Адам темпераменті



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау.Адам темпераменті мен мінезінің зерттелу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Адам темпераменті мен мінезі жайлы жалпы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Адам темпераменті мен мінезін теориялық тұрғыдан негіздеу ... ... ... ... ..11
ІІ тарау. Адам темпераменті мен мінезінің психологиялық сипаты ... ... ... ...17
2.1 Темперамент пен мінездің түрлері мен типтері және олардың
қасиеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Адам өмірінде темперамент пен мінездің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Темперамент пен мінезді тәрбиелеу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда психолог ғылымдар темперамент пен мінездің байланысын, соның ішінде үйлесімділік пен аралық үйлесімсіздік жөнінде көп зерттеген. Сол зерттеулердің бүгінгі күнде де өзекті екенін көрсету.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы – қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен, осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы. Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Анастази А. Дифференциальная психология.Индувидуальные и групповые различия в пщведении.М.:Апрель Пресс, Изд-во “ЭКСМО Пресс”, 2001. - 752 с. (Серия “Кафедра психологии”)
2. Анастази А. Дифференциальная психология- М.: Апрель-Пресс, 2001-745с.
3. Ананьев Б.Г. Избранные психологические произведение. В2 – х т. М.:Педагогика, 1980.
4. Ахвердова О.А., Волоскова Н.Н., Белых Т.В. Дифференциальная психология- СП., 2004-168с.
5.Алдамұратов А. Жалпы психология,Алматы,1996. – 300 бет
6. Годвруа Ж. Что такое психология? В 2-т. М.,1999
7.Гиппенрейтер Ю.Б. Введение в общую психологию. Москва, 2002..
8.Ж..Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. – Алматы, 2002. - 369 бет
9.Жарықбаев Қ. Жантану негіздері. Алматы -2002.-250 бет
10.Зимняя И.А. Педагогикалық психология. Оқулық.Алматы-2005.- 359 бет
11.Илина Т. А. Педагогика:- Алматы, 1977.- 488 бет.
12. Лазурский А.Ф. Классификация личности // Психология индивидуальных различий. Тексты.- М., 1982
13.Леонгард К. Акцентуированные личности. Киев: Высшая школа 1981. 7.
14.Личко А.Е. Психопатии и акцентуации характера у подросков. Л.: Медицина, 1983.
15. Мерлин В.С.Очерк интергального исследования индивидуальности. М.:Педагогика, 1986.
16. Мерлин В.С. Отличительные признаки темперамента // Психология индивидуальных различий.Тексты.-М.,1982.
17 Намазбаева Ж.И. Психология, оқулық Алматы-2005.- 430 бет
18.Нартова-Бочавер С.К. Дифференциальная психология- М., 2003-280с.
19.Немов Р.С. Психология. Книга 1. Москва, 2003.
20.Небылицын В.Д. Психофизиологическое исследование индивидуальных различий. М.:Наука, 1976.
21.Психология индивидуальных различий. Тексты //Под ред. Ю.Б.Гиппенрейтер, В.Я.Романова. М.: МГУ, 1982.
22. Психология личности. Тексты //Под реч. Б.Ю.Гиппенрейтер А.А.Пузырея. М.: МГУ, 1982.
23.Педагогикалық психология. -Алматы, 1995. -350 бет.
24. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы 1993. – 300 бет Теплов Б.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау.Адам темпераменті мен мінезінің зерттелу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ...5
1.1 Адам темпераменті мен мінезі жайлы жалпы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Адам темпераменті мен мінезін теориялық тұрғыдан
негіздеу ... ... ... ... ..11
ІІ тарау. Адам темпераменті мен мінезінің психологиялық
сипаты ... ... ... ...17
2.1 Темперамент пен мінездің түрлері мен типтері және олардың
қасиеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .17
2.2 Адам өмірінде темперамент пен мінездің алатын орны
... ... ... ... ... ... ... .23
2.3 Темперамент пен мінезді тәрбиелеу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..30

Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Бүгінгі таңда психолог ғылымдар темперамент пен
мінездің байланысын, соның ішінде үйлесімділік пен аралық үйлесімсіздік
жөнінде көп зерттеген. Сол зерттеулердің бүгінгі күнде де өзекті екенін
көрсету.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне
қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа
психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.

