Жұмыс аймағы ауасындағы зиянды газдар мен булардың құрамын анықтау



Кіріспе
1 ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР
1.1 Терминдер мен анықтамалар
1.2 Улы заттардың ағзаға әсер етуі
1.3 Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша жіктелуі
1.4 Зиянды газдар мен булардың ағзаға әсер етуінің гигиеналық бағасы
1.5 Кәсіби улануларды алдын.алу шаралары
1.6 Жұмыс аймағының ауа күйін бақылау әдістері
2 ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ
2.1 Газдардың шоғырлануын УГ.2 газ талдаушымен анықтау
2.1.1 Аспап жұмысының жеттілігі мен жұмыс істеу тәртібі
2.1.2 Газ талдаушысының сипаттамасы
2.1.2.1 Ауа алатын кұрылғы
2.1.2.2 Өлшеу шкалалары, индикатор түтікшелері мен сүзгілейтін қысқыстар.
2.1.2.3 УГ . 2 жабдықтар жинағы
2.1.3 Жұмыстың орындалу реті
2.1.3.1 Индикатор түтікшелерін дайындау
2.1.3.2 Сүзгілейтін қысқыларды дайындау
2.1.3.3 Талдау жургізу
2.1.4 УГ.2 мен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік шаралары
2.2 Газдар шоғырлануын ГХ.4 газ анықтаушымен анықтау
2.2.1 Аспаптың сипаттамасы мен жұмыс істеу тәртібі
3 БӨЛМЕЛЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖЕЛДЕТУЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Зиянды заттар дегеніміз, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда, адам ағзасымен жанасу кезінде, бүгінгі немесе келешек ұрпақтар өмірі мерзімінде, жұмыс үрдісінде қазіргі заман әдістерімен анықталатын өндірістік жарақаттарды, кәсіптік аурулар мен денсаулықтың нашарлауын туғызатын заттар (МЕСТ 12.1.007-76).
Адам ағзасына демалу мүшелері арқылы, асқазан-ішек тракті мен тері арқылы сіңіп, оның тіршілігіне, іс-әрекетіне зиян келтіретін зиянды заттар – улы немесе уытты заттар деп аталады.
Жұмыс аймағы деп, жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша орны бар, еден немесе алаң деңгейінен биіктігі екі метр кеңістікті атаймыз (МЕСТ 12.1.005 - 88).
Жұмыс аймағының ауасында болатын зиянды заттардың шектік шоғырлану мүмкіндігі (ШШМ) – күнделікті жұмыста сегіз сағат ішінде, не басқа мерзімде, аптасында қырық бір сағаттан кем емес, барлық жұмыс өтілі ішінде, бүгінгі және келешек ұрпақтың денсаулығына зиян келтіре алмайтын шоғырлану (МЕСТ 12.1.005 – 88).
1. Костюшин А.В. Энциклопедия экстремальных ситуации М, 1966г.
2. Топоров И.К. Основы безопасности жизнедеятельности М, 1966г.
3. Хван Т.А. Безопасности жизнедеятельности Алматы, 2002г.
4. Белов С.В., Морозова Л.Л., Сивков В.П. Безопасность жизнедеятельности М. 1992г. (часть 1, 2 ), конспект лекции.
5. Атлас первой медицинской помощи, Ян Юнас, 1974г.
6. Тагдиан Д.Г., Мамедова Я.Д. Человек в экстремальных условиях. Л. 1991г.
7. Козлов И.М., Лярский П.П. Руководство по дезинфекции и дератизации. Л. 1990г.
8. Белов С.В. Безопасность жизнедеятельности. М. 1996г.
9. Энгельфилед Ю., Малхаял Д., Плетнева Т.В. Как защитить себя опасных веществ в быту. М. 1997г.
10. Выживание в экстремальных условиях. М. 1993г.
11. Баскину Э. Энциклопедия личной безопасности М. 1994г.
12. Валович В.Г. Водный туризм. М. 1990г.
13. Вредные вещества в промышленности под. ред. Лазарева . 1963г.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Терминдер мен анықтамалар
1.2 Улы заттардың ағзаға әсер етуі
1.3 Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша жіктелуі
1.4 Зиянды газдар мен булардың ағзаға әсер етуінің гигиеналық бағасы
1.5 Кәсіби улануларды алдын-алу шаралары
1.6 Жұмыс аймағының ауа күйін бақылау әдістері
2 ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

