Батырлар жырын оқыту



МАЗМҰНЫ:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

I. Негізгі бөлім.

1.1 «Қобыланды батыр» жырын дәстүрлі және дәстүрлі емес
оқыту ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5.14

1.2 Дәстүрлі емес оқыту формасының тиімділігі ... ... ... ... .15.16

II. Тәжірибелік бөлім.
2.1 «Ел намысы . ер намысы» тақырыбында дәстүрлі сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.18
2.2 «Ел намысы . ер намысы» тақырыбында дәстүрлі емес сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
2.3 Тест сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20.21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
КІРІСПЕ
Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ұрпақтан–ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы — батырлар жыры( Қосымша1). Бұл жырларды жыршы–жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты — халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр”, "Қобыланды батыр”, "Ер Тарғын”, "Қамбар батыр” сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар — В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030” жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.
Жалпы, әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты - әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың «Көркем тарихы» , «Өмір оқулығы» дәрежесінде оқып – үйрету.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
1. Әрінова Б. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
2. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы “Рауан”, 1997 131-бет
3. Жұмабаева З. “Әдебиетті инновация мәнде оқыту” Ұлт тағлымы 2003, №2 250-бет
4. Икапова Д. “Оқушыларға батырлар жырын оқыту” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №7 122-бет
5. Имжарова З. “Пікірсайысы – жаңашылдық қайнары” Қазақстан мектебі 2003, №6 54-бет
6. Көшекова А. “Батырлар жырының зерттелуі” Қазақ тілі мен әдебиеті 2004, №6 73-бет
7. Мырзабекова К. “Алпамыс батыр жырының сюжеті мен композициясы” Қазақ тілі мен әдебиеті , 2003, №12 35-бет
8. Сағындықова Қ. “Білім сабақ санасынан” Қазақстан мектебі , 2004 №7 30-бет
9. Серікбаев Т. “Дәстүрлі емес сабақтар туралы бірер сөз” Қазақстан мектебі , 2002 №11-12 62-бет
10. Тәжібаева С. “Дәстүрлі емес сабақтар” Қазақстан мектебі , 2003 №2 27-бет
11. Тілешова С. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.
12. Үрістенбекова Г. “Пікірталас дамыту және тәрбиелеу құралы” Қазақстан мектебі 2003 №5 39-бет
13. Ісләмжанұлы І. Оқулық, 6-сынып қазақ әдебиеті. Алматы «Атамұра», 2011 жыл, 304-бет.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Ауыз әдебиетінің баяғы заманнан ескірмей ұрпақтан - ұрпаққа ауысып отырған күрделі де мол бір саласы -- батырлар жыры( Қосымша1). Бұл жырларды жыршы - жыраулар ғасырлар бойы қобызға немесе домбыраға қосып, белгілі бір әнмен айтып, ауыздан-ауызға таратып келген. Қазақ батырлар жырындағы басты қаһарман елін сүйген батыр, ал оның басты мақсат-мұраты -- халқын, Отанын басқыншы жаудан қорғау. Батырлар жырының көпшілігінде халықтың түбегейлі мұң-мүдесі көкселеді. Батырдың халыққа қамқоршы болу арманы, сол жолдағы іс-әрекеті жырлануы арқылы оның өз-үй ішіне, өз руына деген сүйіспеншілігі, де айқындалады. Батырлар жырларынан ерте замандағы баласы жоқ қарттың, бастаушысы жоқ елдің басқадан жәбір-жапа көретіні де танылады. Басқыншылардан қорғайтын батыр жайлы жырлар ел қиялында осындай зарығу, торығу тұсында туады. Мұндай батырды халық қартайған ата-ананың амандығы үшін қажет деп біліп, оның көршілес рулармен де күш біріктіруін көздейді. "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" сықылды қазақ батырлар жырларында қалмақ, моңғол басқыншыларының шабуылы баяндалып, қазақ батырларының сол күрестегі ерлігі жырланады. Олардың отаншылдығы мен адалдығы, уәдеге беріктігі зұлымдық пен қиянатқа қарсы қойылады.
