Нашақорлық



Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Нашақорлық.қоғам дерті
2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
3. Нашаорлықтың түрлері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
“Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет – ол нашақорлық”

Н.Ә.Назарбаев.

Нашақорлық- қоғам дерті. Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология»

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1. Нашақорлық-қоғам дерті
2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу
3. Нашаорлықтың түрлері

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25
2. Основы физиологии человека Агаджанян, Власова, Ермакова.
3. Маринова Ю , Никитина А.А. Возростная физиология

"Салауатты өмірге кері ықпалын тигізетін
жағымсыз әрекет - ол нашақорлық"

Н.Ә.Назарбаев.

Нашақорлық- қоғам дерті. Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.
Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.
Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.
Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke - мелшию және manіa - ессіздік, құтырыну) - есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.
Токсикомания - булармен, газдармен демалу. Токсикоманияның кейбір формалары ароматтық және басқа да заттар, мысалы тұрмыста қолданылатын ацетон, бензол арқылы таралады. Бұл ерітінділер, тазартқыштар, синтетикалық желімдер, никробояулар, дақтарды кетіретін сұйықтықтар және т.б. Үйде негізінен дезодорант-спрей, шашқа арналған лак, жиһазды тазартуға арналған сұйықтық, тырнаққа арналған лак, бензин және т.с.с.Токсикоманияның әсерінен бұлшық ет аурулары, жүріс-тұрыс бәсеңдеуі, салмақ жоғалту, бауыр мен бүйрек қызметінің бұзылуы, бас миының және жүйке жүйесінің бұзылуы, еске сақтау, ойлау қабілеттерінің әлсіреуі сияқты ауруларға, ал әрі қарай Асфиксияға (дем алудың қиындауы), естен тануға, комаға және кенеттен қайтыс болуға әкеліп соғады.
Марихуана - кептірілген, ұсақ туралған жапырақтың, тұқымдар мен жасыл, қоңыр немесе сұр түсті сора гүлдерінің қосындысы. Марихуана - көптеген елдерде, оның ішінде Қазақстанда көп таралған заңсыз есірткі.Марихуананың ықпалындағы адамның басы айналады, жүрісі бұзылады, үнемі күле береді және есте сақтау қабілеті төмендейді.Марихуананы шегуді кейбіреулер денсаулыққа зиян емес деп санайды. Алайда, ол денсаулыққа үлкен зиян келтіреді.
Героин - ең алдымен опий пайда болды, содан кейін одан морфин алынды, одан героин шығарылды. Героин өзінің есірткілік белсенділігімен морфийннен әлдеқайда асып түседі. Ол қыздырғаннан кейін тамырға егіледі, шегіледі, онымен демалады. 2008 жылдың 8 айы ішінде Астана қаласында героиннің дозасын асырып қолданғаннан 19 жастан 30 жасқа дейін 48 адам көз жұмған.Нашақорлардың түн ұйқылары бұзылады, артериалдық қан қысымы төмендейді, ине салу нәтижесінен тамырлары тесіледі, бауыры мен бүйректері ауырады, организмі дене және психологиялық жағынан әлсірейді, гепатит пен СПИД-ке шалдығады, ақырында өлімге әкеп соғады.
Кокаин - коки өсімдігінен шығарылған, негізінен ақ ұнтақ тәріздес есірткі. Кокаин ұнтағын ұсақтап мұрын арқылы тартады немесе тамырға енгізу үшін езеді.Кокаинді тек бай адамдар қолдана алады, себебі оны сатып алу үшін аптасына мың доллардан астам ақша жұмсалады. Оған тез үйреніп кетуге болады. Кокаинді қолданушылар паранойд болып келеді, олар миына қан құйылуынан, жүректің қысылуынан кенеттен өліп кетеді.