2.1 Газдардың шоғырлануын УГ-2 газ талдаушымен анықтау

2.1.1 Аспап жұмысының жеттілігі мен жұмыс істеу тәртібі
2.1.2 Газ талдаушысының сипаттамасы
2.1.2.1 Ауа алатын кұрылғы
2.1.2.2 Өлшеу шкалалары, индикатор түтікшелері мен сүзгілейтін қысқыстар.
2.1.2.3 УГ – 2 жабдықтар жинағы
2.1.3 Жұмыстың орындалу реті

2.1.3.1 Индикатор түтікшелерін дайындау
2.1.3.2 Сүзгілейтін қысқыларды дайындау
2.1.3.3 Талдау жургізу
2.1.4 УГ-2 мен жұмыс жасағандағы қауіпсіздік шаралары
2.2 Газдар шоғырлануын ГХ-4 газ анықтаушымен анықтау

2.2.1 Аспаптың сипаттамасы мен жұмыс істеу тәртібі
3 БӨЛМЕЛЕРДІҢ ТАБИҒИ ЖЕЛДЕТУЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 ЗИЯНДЫ ЗАТТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

1.1 Терминдер мен анықтамалар

Зиянды заттар дегеніміз, қауіпсіздік талаптары бұзылған жағдайда, адам
ағзасымен жанасу кезінде, бүгінгі немесе келешек ұрпақтар өмірі мерзімінде,
жұмыс үрдісінде қазіргі заман әдістерімен анықталатын өндірістік
жарақаттарды, кәсіптік аурулар мен денсаулықтың нашарлауын туғызатын
заттар (МЕСТ 12.1.007-76).
Адам ағзасына демалу мүшелері арқылы, асқазан-ішек тракті мен тері
арқылы сіңіп, оның тіршілігіне, іс-әрекетіне зиян келтіретін зиянды заттар
– улы немесе уытты заттар деп аталады.
Жұмыс аймағы деп, жұмысшылардың тұрақты немесе уақытша орны бар, еден
немесе алаң деңгейінен биіктігі екі метр кеңістікті атаймыз (МЕСТ 12.1.005
- 88).
Жұмыс аймағының ауасында болатын зиянды заттардың шектік шоғырлану
мүмкіндігі (ШШМ) – күнделікті жұмыста сегіз сағат ішінде, не басқа
мерзімде, аптасында қырық бір сағаттан кем емес, барлық жұмыс өтілі ішінде,
бүгінгі және келешек ұрпақтың денсаулығына зиян келтіре алмайтын шоғырлану
(МЕСТ 12.1.005 – 88).

