Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұрагерлік қатынастар мәселесі.



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР МӘСЕЛЕСІ.
1.1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері ... ... ... ... .7
1.2 Қазақстан Республикасының заңы бойынша мұра қалдырудың сипаттамасы және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ӨСИЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Өсиеттің түсінігі мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Өсиеттің нысаны. Өсиетті жарамсыз деп тану негізі мен тәртібі
және құқықтық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.3 Өсиеттің орындалуы. Мұрадағы міндетті үлес ... ... ... ... ... ... ..37

3 Мұраны қабылдау
3.1 Мұрагерлік істі хаттау тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
3.2 Мұрагерлі мүлікті қорғаушылардың шара қолдануы ... ... ... ... ... . 44
3.3 Мұрадан бас тарту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 46

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес, жеке меншік пен оны мұра ретінде алу құқығы мемлекетпен қорғалады [1; 26б].
Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты.
Дипломдық жұмысты зерттеудің негізгі объектісі - мұра қалдырушының өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке меншігі және кейбір мүліктік емес құқықтар мен міндеттер.
Жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарлауына және оның нәтижесінде мүдделлігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық негізін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елдің халқына Үндеуінде, жеке меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де мұрагелік құқықты қорғайтын заңи жүйенің есебінде бекітіледі.[2; 19б, 52б]
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.Мұрагерлік әмбебап тәртібінде құқықтың ауысымен өтетін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып, мұраға қатысты барлық құқықтыр мен міндеттерге ие болып отырған. Мұрагерлік процесінен екі кезеңді байқауға байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір бөлігі. Мұра екі жолмен жүреді: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша (егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса) [3; 1038б].
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болєан жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы мүмкiн.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау салдарынан ашылады. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдау керек. Мұраны қабылдау – біржақты келісім және әрбір келісім сияқты қабылдау тек қана қабілетті азаматты тұлғамен орындалады.
Қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:
 нотариусқа қатысты арызды беру жолымен;
 нақты (мұрагерлі мүлікке иелік ету сәттен).
Егер мұраны қабылдаудан өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер бас тартқан жағдайда онда иесіз қалған мұра болып есептелген [4; 36-37б].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж.
2. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың өз халқынына ЖОЛДАУЫ 1 наурыз 2006жыл, 28 ақпан 2007жыл.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (ерекше бөлім)
21 шілде 1999ж.өзгертулер мен қосымшалар 10.03.04ж.
4. Айтжан Б.Е. Хусаинова А.М. Рим құқығы: Оқу құралы.- Алматы: «Жеті Жарғы», 2005ж.-80б.
5. Грудцына Л.Ю. Наследственное право: Учебный курс-2-е изд., испр. и доп. – М.: Изд-во Эксмо, 2006г.-272с (Полный курс за три дня).
6. А.М. Немков. Очерки истории наследственного права. – Воронеж, Издательство Воронежского Университета, 1979г.
7. Дождев Д.В. Римское частное право. Учебник для ВУЗов.- М.: «Инфра – М- Норма, 1997-с.566.
8. Гражданское право. Учебник. Часть3. Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого.- М.: Проспект, 1998г.- с.489
9. В.С. Антимонов, К.А. Граве. Советское наследственное право.- М.: Государственное издательство юридической литературы, 1955г.
10. В.И. Серебровский. Очерки советского наследственного права. _ М., Издательство Академии наук СССР, 1953г.
11. Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» заңы 20 маусым 1997ж.
12. КР АзаматтыҚ кодексі ( Ерекше бөлім). Комментарий. Отв. ред. М. К. Сулейменов, Ю. Г. Басин. —Алматы: Жеті Жарғы, 2000ж.- с.714
13. Бондарев Н.И., Эйдинов Э.Б. Право на наследство и его оформление. М.: Государственное издательство юридической литературы, 1955г.
14. П.С. Никитюк. Наследственное право и наследственный процесс.- Кишинев: «Штиинца», 1973г.
15. С.И. Ожегов Словарь русского языка. – Под.ред. чл.- корр.АН СССР Н.Ю.Шведовой- М.:”Русский язык”, 1985г. – с.342.
16. М.В. Гордон. Наследование по закону и по завещанию – М.: Юридическая литература, 1967г.
17. Дождев Д.В. Римское частное право. Учебник для ВУЗов.- М.:”Инфра- М-Норма, 1997г.
18. Гонт Т.И. Завещание: субъективная сторона сделки /Нотариус,1999г
19. Қазақстан Республикасының “Неке және отбасы туралы” Заңы. 17желтоқсан 1998ж.
20. Қ.Р Азаматтық кодексі (жалпы және ерекше бөлім) Комментарий. Отв. Ред. М.К.Сулейменов, Ю.Г.Басин: Жеті Жарғы, 2000ж.
21. Қазақстан Республикасында нотариаттық іс-әрекеттерді жасаудың тәртібі туралы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 1998 жылғы 28 шілде №539 бұйрығымен бекітілді.
22. Мозжухина З.И. Наследование по завещанию в СССР. М.: Государственное издательство юридической литературы, 1955г.
23. Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» заңы 14 шілде 1997ж.
24. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот Пленумының № 7 жарғысы 18 желтоқсан 1992ж.
25. Барщевский М.Ю. Если открылось наследство. –М.: Юридическая литература, 1989г.
26. Басин Ю.Г. Сделки: Учебное пособие. - Алматы: ВШП”Адилет”, 1999г.
27. Барщевский М. Ю. Наследственное право: Учебное пособие. - М.: Белые альвы, 1996г.
28. Комаров П.К. Законодательство о наследовании. М.: Государственное издательство юридической литературы, 1963г.
29. Пронина М.Г Наследование по закону и по завещанию. - Минск: Беларусь, 1978г.
30. Пронина М.Г. Право наследования. - Минск: Беларусь, 1989г.
31. Рясенцев В.А Наследование по закону и по завещанию в СССР. - М.: Издательство Академии наук СССР, 1953г.
32. Степаненко Г.М. Наследственное право РСФСР. – Издательство Саратовского университета, 1965г.
33. Эйдинова Э.Б. Наследование по закону и завещанию. – М.: Юридическая литература, 1984г.
34. Гражданское право, том 1 / Издательство «БЕК» – Москва 1993г.
35. Блум М.И. Тилле. Обратная сила закона. Москва 1969г.
36. Азаматтыќ, отбасылыќ жјне ќылмыстыќ істер бойынша ќұќыќтыќ көмек пен ќұќыќтыќ ќатынастар туралы конвенцияны бекіту туралы Ќазаќстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 531 Заңы.
37. Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілде №833 қаулысы.
38. Калпин А.Г. Масляев А.И., Гражданское право, часть 1. Учебник / Москва 1997г.
39. Садиков О.Н. Гражданское право , часть 1. /Москва 1996г.
40. Гршиаев С.П. Гражданское право, Учебник, М. 1998г.
41. Рабинович Н.В. Гражданское право. Ленинград, 1960г.
42. Власов Ю.Н. Калинин В.В., Наследование по закону и завещанию.-М.: Юрайт, 2000г.
43. Гущин В.В. Возникновение и развитие наследственного право // Вестник МГИУ. Серия «Гуманитарные науки», 2003г. №1.
44. Маслович А. Наследование по завещанию и закону // Сборник АКДИ, 2002г.
45. Оглобина О.М. Наследование по завещанию. Практическое пособие. М.: Издание Тихомирова М.Ю., 2004г.
46. Зайцева Т.И, Крашенинников П.В. Наследственное право. Комментарий законодательства и практика его применения. Изд. 3-е, перераб. и доп. - М.: «Статус», 2002г.
47. Сучкова Н. Применение законодательства при оформлении прав на наследство, М. 2002г.
48. Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права М.,1995 г.
49. Ярошенко К.Б. Наследование по завещанию. М., 1994г.
50. Ярошенко К.Б. Порядок наследования имущества. М., 1994г.
51. Гражданское право. Словарь справочник / Под ред. Тихомирова М. – Москва 1996г.
52. Қалдыбай Бектаев «Сөздік» Үлкен қазақша-орысша орысша-қазақша сөздік. Алматы: «Алтын Қазына» 2001ж.-704 бет.
53. Қазақша-орысша орысша-қазақша оқушыларға, студенттерге арналған сөздік 30 000 сөз «Аруна LTD» ЖШС баспасы Алматы, 2002ж.
54. Сапарғалиев Заң терминдеріне түсіндірме сөздігі. Алматы, Жеті Жарғы 1996ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР
МӘСЕЛЕСІ.
1.1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму кезеңдері ... ... ... ... .7
1.2 Қазақстан Республикасының заңы бойынша мұра қалдырудың сипаттамасы
және түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2 МҰРАГЕРЛІКТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ ӨСИЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
2.1 Өсиеттің түсінігі мен элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
2.2 Өсиеттің нысаны. Өсиетті жарамсыз деп тану негізі мен тәртібі
және құқықтық салдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32
2.3 Өсиеттің орындалуы. Мұрадағы міндетті үлес ... ... ... ... ... ... ..37

