Мұнай өнімдерінің фракцияларының бензин фракциясын әртүрлі әдістер бойынша анықтау



Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3
1 Мұнайдың фракциялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Мұнай фракцияларын өнеркәсіптік құрылғыларда бөліп алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Ректификация арқылы бөліну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.3 Мұнай фркацияларын лабораториялық жағдайда бөлу ... ... ... ... ... ... ... . 6
2 Анилин нүктесін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 8
2.1 Тепе.тең көлем әдісі бойынша анилин нүктесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
2.2 Сұйықты.адсорбциялық хромотаграфия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
3 Бензиндер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
3.1 Бензиндерге жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
3.2 Бензин фракциясының сапалық көрсеткіштерінің
Экспресс.анализдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
4 Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
4.1 Тепе.тең көлемдік әдіс бойынша анилин нүктесін анықтау ... ... ... ... ... . 18
4.2 Ароматты көмірсутектерді бөліп алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 20

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27
Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: мұнай фракцияларын және мұнай өнімдерінің химиялық құрамын анықтау, яғни соның ішінде бензин фракциясының топтық құрамын анықтау өте маңызды, олардың химиялық құрамы бойынша олардың эксплуатациялық қасиеттері анықталады.

Курстық жұмыстың мақсаты: мұнай өнімдерінің фракцияларының бензин фракциясын әртүрлі әдістер бойынша анықтау (анилин нүктесі).

Курстық жұмысқа қойылатын негізгі міндеттер:
1 Мұнай фракцияларын бөлу
2 Бензинді бөлу әдістерін теориялық меңгеру
3 Бензин фракциясын тәжірибе жүзінде анықтау

Тірек сөздер: авиациялық бензиндер, АВҚомобилбді бензиндер, айдау арқылы, алкандар, анилин нүктесі, анализ, бензин, дистилляция, қоспа, мұнай фракциясы, мұнай өнімдері, ректификация, температура, топтық құрам, хромотаграфия, фракциялық құрам

Қысқартылған сөздер:
АВҚ – атомды-вакуумды құбырлы құрылғы
ЖТҚ – жоғары температурада қайнайтын
ТТҚ – төмен темепратурада қайнайтын
Ар – арендер
Н – нафтендер
ИҚ – инфра- қызыл
ШҚТ – шынай қайнау температурасы


Курстық жұмыс: 4 бөлімнен, 22 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1 суреттен, 3 кестеден тұрады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1 Рябов В.Д. Химия нефти и газа. – М.:«Химия», 1976, – 720 бет.
1 Под редакцией Глаголева О.Ф., Капустин В.М. технология переработки нефти.часть 1. М., 2005, - 400 бет.
2 Мановян А.К. Технология первичной переработки нефти и природного газа. М.: «Химия», 2001 - 568 бет.
3 Ахметов С.А Технология глубокой переработки нефти и газа. Уфа:«Гилем», 2002, – 672 бет.
4 Омаралиев Т.О Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері 1 бөлім. Алматы:«Білім», 2001, – 450 бет.
5 Гуреевич И. Л. Технология переработки нефти и газа. М.: « Химия», 1972, - 368 бет.
6 Скобло А.И., Молоканов Ю.К., Владимиров А.И., Щелкунов В.А. Процессы и аппараты нефтепереработки и нефтехими. М.:«Химия», 2000, - 677 бет.
7 Воюцкий С.С. Курс коллоидной химии. М.: «Химия», 1967, – 400 бет.
8 Сафиева Р.З Физикохимия нефти.Физико – химические основы переработки нефти. М. «Химия», 1998, - 448 бет.
9 Вержичинская Е. В., Дегуров Н. Г., Синицин С. А. Химия и технология нефти и газа. М.: «Форум»: Инфра-М, 2007, –400 бет.
10 Смирнов А. С. Технология углеводородных газов. М.: «Гостоптехиздат», 1946, – 544 бет.
11 Проскуряков В.А., Драбкин А.Е. Химия нефти и газа (учебное пособие для ВУЗ-ов). Л.: «Химия», 1981, - 345 бет.
12 Каминский Э. Ф., Хавкин В. А. Глубокая переработка нефти: технологический и экологический аспекты. М.: «Техника», 2001, – 384 бет.
13 Позднышев Г.Н. Стабилизация и разрушение нефтяных эмульсий. – M. «Недра», 1992, - 223 бет.
14 Эрих В.И. Химия нефти и газа. Л.: «Химия», 1967, - 220 бет.
15 Омаралиев Т.О. Мұнай мен газ өңдеу химиясы және технологиясы. Құрылымды өзгертпей өңдеу процестері. Алматы.: «Білім», 2001,- 276 бет.
16 A.Behroozi, аударған Н. Иванова Увеличение производсво бензина/ Нефтегазовые технологии. 2008, №12, - 79-82бет.
17 Н.В. Гаврилов, О.В. Дуров получение экологически чистых бензинов соответсвующих евростандартам/ Химия и технология топлив и масел. 2008, №6, 36бет.
18 Сюняев З.И Нефтяной углерод. М.: «Химия», 1980, - 272 бет.
19 Киреев В.В. Высокомолекулярные соединения. Учеб. для вузов по спец.: «химическая технология высокомолекулярных соединений» М.: «Высшая школа», 1992, - 512 бет.
20 Данилов А.М. Введение в химмотологию. М.: «Техника», 2003, - 464 бет.
21 Фукс Г.И Вязкость и пластичность нефтепродуктов. М.: «Ижевск», 2003, -328 бет.

Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 3
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
1 Мұнайдың фракциялық 4
құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
1.1Мұнай фракцияларын өнеркәсіптік құрылғыларда бөліп 4
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .
1.2Ректификация арқылы 5
бөліну ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .
1.3Мұнай фркацияларын лабораториялық жағдайда 6
бөлу ... ... ... ... ... ... ... .
2 Анилин нүктесін 8
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .
2.1Тепе-тең көлем әдісі бойынша анилин 8
нүктесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2Сұйықты-адсорбциялық 9
хромотаграфия ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Бензиндер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .. 12
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
3.1Бензиндерге жалпы 12
сипаттама ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...
3.2Бензин фракциясының сапалық көрсеткіштерінің 16
Экспресс-анализдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
4 Тәжірибелік бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
4.1Тепе-тең көлемдік әдіс бойынша анилин нүктесін 18
анықтау ... ... ... ... ... .
4.2Ароматты көмірсутектерді бөліп 20
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . . 27

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: мұнай фракцияларын және мұнай өнімдерінің
химиялық құрамын анықтау, яғни соның ішінде бензин фракциясының топтық
құрамын анықтау өте маңызды, олардың химиялық құрамы бойынша олардың
эксплуатациялық қасиеттері анықталады.

Курстық жұмыстың мақсаты: мұнай өнімдерінің фракцияларының бензин
фракциясын әртүрлі әдістер бойынша анықтау (анилин нүктесі).

Курстық жұмысқа қойылатын негізгі міндеттер:
1. Мұнай фракцияларын бөлу
2. Бензинді бөлу әдістерін теориялық меңгеру
3. Бензин фракциясын тәжірибе жүзінде анықтау

Тірек сөздер: авиациялық бензиндер, АВҚомобилбді бензиндер, айдау
арқылы, алкандар, анилин нүктесі, анализ, бензин, дистилляция, қоспа, мұнай
фракциясы, мұнай өнімдері, ректификация, температура, топтық құрам,
хромотаграфия, фракциялық құрам

Қысқартылған сөздер:
АВҚ – атомды-вакуумды құбырлы құрылғы
ЖТҚ – жоғары температурада қайнайтын
ТТҚ – төмен темепратурада қайнайтын
Ар – арендер
Н – нафтендер
ИҚ – инфра- қызыл
ШҚТ – шынай қайнау температурасы

Курстық жұмыс: 4 бөлімнен, 22 қолданылған әдебиеттер тізімінен, 1
суреттен, 3 кестеден тұрады.

