Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың экономикалық негіздері
1.1 Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және тәуекелділігін талдау («Қазақтелеком» АҚ мысалында)
2.1 «Қазақтелеком» АҚ.ның қаржылық менеджментінің құрылымы және қызметтерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.2 «Қазақтелеком» АҚ.ның қаржылық жағдайын талдау ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 «Қазақтелеком» АҚ.ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау ... ... ... ..21

III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін дамыту ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..31
Кіріспе

Қаржы менеджменті – бұл маңызды қаржылық шешім қабылдайтын ғылым. Қаржы менеджменті кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына қол жеткізу үшін қаржысын басқаруға бағытталған ғылым. Қаржы менеджментінің ең басты бағыты ақша ағымын және айналым қаражаттарын басқару болып табылады. Сонымен, қаржы менеджменті функционалды тұрғыдан экономикалық басқарудың жүйесі және қаржы механизмінің бір бөлігі, институционалды тұрғыдан қаржы менеджменті басқару органы, ал ұйымдастырушылық – құқықтық тұрғыдан кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады.
Инвестициялық кіріс кіргізу және меншікті капиталды жинақтау процесінде зейнетақы активтерін қаржылық басқарудың қажетті тәжірибесін жинақтау кезеңі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған Қазақстан-2030 үндеуінде «Нарық - ол қатаң қаржылық жауапкершілікке негізделетін демократия», - деген тұжырым бар.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ, қаржылық менеджменттің теориялық негіздері Ф.У. Тейлор, Ю.Ф. Бригхем, А.И. Балабанов, И.Т. Балабанов, Т.В. Теплова, Дж. Синка, А.Р. Горбунов, Е.С. Стоянова сияқгы ғалымдардьвд және басқа авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды, өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты, әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс. Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
Нарықтық экономика жағдайында өндірушілер, сатушылар және сатып алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе аз болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.
2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2006.
3. Русак Н.А. Анализ финансового положения предприятия. В учебнике «Анализ хозяйственной деятельности в промышленности». Под общ. ред. В.И. Стражева - Минск: Высшая школа, 2004.
4. Радионова В.М., Федотова М.А. Финансовая устойчивость предприятия в условиях инфляции. — М.: Изд-во «Перспектива», 2007.
5. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2008
6. Ковалев А.И., Привалов В.П. Анализ финансового состояния предприятия. - М.: Центр экономики и маркетинга, 2003
7. Балабанов И.Т. Анализ и планирование финансов хозяйствующего субъекта: Учебн. пособие. - М.: Финансы и статистика, 2000
8. Бухгалтерско-аудиторский портфель. ( Книга предпринимателя. Книга бухгалтера. Книга аудитора ) / Отв.ред. Рубин Ю.Б., Сол-даткин В.И. - М.: «ОМИНТЭК», 2000
9. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2004
10. Маркарьян Э.А., Герасименко Г.П. Финансовый анализ -М.: «ПРИОР», 2003
11. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 1995 г., №2732.
12. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2001
13. Бухгалтерский анализ: Пер. с англ. - К.:Торгово-издательское бюро ВНУ, 2005
14. Введение в бухгалтерское дело: Пер. с англ.: — К.: Торгово-издательское бюро ВНҮ, 2006
15. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2007.
16. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.
17. Анализ хозяйственной деятельности в промышленности: Учебник ІИ.А. Богдановская, Г.Г. Виноградов, О.Ф. Моргун и др:. Под.общ. ред. В.И. Стражева. - Минск: Высшая школа,2003.
18. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез,2001

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

I Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың
экономикалық негіздері

1 Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні,
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

2 Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент
объектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

3 Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

II Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және
тәуекелділігін талдау (Қазақтелеком АҚ мысалында)
2.1 Қазақтелеком АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және
қызметтерін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..14
2.2 Қазақтелеком АҚ-ның қаржылық жағдайын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... 16
2.3 Қазақтелеком АҚ-ның қаржы тәуекелін басқару жүйесін
талдау ... ... ... ..21

III Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің тұрақтылығын арттыру жолдары
3.1 Қаржы менеджментіндегі басқару қатынастары мен басқару құрылымын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23
3.2 Қаржы менеджментіндегі тәуекелді басқару жүйесін
дамыту ... ... ... ... ... ...24

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..29
Қосымшалар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..31