3 Мұраны қабылдау
3.1 Мұрагерлік істі хаттау
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 41
3.2 Мұрагерлі мүлікті қорғаушылардың шара қолдануы ... ... ... ... ... . 44
3.3 Мұрадан бас
тарту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ...
46

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..51

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 53

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясының 26-бабына сәйкес, жеке
меншік пен оны мұра ретінде алу құқығы мемлекетпен қорғалады [1;
26б].
Мұрагерлік құқығы жеке меншік құқығымен тығыз байланысты.
Дипломдық жұмысты зерттеудің негізгі объектісі - мұра қалдырушының
өмірі кезінде мұрагерлер пайдаланылатын мүлік, азаматтардың жеке
меншігі және кейбір мүліктік емес құқықтар мен міндеттер.
Жекелеген азаматтардың қолында жеке меншік заттардың шоғырлануы
қоғамдық еңбек өнімділігінің жоғарлауына және оның нәтижесінде
мүдделлігін арттырады. Демек, мұрагерлік құқық қоғамның экономикалық
негізін нығайтуға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасы Президентінің елдің халқына Үндеуінде, жеке
меншік институттары жерге жеке меншік есебінен және де мұрагелік
құқықты қорғайтын заңи жүйенің есебінде бекітіледі.[2; 19б, 52б]
Мұрагерлік - қайтыс болған азамат (мұра қалдырушы) мүлкiнiң басқа
адамға (адамдарға) - мұрагерге (мұрагерлерге) ауысуы.Мұрагерлік әмбебап
тәртібінде құқықтың ауысымен өтетін, яғни мұрагер мұраны қабылдай отырып,
мұраға қатысты барлық құқықтыр мен міндеттерге ие болып отырған. Мұрагерлік
процесінен екі кезеңді байқауға байқауға болады: мұраның ашылуы (мұра
қалдырушының қайтыс болуы) және мұраны қабылдау. Мұрагердің мүлікке деген
меншік құқығы мұраны қабылдаған соң жүзеге асқан.
Мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа тиесілі,
мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде құқықмирасқорына
тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен міндеттердің бір
бөлігі. Мұра екі жолмен жүреді: өсиет бойынша немесе (және) заң бойынша
(егер өсиет қалдырылмаса немесе өсиет бойынша мұрагер мұраны қабылдамаса)
[3; 1038б].
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның
құрамына кірмейді. Мұра қалдырушыға тиесілі болєан жеке мүліктік емес
құқықтар мен басқа да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге
асыруы және қорғауы мүмкiн.
Мұра азаматтың қайтыс болуы немесе оны қайтыс болды деп жариялау
салдарынан ашылады. Мұраға ие болу үшін мұрагер оны қабылдау керек. Мұраны
қабылдау – біржақты келісім және әрбір келісім сияқты қабылдау тек қана
қабілетті азаматты тұлғамен орындалады.
Қабылдау екі тәсілмен іске асырылады:
– нотариусқа қатысты арызды беру жолымен;
– нақты (мұрагерлі мүлікке иелік ету сәттен).
Егер мұраны қабылдаудан өсиет бойынша немесе заң бойынша мұрагерлер бас
тартқан жағдайда онда иесіз қалған мұра болып есептелген [4; 36-37б].
Мұрагерлік құқықтың маңыздылығы жеке меншіктің тұтынушылық
сипатымен анықталады. Мұра ретінде өтетін мүлік – бұл олардың
материалдық және рухани сұраныстарын қанағаттандыратын азаматтардың
жеке меншігі. Мұрагерлік құқық – азаматтық құқықтың өте ертедегі және
бөлшекті жасалынған саласы. Мұра сөзі адамзатқа өте ертеден белгілі.
Мұрагерліктің мәні және ролі қоғамдық қатынастың даму деңгейіне байланысты
өзгереді, бірақ та кез келген жағдайда мұра қалдырушы өзі жинаған мүлкін,
мұрагерлік құқығын өзі тағайындаған жақын туыстары немесе жеке және заңды
тұлғаларға мұра қалдырып кетуге деген сенімі мол болады. Сонымен қатар,
... Мұрагер болу құқығы - әрбір азаматтық құқықтың мәртебесінің
бөлінбейтін элементі. Бірақ та мұрагерліктің конституциялық құқығы
азаматта нақты мұра туғызбайды. Ондай құқықтар өсиет немесе заң негізінде
туындайды [5; 9б].
Мұрагерлік құқықтың мәні-мұрагерлік құқығы бар нақты тұлғада тек заңда
белгіленген (мұра қалдырушымен туыстық қатынастары бар мұрагерлер шеңберіне
қосылуы) негіздердің бар болуы.
Осы аталған жұмыстың зерттелу пәні – берілген құқықтың нормаларымен
реттелетін қоғамдық қатынастар. Мұрагерлік құқықтың әсер ету шеңбері
мұрагерлік қатынастың әрекет ету шеңберінен әлдеқайда кеңірек, өйткені олар
– мұрагерлік құқықтың тек бір бөлігі ғана. Мұрагерлік құқықтың пәні –
мұрагерлік заңымен реттелетін мүліктік-бағалық сипаттағы қоғамдық
қатынастар.
Мұрагерлік құқық - азаматтық құқықтың саласы сияқты, әмбебап тәртібінде
құқықтың ауысуы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалар жиынтығы.Мұрагерлік мүлік мұрагерге және меншік негізінде қаралуы
керек.
Мұрагерлік құқық объективті және субъективті мағынада қарастырылады.
Объективті мағынада мұрагерлік құқық азаматтық құқықтың саласын түзетін
мұрагерлікті реттейтін құқықтық нормалар жиынтығымен сипатталады.
Мұрагерлік құқықтың объективті мағынадағы мәні - әрбір адам қайтыс
болғаннан кейін оның мүліктері жақын туыстарына өтеді деген мүмкіншілігімен
кепілдік беріледі.
Мұрагерлік құқықтың субъективті мәні (қайтыс болған адамның мүлкін
мұрагерлік алу) - азаматтық құқық қатынастың нақты субъектілер
мүмкіншілігімен сипатталады. Мұрагерлік құқық-мұрагерлікке дейін (өсиет
жазу, нотариальды куәлікті алу, өзгеру т.б.) және олардан кейінгі (мұраны
қабылдау, мұраны бөлу) қатынастарды реттейді.Осыдан мұрагерлік құқық
азаматтық құқықтың саласы екені айқындалады.
Сонда мұрагерлік құқықтың пәні азаматтыққа қарағанда, неғұрлым тар,
және де ол тек мұраның ашылуы, мұраның орындалуы, мұрагерлік құқықтың
хатталу тәртібі, оларды қорғау негізінде туындайтын азаматтық- құқықтық
қатынастарға беріледі.
Мұрагерлік қатынасты реттейтін нормалар кез келген потенциялды мұрагер
сияқты азаматтың жұмысын қиындатады. Сол себепті мемлекет мұрагерлік құқық
аясында зиянды болдырмауы тиіс. Ол азаматты өзінің мүлкін, соның ішінде
қайтыс болған жағдайында ерікті түрде қолдануға кепілдік беру қажет. Мұра
құқығының әдісі - мұрагерлік қатынасты реттейтін құралдар мен тәсілдер
жүйесі. Мұрагерліктің әдісінің келесі белгілері бар: азаматтық
құқыққатынастарға қатысушылардың теңдігі, қатысушылардың автономиясы,
олардың мүлік еріктігі т.б.
Адамның қайтыс болуынан қалған мүлкін билік ету қабілеттілігі –
мемлекетте экономикалық қатынастарды тұрақтандырады, одан қоғамда және
мемлекетте берілген мүмкіншілігі бар адам өзі үшін ғана емес, сонымен қатар
жақын туыстары үшін де (болашақтағы мұрагерлер) жұмыс істейді.
Егерде азамат өлген жағдайда ешқандай өзінің мүлкіне қатысты
өкім жасамаған болса, онда заң мұрагерлікке балаларын, жұбайын, ата-
аналарын, жақын туыстарын шақырады. Сонымен, мұрагерлік құқық өлгеннің
мүлкін отбасында оның мүдделерін қамтамасыз етіп, сақтайды және
пайдалану мүмкіншілігін тудырады.
Бұл азаматтардың жеке меншік құқығын толықтырады және бекітеді,
оның қорғауына қызмет етеді. Сонымен қатар, сұрақтың осылай шешілуі
отбасылық байланысты ықпалын тигізеді және бекітеді. Біздің заң
бойынша азаматқа өлмей тұрып, өз мүлкіне билік етуге, яғни өсиет
қалдыру жолымен өкім тастай алады.
Азамат өсиетте өзі өлгеннен кейін берілетін мүліктің белгілі
отбасы мүшелеріне ұйымдарға және басқа да тұлғаларды көрсетуге болады.
Сонымен, ол өзінің өмірі кезінде өзінің мүлкін қалдыратын
тұлғаларды анықтап қоюы тиіс.
Азаматқа өз мүлкімен билік етуде кең құқықтар бере отырып, өсиет
қалдыруда мемлекет кәмелетке толмаған және жұмысқа жарамсыз отбасы
мүшелерін қорғап, оларға міндетті мұрагерлік үлестің сақталуын
қамтамасыз етеді.
Мұрагерлік құқық сұрақтары қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі
болып отыр. Ол нарықтық қатынастардың пайда болуы, объектілер шеңбері және
де мемлекетке жататын меншік пен мүмкіндіктердің жекешелендіру тәртібімен
жеке меншікке ауысуы-мұрагерлік тәртібімен өтуі әлдеқайда кеңейтілуімен
түсіндіріледі. Егер де ертерекет мұрагерлікке тек осы бағалы заттар
қалдырылса, (көлік, саяжай, салым), ал қазіргі уақытта пәтер, тұрғын үйлер,
жер үлесі және т.б. мүліктер болуы мүмкін. Сонымен мұрагерлік құқықтың
нормалары аса қажет болып табылады.
Мұра қалдырушының өлімі оның өзіне және мұрагерге, сонымен қатар, басқа
да тұлғаларға құқық тарапынан ауыртпалық әкелуі мүмкін. Бұның өзі таңдаған
тақырыптың өзектілігін көрсетеді. Неге? Себебі ол әртүрлі болуы мүмкін.
1-ден көптеген азаматтарды өлімнен кейін мұрагерлік құқыққа сай
нормалармен бөлінетін мүлік ретін қолдайды. Бұл түсінікті жағдай, өйткені
заң бойынша мұрагерлер ең жақын туыстары болып табылады.
2-ден Ажал кез келген уақытта болуы мүмкін. Сондықтан кей адамдар
өсиетті жазып үлгермейді.
3-ден Өсиет жазу кейбіреулерге қиынға түседі. Өйткені көптеген
адамдар өлім деген суық сөзден қорқады. Бірақ та ақиқаттан қашуға болмайды.

