Экономикалық қылмыстарды зерттеу



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Экономика саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1.Экономикалық қылмыстың ұғымы, түсінігі.
1.2.Экономикалық қылмыстардың түрлері.
ІІ. Экономикалық қылмыстарды зерттеудің криминалистикалық негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Экономика саласында жасалатын қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы.
2.2. Экономикалық қылмыстарды тергеудің криминалистикалық тәсілдері

ІІІ.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату валюта операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік, монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың объектісіне нарықтық экономика жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың объективтік жағы қасақана, заңға қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субъектісі мемлекеттік кәсіп орындарда, мекемелерде және ұйымдарда экономикалық, шаруашылық міндеттерді атқаратын сондай-ақ жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып табылады. Экономикалық қылмыстардың субъективтік жағы қасақана сипатта жасалады. Олардың қылмыстарының себебі материалдық мүделік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зиян келтіру есебіне не пайда тауып жасайды.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қазіргі кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды десек қателеспейміз, себебі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда, яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейін келтірер зардабы жоғары және түрлері де көп, бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995жыл 30-тамыз.
2. «Жеті сыр» газеті №7(57)19.02.2010 жыл
3. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж
4. Қазақстан республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы
5. ҚР-ның қылмыстық кодексі. Алматы, 2004 жыл
6. Алауханов Е. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім, Алматы – 2001
7. Баев О.Я. Конфликтные ситуации на предварительном следствии. Основы размещения и предупретдения. – Воронеж, 1984г
8. Ұлжанов Е. Экономикалық қылмыстарға жол берілмесін, Заң – 2004
9. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік /Алматы-2001
10. Қазақстан республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 Заңы
11. «Жеке кәсіпкерлікті қорғау және оған қолдау көрсету туралы » заң
1995 ж 17 сәуір.
12. «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» заң 1995 ж 17 сәуір
13. «криминалистикаа», под редакцией Н.П.Яблокова, Москва, Юрист, 2000г.
14. А.Н.Ағыбаев, А.Т.Қожаниязов «Парақорлық үшін қылмыстық жауаптылық» Оқу құралы Алматы-2005ж.
15.ҚР қылмыстық кодексі Алматы 2001
16. криминалистика негіздері А.Ғ. Әбуов Алматы-2004
17.Криминалистика дәрістер курсы. Астана «Дәнекер» 2005
18. Алауханов Е.О.Криминалогия. Алматы «жеті жарғы».
19. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132.
20. Е.Ғ. Жәкішев, Ә.А. Исаев, Г.Х. Найманова, Р.Б. Тапалова, Н.с. Темірболат. Криминалистикалық оқулық. Алматы «Қазақ университеті» 2005
21. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агентігін (қаржы полициясы) қайта ұйымдастыру туралы» 2005 ж. 25 ақпандағы - №1521 Жарлығы.
22. А.Ғ. Абуов. Криминалистика негіздері. Алматы «жеті жарғы».
23. Аленчинов Ж. Исторические предпосылки формирования коррупционного правосознания в Казахстане. // Фемида. - №2. 2007. – С. 11.
24. Құттаяқов Ш. Қазаннан қақпақ кетсе...Экономикалық қылмыстармен күрес туралы ой – толғамдар. – Астана: Елорда, 2000.
25. Ахметов А. Коррупция в минусе когда борьба с ней. //Казахстанская правда. - №.127. 2007. – С. 1-2.
26. Жакишев Е. Криминалитисческая тактика. – Алматы, “Жеті Жарғы”, 1997г.
27. Куванов В.В. Раследование мошенических действий. – Алматы. 1999г.
28. Белкин Р.С. “Криминалистика”. – М., 1999г
29. Апаханов А.Н. Проблемы уголовно – предварительного принуждения в стадии предпредварительного расследования. – Алматы, 1997г
30. Нургалиев Б.М. Теоретические и прикладные и проблемы раследования преступной дятельности. Афтореферат, Алматы, 1998г.
31. Белозеров Ю.Н., Рябоконь В.В. Пройзводство следственных действий. – М., 1990г.
32. Гинзбург А.Я., Белкин А.Р. Криминалистическая тактика. Учебник. Алматы, 1998г.
33. Грамович Г.И. Тактика использования специльных познаний в раскрытии и раследование преступлений. – Минск., 1987г.
34.Белозеров Ю.Н., Рябоконь В.В. Пройзводство следственных действий. – М., 1990г.
35. Белозеров Ю.Н, Ряоконь В.В, Производство следственных действий. М., 1990г.
36. “Криминалистика”, учебно-практическое пособие в илюстрациях, под редакцией Н.Я. Гинзбурга, Алматы, 2001 г.
37. Қазақстан Республикасының «Экономикалық қылмысқа қарсы күрес туралы» 1998 ж. 2 шілдедегі №267 - 1 Заңы. //Казахстанская правда. - 1998 ж. 9 шілдедегі. - №132.
38.Жакишев Е. Криминалитисческая тактика. – Алматы, “Жеті Жарғы”, 2000г.
39 Қапаров С.Ғ. Экономикалық қылмысқа қарсы стратегияны іске асырудың шетелдік тәжірибесі. Дөңгелек үстелдің ақпараты «Құқық қорғау органдары, прокурорлар, судъялар және өзге де тиісті лауазымды тұлғалар үшін экономикалық қылмысқа қарсы мәселелері жөніндегі мамандырылған семинар бағдарламасы. //www.apa.kz 28.01-01.02. 2008ж.

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І. Экономика саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1.Экономикалық қылмыстың ұғымы, түсінігі.
1.2.Экономикалық қылмыстардың түрлері.
ІІ. Экономикалық қылмыстарды зерттеудің криминалистикалық
негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Экономика саласында жасалатын қылмыстың криминалистикалық сипаттамасы.
2.2. Экономикалық қылмыстарды тергеудің криминалистикалық тәсілдері

ІІІ.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ..

Кіріспе.

Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында қоғамға
азаматтарға аса зор материалдық нұқсан келтіретін экономикалық қылмыстардың
қауіптілігі ерекше. Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға контрабанда
жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату валюта
операцияларының ережелерін бұзу, мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді
ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында
жасалатын, сауда ережесін бұзу, сапасыз өнімдерді сату, жалған кәсіпкерлік,
монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі
зор.
