Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер



КІРІСПЕ
І. Құқықтың түсінігі және мәні. Кәзіргі замандағы құқықты түсінудің жалпы сипаттамасы (Құқықтың белгілері).
ІІ. Құқықтың пайда болу негізі, теориялары (Табиғи құқығы, теологиялық, марксистік, психологиялық).
ІІІ. Объективтік құқық және субъективтік құқық.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
«Құқық» терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан, әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны сөзсіз.Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. Біріншіден, «құқық» — ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 1993
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 1995, 1996
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 1995.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 1994.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 1996.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысща және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 1996.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 1997.
11. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, “Жеті – Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Құқықтың түсінігі және мәні. Кәзіргі замандағы құқықты түсінудің жалпы
сипаттамасы (Құқықтың белгілері).

ІІ. Құқықтың пайда болу негізі, теориялары (Табиғи құқығы, теологиялық,
марксистік, психологиялық).

ІІІ. Объективтік құқық және субъективтік құқық.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып
есептелетін құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер мәселесіне
арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың
проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Құқық терминінің көптеген мәні бар, ол заң ғылымында, күнделікті
өмірде және қызмет бабында қолданылады. Кең мағыналы түсінік болғандықтан,
әрбір адамның құқықтың мәні туралы қандай да бір пікірі қалыптасатыны
сөзсіз.Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады.
Біріншіден, құқық — ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың
заңға сүйене отырып, әрекет жасау мүмкіндігі.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқықтың
түсінігі және құқық туралы ілімдер мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы – мемлекет және құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.

І. Құқықтың түсінігі және мәні. Кәзіргі замандағы құқықты түсінудің жалпы
сипаттамасы (Құқықтың белгілері).

Құқық — адамзаттын әділдік және азаттық, идеяларына негізделіп,
көбінесе зандарда баянды етілетін, коғамдық қатынастарды реттейтін нормалар
жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып,
оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудын үш
жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда,
құкықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялык тұрғыдан карау,
яғни, құқыкты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3)
философиялық тұрғыдан қарау, яғни, құкықты бостандық пен әділдік денгейімен
байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құкыктық сана, құкықтық
қатынастар да жатады.
Құкыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде жалпы және айрықша белгілер
тән.
1. Құкық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек
құкыққа тән жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген
әлеуметтік ұйымға тән. Нормативтік
дегеніміз адамдардың ой жүйесін, қоғамдык әмірін тәртіптеп,
сонын нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді.
Әділдік пен бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік
— адамның игілігіне бағытталған жағдай, ол
баска адамның мүддесіне зиян келтірмейді, қоғамға пайдалы. Осы
талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып саналады. Марксизм-
ленинизм негізін қалаушылар әділдікті тек таптық мүдделермен
байланыстырады.
Бостандық — адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана
адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашылық мүмкіндіктерін
аша алады.
3. Құкықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар — билік,
мемлекет, қоғамдағы тәртіп. Солар арқылы әділдік пен бостандық жүзеге
асырылады. Әрине, әділдік пен бостандық шектелсе
де, сол аталған құбылыстар арқылы жүзеге асырылады.
Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында
кайшылықтар, үйлеспеушілік болуы мүмкін. Зандарда адамдардың құқықтары мен
бостандықтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге асырылуын
қамтамасыз етпеуі мүмкін.
4. Құкық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне
әсер етеді. Егер адам зандарда әділдік пен бостандық баянды
етілетініне көзі жетсе, оларды орындау кажет деп есептейді.
Мұндай жағдайда адам өз еркімен заң талабын орындайды. Заң
талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары колданылады.
5. Құкық зандар түрінде калыптасады. Зандарда адамдардың
еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган
ресмилендіреді. Сондықтан кұқық — мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер
құкық әділдік пен бостандықты паш етсе, ол жалпыхалыктық құқық деп
саналады.