Кіріспе

Қаржы менеджменті – бұл маңызды қаржылық шешім қабылдайтын ғылым.
Қаржы менеджменті кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсаттарына
қол жеткізу үшін қаржысын басқаруға бағытталған ғылым. Қаржы менеджментінің
ең басты бағыты ақша ағымын және айналым қаражаттарын басқару болып
табылады. Сонымен, қаржы менеджменті функционалды тұрғыдан экономикалық
басқарудың жүйесі және қаржы механизмінің бір бөлігі, институционалды
тұрғыдан қаржы менеджменті басқару органы, ал ұйымдастырушылық – құқықтық
тұрғыдан кәсіпкерлік қызметтің бір түрі болып табылады.
Инвестициялық кіріс кіргізу және меншікті капиталды жинақтау
процесінде зейнетақы активтерін қаржылық басқарудың қажетті тәжірибесін
жинақтау кезеңі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан
халқына арналған Қазақстан-2030 үндеуінде Нарық - ол қатаң қаржылық
жауапкершілікке негізделетін демократия, - деген тұжырым бар.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Жалпы сондай-ақ, қаржылық менеджменттің
теориялық негіздері Ф.У. Тейлор, Ю.Ф. Бригхем, А.И. Балабанов, И.Т.
Балабанов, Т.В. Теплова, Дж. Синка, А.Р. Горбунов, Е.С. Стоянова сияқгы
ғалымдардьвд және басқа авторлардың ғылыми еңбектерінде зерттелген.
Тәуекелсіз кәсіпкерлік болмайды. Ең көп табысты жоғары тәуекелді
нарықтық операциялар әкеледі. Алайда барлық жерде шек керек. Тәуекел
міндетті түрде максималды жіберілетін шекке дейін есептелуі тиіс.
    Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – қаржылық тәуекелдің мәнін
толығырақ ашып, нақты кәсіпорын мысалында қаржы тәуекелін басқару жүйесін
талдау және оның жетіспеушіліктері мен оны жетілдіру бойынша ұсыныстар
беру.
Өз нарықтық қызметте қате жіберуден қорықпау өте маңызды,
өйткені олардан ешкім сақтандырылмаған, ең маңыздысы - қателіктерді
қайталамау. Менеджер міндеті нарықта тік бұрылыстарды жұмсарту үшін қосымша
мүмкіндіктерді алдын ала ескеруге бағытталады. Менеджменттің басты мақсаты,
әсіресе Қазақстанның бүгінгі жағдайында, ең қиын жағдайларда табыстың тек
аз ғана төмендеуі болуы мүмкін, бірақ банкрот туралы сөз болмауы тиіс.
Сондықтан әрқашан тәуекелді басқаруды әрқашан жетілдіруге ерекше назар
аударылады, яғни тәуекел-менеджментін жетілдіру.
     Нарықтық экономика жағдайында  өндірушілер, сатушылар және сатып
алушылар бәсекелестік жағдайында өздері, яғни өз үрей және тәуекел
жағдайында қызмет етеді. Сондықтан олардың қаржылық болашағы көбінесе  аз
болжанады. Тәуекел-менеджменті тәуекелді бағалау, бизнесте пайда болатын
қаржылық қатынастар және тәуекелді басқару жүйесі болып табылады. Белгілі
бір дәрежеде тәуекел жағдайы болуын болжамдауға және тәуекел дәрежесін
уақытылы төмендету шараларын қабылдауға мүмкіндік беретін түрлі тәсілдер
қолдана отырып, тәуекелді басқаруға болады.
     Тәуекел мөлшеріне және дәрежесіне стратегия және қаржылық менеджмент
әдістерімен жүзеге асырылатын қаржылық механизм арқылы нақты әсер етуге
болады. Бұл тәуекелді басқарудың өзіндік механизмі тәуекел- менеджменті
болып табылады. Тәуекел-менеджментінің негізі тәуекелді анықтау және
төмендету бойынша ұйымдастырушылық жұмыстар болып табылады.
       Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде қаржы
тәуекелін басқару теориясы, яғни тәуекел түрлері, оны бағалау әдістері,
тәуекел-менеджментінің мазмұны, тәуекелді төмендету тәсілдері жазылған.
       Екінші бөлімінде нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын мысалы
ретінде Қазақтелеком акционерлік қоғамының филиалы алынып, қаржылық
жағдайы, қаржылық тәуекелді басқару жүйесі талданады.
       Үшінші бөлімінде қаржылық тәуекелді басқару жүйесі жетілдіру туралы
сөз болады. 

