Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. БӨЛІМ. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1.1. Жаза институтының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2. Жаза түсінігі мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2. БӨЛІМ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2. Жазаны женілдететін және ауырлататын мән жайлардың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42
2.3. Жаза тағайындаудың сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..72
КІРІСПЕ

«Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы» - атты тақырыпты ашудағы мені қызықтырған негізгі мәселе жаза тағайындау қалай пайда болып дамыған, ол қалай жүзеге асырылады оған қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс жүзінде, тәжірибеде жүзеге асырылып жатырма екенін білу мақсатпен мен осы тақырыпты таңдап алдым.
Қазақстан Республикасы соттарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі бойынша жаза тағайындау кезінде адамгершілік, парасат, ізгілік қағидаттарын ұстануға тиіс. Сонымен қатар міндетті түрде әділеттілікті жүзеге асыру қажет.
Сонымен, қылмыстық құқықтың өзекті тақырыптардың бірі болып жаза тағайындаудың жалпы бастамасы табылады. Диплом жұмысын жазу барысында тақырыптың өзектілігін қарастыра отырып барлық тақырыпқа байланысты мәселелерді шешуге тырыстық.
Жаза тағайындаудың сапасын бағалаудың басты өлшемінің бірі-кәсіби біліктілік, заңды жақсы біліп, менгеру және оны дұрыс қолдана білу.
Жаза тағайындайтын соттарды кәсіби мамандар ретінде даярлау ісі аса маңызды, ірі күрделі мәселе болып табылады. Қай жұмысты болса да, сапалы атқару, қандай мақсаты болса да ойдағыдай жүзеге асыру кадырларға бірден-бір байланысты екені белгілі. Бұл жағдайда әсіресе мемлекеттік қызметтегі судьялардың білімділігі мен біліктілігі айрықша роль атқарады.
Ерекше назар аударатын тағы бір мәселеміз: судьялар жаза тағайындау міндетін атқаратындықтан оларды әлеуметтік, материялдық қамтамассыз ету мен құқықтық қорғау мәселелері болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты ретінде жаза тағайындаудың қалыптасу тарихын, ол қалай жүзеге асырылғандығын, сонымен қатар қазіргі заманда жаза тағайындауға қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс жүзінде жүзеге асырылу денгейін анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері келесі:
1. халқымыздың әдет-ғұрып заңдарында жаза тағайындау мәселелерін шешу қалай болды, қандай денгейде тұрды деген сұрақтарды ашып айту;
2. демократиялық даму үрдісінде кез келген елде жаза тағайындауды жетілдіруге қатысты мәселелерін шешу;
3. жаза тағайындауды жүзеге асыру кезінде әділеттілікті жүзеге асыру денгейін анықтау;
4. жаза тағайындау барысында жіберілетін қателіктерді және жетістіктерді көрсету;
5. егеменді еліміздің абройын көтеруге нағыз зайырлы, демокраиялық, құқықтық, мемлекет құруға үлес қосу мақсатында мемлекеттік қызметшілердің, яғни соттардың атқарып жатқан істерінің адал болуы үшін жаза тағайындауға үлкен мән беру
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы. Юрист,2005ж.
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексі, Алматы. Юрист, 2005ж.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Алматы. Юрист,2005ж.
4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының Қаулысы («Қазақстан Республикасының қылмыстық заңы» курсына тіркеме). Оқулық, басылым 1996ж.
5. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» Қаулысы №3 24.06.1993ж.
6. Ағыбаев А.Н. «Қылмыстық құқық» Жалпы бөлім.Алматы. «Жеті-жарғы» 2001ж.
7. Алауханов Е. Рахметов С. «Жаза» Практикалық-оқу құралы. Өркениет 1999ж
8. Ахметов М. «Сот бақылауын дамыту- адам және азамат құқығы мен бостандығының кепілі» //Заң 1/2002ж
9. Әсілбекова Ғ. «Қазақ әдет-ғұрыпындағы жаза түрлері.» //Заң 7/2003ж
10. Байбатыров С. «Кодекс жазалайтын қару ма, әлде тәрбие құралы ма?» //Заң 8/2004ж
11. Беляев Н.А. «Цели наказания и средства их достижения в исправительно-трудавых учреждениях.» Л.1963г.
12. Броневский С. Записки о киргиз-кайсаках Средней Орды-11 1830г.
13. Бұғыбай Д.Б. «Қылмыстық құқық».Жалпы бөлім. Алматы .2003ж.
14. Губченко В «О некоторых аспектах эффективности наказания» //Заң және заман 1/2001ж
15. Дубинин Н.П. «Генетика, поведение, ответственность» М: Политиздат, 1989г.
16. Дулатбеков Н. «Әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау.» //Заң және заман 4/2002ж
17. Есеналиев Е. «Заңның үстемдігі, жазаның әділдігі керек» //Заң және заман 6/1997ж
18. Жұмағұлова Ш. «Қылмыстық құқық бойынша жазаның мақсаттары. » //Заң және заман 4/2002ж
19. Жұмағұлова Ш. «Қылмыстық жазаның мәні мен мазмұнын анықтау» //Заң 4/2002ж
20. Загряжский Г «Юридический обычай киргиз. материалы для статистики Туркестанского края» 1876ж
21. Зиманов С.З. «Общественный строй казахов половины XIX века» Алматы: Наука 1958г.
22. Зиманов С.З. «Проблемы Казахского обычного права» Алматы: Наука 1989г.
23. Зиманов С.З «Исследования правого памятника Жеты Жаргы» Алматы 1997г.
24. Карпец И.И. «Наказание. Социальные, правовые и криминологические проблемы.» М.Юрид. лит. 1973г.
25. Карпец И.И. «Индивидуализация наказания. » М 1962г.
26. Кәкішев Т. «Билер сөзі», Алматы.1992ж..
27. Кошкин Е. «XVIII-XIX ғасырдағы қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығындағы қылмыс және жаза түсінігі» Информ-Арна Алматы 2002ж
28. Курс советского уголовного права: 6-томд. 3 т., М 1970г.
29. Қайыржанұлы Е, Бұғыбайқызы Д «Кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жаза тағайындауың ерекшеліктері» Алматы. 2000ж.
30. Қосаев Е «Әділ жаза қандай болуы керек?» // Заң газеті 29 қыркүйек 2005ж
31. Қырқабаев А «Жаза қылмысқа сай ма?» //Заң және заман 5/1997ж
32. Қырғызалиев Н «Қылмыстық жазаның мәні мен мақсаты хақында» //Заң 2/2002ж
33. Ломако В.А. «Применения уголовного осуждения.» Харьков 1976г.
34. Маркс К., Энгельс Ф. Шығ. жин. 1-том М 1954г.
35. Марцев А.И. «Теоретические вопросы общего и специального предупреждения преступления. » Свердловск 1975г.
36. Михлин А., Шмаров И. «Система уголовных наказаний: реформа или иллюзия?» // Законность.6/1993г
37. Мұхтарова А.Қ. «Құқықтық мұра» Алматы. «Жеті Жарғы» 1998ж
38. Нұрлин А. «Билер соты» //Заң 6/2002ж
39. Нысанбаева Г. «Қазақ қоғамындағы билер сотының теориялық мәселелері». //Заң 6/2004ж
40. Оңалбаев Т. «Төре бітігіндегі қылмыстық істер және жаза түрлері» //Заң 7/2005ж
41. Оңалбаев Т. «Абайдың билер ережесіндегі қылмыстық істер және жазалау амалдары» //Заң 7/2004ж
42. Поленов Г.Ф, «Назначение наказания» Алматы, 1998г
43. Полубинская С.В. «Цели уголовного наказания.» М Наука 1990г.