6. Құкыктың формалды анықтылығы. Зандарда бекітілген
нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол — формалды аныктылық.
Оның белгілері: айкындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық
субъектісінін не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне
ыңғайлы, әрі колайлы. Мысалы, біреудін мүлкін ұрлау — қылмыс.
Құқықтың жүйелілігі — оның тағы бір касиеті. Зандарда жазылған
құқыктық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқыктың нормалары
тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана құқық өзінің борышын орындауға
қабілетті болады.
Құқықтың тағы бір касиеті — онын өзгермелілігі. Қоғамдық өмір сіресіп
калмай, кұбылып, өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да өзгерген
қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған
байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа зандар кабылданады. Құқық
біркелкі калыпты түрде адамдарға қолданылады. Осының өзі құқықта
теңсіздіктін баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз,
біреудің қабілеті мол, екіншісінікі кем, біреудін, отбасы бар, біреу
бойдақ. Адамдардық мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондыктан зан
адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір салаларында,
мысалы, саяси құкықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың жағдайы бірдей.

Құкықты мемлекет корғайды. Құқыктың барлык нормаларының талаптарын
адамдар ез еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет кұкық
талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай корғау болмаса,
құқық жок деп есептеу керек.

ІІ. Құқықтың пайда болу негізі, теориялары (Табиғи құқығы, теологиялық,
марксистік, психологиялық).

Субъективтік тұлға - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен
құқықтық нормалардың құқьқ тұлғаларына берген құқықтың мүмкіндіктері.
Мұндай мүмкіндіктер құқықтық ңатынастарға қатысатын тұлғалардың мінез-
құлқының шегін анықтайды. Тұлғаның құқығы құқықтың қатынасқа қатысушы басқа
тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқыңтық міндеттер
пайда болады. Демек, құқықтың қатынасқа қатысушыларда құқықпен қатар
құқықтық міндеттер де туындайды. Басқаша айтқанда, тұлғаларда құқықпен
бірге құқықтық міндет те болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға
құқығы бар. Сол құқықты пайдаланып, оқуға түскеннен кейін азамат оқу
орнының ішкі тәртібіне бағынуға, оңу бағдарламасын орындауға міндетті.Заңды
тұлға кәсіпкерлікпен шұғылданып, заңдық негізде мүлікке ие болуға қақылы.
Ол мүлікті өз игілігі үшін пайдаланады. Сонымен қатар, өз мүлкін
пайдаланғанда қоғамның, басқа адамдардың мүдделеріне зиян келтірмеуі керек.
Сондықтан Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп жазылған:
Меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де
қызмет етуге тиіс (6-бап).Бұдан шығатын қорытынды: құқықсыз міндет
болмайды, міндетсіз құқық болмайды. Бұл жағдай әлеуметтік әділеттікті
баянды етеді.
Субъективтік (тұлғалық) міндет - құқықтық мүмкіндік берілген құқық
тұлғасының заңды мүддесін (талабын) орындату үшін басңа құқық тұлғасына
жүктелген міндет. Бұл міндет құқықтық қатынастарға қатысу нәтижесінде
жүзеге асырылып, мемлекеттің мәжбүрлеуі арқылы (міндетті орындамаған
жағдайда) қамтамасыз етіледі.
Екіншіден, құқық дегеніміз - құқық; нормаларыныц жүйеге келтірілген
жиынтығы. Бұл объективтік мағынадағы құқық, себебі олардың жасалуы жеке
адамның еркіне байланысты емес. Сонымен, объективтпік мағынадасы құқық жеке
нормаларға бөлінбейтін, тұтас құбылыс болып саналады. Мысалы, Қазақстанның
құқығы туралы Конституцияда былай делінген: Қазақстан Республикасында
қолданылатын құқық Конституцияның, соған сәйкес заңдардың, өзге де
нормативтік құқықтық актілердің, Республиканың халықаралың шарттың және
өзге де міндеттемелерінің, сондай-ақ Республика Конституциялық Кеңесінің
және Жоғарғы Соты нормативтік қаулыларының нормалары болыптабылады (4-
бап).