I. Кәсіпорынның қаржылық менеджменті және тәуекелділігін басқарудың
экономикалық негіздері

5 Кәсіпорынның қаржы менеджментінің мәні, түсінігі

Қаржы менеджменті басқару жүйесі ретінде. Қаржы менеджменті қаржы
ресурстарының қозғалысының процесі кезіндегі шаруашылық субъектілердің
арасында пайда болатын қаржылық ресурстардың қозғалысы мен қаржылық
қатынастарды басқаруға бағытталған. Қаржы менеджменті басқару
стратегиясымен тактикасынан тұрады. Стратегия дегеніміз – алға қойған
мақсаттарға қол жеткізу үшін жалпы бағыттар мен қаражаттарды пайдалану
әдістерін айтады. Бұл әдіске шешім қабылдау үшін белгілі ережелер мен
шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.
Басқару объектісіне ақша ағымын, құнның айналсоқтығын, шаруашылық
субъектілермен олардың шаруашылық процесіндегі бөлімшелерінің арасындағы
қаржылық ресурстардың қозғалысымен қаржылық қатынастардың жүзеге асыру
жағдайының жиынтығы. Басқару субъектісі - әртүрлі формалардың басқару
әсерімен объектінің қызметін мақсатты бағытта жүзеге асыратын арнайы
адамдар тобы (қаржылық дирекция басқару аппараты ретінде, қаржылық менеджер
басқарушы ретінде).
Қаржы жүйесінің бастапқы буыны ретінде шаруашылық жүргізуші
субъсктілердің қаржысы базистік категория, яғни тап осындай нысанада жұмыс
істейтін айырықшалықты белгілері мен ерекшеліктері бар объективті
экономикалық қатынастардың жиынтығы болып табылады. Бірақ ақша қорлары
қозғалысының объектісі бар, субъектілердің нақтылы мүддслсрі жөнінде
көрінетін кез келген қатыиастар сияқты, олар реттеуді, тиісті қаржы
ағынының бағыттарын, олардың, қозғалысын ретке келтіруді қажет етеді. Бұл
қондырмалықтарға жататын, нақтылы орындаушылардың санасымен, машығымен
жәнсе іскерлігімен жасалатын субъективті (басқарушы іс-әрекеттері ақылы
жүзеге асырылады. Экономикалық заңдармен анықталатын базистік аса маңызды
құбылыстардың тарабынан бағдарлануы гиіс, бұл талаптарды үнемі ескеріп
отыру тиіс, яғии базистің шарттарына бағынышты болуы тиіс. Бұл басқарылатын
іс-әрекеттерге қаржы мененджменті ұғымы — тиімді пайдалану мақсатында
косіпорынның ақша ағынының, кәсіпорынның бүкіл қаражат қозғалысы механизмін
басқару жүйесі жатады.
Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы (басқару қаржы
менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйымдардың кәсіпкерлік
қызметі арқылы және соның шеңберіндс әлеуметтік-экономикалық процестерді
басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті
службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға,
оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды
сатып альш, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей
етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.
Қаржы менеджментінің анықтамасы. Қаржы менеджерінің рөлі, мақсаты және
міндеттері.
Менджмент деген сөз ағылшыннан аударғанда басқару деген мағына
береді, демек қаржылық менджмент – бұл қаржыны басқару, яғни
кәсіпорындардың ақша айналамын және қаржылық ресурстарының қолдануын
басқару.
Қаржының қазіргі заман шеңберіндегі теориясында ғалым ретінде қаржыны
басқарудың методологиясы мен техникасына арналған қолданбалы пән Қаржылық
менджмент қалыптасқан.
Қаржыны басқаруда қолданылған жаңа әдістер басқару өрісінде жаңа
мамандықтың пайда болуына мүмкіндік туғызды. Ол қаржы менеджері.
Кәсіпорынның қаржы қызметінің басшысы (қаржы менеджері) жоғары білімді, кең
көз – қарасты, ойшыл, келесі дамыған ғылымдардың: қаржы, статистика, есеп,
қаржылық талдау, салық салу, бағаның құрылуы, және т.б. қорытындыларын өз
қызметінде әдісін тауып қолданатын маман.
Шағын бизнесте қаржыны басқару үшін бухгартер және экономисттің қызметтері
жеткілікті, себебі қаржылық операциялар негізі ақша айналымынан тұратын
қолма-қол ақшасыз есеппен щектеледі.
Үлкен бизнестің қаржылық операцияларында мүлде басқа тактика қолданылады.
Үлкен капиталдың үлкен ағымы және тиісті өнім қажеттілігін талап етеді.
Сондықтан, үлкен бизнестің қаржысын басқару үшін қаржы бизнесі саласындағы
арнайы дайындалған маман, қаржы теориясын, менеджмент негіздерін жете
меңгерген – қаржы менеджлерін, бизнестің басты тұлғалары ретінде өте қажет.

Қаржы менеджментінің қазіргі теориясының даму кезеңдері.
Қазақстанда нарықтық қатыныстардың қалыптасуы көптеген біздің елде
экономика салсында дәстүрлі ғылым және практика тауарлырының бөлімдерін
елеулі өзгертіп ғана қоймай, біршама жаңа деп саналатын бағыттарды тез
дамуының қажеттілігіне әкелді. Соңғылардың ішінде сөзсіз Батыста ең тез
дамып келе жатқан бағыт болып саналатын бірқатар мамандықтарға (бухгалтер,
экономист) және соңғы жылдары Қазақстанда пайда болған(аудитор, менеджер,
қаржы менеджеріне) тікелей қатысы бар менеджменті кіреді.
Қаржылық менеджмент – экономикалық ғылымда қаржы, басқару, есеп және
талдау салаларындағы теориялық практикамен сәтті біріктіріп келе жатқан
перспективті бағыт.
Қаржылық менеджмент іс жүзінде қолданбалы ғылымдарға жатады.
Жалпы түрде қай ғылым болмасын консептуалдық негіздері, оның тақырыбы мен
әдістерін тұжырымдау және теңестіру арқылы көрсетіледі.
Қаржылық менеджменттің ғылыми аппараты – бұл шаруашылық субъектілердің
қаржылық қызметін басқарудың жалпығылыми және нақты ғылыми әдістерінің
жиынтығы.
Фирмалардың ұйымдық құрылымындағы қаржы службасы.
Шаруашылық субъект қаржылық жұмысын ұйымдастыру үшін арнайы қаржы службасын
құрады. Қаржы службасының қызметінің басты мақсаттарына бағындырылған: олар
қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, экономикалық өсу және табыс табу үшін
алдын ала тұрақты жағдай жасау.
Фирманың қаржы службасының міндеттері:
1. тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін қаржы құжаттарын тез, сапалы
және қажетті көлемде дайындау;
2. кәсіпорынның басты мақсатына жету үшін барлық бөлімдердің қызметін
байланыстыру және бағыттау қабілеті;
3. шаруашылық субъектінің қаржы жоспарларының сапалы құрастырылуына
жауапкершілікті;
4. нарықтық жағдайда кәсіпорынның дұрыс жұмыс істеуі бұл службасыз
мүмкін еместігі.
Қаржы службасы біріңғай шаруашылық қызметті басқару механизмінің
бөлігі, сол себептен кәсіпорнының басқа да службаларымен тығыз байланысты.
Нарықтық қатынастарының дамуымен, сыртқы рынокқа шығу қаржы
службасының алдында жаңа да сапалы міндеттер қояды. Олар: нарықтық
экономикаға парапар әдістермен каржылық ресурстарды тиімді басқаруды
ұйымдастыру. Бұл міндеттерді ойдағыдай шешу қаржылық менеджмент деңгейінде
ғана мүмкін.