Қазақ батырлар жыры жайында алғаш пікір айтып, зерттеу жүргізген ғалымдар -- В.В.Радлов, И.Е.Березин, Г.Н.Потанин, Ш.Ш.Уәлиханов, Н.И.Ильминский, А.Е.Алекторов, Ә.А.Диваев. Олардың әрқайсысы әр кезеңде болса да, қазақ ауыз әдебиетінің соның ішінде батырлар жырының молдығын, өзіндік ерекшелігін атап көрсетті, көркемдік және мазмұндығы сапаларына шолу жасады. Сонымен бірге олар ел ауызынан эпос үйгілерін жинап хатқа түсіруде, жыр нұсқаларын бір-бірімен салыстырып баспаға даярлауда, орысшаға аудартып, түсініктер жазуда көп еңбек етті. Қазақ эпостарының халықтық үлкен мәдени мұра екені хақында айтқан Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, бертініректе Сұлтанмахмұт Торайғыров пікірлерінің ғылыми бағасы зор.
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың маңызды мәселелердің бірі- олардың ізеттілігін , тапқырлығын, ептілігін, байқағыштық қасиеттерін қалыптастыру қажет екені Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" жолдауында жан-жақты қарастырылған. Сонымен қатар, қазақ халқының өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде оқушыларды қалыптастырып, шығармашылық және рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді.
Жалпы, әдебиетті оқыту әдістемесі пәнінің мақсаты - әдебиетті адамзаттың ғасырлар бойы жасалған мұрасы сөз өнері әрі ғылым ретіндегі ерекшелігіне сүйене отырып, оны халқымыздың Көркем тарихы , Өмір оқулығы дәрежесінде оқып - үйрету.
Қазақстан Республикасының барлық мектептерінде қазақ әдебиеті пәні бойынша батырлар жырын оқытудың маңызы зор. 6-9 сыныптарында батырлар жырын оқытудың маңызы - оның өзіне тән ерекшеліктерін, негізгі қағидаларын, жалпы ондағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататынын айқындап көрсету.
Батырлар жыры өздерінің тақырыптары жағынан сан алуан болды. Айталық олар батырлар туралы, салт-дәстүрлерді, достық пен махаббатты жырлады. Мысалы: батырлар жырына "Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр", "Ер Тарғын", "Қамбар батыр" эпостарын жатқызуға болады.
( Қосымша 2,3,4)
Қазақ халқының сүйіп тыңдайтын жырлары - "Қобыланды батыр" . Деректерге қарағанда, бұл жыр он жетінші ғасырдың аяғынан айтылып келе жатыр делінген. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысында "Қобыланды батыр" жырын эпик ақын Марабай Көлбаев жырлаған. Бұл жырды ең алғаш рет Ыбырай Алтынсарин Марабай ақыннан жазып алып, 1879 жылы бастырған. 1914 жылы Қазанда Тұяқбай нұсқасы, 1922 жылы Ташкентте Ә.Диваев жинаған нұсқалар жарық көрген.
"Қобыланды батыр" жыры - эпикалық поэма. Оның 10000-нан астам сөзі Қобыландының ғажайып тууы, ата-анасы, балалық шағы, қаһармандықпен үйленуі, оның Қазанмен, Алшағарымен, Көбіктімен т.б сыртқы дұшпандармен соғыстары, Қарлығамен арадағы қарым-қатынасы, ерлігі, жауға шапқан жорығы суреттеледі.
Сөйтіп, батырлар жырын оқыта отырып, оқушыларды батылдыққа, ерік-жігерге тәрбиелеп, олардың патриоттық сезімдерін оятуға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: батырлар жырын оқытудың тиімді әдістерін дәстүрлі және дәстүрлі емес жолмен оқыту арқылы салыстыру, оқушыларға батырлар жырын қызықты, әсерлі етіп оқыту жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
Оқушыларға батырлар жырын оқытудың маңыздылығын ашу;
Батырлар жырын оқытудың дәстүрлі және дәстүрлі емес түрлерін қарастыру;
Батырлар жырын оқыту кезінде оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін тиімді әдістерді пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеу объектісі: Батырлар жырын оқыту
Гипотеза: Батырлар жырын әр түрлі әдістер арқылы қызықты етіп өткізу - оқушылардың қызығушылықтарын оятып, пәнге деген көзқарастарының оң болуына көмектеседі.

I НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. "ҚОБЫЛАНДЫ БАТЫР" ЖЫРЫН ДӘСТҮРЛІ
ЖӘНЕ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ОҚЫТУ
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде кез келген пәнге байланысты жүргізілетін сабақтар дәстүрлі және дәстүрлі емес түрінде болады. Бұл екі сабақтың өзіне тән ерекшеліктері бар. Екеуінің де маңыздылығы мен тиімділігі сабақтың тақырыптарына сай қолданылады.
Сабақ дегеніміз - оқытуды ұйымдастырудың басты формасы, екіншіден, оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын ұйымдастырудың басты формасы. Кез келген сабақ қоғаммен, оның идеологиясымен, саясатымен, қоғамдық іс-әрекеттің басқа түрлерімен байланысты.
Әрбір сабақтың алдында мынадай мақсаттар тұрады: білімді меңгерту, икемділікті қалыптастыру, шығармашылыққа тәрбиелеу.
Дұрыс қойылған сабақтың мақсаты - мұғалім еңбегінің мәдениеттілігінің көрсеткіші.
Қазіргі таңда педагогика ғылымы дәстүрлі оқу мен дәстүрлі емес жаңаша оқытудың айырмашылығына мынадай анықтама береді: дәстүрлі оқыту үрдісінде мұғалім сынып оқушыларын толық қамти отырып оқытады. Дәстүрлі оқытуда мұғалім мен оқулық маңызды қызмет атқарады, олар оқушыларды білімге жетелейді, соған сәйкес оқушылардың жауаптарында сол мазмұнды есте сақтап және бұрмаламай айтып беруі маңызды болады. Мұғалім білімді дайын күйінде меңгертеді.
Ал жаңаша оқытуда оқушы мұғалімнің түсіндіргендерін ғана меңгеріп қоймай, мұғаліммен тікелей пкіірталасқа көшеді. Оқушы белсенді рөл атқарушы ғана емес , жетекші бағытты ұстайды. Ол әлемді тануға, белгісіздікті анықтауға өзі жауап іздейді, шешімдері де әр оқушыда әр түрлі болады. Тапқан шешімін нақты ақиқат деп қабылдамай, ізденісті әрмен қарай жалғастырады. Мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс қалыптасады, екеуі де бірлік одақта қызмет істейді.
Дәстүрлі оқыту процесінде "проблемалы жағдай", "оқу проблемасы", "мәселенің принциптері" сияқты ұғымдар болған емес. Проблемалық оқытуда оқушы меңгерген теориялық білімдерін блок-блокпен жинақтап отыруға ынталанады. Проблемалық оқыту жүйесінің атқарар функциясы - білімді ғылыми негізде меңгерту. Сөйтіп, іс-әрекетті ғылыми зерттеушілікке бағыттайды. Нәтижесінде, оқушылардың дүниетанымын қалыптастырып, қажетін дидактика әлемінен өздігінен іздейтін іс-әрекетке даярлайды. Оқушыда эмоциялық-еріктілік және уәждік қажетсіну іс-әрекеті ұшталады. Әрине, мұндай оқытуды іске қосудың өзі оқулықта міндетті түрде байланысты болып келеді.
Әдеби нысанында оқушының жанрларға жіктей білуі, егер эпикалық жанр болса, кіші әңгімеден эпопеяға дейінгі басқыштарды ажыратады, олардың жасалу жолдарын айқындауы, бейнелер, кейіпкерлер, қаһармандарды топтастырып, автордың позициясын, құбылыстарды менгеру процестер, суреттер, сұхбат түрлері мен монологтары арқылы түйсінуі, егер поэзия жанры болса, одан элегияға дейінгі басқыштарды жіктеп беруі, лирикалық қаһарманнның позициясы, өлең өрнегіндегі троп пен фигурасының түрлерін талдауы және тағы басқа.
Батырлар жыры - ауыз әдебиетінің маңызды да күрделі жанры. Оның оқытуға қиындығы - ұзақтығы, тілінің бүгінгі балалар үшін сонылығы, поэтикалық ерекшелігінде. Әсіресе, оны оқыту 5-9 сыныптар арасында мұғалімге көп еңбек сіңіруді қажет етеді. Батырлар жырын оқытуда мұғалім басты-басты мына мәселелерге көңіл бөлу керек:

Кіріспе жұмыстар:

"Батырлар жыры" туралы (эпостық жырлар) алғашқы әдеби-теориялық ұғым беру. (оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып)
Батырлар жырындағы халық арманы, оның негізінде халық тарихының жататыны.

