Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану



Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І бөлім. Шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Шет тілі сабағында ақпараттық технологиялар көмегімен оқушылардың білімін арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
ІІ бөлім. Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану ... ... ... ... ... ... ...10
2.1 Шет тілі сабағындағы компьютерлік технологиялар ... ... ... ... ... ... ... ... 10
2.2 Шет тілін оқытуда интерактивті тәсілді қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Модульдік оқыту технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі ретінде қарастырылады.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы, өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес, белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.
Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (3 бап) белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды, сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қазакстан Республикасының Заңы «Білім туралы Заңы». Қазақстан Республикасынын Мемлекеттік Білім беруді дамыту бағдарламасы - Астана, 2004 г.
2. Қазакстан Республикасьшын шетелдік білімді дамыту Концепциясы - Алматы, 2004 г.
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Барлык Қазакстандыктардың өсіп- өркендеуі, кауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы. Ел Президентінің халкына жолдауы. Алматы: Білім, 1997.
4. Алхазишвили А.А. Основы овладения устной иноязычной речью. - М., 1998.
5. Аренова Т.В. Метод глобальной симуляции. - Астана, 1998.
6. Абдигали С.А. Реализация концепции обучения иностранным языкам по учебникам немецкого языка. - Алматы, 1998.
7. Банкевич Л.В. Тестирование лексики иностранного языка. - М., 1981.
8. Верещагин Е.М., Костомаров В.Г. Язык и культура. ~- М., 1990.
9. Гальскова Н.Д. Современная методика обучения иностранным языкам.,М., 2000.
10. Зимняя И.А. Психологические аспекты обучения говорению на иностранномязыке. -М., 1985.
11. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М., 1991.
12. Иванова A.M. Обучение письменной речи на французском языке. - М.,1981,
13. Изаренков Д.И. Речевая ситуация. Функциональные типы речевого действия. // Русский язык за рубежом, - 1974. - №2.
14. Козлов П.Г. Интегративная роль результата в технологии обучения иностранному языку. // Новые технологии в учебном процессе в вузе. - Алматы, 1995.
15. Коккота В.А. Лингводидактическое тестирования. - М., 1989.
16. Колкер Я.М., Устинова Е.С., Еналиева Г.М. Практическая методика обучения иностранному языку, М., 2000.
17. Кунанбаева С.С. Динамика становления иноязычного грамматического навыка у билингвов. - Алматы, 1994.
18. Леонтьев А.А. О речевой ситуации и принципе речевых действий. // Русский язык за рубежом. - 1968 - №2.
19. Пассов Е.И. Основы коммуникативной методики обучения иноязычному общению. -М., 1989.
Фоломкина С.К. Обучение чтению на иностранном языке в неязыковом вузе.-М., 1987.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І бөлім. Шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .5

1.1 Шет тілі сабағында ақпараттық технологиялар көмегімен оқушылардың
білімін
арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5

ІІ бөлім. Шет тілі сабағын оқытуда интернетті
қолдану ... ... ... ... ... ... ...1 0

2.1 Шет тілі сабағындағы компьютерлік технологиялар
... ... ... ... ... ... ... ... 10

2.2 Шет тілін оқытуда интерактивті тәсілді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

2.3 Модульдік оқыту
технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...26

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...33
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Адам іс-әрекетінің әртүрлі салаларында, сонымен
қатар, білім саласында ақпараттық технологиялардың жаңаша құралдарын
қолдану бүгінгі күні үлкен өзектілікке ие болып отыр. Отандық және шетелдік
оқулықтарда білім процессін компьютерлендіру ең өзекті факторлардың бірі
ретінде қарастырылады.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім туралы тұжырымдамасы ойлы,
өнерлі, білімді тұлғаны қалыптастыруға бағытталған және қазіргі білім
жүйесі оқушылардың танымдық белсенділігін дамытатын оқытудың дәстүрлі емес,
белсенді түрін және әдістерін оқу процессіне енгізу бағытында құрылуы тиіс.

Білімді дамыту үшін білім берудің үйреншікті әдісінен оқыту процессінде
оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыратын білім берудің жаңа
белсенді әдісіне көшу керек. Бұл тапсырманы оқыту процессінде тек жаңа
технологияларды қолдану арқылы жүзеге асыруға болады.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (3 бап)
белгіленгендей, білім беру жүйесін ақпараттандыру, мемлекеттік білім
саясатының негізгі қағидаларын жүзеге асырудың маңызды бір механизмі болып
табылады. Ақпараттық ортаны құруға негізделген білім берудің жаңа жүйесін
қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық құралдарды,
сонымен қатар, басқа да жаңа технологияларды енгізу білім жүйесін
дамытудағы стратегиялық тапсырма болып саналады.

