Қосалқы станцияның электр жабдықтарын таңдау



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі ... ... ... ... ... ... ...4
2. Трансформаторлы қосалқы станция және тарату пункттерінің жабдықтары жайлы мағұлмат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
3. Жоғары кернеулі коммутациялық аппараттарын дамыту болашағы ... ... ... ..10
4. Қосалқы станцияның классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
5. Таңдап алу және тиімді пайдалану туралы жалпы мәлімет ... ... ... ... ... ... ...13
6. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
7. Экономикалық белгілері бойынша таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16
8. Электр қозғалтқыштардың қорғау типін таңдап алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
9. Қосылқы станцияның электр жабдықтарына қойылатын талаптар ... ... ... ... 20
10. Электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету ... ... ... ... ... ... ... 29
11. Электрмен қамтамасыз ету элементтерін таңдау және есептеу ... ... ... ... ... .30
12. Қосалқы станциянын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
13. Желінің номинал кернеуін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
14. Электрлік жүктеме графигі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
15. Қосалқы станциалардағы трансформатордың түрін және қуатын таңдау ... ... 32
16. Қысқаша тұйықталу токтарын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
17. Таратылу құрылғыларының электрлік сызбасын анықату ... ... ... ... ... ... ...33
18. Тарату құрылғысының электрлік аппараттарын таңдау ... ... ... ... ... ... ... ..34
19. Есептеу . графикалық жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
20. Электр станцияларының электрлік схемасы туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ..40
21. Желіден қоректенетін тізбектегі мойнақылы көпірлі сұлбалар ... ... ... ... ... ..41
22. Көпірлі сұлбалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42
23. Электр станциялары мен қосалқы станциялардың қосылу сұлбалары ... ... ... 43
24. Қауіпсіздік техникасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..47
25. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49
26. Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 50
Кіріспе

Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр
жүктемесі өсіуіне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Электр станциясында өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетін-электрлік жүйені көрсетеді.
Электр станция деп – электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе қондырғы болып табылады. Сонымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Курстық жобада қосалқы станциясының электр жүктемесінің есебіне, кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқа тұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және сұлбаларды құрастыруға арналған.
Курстық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын - арнаулы мәселе және экономикалық есептер жасалған, еңбекті, азаматтық қорғау және электр жабдығьш эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген.
Курстық жобаның соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:

Негізгі:
1. Шеховцев В.П. «Электрмен қамтамасыздандыру сұлбалары мен есептеулері» бойынша курстық жобаға әдістемелік нұсқау. Москва, ФОРУМ-ИНФРА-М, 2004 жыл.
2. Липкин Б.Ю. «Өнеркәсіп кәсіпорындары мен қондырғыларын электрмен қамтамасыздандыру». Москва, «Жоғары мектеп», 1981жыл.
3. А.А.Федоров, Л.Е.Старкова. «Курстық және дипломдық жобалау үшiн оқу құралы». Москва, Энергоатомиздат, 1987 жыл.
4. Ж.Жәнібеков, Б.Дурманов, Б.Тобжанова. «Электромонтер». «Фолиант» баспасы, Астана-2010 жыл.
5. Қ.Қосыбаев. «Өндіріс мекемелерінің электр жабдықтарын жөндеу және құрастыру». «Фолиант» баспасы, Астана-2010 жыл.

Қосымша:
1. Энергетика. Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. «Рауан» баспасы, Алматы-2000 жыл.
2. Қазақша-орысша, орысша-қазақша оқушыларға, студенттерге арналған сөздік. «Аруна» баспасы, Алматы-2002 жыл.
3. Google, Яндекс және т.б. интернет сайттары.

Пән: Электротехника
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Соңғы жылдары кіші және орта кәсіпорындардың саны және электр
жүктемесі өсіуіне байланысты, электрмен жабдықтаудың сенімділігіне қойылатын талаптардың деңгейі өсті. Осыған байланысты, қазіргі уақытта трансформаторлық қосалқы станциялардың көбісі қажетті электр қуатын өткізе алмайды және олардың беріп жатқан электр энергиясының сапасы заманның талабына сай емес.
Энергожүйенің проектін жасаудағы есебі болып, энергияны аз мөлшерде жұмсап, тұтынушыларды электр және жылу энергиясымен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету үшін электр станцияларында және электр тораптарында керек жабдықтарды технико-экономикалық жағынан тиімді таңдап алу болып табылады.
Электр станциясында өндірілген электр энергиясы тұтынушыларға әуе желісі арқылы және қосалқы станциялар арқылы беріледі, олар станция генераторын және тұтынушыларды біртұтас біріктіріп, электр торабын түзетін-электрлік жүйені көрсетеді.
Электр станция деп - электр энергиясын өндіруге арналған кәсіпорын немесе қондырғы болып табылады. Сонымен қатар электр энергияны түрлендіруде және таратуда басты рольді электр тораптары мен жүйелері атқарады.
Курстық жобада қосалқы станциясының электр жүктемесінің есебіне, кернеудің ауытқуын табуға, трансформатордың типін таңдауға, қысқа тұйықталу тогының есебін шығаруға, электр қондырғыларын таңдауға және сұлбаларды құрастыруға арналған.
Курстық жобаның міндетті бөлігі болып табылатын - арнаулы мәселе және экономикалық есептер жасалған, еңбекті, азаматтық қорғау және электр жабдығьш эксплуатациялаудың қауіпсіздіқ жолдары көрсетілген.
Курстық жобаның соңында қолданылған әдебиеттер тізімі келтірілген.

0.1. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы жүйесі.