Экономика аясындағы қылмыстардың объектісіне нарықтық экономика
жағдайларында, Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың
мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың объективтік жағы қасақана, заңға
қайшы белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субъектісі мемлекеттік кәсіп
орындарда, мекемелерде және ұйымдарда экономикалық, шаруашылық
міндеттерді атқаратын сондай-ақ жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа
толған азаматтар болып табылады. Экономикалық қылмыстардың субъективтік
жағы қасақана сипатта жасалады. Олардың қылмыстарының себебі материалдық
мүделік. Олар өз игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зиян
келтіру есебіне не пайда тауып жасайды.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың қазіргі кезеңде көп
орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған орны ауқымды
десек қателеспейміз, себебі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға қарағанда, яғни
адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейін келтірер зардабы жоғары және
түрлері де көп, бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен жасалады.
Диплом жұмысының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік
қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын
басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он cегіз жылдан асты. Еліміздің
мызғымас ірге тасы қаланып, Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына
мүше болып енді, тәуелсіз мемлекет ретінде 120-дан астам елдер мойындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасы
тәуелсіздік қарсаңына арналған салтанатты жиналысында сөйлеген сөзінде біз
осы жылдар ішінде, сөз жоқ талай ондаған жылдарға татырлық жылдан өттік,
біз Конституция қабылдадық, онда билік құрудың жаңа қағидаттарын бекітіп,
азаматтардың негізгі құқықтарын қорғауға алдық. Біздің басты
жетістіктеріміз – 1995 жылы. бүкіл халқымыз қабылдаған осы Конституцияның
жемісі, - деді.
Қазақстан Республикасының Құқықтық саясат тұжырымдамасында
көрсетілгеніндей қылмыстық заңнамада заңмен қорғалатын әлеуметтік жоғары
құндылықтар ретіндегі адам құқықтары мен бостандықтарының бастылығы мен
ажырамастығын тану негізге алынуға тиіс.
Бұл тұжырымдамада көзделген шараларды орындау Қазақстанда
демократиялық, зайырлы, әлеуметтік, құқықтық мемлекет құруға ықпал етеді.
Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестің 2000-2009 арналған
түбегейлі бағдарламасында әлеуметтік-экономикалық реформаларды және
қоғамдық демократияландыруды одан әрі тереңдете түсу, құқықтық салалы
реформаларды, қалыптасқан құқықты қолдану іс-тәжірибесінің өзгеруіне, жаңа
құқықтық институттардың құрылуына байланысты туындайтын қоғамдық
қатынастардың заңнамалық реттелуін қалайды.
Диплом жұмысының мақсаты. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған
мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, экономикалық
қылмыстардың көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан
Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, экономикалық
қылмыстарға байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың
жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту
арқылы мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да
адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін
қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық
бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын
белгілеу. Сонымен қатар демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы
жариялық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына
деген сенім нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге
ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы
үшін жағдайлар жасауға бағыттау.
Диплом жұмысының міндеті. Берілген зерттеу жұмысының алға қойған
міндеттері – елімізде жиі кездесіп отыратын экономикалық қызмет саласындағы
қылмыстарды болдырмау, оның болуына жол бермеу болып табылады.
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті
қарастыратын нормалар қоғамдық қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін
де бір қалыпты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл зерртеу барысында экономикалық қылмыстармен біршама жою, тіпті
экономикалық қылмыстармен аз болса да күрес проблемасына қандай да бір
септігі тиер деген ұстаныммен осы зерттеуімді бастаймын. Бұл зерттеу
жұмысымда экономикалық қылмыстары зерттеуші бірнеше ғалымдардың пікірін
саралап өз ой-тұжырымымды ортаға салдым.

І. Экономика саласындағы қылмыстардың жалпы сипаттамасы.
1.1. Экономикалық қылмыстың ұғымы, түсінігі
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар материалдық және басқа да
құндылықтарды, халыққа көрсетілетін қызметті бөлуге, айырбастауға және
тұтынуға ба йланысты туындайтын, қоғамдық қатынасқа зардабын тигізетін,
қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекет. Экономикалық қызмет
саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілікті қарастыратын нормалар қоғамдық
қатынасты қорғауға, ел экономикасының еркін де бір қалыпты дамуын
қамтамасыз етуге бағытталған.
Мемлекеттік органдардың, жоғары лауазымды адамдардың қызметін ресми
түрде заңсыз деп тану конституциялық жауапкершіліктің нысандары
(санкциялары) болып табылады[1].
Экономиакалық қылмыстар соның ішінде, яғни сыбайлас жемқорлық латынша
corruptio-пара, сатылу деген мағынаны білдіреді. Экономикалық қылмысқа
қарсы ғылыми зерттеулер ХХ ғасырдың 80 жылдары терең етек ала бастады.
1995 жылы Каир қаласында өткен БҰҰ-ның 9-шы конгресінде жемқорлыққа қарсы
келесідей анықтама береді: Өзіңнің жеке мақсаттарын жүзеге асыруда
мемлекет құзырын пайдалану - деп айтқан болатын[2].
Экономикалық қызмет саласындағы кәсіпорындарда сол қызмет процесінде
қалыптасқан бірыңғай тектік қоғамдық қатынас болады.
Осы тарауға жататын бірқатар қылмыстардың міндетті түрдегі нышаны
ондағы қылмыс заты болып табылады. Мысалы, тауарлық белгі (ҚҚ-тің 199-
бабы), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын мәліметтер (200-бап),
бағалы қағаздар (202,205-баптар), жалған ақша (206-бап), төлем
карточкаларымен өзге төлем және есеп айырысу құжаттары (207-бап), акциздік
алым маркалары (208-бап).
Қарастырылатын қылмыстардың көбісінің объективтік жағы қылмыстың
жасалуымен сипатталады. Кейбіреулері әрекетсіздік арқылы да жасалынады.
Мысалы, несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (ҚҚ-тің 195-бабы), шетел
валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап), кеден төлемдері мен
алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), бухгалтерлік есеп ережелерін бұзу
(218-бап), салықтарды төлеуден жалтару (221, 222-баптар).
