Ас қорыту



Жоспар:
1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.
2. Ас қорыту, оның маңызы, түрлері.
3. Ас қорыту жүйесінің қызметі.
4. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
5. Сілекейдің шығуы және оның реттелуі.
6. Қарындағы астың қорытылуы.
7. Ішектегі астың қорытылуы.
Ас қорыту түрлері
1. Аутолитикалық – тағам құрамындағыфаерменттер (ана сүті).
2. Симбиоттық – бактериялар түзетін ферменттер – гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
3. Өзіндік
а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту – ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту – ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).
“Адам физиологиясы” Х.Қ. Сатбаева., А.А. Өтепбергенов., Ж.Б.Нілдібаев. Алматы 2005
“Основый физиологи человка” Н.А.Агаджанян. И.Г.Власова., Н.В.Ермакова., В.И.Торшин.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Дәріс №12
Тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен маңызы. Ауыз қуысындағы, қарындағы, ішектегі астың қорытылуы.
Дәрістің жоспары:
1. Ас қорыту жүйесінің құрылысы.
2. Ас қорыту, оның маңызы, түрлері.
3. Ас қорыту жүйесінің қызметі.
4. Ауыз қуысындағы астың қорытылуы.
5. Сілекейдің шығуы және оның реттелуі.
6. Қарындағы астың қорытылуы.
7. Ішектегі астың қорытылуы.

Ас қорыту, оның маңызы
Тағам арқылы организмге энергиялық және пластикалық материалдар түседі. Қоректік заттар ас қорыту жолында механикалық және химиялық өңдеуге ұшырайды.
Ас қорыту барысында ірі молекулалы органикалық заттар жай заттар - мономерлерге айналып, олар қан мен лифаға сіңіп, организмде пайдаланылады.
Ас қорыту түрлері
1. Аутолитикалық - тағам құрамындағыфаерменттер (ана сүті).
2. Симбиоттық - бактериялар түзетін ферменттер - гидролиз микроорганизмдер ферменттерінің әсерінен жүреді (тоқ ішекте).
3. Өзіндік
а) қуыстық (дистанттық) ас қорыту - ас қорыту ішек-қарын түтігінде жүреді.
б) мембраналық (контакттық) ас қорыту - ішек жасушаларының көмкерілген эпителиі мен гликокаликсте орналасқан ферментттердің әсерінен жүреді.
в) жасуша ішіндегі ас қорыту (фагоцитоз, пиноцитоз).

Ас қорыту жолының қызметі
1. Ас қорыту.
oo Сөл шығару (секреция) - ас қорыту сөлдерін бөлі.
Ферменттердің 3 тобын ажыратады:
1) протеазалар, белоктарды ыдыратады;
2) липазалар, майларды глицеридтер мен май қышқылдарына дейін ыдыратады;
3) карбогидразалар, көмірмуларды полисахарид, ди- және моносахаридтерге дейін қорытады.
oo Қимыл (моторлық).
oo Сіңіру.
oo Сыртқа шығару.
2. Эндокриндік функция. Ішек-қарынның кілегей қабатында гастроинтестиналдық гормондардың түзілуі.энтреин жүйесінің гормондары қанға сіңіп:
1) ас қортыу сөлдерінің бөлінуін реттейді.
2) ассимиляцияға, организмнің өсуі мен дамуына әсер етеді.
3) түрлі ағзалардағы қан айналысын реттейді, биологиялық мембраналардың өткізгіштік дәрежесін реттейді.

Ауыз қуысындағы асты қорытылуы
Ас қорыту ауыз қуысында басталады. Ауызға түскен тағам мұнда 15-3 сек кідіреді. Осы уақыт ішінде ас кесегі шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, көмірсулар ыдырай бастайды.
Ауыз қуысының шырышты қабатының қызметі
1. Секреторлық.
2. Қорғаныстық.
3. Регенерация.
4. Сіңіру.
5. Рефлексогендік аймақ.