Қазақстан Республикасының Біртұтас электр энергетикасы жүйесі (ҚР БЭЖ) республика тұтынушыларын сенімді әрі сапалы электрмен жабдықтауды қамтамасыз ететін электр станцияларының, электр жеткізу желілері мен қосалқы станциялардың жиынтығын құрайды.
Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мыналарды қадағалау мен бақылауды жүзеге асырады:
Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің техникалық талаптарының электр энергиясы саласында орындалуы;
электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың электрлік және жылу пайдаланылатын қондырғыларының және техникалық жай-күйі;
электр және жылу энергиясы сапасы бойынша техникалық шарттар талаптарының сақталуы;
электр және жылу энергиясын ұтымды және үнемді пайдалану, өндіріс режимдерін оңтайландыру, жеткізу, тұтыну;
электр станцияларының, электр және жылу тораптарының күзгі-қысқы жағдайларға әзірлігі.
Мемлекеттік энергетиканы қадағалау комитеті мынадай функциялар мен міндеттерді орындайды:
электр энергетикалық кәсіпорындардың объектілер мен жабдықтардың қысқы жағдайларға әзірлігін бағалау жөніндегі комиссияларының жұмысына қатысады;
электр станцияларының, жылу және электр тораптарының Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикасы жүйесінің бірнеше бөлікке бөлінуіне, электр және жылу энергиясы бойынша тұтынушыларды жаппай шектеуге, ірі энергетикалық жабдықтың зақымдануына алып келетін ірі технологиялық бұзылыстарды тексеруді есепке алады;
электр және энергия жабдықтарына рұқсаты бар;
электр станцияларының, электр және жылу тораптарының энергетикалық жабдығының, сондай-ақ тұтынушылардың энергетикалық жабдығының техникалық жай-күйін кезең-кезеңмен тексеруді жүзеге асырады;
электр және жылу қондырғыларының техникалық жай-күйі мен пайдалану қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асыру үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, жеткізу мен таратуды және оларды сатуды жүзеге асыратын ұйым басшыларының пайдалану техникасы мен қауіпсіздік техникасы ережелері жөніндегі білімдерін біліктілік тексеруді ұйымдастырады;
энергетика объектілерінде электр және жылу энергиясын қауіпсіз және тиімді өндіру, жеткізу, тарату және пайдалану жөнінде энергетикалық сараптама жүргізуді, энергия үемдеу саясатының орындалуын бақылауды, заңды тұлғалардың энергетикалық тиімділігін зерттеуді ұйымдастырады.
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы қолданыстағы заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері:
* Электр энергетикасы туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңы;
* Энергия үнемдеу туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 25 желтоқсандағы Заңы;
* Қазақстан Республикасының электр энергетикасында нарық қатынастарын одан әрі дамыту жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 18 ақпандағы № 190 қаулысы;
* Қазақстан Республикасының электр энергетикасының көтерме нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі;
* Жүйелік оператордың қызмет көрсету, жүйелік және қосалқы қызметтер нарығын ұйымдастыру және құру ережесі;
* Электр энергиясының теңгерімдеуші нарығын қалыптастыру ережесі;
* Қазақстан Республикасының электр энергиясын орталықтандырылған саудасын ұйымдастыру және қалыптастыру ережесі;
* Электр энергиясының бөлшек нарығын ұйымдастыру және қалыптастыру, сондай-ақ осы нарықта рұқсат ету мен қызмет көрсету ережесі;
Қазақстан Республикасының электр энергетикасы мынадай секторлардан тұрады:
электр энергиясын өндіру;
электр энергиясын жеткізу;
электр энергиясымен жабдықтау;
электр энергиясын тұтыну;
электр энергетикасы саласындағы өзге де қызмет;
электр тораптық ережелер.

Электр энергиясын өндіру секторы:
Қазақстанда электр энергиясын өндіруді меншік нысаны әр түрлі 63 электр станциясы жүзеге асырады. Қазақстан электр станцияларының жалпы белгіленген қуаты 18 992,7 МВт-ты, мүмкіндігі -- 14 558,0 МВт-ты құрайды.
Электр станциялары ұлттық маңызы бар электр станциялары, өнеркәсіптік мақсаттағы электр станциялары және өңірлік мақсаттағы электр станциялары деп бөлінеді.
Ұлттық маңызы бар электр станцияларын электр энергиясын өндіруді және Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығында тұтынушыларға сатуды қамтамасыз ететін ірі жылу электр станциясы жатады:
Екібастұз МАЭС-1 ЖШС;
Екібастұз МАЭС-2 станциясы АҚ;
Еуразия Энергетика Корпорациясы АҚ (Аксу МАЭС);
Қазақмыс корпорациясы МАЭС ЖШС;
Жамбыл МАЭС АҚ;
сондай-ақ қосымша және ҚР БЭЖ жүктеме кестесін реттеуге пайдаланылатын қуаты күшті электр станциялары:
Қазцинк АҚ Бұқтырма МЭК;
AES Өскемен ГЭС ЖШС;
AES Шульба ГЭС ЖШС.
Өнеркәсіптік мақсаттағы электр станцияларына электр және жылу энергиясын қатар өндіретін ЖЭО жатады, олар ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жақын орналасқан елді мекендерді электрмен және жылумен жабдықтайды:
ЖЭО-3 Қарағанды-Жылу ЖШС;
ЖЭО ПВС, ЖЭО-2 Арселор Миттал Теміртау АҚ;
Рудненский ЖЭО (ССГПО АҚ);
Балқаш ЖЭО, Жезқазған ЖЭО Қазақмыс корпорациясы ЖШС;
Павлодар ЖЭО-1 Қазақстан алюминийі АҚ;
Шымкент ЖЭО-1,2 (Оңтүстікполиметал АҚ) және тағы басқа.
Өңірлік мақсаттағы электр станциялар -- бұл аумақпен біріктірілген, өңірлік электр тораптық компаниялар мен энергия жеткізуші ұйымдардың торабы бойынша электр энергиясын сатуды жүзеге асыратын және жақын орналасқан қалаларды жылумен жабдықтайтын ЖЭО.

Электр энергиясын жеткізу секторы:
Қазақстан Республикасының электр жеткізу желілері кернеуі 0,4-1150 кВ электр энергиясын жеткізуге және (немесе) таратуға арналған қосалқы станциялардың, таратушы құрылғылардың, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілерінің жиынтығынан тұрады.
Қазақстанда жүйелерді топтастырушы торап қызметін Ұлттық электр торабы (ҰЭТ) атқарады, республиканың өңірлері мен шектес мемлекеттердің (Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы) энергия жүйелерінің арасында электр байланысын, сондай-ақ көтерме тұтынушыларға электр станцияларымен электр энергиясын беру мен жеткізуді қамтамасыз етеді. Қосалқы станциялар, таратушы құрылғылар, өңіраралық және (немесе) мемлекетаралық электр жеткізу желілері мен ҰЭТ құрамына кіретін кернеуі 220 кВ және одан жоғары электр станцияларынан электр қуатын беретін электр жеткізу желілері Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы KEGOC АҚ теңгеріміне кіреді.
Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлердің өз ішіндегі электр байланыстарын, сондай-ақ электр энергиясының жеке тұтынушыларға жеткізілуін қамтамасыз етеді. Өңірлік-деңгейдегі электр тораптары өңірлік электр торабы компанияларының (ӨЭК) теңгерімінде және пайдаланысында болады.
Электр жеткізуші ұйымдар (ЭЖҰ) электр энергиясының келісім-шарт негізінде меншіктегі немесе уақытша пайдаланыстағы (жалға алу, лизинг, сенімгерлікпен басқару және өзге-де пайдалану түрлері) электр тораптары арқылы көтерме және бөлшек сауда нарығының тұтынушыларына немесе энергия жабдықтаушы ұйымдарға жеткізуді жүзеге асырады.

Электрмен жабдықтау секторы:
Қазақстан Республикасының электр энергиясы нарығындағы электрмен жабдықтау секторы электр өндіруші ұйымдардан немесе орталықтандырылған сауда-саттықта электр энергиясын сатып алып, оны кейіннен жеке тұтынушыларға сатуды жүзеге асыратын электрмен жабдықтаушы ұйымдардан (ЭЖҰ) тұрады.
Электр тораптары:
KEGOC АҚ теңгерімінде кернеуі 35 - 1150 кВ 288 электр жеткізу желісі бар. Электр жеткізу желілерінің жалпы ұзындығы 23569,226 км (тізбектер бойынша), оның ішінде:
ӘЖ 1150 кВ -- 1421,225 км;
ӘЖ 500 кВ -- 5570,245 км;
ӘЖ 220 кВ -- 15975,808 км;
ӘЖ 110 кВ -- 558,668 км;
ӘЖ 35 кВ -- 43, 28 км.
ЖЭТ филиалдарының теңгерімінде қуаттылығы 33697,15 МВА трансформаторлары орнатылған кернеуі 35 -- 1150 кВ 74 электр қосалқы станциясы бар, оның ішінде:
1150 кВ -- 3 дана, қуаттылығы 9384,1 МВА;
500 кВ -- 16 дана, қуаттылығы 13816,5 МВА;
220 кВ -- 52 дана, қуаттылығы 10468,35 МВА;
110 кВ -- 1 дана, қуаттылығы 5 МВА;
35кВ -- 2 дана, қуаттылығы 23,2 МВА.
Мысалы:
1. КЕGОС, АҚ-ның Ақмола жүйеаралық электр тораптары филиалы (Астана қ.) 1997 жылдың қыркүйегінде құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 4225,519 км (тізбектер бойынша) 220 - 1150 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 7484,6 МВА кернеуі 220 - 1150 кВ 10 қосалқы станция кіреді.
2. КЕGОС, АҚ-ның Ақтөбе жүйеаралық электр тораптары филиалы 1997 жылдың қазанында құрылды.
Филиалдың мүліктік кешеніне жалпы ұзындығы 1200,02 км (тізбектер бойынша) 220 - 500 кВ жоғары вольтты электр жеткізу желісі кіреді; филиалдың құрамына жиынтық қуаттылығы 1945, 5 МВА кернеуі 220 - 500 кВ 6 қосалқы станция кіреді.