Экономикалық қызмет саласындағы кейбір қылмыстардың міндетті түрдегі
нышаны, ол – заңда көзделген қоғамға қауіпті зардаптардың болуы. Оларда
материалдық құрам болады. Мысалы, ҚҚ-тің 192-194, 196-198, 203-205, 215-222
- баптарында көзделген қылмыстар.
ҚҚ-тің осы, қарастырылып отырған тарауына кіретін бірқатар баптарда
бланкеттік сипат бар. Мысалы, ҚҚ-тің 197, 205, 218-баптары[3].
Мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға
теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байланысты
мүмкіндіктерді пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз
өкілеттіктерін өзгеше пайдалануы, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда
көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл
адамдарға жеке және заң тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылықтарды
құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алу экономикалық қылмыс деп
ұғынылады.
Осы заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген, заңдарда белгіленген
тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын
экономикалық қылмыспен жымдасқан немесе экономикалық қылмыстылық үшін
жағдай туғызатын әрекеттер экономикалық қылмысқа байланысты құқық
бұзушылықтар болып табылады[4].
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың барлығы, субъективтік
жағынан, өздерінің әдейі қасақана жасалғандығымен сипатталады. Олардың
кейбіреулерінің субъективтік жағының міндетті түрдегі нышаны, оларда себеп
пен мақсаттың болуы (ҚҚ-тің 192, 193, 198, 204-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың субъектісі қылмыс жасаған
кезде 16 жасқа толған, есі дұрыс адам бола алады. Ал, мұндай қылмыстардың
кейбіреулерінің субъектісі тек лауазымды адамдар (ҚҚ-тің 189, 225-баптары),
банк қызметкерлері ғана (189, 225-баптар) болады[5].
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар деп материалдық және басқа да
игіліктер мен қызметтерді өндіру, үлестіру, айырбастау және тұтыну бойынша
қалыптасатын қоғамдық қатынастарға қол сұғатын қылмыстық заңда
қарастырылған қоғамға қауіпті кінәлі іс-әрекеттерді айтады. Экономикалық
қызмет саласындағы қылмыстар үшін жауапкершілік көздейтін нормалар
еліміздің экономикасының еркін дамуын қамтамасыз ететін қоғамдық
қатынастарды қорғауға бағытталған. Осы арқылы ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің 7-
тарауының маңыздылығын көруге болады.
Бұл қылмыстардың тектік объектісі болып экономикалық қызмет барысында
қалыптасатын қоғамдық қатынастар табылады.
Осы тарауға жататын кейбір қылмыстардың міндетті белгісі оның заты болуы
да мүмкін (мысалы, товар белгісі – ҚК-тің 198-бабында, бағалы қағаздар – ҚК-
тің 202, 205, 206-баптарында).
Экономикалық қылмыстардың басым көпшілігінің объективтік жағы әрекеттер
арқылы сипатталады, алайда олардың бірсыпырасы сылбыр әрекеттермен де
жасалуы мүмкін (ҚК-тің 195, 213, 214-баптары).
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың басым көпшілігінің
құрамдарының міндетті белгісі ретінде оның қоғамға қауіпті зардаптарының
болуы аталған (ҚК-тің 192-194, 196-198-баптарында).
Субъективтік жағынан алғанда экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың
түгел дерлік қасақаналықпен жасалатындығы байқалады. Олардың
кейбіреулерінде ниет пен мақсаттың болуы талап етіледі (ҚК-тің 192-193-
баптары).
Экономикалық қылмыстардың субъектісі – жалпы. Кейбір қылмыстарда ғана
субъект арнайы болады (мысалы, ҚК-тің 189, 225-баптарында лауазымды
адамдар, 219, 220-баптарында – банк қызметкерлері).
Экономикалық қызмет саласында лауазымды адамдар тараптарынан екі қылмыс
жасалуы мүмкін: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚК-тің 189-бабы)
және табиғатты пайдалану бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеу (ҚК-тің 225-
бабы).
ҚК-тің 189-бабы бойынша жәбірленуші ретінде жеке кәсіпкерлер де,
коммерциялық ұйымдар да болуы мүмкін. Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі
жасау деп жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың құқықтары мен заңды
мүдделерін шектеуді; жеке кәсіпкерлердің немесе коммерциялық ұйымдардың
дербестілігін шектеуді; жеке кәсіпкерлер мен коммерциялық ұйымдардың
қызметіне өзге де жолдармен араласуды айтады. Бұл әрекеттер заңды күшіне
енген сот шешімін бұза отырып не болмаса ірі мөлшерде зиян келтіре отырып
жасалғанда ғана қылмыс деп танылады. Ірі мөлшердегі зиян түсінігі осы бапқа
берілген ескертуге аталған және ол ҚК-тің Ерекше бөлімінің 7-тарауының
бүкіл баптары үшін ортақ.
Лауазымды адамдардың екінші бір қылмысы пайдакүнемдік немесе басқа да
жеке-басының мүдделілігі салдарынан жасалады және табиғатты пайдалану
бойынша заңсыз мәмілелерді тіркеуден тұрады (ҚК-тің 225-бабы). Адам
әрекеттерінде қылмыс құрамының бар екендігі анықталуы үшін келесі
әрекеттердің бірінің жасалғандығын анықтаған жеткілікті: 1) табиғатты
пайдалану бойынша көрінеу заңсыз мәмілелерді тіркеу; 2) табиғи ресурстардың
мемлекеттік есебі мен мемлекеттік кадастрлерінің мәліметтерін әдейі
бұрмалау; 3) табиғи ресурстарды пайдалану, қоршаған ортаны ластау, табиғи
ресурстарды қайта қалпына келтіру ережелерін бұзу үшін төлемақыны
азайту[6].
Экономикалық қылмысқа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.
1. Сыбайлас жемқорлыққа құқық бұзушылықтар үшін осы заңның негізінде
мемлекеттік міндеттер атқаруға уәкілетті адамдар мен оларға теңестірілген
адамдар жауапты болады.
2. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:
1) барлық лауазымды адамдар, Парламенттің және маслихаттардың
депутаттары, судьялар;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы
заңдарына сәйкес барлық мемлекеттік қызметшілер жатады.
3. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілетті адамдарға:
1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;
2) заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының
Президенттігіне, Қазақастан Республикасының Парламенті мен маслихаттардың
депутаттығына кандидаттар ретінде тіркелген азаматтар, сондай-ақ
жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарының мүшелері;
3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша
жұмыс істейтін, еңбегіне ақы Қазақастан Республикасының мемлекеттік бюджет
қаражатынан төленетін қызметшілер;
4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің
үлесі кемінде отыз бес процент болатын ұйымдарда, сондай-ақ жарғылық
капиталындағы мемлекеттің үлесі (кемінде отыз бес процент) ұлттық
басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық даму институттарына,
ұлттық компанияларға берілген ұйымдарда, сондай-ақ олардың еншілес
ұйымдарында басқару функцияларын атқаратын адамдар теңестіріледі.
4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне лауазымды
және мемлекеттік міндет атқаруға уәкілетті өзге де адамдарды немесе оларға
теңестірілген адамдарды сатып алуды жүзеге асырушы, сол сияқты оларға
заңға қайшы мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке және заңды
тұлғалар да жатады.
Тікелей субъектісі бойынша экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды
шартты түрде мынандай түрлерге бөлуге болады:
1) кәсіпкерлік саладағы және экономикалық қызметтің басқа да
саласындағы қылмыстар: заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау (ҚҚ-тің 189
бабы), заңсыз кәсіпкерлік (190-бап), заңсыз банктік қызмет (191-бап),
жалған кәсіпкерлік (192-бап), заңсыз жолмен алынған ақша қаражатын немесе
өзге мүлікті заңдастыру (193-бап), монополистік іс-әрекеттер және бәсекені
шектеу (196-бап), көрінеу жалған жарнама беру (198-бап), тауарлық белгіні
заңсыз пайдалану (199-бап), коммерциялық немесе банктік құпияны құрайтын
мәліметтерді заңсыз алу мен жария ету (200-бап), кәсіптік спорт
жарыстарының және ойын сауықтық коммерциялық конкурстардың қатысушылары мен
ұйымдастырушыларын сатып алу (201-бап), банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-
әрекеттер (215-бап), әдейі банкроттық (217-бап), бухгалтерлік есеп
ережелерін бұзу (218-бап), табиғат пайдалану жөніндегі заңсыз мәмілелерді
тіркеу (225-бап), мәміле жасауға немесе оны жасаудан бас тартуға мәжбүр ету
(ҚК-тің 226 бабы);
2) ақша-несие саласындағы қылмыстар: несиені заңсыз алу және мақсатсыз
пайдалану (ҚК-тің 194 бабы), несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару (195-
бап), бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу (202-бап), бағалы
қағаздарды ұстаушылар тізіміне көрінеу жалған мәліметтер енгізу (203-бап),
бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар туралы көрінеу жалған
мәліметтер беру (204-бап), бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін бұзу (205-бап), жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және
есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату (ҚК-тің 207 бабы);
3) қаржылық қызмет саласындағы қылмыстар: акциздік алғы маркаларын
қолдан жасау және пайдалану (ҚК-тің 208 бабы), экономикалық контрабанда
(209-бап), шетел валютасындағы қаражатты шетелден қайтармау (213-бап),
кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару (214-бап), банк операциялары
туралы көрінеу жалған мәліметтер беру (219-бап), банктің ақша қаражатын
заңсыз пайдалану (220-бап), азаматтың салық төлеуден жалтаруы (221-бап),
ұйымдарға салынатын салықты төлеуден жалтару (ҚК-тің 222 бабы);
4) сауда және халыққа кызмет көрсету саласындағы қылмыстар: көпшілік
сауда-саттықтар мен аукциондарды өткізудің белгіленген тәртібін әдейі бұзу
(ҚК-тің 197 бабы), тұтынушыларды алдау (223-бап), заңсыз сыйақы алу (ҚК-тін
224 бабы);
5) экономикалық қызмет саласындағы басқа да қылмыстар: компьютерлік
ақпаратқа заңсыз кіру. ЭЕМ үшін зиянды бағдарламаларды жасау, пайдалану
және тарату (ҚК-тің 227 бабы) [7].

Экономикалық қылмыстарға қарсы күрестің негізгі принциптері
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес:
- барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
- мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуді,
мұндай қызметтің заңдылығымен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және
заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу
рәсімдерін жетілдіру;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін,
сондай-ақ мемлекттің әлеуметік-эконмикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару
жүйелерін қорғаудың басымдығы;
- Қазақстан Республкасының Конституциясының 39-бабының 1-тарма-
- ғына сәйкес лауазымды адамдармен мемлеттік міндеттерді атқаруға
уәкілдік берілген басқа адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген
адамдардың құқықтардың бостандықтарын шетеуге жол берілуін тану;
- Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарымен заңды
мүдделерін қалпына келтіру, экономикалық қылмыспен құқық бұзушылықтың
зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;
- Экономикалық қылмыспен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем
жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды
көтермелеу;
- Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік беруден адамдар мен
соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің
қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін
қамтамасыз ететін жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
- Осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға
кәсіпкерлік қызметті мемлекттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау,
сондай-ақ оған бақылау жасау;
- Экономикалық қылмысқа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу,
жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен
өзге де қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен
заңға қайшы тапқан ақша қаражатымен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу
мақсатында арнайы қаржылық бақылау шаралары қолданылады;
- Кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік
міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 3-бабының 1, 2
және 3 тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға,
соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді басқару органдарында ақы
төленетін қызметтер атқаруға тиым салуды белгілеу;
- Қоғамдық бақылауында қамтамасыз және қоғамда экономикалық
қылмыс көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыпртастыру негізінде жүзеге
асырылады.
Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне, елімізге шетел инвестицияларының
жалпы нарықта бәсекелестіктің дамуына, жалпы ішкі өнімнің өсуіне,
халқымыздың әл-ауқатының жоғарылауына, мемлекет экономикасының бірқалыпты
дамуына кедергі келтіретін бірден-бір фактор бұл экономикалық қылмыстар.
Яғни, осы фактормен күресу арқылы, жоғарыда аталған жетістіктерге жетуге
болады.
ҚР “Экономиакалық қылмыстармен күресу туралы” Заңы эономиакалық
қылмысқа келесідей анықтама береді. Ол: “Мемлекеттік міндеттерді орындайтын
адамдар, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар, тікелей өзі немесе делдал
арқылы өздерінің лауазымды құзіреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда
алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлықты және артықшылықты
қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлықты және
артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш
жайлылықты артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып
алу”.
