Коллизиялық норманың құрылымы және түрлері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Коллизиялық норманың түсінігі және маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2 Коллизиялық норманың құрылымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
КІРІСПЕ
Коллизиялық норманы талқылаудан бұрын ең алдымен халықаралық жеке құқықтың түсінігіне тоқталайық. Халықаралық жеке құқық – бұл шетел элементімен күрделілендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған (бірегейлендірілген) жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әртүрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық - құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатынын анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, халықаралық жеке құқық – құқық салаларының ішінде ерекше саланың бірі болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.
Коллизиялық мәселе – бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі.
Осыған орай, коллизиялық норманың мақсаты – бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір құқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ, коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық. Алматы: 2006 ж. - 168 бет.
2. Ильясова Г.А. Халықаралық жеке құқық. Қарағанды: 2010 ж. - 145 бет.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Коллизиялық норманың түсінігі және маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..4
2 Коллизиялық норманың құрылымы және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..12

КІРІСПЕ
Коллизиялық норманы талқылаудан бұрын ең алдымен халықаралық жеке құқықтың түсінігіне тоқталайық. Халықаралық жеке құқық - бұл шетел элементімен күрделілендірілген, жеке құқықтық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің унификацияланған (бірегейлендірілген) жеке құқықтық және коллизиялық құқықтық нормаларының жүйесі болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың мақсаты - әртүрлі елдердің фирмалары мен ұйымдарының арасындағы іскерлік байланыстарды құқықтық реттеу болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың реттеу пәні халықаралық өмірде пайда болатын азаматтық - құқықтық сипаттағы түрлі қатынастар болып табылады.
Халықаралық жеке құқықтың ерекшелігі осы мемлекеттердің арасындағы айырмашылықты сақтай отырып, коллизиялық деп аталатын нормалардың көмегімен қай мемлекеттің құқығы тиісті жағдайларда қолданылатынын анықтауға бағытталған.
Сонымен қатар, халықаралық жеке құқық - құқық салаларының ішінде ерекше саланың бірі болып табылады, өйткені ол бірнеше мемлекеттердің заңнамаларына сүйене отырып, пайда болған коллизиялық мәселені шешеді.
Коллизиялық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Азаматтық қарым-қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі.
Осыған орай, коллизиялық норманың мақсаты - бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір құқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ, коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды.

1 Коллизиялық норманың түсінігі және маңызы
Халықаралық жеке құқықты реттейтін шетел элементі бар қарым - қатынастарда кейбір кездерде коллизиялық мәселелер туындайды. Бұл мәселеде кақтығыстағы екі заңның қайсысын қолдану керек екені туралы сұрақты шешу керек. Коллизия - лық мәселе - бұл белгілі бір құқықтық қатынастағы қай елдің заңын қолдану керек екені туралы мәселе. Бұл мәселе Халықаралық жеке құқыққа тән ерекшелік болып табылады. Халықаралық жеке құқықта коллизиялық мәселе және оны шешу осы құқық саласының негізгі мазмұнын құрайды. Халықаралық жеке құқықтың өзіне тән реттеу тәсілдері мен әдістері бар. Азамат - тық қарым - қатынастарға қатысушылар арасында коллизиялық мәселелер туындайды. Мұндай проблемалардың мазмұнында қандай құқық қолдану керек екені туралы мәселе шешіледі, яғни қай мемлекеттің заңын қолдану керектігі мәселесі шешіледі.
Бұл мәселелер белгілі бір коллизиялық ережелер қолдану арқылы шешілуі мүмкін. Коллизия (латын сөзінен collisio) - ол қақтығыс немесе қайшылык деген мағынаны білдіреді. Заңдардың коллизиясы деп айткаңда, әр түрлі мемлекеттер арасындағы құқықты тандау қажеттігін айтады. Құқық коллизиясының екі себебі бар:
- жеке құқықтық қатынаста шетел элементінің болуы;
- қатынасқа байланысты әр түрлі мемлекет құқығының мазмұндарының ерекшілігі.
Коллизиялық ереже белгілі бір мемлекетте немесе белгілі жағдайда қай мемлекеттің құқығын қолдану керектігін көрсетеді. Коллизиялық ереженің қажеттілігі, біріншіден мына мәселеге байланысты: мемлекеттердің құқықтық жүйелері бір - біріне ұқсамауы. Бірақ тәжірибе жүзінде қолданылатын құқық мәселесі құқық қолданушыда белгілі бір қиындықтар туғызады, себебі тек қана қандай коллизиялық ереже қолдануды, қай мем - лекет құқығына сілтеме жасауды, сонымен катар, шетел құқығы таңдалған жағдайда, істі шетел мемлекетінің заңдарына сәйкес иеленіп алу қажет.