8 Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент объектілері

Кәсіпорындарда қаржы менеджментімің объектілері мыналар болып
табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар
және қызметтер, ақпарат, зияткерлік (интеллектуалдық) қызметігің
нәтижелері, материалдық емес игіліктер.
Қаржы менеджменті уәждемелерге адамдардың немесе ұжымдардың
қажеттіліктері мен тиісгі қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іскс асыру
жөніндегі кызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек
өнімділгі мен сапасын ынталандыру процесінде көрінеді.
Жалпы қаржы менеджменті қаржыны басқарудың ілгеріде баяндалған
қағидаттарына негізделген. Ол басқарудың тиісті элементтерін — ақпаратты,
жоспарлауды (болжауды), ұйымдастыруды, реттеуді, бақылауды кіріктіреді.
Қаржы менеджменті жузеге асырудың шарты нарықтық ортаның болуы болып
табылады, бұл орта бағалардың еркін жүйесі, тауар мен қызметтердің
рыногымен қатар еңбек, капиталдар, өндіріс құрал-жабдықтары рыногының жұмыс
істеуі, кәсіпорындардың қызметін мемелекеттік реттеуді заңнамалық
реттемелеу кезіндегі кәсіпкерлік қызметгі коммерциялық есеп негіздерінде
жүргізуге мүмкімдік береді. Сөйтіп, кәсіпорындардың қаржы менеджментінің
шеңбері нарықтық факторлармен анықталады, бұл оны жеке буындарында
баскарушы субъектілердің басқарылу объектілеріне ықпал жасауының
экономикалық элементтері басым болуы мүмкін қаржыны басқарудың жалпы
шарттарынан ажыратады. Кәсіпорындардың қаржы менеджмснтінің жүйесі аса
жылжымалы, өйткені бұл буындағы нысандардың, әдістердің арсеналы жалпы
мемлекеттік қаржылардағыға қарағанда тым әртүрлі. Мысалы, кәсіпорындардың
қаржы менеджменті әртүрлі нысандардағы есеп айырысу (төлем тапсырмасы,
төлем талабы (талап шоты), әртүрлі акредитинтер, есеп айырысу чектері және
т.б.), барлық нысандардағы несиелендіру, бағалы қағаздармен және валютамен
жасалатып операциялар бойынша көп таралған операциялардан басқа хеджерлеу,
кепілдік ипотекалық және сенімгерлік (трасттық) операциялар, қаржы және
операция лизингі, франчайзинг, бағалы қағаздар бойынша трансферттер сияқты
нысандар мен әдістерді қамтиды; валютамен, бағалы қағаздармен жасалатын
операциялар бойынша, қауіптердің барлық түрлерін сақтандыру бойынша қаржы
құралдарының жинақталымы айтарлықтай кеңейеді
Қаржы менеджментін мына кезеңдердің дәйекті ауысымы ретінде елестетуге
болады:
1) ақша қаражаттарын (капиталды) пайдаланудың міндетін қою және
мақсатын анықтау;
2) ақша қаражаттарының қозғалысын басқарудың қаржылық әдістерін,
тәсілдерін талдау;
3) қабылданған шешім бойынша инвестициялау жөніндегі шешімді бизнес-
жоспар немесе басқа ресімдеу түріндегі іс-әрекеттердің бағдарламасын жасау;
4) жобаның орындалуын ұйымдастыру;
5) атқарылу барысына бақылау жасау жәнс қажетті түзетулер жасау;
6) қайта инвестициялаудың мақсаттары үшін жоба нәтижелерін талдау және
бағалау.
Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктерімен,, яғни
жобаланған нұсқамен салыстырғанда табысгы кем алу немесе зияпның пайда
болуы ықтималдығымен кездесіп отырады. Тәуекелдікті галдау оның көздсрі мсн
себептсрін анықтаудан, ысыраптың белгілі бір деңгейінің ықтималдығын
өлшеуді, яғни тәуекелдіктің қолайлы дәрежесін белгілеуден басталады.
Тәуекелдік статистикалық, сараптық және құрамдастырылған әдісгермен