Үшіншіден, құқық термині оқу пәнін білдіретін ұғым ретінде
қолданылады. Құқық пәндері түрлі салаларға бөлінеді: конституциялық құқық,
әкімшілік құқық, еңбек құқығы, отбасы құқығы, азаматтың құқық, қылмыстық
құқық, қаржылық құқық, т.б. Құқық саласы - өзара туыстас қоғамдық
қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардыц жиынтығы. Мысалы, азаматтың
құқық -мүліктік және мүліктік емес қатынастарды реттейтін құқықтық
нормалардың жиынтығы. Қылмыстың құқық - қылмыс жасауға, жазалауға
байланысты қатынастарды реттейтін құқықтың нормалардың жиынтығы.
Төртіншіден, құқық термині тұлғалық құқық пен объективтік құқықтық
жиынтығы ретінде де қолданылады. Осыған байланысты құқық жүйесі деген
түсінік бар. Мысалы, қазіргі жағдайда елімізде Қазақстанның құқық жүйесі
қалыптасуда.Құқық пәндерін оқып, құқықтың мәнін терең түсінген адам оның
түрлі жағдайда мағынасы әр түрлі болатынын да анықтай алады. Мұның өзі
құқықтың өте күрделі әлеуметтік құбылыс екендігінің белгісі.
Құқықтың түрлі түсінігінің болуы - оның әлеуметтік мәнінің де әр түрлі
болуының негізі. Егер құқықты тұлғалармен байланыстырса, тұлғалардың
мемлекетте, қоғамда құқықтың мәртебесі қандай екенін анықтау, түсіну
қажеттігі туады. Азаматтарға сан қилы құқықтар мен бостандыңтар берілсе,
оларды жүзеге асыру мүмкіндігі жасалса, онда қоғамда шынайы теңдік
орнатылған болып есептеледі. Ал, объективтік құқық туралы сөз болғанда,
мемлекетте қалыптасқан заңдар жүйесі әлеуметтік тұрғыдан сипатталады.
Әрине, құқық туралы зерттеушілердің көзқарасы бір жерден шығып,
бірыңғай болады деп айтуға болмайды. Негізінен, құқықты таптың және жалпы
әлеуметтік тұрғыдан түсіндіру ғылымда кең орын алып келді. Маркстік ілім
құқықты, оған байланысты құбылыстарды тек таптық тұрғыдан ғана зерттейді.
Бұл ілім бойынша құқың - үстем таптың саяси туралы, тек соның жоғын жоқтап,
мүддесін қорғайды. Ал өркениеттік тұрғыдагы ілім бойынша құқың қоғамдағы
барлық адамдардың еркін білдіріп, олардың мүдделерін қорғайтын құрал болып
саналады. Қандай ілім болса да құқықтың әлеуметтік мәні бар екенін теріске
шығармайды. Бірақ маркстік ілім құқықтың әлеуметтік мәнін өте тар тұрғыдан
түсіндіруге тырысады. Әрине, құл иеленушілік дәуірде құқық ашықтан ашық тек
құл иеленушілердің мүдделерін қорғап, құлдарды сататын мүлікке теңегені
белгілі. Бірақ бұл көзқарасты барлық қоғамға, түрлі сатыдағы мемлекеттерге
телуге болмайды. Құқық тек үстем таптың еркін білдіретін болса, ондай
қоғамда үздіксіз тап тартысы орын алып, ақырында ол құлдырап, жойылады.