Тақырыптың мақсаты: Темперамент пен мінезді байланыстыра отырып,
мінез бен темпераментті теңдестіру, олардың арасында антагонистикалық қарым-
қатынас орнайтынын және темперамент мінездің элементі болып табылатынын
көрсету мақсат етіп алынған.

Тақырыптың міндеті:
• Темперамент пен мінезді салыстыра отырып байланыстыру;
• Адам темпераменті мен мінезінің психологиялық сипаты анықтау;
• Адам темпераменті мен мінезін теориялық тұрғыдан негіздеу;
Зерттеу пәні: темперамент пен мінезді байланыстыру.
Тақырыптың объектісі: Темперамент пен мінездің орайлы байланысын
анықтайтын шағын топ зерттелді. Соның ішінде зерттеулер арқылы мінездің
темпераментке әсері және кері байланыс анықталды.
Темперамент – 25 ғасырдан бері ғылыми ойды қызықтырған мәселелердің
бірі. Оған деген қызығушылықтың төркіні – адамдар бойында болатын дара
өзгешеліктер. Әр адамның, баланың жан дүниесі өз алдына бір болмыс. Оның
қайталанбастығы, бір жағынан, адам тәнінің биологиялық және физиологиялық
құрылымы мен дамуына байланысты болса, екіншіден - әлеуметтік ерекше
байланыстар мен қатынастарға негіз бола алуында. Темперамент адамның
биологиялық сипатынан көрінеді. Адамдар арасындағы көптеген психикалық
айырмашылықтар: эмоция тереңдігі, қарқындылығы, тұрақтылығы, ауыспалы –
қозғалғыштығы – бәрі осы темперамент табиғатымен түсіндіріледі. Дегенмен,
осы күнге дейін темперамент мәселесінің шешілмеген, талас – тартысты
қырлары баршылық. Бірақ проблемаға байланысты көзқарастардың көпшілігіне
қарамай, ғалымдардың бәрінің мойындайтыны: темперамент – жеке адамның
әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуының биологиялық, яғни табиғи ірге тасы.
Темперамент көбіне адамға тума берілген әрекет – қылығының ұдайы
қозғалыстағы сипатын белгілейді. Сондықтан, темпераменттік қасиеттер басқа
психикалық құбылыстарға қарағанда тұрақтанған, өзгеріске келе бермейді.

I тарау. Адам темпераменті мен мінезінің зерттелу тарихы
1.1 Адам темпераменті мен мінезі жайлы жалпы ұғым
Ежелгі грек дәрігері Гиппократтың (б.з.д. 460-377 ж.ж.) ойынша,  ойлау
мен түйсіктің органы ми болып табылады, өмір үнемі өзгеріп отыратын
процесс.  Ауа организмнің дүниемен байланысын басқаратын күш.  Адам
санасына ақыл, ой әкеледі. 
Гиппократ адам денесіндегі негізгі  төрт сұйықтықтың мөлшер шамасына
байланысты  адамдарды төрт типке жіктейді. 
Адам денесінде қан  мөлшері көп болса,  қызуы қатты,  қозғалымпаз –
сангвиник.
Сөл көп болса, қоймалжың зат, сондықтан сабырлы, салмақты – флегматик.

Сары өт, ыстық зат, шапшаң қозғалады – холерик.
Қара өт – адам денесін күйдіреді – меланхолик.
Гален (б.з.д. ІІ ғасыр) – Рим дәрігері, Гиппократтың темперамент 
жайлы ілімін ары қарай дамытты. Темпераменттің  13 типін бөліп көрсетті.
Ол сезім мүшелерінен шығатын жүйке талшықтары  адамдағы  түйсік және
қабылдау таным процестерін қамтамасыз ететіндігін, ал бұлшық еттен шығатын 
жүйке талшықтары   ырықты қозғалыстарды  реттейтінін, қалған жүйке
талшықтары  ішкі мүшелерді реттейтінін айтты. Гален жұлынға ерекше мән
берді. [1; 752.]
Индивидуалды құрылымдағы мінездің орны жайлы сипаттама
 Мінез - адамның тұрақты психикалық ерекшеліктерінің индивидуалды
қатынасы, берілген субъектінің белгілі бір өмір жағдайындағы мінез-құлқына
шартталған. Мінез тұлғаның әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерінде
көрінетін, ең алдымен-мамандыққа, адамға және өзіне деген қатынасынан
көрінетін психикалық іс-әрекеттің өзіндік қалыптасуы.