1. Мұнайды айдау кезіндегі оның фракциялық құрамы

1. Мұнай фракцияларын өнеркәсіптік құрылғыларда анықтау

Мұнай фракцияларын және мұнай өнімдерінің химиялық құрамын анықтау өте
маңызды, себебі олардың химиялық құрамы бойынша эксплуатациялық қасиеттері
анықталады.Мұнай және мұнай өнімдері көмірсутектің күрделі қоспасы мен
көмірсутекті емес қоспалардан тұрады. Оларды жай айдау тәсілімен
индивидуальды қосылыстарға бөлу мүмкін емес. Ереже бойынша мұнай және мұнай
өнімдерін айдау арқылы бөлек бөліктерге бөледі, олардың әрқайсысы күрделі
қоспа болып табылады. Бұл бөліктерді фракциялар немесе дистилляттар деп
атайды. Мұнай фракциялары индивидуальды қоспалармен салыстырғанда тұрақты
қайнау температурасы болмайды. Олар белгілі бір температуралар аралығында
қайнайды, яғни температурасы қайнау басы және қайнау соңы температурасына
ие. Қайнау температураларының басы мен соңы фракцияның химиялық құрамына
байланысты болады [1].
Жалпы айтқанда, белгілі бір шекті температураларда қайнайтын мұнай
және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамы ондағы әртүрлі фракцияларды
көрсетеді (көлемдік немесе массалық процентте). Бұл көрсеткіштің
практикалық маңызы зор. Фракциялық құрамы арқылы мұнайдың қандай мұнай
өнімдерін қаншалықты көлемде бөліп алуға болатынын білуге болады. Сонымен
қатар бензиннің және басқа моторлы отындардың фракциялық құрамының ұшқыштық
қасиетін, толық булануын және т.б. білу үшін анықталады .
Мұнай фракцияларын анықтаған кезде оған олардың қайнау температуралары:
мысалы, 200-3500С фракциясы деген – 2000С температурадан 3500С-қа дейінгі
аралықта қайнайтын фракция.
Негізгі фракциялар мұнайдан өнеркәсіптік құрылғырада бөліп алу
төмендегідей болады:
• Бензин фракциясы – қайнау температурасының басы (280С) –
1800С (керосин фракциясын ажыратпаған жағдайда) немесе (280С)
– 1500С (керосин фракциясын ажыратқан жағдайда)
• Керосин фракциясы – 150-2500С
• Дизельді (1800С) - 3500С (керосин фракциясын ажыратпаған
жағдайда) немесе 250-3500С (керосин фракциясын ажыратқан
жағдайда).кейбір жағдайларда дизелбді фракцияның қайнау
температурасының соңы 3600С болады
Шығын барлық осы фракциялардың ашық мұнайдың фракцияларын құрайды.
Қалдықтардан 3500С (360) – вакуумдық газойль мазуттан 3500С (360) - 5000С
(550) және гудрон 5000С ( 550) – мұнайды айдау кезіндегі ең күрделі,
ауыр өнім болып табылады.
Фракциялық құрамды анықтағанда мұнайды немесе мұнай өнімдерін белгілі
бір шарттарға стандартты құрылғыларда анықтайды және координат жүйелерінде
айдау қисығын құрады: абцисса осі – фракция шығыны (отгон) процентпен
(көлемдік немесе массалық) және ординат осі – қайнау температурасы 0С-пен
белгіленеді [2].
Мұнай және мұнай өнімдерінің фракциялық құрамын анықтаудың әдістерінің
негізінде айдау процесі (дистилляциясы) жатыр.
Дистиляция – күрделі көмірсутекті қоспаларды сұйықтық бөлігін буландыру
немесе бу бөлігін екі фаза (айдау) пайда болғанша бөліктеп конденсациялап
бөлу процесін айтады. Бұнда бу төмен қайнау температуралы компоненттермен
(ТТҚ) байытылады, ал сұйық – бастапқы қоспамен салыстырғанда жоғары қайнау
температурамен (ЖТҚ) байытылады.
Мұнай сияқты күрделі қосапны қыздырғанда, булы фазаға алдымен жоғары
ұшқыштыққа ие төмен қайнау температуралы компоненттері өтеді. Содан кейін
олармен бірге жоғары қайнау температуралы компоненттердің будағы
концентрациясы әрқашан жоғары температурада қайнап тұрған сұйықтағыдай
болады. Төмен қайнау температуралы компоненттердің шығу көлеміне байланысты
қалдық қайнау температурасы жоғары қайнайтын компоненттермен байытылады.
Қаныққықан будың қысымы қайнау температурасы жоғары компоненттердің
берілген итемпературада сыртқы қысымға қарағанда төмен болғанда соңында
қайнау тоқтап қалуы мүмкін. Қайнауды тоқтаусыз жүргізу үшін сұйық қалдықты
үздіксіз қыздырып тұру қажет. Сол кезде буға қайнау температурасының
көтерілуімен жаңа компоненттер қайталанып өте береді. Шығарылған булар
конденсирленеді, пайда болған конденсатты мұнайдың бөлік фракцияларының
түрінде компоненттердің қайнау температураларының интервалында алады.
Мұнай және мұнай өнімдерін фракцияға бөлу мақсатымен айдауды немесе бір
ғана буланумен анықтауға болады. Біртіндеп буландыру арқылы айдауда пайда
болатын булар айдау аппаратына үздіксіз шығарылып отырады, олар
конденсирленеді және конденсатор-салқындатқышта салқындатылады, содан кейін
қабылдағышқа сұйық фракция ретінде жиналады.
Сол кездегі берілген температураларға жеткенше қыздырған кездегі
буларды айдау аппаратынан шығармайды, мұнда бір қабылдау (бір ғана) булы
фазаны сұйықтан бөледі, процесті бір ған буландырумен айдау деп атайды [3].