Сонымен, тақырыптың өзектілігі жоғары көрсетілгендер мен қатар
келесідей аспектілерді бекітеді.
1-ден Тақырыптың өзектілігі азаматтық заңнама көлеміндегі
жаңалықтардағы деректердің жоқ болуында.
2-ден Алдағы уақыттағы заңнама мен қазіргі кездегі мұрагерлік құқықтық
салыстырмалы түрде саралау.
3-ден Құқық тәжірибесіндегі қалыптасқан кезекті жаңа мұрагерлікті
зерттеу.
Осы жұмыстың мақсаты болып, өсиеттік құқық мирасқорлықты құқықтық
құбылыс ретінде түрлі ерекшеліктерін және өсиеттің негізінде пайда
болатын қатынастарды зерттеу табылады. Осы мақсатқа жетуде келесі
сұрақтарды ашуда көруге болады:
– мұрагерлік қатынастардың қалыптасуы мен даму сатыларын
қарастыру;
– өсиеттік мирасқорлықты жүзеге асыру тәсілі ретіндегі,
өсиеттің маңызын, белгілерін және мағынасын анықтау;
– өсиеттік құқыққабілеттілікті жүзеге асырудағы құқықтық
кепілдіктерді зерттеу.
Дипломдық жұмыстың кең ауқымды көрінісін, ғылыми зерттелу деңгейін
М.Ю. Барщевскийдің Наследственное право, Ю.Н. Власовтың, Э.Б.
Эйдинованың, А. Давидовичтің, А.М. Немковтың Наследование по закону и
завещанию, П.С. Никитюктің Наследственное прво и наследственный процесс,
А.Л. Маковскийдің Наследственное право табан ақы, маңдай терімен
жазылған еңбектерінен көруге болады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Өсиеттің осындай ерешеліктерін және мұрагерлік құқығын біз
толығымен осы жұмыста ашуға тырысамыз.