44. Посмаков П. «Адамның өмір сүру құқығы және өлім жазасын жою мәселелері» //Заң 10/2002ж
45. Рахметов С.М, Кулмуханбетова Б.А «Наказание: понятие,цели,виды,порядок и назначение.» Учебное пособие. Алматы. «Жеті-Жарғы» 2000ж.
46. Рычков Н.Д «Древние записи путешествия капитана Рычкова» 1972г.
47. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Жалпы бөлім, ИНФРА-М-НОРМА 1996ж.
48. Сапарбеков С. «Билер сөзі. Жауапты ред.» Алматы 1992ж.
49. Сназаров Е. «Сот тәуелсіздігін нығайту жолдары» //Заң 4/2004ж
50. Сыдықова С. «Жанадан енгізілген жаза түрлері қалай тағайындалады?» // Заң және заман 7 шілде 2004ж
51. Тарбагаев А.Н. «Понятие и цели уголовной ответсвтенности.» Красноярск. 1936г.
52. Тұрашев Е. «Сот әділдігі мен прокурорлық қадағалаудың арақатынасының ерекшеліктері» //Заң 8/2005ж
53. Уголовное право. Часть общая: Уголовное накозание: понятие, виды, назначения: 4-томд 3 т. Екатеринбург 1994г.
54. Шаргародский М.Д. «Наказания по советскому уголовному праву» М 1958г.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1- БӨЛІМ. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

1.1. Жаза институтының қалыптасу тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1.2. Жаза түсінігі мен мақсаттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18

2- БӨЛІМ. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ...31
2.2. Жазаны женілдететін және ауырлататын мән жайлардың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...42
2.3. Жаза тағайындаудың
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .69

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .72

КІРІСПЕ

Жаза тағайындаудың жалпы бастамасы - атты тақырыпты ашудағы мені
қызықтырған негізгі мәселе жаза тағайындау қалай пайда болып дамыған, ол
қалай жүзеге асырылады оған қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс
жүзінде, тәжірибеде жүзеге асырылып жатырма екенін білу мақсатпен мен осы
тақырыпты таңдап алдым.
Қазақстан Республикасы соттарының Қазақстан Республикасының Қылмыстық
Кодексі бойынша жаза тағайындау кезінде адамгершілік, парасат, ізгілік
қағидаттарын ұстануға тиіс. Сонымен қатар міндетті түрде әділеттілікті
жүзеге асыру қажет.
Сонымен, қылмыстық құқықтың өзекті тақырыптардың бірі болып жаза
тағайындаудың жалпы бастамасы табылады. Диплом жұмысын жазу барысында
тақырыптың өзектілігін қарастыра отырып барлық тақырыпқа байланысты
мәселелерді шешуге тырыстық.
Жаза тағайындаудың сапасын бағалаудың басты өлшемінің бірі-кәсіби
біліктілік, заңды жақсы біліп, менгеру және оны дұрыс қолдана білу.
Жаза тағайындайтын соттарды кәсіби мамандар ретінде даярлау ісі аса
маңызды, ірі күрделі мәселе болып табылады. Қай жұмысты болса да, сапалы
атқару, қандай мақсаты болса да ойдағыдай жүзеге асыру кадырларға бірден-
бір байланысты екені белгілі. Бұл жағдайда әсіресе мемлекеттік қызметтегі
судьялардың білімділігі мен біліктілігі айрықша роль атқарады.
Ерекше назар аударатын тағы бір мәселеміз: судьялар жаза тағайындау
міндетін атқаратындықтан оларды әлеуметтік, материялдық қамтамассыз ету мен
құқықтық қорғау мәселелері болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты ретінде жаза тағайындаудың қалыптасу тарихын,
ол қалай жүзеге асырылғандығын, сонымен қатар қазіргі заманда жаза
тағайындауға қандай талаптар қойылған, және сол талаптар іс жүзінде жүзеге
асырылу денгейін анықтау.
Диплом жұмысының міндеттері келесі:
1. халқымыздың әдет-ғұрып заңдарында жаза тағайындау мәселелерін шешу
қалай болды, қандай денгейде тұрды деген сұрақтарды ашып айту;
2. демократиялық даму үрдісінде кез келген елде жаза тағайындауды
жетілдіруге қатысты мәселелерін шешу;
3. жаза тағайындауды жүзеге асыру кезінде әділеттілікті жүзеге асыру
денгейін анықтау;
4. жаза тағайындау барысында жіберілетін қателіктерді және жетістіктерді
көрсету;
5. егеменді еліміздің абройын көтеруге нағыз зайырлы, демокраиялық,
құқықтық, мемлекет құруға үлес қосу мақсатында мемлекеттік
қызметшілердің, яғни соттардың атқарып жатқан істерінің адал болуы
үшін жаза тағайындауға үлкен мән беру.
Диплом жұмысын жазу барысында жаза тағайындау тақырыбын ашатын көптеген
нормативтік актілерді қолданып жаздым, Қазақстан Республикасының
Конституциясы, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының
Қаулылатын, сонымен қатар осы тақырып бойынша жазылған оқу құралдарын
қарастырып, диплом жұмысын жазуға қолдандым.
Осы айтылған оқулықтардың ішіне Алауханов Е,С Рахметовтің жазған Жаза
атты оқу құралы өте тамаша жазылған, онда жазаға байланысты барлығы нақты,
ашық қарастырылған және қазақ тілінде ұғынықты жазылған.
Е Кошкиннің Қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығындағы қылмыс және жаза
түсінігі атты оқулығы қазақ әдет-ғұрып құқығында жазаның қандай түрлері
болғандығы және қалай тағайындалғандығы жақсы зерттеліп қарастырылған.
Егер орыс тілінде жазылып зерттелген оқулықтарды қарастыратын болсақ,
С.М Рахметов, Б.А Кулмуханбетованың Наказание: понятие, цели, виды,
порядок и назначение ол авторлардыңда жазған еңбектері орыс тілінде
жазылғанмен жақсы жазылған, ол оқулықта көптеген ғалымдардың жаза
тағайындауға байланысты пікірлері жазылып көрсетілген.

1-БӨЛІМ. ЖАЗАНЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МАҚСАТТАРЫ

3 Жаза институтының қалыптасу тарихы

Тәуке хан ережесі мен басқа қазақ әдет-ғұрып құқығынан мынадай жаза
түрлері белгілі:
1. өлімге кесу;
2. дүрелеу;
3. әшкерелеу;
4. құн;
5. айып;
6. құлдыққа салу;
7. кінәліні жәбірленушіге қызмет ету үшін беру;
8. кінәліні жөбірленушіге, не оның туыстарына беру;
9. кінәлінің барлық мүлкін тәркілеу;
10. тайпадан қуу.
Өлім жазасы. Тәуке заңы бойынша кісі өлімі, адам ұрлау, әйел зорлау,
мал ұрлығы үшін өлім жазасына кесетін болған. Осы заң бойынша өлім жазасы
жәбірленушінің немесе оның туыстарының келісімімен, сот үкімі бойынша басқа
жаза түрлеріне: құнын өтеу, құлдыққа беру, дүрелеу немесе әшкерелеу
жазаларымен ауыстырылуы мүмкін. Біздегі деректерге сүйенсек, Тәуке хан
кезінде өлім хазасы салыстырмалы түрде сирек қолданылды. Қазақ қоғамындағы
қайшылықтардың өсуі мен таптық дифференциациясының күшеюіне байланысты
XVIII ғасырда жекелеген қазақ хандары мен сұлтандары саяси қылмыс жасаған
тұлғаларға өлім жазасын қолданды. Хандар мен сұлтандар өздерінің үкімдерін
ауызша шығарғандықтан тарих мұрағаттарында тікелей деректер сақталмаған.