Қазіргі кезде жаңа білім жүйесі интернеттің пайда болуының арқасында
дамығанын барлығы мойындайды. Көптеген әдіскерлер видеофильм, электрондық
пошта (e-mail), мультимедиялық презентация, анимациялық суреттер және т.б.
көмегімен шетел тілінде монолог және диалог түрінде сөйлеу қабілетін
қалыптастыратын жаттығуларды құрастырумен айналысып жатыр. Ал шетелде
болмай-ақ, сол елдің тілінде сөйлей алу қабілетіне ие болу оңай емес.
Сондықтан, мұғалімнің маңызды тапсырмасының бірі шет тілі сабағында жаңа
технологиялардың түрлі амалдарын қолдана отырып, сөйлеудің шын
ситуацияларын құру болып табылады. Шет тілін үйрету процессінде компьютер
технологияларын қолдану сабақты қызықты жолмен өткізуге көмектеседі.
Мысалы, анимациялық суреттер, видео-көріністер, презентациялар және т.б.
әртүрлі дыбыстар арқылы көрсетіледі. Компьютер мониторындағы көріністер
оқушының іс-қимылының арқасында өзгеріп отырады. Бұл динамикалық және
оқушының бар ойын өзіне бағыттайды, сонымен қатар, оқу процессінде оқушының
белсенділігі оянады. Нәтижесінде, оқушы ақпаратты оңай әрі тез қабылдайды
және оқушының ынтасы мен қызығушылығы жоғарылайды.

ХХI ғасырды қоғамдық ақпараттандыру ғасыры деп жай атамаған. Компьютер
- адам іс-әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік
қоғамдастықта қоғамдық өмірдің барлық саласын глобальді ақпараттандыру
процессі дамытылуда. Экономикалық жағдай, адам өмірінің сапасы, ұлттық
қауіпсіздік және мемлекеттің дүниежүзілік қоғамдастықтағы рөлі ақпараттық-
технологиялық дамудың және оның даму қарқынының даму дәрежесіне байланысты.
Барлық экономикалық дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде білім беру
жүйесін ақпараттандырудың қарқынды процессі жүріп жатыр. Жалпы білімді
жоғарылату жолдары жасалып жатыр және оқыту процессіне жаңа ақпараттық
технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.

Дегенмен, оқыту процессіне компьютерлік технологиялардың қарқынды
енгізілуіне қарамастан, арнайы мультимедиялық оқулықтар және оларды қолдану
техникасы туралы әдістеменің болмауы себепті шет тілін үйрету процессінде
компьютерлендіру жеткілікті дамымаған. Сонымен, ағылшын тілін оқыту
әдістемесінің жеткіліксіз жасалуы, ағылшын тіліне оқытуды компьютер арқылы
ұйымдастыру жолдарын жүзеге асыруды және ізденісті қажет ететін, осы
зерттеу жұмысының маңызды мәселесі (проблемасы) болып табылады. Бұл мәселе
зерттеу жұмысының тақырыбын таңдауға себеп болды: Шет тілін оқытуда
компьютерлік технологияларды қолдану ерекшелігі.

Курстық жұмыстың мақсаты - Компьютерлік технологияларды қолдану арқылы
шет тіліне үйрету әдісінің тиімділігін (эффектілігін) жоғарылату.

Аталған мақсатқа жету үшін келесідей тапсырмалар қойылды:

Курстық жұмыстың міндеттері:

1. Ағылшын тілі сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың
маңыздылығын суреттеу;

2. Компьютерлік технологиялардың бар бағдарламаларын ағылшын тілінде
сөйлеуге, түсінуге үйрету процессінде қолдану мүмкіндіктерін көрсету;

Зерттеу объектісі – ақпараттық технологияларды қолдану ерекшелігі
арқылы, шет тілін үйретудің әдісі.

Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

І бөлім. Шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану
ерекшеліктері

1.1 Шет тілі сабағында ақпараттық технологиялар көмегімен оқушылардың
білімін арттыру

Білім беру саласындағы инновациялық процестердің күрделілігі мен
қайшылықтары жаңа құбылыстармен әрекеттесу және жалпы орта білімді
ізгілендірудің сапалы кезеңінде оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың мәселесін өзекті етуде.

Соңғы жылдары оқу-тәрбие процесіндегі жеке тұлғаны дамытуға бағытталған
оқытуға үлкен мән берудің өзі еліміздегі өзгерістердің маңыздылығын
көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында ҚР стратегиялық дамуының
Қазақстан - 2030 бағдарламасында, ҚР білім беруді дамытудың 2005-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында Қазақстан Республикасында
Техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасында мемлекеттік саясаттың басты
принциптері ретінде жеке адамның шығармашылық әлеуетін дамыту, білім
берудің дамытушы сипатын арттыру мәселелерінде басты міндеттер қатарында
қойылған.

Оқыту үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы
қалыптасуды қажет етеді. Бұған қосымша дүние жүзілік талап оқушыларды
еңбекке оқыту жағдайында да интеграциялық білім беру жұмысын жүргізу
болып отыр. Бір сөзбен айтқанда, білім беруді жаңарту, ХХІ ғасыр тұрған
адамзат дамуының жаңа кезеңі ретінде білім алушыларға жан - жақты білім
берудің ауқымды мәселелерінің бірі ретінде саналып келеді.

Оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары, бағдарламалар ғылым,
техника, өндірістің дамуымен қатар қуып жетіп отыра алмайды. Сондықтанда да
олар білім алушылар үшін барлық қажетті уақыт талабындағы ғылыми
білімдердің деңгейін барлық кезде көрсете алмайды. Осы себептерге
байланысты оқыту мен тәрбиелеуде бағдарлама мазмұнын жаңартып, іріктеп
отыру қажеттігі туады. Маңызды нәтижелерге жету үшін жаңа үйлесімдегі
барлық әдістер мен құралдарды қолдана отырып, жаңа педагогикалық жүйелер
жасау қажет.