1 ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЗАҢЫ БОЙЫНША МҰРАГЕРЛІК ҚАТЫНАСТАР
МӘСЕЛЕСІ

1.1 Мұрагерлік құқықтың пайда болуы және даму
кезеңдері

Мұра қалдыру құқық қатынастары басқа қатынастар сияқты дамыған.
Олар қоғамның экономикалық даму өнімі болып табылады. Материалдық
құндылықтар өндірісіндегі процесте адамның қарым - қатынасы қоғамның
экономикалық базисі болып табылады. Өндірістік қүштердің дамуымен
бірге экономикалық құрылыста өзгереді.
Экономикалық құрылыстың өзгеруімен қоғамның көзқарасы да өзгереді.
Өндірістік күштердің дамуы құқықтың өзгеруіне алып қеледі, жекелеп
айтқанда мұра қалдыру қатынастарына.
Мұра қалдыру және өзге де қатынастардың өзгеруі, тек қоғам
нысанының ауысуы нәтижесімен ғана емес, сонымен қатар бір мезгілде
экономикалық құрылыстың өзі өндірістік қүштердің дамуымен белгілі
бір өзгерістерге ұшырайды [6; 7б].
Құқық нормаларының өзгеруіне және қалыптасуына, соның ішінде
мұра қалдыру тәртібін реттейтін нормаларына тек экономикалық базис
әсер етіп қоймай, сонымен қатар қоғамдық құрылымдарының әртүрлі
бөліктері әсер етеді: мемлекет, дін, философия, мораль және тағы
басқалар.
Мұрагерлік құқықтың экономикалық, саяси және өзге де қоғам
өмірінің басқада жағдайларынан тәуелділігін анық көру үшін, оның
қалыптасу мен өзгерістерін тарихи аспектіде қарастыру керек. Ол
үшін мұра қалдыру тәртібін әртүрлі әлеуметтік – экономикалық
нысандарын қарастыру керек.
Алғашқы қауымдық құрылыс - адамзат тарихындағы бірінші қоғамдық –
экономикалық формация. Бұл құрылыс жүйелі түрде дамуда матриархат
және патриархат қезеңінен асып түскен. Жеке меншік, таптар және
мемлекеттің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауына алып
келген.
Матриархаттың бастапқы кезеңінде топтық неке орын алды, онда
бір топ ер адамдар бір топ әйелдермен некеге тұрды. Өндірістің
негізгі құралдары ( жер, аң және балық аулайтын құралдар), сонымен
қатар бірге дайындалатын және пайдаланылатын ( тұрғын үй, қайық, азық-
түлік және т.б.) заттар рудың жеке меншігі болып танылды.
Рулық қауымдастықтың экономикалық негізін бекіту мақсатында, әдет-
ғұрып бойынша өлген адамның мүлкін рудан тысқары шығармады. Өлген
адамға тиісті болған мүлік жақын туысқандардың арасында бөлінді.
Көбінесе мұра шешесі жағындағы жақын қандық туыстарына берілді.
Жеке өзі пайдаланылатын құнды заттар олардың иесімен бірге көмілді.
Матриархат кезеңінде жеке меншіктің әртүрлілігі мен мөлшері аз
болғандықтан мұрагерлікке ешкім мүдделі болған жоқ.
Патриархат кезеңі бірнеше өндірістік күштердің адамның қызметінің
барлық шаруашылық саласында дамуымен сипатталады.
Жеке меншік ер адамның қолында болған соң, оның отбасы
шеңберінде сақтап қалу қажеттілігі туды. Сондықтан, меншік иесі
өлген соң мүлікке тек өзіне жақын адамдар мұрагерлер болғанын дұрыс
көрді. Мұрагерлік мүлікті өз балаларына қалдыру үшін, меншік
иесінен некеде туған баласы болуы қажет [6; 16-17б].
Өндірістік қатынастары өзгерген соң мұра қалдыру тәртібі де
өзгерді. Ортақ шаруашылық жүргізетін тұлғалар шеңбері тарылуы,
мұрагерлердің шеңберінің тарылуына алып келді. Матриархат кезеңіндегі
мұра қалдыру тәртібі бойынша өлген адамның мүлігі барлық ру
мүшелерінің арасында бөлінген болса, патриархаттың алғашқы кезеңінде
мұрагерлік - агнаттық тәртіппен ауыстырылды. Өлген адамның мүлкі
Патриархалды отбасының шегінен шықпай, агнаттар арасында бөлінді.
Қалған туыстары мұра ретінде тек агнаттардан ешкім қалмағанда
ғана алатын. Агнаттар - деп мұра қалдырушымен агнаттық туыстықтағы
тұлғаларды атаған. Агнаттық туысқандарға: отбасы иесі, оның әйелін,
олардың ұлдары мен күйеуге шықпаған қыздары, ұлдарының әйелдері мен
оның балалары және де асырап алған тұлғалар кірді.
Рулық қауымдастықтың соңғы қезеңінде өсиет бойынша мұра қалдыру
институты пайда болды.
Сонымен, алғашқы қауымдық құрылыста мұра қалдырудың ешқандай
тәртібі болмаған. Қоғамның экономикалық дамуының өнімі мұрагерлік
өмірдегі өндіріс құралдарының тәсілдерінде болған өзгерістермен бірге
ауысты. Өндірістік күштердің дамуымен тамақтану үшін туыстық
негізіндегі бір топқа жиналған тұлғалардың шеңбері тарылды. Сонымен
қатар, мұрагерлердің де саны азайды.
Демек, шаруашылық жүргізудің экономикалық негізі өндіріс
құралдарына деген қауымдық меншік болған соң мұрагерлік мүлік
өндірістік ұжымның шегінен шықпады.
Өндіріс құралдарына деген ортақ меншікті мұра қалдырушы өз
еркімен билей алмады. Сондықтан рулық қауымдастыққа өсиет бойынша
мұра қалдыру мәлім болмады. Жеке меншік пайда болған соң ( рулық
қауымдастықтың соңғы сатысында) өсиет бойынша мұра қалдыру институты
пайда болды [6; 20б].
Құл иеленушілік құрылыстың мұрагерлік құқығы. Құл иеленушілік қоғам
екі негізгі топқа бөлінді: құл иеленушілер және құлдар.
Құлдық құрылыстың экономикалық негізі болып, өндіріс құралдары
мен құлдарға деген құл иеленушінің меншігі табылды. Жаңа қоғамдық -
экономикалық формацияға өту сол уақытқа өндірістік күштердің өсуі
қарқынды болды.
Мемлекетпен бірге құқық та пайда болды. Құлдық мемлекеттердің
алғашқы заңдары алғашқы қауымдық құрылыстың соңғы кезінде жүзеге
асырылатын мұрагерліктің, үшінші мұрагерлік тәртіптегі қатынастарды
реттеп, бекітті. Сонымен қатар заңдарда мүлік иеленушінің құқықтары,
оған өсиет ету құқықтарын беру жолымен ұлғайтылды.
Көне Египеттік құқықтың сақталған мұраларынан құлдық мемлекетте
заң мен өсиет бойынша мұраға қалдыру мәлім болғанын көруге болады.
Мұра қалдырудың жариялық нысаны ғана рұқсат етілген.
Мұра қалдырушы жеткілікті негіздер болған жағдайда, заңды
мұрагерлерді мұрадағы үлестерінен айыруға мүмкіндік берді. Мұра
қалдырушы өзінің мүлкін тек заңды мұрагерлерге ғана емес, сондай ақ
басқа тұлғаларға қалдыра алды. Өсиет болмаған жағдайда, мұрагер
ретінде өлген адамның мүлкі заңды мұрагерлеріне беріледі.
Мұрагерлердің бірінші кезегінде мұра қалдырушының балалары тұрды.
Мұрагерлік мүлік балаларының арасында тең үлесте бөлінеді.
Балалары болмаған жағдайда, мұрагер ретінде өлген адамның ағалары
мен апалары саналады.
Құл иеленушілік құрылыстағы мұрагерлік қатынастардың толық түрде
реттелуі Рим құқығында берілген. Рим құқығының көне мұрасы болып, 12
таблица заңы болып табылады. Онда патриархаттың соңғы кезеңіндегі
мұра қалдырудың тәртібі бекітілген болатын және мұра қалдыру
екендігі танылды.
Рим құқығы өсиет бойынша немесе заң бойынша мұра қалдыруды
рұқсат етті. Мұра қалдырудың екі түрі де бір уақытта әрекет ете
алмады. Өсиет бойынша мұра қалдыру заң бойынша мұра қалдыруды
рұқсат етпеді.
Басқа да құл иеленуші мемлекеттердегі сияқты Рим құқығы да мұра
қалдырудың жария нысанын қарастырды. Мұра қалдырудың мұндай нысаны
мұра қалдырушының отбасы мүшелерін мұрагерлік қателіктерінен
сақтаған. Өйткені, халық жиналысы мұра қалдыруды әділетсіз деп
таныса, рұқсат етілмеді.
Өсиеттің мазмұнына да қажетті талаптар қойылды. Соның ішінде
міндетті түрде мұрагер көрсетілуі тиіс. Егерде мұраны қалдырушы
туыстарының ішінде мұрадан айыратын тұлға болса, онда ол мұрасыз
қалған тұлғаларды жазуы тиіс. Егерде ондай тәртіп қолданылмаса,
өсиет жарамсыз деп танылады.
Империя кезеңіндегі рим құқығында легаттан басқа (өсиеттік бас
тарту) бас тартудың басқа түрін - фидейкомисс танылды.
Фидейкомисстің легаттан айырмашылығы тек қана өсиет бойынша
мұрагерге ғана емес, сонымен қатар заң бойынша мұрагерге де
қойылады.
Рим құқығында шартты түрде мұрагер болу мүмкіншілігі бар. Тұлға
егер өсиет қалдырушы шартын орындағаннан кейін ғана мұрагер болып
танылады. Егерде бұл шарт орындалмаса өсиет жазылмаған деп
танылды. Яғни, өсиеттің тиістілігіне әсер етеді.
Өсиет келісім шарт болып танылғандықтан, өсиет қалдырушы құқық
қабілетті және әрекет қабілетті болуы керек болды. Рим құқығы мұра
қалдыруды жан-жақты (әмбебап) мирасқор ретінде қарастырды. Бұндай
жағдайда мұрагер мұраны алған соң, бір актімен өлген адамның
құқықтары мен міндеттерінің барлық жиынтығын алды. Мұрагерге мұра
көшу үшін, ол мұраны қабылдап, алуы тиіс. Мұрагер мұраны алды деп,
мұрагерлік мүлікті басқаруға көшсе немесе қуәлердің қатысуында
мұраны қабылдау туралы мәлімдесе ғана танылады [7; 566б].
Сонымен жеке меншіктің дамуы мен отбасы мүшелерінің еңбегін
құлдардың еңбегіне ауыстыру құл иеленуші қоғамдағы отбасын өндірістік
коллектив ретінде экономикалық ұя ретінде қарауды қойды.
Мұрагерлікке мұралық мүлікті жинауына және алуына қатысуына қарамай,
өлген адамның жақын қандық туыстары шақырыла бастайды. Өсиет мұра
қалдырудың басым нысаны болады.
Феодалдық құрылыстың мұрагерлік құқығы. Өндіріс құралдарының,
одан әрі дамуы енбеқтің өнімділігінің өсуімен қоса болады.
Құл иеленушілік өндірістік қатынастарда өнімділік қүштердің
өсуінің сәйкессіздігі құл иеленушілік құрылыстың біртіндеп феодалдыққа
ауысуына алып қелді.
Феодалдық құрылыстың сипаттамасы ретінде жер меншігінің
иерархиялық құрылымы танылды. Көптеген феодалдық меншіктер саяси
бытыраңқылық пен өзара соғыстардың арқасында жүйеленген заңдар
болған жоқ. Мұрагерлік құқықтың сұрақтары басқа құқық институттары
да нашар қарастырылған. Құл иеленушілік құрылыс сияқты , феодалдықта
да көптеген мұрагерліктің кезектілігі сақталды.
Соңғы кезектегі мұрагерлер алғашқы кезектегі мұрагерлер болса
ғана шақырылмаған. Мұрагерлік кезектердің жүйелілігі туыстық
дәрежесіне негізделген. Туыстық дәрежесі жақын туыстар алыс