Алғашқы дозадан алған жақсы әсерлерді сезіну үшін кокаинді жиі және көптеп қолдану керек болады. Есірткіні алғашқыда эйфорияны сезіну үшін енгізсе, кейін тек өзін жақсы сезініп, күйзелу немесе шаршаған жағдайын кетіру үшін қолданады. Қолданудың ақыры - сандырақтауға, дем алуының бұзылуына, есінен тануына, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Экстази - 1987 ж. Испанияда болған бір дискотекада экстази таблеткасын (метилендиоксиметиламфетамин) музыкамен біріктіруден болған эффект ашылды. Экстази қолданғаннан кейін жеңілдік сезіледі, күш-қуаты күшейеді, көңіл көтеріп, бірнеше сағат қатарымен шаршамай билеуге болады. Экстази 2 сағаттан 8 сағатқа дейін әрекет етеді. Алайда Экстазиден қайтыс болғандардың саны көп. Ол ең қауіпті есірткі құралдарының қатарына саналып, БҰҰ-ның барлық елдерінде тыйым салынған. Осы есірткіні қолданған кезде адамның ми клеткалары, бауыры, бүйрегі бұзылады, жүйкесі бұзылады, тамырлары қысылады, ақырында өлімге әкеліп соғады.
Есірткіні қолданатындардың әлеуметтік сипаты да өзгерді, бүгінгі күнге олардың қатарын орташа және тіпті жақсы қамтамасыздандырылған отбасылардың балалары толтырып отыр.
Осы орайда аса қажетті шара бұл заңнаманы күшейту. Халықаралық тәжірибе бүгінгі күні есірткімен күресуде қылмыстық шараларды қатаң қолдануды талап етеді. Ұлыбритания, Бельгия, Греция, Ирландия, Канада, Франция және басқа да елдер осы қылмыстар үшін өмір бойы бас бостандығынан айыруды белгіледі. Есірткіні сатқаны үшін өлім жазасына кесу Иран, Қытай, Сингапур, АҚШ және Тайланд заңнамаларында көрсетілген.Президент өзінің Қазақстан -2030: Барлық Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы, қауіпсіздігі және хал-ахуалының жақсаруы атты халыққа жолдаған жолдауында: Есірткіні жеткізгені және таратқаны үшін қатаң жазалау қажет.
Есірткі - ерекше және өлімге әкеліп соғатын сфера және бұл жерде гуманизм принциптерін қаншалықты қолдану толғандырады. Бір жағынан - оны жеткізіп, таратушы адамның өмірі, ал басқасында оның көмегімен қиылған есірткіні пайдаланушының өмірі тұр.Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық, Қылмыстық-іс жүргізу кодекстеріне және Есірткінің заңсыз айналымы аясындағы жауапкершілікті күшейту мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының әкімшілік құқықбұзушылықтары жөніндегі кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы әзірленіп, маусым айында қабылданды.Бұл заң тек аса ауыр есірткі қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады, олар ҚР ҚК-нің 250, 259, 260, 262-264 және 266 баптары бойынша белгіленеді.Осылайша, жаңа заңға сәйкес келесі қылмыстық санкциялар қолданылуы мүмкін: аса ірі көлемде есірткі контрабандасы үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; лауазымды тұлғаның қызметтік жағдайын пайдаланып, есірткіні сатқаны үшін - 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; оқу орындарында және кәмелетке толмағандардың есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; ұйымдасқан қылмыстық топпен есірткіні сатқаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; кәмелетке толмағандарды, екі немесе одан да көп адамдарды, сондай-ақ күш көрсетумен есірткіні пайдалануға тартқаны үшін - 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалануға тартып, соның негізінде адам өліміне әкеліп соққаны үшін - 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруға; есірткіні пайдалану үшін притондар ұйымдастырғаны үшін - 3 жылдан 7 жылға дейін, ал қызметтік жағдайын пайдаланғаны немесе ұйымдасқан топпен ұйымдастырғаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін. Сонымен қатар, есірткі қылмысы тікелей заңсыз табыс табумен байланысты болғандықтан, осындай қылмыстың әрбір құрамы үшін мүліктерін міндетті түрде тәркілеу енгізілген.