В.И. Загвизинскийдің пікірі бойынша сабақта білімге қызығушылық,
ізденуге, зерттеуге, ойлап табуға, тапқырлықты дамытуға атмосферасын орнату
маңызды десе, М.И. Махмутовтың пікірінше теориялық негіздеулерсіз, оқу
ақпараттарының көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін өте жетілген жаңа
әдістерді оқытудың тәжірибесіне енгізбейінше, үйренушілердің танымдық іс-
әрекетін белсенді етпейінше, олардың шығармашылық қабілеттіліктерін
жұмылдырмайынша оқушылардың шығармашылық қабілеттіліктерін қалыптастыру
мүмкін емес.(Кесте 1)

1-сурет.

Жаңаша жаңғырту әдістемесінің (инновация) негізінде үйренушінің дербес
қабілеті белсенділігін қалыптастыру, окыту материалдарын өзінше пайдалану
аркылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады.

Жаңаша белсенділігін жандандыру әдістемесі (интерактивтік) оқушыларға өзін-
өзі ыңғайлы сезінетін жағдайды қалыптастырып, олардың окуға деген
қызығушылығын, шетел тілін өз қажеттілігі үшін практикалық тұрғыдан
қолдануға деген ынтасын оятып, тілді оқып үйренуге деген талабын арттырады
және де сабактың нәтижесін жоғарылатады. Интерактивтік тәсіл шетел тілі
сабағындағы субъект болып табылатын оқушының жеке тұлғасының сезімін,
түйсігін шынайы қажеттілігімен сәйкестендіріп, оның тілдік, танымдық,
шығармашылық қабілетін оятумен, шетел тілі сабағын тілді қарым-қатынас
құралы ретінде қолданылуын көздейді.

Білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін
көтеру – бүгінгі күннің негізгі міндеттерінің біріне айналып отыр.
Сондықтан педагог мамандардың біліктілігін көтеруді ақпараттандыру туралы
тұжырымдама, стандарт және оқу-тақырыптық жоспарларын жасақтау қажет.
Аталған қажеттілікті шешу барысында педагог мамандардың біліктілігін
ақпараттық технологияны өз қызметтеріне пайдалану саласы бойынша
тұжырымдама, модульдік жұмыс бағдарламалары жасақталды. Сонымен бірге білім
беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың ақпараттық
сауаттылығын, ақпараттық мәдениетін және ақпараттық құзырлығы сияқты
қабілеттіліктерді қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне
айналып отыр. Ал, қазіргі таңда жоғарыдағы аталған мәселе қалай жүзеге
асырылып жатыр деген сауал туындайды. Әсіресе, мемлекеттік тілде осы
бағыттағы мәселелер әлі де жеткілікті деңгейде емес.
Қазіргі заманғы оқыту интелектуалдык ерекшеліктеріне сүйене отырып
білім беруді кажет етеді..

Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол
мүғалімді алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен
дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай
қолданылуы керек. Сырткы эффектіні қуып кетпей, окыту программасының тек
сыртқы емес, ішкі тиімділігіне көп көніл бөлген дұрыс. Компьютердің
сызбалық мүмкіндігін молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен,
сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды есеп шарттарына
да пайдалануға болады.

Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалык мәліметтерден
акпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай
мәліметтерге графиктер, схемалар, иллюстрациялар жатқызуға болады. Мұғалім
араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті
акпараттарды жинақтауда электрондык техникаларды енгізу уакыт үнемдейді,
карастырып отырған кезеңде акпараттың толыктығын жоғарылатады, ақпараттык-
аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын
калыптастыруға мүмкіндік туғызады.

Жаңа акпараттық технология кұралдарын ағылшын пәнінің кіріктірілген
сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуалдық қабілетінің
дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына
әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык
мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен
әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді:

өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды;
презентацияларды кұрауды біледі.
Программалауды оқыту оқушылардың логикалық қабілетін дамытады, бақылау
мен өзін-өзі бақылауын қалыптастырады, оқушылардъң еңбек ету мен дағдысының
жинақтылығын қамтамасыз етеді, жалпы мәдени-дүниетанымын қалыптастыруға
мүмкіндік туғызады.

