Нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі және оның бүгінгі мәселелерін талдау



ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

І.Тарау. НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ.ТЕҢДІК. ДАМУДЫҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Нарықтық тепе.теңдік теориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Нарықтық тепе.теңдіктің мәні және принциптері ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Нарықтық жүйе мен жеке меншіктің өзара байланысы ... ... ... ... ... ...13

ІІ.Тарау. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҮГІНГІ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ..16

2.1 Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндетін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Экономикалық жүйедегі айналымды талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ...20


III.Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 1 наурыз 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында» атты Жолдауының «2.5. Нарық қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру» деген бөлімінде былай деп атап көрсетті: «Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік шаралар, сондай-ақ, даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда қарау жүйесін дамыту қажет»
Рынок — тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі-жақты байланыс; тауар-ақша қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге сондай қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін құралдардың, әдістердің, жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың құрылымдардың және т.б. жиынтығы.
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып, тұтынушылар ықыласындағы өзгерістерді жеткізіп тұруға қабілетті.
Бәсекелі нарықтық жүйе техникалық прогресс үшін де ынталылық тудырады. Өндіріс шығынын азайтатын технологияның алғашқы қолданысы акционерлік фирмалар үшін қосымша таза табыс табудың көзі болып табылады. Оның үстіне бәсекелік нарықтық жүйе жаңа технологияның тез таралуына ықпал етерліктей жағдай тудырады. Бәсекелестер ең прогрессивті фирманың үлгісіне тусулері керек, әйтпесе олар шығынға батады немесе банкротқа ұшырайды.
Курстық жұмысытың мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты – нарықтық жүйе мен жеке меншіктің байланысын қарастыру болып табылады.
Нарықтық жүйенің негізгі принциптері:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Назарбаев Н. «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында» - 18 ақпан 2005 жылғы Қазақстан халқына Жолдауы, Астана
№ 1, 2005 ж.
2. Дүйсенов Б. Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру, Саясат - № 8. 2004Бейсенова М., Садықбекова А. «Кәсіпорын экономикасы», Алматы – 2002.
3. Мауленова С.С., Бекмолдин С.Қ.,«Экономиялық теория»,Алматы – 2004ж.
4. Шеденов Ө. «Экономикалық теория», Алматы – 2001
5. Қорғанбаева Г. Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы: қазіргі күйі мен өсу перспективасын бағалау, Қоғам және дәуір, № 1-2004
6. Блеутаева К. Жекешелендіру – мемлекет иелігінен алудың басты бағыты, Ізденс – Поиск, № 2 – 2004
7. Бердалиев К.Б «Қазақстан экономикасын басқару негіздері»,
Алматы – 2001.
8. Молдабекова А. «Нарықтық қатынастағы халықтың қаржігерлігінің қалыптасуы» Қаржы – қаражат № 1/2004 ж.
9. Дүйсенов Б. «Нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы жекешелендіру». Саясат № 8/2004 ж.
10. Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.О «Экономиканы мемлекеттік реттеудің
өзекті мәселелері», Алматы – 2002.
11. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» - даму стратегиясы, Алматы – 1998

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
----------------3

І-Тарау. НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК. ДАМУДЫҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ-------------------------- -----5

1.1 Нарықтық тепе-теңдік теориялары ----------------------------------- ----
---------5
1.2 Нарықтық тепе-теңдіктің мәні және принциптері------------------------ ---
----9
1.3 Нарықтық жүйе мен жеке меншіктің өзара байланысы-----------------------
13

ІІ-Тарау. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ РОЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БҮГІНГІ
МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛДАУ--------------------------16

2.1 Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндетін
талдау ----------------------------------- ----------------------------------
-------16
2.2 Экономикалық жүйедегі айналымды талдау----------------------------- ----
--20

III-Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ МЕНШІКТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ-----------
----------------------------------- ------------24

ҚОРЫТЫНДЫ----------------------------------- --------------------------------
--------26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------------- -----28

