Құрамында майлар мен май тәріздес заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар және олардың өнімдері.



Майлардың биосинтезі және олардың өсімдікте жиналуына әсер ететін факторлар
Майлардың қасиеті
Майдың қышқылдануы
Майлардың триглицеридтеріне ілеспелі заттар
Майлардың жіктелуі
Майлар. Өсімдіктердің майлары мен жануарлардың ұлпаларының тоң майлары көмірсулармен қатар ағза тіршілігінің энергетикалық және құрылыс көзінің концентрлі қоры болып табылады. Өсімдіктер түрлерінің 90 %-ы май қорларын тұқымында жинайды, бірақ оларды өсімдіктің басқа мүшелерінен де кездестіруге болады. Қатты май қорларының негізгі қызметі олар өсімдікте қосымша қор ретінде қолданылады( тұқымының өсуі мен ұрықтың дамуына қажетті) бұдан басқа олар өсімдік ағзаларын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан, төмен температурадан сақтайтын қорғаныш қызметін де атқарады. Қыстап шығатын тұқымдардың ұрық жарнағында жиналып олар ұрықты аяздан сақтайды. Қоңырсалқын ауа райының өсімдік ағаштары өсімдік тыныш қалыпқа ауысқан кезінде өзектің крахмал қоры майға айналады да ағаш дінінің суыққа төзімділігін күшейтеді.
Жануарлардың қатты майы соңғы немесе уақытша қор заттары болып есептеледі. Соңғы қор болып есептелетін сүттің майын ағзаның өзі пайдалана алмайды. Майлы ұлпаларға тән уақытша қор майлары ғана қолданылатын өнімдерге жатады. Дәл осы майларды адамзат тағамдық дәрілік және техникалық қажеттіктерге пайдаланады.
Майлардың құрылысы. Қатты майлар майлы қышқылдар глициридтерінен яғни, глицериннің күрделі эфирлерінен және жоғары
1. Муравьева Д.А. Фармакогнозия. Медицина 2002

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Құрамында майлар мен май тәріздес заттар бар дәрілік өсімдіктер мен шикізаттар және олардың өнімдері.
Майлар мен май тәріздес заттар.
Майлар. Өсімдіктердің майлары мен жануарлардың ұлпаларының тоң майлары көмірсулармен қатар ағза тіршілігінің энергетикалық және құрылыс көзінің концентрлі қоры болып табылады. Өсімдіктер түрлерінің 90 %-ы май қорларын тұқымында жинайды, бірақ оларды өсімдіктің басқа мүшелерінен де кездестіруге болады. Қатты май қорларының негізгі қызметі олар өсімдікте қосымша қор ретінде қолданылады( тұқымының өсуі мен ұрықтың дамуына қажетті) бұдан басқа олар өсімдік ағзаларын қоршаған ортаның қолайсыз жағдайынан, төмен температурадан сақтайтын қорғаныш қызметін де атқарады. Қыстап шығатын тұқымдардың ұрық жарнағында жиналып олар ұрықты аяздан сақтайды. Қоңырсалқын ауа райының өсімдік ағаштары өсімдік тыныш қалыпқа ауысқан кезінде өзектің крахмал қоры майға айналады да ағаш дінінің суыққа төзімділігін күшейтеді.
Жануарлардың қатты майы соңғы немесе уақытша қор заттары болып есептеледі. Соңғы қор болып есептелетін сүттің майын ағзаның өзі пайдалана алмайды. Майлы ұлпаларға тән уақытша қор майлары ғана қолданылатын өнімдерге жатады. Дәл осы майларды адамзат тағамдық дәрілік және техникалық қажеттіктерге пайдаланады.
Майлардың құрылысы. Қатты майлар майлы қышқылдар глициридтерінен яғни, глицериннің күрделі эфирлерінен және жоғары молекулалы май қышқылдарынан тұрады. Глициридтер жалпы формуласы төмендегідей:
СН2-О-СО-R1
CH-O-CO-R2
CH2-O-CO-R3
Мұндағы R1, R2, R3-майлы қышқылдар радикалдары.