Мазмұнын меңгерту бағытындағы жұмыстар:

1.Жырдың сюжеттік-композициялық жоспарын жасап, оны балалардың көз алдына іліп қою. Мысалы, 6-сыныптағы "Қобыланды батыр" жырына мынадый жоспар жасауға болады:

Қобыландының дүниеге келуі
Қобыландының алғашқы күресі
Қобыландының аты - Тайбурыл
Тайбурылдың шабысы
Қобыланды және қазақ хандығы
Қобыландының тұтқынға алынуы
Көбіктінің ащы сөзімен жеңілісі
Алшағыр ханның сарайында
Қобыландының Құртқа сұлуға үйленуі
Қобыланды батырдың ұлы - Бөгенбай( Қосымша 5)

Қорытынды:
Ұзақ жырға, әрі оқиғалары да күрделі жырға осындай жоспар құру балалардың жырдағы басты оқиғаларды тез қабылдауы, аңғаруы, ірә сол бойынша мазмұнын жүйелі түрде тұжырымды етіп айтып беруіне көмек-нұсқау рөлін атқарады.
1.Жырды күйтабақтан тыңдатып (басқа жырды да оқытуға да болады), жырдың оқылу мәнерімен таныстыру.
2.Жырды мәнерлеп оқу. Басты-басты эпизодтарға бөліп оқып, өзінше мазмұндатып отыру. Мазмұндауды сұрақ-жауап әдісімен жүргізу, басты оқиғаларын айтқызу, аннотация жаздыру.
Мына үлгіде жүргізуге болады:
Басты эпизодтар
Сұрақтар
-Қобыландының дүниеге келуі
- Қобыландының алғашқы күресі
- Тайбурылдың шабысы және т.б.