Коллизиялық ереженің максаты - бәсекелестіктегі екі не одан да көп құқықтық жүйе арасындағы коллизияны шешу және шетел элементі бар қатынастарды белгілі бір құқық тәртібіне бағындыру болып табылады. Бірақ, коллизиялық ереже мәселені мәні бойынша өзі шеше алмайды, ол тек тиісті міндетті қарастыратын материалдық ережеге сілтеме жасайды. Осы тәртіп негізіңде мәселе шешіледі. Осыдан коллизиялық ереженің заң әдебиеттерінде даулы, сілтемелік деген анықтамалармен неге қолданылуын байқауға болады.
Сілтеме жасалған материалдық құқықтық ережемен бірге коллизиялық ереже азаматтық айналым қатысушыларына жүріс - тұрыс ережесін анықтайды. Халықаралық жеке құқық кұрамыңда коллизиялық және материалдық құқықтық ереженің қосылуы, сипаты бойынша біртекті қарым - қатынастарды екі түрлі әдіспен реттеу қажеттілігі негізделеді. Халықаралық келісімдердегі материалдық құқықтық ережемен бірге халықаралық жеке құқық ішіне ішкі заңнамадағы материалдық құқықтық ережелер кіреді. Олар шетел элементі бар азаматтық қатынастарды реттеу үшін арнайы белгіленген. Бұл нормаларға жататындар: сыртқы экономикалық қызметті реттейтін ере - же, инвестициялар режиміне қатысты ережелер, Қазакстан азаматтарының шетелдегі мәртебесін анықтайтын ережелер, Қазақстан Республикасында азаматтық, неке және еңбек пен іс жүргізу құқығы аясында шетел азаматтары мен ұйымдардың құқықтық жағдайын анықтайтын ережелер.
Коллизиялық ережеге занды - техникалық тұрғыдан назар аударсақ - бұл халықаралық жеке құқықтағы қолданылатын ең қиын ережелер деп айтуға болады. Бұл мәселе коллизиялық ереженің мазмұнын анықтаудағы белгілі бір ережелерді қарастыруды талап етеді. Бұл ережелер коллизиялық нормаларды тәжірибеде қолдану мәселесін шешуіне көмек көрсетеді.

2 Коллизиялық норманың құрылымы және түрлері
Коллизиялық ереже халықаралық жеке құкықта қолданылатын күрделі ереже болып табылады. Оның жағдайын түсіну үшін, бірқатар өзіне тән ерекшеліктері бар коллизиялық ереженің құрылымын қарастыру қажет. Коллизиялық ереженің ерекше табиғаты олардың құрылымының және оны қолданудың ерекшеліктерін алдын ала айкындайды.
Әрбір коллизиялық ереже баска жай құқық ережелерге қара - ғанда екі бөлімнен тұрады. Коллизиялық ереженің екі элементтен құрылуы екі бөліктен құрылатын гипотеза және диспози - ция немесе гипотеза және санкция жалпы ереженің құрылымына сәйкес келеді. Құқық теориясында әдеттегі үш элементтік құрылым (гипотеза, диспозиция, санкция) тек әрекет ететін құқықты логикалык тұрғыдан талдау арқылы құрылатын логикалық ережені сипаттайды. Ал нормативтік актінің мәтінінде көрініс тапқан, шын мәнінде, нақты құқықтық ереженің екі элементтік құрылымы болады (гипотеза, санкция).
Сонымен, коллизиялық ереженің құрылымын қарастырайық. Оның бірінші бөлігі коллизиялық ереженің көлемі бо - лып табылады, ол коллизиялық ереженің кандай құқық қатынасында қолданылатыны туралы аныктайды. Мысалы: меншік құқығы, отбасы құқығы.
Коллизиялық ереженің екінші бөлігі коллизиялық байлам (қағидат, бекіту формуласы) деп аталады. Байлам - бұл тиісті қарым - қатынаста қолданылатын занға не құқықтық жүйеге нұсқау, яғни қай елдің заңын қолдану қажеттілігін керсетеді.