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған 1 наурыз 2006 жылғы Қазақстан өз
дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында атты Жолдауының 2.5. Нарық
қағидаттары негізінде мемлекет пен жеке меншік сектор арасындағы
экономикалық өзара қатынастардың тиімділігін арттыру деген бөлімінде
былай деп атап көрсетті: Қоғамдағы келісім – шарттық қатынастарды дамыту
мен жеке меншік институтын нығайту үшін қосымша заңнамалық және әкімшілік
шаралар, сондай-ақ, даулар мен төрелік ету рәсімдерін тәуелсіз тұрғыда
қарау жүйесін дамыту қажет
Рынок — тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі-жақты байланыс; тауар-ақша
қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге сондай қатынастардың
орнығуларын қамтамасыз ететін құралдардың, әдістердің, жабдықтардың,
ұйымдық-құқықтық нормалардың құрылымдардың және т.б. жиынтығы.
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және
ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып,
тұтынушылар ықыласындағы өзгерістерді жеткізіп тұруға қабілетті.
Бәсекелі нарықтық жүйе техникалық прогресс үшін де ынталылық тудырады.
Өндіріс шығынын азайтатын технологияның алғашқы қолданысы акционерлік
фирмалар үшін қосымша таза табыс табудың көзі болып табылады. Оның үстіне
бәсекелік нарықтық жүйе жаңа технологияның тез таралуына ықпал етерліктей
жағдай тудырады. Бәсекелестер ең прогрессивті фирманың үлгісіне тусулері
керек, әйтпесе олар шығынға батады немесе банкротқа ұшырайды.
Курстық жұмысытың мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының мақсаты –
нарықтық жүйе мен жеке меншіктің байланысын қарастыру болып табылады.
Нарықтық жүйенің негізгі принциптері:
• аяқастылық тәртіп;
• экономикалық еркіндік;
• бәсекелестік;
• жеке меншік;
• еркін баға құру.
Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын жоғары деңгейлі
тиімділікпен пайдалануға және бөлуге ықпал жасайды.
Курстық жұмыстың міндеттері. Нарықтық жүйе мынадай міндеттерді
орындайды:
• бағаны құру;
• ақпараттық;
• ынталандырушылық;
• реттеушілік; тазалаушылық.
Мемлекет нарықтық жүйеде мыналарды қамтамасыз етуі керек:
- құқықтық базаны;
• бәсекелестікті қорғауды;
• ресурстар мен табыстарды қайта бөлуді;
• ұлттық өнім құрылымын өзгерту мақсатымен ресурстарды бөлуді түзету
ісін.
Курстық жұмысытың құрылымын негіздеу. Зерттеу курстық жұмысы
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден
тұрады.