Мақсаты:

- ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу процесіне енгізу
жағдайында тұжырымдамалық негізін жасақтау және оны жүйелеу;
- мазмұндық, процессуальдық және бағалау компоненттері негізінде
мазмұны мен оған сәйкес таңдалынатын педагог мамандардың
категорияларын таңдауды болжау;
- білім беруді ақпараттандыру жағдайына педагог мамандардың
біліктілігін көтеру.
Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамыз:

- білім беруді ақпараттандыруды дамыту тенденцияларын зерттеу және оған
сәйкес мазмұнын анықтау;

- педагог мамандардың ақпараттық-коммуникациялық пайдалана алу
дайындығын анықтайтын белгілер мен көрсеткіштерді жасақтау және
олардың ақпараттық құзырлығын қалыптастыру мүмкіндіктерін
зерттеу.
- педагог мамандарды ақпараттық технологияны өз қызметтеріне
енгізуге байланысты ұйымдастыру жүйесін жасақтау.
- ақпараттық технологияны білім мекемелерінің оқу процесіне енгізу
бойынша педагог мамандардың іс-тәжірибесін тарату.
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану
оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:

– оқушының дайындық деңгейiн, ынтасын және қабылдау
жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды меңгертуге
байланысты оқытуды ұйымдастыру және оқыту процесiне жаңа
ақпараттық технологияның мүмкiндiктерiн пайдалану;
– оқытудың жаңа әдiстерi мен формаларын (проблемалық,
ұйымдастырушылық-iс-әрекеттiк компьютерлiк ойындар және
т.б.);
– проблемалық, зерттеу, аналитикалық және модельдеу әдiстерiн
қолдану арқылы классикалық әдiстердi жетiлдiру;
– жаңа ақпараттық технология құралдарын (жаңа типтi
компьютерлер, телекоммуникация, виртуальды орта және
мультимедиа-технология) пайдалану арқылы оқу процесiнiң
материалдық-техникалық базасын жетiлдiру.
Мамандардың бiлiктiлiгiн көтеру мiндеттерiн шешуде оқу процесiнде
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды пайдаланудың келесi
мүмкiндiктерi ұсынылады:

– ақпараттық мәдениет элементтерiн қалыптастыруда бiлiм
мекемелерiнiң мамандарының қажеттiлiгiн қанағаттандыру:
информатика, ақпараттық және желiлiк технологиялар саласы бойынша
жаңа бiлiмдер алу;
– информатика мұғалiмдерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта
даярлау;
– бiлiм беру жүйесiн басқару мамандарын және пән мұғалiмдерiн жаңа
ақпараттық технологияны өз қызметтерiне еркiн пайдалана бiлуге
үйрету;
– информатика пәнiн оқытудың көкейкестi мәселелерi бойынша
информатика мұғалiмдерi үшiн стажировка өткiзу және оны
ұйымдастыру;
– арақашықтықтан оқыту формаларына мұғалiмдердiң қызметiн бағыттау;

– облыстағы бiлiм беру мекемелерiн ақпараттандырудың ғылыми-
әдiстемелiк бағыт бойынша жетекшiлiк ету;
– облыстың бiртұтас бiлiмдiк желiсiнiң ақпараттық ресрустарын
қалыптастыру;
– оқу процесi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстарға жаңа ақпараттық
технологияны қолдану негiзiнде олардың озық тәжiрибелерiн тарату.
Бiлiм беру мекемелерiнiң қызметкерлерiнiң жаңа ақпараттық технологияны
меңгерту саласы бойынша бiлiктiлiгiн көтерудің даярлау мiндеттерiн шешуде
институт көлемiнде осы сала бағытында өткiзiлетiн курстарды сабақтастыру
процесi жүзеге асырылуда.

ІІ бөлім. Шет тілі сабағын оқытуда интернетті қолдану

2.1 Шет тілі сабағындағы компьютерлік технологиялар

Қазіргі кезде білім жүйесі күннен-күнге ақпараттық технологиялар мен
компьютерлік телекоммуникацияларды қолдануда. Әсіресе қашықтықтан оқыту
жүйесі дамып келеді, бұған дәлел оқу орындарының компьютермен қамтамасыз
етілуі және интернет желілерінің дамуы.

Оқытудың дәріс-семинар формасы өзінің тиімділігін жоғалтты, оқу
уақытының 50% текке кететінін практика дәлелдеді. Шетелдік тәжірибені
зерттей келе, келесі маңызды аспектіні көрсетуге болады: мұғалім ақпаратты
таратушы рөлінде емес, кеңесші, кейде тіпті коллега ретінде болады бұндай
іс-әрекеттің мынадай жағымды жақтары бар: оқушы оқу процесіне активті түрде
қатысады, өз бетімен ойлауға бейімделеді, өз көзқарасын айтып және шын
ситуацияларды моделдейді.

Ақпараттық технологиялардың дамуы сабақ өткізуге – қашықтан оқу
формасын кіргізуге мүмкіндік жасады. Бұл, біріншіден, оқушының оқу уақыты
мен орнын өзі таңдауына мүмкіншілік жасайды, екіншіден, дәстүрлі білім алу
мүмкіншілігінен айырылған адамдарға білім алу мүмкіндігін береді,
үшіншіден, жаңа ақпараттың оқуға кеткен шығынды азайтады. Сонымен қатар,
қашықтан білім алу жеке түрде білім алу мүмкіндігін күшейтеді.

Ереже бойынша, қашықтан оқыту формасында электронды оқулықтар
қолданылады. Бұл оқулықтардың тиімділігі, біздің ойымызша: біріншіден,
олардың мобильдігі, екіншіден, компьютер желілерінің дамуына байланысты кез-
келген жерде қолдану мүмкіндігінің болуы. Электронды оқулықтардың жасау
ақпарат материалдарын үнемі жаңартып тұруға мүмкіндік жасайды. Электронды
оқулықтарда жаттығулар мен мысалдар түрлері көптеп қарастырылады
(беріледі). Сонымен қатар, электронды оқулықтар көмегімен білімді бақылау –
компьютер арқылы тестілеу жүзеге асырылады.

