Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі



Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология –адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани

Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.
Космоцентризм-әлемді түсіндіруде ғарыштың шексіз сыртқы күші қолдана отырып, ой тұжырымдау (философияның бұл кезеңі Ежелгі Үнді, Қытай және Ежелгі Грек жерлерінде көп таралды ) .
Теоцентризм- барлық тіршілік атаулыны жоғары жаратушы күш-Құдай арқылы түсіндіру (Ортағасырлық европа философиясына тән ерекшелік).
Антропоцентризм- негізгі орталық мәселесі адам болып табылатын философиялық көзқарас (Қайта өрлеу дәуірімен жаңа заман, қазіргі заман философиялық мектептерінде қарастырылады).
Философияның пайда болуы адамзат баласының білім деңгейі мен ой-санасының едәуір дамуына байланысты әлемді ғылыми тұрғыда түсінуімен орайлас дүниеге келді.
Сан қырлы табиғат құбылыстарының мәнісін түсінуге тырысқан ойшылдардың философиялық көзқарастары-философия ғылымының беташары іспеттес болды. Алғашқы философиялық ойлардың формасы натурфилософиялық бағытта дамыды.
Философия пәні қоғамның дамуымен тығыз байланыста бола отырып, рухани өмірдің барлық қырларын қамтыды. Философияны алғаш рет ерекше теориялық білім ретінде жинақтап дәлелдеген ерте грек философы Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж.).
Философияның өз алдына ғылым болып қалыптасу барысында қарастыратын мәселелеріде айқындала түсті: Онтология-болмыс туралы ілім (немесе дүниенің бастамасы жайында); гносеология-таным туралы ілім; Аксиология-рухани құндылықтар туралы ілім; Праксиология - адам шығармашылығы туралы ілім; Антропология-адам туралы ілім; Логика-дұрыс ой-қорыту жөніндегі ілім.
Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.
Ф.Энгельстің тұжырымдауы бойынша философияның негізгі сұрағы- ойлаудың (сананың) болмысқа, рухтың материяға (табиғатқа) қатынасы. Міне, осы мәселеге байланысты қоршаған орта мен адамның әлемдегі алатын орыны айқындала түспек. Философияның негізгі пәні мен обьектісі-адам және оның әлемдегі орыны.
Философияның негізгі мәселесін (ойлау мен болмыстың арақатынасы туралы) сөз еткенде бұл сұрақтың екі жағы бар екенін ажырата білу керек.
бірінші жағы: дүниенің негізі, бастамасы не -идея, рухпа әлде материя ма деген онтологиялық (болмыс туралы ілім) сұрақ қояды.
екінші жағы: адам баласы дүниені танып-біле алама әлде танып-біле алмайма деген гносеологиялық (таным туралы ілім) мәселе көтереді.
Философияның онтологиялық мәселесіне байланысты философияда негізгі екі бағыт пайда болды. Олар материализм және идеализм.
Онтологиялық сұрақ- дүниенің бастамасы не, дүниенің негізі материя не сана, рухпа деген деген сұрақ төңірегінде мәселе қозғаса, ал гносеология-дүниені танып-білу мүмкінбе әлде мүмкін емеспе деген сұрақ қояды.
Дүниенің алғашқы бастамасы, түп негізі не деген сұраққа жауап беру барысында философияда екі негізгі бағыт пайда болды, олар: материализм және идеализм.
Материалистік бағыт-дүниенің негізі кез-келген бір материядан тұрады, материя-санаға тәуелсіз реалды өмір сүретін, өзіндік заңдылықтармен дамуға қабілетті деп тұжырымдайтын пікір.
3.Философия(б.д.д.6-5ғғ) Үндiстанда,Қытайда,Мысырда,Грек елiнде пайда болды.Бұл терминды алғашқы қолданған антик философы,математигi Пифагор,ол оны даналыққа құштарлық деп түсiндi. Бұл сөздiн тiркесiндегi құштарлық белгiлi бiр нәрсеге тандануды, өзiңнен жоғары тұрған сезiмiңмен мойындауды және басқа осындай әсерлердi бiiлдiрумен қатар, өзге үшiн өзiңдi ұмыту, өзiңнен бас тарту сезiмiн де аңғартады.Осылай зерделеудiң нәтижесiнен мынадай түйiн келiп шыығадыфилософия-адамның өзiнiң шенберiнен шығуға мүмкiндiк беретiн рухани форма.. Сонымен, философияны даналық түсiнiгiмен байланыстырар болсақ, онда бұл сонғы ұғым бiлiмнiң жоғары синтезi, белгiлi бiр нәрсе туралы толық жетiлген бiлiм деген мағынаны бiлдiредi.Демек, философия осындай бiлiмге деген құштарлық,ал бұл даналықтың объектi-менiң өзiмнен тыс табиғат және адамзат әлемi, сонымен қатар, өзiм және феномен ретiндегi бiлiмнiң өзi(антика дәуiрiнде философия бiлiмге ұмтылуды, таза да тұнық Ақиқатқа жетудi бiлдiрдi).Философияның бастапқы негiздерi мифология,дiн және алғашқы ғылымдарда (математика,физика, астрономия,медицина ) жатыр.Оың ерекшiлiктерi
1.Оның негiзгi зерттеу объектi-адам,оның әлемде алатын орыны және оған деген қатынасы.