6.1. Трансформаторлы қосалқы станция және тарату пункттерінің жабдықтары жайлы мағұлмат.

Электр қосалқы станциясы - бұл электр энергиясының өндірілуі және таратылуы үшін арналған электрқондырғы.
Трансформаторлық қосалқы станция трансформаторлардың көмегімен бір кернеудегі электр энергиясын басқа кернеудегі электр энергиясына түрлендіру үшін арналған.
Электр тарату құрылғылары (ТҚ) (ЖТҚ - жабық ТҚ, АТҚ- ашық ТҚ) - қабылдау үшін және электр энергиясын тарату үшін қызмет етеді, сондай ақ құрама және жалғағыш шиналардан, қосалқы құрылымдардан (аккумуляторлы), және де өлшеуш аспаптар мен автоматиканың қорғау құрылымдарынан тұратын коммутацилық аппараттарға ие.
Электр таратушы пункт (ТП) - бұл таратушы құрылғы қосалқы станцияның құрамына кірмейді.
Түрлендіргіш қосалқы станция токтың пайда болуының немесе оның жиілігінің түрлендіруі үшін (инвертордың көмегімен) арналған.
Комплектті трансформаторлық қосалқы станция(КТҚС).
КТҚ (комплектті тарату құрылғылары) - ішкі қондырғы;
КСТҚ (комплектті сырқы тарату құрылғылары) - сыртқы қондырғы;

Қосалқы станцияларды басқару тәсілдері:
* Күтуші адамдары жоқ, толық автоматтандырылған;
* Кезекші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар;
* Тұрақты күтуші адамдары бар, автоматтандырылған қосалқы станциялар (Достық қосалқы станциясы, Уфа қаласы, электр газы толтырылған комплексті тарату құрылғысы).
Коммутацилық аппаратпен, жабдықпен, қорғау құрылғысы мен автоматикадан, толық дайындалған немесе жинақталған түрде құралған шкафтан немесе блоктан құралады.
Қосалқы станцияда реактивті қуаттың өндірілуі және желіге берілуі үшін, синхронды қарымталауыш (басқа электр энергия қабылдағышын қуат коэффициентін көтермей пайдаланылуы үшін) орнатылуы мүмкін.
Электр тораптарында электр энергиясын қабылдауға және таратуға тарату пункттері мен трансформаторлы қосалқы станцияларын кеңінен қолданады. Олардың негізгі электржабдықтары - күш трансформаторлары (қосалқы станцияда орнатылады) , майлы сөндіргіштер, жоғары вольтті сақтандырғыштар, реакторлар, айырғыштар, жүктеме сөндіргіштер, сөндіргіштер мен айырғыш жетектері, релелік қорғау аппаратурасы мен басқа да коммутациялық аппараттар. Трансформаторларды, жоғары вольтті сақтандырғыштарды, айырғыштарды және басқа да аппараттарды қондыруды, электр желілерін, станция мен қосалқы станция жабдықтардың пайдалануын және монтаждауын игерген жоғары білікті электр монтері орындайды.Қосалқы станцияларда трансформаторларды бір кернеуді келесі түріне түрлендіру үшін қондырады. Күш трансформаторының қуаты - бірден бірнеше жүз мыңдаған кВА.
Майлы сөндіргіштер кернеуі 1кВ жоғары жұмыс режимінде, жүктеме және қысқа тұйықталу кезінде электр тізбектерін қосып, ажырататын коммутациялық аппарат ретінде қызмет атқарады. Майлы сөндіргіштер қорғау және басқару аппаратының әсерінен қолдан және автоматты түрде қосылып, сөндіріледі.
Жүктеме сөндіргіштер кернеуі 6-10 кВ электр қондырғыларында қуаты Iмол=200-400 А жүктемеде электр тізбегін қосып, ажыратуға арналған немесе жоғары вольтті сақтандырғышты жинақтағы жүктеме сөндіргіш тізбектегі токтың қысқа тұйықталуын қорғауды қамтамасыз етеді. Мұндай сақтандырғыштар секундтың мыңдаған үлгісіндей жұмыс жасай отырып, тізбектегі токтың қысқа тұйықталуы кезінде тез ажыратады да, электр жабдықтарының жұмысына қолайлы жағдай жасайды. Демек, бұл сақтандырғыштар қорғау қызметімен бірге ток шектеуіш құрал болып табылады.
Үш полюсті айырғыштар - ажыратылған аймақтарда алдын алу және жөндеу жұмыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жоғары вольтті тарату құрылғыларында қолданылатын электр тізбектерін қосуға және ажыратуға арналған электр аппараты. Қосу және ажырату жүктемесі жоқ кезде орындалуы мүмкін.
Сонымен қатар, жоғары кернеулі трансформаторлы қосалқы станциялардың жақтауларына разрядтауыштарды орнатады.Олар қосалқы станция жабдықтарының оқшауламаларын асқын найзағайдан, кернеулерден қорғайды, қауіпті асқын жүктеме пайда болған кезде ток өткізгіш бөліктерді жермен автоматты түрде қосады. Разрядтауыштарды қосалқы станцияның әуе кірмелерінде орнатады және сенімді түрде жерлендіреді.Қосалқы станциялардағы төмен кернеулі құрылғыларға төмен кернеулі коммутациялық қорғау, өлшеу аппараттары және шина өткізгіштер жиынтығы жатады.Құрылымына қарай ашық (ғимраттан тыс), жабық (панажайда) және қозғалмалы трансформатолы қосалқы станциялар болып бөлінеді.
Қазігі уақытта ашық және жабық жинақты трансформаторлы қосалқы станциялар кеңінен қолданылады. Олар жоғары кернеулі электр аппараттары, сонымен қатар, өлшеу, қорғау автоматика, белгі беру және басқару аппараттарымен қамтылған (жабдықталған) зауыттарда құрастырылған металл қаңқа және жәшік түрде шығарылады. Жинақталған трансформаторлы қосалқы станциялар элекртмонтаждау жұмыстарын жетілдіреді, электр қондырғыларын құру мерзімдерін қысқартады және олардың жұмыс өнімділігін арттырады. Сондықтан көне үлгідегі трансформаторлық қосалқы станциялар орнына жинақталған трансформаторлық қосалқы станциялар қолданылады.