Сілекей, оның құрамы және маңызы
Сілекей - сілекей өзектері арқылы келіп құйылатын үш жұп сілекей безінің (шықшыт, жақ асты, тіл асты) және ауыздың шырышты қабығында орналасқан ұсақ бездердің аралас сөлі. Адамда тәулігіне 600-1500 мл, орташа 1,0-1,2 л сөл бөлінеді.

Сілекейдің құрамы
Сілекей - қоймалжың, түссіз, сұйық зат. Меншікті салмағы - 1,001-1,002.
рН = 5,8-7,4.
Су - 99,4-99,5%.
Құрғақ зат - 0,5-0,6%
Органикалық заттар
1. Ферменттер:
oo -амилаза - полисахаридтерді - декстран - дисахахридтерге дейін ыдыратады.
oo Мальтаза - ұзақ шайнағанда активтеліп, дисахаридтарді - моносахаридтерге дейін ыдыратады.
2. Муцин
3. Лизоцим
Аз мөлшерде:
oo Белоктар глобулиндер, амин қышқылдары.
oo Несеп қышқылы, мочевина, креатинин
oo Ферменттер - протеазалар, пептидер, липаза,нуклеаза, сілтілік және қышқылдық фосфотазалар және т.б.

Бейорганикалық заттар
1. Калий, натрий, кальций, магний иондары.
2. Фосфаттар, хлоридтер, сульфаттар, бикарбонаттар.
3. Родондық қосылыстар.
4. Йодид, бромид, фторид, микроэлементтер: темір, никель, литий

Құрғақ тағамдарға (кепкен нан, ет ұнтағы) сүтке қарағанда сілекей көп бөлінеді.
Құм, қышқыл секілді заттарға көп мөлшерде сұйық сілекей бөлінеді.

Сілекейдің шығуы және оның реттелуі
Ауыз қуысының рецепторларынан афференттік импульстер үшкіл, бет, тіл-жұтқыншақ және кезбе жүйкелерінің афференттік талшықтарынымен сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына барады. Одан симпатикалық және парасимпатикалық жүйкелердің эфференттік талшықтарымен сілекей бездеріне жетеді.

Симпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде - симпатикалық сілекей - қою, органикалық заттарға бай, аз мөлшерде.
Парасимпатикалық жүйкелерді тітіркендіргенде - хордалық - сұйық, көп мөлшерде, минералдық заттарға бай.

Сілекейдің бөліну механизмі - рефлекстік
Сілекейдің бөлінуі 2 кезеңнен тұрады
1. Шартты рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түспей тұрып, тағамның иісіне, түріне, дәмді тағам еске түскенде бөлінеді. Бұлы қыртыс пен сілекей бөлу орталығының қатысымен жүзеге асады.
2. Шартсыз рефлекстік кезең. Сілекей ас ауызға түсіп, ондағы рецепторларды тітіркендіргенде бөлінеді. Афференттік жүйкелер бойымен импульстер сілекей бөлу орталығына жетіп, одан секреторлық жүйкелермен сілекей бездеріне барады.

Қарындағы астың қорытылуы
Қарында сілекеймен шыланған ас 3-10 сағат кідіріп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баланың ас қорыту жүйесі. Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Ас қорыту мүшелері және олардың қызметін зерттеу әдістері
Асқорытудың маңызы және оның дамуы
Қанның қоректік заттардың қалыптылығын реттеуші қызметтік жүйе
Қарын сөлінің бөліну кезеңдері
Асқорыту жүйесі ағзаларының жастық ерекшеліктері. Асқорыту жүйесінің ақаулары
Ас қорыту механизмі
Асқорыту жүйесі. Көмірсулар алмасуына қатысатын ферменттер
Асқорыту жүйесінің жастық ерекшелігі
Ас қорыту туралы жалпы түсінік
Пәндер