ХХ ғасырдағы Батыс және Шығыс әдебиеті.



1. ХХ ғасырдағы Батыс және Шығыс әдебиеті.
2. Франция әдебиетіндегі сыншыл реализм.
3. Ги де Мопассан шығармашылығы.
ХХ ғасырда Иран әдебиетінде жолжазбалар және мемуар түрінде жазылған прозалық шығармалар туындады. Иран революциясы (1905 - 1911) және азаматтық қозғалыс (1918 - 1921) кезінде А. Фарахани, М.Кермани, М.Т.Бехар т.б. ақындар демократия идеясының жаршысы болды. Социолизм идеясын жырлаған Әбілқасым Лахути шығармаларында феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрес тақырыбы көтерілді. М.Багердің Ирандағы моңғол үстемдігі туралы "Шамс-о-Тогра" (1910) т.б. тарихи романдары шықты. ХХ ғасырдың бас кезінде, буржуазиялық революция жеңіліп, репрессия күшейген кезде, М.Каземидің (1887 ж. т.) "Алапат Тегеран" (1921-1924) , А.Халилидің "Адам" (1925), "Сұрқай тұрмыс" (1931) т.б. торығушылық сарындағы романдары жарияланды. 1930 жылдары Риза шах үстемдігі тұсында Иран әдебиеті үшін "қаралы дәуір" басталды. Көптеген ақындар шығармаларын жасырын жазды. Риза шах үкіметі құлаған соң (1941 жылы),әдебиет қайта жанданып, әсіресе проза жанры кеңінен өрістеді. Бұл кезде С.Хедаяттың "Қаңғыбас төбет" (1943), "Азғындық" (1944) әңгімелер жинақтары мен "Хаджи ага" (1945) повесі, Б. Алевидің "Елу уш" (1942), "Түрме жазбалары" (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары жарияланды. Бехазиннің әңгімелері, Э. Табаридің прозасы мен поэзиясы, Х.Нушинның Иран жұмысшыларының күресі туралы "Алғашқы әтеш" пьессасы, Ф.Таваллолидің Ленин туралы поэмасы адамгершілікті жырлаған құнды шығармалар болды. 50 жылдардың екінші жартысынан бастапкейбір ақын шығармаларында торығушылық сарын етек алды. Ал 1960 жылдары Ускуидің "Періште жылағанда" (1963), Саркоштың "Көз жасының зары" (1965), А.М. Афғанидың "Аху - ханымның күйеуі" (1962) т.б. роман повестері жарияланды. Иран әдебиетінің біршама шығармалары қазақ тіліне аударылған болатын. Мәселен, оларға "Парсы ертегілері" (1958), Омар Һайямның рубаилары (1965), Сағдидің "Бустанын" (1970) т.б. атап өтуге болады.
Шетел әдебиетінің тарихы
пәні бойынша

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН
5В011700 - қазақ тілі мен әдебиеті


Ақатаева Шұға Берікқызы
Жақан Әлімжан Құтжанұлы

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
1.ХХ ғасырдағы Батыс және Шығыс әдебиеті.
2. Франция әдебиетіндегі сыншыл реализм.
3. Ги де Мопассан шығармашылығы.

ХХ ғасырда Иран әдебиетінде жолжазбалар және мемуар түрінде жазылған
прозалық шығармалар туындады. Иран революциясы (1905 - 1911) және азаматтық
қозғалыс (1918 - 1921) кезінде А. Фарахани, М.Кермани, М.Т.Бехар т.б.
ақындар демократия идеясының жаршысы болды. Социолизм идеясын жырлаған
Әбілқасым Лахути шығармаларында феодализм мен отаршылдыққа қарсы күрес
тақырыбы көтерілді. М.Багердің Ирандағы моңғол үстемдігі туралы "Шамс-о-
Тогра" (1910) т.б. тарихи романдары шықты. ХХ ғасырдың бас кезінде,
буржуазиялық революция жеңіліп, репрессия күшейген кезде, М.Каземидің (1887
ж. т.) "Алапат Тегеран" (1921-1924) , А.Халилидің "Адам" (1925), "Сұрқай
тұрмыс" (1931) т.б. торығушылық сарындағы романдары жарияланды. 1930
жылдары Риза шах үстемдігі тұсында Иран әдебиеті үшін "қаралы дәуір"
басталды. Көптеген ақындар шығармаларын жасырын жазды. Риза шах үкіметі
құлаған соң (1941 жылы),әдебиет қайта жанданып, әсіресе проза жанры кеңінен
өрістеді. Бұл кезде С.Хедаяттың "Қаңғыбас төбет" (1943), "Азғындық" (1944)
әңгімелер жинақтары мен "Хаджи ага" (1945) повесі, Б. Алевидің "Елу уш"
(1942), "Түрме жазбалары" (1941) сияқты түнек жылдарын суреттеген романдары
жарияланды. Бехазиннің әңгімелері, Э. Табаридің прозасы мен поэзиясы,
Х.Нушинның Иран жұмысшыларының күресі туралы "Алғашқы әтеш" пьессасы,
Ф.Таваллолидің Ленин туралы поэмасы адамгершілікті жырлаған құнды
шығармалар болды. 50 жылдардың екінші жартысынан бастапкейбір ақын
шығармаларында торығушылық сарын етек алды. Ал 1960 жылдары Ускуидің
"Періште жылағанда" (1963), Саркоштың "Көз жасының зары" (1965), А.М.
Афғанидың "Аху - ханымның күйеуі" (1962) т.б. роман повестері жарияланды.
Иран әдебиетінің біршама шығармалары қазақ тіліне аударылған болатын.
Мәселен, оларға "Парсы ертегілері" (1958), Омар Һайямның рубаилары (1965),
Сағдидің "Бустанын" (1970) т.б. атап өтуге болады.
Түрік әдебиетінің алғашқы тізбелік классификациясын жасаған XX ғасырдың
әйгілі әдебиеттанушы ғалымы — Мехмет Фуат Көпрүлү болды. Оның тізбесі
классикалық тізбе деп есептеледі. М.Ф.Көпрүлү түрік әдебиетін Исламға
дейінгі түрік әдебиеті (ежелгі дәуір), Ислами түрік әдебиеті (орта
дәуір) және Батыстық түрік әдебиеті (соңғы дәуір) деп, үш үлкен дәуірге
бөледі. Бұл үш дәуір өз ішінде кезеңдерге жіктеледі. Тақырыбымызға қатысты
болғандықтан біз тек батыстық түрік әдебиетінің жіктелуін, соның ішінде
қазіргі әдебиетті, яғни Жумхурийет әдеби кезеңінің поэзиясын ғана саралап
өтпекпіз. Батыстық, яки европалық түрік әдебиетін Фуат Көпрүлү былайша
жіктейді:

1. Танзимат әдебиеті (1839-1896);
2. Сервет-и фүнун әдебиеті (1896-1901);
3. Феджр-и ати әдебиеті (1909-1912);
4. Милли (ұлттық) әдебиет (1911-1923);
5. Джумхурийет әдебиеті (1923-тен қазірге дейін)
Түріктің жаңа әдебиеті түсінігіне біз алғашқы төрт кезеңді жатқызсақ,
қазіргі түрік әдебиетіне біз Жумхурийет, яки республикалық әдеби кезеңін
жатқызамыз. Енді, біз осы Жумхурийет әдебиеті кезеңі поэзиясының маңызды
мәселелеріне тоқталайық.
Әр ұлттың тарихи тағдырына сай, туған топырағына, өскен ортасына лайық
мінез-құлқы, әдет-ғұрпы, салт-санасы қалыптасатыны мәлім. Мұның бәрі әр
ұлттың өзіне тән өзгешеліктерін – сыртқы түріндегі ғана емес, ішкі
сырындағы айырықша сипаттарын да белгілейтіні хақ. Осындай таным
тұрғысынан келгенде түрік халқының да өзіндік мінез-құлқы, салт-дәстүрі мен
әдет-ғұрпы оның өнерінде де айқын көрініс тапқан.
XX ғасыр Анадолы түріктері үшін де ұлы өзгерістер ғасыры болды. Өйткені,
алты ғасыр билік құрған ұлы Осман империясының саяси-экономикалық тұрғыдан
шатқаяқтай бастауы, оны түрік халқы тез түсініп, жылдам іске кірісуінің
арқасында жаңа саяси сипаттағы мемлекеттің құрылуы, ол мемлекеттің Түркия
Республикасы деп аталуы, оның жаңашыл идеологиясын жасауда жасампаз түрік
халқының жанкешті күрес жүргізуі, ұлттық күрестің түрік халқының жеңісімен
аяқталуы Анадолы жерінде, жалпы алғанда, Таяу Шығыста жаңа геосаяси
мәселелердің қалыптасуына негіз болды. XX ғасырдың ұлы қолбасшысы Мұстафа
Кемал Ататүрік құрған жаңа мемлекет, осылайша, Анадолы жерінде жаңа саяси
кезеңнің басталғанын әлемге жария етті.
Бұл кезең қоғамның қай саласында болмасын Жумхурийет кезеңі деген
атпен атала бастады. 1923 жылы түрік халқының ұлы жеңісімен аяқталған соғыс
әдебиетте де Жумхурийет әдебиеті деген кезеңді тудырды, өнерде де солай.
Бұл әдеби кезең жаңа идеологияға – Ататүрікшілдік, яки Кемализм атты саяси
ұстанымға негіз артты. Сондықтан, бұдан былайғы өмір өрімдері осы
идеологияның шегінен шықпауды талап етті. Түркияның қоғамдық құлқы,
мемлекеттік мінезі – ұлтшылдыққа негіз артты.
Асылында, түрік әдебиетінің тарихы қазақ қоғамына әлі де беймәлім болып
келеді. Кеңестік кезеңдегі социалистік көзқарастағы ақын-жазушылар болмаса,
сайып келгенде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Империя дәуірінің алтын ғасырының өкілі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (тақырыптық, жанрлық және көркемдік)
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Қисса Сейітбатталдың тақырыптық, нұсқалық және көркемдік ерекшеліктері
ХІХ ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫНДАҒЫ ШИЕЛЕНІС
ХХ ғасыр басындағы қазақ поэмасы
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
ХІХ ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай
Қазақ ақындарының Кәлилә мен Димнә ертегілерін жырлауы
Пәндер