ҚР Президентінің 2005 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен бекітілген
2006-2010 жылдарға арналған экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша
Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес, 2008 жылға дейін мемлекеттік органдар
қабылдаған шешімдердің ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету, мемлекеттік
басқару органдарының рұқсат ету және әкімшілік құзіреттерін оңтайландыру,
сондай-ақ мемлекеттік сатып алудың электрондық жүйесіне көшу негізінде
мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау.
Нормативтік құқықтық актілерді экономикалық қылмыстарға қарсы
сараптаудың пәрменді тетігін енгізу, бюджеттік қаражаттың жұмсалуына
қоғамдық бақылау жүйесін құру, жеке рұқсат беру міндеттерін азаматтық қоғам
институттарына беру, ақшалай қаражаттың қолма-қол айналымын мейлінше
көбірек қысқарту бойынша шаралар енгізу, заңға қайшы жолмен ақшалай
қаражатты заңдастыруға қарсы іс-әрекет жасау қарастырылған.
Жеке және заңды тұлғалардың құқығы мен заңды мүдделеріне қатысты бар
сұрақтарды шешу процедурасын және кадр жұмысын, мемлекеттік аппарат
құрылымын жетілдіру.
Мемлекеттік бағдарламамен мемлекеттік органдар мен кәсіпкерлік
субъектілерінің өзара іс-әрекеттерінің нақты құқықтық тәртіптеу формалары
мен механизмдерін жүзеге асыру, сондай-ақ сот шешімдерін қабылдаудың
мөлдірлігін және олардың дер кезінде орындалуына ықпал жасау қарастырылған.
Заңға сәйкес аталған қағидалар:
- мемлекеттік функцияларды орындауға өкілетті;
- лауазымды және соларға теңестірілген басқа адамдардың құықтарын
және еркіндігін ҚР конституциясының 39-бабы 1-тармағына сәйкес шектеу;
- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды
мүдделерін қалпына келтіру, экономикалық қылмыстар құқық бұзушылықтың
зиянды салдарын жою және алдын алу;
- экономикалық қылмыс құқық бұзушылықпен күреске ықпал
жасайтын азаматтардың жеке қауіпсіздігін;
- кәсіпкерлік қызметке бақылау жасайтын жеке және заңды
тұлғаларға мемлекеттік реттеу өкілеттігін беруді болдырмау.[8]

1.2. Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстардың түрлері.
Ақша – несие саласындағы қылмыстар
Несиені заңсыз алу және мақсатсыз пайдалану
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі – банктердің және басқа
несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласындағы қоғамдық
қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі – несие берушілердің мүліктік
мүдделері.
Қылмыстың заты – несие, демеу қаржы не несиелеудің жеңілдікті шарттары.
Несие дегеніміз – ақша қаражаты немесе тауар түрінде берілген қарыз,
оны қарыз алушы несие берушіге қайтаруға тиіс.
Бұл қылмыстың объективтік жағы әрекет арқылы да, яғни несие, демеу
қаржы не жеңілдікті шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы,
қаржылық жай-күйі немесе кепілдік мүлкі не өзге де мән-жайлар туралы көпе-
көрінеу жалған мәліметтерді беру арқылы несие, демеуқаржы не жеңілдікті
шарттар алу жолымен, сонымен қатар әрекетсіздікпен де, яғни несиелеуді,
демеуқаржы беруді тоқтатуға, жеңілдікті алып тастауға не бөлінген несиенің
немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп соғуы мүмкін, кейін туындаған
мән-жайларды банкке немесе басқа несие берушіге хабарламау арқылы да жүзеге
асырылады. Бұл қылмысты жасаудың тәсілі — несие, демеуқаржы не жеңілдікті
шарттар алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі
немесе кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар туралы көпе-көрінеу жалған
мәлімет беру.
Қылмыстың құрамы — материалдық. Несиені заңсыз алу бұл іс-әрекет ірі
зиян келтірген кезде аяқталады, зиянның мөлшері ҚК-тің 189 бабына берілген
ескертуде белгіленген.
Бұл қылмысты алаяқтық түріндегі ұрлықтан бөлектеп алу қажет, себебі,
бұл жағдайда айыпкер несие берушіден мүлікті тегін алуды мақсат тұтпайды,
келешекте оны қайтарамын деп ойлайды.
Қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі кінә. Жеке
кәсіпкер немесе ұйымның бастығы несие, демеу-қаржы не жеңілдікті шарттар
алу үшін маңызы бар, өзінің шаруашылық жағдайы, қаржылық жай-күйі немесе
кепілдік мүлкі не басқадай мән-жайлар жөніндегі ақпаратты көпе-көрінеу
жалған беріп, не несиелерді, демеуқаржы бөлуді тоқтатуға, жеңілдіктерді
жоюға, не бөлінген несиенің немесе демеуқаржының мөлшерін шектеуге әкеп
соғатын мән-жайлар туралы ақпаратты банкке немесе басқа несие берушіге
хабарламай несие, демеуқаржы не жеңілдікті шарттар алып отырғанын біледі
және соны қалайды.[9]
Несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару.
Бұл қылмыстың негізгі тікелей объектісі — банктердің және басқа
несиелік мекемелердің несиелік қызметі саласында қалыптасқан қоғамдық
қатынастар.
Қылмыстың қосымша объектісі — несие берушілердің мүліктік мүдделері.
Қылмыс заты — несиелік берешек.
Несиелік берешек дегеніміз — несие берушіге белгілі бір мерзімде
қайтарылуға тиісті, қарызға алынған ақша қаражаты.
Қылмыстық, объективтік жағы ірі мөлшердегі несиелік берешекті өтеуден
әдейі жалтару болып табылады.
Несиелік берешекті өтеуден жалтару дегеніміз несиені шартта көрсетілген
мерзімде қайтармау. Егер, соттың тиісті шешімі күшіне кіргеннен кейін несие
қайтарылмаса, ал несие алушының оны қайтаруға мүмкіндігі болса, онда бұл
несиелік берешекті өтеуден әдейі жалтару деп танылады.
Айыпкердің іс-әрекетін осы бап бойынша саралау үшін несиелік берешек,
осы бапқа берілген ескертуге сай, азамат-қарызгер үшін жүз айлық есептік
көрсеткіштен асатын сома немесе ұйым-қарызгер үшін екі мың бес жүз айлық
есептік көрсеткіштен асатын сома болуға тиіс.
