Медико-биологиялық ақпаратты алу, тіркеу және жеткізудің құрылымдық сызба кестесі



МЕДИКО.БИОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ АЛУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ СЫЗБА КЕСТЕСІ


ЖОСПАР
1. Медико.биологиялық ақпаратты алу және тіркеу құрылыстарының жалпы сызба нұсқалары
2. Биологиялық ақпаратты түсіру үшін арнайы электродтар
3. Медико.биологиялық ақпараттардың датчигі
4. Датчиктердің тағайындалуы және классификациясы, сипаттамалары. Датчиктердің қателіктері
5. Аналогты тіркеуіш құрылыстар. Үздіксіз ақпаратты тіркеу түрлері және олардың сипаттамалары
1. Медико-биологиялық ақпаратты алу және тіркеу құрылыстарының жалпы сызба нұсқалары
Медицинада қолданылатын құралдар мен аппараттардың негізін медициналык электроника құрайды. Электроника - өткізгіштерде және жартылай өткізгіштерде өтетін электрлік құбылыстар туралы ілім. Медициналык электроникаға электрондық құралдарды аппараттарды және жүйелерді жасау және оларды медицинада қолдану мәселелері кіреді. Электрондық құралдардың жұмыс принципі электр зарядтарының вакуумда, газда немесе қатты денелердегі қозғалысына негізделген.
Электрондық құралдардың көмегімен энергияны біртүрден екінші түрге түрлендіруге болады. Мысалы, жарык сәулесінің энергиясын электр энергиясына айналдыруға; жылдамдық температура және қысым сияқты электрлік емес шамаларды электр сигналдарына түрлендіруге болады.
Медициналық электрондықтехника медико-биологиялык ақпаратты алуға, тіркеуге және таратуға қолдануымен қатар адам ағзасына әсер ету үшін де (физиотерапияда және электрохирургияда) кеңінен қолданылады.
Медициналық электрондық аппараттардың дамуының басты бағыты — күрделі жүйе түрінде карастыру, блоктары мен бөлшектерін стандарттау, көлемін кішірейту, тұтынатын электр энергиясын азайту, беріктігін арттыру және басқару жүйесін қарапайым ету.
Қолдану бағытына байланысты электрондық-медициналық аппа-раттарды шартты түрде мынандай үш топка бөлуге болады (схеманы караңыз): функционалдык диагностика, емдеу мақсатында адам ағза-сына әсер ету (физиотерпаия және электрохирургия), электрондык-есептеуіш машиналар жүйесі.
Функционалдық диагностикада әдістер үш топка бөлінеді: а) ағза-ның биопотенциалдарын тіркеу (электрография); б) электрлік емес шамаларды тіркеу (фонокардиография, баллистокардиография, сфигмография, реография
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Антонов В.Ф. и др. Биофизика. Москва, 2000 г.
2. ВладимировЮА.идр. Биофизика. Москва, 2006 г.
3. Гребенев. АА. Пропедевтика внутренних болезней. Москва, 2001 г.
4. СамойловВ.О. Биофизика. Санкт-Петербург, 2007 г.
5. СатпаеваХ.К., Өтепбергенов ӘА., НілдібаеваЖ.Б. Адам физиологиясы. Алматы, 2005 ж.
6. Яр-Мухамедова Г.Ш., Көшенов Б. Медициналык физикадан зертхана-лык жұмыстар. Алматы, 2007 ж.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
МЕДИКО-БИОЛОГИЯЛЫҚ АҚПАРАТТЫ АЛУ, ТІРКЕУ ЖӘНЕ ЖЕТКІЗУДІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
СЫЗБА КЕСТЕСІ

ЖОСПАР
1. Медико-биологиялық ақпаратты алу және тіркеу құрылыстарының жалпы
сызба нұсқалары
2. Биологиялық ақпаратты түсіру үшін арнайы электродтар
3. Медико-биологиялық ақпараттардың датчигі
4. Датчиктердің тағайындалуы және классификациясы, сипаттамалары.
Датчиктердің қателіктері
5. Аналогты тіркеуіш құрылыстар. Үздіксіз ақпаратты тіркеу түрлері
және олардың сипаттамалары