1.2 Улы заттардың ағзаға әсер етуі

Өндірістің көптеген салаларында технологиялық үрдістер жүргізілген
кезде жұмыс аймағы ауасында әр түрлі зиянды газдар мен булар бөлінеді.
Мысалы, тау-кен саласында – көміртегі тотығы, азот тотықтары, метан,
альдегиттер, т.б.; металлургия өнеркәсібінде – күкірт газы, көміртегі
тотығы, азот тотықтары, улы металлдардың аэрозольды тотықтары, т.б.;
мұнайгаз өндірісінде – шикі мұнай мен оның фракцияларының булары;
машинажасау саласында – майлар мен қышқылдар тұмандары, аммиак, ерітінділер
булары, т.б.; радиоэлектрондық және аспап жасау салаларында – металлдардың
тотықтары, ерітінділердің булары, және т.б..
Жұмысты нашар ұйымдастыру және сәйкес алдын-алу шараларының жоқ болуы,
мұндай зиянды газдар мен булардың барлығы кәсіби улануға шалдықтырады, олар
өткір және созылмалы болып бөлінеді. Олардың біріншісі қысқа мерзім ішінде
үлкен мөлшерлі улардың әсерінен пайда болады, ал екіншісі ұзақ мерзім
ішінде төмен мөлшерлі улармен тұрақты улануға әкеліп соғады.
Улану нәтижесі көптеген факторларға байланысты: өнеркәсіп уларының
уытты түрі мен (физика-химиялық қасиеттері) шоғырлығы ұзақ уақыт ағзаға
әсер ету және өнеркәсіпте болатын улардың ену жолы; адам ағзасының күйі мен
өзгешелігі; қоршаған ортаның метеорологиялық жағдайларына байланысты.
Жоғары сезімталдық қасиеттері көбінесе балалар мен жасөспірімдерде,
сонымен қатар ауырып шыққан адамдарда айқын байқалады. Адам денесінің
температурасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым удың әрекеті тез сезіледі.
Семіру мен ісінуден азап шегетін адамдар да улы заттардың әсер етуіне көп
ұшырайды.
Ауаның температурасы, ылғалдылығы мен барометрлік ауа қысымы зиянды
газдар мен булардың әсерін күшейтеді, не азайтады. Ауа температурасы
жоғарылаған сайын тері тамырлары кеңейеді, тердің шығуы көбейеді, демалу
жиіленеді және қан айналымы күшейе түседі, нәтижесінде улардың ағзаға сіңуі
жылдамдайды. Сондай-ақ улы заттардың булану жылдамдығы мен улылығы күшейе
түседі, ал мұндай жағдай ауаның олармен ластануын қамтамасыз етеді.
Көптеген зиянды заттармен жұмыс істеген кезде улану қаупі жылдың ыстық
мезгілдерінде, ал қорғасынмен істегенде жылдың суық айларында жоғарылайды.
Ауаның ылғалдылығы кейбір заттардың улылығын күшейтеді (тұз қышқылының,
фтордың, сутегінің, т.б.).
Өнеркәсіптік улар адам ағзасына үш жолмен сіңеді: тыныс-алу мүшелері,
асқазан-ішек тракті және тері арқылы. Дем алғанда ағзаға ауамен түскен улы
заттар дем алу жолдарының шырышты қабығымен және өкпе альвеолаларының үлкен
бетімен (130 м2 жуық) тез сіңеді және сол жақтан қан-тамырлары арқылы бүкіл
ағзаға тарайды. Уланудың көптеген түрі (95 % дейін) осы ең қауіпті
жолдармен жүзеге асырылады. Ас қорыту тракті арқылы зиянды заттар ағзаға
ластанған ас пен су арқылы түсуі мүмкін. Мұнда тек асқазанда (суда,
майларда және асқазан сөлінде) еритін, асқазан мен ішек-қарын қабырғалары
арқылы сіңетін және қанға түсетін улар ғана қауіпті. Бұл улану жолының
токсикалық мәні, дем алу органы арқылы улануға қарағанда әлдеқайда төмен,
өйткені улы заттар қанға бауыр арқылы түсіп, онда біршама
залалсыздандырылады. Тері арқылы ағза ішіне тек кейбір сұйықтар мен май
органдарында еритін улар ғана түседі. Сонда да улану қаупі асқорыту
улануына қарағанда жоғары болады, өйткені улы заттар бауырға бармай тікелей
үлкен қан айналымына түседі.

1.3 Улы заттардың ағзаға әсер ету дәрежесі мен сипаттамасы бойынша
жіктелуі

МЕСТ 12.0.003 – 74. "Қауіпті жене зиянды өндірістік фокторларды
жіктеу". Топтау бойынша зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі жағынан
алты топқа бөлінеді (1-кесте).