І. НАРЫҚТЫҚ ТЕПЕ-ТЕҢДІК . ДАМУДЫҢ МӘНІ МЕН ЗАҢДЫЛЫҒЫ
1.1 Нарықтық тепе-теңдік теориялары
1776 жылы тәуелсіздік туралы Декларацияға қол қойылған кезде Англиядағы
басылымдарда біздің заманымыздың ең маңызды кітаптарының бірі ретінде —
Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеу" аталады.
Смит өз заманының принципиальды көзқарастарынан аулақтады. Ол байлықтың
жалғыз дара бастаукөзі жер ғана деген физиократтармен келіспеді. Ол, сондай-
ақ, ұлт байлығын ақшаның санымен есептеген және "колайлы сауда балансына"
жету мақсатында экономикаға мемлекеттің араласуын табаңдата қолдаған
меркантилистерден де іргесін аулаққа салды.
Смиттің көзқарасында — ұлт байлығы ауыл шаруашылығымен ғана емес,
өндіріс процесімен жасалынады. Өндірген игіліктің саны адам еңбегінің
өндірістегі басқа да факторлармен қосылудағы сапасымен анықталады. Және
мұндай қосылыс тиімді болған сайын өнім көлемі мен ұлттық байлық ұлған
түседі.
Смит ілімінің өзекті идеясы — экономиканы мемлекеттік реттеуден шығарып
тастаса, ол жақсы жұмыс істейді дегенге саяды. Мұндай жағдайларда
экономикалық эгоизм кәсіпорындарды тұтынушыларға қажетті өнімдер шығаруға
және оларды мүмкіндігінше төменгі бағамен жасауға мәжбүр етеді. Олар бұны
қоғамның берекесін ойлағандықтан емес, өзінің бәсекелесінен асып түсіп, мол
таза табыс алу үшін істейді. Бірақ бұл эгоизм барша қоғамга пайдалы болып
шығады, тауарлар мол өндіріліп, мейлінше төменгі бағамен сапалы қызмет
көрсетуді қамтамасыз етеді.
Экономистер реттеуден босаса, қалайша барша қоғам ұтады дегенді
түсіндіру үшін Смит "көрінбейтін қол" деген метафораны қолданған.
Әрбір жеке адам өз капиталын жұмсағанда өз өнімінің ең үлкен бағаға ие
болуына тырысады. Әдетте ол қоғамның пайдасына қол үшін берейін демейді,
жеке өз басының мүддесін көздейді... Алайда осының өзінде, басқа да
жағдайлардағыдай, ол көрінбс қолмен мүлдем өз ойында жоқ мақсатқа қарай
бағыттала береді. Өзінің жекс басының мүддесін көздей отырып, ол сол
әрекеттерінін қоғам мүддесіне ең әдемі түрде қызмет ететіндігіне лажсыз
келеді.
Адам Смит "көрінбес қол" деп, бүгін бізде сұраным және ұсыным деп
жүрген экономикалық күштерді атаған. Ол "қолайлы сауда балансына" жету
мақсатымен экономиканы реттеуге шақырған меркантилистермен үзілді-кесілді
келіспеді.
Смит, керісінше, физиократтардың теориясын және олардың "Jaisses faire"
деп аталатын тұжырымдамасын жақтады. Ол тұжырымдама бойынша жекелеген
адамдар мен кәсіпорындар экономикада мемлекеттің немесе жеке монополияның
араласуынсыз жұмыс істеулері керек. Ондай жағдайда "көрінбес қол" еркін
болып, экономиканы бағыттап, әрі өндірісті қарыштата түседі.
"Табиғат және халықтар байлығының себептері туралы зерттеуде"
экономикалық жүйенің принципнальды элементтері сипатталынған. Еңбекті бөлу
және машинаны пайдалану секілді процестің өнім шығаруды құрт
молайтатындығын паш етіп көрсету үшін Смит түйреуіш өндіру процесін қарауға
шақырады.
Бір адам сымтемірді тартады, екінші оны түзетеді, үшіншісі
қияды, төртіншісі ұштайды, бесіншісі түйреуіш басын орнату үшін екінші ұшын
қайрайды; сөйтіп, түйреуіш басын жасаудың өзі екі немесе үш түрлі
операциядан өтеді..."
Бүгінгі технология түйреуіш жасау тәсілін жетілдіргенімен, еңбекті бөлу
принципі өзгеріссіз қалып отыр.
Осы секілді, кітаптың өндіріс факторына, ақшаға, халықаралық саудаға
арналған бөлімдері де жазылған кезіндегідей бүгін де маңызды.
Көріп отырғандарыңыздай, Томас Джефферсонның тәуелсіздік туралы
Декларациясы мен Адам Смиттің "Табиғат және халықтар байлығының себептері
туралы зерттеу" кітабы жазылу мерзімдері жағынан ғана емес, ойлары жағынан
да ортақ. Олар сипаттаған принциптерге бүгінгі саяси және экономикалық
жүйелер негізделген.
Меншіктің пайда болу табиғатына қомақты үлесті классикалық экономикалық
ғылым өкілдері: Уильям Петти, Давид Рикардо және Адам Смит қосты. Олар
алғашқы рет қоғамның тапқа - жалдамалы жұмысшы, капиталист және жер
иеленуші - болып жіктелуін негіздеді. Уильям Петтидің: еңбек — байлықтың
атасы, жер — оның анасы деген қанатты сөздері кезінде дұрыс айтылған.
"Меншік" ұғымы әрбір экономикалық жүйенің фундаменті болып табылады. Ол