анықталады. Қаржы менеджментінде шешімдер қабылдау тәуекелдіктің (барлық
түрін — өндірістік, коммерциялық, қаржы тәуекелдіктерінің үйлесуін қажет
етеді.
Алайда бизнеске экономикалық, сондай-ақ әлеуметтіх, саяси және табиги
сипаттағы секілді көптеген құбылыстар да әсер етеді: өрлеу мен дағдарыстар,
банк пайызының, бағалардың ауытқулары, тұтынушылар ұнатуларының,
бәсекелестер іс-қимылының өзгеруі, үкіметтің көлденең (болжанбаған)
шсшімдер қабылдауы, ереуілдер, табиғи катаклизмдер, апаттар және т.б.
Колайсыз уақиғалар болған кезде келеңсіз зардаптарды азайтуға ақшаны,
өндірістік қуатты, шикізатты, дайын өнімді резервте сақтау есебінен қол
жетеді; коммерциялық қызметті қайта бағдарлау жөніндегі алдын ала жасалған
шаралар болуы мүмкін. Жиынтық, тәуекелді басқару кезіндегі кәсіпорынға
төнетін тәуекелдердіңтүрлі тұрпаттарында бірігетін кәсіпорын қоржынын
ортараптандырудың ерекше маңызы бар.
Хеджерлеудің көмегімен қаржы тәуекелдігін (қатерін) барынша азайтудың
техникасы қолданылады. Бұл кездс негізгі келісіммен қатар үшінші тараппен
қосымша мәміле жасалынады. Оның, шарты мынадай: негізгі мәміледегі қаржы
ысыраптарына соқтыратым мән-жай болған кезде қатысушы залал шеккен
ысыраптарды түгел немесе ішінара бейтараптандыра отырып, қарама-қарсы
мәміледе ұтады. Хеджерлеу техникасында опциондар, фыочерстер, пайыздық
айырбастар (своптар) сияқты және т.б. пайдаланылады.
Тәуекелдікті азайту мен төмендетудің дәсгүрлі әдісі мүліктік
сақтандыру болып табылады, бұл кезде сақгандырылушыға (сақтамушыға)
сақтандыру шартымен шарттасылған сақтандыру оқиғасы болған кезде төленетін
сақтық төлемі камтамасыз етіледі.
Қаржы менеджментде маңызды объект ақша ағыны – құн (Д-Т-Д1)
нысандарын жаңғыртудың және косылған құнды қалыптастырудың экономикалық
процесттерін ортақтастыратын қолма-қол және қолма-қол ақшасыз
нысандарындағы ақшаның қозғалысы болады. Ақша агынының (ақша түсімі мен
жалпы құрамына қаржы көмегімсн де қалыпасатын (қаржы ресурстары), сондай-
ақ, басқа әдістермен де тартылатын барлық ақша ресурстары қамтылады.
Қаражаттардың түсіміне анықтаушы орынды өнімді, жұмыстарды және қызметтерді
өткізуден түскен түсім-ақша, онан кейіп несие ресурстары, әр түрлі
тартылған ресурстар алады. Қаражаттардың жылыстауыдүркін-дүркін төлеулермен
де (тауар-материал құндылықтарын сатып алу, қызметкерлерге жалақы мен
сыйақылартөлеу, несиелерді өтеу салықтар мен басқа міндетті төлемдерді
төлеу және т.б.,) сондай-ақ ұзақ мерзімді инвестициялардың болжамы
негізіндегі күрделілерімен де байланысты.
Қаржы менеджментінде ақша оның іс-әрекетінің мезгілдік (уақытша)
межелдемелері тұрғысынан функцияларды атқару кезіндегі өзге нысанға, сапаға
айналғанға дейін қаралады. Бұл аспектіде ақшаның "уақытша құнының "барлығы
есепке алынады: мұндай сомада бүгінгі ақша мен келешектегі ақшаның сатып
алу күші бірдей болмайды. Ақшаның қазіргі және келешектегі құны өзара
қайтымды. Қазіргі (бүгінгі) қүн келешектегі құнға компаундингілеу — күрделі
пайыздарды есептеу арқылы, ал келешектегі құны қазіргі құнға дисконттау —
пайыздарды пайдаланып төмендету арқылы жеткізіледі. Ақшаның келешектегі
құнының есеп-қисабында инфляцияның индекстерін есепке алу, яғни ақшаның
құнын инфляциялык құнсыздануға төмендету қажет.