Бұл туралы тек жанама деректер негізінде ғана айтуға болады. (9, 72)
Әдет-ғұрып түрлерінің бізге келіп жеткен естеліктерінде бірнеше жаза
түрлері көрсетілген. Солардың бірі өлім жазасы. Тәуке ханның жарғысында
адам өлтіргендігі, әйелді ұрлағандығы немесе зорлағандығы, жеңіл жүрісі
үшін әйел адамды, малды бірнеше дүркін ұрлағандығы үшін айыпкерлерге өлім
жазасы кесілді (22, 130).
Бұл келтірілген оқиға ХІХ-ғасырдың ортасында болған дейтін болсақ та,
осы өлім жазасы шығарылып отырған феодалдық заң ерте кезден қалыптасқан,
қазақ халқының өткен тарихының бір белгісін көрсетеді.
Өлім жазасын ең ауыр жаза түрінде қолдану хандар, сұлтандар үшін
өздерінің қолдарындағы билігіне көшпелілер арасындағы беделіне тиісті
болды. Әдетте, патриархалдық - рулық қарым-қатынастың сақталуы және
орталықтандырылған бір мемлекеттік биліктің болмауы өлім жазасын қолдану
басқа да жаңа қылмыстардың, барымтаның, сол сияқты ру аралық дау-жанжалдың
туындауына себеп болатын. Соңдықтан хан, сұлтандар көбіне көп жағдайда
артында күшті іздеушісі, талапкері жоқтарды ғана өлім жазасына кесті.
ХVIII-ғасырдың екінші жартысынан бастап қазақ жұртында феодалдық қарым-
қатынастардың үстемдік ете бастауына байланысты хандар мен сұлтандардың
өлім жазасын кесу туралы үкім шығарулары жиіледі. Бұл жерде олар
кінәлілерді кек алу жолында немесе барымта және басқа да жаман қылықтары
үшін жазалауды желеу етіп отырды. (27, 63)
Дүрелеу және әшкерелеу жазалары. Тәуке хан жарғысы мен басқа да әдет-
ғұрып құқығында дүрелеу және әшкерелеу жазаларына жол берілді. Әдет-ғұрып
құқығының нормалары негізінде жеке тұлғаға қарсы қылмыс түрлеріне дүрелеу
және әшкерелеу жазалары қолданылды. Осыған орай әрбір жаза түрлері тек
дербес немесе басқа жазамен қосымша қолданылды. Дүрелеу жазаларының жиі
қолданылатын түрі — жария түрде дүре соғу. Соққылар әдетте халық көзінше
жалаңаш арқаға соғылады. Шариат ережелеріне қарағанда қазақ әдет-ғұрып
заңында соққы саны алдын-ала анықталмайды, ол сот билерінің қалауы бойынша
жүзеге асырылады. Дүре жазалары қанжығамен ер тоқымның белдігі ұру түрінде
де жүзеге асты. Дүрелеу жазалары көбіне кедейлерге қолданылатын, ал
байларға басқа жаза түрлері қолданылады.
Тәуке хан жарғысында мүшесіне зақым келтіру жазалары да көрініс табады.
Бірақ жарғыда оны сот арқылы жүзеге асыруға жол берілмейді, тек сирек
жағдайда, оған жәбірленуші немесе оның туыстары рұқсат берсе ғана жол
беріледі. Мүшеге зақым келтіру казақ әдет-ғұрып құқығына тән сипат емес (9,
73). Тәуке ханның жинағында және одан кейінгі әдет-ғұрып құқығы
естеліктерінде тән және масқаралау жазаларын қолдануға рұқсат берілген. Бұл
аталған жазалар негізінен жеке адамға қарсы және зат-мүліктей жасалған
қылмыстар үшін тағайындалған. Бұлар жеке-жеке өз алдына немесе бірінен-соң
бірі қабаттасып келіп, қолданылып отырды.
Тәуке ханның жарғысында былай деп көрсетіліпті: Егер жасалған қылмыс
ауыр болмаса, онда өлім жазасының орнына қылмыскерді жартылай киімдерін
шешіндіріп, бетіне күйе жағып, ал мойнына қара құрым киіз байлап, жылқының
құйрығына байланған арқанның екінші ұшын тістеуге және жылқының артынан
жүгіруге бұйырылады. Сосын екі адам оны шыбықпен артынан ұрып отырады.
Казақ жұртында көп кездескен тән жазасының бір түрі -қамшымен дүре
соғу. Қамшының жуандығы ортан қолдың жуандығындай болды. Қанша дүре
соғылатындығын, билер соты шешетін.
Тән және масқаралау жазасының тағы бір түрі мынадай болды. Кінәліні
сиырдың немесе есектің үстіне міңгізіп, бетіне күйе жағып, мойнына қара
құрым киіз байлап, ауылды үш рет айналдыра жүретін. Кінәлінің екі аяқ қолы
байлаулы болды және оны шыбықпен ұрып отырып, не үшін ұрып жатыр, айыбы не,
соны айтып отыратын. Бұл аталған жазалар негізінен тек төмен дәрежелі
адамдарға ғана қолданылды.
Қылмыскердің бір дене мүшесін зақымдау қазақ әдет-ғұрып заңдарыңда
айтылғанмен өте сирек қолданылды. Тек кейбір кездері кек алу жолында,
қолдануға рұқсат етілді. Дегенмен бұл жаза түрі казақ әдет-ғұрып қылмыстық
құқығына тән болмады (27, 67).
Құн өтеу. Қазақ әдет-ғұрып құқығында көп таралған жаза түрі болып
табылады. Өлім жазасы және дене жарақаты жөбірленушінің немесе оның
әулетінің келісімімен, сот үкімі бойынша құн төлеумен, яғни қан үшін
төлеммен ауыстырылады. Құн өтеу жүйесі ерте феодализмдегі барлық
халықтардың қылмыстық құқығына тән белгілердің бірі. Бірқатар халықтарда
бұл жүйе қазан төңкерісіне дейін сақталған. Құн төлеу жүйесінде кінәлі
немесе оның туыстары жәбірленуші тарапымен айырбас бірлігі - ақшамен,
малмен, мүлікпен, кейде адаммен есептесті. Құн төлеу көлемі таптық сипатқа
ие болды. Қазақтарда өлім жазасы мен дүрелеу жазасының орнына кінәлі
адамнан малын тартып алатын болды. Тәуке заңы бойынша ер адамның құны —
1000 қойға немесе 100 түйеге, немесе 200 жылқыға бағаланған, ал әйелдердің
құны ер адамдардың құнына қарағанда жарты құнына бағаланған. Сұлтан немесе
қожа үшін жеті есе көп есептелген.
Тәуке заңының ережелерінде ақсақалдардың, билердің, батырлардың құны
көрсетілмеген, бірақ олардың құны қатардағыларға қарағанда жоғары болғанын
айту керек. Тәуке заңы бойынша құл үшін құн төлеу аңшылық ит немесе бүркіт
құнына теңестірілді (46,58). Осылайша, құн мөлшері таптың өкіліне, мүлкіне,
құқықтық жағдайына қарай бекітілді. Ауыр дене жарақаты үшін төлем белгілі
мал санымен және зақымның сипатына байланысты есептелді. Зақымның
нәтижесінде өлімге соқтырса, кісі өлімі үшін құн төлеуге дейін барған.
Құн төлеудің жүйесін жасай отырып, өзінің жарғысындаТәуке жеке кек
алуды шектеуге, феодалдардың жеке мүдделерін қорғауға және мемлекеттік
шаралардың рөлін арттыруға тырысқан. Осыған орай келесілерді ұсынған:
1. Қырғыздар қылмыскерге қорған болған жағдайда ұлт алдында кінәлі болып
саналады;
2. Әрбір руды өзінің руласы үшін құн төлеуге міндеттейді.