тарихи түрде адаммен, қоғаммен бірге пайда болады. Алғашқыда осы ұғым
жермен байланыстырылды. Сондықтан да меншік адамның дайын өнімдерге емес,
жерге деген, яғни табиғи және өндіріс жағдайларына қатынасын байқатады.
Мұнда адам өндіруші ретінде және өндіріс құрал-жабдығын иеленуші ретінде
көрсетеді (жер - қоғамдық өндірістің басты кұралы). Материалдық игіліктерді
өндіру нәтижесі арқасында адамда өндіріс нәтижесін иеленуіне мүмкіндігі
ашылады. Материалдық игіліктерді адамдар бірлесе жүзеге асырғандықтан,
өндіріс нөтижесін иелену қоғамдық экономикалық қатынастар шеңберінде
адамдар арасында жүзеге асады.
Француз экономисі Пьер Жозеф Прудон (1809-1865 жж.) меншікке көзқарасын
өзінің "Кедейліктің философиясы" еңбегінде баяндаған. Онда ол ұсақ
буржуазиялық пен жеке меншікті дәріптеген, ал капиталистік меншікті
сынаған. "Меншікті — бұл ұрлық" деген сөзді Прудон айтқан. Меншіктің
мұндай сипаттамасы кең тарай қоймады және ғылыми сынға ұшырады.
К.Маркстың тұжырымдауы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде
адамдардың еркі мен санасына тәуелсіз өмір сүреді. Меншік — бұл өндіріс
құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу,
айырбастау мен тұтыну процесі. Маркстік теорияға сәйкес — құралдар, заттар
және т.б. меншіктің заттық мазмұнын құрайды. Алайда "меншік" ұғымы тек қана
заттық мазмұнымен немесе адамның затқа қатынасымен шектеліп қана коймайды.
Адам басқа адамдармен өзара тығыз байланыста өмір сүреді, еңбек өнімін
өндіреді және тұтынады. Ешкімге жатпайтын нәрсені - қоғамнан тыс, басқа
адамдармен байланыссыз иемдену мүмкін емес. Айталық, тіл бір ғана адамның
өнімі болып табылады. Себебі, ондай жағдайда адам ешкіммен сөйлесе
алмайды. Меншікте дәл солай: ешкіммен қатынаспайтын адамның меншігі -
экономикалық категория ретінде мазмұнын жояды. Меншік табиғи емес, ол
заттардың қоғамдық қасиеті.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық
мектебінің өкілдері американ экономистері - Рональд Коуз (1910 ж.) және
Армен Алчиан (19І4ж.) қосты. Бұл теория кейінірек Й .Барцель, Г. Демесц, Д.
Нарт, Р. Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты. Осы
ғалымдардың тұжырымдамасына сәйкес, ресурс өзінен өзі меншік бола алмайды,
тек ресурстарды қолдану арқылы тұтас кешенді құқық - міне осы меншіктің
мазмұнын құрайды.
Меншіктің экономикалық мазмұны мынадай түсініктер арқылы сипатталады:
а) екі жүп категорияларының өзара байланысы: (меншіктеу) иемдеу-
жатсыну;
ә) жекелену-қоғамдану сияқты жүп категориялардың өзара байланысы;
б) өндірістің жеке және заттық факторларын біріктіру тәсілі;
в) табыстарды үлестіру тәсілі;
г) субъектілік-объектілік талдау.
1. Ең алдымен, меншіктің экономикалық мазмұнын екі түсініктің
сараптамасы негізінде алуға болады. Бір жағынан, қандай да бір қауымдастың
(индивид, топ, қоғам) өндіріс құралдары мен қызмет нәтижелөрін иемденуінің
механизмі мен нысаны, ал екінші жағынан, олардың басқа шаруашылық
бірліктерден және тұтас қоғамнан шеттетудің сәйкес формалары.
Иемдену деген қандай да бір қатынастар субъектісін осы қатынастардың
тұтас қоғам өміріндегі атқаратын қызметтеріне сәйкес, субъектінің өзінің
өмір сүруіне айналдыруы дегенді білдіреді. Ал шеттету - қандай да бір
объектіні субьектінің өзіндік қызметіне айналдырудың мүмкін еместігін
білдіреді.
2. Оқшауландыру деген әрбір тауар өндіруші белгілі бір тауарды
өндіруге мамандануын білдіреді. Еңбек бөлінісі неғүрлым терең болса,
оқшауланған тауар өндірушілер арасындағы өзара тәуелділік те соғүрлым
күшті. Жеке оқшауланған тауар өндірушілердің айырбастауы арқылы жузеге
асырылады.
Қовамдастыру деген еңбектің қоғамдық сипатының дамуын білдіреді.
Бір жағынан, қоғамдық еңбек бөлінісі және өндіріс құралдарына жеке
меншіктің салдарынан кәсіпорындар жеке тауар өндірушілер ретінде
оқшауланған. Екінші жағынан, еңбектің қоғамдық сипатына байланысты, олардың
бәрі біртұтас қоғамдық ұдайы өндіріс процесіне тартылған. Оқшауланған тауар
өндірушілер арасындағы экономикалық байланыстардың формасы - ақша айналымы
арқылы жүретін тауар айырбасы болып табылады.
3. Меншік қатынастарының ауқымды негізін өндіріс факторларын
біріктіру тәсілі құрайды.