1.6.1. Жоғары кернеулі коммутациялық аппараттарын дамыту болашағы.
20-шы ғасырдың 80-ші жылдарының басында коммутацилық аппараттарды майлы және әуе ажыратқыштардың орнына оқшаулау және доға сөндіргіш, вакуум және электр газы ортасында пайдалану өзгерісі болып жатады (газ түзгіш алтыфтролы ортада SF6). 110 кВ және одан да жоғары кернеулерде ажыратқыштың электр газына ауыстырушылығының айрықша беталысы ерекше көрінеді.
Электр жабдықтың негізгі лайықтары электр газы қасиеттерімен анықталады, атмосфералық қысымда электр газының электр беріктілігі ауадан 3есе жоғары, ал азғантай ғана электр газы қысымының жоғарылауы кезінде оның электрлік беріктігі трансформатор майынан гөрі жоғары.
Электр газы жабдықтарына жинақылық, үлкен ревизия аралық мерзімдер, номиналды кернеудің 6 кВ-тан 35 кВ-қа дейінгі және кейде 110 кВ кең диапазоны жатады. Бұл аппараттардың өрт қауіпсіздігі жоқ және күтудің жоғары қауіпсіздігіне ие.
Вакуумдық техника контакт аралық жоғары электр беріктігімен сипатталады (10-15мм): яғни токтың ажыратылуы кезінде электр беріктігінің максималды жылдамдығының қалпына келтірілуі, қозғалғыш бөліктің минималды салмағы, жетектің минималды энергиясы, максималды ресурсы, минималды габарит және аппараттың салмағы.

6.1. Қосалқы станцияның классификациясы.

Жоғары жағынан қосалқы станцияны схемасының құрылымына қарай үш топқа бөлуге болады:
1) жоғары кернеулі ажыратқышы жоқ қосалқы станциялар (оңайлатылған схемалар) қысқа тұйықтауыштар мен айырғыштарды қолдануды үнемдеу үшін;
2) жоғары кернеулі, құрамасыз шиналардан қоректенетін, айырғыштар саны аз қосалқы станциялар;
3) бір немесе бірнеше жүйелі құрама шиналы қосалқы станциялар.
Тағайындалуы бойынша қосалқы станциялар былай бөлінеді:
-жүйелі;
-тұтынушы.
Жүйелі қосалқы станцияларлар электросистема құрамына кіреді және үлкен энергетикалық аудандардан қоректенетін электр желілілерін ұйымдастыру үшін арналған.
Тұтынушы қосалқы станцияларлар бөлек территориядан энергиямен қоректенетін өнеркәсіп аудандары немесе басқа кәсіпорындарға арналған.
Тұтынушы қосалқы станцияларлар 4 түрге бөлінеді:
1. Аудандық қосалқы станциялар энергосистеманың құрамына кіреді және аудандарды қоректендіруге арналған.
2. Негізгі төмендеткіш қосалқы станциялар (НТҚС) - аудандық қосалқы станциялардан U=110, 220, 330 кВ кернеуімен қоректенеді. Тұтынушыларды U=6, 10, 35 кВ кернеуімен қамсыздандырады.
3. Цехтық трансформаторлық қосалқы станциясында - кернеуді 6 кВ-тан 0,4 кВ-қа түрлендіру жүріп жатады;
4. Терең енгізуші қосалқы станциясы (ТЕҚС). Терең енгізу деп - қоректеу жүйесін, қуатты жоғалтудың төмендеуі мен трансформациялау сатысының кемуін, тұтынушыға энергияны барынша жақындатуын айтамыз. ТЕҚС (Терең енгізуші қосалқы станциясы) айналу білдігін қоректендіру үшін қолданылады.

Келесі белгілеріне байланысты бөлінеді:
1. Қосалқы станцияның құралымының басты сұлбасының күрделілігі жоғарғы кернеу жағында. Қосалқы станцияның электр құралымының басты сұлбасы негізгі электр жабдығының, трансформаторлардың, желілердің, құрама шиналардың, жалғау олардың арасында орындалған коммутацилық аппараттар құрамын ұсынады. Мұндай сұлбалар бір желідегі орындалудың барлық элементтерінің сөндіру жағдайында орындалады.
2. Толық сұлба асқын кернеуден қорғау құралы, жоғарғы кернеудің жағында басты сұлбаларын, төменгі кернеудің тарату құрылғысының сұлбаларын құрайды (вентильді разрядтауыштар, асқын кернеуден қорғау ток шектеуіші, кернеу мен ток өлшеуіш трансформаторлар, статикалық конденсаторлардың батареялары, меншікті қажеттілік трансформаторлары (МҚТ), таратушы шиналар 6x0,4 кВ).

Қосу түріне қарай қосалқы станцияларлар келесі түрлерге бөлінеді:
Радиалды желіден қоректенетін тұйық қосалқы станцияларлар.
1. Тармақты қосалқы станцияларлар (отпаечные подстанций)

2. Өтпелі қосалқы станцияларлар, берілу желісіне қосылады немесе екі желілі бір жақты немесе екі жақты қоректеуге қосылады.

3. Түйінді қосалқы станциялар, электр беріліске екі немесе одан да көп сәйкес келеді. Мұндай қосалқы станциялар жүйелі қосалқы станцияларға қарайды және аудандық қосалқы станциялардың рөлін атқарады.

Трансформатор санына қарай қосалқы станциялар мынадай түрлерге бөлінеді:
- бір трансформаторлы;
- екі трансформаторлы.
Түйінді қосалқы станцияларға үш немесе төрт трансформаторлы қосалқы станциялар қолданылуы мүмкін.

1.4.Таңдап алу және тиімді пайдалану туралы жалпы мәлімет.

Электр жабдықтарын дұрыс таңдап алу - оны дұрыс пайдаланудың қажетті шарты. Кешенді электрлендіруді жобалағанда, электр жабдықтарының сапалы жұмысын, электрлендірудің арзан болуын ескереді. Кейбір себептерге байланысты ол талаптар орындала бермейді.
Жобалау сатысында қоршаған ортаның жағдайын дәл болжау мүмкін емес, сондықтан электр жабдықтарын таңдап алу орташа көрсеткішке шамалап жасалады. Ол кейде, нақтылы жағдайда, әлдеқайда өзгеше болады. Мұндай үйлесімсіздіктер есеп бойынша алынған жұмыс ережесі арасында да, кернеудің ауытқулары мен басқа да өлшемдері арасында да байқалады.
Бастапқы ақпараттың күңгірттігі, таңдаудың дәлдігін бұзады.
Жобалау кезінде, электр жабдықтары мен технологиялық нысандардың эксплуатациялық қасиеттерінің нашарлауы ескерілмейді. Бұл, әсіресе техниканы күрделі жөндеуден өткізгенде анық байқалады.
Сондықтан пайдалану кезінде, электр жабдықтарын таңдап алу мәселесін мұқият тексеріп, нақтылы жағдайға байланыстыруға тура келеді. Мұндай тексерулер технологиялық үлкен шығындарға соқтыратын жауапты нысандарда міндетті түрде жүргізілуі тиіс.
Жабдық таңдап алу әдісі, жалпы алғанда, электрмен жабдықтау сапасы, жұмыс ережесі және эксплуатацияның басқа да шарттары туралы нақтылы мағұлматтарды электр жабдығының өлшемдерімен салыстыруға саяды. Таңдау туралы шешім шектеу принципімен, болмаса үйлесімділік принципімен қабылданады.
Шектеу принципі - электр жабдығы өлшемдерінің, мәндері соған ұқсас факторлары, эксплуатациялау кезінде байқалған өлшемдік мәндеріне тең, не олардан артық болса, онда электр жабдығы жарамды деп есептеледі. Мысалы, асинхронды моторды,Рн Рф шарты негізінде қуатына қарай таңдап алады. Мұндағы, Рн, Рф - таңдап алынған мотордың қалыпты қуаты мен нақтылы жүктелуі.
Үйлесімділік принципі - электр жабдықтарын таңдап алуда нысандарды немесе процесті электрлендіруде ең жақсы нәтиже береді-ау деген бірнеше нұсқаларды салыстыра қарастыру. Мұнда, үйлесімділік көрсеткіші ретінде техникалық және экономикалық сипаттамалар алынады.