1 – кесте. Зиянды заттардың ағзаға әсер ету жағынан жіктелуі

Ішкі Факторлар мен зат атаулары Улану белгілері
топ
1 Жалпы токсикалық (иісті көмірсутегілер, Жүйке жүйесінің
олардың амидті және нитритті туындылары – бұзылуы, бұлшық ет
бензол, толуолдар, ксиол, анилин, т.б.; сіңірлерінің сіресуі,
сынап пен фосфор-органикалық қосындылар; сал (паралич).
хлорланған көмірсутегілер-дихлорэтан,
т.б.).
2 Қоздырғыш заттар (қышқылдар мен сілтілер, Демалу мүшелері,
хлор, фтор, күкірт пен азотты тері, көздің шылау
қосулар-фосген, аммиак, күкірт пен азот қабық-тарының
тотықтары, күкіртсутегі, т.б.). қабынуы.
3 Сенсибилизациялаушы заттар (сынаптың кейбірБұл заттарға жоғарғы
қоспалары, платина, альдегидтер, т. б.). сезімталдық, тері
өзгерістері, қан
аурулары,
астматикалық
құбылыстар.
4 Канцерогенді (полициклді иісті Қатерлі ісіктердің
көмір-сутегілер— бензопирендер, пайда болуы.
бензантрацендер; таскөмір мен мұнайды қайта
өңдеу өнімдері; иісті аминдер, асбест шаңы,
т.б.).
5 Мутогенді (этиленамин, уретан, органи-калықАғзаның генетикалық
тотықтар, иприт, этилен тотығы, аппараты және
формальдегид, гидроксидаман). соматикалық
жасушалардың
зақымдалуы.
6 Репродуктивті (қайта өндіру) функцияға әсерҰрпақтың пайда болу
етуші (бензол мен оның туындылары, функцияларының
күкірткөміртегі, хлоропрен, қорғасын, төмендеуі.
сүрме, марганец, улы химикаттар, никотин,
этиленамин, сынап қоспалары, т.б.).

МЕСТ 12.1.007-76 "Зиянды заттар. Жіктеу және жалпы қауіпсіздік
талаптарына" сай адам ағзасына әсер ету дәрежесі жағынан қауіптілік 4
класқа бөлінеді:
1. Өте қауіпті заттар (бензопирендер, сынап, қорғасын, озон, фосген,
гексохлоран, гидразин, хлор екі тотығы, бромды метил, никель карбонилі,
т.б.);
2. Қауіптілігі жоғары заттар (азот тотықтары, бензол, йод, марганец, жез,
хлор, күкіртсутегі, ащы сілтілер, күкірт және тұз қышқылдары, кобальт
пен оның тотығы, т.б.);
3. Қауіптілігі орташа заттар (ацетон, ксилол, күкірт ангидриді, метил
спирті, фенол, толуол);
4. Қауіптілігі төмен заттар (аммиак, жанармай, сода, скипидар, этил спирті,
көміртегі тотығы, т.б.).
Адам ағзасына ену жолдары арқылы зиянды заттардың тигізетін әсері,
мөлшерлері мен көрсеткіштеріне байланысты қауіптілік класы анықталады (2-
кесте). Қауіптілік класын анықтау мәні ең жоғары қауіптілік класына сәйкес
болатын көрсеткіш бойынша жүргізіледі.

2-кесте. Зиянды заттардың қауіптілік класын анықтау көрсеткіштері мен
олардың нормалары

Көрсеткіш атаулары Қауіптілік тобы үшін мөлшерлер
1 2 3 4
Жұмыс аймағы ауасындағы 0,1 кем 0,1-1,0 1,1-10,0 10,0 астам
зиянды заттың шектік
шоғырлану мүмкіндігі
(ШШМ), мгм3
Асқазанға енгізгендегі 15 кем 15-150 151-5000 5000 астам
орташа өлім мөлшері,
мгм3
Теріге жаққандағы орташа 100 кем 100-500 501-2500 2500 астам
өлім мөлшері, мгм3
Ауадағы орташа өлім 500 кем 500-5000 5001-50000 50000 астам
шоғырлануы, мгм3
Ингаляциялы улану 300 астам 300-30 29-3 3 кем
мүмкіндігінің
коэффициенті (ИУМК)
Ауыр әсер ету аймағы, м 6 кем 6,0-18,0 18,1-54,0 54 астам
Созылмалы әрекет ету 10 астам 10-5,0 4,9-2,5 2,5 кем
аймағы, м