1. Медико-биологиялық ақпаратты алу және тіркеу құрылыстарының жалпы
сызба нұсқалары
Медицинада қолданылатын құралдар мен аппараттардың негізін медициналык
электроника құрайды. Электроника - өткізгіштерде және жартылай
өткізгіштерде өтетін электрлік құбылыстар туралы ілім. Медициналык
электроникаға электрондық құралдарды аппараттарды және жүйелерді жасау және
оларды медицинада қолдану мәселелері кіреді. Электрондық құралдардың жұмыс
принципі электр зарядтарының вакуумда, газда немесе қатты денелердегі
қозғалысына негізделген.
Электрондық құралдардың көмегімен энергияны біртүрден екінші түрге
түрлендіруге болады. Мысалы, жарык сәулесінің энергиясын электр энергиясына
айналдыруға; жылдамдық температура және қысым сияқты электрлік емес
шамаларды электр сигналдарына түрлендіруге болады.
Медициналық электрондықтехника медико-биологиялык ақпаратты алуға,
тіркеуге және таратуға қолдануымен қатар адам ағзасына әсер ету үшін де
(физиотерапияда және электрохирургияда) кеңінен қолданылады.
Медициналық электрондық аппараттардың дамуының басты бағыты — күрделі
жүйе түрінде карастыру, блоктары мен бөлшектерін стандарттау, көлемін
кішірейту, тұтынатын электр энергиясын азайту, беріктігін арттыру және
басқару жүйесін қарапайым ету.
Қолдану бағытына байланысты электрондық-медициналық аппа-раттарды
шартты түрде мынандай үш топка бөлуге болады (схеманы караңыз):
функционалдык диагностика, емдеу мақсатында адам ағза-сына әсер ету
(физиотерпаия және электрохирургия), электрондык-есептеуіш машиналар
жүйесі.
Функционалдық диагностикада әдістер үш топка бөлінеді: а) ағза-ның
биопотенциалдарын тіркеу (электрография); б) электрлік емес шамаларды
тіркеу (фонокардиография, баллистокардиография, сфигмография, реография
жәнет.б.); в) эндо-және радиотелеметрия (адам ағзасының функциясын қашықтан
бақылау).
Электротерапия және электрохирургия адам ағзасына электрлік
факторлармен әсер етіп емдеу мақсатында қолданылады. Бұл топта

1 сурет
тұракты және айнымалы токтар, тұракты электр және магнит өрістері
қолданылады.
Электрондық есептеуіш маишнаны қолдану аясы аса кең. Ол мәселені
карастыру медициналық биофизиканың шеңберінен бөлек, информатика пәнінің
еншісі болады.
2. Биологиялық ақпаратты түсіру үшін арнайы электродтар
Адам ағзасында өтетін және өлшеуге болатын параметрлерді екі топқа
бөлуге болады: тікелей өлшеуге болатын параметрлер және тікелей өлшеуге
болмайтын, бірақ жанама тәсілмен анықталатын параметрлер.
Тікелей өлшеуге болатын параметрлерге жүрек бұлшық еттерінің жиырылуы,
температура, биоэлектрлік потенциалдар жатады. Тікелей өлшеуге болмайтын,
бірақ жанама тәсілмен аныкталатын параметрлерге мыналарды жатқызуға
болады: адам денесінің бір учаскесінің электрлік кедергісін анықтау арқылы
сол учаскенің канмен кантамасыз ету шамасын анықтауға болады; тіндердің
жарыкты жұту шамасы сол ағзаның көлемі туралы ақпарат береді және с.с.
көптеген әдістер бар.
Медико-биологиялық ақпаратты алуға арналған қондырғыларға койылатын
басты талаптар:
— адам ағзасынан алынатын биопотенциалдардың және басқадай медико-
биологиялық ақпараттардың пішініне акдудың мейлінше аз болуы;
— алынатын ақпаратты қоршағаы ортаның зиянды әсерінен корғау;
— ағзаға зиянсыз болуы;
— зарарсыздауға (стерильдеуге) колайлы және бірнеше рет колда-натындай
болуы керек.
Медициналық-биологиялық ақпаратты алуға арналған құралдар электродтар
мен датчиктер болып екі топқа бөлінеді. Электродтар адам ағзасында пайда
болған биопотенциалдар алу үшін, ал датчиктер адам ағзасында өтетін
электрлік сигналдарына түрлендіру үшін қолданылады.
3. Медико-биологиялық ақпараттардың датчигі
Электродтардеп электртізбегінің бір нүктесін сол тізбектің екінші
нүктесімен қосуға арналған арнайы пішінді еткізгішті айтады.
Биоэлектрлік потенциалдарды алынатын мүшесіне байланысты түрліше
атайды. Мысалы, ЭКГ (электрокардиография) — жүрек по-тенциалдарын зерттеу,
ЭЭГ (электроэнцефалограф) — мидын биопо-тенциалдарын зерттеу, ЭМГ
(электромиография) - жүйке бағанасы мен бұлшық еттердің биопотенциалдарын
зерттеу және т.б. әдістер бар. Сонымен катар электродтар адам ағзасына
электр сигналдарымен әсер ету үшін де қолданылады. Мысалы: кардиостимулятор
— жүректің функционалдык мүмкіншілігін арттыру үшін және адам ағзасына
арнайы пішінді электр сигналдарын енгізіп, шығыс жолында сол сигналдың
пішіннің өзгеруін диагностикада қолдануға болады.
Қорыта айтқанда, электродтар медицинада мынандай үш бағытта
қолданылады:
а) адам ағзасындағы биопотенциалдарды тіркеп оны диагностикада қолдану;
ә) адам ағзасына үздікті электр сигналдарымен әсер ету. Сол аркы-лы
жүйенің функционалдық қабілетін арттыру (электростимуляция);
б) адам ағзасына түрліше пішінді (үздікті) сигналдармен әсер етіп,
олардың өзгерісін диагностикада қолдану (электродиагностика).
Адам ағзасындағы пайда болатын биопотенциалдар өте әлсіз бола-ды.
Сондыктан да оларды диагностикада қолдану максатына жеткізу үшін
кушейткіштер қолданылады.
Сигналдарды күшейткенде күшейткіштің кіріс тізбегіндегі ішкі кедергінің
(RK) биологиялық жүйенің сыртқы кедергісі мен (Rc) apaқатынасын ескеру
керек.
Егер күшейткіштің кірісіндегі ішкі кедергімен (RK) сыртқы кедергі (Rc)
тең болса (Rk=Rc) онда күшейтілетін сигналдың максималды қуаты күшейткіштің
кірісінде төмендейді. Ом заңына q бойынша