Қылмыс құрамы — формальды. Бұл қылмысты аяқталды деп санау үшін тиісті
сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін, өтеуге мүмкіндік бола тұрып
ірі мөлшердегі несиені қайтармау фактісі анықталса жеткілікті. Бұл
қарастырылып отырған қылмыстың субъективтік жағы — тікелей ниет түріндегі
кінә. Кінәлі адам ірі мөлшерден несиелік берешекті өтеу жөніндегі заңды
күшіне енген сот шешімін орындамай отырғанын біледі және өзінің несиелік
міндеттемелерін орындаудан жалтаруды қалайды.
Қылмыс субъектісі —16-ға толған азамат немесе ұйым басшысы.[10]
Бағалы қағаздарды шығару (эмиссия) тәртібін бұзу
Мемлекет экономикасының маңызды салаларының бірі — бағалы қағаздар
рыногы, ол Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздан Бағалы
қағаздар рыногы туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5
наурыздағы Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені
мемлекеттік тіркеу туралы Заңымен, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28
сәуірдегі Қазақстан Республикасындағы вексельдік айналым туралы Заңымен
реттеледі. Бұл нормативтік актілер бағалы қағаздарды шығару және айналымға
жіберу, бағалы қағаздар рыногы субъектілерінің қызметін жүзеге асыру
тәртібін белгілейді, бағалы қағаздар рыногының кәсіпкер қатысушыларының
қызметін реттейді.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — бағалы қағаздардың эмиссиясына
байланысты бағалы қағаздар рыногында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңға сәйкес эмиссия дегеніміз — бағалы
қағаздарды шығару және орналастыру (2-бап). Эмиссия жарияланған жарғылық
капиталды құрастыру және өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатында эмитент аркылы іске асырылады (өндіріледі), (13-бап). Эмиссияның
нәтижесінде мемлекеттік және мемлекеттік емес бағалы қағаздар шығарылады
және орналастырылады (14 және 15-баптар). Эмиссия әртүрлі әрекеттерді
қамтиды, оның ішінде эмиссия проспектісінде инвесторлар үшін берілген
ақпараттарды ашу және бағалы қағаздарды шығарудың және орналастырудың
корытындысы бойынша есеп ұсыну (15-б).
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі бағалы қағазды белгіленген
нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, жүзеге асырылуы тек оны
көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік құқықтарды куәландыратын құжат деп
анықтайды (129-баптың 1 бөлігі).[11]
Қылмыс заты — эмиссия проспекті немесе бағалы қағаздар шығару жөніндегі
есеп.
Эмиссия проспектісі дегеніміз — эмитент, оның қаржылық жай-күйі және
шығарылатын бағалы қағаздар жайындағы ақпараты бар құжаттар пакеті (заңның
2 бабы).
Бағалы қағаздарды шығару жөніндегі есеп дегеніміз — эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығарудың және орналастырудың қорытындысы туралы құжаттар
пакеті, оны эмитент қағаздарды орналастыру кезінде әрбір алты айдың
қорытындысы бойынша (әр алты ай біткен соң бір ай ішінде), сондай-ақ
орналастыру біткен соң бір ай ішінде уәкілетті органға ұсынады (заңның 24-
бабы).
Бұл қылмыстың объективтік жағы — көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия
проспектісін бекіту түріндегі, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу
жалған есепті бекіту түріндегі әрекет.
Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 22 бабына сәйкес эмитет, сондай-
ақ бағалы қағаздар рыногының бағалы қағаздарды орналастыруды жүзеге асырушы
кәсіпкер қатысушылары потенциалды инвесторларға, олар бағалы қағаздарды
сатып алғанға дейін, бағалы қағаздар эмиссиясының проспектісімен (шығару
шартымен), сондай-ақ эмитент қызметі туралы және ол эмитерлеген құнды
қағаздар, мерзімі алты айдан аспаған ақпаратпен танысуға мүмкіндік жасайды.
Бұл қылмысты жасағанда айыпкер осы қылмыстың жалған. Бұл қылмыстың
құрамы — формальды, яғни бағалы қағаз шығару жөніндегі көрінеу жалған есеп,
не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия проспектісі бекітілген кезден бастап
қылмыс аяқталған болып саналады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәмен
сипатталады. Айыпты өзінің не көрінеу жалған ақпарат бар эмиссия
проспектісін, не бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған есепті
бекіткенін біледі, соны қалайды. Қылмыс субъектісі — арнаулы — көрінеу
жалған ақпарат бар эмиссия проспектісін бекіткен ұйым — эмитент басшысы,
немесе уәкілетті органның бағалы қағаздар шығару жөніндегі көрінеу жалған
есепті бекіткен лауазымды адамы.[12]
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзу.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың қоғамдық
қауіптілігі мемлекет белгілеген ережелерді әдейі айналып өтуде жатыр,
нәтижесінде мемлекеттік бюджет бұл операциялардан түсуге тиісті табысты
алмайды, бағалы қағаздардың айналымын бақылау тәртібі және оларды тіркеу
тәртібі бұзылады.
Бұл қылмыстың объектісі мемлекеттің экономикалық приоритеті, Қазақстан
Республикасының экономикасын ұғымды дамытудағы мемлекет пен инвесторлардың
экономикалық мүдделері.
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізу ережелерін бұзудың объективтік
жағы сол жасалған әрекетте.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы
қағаздар рыногы туралы Заң күші бар Жарлығы мемлекеттік емес бағалы
қағаздарды шығаруға, олардың айналымына қатысты туындайтын қатынастарды,
сондай-ақ бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеуді жүзеге асырудағы
қатынастарды реттейді. Бұл Жарлықтың 4-бабында Қазақ-стан Республикасының
аумағында айналымда жүрген бағалы қағаздардың түрлері анықталған.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздармен
жасалған мәмілелерді тіркеу туралы Заңына және оған енгізілген 1997 жылғы
11 шілдедегі өзгертулерге сәйкес барлық бағалы қағаздар міндетті түрде
мемлекеттік комиссиядан өтуге тиіс.