Қазақ әдет-ғұрпының нормалары бойынша құн кінәлі адамнан, егер онда
қажетті мүлік болмаса оның жақын туыстарынан, ал, ол мүлік жетпесе, алыс
туыстарынан өтеледі. Шындығында жоғары құн мөлшерін қатардағы адам үшін
1000 қой кедейлер төлей алмас еді. Құн төлеуден бас тарту катаң қылмыстық
жазаға тартылды.
Теуке хан жарғысында соттарға және істі шешуші өзгеше тұлғаларға талап-
арыздың 10-шы бөлігін беру көзделген. Әдет бойынша тараптарға, соттарға
тарту сыйлық, сыбаға беруге тыйым салынбайды. Сондықтан да феодалдар
қылмыстық істі қиындатып және әдейі дауды ұйымдастырып ірі сыйақы алады
(20, 16).
Өлім жазасы немесе денеге жарақат салу жағдайлары жәбірленуші жақтың
еркімен құн жазасымен ауыстырыла алынатын еді. Құнды төлегеннен кейін
кінәлі жақ ары қарай даудан құтылатын еді.
Қазақ әдет-ғұрып қылмыстық құқығында құн институтының алатын орны
ерекше, әсіресе ру аралық қарым-қатынастарды реттеп отырды десе болғандай.
Адам өлімі екі ру немесе олардың бөлімдері арасында үлкен жанжал туғызатын.
Осы құн арқылы бұл дауды шешуге болатын. Адам өлімі үшін талапкер жақ,
кінәлі жақтан құн немесе тікелей кінәлі адамды өз қарамақтарына тірідей
берулерін сұрайтын.
Бірақ өз қандасының бөтен біреудің есігінде құл болып жүргенін кім
жақсы көрсін. Сондықтан кұн төлеу арқылы екі жауласушы жақ бітімге келетін.
Енді екі жақ бұрынғы жаулықты ұмытып, бірлікке, достыққа келетін. Құн
алғаннан кейін казақ елі бір-бірінен ары қарай ешнәрсе талап етпейтін.
Құнның мөлшері қазақ елінің әр бөлігінде әр кезеңде әртүрлі болды.
Әдебиеттерде бұның себебі былай деп түсіндіріледі. Біріншіден, қазақ елінің
әр бөлігінің экономикалық және тұрмыстық дамуының біркелкі болмауынан,
екіншіден, бүкіл елде бірдей жазбаша кодекстің болмауынан, үшіншіден, құн
өлшемі болып саналатын мал қазақ елінің әр бөлігінде әрқилы бағаланды.
Бірақ бұл аталған өзгешеліктер құн институтының негізі мәніне әсерін
тигізген жоқ. Құн жазасын қолдану сонымен қатар рулар арасындағы бос
қантөгіс оқиғаларды болдыртпауға мүмкіндік берді. (27, 69)
Айыппұл. Қазақ қоғамында жазалардың кең таралған түрі айыппұл болды.
Айыппұл - қылмыс үшін сотпен бекітілген жаза болып табылады. Айыппұл
мүліктік қылмыстар үшін тағайындалады. Ол сондай-ақ тұлғаға қарсы қылмыс
үшін кісі өлімі мен ауыр дене жарақатынан басқа басқарудың төртібіне қарсы
тағайындалады. Әдет-ғұрып құқығы бойынша айыппұл мөлшері өте жоғары болды.
Қарақшылықтың әр түрі бойынша айыппұл мөлшері; ұрланған заттың қалыпты
құнынан тоғыз есе жоғары белгіленді. Феодалдардың ар- ожданына қолсұғушылық
үшін айыппұл мөлшері қатардағы адамның өлімі үшін төленетін құнмен бара-бар
еді.
Сотпен өндірілетін айыппұл бірнеше бөлікке бөлінді. Айыппұл бөлігі
жәбірленуші пайдасына еніп ақы түрінде есептелді. Ал қалған бөлігі хан,
сұлтанға есептелді. Сондай-ақ соттарға сот істерін қарағаны үшін тиесілі
бөлігі бар. Айыппұл құрамына, жасауыл-ақы, жаушыға жіп кестір де кірді.
Жасауыл ақы сотқа адамдарды шақыру үшін жіберілген адамға төленеді. Жаушыға
жіп кестір жәбірленуші мен айыпкер арасындағы даудың біткені жөнінде жіп
кесетін адамға төленеді.(9, 74) Айып, бір жағынан кінәлі адамды жазалау
болса, екіншіден жәбірленушіге және оның туған туыстарына төленетін шығын.
Айыптың мөлшері Қазақстан жерінде әр уақыт кезеңінде әрқилы болды. Бұл
көптеген себептермен түсіндіріледі. Әлеуметтік-экономикалық қарым-
қатынастың дамып отырумен қатар қорғалатын объектінің маңызы, қылмыстық
істің мәні және ауырлығы айып мөлшеріне септігін тигізді. Қазақ әдет-ғұрып
қылмыстық құқығында көбінесе айып-тоғыз қолданылды. Тоғыздың үш түрі болды:
а) Бас тоғыз, немесе түйе бастатқан тоғыз: түйе, құлынымен екі бие,
екі-үш жастардағы төрт жылқы.
ә) Орта тоғыз, немесе ат бастатқан тоғыз: үш-төрт жастағы ат, екі
жастағы екі ат, екі тайынша, төрт қой.
б) Аяқ тоғыз: төрт жастағы өгіз, екі тайынша, үш қой және үш қозы.
Әдетте белгілі бір қылмыс үшін бір ғана тоғыз көлемінде айып төленді,
ал кейбір ауыр қылмыстар үшін үш тоғыз немесе одан да көп айыптар
қолданылды. (27, 65)
Құлдыққа беру немесе айыпкерді жәбірленушіге қызмет ету үшін беру.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы бойынша бұл жаза түрлері құн төлеу мен айыппұл
орнына төленеді. Айыпкер сотпен тағайындалған құн немесе айыппұлды өтей
алмаған жағдайда бұл жаза түрі жүзеге асырылады. Қалай болған күнде айыпкер
құл жағдайына түседі.
1824 жылғы қазақ әдетінің жинағында: Егер кімде-кім кедейшіліктен бір
нәрсе ұрласа онда ұрланған затты төлейді, егер төлей алмаса, баласы не өзі
құлдыққа барады делінген.
Аякөз округіндегі деректерге сүйенсек, 1834 жылы қазақ сұлтан,
билерінің иелігіндегі еріксіз 182 құл XVIII ғасырда құн немесе айыппұл үшін
иелікке алынған құлдар көрінеді. Бұл құлдардың кейбіреулері мұра бойынша
құл болып қалғандар. (9, 75)
Жазаның бұл түрі негізінен әдет-ғұрып қылмыстық құқығында құн және
айыптың орнында жүрді. Соттың шешуімен кінәлі адам құн немесе айып төлеуге
мүмкіндігі болмады. Ал оның тумаластары белгілі бір себептермен оған көмек
көрсете алмады. Бұл жағдайда кінәлі адамды немесе оның жақын туыстарын
жәбірленушінің қарамағына құнды немесе айыпты өтеу үшін белгілі бір уақытқа
берілді. Кейде тіптен өмірі құн және айып өтеумен өтетін. Қалай болған
күнде де кінәлі адам құлдық өмір сүретін. Ата-анасының өтеуге уақыты жетпей
дүниеден өткен кезде олардың балалары да сол құн немесе айыпты өтеу үшін
кала беретін. Ал қожалары болса құлдарын басқа біреуге сата алатын еді.