3.Жырды оқып болған соң, мазмұнын толық айтқызу. Ол үшін үйге тапсырма бергенде, жауаптарының тезисін, жоспарын жасатқызу. Мазмұндау жүйелі болу үшін, соған қарап айтқызу. ( Қосымша 6)
Оқушылардың жауабын бір-біріне толықтыртып отыру.
Бір-біріне қоятын сұрақтарын әзірлету.
Ұнаған жерлерін жатқа айтқызу.
Жауаптарында да жырдан үзінді келтіре отырып айтқызу.
Жырға әдеби талдау жасау
а) Жырдың идеясын тақырыбын ашу. Оны мұғалім әңгімесі, сұрақ-жауап арқылы жүзеге асыру. Мынадай сұрақтар қоюға болады:
- Қалай ойлайсыңдар, жырда қандай мәселелер сөз болады?
- Жырдың негізгі ойы қай бейнеден көбірек көрінеді?
ә) Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау
- Қобыландының қандай қасиеттерін ерекше бөле-жара айтар едің?
- Қобыланды бейнесін жасай отырып халық не айтпақшы болған?
- Құртқаға қарап бұрынғы қазақ әйелдері қандай болған деп ойлайсың?
- Қазан, Көбіктілер бойындағы жек көрінішті қасиеттер қайсы?
- Портреттеу, суреттеулерді тауып, оны кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы, орнына тоқтал.
б) Тіл көркемдігі, өлең құрылысына талдау жасау. ( Қосымша 7)
- Жырда асыра, әсірелей суреттелінген жерлерін табу;
- Теңеулерді, эпитеттерді табу;
- Диалогтерді табу, оның жырдағы орнын, маңызын ашу;
- Өздеріне ұнаған айшықты сөздер, сөз тіркестерін тапқызу;
- Сөздік жұмыстарын жүргізу.
Жырды талдау кезінде сурет мысалдарды пайдалану, оқушыларға жыр бойынша өзіне ұнаған эпизодтарға суреттер салғызудың маңызы зор. Мүмкін болса, жыршы-термешілермен кездесу өткізіп, жырдан үзінді жаттатып, оқушыларды да жырды мақаммен айтқызуға талаптандыру.
Батырлар жыры ауыз әдебиетінің ірі саласы ретінде тоғызыншы сыныпта өтілген. Бұл сыныптарды оны оқытудың өзіндік жолдары қайсы?
- Жыр мазмұнын меңгерту алдын-ала үйден оқып келу , сыныптан тыс оқу арқылы жүзеге асырылады. Төменгі сыныптардағыдай емес, жыр толық беріледі, оны талдау да күрделене түседі.
- Жыр мазмұнын тез, әрі өз мәнінде толық меңгеру үшін мұғалім басты-басты эпизодтарын қамтыған сюжеттік жоспарын ұсына алады.
- Бұл сыныптарды жырдың тарихи негізі, яғни халқымыздың басынан өткен тарихи оқиғалары осы батырлар жырларынан көрінетініне тоқталу керек. Бұл мәселені мұғалім өзі, немесе тарих мұғалімінің көмегімен жүзеге асырады.
- Танымдық: іздендіретін, ойландыратын сұрақтарды алдын-ала беріп, оқушылардың өз ойларын , пікірлерін жинақтап, пікірталастарын туғызудың да ерекшелігі тиімді болмақ.
Ғылыми материалдармен мынадай жұмыстар жүргізуге болады:
а) Мұғалім өтіліп жатқан тақырыпты қамтитын еңбектің нақты жерлерін көрсетіп беріп, оқушылардан оны талап етуді пайдаланады. (үзінділер келтіру арқылы)
ә) Ғылыми материалдарды оқып, жауаптарының жоспар - тезисін жасау, қысқаша конспектілеу.
б) Мұғалім оқушылардың бірнеше ғылыми материалдар бойынша өз пікірлерін ортаға салып салыстыруға, әдеби әдіс ұйымдастыруға бастамашы болады.
Батырлар жырын талдауда, әсіресе, образдарды талдауда салыстыру жұмыстарының маңызы зор.
Салыстыру жұмыстары үшін мынадай сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады:
- Батырлар жырындағы әйелдер бейнесіне тән ортақ қасиеттерді сарала.
- Өзіндік ерекшеліктері, айырмашылықтары туралы қандай пікірдесің?
- Әйелдер бейнесі арқылы бұрынғы өткен әпкелеріміз, аналарымыз туралы не айтар едің?
- Батырлар жырындағы ең ақылды, ең сұлу деп кімді айтар едің?
- Жырдағы әйелдерге берілген портреттеуді салыстыр
а) Поэтикалық тіліне назар аудар, яғни портреттеуде қандай айшықты сөздер пайдаланған?
ә) Ұқсас портреттеулер бар ма?
- Жырдың өлең құрылысын бұрын өтіп кеткен тұрмыс-салт жырларымен салыстыруға болады?
- Образдарды талдағанда да, немесе тіл көркемдігі сөз болғанда да, үнемі мәтінге сүйенудің маңызы зор. Мұғалім өз түсінігінде де, бала жауабында да мәтінді басшылыққа алғаны дұрыс. Үнемі нақты мысалдар келтіріп, дәлелді сөйлеудің орны бөлек. Себебі, жырдың тілі күрделі, оны тіпті мәтінге жақын мазмұндау да қиын болып келеді.
- батырлар жырын талдауда көрнекіліктердің де маңызы бар. Мысалы, Қобыланды батыр жырындағы Қобыланды бейнесін оқытуда төмендегі көрнекілікті пайдалануға болады (кесте-плакат етіп жазып пайдалану)

Үлгі:
Оқиға
Қобыландының іс-әрекеті
Қысқаша мінездеме

ә) Жалпы жыр туралы ғалымдар, фольклористер пікірін, бағаларын жазып, іліп қою, керегінде пайдалану.
б) Батырлар жыры - өнерімізде деген стенд жасауға да болады. Мысалы, артистер ойынынан көрініс, жыр кітаптарының суретті безендірулері т.б.
- Әдеби-теориялық ұғым беру (төменгі сыныптардағы ұғымды тереңдету мақсатында теориялық жұмыстарды практикалық жұмыстармен байланыстыру)
Мысалы , мынадай практикалық жұмыстар орындауға болады:
- Қанатты сөздерді теріп жазу, оның маңызын анықтау.
- Архаизм, историзм сөздерді тауып, қолдану орны, маңызы, мәнін түсіндінру.
- Батырлар жырының ауыз әдебиетінің басқа түрлерінен басты-басты айырмашылық, ерекшеліктерін саралау.
- Аллитерация, ассонанс, гипербола, литота, тропа, фигура түрлеріне поэтикалық талдау жасау, олардың қолдану орны мен маңызын дәлелдеу.
- Сөздік жұмысын жүргізу.
- Оқушылармен сыныпта атқарылатын, сыныптан тыс орындауға берілетін жұмыстардың барлығында да шығармашылық, іздендірушілік сипат болуы.
Қобыланды батыр жырын оқыту кезінде оқушылардың зейінін сабаққа аударту үшін, қызығушылықтарын ояту үшін сабақты мынадай түрде жүргізуге де болады:

Үлгі:
Сабақ барысы
Әдіс-тәсіл
Әрекеті
Қызығушылықтарын ояту:
-Топтастыру стратегиясы
а) Батырлар жыры жайлы өз ой-тұжырымдарыңызды жазыңыздар.(бес минут)
ә) Батырлар жыры туралы не білеміз немесе не білемін деп ойлайсыңдар? Сол жайлы көршіңізбен ой бөлісіңіз, талқылаңыз, пікірлесіңіз.

Сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс
Өткен материалды еске түсіріп, қорытындысын айтады.
Мағынаны ажырату
- Кубизм стратегиясы бойынша жұмыс жасау
Зерттеңіз:
Жырдың тақырыбын, идеясын ашу.
а)Жырда қандай мәселелер сөз болады?
ә) Жырдың негізінде жатқан басты ой неде?
б) Жырдың негізгі ойы қай бейне арқылы көбірек беріледі?
Суреттеңіз:
Жыр кейіпкерлері туралы пікір жинақтау.
а) Портреттеу, суреттеулерді тауып, оның кейіпкерлер іс-әрекетін ашудағы маңызы
Жазбаша жұмыс, баяндау, әңгімелеу, түсіндіру, проблемалық ізденіс тудыру, ой қорыту
Тірек сөйлемдер мәтінді талдайды, дәлелдейді.
Салыстырыңыз:
а ) Жырдағы әйелдер бейнесі бойынша Құртқа мен Алпамыс батырдағы Гүлбаршын бейнесін салыстырыңдар.
ә) Ер қанаты - ат тақырыбы бойынша Тайбурыл мен Байшұбарды салыстырыңдыр.
Өзіндік ерекшеліктері мен ұқсастықтарын табу.
Сұрақ-жауап, проблемалық ізденіс тудыру, оқу, жазу, айту
Тапсырмаларды өз бетінше орындайды, салыстырады.

Жалпы білім беретін мектептерде Қобыланды батыр жырын өтуге бағдарламада төрт сағат бөлінген. Осыған орай сабақтың мынадай жүйесін көрсетуге болады:
Бірінші сабақ: Ел намысы- ер намысы.
Екінші сабақ: Ер ермен шайқаста танылады.
Үшінші сабақ: Жырдағы әйелдер бейнесі.
Төртінші сабақ: Тайбурыл- жылқының тұлпары.
Ал енді бұл сабақтардың біреуіне мысал келтірейік.

