Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік



Жұмыс . мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып есептелетін құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесіне арналған. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден.ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтарды аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық . қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты . қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып, әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы .мемлекет және құқық саласында алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні . қарастырып отырған институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді кешенді түрде шешу болып табылады.
КІРІСПЕ
І. Құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері. Құқық бұзушылықтың заңды құрамы. Құқық бұзушылықтың түрлері: қылмыстық және әрекет
ІІ. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері
ҚОРЫТЫНДЫ
Қосымша
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1995
2. Қазақстан Республикасының Конституциясының түсіндірме сөздігі.
3. Алексеев С. С. Теория права М. БЕК, 1993
4. Хропанюк В. Н. Теория государства и права М, 1995, 1996
5. Хутыз М. Х. Сергейко П. Н. Энциклопедия права М., 1995.
6. Бейсенова А., Біржанова Қ., ҚР мемлекет және құқық негіздерін оқып үйренушілерге көмек. Алматы: “Жеті жарғы” 1997.
7. Сапаргалиев Г.С. Основные государства и права Казахстана.
Алматы, 1994.
8. Сапарғалиев Г.С. Заң терминдерінің сөздігі. Алматы: “Жеті – Жарғы” Алматы., 1996.
9. Ибраева А.С. Заң терминдерінің қазақша-орысща және орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: “Жеті –Жарғы” 1996.
10. Сапарғалиев Г.С., Ибраева А.С. Мемлекет және құқық теориясы. Алматы: “Жеті – Жарғы” 1997.
11. Сапаргалиев Г.С. Основы государства и права. Учебное пособие. Алматы, “Жеті – Жарғы, 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Заңтану пәндер кафедрасы

Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік

Орындаған:

Тексерген:

АЛМАТЫ - 2009

ЖОСПАР:

КІРІСПЕ

І. Құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері. Құқық бұзушылықтың заңды
құрамы. Құқық бұзушылықтың түрлері: қылмыстық және әрекет

ІІ. Заңды жауапкершіліктің түсінігі және түрлері

ҚОРЫТЫНДЫ

Қосымша

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Жұмыс – мемлекет және құқық теориясы пәнінің маңызды институты болып
есептелетін құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесіне арналған.
Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, құқықтық институттың проблемалық
тұрғыда ғылыми зерттелмегенімен түсіндіріледі.
Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйеп қалыптасып, тіршілік
етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни келешегі болмайды. Мұны
адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың
жолдарын қарастырған. Дегенмен де, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім
азаматтарды аз болмаған. Осыдан келіп құқық бұзушылық орын ала бастады.
Құқық бұзушылық – қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол
да әрқашан орын алады. Бұл шартты құбылыс.
Зерттеудің нысаны мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық
бұзушылық және заңды жауапкершілік мәселесі болып табылады.
Жұмыстың мақсаты – қарастырып отырған проблемемыздың негізін анықтау
және талдау, сонымен қатар маңызы мен ерекшеліктеріне нақты түрде тоқталып,
әрқайсысын талқылылап кету.
Курстық жұмыстың теориялық базасы –мемлекет және құқық саласында
алдыңғы қатарлы қазақстандық және шетелдік ғалымдардың (РФ) еңбектері.
Жұмыстың теориялық және практикалық мәні – қарастырып отырған
институттың құқықтық негізін ашудағы теориялық және практикалық мәселелерді
кешенді түрде шешу болып табылады.