Мінезді зерттеуде Теофраст пионер болып саналады. 18 ғасырда Европада
мінездің типологиясына көптеген зерттеулер жүргізілді, ал Дж.Ст.Милль жеке
ғылым ретінде этологияны бөліп көрсетті (өйткені Теофраст кезеңінде мінезді
этос деп санаған). Егер ескерсек, этика - бұл жақсылық пен жамандық туралы
ғылым, онда мінез - адамның өзіндік жауапкершілігінің өлшемін шектейді және
ашады, адамның басқара алатын қылықтарын анықтайды деген нұсқау алдық.
Қазіргі уақытта  “мінез” ұғымы дискуссионды болып саналады. Кейбір
психологиялық ағымдарда бұл ұғымның өмір сүру құқығына мүлдем қарсы, ал
көпшілігінде шетел анықтамалар баспасында және зерттеулерде мүлдем алынып
тасталынған. Неге? Біріншіден, көптеген психологтердің ойынша, неғұрлым
мінездің өзіндік көрінулерін қосатын және зерттелген, мінез бен тұлғаны
жалпылай теңдестіру тенденциясы бақыланады. Екіншіден, феноменология
бойынша мінезді этикаға жатқызады және сонымен қатар оның психологиялық
жүйесіне қосу заңсыз болып саналады. Үшіншіден, жалпы өзіндік құбылыс
ретінде мінезді зерттеу мүмкіндігіне күдіктену білдіреді. “Кейіпкер”,
“тұлға” ағылшынша character деген мағына білдіреді.
[2; 745.]
Эго-психология өкілінің бірі Г.Олпорт: мінез-бұл бағаланатын тұлға, ал
тұлға-бағаланбайтын мінез, яғни адамға бағалаусыз қатынаста, оның мінезі
бақылай, өзгерте және дамыта алатынын өзіне шоғырландырады. Шынында да,
мінез тәрбиенің және өзіндік тәрбиенің әсерінен өзгереді, жеткіншек жаста
жалпы қырларында қалыптасады және адамның өмір бойында қалыптасады. Сөйтіп,
мінез темпераментке қарағанда этикалық бағаға жатуы мүмкін.
А.Г.Ковалев және В.Н.Мясищев индивидуалды зерттеу жолын 4 топқа бөлді:

1.Мінез бен темпераментті теңдестіру
2.Олардың арасында антагонистикалық қарым-қатынас орнайды
3.Темперамент мінездің элементі болып табылады
4.Темперамент мінездің табиғи негізі болып саналады
Соңғы позиция зерттеуге жақын, отандық ғылымдардың қабырғаларында
пайда болған.Мұнда темперамент пен мінез бір-бірімен өзара шартталған.
Темперамент жалғыз өзі мінезді анықтамайды. Табиғи темперамент негізіндегі
өмірлік әсер, тәрбие және оқыту жүйке жүйесінің қасиеттері, генетикалық
бағдармалар өзіндік өзін қалдырыды.Бірақ оның темпераменттен ерекшілігі, ол
тұрақтылыққа, тоталдылыққа ие және мінез-құлықтың формалды ерекшеліктерін
бейнелейді.Мінездің басқа психологиялық категориялар арасынан позициялық 2
тәсілін бөліп көрсетуге болады. Бірінші жол, Кеңестік психологияда артық
көрінген болып табылады. Мінездің темпераментпен байланысын үзбей, мінезді
тұлғаның мазмұнды және рухани дүниеге көзқарастың сапасына жатқызады.
Екінші жол, психикалық сау еместікке, тәуелділікке және тіпті, потологиялық
дамуға әкелу бағыты ретінде сипаттайды. Сонымен, тұлға дамуының биік шыңы
мен төменге қарай көрсету жолы сияқты қабылдайды.[3;183.]
Егер темперамент тұлғаның мазмұнды жағын анықтай алмаса, ал мінез
нақты соларды, яғнм қалау, белгілі бір қатынастар және психикалық сау
еместікті сипаттайды. Б.Г.Ананьев кез келген мінез сипаты тұлғаның қандайда
бір қоршаған өмірге деген көзқарасын, олардың ішінде:
1. Табиғат, қоғам және қоғамдық идеялар (идеология)
2.Еңбек-адам өмір сүруінің тәсілі
3.Индивидтің басқа адамдармен қоғамдық байланысы
4.Өзіндік әрекет және адамның тұлғалығы.