Табиғи қатты майларда 200-ден астам түрлі май қышқылдары табылған. Құрамындағы көміртегі атомдарының саны 8-ден 24-ке дейін жұп болып келетін май қышқылдары көп кездеседі. Құрамында көміртегі атомы 8-ден кем болатын қысқа тізбекті май қышқылдары ( капрон, майлы және т.б) глицеридтер құрамында кездеспейді, бірақ бос күйінде қатысып майларға иіс пен дәм береді. Көптеген майлардың құрамында 4-7 негізгі және бірнеше ілеспелі ( барлық құрамның 5 %-ын құрайтын) май қышқылдары болады. Майлардың 75%-ын пальмитин, олеин, линоль қышқылдарының глицеридтері құрайды.
Триглицеридтер құрамындағы май қышқылдары қаныққан және қанықпаған болуы мүмкін. Кейбір өсімдіктердің майларында тек осы өсімдіктерге тән майлы қышқылдар кезедеседі. Мысалы, кедедән майында рицинолды оксиқышқылдары; хаульмугр майы циклдық қышқыл гиднокарп, хаульмугр глицеридтерінен түзілген, кейбір қышқылдар белгілі бір тұқымдастар өсімдіктеріне тән.
Глицеридтер бірқышқылды және әртүрлі қышқылдық глицеридтер болып бөлінеді. Бір қышқылдық глицеридтерде глицериннің этерификациясы бір май қышқылдарының үш молекуласымен жүреді, мысалға триолеин, тристеарин және т.б. Дегенмен, табиғатта бір қышқылдық, триглицеридтерден тұратын майлар өте сирек кездеседі( зәйтүн майы, кенедән майы). Майлардың түзілуі әртүрлі заңдылыққа негізделген: белгілі майлардың көпшілігі әртүрлі қышқылдар глицеридтері болып табылады(мысалы, стеаринодиолеин, пальмитиноолеин және т.б) Қазіргі кезде май қышқылдарының құрамына қарай ажыратылатын және олардың түрлі-қышқылды глицеридтерінен түзілетін 1300-ден астам түрлі майлар белгілі.
Майлардың биосинтезі және олардың өсімдікте жиналуына әсер ететін факторлар.
Майлар компонентерінің негізгі түзушілері гексоза, ең алдымен глюкоза мен фруктоза болып табылады. Өсімдік ағзасындағы ферменттер әсерінен жүретін қатты майлар синтезін төмендегідей етіп көрсетуге болады.
Өсімдікте майлардың түзілуы өсімдік тіршілігімен тығыз байланыста жүреді. Ол қарастырылатын түрге тән тұқым қуалау немесе жемісі пісу кезеңіне дейін тұрақты болып тұрмайды. Майлардың мөлшері тұқымы немесе жемісінің пайда болу кезеңінен бастап толық піскенге дейін біртіндеп жинақтала береді. Сонымен қатар, май қышқылдарының сапалық жиынтығы ( қаныққан және қанықпаған) үнемі тұрақты болып қалады-бұл қарастырылатын түрге тән белгілері.

Ферменттер Глицерин


Глюкоза
(фруктоза) Моно- Ди- Триглицерид-
Майлы қышқылдар
(қаныққан қанықпаған)
Жарық, жылу және ылғал сияқты ауа райының факторлары майдың түзілуіне едәуір әсерін тигізеді. Оңтүстіктен солтүстікке қарай жылжыған сайын өсімдіктердегі май мөлшері ұлғайып отырады, сонымен қатар май құрамындағы қанықпаған қышқылдар шамасы өсіп отырады.Солтүстік кеңістіктерде майдың көп мөлшерінің түзілуі мен қанықпаған май қышқылдарының санының жоғарылауы майдың жылу бөлу қабілетін күшейтіп, солтүстік кеңістікте өсетін өсімдіктердің суықтан қорғаныш қабілетін күшейтеді. Өсетін географиялық кеңістігіне байланысты зығыр майына тән йод саны (қанықпаған қышқылдардың шамасын сипаттайтын) келесідей өзгеріп отырады: Архангельс -195, Мәскеу-180,Ташкент -154.