1.3 Қаржылық тәуекел деңгейін төмендету әдістері

     Қаржы тәуекелдері түрлі әдістер мен тәсілдер көмегімен шешіледі.
Қаржы тәуекелдерін шешу құралдары болып олардан қашу, ұстап қалу, беріп
жіберу, деңгейін төмендету.       
     Тәуекелден қашу тәуекелмен байланысты шарадан жай ауытқумен
түсіндіріледі. Алайда кәсіпкер үшін көбінесе тәуекелден қашу пайда алу
мүмкіндігін қолданбауды білдіреді. Тәуекелді ұстап қалу – тәуекелді
инвестордың жауаптылығына қалтыру. Сонымен, инвестар венчурлік капиталды
сала отырып, вечурлік капиталдың мүмкін болатын жоғалтуларын меншікті
қаражаттары есебінен өтей алатынын алдын ала ескереді. Тәуекелді беріп
жіберу инвестор тәуекел жауаптылығын басқа біреуге, мысалы сақтандыру
қоғамына, беріп жіберумен түсірдіріледі. Бұл жағдайда тәуекелді беріп
жіберу қаржы тәуекелін сақтандыру жолымен жасалды. Тәуекел деңгейін
төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту.
     Қаржы тәуекелін шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі
принциптерге сүйенуі тиіс:
• меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады;
• тәуекелдің соңын ойлау керек;
• аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды.
    Бірінші принципке сүйенуде инвестор капитал салымын жасаудан бұрын
тиіс:
• берілген тәуекел бойынша мүмкін болатын шығыстар көлемін максималды
түрде анықтау;
• оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру;
• олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып,
инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау.
     Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не
одан кіші, не үлкен болуы мүмкін.
     Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға
болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте
шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық
ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің
арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел
коэффициентімен өлшенеді:
Кр = У С, (формула 1)
        мұндағы   Кр – тәуекел коэффициенті;
                          У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы;
                   С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік
қаржылық ресурстар көлемі.
         Екінші принципке сүйену инвестор шығыстың максималды мүмкін
болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін
анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз
жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру
шешімін қабылдауды талап етеді
Үшінші принциптің қызмет етуі қаржы тәуекелін әсіресе беріп жіберуде
көрінеді. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы
өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе
сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі
үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе
сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы)
сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын
үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс
емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. Қаржы тәуекел деігейін
төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады:
• диверсификациялау;
• таңдау және нәтижелер туралы қосымша ақпараттар алу;
• шектеу;
• сақтандыру;
• жабу;
• хеджирлеу және т.б.
     Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым
объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін
білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын,
ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс
әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне
негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды
орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен,
инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N
акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше
тәуекел деігейін N есе төмендетеді.
     Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар
жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол
сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай
ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол
үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал
салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық
ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық
емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер
болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы
болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған
тиімді.
    Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті
сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып
табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына
отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие
карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар
капитал салымы сомасын  анықтау кезінде қолданады.
     Сақтандыру мәні – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен
бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге
дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда
тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық
жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы
тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі
болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар
үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы.
Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе
резервтік қор) құрады.
     Сақтандыру үшін құрылып жатырған ақша қорының мақсатты бағыттылық
сипаты тән, оның ресурстарын тек алдын ала келісілген жағдайлардағы
жоғалтуларды өтеуге (көмек көрсету) жұмсау; қатынастардың ықтималдылық
сипаты, себебі сәйкес жағдай қашан болатыны, оның күші қандай және қай
сақтанушыға тиесілі болатыны алдын ала белгісіз; қаражаттардың
қайтарымдылығы, себебі бұл қаражаттар барлық сақтанушылар бойынша зияндарды
өтеу төлеміне бағытталған.
     Сақтандыру процесінде сақтандыру қорын құруда қатысушылар арасында
қаражаттарды қайта бөлу жүргізіледі: бір немесе бірнеше сақтанушы
жоғалтуларын өтеу жоғалтуларды барлығына бөлу жолымен жүргізіледі. Белгілі
бір кезеңде төлем жасаған сақтанушылар саны өтеу алатын сақтанушылар
санынан үлкен болады.
Тәуекел менеджменті кәсіпкерлік қызметінің сферасы сақтандыру
нарығы болып табылады. Сақтандыру нарығы – сақтандыру бойынша экономикалық
қатынастардың пайда болу сферасы. Сақтандыру нарығы сақтандыру
компанияларымен (қоғамдары) және мемлекеттік емес зейнетақы қорларымен
азаматтарға және шаруашылық жүргізуші субъектілеріне ұсынылатын сақтандыру
қызметтері сауда-саттық объектісі болып табылатын ақшалай қатынастар
сферасымен түсіндіріледі.
       Тәуекел- менеджменті тәуекелді басқару және экономикалық, нақтырақ
айтқанда, осы басқару процессінде туындайтын қаржылық қатынастарды басқару
жүйесі болып табылады.
       Тәуекел- менеджменті басқарудың стратегиясы мен тактикасынан
тұрады.
       Басқару стратегиясы қойылған мақсаттарға жету үшін қаражаттарды
пайдалану әдістері және бағыттарымен түсіндіріледі. Бұл әдіске шешімді
қабылдау үшін белгілі бір ережелер мен шектеулер жиынтығы сәйкес келеді.
Тәуекел менеджментінде басқару объектісі болып капиталдың тәуекелді
салымы және тәуекелді өткізу процессінде шаруашылық жүргізуші субъектілері
арасындағы экономикалық қатынастар  табылады. Бұл экономикалық қатынастарға
сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы, несие алушы мен несие беруші,
кәсіпкерлер (серіктестер, бәсекелестер) арасындағы қатынастар жатады және
т.с.с.
       Тәуекел менеджментінің басқару субъектісі – түрлі басқарушылық
істің әдістері мен тәсілдері арқылы басқару объектінің мақсаттылық бағытты
қызмет етуін жүзеге асыратын арнайы адамдар тобы (қаржы менеджері,
сақтандыру маманы, аквизитор, актуарий, андеррайтер және т.б.).
       Субъектінің басқару объектісіне әсер еті процессі, яғни басқару
процессі басқаратын және басқарылатын ішкіжүйе арасында белгілі бір
ақпаратты айналдыру жағдайында жүзеге асырылады. Басқару процессі оның
нақты мазмұнынан тәуелсіз ақпараттарды алу, беру және қолдануды ұсынады.
Тәуекел менеджментінде белгілі жағдайларда сенімді және жеткілікті
ақпараттарды алу маңызды орын алады, себебі тәуекел жағдайында қызмет ету
бойынша нақты шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

II. Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің ұйымдық құрылымын және
тәуекелділігін талдау