Темперамент теориялары
 Темперамент тұлғаның мәнді қасиеттерінің бірі. Берілген мәселеге
деген қызығушылық  ерте кезде туындап, қазіргі кезге дейін психологияның
зерттейтін маңызды бөлігі болып табылады.
Темперамент адамның табиғи сипатының, психологиялық іс-әрекетінің
динамикалық ерекшеліктері, яғни психикалық процестер мен жағдайлардың
әрекеттерінің ырғағы, қарқыны, жылдамдығы жатады.
Темперамент келесі құбылыстарда көрінеді:
1.Адамның жалпы белсенділігінен;
2.Қозғалу ерекшелігі және сөздік қозғалу ерекшелігінен;
 3.Эмоционалды процестер ерекшелігінен: эмоцияның туындау және өшу
жылдамдығы, күші мен тереңдігі, эмоционалды аймақтың сапалық қасиеті, яғни
кез келген эмоцияны бастан кешіру жылдамдығы және т.б. [4;168.]
Сонымен, темперамент адамның белсендік ерекшеліктерін және
реактивтілігін біріктіреді. Темперамент бойынша адамдарды ажырату сыртқы
өңдерінде, барлық мінез-құлықта және іс-әрекетте байқалады.
Ерте кезден осы көріністердің барлығы ғалымдардың назарын аударды.
Темпераменттің туа біткен, адамның табиғи сипаты, яғни ағзаның
физиологиясымен байланысты екеніне ешкім күмәнданбайды. Ғылым тарихында 
темперамент жайлы көптеген теориялар бар.
Темперамент жайлы теорияларды үлкен үш топқа бөлуге болады:
1.Гуморальді теориялар;
2. Конституционалды теориялар;
3.Жоғары жүйке жүйесі ерекшеліктеріне байланысты  темпераментті
түсіндіруші теориялар.
Гумор сөзі сұйықтық дегенді білдіреді. Ағза сұйықтықтары
қозғалымпаз, оның динамикалық бөлігі. Сондықтан мінез-құлық ерекшеліктерін
ағзадағы сұйықтықтар қозғалысының ерекшеліктерімен байланыстырады. Осы
бағытты ұстанған авторлардың теориялары ең алғаш пайда болған. Ежелгі және
ең белгілі гуморальды теория антикалық Грецияда пайда болған, дәрігер және
философ Гиппократтың теориясы. [5;300.]
Гиппократ теориясы бойынша, адам ағзасында төрт негізгі сұйықтық бар:
қан, қара өт, сары өт, сөл. Гиппократ пікірінше, адам ағзасында қай
сұйықтық басым болса,  соған байланысты 4 темперамент типінің бірі сай
келеді: қан басым болса - сангвиник типі,  сөл басым болса - флегматик
типі, сары өт басым болса - холерик, қара өт басым болса - меланхолик типі.
Гиппократтың ойынша, адам ағзасындағы сұйықтықтың біреуінің басым болуы
климат жағдайына және адамның айналысатын іс-әрекетіне байланысты.
Темперамент типтерін  б.д.д. өмір сүрген Рим дәрігері К.Гален 13 типке
дейін жеткізді.
И. Кант темпераменттің көріну аймағын тарылтып көрсетті. Төрт
темперамент типін Кант екі топқа бөлді: әрекет темпераментіне жылдам
қимылдайтын холерик пен баяу қимылдайтын флегматикті жатқызды, әсершіл
топқа оң эмоциялары басым сангвиник пен теріс эмоциясы басым меланхоликті
жатқызды.
Темпераменттің гуморальді теориялары қатарына Лесгафтың көзқарасын
жатқызуға болады.  Ол психикалық әрекеттің динамикалық ерекшелік сипатын
жүрек тамыр жүйесіндегі әр түрлі ұсақ тамырлардан күре тамырға  дейінгі қан
қозғалыс ерекшеліктерімен байланыстырды.
Темпераментті дене бітімімен түсіндіруші конституционалды теориялар
қатарына  Э. Кречмер және У. Шелдонның еңбектері жатады.
1921 жылы Э. Кречмердің әйгілі  Дене бітімі және мінез атты еңбегі
жарық көрді. Оның негізгі идеясы белгілі типті адамдар белгілі
психологиялық ерекшеліктерге ие. Адамдарды дене бітіміне байланысты Кречмер
төрт конституционалды типке бөлді: лептосоматик, пикник, атлет, диспластик.
1. Лептосоматик – нәзік денелі,  ұзын бойлы, кеуде қуысы қушық, иығы
тар, ұзын және арық аяқ-қолды.