Жарық пен жылу өсімдік тіршілігіндегі биохимиялық үрдістерге қатысты өсімдік ағзасындағы майлы заттар түзілуі үшін ауа райының факторлары қажет. Келесі факторға су жатады, ол өсімдік организміндегі кез келген органикалық заттарды құру үшін қажетті маңызды материал болып табылады. Судың жетіспеушілігі өсімдіктегі май қышқылдары мен триглицеридтің синтезін тежейді.
Майдың түзілу үрдісінің қызметіне топырақтың құрамы, ал өңделетін майлы өсімдіктердің құрамына тыңайтқыштардың әсері ерекше.
Майлардың қасиеті. Майлардың қасиеті май қышқылдарының сапалық құрамы, олардың сандық қатынасы, бос глицерин байланыспаған май қышқылдарының пайдыздық мөлшерімен, түрлі триглицеридтер қатынасы анықталады.
Қанықпаған май қышқылдары қалыпты температурада қатты консистенциялы триглицеридтер түзеді. Олардың ішінде жануар майлары (мысалы,сиыр майы) және өсімдік майлары (какао майы) да кездеседі. Қанықпаған май қышқылдарының түзетін триглицеридтері кәдімгі температурада сұйық консистенциялы майлар-жануар майы ( мысалы, балық майы) және өсімдік майларының басым бөлігі болып табылады.
Майлар мен қатты майларды қағазға тамызған кезде майлы дақ қалдырады, қыздырған кезде ол дақ кетпейді, керісінше, одан ары жайыла түседі. Кәдімгі температурада майлар жанбайды, қыздырғаннан ашық жалынмен жанады. Таза триглицеридтер түссіз, бірақ қатты, табиғи қатты майлар боялған. Майлар олардың құрамындағы каротиноидтарға байланысты сарғыш түске боялған, кейбіреулері хлорофиллге байланысты жасыл түсті, ал кейде құрамындағы липохромның түріне байланысты қызғылт-сары-қызыл немес басқа түске боялған болуы мүмкін. Жаңадан алынған қатты майдың спецификалық иісі мен дәмі болады. Иісі ондағы эфир майының іздеріне (терпендерге, алифаттық көмірсуларға) байланысты. Кейбір қатты майларда төмен молекулалы қышқылдардың қүрделі эфирлерінің иісі болуы мүмкін. Балықтың қатты майларының иісі ондағы қанықпаған май қышқылдары немесе олардың тотыққан өнімдеріне байланысты.
Көптеген қатты майлардың тығыздығы 0,910-0,945 аралықта болады. Кейбір майлар ғана (мысалға, кенедән) тығыздығы жоғары 0,970 дейін (200С температурда) болады.
Қатты майлардың балқу температурасы ондағы май қышқылдарының құрамындағы көміртегі атомдарының санының өсуіне байланысты жоғарылай түседі. Қатты майлардың құрамы түрлі триглицеридтердің күрделі қосылысынан тұратындықтан олардың белгілі бір балқу температурасы болмайды. Осы себепті олардың қатаю температурасы да нақты нүктені көрсетпейді.
Қатты майларды 2500С қыздырғанда ондағы глицерин ыдырайды да өзінен көздің шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер ететін акреолин альдегидін бөлетіндігі себепті, олардың қайнау температурасын анықтау мүмкін емес. Олар жоғары вакуумда қайнайды. Жәй триглицеридтерден тұратын майлы майлар, егер олардың құрамында оптикалық белсенді заттардың қоспалары болмаған жағдайда оптикалық белсенділік көрсетпейді. Аралас триглицеридтер жағдайында кейбір майлар оптикалық белсенді бола алады.
Жарық сәулесінің сыну бұрышы қатты майлардағы қанықпаған майлар триглицеридтерінің мөлшері көп болған сайын жоғарылай түседі. Мысалы, какао майының жарықты сындыру бұрышы 1,457, бадам майы-1,470 зығыр майы-1,482.
Қатты майлардың химиялық қасиеті олардың сабындалу, ашуы, кебуі және гидрогенизациялануына қарай анықталады.
Сабындалу. Май қышқылдарының триглицеридтері күрделі эфирлерге тән өзгерістерге ұшырай алады. Сілтінің әсерінен эфир байланыстары ыдырап, бос глицерин және май қышқылдарының сілтілік тұздары (сабындар) түзіледі.