2.1 Қазақтелеком АҚ-ның қаржылық менеджментінің құрылымы және
қызметтерін талдау

Қазақтелеком ҰК АҚ (бұдан әрі – Компания) Қазақстан Республикасының
жалпы қолданыстағы бірыңғай телекоммуникация желісінің ұлттық операторы
болып табылады.
Қазақтелеком ұлттық акционерлік компаниясы Қазақтелеком ұлттық
акционерлік компаниясын құру туралы Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетінің 1994 жылғы 17 маусымдағы № 666 қаулысына сәйкес ұлттық ауқымда
құрылатын, мемлекеттік өңірлік және мамандандырылған телекоммуникация
кәсіпорындарының мүлкін Республиканың бүкіл аумағында кең ауқымды байланыс
қызметтерінін көрсететін акционерлік қоғамның жарғылық қорына беру жолымен
құрылды.
2004 жылғы 1 сәуірде Қазақтелеком ҰАК-ты Астана қаласының Әділет
басқармасы Қазақтелеком АҚ етіп қайта тіркеді.
Компания Қазақстанда жұмыс істейтін 3 еншілес және бірлесіп
бақыланатын (Алтел АҚ (50 %), Қазақстан GSM ЖШС (49 %), Нұрсәт ЖАҚ
(41,25 %)) ұйымға қатысушы немесе акционер болып табылады.
Компания мынадай негiзгi қызметтердi көрсетедi:
• жергілiктi, қалааралық, халықаралық телефон байланысы;
• телеграф, телекс, деректер беру;
• спутниктiк байланыс;
• сым арқылы радиохабар тарату;
• байланыс арналарын жалға беру.
Кадр саясатының мақсаты – бірыңғай командалық рухы болатын және Қоғам
алдындағы тұрған міндеттерді адам қорларларының ұстанымын барынша жүзеге
асыру мен корпоративтік өзараәрекеттесу құрылымдарының пәрменділігі арқылы
сапалы және жедел шешуге қабілетті жоғары кәсіптік еңбек ұжымын құру.
Қоғам қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешеді:
1. корпоративтік дәстүрлерді, клиенттке жоғары сапалы деңгейде қызмет
көрсетуді және серіктестермен адал өзараәрекеттесуді қамтамасыз ету үшін
еңбек ұжымындағы қатынастардың корпоративтік стандарттарын дамыту;
2. өз қызметі саласындағы үздік мамандардың кәсіптік деңгейін көтеру және
іздеу, тарту, ұстап қалу;
3. әлеуетті мүмкіндіктері мен ынталы және шығармашыл ойлайтын
қызметкерлердің тұрақты кәсіптік өсуін көрсету үшін жағдайлар жасау;
4. жаңадан қабылданған қызметкерлердің бейімделуіне, олардың кәсіптік және
шығармашылық әлеуетін тиімді пайдалануына жағдай жасай отырып, ықпал ету.

5. қызметкердің (команда мүшесініңҚоғамның) қабілеттілігін білу;
6. Қоғамның игілігі үшін қызметкердің зияткерлік және шығармашылық әлеуетін
дамыту;
7. қызметкердің Қоғам қызметінің нәтижесіне, оның ішінде ұзақмерзімді
дамуға үлесін әділ бағалау.
8. "Қазақтелеком" АҚ (әрі қарай – Қоғам) кадр саясатының негізі
қызметкердің Қоғам алдында қойылған стратегиялық және тактикалық
міндеттердің жоғары кәсіптік деңгейде шешілуін қамтамасыз ете алатын
кәсіптік және әлеуметтік дамуы, ауысу және қызметкерді қызметкердің
сандық және сапалық құрамының қолайлы деңгейінде қолдау мен сақтау
үдерістерінің дұрыс үйлесуі болып табылады.
Қатынастарды басқару мен қызметкерді дамыту теңдестірілген кешенде
қолданылатын жұмыстыңәкімшілік (бұйрықтарына, өкімдеріне, құрылымдық
бөлімшелер туралы ережесіне, лауазымдық нұсқауларына, жұмыстың
регламенттеріне, ішкі тәртіп ережелеріне, санкцияларына және т.с.с.),
экономикалық (материалдық ынталандыруға, сақтандыруға, несиелендіруге,
оқуға, мамандық деңгейін көтеруге), әлеуметтік-психологиялық (психологиялық
климатқа, іскерлік әдепке, материалдық емес дәлел тәсілдеріне,
корпоративтік мәдениетке) әдістерінесүйенеді.
Жұмыс беруші әрбір қызметкермен еңбек заңнамасының талаптарын сақтай
отырып, әлеуметтік серіктестік принциптеріне негізделген тұрақты еңбек
қатынастарын орнатуға ынталанады.
Жұмыс беруші кадр саясатын дұрыс түсінушілікке, қолдауға және жүзеге
асыруға жауапты, және өз кезегінде Қоғам алдында қойылған міндеттерді
түсінушілікке және оның жүзеге асырылуына әрбір қызметкердің
жауапкершілігіне үміттенеді.
2010 жылдың қорытындысы бойынша жұмыс, қызмет көрсету және тауарларды
сатып алудың жалпы соммасы 656 млн. 087мың теңгені құраса, оның ішінде
Отандық өндірушілерден тауарларды сатып алу 476 млн.теңге болды.
Басқару қатынастары мынадай ұйымдастырушылық түрлерге бөлінеді:
біріншіден, басқарушы және басқарушылар жүйелер арасындағы, яғни тікелей
басқару субьектісі мен тікелей өндіріс арасындағы қатынастарға, басқарушы
жүйенің өз ішінде де басқару қатынастары болады.
Қаржылық тәуекелді басқару принциптері. Тәуекелді басқарудың
мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыру менеджерге фирма тәуекелдерін
басқару принциптерін нақтылауды талап етеді.
Менеджер тәуекелді басқару бойынша мақсатты шаралардың арнайы
бағдарламасын жасауда негізге алатын принциптер кәсіпорынның
стратегиясымен анықталады. Егер кәсіпорын өзінің қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз етуге негізделсе, онда бағдарлама жасаушы жұмыс негізіне алатын
сәйкесінше принциптері қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ететін тәуекелді
басқару әдісін таңдауды ұсынады. Мұндай нақты принцип мысалы компанияның
барлық тәуекелдерді сыртқы ортаға шығаруға бағытталу принципі болып
табылады.
Фирманың тиімді дамуы үшін тәуекелдерді басқарудың міндетті түрде
келесі принципін сақтауы тиіс: фирма қызметін сыртқы орта талаптарымен
сәйкестендіру, оның ішінде берілген кәсіпорын үшін сыртқы тәуекел –
менджментінің талаптарына сәйкес келу.
Тәуекелді басқару функцияларының мәні пәндік сипатты
иеленбейтіндіктен, ол коммерциялық кәсіпорындардың интегралдық
құндылықтарын сақтауға бағытталғандықтан, бұл функцияларды орындау фирма
бөлімшелерінің және тәуекелді басқару қызметкерлерінің біріккен күштерімен
жүзеге асырылады. Тәуекелді басқару жүйесін орнату үшін біріншіден,
мамандарды дайындау қажет, екіншіден, әрдайым біріккен тренингтер
жүргізілуі тиіс.