2. Пикник – май қабаты анық көрінеді, орта және аласа бойлы, жайылған
денелі, домалақ басты, мойыны қысқа адамдар.
3. Атлет – бұлшық еттері күшті дамыған, дене бітімі мығым, ұзын және
орта бойлы, кең иықты, жамбасы тар.
4. Диспластик – формасыз адам, дене бітімі дұрыс емес. Бұл типтегі
индивидтер әр түрлі дене бітімінің деформациясымен сипатталады.[6;242.]
Аталған типтерге байланысты үш темперамент типтерін бөліп көрсетеді:
шизотимик, иксотимик, циклотимик.  Шизотимикке астеникалық  дене бітімі
тән, тұйық, көңіл-күйі ауысып отырады, бірбеткей, бағдарлары мен
көзқарастарын өзгертпейді, қоршағандарға күшпен бейімделеді. Иксотимикке 
атлет дене бітімі тән, салмақты, жесттері мен мимикасы ұстамды, ойлау
майыспалығы төмен, ұсақ-түйекке көңіл аударушы. Циклотимик пикник дене
бітіміне ие, эмоциясы қуаныш пен қайғы арасында алмасып келіп отырады,
адамдармен жылдам араласады, көзқарастары шындыққа жақын.
АҚШ-та 1940 жылдары У. Шелдон темперамент теориясы кең танымалдыққа ие
болды. Темпераменттің негізін эмбриологиялық  тұрғыда түсіндіруге тырысты.
Үш типті бөліп көрсетті: 1) эндоморфты – эндодермадан ішкі мүшелер жақсы 
дамиды; 2) мезодерма -  бұлшық еттер жақсы дамиды; 3) эктоморфты – тері мен
жүйке талшықтары жақсы дамиды. У. Шелдон бойынша, аталған дене типтеріне
дененің белгілі функцияларына тәуелді  белгілі темперамент типтері  сай
келеді: висцеротония (ішкі мүшелер), соматотония (дене) және церебротония
(ми).
Темперамент теорияларының үшінші тобын құрайтын жоғары жүйке жүйесі
ерекшеліктеріне байланысты теориялар қатарына И.П. Павлов еңбегі жатады.
Павлов зерттеулері темперамент тұлғаның  тума сипатталатын қасиеттері
екендігі жайлы көзқарастың қалыптасуының негізі болды. Кеңестік
психологияда темперамент теорияларының дамуына үлкен үлес қосқан Б.М.
Теплов еңбектері болып табылады. Теплов темпераменттерінің қасиеттеріне
психикалық іс-әрекет динамикасын сипаттайтын  тұрақты психикалық
қасиеттерді жатқызды. Темпераменттің индивидуалды ерекшелігін
темпераменттің қандайда бір қасиеттерінің даму деңгейімен түсіндірді.
Темпераменттің мәнді қасиеттеріне келесілерді жатқызды:           
1. Эмоционалды қозу;           
2. Зейіннің қозуы;           
3. Эмоцияның күші;           
4. Мазасыздық;           
5. Ырықсыз қозғалыстардың реактивтілігі;           
6. Ерікті мақсатқа бағытталған іс-әрекеттің белсенділігі;           
7. Майыспалылық – регидтілік;           
8. Резистенттілік;           
9. Субъективтілік.[7;325.]
1.2 Адам темпераменті мен мінезін теориялық тұрғыдан негіздеу
 Темпераменттің физиологиялық негізі – жүйке жүйесінің жалпы типі
болып табылады. И.П. Павловтың пікірінше, темпераменттің физиологиялық 
негізінде қозу мен тежелу процестерінің қасиеттері:  қозу, мен тежелу күші,
олардың  тепе - теңдігі және қозғалымпаздығы жатыр. И.П. Павлов қозу күші
мен тежелу күшін жоғары жүйке жүйесінің бір-бірінен тәуелсіз қасиеттері
ретінде бөліп қарастырды. Қозу күші жүйке талшықтарының жұмысқа
қабілеттілігін бейнелейді. Тежелу  күші тежеуді жүзеге асыратын жүйке
жүйесінің қызметі.
            Жүйке процестерінің тепе-теңдігі қасиетін қарастыра
отырып, И.П. Павлов қозу және тежелу процестерінің тепе-теңдігін көрсетті.