(27, 66)
Басымен беру. Мұнда жоғарыда аталған себептер бойынша айыпкердің
тағдырын жәбірленушінің қолына береді. Бұл жөніңде Беглов Өте кедей
айыпкер иесінің еркіне беріліп, ол оған қалай қарайды, солай болады, тіпті
өлтіруі де мүмкін деп жазады. Оның қожайыны айыпкер үшін құн немесе
айыппұл төлемесе, онда оны жәбірленушіге береді.
Барлық мүлкін тартып алу және тайпадан қуу. Казақ әдет-ғұрып құқығының
жекелеген жазбаларында хан басқаруы кезінде басқа дін қабылдағаны үшін
тағайындалған. Бірақ шындығында бұл жазаны қолдану қазақ қоғамында сирек
кездеседі.
Қазақ әдет-ғұрпында жаза түрі ретінде айыпкерді ауылдан қудалау да орын
алды. Ол үйінде қылмыскерді жасырған тұлғаларға қолданылды. Егер қудаланған
адамды біреу өлтірсе, онда ол жазаға тартылмады. (9, 75) Туған ауылынан
аластаудың бір түрі - ол айыпкердің киімінің етегін кесу арқылы
орындалатын. Ауылдастарының көзінше киімінің етегі кесілген адам елге
қарауға беті бармай өз жұртынан кетуіне тура келетін. (27, 66)
Қазақ елінің құқык, тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген
және сараптама жасаған А.Алекторов, А.Янушкевич, А.Левшин, Л.Баллюзек,
Д.Андре, Е.Бекмаханов, И.Козлов, И.Крафт, Т.Күлтөлеев, Ә.Марғұлан, С.
Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды. Осы тақырыпты одан
әрі дамытып, қазақ мемлекетінің құқық тарихын ғылыми тұрғыда зерделі
зерттеу нысанасына айналдырып жүрген басқа ғалымдар да бар. Олар: Ғ.
Сапарғалиев, С. Сартаев, М. Нәрікбаев, Н. Өсерүлы, 3. Кенжалиев, Ң. Әбішев,
С. Өзбекұлы және т. б.
Біз бұл жерде халқымыздың әдет-ғұрып заңдарында жаза тағайындау
мәселелерін шешуі қалай болды, қандай деңгейде тұрды деген сұрақтарды ашып
айту мақсатын қоймаймыз. Біз төменде жеке даралап жазалау мәселелерінің
әдет-ғұрып заңдарымыздағы өзіндік орнына бірнеше мысалдармен эпизодты түрде
үңілу мақсатын ұстап отырмыз.
Ертедегі қазақтардың күнделікті өмірде кездесіп тұратын азаматтық және
қыпмыстық істерді шешу міндеті билерге жүктелетін.
Қазақ даласында би ешқашан сайланбалы қызмет болған емес, ел
ақсақалдарының ұйғарымы, өзара келісімі мен шешімі бойынша елдің салт-
дәстүр білетін, шежіреден хабары бар, аузы дуалы, сөзі уелі, шаруасы түзу,
ата тегі белгілі және елге беделді, сыйлы адамдар ғана би болған.
Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ деген аталы сөзде үлкен
мағына бар. Себебі би үнемі халықтың назарында отырған адам.
Қазақ халқының бірлігін, тұтастығын бас саясат етіп ұстаған Тәуке
ханның қазаққа жасаған көп игілігінің бірі ескіден келе жатқан әдет-ғұрып
нормаларын қайта жүйелеп, өз заман талабына сай Жеті жарғы қабылдауы. Бұл
заң жобасын қабылдау кезінде халқымыздың үш биінің және басқа билердің
кеңес — ақылдары Тәуке ханға толыққанды заңды дүниеге әкелуге көп септігін
тигізді.
Жеті жарғының негізінде Төбе би мен Майқы бидің үлгілері, Қасым
ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы секілді ескі заңдар жатыр. Бұл
заңның алдындағылардан ерекшілігі сонда ол қатал кесім, қанды ауыз өлімге
тиым салғандығы дер едік. Әріден беріге, қанды өткеп салған, қарғыс зауалын
алған суық сұсты ажалын сүйретіп жеткен қанға-қан, жанға-жан дейтін
тоқтамды жеткенше жеңілдетіп, құн төлеу, айып атау сияқты жаңа жазалау
түрлерін далалық хұққа енгізуінде.
Жеті жарғы — көшпенді қазақ халқының Ата заңы. Ол Қасым салған қасқа
жол, Есім салған ескі жол сияқты дала заңдарының заман талабына қарай
өңделіп, дамытылып, толықтырылған билік үкім нұсқау-арының жиынтығы. Жеті
жарғы бойынша әрбір қылмыстық іс-әрекет жасаған адамның кінәсіне, жеке
басына және т.б. жағдайларға қарап әр түрлі жаза түрлері қолданылған.
Қылмыс жасаған адамның кінәсін ауырлататын, немесе керісінше
жеңілдететін жағдайларды ескерген қазақтың әдет құқығында мынандай
жағдайларда қылмыс адамның кінәсін ауырлатады деп саналған:
-егер құрметті адамдардың (хандар, сүлтандар, билер, ақсақалдар)
мүддесіне қылмыс қысым - қайшылық тудырса;
-егер қылмыс өз қауымының ішінде жасалса;
-киіз үйде жасалса;
-отағасына қарсы жасалса (балалары әкесіне, әйелі күйеуіне);
-үлкен мөлшерде шығын келтірсе;
-қылмыс қайталанса және бірнеше мәрте жасалса;
-қылмысты бірнеше адам бірігіп немесе қару қолданып жасаса;
-қылмыс әлдебір табиғи апат кезінде жасалса.
Қазақтың әдет құқығында мынандай жағдайлар қылмыс жасаған адамның
кінәсін жеңілдетеді:
-егер қылмысты құрметті адамдар қатардағы адамдарға қарсы жасаса;
-басқа қауымдастыққа қарсы жасаса;
-отағасы өзінің отбасындағы мүшелеріне қарсы жасаса;
-қылмыскер кінәсін мойнына алса;
-қылмысты бірінші рет жасаса;
-қылмысты мас күйде жасаса;
-нәтижесінде шамалы ғана шығын келсе және басқа зардап орын алмаса;
-жапа шегушінің тарапынан болған қысым реніштің нәтижесінде ашу үстінде
жасалса;
-қылмыстың жасалғанына көп уақыт өтіп кетсе.
Т.М.Күлтөлеев: Қазақтың әдет құқығында қылмыстың жазасын ауырлататын,
немесе жеңілдететін жағдайлардың тізімі жоғарыда келтірілгендермен ғана
шектелмейді. Қазақстан Ресейге қарағаннан кейін, әсіресе ХІХ-ғасырдың
екінші жартысынан бастап, бұл тізімге әжептәуір өзгерістер енгізілді. (16,
117-118)
Ата-бабамыздың әдет-ғұрыптық құқығындағы ізгілік иірімдері туралы
ғұлама Шоқан Уәлиханов 1864 жылы 28 ақпанда Сот реформасы жайындағы хат
деген мақаласында былай деп қалам тартады: Мұсылман, қытай және орыстың
Орыс правдасы заңына қарағанда қазақтың әдеттегі правосының .адамгершілік
жағы басымдау. Қазақ заңында еуропалық жаңа кодексте сіресіп тұрған
ескертетін, сескендіретн шаралар жоқ. Билер сотының пайдасына тағы бір
таңба басқандай айқын дерек келтірейік. Орыс талапкері немесе жауапкері
көптеген жағдайда орыстың тергеуінен гөрі бидің сотын артық көреді.