Қылмыстың құрамы тіркеу, есептерді бекіту, бағалы қағаздармен мәміле
және сол мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздарды листингке қосу қор биржасы
немесе басқадай бағалы қағаздар рыногында мәміле жасау заты болып табылатын
бағалы қағаздарға рұқсат және оларды есепке алу сияқты бағалы қағаздарға
байланысты әрекеттерді қамтиды. Бұл әрекеттердің барлығын қор биржасы
орындайды, ол акционерлік қоғам нысанында жұмыс істейтін заңды тұлға болып
табылады. Оның міндеті бағалы қағаздар рыногында бағалы қағаздар саудасын
ұйымдастыру, олармен жасалған мәмілелерге кепілдік беру, бағалы қағаздардың
тиімді айналымын, қаржы ресурстарының қайта бөлінуі үшін қажетті
жағдайларды қамтамасыз ету.
Қылмыстық жауапкершілік болудың қажетті шарты — бағалы қағаздармен
операция жүргізу ережелерінің бұзылуы, оған ірі зиянның келуі.
Қылмыстың субъективтік жағы тікелей ниет түріндегі кінәдан көрініс
табады. Айыпты өз әрекеттерінің заңдылығын білуге тиіс, өзінің лауазымдық,
қызметтік міндеттері бойынша бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін білуі керек, қоғамға қауіпті зардаптың болуы мүмкін екендігін
немесе қалайда болатынның алдын ала көре білуі керек және материалдық пайда
көздеп сол зардапты тілеуі тиіс.
Бұл қылмыстың субъектісі заңда белгіленген жасқа толған, есі дұрыс
адам. Мына жағдайда ол бағалы қағаздармен операцияны жүргізу міндеті
жүктелген лауазымды адам.
Қылмыстың сараланатын түрі — бағалы қағаздармен операциялар жүргізу
ережелерін бұзуды бірнеше рет, оны алдын ала сөз байласқан адамдар тобының
немесе ұйымдасқан топтың жасауы.[13]
Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау немесе сату.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заң күші бар Жарлығы
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық валюта) Қазақстан теңгесі
деп белгіледі. Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері
банкноттардан және монеттерден тұрады. Қазақстан Республикасының аумағында
ақша қаражатын шығару, олардың айналымын ұйымдастыру және оларды айналымнан
алу ісін тек Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар мен
монеттерді қолма-қол емес эквивалентін алып банктерге сату түрінде жүзеге
асырады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі банкноттар
мен монеттердің қажетті санын анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді,
қолда бар қаражатын сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді
(Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі туралы Заңның 38, 40, 42-баптары).
Жалған ақша немесе қағаздар жасау немесе сату әрекеті үшін жауаптылық
осы бапта көзделген.
Бұл қылмыстың тікелей объектісі — Қазақстан Республикасының ақша және
несие жүйесі.
Қылмыс заты — жалған ақша немесе құнды қағаздар.[14]
Ақша дегеніміз — Қазақстан Республикасының және шет мемлекеттердің ақша
бірлігі, ол банкноттар мен монеттерден тұрады.
Бағалы қағаз белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай
отырып, жүзеге асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкін болатын мүліктік
құқықтарды куәландыратын құжат ретінде анықталады (Қазақстан Республикасы
Азаматтық кодексі 129-бабының 1 тармағы). Бағалы қағаздарға: облигация,
банк сертификаты, коносамент, ақша және бағалы қағаздар туралы заң
актілерімен немесе олар белгілеген тәртіпте бағалы қағаздар қатарына
жатқызылған басқа құжаттар.
Бағалы қағаздар Қазақстан Республикасының валютасында да, шетелдік
валютада да бола алады.
Бұл қылмыстың объективтік жағы үш балама әрекеттерді жасаумен
сипатталады — жалған ақша мен құнды қағаздарды жасау, сақтау немесе сату.
Қылмыс құрамының осы элементінің міндетті нышаны — арнаулы мақсат-
жалған ақша және бағалы қағаздар жасап және сақтап, оларды сату.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігі мынадай саралаушы нышандарды көздейді, ірі мөлшерде
жасау және жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасағаны немесе сатқаны үшін
бұрын сотталған адамның жасауы.
Заңда ірі мөлшердің сандық критерииі анықталмаған. Ол әрбір нақты
жағдайда жасалған іс-әрекеттің мән-жайына байланысты белгіленеді.
Адам жалған ақша және бағалы қағаз жасағаны, сақтағаны және сатқаны
үшін бұрын сотталған деп танылады, егер сол қылмыс үшін бұрынғы соттылығы
қылмыстық заңға сәйкес алынбаса және жойылмаса.
Осы баптың 3 бөлігі көрсетілген әрекеттерді ұйымдасқан топтың жасағаны
үшін жауаптылық көздейді.
Қылмыстық Кодекстің 31 бабының 3 бөлігіне сәйкес ұйымдасқан топқа осы
қылмысты жасау үшін алдын ала біріккен екі және одан көп адам жатады.[15]

Экономикалык контрабанда .
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан
келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға
белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа
шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялық мақсаттағы шикізат)
әкетіледі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факультативтік
объектілеріне қоғамдық қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі,
Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халкының денсаулығы,
тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстың Заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Жарлығының 18-бабының 18
бөлігіне сәйкес, тауар дегеніміз — материалдық дүниенің кез келген
материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылык, қуаттың электр,
жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде көрсетілген көлік
құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес көлік
құралдарына халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез
келген құрал, оған контейнер мен басқа да көліктік құрал-жабдықтар
жатады.[16]
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже
белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу
қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және
оның тәртібі туралы қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік
және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты
насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық
мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және басқа едәуір
көркемдік, тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу
салынған заттар тізбесі сол қаулының №6 тіркемесінде берілген, оған ғылыми,
көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі затына
жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық құралдар, байланыс құралдары
және жоғары жиілікті құрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды тастардан
басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық
қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік құралдары және басқалар кірген.
Бұл қылмыстың объективтік жағы — осы Кодекстің 250-бабында
көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде
кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған белсенді әрекетпен
сипатталады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өту дегеніміз — тауарларды
және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып
шығумен байланысты әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу,
құбырмен тасымалдау көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді.