2. Ректификация арқылы бөліну

Біртіндеп және бір ғана буландырусыз мұнай өнімдерін нақты фракцияларға
бөлу мүмкін емес, себебі жоғары температуралы компоненттердің бір бөлігі
дистиллятқа өтеді, ал қайнау температурасы төмен компоненттердің бір бөлігі
сұйық фазада қалады. Сондықтан дефлегмациямен айдау немесе ректификация
әдісін қолданады. Ол үшін колбадағы мұнайды және мұнай өнімдерін қыздырады.
Қайнау температуралары жоғары компоненттердің айдау кезінде пайда болатын
булар арнайы аппараттарда салқындатылады – дефлегматорда және сұйық күйге –
флегмаға ауысады. Флегма төмен қарай ағып қайта пайда болған булармен
қосылады. Жылуалмасу нәтижесінде флегманың қайнау температурасы төмен
компоненттері ұшып кетеді, ал қайнау теипературасы жоғары компоненттердің
булары конденсирленеді. Осындай жағдайда дефлегмасызға қарағанда булардың
әсерінен фракцияның нақты бөлінуі жүреді.
Ректификация арқылы айдауда жоғарыдағыларға қарағанда бөліну нақтырақ
жүреді. Осындай айдау әдісі үшін аппарат айдау колбасы ректификациялық
колонкалар, конденсатор-салқындатқыштан және қабылдағыштан тұрады [4].
Ректификация ректификациялық колонкаларда жүреді. Ректификация кезінде
будың шығу ағынымен төмен ағатын конденсатор-флегманың арасында әсер пайда
болады. Булар флегмаға қарағанда жоғарырақ температураға ие, сол себептен
әсерлесу кезінде жылуалмасу жүреді. Осының нәтижесінде қайнау
температуралары төмен компоненттер флегмадан булы фазаға өтеді, ал қайнау
температурасы жоғары компоненттер конденсирленіп сұйық ы фазаға өтеді.
Ректификация прцесінің эффекті жүруіне булы және сұйық фазалардың арасында
өте тығыз қабысу байқалу қажет. Бұған құрылғылардың арнайы әсерінде жету
мүмкін, олар колонкаларда орналасады (насадкалар, тарелкалар және т.б. ).
Контактілердің сатыларының санынан және флегманың көлемінен (орошения),
буларға қарсы ағынында оның бөлінуі негізі қоспаның компоненттеріне
тәуелді. Колонканың жоғары бөлігінде флегма пайда болу үшін конденсатор-
салқындатқыш орнатылған. Анық ректификация нәтижесінде ШҚТ (шынайы қайнау
температуралары) қисығы құрылады [5].

3. Мұнай фракцияларын лабораториялық жағдайларда бөлу

Мұнай және мұнай фракцияларының құрамын анықтау лабораторялық
жағдайларда жасалынады. Лабораториялық практикаларда көбіне қолданылатын
айдаудың келесі түрлері жатады:
1. Айдау сатылы булану принципіне негізделген – мұнай және мұнай
өнімдерін жай айдау, оның қайнау температурасы атмосфералық
қысымда 3500С-қа дейін жетеді; мұнай өнімдерін төмен қысымда
(вакуумда) дефлегмациямен жай айдау қайнау температурасы 3500С-
тан жоғары.
2. Бір реттік булану процесіне негізделген айдау – бір рет
булану арқылы айдау.
3. Молекулярлық қосылыстар мен шайырлар үшін молекулярлық
дистилляция жүреді.
4. Иммитирленген айдау өтеді [5].
Мұнай құрамының бензин фракциясын индивидуальды анықтау күрделі болып
табылады және уақытты да талап етеді. Сондықтан бұндай анализ арнайы
жағдайларда жүреді. Әдетте жылдамырақ жасалатын анализ әдістері
қолданылады, олар мұнай фракцияларының топтық немесе құрылымды-топтық
құрамын анықтауға мүмкінді береді.
Мұнайдың төмен және орташа фракцияларының топтық құрамын сол
фракциялардағы әртүрлі көмірсутектердің топтары бар екенін көрсетеді
(арендер, нафтендер және алкандар).
Бөлшектік топтық құрам көмірсутектердің әртүрлі топтарынан басқа,
көмірсутектердің тлопшаларынан құралады. Олар өз кезегінде топтардың
құрамында болады. Құрылымдық-топтық құрам мұнайдың жоғары майлы
фракцияларының әртүрлі құрылымдық топтардан құралғанын көрсетеді. Оларды
май фракциясындағы орташа молекула деп атайды, яғни молекулярлы массаның
тепе-теңдігінде ол гипотетикалық молекуладағы элементтің құрамы май
фракциясының элементтік құрамымен бірдей болып келеді.
Топтық құрам арқылы анықтау көмірсутектердің әртүрлі қатарындағы физико-
химиялық қасиетін ажыратуға, сонымен қатар жай және комбинерленген
константаларды ажыратуға негізделеді. Бұл константалар аддитивті өлшемдер
болып табылады. Осы константалар арқылы көмірсутектердің әрбір топтарының
құрамын есептеуге және константасын білуге болады. Мұнайдың бинзинді
фракциясын топтық құрамын анықтаудың қарапайым әдістерінің бірі анилин
нүктесі арқылы анықтау болып табылады [6].