Коллизиялық ережелерде кездесетін байламдардың келесі түрлері бар:
Lex loci contractus - бұл коллизиялық байлам шарт қай елде бекітілгенін анықтау керек кезде пайда болады. Бұл байлам бо - йынша, шартқа қай мемлекетте қол қойылса, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сыртқы экономикалық мәміле бойынша шартқа қол қойған жақтардың құқықтары мен міндеттері қол қойылған жердің заңнамасымен анықталады. Бірақ заң бойынша жақтарға заңды таңдау еркіндігі берілген.
Lex societatis -- бұл занды тұлғаның ұлтына байланысты бай - лам. Бұл байлам, егер занды тұлға бір елде тіркелген болып, екінші мемлекетте жұмыс істеп, ал оның бас органы үшінші мемлекетте қызмет жасаса, сонда оның ұлтын анықтау қажет. Сонымен, занды тұлғаның ұлтын анықтау үшін осы төрт ілімге, кағидатка сүйенеміз:
1) инкорпорация немесе тіркеу қағидаты - заңды тұлға қай мемлекетте тіркелсе, онда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
2) отырыкшылық қағидаты - занды тұлғаның бас органы қай мемлекетте орналасса, оңда сол мемлекеттің заңы қолданылады;
3) қызмет ету қағидаты -- занды тұлға қай мемлекетте нақты жұмыс істесе, сол мемлекеттің заңы қолданылады;
4) бақылау теориясы -- бір мемлекетте орналасқан кәсіпорынның құрылтайшысы қай мемлекеттің тұлғасы болса, сол мемлекеттің заңын негіз ретінде алады.
Lex voluntatis -- бұл байлам бойынша шарт жақтары, өз еріктері бойынша бір мемлекеттің заңнамасын тандауға құқылы. Тараптар қай мемлекетің заңын немесе қай конвенцияны қолданатын шартқа нақты көрсету керек.
Lex venditoris -- бұл байлам бойынша сатушы тұратын мемлекеттің заңын қолдануды қарастырады. Бұл байлам сыртқы экономикалық мәмілелеріне тән.
Lex rei sitae -- бұл коллизиялық қағидат меншік құқығы саласында қолданылады. Бұл ереже бір мемлекетте, белгілі бір затқа меншік құқығын анықтауда көмек көрсетеді, Қазақстанның заңнамасында мүлік қай мемлекетте орналасса, сол мемлекеттің заңнамасымен меншік құқығы анықталады. Бірак егер мүлік мұра ретіңде қарастырылса, онда мұрагердің соңғы тұрғылықты жерінің заңнамасымен реттеледі.
Lex loci delictii commissii - бұл коллизиялық байлам құқык бұзушылық жасалған жердің заңнамасына байланысты. Яғни, сот қай мемлекетте зиян келтірілген болса, оңда сол мемлекеттің заңнамасымен істі қарастырады.
Lex fori -- сот заңы, яғни дау қай мемлекетте қарастырылса, онда сол мемлекеттің заңы колданылады. Бұл қағидатқа сәйкес сот қатынастағы шетел элементіне қарамастан, өз елінің заңнамасын қолданады.
Lex personalis -- жеке тұлғаға байланысты ереже. Оның өзі екі түрде қарастырылады:
1) Lex patriae - азаматтыққа байланысты заң;
2) Lex domicilii - тұлғаның тұрақты тұру жеріне байланыс - ты заң.
Lex loci selebrationis -- бұл байлам отбасы құқығында қолданылады, яғни қай мемлекетте неке қиылды сол мемлекеттің заңы қолданылады.
Жоғарыда аталған байлам формулалары сәйкес қарым - қатынастардың қолдануға жататын мемлекет құқығымен занды немесе фактілі түрде байланысын ескереді. Тәжірибеде шетел элементімен шиеленіскен қарым - қатынасты ұлттық құқық ережелеріне бағындыру ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коллизиялық ереже
Шетел құқығы нормаларының мазмұнын анықтау
АҚШ заңнамасында колданылатын құқықтың орын алуы
Коллизиялық норманың құрылысы
Халықаралық жеке құқық пәнінен дәрістер жинағы
Халықаралық жеке құқықтың әдістері
Халықаралық жеке құқық пәнінен лекция жинағы
Шетелдік элементтермен отбасылық қарым-қатынас түсінігі
Коллизиялық норма - мұндай айналып өту құралы ғана
Сыртқы экономикалық келісімдер
Пәндер