2. Нарықтық жүйенің мәні және принциптері

Рынок — тауарларды сатып алу-сату формасындағы өнім өндірушілер мен
тұтынушылар арасындағы жанама, тікелей екі-жақты байланыс; тауар-ақша
қатынастарын іске асыру саласы, сонымен бірге құралдардың, әдістердің,
жабдықтардың, ұйымдық-құқықтық нормалардың, құрылымдардың және т.б. сондай
қатынастардың орнығуларын қамтамасыз ететін барша жиынтық. Рынок — ол сатып
алу-сату қатынастарының бірден-бір жүйесі, оның құрылымдық элементтері
болып: тауарлардың, капиталдардың, жұмысшы күшінің, құнды қағаздардың,
идеялардың, ақпараттардың және т.б. рыноктары саналады. Рынок — нарықтық
экономиканың негізі.
Рынок — ол жеке тауарлар мен қызметтерді көрсетіп, сатып алушылар
(сұраным ұсынушылар) мен сатушыларды (дайындап жеткізушілерді) ұштастыратын
құрал немесе тетік. Кейбір рыноктар жергілікті ауқымда, ал кейбіреулері
халықаралық немесе ұлттық сипатта болады. Олардың кейбіреулерінде сұраным
ұсынушылар мен дайындап берушілер арасында тікелей байланыс болады. Ал
кейбіреулерінде сатушы мен сатып алушы өзара тікелей байланыста болмайды,
олар бірін-бірі ешуақта көрмейді және білмейді.
Нарықтық экономика баға мен рыноктар жүйесі арқылы жұмыс істейтін
күрделі механизм секілді.
Нарықтық экономикада өнімдер тұтынушылар арасында рынок бағаға сәйкес
төлей аларлықтай қабілеттері мен тілектері негізінде бөлінеді. Рыноктың
басты ерекшеліктерінің бірі — оның аяқасты немесе күтпеген жағдайда үйлесім
табуы болып саналады. Бұл нарықтық жүйені өзін өзі реттейтін және тез
дамыйтын етеді.
Нарықтық жүйе, негізінен, 5 принципке негізделеді: аяқасты реттілік,
экономикалық еркіндік, бәсеке, жеке меншік, еркін бағаның құрылуы.
1. Аяқасты реттілікке кіретін элементтер:
а) өзін-өзі реттеу;
б) икемділік, өзгере беретін жағдайға қарай бейімділік;
в) рынок субъектілері арасындағы көптеген байланыстар.
Рыноктік жүйеде кәсіпорындар таза пайда алу және шығынды болдырмау
ойларын басшылыққа ұстайды, сондықтан олар сатылулары тек қана таза пайда
әкелетін тауарларды ғана өндіріп, шығын әкелетін тауарлардан бас тартады.
Кәсіпорындар өзі өндіретін өнімдер жөніндегі таңдауларын тұтынушылардың
таңдауларымен сәйкестендіріп отырады. Тұтынушылар өздеріне керекті, өрі
өздері сатып алуға шамалары келетіндей тауарларға ақшаларын шығарады.
Кәсіпорын өз тауарлары таза табыс әкеліп, тұтынушылар сұранысы тоқтағанға
дейін тауарларын шығара береді. Сонымен қатар нарықтық жүйе шығынды
кәсіпорынды шектеулі ресурстардан айырады. Бұл процесс ресурстармен
қамтамасыз етушілерге де қатысты. Ресурстар өнімдеріне сұраныс бар салалар
мен кәсіпорындарға жеткізіледі.
2. Рыноктың тууының алғышарты — жеке тәуелділік түрлерін түгелдей жою
және адамдардың экономикалық бостандыққа ие болуы дейміз. Адам Смиттің
айтуынша, оның "экономикалық адамы" өзінің жеке эгоистік мүддесін жүзеге
асыруға мүмкіндігі бар. Еркін кәсіпкерлік институты өңдірушілердің
творчестволық пысықтығын және тәуекел үшін толық жауаптылықтың болуын
көздейді. Нарықтық жүйеде тәуекел мен табыс проблемалары - кәсіпорын
қызметінің ең басты тұжырымдамаларының бірі.
Тәуекел - ол қауіп, шығын немесе зиян мүмкіндігі. "Тәуекел" деп
кәсіпорындардың өз ресурстарының бір бөлігін жоғалтулары мен табысты ала
алмаулары немесе белгілі өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру
нәтижесінде қосымша шығындар болулары деп қабылдануда.
Қазіргі замандағы нарықтық жүйе тәуекелсіз мүмкін емес. Тәуекелдің
мынадай түрлері болады:
1. фирманың тапсырыс берушімен жасалған келісім немесе келісім-шарт