1.4.1. Техникалық сипаттамалары бойынша таңдау.
Электр жабдықтарын таңдауда ескерілетін негізгі техникалық сипаттамаларға: климаттық орындалу мен орналастыру деңгейі, бөгде заттар мен судың (ерітінділардің) тиюінен сақталу деңгейі, қалыпты параметрлері (кернеу, ток, қуат, айналу жиілігі және т.б. ), қосымша сипаттамалары оталау қасиеттері, артық жүктелу қабілеті, қорғаныс сипаттары және т.б.
Климаттық орындалу мен орналастыру деңгейіне қарай таңдау - өндірістен шығарылатын электр жабдықтары арнайы бір климаттық аудандарға және белгілі бір орындарда орналастыруға ынғайланып жасалады.
Құрғақта, өзенде, көлде эксплуатациялауға арналған бұйымдар микорклиматтық аудандардың жағдайына қарай: У - бірқалыпты климатқа, ХЛ - суық климатқа, ТВ - тропикалық ылғалды климатқа, ТС - тропикалық құрғақ климатқа, Т - тропикалық құрғақ және ылғалды климатқа, О - барлық климат жағдайларына лайықталып жасалады.
Электр жабдықтарының аса қиын жағдайларда сенімді жұмыс атқаруын қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылық (С) және химтұрақты (Х) түрлерін шығарады.
Электр жабдықтарының орналасу категориясын мынадай сандармен белгілейді: 1 - ашық ауада істеу үшін; 2 - ауаның температурасы мен ылғалдылығының ауытқуы ашық ауадағыдан аса айырмашылығы жоқ, жабық орында (палатада, машинаның қорабында (борт), тіркемеде, жылу оқшаулағышы жоқ, темірден жасалған бөлмелерде, сондай-ақ 1 - категориялы құрылым топтарында немесе жаппаның астында (бұйымға күн сәулесі, жауын-шашын тікелей әсер етпейтін) 3 - температура мен ауа ылғалдылығының ауытқуы, құм мен тозаңның әсері ашық ауадағыдан аз, климат жағдайлары қолдан реттелмейтін, табиғи желдетілетін, жабық орындарда істеу үшін, 4 - климат жағдайлары қолдан реттелетін жабық орындарда істеу үшін, 5 - ылғалдылығы жоғары орындарда жұмыс істеу үшін. ГОСТ 19348-74-ке сай, ауыл шаруашылығына арналған электр жабдықтары, климаттық орындауларында У жасалуы тиіс.
Қорғалым деңгейіне қарай таңдау - қызмет көрсететін адамдардың ток откізетін немесе электр бұйымдары тұрқының ішінде орналасқан, қозғалмалы бөліктерге жанасуын, тұрықтың астына бөгде қатты заттардың түсіп кетуі мен су өтіп кетуінен сақтау деңгейі ГОСТ 14254-69-та шартты түрде IP әрпімен және 2 санымен таңбаланады ( мысалы, IP 23, IP 54 және т.б.) , бұл таңбалар, бұйымның тұрқысына басылады немесе құжат мағлұматтарымен бірге кестелерде көрсетіледі.
IP-дан кейінгі бірінші сан, қызметкерлерді ток өтетін бөліктер мен қозғалып тұратын бөліктерге жанасудан, тұрықтың ішінде бөгде заттардың түсуінен қорғау деңгейін көрсетеді.