Бүгінгі күні біздің елімізде осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр, бұл нәубеттің әрбір үйге, әрбір сыныпқа, әрбір отбасына енуі мүмкін - шұғыл қимылдау қажет. Статистикалық есептерде - бұл көрсеткіштер, ал адами тұрғыда - бұл тірі жандардың өмірі. Солардың әр қайсысына барлығымыз бірлесіп, педагогтар, дәрігерлер, ата-аналар және жеткіншектердің өздері де қолғабыс беруіміз керек.Елдегі есірткімен байланысты жағдайды жақсарту бойынша ауқымды жұмысты біз барлығымыз жұмыла атқаруымыз қажет. Сонда ғана біз оңтайлы нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Қолдау болмаған жерде бір де бір іс табысты аяқталмайды. Күш-жігерімізді біріктіріп, елдегі қоғамдық есірткі иммунитетін құруға бағыттауымыз керек. Ең бастысы - есірткі бизнесіне және нашақорлыққа қарсы бірлесе отырып, күресуіміз қажет.Басқа елдермен тереземізді теңестіреміз, алдыңғы қатарлы елдер сапынан табыламыз десек жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан дүниесі таза, адамгершілігі мол, білімді азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Баспасөз мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын нашақорлықпен ауыратын адамдардың саны көбейіп, героин мен синтетикалық есірткілерді тұтыну артып отыр. Егер 2000 жылдың қорытындысы бойынша есепте 38 мыңнан астам адам болса, қазіргі таңда 54 мыңнан артық адам есепте тұрады екен. Олардың ішінде 4500 әйел және 3800-ден астам бала бар. Қазіргі заманда нашақорлықтың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң балалардың өмірге жиі келетіні бәріңізге белгілі.
Дүние жүзін жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын жайып барады. Қазіргі таңда Қазақстанда 55 мың нашақор бар екен. Негізгі мәселе нашақордың санында емес, жасында болса керек. Келешек ұрпаққа ақыл, бағыт - бағдар беретін аға - апаларымыз есірткіні " табыс көзі " көріп, қаншама адам өмірін құртып отыр. Олардың тіпті мектеп оқушсына алғашқы мөлшерді тегін беріп, қызықтыруы айуандық деп есептеймін.
Дәл қазіргі таңда әрбір жанұяның есігі мен терезесіне ұңіліп, үй айналасын торып, ғасыр індеті жүр. Бұл індеттің аты - нашақорлық.
Халқымыздың денсаулықты байлық пен басқадан да жоғары қоюынан-ақ оның қадірі қаншалықты екенін білуге болады. Осындай баға жетпес байлықтың қадірін түсінбей, өз өміріне өз қолдарымен балта шауып жүрген жандар қаншама!
Қазіргі уақытта жастар арасында есірткіге бой ұру етек алып барады. Менің ойымша, оған көптеген себептер бар. Біріншіден, бозбалалар мен бойжеткендердің бұл жаста өздеріне не керек екенін білмей, еліктеушілікке салыну. Екіншіден, бір сәттілік ләззат үшін шоқ басқанын білмей қалған жастардың қателігі. Бүгінгі күні нашақорлық бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Нашақорлықтың қасіретін тек дәрігерлер ғана емес, күнделікті көріп жүрген әр жан сезеді.
Бүгінгі жастардың ой - арманы, мақсат - мүддесі, тілегі, тірішлік - тынысы біздің халықтың ХХІ ғасырдағы бет - бейнесін көп жағдаяттан анықтап берері даусыз. Есірткі қазіргі таңда көп түрі кездеседі мысалы: марихуана, кокаин, морфин, LSD, героин және тағы басқа түрлері адамның миына, психикасына, орталық жүйке жүйесіне қатты әсер етіп, рухани және физикалық тепе - теңдікті бұзатын зиянды заттардың бірі.
Есірткіге құмарлық ең қауіпті және апатты аурулардың бірі. Есірткіні пайдаланудың кезеңі қоғамдық факторлармен байланысты өзіңнің
таныс топтарыңның арасына оларға еліктеу және абырой алу болады. Нашақорлық тұңғиық түбі, адамды еліктіретін аждаһаның бір басы. Адам ағзасына өте ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Нашақорлық - қоғам дерті туралы ақпарат
Экономикалық контрабанда – қылмыс ретінде
Нашақорлық - ғасыр дерті. Қазақстанда нашақорлықпен күрес шаралары
Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар
Есірткіге қарсы күрес
Маскүнемдік, есірткіге әуесқой, темекі тарту денсаулығын нығайту жолдары
Нашақорлық – тұңғиық түбі
Нашақорлық – ғасыр дерті
Пәндер