1.4 Зиянды газдар мен булардың ағзаға әсер етуінің гигиеналық бағасы

Уланудың қандай да болсын түрінде зиянды заттардың әсер етуі мен
дәрежесі олардың физиологиялық белсенділігімен (улылығымен) және
шоғырлануымен (мөлшерімен) алдын ала белгіленеді. Сондықтан 2-кестеде
көрсетілгендей жұмыс аймағы ауасындағы өндіріс уларының улылығын және
қауіптілік класын бағалау үшін гигиеналық көрсеткіш алынған. Зиянды
заттардың шектік шоғырлану мүмкіндігі (ШШМ), оның анықтамасы 1.1 тармақта
көрсетілген. Оны елді мекендер ауасындағы улы заттар ШШМ-мен ауыстыруға
болмайды. Ол ШШМ-ға қарағанда, бірталай төмен, оның екі мәні бар:
максималды бір реттік және орта тәулікті шоғырланулар.
ШШМ жұмыс жағдайын нормалауда, улануға қарсы алдын-ала қолданылатын
шараларды ұйымдастыру және инженерлі-техникалық шараларды дайындағанда
негізгі көрсеткіш болып есептеледі. Қазіргі кезде, бұрынғы КСРО аймағында
кең таралған зиянды заттар үшін ШШМ бекітілген. Олардың көбісі МЕСТ
12.1.005-88 " Жұмыс аймағы ауасына жалпы санитарлық-гигиеналық талаптарда"
келтірілген. Кейбір зиянды газдар мен булар жұмыс аймағы ауасында экспресс-
әдіспен анықталады, ШШМ мәндері 3-кестеде келтірілген. Өндіріс
бөлмелерінің ауасында бірнеше зиянды қоспалар кездеседі. Егер олар бір
бағытта болмаса, яғни, жалпы әсер тигізбесе, онда олардың орташа өлшенген
ШШМ мына формула бойынша есептеледі:

ШШМж.а. =

ШШМА, ШШМВ, ... , ШШМК – зиянды заттардың мүмкін шектік шоғырлануы;
ПА, ПВ, ..., ПК – сол заттардың пайыздық мөлшері олардың жалпы 100 %
деп алынатын санында.
Егер зиянды заттар жалпы әсер етіп тұрса (өзара күшейту немесе азайту
әсер етуіне байланысты емес), олардың гигиеналық бағасын мына ережеге сай
жүргізеді:

мұнда СА, СВ, ... , СК- жұмыс аймағы ауасындағы зиянды заттардың нақты
шоғырлануы, мгм3.
Жалпы әсер етуіне ие болатын улы заттар қатары: азот пен күкірт
диоксиді, күкіртсутегі мен күкірт диоксиді, ацетон мен фенол, күшті
минералдық қышқылдар (күкірт, тұз, азот), кейбір көмірсутегілер (этилен,
пропилен, бутилен, т.б.).

1.5 Кәсіби улануларды алдын-алу шаралары

Кәсіби уланулар алдын-алудың негізгі шараларына мыналар жатады:
1. Өндірістің алғышарттық технологиясын қолдану (жабық цикл, автоматтандыру
мен жалпы механизация, қашықтықтан басқару, өндіріс үрдістерінің
үзілмеуі, операцияларды автоматты бақылау), ол адамның зиянды заттармен
жанасуын шетке шығарады.
2. Дұрыс технологиялық процестерде ШШМ-нен асатын зиянды заттардың
мөлшерінің бөлінуіне жол бермейтін жабдықтар мен коммуникацияларды
таңдау.
3. Өндіріс алаңдарын, ғимараттарды, мәдени орындарды және жабдықтарды
ұтымды жобалау.
4. Зиянды заттарды қайта өңдейтін, технологиялық тастамалардан тазартатын
және оларды кері қайтаратын, өндіріс шығындарын залалсыздандыратын
арнайы жүйелерді қолдану.
5. Бастапқы өнімдерде зиянды заттарды шектеу және өте зиянды заттарды,
қауіптілігі аз заттарға ауыстыру.
6. Жұмыс аймағы ауасының күйін бақылау мен қорғау құралдарын пайдалану.
7. Жұмысшыларға қауіпсіздік техникасы мен бірінші медициналық көмек көрсету
туралы нұсқау беру және үйрету.
8. Мерзімді және алдын ала дәрігерлік тексеруден өткізу.
9. Санитарлы-техникалық жабдықтар мен құрылымдарды дұрыс жобалау және
оларды пайдалану (жылыту, желдету, орлау, т.б.).