дәрежедегі туысқандарды шегеріп тастаған.
Саксондық айна (герман құқығының 13- ғасырдағы ескерткіші)
мұрагерлер мұра қалдырушының арыздарын жылжымалы мүліктің бағасымен
жауапкершіліктің мөлшерін азайтқан [6; 46б].
Феодалдық құқыққа мұра қалдырудың тек заң бойынша ғана емес,
сонымен қатар өсиет бойыншасы да мәлім болған, бірақ мұра
қалдырушының құқықтары біршама шектелді. Мысалы: Егерде мұра
қалдырушыда ұлдар болса, онда мүлікті өсиет бойынша мұраға қалдыруға
болмады. Бұл жағдайда мұра қалдырушының еркінен тыс барлық мұралық
мүлік ұлдарының арасында бөлініп берілді. Егерде ұлдары болмаса,
мұра қалдырушы өз мүлкін кімге болса да қалдыра алды.
Полицтік статут (15- жүзжылдықтағы оңтүстік славяндардың
феодалдық құқығының ескерткіші) Бұл заңдар жинағында, мұра
қалдырушының ұлдарын мұрадан айырудың жекелеген және заңда
көрсетілген жағдайларын көрсеткен [6; 47б].
Феодалдық қоғамда мұрагерлік құқық қатынастарды реттеуде үлкен
әсерлерді көрсетті. Дін, идеология, әлеуметтану феодал таптарындағы
қоғамда басшылықтың еркін білдірді.
Құқықтың дамуына араб елдеріндегі дің ерекше үлкен әсер етті.
Бұл жерде діңнің алғы шарттары мұсылмандық құқықтың негізі болды.
Мұсылмандардың мұрагерлік құқығы Құранның оқуында көрініс тапқан.
Еуропалық феодалдық мемлекеттердің мұрагерлік құқығын мұсылмандық
мұрагерлік құқығымен салыстырғанда бірқатар ерекшеліктері бар:
1. 1) Мұрагерлік мүлік анасы жағынан туыстарына көшпейді.
2) Ер адамның мұрагерлік үлесі әйел адамның үлесіне қарағанда,
екі есе көп болады.
3) Мұрагерлікке ұсыныс тәртібімен жүргізуге жол берілмейді;
4) Өсіп келе жатқан мұрагерлерді толығымен шығарып тастамады;
5) Мұрагер мұрадан бас тарта алмайды;
6) Құлдыққа түскен тұлға мен діңнен безер заң бойынша мұрагер
бола алмайды;
7) Мұра қалдырушының қарыздары бойынша жауапкершілік мұра көлемінің
активімен шектелді;
8) Мұра қалдырушы тұлға тек мұраның үштен бір бөлігімен ғана
басқара алды;
9) Өсиет бойынша мұрагерлер болып, заң бойынша мұрагерлерден басқа
әрбір тұлға танылады [6; 46б].
Сонымен, феодалдық құқықтың келесідей өзіне тән ерекшеліктері
бар:
1. Феодалдық құрылыстың экономикалық негізі болып, феодалдардың
жерге деген меншігі мен крепостық шаруаға шектелген меншік
болғандықтан, заң бойынша осы меншік түрлерін феодалдарға және
оның ұрпақтарына қалдыруына өте маңызды рөль. Егерде құл
иеленуші қоғамда мұраны біртұтас ретінде барлық мұралық мүлікті
мұраға қалдырудың біріңғай тәртібін орнатса, феодалдық құрылыста
жер және басқа жылжымайтын мүлік жалпы мұрагерлік массадан
бөлініп, мұрагерліктің жеке обьектісі ретінде қарастырылды.
Жылжымайтын мүлік мұрагерліктің басты обьектісі болады.
2. Жылжымайтын мүлікті мұраға қалдыру құл иеленуші құрылыстың соңғы
кезеңдеріндегі сияқты қандық туыстық негізінде емес, екі
белгінің бірігуі негізінде жүзеге асырылды. Олар; туыстық және
мұрагердің әскери қызметін өтеу жарамдылығы.
3. Феодалдық мұрагерлік құқық сословиелік құқық болып табылатын.
Ерекше пұрсатты сословиелік мұрагерлік тәртібі төменгі
сословиелік мұра қалдыру тәртібінен ерекшеленеді.
4. Патриархаттың қағидаларын қолдана отырып және діннің әсерінде
феодалдық құқықта ер адамдар мен әйелдердің арасында теңдік
болмады. Соңғыларының мұрагерлік құқығы шектеулі болды [6; 49б].
Буржуазиялық құрылыстың мұрагерлік құқығы. Буржуазиялық құрылыстың
жеңісімен қондырма өзгеріске ұшырады. Сословиелік- буржуаздық заңдар
буржуазиялыққа өзгертіледі. Буржуазиялық елдердің Конститутциясы
дворяндардың артықшылықтарын алып тастап, заң алдындағы формальді
теңдікті жариялайды.
Азаматтық кодекстер жеке меншікті қорғау, шарттық қатынастардың
еркіндігін, жұмыскер мен кәсіпкердің арасындағы енбектік қатынастарға
мемлекеттің араласпау қағидаларына негізделеді. Буржуазиялық
мұрагерлік құқықтың негізіне мұрагерлік массалық тұтастық және ер
адамдар мен әйелдердің арасындағы мұрагелік құқықтардың теңдік
қағидалары қойылады.
Буржуазиялық елдердің экономикалық мәні бір болғанымен,
буржуазиялық мұрагерлік құқық әр елде жекелеген мұрагерлік
қатынастарды әртүрлі реттейді. Елдердің бір тобына мұрагерлік құқық
1804 жылғы француз азаматтық кодексінің үлгісінде жасалған. Басқа
тобында Германдық азаматтық жинақ үлгісі бойынша; үшінші бір
тобында ағылшын-американдық құқық үлгісі бойынша.
Францияның мұрагерлік құқығы мұра қалдыруды әмбебап мирасқорлық
ретінде қарастырады. Ол мұраны заң бойынша және өсиет бойынша
қалдыруын қарастырады. Заң бойынша мұраны қалдыру келесі жағдайларда
орын алады: қайтыс болған адам өсиет тастамаса немесе мұрагерлік
туралы шарт жасамаса және өсиетті жарамсыз деп таныған жағдайда.
Заң бойынша мұра қалдыру өсиетпен көрсетілмеген мүлікке қатысты
жағдайларда көрініс табуы мүмкін.
Француздың заң шығарушысы кішігірім буржуазияның талаптарын
орындай отырып, мұрагерлік мүлікті бөлшектеуге және мұрагердің
құқықтарын теңеуге бағытталған бағыт жасайды. Сонымен қатар заң
шығарушы буржуазияның өзінің мүлкімен қайтыс болғаннан кейін де
басқару сияқты индивидуалистік ынталарымен санасты. Осыған байланысты
өсиет бойынша мұра қалдыруға үлкен шектеу қойылса да, рұқсат
берілді.
Жекеменшік иесіне өзіне тиісті мүліктің бір бөлігіне ғана өсиет
етіп қалдыру еркіндігін анағұрлым шектеудің мақсаты болып, бір
адамның қолында байлықтың үлкен концентрациясына (шоғырлануына) жол
бермеу болды.
Заң мүлік иесінің өсиет бойынша мұрагерлерді таңдауда шектеу
қоймады. Мұраны заң бойынша мұрагерлерге және де өзге адамдарға
қалдыруға мүмкін болды. Бірақ, сонымен қатар мұра қалдырушыға өзінің
туыстарын заңды үлестерінен айыруға рұқсат берілмеді.
Мұрагерлерге мұраны алу немесе одан бас тарту құқығы берілген.
Мұрагер мұраны алды деп, егер ол мұрагерлік мүлікті басқаруға
кіріскен сәттен танылады. Тұлға мұрадан бас тартты деп, егерде ол
сотта ерекше реестрде бас тарту туралы тіркелген соң есептелді.
Мұрадан бас тартқанның үлесі басқа мұрагерлікке қатысатын
мұрагерлерге беріледі.
Герман заңдары француз заңдарына қарағанда мұрагерлікті
анықталған санды кезекпен шектемейді. Демек, мұрагерлік жүйесі
мұрагерлік мүліктің алыс туыстарына өтуіне мүмкіншілік тудырады.
1896 жылғы Герман азаматтық жинағы бойынша өсиеттік өкім жасау
кейінге қалдыру және жою шартымен құрастырылуы мүмкін. Мұра
қалдырушыға мұрагерді тағайындап қоюға рұқсат берілді.
Герман азаматтық жинағы бойынша мұрагерлерге мұраны алу немесе
одан бас тарту құқығы берілген. Бас тарту сотқа арыз берумен
жүзеге асырылады. Мұрадан бас тарту мерзімі өткен соң мұраны алды
деп саналады. Тұлғаның мұраға құқығын растайтын құжат болып,
мұрагердің өтініші бойынша сотпен берілген құжат болып табылды.
Ағылшын – американдық мұрагерлік құқығы француздық, германдық және
басқа буржуазиялық елдердің құқықтарынан ерекшеленеді.
Мұра қалдырушының құқықтары шектелмеген. Мұра қалдырушы әрбір
тұлғаға мұрагерлік мүліктің барлығын немесе бір бөлігін беруге
бұйыра алады. Ол әрбір заң бойынша мұрагерді мұрасыз қалдыра
алады.
Мұра қалдырушының құқықтары шектелмеген. Мұра қалдырушы әрбір
тұлғаға мұрагерлік мүліктің барлығын немесе бір бөлігін беруге бұйыра
алады. Ол әрбір заң бойынша мұрагерді мұрасыз қалдыра алды.
Мұрагерліктің шектелмеген еркіндігі және міндетті үлес
институтының жоқтығы – ағылшын - американдық мұрагерлік құқықтың өзіне
тән белгісі болып табылды.
Ағылшын- американдық мұрагерлік құқық өсиеттің жеңілдетілген
нысанын қарастырады. Әдеттегі өсиет үшін өсиет қалдырушының еркі
жазбаша нысанда, өсиетті өсиет қалдырушымен екі куәнің қатысуында
қол қоюы тиіс. Мұра қалдырушы өсиетті кейінге қалдыру немесе
белгілі бір жағдай туғанға дейінгі шартты түрде көрсетілуі мүмкін.
Заң бойынша мұраға ие болу өсиет болмағанда немесе мүліктің
барлығы өсиетке қалдырылмаса немесе пайдасына мүлікті өсиетке
қалдырған тұлға өсиет қалдырушы өмірінде қайтыс болса жүзеге
асырылады.
Ағылшын - американдық мұрагерлік құқықтың өзіне тән ерекшелігі,
оның мұра қалдырушы өлгеннен кейін мұрагерлерге емес, алдымен сот
немесе өсиет қалдырушы тағайындаған басқарушыға өтеді. Ол
мұрагерлерге мүлікті бермес бұрын басқарады, мұра қалдырушының
қарыздарын төлеп, қалған мұраны мұрагерлеріне береді.
Сонымен, буржуазиялық мұрагелік құқықта келесі өзіне тән
ерекшеліктері бар:
1. Феодалдық құрылыс кезіңдегі мұрагерліктің сословиелік сипаты
жойылып, мұрагерліктің біртұтас тәртібі орнатылды.
2. Буржуазиялық елдердің басым көпшілігінде жылжымайтын мүлікті
мұраға қалдырудың ерекше тәртібі жойылып, мұрагерлік массаның
біртұтастық қағидасы бекітілді.
3. Әйелдердің мұрагерлік құқығы ер адамдардың мұрагерлік құқығымен
теңестірілді.
4. Дворяндардың артықшылықтары жойылды.
Негізінен мұрагерліктің дүниеге келуі және дамуы қоғамның
мүліктік және әлеуметтік жіктелуімен бірге келеді. Өндіріс
құралдарына жеке меншікті бекіткен соң, билікті қолына шоғырланған
тұлғаларды болжамды қол сұғушылықтан қорғайтын ерекше институттар
орын алды. Мемлекетті құрайтын институттардың жүйесі жеке меншікке
және оның қажетті мұралық атрибуты үшін қүзетші итттің рөлін
ойнайды [8; 489б].
Жеке меншіктің өркендеуі, оны сословиелік - корпоративтік бағыттан
босатып, мұрагерліктің заты ретінде біртіндеп пайда алып келетін,
адамдардың әртүрлі қажеттілігін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін
құралдардың, заттардың барлығын мұраға қалдыруға болады.