мүндағы sgn - биопотенциал көзінің электр қозғаушы күші (ЭҚК). Осы
формуладан ток кушін табамыз

Күшейткіштің кірісіндегі кернеудің (Uk) формуласындағы ток күшінің
мәнін (2) орнына коямыз.

Осыдан мынандай қорытынды жасауға болады.
Егер Uk - 0 болса, онда Rk - 0 және Rk - х онда UK - sgn олай
болса, кіріс тізбегінде ток болмайды, яғни сигнал көзінен ток тарал-майды.
Осы мәселе тізбектің ішкі кедергісінің (Rc) мәндерін сәй-кестендіріп алуға
мәжбүр етеді. Көпшілік тәжірибелерде ішкі кедергі (RK) сыртқы кедергіден
(Rc) 15-20 есе көп болатындай етіп алынады. Күшейткіштің кірісіндегі сыртқы
кедергісі деп адам терісі мен электродтың арасында пайда болатын кедергіні
айтады. Осы кедергіні өтпелі кедергі деп те атайды.
Өтпелі кедергінің мәні электрод жасалған металдың табиғатына, адам
терісінің қасиетіне, электродтың ауданына байланысты болады. Электрод пен
құрғактерініңарасындағы өтпелі кедергі өте көп бола-ды. Оны азайту үшін
электрод пен терінің арасына физиологиялық ерітіндіге шыланған жұка дәке
салынады. Ол кедергіні электродтың ауданын үлкейту арқылы да кішірейтуге
болады. Бірақ, электрод-тың ауданы үлкейген сайын оған қоршаған ортаның
карсы әсері де өседі, сөйтіп қабылданатын сигналдың пішініне ақау енгізеді.
Мысал ретінде ЭЭГ-ны алу үшін қолданылатын электродтардың ауданы ЭКГ-ны
алудағы электродтың ауданын өте кішкентай етіп алады.
Тізбектен электр тогы өткенде электрод пен адам терісі арасында пайда
болған гальваникалык ЭҚК әсерінен потенциалдар айырымы өзгереді.
Гальваникалык ЭҚК негізгі электр козғаушы күшіне қарама-қарсы бағытталады.
Осыны электродтың гальваникалық поляризациялануы дейді. Поляризациялану
потенциалының көптеген себептері бар және уақыт аралығында кең интервалда
өзгереді. Оған әсер ететін себептер мыналар: электродтыңтабиғаты,
электролиттің кұрамы, тем-пература және т.б. Осы өзгеріс тіркелетін
сигналдың пішініне акау енгізеді. Мәселен, металл электродты электролитке
батырғанда металл мен ерітіндінің арасында қажетсіз потенциалдар айырымы
пайда бо-лады (электрод потенциалы). Осы поляризацияны азайту үшін элект-
родтың материалын және электролиттің құрамын мүкият тандап алу керек.
Сондықтан медициналық-биологиялықакпаратты алуға арнал-ған электродтар
алтыннан, күмістен, платинадан, палладийдан және т.б. металдар мен металл
қоспаларынан жасалынады.
Мысал ретінде қазіргі кезде медико-биологиялык ақпаратты алуда кеңінен
қолданылатын кейбір электродтардың қүрылысымен және жұмыс принципімен
таныстырайық.
Электродтардың конструкциясы әртүрлі. Мысалы, жалпақ, шар тәрізді, ине
тәрізді, сорғышқа бекітілген, терінің астына кіретін және т.б. түрлері бар.
Солардың ішінен электрокардиограмманы алу үшін қолданылатын сорғышқа
бекітілген және жалпак электродтар-ды, электроэнцефалограмманы алу үшін
қолданылатын шар тәрізді электродты және мембрананы зерттеуге арналған
микроэлектродтар-ды қарастырайық.
ЭКГ-ні алуға арналған электрод-сорғыштың сырткы беті ретінде (84 а-
сурет) желіммен бекітілген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Денсаулық сақтау саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі
Проектілерді басқаруға арналған ақпарат жүйесін тұрғызу
Түрлі мүшелер электірлік белсенділігін зерттеу әдістері. Жүрек, орталық жүйке, бұлшық ет электірлік белсенділіктері
Медициналық мақтаны орамдау технологиялары
Проектілерді басқарудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Климаттық мониторинг
Стоматологиядағы ақпараттық технологиялар
Корпоративтік тораптарды енгізу
Балқаш ауданы салық бюджетінің кірісін бақылаудың ақпараттық жүйесін
Медициналық интроскопия (экг,хм,эхокг)
Пәндер