Қазіргі кезеңде қашықтан оқыту дүние жүзінде өте белгілі білім беру
формасы болып табылады. Қазіргі кезде көптеген университеттер мен
колледждерде қашықтан оқыту әдісі қолға алынып отыр. Халықаралық ақпараттық
академия құрылды, бұл жерде 1998 жылы дүниежүзілік университет жұмыс
жасайды, бұл университет үш елде – Ресей, Қазақстан және Бельгияда бар.
Электронды оқулықтарды қолдану – берілген материалды оқушының саналы
игеруіне көмектеседі. Сонымен, ақпараттық технологияның дамуы білім беруде
әдістеменің жаңа әдістерін ойлап табуға мүмкіндік жасайды және сапасын
арттырады.

Қашықтан оқыту – білім берудің кешенді түрі, елде және шет елдегі
халықтың басым бөлігіне арнайы ақпараттық жұйе арқылы (спутникті теледидар,
радио, компьютер байланысы және т.б.) іске асады. Қашықтан оқытудың
ақпаратты білім жүйесі оқушыны ақпараттық ресурстармен, бағдарламалық,
ұйымдастыру-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етеді. Қашықтан оқыту
жұмыс істей жүріп білім алу формасының бір түрі, адамның білім және ақпарат
алуға деген құқығын жүзеге асырады. Яғни қашықтан оқыту білім берудің бір
түрі, оқушы мен оқытушының уақыты мен орны бір уақытқа сәйкес келмесе де,
білім алу мүмкіндігінің болуы. Егер де бұл анықтамамен келіссек, сырттай
оқу қашықтан оқытуға ұқсас, бірақ жеке ерекшелігі жоқ.

Мультимедиялық компьютер – бұл ақпаратты жеткізуші жаң а құрал ғана
емес, бұл face to face моделін көрсететін қондырғы. Сонымен қатар, тек
компьютерде ғана ақпаратты-анықтама жүйесі ерекшелігін (индивидуализация)
көрсетеді.

Электронды оқулық деген не және оның кәдімгі оқулықтан қандай
айырмашылығ бар? Көбіне электронды оқулықтың құрамына білім беретін,
тексеретін, моделдейтін және басқа бағдарламалар кіреді, ПЭВМ дисктерінде,
оқу пәндерінің негізгі мазмұны көрсетіледі. Электронды оқулық көбінесе
кәдімгі оқулықты толықтырады, әсіресе мынадай жағдайларда тиімді:

✓ Кері байланысты тез қамтамасыз етеді;
✓ Керекті информацияны тез табуға көмектеседі, ал кәдімгі оқулықта бұл
қиын;
✓ Уақытты үнемдейді;
✓ Қысқа мәтінмен қатар көрсетеді, әңгімелейді, моделдейді және т.б.
(осы жерде мультимедия-технологиясының мүмкіндіктері мен артықшылығы
байқалады) жеке адамды белгілі бір бөлім бойынша білімін тексеруге
мүмкіндік жасайды.
Электронды оқулықтың 3 негізгі жұмыс тәртібін көрсетуге болады:

1. тексерусіз оқу;
2. тексерумен оқу, әр тақырыптың (параграфтың) соңында оқушыға бірнеше
сұрақтар қойылады, бұл сұрақтар материалдың игерілу деңгейін
анықтайды;
3. тестілеу арқылы бақылау.
Оқулықтың электронды варианты бақылау құралдарын да қамтиды, себебі,
білімді бақылау оқытудың негізгі проблемаларының бірі. Отандық оқыту
жүйесінде көп уақыт білім тексеру, ережеге сәйкес, ауызша формада өтті.
Қазіргі кезеңде тестілеудің түрлі әдістері қолданылуды. Көп адамдар, әрине,
бұл көзқарасты, олардың ойынша, тестілер қажетті дағдыларды, мысалы, анализ
жасау, салыстыру және т.б. қалыптастырмайды. Жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану оқудың тиімділігін көтереді, сонымен қатар,
оқушының бірден-бір өз бетімен жұмыс істеу құралы болып табылады.

Белгілі бір пәнді игеру үшін, теорияны ғана емес, практикалық
дағдыларды, яғни тапсырманы орындау практикалық дағдыларды жинақтау керек
екендігі белгілі. Бұл үшін оқытылып жатқан процестер мен құбылыстардың
математикалық моделдерін құрып үйрену керек, шешімнің алгоритмін жобалап
және бағдарлама түрінде жүзеге асыру керек. Бұл мақсатқа жету үшін
электронды оқулық құрамына модельдік бағдарламалардың сериясы енгізілді,
бұл моделді бағдарламалар структуралардың графикалық иллюстрациясын және
алгоритмдердің жұмысын қамтамасыз етеді. Бұл оқушылардың түсіну деңгейін
көтеріп қана қоймай студанттің ойлау және сезу қызметін дамытуға септігін
тигізеді.