Тәуке ханның қылмыскерді дүрелеуден бастап, дене мүшесіне зақым
келтіруді, өлім жазасын колдануды немесе оның бәрін айып тарттырумен
алмастыруды көздейтін Жеті Жарғысы қабылданғаннан да арғы әдет-ғұрып
құқығына меңзеуі әбден ықтимал. Бір ғажабы, оның пікірін байырғы қазақ
жерінде кұрылған қазіргі Қазақстан Конституциясының 17-бабында көрсетілген
ешкімді азаптауға, зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатігездік немесе
адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге немесе жазалауға
болмайтыны хақындағы тұжырыммен салыстырсақ, кұкықтық дәстүрлердің
ізгіліктен жаңылмайтын жалғастырған,тарихи тамырластығы мен сабақтастығын
аңғарамыз.
Тарихымызды таразылайтын болсақ, қазақ халқы біреудің кісісі өлтірілсе
немесе басқадай ауыр қылмыстар жасалса, тіпті Тәуке ханның Жеті Жарғысынан
бергі заманда да, яғни Кеңес өкіметі билер сотын біржолата тоқтатқанға
дейін кінәліні өлім жазасына бұйырмай-ақ, құн төлетумен шектелу әдісін
кеңінен қолданған. Ал Конституцияның 15-бабында әркімнің өмір сүруге құқы
бар екендігі, ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқтығы, өлім
жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен
белгіленетіні, ондай жазаға кесілген адамға кешірім жасау туралы арыздану
құқығы берілетіні көрсетілген. Ата Заңымыз қабылданғаннан бері тәуелсіз
еліміздің қылмыстық құқығында сотталушыны өлім жазасына бұйыру
тәжірибесінен сатылап бастарту үрдінің табанды түрде жүзеге асырылып келе
жатқанына көз жеткізуге болады. (30, 1)
Қазақтың әдет заңдарының ішінде ереже, яғни билер мәсли-хатының ережесі
көшпенді қазақ ұлтының әдет-ғұрпына, тұрмысына лайық жасалып, қылмыс, дау,
әділет істері осы заң негізінде шешімін тауып отырған. Әдет заңының
ерекшелігі сонда, ол сөз өнерін, шешендік, тапқырлық өнерді жоғары бағалап,
соған жүгінген. Соған лайық билердің сөзін халық қадір тұтып, сыйлаған.
(41, 24)
Қазақ халқының әдет заңдарының ішіндегі құқықтық билік, сот ісі
жөніндегі көңіл аударарлық заңды 1885 жылы ұлы Абайдың өзі жазып, Семейдің
Қарамола деген жерінде өткен билердің төтенше съезінде қабылданған Ереже
болып табылады.
73 баптан тұратын бұл Ереженің ұлттық заң жүйелерін жасаудағы маңызы
зор. Халық арасында Абай заңдары, Абай жазған ереже деген атпен тараған
осы құнды құжатта қылмыс, оған берілетін жаза жайына ерекше мән берілген.
Жалпы, ел ішіндегі қылмыстық, істерді билер, шариғат, дін мәселелерін
қазылар қарап, шешкен. Билікке наразылық жасалса оны хан қараған.
Абай жазған ереженің 73 бабының оннан астам бабы қылмыстық құқыққа
байланысты маңызды қағидаларға арналған.
1885 жылдардағы Абайдың қылмыстық құқық жөніндегі идеялары қазіргі
таңда да жүзеге асырылуда. Бұнда сол кездегі жазалау механизмінде өз
заманына лайық ерекшеліктер болғанын айта кеткен жөн. Абай жазған
ереженің қылмыстық, іске байланысты баптарында ұйымдасқан қылмыс, қылмысты
алдын ала келісіп жасаушылардың қылмысын ауырлату көзделген.
Бұл қолданыстағы ҚР-ның ҚК-нің Қылмыстық жауаптылық пен жазаны
ауырлататын мән-жайлар деп аталатын 54-бабы 1-тармағының в)
тармақшасындағы адамдар тобының,алдын ала сөз байласқан адамдар тобының,
ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның)
құрамында қылмыс жасауды қылмыстық жауаптылык, пен жазаны ауырлататын мән-
жайларға жатқызуымен дәлме-дәл келеді.
Ереженің 33-бабында: Ұрыс, төбелес шығарғандар ат-шапаннан бастап, ұш
тоғызға дейін сұраушының пайдасына шешеді. Оны ұйымдастырушы басқаларға
қарағанда айыпты молырақ төлейді. Бұзақылық жасағандарға болыстың өкіміне
орай және жағдайға қарай билердің билігі бойынша ақшалай айып салынады, жер
аударылады немесе түрмеге жабылады деп көрсетілуі осының дәлелі болмақ.
Ереженің 35-бабында: Суға кетіп бара жатқандарға, өрт кезінде, аязда,
шөлдалада, басқа дажағдайларда қатыгездік жасап кемек көрсетпегендер
бастоғызбен айыпталады деп көрсетілуі ҚР-ның ҚК-нің 119-бабына (қауіпті
жағдайда қалдыру) сәйкес келеді.
Ереженің 54-бабында сайлау кезінде қызметшілерге жала жапқандар би
төрелігіне сәйкес 28 құнге абақтыға жабылып, айыптаушының шығыны
қайтарылатыны туралы айтылған. Бұл ҚК-тің 129-бабы (жала жабу) және 146-
бабында (сайлау құқығын жүзеге асыруға немесе сайлау комиссияларының
жұмысына кедергі келтіру) көрсетілген қылмыстық істерге ұқсас.
ҚР-ның ҚК-нің 28-бабына сәйкес, қылмысты ұйымдастырушы, айдап салушы
немесе кемектесуші орындаушымен бірге қылмысқа қатысушылар деп танылып,
қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны мәлім. Абай жазған ереженің 61-
бабында: Ұрлық үшін кесілген мал алынып беріледі. Ұрының өзінен және серік
болған жолдасынан, ат беріп аттандырған, еріп барған, ұрлықы малды
жасырысқан, оны біле тұрып хабарламағандардың малы жоқтығына қарамай айып
салынады Бұдан Қылмыстық, кодекстің 28-бабы Абай жазған ереженің 61-
бабына ұқсастығын байқауға болады. Абай жазған ереженің 40-бабында:
Ұрлықты ұйымдастыруға түрткі болғандар басқаларымен бірдей жазаға
тартылады. Дүре таяғы көбінесе ұрлықтан үлес алған немесе алуға тиісті
ауқатты адамдарға да соғылады делінген. Мұндағы ұрлықты ұйымдастыруға
түрткі болғандар басқалармен бірдей жазаға тартылады дегені жоғарыда
айтылған ҚК-тің 28-бабына ұқсас келеді, сондай-ақ, қылмыс жасаушы ауқатты
бай адам болсын, кедей болсын әділ соттың барлығына бірдей екендігін халық
алдында дәлелдеп берді
Абай жазған ереже 1885 жылы бекітілгенге дейін, қазақ даласында Ресей
патшалығының тапсырмасымен 1822 жылы құрастырылған Сібір заңдарының
жинағы, 1854 жылы шыққан жаңа заң, 1857 жылы басылып шыққан Сібір
қазақтарының қылмыстық ісі деп аталатын қылмыстық істерді қарайтын сот
заңы қолданылды.
Бұл туралы ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов өзінің 1864 жылы 28 ақпанда
Омбыда жазған Сот реформасы жайында хат деген еңбегінде былай дейді:
1822 жылы Сперанский Сібір заңдарының жинағын құрастырды да, 1824 жылы бұл
заң қазақ даласында да қолданылды.