жөніндегі өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкін екендігіне байланысты
өндірістік тәуекел.
2. алған қарызын фирма қызметін қаржыландыру үшін жұмсап қою
нәтижесінде инвестор алдындағы өзінің қаржылық міндеттемелерін фирманың
орындамауы мүмкін екендігіне байланысты қаржылық (несиелік) тәуекел.
3. өзінің құнды қағаздарынан, сондай-ақ сатып алған құнды қағаздардан
тұратын инвестициялық-қаржылық портфельдің құнсыздануының мүмкін
екендігіне байланысты инвестициялық тәуекел.
4. өз ұлттық ақшасының, сондай-ақ шет елдік валюта бағамының нарықтық
пайыздық ставкаларының ауытқуы мүмкін екендігіне байланысты нарықтық
тәуекел.
Кез келген нарықтық өнім тұтынушылар арасында олардың тілектері және
оның нарықтық бағасын төлеуге қабілеттілігі негізінде тұтынушының таңдау
еркіндігі принципі бойынша бөлінеді. Өзімшілдік мүдде өршіп тұрған кезде
экономика қалай өмір сүреді деген сұраққа А.Смит "көрінбес қол" деген
белгілі ережесін жасап, жауап береді. "Әрбір жеке адам өз капиталдарын
жұмсағанда, шығаратын өнімдерінің аса құнды болуларына тырысады. Әдетте ол
қоғамдық хал-ахуалға ықпал жасауға тырыспайды, өз мүддесін ғана ойлайды...
Алайда осы ойының үстінде көптеген басқа да жағдайлардағыдай, көрінбейтін
қолымен өз ойында жоқ мақсатқа қарай жылжый береді. Өзінің жеке басының
мүддесі үшін жанталасып, ондай әрекетті дұрыс деп ойлайды. Өйткені оны ол
қоғам мүддесіне қызмет ететін ең жақсы тәсіл деп ұғады".
Нарықтық жүйе бағаның бағдарлы функциясы арқылы кәсіпорындар және
ресурстар мен қамтамасыз етушілер тарапынан тиісті реакция тудырып,
тұтынушылар ықыласындағы өзгерістерді жеткізіп тұруға қабілетті.
3. Бәсекелі нарықтық жүйе техникалық прогресс үшін де ынталылық
тудырады. Өндіріс шығынын азайтатын технологияның алғашқы қолданысы
акционерлік фирмалар үшін қосымша таза табыс табудың көзі болып табылады.
Оның үстіне бәсекелік нарықтық жүйе жаңа технологияның тез таралуына ықпал
етерліктей жағдай тудырады. Бәсекелестер ең прогрессивті фирманың үлгісіне
тусулері керек, әйтпесе олар шығынға батады немесе банкротқа ұшырайды.
Нарықтық экономикада өндіріс пен тұтынуды қадағалайтын әкімшілік
бақылау жоқ. Нарықтық жүйеде бәсекелестік тетік бақылау функциясын
атқарады. Нарықтық экономика жеке және қоғамдық мүдделердің теңдігін
жасайды. Бәсекелік нарықтық ортаның бас пайдасын ұлғайтуды көздеген
кәсіпорындар мен ресурстарды жеткізушілер, бір мезетте, әлдебір
көрінбейтін қолмен бағытталынып, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді
қамтамасыз етуге ықпал тудырады.
Бәсекелестік тауар өндіріп, қызмет көрсету кезінде фирмаларды ең тиімді
технологиялық процеске өтуге итермелейді. Бәсекелестік рынокта фирманың ең
тиімді технологияны пайдалану жөнінен артта қалуы оның рыноктан шығуына
әкеп соғады. Яғни, бәсекелестік жаңа технологияны пайдалану жөнінен
кәсіпорындарды қамшылап жібереді. Мұның сыртында нарықтық жүйе шектеулі
ресурстарды тиімді бөлуге көмектеседі. Бұл дегеніміз, нарықтық экономикада
бәсеке тетігінің арқасында ресурстар қоғам аса мұқтаж болып отырған
тауарлар мен қызметтерді өндіруге бағытталынады. Бөлу тиімділігін болжалдау
экономистердің көпшілігін мынадай ойға жетелейді: еркін рыноктың жұмыс
істеуіне мемлекеттің араласуы кейбір жағдайларда ғана қажет болмаса, ұдайы
араласуының керегі жоқ.
Бәсекелік нарықтық ортаны құру ресурстарды тиімді бөлу мен еркіндікке
жеткізеді.
4. Нарықтық жүйе жағдайында материалдық ресурстар үкіметтікі емес, жеке
адамдар мен жеке институттардың меншігін құрайды.