І. Құқық бұзушылықтың түсінігі және белгілері. Құқық бұзушылықтың заңды
құрамы. Құқық бұқушылықтың түрлері: қылмыстық және әрекет

Құқық бұзушылық – заңды, оның қағидаларын құқықтық нормалар жүктеген
міндеттерді бұзу, тиым салынған әрекеттерді, қылығы, мінезі немесе
әрекетсіздігімен сипатталады. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа
адамдармен, қоғаммен мемлекетпен қарым қатынасқа түседі. Заң бұзушылық
адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Адамның ой-желісі заңмен реттелмейді.
Бірақ қандайда болсын іс-әрекет, мінез-құлық ойдың, сана сезімнің
қатынасуынсыз жасалмайды. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады.
Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады.
Демек, заңды бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және
құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады. Әрекет
– бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік
құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы
орын алады[1].
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп
қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде
тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік,
заңды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян
келтіреді.
Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен
бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да
пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін
бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады.
Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса, қоғамның
жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыс жағдайларының жақсаруына, халық
мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.
Сондықтан әр мемлекет, оның аппараттары мен органдары қоғамда
заңдылыққа, құқықтық тәртіпке нұқсан келтірмеуді қамтамасыз етеді. Олар
жеке және заңды тұлғалардың іс-әрекеттерін қатаң бақылап отырады.
Құқық бұзушылық өзіндік пайда бағу, даму және жойылу заңдылықтарына
ие белгілі бір қоғамдық құбылыс ретінде көптеген жекелеген
құқықбұзушылықтардан құралады, олардың барлығы да ортақ қасиетке ие болады.
Белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік әлеуметтік табиғаты мен заңды
нысанын бейнелейтін осындай қасиеттердің жиынтығы құқықбұзушылықтың
түсінігін береді.
Құқық бұзушылық – биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі.
Құқық бұзушылық – құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз.
Құқық бұзушылықтың екі зияны бар:
1. Құқық бұзушылық – қоғамға зиянды әрекеттің объективтік нысандағы
бейнесі, сыртқы көрінісі болып табылады. Бұл қоғамға зиянды, қауіпті
әрекет, әрекетсіздік заңда құқықа қайшы сипатта ресми түрде бекітілуі
керек деген мағынаны білдіреді.
2. Құқық бұзушылық – объективтік процесс болып табылады. Бұндағы объективті
деп отырғанымыз, кез-келген құқық бұзушылық құқықтың қорғайтын әлеуметтік
игіліктері: жалпы мүдде, қоғамдық тәртіпке қауіп төндіреді.
Формальді-логикалық жағынан бұл былай бейнеленуі мүмкін: қоғамға
зияндының бәрі де, құқыққа қайшы болып табылады. Тиісінше құқықа қайшы,
қоғамға зиянды әрекет-әрекетсіздік деп саналады.
Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп
көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады.
Құқық бұзушылықтың қоғамға зияндылығы, оның қашан да адам қоғамының
құндылығы, жеке және мүддеге нұқсан келтіруінен көрінеді. Яғни қоғамның
маңызды құндылықтары,оның өмір сүру жағдайына қауіп төндіреді[2].
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1. Құқық бұзушылық – құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді
бұзу,тиым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті,
қылығы немесе әрекетсіздігі.
2. Құқық бұзушылық – құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп,
қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық
тәртіпті бұзады.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері бар:
1. Заңдылықты бұзудың объектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы
негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және осы іске тиісті материялды,
фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
5. Құқық бұзушылық әрқашанда құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді.
Сондықдан да оның құқық нормаларымен реттеліп және қорғалатын қоғамдық
қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады.
6. Құқық бұзушылық құқық субъектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге
асады. Кінәлі деп танылу үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болу
керек. Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты
психикалық қарым қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық.
2. Абайсыздық. Ол менмендік және немқұрайлықпен жасалады.
Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын,
қоғамдық құрылыстың реттілігімен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет
атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үш
белгісімен сипатталады:
- мемлекеттік мәжбүрлеу;
- құқық бұзушыны жауапқа тарту;
- құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.
Құқық бұзушылықтың түрлері: барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің
сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді:
1) Қылмыс.
2) Теріс қылық.
Қылмыс – қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тиым салынған айыпты
әрекет-әрекетсіздік.
Теріс қылық дегеніміз – қылмыспен салыстырғанда қоғамға қауіптілігі біршама
төмен және қоғамдағы құқықтық тәртіптің жекелеген жақтарына нұқсан
келтіруші құқық бұзушылық. Теріс қылық қоғам өмірінің қай саласында
жасалуы, келтірген зиянының сипаты және тиісті құқықтық санкциясының
ерекшеліктеріне байланысты әкімшілік, тәртіптік, азаматтық құқық
бұзушылықтарға жіктелінеді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан
түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ, адамдардың құқықтық
нормаларды бұзуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдайлар әсер
ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар – отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы
қоғам өмірінің әсері.
Биологиялық жағдайлар. Бір отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленіп,
өскен балалардың ой-өрісінің сапасы әр түрлі болатыны белгілі. Біреуі
мейрімді, салмақты, жігерлі болса, екіншісі қатыгез, жеңілтек, жігерсіз
болуы мүмкін.
Құқық бұзушылықтың субъективтік себебі – бұл, мемлекеттік
идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық
сананың төмен деңгейлігі.
Ал объективтік себебі - өмірдегі, экономикалық және әлеуметтік
қатынас саласындағы нақтылы қайшылықтар.
Сонымен, құқық бұзушылық бұл биологиялық, физиологиялық, технологиялық
ерекшеліктерге сай, адамның іс-әрекетінің әлеуметтік көрінісі болып
есептеледі.
Құқық бұзушылық – құқыққа, оның талаптарына қарсы бағытталған мінез-
құлық. Демек, құқықты бұзған ат-үсті қарап, талаптарынан айналып өту деген
сөз.
Құқық бұзушылық дегеніміз - құқықтық талаптарды бұзудағы немесе оларды
орындамау барысындагы әрекет (әрекеттіліктер немесе әрекетсіздік ).
Адамдардың қандай да әрекеттері (әрекеттіліктері немесе
әрекетсіздіктері) қоғамға қауіп тудырған немесе туындататын болса, ондай
әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық деп бағаланады.
Адамның әрекеті (әрекеттілігі немесе әрекетсіздігі) қоғамға қауіпті
болмаса, онда мұндай әрекеттілік немесе әрекетсіздік құқық бұзушылық
қатарына жатқызылмайды. Әрекеттің (әрекеттілік немесе әрекетсіздіктің)
қоғамға қауіптілігі ұғымы екі сәттен тұрады, олар: зиянның болуы және оның