2. Анилин нүктесін анықау

2.1 Тепе-тең көлем әдісі бойынша анилин нүктесін анықтау

Анилин нүктесі деп тепе-тең анилин көлемдері және зерттелетін мұнай
өнімдері түгел еріп, гомогенді ерітінді түзуі минимальды температурада
өтуін айтады. Әртүрлі көмірсутек топтарының ерігіштігі анилинде әртүрлі
екені мәлім: онда ароматты көмірсутектер жақсы ериді, ал парафинді
көмірсутектер нашар ериді. Ерігіштік температурасының өсуімен бірге
жоғарылайды, бірақ ароматты көмірсутектер үшін жылдам және парафинді
көмірсутектер жай, яғни анилин нүктесі екінші жағдайға қарағанда бірінші
жағдайда төменірек болады. Көмірсутек анилинде неғұрлым жеңіл ерісе,
соғұрлым анилин нүктесі төмен болады. Анилин нүктесі ароматты (~200С)
қатардағы көмірсутектердің нафтендерге (~600С) және нафтендерден (70-800С)
алкандарға ауысқанда жоғарылайды. Олефиндер және циклоолефиндердің анилин
нүктесі өздеріне сәйкес қаныққан көмірсутектерге қарағанда төменірек
болады.
Мұнай өнімдерінің (бензин, керосин, дизельді отын) анилин нүктесі
олардың топтық химиялық құрамымен байланысты. Анилин нүктесі жоғары болған
сайын, мұнай өнімі соншалықты парафинді болып келеді. Ал анилин нүктесі
неғұрлым төмен болса, соғұрлым ароматты көмірсутектер көп болады [7].
Анилин нүктесін анықтаудың кең тараған стандартты әдісі тепе-тең көлем
әдісі болып табылады (МЕСТ 12329-77). Бұл әдіс келесідей жүреді: пробиркаға
2 мл-ден аналинді және зерттелетін мұнай өнімін құйылады, термометр мен
араластырғышы орнатылған тығынмен жауып, екінші диаметрі үлкен пробиркаға
салады. Жиналған құрылғыны су моншасына орналастырады. Моншаның қыздырылу
жылдамдығы 1-30Смин сәйкес пробирканың тұтас түссізденгенше жүргізеді,
содан кейін оны 0,5-1,00Смин жылдамдығымен лай пайда болғанша
салқындатады. Біркелкі лайланған кезде пробирканың ішіндегі зат анилин
нүктесінің температурасын анықтап алады.
Анилин нүктесі көмегімен МЕСТ 1024562 арқылы мұнайды парафиндегі
ароматты көмірсутектердің көлемін анықтайды. Бұдан басқа анилин нүктесі
арқылы химиялық қасиеттерін анықтайды. Мысалы, дизельді отынның дизельді
индексін есептейді, ал бұл цетан санын анықтайды.
Бензин анализінде анилин нүктесі арқылы оны ректификационды колонна
көмегімен келесі фракцияларға айдайды:
60-950С – бензолды;
95-1220С – толуолды;
122-1500С – этилбензол, ксилол;
150-1750С – ароматты көмірсутектер С9;
175-2000С - ароматты көмірсутектер С10.
Әр фракцияны жеке-жеке зерттейді. Әрқайсысының анилин нүкесі
анықталады; содан кейін әр фракциядан ароматты көмірсутектерді бөліп алады
(сульфирлеу және адсорбциялау арқылы) және деароматталған фракциялардың
анилин нүктесін анықтайды. Ароматты көмірсутектердің мөлшерін келесі
формуламен есептейді:

Х=К(t2- t1)

Мұндағы, К – анилинді коэффициент, ол ароматы көмірсутектердің болуының
проценттік массасына тең, бұндағы анилин нүктесі айырашылығы 10С ; t1 –
бастапқы фракцияның анилин нүктесі, 0С; t2 – ароматты көмірсутектерді
бөліп алғаннан кейінгі анилин нүктесі, 0С.
Бензин фракциясының детализді топтық құрамын анықтағанада құрамындағы
арендердің (% Ар), нафтендердің (% Н) және алкандардың (% А) проценттік
құрамынан басқа циклопентан (% НС5) және циклогексан (% НС6)
көмірсутектерінің нормальды құрылымын (% н-А) және изоалкандардың прценттік
құрамын табады [8].

2.2 Сұйықты-адсорбция арқылы бөлу

Топтық құрамын анықтағаннан кейін бензин фракциясын ароматты және
нафтенді-алканды бөліктерге бөледі, оны сұйықты-адсорбциялық
хромотаграфиямен жүргізеді. Нафтендер мен алкандар қоспасының бір бөлігін
3000С-та PtC каатлизаторынан өткізеді; катализатта кез келген әдіспен
құрамындағы ароматты көмірсутектерді анықтайды, олар мөлшері бойынша нафтен-
алканды бөлігіндегі бензиннің алты түйінді нафтендердің көлеміне тең.
Нафтен мен алакн қоспасының басқа бөлігінде тікелей тізбек арқыдлы
циолиттердің көмегімен алкандардың құрамн анықтайды [9].
Нафтен-алканды бөліктің топтық құрамын (нафтендердің, н-алкандардың,
изоалакндардың көлемін) газды-адсорбциялық хромотография арқылы молекулярлы
сүзгі 13Х көмегімне анықтауға болады.
Крекинг-бензиндердің немесе сұйық өнімдердің пиролиздік топтық құраын
анықтағанда анализді келесідей жүреді:
1. Анализделіп жатқан бензиннің массасынан малейн ангидридінің
көмегімен диолефиндердерін анықтайды және бөледі.
2. Диендерді жойғаннан кейін бензиндегі қанықпаған көмірсутектерді
анықтайды (бромды және иод саны әдісі арқылы).
3. 80%-тік күкірт қышқылының көмегімен қанықпаған көмірсутектерді
бөлу және екіншілей анықтайды және арендердің, нафтендердің,
алкандардың қоспасын алады.
4. Содан кейін анализ бензиннің тікелей айдау кезіндегі схема
арқылы жүреді.

Бензин фракциясы

Сұйық адсорбциялық
хромотаграфия

ТЖХ әдісі арқылы
идентификация

Дегидрогенезация
PtC 300 0С

Сурет 1. Тікелей айдау арқылы бензиннің детализді топтық
құрамын анықтайтын сұлбасы

Пиролиздің сұйық өнімдерін және крекинг-бензиннің олефиндерін топтық
анықтау келесідей жүреді:
1. Пиролиз шайыры фракциясынан немесе крекинг-бензиннен диен
көмірсутектерін ажыратқаннан кейін сіркеқышқылды сынап
көмегімен олефиндерді бөліп алады.
2. Ni үстінде 1500С-та бөлінген олефиндерді гидрлейді. Сол кезде
алкендер алкандарға , циклоолефиндер нафтендерге, ал
алкенилбензолдар алкилбензолдарға айналады.
3. Анилин нүктесі әдісі арқылы шикізаттың топтық құрамын
анықтайды [10].
Алкандардың проценттік құрамының табылған мәні алкендердің процентік
құрамына тең болады. Сонымен қатар нафтендердің проценттік құрамын
анықтайды, ол циклоолефиндердің проценттік құрамына тең және
алкилбензолдардың проценттік құрамын, ол алкенилбензолдардың процентік
құрамына тең болады.
Бензиннің крекинг және риформинг топтық құрамын тез анықтау
(олефиндерді, ароматты көмірсутектерді анықтау, нафтендің және алакндардың
мөлшерін) әдісі сұйық-адсорбциялық хромотография болып табылады және бұл
әдіс флюроесцирлеуші заттар қатысында жүреді.
Зерттелетін бензинге аз мөлшерде флюоресцирлеуші заттар қоспасын қосады
(мұнай шайырларынан бөлінетін полициклді қосылыстар және судан III майлы
бояғышымен бірге). Пайда болған қоспаны әйнек колоннаға құяды, ол сіңген
соң силикагельмен бірге қоспаға айырғыш (вытеснитель) қосады (этил
спирті). Колонна бойына көмірсутектер және оларға сәйкес бояғыштар таралып,
бөлінеді.