C3H5(COOR)3+3NaOH=C3H5(OH)3+3R-COON a
Сабындалу реакциясы тұрмыстық және медициналық сабындар алу үшін, сонымен қатар қатты майлардың құрамн және сапасын анықтау үшін кеңінен қолданылады. Осы мақсатта сабындалу санын, яғни 1г, қатты майдағы бос және тришлицеридтер күйіндег май қышқылдарын нейтралдау үшін қажетті күйдіргіш калидің грамм мөлшерін анықтайды.
Майдың қышқылдануы. Бұл майды қолайсыз жағдайларда ( ауа мен ылғалдың, жарықтың, жылудың) сақтаудың нәтижесінде майдың дәмінің ашқылтым татып кетуі мен иісінің жағымсыздануынан туатын күрделі процесс. Егер майларға осы жағдайда фермент липазамен әсер еткенде олар ыдырайды да сабындалу реакциясына ұқсас өзгеріс жүреді. Қатты майлардың бұлай бұзылуын қышқылдық саны өлшемімен оңай бақылацға болады. Бұл константаны 1г қатты майдағы бос май қышқылдарын нейтралдауға кететін күйдіргіш калидің миллиграм мөлшері деп түсіндіруге болады. Сапалы майларда бос май қышқылдарының аздаған мөлшері болады.
Басқа константалардың көмегімен майлардағы бос қатты май қышқылдарының табиғатын анықтауға болады. Сонымен, Рейхерт-Мейсель саны бойынша ұшқыш, суда еритін қышқылдар санын анықтауға болады. Ал Поленске санына қарап суда ерімейтін ұшқыш қышқылдар мөлшерін анықтауға болады. Рейхерт-Мейсель саны деп, 5 г қатты майдан белгілі тәртіппен ұшқыш, суда еритін май қышқылдарын нейтралдауға қажетті 0,1н күйдіргіш калий ерітіндісінің миллилитр мөлшерін айтады. Поленске санын майдың сол мөлшерінде ұшқыш қышқылдарды анықтағаннан кейін бірден анықтайды.
Қатты майлардағы глицеридтердің мөлшерін нақты анықтау үшін сабындалу санынан қышқылдық санын алып тастау арқылы тек байланысқан май қышқылдарын сипаттайтын эфир санын алады.
Кейде қатты майлардың ашуы ыдыраған май қышқылдарының кетонға немесе альдегидке тотығуын болдыратын микрооргнизмдер тіршілігіне байланысты болады. Дегенмен, көп жағдайда майлардың ашуы қанықпаған қатты майлардың ауадағы оттегіиен тотығуынан болады. Ауадағы оттегі қос байланысқа қосылу арқылы асқын тотығын түзеді.
R1·CH2 ·CH=CH·R2+O2--R1·CH2-CH-CH-CH2·R2
O -O
Оттегі қос байланысқан көрші орналасқан көміртегі атомымен байланысып сулы асқын тотығын (гидроперекись)түзе алады.
R1·CH2 ·CH=CH·R2+O2--R1·CH2-CH=CH·CH·R2
O-OH

Түзілген асқын тотығы және сулы асқын тотығы ыдырауға ұшырап альдигидтер мен кетондар түзеді. Қатты майлардың тотығу нәтижесінде ашуын сипаттау үшін асқын тотығы саны мен константасын қолданады, бұл константа асқын тотығын ыдыратуға жұмсалатын йод санымен анықталады.
Майдың кебуі. Жұқа қабатпен құйылған сұйық күйдегі қатты майлар ауада әртүрлі өзгерістерге ұшырайды;біреулері өзгеріссіз сұйық күйде қалады, басқалары тотыға отырып біртіндеп шайыр тәрізді созылғыш қабат-линоксин түзеді, ол органикалық еріткіштерде ерімейді. Егер майлар созылғыш қабат түзбейтін болса, оларды кеппейтін майлар деп атайды. Мұндай майлардың негізгі құрамы олеин қышқылдарының глицеридтері (бір қос байланысы бар) болып табылады. Тығыз созылғыш қабат түзетін майларды кебетін майлар деп атайды. Мұндай майлардың негізгі құрамды бөлігі болып линолен қышқылының глицеридтері (үш қос байланысы бар) табылады. Жұмсақ созылғыш қабат түзетін майларды жартылай көбетін майлар деп атайды. Мұндай майлардың негізгі құрамды бөлігі линоль қышқылының глицеридтері (екі қос байланыстары бар) болып табылады. Кейбір майлардың кебу қабілеті халық шаруашылығында кеңінен қолданылады(бояу өндірісінде). Медицинада керісінше кеппейтін майларды дәрілік препараттарды парентеральды енгізуде қолданады.