қоғам тарапынан бағалануы. Құқық бұзушылық дегеніміз, адамның қоғамға,
мемлекетке немесе жеке тұлғаға зиян келтіретін, соңы заң алдындағы
жауаптылыққа апаратын құқыққа қайшы әрекегті немесе әрекетсіздігі.
Құқық бұзушылықтың белгілері (нышандары):
а) қоғамға зияндылығы, қауіптілігі - құқық бұзушылықтың негізгі
объективтік нышаны, айырымдық белгісі және оның заңнан құқыққа қайшы болу
шегін ажыратуға негіз болатын объективтік тұғыры. Құқық бұзу-шылықтың
қоғамға келтіретін зияны мен оның қауіптілігі қоғамға маңызды құндылықтар
мен оның тіршілік ету жағдайларына қол сұғулардан тұрады;
б) құқыққа қайшы келушілік - әрекеттің немесе әрекетсіздіктің қоғамға
қауіптілігін, зияндылығын заң атауы арқылы білдірілуі. Құқыққа қайшы
(қарсы) келудің және ол үшін жауапты болудың шегін, мөлшері мен шамасын
мемлекет анықтайды, әрі оны бекітеді де;
в) кінәлілік - басқаша айтқанда, құқық бұзушылыққа бару - құқық
бұзушының тысқарыдан ешбір ықпалсыз-ақ өзінің ерік-ықтиярын әлгіндей түрде
білдіруі, ал мұның өзі кінәлі іс-әрекет (мінез-құлық). Егер де жеке адамды
таңдау еркі (ыңтияры) болмаса, егер ол өзінің іс-әрекетінің құқыққа қайшы
келетінін жете түсінуге қабілеті болмаса, онда оның кінәлі әрекеті құқық
бұзушылық болмайды да, ол объективті түрдегі құқыққа қайшы әрекеттілік
болып шығады. Сондықтан мұндай адам заң алдындағы жауаптылыққа тартылмайды;
г) әрекеттілік немесе әрекетсіздік түріндегі әрекеттер. Мұндағы
әрекетсіздік түріндегі құқық бұзушылық -тұлға заңдық талаптарды орындауға
міндетті бола тұрып, оларды орындамаған жағдайда болады;
д) жазаланушылық - мемлекет тарапынан мәжбүрлеу шараларының қолданылу
мүмкіндігі.
Құқық бұзушылықтар әлеуметтік қауіптілігіне байланысты және зиян
келтіру дәрежелеріне қарай қылмыстар және теріс қылықтар деп жіктеледі.
Қылмыстар қоғамға қауіптілігі (зияндылығы) жағынан барынша жоғары
дәрежеде болатындығымен ерекшеленеді. Олар қоғамның ең маңызды, едәуір
мәнді мүдделеріне нұқсан келтіреді. Мұндай ең маңызды, едәуір мәнді
мүдделерге нұқсан келтірулер мен қол сұғулардан қылмыстық заңдар қорғайды.
Жасалған қылмыстар үшін заң аса қатал жазалау шараларын белгілейді.
Формальды түрде қылмыстың барлық белгілері бар болса да қайсы бір
қылмыстар қылмыс болып саналмайды. Олай болатын себебі кейбір жағдайларда
әлгі қылмыстардың қоғамға қауіптілігі мен зияндылығының маңызы мардымсыз
болып келеді.
Теріс қылықтар - әлеуметтік зияндылығы мен қоғамдық қауіптілігі төмен
дәрежеде болатындығымен ерекшеленетін құқық бұзушылықтар.
Бұлардың нұқсан келтіретін объектілері мен заңдық салдары да түрлі-
түрлі болып келеді және де олар қоғам болмысының әр түрлі салаларында
кездеседі.
Теріс қылықтардың қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтауда төмендегідей
айырымдық белгілері ескеріледі:
а) нұқсан келтірілген қоғамдық қатынастардың объект түріндегі
маңыздылығының дәрежесі;
ә) келтірілген зиянның мөлшері;
б) құқыққа қарсы (қайшы) әрекеттің жасалу тәсілі, уақыты мен орны;
г) құқық бұзушының өз басы.
Теріс қылықтардың жіктелуі:
1. Мүліктік және кейбір жекелік мүліктік емес қатынастар аясындағы
құқық нормаларын бұзу – азаматтық-құқықтық нормаларды бұзушылықтар деп
аталады;
2. Заң белгілеген қоғамдық тәртіпке, мемлекет органдарының атқару-
орындау саласындағы қатынастарға нұқсан келтіретін әкімшілік құқық
бқзушылыцтар деп аталады;
3. Еңбек қатынастары аясындағы кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдардың
ішкі еңбек ұйымдастыру тәртібіне нұқсан келтіретін тәртіптік құқық
бұзушылықтар деп аталады;
4. Заң арқылы белгіленген рәсімдерді соттың жүзеге асыруына (куәлардың
сотқа келмей қалуы) нұқсан келтіру жүргізу қатынастарындағы құқық
бұзушылықтар деп аталады.
Құқық бұзушылықтың заңдық құрамы:
1. Құқық бұзушылықтың субъектісі – кінәлі, құқыққа қайшы (қарсы)