Біздің облыстағы қазақтардың қазірге дейін жүргізіліп отырған билер
сотын мұқият қарасақ, ежелгі халық сотының үлгісіне қосылған ешқандай
жаңалық, өзгеріс жоқ. Орыстың қырық жылдық ықпалына қарамастан жүз жыл
бұрынғы, бәлкім бізге дейінгі мың жыл бұрынғы қалпын сақтап қалған. Сонда
халықтың ішкі даму күші де, орыс мекемелері мен заңдары да оның ежелгі
қарапайым үлгісін өзгерте алмады
Ертеден келе жатқан қазақ халқының әдет-ғұрпына, ұлттық мінез-құлқына
сай жаңадан заң шығару қажеттілігі туындауын ұлы Абай көкірегімеп сезініп,
Билер ережесі деп аталатын халық ішінде Абай жазған ереже-деп аталып
кеткен қазақ әдет заңын жазып, ол 1885 жылы билер съезінде бекітілген еді.
Абайдың құқықтық көзқарасы қазіргі таңда да мағынасын жойған жоқ. Оның
құқық саласына байланысты еңбектері қымбат, рухани байлығымыз болып
табылады. (41,24-26)
Қазақтың құқықтық тарихын зерттеуде, Орта ғасыр дәуірінде бүкіл Дешті
Қыпшақ мемлекетіне және оның құрамына кірген үлкенді-кішілі ұлыстардың заң
актісіне айналған Армян-Төре бітігінің қыпшақ поляк версиясы және Армян іс
жүргізу кодексі (1519-1594) деп аталатын жазба ескерткіштің маңызы зор.
Армян-Төре бітігінің Қыпшақ версиясы бірнеше бөлімнен тұрады. Төре
бітігінің алғашқы ережесі деген бөлімінде 10 түрлі ереже көрсетілген. Бұл
ереже сот ісіне арналған. Ал, Армян төресінің кітабы деген бөлімі 124
баптан тұрады. Одан кейін, қосымша 99 баптан тұратын Іс жүргізу кодексі
бар. Осылардың барлығы жеке-жеке талдауды талап ететін заңнама нормалары
болып табылады. Армян төресі кітабындағы қылмыстық істер және жаза
түрлерін апып қарасақ, темендегідей жаза түрлері болған: Өлім
жазасы,зыңданға салу, құн төлету, айып төлету, қарғысату эпитимия
тағайындау (Дінатасы тағайындайды. Діннен аластатады — күнәһар деп
санайды). Армян төресі кітабындағы кейбір қылмыстық істер және берілген
жаза түрлерін қазіргі қолданыстағы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
кодексімен салыстырып көрейік:
1) Армян төресі кітабының 1-бабы хан тағына және өзінің, биіне
қарсы шыққандар (дарға асылады).
Қылмыстық кодекс 167-бап мемлекет немесе қоғам қайраткерлерінің өміріне
қастандық жасау 167-2-бап Қазақстан Республикасы Президектіне қатысты
жасалған іс-әрекет (15-20 жылға бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасын
беру немесе өмірбойы бас бостандығынан айыру).
2) Армян төресі кітабында 21-бап кісіні ұрлау (өлім жазасы
беріледі).
Қылмыстық кодекс 125-бап адамды ұрлау(4-7 жылға дейін бас бостандығынан
айыру ауырлататын мән-жай 7-15 жыл).
3) Армян төресі кітабында 59-бап біреудің шекарасынан табылған
өлтірілген кісі туралы (егер өлтірген кісі табылса өлім жазасына
бұйырылады). Сонымен қатар 97-бапта адамды қасақана өлтіру және абайсызда
өлтірудің аражігін ашып көрсеткен және қасақана өлтірілген адамның құны
теленетін болған.
Қылмыстық кодекс 96-бабы адам өлтіру (6-15 жылға бас бостандығынан
айырылады).
4) Армян төресі кітабында 61-бап егер кім күшпен біреудің үйіне
кірсе және үй иесіне ұрлықпен зиян келтірсе немесе зорлық жасаса ондай адам
көмекшісімен бірге өлім жазасына кесіледі. Ұрыны дарға асады, қарақшы,
зорлықшыл адамның басын алады.
Қылмыстық кодекс 175-бап ұрлық (3 жылға дейін ау ырлатқан мән-жайлар
бойынша 3-10 жылға дейін бас бостандығынан айыру) және 179-бап қарақшылық
(3-7 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
5) Армян төресі кітабында 62-бап қатынды немесе қызды зорласа
(өлім жазасына кесіледі, ойлаған ісін аяғына дейін жеткізбесе де абыройын
төккені үшін зынданға салынады және айып салынады).
Қылмыстық кодекс 120-бап зорлау (З-5 жылға, егер қызға баланы зорласа 5-
10 жылға бас бостандығынан өлікті қабырдан шығарып, шешіндірсе (дін атасы
Эпитимия тағайындайды, діннен аластатып күнәһар етеді).
Қылмыстық кодекс 275-бап өлгендердің мәйіттерін және олар жерленген
жерлерді қорлау (З жылға дейін, ауырлатқан мән-жайларда 2-5 жылға бас
бостандығынан айыру).
7) Армян төресінің кітабында 99-бап білімсіз дәрігерлер туралы
(қайтыс болған адамның құнын төлейді).
Қылмыстық кодекс.114-бап медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін
тиісінше орындамауы (5 жылға дейін бас бостандығынан айыру).
8) Қараусыз қалған балалар (балаларды жақсы тәрбиелемей, сауат
ашуға немесе қолөнер үйренуге бермесе ба- ланы өзімен-өзі болып өсуге ерік
берсе төре ондай балаларды ұстазға немесе қолөнершіге беруді талап
етеді.Төренің талабын әр түрлі сылтаумен орындамаған атаны қарғыс атады).
Қылмыстық кодекс 137-бап кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніңдегі
міңдеттерді орыңдамау (айыппұл салу, 2 жыл түзеу жүмысы, 3 жылға дейін бас
бостандығынан айыру).
Армян төресі кітабындағы жаза түрлерін қазақ әдет-ғұрып зандарындағы
жаза түрлерімен салыстырып көргенде кейбір жағдайларда ұқсастығы бар. Ал
Армян төресі кітабында ауыр жазаны жеңілге ауыстыру туралы айтылмаған.
Тере бітігі әр уақытта заман талабына сай алғашқы текстісі түзетіліп, жаңа
нормалар қосылып отырған. Көбінде Еуропа елдерінің құқықтық нормаларына
сәйкес жасалған. (40, 21-22)
Ежелгі Римдегі XII кесте заңдары бойынша өлім жазасы, зиянның ақысын
төлеу, айып төлеу, дене мүшесіне зақым жасау, белгілі бір құқықтардан айыру
(әке билігінен айыру, затты иемдену, куәгер болу) және Тарпей құзынан
тастау жазалары тағайандалған.
Ежелгі Үндістандағы Ману заңында жаза бүкіл адамды билейді делінген.
Онда өлім жазасы, айып салу, тілін кесіп тастау, дене жазасына кесілу,
көпшілік орында итке талату, үшкір затқа отырғызып жазалау жазалары болған.
Көне Шығыс Вавилон патшасы Хамурапидің заңдарында өлім жазасы, өзенге
құлату, отқа өртеу, құлға айналдыру, қазыққа отырғызу, суға тастау, тілін
кесу, саусақтарын кесу, көзін жарақаттау, сүйегін сындыру, өгіздің
терісінен жасалған қамшымен алпыс рет ұру,құлағын кесу, баласын (ұлын,
қызын) өлтіру, күміс беру, өзін-өзі жазалау жазалары болған, және осы
жазалар бойынша қылмыстың ауырлылығына байланысты тағайындалған.(37, 333-
341)
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе бидің, соттың билік шешімі халықтың
тұрмыс тіршілігінің терең қатпарларынан бастау алатын өмірлік мәні зор
мұраттарға негізделуі шарт. Билер, соттар өз шешімімен билік шешім жасау
процедурасынан барлық сатыларындағы әрекеттерімен халықтың өмірі үшін аса
құнды болып табылатын мұраттарды басшылыққа алу қажет, сонда ғана оның
билік шешімі халықтық сипат алады және халық тарапынан дұрыс қабылданады,
әділ шешім ретінде бағаланады.