1.6 Жұмыс аймағының ауа күйін бақылау әдістері

МЕСТ 12.1.005-88 және 245-71 талаптарына сәйкес әр бір өндіріс
бөлмелеріндегі жұмыс аймағы ауасындағы зиянды газдар, булар мен шаң
мөлшерін семантикалық бақылау ұйымдастырылады. Санитарлық бақылау ұйымдары
мұндай таңдалынатын бөлмелердің ауа сынамаларын анықтайды. Барлық бақылау
құралдары қамтамасыз ету керек: 30 минут ішінде, 0,5 ШШМ деңгейінде (ағынды
ауада-0,3 ШШМ) зиянды заттар құрамын тандау арқылы анықтау; (10 % аралықта
өлшеулердің дәлдігін; басқа заттар бар болғанда, зиянды заттар құрамын
ерекше анықтау; өлшеулердің қатесі ( 25 % аспау керек.
Газдануды талдаудың барлық әдістері негізгі үш топқа бөлінеді:
зертханалық, жылдам, автоматты. Олар ауаның зиянды қоспалардың құрамы
келесі физико-химиялық әдістерге негізделеді: фотометрлі зертханалық,
люминисценттік, хроматографиялық, спектроскоптық, полярографиялық; жылдам
колориметрлі, сызықты-колористикалық.
Фотометрлік тәсіл боялған ерітінділердің жарықты жұту қабілетіне
негізделген. Люминесценттік – кейбір заттардың жұтылған энергияны жарық
сәулелері түрінде шығару қабілеті. Спектроскоптық – кейбір элементтердің
температурасы 3500-4000°С вольт доғасының жалынында белгілі бір спектр
сәулеленуін шығару қасиеті. Полярографиялық – сынап электродтары арқылы
сынақталатын ерітінді электролизінде пайда болатын шекті диффузия тоғын
өлшеу. Хроматографиялық – органикалық ерітінділерде газ қоспасы құрамының
әр түрлі ерітулері. Колориметрлік – ластанған ауаны ерітінді арасынан,
тазарту қағазы немесе түйірлі қатты сорбент арасынан өткізу және олардан
алынған бояудың қарқындылығын үлгілі шкалалар бояуымен салыстыру жолымен
өлшеу, сызықты-колористикалық – зерттелетін ауаны индикатор түтікшелері
арасынан өткізу және боялған түйіршік бағанасының ұзындығын алдын ала
даярланған, бұл ұзындықты зиянды қоспа шоғырлануынан тәуелділігін
көрсететін шкалалар бойынша өлшеу.
Ауа күйін талдайтын зертханалық әдістер нақты болғанымен, тез жүзеге
аспайды. Бұл әдісті пайдалану үшін көп уақыт, мамандық иелері мен күрделі
жабдықтар қажет, сол себептен олар көбінесе ғылыми-зерттеу жұмыстарында
қолданылады. Автоматты әдістер бөлмелер ауасының зиянды заттардың құрамы
туралы ақпаратты жылдам, дәл, әрі үзіліссіз алып тұруға мүмкіндік береді.
Бірақ оларға да күрделі жабдықтар қажет, ол мұндай өндірісте тиімді болып
табылмайды, сондықтан оларды көбінесе өрт пен жарылыс қауіпсіздігі
процестерінде пайдаланады. Мысал ретінде ПГФ, СКВ-ЗМ, СГП-1 т.б. түрдегі
газ белгілерді келтіруге болады, олар бөлмелердің ауасындағы қауіпті заттар
ШШМ деңгейіне негізделеді де, бұл деңгей жоғарылаған жағдайда белгі береді
және автоматты алдын-алу шараларын жүзеге асуын қамтамасыз етеді (өрт
сөндіру, электр энергиясын өшіру, апат желдетуді қосу, т.б.)
Өндіріс кәсіпорындары тәжірибесінде ең көп қолданылатын жылдам
әдістері және олардың сызықты-колористикалық тәсілі ерекше орын алады.
Себебі, оның арқасында салыстырмалы қысқа мерзімде (3-20 мин) жұмыс аймағы
ауасындағы улы заттардың құрамы туралы жеткілікті дәл деректер алуға
болады. Өндіріс жағдайларында бұл өте маңызды, өйткені ауа сапасын жылдам
бағалауға және қажетті қауіпсіздік шараларын қолдануға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар бұл тәсіл жабдықтар мен қызметкерлерге талдау жүргізуді қажет
етпейді.
Ауа құрамын талдауда жылдам әдісінің сызықты-колористикалық тәсілі УГ-
2 химия газ талдаушыларымен және ГХ-4 түрдегі газ анықтаушыларымен жүзеге
асады. Төменде УГ-2 мен ГХ-4 арқылы жылдам әдіспен өндіріс бөлмелердің
ауасында зиянды газдар мен булардың пайда болуын анықтау реті баяндалған.