3. Бензиндер

3.1 Бензиндерге жалпы сипаттама

Бензин құрамына қаныққан көмірсутектер 25-61%, қанықпаған 13-45%, 9-
17% нафтенді қосылыстар, ароматты қосылыстар 4-16%. Көмірсутек
молекулаларының ұзындығы С5 тен С10 дейін, және көміртегі молекулаларының
саны 4-5-тен 9-10-ға дейін. Молекулалық массасы 100Д. Сонымен қатар бензин
құрамына күкірт, азот, оттек қосылыстары кіреді. Бензин мұнай
фракцияларының ішіндегі ең жеңіл фракция. Бұл фракцияны мұнайды көптеген
айдау процесстері негізінде алады. Бензин құрамы қозғалтқыштың жеңіл жұмыс
жасауы, сенімді жасауы, толықтай жануы, жану ұзақтығы, қозғалтқыш
бөлшектеріне әсерінің төмен болуы байланысты. Бензиннің фракциялық құрамы
МЕСТ 2177-82 бойынша анықтайды [11].
Бензиндер бұл әртүрлі көмірсутектердің қоспасы, ол 30-2050С аралығында
қайнайды. Бензин түссіз не арнайы боялған күйде болады. Судан жеңіл,
тығыздығы 0,70-0,78 гсм3, өзіне тән иісі бар. Бензин тез буланғыш, оңай
тұтанғыш зат, буының ауамен қоспасы қопарылғыш келеді. Бензин алудың
негізгі кең тараған әдістері: мұнайды тура айдау, мұнайдың ауыр
фракцияларын крекингілеу, көмірсутек газдарынан бөліп алу, тас көмірді
гидрогендеу және көмірсутек газдарын (изобутан, бутен, пропан) алкилдеу,
т.б. Бензинді іштен жанатын қозғалтқыштардың отыны, майды, шайырды,
каучукті еріткіш ретінде және т.б. мақсаттарда қолданылады. Бензиннің
негізгі қасиеті – детонацияға тұрақтылығы, яғни қозғалтқыштарда бірқалыпты
жану қабілеті. Оның детонацияға тұрақтылық қасиеті октан санымен
шығарылады. Октан саны неғұрлым көп болса, детонацияға тұрақтылық қасиеті
соғұрлым жақсы болады. Бензиннің маркалары (А-80, А-91, Аи-93, т.б.) осы
қасиетке негізделген. Автомобиль санының күрт өсуіне байланысты бензин
үлкен қалалар ауасын ластаушы негізгі факторға айналып отыр. Аудағы бензин
буының қойыртпалылығы 100-300 мгм3-ден көп болса, адам организміне
қауіпті. Сондықтан онымен жұмыс істегенде және оны пайдаланғанда барлық
сақтық шаралары қадағалануы тиіс. Қазақстанда бензин Атырау, Павлодар,
Шымкент қалаларындағы мұнай өңдену зауыттарында өңделеді. Бензиннің
құрамына көмірсутектерден басқа (парафинді, олефинді, нафтенді және
ароматты), күкіртті, азотты, оттекті қоспалар кіруі мүмкін. Бензинді
мұнайды тікелей айдау арқылы өңдеп алады, сонымен қатар крекинг, риформинг,
кокстеу арқылы да алады. Қозғалқыштардың мәжбүрлі тұтандырумен ішкі жану
үшін жанғыш ретінде қолданады (карбюратолы және тікелей шашырату). Кейбір
бензиндерді жуғыш сұйықтық ретінде пайдаланады [12].
Бензин мұнай өңдеудегі төмен детонациялық көрсеткіштеріне ие мұнай
өнімі. Мұнайдан 50%-ке дейін бензин алынады. Оларға табиғи бензин, крекинг
бензин, полимеризация өнімі, төмендетілген мұнай газдары және барлық
өнімдер. Олар мотор жанармайы ретінде қолданылады. Қазіргі заманғы
бензиндер келесі көрсеткіштерге жауап беру керек: қозғалтқыштың тиімді және
сенімді жұмыс жасауына, ұшқыштығы, яғни кез келген температурада тұрақты
құрамды жанармай алынуы, көмірсутектрдің болуы. Қазіргі кезде бензиннің
экологиялық қасиеттерін басты мәселеге айналдырып зерттеуде.
Бензиннің қату температурасы 600С-тан төмен, тұтандырғыштың
температурасы 00С-тан төмен болады. Бензин буының концентрациясы негізінде
ауада 74-123 гм3-та жарылғыш қоспа пайда болады. Негізгі эксплуатациялық