1.2. Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша мұра
қалдырудың сипаттамасы және түсінігі

Қазіргі тарихи кезеңде меншік елеулі ығыстырылған континенттер
мен елдерде жеке меншік қалыптасуымен сипатталады. Ал бұл
мұрагерлік өсуімен бірге болады.
Мұрагерліктің мәні неде және неге белгілі - бір экономикалық және
рухани жетілген адамзаттық қоғамға мұрагерліксіз болмайды?
Мұрагерлік құқық объективтік мағынада - мемлекет азамат қайтыс
болған жағдайда, оған тиісті мұрагерлік тұтастықтың, объективтік
азаматтық міндеттердің басқа тұлғаға немесе тұлғаларға көшетін
азаматтық құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қайтыс болған адамның құқықтары мен міндеттерінің басқа тұлғаға
немесе тұлғаларға мұрагерлік құқық нормаларының негізінде өтуінің
өзі мұрагерлік деп танылады.
Мұрагерлік немесе мұралық құқықмирасқорлық дегеніміз өлген
тұлғаның (мұра қадырушының) құқықтары мен міндеттерінің басқа
тұлғаларға (мұрагерлерге) өтуін айтамыз. Мұрагерлікте құқықтар мен
міндеттердің өту тәртібі, мұра қалдырушының құқықтық мирасқор
болатын шектері мұрагерлік құқықтық деп аталынатын жиынтығы азаматтық
құқықтың институтын құрайтын құқықтық нормалармен анықталады. Әрбір
азаматтың қайтыс болғаннан кейінгі субъективтік азаматтық құқықтары мен
міндеттері басқа тұлғаға немесе тұлғаларға өтуі әрқашанда мұрагерлік
деп таныла бермейді.
Азаматтық құқықтар мен міндеттердің мұрагерлік тәртіпте өтуі
келесі белгілермен сипатталады:
А) өтудің негізі болып мұрагерлік құқық нормасымен
көрсетілген ауыр фактіге негізделген құрам танылады.
Б) өтетін құқықтар мен міндеттер мұра немесе мұралық масса
делінетін белгілермен тұтастық құрайды.
В) құқықтар мен міндеттер алған (мұрагер) тұлға қайтыс болған
азаматтың жартылай (сингулярлық) құқық мирасқоры емес,
жалпы тікелей (әмбебап) мирасқоры деп танылады.
Мұра қалдыру азаматтық құқық қабілеттіліктің бір көрінісі. Заң
белгілі бір тұлғада, азаматта және ұйымда белгіленген фактілердің
құрамы болуын нақты мұрагерлік құқық қабілеттілік тудырады деп санайды.
Бұл тұлғаның нақты субъективтік құқықтарын тану жағдайларының бірі
болып табылады.
Сондай-ақ тұлғаның құқық қабілетілігі алғы шарт ретінде, осы
тұлғаның нақты субъективтік мұрагерлік құқығын алуы, мұра алу құқығы
деп танылады.
Мұрагерлік субъективтік мағынада мұрагерлікке шақыратын тұлғаның
және мұраны қабылдаған және қайтыс болған азаматтың құқық мирасқоры
болған тұлғаның құқығын айтуға болады [8; 14б].
Жоғарыда көрсетілген құқықтардың иесі мұрагер деп танылады.
Сонымен қатар мұрагерлікке шақырылатын мұрагердің құқыққабілеттігі
және мұраны қабылдаған мұрагердің құқық қабілетілігі [9; 55-56б].
Бұл құқық қабілеттіліктер сапалы түрде әр текте бір-бірінен
ерекшеленеді. Мұрагерлікке шақырылған мұрагер тек мұраны алуға
немесе одан бас тартуға ғана құқығы бар. Мұндай мұрагер қайтыс
болған адамның мирасқоры емес, ол тек мүмкін мирасқоры деп танылады.
Бұл мағынада мұрагер өзінің еркінен тыс жағдайда танылады.
Мұраны қабылдаған мұрагер - бұл мұра қалдырушыда болған құқықтар
мен міндеттердің мирасқоры және мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес
мұрагерлік мирасқорлықтың субъектісі бола алады.
Мұрагерлікті қабылдау – бұл мұрагердің ерікті актісі болатын бір
жақтық мәміле, ал мұраны қабылдаусыз қайтыс болған адамның
мирасқорлығы мүмкін емес. Демек, мұрагердің құқығы мұрагердің еркі
бойынша құқық мирасқорына айналуы мүмкін. Мұрагерлікке шақырылған
тұлға, азамат өмірінде ие болған құқықтар мен міндеттердің иеленушісі
бола алады.
Мұрагерлік құқықта мұраны қабылдауға құқықтың - заңи табиғаты
әлдеқайда өзгеше. Бұл құқықтың мазмұны мұрагер ретінде танылған
тұлғаға заңи альтернативті құқық иеленушілік беруді түсіндіреді -
яғни, мұраны қабылдау немесе одан бас тарту: Соңғысын формальді
акті ( бас тарту туралы арыз беру) жолымен жүзеге асыра алады.
Сонымен, мұраны қабылдауға құқық негізінен мұраны қабылдау және
бас тарту арасында таңдаумен шектеледі. Осы құқықты азаматтық
субьективтік құқық ретінде қарастыруға болады ма? Бұл сұраққа біз
субъективтік азаматтық құқық деп нені түсінеміз, соған байланысты.