Бірінші сабақ.
Мұғалім бұл сабақты дәріс әдісімен Қобыланды батыр жырының халық арасына көп тараған әрі көлемді, әрі көркемінің бірі екенін, негізгі тақырыбы және нұсқалары туралы айта келіп, жырдың оқиға желісімен таныстырудан бастайды.
Жырдың негізгі тақырыбы - өз елін, өз жерін сыртқы жаудан қорғау. Жырдағы өзекті ой - ел намысы- ер намысы. Қобыланды өз басының қамы емес, бүкіл елдің бүтіндігін, тәуелсіздігін ойлайды. Қолына сол үшін қару алады, жауға қарсы аттанады.
Жырдың идеялық-көркемдік мазмұны, негізінен, Қобыланды бейнесі арқылы көрсетілген. Халықтың арманы да осы арқылы берілген. Оның арманы - Қарааспан тауын жайлаған қалың қыпшақ қамы, ел қамы. Сондықтан да Қобыландының тілегін бүкіл қыпшақ тілейді. Ол жауға аттанарда жіберуге қимай, жиылып жұрты жылайды. Артында қалып бара жатқан ата-анасын, қарындасы Қарлығаш пен өмірлік жары Құртқаны Сендерді мұнда жылатпас, қалың қыпшақ қарындас деп жұбатады. Мұғалім бұның бәрін жырға сүйене отырып баяндағаны жөн.
Сөйтіп, мұғалім Қобыланды батыр бойындағы жақсы қасиеттерді- оның адамгершілік, ерлік мінездерін жырдың нақты оқиғасына ене отырып, баяндаса, оқушылар елі үшін еңіреген ер мінезіне сүйсінер еді. Бұл тақырып бойынша мұғалім төмендегідей сұрақтар мен тапсырмалар беруге болады:
-Қобыландының балалық шағы. Оның бойына жақсы қасиеттердің қалыптасуына өскен ортасының әсері.
-Жауға аттанарда ата-анасымен, қарындасы Қарлығашпен, сүйікті жары Құртқамен қоштасқан жерінде Қобыланды мінезінің қандай жақсы жақтары ашылған?
-Жыр халықтың қандай арманынан туған?
-Қобыландының ерлік, батырлық сипаттары жырдың қандай оқиғалары үстінде ашылады?
Екінші сабаққа Оқушыларға жырдағы Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларының бейнесін салыстырып сипаттама беріңдер деген сияқты тапсырма беруге болады.

Екінші сабақ.
Ер ермен шайқаста танылады деген тақырыптағы сабақты аналитикалық әңгіме түрінде өткізуге болады. Өйткені өткен сабақта Қобыланды мен Қараман, сол сияқты Қобыланды мен жау батырларын салыстыра сипаттау туралы тапсырма берілген болатын.Мұғалім соған орай оқушылар назарын мына мәселелерге аудартады:
-Қобыландыны ерлікке бастаған қандай биік арман?
- Ал, Қараман жауға қандай мақсатпен аттанды? Оны шынайы батыр дей аламыз ба? Дей алмасақ, неге? Жырдағы Қобыланды мен Қараман іс-әрекеттерін салыстырыңдар.
-Жау батырлары жырда қалай көрінген? Қобыланды мен оларды салыстыра сипаттаңдар.
Бұл тақырыпты өту барысында мұғалім оқушыларды шығарма арқауына үңілдіруі керек. Жалпылама сөйлеу- шығарманы тану емес. Шығармаға талдау жасай отырып, оқушы өз пікірін, өз түсінігін айтып беретін болса, бұл пайдалы.

Үшінші сабақ.
Жырдағы әйелдер бейнесі тақырыптағы үшінші сабақта кейіпкерлерге салыстырмалы сипаттама беру тәсілін қолдану ұтымды. Себебі, ол оқушыларды мәтінге үңілдіреді, ізденіс жасауға жетектейді. Мұғалім Құртқа мен Қарлыға бейнелерін салыстырғанда жыр арқауына сүйене отырып, ашуы керек.Осындай салыстыра отырып сипаттама бергенде кейіпкерлерді оқшау алып қарастырмай, бір-бірімен байланыста қарағанда ғана шығармадағы проблематика жан-жақты ашылады.

Төртінші сабақ.
Сабақтың тақырыбы- Тайбурыл- жылқының тұлпары. Жырда батырдың қанаты- Тайбурыл бейнесі шебер суреттелінген. Жыршы-ақын көркем сөз айшықтарын талғампаздықпен қолданып, аттың тек сұлу мүсінін ғана емес, оның алты айшылықты алта-ақ аттар дүлдүл екендігін ерекше суреттеген. Жыршы-ақын оның асқан жүйріктігін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақындар айтысы өлеңмен айтыс
Қобыланды батыр жыры нұсқаларының ерекшеліктері
Лиро- эпостық және батырлар жырындағы салт- дәстүрлерді оқыту
Алпамыс батыр жырын оқыту арқылы тәрбие жұмыстарының құзыреттілігін арттыру
Батырлар жырындағы патриоттық тәрбие
АЛПАМЫС БАТЫР ЖЫРЫН ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖАЙЛЫ
Фольклорлық шығармаларды оқытудың қажеттілігі
Қазақ фольклорындағы ерлік, елжандылық тақырыптары
Әңгіме жанрын оқыту
Эпикалық шығарманың түрлері
Пәндер