Жасалған жұмыс нәтижесі – электронды оқулық екі варианта жасалған:
компьютерлік интернет желісі арқылы және аудиторияда оқыту процесі кезінде
қолдану үшін. Ол заман талабына сай, компьютер арқылы оқыту құралы
талаптарына сай. Біріншіден, заманға сай мультимедиялық ақпараттарды алу
жолдарын (амалдарын) кіргізу мүмкіндігін кіргізеді, оқыту бағдарламасы
ретінде. Екіншіден, білімді тексеру үшін интерактивті құралдарды кіргізу
мүмкіндіктері, сонымен қатар, өзін-өзі тексеру мүмкіндігі және үшіншіден,
қазіргі кезде оқулықтардың жетіспеуін байланысты электронды түрін дискетаға
түсіріп, үй жағдайында компьютерде қолдануға болады. Егер де оқулықты
серверге қойса, онда оның қоланылуына шек қойылмайды[18, 231-233].

Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологияларды қолдану туралы жиі сөз
болып жүр. Бұл жаңа техникалық құралдар ғана емес, сонымен қатар, оқытудың
жаңа формалары мен әдістері, оқыту процесіне жаңаша қарау. Шетел тіліне
оқытудың негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативті мәдениетін қалыптастыру
мен дамыту, шетел тілінде іс-жүзінде сөйлеуге үйрету.

Оқытушының міндеті - әр оқушы үшін шетел тілін іс-жүзінде игеру
мүмкіндігін жасау, әр оқушы өзінің шығармашылығын, белсенділігін көрсете
алатындай оқыту әдісін таңдау. Оқытушының міндеті – шетел тіліне оқыту
процесі кезінде оқушының танымдық іс-әрекетін жандандыру. Қазіргі кездегі
педагогикалық технологиялар, мысалы, жобалау әдісі, жаңа ақпараттық
технологияларды қолдану, интернет ресурстарын қолдану оқытудың жеке
бағытталған жолын (амалын) қамтамасыз етеді.

Компьютермен жұмыс формасы, оқыту бағдарламалары бар, компьютермен
жұмыс істеу формасы, шетел тілі сабағында мынадай жұмыстарды қамтиды:

✓ сөздермен жұмыс жасау;
✓ дыбыстап айту;
✓ сөйлеудің монологтық және диалогтық түріне үйрету;
✓ жазуға үйрету;
✓ грамматикалық құбылыстармен жұмыс жасау.
Интернет ресурстарын қолдану мүмкіндіктері өте үлкен. Интернет оқушылар
мен оқытушыларға қажетті кез-келген ақпараттарды, жер шарының қай жерінен
болса да алуға мүмкіндік береді; елтену бойынша материал, жастар өмірінен
жаңалықтар, газеттерден мақалалар, қажетті әдебиет және т.б. Оқушылар
интернет желісі арқылы өткізілетін тестілеуге, викториналарға,
конкурстарға, олимпиадаларға қатыса алады, басқа елдердегі құрбыларымен хат
алмасып тұруларына болады. Қазіргі кездегі шетел тілін игеруге қойылатын
талап – шетел тілінде іс-жүзінде сөйлей алуға үйрету, оны күнделікті өмірде
қолдана білу.

Ақпаратты технологияларды қолдану интернеттің үлкен мүмкіндіктерін
оқыту құралы ретінде ашады.

Әлеуметтік-мәдени компетенцияның тиімді жолдарын іздестіруде
зерттеушілер арасында бұрын болмаған үлкен мүмкіндіктері бар компьютерлік
технологиялар үлкен қызығушылық тудыруда. Атап айтқанда, виртуалды
кеңістікке, аутентті виртуалды интерактивті тілдік орта болып табылатын
Интернетке ену көптеген зерттеуші-әдіскерлермен аталған компетенцияны
дамытудың тиімді құралы ретінде қарастырылады.

Егер шетел тіліне оқытуда Интернет беретін мүмкіндіктер мен қызметтерге
толығырақ тоқталсақ, келесілерді атауға болар еді: мысалы, оқушылар
Интернет тоаптарында берілетін құжаттардағы тапсырмалар мен жаттығуларды
орындай алады, үйреніп жүрген тілінде электронды пошта арқылы хат алысып,
виртуалды қатынас клубтарына – телеконференцияларға қатыса алады және нақты
уақыт тәртібінде мәтіндік хабарламалармен алмасуға, радиобағдарламаларды
тыңдауға, бейнероликтер көруге, яғни ақпараттың қандай да түрлерін
қолдануға мүмкіндіктері бар. Мұнда ақпаратты қандай да арақашықтыққа тез
арада жеткізу, алыстағы ақпарат көздерін пайдалану мүмкіндігі,
интерактивтілік (жылдам кері байланыс пен сұхбат мүмкіндігі), іздеу
жүйелері арқылы және өз бетімен іздеу, алынған материалдарды түрлі
тасушыларға ауыстырып салу және т.с.с. Интернеттің артықшылықтары
пайдаланылады.

Интернет ШТ (шетел тілін) үйренушілерге аутентті мәтіндерді қолдануға,
тіл тасушыларын тыңдап, олармен қарым-қатынас жасауға қайталанбас
мүмкіндіктер береді, яғни ол табиғи тілдік ортаны қалыптастырады.