бензиннің сипаттамасы ұшқыштық, жанғыштық, оталғыштық, химиялық
тұрақтылықты, коррозиялық активті болып келеді. Бензин жеңіл тұтанатын
түссіз немесе сарғыштау сұйық, тығыздығы 700-780 кгсм3. Бензиннің
ұшқыштығы жоғары, жарқырау температурасы 20-400С. Бензиннің қайнау
температурасы 30-2000С. Бензин жанған кезде су және көмірқышқыл газы
түзіледі.
Автокөліктерге арналған бензин келесі қасиеттерге ие болу керек:
1) Қоспаның біртектілігі;
2) 200С-та тығыздығы 690-750 кгм3 тең болу керек;
3) Тұтқырлығы төмен болу керек. Тұтқырлығы температураға тәуелді.
Температура +40-тан -40- қа өзгерген кезде бензин шығыны 20-30% артады.
4) Ұшқыштығы – сұйық күйден газға ауысу қасиеті.Қыс кезінде қозғалтқыш
оңай іске қосылу үшін, тез қызу үшін, жанармай толықтай жану үшін
Автомобиль бензині ұшқыш болу керек [13].
Қаныққан бу қысымы – бу қысымы жоғары болған сайын, бензиннің
конденсациясы интенсивті жүреді. Жоғары қысымды бензин бу кептеліктерін
түзеді. Олар қозғалтқыштың қуаттылығын төмендетеді. Тез ұшқыш болғандықтан
сақтаған кезде шығынға ұшыратады.
Төмен температуралы қасиеттері – бензиннің төмен температураға
шыдамдылығы.
Ұшқыштық фракциондық құрам және қаныққан будың қысымымен анықталады.
Бұл көрсеткіштер бойынша бензиндердің ажыратылуы ұшқыштығына байланысты,
олардың көрсеткіштері бір-біріне жақын болады (мысалы, будың
дифференциалдық коэффициенті, тұтқырлық, беттік керілуі, тығыздық,
жылуөткізгіштік). Қозғалтиқыштың қызу жылдамдығы, оның детальдарының тозуы,
жанармайдың шығыны, төмен температурада қозғалтқыштың жұмыс жасауы,
қоректенуі жақсы, қабылдағыштығы жоғары болуы бензиннің фракциялық құрамы
және қаныққан буларының қысымына байланысты. Бензиннің төмен қайнайтын
фракциялары көп болып, оның қолданған кезде ол қозғалқыштың жұмысын
жеңілдетеді, бірақ бу кедергілері пайда болып оған кері әсер етеді. Жаз
мезгілінде қозғалтқыштың жұмысы кезінде бензин төмен қайнайтын
көмірсутектердің буларының көп жиналғанға дейін қыздырылуы мүмкін, сол
кезде бензонасостың массалық өнімділігі төмендейді, бензоауалық қоспа лезде
қарапайымдалып және тұтану ұшқынынан оталу қасиетін жоғалтады. Бұдан басқа
тым жеңіл бензиндерді қолдану төмен температурада карбюратордың мұздалуына
алып келеді, оның сақталуы барысында және орнын ауыстырғанда
буланужүреді,соның есебінен жанармайдың шығынын көбейтеді.
Кеңес Одағы кезінде автомобильді бензиндердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай өнімдерінің қышқылдық және сілтілік сандарын анықтау әдістері
ЖАҢАЖОЛ КЕН ОРНЫНЫҢ МҰНАЙ ҚОСПАСЫНЫҢ АШЫҚ ФРАКЦИЯЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫ МЕН ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ ОНЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ НҰСҚАСЫН ҰСЫНУ
Мұнай шикізаттарының құрылымын өзгертпей өңдейтін процестердің химиялық технологиясы
Майларды асфальтсыздандыру процесі
Мұнайдың химиялық құрамы және көмірсутек компоненттерінің мұнай фракцияларына таралуы
Алғашқы айдау өнімдері
ЭТТҚ - АВҚ қондырғысы туралы ақпарат
Бензин және олардың маркаларының сараптамасы
Бензин фракциясы құрамындағы ароматты көмірсутектерді бөліп алу
Мұнайды біріншілік өңдеу әдісі бойынша ғылыми-техникалық әдебиеттердің сараптамасы
Пәндер