Көрсетілген әрекеттерге мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік
аумағына тауарларды және көлік құралдарын алып кіру, оның ішінде, еркін
кедендік қоймалардың аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының
қалған бөлігіне алып кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс
жүзінде кесіп өту; басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік
аумағынан тыс жаққа, не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін
тауарлар мен көлік кұралдарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей
бағытталған әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру.[17]
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып
шыққанда - кедендік декларация беріледі. Сондықтанда, Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік
зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың басқа бөлігіне алып
кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп
өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыққанда,сондай-
ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін
кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға
алып кіргенде — кедендік декларация берген кезден бастап контрабанда
аяқталған қылмыс болып саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бақылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру құжаттарын немесе құралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып етуге тыйым салынған немесе шектеу
салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден
органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құндылықтар
мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды қиындататын
басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі
көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне,
таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара
бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған,
жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген құжаттар ұсынады, жасанды
мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай
құралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру
құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі,
себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды
шикізат пен материалдарды, қуат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б.
көптеп алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан
мемлекет оңдаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін құжаттарды
бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың
қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің
міндетті нышандары болып табылады.[18]
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге
тыйым салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа
құндылықтар мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік
декларация беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.
Жарлықтың 3-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының
іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың периметрлері
кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа
заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер
тауарлардың құны бір мың айлық есептік көрсеткіштен асса, контрабанда ірі
мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам
тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде
өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қақпайды. Тауарлар
мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам
ойластыруы қажет.
Қылмыс субъектісі — жасы он алты жасқа толған, есі дұрыс адам.
Осы баптың 2 бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нысандарына
контрабанданы бірнеше рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымды
адамның жасауы, кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан
көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының
алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның
қылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.
Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға
қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы аркылы өтетін
тауарларды немесе басқа құндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын
және шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін адам жатады. Аз қызмет бабын
пайдаланып осындай адамдар жасаған контрабанда лауазымдық қылмыстар туралы
қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша саралауды талап етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар
жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық
заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы
саралаушы нысанға сілтемесіз ҚК-тің контрабанда туралы бабының тиісті
бөлігімен жауапқа тартылады (ҚР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9-тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы
жасау дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш қолдануға
ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе
ауыр) залал келтіру, т.б. жатады. [19]

ІІ. Экономикалық қылмыстарды зерттеудің криминалистикалық негіздері.
2.1 Экономика саласында жасалатын қылмыстардың криминалистикалық
сипаттамасы.

Қазіргі кезде экономика саласындағы қылмыстар кеңінен тарап өсуде
және біршама өзгеріп жаңа түрлері пайда болған. Сеніп тапсырылған бөтен
мүлікті иеленіп кету немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, жалған
кәсіпкерлік, заңсыз банк қызметімен айналысу және т.б.
Қылмыстық құқықтық көзқараспен қарастыратын болсақ экономика
саласындағы қылмыстарға мыналар тән: Бұл қылмыстың объектісі болып
экономикалық маңыздағы қоғамдық қарым-қатынастар; экономикалық залалдың
болуы және де оның ірі көлемде немесе аса ірі көлемде болуы: өндірісте
жасалатын және айналадағы ортаға негативті әсер ететін қылмыстарды
қоспағанда барлық уақытта ниеттің қылмыстық істен орын алуы.
Экономика саласына байланысты жасалатын қылмыстардың
криминалистикалық сипаттамасы төмнедегідей ерекшеліктерден тұрады.
Біріншіден, экономика саласында жсалатын қылмыстар – мүліктік
қатынастарға бағытталған нақты бір материалдағы (өндірістерге, зауыт,
фабрика, рудниктер, теле-радио комуникациялары, акциялар мен ақшалай
қаражаттарына, валюталарға, сондай-ақ жер және жер қойнауларына, мұнай мен
газ өнімдеріне, астық және дайын өнімдерге) қол сұғушылық болып табылады;
Екінші ерекшелігі, экономика саласына байланысты белгілі бір жоғарғы
білімі бар кез-келген экономикалық қылмыстарды жасаған субъектілер, бұл
қылмыстарды көбінде осы салаға байланысты бір лауазымды құзіреттілік
берілген тұлғалар жасайды;
Үшінші ерекшелігі, экономикалық қылмыстарды жасау жағдайларына
байланысты. Бұл қылмыстар міндетті түрде нақты бір шаруашылық ортасында
атап айтқанда: өнеркәсіптік немесе ауылшаруашылық, сонымен қатар сауда
орындарында, кәсіпорын немесе офис, банк, фирмаларда және т.б. жасалады.
Бұл жерде міндетті түрде мынадай операциялар жүргізіледі – қаржылық және
материалдық есеп-шоттар, мұнда міндетті түрде мамандар, қызметкерлер және
сол сияқты басқа да тұлғалар болуы тиіс.
Төртіншіден, барлық шаруашылық және қаржылық опеациялар тиісті
құжаттармен рәсімделеді. Сондықтан да қылмыскердің экономикалық
қылмыстардан көрініс табатын кез-келген әрекет немесе әрекетсіздіктері
әрқашан да жазбаша ресми құжаттарда электрондық түрде немесе мәлімет
беретін құжаттың алғашқы нұсқасында бекітіледі. Мұнда қылмысқа қатысты кез-
келген құжаттар нақты дәлелдемелер болып табылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық қызмет саласындағы криминалды жасағансуды тергеу барысында арнайы білімдерді қолдану
Қаржы - несие саласындағы сыбайлас жемқорлықпен жасалған қылмыстарды тергеу әдістемесі
Криминалистикалық сипаттамаманың элементтері
Жалған төлем карточкалары мен өзге төлем және есеп айырысу құжаттарын жасау немесе сату қылмысының криминалисттік сипаттамасы
Кедендік бақылау жүргізу кезінде кедендік қылмыстарды ескерту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері жайында
«ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДАҒЫ ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСТЫҚ ТОП ЖӘНЕ ҚОҒАМДАСТЫҚПЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ МЕН АШУ»
Экономикалық қызмет саласындағы қылмыстарды тергеудің өзекті мәселелері
Кедендік бақылау жүргізу кезінде құқық қорғау органдарының өзара қарым-қатынас мәселелері
Бөтен мүлікті ұрлаудың обьективтік және субьективтікбелгілері
Қылмыстарды ашуда және тергеуде ішкі істер органдарын ақпараттық талдаумен қамтамасыз етудің өзекті мәселелері
Пәндер