Қазіргі замандағы өркениетті мемлекеттерде құқық барлық азаматтардың еркін
білдіретін саяси құралға айнала бастағанын мойындау керек. Қазақстан
мемлекетінде қалыптасып келе жатқан құқыққа да осындай жалпы әлеуметтік
тұрғыдан қарау шындыққа сай келеді десек, қателеспейміз. Қазақстан
Республикасында қабылданған заңдарды талдайтын болсақ, олардың қандай да
болсын әлеуметтік топтарды кемсітетінін немесе белгілі бір топқа артықшылық
жасайтынын таба алмаймыз. Демек, Қазақстан заңдары барлық әлеуметтік
топтардың еркін білдіріп, олардың заңды мудделерін қанағаттандыруға
бағытталған.
Құқықтың жалпы әлеуметтік мәнін мойындай отырып, оған мынадай анықтама
беруге болады. Құқық (объективтік тұрғыдан қарағанда) — адам мен қоғамның
жаратылысымен байланысты тұлғаның бос-тандығын білдіретін, коғамдық
қатынастарды реттетпін, ресми құжаттарда анықталған, мемлекеттіц күшімен
қамтамасыз етілетін құқықтыц нормалардыц жиынтыгы.
Енді, құқьқтың негізгі белгілерін қарастырайық. Құқық - бірнеше
бөліктен тұратын жүйелі құрылыс. Оның бір бөлігі - табиғи құқықтың мазмұны
адам мен қоғамның табиғатына байланысты әлеуметтік-құқықтық талаптармен
анықталады. Мысалы, адамның өмірі, денсаулығы табиғи құбылыстар. Оларды
сақтауға, қорғауға, қамтамасыз етуге бағытталған құқықтық нормалар табиғи
құқыққа жатады. Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп
жазылған: Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Ешкімнің өз бетінше адам өмірін
қиюға хақысы жоқ (15-бап). Құқықтық жүйенің екінші бөлігі - мемлекеттегі
қолданылатын барлық заңдардың жиынтығы. Құқықтық жүйенің үшінші бөлігі -
субъективтік (тұлғалық) құқықтар. Осы айтылған бөліктер бірімен-бірі табиғи
түрде байланысты, бір-бірінсіз басқаларын түсінуге, жүзеге асыруға
болмайды. Мысалы, әр адамның өмір сүруге құқығы бар деп жарияланса, оның
жүзеге асырылуы қамтамасыз етілмесе, адамның өз өмірін сақтауға, қорғауға
мүмкіндігі болмаса, аталған құқық қағаз бетінде ғана жазылып қалған болар
еді. Адам өзіне қажетті рухани және мүліктік игілікті пайдалану үшін өзі
белсенді әрекет жасауы керек. Адамның әлеуметтік-құқықтық талаптарының
мағынасы - оны мемлекеттің тануы, қорғауы, қажет болған жағдайда қамтамасыз
етуі.
Нормативтік сипаты - құқықтың негізгі белгілерінің бірі. Құқық
қағидалардан, ережелерден, рәсімдерден тұрады. Қағида - тұлғалардың мінез-
құлықтары туралы ереже. Былайша айтқанда, қоғамдық қатынасқа қатысушылар өз
іс-әрекеттерін, мінезін белгілі ережеде көрсетілген қалыпқа (қисынға)
бейімдеулері қажет. Сондықтан құқықтың нормалары - тұлғалардың іс-
әрекетінің, мінез-құлқының үлгісі. Мысалы, әркім өзінің қай ұлтқа, қай
партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-
көрсетпеуге қақылы (Қазақстан Республикасының Конституциясы, 19-бап).
Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық
қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолғасалады, реттейді, жөндейді,
ұйымдастырады, тұрақтандырады, қажет болса қорғайды.
Формалъды анықтылық - құқықтың тағы да бір маңызды белгісі. Ол
құқықтың мемлекетпен байланысты екенін көрсетеді. Құқықты, оны құратын
заңдарды, басқа да нормативтік актілерді жасайтын, жалпы алғанда, мемлекет.
Мемлекет органдардан тұрады, демек, мемлекет органдары заңдарды жасайды.