Олеин қышқылы азотты қышқылдың әсерінен бөлме температурасында қатты консистенциялы болатын өзінің стереоизомері элаидин қышқылына айнала алады. Элаидинді сынама деп аталатын бұл реакцияны майлардың типін анықтау үшін кеңінен қолданады. Егер сынама оң нәтиже көрсетсе зерттелетін майды кеппейтін (олеин қышқылының триглицеридтері) майлар деп атайды.
Майлардың кебу қасиетін анықтайтын сенімді әдіске йод санын анықтау әдісі жатады. Барлық қанықпаған қышқылдар, сонымен қатар май қышқылдарының қос байланыстарына галогендерді байланыстыра алатын қабілеті бар екендігі белгілі. Май қышқылдарындағы қос байланыстар көбірек болған сайын оған қосылатын галогендер саны да көп болады. Аналитикалық талдау мақсатында әдетте йодты қолданады; йод саны деп 100г қатты майды сіңіретін йодтың грамм мөлшерін айтады. Сонымен йод санының шамасына қарай майдың кебу деңгейі жөнінен қандай топқа жататынын оңай анықтауға болады.
Кейбір майлардың йод саны:
Кеппейтін майлар (олеин қышқылының типі).
Зәйтүн майы 80-85
Арахис майы 83-105
Бадам майы 93-102
Шабдалы майы 96-103
Кенедән майы 81-90
Жартылай кеппейтін майлар(линоль қышқылының типі)
Қыша майы 96-107
Күнжіт майы 103-112
Мақта майы 100-120
Күнбағыс майы 119-144
Жүгері майы 111-131
Кебетін майлар (линолен қышқылының типі)
Көкнәр майы 131-143
Кенешөп майы 140-175
Зығыр майы 169-192
Гидрогенизация. Қос байланысқа галогендерден басқа сутегі атомы да оңай орналасады. Мұндай байланыс нәтижесінде май қышқылдары қанықпаған күйден қаныққан күйге айналады; қатты майлар мұндайда тығыз консистенциялы күйге ауысады. Гидрогенизация реакциясын өсімдік майларынан қатты майлар алуда қолданылады. Олардың арасында тағамдық майлар (маргарин , саломас) және фармацияда қолданылатын қатты майлар (жағар майлар мен суппозиторийлерге арналған майлар) мен косметологияда қолданылатын майлар бар. Майларды гидрогенизациялау катализатордың қатысуымен жоғары температурада өтеді. Сутектің ағынын реттей отырып қос байланыстағы орнын басу қабілетіне байланысты түрлі балқу температурасы мен әр түрлі қасиеті бар қатты майлар алады. Майлардың алынуының мұндай үрдістерінің белгілі қасиеті бар фармацевтикалық май негіздерін алу үшін үлкен маңызы бар.
Майлардың триглицеридтеріне ілеспелі заттар
Майлардың құрамында әр түрлі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Функционалдық тамақтанудың қазіргі кездегі рөлі
Қарағайлар тұқымдасы
Майдан сабын алу
Құрамында лигнандар, антроцен туындылары флованоидтар, илік заттары бар өсімдіктер және олардың ерекшеліктері
Өнімнің белгілі бір түрін өндірудің технологиялық схемасы
Жұмсақ дәрілік зат формалары
Құрамында витаминдер бар дәрілік өсімдіктер және шикізаттар
Жақпа майлар
Тірі табиғат объектілерінде қордаланған адамдардың қажетіне керекті биологиялық ресурстарға өсімдіктер және жануарлар ресурстары
Спиртті ашу
Пәндер