Қазақ қоғамындағы билер сотының теориялық мәселелері. Қазақ қоғамының
дәстүрлі құқықтық жүйесін қалыптастыруда билер сотының алатын орны ерекше.
Қазіргі кезде заң ғылымын алдында тұрған міндеттердің бірі билер
сотының құқықтық мұрасын зертеу. Билер соты қазақ қоғамын басқару жүйесінде
билік ету қызметін сонымен қатар ру басы бола отырып жергілікті әкімшілік
қызметтерге ие болған. Негізінен олардың қызметі қоғамда болып жатқан
әртүрлі дау-дамайларды шешу болды. Қазақ қоғамында би атағын иелену үшін
ол адам белгілі бір қасиеттер мен қабілеттерге ие болу қажет еді. Олар
билік өнерге құштарлығымен, әділеттілік заңдарды жеткілік білуімен,
шешендігімен көрінген, олар қазақ халқы алдында туа біткен дарындылығымен,
қазақтың әдет-заңын, салт-дәстүрін бес саусағындай білетіндігімен
ойлылығымен көзге түскен елден озған әділдікті жақтаушылар болған. (39, 63)
Билер сотындағы сот процесінің ерекшелігі оның жариялылығы мен
ашықтығы. Істі құпия түрде қарауға тыйым салынған. Негізінен сот процесінің
жариялы және ашық түрде жүргізілуі ертеден келе жатқан дәстүр болып
табылады. Билер дауды шешкенде билердің негізгі мақсаты жаза тағайындап,
айып кесу кінәліні жазалау емес, оны адамгершілікке тәрбиелеу болады.
Өйткені адам үшін ең басты әрі негізгі сот-ол адамның өз соты ішкі соты, ар
соты. Соған сай ең әділ де, ауыр жаза ар жазасы деп түсінілді. Билердің
жазықты адамдарға белгілейтін жазасы оның жанын қинауға емес негізінен оны
халық алдында қауым ортасында қарабет қылдырып, ұялтуға негізделген еді.
Жалпы билерді құқықтық қатынастарға рөлін бағалай келе олардың сот қызметін
жүргізген кездегі әділеттігіне, данышпандығына, көрегендігіне және оларға
деген халық сенімінің шексіздігіне таң қалмасқа болмайды. Билердің тек дау-
дамайды шешіп қоймай өз қызметінің арасында қоғамдағы қатынастың барлығына
араласып, әділ шешім шығарып жаза тағайындап отырғандығы аңғару қиын
болмаса керек. (38, 56)
Қазақтың салт-дәстүрі бойынша, әділдіктің салтанат құруы кек алу ғана
емес материялдық залалды өтеу қылмыстан зардап шеккендерді одан кейінгі
өмірін қамтамассыз ету мүмкіндігін де көздеген. (44, 35)
Қазақ халқының әдет-құқық заңы қазақ қауымының мүддесін көздейтін заң
нормалары мен мінез - құлық ережелерінің жиынтығы. Әдет заңы - қазақ
халқының әдет құқықтарының негізгі қайнар көзі болды және ол мақал-мәтел
түрінде ауыз екі қолданылды. Құқықтың бұл түрі ғасырлар бойы көшпенді өмір
сүрген қазақ қоғамының экономикалық және мәдени даму ерекшеліктеріне сәйкес
келетін еді. Айта кетер бір жай, билер жақсы мен жаманды, жақын мен алысты,
қымбат пен арзанды, қиын мен жеңілді алға тартып, мал дауы жан дауы, ар
дауы мен намыс дауына, бәтуәсіз шуын - бір сөзбен шешкен, сөз қадірін
білген -заңгерлер. Әр қоғамдық құрылыстың өзіне тән ғұрып, қалыптасқан
дәстүрі болады. Қазақ қоғам тарихында да қалыптасқан әдет-ғұрпы болды.
Әрине, ол өз негізін өткен дәуірлерден осы күнге дейін сақталып,
жетілдіріп, келген озық дәстүрлерден алды. Оның құқықтық, әдет-ғұрып
құқығының қоғам дәстүрлері мен қағидалы өзгешелігі бар.
Дегенмен қорыта алып қарайтын болсақ, қазақтың әдеттік құқықтық жүйесі,
танымдық та, дәстүрлік те мәні еліміздің өзіндік бағыт-бағдарын айқындауға
септігін тигізеді. (27, 69-72).

2. Жаза түсінігі мен мақсаттары

Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал
жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды
тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының
бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.
Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай
шаралардың бірі — жаза. Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет
мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның
басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне,
қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.
Жаза қолданудағы мақсат — адам мен азаматтың құқығын, бостандығын,
заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті,
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен
қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан
Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң
қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.
Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1
қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін
1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа
Қылмыстық кодекс қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде
жазаға берілген әртүрлі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір-
бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз — қылмыстық заң
негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік
мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген мазмұн бар (42,5).
Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама
береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға
қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы кодекспен
көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады (3,13).
Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған
адамға мемлекеттік ерекше орган — сот ғана үкім негізінде қолдана алады.
Үкім тек ҚР-ның атынан шығарылады. Мемлекеттік мөжбүрлеудің басқа
шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның
атынан қабылданады. Заңды күшіне енген сот үкімі барлық мекемелер,
кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның
барлық аумағында орындалуға тиісті. Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара
сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа
адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.
Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал
жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол — олардың артында мемлекеттік
күш емес, қоғамдық пікір тұрады.
Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық
ұйымдар қолданады. Жаза — мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген
шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Кылмыс жасаған
адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін қолдана алмайды.
Қылмыс пен жаза — өзара тығыз байланысты кұқықтық түсінік. Мемлекеттік
мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс үшін қолданылады.
Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау
дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық,
материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады. Мысалы: бас
бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген
құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос-
туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппұл алғанда ол
материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен
айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, кәсіп тандау
кұқына шектеу салады. Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты
бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және
қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға
байланысты.
Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза
мақсаты ретінде қаралмайды. Бұрынғы Қылмыстық кодекстерде де жазалау
жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған. (7,7) Дегенмен, бірқатар ғалымдар
жазалауды жаза мақсаты ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай
деп жазды: Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған қылмысы үшін
айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру. (11, 25-26)
И.И Карпец пен А.Н.Тарбагаевтың еңбектерінде де осындай пікірлер
айтылған. (24,141);(48,102)
Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық
сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан
өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса,
оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын
мән-жай болып табылады.
Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан
қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады. Кайталанудың
болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас
бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді.
Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы
сол — қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан
ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.
Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет
атынан берілген теріс баға. Сонымен қылмыстық жаза - қылмыстық заңмен
белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған
адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және
осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс
баға беріледі). (38, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік әділеттілікті жүзеге асырудағы қылмыстық жазаның орны
Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығындағы жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар
Қылмыстардың көптігінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы. Қылмыстардың қайталануы және жаза тағайындау
Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық жаза тағайындаудың жүйесінің түсінігі мен маңызы
Бас бостандығынан айыру
Әскери қызмет бойынша шектеу
Қылмыстық жаза тағайындау және жазадан босатудың негіздері
Пәндер