Заң - ережелер жиынтығы. Олар жай ережелер емес, мемлекет атымен жасалатын
болғандықтан ресми сипаты бар ережелер. Әрбір ереже, қағида тұлғалардың
мінезқұлқы туралы заң шығарушының ойын анықтап, түсінікті түрде
тұжырымдайды. Қағидада артық сөз болмауы керек, оның әрбір сөзінің
әлеуметтік мәні болады, себебі ол қоғамдың қаты-насқа қатысатын тұлғалардың
мінез-құлқын анықтау арқылы олардың тағдырына әсер етеді. Құқықтың енді бір
белгісі - мемлекеттің күшіне сүйенуі. Егер мемлекет құқық қағидаларының
жүзеге асырылуына, дұрыс қолданылуын қамтамасыз етпесе, олар тек қағаз
бетінде ғана жазылып қалған болар еді. Мемлекет, оның органдары тұлғалардың
құқықтарын жүзеге асыруға жәрдемдеседі, жағдай жасайды. Мысалы, Қазақстан
Республикасының Конституциясы бойынша елімізде азаматтарды тұрғын үймен
қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалады. Заңда көрсетілген кате-гориядағы
мұқтаж азаматтарға тұрғын үй заңмен белгіленген нормаларға сәйкес
мемлекеттік тұрғын үй қорларынан олардың шама-шарқы көтеретін ақыға
беріледі (25-бал). Егер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қол
сұғылса, мемлекет оларды қорғайды. Заңды бұзғандар құқықтық жауапқа
тартылады, мүмкіндігінше бұзылған құқың орнына келтіріледі.
Құқықтың тағы бір белгісі - адамдардың еркін білдіруі. Қазақстан
Республикасының Конституциясында мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы -
халық деп жазылған. Халық билікті тікелей республикасының референдум және
еркін сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билігін жүзеге асыруды
мемлекеттік органдарға береді (3-бап). Сонымен халық заңдарды өзі тікелей
қабылдайалады. Мұндай жағдайда заң тікелей халықтың еркін паш етеді. Оған
мысал, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан халқы Конституцияны референдум
арқылы қабылдады. Конституция - құқықтың өзегі, ұйытқысы. Олай болса,
Қазақстанда қалыптасып келе жатқан құқық осында өмір сүріп жартқан барлық
ұлттардың еркін білдіреді, ойын жүзеге асырады десек, асыра айтқандық емес.
Халықтың ойын, еркін мемлекет органдары да тиісті нормативті актілер
қабылдау арқылы жүзеге асырады. Халық Президентті сайлайды. Халық атынан
әрекет жасап, Президент өз өкілеттігінің шеңберінде нормативті актілер -
заңдық күші бар жарлықтар, жай нормативті жарлықтар, қаулылар қабылдайды.
Президенттің нормативті актілері Қазақстан құқығын қалыптастыратын бастау
болып есептеледі. құқықты құратын нормалар тек бір адамның немесе
әлеуметтік топтың еркін білдіріп, мүддесін ғана қорғамайды. Ол - халың үшін
қызмет істейді.
Құқықты түсіну жолдары
Құқық - адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп,
көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар
жүйесі.
Көне заманнан оқымыстылар құқықтың мәні мен мазмұнын түсіндірмек
болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың
үш жолын айтуға болады. 1) нормативті тұрғыдан қарау, былайша айтқанда,
құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау; 2) социологиялық тұрғыдан қарау,
яғни, құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау; 3)
философиялық тұрғыдан қарау, яғни құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен
байланыстыру.
Құқықты социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең
түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық
қатынастарда жатады.
Құқыққа, ерекше әлеуметтік құбылыс ретінде қарасақ, оған жалпы және
айрықша белгілер тән екендігін байқаймыз.
І. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Нормативтік тек құқыққа тән
жағдай емес. Ол адамның табиғатымен байланысты және кез келген әлеуметтік
ұйымға тән. Нормативтік дегеніміз - адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін
тәртіптепке келтіріп, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Әділеттілік пен
бостандыққа адамзат ежелден ұмтылып, оларды армандаған. Әділдік - адамның
игілігіне бағытталған жағдай, ол басқа адамның мүддесіне зиян келтірмейді,
қоғамға пайдалы. Осы талаптарға сай келетін адамның әрекеттері әділ болып
саналады. Марксизм-ленинизм негізін қалаушылар әділіттілікті тек таптық
мүдделермен байланыстырады.
Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана
адам лайықты өмір сүре алады, барлық өзіне тән шығармашыльқ мүмкіндіктерін
аша алады.
3. Құқықтың бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет,
қоғамдағы тәртіп. Солар арңылы әділдік пен бостандық жүзеге асырылады.
Әрине, әділдік пен бостандың шектелсе де, сол аталған құбылыстар арқылы
жүзеге асырылады. Құқықтың нормалары мен мемлекет органдарының арасында
қайшылықтар, үйлеспеушіліктер болуы мүмкін. Заңдарда адамдардың құқықтары
мен бостандыңтары жарияланғанымен, мемлекет органдары олардың жүзеге
асырылуын қамтамасыз етпеуі мүмкін.
4. құқық адамның іс-әрекетін реттейді, оның ойына, сезіміне әсер
етеді. Егер адам заңдарда әділдік пен бостандық баянды етілетініне көзі
жетсе, оларды орындау қажет деп есептейді. Мұндай жағдайда адам өз еркімен
заң талабын орындайды. Заң талабын бұзса, кінәліге мәжбүрлеу шаралары
қолданылады.
5. Құқық нормативтік актілер түрінде қалыптасады. Оларда адамдардың
еркі баянды етіледі. Адамдардың еркін заң шығаратын орган ресмилендіреді.
Сондықтан құқық - мемлекет таныған адамдардың еркі. Егер құқық әділдік пен
бостандықты паш етсе, ол жалпы халықтық құқық деп саналады.
6. Құқықтың формальды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті
нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол - формальды анықтылық. Оның
белгілері: айқындығы, бір мағыналылығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің
не нәрсені істеуге болатындығын немесе болмайтындығын білуіне ыңғайлы, әрі
қолайлы. Мысалы, біреудің мүлкін ұрлау - қылмыс.
7. Құқықтың жүйелілігі - оның тағы бір қасиеті. Заңдарда жазылған
құқықтық нормалар өзара байланысты, үйлесімді болады. Құқықтың нормалары
тек осындай негізде жазылып, қалыптасса ғана, құқың өзінің борышын
орындауға қабілетті болады.
8. Құқықтың тағы бір қасиеті - оның өзгермелілігі. Қоғамдық өмір
сіресіп қалмай, құбылып, өзгеріп тұрады. Соған сәйкес құқық нормалары да
қоғамдық қатынастарды лайықты түрде реттеу үшін өзгеріп тұруы қажет. Осыған
байланысты ескірген заңдар күшін жояды, жаңа заңдар қабылданады. Құқық
адамдарға біркелкі қалыпты түрде қолданылады. Осының өзі құқықта
теңсіздіктің баянды етілетінін байқатады. Адамдар әр түрлі: біреу әлсіз,
біреудің қабілеті мол, екіншісінікі азырақ, біреудің отбасы бар, біреулер -
бойдақ. Адамдардың мұндай айырмашылығын заң ескере бермейді. Сондықтан
заң адамдарды іс жүзінде теңдестіре алмайды. Әрине, өмірдің кейбір
салаларында, мысалы, саяси құқықтармен пайдаланғанда барлық азаматтардың
жағдайы бірдей.
Құқықты мемлекет қорғайды. Құқықтың барлық нормаларының талаптарын
адамдар өз еркімен орындай бермейді. Соған байланысты мемлекет құқық
талабын бұзғандарға мәжбүрлеу тәсілін қолданады. Мұндай қорғау болмаса,
құқық жоқ деп есептеу керек.