Бұл таңбалар былай таңбаланады:
0 - қызметшінің ток жүретін және қозғалып тұрған бөліктерге жанасу мүмкіндігінен және тұрықтың астына бөгде қатты заттың түсуінен қорғаныс жоқ.
1 - ток өткізетін немесе қозғалып тұрған бөлшекке дененің үлкен бөлігінің кездейсоқ жанасуынан қорғайды.
Бұл бөліктерге әдейі жанасудан қорғаныш жоқ. Тұрыққа диаметрі 52,5м-ден ірі зат түспеуі қорғалған.
2 - ток өткізетін және тұрықтың ішінде қозғалып тұрған бөліктеріне адам саусақтары кездейсоқ тиіп кетуінен қорғалады. Диаметрі кемінде 12,5мм бөгде қатты заттың жабдыққа тиюінен қорғайды.
3 - ток өткізетін немесе қозғалып тұрған бөліктерге сымтемірдің және соған ұқсас жуандығы 2,5мм заттардың жанасуынан қорғалған. Диаметрі кемінде 12,5мм бөгде қатты заттың жабдыққа тиюінен қорғайды.
4 - аспаптарға сымтемір және қалыңдығы 1мм асатын басқа бөгде заттардың тиюінен қорғайды.
5 - қызметші ток өткізетін немесе тұрықтың ішінде қозғалып тұратын бөліктерге жанасудан толық қорғайды. Жабдықтар зиянды шөгінділер мен тозаңдардан қорғалады.
6 - қызметшілер ток өтркізгіштерге немесе тұрықтың ішіндегі қозғалатын бөліктерге жанасудан және жабдықтар тозаңнан толық қорғалған.
Екінші сан жабдықтың тұрқының ішіне су өтуден қорғау дәрежесін көрсетеді және былай таңбаланады:
0 - жабық тұрықтың ішіне су кіруден қорғалмаған;
1 - жиналған су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа тігінен түсіп, жиналған су жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.
2 - су тамшыларынан қорғалған. Тұрыққа 15° көлбеулікпен түсетін су тамшылары, жабдыққа зиянды әсерін тигізбеуі керек.
3 - жаңбырдан қорғалған. Тұрыққа, көлбеулігі 60℃-ге дейін бұрышпен тиетін жаңбыр, жабдыққа зиянды әсер етпеуі керек.
4 - шашырайтын судан қорғалуы. Тұрыққа қай жағынан болса да, шашыраған су жабдыққа кері әсерін тигізбеуі керек.
5 - су ағынынан қорғалған. Жабдыққа ұштықтан қай бағыттан болса да, атқылаған су жабдықтардың стандартта көрсетілген жағдайдағы жеке түрлеріне зиянды әсер етпеуі керек.
6 - кеме палубасына тән әсерлерден қорғалған. Стандартта көрсетілген жағдайдағы, жабдықтың жеке түрлеріне, теңіз толқыны жауып кеткенде, тұрыққа су тимеуі тиіс.
7 - суға батырғанда қорғалған. Электр жабдықтарының стандартта көрсетілген кейбір түрлеріне қысым түскенде және уақыттың түсуіне қарай, тұрыққа су кірмеуі керек.
8 - электр жабдықтарының стандартта көрсетілген кейбір түрлерін суға ұзақ уақыт батырғанда стандартта көрсетілген қысым мөлшерінде қорғалған, су тұрықтың ішіне өтпеуі тиіс.
Кернеуі бойынша таңдау. Барлық ток тұтынушылардың ішінен кернеулері бірдейлері таңдалады ( қалыпты және желідегі). Кейбір жағдайда, электр қозғалтқыштарының іске қосылуын жеңілдету үшін орамды жұлдызша қосудан үшбұрыштап қосуға ауыстырады және осы мақсат үшін қалыпты кернеуі 660380В моторларды таңдайды.
Қуаты мен тогы бойынша таңдау. Электр моторларын олардың қалыпты қуатының Рн.д теңдігі және тұтынатын тогы немесе машинаның жұмысшы тетіктері Рм бойынша таңдайды. Мұнда электр жетегінің жүктелім диаграммасының сипаты маңызды болады. Ұзақ мерзім өзгеріссіз жүктелетін жағдайда, электр моторын таңдап алатын белгі физикалық қуаты болып табылады. Жүктелу уақытында қуаты аз өзгерсе, өзгеру еселігі 20%-дан аз болса, орташа қуаты бойынша таңдайды.
Есептелген, баламалы қуаты бойынша жүктелу айнымалы болса, демек іс жүзінде, мотордың қызуына қарай, айнымалы жүктемеге пара-пар қуаты барын алады (бұл шартты орташа квадраттық қуат қанағаттандырады).
Машинаның есептелетін қуатын (іс жүзінде орташа, орташа квадрат) білгенде, каталогтан, электр мотордың стандарты бойынша ең жақын, қуаты артығын таңдайды.
Жалпы таңдау жағдайын былай өрнектейді:
Рнд=Рэм
Таңдап алған моторды артық жүктелу қабілеті, іске қосылу мүмкіндігі, қосу әрекеттерінің жиілігі бойынша тексереді.
Электр аппараттарын ( ажыратқыш, автоматты ажыратқыш пен магнитті қосқыш) бас түйіспелердегі ток жағдайы бойынша таңдайды:
Jні Jжұм
мұндағы Jні - аппараттың қалыпты тогы; Jжұм - жалғанған желінің жұмысшы тогы.
Сонымен қатар, аппараттарды қорғаныш құрылысының тогына қарай мына шарт бойынша таңдайды.
Jн.з.і.KіJжұм
мұндағы Kі - балқымалы қорғаныштың ( предохранитель) немесе қорғаныш қондырғының қалыпты тогының, қорғанылатын желінің жұмысшы тогына қатынасы.
Электр қыздырғыш қондырғыларды қуатына қарай таңдайды. Қажетті қуатты жылу баланстарының теңдеуі ( өрнегі ) немесе технологиялық процестері бойынша анықтайды.

1.4.2. Экономикалық белгілері бойынша таңдау.
Электр техникалық өнеркәсіп орындары сан алуан түрлі электр жабдықтарын шығарады. Оларды техникалық сипаттамасы бойынша таңдап, бұйымдардың бастапқы мағлұматтары бірдей бірнеше нұсқаларын табуға болады. Техникалық сипаттары бойынша таңдап алудың бірнеше шешімдері бар. Техникалық мүмкіншілігі бірдей электр жабдықтарының ішінен ең үйлесімді нұсқасын табу үшін экономикалық белгісін алады.
Таңдаудың оң немесе теріс салдары таңдалған электр жабдығының жұмыс қабілеті мен экономикалық көрсеткіштеріне ғана емес, нысанның электр тұтыну жүйесі мен технологиясының онымен байланысты элементтеріне де әсер етеді. Сондықтан экономикалық белгілері бойынша таңдағанда, І-Э-Т-Эқ жүйесінде қарастырылған элементтерді еске алу керек.
Жүйе элементтерін сипаттайтын бастапқы мағлұматтарды 4 топқа бөледі:
1 - электрмен жабдықтау жағдайы (электр тұтыну қосалқы станцияларының қуаттылығы, төменгі кернеу желілерінің электр өткізгіштерінің ұзындығы мен маркасы және т.б.);
2 - пайдалану жағдайлары жетектің арналымы, эквиваленттік қуаттылығы және машинаның жұмысшы тетігінің айналу жиілігі, тәулік және жыл ішіндегі жұмысбастылығы, бұзылу салдарынан бос тұру ұзақтығы, технологиялық зиян мөлшері және т.б.);
3 - тұрақсыздандыратын әсерлер (климат жағдайлары, қоршаған ортаның сипаты, апат жағдайларының жиілігі мен құрылымы және т.б.);
4 - техникалық эксплуатация көрсеткіштері (қызмет шығындары, бұзылу қарқыны, бұзылуды жөндеу ұзақтығы және т.б.).