2.Ол, дүние құрылымының бастапқы негiздерiн қарастырады. Дүние қандай, оның мәнi,мазмұны қандай
3.Философия өмiрдiн әсерiмен, жаңа фактiлердiң әсерiмен өзгередi, ал оның таным әдiстерi ақыл-ой мен интуиция(мифте-сезiм,қиял болса;дiнде-сенiм және сезiм).
4.Философиялық танымның эмпирикалық(тәжiрибе) негiзi,базасы-жеке ғылымдармен, қоғамдық-тарихи практика.
Жоғарыда айтқанның ескере отырып философияға келесi анықтамалар беруге болады Философия-бүкiл адамзаттың даналық ой-пiкiрлерi, талғамы, дүниетанымы, көзқарасы. Философия- жалпыадамзаттық iлiм, адамзаттын рухани табысы. Философия-жалпы теориялық iлiм, ол объективтi шындықтың жалпы зандылықтарын зерттеп, теориялық қорытынды жасайды. Философия-материя мен сана,таным мен болмыс, адам мен қоғам жайлы адамзат ой санасының дамуы барысында жинақталған,жүйеленген ғылыми ой-пiкiрiдiң теориялық жиынтығы.Философия-бүкiл әлемдi, оның басты салалары (табиғат,қоғам,адамсанасын) тұтас құбылыс ретiнде алып, оның жалпы зандылықтарын ашып, объективтiк шындық жөнiндегi белгiлi қағидалар жүйесiн қалыптастыратын ғылым. Бұл философиялық сұрақтардың iшiнде әң маңызды орынды адам және әлем мәселесi алады.Өйткенi, философия iлiмi бүкiл дүниенiң құрылымын, даму орынын, оның өзiнде адамдардын алатын орынын, оның iскерлiгiн қарастырады. Философияның негiзгi мәселесiнiң (ф.н.м.) мәнi шындықтың екi жағынан туып тұр-объективтiк,материалдық және субъективтiк,идеялық; ойлаудың болмысқа қатынасы немесе сананың материяға, рухтын табиғатқа қатынасы деуге болады.Бұл мәселенiң екi қыры барбiрiншi қыры нақтылықтың бастақы себебi неде,дүниенiң негiзi ретiнде ненi алуға болады; ал екiншi қыры дүниенi танып бiлуге болама деген сұрақ. Ф.н.м.бiрiншi жағынаң-дүниенiң мәнi,табиғаты туралы-онтологиялық мәселеден екi қарама-қарсы көзқарастар туып отыр,олар идеалистер мен материалистер. Бiрiншiлер дүниенiң бастамасы,негiзi абсолюттi рух, дүниежүзiлiк ақыл-ой, адам санасынаң тыс және тәуелсiз материалды емес тек рухани, идеалды субстанция, Құдай (объективтiк идеалистер Платон,Г.Гегель,Фихте,Шеллинг) немесе адамның өзiнiн санасы (субъективтiк идеалистер Д.Беркли,Э.Мах,Р.Авенариус,Д.Юм ). Ал екiншiлерi, дүниенiң бастамасы, негiзi тек материалды субсанция ғана,өйткенi ол мәнгi, жасанды емес, және жойылмайды су, ауа, жар, от,атом (тұрпайы материалистер Гераклид,Демокрит); механикалық санауда болатын зат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философия пәні және оның қоғамдық міндеттері
Материализм
Адамның дүниеге қарым – қатынасының мәнін ашу
Философия және дүниетаным жайлы
Мифология және дін
Дін. Діннің құрылымы мен элементтері
Философия-дүниетанымның тарихи типі ретінде
Діннің шығуы және алғашқы түрлері. Ежелгі шығыс халықтарының ұлттық діндері
Философия және дүниеге көзқарасы
Мифология және философия
Пәндер