Егер қозу немесе тежелу процестерінің бірі басым болса, адам ұстамсыз
болады. Жүйке жүйесінің келесі қасиеті – жүйке процестерінің
қозғалымпаздығы – бір жүйке процесінің екіншісімен алмасу жылдамдығы.
Павлов жіктеген жүйке процестері  жүйке жүйесі деп аталатын белгілі 
комбинацияларды қалыптастырады. Бұл тип индивидке тән негізгі жүйке жүйесі
қасиеттерінің жиынтығынан құралады – күштер, тепе-теңдігі мен
қозғалымпаздығы, қозу және тежелу процестерінің сәйкестігі.[8;369.]
И.П.Павлов пікірінше, жүйке жүйесінің Гиппократ бөліп көрсеткен
темперамент типтеріне жақын негізгі төрт типі бар. Жүйке процестерінің
күшінің көрінуіне байланысты күшті және әлсіз типтерге жіктеледі. Олар өз
кезегінде салмақты және ұстамсыз болып бөлінеді. Ұстамсыз тип қозудың
тежелуден басымдылығымен сипатталады.  Күшті ұстамды тип қозғалымпаз және
инертті немесе енжар болып бөлінеді.
Сангвиник – күшті, тепе-тең, қозғалғыш тип;
Флегматик – күшті, тепе-тең, инертті тип;
Холерик – күшті, қозуы тежелуінен басым тип.
Меланхолик – қозу күші де , тежелу күші  де әлсіз тип.
Темперамент түрлері және олардың психологиялық сипаттамалары
 Темперамент типтері – тұлғаның психикалық қасиеттерімен сәйкес
келетін заңды құбылыс немесе байланыс. Красис (лат.- темперамент) –
Гиппократ бойынша қатынас, пропорция.
Темперамент типтерінің көрінуін өткен ғасырдың ортасында ұлттық
ерекшеліктермен байланыстырған.
Темперамент типтері:
Сангвиник (лат. sanguis – қан) – жоғары психикалық белсенділікпен,
қуаттылықпен, жұмысқа қабілеттілікпен, қозғалыс жылдамдығымен, мимиканың
молдығымен және әртүрлілігімен, сөйлеудің жылдам қарқынымен сипатталады.
Сангвинник әсерлердің жылдам алмасуына талпынатын, қоршаған оқиғаларға тез
араласатын, қарым-қатынасқа жылдам түсетін адам.  Эмоциялары – оң болып
келеді – тез пайда болып, тез ауысады.  Салыстырмалы түрде сәтсіздіктерді
жеңіл және тез бастан кешіреді. Жағымсыздық  пен тәрбиелік әсерлердің теріс
жағдайларында сангвиниктердің қозғалымпаздығы шоғырланудың төмендеуіне, іс-
әрекеттегі асығыстыққа, үстірттікке әкеледі.
    Холерик (грек. chole - өт) – жоғары деңгейдегі психикалық
белсенділікпен, әрекеттегі қуаттылықпен, қозғалыстағы күштілікпен,
жылдамдықпен, талпыныспен, қарқынмен сипатталады. Холериктің  көңіл-күйі 
жылдам алмасады, шыдамсыз, қызба, эмоционалды өзін басқаруы төмен, кей
кезде агрессивті болып келеді. Тәрбиедегі кемшіліктер холериктің өмірлік
күрделі  жағдайларда эмоциясын бақылай алмауына әкеледі.
 Флегматик  (грек. phlegma – сөл) – психикалық төмен белсенділікпен,
баяулықпен, мимиканың жадаулығымен сипатталады. Флегматиктің бір істен
екінші іске алмасуы және жаңа ортаға бейімделуі өте  күрделі.  Флегматиктің
көңіл-күйі қалыпты. Сезімдері мен көңіл-күйі тұрақтылықпен ерекшеленеді.
Тәрбиедегі жағымсыз әсерлер флегматиктің эмоциясының  жұтаңдығына, бір
тектес әдетті әрекеттерді орындауға    бейімділігін тудырады.     
 Меланхолик  (грек. melanos – қара,  cole - өт) – психикалық
белсенділіктің төмен деңгейімен, қозғалыстың баяулығымен, моторика мен
сөйлеудегі ұстамдылықпен, тез шаршағыштықпен сипатталады. Меланхолик
типіндегі адамдар жоғары эмоционалды сензитивтілікпен ерекшеленеді. Сыртқы
әлсіз әсерге терең күйзелістік теріс эмоциялар көрсетеді. Тәрбиедегі теріс
әсерлер меланхолик типіндегі адамдарда жоғары эмоционалды жараланғыштықтың,
тұйықтықтың, бөлектенудің қалыптасуына әкеледі.[9;250.]