1.4.3. Электр қозғалтқыштардың қорғау типін таңдап алу.
Электр жетектерін эксплуатациялау барысында әр түрлі апат жағдайлары кездеседі. Негізгілері - технологиялық асқын жүктеу, электр фазаларының толық еместігі, ротордыың сыналануы (кептеліп қалу), оқшаулағыштың сулануы және суыту шартының бұзылуы.мұндайда электр мотордың істен шығуына жол бермеу үшін моторды қорғау құрылғысының көмегімен желіден уақытында ажырату керек.
Технологиялық асқын жүктелу деп мотордың жұмыс істеу барысында оқшаулағыш температурасының мүмкіншілік шегінен жоғарылауына әкелетін асқын жүктелуді айтады (оқшаулағыш класына қарай). Мұндай жоғарылау электр моторының оқшаулағышының бұзылуына, тез ескіруіне, біртіндеп бөлінуіне және орам оқшаулағышының мерзімінен бұрын істен шығуына жетелейді.
Фазаның толық еместігі балқымалы сақтандырғыштардың біреуінің күйіп кетуінен, желіге ток беріп тұрған өткізгіштің үзілуінен, түйіспелердің дұрыс жанаспауынан болады. Мұндайда электр моторының тогы мен кернеуі қайта бөлінуі оның бұзылуына әкеледі. Орамның сұлбасына, жүктелу дәрежесі мен фазаның үзілген жеріне қарай электр мотор тоқтап қалады, болмаса жұмыс атқара береді, бірақ оның орамында жоғары ток өтеді. Фазалардың толықсыздығына, әсіресе қуаты шағын және орташа моторлар сезімтал келеді. Қуаты 20кВт-тан жоғарымоторлардың статорының орамы жүктеме 50%-дан, қуаты төмен моторлар үшін 25%-дан артқан кездебөліне бастайды.
Ол айгөлектердің төгілуінен, жұмысшы машинасының сыналанып қалуынан, машинаның жұмысшы бөлігінің қатып қалуынан ротордың тежелуі болады. Ротордың тежелуі моторды жұмысқа қосқан кезде де, жұмыс істеп тұрған кезде де болуы мүмкін. Ротор тежелгенде мотордың орамынан артық ток өтеді, бұл кезде орамның қызу жылдамдығы 7...10℃ с болады да, 10...15с ішінде орамның температурасы қызу шегіне жетеді. Электр мотордың қызу уақытының тұрақтысы неғұрлым төмен болса, тежелу ұзақтығы және іске қосу тогының еселігі бірдей жағдайда, орамның температурасы соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да тежелген ротормен істеу қуаты төмен және орташа моторларға өте қауіпті, себебі олардың қызу уақытының тұрақтысы ірі моторлардың қызу уақытының тұрақсыздыгына қарағанда төмен болады.
Қорғау құрылғысына қойылатын негізгі талап - моторлар, статор орамдарының қызуын шамадан жоғары болдырмау және орам оқшаулағышыының жылдам тозуынан қорғау. Мұндайда электр мотордың жүктелімі артқан кезде моторды ток көзінен ажырату, орам температурасы шекті шамаға жақындаған кезде және электр мотордың артық жүктелім қабілеті толық пайдаланылатындай жағдайда іске асырылуы керек. Электр моторға қауіпсіз қысқа мерзімді артық жүктелім кезінде желіден ағытпау қарастырылады. Сонымен бірге, қорғау құрылымының әрекет ету жылдамдығы мен орнына қайта келуі жылдам, өндірістің нақтылы жағдайына жұмысы сенімді, әмбебап және эксплуатациялауға ынғайлы болуы тиіс.
Қорғаудың көп түрлі нұсқасы. Қызметіне қарай үш топқа бөлуге болады.
Бірінші, жеке апат жағдайына сезімтал, арнайы бақылайтын құрылым. Олар ЕЛ-8, ЕЛ-10, Е-511, РОФ, РНФ түріндегі құрылғы, моторды фазалар толықсыздығы мен желі кернеуі симметриясыздығы кезінде ағытып тастайды. Сақтандырғыш муфта - ротор тежелген кезде ЗОУП, РУД - оқшаулағыштың кедергісі шамадан тыс төмендегенде ағытады.
Екінші, мотордың бір өлшемін бақылай отырып, бірнеше апатты жағдайларды сезетін әмбебап құрылғы. Олар РТТ, РТЛ, ТРН, ТРА түріндегі жылу релесі, УВТЗ түріндегі температуралық қорғау құрылғысы. ФУЗ түріндегі және басқа да фаза сезімтал қорғау құрылғылары.
Үшінші, апаттық жағдайды сезіп, мотордың бірнеше өлшемдерін бақылайтын құрылғы топтамасы. Олар УЗ-1 түрлі қорғау құрылғысы, ШЭП-5802 Каскад және түрлі басқару станциясы. Сезімтал тетіктері арқылы өлшемдері бойынша бақылайтын барлық қорғау құрылғыларынан токтық, жылулық, температуралық, фазалық, кернеулік және топтамалы деп бөлуге болады.
Қорғау түрін техникалық сипаттары бойынша таңдап алу.
Қорғау үшін нақтылы электр жетегінде болады-ау деген апат жағдайының құрамын анықтау, содан соң ықтимал апат жағдайын неғұрлым толық сезе алатын құрылғы таңдап алу керек. А.М.Мусин мен А.Х.Тілеуовтың мәліметтері бойынша әрбір қорғаныс түрін тиімді пайдаланатын мынадай өз саласы болады:
Жүктемесі тұрақты немесе аз өзгеретін жұмыстарға пайдаланылатын электр моторларды қорғау үшін жылу релесін қолдану керек. Тұрақты ұзақ жүктелетін моторлар үшін (желдеткіш, сорап, т.б.) - фаза сезгіш қорғау құрылымын қолдану. Тозаңы мол ғимараттарда күрт өзгермелі жүктемемен істейтін (жармалауыш, турауыш, ағаш тілгіш), болмаса жиі қосылатын (мысқалдауыштар), электр моторларды қорғау үшін жапсарлас орнатылған температуралық қорғаныс құрылғыларын пайдалану керек.
Қорғау түрін экономикалық белгі бойынша таңдап алу.
Электр қондырғыларды апатты жағдайдан қорғау үшін әр түрлі құрылғыны пайдалануға болады. Мысалы, моторды артық жүктелімнен қорғау үшін жылулық қорғауышты, жапсарлас орнатылған температуралық қорғауышты, фаза сезгіш құрылғыны және басқа да аппараттарды пайдалану. Олардың қызмет мүмкіншіліігі мен құны әр түрлі. Экономикалық белгі бойынша таңдау құрылғыға шыққан қосымша шығын қорғалатын электр жабдықтардың күрделі жөндеу шығындары мен технологиялық зияндардың азаюы есебінен өтелуін көздейді.электр жабдықтарын пайдалануына қарай таңдап алғандағыдай, қорғаудың екі нұсқасы бойынша келтірілген шығын теңдеулерін жазамыз:
З1=ЕК1 +l1Кр1+У*+Зпр
З2=ЕК2+l2Кр1+У*+Зпр
Мұндағы Е - аударылған сомалардың жалпы еселігі, Е - 0,25...0,28; К1 ,К2 - қорғалу нұсқалары әр түрлі электр қондырғылардың құны, Х1 ,Х2 - салыстырып отырған қорғауларды пайдаланған кездегі бұзылу қарқыны, Кр - бір бұзылуды қалпына келтіруге кеткен шығын, У* - технологиялық шығынның салыстырмалы шамасы, Зпр - эксплуатациялаудың басқа шығындары.
Осы теңдеулерді моторды орнатылуы бойынша таңдап алғандағы әдіспен зеттеп, қорғау құрылғысын экономикалық белгі бойынша таңдау шартын табамыз.
К3Кд=(λ1-λ2)(1+У*)Е
Мұндағы К3, Кд- қорғау құрылғысы мен электр мотордың құны.
Сонымен, экономикалық тұрғыдан нақтылы салыстырмалы құны, шарттағыдай мүмкін шамадан аспайтын құрылғыны қолдану тиімді.
Талдау көрсеткендей, аса жауапты емес, электр моторының қуаттылығы 1кВт және одан жоғары электр жетектерінде (У*0,5) құны мүмкін шектен аспайтын қондырғыларды пайдалану экономикалық жағынан өзін ақтайды.