2.2 Қазақтелеком АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау

Батыс Қазақстандық облыстық телекоммуникациялық басқарма
Қазақтелеком акционерлік қоғамының филиалы болып табылады.
Қазақтелеком АҚ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне
сәйкес 1994 жылы 27 желтоқсанынан, ҚР Министрлер Кабинетінің Қазақтелеком
ұлттық акционерлік қоғамын құру туралы 1994 жылғы 17 маусым №666 Қаулысына
сәйкес құрылып қызмет етеді.
Қоғам ҚР барлық территориясы бойынша өз қызметін таратады, ол
қоғамның жарғылық қорына берілетін филиалдардан тұрады. Филиалдар заңды
тұлға болып табылмайды. Филиалдар акционерлер Кеңесімен бекітілетін филиал
туралы ереже негізінде өз қызметін атқарады.
Жалпы төлемқабілетсіздік жағдайы және барлық кәсіпорындардың
банкроттық іс әрекеттері және нақты қаржылық жағдайды бағалау қазіргі кезде
маңызды орын алады. Мұндай бағалаудың басты критериі кәсіпорынның
төлемқабілеттілік көрсеткіштері және өтімділік деңгейі болып табылады.
Кәсіпорын өтімділігін талдауға көшуден бұрын, актив, баланс,
кәсіпорын өтімділігі не екенін анықтау қажет. Өтімділіктің екі концепциясы
белгілі. Бірінші концепцияға сәйкес, өтімділік – бұл кәсіпорынның өзінің
қысқа мерзімді міндеттемелерін төлей алуы. Келесі концепцияға сәйкес
өтімділік – ағымдағы активтердің ақша қаражаттарына айналу дайындығы мен
жылдамдығы. Кәсіпорынның өтімділік мәні өзімен бірге баланс өтімділігін
ұсынады. Баланс өтімділігін талдау өтімділік деңгейі бойынша топтастырылған
актив қаражаттары және өтеу мерзімі бойынша топтастырылған пассив
міндеттемелерін салыстыруға негізделеді. Өтімділік қаражаттары мен
міндеттерді сәйкестендіру мынадай көрсеткіштерді есептеуге мүмкіндік
береді: ағымдағы өтімділік пен перспективадағы өтімділік.
Ағымдағы өтімділік кәсіпорынның қарастырылатын уақыт ішінде
төлемқабілеттілігі және төлемқабілетсіздігі туралы куәландырады және келесі
формуламен есептелінеді:
ТЛ = ( А1 + А2 ) – ( П1 + П2 ), (формула 4)
мұндағы ТЛ – ағымдағы өтімділік, А1 және П1 – актив және пассив бойынша
сәйкес топтардың қорытындылары.
Перспективалық өтімділік – бұл болашақтағы түсімдер мен төлемдер
негізінде болжау. Ол келесі формуламен есептелінеді:
ПЛ = А3 – П3, (формула 5)
мұндағы ПЛ – перспективалық өтімділік, А3 және П3 – актив және пассив
бойынша сәйкес топтардың қорытындылары10,134б..

Кесте-1. Қазақтелеком АҚ филиалының өтімділігін талдау

Төлемдік
артықшылық(+).
Активтер 2009ж. 2010ж Міндеттемелер2009ж. 2010ж. Жеткіліксіздік(-)
2009ж. 2010ж.
1 2 3 4 5 6 7 8
Ең өтімді9841 1861 Жедел 918120 904030 -908279 -902169
активтер, міндеттемелер
А1 ,
П1
Тез 151381 142034 Қысқа 0 0 +151381 +142034
өтімді мерзімді
активтер, міндеттемелер
A2 ,
П2
Баяу 119729 82793 Ұзақ мерзімді0 0 +119729 +82793
өтімді міндеттемелер
активтер, ,
A3 П3
Қиын 2099281 2277002 Тұрақты 1462112 1599660+637169 +677342
өтімді міндеттемелер
активтер, ,
A4 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Ұйым тәуекелділігін бейдағдарыстық басқару
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Банктердің несиелік тәуекелін басқару кезеңдері
Тәуекелді басқару туралы
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
«Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелін бағалау және төмендету жолдары»
Несие тәуекелділігін басқару жүйесіндегі қарыз алушының несие қабілеттілігін талдау
Банктің проблемалық несиелерді басқаруы тұрғысында несиелік тәуекелін талдау
Кәсіпорынды кризистік жағдайдан шығару әдісі
Пәндер