2 ЖҰМЫС АЙМАҒЫ АУАСЫНДАҒЫ ЗИЯНДЫ ГАЗДАР МЕН БУЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫН АНЫҚТАУ

2.1 Газдардың шоғырлануын УГ-2 газ талдаушымен анықтау

2.1.1 Аспап жұмысының жеттілігі мен жұмыс істеу тәртібі

УГ-2 түрдегі әмбебап көшірілетін газталдаушы аспап - өндіріс
бөлмелерінің ауасында қандай да болсын зиянды газдар мен булардың (25 атау)
шоғырлануын анықтауға арналған.
Аспап жұмыс аймағы ауасында зиянды газдардың (булардың) пайда болуын
келесі жағдайларда анықтайды және қамтамасыз етеді: оттегі, сутегі, азот
пен асыл газдар мөлшерін, шаң 40 мгм3 мөлшерінен- көп емес, сынап
бағанасының қысым-740-780 мм, салыстырмалы ылғалдылық 90 %-дан көп емес,
температура +100°С ден +30°С-ге дейін.
Аспаптың жұмысы жылдам әдістің сызықты-колористикалық тәсілінде, яғни
индикатор түтікшелеріндегі боялған түйіршік бағанасы ұзындығын өзгертуде
негізделген. Бұл одан талданып алынған ауаны өткізгенде байқалады. Ауаның
енуі газ талдаушының ауа алатын құрылғысымен жүзеге асырылады. Индикатор
түйіршігінің боялған бағанасы ауадағы зерттелетін газ немесе будың
шоғырлануына пропорционалды, мгм3 деп бөлінген шкала бойынша өлшенеді.
Аспаптың көрсету қателігі әр шкаланың жоғары шегінен (10 % көп емес.
Анықталатын газдардың аталуы, олардың жұмыс аймақ ауасындағы ШШМ,
өтетін ауа көлемі, индикатор дағының талдаудан кейінгі түсі, өлшеу шектері,
сүзгілейтін қысқымен ұсталынатын ауаны талдағанда кедергі жасайтын қоспалар
3-кестеде келтірілген.

2.1.2 Газ талдаушысының сипаттамасы

УГ-2 газ талдаушысы ауа алатын құрылымына, шкалалар үшін алынып-
салынатын қойдырғыштан, үш шток жинақтан,өлшеу шкалаларынан, түтікшелер мен
патрондар даярлайтын реактивтері бар құралдар жинағынан және ауаны
газдандыратын қондырғыдан тұрады.

2.1.2.1 Ауа алатын кұрылғы

Ауа алатын құрылым стақан ішінде орналасқан серіппесі бар резеңке
сильфоннан тұрады, серіппе сильфонды созылған күйде ұстап тұрады (1-сурет).
Корпустың жабық бөлімінде (1) резеңке сильфон (2) екі ернемекпен (3)
және онда серіппесі бар (5) стақан (4) орналасады. Сильфонның ішкі
бүктесіндеріндегі тарату дөңгелектері (6) сильфонға қатаңдық пен тұрақты
көлемді сақтау үшін орнатылған.
Жоғарғы тақшада (7) қозғалмайтын қуысты бөлшек (8) соташықты
бағыттауға (9) қысатын сильфон; саңылау (10) соташықты жұмыссыз қалпында
сақтау үшін және өлшеу шкалалары үшін қондырғыш (11), сильфон арқылы өтетін
ауа көлемін соташықпен бекіту үшін қозғалмайтын бағыттау қуысты бөлшекте
тоқтатқыш (12) орналасқан. Жалғастыққа (13) ішкі жағынан резеңке түтікше
(14) қосылған, ол сильфонның төменгі ернемегі арқылы оның ішкі ойығымен
қосылады. Жалғастықтың сыртқы ұшына алынатын резеңке түтікше (15) киілген,
оған индикатор түтікшесі салынады. Бұған ауа талдауға кедергі жасайтын
қоспаларды аулайтын сүзгілейтін қысқы қосылады.
Зерттелетін ауаны индикатор түтікшесі арқылы сору, сильфонды алдын ала
соташықпен қысудан кейін жасалады. Қырларда (соташық басының астында)
талдаудағы сорылатын ауа көлемдері белгіленген. Соташықтың цилиндрлік
бетінде сорылатын ауа көлемін бекітетін төрт ұзынша науа (16) орналасқан.
Тереңдетулер аралығы былай таңдалған; соташық олардың біреуінен екіншісіне
жүргенде (17), сильфон сол газ талдауға қажетті ауа мөлшерін сорады.
Өлшеу шкалалары мен индикатор түтікшесі газдар үшін тағы да қосымша
сүзгілейтін қысқыны орнатады. Индикатор түтікшесі мен сүзгілейтін қысқы
арнайы қысқышта орналасады. Осылардың көмегімен және өлшеу шкалаларымен
қойдырғыш ойықтан оңай алынады, бұл газдар шоғырлануын анықтау, аспаптан
біршама аралықта істеуге мүмкіндік береді.

