағаның төмендеуі
тоқталады, қарыз проценті азаяды, тауар қорлары тұрақты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Тұрақты даму тұжырымдамасының үштұғырлы негіздемесі мен гипотезалары
Экономикалық өсу стратегиясын қалыптастыру негіздері
Экономикалық дамудың факторлары
Аймақтық дамудың негізгі теориясы
Аймақтық даму проблемасы
ҚОҒАМНЫҢ ДАМУЫН КЕЗЕҢДЕУДІҢ НЕГІЗГІ ТӘСІЛДЕМЕЛЕРІ
ИНДИКАТИВТІК ЖОСПАРЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ
Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты
ҚР аймағын дамыту стратегиясының негізгі бағыттары мен олардың ресурстық қамтылуы
Пәндер