А.Ф. Лазурский еңбегіндегі мінез психологиясы
 А.Ф. Лазурский формалды және мазмұнды мінездемелерді
индивидуалдылықтың бірегей шегінде байланыстыруға тырысып, былай деп
жазған: идеалды классификация мынадай болуы керек: яғни өздерінің
типтерінің әрқайсысына тек адамның субъективті ерекшеліктерін ғана емес,
сонымен қоса оның дүниетаным мен әлеуметтік физиономиясын жатқызды, әрине
бұлар адам мінезімен байланыста болды. өзінің теориясының негізіне ол
индивидті ортаға белсенді бейімделу принципін ала отырып, классификациясына
2 негізді бөліп көрсетті: психикалық деңгей және психикалық мазмұн.
Психикалық деңгей неғұрлым биік болса, соған байланысты белсенді және
өнімді бейімделу жүреді
Психикалық өмір деңгейін А.Ф.Лазурский жүйесінде тұлғаның өзіндік
актуализациясы, гуманистік бағыттылығы А.Маслоу мен Э.Шостромның
теорияларына жақындатады.
Психикалық өмір мазмұны жалпы табыстылықты анықтамайды. Бейімделу
тәсілдерін ортаның құбылыстарына берген жеке тұлға вариацияларында
көрінеді. А.Ф.Лазурский эндопсихика  (негізгі психикалық және
психофизиологиялық функцияларды қоршайтын сезім, ес, зейін, ойлау, ерік,
жылдамдық және моторика күші тағы басқа). Эндопсихика жалпы “формальды-
динамикалық мінездеме” ұғымына жақын; ол комплекстер арқылы сипатталады
және тіршілік етеді және де тума биологиялық механизмдер негізінде
беріледі.
[10;359.]
Экзопсихика тұлғаның сыртқы объектіліерге қатынасын ( табиғатқа, адамға,
рухани қолайлыққа, адамның қзінің рухани өміріне және тағы басқа ) қосады.
Экзопсихика біз көріп тұрғандай, заттық-мазмұндық мінездемелерге,
психикалық өмірге және орта әсерлеріне әсер етеді.
Эндо және экзопсихика өзара әрекеттеседі, шарттасады және эндосипаты
экзоның көрінуінің латентті кезеңінен актуалдығы өзгеруі мүмкін ( мысалы
қабілеттер әрекетте көрінеді, ал мотив пен қызығушылық-бұл экзопсихикалық
сапа).[11;488.]
Әртүрлі даму кезеңдеріндегі эндо және экзопсихикалық комплекстердің
үйлесімділіктерін негізге ала отырып, А.Ф.Лазурский күрделі типология
құрастырды:
1.Эндопсихика
2.Эндо мен экзо ерекшеліктерінің үйлесімділігі
3.Экзопсихика
Сонымен, деңгейі жоғарлаған сайын рухани-дүниеге көзқарастың
ерекшеліктері артық, тұлғаның биологиялық фундаментінің әсері азаяды.
Мінез акцентуациясының шетелдік психологтерінің  еңбектерінде
талқылануы
 Мазасыздық – бұл реалды және өткінші қауіптілікті бастан кешіре алу.
Егер қауіптілік реалды болса, мазасыздық күшті жұмылдырып, шоғырландыруға
көмектесіп, бейімделуді орындайды. Егер адам мұндай жағдайда жиі болса,
онда психика жұқарады, ал өнімділік төмендейді. Мазасыздық бұл жерде ішкі
тынышсыздыққа, дүрлігуге, қамдануға, қозғыштыққа өтеді. Сондықтан да мінез
– бұл тұлғаның фрустрациялық жағдайларға қарсы тұруы, мазасыздықтың
шешілуінің индивидуалды тәсілі. Фруструация – бұл қажеттілікті
қанағаттандыру мүмкіндігінің болмауы. [12;565.]
Егер мінез өзгеріп, оның қандайда бір сипаты айқын көрінсе, адам аса
сезімтал болуы мүмкін. Бұл жағдай, адамда мінез акцентуациясының бар екенін
көрсетеді. Акцентуация – кейбір мінез сипаттары аса күшейтілген норма
варианттары. Соның салдарынан басқаларға тұрақтылық кезіндегі, психогендік
әсердің негізгі түрі қатынасында таңдамалы осалы табылады (А.Е.Личко).