1-сурет. УГ-2 аспабы.
1 – аспаптың корпусы; 2 – резеңкелі сильфон; 3 – сильфонның қозғалмайтын
төменгі ернемегі; 4 – сильфонның серіппелі стақаны; 5 – сильфонның
серіппесі; 6 – кернегіш сақинасы; 7 – аспаптың жоғарғы тақшасы; 8 –
қозғалмайтын төлке; 9 – соташық; 10 – соташықты сақтау үшін саңылау тесік;
11 – өлшегіш шкаласы үшін тұғырық; 12 – тоқтатқыш; 13 – жалғастық; 14 –
жалғастықта төменгі сильфонға түсетін түтікше; 15 – жалғастықтан
индикаторлы түтікшеге бұрып жіберетін резеңке түтік; 16 – соташықтың
бойлатылған бунақтары; 17 – бойлатылған бунақтағы тереңдетілген соташық.

2.1.2.2 Өлшеу шкалалары, индикатор түтікшелері мен сүзгілейтін қысқыстар.

Өлшеу шектеріне байланысты әрі анықталатын газға бір немесе екі шкала
болады, олар мгм3 немесе мгл (мұнда деректерді мгм3 деп көрсету үшін
талдау нәтижелерін 1000-ға көбейту керек) деп жалпақ тіліктер бөлінген.
Шкалаларда химия белгісі немесе газ атауы және талдаудағы сорылатын газ
көлемі мл-мен көрсетілген. Талдау жүргізгенде сорылатын ауа көлемдері
соташық басында және есеп жүргізілетін шкалада көрсетілген мәндермен сәйкес
келу керек. Ауадағы талданатын газ шоғырлануын анықтауға арналған индикатор
түтікшесі (2-сурет) бұл шыны түтікше (1), ұзындығы 90-91 мм, ішкі диаметрі
2,5-2,6 мм, ол индикатор түйіршігімен толтырылған (3). Түтікшедегі түйіршік
0,5-1 мм мақтаның жұқа қабаты (5) мен эмальданған диаметрі 0,28 мм, мыс
сымнан жасалған тығын арқылы ұсталынып тұрады. Түтікше ұштары жұмыс алдында
алып тасталынатын кеңселік сүргіштен жасалған қақпақшалармен бітеледі.
Сүзгілеу қысқысы (2-сурет) – бұл шыны түтікше (2), диаметрі 10 мм, ұзындығы
86 мм екі жақтан 5 және 8 мм-ге дейін қысылған созылма. Олар жұту
түйіршіктерімен (4) толтырылған, бұлар газдарды айқындауға кедергі жасайтын
қоспаларды аулауға арналған. Түтікшедегі түйіршік гигроскопты (су жұтатын)
мақтадан (6) екі тампонмен ұсталады. Азот тотықтар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірістік токсикология негізі
Ағаш өңдеу өнеркәсібіндегі зиянды және қауіпті факторлар
Өндірістік канцерогенді факторлар
Өндірістік желдетудің түрлері
Сүт өндірісіндегі қалдықсыз технологиялар
Пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыруға қойылатын талаптар
Өндіріс орындарын желдету әдістері жайлы мәлімет
Ұсақ малдардың қораларының ішкі орналасу жоспары мен микроклиматы
Мал қоралары ауасының ылғалдылығы
Өндіріс бөлмелеріндегі зиянды заттар
Пәндер