3.5. Қосылқы станцияның электр жабдықтарына қойылатын талаптар.
Осы Ережелердiң талаптарын ашық және жабық тарату қондырғылары мен кернеуi 750 кВ дейiнгi қосалқы станцияларын жинақтау кезiнде орындаған жөн. КРУ, КТП шкафтары, құрама камералар және ұяшықтар және герметикалық элегаз айырғыштары үшiн МСТ 12.2.007.4 ЕҚСЖ. Жинақты тарату қондырғылары және жинақты трансформаторлық қондырғылар, камералар. Бiржақты қызмет көрсету жинақтары, герметикалық элегаз тарату қондырғыларының ұялары. Қауiпсiздiк талаптары Тарату қондырғылары мен трансформаторларды МСТ тиiстi техникалық талаптарына сай жинақтау бұйымдарының көмегiмен орындаған жөн.
Тарату құрылғысы мен қосалқы станциялардың электр қондырғыны жинақтамас бұрын тапсырыс берушi:
- май құятын қондырғыны толтырып трансформатор, технологиялық қажеттiлiктердi ескере отырып, қосымша май алатындай болып;
- майды уақытша сақтай тұратын таза герметикалық ыдыстар;
- май құятын және өңдейтiн қондырғылар мен құралдар;
- әзiрлеушi кәсiпорынның техникалық құжатымен бiрге келетiн тексеру мен реттеуге арналған арнайы құрал мен тетiктер (жинақтау кезiнде) берiледi.
Жинақты тарату құрылғыларын жинақтау аяқталғаннан кейiн 1000 В дейiнгi кернеуi жағында қондырғылар мен шиналауды Төмен вольттi жинақты тарату және басқару құрылғылары. Толық және iшiнара сынақтан өткен құрылғыларға қойылатын талаптар МСТ 28668 сәйкес сынақтан өткiзу.
Электр аппараттарының түйіспелі өткiзгiштерiнiң бетi шиналарды, кабель ұштарын және т.б. жалғар алдында ерiткiш арқылы тазартылуы тиiс. Алюминий өткiзгiштiң түйіспелік бетiне тазаланғаннан кейiн жұқалап техникалық вазелин жағылады. Кабельдер мен сымдардың талшықтары түйіпелік өткiзгiштерге еркiн, керiлмей жалғануы тиiс.
Осы Ережелерде арнайы талаптары жоқ электр қондырғыларды жинақтау (электр сүзгілер немесе айырғыш-сақтандырғыштар) ЭҚЕ сәйкес жүргiзiледi.
Ашық және жабық тарату құрылғыларын шиналау
Тiкбұрышты қималы шина иiлiсiнiң iшкi радиусы:
- жазықтықтағы иiлуi - шинаның екi қалыңдығынан кем емес,
- қабырғыдағы иiлуi - оның енiнен кем емес.
Шинаның штопормен ию ұзындығы олардың енiнен екi есе кем болуы тиiс.
Қабырғасын иiу орнына шиналарды дәнекерлеу арқылы бiрiктiруге болады.
Шиналардың қосылған жерлердегi иiлуi түйіспелі бетiнiң шетiнен 10 мм аралықта басталу керек.
Құрастырмалы шиналардың бұрандалық қосылыстық түйістері оқшаулағыштардың бастарынан және тармақтану орындарынан 50 мм кем емес қашықтықта тұруы тиіс.
Шиналардың температура өзгерген кезде бойлай жылжуын қамтамасыз ету үшiн шиналарды оқшаулағыштарға қатты бекiтiлуiн тек шинаның жалпы ұзындығының ортасында, ал шина қарымталауыштары болған жағдайда - қарымталауыштар арасындағы учаскенiң ортасында орындаған жөн.
Шина оқшаулағыштарының өту тесiктерi шиналарды жинақтағаннан кейiн арнайы жұқа тақтайшалар арқылы жабылып, пакеттегi шиналар оқшаулағыштарға кiретiн және шығатын жерде өзара бекiтiлуi тиiс.
Шинаұстағыштар мен қысқыштар 600 А айнымалы тоқта шинаның айналасында тұйық магниттiк контур жасамауы тиiс. Бұл үшiн бастырманың бiреуi немесе шинаның бiр жағына орналасқан барлық тарту болттары магниттiк емес материалдан (қола, алюминий және оның қоспалары және т.б.) немесе тұйық магниттiк контур жасамайтын шинаұстағыш құрылым қолданылуы тиiс.
Жұмсақ шиналар ұзына бойына бұратылмай, үзiлмей түзу болулары керек. Иiлу жебесi жобадағыдан +-5 % болуы керек. Ыдыраған фазадағы шиналаудың барлық сымдары қашықтық тiректерi арқылы босатылуы тиiс.
Аралық аппараттардың жалғануы бiр шинаның кесiндiсi арқылы (кесiлмеген) орындалуы тиiс.
Түтiкшелi шиналардың діріл мен ұзындық температурасының өзгерiстерiнiң орнын толтыратын құрылғысы болу керек. Аппараттарға жалғау учаскелерiнде шиналар горизонталь орналасуы тиiс.
Жұмсақ сымдардың жалғанған жерлерi мен тармақтары дәнекерлеу немесе баспақтау арқылы орындалуы тиiс.
Аралықтағы тармақтарды жалғау аралықтағы сымдарды үзбей жүргiзiлуi тиiс. Болт арқылы жалғау тек аппараттардың қысқыштары мен разрядтауыштарға, байланыс конденсаторларына және кернеу трансформаторларына, сондай-ақ алып-салмалы жалғанулар қолдану шиналарды қайта жинақтау үшiн көп жұмыс көлемiн қажет ететiн уақытша құрылғыларға апаратын тармақтарда рұқсат етiледi. Жұмсақ шиналар мен сымдарды электр қондырғыларына қосуды олардың ұзындықтарының температурасының өзгерiстерiн есепке ала отырып орындау керек.

Оқшаулағыштар
Жинақтауда қолданылатын оқшаулағыштардың электр механикалық қасиеттерi МСТ-ның 29.080.10 Оқшаулағыштар тарауының талаптарына сай болуы тиiс. Жинақтаулар алдында оқшаулағыштардың бүтiндiгi тексерiлуi тиiс. Фарфордан жасалған оқшаулағыштар жарық, кетiксiз болулары керек. Оқшаулағыштар ернемектің астына төселетiн төсемдер ернемектің астынан шықпау керек.
Тiреуiш оқшаулағыштарының қалпақшаларының үстi оларды жабық тарату қондырғыларына орнатқан кезде бiр жазықтықта жату керек. Ауытқулар 2 мм аспау керек.
Қатарда тұрған тiреуiш және өткiзгiш оқшаулағыштар 5 мм артық ауытқымау керек.
Өткiзгiш оқшаулағыштарды 1000 немесе одан да көп А болат тақталарға орнатқан кезде тұйық магниттiк контурлардың пайда болуына жол берiлмеуi тиiс.
Аспа оқшаулағыштардың керамикалық және шыны тіркестерін жинақтаған кезде олар келесi талаптарға сай болулары керек:
- жалғау құлақшалары, қапсырма шегелер, аралық түйiндер арқылы шплинттелген болулары керек;
- тіркестердің арматуралары оқшаулағыштар мен сымдардың өлшемдерiне сәйкес болулары тиiс;
Фарфор аспа оқшаулағыштардың оқшаулағышының кедергiсi кернеуi 2,5 кВ мекомметрмент тіркесті тiреуге көтергенге дейiн тексерiлуi тиiс.
Тарату құрылғыларының полимер аспа оқшаулағыштары келесi талаптарға сәйкес болулары керек:
- жалғау құлақшалары, қапсырма шегелері шплинттелген болулары керек;
- тіркестердің арматуралары оқшаулағыштар мен сымдардың өлшемдерiне сәйкес болулары тиiс;

Кернеуi 1000 В артық айырғыштар
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Электр энергиясын түрлендіру және тарату
Электрмен жабдықтау схемасы
ЭЛЕКТР ЖҮКТЕМЕЛЕРІН ЕСЕПТЕУ
Бөкейорда ауданы 35/10 кВ «Бисен» қосалқы станциясын қайта құру
«Құлсары» 110/35/10 кВ қосалқы станциясын қайта құру
Қосалқы станцияның есептік сұлбасы
Электр энергияны жіберу қызметттері
ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ СҰЛБАСЫ
Кернеуі 35/10 кв «Қараоба» қосалқы станциясы
Жақсыбай қосалқы станциясының электр құрылғылары
Пәндер