Айқын акцентуация –  “аз қарсыласу орнына” бағытталған фактордың әрекеті
жағдайында тұлғаның дезадаптацияға әкелу мүмкіндігін көрсететін шеткі норма
варианты. Жасырын акцентуация бұл қарапайым норманың көрінуі.
К.Леонгард мінез акцентуациясының классификациясын құрды, оны шеткі
норма варианты деп түсінді. Сондықтан адамнығ күшті жағына қарағанда, оның
жетіспеушілігін тізбелеу әсерін жасау түрін сипаттайды. Осында әдістің
ерекшелігі, бірақ әрине, оған медициналық диагноз қою жеткіліксіз.
К.Леонгард жаңа ұғымды енгізе отырып, 4 мінез акцентуациясын және 6
темперамент акцентуациясын бөліп көрсетті.
1. Демонстративті (истероидты) (М)  - бұл тип адамның зейін ортасында
болғысы келгенде көрінеді, бұл кезде ол не істеп, қалай істеп отырғанын
ұмытады. Демонстративті типке жоғары ығыстыру қабілеті және әлеуметтік
ортаға тәуелділік, өзін-өзі сендірушілік тән.
2. Педантты (жоғары пунктуалды) (М) - өткенге көп уақыт бойы ренжу,
түкке тұрмайтын жағдайларға маңызды көңіл аудару, белгілі бір мінез-құлық
үлгілерін қстанушы, дәстүрді ұстанушы, тұйықталған, жоғары жауапкершіл тип.
3.Тұйықталған тип (М) – бір күйден екінші күйге ауысу ауырлығы, ал
оның негізгі қыры – бұл жоғары бағалы идеялардың қалыптасуы, соған ерекше
маңыз білдіреді және қызметке өзінің және басқа адамның өмірін қоюға дайын
болады.
4.Қозғыш тип ( эпилептоидты ) (М) - өз әсерлерін, сөзін және мінез-
құлқын күшпен басқарады. Аяқ асты бүлінгіш және әлсіз тітіркендіргіштерге
күшті реакциямен жауап береді. Өткен өшпесіне қайта оралып, өш алуға бейім.
5.Гипертимді тип (Т) – үнемі көтеріңкі көңіл-күймен жүреді, іс-
әрекетке деген құштарлық, айналасындағыларға әр дайын аса зейінді
болмағандықтан, өзінің жеке күйін күшпен басқарады. Бала – болашақ
гипертим, таңертең оянғанда күліп тұрады және жағымды әлемдік қатынас
объективті жетістіктерге әрдайын шартталған емес.
6.Дистимді тип (Т) – керісінше, төмен көңіл-күймен, өмірдің қараңғы
жақтарына көп көңіл бөледі. Бала оянғанда жылап тұрады, ал ересек жаста
өмірдің жақсы жақтарын қабылдамайды, қоршағандардың неодекватты кінә
сезімдерін тудырып, соған байланысты топта жоғары статусы болмайды.
7.Қауіпті – қорқақ  тип (Т)  - қоқақ, тіпті өмірдің қиын емес
тапсырмаларымен байланысты болғанда да үнемі қауіпті сезінеді.
8.Циклотимді тип (Т) – жоғарыда көрсетілген екі типтің кемшіліктерін
біріктіреді. Тұлғаның потологиялық дамуында моникалды-депрессивті психозға
әкеледі.
9.Эмотивті тип (Т) – сезімдерімен өмір сүреді, барлық эмоционалды
күйдің диапазонын қобалжиды, басқа адамдардың көңіл-күйін тез қабылдайды.
10.Аффективті – экзальтировты тип (Т) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушы темпераменті түрлері және онымен санасу
Темперамент туралы
Ұжымдағы жеке тұлғалар арсындағы қарым-қатынастың ерекшелігі
Жеке адам және қарым қатынас психологиясы
ТЕМПЕРАМЕНТ ТУРАЛЫ ТЕОРИЯЛАР
Темперамент адамның мінез құлұқы
Эмоциясы күшті темпераменттер
Темперамент – жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі
Темпераментпен байланысты жүйке жүйесінің үшінші қасиеті - жүйке процестерінің қозғалғыштығы
Темперамент пен мінез-құлықты психогенетикалық зерттеу
Пәндер