Құқықтың мәні
Құқықтың үш алтын тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық
жагдайлары және мемлекет. Құқық түсінігі имандылыққа, әдептілікке
негізделеді. Құқық имандылың негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де
адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш. Әрине, имандылықтың
талаптары заң емес, тек ізгілікке, адамгершілікке негізделеді. Оның
қағидаларын орындататын ұйымдастырылған күш жоқ.
Имандылық тек арға, ұятқа арқа сүйейді, жұртшылықтың пікіріне
негізделеді. Ал құқық имандылықтан нәр алады, неғүрлым құқықтың нормалары
имандылың шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да
жоғары болады. Имандылық әділетсіздікті, жауыздықты, зорлық-зомбылық,
ұрлық, тағы сондай теріс қылықтарды айыптайды. Бірақ ондай қылықтар үшін
жаза қолдануға қажетті құралы жоқ. Имандылықтың ең күшті құралы -
жұртшылықтың пікірі. Құқық та теріс қылықтарға тыйым салады. Тек тыйым
салып қоймайды, кінәлі адамдарды жазалау шараларын белгілейді, сол
шараларды қолданатын мемлекет органдарының күшіне сүйенеді. Сөйтіп, құқық
нормалары арқылы мемлекет имандылық талаптарына ресми мағына береді, соның
нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Имандылықтың талаптары
жалпылама түрде болады, олардың анықтамасы, дәл түсінігі жоқ. Айталық, ұры,
зорлықшылды, өсекші адамды жаман деп айыптайды. Ал құқың мұндай адамдардың
іс-әрекетіне мейлінше дәл, бұлтартпайтын анықтама беріп, тиісті құқықтық
норманың мазмқнына жатқызады.
Құқықтың тағы бір тірегі - адамдардың өмір сүру жағдайлары, олардың
шаруашылыгы. Адамзаттың өмір сүруі өндіріске байланысты. Өндіріс тиімді,
нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай туғызу
керек. Бұл тек мемлекеттің қолынан келетін іс. Мемлекеттің өндіріске,
шаруашылыңқа әсер ету дәрежесі қоғамда қалыптасқан меншік түрлеріне
байланысты. Қазір Қазақстанда меншіктің екі түрі бар: мемлекеттік меншік
және жеке меншік. Мемлекет өз меншігін тек қана реттеп қоймайды, сонымен
қатар оны дамыту үшін басқарады. Ал жеке меншікке негізделген өндірісті
меншік иесі заңда белгіленген тәртіпке сүйене отырып, өзі басқарады. Демек,
мемлекет екі меншікке негізделген өндірістің дамуын реттеу үшін құқықтың
мүмкіндігін пайдаланады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді,
дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Сонымен, құқық мемлекетпен бірге коғамның объективтік даму процесінің
нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы коғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет-
ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте-бірте
екінші катардағы нормаға айналып, кұқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды.
Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар
құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді? - деген
мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келді. Өйткені құқықтың
мазмұнын, тарихын, белгі-нышандарын жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп-
басқаруға өте қажет.
Қазіргі заманда да бұл мәселе заң ғылымының күн тәртібінен түскен
емес. Бұл мәселемен толып жатқан ғалымдар, теориялар шұғылдануда. Қоғамның
диалектикалық даму процесіпе сәйкес құқық туралы көзқарас та, пікірлер де
әртүрлі болды. Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік,
социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.
Табиғи теория - бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан.
Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты
құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп
түсіндірген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін
мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың
ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т.б. өте жақсы
дамытқан. Дамыған елдерде табиғи ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі және орта ғасырдағы саяси және құқықтық ілімдер тарихы
Саяси жəне құқықтық ілімдер тарихының əдістемесі
Мамандықтың пәндер каталогы
Дәрістер - Тарих
Гуманитарлық ғылымдар жүйесіндегі және оқу пәндеріндегі мемлекет және құқық теориясы
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Құқық және саясат
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ МӘНІ
Құқықтық қатынастар
Этика санаттары
Пәндер