1.3 Нарықтық тепе-теңдік және меншіктің өзара байланысы

Жеке меншік, еркіндікпен қатар, әріптестерді заңды келісім-шарт жасауға
міндеттейді, жеке адамдарға немесе кәсіпорындарға өз қалауларынша
материалдық ресурстарды иемденуге, бақылауға, қолдануға және іске жаратуға
мүмкіндік береді.
Жеке меншік құқығымен құдіреттенген иегерлер экономикалық ресурстарды
толық пайдаланады. Өйткені - алу үшін тұтынушы қажет еткен нәрселерді өзіне
лайықты бағаларымен өндіру де керек. Жеке меншіктің артықшылығы және оның
ынталандыру рөлі Адам Смиттің "Табиғат және халықтар байлығының себептері
туралы зерттеу" деген классикалық еңбегінде тұңғыш рет егжей-тегжейлі
сипатталынған болатын.
Нарықтық экономикалық жүйе жеке меншікке негізделген. Алайда
экономикалық теорияда "меншік құқығы" деген ұғымға сүйенген меншік құқығы
деген тұжырымдама пайда болды. Соған сәйкес меншік болып ресурс емес, 11
элемент: иемдену құқығы, пайдалану, басқару, табысқа құқықтылық және т.б.
"бір буда құқық" меншік болып саналады.
Нарықтық жүйе үшін маңызды ұғым - ғылыми айналымға Рональд Коуз
өндірген трансакциялық шығын болып табылады. Ол былай деп жазады: "Нарықтық
трансакцияны жүзеге асыру үшін кімменен келісім жасауды және қандай шарттар
қоюды анықтап, олардың орындалатындығына көз жеткізу үшін алдын-ала
сөйлесіп, келісім-шартты дайындап, мәліметтер жиыстырын көру керек".
Трансакциялық шығын меншік құқығын біреуге беруге байланысты айырбастау
сфсрасындағы шығынды айқындайды.
Бәсекелі нарықтық экономика өз ресурстарын бөлуге немесе пайдаланудың
тиімділігін жоғары деңгейде өткеруге ықпал етеді деп санайды. Міне,
сондықтан да мұндай экономиканың орнығуына үкіметтің араласуы ешқандай
қажет емес. Үкіметтің рөлі жеке таңдау шешімін жүзеге асыру және жеке
меншікті пайдалану үшін заңды шектеуді белгілеу кезінде керек.
Еркін бағаның кұрылуы. Еркін бағаның құрылуы бәсекелестік ортада туады.
Онда көптеген сатушылар мен сатып алушылар, тауарларды бөлшектемеушілік,
рынок субъектілерінің толық мағлұмдарлығы болады деп күтіледі. Бағаның
анықтайтындығы: біз нені қалаймыз, және нені сатып ала аламыз, оқуды
жалғастырамыз ба, әлде мектептен соң бірден жұмыс істеуге кірісеміз бе, қай
жерде және қашан фабрика, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономика пәнінен дәрістер
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Нарықтық жүйенің сипаттамасы мен дамуы
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Қазақстан Республикасының экономикалық потенциалы
Шағын және орта бизнестің дамуы
ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСТАРЫ МЕН ОНЫҢ ОБЪЕКТІСІ
Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеу туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының экономикасына дағдарыстың әсерін талдау
Пәндер