Дегенмен, Е.С.Полаттың көрсетуі бойынша, қандай да болмасын оқыту
құралы, ақпараттық-тақырыптық ортаның қандай да қасиеттерге ие болғанына
қарамастан, дидактикалық мәселелер, білім берудің нақты
мақсаттарыменшартталған танымдыққызметтің ерекшеліктері бірінші кезекті
болып табылады. Демек, Интернет өзінің барлық мүмкіндіктері және
қорларымен қоса, осы мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың құралы болып
табылады.

Бұған қоса, ғаламдық желінің ақпараттық ресурстарын қолдана отыра,
оларды оқу үрдісіне енгізіп, сәйкес дидактикалық түсініктемелер беру арқылы
дидактикалық мәселелердің келесі қатарын тиімді шешуге болады:

➢ Күрделілік дәрежесі жағынан түрлі материалдарды тікелей пайдаланып,
оқылым дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;
➢ Желіден алынған материалдарды мәселелік талқылаудың негізінде
монологтық және диалогтық айтылым білігін жетілдіру;
➢ Жеке түрде немесе жазбаша серіктеріне жауап жазу, реферат, шығарма
және серіктердің бірлескен қызметінің басқа да эпистолярлы өнімдерін
дайындауға қатынасу арқылы жазбаша тіл білігін жетілдіру;
➢ Активті және пассивті сөз қорын қоғамның әлеуметтік және саяси
құрылысын, мәдениет дамуының белгілі сатысын білдіретін қазіргі ШТ
лексикасымен толтыру;
➢ Өз бойында тілдік этикетті, түрлі халықтардың қатынас жасау
жағдайындатілдік тәлімінің ерекшеліктерін, оқытылатын тіл елінің
мәдениеті мен дәстүрлерінің ерекшеліктерін қамтитын мәдениеттанымдық
білімдермен танысу;
➢ Тірі материалдарды жүйелі түрде қолдану мен қызығушылық тудыратын
мәселелерді талқылау негізінде өзге тілді қызметтің тұрақты
мотивациясын қалыптастыру
Тәжірибелік сабақ үстінде тікелей Интернетке кіру мүмкін емес, себебі
бүгінде жеткілікті компьютерлер саны мен Интернетке тегін кіру
мүмкіндіктері бар жабдықталған кабинеттер оңай табыла қоймайды, әрі
кабинеттердің техникалық жабдықталуы желінің барлық мүмкіндіктерін толық
пайдаландырмай отыр. Бүгінгі біздің жағдайымызда мұндай қызмет түріне
пайдаланушылардың көпшілігінің қолы жетпей отыр. Интернетті оқу үрдісіне
толыққанды құрал ретінде ендіру жөнінде айту әлі ертерек, бірақ біз
Интернеттің бізді мәтіндік, графикалық (статикалық немесе динамикалық) және
дыбыстық ақпаратпен қамтамасыз ете алатындығына сенеміз. Мұнда оның басты
және маңызды ерекшелігі ретінде оның аутенттілігі саналады. Бұдан біз
Интернеттің оқу бағдарламасына қатысты тәжірибелік сабақтың мазмұнына желі
материалдарын қосу арқылы ендірілуі жөнінде айта алатындығымыз айқындалады.

Интернеттің мұндай деңгейде қолданылуының келесі мүмкіндіктерін атауға
болады:

➢ Оқытушы сабақ өткізер алдында тәжірибелік сабақты өткізу үшін қандай
да бір аутентті материалдарды таңдай алады;
➢ Дыбыстық ақпаратты жазып алуға болады (дыбыстық плата болған
жағдайда) – тіл тасушыларының түрлі тақырыптарға қызықты сөздерін
қажетті қалыпқа дейін қысқартып алуларына болады;
➢ Желіден алынған түрлі мәселелелі ақпаратты ауызша талқылау,
пікірталас өткізу;
➢ Тіл тасушыларының оқытылатын тіл халқының мәдениетіне оның қызмет ету
ерекшеліктерін көрсететін реалиялар, идиомалар, мәтелдер, неологизмдер
және т.б. тұратын нақты хабарламаларын, ауызша немесе жазбаша
айтылымдарына лингвистикалық талдау жүргізу;
➢ Тәжірибелік сабаққа қосу үшін электронды грамматикалық, лексикалық
анықтамалықтардан, сөздіктерден, елтанымдық сипаттағы
анықтамалықтардан алынған материалдарды пайдалану[19,19-22].
Қазіргі заманғы компьютерлік бағдарламалар мен Интернет желісінің оқыту
тиімділігінің әлеуетінің жоғары болуына қарамастан, оқытудың нәтижелері
күткендей болмайды. Көптеген әдіскерлер компьютерлік оқытудың өзін ақтамай
жататындығын, көптеген бағдарламалардың, Интернет сайттарының әдістемелік
көзқарас тұрғысынан әлсіз болуымен, оқытудың міндеттеріне жауап бере
алмайтындығына, елеулі шектеулері болуы мен дәстүрлі оқыту технологиясымен
бәсекелесе алмайтындығымен байланыстырады. Басты мәселе, жаңа құралдардың
кемшіліктерінде емес, компьютер мен соған сәйкес бағдарламалық қамтамасыз
етулердің болуымен қатар, оқытушының олардың пайдалану әдістемесін
меңгергендігінде және осы әдістемені практикада іске асыра алуында.