Егерде азаматтық субъективтік құқық деп, басқа тараптың
міндетіне әрқашанда сәйкес болатын құқық қатынастың элементін
түсінсек, егерде азаматтық субъективтік құқықтың өмір сүруі, өзінің
қарама-қарсы құқықтық міндетсіз мүмкін болмаса, онда мұраны
қабылдауға құқықты азаматтық субъективтік құқық қатарына жатқызуға
болмайды. Бұл тек азаматтық құқыққабілеттіліктің шарт жасасу, өсиет
қалдыру және әр тектес басқада мәмілелер жасау сияқты жекелеген
түрі болып табылады [10; 42б].
Енді мұрагердің басқа құқықығын қарастырайық - мұра алумен пайда
болған құқық. Бұл құқықта мұрагер мұраны алған уақыттан бастап,
яғни оның мұраны алуға келісім берген кезден пайда болады. Мұраны
қабылдаған мұрагер қайтыс болған тұлғаның мүлкіне бір актімен тез
және бір уақытта ие болады.
Осыған сәйкес ол меншік құқығына, талап ету құқығына және мұра
қалдырушының мүлкінің барлық бөліктеріне және өзі білмейтін мүлікке
қатысты иеленеді. Сонымен қатар мұрагер алғысы келмейтін заттарда
өтеді.
Мұраны қабылдаумен пайда болған құқық әркімге және әр біреуге
қарсы қорғалатын мұрагердің азаматтық субъективтік құқығы танылады.
Бұл құқық объектісі болып, тұтас түріндегі мұра танылады.
(мұрагерлік масса).
О. С. Иоффенің Советтік азаматтық құқықтағы құқық қатынастар
деген жұмысында, мұрагерлік құқықтың нақты мазмұны болып, құқық
иеленуші осы құқыққа иелігінде емес, соңғысы жаңа құқық жеке меншік
құқығының пайда болуына заңи негіз болады. Басқаша айтқанда,
мұрагерлік құқық, оның иелену үшін құқық ретінде болмай, заңи факт
ретінде көрініс табады. О.С. Иоффе мұрагерлік құқық немесе анық
айтатын болсақ мұраға иелену құқығы екі түрлі мағына беретініне
көңіл бөлмеген:
1) мұраға иелену құқығының тиісті тұлғада болуы ретінде;
2) осы тұлғаның мұраны қабылдау құқығы ретінде.
Құқықтың екі түрі де азаматтық субъективтік құқық болып
табылады, бірақ әркімге және әрбіреуге қарсы қорғалатын мұраны
қабылдаудан, осы тұлғаның құқығы мұрагердің мұраны қабылдау актісіне
негізделген тиісті тұлғаның мұраны қабылдауға құқықтарын іске асыру
нәтижесінде пайда болады. Осы құқықты іске асырудың басқа нысаны
мұрадан бас тарту керісінше нәтижеге алып келеді.
Тиісті тұлғаға мұраны қабылдаудан құқық пайда болмайды. Бірақ
мұраны қабылдауға құқықты іске асыруда азаматқа толық еркіндік бере
отырып, біздің құқық мұрагерге тиісті құқықтарды басқа тұлғалардың
мұра ретінде алуына жол берілмейді (мұрагерлердің
біреуіне немесе бөтен адамға). Мұрагер мұрагерлікке танылған мұраны
қабылдауға құқығын сатуға немесе сыйлауға құқығы жоқ.
Мұрагерлік құқық мұраны қабылдауға құқық мағынасынан
ажыратылмайтын сипатта болады. Мұрагерлік құқық мирасқорлығы туралы
тек анықталған жағдай болғанда ғана сөз қозғауға болады. Мұрагерлік
құқық мирасқорлық - азаматтың қайтыс болған кейінгі құқық
мирасқорлығы және құқық мирасқорлықты жалпы алып қарағанда, мағынасы
тар болып келеді.
Мұрагерлік құқық мирасқорлықтың құқықтық негізі болып, мұрагерлік
құқық нормаларымен көрсетілген күрделі фактілік құрам болып табылады.
Осы фактілік құрамға әртүрлі элементердің қатары кіреді. Мұрагерлік
деп танылмайды, егерде мұра қалдырушы тұлға қайтыс болмаса немесе
соттық тәртіпте және нотариалдық тәртіпте қайтыс болған деп
жарияланбаса, құқық мирасқоры туралы сөз қозғай алмаймыз [9; 49б].
Мұрагерлік тәртіпте мирасқор - бұл анықталған фактілер негізінде
занда мұрагер деп танылған тұлға. Азаматтық құқықта мұрагерлік
құқық мирасқорлықтың кешеңділігін келесі белгілермен сипаттауға болады:

1. Мұрагер мұраны анықталған тұтас ретінде қабылдайды. Мұраның бір
бөлігіне ие болса, барлық мұраға ие бола алады, яғни заңмен
мұрагерлік субъектісі ретінде жол берілген.
2. Мұрагер мұраны әрқашанда тікелей қабылдап алады. Мұраны қабылдай
отырып, мұрагерлік құқық нормалардың негізінде өтуі мүмкін,
мұрагер барлық құқықтар мен міндеттердің иеленушісі болады.
Ешқандай үшінші тұлғаның тиісті мұрагерлік құқықтар мен
міндеттерді мұрагерге беретін толықтырушы актіні қажет етпейді.
3. Мұрагер мұра бойынша құқықтар мен міндеттерге тез және бір
мезгілде ие болады. Мұраны қабылдау бір акт болып, мұрагерлік
объектісінің барлығына таратылады. Мұраны қабылдау кезінде
белгілі болмаған құқықтар мен міндеттерді бірге қабылдайды.
Мұраны қабылдаудан мұрагердің бас тартуы заңи салдарды
туындатады, яғни мұраны қабылдау актісіне керісінше әрекет етеді.
Мұрадан бас тарту мұраны қабылдаудан туындайтын барлық құқықтар мен
міндеттерден тез және бір мезгілде айырылады.
Кешенді мирасқор ретінде, мұрагер құқықтың тек бір бөлігін алып,
қалған бөлігін қабылдамай қоймайды. Демек, кешенді мирасқор құқықтар
мен міндеттерді тез және бір мезгілде қабылдауы, басқа құқықтар мен
міндетерді қабылдаудың басқа тәртібін орната алмайды, кейінге
қалдыра алмайды, мысалы: мұра қалдырушының қарыздарын алу немесе
қарыздарды алуды қандай да бір жағдайдың тууына байланысты болады.
Қоғамдағы мұрагерліктің негізгі объектісі - бұл азаматтардың жеке
меншігі. Көбінесе мұра қалдырушының өмірінде пайдаланылған мүлікті
айтуға болады. Мұрагерлік материалдық және моральдік қажеттілік,
отбасын материальдық қамтамасыз ету үшін азаматтардың жеке меншігін
бекіту үшін қызмет етеді.
Қайтыс болған азаматтың мүлкінің туыстарына, қол астында болған
немесе өсиетте көрсетілген тұлғаларға өтуі, оның қоғамдық өндірісте
енбектерінің нәтижесіне, енбек өндірісінің жоғарлауына, яғни меншікті
бекітуіне және дамуына үлкен мүдделі болады.
Мұрагерліктің немесе мұраның, мұрагерлік массаның объектісі болып
қайтыс болған тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің құрамынан
мұрагерге мұрагерлік құқық нормалары бойынша өтетін мүлікті айтамыз.
Мұрагерлік құқық мирасқорының объектісі болып, негізінен қайтыс
болған тұлғаның мүліктік құқықтары, алдымен оның билігіндегі меншік
құқығын айтамыз. Ерекше жағдайларда заңмен белгіленген тәртіпте мұра
қалдырушының өзіндік құқықтары да өтуі мүмкін.
Мұра - мұрагерлік құқықтың мирасқорлықтың объектісі.
Мұра негізінен - мұра қалдырушының мүліктік құқықтары мен
міндеттері қайтыс болуымен аяқталмай, мұрагерлік құқық нормаларының
негізінде мұрагерге өтетін мүлік.
Бірақ, мұра құрамы мен көлемі бойынша қайтыс болған мерзімдегі
мұра қалдырушының мүлкімен және де мұра қалдырушының құқықтары мен
міндеттерінің барлығының жиынтығымен байланысты емес болады.
Мұра қалдырушының өзіндік мүліктік емес құқықтары негізінен
мұраның құрамына кірмейді.
Бірақ, мұра қалдырушының мүліктік құқықтары мен міндеттерінің
кейбір түрлері мұрагерлік тәртіпте өтпейді. Кейбіреулері мұрагерлік
құрамда және мұрагерлік туралы тәртіптен тыс құқық мирасқорына
өткенімен, кейбіреулері мұра қалдырушының қайтыс болуымен аяқталады.
Сонымен, мұра - мұрагерлік құқық бойынша қайтыс болған азаматқа
тиесілі, мұрагерлік құқық нормалары бойынша біртұтас ретінде
құқықмирасқорына тікелей өтетін белгілі бір азаматтық құқықтар мен
міндеттердің бір бөлігі.
Өзіндік мүліктік емес құқықтар мұраның құрамына кірмейді.
Мұра қалдырушының отбасылық - неке саласындағы құқықтық
қатынастарынан туындайтын өзіндік мүліктік емес құқықтар мұрагерлік
бойынша өтпейді. Олардың барлығы азаматтың қайтыс болуымен аяқталады.
Бұл субъективтік құқықтардың категориясы, оларды иесінің тұлғасымен
тығыз байланысты.
Азаматтың өмірінде осы құқықтардың ешқайсысы да басқа тұлғаға
ауысуы мүмкін емес. Оларға: балаларды асырауды анықтау құқығы,
баланы басқа тұлғаларға асырауға беру құқығы; өз баласын асырап алуға
келісім беру құқығы; үшінші тұлғалардан баласын сұрату құқығы және
басқалар.
Сондай-ақ, азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастар саласында
пайда болатын озіндік мүліктік емес құқықтардың көбі мұраның
құрамына кірмейді. Есіміне құқық, әдеби, ғылыми шығарманың авторы
деп өзін тану құқығы немесе өнертабысқа авторлық құқығы сияқты
құқықтар мұра қалдырушының өмірінде берілмесе, басқа тұлғаларға мұра
бойынша өтпейді.
Барлық мүліктік құқықтар мен мүліктік міндеттер мұраның
құрамына кірмейді.
Кейбір қайтыс болған азаматтардың мүліктік құқықтары мен
міндеттері мұрагердің құқықтық сферасына кірмейді және өздерінің
тіршілігін иеленушінің қайтыс болуымен аяқталады.
Мұраның құрамына мұра қалдырушыға тиесiлi мүлiк, сондай-ақ оның қайтыс
болуына байланысты қолданылуы тоқтамайтын құқықтары мен мiндеттерi кiредi.
Мұра қалдырушының жеке басына тыєыз байланысты мына құқықтар мен
мiндеттер: 
1) егерде заң актiлерiнде немесе шарттарда өзгеше көрсетілмесе, заңды
тұлға болып табылатын ұйымдардағы мүшелік құқығы;
2) өмірге және денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыруға
құқығы;
3) алименттiк мiндеттемеден туындайтын құқықтар мен мiндеттер;
4) еңбек және әлеуметтік қамсыздандыру туралы заң актілеріне
негізделген зейнетақы төлемі, жәрдемақы және басқада төлемдерге
құқығы;
5) мүлiктiк құқықтармен байланысы жоқ жеке мүлiктiк емес құқықтар мұраның
құрамына кiрмейдi.
Мұра қалдырушыєа тиесілі болған жеке мүліктік емес құқықтар мен басқа
да материалдық емес игiлiктердi мұрагерлердiң жүзеге асыруы және қорғауы
мүмкiн.
Қазақстан Республикасында зейнеткерлік саясаттың өзгеруі мұрагерлік
құқықтың нормаларына өзгерістерді енгізуді қажет етті. 1997ж. 20-
маусымдағы Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету
туралы ҚР Заңының 4- бабына сәйкес, зейнеткерлік жарналардың
міндетті және ерікті түрлері көрініс тапқан. Көрсеттілген заңның 28
бабының 1-тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы корларынан зейнетакы
төлемдерін алатын тұлға, салымшының барлық құқықтарына ие болады.
Осыған байланысты 25-баптың 3- тармағына және 28-баптың 1-бөлімінің
3-тармағына сәйкес зейнетақылық жинақты алушысы қайтыс болған
жағдайда, бекітілген тәртіпте мұра калдырушының өсиет қалдыруы
мүмкін [11; 25-28б].
ҚР Азаматтық Кодексінің 1040-бабының 2-тармағында көрсетілген
мұраның кұрамына кірмейтін мүлікке тек еңбекті төлеу қорынан
зейнетақыны төлеу бойынша мелекеттік орталықтан жүзеге асырылатын
төлемдерден басқа, өз кірісінен төленетін төлемдер ғана мұраның
құрамына кіреді. Қалған ақшалай каржы мұра құрамына кіреді [12;
714б].
1) Мүлікпен байланысты емес өзіндік мүліктік емес құқықтар ҚР АК-ң
1040-б)
Тапсырыс шарты бойынша (ҚР АК-ң 854, 852 б; 1-т) сенім
білдіруші мен сенімді өкілдің құқықтары мен міндеттері мұраға
өтпейді, еңбек шартынан туындайтын құқықтар мен міндеттері
жұмысшының қайтыс болуымен аяқталады және мүлік құрамына кірмейді;
кооперативтік ұйымдарда қайтыс болған азаматтың мүшелік құқығы мұраға
берілмейді; тұрғын-үй құрылыс кооперативіндегі мүшелік құқық мұра
ретінде берілмейді. (“Тұрғын-үй қатынастары туралы”
Заңның - 59-б); өзіндік сақтандыру шарты бойынша пайда алушының
құқығы мұраның құрамына кірмейді (ҚР АК-ң 809-б,1-б; 815-б. 8-б;).
ҚР АК 1039-б сәйкес мұрагерлік өсиет және заң бойынша жүзеге
асырылады. Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаған немесе мұраның
тағдырын толық анықталмаған және де заңмен көрсетілген заңи басқада
жағдайларда орын алады.
Өсиет бойынша ғана емес, сонымен қатар заң бойынша мұрагерлік
болу үшін, заңда көрсетілген заңи фактілердің құрамы болуы қажет.
Заң бойынша мұрагерлік үшін кем дегенде фактілердің екеуі қажет:
біріншіден, мұрагерлікке танылған тұлға, заң бойынша мұрагерлердің
қатарында болуы қажет, екіншіден, мұраның ашылуы қажет.
Өсиет бойынша мұрагерлік кезінде мұрагерлікке шақырылған тұлғаны
мұра қалдырушы өз өсиетінде анықтауы тиіс. Кейбір кездерде мұра
қалдырушы өсиетінде барлық заң бойынша мұрагерлерді мұра алу
құқығынан айыра алады, сонымен қатар ешкімге ештеңе мұраға
қалдырмауға құқығы бар. Мұндай жағдайда, мұра қалдырушы тікелей
болмаса да, жанама түрде мемлекетке немесе бақа әлеуметтік мақсатқа
кететінін білуі қажет.
Мұра азамат қайтыс болған сәттен бастап ашылады. Бұл сәт
азаматтық жағдайлар актісінің жазбасында орын алады. Мұраны ашылу
мерзімі мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал оны өлді деп
жариялау - егерде сот шешімінде басқа күн көрсетілмесе, азаматты
өлді деп жариялау туралы сот шешімі күшіне енген күн танылады (ҚР
АК- 1042-б. 2-т).
Тұлғаның қайтыс болған күнін анықтау өте маңызды тәжірбиелік
мағынаға ие, өйткені, мұраның ашылу уақытына сәйкес мұрагерлік
мүліктің болуын, мұраны қабылдау және бас тарту мерзімдерінің
есептелуі анықталады [13; 7б].
Заң бойынша мұраның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұра қалдырушының мүліктік және кейбір мүліктік құқықтары мен міндеттері ретіндегі мұрагерлік масса
Мұрагерлік
Ерлі-зайыптылардың мүліктік құқықтары мен міндеттері
Халықаралық дербес құқық пәні бойынша дәрістер кешені
Экологиялық құқығының пәні, әдісі, жүйесі
Ата - ана мен балалардың алименттік міндеттемелері
АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ҰҒЫМЫ, ПӘНІ
Азаматтық құқық ғылымының мәселелері
Мұрагерлік құқық туралы мәлімет
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Пәндер