әрекет жасаған адам. Мұндай субъект ретінде деликт қабілеттілігі бар адам
және де заңды тұлға танылады.
2. Құқық бұзушылықтың объектісі - қандай затқа құқық бұзушылық
бағытталып, оған нұқсан келтірілсе сол зат аталған объект болып табылады.
Мұндағы тектік объекті - қоғамдық қатынастар, ал түрлі объект - өмір, ар-
намыс, денсаулық, т.б.
3. Объективтік жағы - құқыққа қайшы (қарсы) әрекеттің
(әрекетсіздіктің) сыртқы көрінісі.
Объективтік жақтың элементтеріне сол әрекеттің (әрекетсіздіктің) өзі,
одан туындаған зиянды нәтиже, және осы әрекетсіздіктен пайда болған зиянды
нәтижесінің себеп-салдарлық байланысы жатады.
Әрекет (әрекеттілік, әрекетсіздік) - адамның ерік-ықтияры мен ақыл-
парасатының қадағалауы мен бақылауындағы іс-әрекеті (мінез-құлқы) және ол
адамның әрекеттілігі немесе әрекетсіздігінен көрінеді.
Ерік-ықтияр еместігіне қарамастан адамды күштеу арқылы құқық бұзуға
итермелеп көндіруден туындаған әрекет құқық бұзушылыққа жатпайды.
Әрекеттің құқыққа қайшы келушілігі - тікелей, жанама тыйымдар мен
жарасымды (оңды) заңды іс-әрекеттің (мінез-құлықтың) құқық нормасында
жіктелуінен көрінеді.
Зиян - қолайсыз салдар, бұлар мүліктік, мүліктік емес, ұйымдық,
жекелік (дербес) және басқалай да сипаттар түрінде болуы мүмкін. Зиянның
объективтік жағына, сондай-ақ құқық бұзушылықтың болған орны мен уақыты да
кіреді.
4. Субъективтік жағы - бұған өзінің жасаған әрекетіне және оның
салдарына сол тұлғаның субъективтік қатынасын (қарауын) сипаттайтын
үлгілердің (нышандардың) жиынтығы жатады. Мұнда басты категориялары болып
–кінә, себеп және мақсаттар болып табылады[3].
Кінәнің - қасақаналық және абайсыздық деген екі түрі ажыратылып
көрсетіледі. Құқық бұзуға ниеттенген адам өз әрекетінің құқыққа қайшы және
оның зиянды салдарын біле тұра сондай әрекетке баруы қасақаналық деп
бағаланады. Құқыққа қайшы әрекетке баруда адам оның зияндылығын жете түсіне
тұрып сондай салдардың болуын тілеген болса бұл тікелей (әдейі) қасақаналық
болып шығады. Ал енді сондай әрекетке баруда құқық бұзушы адам сол
әрекетінің нәтижесінде зиянды салдардың болуын болжаған болса, онда бұл
әрекет жанама қасақаналық болады.
Абайсыздық қылмыс ұқыпсыздық және қылмыстық астамшылық (менменсу) деп
жіктеледі. Қылмыстық ұқыпсыздық болғанда адам өз әрекетінің құқыққа қайшы
екендігіне мән бермейді, ол әрекетінің салдары қандай болатындығын болжай
алмайды.
Қылмыстың астамшылықта адам өз әрекетінің құқыққа қайшы келетіндігін
түсінеді, оның қандай салдарға апарып соқтыратынын да, оның қауіпті нәтиже
беретінін де болжайды, дегенмен жеңілтектік жасап ондай салдарды
болдырмауға тырысады, үміттенеді.
Себеп - құқық бұзуға іштей талаптану. Мақсат -құқыққа қайшы әрекетке
барудағы құқық бұзушының ұмтылыс жасап жетсем, алсам деген түпкілікті
ойындағы көздеген нәтижесі.
Кінә және казус - факт ұғымымен тығыз байланысты, ол адамның ерік-
ықтияры қалауына байланысты туындамайды.

Заңды жауапкершіліктің түсінігі, оның түрлері

Заңды жауапкершілік – жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін
қорғайтын бірден-бір жол болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы
нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану
нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы
көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі – құқық бұзушылық болып табылады.
Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес
келмесе, онда ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік туралы ақпарат
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар
Құқық бұзушылық туралы
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Құқықбұзушылық және заңды жауапкершлік
ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ МЕН СИПАТЫ Заңды бұзушылықтың түсінігі және мазмұны
Пәндер