2-сурет. Компьютерді оқу үрдісінде пайдалану

[20,98].

Оқу процесіндегі орнына қарай оқу құралдары орын басу құралдарына
кейбір жеке жұмыстарда оқытушылардың орнын ауыстыра алатын – ереже,
таблица, көрнекі құралдар, оқу материалдары және оқытудың көмекші құралдары
(тақта, магнитафон және теледидар) жатады.

Бірақ бұдан да күрделі оқыту құралдары бар. Бұл оқытудың кешенді
құралдары, оларға фонграммалар, фильмдер және әрине, компьютер
бағдарламалары жатады.

Оқытудың мультимедиялық құралдары оқытудың күрделі құралдарына жатады,
бұл мұғалім еңбегінің жаңа қаруы.

Компьтер бағдарламаларының қасиеттері көп екендігін практика көрсетті.
Олардың ішінде жеке оқыту және оқушылардың өздік жұмыстарын дамыту.

Жұмыс жасау барысында әр оқушының жеке ерекшеліктері ескеріледі. Кейбір
оқушылардың естіп-тыңдау қабілеті дамыған болуы мүмкін, кейбір оқушылардың
көріп есте сақтау қабілеті дамыған болады.

Жалпы, шетел тіліне компьютерлі технология арқылы оқыту келесі
ерекшеліктері арқылы сипатталады:

1. оқушының оқытушымен, парталас көршісімен жеке қарым-қатынасқа түсуіне
мүмкіншіліктің болуы;
2. тілдік және тілдік емес информация түрлі және кең көлемде пайдалана
алу.
Мультимедиялық технологияларды қолданурдың шетел тілін оқытудағы ең
маңызды аспектісі – оқытудың барлық бағдарламаларында шетел тілін оқытудың
барлық принциптерін табуға болады:

• ауызша негіз;
• сөз әрекетінің барлық түрлеріне параллель оқыту;
• оқытудың дифференциялық жолы;
• коммуникативті бағытталған;
• практикалық мақсаттылығы;
• кешенділігі;
• ана тіліне сүйену;
• толықтыру;
• ауызша жаттығулардың ситуативтілігі.
Оқытатын компьютерлі бағдарламалардың көмегімен тілдік дағдыларды
кешенді түрде жаттығу мүмкіншілігі бар:

дыбыстап айту;

• орфографиялық;
• интонациялық;
• лексикалық;
• графикалық (әріп пен сөзді жазу);
• грамматикалық дағды.
Компьютерлік технология негізінде ұйымдастырылған оқушылардың өздік
жұмысы кезінде компьютерлік бағдарламалар оқулықтардың ғана емес,
оқытушылардың да орнын баса алады, оқытушының қызметін жасайды:
түсіндіреді, бағалайды, ұйымдастырады және басшылық етеді.

Сол сияқты, шетел тілі сабақтарында компьютерді пайдалана отырып,
дидкатикалық құралдарды да пайдалануға болады.

3-сурет. Компьютерлі дидактикалық құрал

[21, 27].

Бірақ методикалық принциптердің қызметін анықтайтын оқытудың ең басты
шарты мұғалімдердің білімділігі. Оқытудың құралдары қандай болса да ол тек
қана құралдар болып қалады. Оқыту процесіндегі ең басты рөл оқытушынікі.
Оқыту процесін құрайтын және бағыттайтын оқытушы тобын мұғалімнің білімі
мен педагогтық шеберлігіне байланысты машина қаншалықты ақылды болса да,
оны адам басқарады.

Ағылшын тіліне оқыту бағдарламалары әр түрлі және өте көп.

Мультимедиялы технологиялардың көмегімен мұғалімдер шетел тілін оқыту
барысында сабақта мынадай жұмыс түрлерін жасай алады:

1. грамматиканы оқу (теория);
2. грамматиканы оқу (жаттығу);
3. лексиканы оқу;
4. жазу, сөйлем құрастыру;
5. ойын;
6. диктант жазу;
7. оқу;
8. дыбыстап оқу;
9. диалог (компьютермен).

8-сынып

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділігі: оқушылардың Қазақстан туралы сөздік қорларын кеңейту,
күрделендіру.
2. Дамытушылығы: өз еліміз туралы мәтінді тыңдап түсіну, сөйлеу, ойлау
қабілеттерін және өмірде қолдана білуін жетілдіру.
3. Тәрбиелігі: өз жеріміз туралы мәліметтерді жетілдіру арқылы Отанымызды
сүюге, елін, жерін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес, сайыс сабақ.

Типі: аралас сабақ.

Әдістері: сұрақ- жауап, ойын түрі “Кім жылдам?”, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілін оқытудағы интернет ресурстары
Компьютер арқылы ағылшын тілінде сабақтар өткізу
Қазіргі шет тілі сабағының ерекшеліктері
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану
Ағылшын тілін оқытуда интернет мүмкіндіктерін пайдалану
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдісте - месі
Ағылшын тілін оқытудың құрылымы
Оқытудың дамыту мақсаттары
Ағылшын тілі сабағындағы интернет-ресурстарын қолдану тәсілдері
Ағылшын тілін оқытуда ақпараттық технологиялардың рөлі мен орны
Пәндер